Ежелгі қосеөзен мәдениеті



Ұзындығы 18 метрге созылған хабарлама үш тілде – ескі парсы, бабыл және жаңа элам тілінде жазылған болып шығады. Мұндай үш балама мәтіннің қатар жүруі оны оқып шығуды оңайлатады. Бехистун жазуы ежелгі Персия тарихын зерттеуде оған дейінгі барлық археологиялық зерттеулер мен антикалық заман авторларының еңбектерінің бәрін қосқандағыдан артық пайда түсірді. Бір кездегі ассирия-бабыл жазуларын жетілдіруден туған бұл ескі парсы жазуы ассирия-бабыл тарихы жайында солардың шет-шебірін көріп қалған гректерден гөрі де көбірек мәлімет берді. Ең бастысы, бұл Алдыңғы Азия халықтарының бірінен біріне көшіп мұра болып келе жатқан ортақ жазудың түп бастауы жайында батыл ойларға бастады. Ассирия-бабылдан бұрын да сына жазуы болған деген тұспал туады. Ол халықты 1869 жылы 17 қаңтарда француз ғалымдары отырысында Жюль Опперт шумер деп атайды. Чех ғалымы, Бедржих Грозныйдың айтуынша, “ең ежелгі жазу – бабыл жазуы. Ғайса тумастан 300 жыл бұрын ойлап табылған. Мысыр жазуының пайда болуына әсер еткен. Онымен ассириялықтар, хуриттер, хеттер және ханаан тұрғындары пайдаланған. Оның өзгерген түрін Урарту мен Элам қолданған. Ол кезде аморитяндар (франкиялықтар) мен парсылар өз жазуларын шығарған. Бабыл жазуын әуелде шумерлер ойлап тапса керек. Оларды бабыл семиттері мен акадтар үйренген”.
Шумер елі біздің жыл санауымызға дейінгі 3000 жылдықта Ефрат өзенінің қойнауына орналасқан. Шумер халқының тегі әлі жұмбақ. Анық-танық қайдан келгені де белгісіз. Тілі өз төңірегіндегі ежелгі халықтардың ешқайсысына ұқсамайды. Олардың көпшілігі көп буынды сөздерден тұратын болса, шумер сөздері көбінесе бір буынды сөздерден тұрады. Кейбір ғалымдар шумерлер бұл жазуды бұрынғы көшіп келген жағынан бірге алып келген деп те санайды. Ендеше, оның жазуы Алдыңғы Азияның халықтарына қалайша кеңінен тарап жүр? Біздіңше, тілдік-этностық туыстықтан болмаса керек. Шумер жазуының соншама мәшһүр болуы, сол кездегі шумер
Пайдаланған әдебиеттер:

1.«Мәдениет» Әбіш Кекілбайұлы
2.«World Discovery» журналы, 46-бет
3.ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Ежелгі ҚосЕөзен мәдениеті

Ұзындығы 18 метрге созылған хабарлама үш тілде – ескі парсы,
бабыл және жаңа элам тілінде жазылған болып шығады. Мұндай үш балама
мәтіннің қатар жүруі оны оқып шығуды оңайлатады. Бехистун жазуы ежелгі
Персия тарихын зерттеуде оған дейінгі барлық археологиялық зерттеулер мен
антикалық заман авторларының еңбектерінің бәрін қосқандағыдан артық пайда
түсірді. Бір кездегі ассирия-бабыл жазуларын жетілдіруден туған бұл ескі
парсы жазуы ассирия-бабыл тарихы жайында солардың шет-шебірін көріп қалған
гректерден гөрі де көбірек мәлімет берді. Ең бастысы, бұл Алдыңғы Азия
халықтарының бірінен біріне көшіп мұра болып келе жатқан ортақ жазудың түп
бастауы жайында батыл ойларға бастады. Ассирия-бабылдан бұрын да сына жазуы
болған деген тұспал туады. Ол халықты 1869 жылы 17 қаңтарда француз
ғалымдары отырысында Жюль Опперт шумер деп атайды. Чех ғалымы, Бедржих
Грозныйдың айтуынша, “ең ежелгі жазу – бабыл жазуы. Ғайса тумастан 300 жыл
бұрын ойлап табылған. Мысыр жазуының пайда болуына әсер еткен. Онымен
ассириялықтар, хуриттер, хеттер және ханаан тұрғындары пайдаланған. Оның
өзгерген түрін Урарту мен Элам қолданған. Ол кезде аморитяндар
(франкиялықтар) мен парсылар өз жазуларын шығарған. Бабыл жазуын әуелде
шумерлер ойлап тапса керек. Оларды бабыл семиттері мен акадтар үйренген”.
