Қазақтың XX ғасырдағы мәдениеті



Жоспар

Негізгі бөлім

1) Қазақтың XX ғасырдағы мәдениеті
2) Қазақстан Республикасы мәдениетінің ерекшеліктері
3) Еуразиялық мәдени тип.

Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақтың XX ғасырдағы мәдениеті
Абайдан басталған қазақ мөдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілуімен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия құрылығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да өсерін тигізді. Алайда, Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілей қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресеіздің халықтары әр түрлі өркениеттерге жататындығында. Батыс христиандарына жақын эстондар мен араб-парсы өлеміне түбірлес өзбек, қазақтардың арасьшда ортақ мәдени негіз тым аз еді.
Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. XX ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақын Дулатов қазақ халқыньщ Манифесі — "Оян, қазақ!" өлеңін жариялады. Ол тұңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: "Қазақстаннан болған социал-демократтарға бірауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жастар төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқымыз қазаққа артық назар салыңыз, қара халқы алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер". (Оян,қазақ1 10 б.). Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдеші тоқыраудың себебін М. Дулатов бодандықтан кереді.
Қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлы. Оның шығармашылығының
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Х. Маданов «Қазақ мәдениетінің тарихы» Алматы 1998 ж.
2. «Қазақстан тарихы» Алматы Атамұра баспасы , 1998 ж.
3. Ч. Мусин «Қазақстан тарихы» Алматы 2005 ж.
4. Е.Б. Бекмаханов «ХІХ 20 – 40 жж. Қазақстан» Алматы 1994 ж.
С. Аспандияров «Қазақстан тарихы» Алматы 1994 ж.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Негізгі бөлім

1) Қазақтың XX ғасырдағы мәдениеті
2) Қазақстан Республикасы мәдениетінің ерекшеліктері
3) Еуразиялық мәдени тип.

Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақтың XX ғасырдағы мәдениеті
Абайдан басталған қазақ мөдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас
кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі
түңілуімен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс
Азия құрылығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты
толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық
күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық
қозғалыстар да өсерін тигізді. Алайда, Қазақстандағы толқулар тек орыс
революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік
саяси ұйым мен белгілей қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға
азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс
халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене
қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресеіздің халықтары әр түрлі
өркениеттерге жататындығында. Батыс христиандарына жақын эстондар мен араб-
парсы өлеміне түбірлес өзбек, қазақтардың арасьшда ортақ мәдени негіз тым
аз еді.
Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени қайтадан
жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. XX ғасырдың басында
қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақын Дулатов қазақ
халқыньщ Манифесі — "Оян, қазақ!" өлеңін жариялады. Ол тұңғыш рет халықты
ашық күреске шақырған ұран тастады: "Қазақстаннан болған социал-
демократтарға бірауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жастар
төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқымыз қазаққа артық назар салыңыз, қара халқы
алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз
азып-тозып кетер". (Оян,қазақ1 10 б.). Міржақып саяси мәселелермен қоса өз
шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен
мәдеші тоқыраудың себебін М. Дулатов бодандықтан кереді.
Қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып
тұлғаның бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлы. Оның шығармашылығының негізгі
тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім - Абайдың
немере інісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген. Ол арнайы оқу орнында
оқымаса да, араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол
тілдердегі шығармалардан дала ойшы тұрғысынан ой қорытқан.
Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер
қатарына қосамын деп талпынады. Оның ойынша, бұл азаматтық етеудің басты
шарты - туған елдің бүкіл тарихи мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды
заман талабына сәйкес қолдану. Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі сақ-
түрік заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орап алады. Тәңірі,
Нұр, Күн, табиғат - ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар.
