Бұрғылау қондырғысының жабдығы



Кіріспе

1. Бұрғылау қондырғысының жабдығын сипаттау.
Бұрғылау шығырлары.
2. Қондырғының тағайындалуы мен конструкциясы.
3. Конструкциялық материалдарды қабылдау.
4.Құрылғы бойынша негізгі есептемелер.
5. Техника қауіпсіздігі.
6. Қоршаған ортаны қорғау

7. Қорытынды

Әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Бұрғылау жұмыстарының техникасы мен технологиясының даму тарихын қысқаша сипаттамасы. Адам баласының мұнайды қай ғасырда алғаш пайдалана бастағанын анықтау қиын , бірақтан ертеден екендігі бейім. Алғашқыда мұнай емдік құрал ретінде көздің суықтауы , проказ және т б ауруларға қарсы қолданылатын . Бірақтан көп жағдайда артеректе мұнай жарық беру материалы ретінде қолданылады. Ендігіде жерді қазу бойынша өндіру әдісі бастала бастады оның тереңдігі 2 м-ге дейін ғана барды жәнеде оның қабырғаларының опырылуына қарсы өрілме қойылды . Оның түбінде мұнай жиналатын , сөйтіп мұнай одан алынатын .
Қалалардың индрустиалды дамуының арқасында мұнай саласының рөлі арта түсті . Заводтарға, фабрикаларға, теміржол және су тасымалына жанармай, әсіресе көмір мен мұнай қажет болды. Құдықты әдіс жаңа халық шаруашылығының және саясаттың сұранысын қанағаттандыра алмай барды. Ендігі кезде өнім қабатын тереңінен жарудың жаңа әдісі ал онымен бірге мұнайды жер бетіне шығарудың жаңа әдісін ойлап табу керек болды.мұндай әдіс ретінде ұңғыны бұрғылау болатын
Әдебиеттер тізімі

1.Элияшевский И.В., Орсуляк Я.М., Сторонский Я.М. Типовые задачи и расчеты в бурении.-
2.Ильский А.Л., Миронов Ю.В., Чернобыльский А.Г.
Расчет и конструктирование бурового оборудование.-М.: Недра 1985.
3.Бограмов Р.А. Буровые машины и комплексы.Учебник для вузов.-М.:Недра 1988.501с.
4.Алексеевский Г.В.
Буровые устоновки. Уралмаш. Завода.- М.: Недра 1981.528с.
5.Вихман Г.Л., Круглов С.А.
Основы конструирования аппаротов и машын нефтеперерабатывающих заводов. Учебник для. студентов вузов. Изд. 2-е, перераб. Идоп.-М., «Машиностроение», 1978. 328с. с ил.
6. Вадецкий Ю.В.
Бурение нефтяных и газовых скважин: Учебник для нач. поф. орозования / Юрий Вячеславович Вадецкий. – М.: Издательский центр «Академия», 2004.- 352с.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Біз ,,Бұрғылау жабдықтары пәнінен” курстық жұмыста есептеу
жазба және сызба жұмыстарын орындаймыз. Есептеу жазба жұмысы мыналардан
тұрады: кіріспеден (кіріспеде мұнайгаз өндірісінің даму саласы жайлы);
кешен схемасын таңдау және қосымша жабдықтарды қабылдау; негізгі объектіні
таңдау (яғни өзімізге берілген қондырғы туралы), конструкциялық
материалдарды таңдау; технологиялық және беріктік есептеулер; еңбекті
қорғау және экология; қорытынды; әдебиеттер тізімі және де спецификациядан
тұрады.
Сызба бөлімі бір А1 форматында орындалады.