Шумер елі біздің жыл санауымызға дейінгі 3000 жылдықта Ефрат өзенінің
қойнауына орналасқан. Шумер халқының тегі әлі жұмбақ. Анық-танық қайдан
келгені де белгісіз. Тілі өз төңірегіндегі ежелгі халықтардың ешқайсысына
ұқсамайды. Олардың көпшілігі көп буынды сөздерден тұратын болса, шумер
сөздері көбінесе бір буынды сөздерден тұрады. Кейбір ғалымдар шумерлер бұл
жазуды бұрынғы көшіп келген жағынан бірге алып келген деп те санайды.
Ендеше, оның жазуы Алдыңғы Азияның халықтарына қалайша кеңінен тарап жүр?
Біздіңше, тілдік-этностық туыстықтан болмаса керек. Шумер жазуының соншама
мәшһүр болуы, сол кездегі шумер мәдениетінің жетекші орын иеленуіне
байланысты болса керек. Олар иленген саз балшықты әрқилы қалыпқа түсіретін
аяқпен теппе зырылдауықты, диірменді, соқаны, доңғалақты, желкенді қайықты,
мыс, қола құймаларын, күн тізбесін алғаш ойлап тапқан жұрт. Шетінен
математик, астроном, жер өлшеуші. Заңды, аспан денелерінің адам организміне
әсерін жүйелеген. Гемопатиялық медицина қалыптастырған. Олардан қалған қыш
тақтайшаларының талайы ежелгі рецептер мен ібіліс сиқырынан аман сақтайтын
магиялық формулалар болып шықты. Құрылыста арка, күмбез, нақыш, фриз, шыны
шытыра, тас қашау, металл безендіруді бірінші боп пайдаланыпты. Арасына
сабан, қамыс салып, қам балшықтан кіріш басу, қыш кіріш, ағаш бөлшектерден
үй салуды кең өрістеткен. Тұрған үйлері төрт бұрышты, қосқабатты, ішкі
аулалы, аспалы бақты болған. Су құбырларын тартқан. Қалаларының қақ
ортасында жебеуші тәңірінің құрметіне арналған алып ғимарат орнатқан.
Сәулет өнерімен бірге мүсін өнерін де өрістеткен. Музыка аспаптары мен
музыка теориясын да бірінші боп ыждаһаттаған шумерлер. Аспан-Жер-Жерасты
бір-бірімен бағыныштылық жолымен байланысып тұрған кешенді құбылыс деп
түсінген. Сол нанымға негізделген заң жүйелері бар. Біздің жыл санауымыздан
бұрынғы ХІХ ғасырда диірмен тасқа (базальт) Бабылдың ұлы падишасы
Хаммуранидың 282 баптан тұратын сот тәртібі қашалып жазылған. Заңды
патшалар емес, құдайлар ойлап табады деген ұғым олардың қатал орындалуын
қамтамасыз еткен. Құдай бақилық. Оған ешкімнің күші жетпейді. Ал адам
пәнилік. Оның құдаймен, табиғатпен, басқалармен қарым-қатынасы осыған
негізделген. Атақты Гильгамоштен бастап, шумер мифтері осылай үйретеді.
Шумерлердің өздерін де, жазуларын да өміршең етіп жүрген осы іргелі
мәдениеті. Әйтпесе, олардың патшалығы осыдан бес мың жыл бұрын көршілес
Акад мемлекетіне тізе бүккен. Содан қайтып бас көтермеген. Акадтарды жеңген
бабылдар да шумер мәдениетінің мұртын шақпастан, одан әрі дамыта түскен.
