Қазақстан Республикасының демографиялық және миграциялық жағдайы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ 6
1.1 Қазақстанның демографиялық жағдайына жалпы сипаттама 6
1.2 Еңбек ресурстары және экономикалық белсенді халық 14
1.3 Әлеуметтік және кәсіптік құрылымы 15

2 ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ 18
2.1 Қазақстан аймақтарындағы әлеуметтік жағдайға жалпы сипаттама 18
2.2 Экономикалық жағдайы жоғарғы деңгейдегі аймақтар 20
2.3 Экономикалық жағдайы орта деңгейде дамыған аймақтар 21
2.4 Экономикасы артта қалған аймақтар 22

3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ 26
3.1 Қазақстандағы көші.қонның жалпы сипаттамасы 26
3.2 Қазақстан көші.қонының халықаралық миграцияда алатын орны 30
3.3 Көші . қонның Қазақстанның демографиялық жағдайына әсері 44

ҚОРЫТЫНДЫ 45

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 48

ҚОСЫМШАЛАР 50
Қосымша А 50
Қосымша В 51
КІРІСПЕ

Социалистік даму моделінен әлеуметтік – нарықтық даму моделіне өту кезеңі, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам үшін күрделі этап болып табылды. Ол экономикалық дағдарыс, әлеуметтік сфераның бұзылуы, жаңа нарықтық инфрқұрылымды құру қиындықтарымен, қоғам санасын өзгертумен, кең ауқымды көші-қонмен қатар жүрді. Осыған орай Қазақстандағы демографиялық жағдай көптеген өзгерістерге ұшырады. Яғни туу, өлу немесе халықтың табиғи өсімінің көрсеткіштері өзгерді. Сонымен қатар демографиялық дамудың тағы бір маңызды факторы болып табылатын көші-қон жағдайы жаңа сипатқа ие болды. 1990 жж–дағы ішкі және сыртқы миграция миллиондаған адамды қамтыды. Өзгеріске ұшыраған геосаяси жағдайларында олардың сипаты мен бағыты кеңестік кезеңмен салыстырғанда түбегейлі өзгерді. Бұрынғы КСРО–ның унитарлы мемлекеттері ішіндегі қоныс аударулар мемлекет аралық миграция статусын иеленді.
Қарастырылмақ тақырыптың өзектілігі республикамыздағы демографиялық және миграциялық ерекшеліктердің себептерін, яғни әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тигізетін әсерін зерттеу болып табылады. Себебі көптеген жағдайларда демографиялық даму мен көші-қонның жалпы сипаты, түрлері ғана қарастырылып, ал олардың себептері ескерусіз қалып жатады.
Зерттеу мақсаты осы күнгі халық демографиясы жағдайы мен миграциясының басты заңдылықтарын, тенденцияларын, перспективаларын, көші–қон басқармасы жүйесінің заңшығару базасын зерттеу. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының территориясын әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты топтастырып, оның демографиялық және көші-қон жағдайына әсерін анықтау.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі бірқатар сұрақтар қарастырылды:
- Қазақстанның демографиялық даму кезеңдерінің сипаттамасы;
- Аймақтардағы демографиялық жағдай;
-Халықтың жастық жыныстық құрамы, оның құрылымы;
-Халық санына жасалған болжам;
-Қазақстан бойынша миграциялық үрдістердің даму перспективалары мен тенденциялары;
- 20 ғасыр қарамағындағы миграцияның жаңа типінің сараптамасы;
- Халықтың миграциялық қозғалысының құқықтық қадағалануына жасалған бағалау;
- Көші-қон ағындарына жасалған болжам;
-«Көші-қонның» теориялық ұғымы, олардың негізгі түрлері мен типтері;
-Қазақстандағы көші-қонның заңдылық базасының жай–күйі мен проблемаларын салыстырмалы талдауды жүзеге асыру;
- Көші-қон процесінің аймақтық ерекшеліктері;
-1990-шы жылдардағы көші-қон процесінің динамикасының негізгі факторларын ашып көрсету;
- Көші - қондардың қазақтың әлеуметтік – кәсіби құрамына тигізетін әсерін анықтау;
- Көші - қон процестері тенденциялары бағыттарының өзгерістері және қазіргі кездегі көші - қондардың жаңа түрлеріне талдау жасау;
- Шетелдердегі қазақтарды ата - қонысына қайтару саясатындағы сөзсіз қол жеткізген табыстар көлеңкесінде шоғырланған қиыншылықтар мен келеңсіздіктерді зерделеу;
- Зерттеу нәтижесінде түйінделген қорытындылар бойынша Қазақстандағы көші-қон процесінің бағытын анықтап, оған жоспарлылық сипат беруге септілік тигізуі мүмкін деген ойлар мен ұсыныстар білдіру;