Кіріспе

Бұрғылау жұмыстарының техникасы мен технологиясының даму тарихын
қысқаша сипаттамасы. Адам баласының мұнайды қай ғасырда алғаш пайдалана
бастағанын анықтау қиын , бірақтан ертеден екендігі бейім. Алғашқыда мұнай
емдік құрал ретінде көздің суықтауы , проказ және т б ауруларға қарсы
қолданылатын . Бірақтан көп жағдайда артеректе мұнай жарық беру материалы
ретінде қолданылады. Ендігіде жерді қазу бойынша өндіру әдісі бастала
бастады оның тереңдігі 2 м-ге дейін ғана барды жәнеде оның қабырғаларының
опырылуына қарсы өрілме қойылды . Оның түбінде мұнай жиналатын , сөйтіп
мұнай одан алынатын .
Қалалардың индрустиалды дамуының арқасында мұнай саласының рөлі арта
түсті . Заводтарға, фабрикаларға, теміржол және су тасымалына жанармай,
әсіресе көмір мен мұнай қажет болды. Құдықты әдіс жаңа халық шаруашылығының
және саясаттың сұранысын қанағаттандыра алмай барды. Ендігі кезде өнім
қабатын тереңінен жарудың жаңа әдісі ал онымен бірге мұнайды жер бетіне
шығарудың жаңа әдісін ойлап табу керек болды.мұндай әдіс ретінде ұңғыны
бұрғылау болатын

1. Бұрғылау қондырғысының жабдығын сипаттау.

Бұрғылау мұнарасы бұрғылау тізбектерін және шегендеу құбырларын ұңғыға
көтеріп түсіріу, бұрғылау кезінде бұрғылау тізбегін ұстап тұру үшін,
сонымен қатар бұрғылау тізбегіне таль жүйесі, бұрғылау құбырларын және
бұрғылау процесіне қажетті жабдықтарды орнату үшін қолданылады. Бұрғылау
мұнаралары жүк көтерімділігіне, биіктігіне және конструкциясына байланысты
бірнеше түрге бөлінеді:
Бұрғылау мұнаралары зауыттарда бұрғылау қондырғыларына келесі тәсілде
жасалады: А-тәрізді ВМ, П-тәрізді ВМП және төрт тіректі ВУ. А-тәрізді
мұнаралар 3200200 және 5000320 классты бұрғылау қондырғыларында
қолданылады. П-тәрізді мұнара 5000320 классты бұрғылау қондырғыларына
төрт тіректі мачталы мұнаралар 6500400 және 8000500 бұрғылау
қондырғыларында қолданылады. Редукторлық қойма, қозғалтқыщтар мен
жүктелетін шығыр механизмдерін жабуға арналған. Оны мұнараға артқы алаңына
көпірге қарама қарсы орнатылады. Редукторлы қоймалардың өлшемдері орнату
тәсілімен анықталады.
Сорапты қоймасы бұрғылау сорабы мен күштік жабдықтардың сиғызуға
арналған оны мұнарадан бөлек немесе шамды редукторлы мұнараның қоймасына
орнатылады. Редукторлы және сорапты қойманың шатыры мен қабырғасын нақты
жағдайларға байланысты тақтаймен, гафрировандалған темірмен, қамыстан
жасалған қорғаныспен, резина немесе полиэтиленген пленкалармен тігіледі.
Кейбір бұрғылауларды орнатуды қолдануда редукторлы және сорапты қоймаларды
біріктіруді қажет етеді.
Қабылдау көпірі шегендеу және бұрғылау құбырларының орнықтылығын және
тағы басқа жабдықтарды, құрал саймандарды, материалдарды және қор
бөліктерінің оның үстінде орын ауыстыруға арналған. Қабылдау көпірлері
көлденең және қиғаш болады. Қабылдау көпірлерінің биіктігі бұрғылау
мұнарасының рама биіктігіне байланысты реттеледі. Қабылдау көпірінің ені
1,5...2м. ал ұзындығы 18м.
Ұршықтар. Таль жүйесінің бұрғылау тізбегімен жалғау үшін қолданылады.
Ол біріншіден бұрғылау тізбегін айналдыруды 2-ден жуу сұйығын өткізуді
қамтамасыз етеді.Ұршыұтардың конструкциясы негізінен бірдей болып
келеді.Ұршық айналмайтын және айналатын бөліктерден тұрады. Айналмайтын
бөлігі көтеру ілмегіне ілінсе, айналатын бөлігі бұрғылау тізбегіне
жалғасады.
Таль жүйесі. Бұрғы қондырғыларын таль (полиспаст) жүйесі шығыр
барабанының айналмалы қозғалысты ілмектің ілгермелі қозғалысына айналдыру
және таль арқылы ілмектеріне түсетін салмақты жеңілдету қызметтерін
атқарады. Кронблок шкиві мен тальблок шкиві арқылы белгілі ретпен болат
арқан өткізіліп бір ұшы қозғалмайтын етіп бе- кітіледі. Таль блоктары
кронблок сияқты
ішінде шкивтермен подшипник тіректері қондырылған тұрық түрінде болады.
Бұрғы
Сурет 1.1 ШВ-14-160 қондырғыларында таль блогының екі түрі
болады. Бұрғы қондырғылары таль жүйелерінде 6-жұмыр еспелі болат арқандар
қолданылады. Еспелер органикалық немесе болат өзекке өріледі. Еспелердегі
алты сабын 19-дан 37-ге дейін болып дайындалады.
Арқан дайындау үшін жоғары көміртекті жоғары марганецті қолданылады.
Айқастыра өру тәсілінде сымдар ескеріле бір өзекшеге оң және сол бағытта
орап дайындайды. Арқандар тез тозудан сақтау үшін еспелердің сыртқв
қабатындағы сымдар диаметрі үлкен, ал ішкі қабатындағы сымдар диаметрі
арқанды иілімді ету үшін етіп алынады.