Басты мәселе — ар ілімі, моральдың төңірегінде. Кәдімгі этиканы
Шәкәрімің "ар іиімі" деп атауында да үлкен мән бар. Себебі оньщ негізгі
категориясы, мәдениеттіліктің тірегі - ұждан. Бұл категорияны түсіну үшін
Шөкөрімнен үзінді келтірейік: "Әрине, жанның өлген соң тазарып, жоғалуына
нанған кісі өкініште болып біржола жоғарылады-ау деп өлсе керек. Және
ұждан, совесть жанның тілегі екеніне нанған кісі қиянат қылғанына қатты
кейіп, жақсылық қылғанына жете қуанса керек. Олай болса нанбай, ұждан,
совесть құр ғана көрініс үшін адамдыққа лайық деген жақсылық, қиянаттың
көп айырмасы жоқ болса керек. Ізін білдірмеудің айласын тапса болғаны,
себебі өлген соңғы жан өміріне нана алмай ұждан, совесть, хан екі өмірге
бірдей керек таянып екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер,
ешбір жол, заң тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен
ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта
алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір
сүргізетін жалғыз жол осы осы мұсылман жолы сияқты. Кейбір діншілерді
қорлыққа түсіріп жүрген шатақ дін, жалқаулық , әйтпесе жаратушыда білім
бар, өлген соң да бір түрлі жан тіршілігі бар. Жан
__________________1
М. Маданов Қазақ мәдениетінің тарихы Алматы Қаржы – қаражат 1998 8 –
12 бет.
екі өмірде де азығы — ұждан, совесть
деумен еш нөрседен кемдік көрмейді. Тіпті бұл жоғарылаудың ең зор
жардамы үш анық дегенім осы" (Үш анық. 44-4566.).
Шәкәрімнің ұжданы біз жоғарыда айтқан, ежелгі гректегі "каллокагатия", И.
Канттың "кесімді императив" ұғымдарымен астас. Ұждан дегеніміз — ынсап,
әділет, мейірім. Шәкәрім өз халқының жанқияр ұлы ретінде туған мәдениетіне
өлшеусіз қызмет етті.
Тарих аумағынан қарағанда тым қысқа уақыт аралығында (70 жыл — бір
адамның ғұмыры) қазақтың ұлттық мәдениеті кезінде сан қырлы құбылыстарды өз
басынан өткізді. 1916 жылдан басталған күрес келесі жылы мақсаттарына
жеткендей болды. Өздерін "демократтар" санаған Уақытша үкімет өкілдері сөз
жүзінде өзінген халықтарға азаттық береміз деді. Қазақ ғұламасы Ә.
Бөкейханов революция жасала сала "Жаңарған Ресейдің ерікті азаматтары -
қазақтарға" деген өз үндеуін жариялады. Жалпы алғанда, қазақтың ұлттық
мәдениетін XX ғасыр талаптарына сәйкес қайта құруда "Алаш" партиясының рөлі
ерекше болды.
Революцияның бастапқы кезіндегі маңызды мәселенің бірі ұлттық-мәдени
автономияға қатысты еді. Ресей революциялық қозғалысының кадеттік,
социалистік және коммукистік бағыттарының көсемдері бұл идеяға қарсы шықты.
В.И. Ленин болсын, Ф. Керенский болсын территориялық федерацияны желеу
етіп, бір орталыққа бағынған Ресейдің империялық мәнін сақтап қалуға
тырысты. Большевиктер оған қоса өздерінің атышулы "барлық елдердің
пролетарлары, бірігіңдер!" ұранын басшылыққа алып, ұлттық мүддені шетке
шығарып тастады.
1917 жылғы маусым айындағы басылымында "Қазақ" газеті осы
мәселені тікелей қойды.
Автономияның қазақтарға ауадай қажет екендігін айтын оның үш негізі
бар екендігіне оқырман назары аударылды (территория, мәдениет және ұлттық
ерекшелікгер). 1917 жылдың 21-26 шілдесінде Орынбор қаласында Бірінші
бұлқазақтың құрылтай өтті. Оның шешімдері бойынша "Алаш" партиясының
бағдарламасы жарияланды. Бұл бағдарлама 5-12 желтоқсанда еткен
Бүкілқазақтық екінші съезде құпталынып, осы құрылтайда ұйымдастырылған
Алашорда үкіметінің негізгі заңына айналды. Сонымен 1917 жылдың аяғына
таман Қазақстан прогресс жолында талай жетістіктерге жетті және ұлттық төл
мәдениетті дамытуға мүмкіңдік алды. Қазақ рухани мәдениетінің сол тұстағы
деңгейіңде "Алаш" қайраткерлері алдыңғы қатарда тұр. Кейін тоталитарлық
жүйе оларға әдейі "контрреволюцияшыл-ұлтшылдар" деп жала жапқан. Алайда,
большевикіер орнатқан тоталитарлық жүйе қазақ халқының (Ресейдің басқа
халықтарының да) азаттық алу, мәдени өркендеу мүмкіндіктерін құлдыратын
жіберді. XX ғасырдағы ең сұмдық қылмыстардың бірі Кеңес Одағында жасалды.