Қазақстандағы миграциялық процестердiң жаңа тенденциялары және даму мүмкiндiктерi қарастырылған. 20 ғасыр таңындағы миграцияның жаңа типтерiне сараптама жасалды.
Жүргізілген зерттеу нәтижесінде Қазақстан халқының демографиялық дамуы мен көші-қон қозғалысының сараптамасын, табиғи өсуі мен миграциясына болжам жасау көзделген. Қазақстан демографиясы мен миграциясын зерттеу әдістемесі пәнаралық қатынас тұрғысында негізделген: ең алдымен әлеуметтік және әлеуметтік-демографиялық, саяси-құқықтық және
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Тәтімов М. Дербестігіміз демографияда / М. Тәтімов, Әлиев Ж. – Алматы: «Жеті жарғы», 1999.-113 б.
2. Галиев А.Б. Этнодемографические и эмиграционные процессы в Казахстане / А.Б.Галиев // Политолгический аспект.// Евразийское сообщество: экономика, политика, безопасность. - 1996. – №4 – 45-58 б.
3. Алексеенко А.Н. Фронтьерские миграции / Website http // www. uno.org.
4. Абланова Э.А. Қазақтар динамикасы / Э.А.Абланова – Алматы: 2000.- 35-37 б.
5. Ғали Ә. Этнодемография және саясат сыры / Ә.Ғали. Д.Ғали.- Астана: 2003. – 94-100 б.,111 б.
6. Аяғанов Б. Тенденции и динамика изменений нацианального состава Казахстана / Б. Аяғанов // Евразийское сообщество: экономика, политика, безопасность. – 1995.- №9-10; 3-21 б.
7. Татимов М.Б. Грозит ли Казахстану демографический кризис? / М.Б.Татимов // Евразия.-2002.- №2. – 22-30 б.
8. Найманбаев Б.Р. Қазақстандағы 1970-1999 жж.аралығындағы көші- қон процестерінің тарихы: Автореф. дис. тарих ғыл. канд./ Б.Р.Найманбаев.-Алматы, 2004.- 19б.
9.Тәтімов М.Б. Динамика численности Казахского народа / М.Б.Тәтімов // (этнодемографический обзор) // Столичное обозрение.-1999.- 25 шілде – 4-5 б.
10. Концепция миграционной политики Республики Казахстан.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қыркүйектегі қаулысы. – Алматы. – 2000.-132 бет
11. Макеев И.Ю. Миграция русскоязычного населения из Казахстана / И.Ю.Макеев // - 1999.- №11.-16-24 беттер
12. Шығыс Қазақстан облысының демографиялық жылнамасы.- Өскемен, 2000.-167 бет.
13. Кушербаев К.Е. Динамика этнической структуры населения Казахстана / К.Е.Кушербаев // Евразийское сообщество: экономика, политика, безопасность.-1996-№4-32-37 б.
14. Құдайбергенов А.И. Қазақстан халқының әлеуметтік және ұлттық құрамындағы өзгерістер. / А.И.Құдайбергенов.- Алматы: 2000.-117б.
15. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы. – Алматы: Ата-Мұра – Қазақстан, 1993.-3-5б.
16. Еңсепов Қ. Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі. / Қ. Еңсепов, - Алматы: 2007.- 97б.
17. Тәтімов М.Б. Демографиялық болжам – келешекке көзқарас / М.Б.Тәтімов // Қазақстан – Заман.- 2002.- 19- сәуір. – 12-13 б.
18. Тәтімов М.Б.Влияние демографических и миграционных процессов на внутренюю стабильность РК / М.Б.Тәтімов // Саясат, 1995. - №5. – 18-23 б.
19. Татімов М.Б. Демографическая депопуляция / М.Б.Татімов // (Стратегические последствия в Казахстане) // Мысль, 1997.- №3.- 30 б.
20. Ковалев В.А. География населения. / В.А.Ковалев, И.Я.Ковальская - М.: Знание,1978.-243 б.
21. Қазақстан және ТМД елдері. Квартал сайын шығатын журнал.- Алматы: Қазақстан Республикасының статистика агенттігі.- №1.-2000.-259 бет.
22. Погосяна Г.Р. Экономика труда: ЖОО арналған оқулық / под.ред. Г.Р.Погосяна, Л.И.Жукова.-М.: Наука, 1991.-225 б.
23. Осколкова О.Н. Миграции рабочей силы в странах Азии / О.Н.Осколкова // Азия и Африка сегодня, 1999.-№7.- 47-56 б.
24. Садовская Е.Ю. Миграции в Казахстане на рубеже 21 века: основные тенденции и перспективы / Е.Ю.Садовская.- Алматы: 2001.- 463 б.
25.Тәтімов М.Б. «Бэби –бум» по-казахстански / М.Б.Тәтімов – Казахстанская правда, http: // www. kazpravda.kz-2005. – 16 ақпан -3.б
26. Егемен казахстан
27. Матаев
28. «Регионы Казахстана 2006» статистикалық мәліметтер жинағы, Алматы, 2006.-111 б.