Бұрғылау шығырлары.
Бұрғы шығыры бұрғылау құбырлары тізбегін көтеріп түсіру, ұстап тұру,
бұрғылау кезінде жайлап жіберіп отыру және шегендеу құбырларын түсіру үшін
қолданылады. Кейбір жағдайларда шығырды қозғалтқыштар қуатын роторға
жеткізу, құбырды бекіту, ашу, ауыр жүктерді сүйреп тарту және де басқа
қосалқы жұмыстарды атқаруда қолданылады. Шығыр бұрғы қондырғысының ең
негізгі агрегаттарының бірі. Бұрғы шығырларына түсетін салмақ циклділігімен
сипатталады. Бұрғы ілмегін көтергенде күш қозғалтқыштардан шығырға
көтерілсе, түсіру кезінде керсінше шығырдың тежегіш тесіктері барлық бос
энергияны жылуға айналдыруда. Таль блогын көтеру кезінде қуатты дұрыс
пайдалану үшін шығыр әртүрлі жылдамдықпен жұмыс істеуі қажет. Бұрғы шығыры
білік санына қарай 1,2,3 білікті болып келеді. Біліктер арасындағы
кинематикалық байланыс шығыр берілістер арқылы іске асырылады. Көтеру
биіктігіне шынжыр берілістен басқа таль арқанын орау үшін барабан тежегіш
және электр тежегіш білігін муфта орналастырылады.
Бұрғы шығыры екі түрлі тежегіштермен жабдықталады:
1)таспалы
2) электрлі тежегіштер
Таспалы тежегіштер құбыр тізбектерін көтеріп ұстау, түсіру жылдамдығын
реттеу, толық тоқтату бұрғылау кезінде қашауды жіберіп отыру қызметтерін
атқарады. Ал электірлі тежегіш бұрғылау және шегендеу тізбектерін түсіру
жылдамдықтарын бәсеңдету үшін қолданылады. Шығыр барабанын толық тоқтату
таспалы тежегішпен іске асырылады.
Роторлар – бұрғылау тібегіне бұрғылау кезінде айналым беру, ал көтеріп-
түсіру кезінде оны ұстап тұру үшін қолданылады. Ротор тігінен ілінген
бұрғылау құбырлары тізбегіне трансмиссия білігіне айналым беретін редуктор.
Ротор станинасы бұрғылау, көтеріп-түсіру жұмыстары барысында барлық
салмақты қабылдап тұғырға береді. Ротор білігінің сыртқы шетінде шынжырлы
дөңгелек немесе кардан білігінің жақты муфтасы орналасуы мүмкін.
Ротор столы тербелмелі подшипникте айналады. Бұрғы қашауын ашқанда және
бұрғылау тізбегін турбобұрғы реактивтік моментінің әсерінен сақтандыруды
ротор тиекпен немесе тоқтатқыш механизммен жабдықталады.

