1929-1933 жылдардағы дағдарысты зерттеу



Кіріспе
1 1929.1933 жж. АҚШ.тағы экономикалық дағдарыс.
1.1 1929.1933 жылдағы экономикалық дағдарыс: себептері және барысы ... ... ..6
1.2 Ф.Д.Рузвельттің биліке дейінгі өмір жолы ... ... .9
1.3 1932 жылғы сайлау науқаны,
Ф.Д.Рузвельттің сайлау бағдарламасы және билікке келуі ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2 «Жаңа бағыт» бағдарламасы: жетістіктері мен кемшіліктері.
2.1 Ф.Д. Рузвельттің алғашқы «жүз күні» ... ... ... ... ..15
2.2 «Жаңа бағыттың» әлеуметтік. саяси реформалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.3 «Жаңа бағытты» сынау ... ... ... ... ...26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .30
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ...32
Қосымша
XX Ғасырдағы АҚШ тарихындағы ең маңызды өтпелі кезең 1933 жыл. Бұл уақыт америка тарихын екіге бөлді. Егер 1933 жылыға дейін американдық қоғам классикалық капитализм бағытында болса, 1933 жылдан соң капитализімнің түбегейлі өзгеруі орын алды. Бұл өзгерістерге мемлекетпен қоғамның араласуы бұрынан келе жатқан процесс болғанымен тек осы уақыттан бастап жүйеге келе бастады. Бұл капитализмді өзгерту емес, оның тірегіне айналуы еді. АҚШ президенті Ф.Д. Рузвельттің атымен байланысты түбегейлі өзгерістердің басында радикалды өзгеріс алдында ол : «Адамзаттың тарихы мистикалық цикілде дамуда. Бір ұрпақтың қолынан көп нәрсе келгенімен, келер ұрпақтан сұраныс көп, ал қазіргі американдықтар өз тағдырларымен тоғысуда» [1] деген қаннаты сөзінен басталды. Экономикалық дағдарыстың басты себептері сұранысқа төлем мүмкіндігіне тауарларды қайта шығарудың қатынасы, қоғамдық капиталды өндірудегі процесстердің бұзылуы, көптеген фирмалардың банкротқа ұшырауы мен жұмыссыздықтың көбеюі сондай ақ басқада әлеуметтік-экономикалық тоқыраулар болды. Жаңа заман тағыда жаһандық дағдарысқа ұшырады. Осы кездег тек тұлға ретінде ғана емес сонымен қатар мықты саясаткер ретінде Ф.Д. Рузвельт өте үлкен қызығушылық танытады. Сондықтан осы курстық жұмыстың тақырыбын өзекті деп қарауға болады. Жұмыстың басты мақсаты 1929-1939 жылдардағы АҚШ-ғы «Жаңа бағытпен» Рузвельттің саясаттының мән-мағынасын түсіну және оның салдарын корытындылай зерттеп нәтижесіне баға беру.
1) Мәшiнбаев С.М. Еуропа және Америка елдерiнiң қазiргi заман тарихы (1918-1945 жж.).- Алматы: 2003.–194 с.
2) Новая и новейшая история журналында, 1998 жыл. - № 5.
3) Новая и новейшая история. 1999 жыл. - № 1.
4) Новая и новейшая история. – 2006 жыл. - № 5.
5) Бекмырза Сырымбетұлы - «өз елім» газеті //http://baq.kz/kk/regional_media/post/40836.
6) Яковлев Н.Н. Франклин Рузвельт: человек и политик. Новое прочтение / Н.Н. Яковлев. – М.: Международные отношения, 1975. – 358 с.
7) А. И. Рузвельт / А. И.Уткин. – СПб.: Фонд Сорос, 1998. – 259 с.
8) АҚШ дағдарыс жылдарында – http://kitaptar.com/node/1028
9) Мальков В.Л., Наджафов Д.Г. Америка на перепутье 1929-1938.-изд. Наука Москва 1967-226 стр.
10) Юнкер Д., Айгнер Д. Франклин Рузвельт. Уинстон Черчиль. – Ростов н/Д: Феникс, 1998. – С. 115.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 1929-1933 жж. АҚШ-тағы экономикалық дағдарыс.
1.1 1929-1933 жылдағы экономикалық дағдарыс: себептері және барысы ... ... ..6
1.2 Ф.Д.Рузвельттің биліке дейінгі өмір жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 1932 жылғы сайлау науқаны,
Ф.Д.Рузвельттің сайлау бағдарламасы және билікке келуі ... ... ... ... ... ... ... .. ... 13
2 Жаңа бағыт бағдарламасы: жетістіктері мен кемшіліктері.
2.1 Ф.Д. Рузвельттің алғашқы жүз күні ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Жаңа бағыттың әлеуметтік- саяси реформалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.3 Жаңа бағытты сынау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Қосымша

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: XX Ғасырдағы АҚШ тарихындағы ең маңызды өтпелі кезең 1933 жыл. Бұл уақыт америка тарихын екіге бөлді. Егер 1933 жылыға дейін американдық қоғам классикалық капитализм бағытында болса, 1933 жылдан соң капитализімнің түбегейлі өзгеруі орын алды. Бұл өзгерістерге мемлекетпен қоғамның араласуы бұрынан келе жатқан процесс болғанымен тек осы уақыттан бастап жүйеге келе бастады. Бұл капитализмді өзгерту емес, оның тірегіне айналуы еді. АҚШ президенті Ф.Д. Рузвельттің атымен байланысты түбегейлі өзгерістердің басында радикалды өзгеріс алдында ол : Адамзаттың тарихы мистикалық цикілде дамуда. Бір ұрпақтың қолынан көп нәрсе келгенімен, келер ұрпақтан сұраныс көп, ал қазіргі американдықтар өз тағдырларымен тоғысуда [1] деген қаннаты сөзінен басталды. Экономикалық дағдарыстың басты себептері сұранысқа төлем мүмкіндігіне тауарларды қайта шығарудың қатынасы, қоғамдық капиталды өндірудегі процесстердің бұзылуы, көптеген фирмалардың банкротқа ұшырауы мен жұмыссыздықтың көбеюі сондай ақ басқада әлеуметтік-экономикалық тоқыраулар болды. Жаңа заман тағыда жаһандық дағдарысқа ұшырады. Осы кездег тек тұлға ретінде ғана емес сонымен қатар мықты саясаткер ретінде Ф.Д. Рузвельт өте үлкен қызығушылық танытады. Сондықтан осы курстық жұмыстың тақырыбын өзекті деп қарауға болады. Жұмыстың басты мақсаты 1929-1939 жылдардағы АҚШ-ғы Жаңа бағытпен Рузвельттің саясаттының мән-мағынасын түсіну және оның салдарын корытындылай зерттеп нәтижесіне баға беру.