Бабылдардың тез көтерілуіне оң ықпал еткен факторлардың бірі – осы шумер
жазуына үйрену арқылы қалыптасқан жоғары сауаттылық еді. Бабылдар тек шумер
жазуын ғана емес, сол арқылы келген өнер-білімді де дамытты. Олардың орнына
келген ассириялықтар да солай етті. Оған 1849 жылы ағылшын оқымыстылары
А.Г.Лэйрд пен О.Рассамның “Нимрод” төбесінен (ежелгі Ниневия) тапқан
ассириялық патша Аптшурбанипалдың (б.д.ж.д. 668-631 ж.ж) 30 мың қыш
қалақшалардан тұратын аса бай кітапханасы айғақ бола алады. Олардың
арасынан дәрігерлік, балгерлік, математика, дін, тарих тақырыбындағы
еңбектер, ассирия-бабыл-шумер сөздіктері, грамматика оқулықтары шықты.
Сөйтіп, шумер жазуын көпке таратып жүрген шумерлер емес, ол жайлаған
кеңістік пен олар ойлап тапқан мәдениетті иемденген, оларға қырық қайнаса,
сорпасы қосылмайтын Қос Өзен мен Жерорта теңізі жағалауын мекендеген семит
халықтары еді. Олардың әліпбиін Кіші Азия мен Африкадағы семит емес
халықтар да үйренді. Ақыр аяғында олар ойлап тапқан жазу жүйесі жетіле-
жетіле келіп, бастапқы пиктограммалардан басталған суреттіліктен түгел
арылып, таза әуезделген (вокалданған) фонетикалық (дыбыстық) жазуға
айналды.
Ол жазу тәжірибесі шығыста Хараппа мен Мохенджо-Даромен тынбай, әрі қарай
Қиыр Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азияға, батыста Кіші Азия, Кавказ, Мысырмен
шектелмей, Жаңа Дүниеге, Латын Америкасына да тараған деген болжам бар.
Өйткені, батыста мая, шығыста қытай иероглифиясының графикалық таңбалары өз
жерінің қоршаған ортасына ыңғайланып, айта қаларлық өзгеше болғанымен,
лингвистикалық құйылымдық жүйесі сол баяғы морфологиялық-буындық, ішінара
дыбыстық жазу заңдылықтарына негізделген. Хаттусастан табылған және хамат
тасындағы хеттер иероглифтерінде көбіне-көп өсімдіктер бейнеленсе, мысыр
иероглифтерінде жан-жануарлар мен адамдар да бейнеленеді. Майя
иероглифтерінде бейнеленген өсімдіктер Кіші Азия, Ніл табиғатына тән емес.
Ал қытайлар иероглифтері көбіне-көп Қиыр Шығыс табиғаты мен мифологиясын
еске салады. Қайткен күнде де суретті жазу аталмыш аймақтарда ұзақ
сақталған, тіпті әлі де сақталып келе жатқан жерлері бар. Мәселен, Қытай,
Жапония, Корея. Кей елдердегі жағдай мұндай болғанымен, Кіші Азияның
өзіндегі жазу артық әшекейден арылып, әрқилы сызықшалардың әр алуан
құбылуларына айналды. Басты назар дыбыстамалық жазу жасауға ауды. 1400
жылдар шамасында Жерорта теңізінің шығыс жағалауын жайлап, кеме мініп,
сауда-саттықпен айналысатын финикиялықтардың біреуі сондай нар тәуекелге
бел буды. Тарихта аты қалмаса да, ол таудай іс бітірді. Әр дыбысқа бір
таңба ойлап тапты. Сөйтсе, мыңдаған, тіпті, қажет болса, миллиондаған
сөздерді бейнелеп шығу үшін бар болғаны жиырма шақты ғана таңба керек екен.
Ол үшін әуелі жекелеген сөздерді бейнелеп жүрген бұрыннан бар тұспалдамалар
пайдаланылды. Мәселен, финикиялықтар бұқаны aleph дейді. Соны бейнелейтін
белгі “а” (“аһ”) дыбысының, үй (“beth”) сөзін білдіретін белгі “б”
дыбысының, түйе (gіmel) сөзін білдіретін белгі “г” дыбысының таңбасы деп
табылды. Кейін ондай белгілер әріп деп аталды. Гректер оларды болар-болмас
өзгерістермен қабылдап, “альфа”, “вета”, “гамма” деген әріптер деп таныды.