Сурет 1.2 Ротор

Кронблок

Кронблок белбеу жүйесінің қозғалмалы бөлігі болады. Оны көтеру, түсуру
операциялары үшін, бұрғылау колонкасын және бұрғылау колонкаларын салмақты
көтеріп тұру үшін қолданады. Кронблоктардың көптеген колонкалары бір осьті
схемада құралады. Онда жалпы оське бірнеше арқанды шкивтер киілген.
Кронблок пісірмелі рамадан тұрады, оған жеңілдетуге және кілттерді ілуге
арналған блоктар мен арқанды шкивтер орнатылады. Негізгі шкивтер қорғаныш
қаптамамен жабылады. Кронблок жоғарғы кронблок алаңында кронблокты
бөренелердің үстінде орналасып болттармен бекітіледі. У3-130-2 кронблоктары
130т. Жүктеме мен жұмыс істейтін бұрғылау құралдарына арналған. Кронблок үш
бойлай және екі қиғаш балкалары бар пісірілген болат рамасынан 1 тұрады.
Бойлай орналасқан подшипниктері 4 бар балкаларда екі бірдей арқанды
шкивтердің секциялар орналасады. Секциялардың әрқайсысы қозғалмайтын остен
5 және остегі дөңгелекшелі

Сурет 1.3 Кронблок

подшипниктерде орналасқан 3 арқанды шкивтен 3 тұрады. Бұл подшипниктерді
майлау ості бойлай орналасқан бұрғыланған тесіктер арқылы арнаулы шприц
арқылы жүргізіледі. Май подшипниктерден шығып кетпес үшін және ластанбау
мақсатында шкивтер дің ступицаларын төсемдер мен жене бойлай қалпақшалар
мен жабады.

2. Қондырғының тағайындалуы мен конструкциясы.

Ұршық тәл жүйесін бұрғылау тізбегімен жалғау үшін қолданылады. Ол
біріншіден, бұрғылау тізбегін айналдыруды, екіншіден жуу сұйығын өткізуді
қамтамасыз етеді. Ұршықтардың конструкциясы негізінен бірдей болып келеді.
Ұршық айналмайтын және айналатын бөліктерден тұрады. Айналмайтын бөлігі
көтеру ілмегіне ілінсе, айналатын бөлігі бұрғылау тізбегіне жалғанады.
Бұрғылау процесі кезінде ұршық автоматты элеваторға немесе тәл
механизмінің ілмегіне ілінеді және жұқа шланга арқылы бұрғылау сорабының
тегеурінді құбыр өту тірегімен жалғанады. Бұл кезде бұрғылау тізбегінің
жетекші құбыры бұранда көмегімен ұршықтың айналушы оқпанымен
жалғастырылады. Көтеріп-түсіру операциялары кезінде жұқа шланга және
жетекші құбырымен ұршық шурфқа апрылады да тәл блогына жалғанады.
Ұршықтарға келесі негізгі талаптар қойылады:
бұрғылау тізбегін арттыру және көтеріп түсіру операциялары кезінде
көлденең габариттері мұнараны еркін жағалай араластыруға кедергі келтірмеуі
тиіс;
кәсіптік жағдайларда тез тозуға ұшырайтын бөлшектер мен түйіндер
жылдам қолайлы ауыстыруға ие болуы шарт;
майда жеткізу және тарату ұршық бөлшектерін қарқынды майдалауды және
суытуды қамтамасыз етуі шарт;
тәл блогына жалғанатын қондырғы ұршықты шурфқа жылдам апаруға және
шығаруға сенімді әрі қолайлы болуы тиіс.
Пайдалану және терең барлау ұңғыларын бұрғылауда қолданылатын
ұршықтар, жалпы конструкциялық схемаға ие болып , негізгі өстік жүктемемен
ерекшеленеді. Отанымызда және шет елдер өндірістік орындарда шығарылатын
ұршықтардың дайындалуы және құрастырылуының мақсаты олардың сенімділік және
ұзақ мерзімділігін арттыру болып табылады. Ұршықтардың ШВ – 14 – 160 , УВ
– 250, УВ – 320, УВ -450, ШВ - 15 – 230, және басқада түрлері болады.

