Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.6

1 Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7.14
2 Несиенің қажеттілігі және мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15.22
3 Қазақстан Республикасында қаржы жүйесін жетілдіру ... ... ... ... ... . 23.40

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Негізінен теориялық курс болып табылатын және экономикалық пәндер жүйесінде басты орындардың бірін алатын «Қаржы» курсында қоғамның өндірістік қатынастарының ерекшеліктері, шаруашылық және әлеуметгік ғылымдар құрамдастарының аса маңыздыларының бірі қаржы туралы ғылым зерделенеді.
Қаржы туралы ғылым оқу курсы ретіндегі «Қаржының» теориялық базасы болып табылатын экономикалық теорияның (саяси экономияның) негіздеріне сүйенеді. Ол тауар-ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары туралы ілімге негізделеді.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мән-мағынасы (предметі) болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның субъектілері болып табылады.
Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі әдісі - материалистік диалектикалық-тарихи әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеуді болжайды.
«Қаржы» курсы «Ақша, кредит, банктер» теориялық курсымен және «Корпорациялық қаржы», «Қаржы менеджменті», «Қаржы құқығы», «Мемлекеттік бюджет», «Салық және салық салу», «Сақтандыру» сияқты арнаулы оқу пәндерімен тығыз байланысты. Сондықтан бұл пәнді ойдағыдай меңгеру алған білімді қаржылық жұмыстың практикасында қолдануға мүмкіндік береді және жоғарыда аталған арнаулы пәндерді тез игеріп кетуді жеңілдетеді.
«Қаржы» - арнаулы пән және қаржы қатынастарының теориясын зерделейтін бұл курстың мақсаты – қаржы категорияларын, ұғымдарын,
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. ҚР Президентінің 31.08.1998ж. «ҚР банктер және банк қызметі туралы» Жарлығы, 71, 72, 73, 74 және т.б. баптары.
2. ОҚО Ұлттық банк филиалының дайындаған статистикалық мәліметтері, 2005ж.
3. «Қазақстан қаржыгерлерінің IV конгресі». Алматы, 2004.
4. Банковская система Казахстана. 2006. /Финансы и кредиты. 2006 №2, 12с.
5. К.Маркс, Ф.Энгельс. Таң. Шығ. 23т. 188б.
6. Маркова О.М. Коммерческие банки и их операции. –М., Банки и биржи: ЮНИТИ, 1998.
7. Льюис К.Ф. Методы прогнозирования экономических показателей. –М., Финансы и статистика, 1993.
8. Лаврушин О.И. Банковские операции. –М., Инфро, 1998.
9. Баян Көшенова. Ақша, несие, банктер. Валюта қатынастары: Алматы, «Экономика». 2000ж.
10. Мақыш Серік Биханұлы. Ақша айналысы және несие: Алматы, 2004ж.
11. Қазақстан ұлттық банкі. 2000ж.
12. Қазақстан және оның өңірлері. №1. 2006. Алматы, 2006.
13. Статистикалық баспасөз – бюллетень №2. Алматы, 2005.
14. Қазақстан – цифрларда. 2005 жыл. Статистикалық жинақ. Алматы, 2005ж.
15. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер: Оқулық. –Алматы, «Экономика», 2005. -4/6 бет.
16. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Микроэкономика: Оқулық. –Алматы: Экономика, 2003. -432 бет.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-6
1 Қаржы ұғымы, оның мәні мен
қажеттігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-14
2 Несиенің қажеттілігі және
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15-22
3 Қазақстан Республикасында қаржы жүйесін жетілдіру ... ... ... ... ... .
23-40
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. 41
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу
механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың
құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда
қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет
етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай
дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың
әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Негізінен теориялық курс болып табылатын және экономикалық пәндер
жүйесінде басты орындардың бірін алатын Қаржы курсында қоғамның
өндірістік қатынастарының ерекшеліктері, шаруашылық және әлеуметгік
ғылымдар құрамдастарының аса маңыздыларының бірі қаржы туралы ғылым
зерделенеді.
Қаржы туралы ғылым оқу курсы ретіндегі Қаржының теориялық базасы
болып табылатын экономикалық теорияның (саяси экономияның) негіздеріне
сүйенеді. Ол тауар-ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып
табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары
туралы ілімге негізделеді.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды,
табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің
мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға
пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы
ғылымның мән-мағынасы (предметі) болып табылады. Қаржы ресурстары мен
мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы
қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі
мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес
сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның
субъектілері болып табылады.
Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің
негізгі әдісі - материалистік диалектикалық-тарихи әдіс қолданылады, ол
нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын
олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеуді болжайды.
Қаржы курсы Ақша, кредит, банктер теориялық курсымен және
Корпорациялық қаржы, Қаржы менеджменті, Қаржы құқығы, Мемлекеттік
бюджет, Салық және салық салу, Сақтандыру сияқты арнаулы оқу
пәндерімен тығыз байланысты. Сондықтан бұл пәнді ойдағыдай меңгеру алған
білімді қаржылық жұмыстың практикасында қолдануға мүмкіндік береді және
жоғарыда аталған арнаулы пәндерді тез игеріп кетуді жеңілдетеді.
Қаржы - арнаулы пән және қаржы қатынастарының теориясын зерделейтін
бұл курстың мақсаты – қаржы категорияларын, ұғымдарын, терминдерін ұғып
алудағы, олардың сыныптамасын, әлеуметтік-экономикалық процестердегі маңызы
мен орнын біліп алудағы студенттердің теориялық және практикалық жағынан
әзірлігін қамтамасыз ету; сонымен бірге қаржыны ұйымдастыру нысандарының
өзара байланысы мен өзара іс-әрекетін және оны қоғамның әлеуметтік-
экономикалық дамуының нақтылы жағдайларында қолданудың әдістерін түсінуге
қол жеткізу пәннің міндеті болып табылады.