Тақырыптың тарихнамасы КСРО өмір сүріп түрған кезеңде дүниежүзінің алып мемлекеті Америка Құрама Штаттары туралы қызығушылықтар нәтижесінде көптеген зерттеулер дүниеге келген. Ол зерттеулер Кеңестік құрылысты асыра дәріптеп АҚШ-тың шын тарихы бұрмаланған. Солай бола тұрса да елдің өміріндегі президенттердің атқарған қызметтері тарихтан алып тастау мүмкін емес еді. Курс жұмысын жазу барысында негізінен орыс тарихшыларының еңбектері мен әдебиеттері қолданылды. В.Л. Мальковтың Жаңа бағыты атты еңбегінде АҚШ-тың Жаңа бағыты туралы толық мәліметтер берілді. Сондықтан автор Рузвельттің реформалар жинағын сипаттауда толығымен осы еңбекке негізделді. Сонымен қатар бұнда Жаңа бағыттың әлеуметтік-экономикалық саясаты да нақты сипатталған. Осыған тағы да Т.В. Галкованың Социально-экономическая политика правительства Ф.Рузвельта на завершающем этапе нового курса атты еңбегін де қосуға болады. Бұл әдебиет біршама өзгеше мәліметтер берді. Оның ішінде Жаңа бағыттың не себептен құлдырап,заңды күшін жойғандығы туралы сауалдарға осы еңбектің көмегімен анық көрсетті. А.С.Маныкиннің Эра демократов атты еңбегі АҚШ-тың жалпы саяси жағдайын суреттеген. Ал, АҚШ-тың сыртқы саясаты А.И.Уткиннің Дипломатия Франклина Рузвельта атты еңбегінде толық зерттелген. Сонымен қатар, В.Л.Мальковтың Франклин Рузвельт. Проблемы внутренней политики и дипломатии: Историко-документальные очерки еңбегі құнды материалдар берді. Жұмысты қарастыру барысында В.Л. Мальковтың Новый курс в США, Путь к императорству: Америка в первой половине XX века ғылыми еңбектері негізге алынып, қарастырылды.
Мұнда автор, Ф. Рузвельттің саяси портретін суреттей отырып, Құрама Штаттардың бүкіл саяси тарихын көрсетіп, жан - жақты талдауға тырысқан. Ф. Рузвельттің өмір баянын суреттеп, оның жан - жақты саяси қайраткер болып қалыптасуның алғы - шарттарын іздеуге тырысқандығы байқалады. Мұнда ол оның әкесінің жоғарғы саяси элиталармен байланысы болғандығының арқасында ғана жете алды деген көзқарастан таймайды. Новый курс в США атты еңбегі кеңестік идеология тұрғысынан жазылып, ал келесі еңбегі Путь к императорству: Америка в первой половине XX века атты ғылыми жұмысы қырғи - қабақ соғыстан кейін де шықсада автор мұнда сол баяғы анти батыстық немесе анти американдық бағытынан таймаған. Керісінше Ф. Рузвельттің капитализмнің негізгі жетекшісі деп бағалайды.
Дегенмен, ғалым - тарихшы Ф. Рузвельттің саяси портреті мен мемлекеттік қызметін жан - жақты талдап, негізгі іс - әрекеттерін көрсете алған. Мұнда оның өмірінен кездесетін қызықты дипломатиялық оқиғалар да суреттелген.
Келесі ғылыми жұмыстарға А. И. Уткиннің Рузвельт шығармасын жатқызамыз. Қарастырылып отырған жұмысқа осы автордың тұлға тарихына арналған бірнеше ғылыми мақалалары қолданысқа алынып, талдау жасалды.
Атап айтқанда А. И. Уткиннің Рузвельт и белый Дом [2], Рузвельт: дорога к губернаторству [3], сондай - ақ, Новый курс Рузвельта [4] атты ғылыми мақалалары ерекше қолдауға тұрарлық. Ғалым кең мұрағаттық және шет ел тілдерінде (ағылшын, неміс) шыққан деректер негізінде үлкен жұмыс жасаған. Дегенмен, А. И. Уткиннің мақалаларының мазмұнын түсіну қиынға соғады, өте күрделі жазылған. Сонымен қатар, Н.Н. Яковлевтің Франклин Рузвельт: человек и политик. Новое прочтение 1975 және 1981 жылдары екі рет жарық көрген ғылыми монографиясын да атап кетуге болады. Н.Н. Яковлевтің бұл еңбектерінің тілі тартымды, әрі қызықты жазылған. Бір кемшілігі кеңестік заман идеологиясы өз іздерін көрсетіп қалып жатады.
Жұмысты қарастыру барысында бұданда басқа ғылыми мақалалар мен ғылыми монографиялар қолданылды.
Тақырыптың мақсаттар:
1.1929-1933 жылдардағы дағдарысты зерттеу.
2.Ф.Рузвельттің саяси жолын анықтау
3.Ф.Рузвельттің жаңа бағыт реформасын талдау мен оның әлеуметтік экономикалық өзгерістерінің енуі. Тарихта тұлғалардың тарихы ерекше орынды иеленді. Әсіресе, мемлекеттік және саяси қайраткерлігімен ерекшеленген ірі саяси тұлғалар әрқашанда ел тарихында шешуші роль атқара білген. Қырғи қабақ соғыс жойылып, посткеңестік мемлекеттерде саяси идеологияның құрсауы тарих ғылымынан оқшауланғанан кейін, қазіргі заман тарихын зерттеуде, соның ішінде ірі саяси қайраткерлер мен олардың атқарған ісін жаңаша тұрғыдан зерттеудің маңыздылығы туды. Осындай тарихи тұлғалардың бірі, есімі кеңес дәуірінде аса жоғары деңгейде айтылмай, айтыла қалса да тек сыни тұрғыда аталып келген Франклин Делано Рузвельт болды.