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ
ЖӘНЕ МИГРАЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3

1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ 6
1.1 Қазақстанның демографиялық жағдайына жалпы сипаттама
6
1.2 Еңбек ресурстары және экономикалық белсенді халық
14
1.3 Әлеуметтік және кәсіптік құрылымы
15
2 ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ 18
2.1 Қазақстан аймақтарындағы әлеуметтік жағдайға жалпы сипаттама 18
2.2 Экономикалық жағдайы жоғарғы деңгейдегі аймақтар
20
2.3 Экономикалық жағдайы орта деңгейде дамыған аймақтар
21
2.4 Экономикасы артта қалған аймақтар
22
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ 26
3.1 Қазақстандағы көші-қонның жалпы сипаттамасы
26
3.2 Қазақстан көші-қонының халықаралық миграцияда алатын орны 30
3.3 Көші – қонның Қазақстанның демографиялық жағдайына әсері
44
ҚОРЫТЫНДЫ
45
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
48
ҚОСЫМШАЛАР
50
Қосымша А
50
Қосымша В
51
КІРІСПЕ

Социалистік даму моделінен әлеуметтік – нарықтық даму моделіне өту
кезеңі, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам үшін күрделі этап болып
табылды. Ол экономикалық дағдарыс, әлеуметтік сфераның бұзылуы, жаңа
нарықтық инфрқұрылымды құру қиындықтарымен, қоғам санасын өзгертумен, кең
ауқымды көші-қонмен қатар жүрді. Осыған орай Қазақстандағы демографиялық
жағдай көптеген өзгерістерге ұшырады. Яғни туу, өлу немесе халықтың табиғи
өсімінің көрсеткіштері өзгерді. Сонымен қатар демографиялық дамудың тағы
бір маңызды факторы болып табылатын көші-қон жағдайы жаңа сипатқа ие болды.
1990 жж–дағы ішкі және сыртқы миграция миллиондаған адамды қамтыды.
Өзгеріске ұшыраған геосаяси жағдайларында олардың сипаты мен бағыты
кеңестік кезеңмен салыстырғанда түбегейлі өзгерді. Бұрынғы КСРО–ның
унитарлы мемлекеттері ішіндегі қоныс аударулар мемлекет аралық миграция
статусын иеленді.
Қарастырылмақ тақырыптың өзектілігі республикамыздағы демографиялық
және миграциялық ерекшеліктердің себептерін, яғни әлеуметтік-экономикалық
жағдайдың тигізетін әсерін зерттеу болып табылады. Себебі көптеген
жағдайларда демографиялық даму мен көші-қонның жалпы сипаты, түрлері ғана
қарастырылып, ал олардың себептері ескерусіз қалып жатады.
Зерттеу мақсаты осы күнгі халық демографиясы жағдайы мен
миграциясының басты заңдылықтарын, тенденцияларын, перспективаларын,
көші–қон басқармасы жүйесінің заңшығару базасын зерттеу. Сонымен қатар
Қазақстан Республикасының территориясын әлеуметтік-экономикалық жағдайына
байланысты топтастырып, оның демографиялық және көші-қон жағдайына әсерін
анықтау.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі бірқатар сұрақтар қарастырылды:
- Қазақстанның демографиялық даму кезеңдерінің сипаттамасы;
- Аймақтардағы демографиялық жағдай;
-Халықтың жастық жыныстық құрамы, оның құрылымы;
-Халық санына жасалған болжам;
-Қазақстан бойынша миграциялық үрдістердің даму перспективалары мен
тенденциялары;
- 20 ғасыр қарамағындағы миграцияның жаңа типінің сараптамасы;