Қаржы курсының құрылымы, оның тақырыптары мен сұрақтарын қарау
дәйектілігі қаржы теориясы туралы ғылымның мазмұнымен және оның
міндеттерімен айқындалатыны белгілі. Осыған байланысты оқулықтың мазмұнын
Қаржы туралы жалпы ұғым және оны басқарудың негіздері, Шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қаржысы, Мемлекеттің қаржысы, Сақтандыру,
Нарықтық экономикадағы қаржының көкейтесті проблемалары сияқты бес бөлім
және жиырма екі тарау құрайды.
Оқулық кафедраның Қаржы пәнінің оқу-әдістемелік әзірлемелері
негізінде әзірленді және оның құрылымы Қаржы және кредит мамандығы
бойынша білім берудің мемлекеттік стандарттарының талаптарына жауап береді.
Оқулықта қаржы және басқа экономикалық категориялардың, жүйелердің өзара
байланысын көрнекі ету үшін, сыныптамаларды, құрылымдарды, процестерді және
т.б. қабылдауды жеңілдету үшін құрылымдық-қисындық сызбаларға айтарлықтай
орын берілді. Оқулықтағы тақырыптардың материалдарын ойдағыдай игеру және
өзін-өзі тексеру мақсатымен әрбір тақырыптың соңынан бақылау сұрақтарының
тізбесі беріліп отыр.
1 Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі

Қаржы (қолма-қол ақша, табыс ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын
тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен шыққан)
қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы
бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен
қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып
көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі
болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына
көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға
қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау
қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы Республика туралы алты кітап
деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.

Қаржы туралы жұмыстың (Афин республикасының кірістері туралы) алғашқы
авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 ж.ж.) болды.
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның
Афиннің мемлекеттік құрылысы атты жұмысында баяндалған.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту
сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіңдегі рөлі қоғамның экономикалық
құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы
негізінен мына себептерге байланысты:
- әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы
сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта
бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
- кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың
мүдделерін қорғайтын мекшекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
- өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады.
Мәселен, құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар
сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе натуралдық сипатта
болды. Капиталистік шаруашылық тауар-ақша шаруашылығы болып табылады.
Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады;
- егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік
қатынастардың ұдайы өндірісі мен таптық құрылыстың міндеттеріне қызмет
ететін болса, онда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.
Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің
ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен
айшықталады. Қаржының құндық бөлу стадиясында жұмыс істейтін басқа
экономикалық категориялардан – кредиттен, жалақыдан және бағадан
айтарлықтай айырмашылығы бар.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен
ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық
оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады.
Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық-заттай факторларының айырмашылығы,
олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті
ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен
өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін
өлшеудің қажырлы еңбектің және жұмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың
өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің объективті қажеттігі туады.
Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі өндіру,
бөлу, айырбастау және тұтыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар
қатынастарының болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алу-
сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау
және бөлу стадияларынан өтеді. Сонымен бірге материалдық өндіріс
қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының
қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс. Осыған орай олар
мамандандырылған еңбектің, орындалатын қызметгердің нәтижелерімен, әр түрлі
өндірілетін игіліктермен олардың саны мен сапасына сәйкес айырбасталуы
тиіс. Тек өндірілген еңбек өнімдері айырбасталғанда, оларды белгілі бір
ақшалай баламамен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі (табысы)
жасалады. Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен
жалпыға ортақ балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан
материалдық және материалдық емес игілікгер, қызметтердің өндірілген
массасы – қоғамдық өнімнің - натуралдық-заттай көрінісімен бірге оның
ақшалай көрінісі де болады. Қозғалыстың құндық нысаны натуралдық-заттай
нысандағы өнімнің қозғалысын ортақтастыратын белгілі бір ақша қорларын
тудырады. Басқаша айтқанда, өнімнің өндірістен тұтынуға өтуі тек тиісті
ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану арқылы болады. Осы кезде пайда
болатын ақша, экономикалық қатынастар қаржының ұғымын құрады. Қаржы тауар
қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды.
Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының екі нысанының болуы қоғамдық
өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оны түпкілікті
тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық категориялар – ақша,
баға, қаржы, еңбекақы, кредит және басқалары пайдаланылады.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда
болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша
қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр
түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар
бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-
бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негізгі капиталға
жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты (пайданы) бөлу және
кәсіпорындарда, фирмаларда ішкішаруашылық арналымның қорларын қалыптастыру;
мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық
қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу
және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп
айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады.
Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы операцияларында ақша
қатынастарының қозғалысы болып жатады.
Қаржы ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты
болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша
қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық
экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша
айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Экономиканың жұмыс істеуінің нарық жағдайында мемлекет тауар-ақша
қатынастарын әлде қайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуіш тауарлардың,
жұмыстардың және қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы болып табылады.
Қаржы - ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол
әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі
субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша
қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық
қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу
процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға
жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып
табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі - оның тұлғалануының ақша нысаны
және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек,
қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы
қозғалысымен аңғартып отырады.
Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дұрыс
болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның
аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің
жасалатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша
қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап
айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша
қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып
кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық
түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша
нысанында өлшеу, өзіндік құнды калькуляциялау және өнімнің бағасын анықтау,
ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары
кірмейді. Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және сату (тіпті
мемлекет бөлшек сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезінде пайда
болатын ақша қатынастарын да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебі мемлекет
бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық-құқықтық әдіспен реттеп отырады. Ақша
қатынастарымен бірігіп кеткен субъектілердің теңдігі (олардың құқықтары мен
міндеттеріндегі тепе-теңдік) бұл әдіске тән өзгеше нышан болып табылады.
Сонымен бірге қалыптасатын ақша қатынастарының өзіндік қаржылық емес
өзгешелігі болады. Кез келген ақша қатынастары қаржы қатынастарын білдіре
бермейді.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да
айырмашылығы бар. Ақша – бұл ең алдымен ассоциацияландырылған
өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы -
жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық
тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол
өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта
болады.
Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық
категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.
Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші
стадияларында - бөлуде және айырбастауда болады.
Екінші стадияда ақша нысанындағы құнның қозғалысы тауарлардың
қозғалысынан оқшауланады және оның шеттелуімен (бір иеленушілерден басқа
иеленушілерге етуімен) немесе құнның әр бөлігінің мақсатты оқшаулануымен
(бір иеленушінің шеңберінде) сипатталады. Үшінші стадияда бөлінген құн
(ақша нысанындағы) тауар нысанына айырбасталады. Бұл жерде құнның өзінің
шеттетілуі болмайды. Сөйтіп, ұдайы өндірістің екінші стадиясында құнның
ақша нысанының бір жақты қозғалысының орны болады, ал үшінші стадияда
құндардың екі жақты қозғалысы болады, оның бірі ақша нысанында, ал басқасы
тауар нысанында болады.
Ұдайы өндіріс процесінің өндіру мен тұтыну стадияларында мұндай
қозғалыстың болмауы олардың қаржының пайда болуының орны еместігін
дәлелдейді. Бөлінген құн (ақша нысанында) тауар нысанымен айырбасталатын,
яғни сатып алу 4 сату актілері жасалатын айырбастауда да қаржыға орын жоқ.
Ұдайы өндіріс процесінің құн стадиясында тек баға құралын қажет ететін
өнбойы жасалатын айырбас операциялары болып жататындықтан, мұнда басқа
экономикалық категорияның механизмі – баға жұмыс істейді.
Қаржының іс-әрекет етуінің жиынтық қоғамдық өнімді бөлу стадиясында
асқан дәрежеде көрінетіндігі қаржы үшін көпшілікке танылған болып саналады.
Сонымен қаржы мен қаржы қатынастарының пайда болып, іс-әрекет ететін орны
ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндіріс процесінің бөлу стадиясы
болып табылады. Мұнда жалпы қоғамдық өнімнің құны және оның маңызды бөлігі
– ұлттық табыс алғашқы бөлу процесіне ұшырап, мақсатты арналым мен
субъектілер бойынша бөлінеді. Бұл процестің нәтижесінде құн оны құрайтын
микроэлементтерге - с, v, және m-ге ыдырайды: өндіріске жұмсалынған өндіріс
құралдары құнының (с) орны толтырылады, қызметкерлердің жалақысы (v)
төленеді және қосымша өнім (m) алынады. Қаржы қатынастарының қаржы талшығы
мен басы өндіріс сферасында қосымша өнімді жасау мен оны кейінгі бөлу болып
табылады. Тап осы қосымша өнім немесе қоғамның таза табысын (табыстарды,
қорланымдарды, ақша қорларын) құрайтын қайта жасалынған қоғамдық өнімнің
бұл бөлігі қаржы қатынастарының мәнін және қаржы функцияларының бастауын
құрайды. Сөйтіп, өндірістің алдын ала шарттасылған сипаты кезінде сатылатын
өнімді с, v және m-ге сәйкес элементтерге бөлудің үйлесімдері
қалыптасады және оларға сәйкес ақшалай табыстар мен ақша қорланымдары
жасалынады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында құнды одан әрі бөлу
және оны мақсатты пайдалануды нақтыландыру да қаржының негізінде жүзеге
асырылады.
Нәтижесінде өнімнің бір бөлігі жаңа толық айналымға түседі, ал бір
бөлігі тұтынылады. Сөйтіп, жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсатты арналымдар
мен субъектілер бойынша бөлініп, олардың әрқайсысы өндірілген өнімдегі
өзінің үлесін алуы тиіс. Қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке
бөліктерге бөлінуі мүмкін емес. Қаржы қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану
арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құрайтын
қатынастардың өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан ақша нысаны
болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы
өндірістің әр түрлі субъектілері арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын
ғана білдіреді. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты – қаржының
маңызды белгісі. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және
қаржының құндық экономикалық категорияларға тиістілігін (жататынын) баса
көрсетеді.
Ақша қаржының іс-әрекет етуінің міндетті шарты болып табылады. Ақша
болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болатын
жалпы нышан. Ақша айналыс құралының функциясын орындай отырып, капитал,
яғни үдемелі құн немесе табыс (пайда) әкелетін құн бола бастайды. Сөйтіп,
ол ақшаның дербес аясы ретінде, өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде
қаржының пайда болуына жағдайлар жасайды.
Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып табылады.
Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөліктерінде (материалдық
өндіріс пен өндірістік емес салаларда) және шаруашылық жүргізудің түрлі
деңгейлерінде қоғамдық өнім құнын қайта бөлудің сан алуан процестері жүзеге
асады. Бөлу процесі натуралдық-заттай нысанда да - өндіріс құралдары мен
тұтыну предметтерінің қорларын жасаумен де, сондай-ақ ақша нысанында да -
еңбектің аталған өнімдерін сатып алуға арналған ақша қорларының қозғалысы
арқылы да болып жатады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық
категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.
Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса
маңызды белгілері болып табылады, бірақ оның ақтық белгілері емес, өйткені
бұл белгілер бағаға да, еңбекке ақы төлеуге де, кредитке де ортақ.
Қаржының нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсатты ақша қорларының
қозғалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша
қорлары, істің шын мәнінде, қаржы қатынастарының объектілері болып
табылады.
Ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндіріс қатысушыларының барлығында,
өндірістік емес сферада қаржылық әдістердің көмегімен жасалады. Әдістер,
қаржы қатынастарындағы іс-қимылдың амалдары ретінде директивалық, яғни
қажетті, сөзсіз болатын, міндетті сипатты игеріп алады, мұның өзі
экономиканы реттеудің қажеттігімен және қоғамдық дамудың мақсаттарына ақша
ресурстарының көлемі мен оның бағыттарын алдын ала қарастыру қажеттігімен
байланысты болады.
Ақша экономикалық өмірде, әдеттегідей, баламалы, яғни тауар және ақша
нысандарындағы құнның тең (бірдей) қозғалысы негізінде пайдаланылады.
Баламалылық белгісі басқа экономикалық категориялардың - бағаның,
еңбекақының, кредиттің іс-әрекетіне тән. Ақша қорларының бүкіл ақша
қаражаттарынан бөлініп тұратын ерекшелігі сол, олар экономиканы басқарудың
барлық деңгейлерінде ақша нысанындағы құнның бір жақты қозғалысының
негізінде жасалады. Кез келген қаржы операциясы осындай ерекшелікпен
(салықтар, табыстан (пайдадан) аударылатын аударымдар, шығыстарды
қаржыландыру, субвенцияларжәне т.б.), яғни баламасыздықпен сипатталады.
Салалық қаржыларда қорлардағы ақшаның ішкі шаруашылықтық мақсатты
оқшаулануының ұқсас қағидаты қолданылады.
Сөйтіп, қаржының қаралған өзгеше белгілері бұл экономикалық категорияны
ақша қатынастарының бүкіл жиынтығынан мүлтіксіз бөліп алуға мүмкіндік
береді, әрі қаржының өзгешелігін, ерекшелігін атап көрсетеді. Басқа бірде -
бір құндық экономикалық категория белгілердің жоғарыда аталған жиынтығын
иемдене алмайды. Егер белгілердің алғашқы екеуі – қаржы қатынастарының
ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржы қатынастарының өрісін тежеп
отыратын болса, қаржыға тән қор нысаны, міндетті сипаты, біржақты
тәртіптегі құн қозғалысының баламасыздық сипаты экономикалық категория
ретіндегі қаржының айрықша ерекшеліктерін баса көрсетеді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде қаржының қысқаша анықтамасын былайша
тұжырымдауға болады: қаржы – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде және
мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен
бірге оларды ұдайы ұлғаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа
қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық
өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу
процесінде пайда болатын ақша қатынастары.
Қаржының жұмыс істеуінің шарты - ақшаның болуы, ал қаржының пайда
болуының себебі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қызметін
қамтамасыз ететін олардың ресурстарға қажеттілігі болып табылады.
Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай
қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы және экономикалық
заңдардың іс-әрекеті болып табылады.
Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан - тауар-ақша қатынастарының
болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Мемлекет қаржы
ресурстарының объективті қажеттігін ескере отырып, оларды пайдаланудың әр
түрлі нысандарын жасай алады: төлемдердің әр түрлі түрлерін енгізеді немесе
күшін жояды, қаржы ресурстарының нысандарын өзгертеді және т.б. Шаруашылық
жүргізу сферасыңда үнемі өзгеріп отыратын ұдайы өндірістік қажетіліктерді
қамтамасыз ете отырып, қаржы өндіріс үйлесімдерін тұтынудың қажеттілігіне
бейімдеуге мүмкіндік беруі үшін қажет. Бұл мақсатты арналымның ақша
қорларын қалыптастыру арқылы болады. Қаржының басты арналымы - табыстар мен
ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып
отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау. Қоғамдық
қажеттіліктердің дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында
жасалатын ақша (қаржы) ресурстарының құрамы мен құрылымының өзгеруіне
жеткізеді.
Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмі арқылы барлық жағдайға ықпал
етудің кең мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, мемлекет өзінің ішкі және
сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік-экономикалық
бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздік функцияларын қамтамасыз
ете алмайды.
Мемлекет, дәстүрлі функциялардан басқа, шаруашылық процестерді реттеу
жөнінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды, сондықтан мемлекеттің
қарамағына қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі айтарлықтай жоғары –
мемлекеттік бюджет арқылы қазір жалпы ішкі өнімнің 20 пайыздан астамы және
жиынтық қоғамдық өнімнің 10 пайыздайы (Қазақстан бойынша) бөлінеді.
Мемлекет қаржысының көмегімен салалық және аумақтық аспектілерде қоғамдық
өндірістің ауқымы реттелінеді, басқа қоғамдық қажеттіліктер
қанағаттандырылады.