Ф.Д. Рузвельт (тарихи әдебиеттерде Ф.Д.Р деп атаған). Құрама Штаттардың тарихында өз орны бар, мемлекеттің экономикасы мен мәдениетінің дамуына, әскери өндірістік кешенімен әлеуметтік деңгейін, көтеруге өз елеулі үлесін қосқан ірі мемлекет қайраткері. Ол бастапқыда әртүрлі қызметтерде, кейін саяси қызметке араласып, АҚШ - тың жоғарғы мемлекеттік басқару жүйелерінде ұзақ жылдар бойы қызмет жасады. Ал, 1932 - 1945 жылдары АҚШ - тың президентігіне алғаш ел тарихында 4 рет қатарынан президент болып сайланды. Франклин Рузвельт АҚШ - тың президенті бола жүріп, сол уақыттағы елдегі күрделі әлеуметтік - экономикалық қиындықтарға тап келіп сол қиындықтарды шешумен ерекшеленді. 1924 - 1933 жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарымен күресіп, жаңа бағыт саясатын жүргізді. Осы саясатының негізінде ол Құрама Штаттарда бірқатар реформалар жүргізіп, елді үлкен қауіп - қатерден аман алып қалды. Міне, осындай ірі мемлекеттік, саяси қайраткердің өмірі мен мемлекеттік қызметін, және оның қоғамға әкелген өзгерістерін қарастыру бүгінгі таңдағы қазіргі заман тарихы ғылымындағы өзекті мәселелері болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қойылды:
- Ф.Рузвельт өмірінің басты кезеңдеріне: жастық шағын қарастыра отырып, болашағына әсер еткен алғы - шарттарды анықтау;
- Әскери-теңіз министрлігіндегі Рузвельтің қызметін қарастыра отырып, мұндағы атқарған қызметіне талдау ;
- Нью - Йорк штатының губернаторы болудағы саяси науқандарына, одан губернатор болғандағы іс - әрекеттерін көрсету;
- Жаңа бағыт арқылы АҚШ халқын қиындықтан алып шығудағы негізгі күрестеріне тоқталып, шынайы баға беру;
Жұмысты жазу барысында көп мәліметтер мен құжаттар интернет жүйесі арқылы алынды. Интернет жүйесі арқылы алынған мәліметтер меи материалдарда Франклин Рузвельттің өмірі, қайсарлығы, елдің тізгінін ұстанғандағы, табандылығы, бір беткейлігі шынайы тарихи құжаттар арқылы беріледі. Осы тақырыпты зерттей отырып мен бұл тақырып студент жастар үшін Америка Құрама Штаттатары, оның президенті Франклин Рузвельтке деген қызығушылығын арттыра түстіне сенемін.
Курстық жұмыс құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан құралған.

1 1929-1933 жж. АҚШ-тағы экономикалық дағдарыс.
1.1 1929-1933 жылдағы экономикалық дағдарыс: себептері және барысы.

Әлем қайда бұзылсада, қауіп бүкіл әлемге төнеді.
Франклин Делано Рузвельт

1924 жылы АҚШ-та президенттік сайлау болып, республикалық партия екінші рет жеңіске жетіп, Кулидж президент болды.1924 жылы АҚІІІ-та капитализм уақытша тұрақтану кезеңіне өтті. Буржуазияның саяси ықпалы күшейді. Ереуілдік қозғалыс жеңіліс тапты. Жалпы демократиялық қозғалыс сайлаудан кейін әлсіреді. Экономикалық өрлеу үшін АҚШ буржуазиясы қаржы бөлуге кірісті. Экономика құрылымын өзгертіп, ішкі өндіріске капиталды салып, жаңа технологияны енгізіп, өндіргіш күштің тез өсуіне жағдай жасады. Өнеркәсіптiң жаңа салалары: ауыр өнеркәсіп, автомобиль, машина жасау, энергетиканың дамуына көңіл бөлінді. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру тез өсті. Мысалы: 1923 жылмен салыстырғанда болат қорыту 45 млн. т; 57 млн. т артты; электр энергиясы 71 млрд. квт. сағ, 117 млрд. кв. сағатқа өсті. АҚШ өнеркәсібі дүниежүзінде өндірілген өнімнің 48%-ын шығарды. Сөйтіп, капиталистік елдердің арасында бірінші орынға шықты. Ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерінің өндіріске тез енгізілуі, автомобиль шығару, Америка қоғамының мақтанышына айналды. Автомобиль өндірісінің негізін қалаушы Генри Фордтың атыен шықты. Жаңа конвейерлік жүйенің енгізілуі, өндірістің үздіксіз жүргізілуі өндіргіш күштердің артуы, АҚШ-ты автомобиль шығарудан дүниежүзінде біріншi орынға алып шықты. Мысалы: 1913 жылы 485 мың, ал 1921 жылы, 1.6 млн, 1929 жылы 5,4 млн. автомобиль шығарылды. Форд автомобиль заводында кейбір кезде күніне 25 мың автомобиль шығарылатын болды. Өнеркәсіптің химия, самолет жасау, радиотехника салалары қарқынды дамыды. 1928 жылы капитализмнің тұрақтануы өзінің ең жоғарғы деңгейіне жетті Американдық гүлдену заманы басталды деп түсіндірді АҚШ президенті Кулидж.
1928 жылы АҚШ-та кезекті президенттік сайлауда республикалық партия жеңіске жетіп Герберт Гувер елдің президенті болып сайланды. Гувер үкіметі сайлаушылардың үмітін ақтай алмады. АҚШ экономикасындағы дағдарыстандардың жолын іздеген миллионер үкіметі одан еңбекшiлiк арқылы шығудың жолын таңдады. Қатал индивидуализм идеясы елдің дағдарыстан мемлекеттік қолдау арқылы шығу жолынан бас тартты[]. Еңбекші халықты әлеуметтік жағынан қорғауға және жұмыссыздарға көмек көрсетуге қарсы болды. Гувер үкіметі реакциялық саясат ұстады. АҚШ фермерлерінiң талабын орындау үшін 1929 жылы маусым айында Конгресс арқылы Ауыл шаруашылық тауарларын өткізу туралы заң қабылдады. Жаңа заң бойынша федералдық фермерлердi басқару басқармасын құрды. Фермерлердің өнімдерін сатып алу және рыноктағы артық астықтың мөлшерін азайту үшін мемлекет т фермерлерге 500 млн доллар бөлді. Фермерлерден сатып алынған ауыл шаруашылығы тауарлары мемлекеттік қоймаларда сақталды. Қоймаларға 257 млн т. бидай, 1,3 млн т. жиналды. Халыққа қажетті азык-түлік тауарларын базарға шығаруды тежеді. Халық арасында аштық басталды. Ұсақ және фермерлердің жағдайы нашарлады. Мемлекеттік қолдау саясаты уақытша ғана қолданылып, көп кешікпей тоқтатылды. Гувер үкіметі ішкі саясатта миллионерлерді қолдап, ірі монополия иелеріне жеңілдіктер жасады. Жеке меншік компанияларына жеңілдетілген несие берсе, корпорация иелеріне салық мөлшерін азайтты. Шет елдiң тауарларына баж салығын өсiріп, ірі өнеркәсіп монополиясы тауарларының бағасын көтерді. Ірі монополияларды мемлекеттік субсидия (көмек) арқылы қолдап отырды. Гувер үкіметі дағдарыс жылдарында мемлекеттік монополиялық саясатты жүргізуге мәжбүр болғанымен, оған шектеу қойып отырды. Бұл саясатты АҚШ-та кейіннен Рузвельт үкіметі толық жолға қоя алды.