- Халықтың миграциялық қозғалысының құқықтық қадағалануына жасалған
бағалау;
- Көші-қон ағындарына жасалған болжам;
-Көші-қонның теориялық ұғымы, олардың негізгі түрлері мен типтері;
-Қазақстандағы көші-қонның заңдылық базасының жай–күйі мен
проблемаларын салыстырмалы талдауды жүзеге асыру;
- Көші-қон процесінің аймақтық ерекшеліктері;
-1990-шы жылдардағы көші-қон процесінің динамикасының негізгі
факторларын ашып көрсету;
- Көші - қондардың қазақтың әлеуметтік – кәсіби құрамына тигізетін
әсерін анықтау;
- Көші - қон процестері тенденциялары бағыттарының өзгерістері және
қазіргі кездегі көші - қондардың жаңа түрлеріне талдау жасау;
- Шетелдердегі қазақтарды ата - қонысына қайтару саясатындағы сөзсіз
қол жеткізген табыстар көлеңкесінде шоғырланған қиыншылықтар мен
келеңсіздіктерді зерделеу;
- Зерттеу нәтижесінде түйінделген қорытындылар бойынша Қазақстандағы
көші-қон процесінің бағытын анықтап, оған жоспарлылық сипат беруге септілік
тигізуі мүмкін деген ойлар мен ұсыныстар білдіру;
Қазақстандағы миграциялық процестердiң жаңа тенденциялары және даму
мүмкiндiктерi қарастырылған. 20 ғасыр таңындағы миграцияның жаңа типтерiне
сараптама жасалды.
Жүргізілген зерттеу нәтижесінде Қазақстан халқының демографиялық дамуы
мен көші-қон қозғалысының сараптамасын, табиғи өсуі мен миграциясына болжам
жасау көзделген. Қазақстан демографиясы мен миграциясын зерттеу әдістемесі
пәнаралық қатынас тұрғысында негізделген: ең алдымен әлеуметтік және
әлеуметтік-демографиялық, саяси-құқықтық және этномәдени. Зерттеліп отырған
нысанның моделі, факторлық сараптамасы, вариативтік болжамдарын жасау
пәнарлық қатынас және интегративті технология болмаса мүмкін емес.
Сараптама шешімдері нақты мәлімет көздерінен алына отырып жасалған:
демография және миграция бойынша статистикалық мәліметтер, заңдар, қаулылар
және басқа да нормативті-құқықтық актілер мен құжаттар.
Бітіру жұмысы үш бөлімнен тұрады.Бірінші бөлімде Қазақстан
Республикасының демографиялық жағдайына жалпы сипаттама берілген.Екінші
бөлімде Қазақстан аймақтарындағы әлеуметтік жағдайға сипаттама берілді.Ол
аймақтар даму деңгейіне қарай үш топқа топтастырылып, осыған сәйкес
аймақтар арасындағы демографиялық ерекшеліктердің қалыптасуы
зерттелді.Аймақтар арсындағы әлеуметтік ерекшеліктер әсіресе көші-қон
жағдайына ықпалын тигізетіні байқалды. Бұл үшінші бөлімде қарастырылған.
Сонымен қатар бұл бөлімде Қазақстандағы көші –қон жағдайына толық сипаттама
берілді.
Зерттеулер негiзiнде келесiдей қорытындыға келуге болады:
1990-1997 жылдар аралығында республикамызда табиғи өсім көрсеткіші
төмен болды, Қазақстаннан шетелдерге қарай бағытталған миграциялық
ағындардың өсуi байқалады.Бұл экономикалық сипаттағы белгiлi бiр мәселелер
шеңберiн тудырды.Жылдан жылға мемлекетіміздің дамуына, әлеуметтік
жағдайының көтерілуіне байланысты демографиялық жағдай жақсарып келеді,
2000 жылы табиғи өсім оң көрсеткіш көрсетті, көші-қон ағыны да өзгерді,
тәуелсіздік алған алғашқы жылдардағы сыртқа қайтымсыз көшу ағыны
тоқтады.Көші-қон тұрақталды