Тоталитарлық жүйе өз халқына қырғын салып (геноцид), оның этномәдени
тұтастануына орасан зиян келтірді. Адамзаттың бүкіп: тарихында ешбір саяси
өзгеріс нақ осындай әкелген жоқ. XX ғасырдағы екі социалистік эксперимент
(фашистік ұлттық-социализм және коммунизм) 100 миллионнан астам адамды
қырды. Этнобірігу және мәдени эволюцияны бекерге шығаратын большевиктік
идеология мен практика бұрынғы Ресей империясы топырағындағы халықтардың
ғасырлар бойы жинақталған мәдени құндьшықтарын талан-таражға салды. Бұл,
әсіресе, қазақ тағдырынан анық көрінеді. Ұлттық-мәдени тұтастануға кеселін
тигізген төмендегідей большевиктік эксперименттерді атап өтейік:
1. Демографиялық геноцид. Белгілі демограф Мақаш Тәтімовтың есептеуі
бойынша, тоталитарлық жүйе кезіңде қазақтар шетелдерге біржолата көшіп
кеткендерін қоса санағанда 4,5 миллион адамнан айрылған, яғни бүкіл
халқының үштен екісін жоғалтқан. "Проценттік қатынаста, - дейді М. Тәтімов,
— Қазақстан қасіреті Батыс Армения қасіретінен, Еуропадағы фашизмнің
еврейлерді жоюынан, Камбоджадағы зұлматтан да асып түсті" (Демографиялық
кескін -Қазақ. 66-67-66.).
__________________2
Қазақстан тарихы Алматы Атамұра баспасы; 1998 ж. 3 – 4 бет.
2.Этномөдени экспанция. Патшалық Ресей империясы бастаған миграциялық
саясатты Кеңес өкіметі де дәйекті жүргізді. Геноцид нәтижесінде қаңырап бос
қалған кең дала келімсектермен толтырылды. XX ғасырдың
ортасында өз жерінде 92 %-ін құраған жергілікті ұлт өкілдері 1959 жылғы
санақ бойынша 29 %-ке дейін төмендеді. Мұньщ өзі 1916 жылғы қырғынның,
азамат соғысының, 30-жылдардағы аштықтың, тың және тыңайған жерлерді
игеруге сырттан жүз мындаған бөгделердің келуінің салдары екені белгілі.
Этномәдени экспанция: "феодализмнен социализмге бірден секіру" үшін аймақты
индустрияландыру қажет, ал бұрынғы көшпелілер техникаға жетік емес,
сондықтан орталық аудандардан көсібилерді шақыру керек дегенді желеу еткен.
Миғранттардың көптеп көшіп келуі қазақтардың дәстүрлі мәдениетін шайқалтты,
оның өрісін тарылтты. Әрине, этномәдени экспанцияның жағымды жақтары да
болды (білімділік деңгейінің көтерілуі, экономикалық даму, мәдени диалог
т.б.). Алайда, таразының екі басы тең емес еді.
Қазақ кеңес мәдениеті туралы әңгіме еткенде оньщ тарихи ерекшеліктері
мен өзіндік белгілеріне тоқтальщ өткен жөн. Егер бұрынғы қазақ мәдениетін
дәстүрлік өркениет деп бағаласақ, онда тоталитарлық жүйеде ұлттық
негіздерді жойып жіберуге бағытталған большевиктік шараларды ескеру керек.
"Тағдыры ортақ жаңа қауым", "тарихта бұрын болмаған адамдардың жоғары
бірлестігі — кеңес халқы", сондай-ақ "мазмұны пролетарлық және түрі ұлттық
социалистік мәдениет" ұрандарын басшылыққа алған идеологтар мен саясатшылар
рухани мәдениеттің тамырына балта шапты. Ерте заманньщ өзінде атақты
Аристотель мазмұн мен форманың бірлігін дәлелдесе, революционер марксистер
мәдениеттегі ұлттық мазмұнды бекерге шығарды.