1 сызба. Қаржы қажеттігінің факторлары

Қаржының қажеттігі
Ө Қоғамдық дамудың қажеттіліктері Р
Н Е
Д Т
І Т
Р Е
І У
С

























Әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктер

2 Несиенің қажеттілігі және мәні

Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие, алуан түрлі экономикалық және
қоғамдық ойшылардың назарын аударатын. Экономика ғылымы, өзінің пайда
болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді. Ал, қазіргі
нарық кезеңінде несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп
отыр. Өйткені, нарық кезінде несиелік қарым-қатынас ең жоғарғы ресімделуіне
жетеді, сөйтіп несие, төңірегіндегі алуан-түрлі практикалық және теориялық
сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады.
Несиенің түпкі тамыры тауарлық өндірістің пайда болған кезінде жатыр.
Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің маңызы
зор болды. Тарихтың өткен дәуірлерінің бәрінде де дамытпалы несие, барлық
қоғамдық қарым-қатынасты жаңартудың және түрлеңдірудің революциялық
қозғаушы күші болды. Ол жеке тауар өндірушілердің арасында мүлде ақиқат
байланыс орнатты, олардың мүдделерін қосып бекітті және қоғамдық өндіргіш
күштерін қайта бөлудің ұтымды әдісі болды.
Осыған байланысты болашақ экономистсрге несиенің арғы негізін, қазіргі
жағдайда оны пайдаланудың керегі неде екенін түсіну керек. Оның үстіне, әр
түрлі деректерде несиенің экономикадағы маңызы, әр түрлі түсіндіріледі.
Мысалы, кейбір экономистер, несие өнімсіз шығынды көбейтіп (әңгіме
төленетін процент жөнінде), өндіргіш күштердің дамуына кедергі келтіреді,
нарықтың экономикаға тән қарама-қайшылықтарды шиеленістіре түседі,
сондықтан экономикалық дағдарысты жоймайды, керісінше, оны тереңдетеді,
оған тікелей себепші болады деген пікір айтады. Басқалары, керісінше, несие
экономиканың тұрақты, үздіксіз дамуына мүмкіншілік береді дейді. Осындай
қарама-қарсы пікірлер орын алған жағдайда істің жәйін түсіну үшін алдымен
несиенің қажеттілігі қайдан шығады деген сауалға жауап беруіміз керек.
Жоғарыда айтылғандай, несиенің түбірін тауарлы өндірістің пайда болған
күнінен іздеу керек, тікелей айтқанда, тауар айырбастау, оның бір қолдан
екінші қолға ауысуы, несиелік қатынастың дәл шыққан жері деуге болады.
Қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, несиелік қатынастың пайда болып
және өркендетілуінің, нақты экономикалық негізін, капиталдың айналымы мен
ауыспалы айналымы құрайды.
Өндіріс құрал-жабдықтары, құндық тұлғасында дәл бір уақытта ақшалық,
өндіргіш күштері және тауарлық нысанында бола алады. Өндіріс пен айналым
процесінде, олар бір нысаннан екінші нысанға ауысып отырады, яғни үзбей
ауыспалы айналымда жүреді. Осы ауыспалы айналым үш сатыдан тұрады.
Айналымның бірінші сатысында құнның ақшалай нысаны өндіргіш күші
нысанына ауысады, яғни ақшаға өндіріс құрал жабдықтары сатылып алынады.
Екінші сатыда адамның, өндіріс құрал-жабдықтарды пайдаланып істеген
әрекеттерінің нәтижесінде дайын өнім пайда болады. Енді, өндіргіш күштің
нысанындағы құн тауарлық нысанға ауысады. Осы сатыда өндіргіш құралдарының
құнына, адам еңбегінің құны, яғни жаңадан пайда болған құн қосылады.
Үшінші сатыда дайындалған өнім ақшаға сатылады. Сөйтіп, құнның тауарлық
нысаны қайтадан, өзінің бастапқы нысаны – ақша нысанына ауысады, тек
бұрынғыдан өскен мөлшерде (өндірушінің таза пайдасы қосылады).
Осындай ауыспалы айналымның мынандай формуласы бар:
А – Т ...Өп... Т1 – А1 – онда;
А – ақша нысаны;
Т – тауар нысаны;
Өп - өндіріс процесі.
Т1 – тауар нысаны, өсімімен;
А1 – ақша нысаны, өсімімен.
Ақшалай қаражат ауыспалы айналыммен қатар айналымнан өтеді. Олай деудің
себебі, сатылған өнімнен түскен ақшаға қайтадан өндіріс құрал-жабдықтары
сатылып алынады, еңбек ақы төленеді т.б.. Сөйтіп, ауыспалы айналым
қайтарылынады. Қаржының (ақшаның) осындай үздіксіз қайтып оралып отыруын
оның айналымы деп атайды.
Сонымен қатар, осындай ақшаның материалдық нысанға ауысып, одан
қайтадан ақшаға айналуы әрбір шаруашылықта бір кезде өтпейді. Бір
шаруашылык, өндіріс кезеңін (циклін) жаңа бастап жатса, екіншісі оның орта
шенінде жүреді, ал үшіншісі, оны аяқтап, енді өнімдерін сата бастайды.
Әрине, іс жүзінде әр өндіріс кезеңдерінің, тап осындай шектелуін байқау
қиын. Өйткені, өндіру мен өткізу кезеңдері үздіксіз, күнбе-күн жүріп
жатады. Дегенмен, өндірістің осындай кезеңділігінің салдарынан кез келген
шаруашылықта ақшаның (капиталдың) құйылу мен тартылу сәттері болып тұрады.
Өйткені, өндіріс пен айналым кезеңінің ұзақтылығы әр шаруашылықта әр түрлі.