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

1.1 Қазақстанның демографиялық жағдайына жалпы сипаттама

Демография (грек. demos және grapha) – белгілі бір халықтың, ұлттың,
ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, территорияға
бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен
байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демографиядағы ең басты
мәселе – халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау.
Егемен Қазақстан – біртұтас мемлекет. Оның аумағының көлемі – 2 млн
794 мың км. Мемлекет Еуразия материгінің орталық бөлігінде және әлемнің екі
бөлігінде: аз бөлігі Еуропада, ал көп бөлігі Азияда. Қазақстан шекарасының
жалпы ұзындығы 12187 мың км, оның 12 мың км-ден астамы құрлықта: Ресеймен –
6467 км, Өзбекстан Республикасымен – 2300 км, Қырғызстан Республикасымен-
980 км,Түрікменстан Республикасымен – 380 км, Қытаймен – 1460 км, Каспий
теңізі арқылы – 600 км өтеді.
Бүгінде Қазақстан құрамында 14 облыс, республикалық бағыныстағы 2 қала
(Астана мен Алматы), 159 аудан, 84 қала, 193 қала үлгісіндегі кент
бар.Селолық жерлердегі селолар мен ауылдар саны 8 мыңға жуық [1].
Қазақстан Республикасының халқының саны 15 219 291 адам. Қазақстан
тұрғындары бірқалыпты орналаспаған. Халықтың орташа тығыздығы бір шаршы
километріне 5,5 адамнан келеді, Оңтүстік Қазақстанда көрсеткіш жоғары – бір
шаршы километріне 17 адамнан келеді; төмен көрсеткіш Маңғыстау, Атырау
облыстарында бір шаршы километріне 2 адамнан келеді (Қосымша В).
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болуына орай демография ғылымына
жүктелетін жауапкершілік күрт өсті. Біріншіден оның алдына дербес даму
жолына түскен елдің шын мәніндегі демографиялық ахуалын анықтау қажеттігі
көлденең тартылды.Қазақстандағы демографиялық дамудың бiрiншi кезеңiнде
(1970 жылдарға дейiн) өлу деңгейi тууға қарағанда тез төмендеп кеттi.
Табиғи өсiм көбейiп, 1960 жылы ел тарихындағы ең жоғарғы шамаға жеттi (306
мың адам, немесе жылына 3 промиль).
Екiншi кезеңде (1970-1987 жж.) туу мөлшерi тұрақталып, кей жылдары
тiптi көтерiлiп отырды. 50-шi және 60-шы жылдардағы көп ұрпақ отбасын
құрды. Қоғамдағы қарт адамдардың тобының көбеюi өлу деңгейiн көтердi. 1000
тұрғынға шаққандағы табиғи өсiм екi есеге дерлiк қысқарды. Бiрақ абсолюттiк
мөлшерде ол рекордтық 1960 жылдан көп төмен болған жоқ, республика халқы ол
уақыт аралығында екi есеге дерлiк өстi.
Үшiншi кезеңде (1987-1999 жж.) туудың кезектi құлдырауы басталып – ол
30-шы жылдардағы аштық пен Ұлы Отан соғысының демографиялық “жаңғырығы”