Гувер үкіметінің сыртқы саясаты 20-жылдары басталған экспанциялық бағытта жүргізілді. Қаржы-ақша саясаты АҚШ-ң халықаралық қатынастағы орнын нығайтты. Шет елдерге АҚШ инвестициясы көптеп шығарылды.
1929 жылы шет елге шығарылған инвестиция мөлшері 16.5 млрд. доллардан 27 млрд. долларға өсті. Американ капиталы Латын Америкасы елдеріне көптеп шығарылды. Бұл АҚШ монополистеріне шексіз пайда әкелді. Экономикалық экспансия саясаты бұл елдерде әскери бақылауын күшейтті. АҚШ үкіметі Қиыр Шығыста Жапонияның ықпалын әлсіретіп, Вашингтон конференциясынан кейін Қытайда өз беделін көтеруге қол жеткізді. Бұл саясат Қытайда 1924-1925 жылдарда халық көтерілісінің басталуына әкеліп соқты. 20-жылдарда АҚШ-тың Еуропа елдерінде беделі нығая түсті. Оған 1924 жылғы Дауэс жоспарының Германияның экономикалық дамуын күшейтуі әсер етті. Германияға АҚШ-тың займы, несие, қаржы-ақша көмегі берілді. Еуропада Германия арқылы АҚШ-тың гегемондық саясаты басталды. 20-жылдарда АҚШ өзінiң антисоветтік саясатын жалғастыра берді.
1929 жылы АҚШ-та экономикалық дағдарыс басталады. Біріншi дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең бай ел АҚШ-та дағдарыстың басталуына не себеп болды? Бұл сұраққа жауап беру үшін дағдарыстың қалай басталғанына және АҚШ экономикасының даму ерекшеліктеріне тоқталып өтейік. Экономикалық дағдарыстың басталуына 1929 жылғы Нью-Йорк қаласындағы қор биржасындағы оқиға себеп болды. Бұл былай болған еді. 20-жылдарда Нью-Йорк қор биржасында дүниежүзінде сатылатын акция (қағаз ақшаның) мол қоры болды. Оның мөлшері 1927 жылы 27 млрд. доллар болса, 1929 жылы 87 млрд долларға жетті.
1929 жылы қазан айының 24-і күні қор биржасында 12.4 млн. акция сатылса, бес күннен кейін 16,4 млн. акция сатылды. Қағаз ақша құнсызданып, акция иелері 32 млрд. доллар жоғалтты. Сөйтіп, 1933 жылы Ныо-Йорк қор биржасында 19 млрд. доллар қалды. Бұл процесс АҚШ-тың экономикасының дағдарысқа ұшырауына әсер етгі. Сөйтіп, дүниежүзілік капитализм дағдарысы басталды.
Ол АҚШ-тың өнеркәсіп салаларын түгелдей қамтыды Өнеркәсіп өнімдерін шығару 54% қысқарды. 1932 жылы болат өндіру мен автомобиль шығару 15-16% төмендеді. 285 темір қорыту пештерінің 1932 жылы 46-сы ғана жұмыс істеді.
Экономикалық дағдарыс еңбекші халықтың тұрмыс жағдайын төмендетті. Әлеуметтік қайшылық өсті. 1929-1932 жылдарда жұмыссыздардың саны 17 млн. адамға жеттi. Жұмыссыздық 30-жылдардағы АҚШ-тың күнделікті өміріндегi қалыпты көрініске айналды. Жұмысшылардың жалақысы 60% -ға қысқарды.
АҚШ-тың ауыл шаруашылық саласы дағдарыс жылдарында зардап шекті. Ауыл шаруашылық өнімдері артық шығарылып, өтпей қалды. Ауыл шаруашылық тауарларының бағасы үш есе арзандап кетті. Бұл фермерлердің жағдайын күйзелтті. Дағдарыс жылдарында 900 мың фермерлік шаруашылық қысқартылды.
1929-1933 жылдарда АҚШ-тың банк жүйесі айтарлықтай дағдарысқа жетті. Осы жылдарда 5800 банк жабылды. Миллиондаған американдықтар өздерінің банкке салған жинақтарынан айрылып, қайыршылық жолға түсті. Экономикалық дағдарыс американ халқының психологиясына айтарлықтай әсер тигізді. Ең бай елдің қайыршылыққа душар болуы халықтың молшылыққа деген үмітін үзе бастады. Американың гүлдену дәуiріне сенімсіздік күшейді. Индивидуализм идеясына байланысты әрбір американ азаматы өз күшіне сену керек екеніне, көздері жете бастады. Мемлекет халықты әлеуметтік жағынан қорғаудан бас тартты. Әлеуметтік қайшылықтың тереңдеуі, бұқара халықтың күреске шығуына әкелді. 1930 жылы 183 мың жұмысшы ереуілге шықты. 1932 жылы Вашингтон қаласында 25 мың соғыс ардагерлері жиналып, өздерінің тұрмыс жағдайларын жақсартуын үкіметтен талап етті. Мұндай қозғалысқа фермерлер де белсене қатысты. 1932 жылы тамыз, қыркүйек айларында Батыс штаттағы фермерлер қозғалысы бірнеше айға созылды. Халықтың бұқаралық қозғалысы барлық әлеуметтік топтарды қамтыды. Үкімет бұларға қарсы полицейлік күштерді жіберіп, басып жаншып отырды. Елде репрессия кең етек алды.
АҚШ-тағы дағдарыс жылдарында кезекті Президент сайлауына дайындық басталды. Президенттік сайлау қарсаңында республикалық партия Гувердің ел алдындағы атқарып жатқан қызметін мақтаумен ғана шектелді. Елдегі экономикалық дағдарыс әрбір сайлаушының көз алдында өтіп жатты. Күн санап республикалық партияның беделі түсе берді. Демократиялық партияның сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат жұмысы халық арасында жандана түсті. Олар экономикалық дағдарыс жылдарындағы республикалық партияның саясатын күн санап әшкерелеп жатты. Демократиялық партияның сайлау бағдарламасы еңбекші халық алдында жаңа реформалық бағытты ұсынды. Демократиялық партия АҚШ президенттігіне Нью-Йорк штатының губернаторы Франклин Делано Рузвельттің кандидатурасын ұсынды.[5]

1.2 Ф.Д.Рузвельттің билііке дейінгі өмір жолы.