Римдіктер де финикиялық таңбаларға өз “жаңартуларын” қосты. Өз
әліпбилеріндегі әріптерді бәрімізге әбден таныс а,б,в,г,д, тағысын тағылар
деп дыбыстауға дағдыланды. Ал иудаизм, христиан, ислам діндерінің тірі
адамдар мен жануарларды бейнелеуге тыйым салғаны әріп жазу таңбаларын
суретке ұқсаудан атымен арылтты. Мұндай тыйырым жаратушыдан басқа жан
иелеріне табынушылықты доғаруды көздеді. Егер христианшылдық әлгіндей
мақұлқаттардың тек кейбіреулерін ғана бейнелеттірмесе, ислам кеудесінде
жаны бардың бәрін де сызып көрсетуге рұқсат бермеді.
Сөйтіп, дыбыстық жазуға жол ашып берген финикиялықтар әліпбиі өздерінің
ежелгі астаналары болған Библиос қаласында дүниеге келді. Біз де оны алғаш
рет 1968 жылы сол қаланың тарихи музейіндегі мәрмәр тақтайшадан көргенбіз.
Ол әліппе жиырма екі әріптен тұрады екен. Олардың арасында дауысты әріптер
болмады. Оның мұндай кемшілігінің орнын Угарит әліпбиі толықтырды. Алайда
оны тудырған Угарит қаласы әлденеше елдермен тікелей байланыс жасап тұрған
Библиостай ежелгі саудаға ықпал жүргізген қала емес еді. Сондықтан оның
әліпбиі финикиялық әліпбидей кең тарала алмады. Финикиялықтар жазуы батысқа
грек, шығысқа арамей жазулары арқылы таралды.
Арамей тілі де финикиялықтар тілі сияқты еді. Семит тілдері тобына жататын.
Флективті тілдердің қай-қайсысы тәрізді ондағы сөз түбірі де тек дауыссыз
дыбыстардан тұратын. Сондықтан ондай сөздер жазылғанда бір-бірінен еш
айырмасы жоқ омонимдер сияқты болып көрінетін. Бұл мәселені арамей тілі
әуелі жол үсті, жол астына жазылатын қосалқы диакрит белгілер арқылы
шешуге тырысты. Мәселен, осындай семит тобында болып табылатын араб тілінде
“а” дыбысын белгілейтін алдындағы дауыссыз дыбыстың үстіне қойылатын көлбеу
сызықша “фатха” деп аталды. Ал и дыбысын білдіретін “кесра” белгісі
алдындағы дауыссыз дыбыстың астына көлбеу сызықша күйінде бейнеленді.
Сондай алдындағы дауыссыз дыбыстың үстіне қойылатын үтір сияқты белгі у
дыбысын білдіріп, “дама” деп аталады. Сондай әріптің үстіне қойылатын
“ташдид” белгісі өзінің астындағы дауыссыз дыбыстың қосарланып айтылатынын
көрсетті. Ал дауысты а, у, и дыбыстарының қосарланып созылыңқы айтылуы
тенвии дама, тенвии фатха, тенвии кесера дейтін арнайы белгілермен
көрсетілді. Дауыссыз дыбыстан кейін келетін дауысты дыбыс жоқ екендігін
білдіретін “сукун” дейтін дөңгелек таңба да болды. Мұндай қосымша белгілер
қойылмайынша, тек дауыссыз дыбыстардан тұратын түбірдің мағынасын аңғару
өте қиын еді. Мысалға, “ктб” дейтін үш әріптен тұратын түбірді сөйлемдегі
айтылып отырған ойдың ретіне қарап, “китабун” деп те, “катибун” деп те
оқуға болатын. Алғашқысы кітап деген мағына білдірсе, соңғысы кітаптарды
түсіндіретін көп оқыған адам дегенді ұғындырды. Жүре келе, әлгіндей түбір
сөздің мағынасын түрліше құбылтатын дауысты дыбыстардың әрқайсысына тұрақты
әріптер ойлап табылды. Авеста, ұйғыр, моңғол, манжұр жазулары бірден сондай
қағидаға бас ұрды.