тәрiздi едi. Туу көрсеткiшiнiң төмендеуiне 1990 жылдардың ортасындағы
экономикалық дағдарыс пен Қазақстаннан жас және орта жастағы адамдардың
көшiп кетуi де себеп болды. 1999 жылғы туу (209 мың адам) мен табиғи өсiм
(65 мың адам) соғыстан кейiнгi кезеңнiң ең төменгi көрсеткiшi болды. Ал
1995 жылы өлiм деңгейiнiң ең жоғарғы көрсеткiшi (168 мың адам) тiркелдi.
2000 жылы демографиялық дамудың төртiншi (қазiргi) кезеңi басталды.
Оның ерекше сипаттары – туу мен табиғи өсiмнiң жоғарылауы. Ол 1980
жылдардың екiншi жартысында дүниеге келген ұрпақтың неке жасына жетуiмен
байланысты. Екiншi бiр негiзгi себеп – экономика мен елдiң тұрмыс
деңгейiнiң көтерiлуi болып табылады. Тәуелсiздiк алған жылдардың iшiнде
алғаш рет 2002 жылдары халық саны көбейе бастады. 2004 жылдың 28 мамырында
ол символдық шектен асты – халық саны қайтадан 15 млн.-ға жеттi (1-кесте)
[2].
Облыстар мен iрi қалаларды халықтың табиғи өсiмi (қазақстандық
өлшеммен алғанда) төмен, орташа және жоғары деп үш топқа бөлуге
болады.Солтүстiк Қазақстан облысының демографиялық жағдайы күрделi. Мұнда
аз қамтылған отбасылар аз, сонымен қатар әдетте бала саны аз болып келетiн
орыстардың, украиндар мен белорустардың үлесi көп.Сондықтан бұл облысқа
елдегi ең аз туу көрсеткiшi тән. Ал өлудiң ең жоғарғы деңгейi қартаң
адамдардың көп болуымен түсiндiрiледi. Дегенмен бұл облыста да өзгерiстер
байқалуда. Туудың мөлшерi көбейiп, өлу бiртiндеп азайып келедi. 2005 жылы
көп жылдардан кейiнгi оң табиғи өсiм күтiлуде.
Республикамыздың белгілі демографы академик М.Тәтімов Қазақстандағы
табиғи өсім құбылысында келесідей кезеңдерді айрықша атап көрсетеді:
бірінші демографиялық толқын Ұлы Отан соғысынан кейін болды. Ол кезде туған
балаларды Сталиндік ұрпақ деп атайды – ол түсік түсіруге қарсы болды,
ұрпақсыздыққа салық салды, балалары бар отбасылар мемлекет тарапынан көмек
алды. Осы толқын 60-шы жылдардың басына дейін жалғасып келді.
Кесте 1 Қазақстан Республикасының халық саны (жыл басына, адам)
Барлық халық
2004 2005 2006
Қазақстан 14951200 15074767 15219291
Республикасы
Ақмола 748930 747185 746652
Ақтөбе 671812 678607 686698
Алматы 1571194 1589751 1603758
Атырау 457215 463466 472384
Батыс Қазақстан 603832 606534 609291
Жамбыл 985552 992089 1001094
Қарағанды 1330927 1331702 1334438
Қостанай 913435 907396 903178
Қызылорда 607491 612048 618249
Маңғыстау 349668 361754 374430
Оңтүстік 2150256 2193556 2233568
Қазақстан
Павлодар 745238 743826 742411
Солтүстік 674497 665936 663126
Қазақстан
Шығыс Қазақстан 1455412 1442097 1431180
Астана қ.ә. 510533 529335 550438
Алматы қ.ә. 1175208 1209485 1247896