Қалың қалтаның сыбдыры, аш қарынның дауысынанда қаттылығы
Адамдардың басты кемшіліші
Франклин Делано Рузвельт

Франклин Делано Рузвельт 1882 жылы 30 қаңтарда Гайд паркте ауқатты жер иеленуші және кәсіпкердің отбасында дүниеге келген. Оның отбасы солтүстіктегі саясаткерлермен байланыстары болған. Олардың үйлері Гудзон өзенінің табиғаты жасыл жерде орналасқан. Оның арғы атасы Ван Рузвельт Америкаға ХҮІІ ғасырда Голландиядан келген. Қазіргі Нью-Иорк ол кезде голландылық болып, Жаңа Амстердам болып аталған. Кейін оны ағылшындар басып алып, қаланың атын өзгерткен. Рузвельт ағылшын мәнерінде Рузвельт болып аталған. Оның екі немересі американ тарихында президент болды: Біріншісі президент Теодор Рузвельт. Ол 1901-1909 жылдары аралығында президенттік атқарған. Екіншісі-Франклин Делано Рузвельт. Франклин екінші некеден туған бала еді. Әкесі Джеймс Рузвельт 54 жасында өзінен 26 жас кіші Сара ханымға үйленеді.[6-12]
Джеймс Рузвельт жан-жақты адам болатын.Ол селолық аймақта тұрып дворяндық өмір кешті. Саудагерлік пен фермерлікті бірге алып жүрді. Ол ірі қайраткерлермен жиі кездесіп, жұбайы Сарамен опера, театрға көп баратын. Сондықтан олар басқа штаттарды аралап театрларға барған. Сондықтан болар оны барлығы ауылды жерден шыққанына қарамастан жоғарғы деңгейлі қайраткер ретінде танитын. Джеймс пен Сара оны бар молшылықта тәрбиеледі. Әрине Рокфллер немесе Вандербильттердей ауқатты болмасада, байлықтары жетерлік болд. Франклинді анасы жеті жасында білім беруге бел буады. Ол ауқатты адамның баласы болғанымен ата-аналары оны дұрыс тәрбиелеу үшін біраз қаталдық танытты. Ол таңғы жетіде тұру, уақытылы тамақ ішу, бос уақытын кітап оқумен сабақ оқу сияқты қатаңдау тәртіпке бағынды. Франклин бала кезінен ақ екі тілді жетік меңгеріп шықты: неміс және француз. Ата-анасы тіпті пианино мен сурет салуды үйретпекші болып мұғалім жалдағанымен бұларынан түк шықпады. Оның музыка немесе суретке деген құштарлығы болмады. Ал атанасы мұның бәрі оның болашақта мықты бизнесмен болуында септігін тигізеді деп сенді. Отбасымен саяхатқа көп шыққандықтан Франклин үш жасында Париж, Лондон сияқты Еуропаның біраз қалаларында болған. Германияда алты апта бойы неміс тілін жаттықтыру үшін неміс мектебінде білім алды. Рейн өзенінде серуендеуді ұнататын. Сондықтан болар ол 1942 жылы: Маған Германия қазір ұнамасада,ол Англия мен Францияға қарағанда - әлдеқайда ыстық көрінеді - деген. Франклин он жасынан бастап кітап оқуды ұнататын. Өз жасындағы балалар доп теуіп жүргенде ол үнемі кеме, теңіз жайлы кітап-журналдар оқумен айналысты. Баласының теңізге жақындығын сезген әкесі оған Компобелла аралын ұлына сатып алып беріп өзінің Хаф мун яхтасын сыйлайды. Ал он алты жасқа толғанда әкесі 7 метірлік Нью Мун яхтасын сыйлайды. Бұл кезде ол теңіз жайлы барлығын білетін. 1896-1900 елдегі ең мәртебелі және қымбат мектептердің бірі Гротонда білім алды. Мұнда Ф.рузвельт орташа балл В яғни төртке оқыды. Спортпен айналысып, футболлға қызыққанымен мұнысынан түк шықпады. Ф.Рузвельт осы мектеп қабырғасынан дінге жақындыққа ие болып өмірінің соңына дейін шіркеуге барып тұрған. Мектеп табалдырығында жүріп Америка саясаты тақырыбында пікір таласқа жиі қатысқан ол шешендікке ие болды. Қозғаған тақырыптарының барлығында Американдық теңіз флоты жайлы көп айтатын. Тіпті соғыс басталған кезде Гротоннан досы екеуі қашып, флотқа оқуға түспекші болады. Алайда ойлары жүзеге аспады. 1900 жылы Гротонды аяқтап Гарвард колледжіне түседі. Бұлда бір элита оқитын атақты білім ордасы еді. Мұнда ол ағылшын және француз әдебиетін, латын тілін, геология, палитология,мемлекеттік құқық, экономика және ораторлықты оқиды. Мұндада ол футболлға құштарлығын жүзеге асырғысы келгенімен денсаулығына байланысты тағыда футболл есігі ол үшін жабылады. 1900 жылы 7 желтоқсанда әкесі қайтыс болып, анасы баласына жақынырақ Бостонға көшіп келеді. Футболмен болған сәтсіздіктен кейін ол Кримсон газетіне жұмысқа тұрады. Барлық студент-журналистерден ерекшеленген ол бұдан бұрын ешкім кірмеген ректор кабинетіне кіріп одан интервью алады. Ол бұл мақалада ректордың У.Манклинді президенттікке ал Т.Рузвельтті вице-президенттікке ұсынылатындығын мәлімдейді. Бұл мақаланы бүкіл қалалықтар оқып, Ф.Рузвельт атаққа ие болады.
1904 жылы колледжді аяқтап, Колумбия университетінің құқық факультетіне түседі. Заңгер мамандығында оқыған ол аса қызығушылықпен Америка және басқа мемлекеттер заңдарын оқып, талдап өз көзкарасын қалыптастырады. [6-59]
Алайда бакалавр деңгейін алмастан, Нью-йорктегі адвокаттар палатасына емтихан тапсырып, 1907 жылы Нью-Йорктегі атақты адвокаттық контораға жұмысқа тұрады. Осы кезде оның құқықтануға қызығушылығы сөніп, саясатқа қызыға бастайды. Бұның себебін ғалымдар оның атақ-даңқында деген ойда, мәселені оның алыс туысы президент болған Теодор Рузвельт.