Оған себеп, әр шаруашылықтың әртүрлі табиғи жағдайлары, техникалық
жабдықтану деңгейі, шикізаттар мен отын жеткізушілердің, және дайын өнімді
тұтынушылардың, алыс-жақындығы, жұмысшы-қызметкерлердің мамандық дәрежесі
мен өндірісті ұйымдастыру қабілетінің деңгейі т.с.с. Кейде мүлде бірдей
жағдайда істейтін екі кәсіпорнының айналым мерзімі бірдей болмайды.
Өйткені, өндірісті ұйымдастыру оны керекті заттармен қамтамасыз етіп,
шыққан өнімді өткізу деңгейлері оларда мүлде бірдей бола алмайды.
Сонымен қатар, өндіру мен өткізу процесіңде басқа да, айналымды
жеделдететін, немесе бәсеңдететін, кездейсоқ қозғаушы күштер пайда болады.
Мысалы:
- Шикі заттар мен материалдардың түсуінің бір қалыпты болмауы;
- Тасымалдау жағдайының қиындылығынан (Мысалы, темір жол вагондарының
болмай қалуы) дайын өнімді өткізудің кідіруі;
- өткізілген өнім үшін, немесе, көрсетілген қызмет үшін, уақытында
төленбеушілік т.с.с.
Осы сияқты күштердің салдарынан пайда болатын, өндіру мен өткізу
процесінің, әр шаруашылықта бір кезде басталып, бір кезде
аяқталмайтындығынан олардың кейбіреуінде уақытша бос қаржы пайда болады, ал
кейбіреулеріне өндірісті үздіксіз жалғастыру үшін, қосымша қаржы керек
болады.
Дәлірек айтқанда уақытша бос ақша, мынандай жағдайлардан шығады:
- Әрбір шаруашылық, жұмысшы-қызметкерлерге еңбек ақыны айына екі рет
(қазіргі жағдайда, көбінесе бір-ақ рет), өткен 15 (30) күнге төлейді, ал
жұмысшы-қызметкерлер материалды құндықты күн сайын жасайды. Сондықтан соңғы
еңбек ақы төлеген күннен бастап, келесі төлем күніне дейін щаруашылықта 15
(30) күннің ішінде күн сайын өсіп отыратан қаржы резерві пайда болады;
Шаруашылық, өткізген өнімнен түскен таза пайдасын бір сәтте жұмсап
жібермейді. Ол керекті кезіне дейін уақытша бос қаржы болады;
Өткізілген өнімнен түскен түсімнің ішінде, өндірістің негізгі құрал-
жабдықтарының тозығының орнын толықтыру үшін жұмсауға арналған ақша бар
(амартизация). Сол ақша да күрделі өңдеу жұмыстарын жүргізетін кезге дейін
бос қаржы болып, шаруашылықтың есеп шотында қалады.
Бұл себептер өндіру мен өткізу процесінің ішінен шығады. Сондықтан,
олардың шығуы объективтік жағдай және барлық шаруашылық жүргізетін
субъектілерге тән.
Шаруашылыққа қосымша ақшаның (капиталдың) қажеттілігі де әр түрлі
себептермен байланысты, оның ішінде аса күрделілері, өндіріс процесінің
маусымдылығы мен өткізілген өнім үшін түсетін түсімнің түсу мерзімі мен
өндіріске ақша керек мерзімінің сәйкес келмеуі.
Сонымен, әрбір шаруашылықта, жоғарыда айтылған себептерге байланысты,
уақытша бос ақшаның пайда болу кезі мен оны өндіру мен өткізу процесін
үздіксіз жүргізу мақсатына жұмсау кезінің арасында салыстырмалы қарама-
қайшылықтар туып тұрады. Осындай қарама-қайшылықты жөндеу (реттеу) үшін
майдаланатын бірден-бір экономикалық құрал несие болып табылады. Ол үшін,
барлық шаруашылық жүргізетін субъектілердің, бюджеттің, жеке тұлғалардың
уақытша бос қаржыларын бір жерге, банкідегі есеп шоттарына
шоғырландырылады, ал банктер осы ақшаларды пайдаланып, уақытша қосымша
қаржыға мұқтаж болған шаруашылық жүргізу субъектілерге, жеке тұлғаларға,
және керек болған кезінде, басқа елдердің фирмаларына, қайтарымдық және
ақылық жағдайларға несие береді.
Сөйтіп, несие тауарлы өндірістің сөзсіз атрибутына айналады. Кез
келгені қоғам біріншіден, босаған ақшаның бостан босқа, пайда түсірмей өлі
капитал болып жатқанына құмар емес, екінші жағынан, экономиканың ұдайы
және кеңейтілген ауқымда дамуына ынталы.
Несиенің ішкі мазмұнын түсіну үшін, оның негізін (тегін) ашып алуымыз
керек. Қазіргі экономикалық шығармаларда несиенің негізі әр түрлі
түсіндіріледі. Біздіңше, оның ішіндегі ең жарамдысы, несиенің негізі
тауарлары өндіріс, анығырақ айтқанда, капиталдың (ақшаның) айналымы мен
ауыспалы айналымы деген пікір. Кейбіреулер несиенің негізі деп оның
қайтарымдылығы мен ақылылығын келтіреді. Мұндай пікір де шындыққа
жақын. Бірақ бұлар, несиенің тек жеке қасиеттерін ғана қамтиды. Сондықтан
оларға сүйеніп несиенің шын мазмұнын анықтауға болмайды. Мысалға,
қайтарымдылықты алсақ, шынында да, қайтарымсыз несие болмайды. Бірақ, ол
оның тек бір жағы. Сол сияқты ақылылық та. Іс жүзінде ақысыз несие өте
сирек кездеседі. Ақысын төлеу, несиелеу жүйесінің ажыратылмайтын ережесі.