Бұл курстық жұмыста біз заманауи бұрғылау ұршық қондырғысын ШВ – 14
– 160 таңдаймыз. Ұршық ШВ – 14 – 160 болаттан құйылған қаңқадан 7 екі
қалталы саусақтар 9 көмегімен жалғастырушы штроптан 1 тұрады. Бұл жалғасу
ұршық қақпағымен 3 , жуылатын құбырды 4 , мойынша 2 және басқада ұсақ
детальдарды айналмайтын бөлігімен біріктіреді. Ішінде сақина тәрізді
қаңқаның қуыс бөлігінде қажымайтын подшипник 10 орнатылған. Тіректі
подшипник 11 негізгі тірек қаңқасына орнатылған. Ось пен ұзына бойы пайда
болушы күш ротордан ұршыққа және радиалды роликті подшипник 8 центрлеуші
ұршық стволына береді. Мұндай подшипник стволдың жоғарғы бөлігінде
орнатылған . Ол негізгі тіректің жұмысын центровка жағдайын
жақсартады.Ұршық оқпан 14 тірекпен жоғары қысымды сальник 5 , жоғары майлау
сальник 6 және переводник пен ұршықтың айналмайтын бөлігін құрайды.
Ұршықтың қаңқасы үстінен қақапақ пен жабылады. Майлы сальник 12 , қорапша
13 төменгі жағынан біріктірілген. Ұршық қаңқасы көміртекті немесе аз
легірленген болаттан жасалады. Және бүйір қалтасының сыртқы жағында ,
ұршықты тәл механизмінің ілмегіне ілуге арналған штроптан тұрады. Штроп
доға тәріздес формаға және дөңгелек көлденең қимаға ие. Ұршық қаңқасының
штроппен байланысқан жерінде , штропта саусақтар үшін саңылаулар қашалады.
Саусақтар көлденең қашалған қалталарға орнатылады және ұршық қаңқасына
пісірілген торц паз саңылауына кіретін стопорлы планка жүрісінен сақтайды.
Жетекші құбырды ұршық штропына жеткізу кезінде ол тігінен ауытқып , тәл
мехнизмінің ілмегіне жалғануға қолайлы жағдайға ие болады.
Штроптың бұрғылау бұрышы қалта қабырғасымен шектеледі. Және 450 –тан
аспайды. Штроп саусақтары арықшаларына және серіппелі майлағышқа арналған
бұрандалы саңылауға ие . Майланған саңылаудағы бұранда рымболттардың
бұралуына арналған. Ұршық қаңқасының тегеурінді және радиалды
подшипниктерінде ұршықты бұрғылау тізбегінің жетекші құбырына жалғауға
арналған аудармалы оқпан айналады. Оқпан жуу сұйығы үшін орталық өтпелі
саңылаулы болат цилиндр және тегеурінді подшипниктер үшін сыртқы фланецке
ие болып келеді.
Бұрғылау роторы жиілігімен оқпан айналады және бұрғылау тізбегі мен
жуу сұйығы түзетін ұңғыға айдайтын жүктемені сынақтан өткізеді. Басқа
түйіндер және бөлшектер мен салыстырғанда ұршық оқпаны көбірек жүктелген
болып келеді. Бұл оның берітік талаптарын қамтамасыз етеді. Ұршық оқпанының
өстік орналасу жағдайы тегеурінді және подшипникткрмен реттеледі. Ұршықтың
негізгі тірегі – оқпан салмағымен және бұрғылау тізбегімен жүктелген
подшипник .ұршық оқпанының негізгі тірегі болып подшипник табылады. Ұршық
оқпанға сүенген кезде подшипник өз салмағымен және басқа айналмайтын
бөлшектер қаңқаға жүктеледі , ал ұршық штропы еркін күйде болады. Бұл
бұрғылау тізбегі салмағы жеткіліксіз қашауға жүктеме түсіріп , ұршық