Арамей тілі еврей, сирия, иран, араб тілдері деп төртке бөлінді. Бұл
иудаизм, сириялық христианшылдық, зороастризм, мұсылман діндерінің
дәуірлеуіне байланысты еді. Әсіресе, зороастризм мен шығыс христианшылдыққа
бірдей қызмет еткен арамей тілі мұсылман діні шыққанға дейін бүкіл шығыс
елдеріне мейлінше кең тарады. Ол парсы-арамей, пехлеви-аршак, пехлеви-
сасан, авеста, хорезм, соғда жазуларына жіктелді. Қиыр Шығыс пен Сібірде
иероглиф және сына жазулары өрістеді. Кейін ислам дінінің дәурендеуіне
байланысты Қиыр Шығыс иероглиф жазуынан басқасын араб жазуы мүлдем жұтып
жіберді. Мамандардың айтуынша, араб жазуы арамей жазуының набатей
тармағынан тарайды. Оның ең ескі үлгілеріне біздің жыл санауымыздан бұрынғы
300-ші жылдар шамасындағы үш графит тақтайшаға жазылған көнелікті мәтіндер
жатқызылады. VІІ ғасырда араб жазуы баданадай ірі және доғал әріптерден
тұратын куфа және нәзік те әсем шиырылып түсетін насх жазу түрлеріне
жіктелді. Арабтар жаны бар мақұлықтардың суретін сала алмайтын болғандықтан
кесте тіккендей қып әдемі ирекше әшекейлерге көбірек мән берді. Оларды
кейде тым шиыршық атқызып, қырық құйқылжытып жіберетін. Бұлары көруге
келісті болғанымен, түсінуге қиын түсетін еді.
Ал б.ж.с.д. 8-7 ғасырларда пайда болған грек әліпбиі жазылуы жағынан
финикия жазуына ұқсағанымен, дыбысталуы жағынан бабыл, ассирия, арамей,
иудей, халдейлерге тән флективті семит тілдерімен емес, ежелгі санскрит,
қазіргі үндіеуропалық тілдермен төркіндес еді. Аглюнативті тілдер тобына
жататын. Семит тобындағы флективті тілдердегі мағына дауысты дыбыстардың
өзгеруіне байланысты құбылса, үндіеуропа тобындағыдай аглюнативті
тілдердегі мағына түбірдің алды-артынан тіркелетін қосымша, жалғау,
жұрнақтарға байланысты түрленетін. Сондықтан гректер финикия жазуына айта
қаларлықтай өзгерістер енгізіп бақты. Дауысты әріптермен бірге бұрын жоқ
“фи”, “хи”, “пси”, “омега” сынды жаңа дауыссыз әріптерді де ойлап тапты.
Жазу басқа шығыс тілдеріндегідей оңнан солға қарай емес, солдан оңға қарай
оқылатын болды. Солайша жаңарған грек әліпбиінің әралуан соны нұсқалары
қалыптасты. Батыс-грек жазуы жүйесіне эртрус, латын жазуларымен қоса,
Италияның мессап, венет, оск, сикул, умбет т.б. сынды ежелгі халықтарының
әліппелері жасалды. Шығыс-грек жүйесінің негізінде 2-3 ғасырларда христиан
дінін қабылдаған ежелгі мысырлықтардың ұрпақтары болып табылатын коптардың
жазуы, ал І мыңжылдық ортасында византия жазуы қалыптасты.
Византия жазуы негізінде осы заманғы грек, славян, әрмен, гүржі жазулары
шықты. Орта ғасырлар басында бүкіл Батыс Еуропада жалғыз латын тілі ғана
жазба тіл болып табылатын. Латын жазуынан басқа жазу болмайтын. Герман
тайпалары мен ирландықтар руна (киелі) жазуын пайдаланды. Латынша жазу
немістерде, ағылшындарда, ирландиялықтарда 7-8, француздарда – 9, испан,
португал, норвегтерде – 12, итальян, швед, дат, венгр, чехтарда – 13
ғасырда пайда болды. ІХ ғасырда славяндардың глаголица және кирилица деген
екі жазуы болды. Алғашқысын аз уақыт оңтүстік-батыс славяндары ғана
пайдаланды. Сосын барлығы да кирилицаға көшті. 1941 жылы Моңғолстан мен
кейбір кеңес республикалары сол жазуға өтті. Өтпегендер арасында бұрыннан
латын жазуымен пайдаланатын латыш, эстон, литвалықтар, жаңа бір дәуір
басында өз әліппелерін жасап алған әрмендер мен гүржілер бар еді.