Осылай өз бойында сенімділікті қалыптастыра білген Ф.Рузвельтке әке-шешесінің қаталдау берген тәрбиесі оң пайдасын көрсетті. Әсіресе бұл 1921 жылы ол полимилент ауруына шалдыққанда көмектесті. Ол ауруға ол суық суға түсемін деп тапқан болатын. Аурумен қанша арпалысқанымен ол мәңгілік мүгедекттер арбасына танылды. Қанша қыйналсада ол өз мұңын ешкімге көрсетпей, аяққа тұрып кетемін деген үметте болды. Тағдырдың бұл жазғанына үлкен жігерлікпен күрескен Франклин 1922 жылдың көктеміне қарай, орнынан тұрып, аз-аздап балдақпен жүруді үйренеді, 1928 жылы мүгедек арбасымен жүруді меңгереді және өзіне қандай да бір аяушылық білдіруге тиым салады. Аталған трагедия Франклинді одан әрі жігерлендіре түседі және өзінің алдына қойған мақсатына жетудегі күш-жігерін жинақтайды. Бұл жағдай оның әйелі Элеонордың және олардың отбасында біраз нәрсе өзгертті. Ол Элеонора Рузвельтке 1905 жылы үйленген болатын. Элеонора оның алыс туысы, АҚШтың танымал президенті Теодор Рузвельттің(1858-1919) немере қарындасы болатын.[7-55] олардың отбасында алғашқы баласы- қызы 1906 жылы дүниеге келген. Ал келесі он жылыдқта олар 5 баланың ата-анасы болады. Алайда олардың бір баласы 8 айдан кейін қайтыс болады. Бастапқыда Элеонора жасқаншақтанып, ана және үй шаруасындағы әйел ретінде танылса, кейін халық оны Элеонора ханым ретінде тани бастады. Күйеуі Франклиннің қасында жүріп ол жан-жақты бола бастады. Ол әлеуметтік-саяси қызметтермен айналыса жүріп, Құрама Штаттардың әйел адамдардың және кәсіподақтардың құқықтары үшін, тіпті үстем тап өкілдерінен жәбірленушілерге және кедейлерге көмектесіп, саяси-әлеуметтік істерге толығымен кіріп кетті. Ол сонымен қатар мұғалімдікті де ала жүріп, бірнеше мақала жазды. Франклин Рузвельт 1922 жылы өз әйелін орынбасар етіп сайлап, 1928 жылдан бастап демократиялық партияға кіре бастады. Ендігі кезде күйеуімен әйелі үлкен саяси күшке айналды. Туыстық қатынастарын пайдаланып ол Ақ үйге көп баратын. Теодор Рузвельттен кеменгерлікке үйренгісі келіп, өз алдына мақсат қойды. Мақсаттары 1910 жылы Нью-Йорк штатының хатшысы болып сайланды. Бұл оның алғашқы жетісітгі еді. Осы қызметте үш жыл істегеннен соң, 1913 жылы оны әскери-флоттың министрлігіне мемлекеттік хатшы болып сайланады. Мұнда ол жеті жылдай адалдықпен қызмет етеді.[6-85] Бұл уақытта президент Вудра Вильсон болатын Ф.Рузвельт оның теңіз саясатын қолдайтын. Демократиялық партияның сеніміне кірген Ф.Рузвельтті 1920 жылы партия мүшелері вице-президент постына ұсынады. Алайда аса атақты емес Ф.Рузвельт жеңіліс табады. 1928 жылы демократтар партиясы атынан дауысқа түскен Ф. Рузвельт Нью-Йорк штатының губернаторы болып сайланады. Бұл жеңіс оған оңайлықпен келген жоқ еді. Ол сайлау алдындағы үш аптада мүгедектік арбасымен екі мың шақырымдай жол жүре отырып сайлаушылар алдында елуден астам рет сөз сөйлейді. Аз ғана басымдықпен келген жеңіс Франклиннің күш-қуаты мен белсенділігін және халық алдындағы беделін одан әрі нығайтады. Рузвельт бай саяси тәжірибе ғана жинақтап қоймады, әртүрлі этникалық, әлеуметтік, діни және қаржы-шаруашылық топтарының өкілдерімен ортақ тіл табысуды да үйренеді.
Ф.Рузвельттің штат губернаторы болып сайлануы АҚШ-тың экономикалық өрлеуінің ең биік шыңына жетуімен тұспа-тұс келеді. Бірінші дүниежүзілік соғыстың қорытындысы АҚШ экономикасының дамуына қолайлы мүмкіндік туғызды. Еуропаның дамыған елдерімен салыстырғанда екінші дүниежүзілік соғыс барысында АҚШ-та ешқандай қирап-бүліну болған жоқ. АҚШ-тағы 1861-1865 жылдардағы азамат соғысынан кейін бұл елде соғыс әрекеттері жүрген жоқ еді. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында және одан кейін Еуропаның ірі елдері АҚШ-тан қарыз алды. Бұл жылдары АҚШ экономикасының дамуындағы сапалы өзгеріс - өндіріс пен капиталдың шоғырлануының күшеюі болды. Ел өнеркәсібінің үштен екісі ірі монополиялық одақтарға бірікті. 1922-1929 жылдар аралығында ғана өнеркәсіп өнімінің көлемі 78 пайызға өсті. 1922-1929 жылдар АҚШ экономикасының гүлдену жылдары деп аталды. Ф. Рузвельттің Нью-Йорк штатының губернаторы болып сайлануынан кейін 6 ай өткенде 1929 жылы 29 қазанда бүкіл әлемді тітіреткен ұлы құлдырау басталды. Сейсенбі күнгі Нью-Йорк биржаларындағы қаржылық құлдыраудан бүкіл әлемдік экономикалық дағдарыстың уақыты басталды. 1932 жылғы президенттік сайлауға дейінгі саяси қызметінде Ф. Рузвельт әлеуметтік әділдік және қоғамды ізгілендіру мәселелерінде мықты болғанымен экономикалық проблемаларды шешуде тым білікті еместін. Американдықтардың басым көпшілігі сияқты Рузвельт те экономиканың кенеттен құлдырауының болу мүмкіндігін алдын-ала көре алмады. Губернаторлық лауазымының алғашқы күндерінде-ақ Рузвельт штаттағы шаруашылық дамуы тұрақты, алаңдайтын ешқандай негіз жоқ деп мәлімдеген еді. 1929 жылдың күзінен басталған әлемдік экономикалық дағдарыстың зардаптары бірінші дүниежүзілік соғыстың шығынынан да асып түсті. Дүниежүзілік экономикалық даму XX ғасыр басындағы деңгейіне дейін төмендеді. Бұл дағдарыс АҚШ экономикасын ерекше қатты күйзелтті[5]

1.3 1932 жылғы сайлау науқаны, Ф.Д.Рузвельттің сайлау бағдарламасы және билікке келуі.

Егер сізде қолтырауынның терісіндей қалың тері болмаса, саясаттан аулақ болыңыз.