салмағымен толықтырылғанда , ұңғыны бұрғылау процесінде және жетекші
құбырмен бірге ұршықты шурфқа орнатуда орын алады.
Ұршықтың қарастырылып отырған құрылымында , негізгі оқпан тірегіне
қысқа цилиндрлі роликті тегеурінді подшипник орнатылған . Оқпан айналуы
кезінде сақинамен салыстырғанда роликтердің ұзындығының қысқа болуы олардың
қозғалуының төмендеуіне мүмкіндік береді. Бұл подшипниктерінің қызып
кетуіне және тозуына жағымды әсер етеді. Корпусты және сфералы роликтыі
подшипниктер , қысқа цилиндрлі роликті подшипнактермен салыстырғанда үлкен
жүктемеге ие болуымен ерекшеленеді.
Сондықтанда ауыр жүктеме жүктелген ұршықтарда конусты немесе сфералы
роликті тегеурінді подшипниктер қолданылады. Ұршықтардың ұзақ мерзімділігін
арттыру үшін конусты тегеурінді подшипниктер қолданылады. Роликтерді ортаға
келтіру үшін оқпан подшипнигі ішкі сепаратормен жабдықталған. Сырқы
сепаратор ортадан тебу күшінің әсерінен роликтердің қозғалмауын сақтайды.
Аз жүктелген қосымша тіректе , тегеурінді шарикті подшипник қолданылады.
Оқпан радиалды роликті подшипниктер көмегімен ортаға келтіріледі.
Тегеурінді подшипниктер , оқпанға орнатылған сақинамен ортаға келтіріледі.
Екінші сақина еркін болып келеді. Ж2не подшипник тербелуімен салыстырғанда
өздігінен ортаға келтіріледі. Оқпанның өстік жағдайы және подшипниктердің
және созылуы, ұршық қақпағы және қаңқасы арасындағы төсеммен реттеледі.
Төменгі радиалды подшипниктің созылуы, стопорлы винттердің бұралып шешіліп
кетуінен сақтайтын және ұршық оқпанына бұралып төлкегеорнатылуы мен
реттеледі.
Подшипниктердің сыртқы сақиналы, сақиналы паз қаңқасына орнатылған
серіппелі стопормен ұсталып тұрылады. Ұршықты бұрғылау тізбегінің жетекші
құбырына жалғау үшін , оқпан бұрандасын механикалық зақымдалудан және
тозудан сақтайтын ауыспалы киппельді переводник қолданылады. Ұршық оқпаны
және жетекші құбыр жоғарғы аудармасы ішкі бұрандаға ие болып , оларды
жалғау үшін аударманың киппельді түрі қолданылады. Ұршық қаңқасы жоғарғы
және төменгі қақпақтармен жабылады.қақпақтар қаңқаға бұрау болттарымен
бекітіледі.жоғарғы қақпақ тіреумен және бұрғылау шлангін ұршықпен жалғау
үшін бұрмамен бекітілген екінші фланецпен жабдықталған. Бұрмада жуу сұйығы
аралық қондырғы арқылы өтіп , оқпан саңылауы өтпеліміне түседі.
Қаңқа мен қақпақтар арасындағы қуыс және ұршық оқпаны негізгі және
төменгі радиалды подшипниктерді майлау үшін сұйық майымен толтырылады.оқпан
стаканы , қосымша және жоғарғы радиалды подшипниктерді майлау үшін жеке
майлау ваннасын түзеді. Май қаңқаның жоғарғы қақпағының саңылауы арқылы
құйылады. Қаңқаның төмегі қақпағында пайдаланылған майды төгетін арнайы
саңылау қарастырылған . май деңгейі ұршық қаңқасына бұралып бекітілген
бақылау пробкасы арқылы тексеріледі. Майлы саңылау бұрандалы пробкамен
жабылады.