Шын мәнінде, ең алдымен, мәдени туындының мазмұны ұлттық болып
табылады. Өйткені мәдени қайраткерлер өз шығармашылығында нақтылы ұлттық
көкейкесті мәселелерді көтереді; қаңдай абстрактылы шығарма болғанымен,
оның тамыры этностық фольклордан, халықтық педагогика, этика, дүниетанымнан
нәр алады. Жоғарыдағы "социалистік" мазмұңды көмкерген ұлттық форманы
Сталин тек тілге әкеп тіреген. Олай болса орыс тілінде жазған Ш. Айтматов
пен О. Сүлейменов өздерінің ұлттық мәдениетінен тым алыс қалады. Әдеби
тілден басқа әр этностың өзіндік рәміздері, таңбалары, музыка, театр,
көркемөнер тілі бар.
Әр этностың төлтума мәдениетіне үлкен нұқсақ келтірген большевиктік
"тәжірибелердің" бірі — ұлтаралық некелесуді дәріптеу. Әрине, табиғи-тарихи
жағдайларда бұл — прогрессивті процесс, дүниежүзілік мәдени сұхбаттасу
ағының бір бұлағы. Әр түрлі этностардың, тіпті нәсілдердің араласуы
нәтижесінде қазіргі әлемде кернекті рөл атқаратын американдар,
бразилиялықтар, мексикандар, үнділер сияқты халықтар қалыптасты.
Этнобиологиялық және этноинтеграциялық тұтастануды оқшаулану деп түсінудің
ауылы ақиқаттан алыс.
Алайда Кеңес Одағында бұл процесс өктемділікпен жүргізіліп,
империядағы басқа халықтарды орыстандыру саясатында өтті. Саяси-
идеологиялық ұрандардың желеімен 200-ден астам этностар араластырылып
жіберілді. "Нәтижесінде жүзге тарта төлтума мәдениет мәңгілік жоқ болып,
жұмыр жердің мәдени-рухани болмысы солғын тартты. Осынау жойқын да жойдасыз
қасіреттің орнында мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан төлттма мәдениетін
әбден таптап, химералық күйге жеткен 300 миллион тобыр қалды; басқа ұлтпен
некелескен 60 миллион дүбара қалды; 60 мьщ тірі жетім балалар қалды
(тіркеуге алынғаны ғана); абақтының тұрақты тұрғындарының саны 20 миллионға
жетті" (Тарақты А. Ауызша тарихнама - Қазақ. Зб-б.). Шын мәнінде, Кеңес
Одағы маргиналдар қоғамына айналды.
Әр ұлттың мәдени архетиптерін шайқалту Кеңес Одағында мемлекеттік
саясат дәрежесінде нысаналы түрде жүргізілді. Мысалы, 1951 жылы Орталық
мұсылман халықтарының "Деде Қорқыт", "Алпамыс", "Манас". "Ер Сайын", "Шора
Батыр", "Қобыланды" сияқты эпостарын діншіл және ақсүйекгік деп жариялап,
оларға тыйым салды. Халықтық мөдениетті қудалаудың сорақы бір көрінісі —
домбыраны феодализмге апарып тіркеу.
Тоталитарлық жүйенің мәдениет саласында жүргізген саясаты тек
"советтік ұлттарды тазалаумен" шектелген жоқ. "Жаңа коммунистік мәдениетті
қалыптастыру" дегенді басшылыққа алған партократия дүние-жүзілік озық
мәдениет үлгілеріне тосқауыл жасады. Белгілі "темір пердемен" қоршальш
қойылған КСРО-да таза пролетарлық мәдениет дәріптелді; бүкіл Батыс —
буржуазиялық, ал Шығыс - ескішіл феодалдың деп жарияланды. Мұның бір дәлелі
— Отан соғысынан кейін сталинизмнің жүргізген шаралары. "Космополиттік
мәдениет", "империализм ықпалдарына түскен" ғылымдар қатарына кибернетика,
генетика, тілтану т.б. қойылды.
Қорытып айтқанда, большевиктік "мәдени революция" Жер шарының 16
бөлігінде "кеңестік адам" атты, бұрын-соңды болмаған, адамдардың айрықша
түрін қалыптастыруға бағытталды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
Көркем мәдениет
XХ ғасырдағы батыс еуропа музыкасы
Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея - жанның мәңгілігі
20 ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ мәдениеті
Араб - мұсылман дәстүрлі мәдениеті
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қазақ халық музыкасының тарихы
XX ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНІҢ МӘДЕНИ ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ
XVIII-XX ғасырлардағы қазақ мәдениеті
Пәндер