Тарихта жазудың төрт жүз түрі болғанымен, бұл заманда соның жиырмадайы
қолданыста жүргенімен, ең көп қолданылатын бес жазудың қатарына – әлем
тұрғындарының 30 пайызы пайдаланатын латын, 10 пайызы пайдаланатын
кирилица, 10 пайызы пайдаланатын араб, 20 пайызы пайдаланатын буындық-үнді,
25 пайызы пайдаланатын түбірлік-қытай жазулары жатқызылады. Ал қалған грек,
еврей, эфиоп, гүржі, әрмен және басқа тілдерде жер шарының бар болғаны 5
пайызы ғана жазып-оқиды.
Оқудың мәдени құбылыс ретінде таралуы тек жазуға ғана байланысты емес еді.
Оның қандай нәрсенің бетіне жазылып, таралуына да байланысты еді. Бағзы
бабалар бұл мақсатта жартастарды, үңгір қабырғаларын, дөңбек тастарды, тас
бағандар мен қалақ тастарды пайдаланған. Бірақ, тас барлық жерден табыла
бермеген. Алайда, жазу білетін адам жазатын зат таппай қоймайды. Теріскей
тайпалары ағаштардың діңгегі мен қабығын, күнгейдегілер пальма
жапырақтарын, малта тастарды жазуға қолданған. Ал ондай орман жоқ құла
дүздегі Месопатамия (Қосөзен) халқы болып табылатын шумерлер саз балшықтан
дымқыл шаршы жасап, оған таңбаларын басып, оны өшіп кетпес үшін тандырға
жауып күйдірген. Биіктігі 2,5 сантиметрден аспайтын шағындарына ұсақ-түйек
ескертпелерді түртіп қойса, биіктігі 40 сантиметрге дейін баратын
көлемділеріне “Жердің жаратылуы”, “Алтын ғасыр”, “Гильгамеш туралы”
хиссаларын жазған.
Мысырлықтар шумер жазуын алғанмен, әлгіндей қыш қалақшаларға жолаған жоқ.
Өйткені, Ніл бойында жазуға пайдалануға болатын нар қамыстар өсті. Егер
олардың діңгегін құрайтын түтік қабықтарын кеспе секілді ұзыншалап, жолақ-
жолақ қылып қатарластыра тіліп, бетіне дәл сондай жолақ тілімдерді көлденең
тізіп жауып, үстерін су бүркіп ылғалдап, күнге кептіріп қойса, бір-біріне
желімше жабысып, жап-жазық, жып-жылтыр парақтарға айналып шыға келеді екен.
Сосын қайқайтып қаламыңды суыр да, сумаңдатып қалаған мәтініңді жаза бер!..
Мысырлықтардың ондай парақтарға қойған атауы гректердің құлағына папирос,
римдіктердің құлағына папирус болып естілген. Оларды бір-біріне желімдеп
сала құлаш қып ұзартып, сосын шиыршықтап ораған тығырық бумаларды римдіктер
харта деседі. Қазіргі кең таралған Хартия термині әу баста осыдан өрбіп
жүрсе керек. Сондай ширатынды қағазға жазып пәтуаластандырылған шарт деген
ұғымды білдіріпті.
Мұндай буманың ұзыны көбіне көп 10 сантиметр болып келген түрі бар. Тіпті 5
сантиметрге жетер-жетпес құрдым, 100 метрге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі қосеөзен мәдениеті туралы мағлұмат
Мәдениеттану туралы
Орыс мәдениеті
Ежелгі Грекия мәдениеті туралы
Мәдениеттану. Ежелгі грекия мәдениеті
Алғашқы қауымдық құрылыс тұсындағы Қазақстанның мәдениеті
Ресей мәдениеті жайында
Антика мәдениеті
Көне Қытайдың мәдениеті
Ежелгі Үнді мәдениеті. Ежелгі Шығыс мәдениеті
Пәндер