Сурет 2.1 ШВ – 14 – 160 Ұршығы

1 –– Сырға ( штроп )
2 –– Мойынша

3 –– Қақпақ

4 –– Жуу құбыры

5 –– Сальникті тығыздағыш

6 –– Жоғары майлау сальнигі

7 –– Қаңқа

8 –– Радиалды роликті подшипник

9 –– Саусақ

10 –– Қажымайтын подшипник

11 –– Тіректі подшипник

12 –– Төменгі майлау сальнигі

13 –– Қорапша

14 –– Оқпан

3. Конструкциялық материалдарды қабылдау.

Бұрғылау жабдықтарды конструкциялауда металдар және олардың
құймалары, металды-керамикалық, қатты құймалар және металл емес
материалдардан жасалады.
Металл және олардың негізгі конструкциясына жатады. Олардың арасында
көп қолданылатыны болат, шойын аллюминий, титан, қорғасын, мыс құймалары
(латунь, қола), аллюминий силуминдер құймасы, марганецпен, мыспен және
магнимен титан құймалары.
Металлкерамика темірлі немесе мысты түрде қосымша кремниймен
толықтырылады және асбестен, кремнеземмен, ал фрикциялық, антифрикциялық,
металлокерамикалық бұйымдар және фильтрлер бронзадан графитпен, темір
графитпен, никельден, тот баспайтын болаттан және бронза және фторапластпен
немесе маймен сіндіреді.
Қатты құймалар мұнай кәсібінің жабдықтары үшін аз қолданылады. Бұл
әсіресе вольфрамды, титанвольфрамды, карбидті және басқа да қатты қоспалар
Мұнай зауыттарының аппараттары мен жабдықтарын дайындау үшін
материалдардытаңдау келесі факторларға байланысты:
а) ішкі жұмыс шарттарына тәуелділігі;
б) берілген материалдардың қасиеттерімен баайланыстылығы.
1-ші топ факторларына, температура, қысым және ортаның қасиеті
жатады.
Температура материалдың механикалық қасиетіне әсер етеді. Температура
жоғарылаған кезде, металдың механикалық қасиеті төмендейді. Мысалыға:
Температура 500( -дан асқанда көміртекті болаттардың механикалық қасиеті
төмендеуіне байланысты оларды қолдану тиімсіз болады. Жоғары температурада
легірленген болаттардың механикалық қасиеті аз мөлшерде төмендейді,
сондықтан легірленген болатты қолданған тиімді. Температураның төмендеуі де
материалдың механикалық қасиетін өзгертеді.
Қысымның жоғарылауы кезінде болаттың сапасы қатаң талаптар қойылады.
Қысымның жоғарылауы коррозияға әкеліп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұрғылау мұнарасы
Бұрғылау кемелері туралы
Мұнай және газ кәсіпшілігінің жабдықтары
Ұңғымалардың құрылысын жобалау
Жүккөтергіштігі 5000 кН бұрғылау жасағы
Бұрғылау қондырғысының коммуналдық жүйелері
Бұрғылау сораптың құрылысы және жұмыс жасау принципі
Бұрғылау құбырларын аралық бұрғылауға қолдану
Алматы метрополитеніндегі жаңа технология және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Бұрғылау ұңғымаларының классификациясы
Пәндер