Бірақ, бұл да оның тек бір жағы. Дегенмен, несиенің мазмұнын анықтағанда
оның келтірілген қасиеттерін де еске алу керек.
Несиенің мазмұнын анықтағанда оның әлеуметтік, экономикалық жағын да
ұмытпаған жөн. Өйткені, несиенің өзі қоғамдық қажетгіліктің туындысы болып
табылады. Қоғам қандай экономикалық формацияда болса да, несие соның
мақсатына қызмет атқаруға тиіс.
Осының бәрін қорытындылай келіп, несиені экономикалық санат ретінде
құнның, қайтарылымдылығы мен ақылығы негізінде, қоғамның қажеттерін
қамтамасыз етуге лайықты қозғалысы - деген жөн. Осындай анықтамада
несиенің құнның ауыспалы айналымнан шығатындығы да, оның кейбір мағыналы
қасиеттері де, әлеуметтік экономикалық жағы да қамтылады.
Несиенің қажетгілігі мен оның мазмұнын сипаттай келіп, оның ақшадан
қандай айырмашылығы бар екенін де айта кету жөн. Өйткені, несиеге ақшалай
қаражат беріледі, сондықтан, осы екі ұғымның бір-біріне ұқсастығы көзге
түседі. Бірақ, олар әр түрлі экономикалық санат және олардың құратын
экономикалық қарым-қатынастары да әр түрлі.
Мысалы, ақшалық қарым-қатынас сатушы мен сатып алушының арасында
қалыптасады. Сонымен қатар, құнның екі нысаны біріне-бірі қарсы қозғалады:
тауар сатып, алушыға ауысады, ақша сатушыға ауысады. Несиелік қарым-
қатынаста іске басқа субъектілер қатынасады: несие беруші (несиегер), несие
алушы (қарызгер). Олардың арасында қалыптасатын қарым-қатынастар да өзгеше-
несиелік. Бұл қатынаста құнның бір-ақ түрі, бір бағытқа қозғалыс жасайды,
яғни, несие берген кезде, ол несие алушыға ауысады, ал мезгілі келіп,
несиені қайтарғанда – қайтадан өзінің иесіне ауысады.
Ақша да, несие де төлемнің мерзімін ұзартуға қатынасады, екеуі де төлем
құралы ретінде. Бірақ, ақша өзінің мазмұнын төлем төлеу әрекетімен және сол
шақта көрсетеді, ал несие өзінің мазмұнын ұзартылған мерзімі өткеннен
кейінгі өлшеммен емес, ал сол төлемнің ұзартылу фактісімен көрсетеді.
Ақша мен несиенің тағы бір айырмашылығы, олардың тұтыну құнына
байланысты. Біздің білетініміздей, ақшаның тұтыну құны оның кез келген
басқа өнімге айналу мүмкіншілігінде болса, несиенің тұтыну құны несие
беруші несиелеу) мен алушының (несие алу) қажеттерін қанағаттандыруда.
Несие құнның ақшалай нысанында да, тауарлы нысанында да беріле алады,
ал ақшалай қатынас тек құнның ақшалай нысанында іске асырылады.
Сөйтіп, ақша мен несиенің бір қарағанда байқалатын ұқсастығына
қарамастан, олардың арасында елеулі айырмашылықтар бар. Солай бола тұра,
ақша мен несие бірімен-бірі қатар істейді.
Ақшаға сатып алу (баламалы құнын беріп) процесінің несиеге сату
процесіне ауысуы іс жүзінде, қатынастың басқа, жаңа түріне ауысуы болады,
экономикалық мәміленің түрі өзгеріп, бір экономикалық санаттан екінші
экономикалық санатқа ауысуы болады. Ескеретін нәрсе, процес әр уақытта
несиеден басталады. Өйткені, ол заттай нысанда да беріле береді (заттай
несие) ал, ақша, тек тауарлы өндіріс пен айналымның дамуының салдарында
пайда болады.
Несиенің мазмұнын ашып көрсету жолында кейбір экономистер оның
сенімділігіне көбірек көңіл бөледі. Өйткені, несие деген сөздің орысшасы,
кредит, латынның Credere деген сөзінен шыққан. Оны, егер, орысшаға
аударса верить деген сөз, қазақша сену болады. Бірақ, мәселені бұл
тұрғыдан қараған дұрыс емес. Несие ешуақытта құр сеніммен берілмейді. Несие
алу үшін, алдымен оның кезінде қайтарылуын қамтамасыз ететін кепілдемелер
беру керек. Әрине, банктер кейде өзінің өте сенімді, көп жылдан бері қарым-
қатынастары нығайған, қаржы жағынан тапшылық көрмейтін клиенттеріне сенім
көрсетеді. Оларға несие кепілдемесіз берілуі мүмкін. Ондай несие сенім
несиесі деп аталады. Бірақ мұндай жағдай сирек кездеседі, әсіресе
экономикалық дағдарыс, нарықтық қарым-қатынастың жетілмеген кезеңінде.
Сондықтан несиелік қатынаста сенім деген түсінік тек тапсырылған
құжаттарға сенуге болады деген сөз. Кез келген экономикалық санаттың
атқарымы, оның маңызының жалғасы және оның өзіндік ерекшеліктігі ретінде
қаралады. Несиенің атқарымдары жөнінде көп жылдан бері пікір сайыс болып
келеді, және ол әлі күнге дейін саябырси қойған жоқ. Дегенмен, көпшілік
мамандардың пікіріне сүйене отырып, несиенің сыртқы кеңістіктегі кейбір іс-
қимылын, оның атқарымы деп түсіну керек.