Франклин Делано Рузвельт

1932 жылғы президенттік сайлауға дейінгі саяси қызметінде Ф. Рузвельт әлеуметтік әділдік және қоғамды ізгілендіру мәселелерінде мықты болғанымен экономикалық проблемаларды шешуде тым білікті емес болатын. Американдықтардың басым көпшілігі сияқты Рузвельтте экономиканың кенеттен құлдырауының болу мүмкіндігін алдын-ала көре алмады. Губернаторлық лауазымының алғашқы күндерінде-ақ Рузвельт штаттағы шаруашылық дамуы тұрақты, алаңдайтын ешқандай негіз жоқ деп мәлімдеген еді. 1929 жылдың күзінен басталған әлемдік экономикалық дағдарыстың зардаптары бірінші дүниежүзілік соғыстың шығынынан да асып түсті. Дүниежүзілік экономикалық даму XX ғасыр басындағы деңгейіне дейін төмендеді. Бұл дағдарыс АҚШ экономикасын ерекше қатты күйзелтті. Экономикалық дамудың жоғары шыңында тұрған ел бір сәтте-ақ үлкен құлдырауды бастан кешті. Осы жылдары АҚШ-тың өнеркәсіп өндірісі 46 пайызға қысқарды. Ішкі жалпы өнім 103 млрд. доллардан 58 млрд. долларға дейін кеміді. Автомобиль өндірісі 80%, темір балқыту 76%, прокат 74%, көмір өндіру 42% қысқарды. Жүз мыңнан астам өнеркәсіп және сауда фирмалары, жиырмаға жуық темір жол компаниялары күйреді. Мыңдаған банктер мен фермерлік шаруашылықтар күйзеліске ұшырады.
Ұлы құлдырау басталғаннан кейін Ф. Рузвельт республикалық партиядан сайланған АҚШ президенті Герберт Гуверді және оның әкімшілігін батыл сынға алды және мемлекет пен халық арасында жаңа қоғамдық келісім жасауға шақырды. Ф. Рузвельт аз қамтылғандарға көмек қолын созатын әлеуметтік мемлекетті жақтады. 1930 жылы Рузвельт Нью-Йорк штатына екінші мерзімге губернатор болып сайланады. 1928 жылғы сайлауда ол бар болғаны 25 дауыс артықшылығымен жеңіске жетсе, бұл жолы 700 мыңнан астам артық дауыс жинайды. Гувердің елді экономикалық дағдарыстан алып шығу әрекетінен ешнәрсе шықпайды. Сондықтан да Рузвельттің маңайындағылар одан президенттік сайлауға өз кандидатурасын ұсынуды талап етеді. Рузвельт те елдегі саяси ахуалдың тамырын басып көріп, 1932 жылғы президент сайлауына түсуге бел байлайды және өзінің интелектуалды командасын - ақыл-ой тресін құрады. Олардың арасындағы ең атақтылары және Франклинге жақын болғандары профессор Раймонд Моли мен Сэм Розенман болады. Олар партияның сайлау алдындағы жалпы ұлттық бағдарламасын жасайды. Республикалық партиядан елдің сол кездегі президенті Г. Гувердің кандидатурасы ұсынылады.1932 жылы 30 маусымда Чикагода демократтар партиясының съезі басталады. Күн тәртібіне партия атынан ел президенттігіне үміткер ұсыну қойылады. Бірінші турда Рузвельт қажетті дауыс жинай алмайды. Екінші және үшінші турлар да күткендегідей нәтиже бермейді. Сол кезде Рузвельттің сенімді өкілдері Техас штатының делегациясын бастап келген сенатор Гарнерге екі жаққа да тиімді мәміле ұсынады. Аталған мәміле бойынша Гарнер Рузвельтті қолдайтын болса, оны вице-президенттікке алуға келісім беретіндігі айтылады. Осыдан кейін съезд төртінші турда Рузвельтті өздерінің кандидаты етіп сайлайды.
Ф. Рузвельт сайлаушыларды Америкаға сенуге, біздің жеке жауапкершілік дәстүрлерімізге сенуге, біздің мекемелерімізге сенуге және әркімнің өз-өздеріне сенуіне шақырды. Американдықтар ұлы құлдыраудан Рузвельттің ғана алып шыға алатынына сенді. Демократтар президенттік сайлауда ғана емес, екі палата сайлауында да жеңіске жетті. Жеңіске жеткізген сайлаудан кейін Рузвельт өз үкіметін құрады. Корделл Хэл мемлекеттік хатшылыққа тағайындалса, Луис Хоув Рузвельттің жеке штабын басқарады.
1933 жылы 4 наурызда президенттік лауазымға кірісу рәсіміне арналған инаугурацияда елдің 32-ші президенті Франклин Делано Рузвельт баласының иығына сүйеніп тұрып АҚШ халқының атынан салтанатты сөз сөйлейді (оған дейінгі президенттер өз партиясының атынан сөйлейтін) және бүкіл халық алдында Американы құтқаруға уәде береді және өз уәдесін орындауға батыл түрде кіріседі. Елдің қаржы, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы мәселелерді шешу үшін шұғыл шаралар қабылданады. Бұл шаралар Рузвельттің жаңа бағыты деген атауға ие болады.[8]

2 Жаңа бағыт бағдарламасы: жетістіктері мен кемшіліктері.
2.1 Ф.Д. Рузвельттің алғашқы жүз күні.

Ешқашан сол қолыңыздың оң қолыңыз не істеп жатқанын білдірмеңіз.
Франклин Делано Рузвельт.