Ондай атқарымдар екеу.
- құнды қайта бөлу;
- несиелік операциялар мен нақты ақшаның орнын басу.
Құнды қайта бөлу атқарымы: Жоғарыда айтқанымыздай көптеген объективтік
және субъективтік себептермен кейбір шаруашылық жүргізушілерде уақытша бос
қаржы жиналады, ал басқа біреулері, сол шақта қосымша қаржыға мұқтаж
болады.
Осындай кейбір шаруашылық жүргізуші субъектілердің жеке адамдардың
уақытша бос қаржыларын басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге, немесе
жеке адамдарға уақытша пайдалануға әперу құнды қайта бөлу процесі болып
саналады.
Мұндай операциялар тек несие арқылы іске асырылатын болғандықтан, оны
несиенің атқарымы дейміз.
Бірақ, осы атқарымды құнды қайта бөлу деп атаған біздің ойымыздан
шықпайды. Несие уақытша пайдалануға берілетін болған соң, атқарымды құнды
уақытша қайта бөлу деген дұрысырақ сияқты.
Бұл жерде тағы бір заңды сауал тууы мүмкін: неге бөлу емес, қайта
бөлу деген. Ертеректе шыққан басылымдарда Бөлу деп те аталып келді. Оның
себебі, несие беруге пайдаланатын, шаруашылықтардың есеп шоттарына
шоғырландырылған уақытша бос ақшалар, бұрын бөлініп қойған жалпы ішкі өнім
мен Ұлтгық табыстың бір бөлігі. Олар біреудің меншігіне айналған. Сондықтан
оларды бөлуге болмайды, тек уақытша қайта бөлуге болады.
Орысша шыққан басылымдарда бұл атқарым перераспределитальная деп
аталады. Осының өзі тағы бір заңды сауал туғызады: чего перераспределять
- нені қайта бөлу - деген. Іс жүзінде қайта бөлінетін, немесе уақытша
пайдалануға берілетін материалдық құндылықтар мен ақша қаражаты. Бірақ, бұл
тек олардың сыртқы нысаны, ішкі мазмұны – құн. Сондықтан, қайта бөлінетін
құн деп түсіну керек. Осыған байланысты, біз осындай сауалды тудырмас
үшін құнды қайта бөлу деп ашық айтып отырмыз.
Қайта бөлу аймақтық, немесе салалық нышаннан шығады. Егер құн бір
саланың өкілінен, екінші саланың өкіліне әперілсе – салааралық қайта бөлу
болады, ал егер несиелік қатынасқа басқа жерде тұратын заңды, болмаса, жеке
тұлғалар қатынасса – аумақаралық қайта бөлу болып шығады. Сонымен қатар,
бір саланың ішінде де қайта бөлу мүмкін. Онда несие беруші де, несие алушы
да бір саланың өкілі болуға тиіс. Мысалы, агропромбанк ауыл шаруашылығының
кейбір өкілдерінің бос ақшаларын өзіне шоғырландырып, ауыл шаруашылығының
басқа бір өкілдеріне берсе, сонда – сала ішіндегі қайта бөлу болады.
Есте сақтайтын нәрсе, осы айтылған жағдайлардың бәрінде де құнның иесі
өзгермейді. Уақытша пайдаланудың белгіленген мерзімі өткеннен кейін, құн
өзінің иесіне қайтарылады.
Құнды несие арқылы қайта бөлу үлкен және кіші экономика деңгейлерінде
де жүзеге асырылады: Кіші экономика деңгейінде материалдық құндылықтар мен
ақша қаражаты қайта бөлінсе, үлкен экономика деңгейінде – жалпы ішкі өнім
мен Ұлттық табыс қайта бөлінеді.
Көптеген экономикалық басылымдарда несиенің екінші атқарымын Несиелік
операциялар мен нақты ақшаның орнын басу болып танылып келеді. Бұл
анықтамада ескерілмей жүрген бір кемшілік бір. Ол нақты деген сөздің
қатысуы. Жоғарыда бірнеше рет қайталанып айтылғандай, айналымда нақты ақша
жоқ (алтын монеттен кейін), ал, ақшаның өзіндік құны жоқ, белгілері ғана
ақшаға еліктейді. Сондықтан нақты деген сөзді қолма-қол деген сөзбен
ауыстырған жөн. Сонда бұл атқарым: Несиелік операциялар мен қолма-қол
ақшанын орнын басу болып шығады.
Қазіргі несие жүйесінде осындай атқарымның істеуіне мүмкіншілік бар.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін, бір есеп шоттан, екінші есеп шотқа
ақша аудару, несие негізінде жүргізіледі және ол айналымдағы ақшаның жалпы
санын көбейтпейді. Несиеге берілген құн, несие алушының шаруашылық
айналымына кіргеннен соң, қолма-қол ақшаға тән барлық міндеттерді атқарады:
оны жаңадан материалдық құндылықтар сатып алуға, еңбек ақы беруге
пайдалануға болады. Осының бәрі, шыныңда да, несие операцияларымен қолма-
қол ақшаның орнын басуға болатындығын дәлелдейді.
Несиенің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құндық категория ретіндегі қаржының ұғымы, оның мәні мен қажеттігі
Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі
Қаржының мәні мен қызметі. Қаржылық жүйе
Қаржының мәні, функциялары
Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық категориялардың қатысу дәрежесі
Қаржының функциялары және рөлі
Қаржы мен қаржы саясатының мәні.
Қаржы қатынастары және қаржы жүйесінің қалыптасуы
Ұдайы өндірістік тұжырымдамасын жақтаушылар
Пәндер