9 наурызда Рузвельт Конгресті шақырып өзіне төтенше өкілеттікттер беруін талап етеді. Президенттік қызметінің алғашқы он бір күнінде Рузвельт Конгрестен оның 70 жылда өткізген заңынан да көп заңды өткізе алады. Төтенше жағдайдағы банк қызметі туралы шұғыл заңын алғашқы отырыста-ақ қабылдатады. Барлық банктердің ақша операцияларына төрт күндік каникул жарияланып, елдегі барлық банкілер жабылады. Алтын мен күмісті сыртқа шығаруға тиым салынады. Бұл тапсырманы орындамағандарға үлкен көлемде айып салынып, ірі банктердің ғана жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.Ал екі аптадан кейін елдегі банктердің үштен екісі өз жұмыстарын қайта бастайды. Президенттің сол кездегі қызметтестерінің бірі айтқандай капитализм сегіз күн ішінде құтқарылады. Ф. Рузвельт 31 наурыз күні Конгреске Азаматтық консервация корпусын құру туралы заң жобасын өткізеді. Бұл шараның қабылдануы 250 мың жұмыссызға жұмыс береді. Мыңдаған адамдар ұлттық парктер мен ормандарда жұмыс істеді. Бұл корпус арқалы 2 миллионнан астам жастар жұмыс тапты. 1934 жылы қаңтарда қоғамдық жұмысқа тартылғандардың саны 5 миллионға жетті, 20 миллион адам жәрдемақы алды.Сәуір айында үй қожайындарына несие беру туралы Актіге қол қойылды. Бұл акты арқылы күйзеліске ұшыраған мыңдаған үй қожайындары құтқарылды. Оларға төмен пайызбен 2 миллиард доллар көмек көрсетілді. 1933 жылы 19 сәуірде долларға девальвация жүргізіліп инфляция бақылауға алынды. Мамыр айында ашыққандар мен жұмыссыздарға көмек беретін Федералдық төтенше әкімшілік құру туралы Заңға қол қойылды. Сонымен бірге Банктер қызметі туралы, Экономика туралы, Фермерлік борышкерлерді қайта қаржыландыру туралы, Ауыл шаруашылығын қалпына келтіру туралы, Өнеркәсіпті қалпына келтіру туралы, Бағалы қағаздар және биржалық акциялармен сауда жасаудағы адалдық туралы заңдар қабылданды. Осылайша ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптегі өнім өндіру мен оны реттеу мемлекеттік бақылауға алынды. Банктерді күйреуден сақтайтын және ақшалар мен бағалы қағаздармен сауда жасауда алыпсатарлықты болдырмау үшін Федералдық сақтандыру компаниясы құрылды. Рузвельттің жарлығымен елдің ішкі қажеттілігне жарайтын азық-түлік өнімдерін сыртқа шығаруға тиым салынды. Азаматтық жұмыстар әкімшілігі құрылып, 30 мыңнан астам жоба іске асырылды, оларда 4 миллионнан астам адам жұмыс істеді. Жаңа жолдар, көпірлер, ауруханалар, стадиондар, әуежайлар және тағы басқалардың құрылыстары басталды. Қазақстандағы 2009 жылдан бастап қолға алынған Жол картасы бағдарлмасы осы жылдардағы тәжірибеден алынған еді. Кәсіпкерлер ассоциациясы бүкіл өнеркәсіпті он жеті топқа бөлді. Әрбір топ Адал бәсеке Кодексін жасады. Кодекс бойынша әрбір кәсіпорынның өндірістік өнім көлемі, жалақы көлемі, апталық жұмыс уақытының ұзақтығы, өнімді өткізу рыногы, бірыңғай баға саясаты белгіленді. Президент әкімшілігі 746 Кодексті бекітіп, индустрия мен сауданың 99 пайызын қамтыды.1933 жылы ауыл шаруашылығын реттеу туралы заң қабылданды. Бұл заң бойынша өзінің шығаратын өнімдерін: мақтаны, бидайды, жүгеріні, сүтті, етті өндіруді азайтқан фермерлерге мемлекет өтем төлейтін болды. 1933 жылы фермерлердің келісімі бойынша бидай, жүгері, мақта егетін егістік жерлердің алаңдары қысқартылды. Бұл шара қолданылғаннан кейін 5 миллион гектарлық мақта отырғызатын аймақ тың жерге айналды. Фермерлер өнімінің бір бөлігі жойылғаннан кейін ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы өсті. Бұл үшін оларға сыйақылар берілді. Фермерлерге несие беру туралы заң қабылданып ол іске аса бастағаннан кейін-ақ фермерлердің қарыздары азайды. Жалпы алғанда ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы көтеріліп, фермерлер қайыршыланудан құтқарылды. Ауылшаруашылық проблемасы осылай шешілді.
Рузвельт президенттігінің алғашқы жүз күнінде Жаңа бағыт бағдарлмасы бойынша атқарылатын іс-шаралар негізінен айқындалып болған еді. Аталған жүз күн аралығында АҚШ-тағы дағдарысты еңсеруге және экономиканы сауықтыруға бағытталған он бес заң қабылданып күшіне енді. Жаңа бағытты іске асыруға бағытталған заңдар мен іс-шаралар жиынтығының айрықша ерекшелігі оның қаржылық-экономикалық саланы ғана сауықтыруға бағытталмай бірқатар әлеуметтік сипаттағы іс-шараларды да қамтуы болатын. Кейбіреулер оны Рузвельттің социалистік заңдары деп те атады. Қалай болғанда да Рузвельт өзінің жаңа бағыты арқылы АҚШ экономикасының ұзақ уақытқа арналған тұрақты дамуын да анықтаған еді.
Рузвельттің Жаңа бағыт бағдарламасы мемлекет, қаржы, экономика және әлеуметтік саланы қамтыған жан-жақты, терең жүйелі, әбден ойластырылған реформа болды. Рузвельт әкімшілігінің реформалары әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде мемлекеттің рөлін көтерді, елдің сыртқы саясаттық бағдарлмасына да өзгерістер енгізді.
Жаңа бағытты іске асыруға, жаңа заңдар қабылдауға, оны Конгрестен өткізу үшін де биліктің басқа тармақтарымен айқасуға тура келді. АҚШ Конституциясы бойынша атқарушы билікті ел президенті атқарады. Заң шығару және сот билігі тармақтарының да өкілеттікттері жетерлік еді. Сондықтан да Рузвельт атқарушы биліктің өкілеттігін арттыруға әрекеттенді. Ол Конгрестің бірқатар заң шығарушылық құдіретін тартып алды және президенттің заң шығарушылық функциясын арттырды. Оған қол жеткізу үшін Рузвельт әрқилы әдістер қолданды: беделді депутаттар мен сенаторларды өз жағына тартты, қоғамдық пікір арқылы Конгреске қысым көрсетті, өзінің вето қою құқығын пайдаланды және т.б. Ол өзінің президенттік мерзімінде 635 рет вето қойып абсолютті рекорд да жасады. Олай етпесе Жаңа бағытты іске асыруға бағытталған заңдардың бір бөлігін қабылдаттыру мүмкін болмаған да еді.
Ең қиыны Жоғарғы Сотпен тіл табысу оңай болмады. Рузвельттің президенттік қызметінің алғашқы бір жылында ғана Жоғарғы Сот оның он бір заң шығарушылық бастамасын конституциялық емес деп тапты. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық дағдарыс және сипаттамалары
АҚШ бүкіл дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан кейін
АҚШ еліндегі экономикалық дағдарыс
1930 ж. Америка құрама штаттарындағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері
Англияның әлемдiк экономикалық дағдарыс кезiндегi сыртқы саясаты
ХХ ғасырдағы елдерде ең алғаш фашизм ошағының пайда болуы
Германия коммунистік партиясы
Герберт Гувердің Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі және одан кейінгі алғашқы жылдардағы гуманитарлық қызметі
Ұжымдастыру қарсаңындағы қазақ ауылы
ФРАНКЛИН РУЗВЕЛЬТ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЯСИ БАҒЫТЫ
Пәндер