Мемлекетіміздегі екінші демографиялық толқын социализмнің шарықтау
кезеңінде болды. Баласы бар отбасыларына мемлекет тарапынан көп көңіл
бөлінді, балабақшалар, соның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшалар
болды, батыр аналарды медальдармен марапаттады. Ғалым бұл кезеңнің
ұрпақтарын Қазақстанға қатысты Қонаев ұрпақтары деп атайды. 1985-1987
жылдардағы осы толқынның шарықтау шыңы Қонаев басшылығымен сәйкес келеді.
Қазақстан үшін демографиялық жарылыстың үшінші толқыны 2000 жылы
басталды. Оның шыңы 2010-2015 жылдары күтілуде. Бұл жаңа, егеменді кезеңнің
ұрпағы. Ғалым оны Назарбаевтың ұрпақтары деп атайды.Осы толқын неғұрлым
ұзақ болса, оның қайталануы да соғұрлым ұзақ болып, демографиялық
жаңғырық ретінде бүкіл 21 ғасырға созылады [3]

Сурет 1 Қазақстан Республикасының халқының саны

Бiздiң елiмiзде 1000 қыз балаға есептегенде 1045 ер бала туады және
төменгi жастарда ер адамдардың саны басым. Еркектердiң үлес салмағы өлудiң
жоғары дәрежесiне байланысты азайып, жыныстардың арақатынасы теңеледi, ендi
әйелдер саны көбейе түседi.
Қазiргi уақытта Қазақстандағы әйелдер саны еркектерден 560 мыңға
артық. Олар халықтың 52 %-ын құрайды. Орта есеппен алғанда 1000 еркекке
1077 әйелден келедi. Республика әйел саны басым елдер тобына жатады. (2-
сурет)
Бiздiң елiмiздегi еркектер саны басым жерлер – ШҚО Тарбағатай ауданы
(1000 әйелге 1056 еркектен келедi) және Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы,
ал әйелдер саны басым Алматының Алмалық және Әуезов аудандары, сонымен
қатар Петропавл, Орал және Талдықорған қалалары. Әйелдер санының
басымдылығы Қазақстанның барлық облыстарында, Астана мен Алматыда да
байқалады. Оның мөлшерi туу дәрежесi жоғары Қызылорда, Маңғыстау және
Оңтүстiк Қазақстан облыстарында әйелдер мен еркектер санының айырмасы ең
үлкен.
еркектер
әйелдер

Сурет 2 Халықтың жас-жыныс пирамидасы жыл басына, пайызбен

Әкiмшiлiк аудандарда әр түрлi арақатынастар: әйелдердiң басым болуы,
жыныстардың саны бiрдей болуы немесе еркектердiң санының көп болуы
кездеседi. Бiрақ олардың 35-i көбiнесе “әйелдер” ауданы болып есептеледi.
Жасына қарай халықты үш топқа бөледi: бiрiншiсiне – 0-ден 14 жасқа
дейiнгi балаларды, екiншiсiне ересек адамдарды (15-59 жас) және үшiншiсiне
– егде адамдарды (60 жас және одан асқандар) [3].
Қазақстан халқының құрылымы жас бойынша өзгеруде: ересек және егде
адамдардың үлесi өсiп, керiсiнше балалардың үлесi төмендеуде. Оның
географиялық бейнесiн 3 аймақтың тобы құрайды. Бiрiншi топқа халқы ең кәрi
Солтүстiк Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Алматы қаласы
жатады. Олардағы қарт адамдардың саны 13%- дан асты, ал Солтүстiк Қазақстан
облысында –14%. Екiншi топты халқының жастық құрылымы ең жас Оңтүстiк
Қазақстан, Қызылорда мен Маңғыстау облыстары құрайды Мұндағы қартаю
коэффициентi Қазақстан бойынша ең төмен. Қазақстан халқынан қарт адамдардың
алатын үлесi. Елдегi халқы ең жас – Маңғыстау облысы. Егде адамдар
тұрғындардың небәрi 5,8 %-ын құрайды. Қалған аймақтар мен Астана қаласы
үшiншi аралық, ең саны жағынан көп топқа жатады.
Қазақстан әлемдегi көп ұлтты мемлекеттердiң бiрi. Онда тегi, мәдениетi
әр түрлi, бiрақ тарихи тағдыры ортақ 130 ұлт пен ұлыстардың өкiлдерi
мекендейдi. Олардың санына
1) негiзiнде бiздiң елiмiзде тұратын қазақтар
2) КСРО –ның бұрынғы республикаларына жататын адамдар тобы
3) алыс шетелдерге жататын адамдар тобы (немiстер, поляктар, еврейлер,
кәрiстер, гректер) кіреді.
Қазақстан халықтары саны бойынша ерекшеленедi. Қазақтар (8,7 млн.
адам) мен орыстар (4 млн.) ел халқының 84 %-ын құрайды. Көп санды ұлттарға
100 мыңнан астам адам сонымен бiрге украиндер, өзбектер, немiстер, татарлар
мен ұйғырлар жатады. Республика халықтарының 95%-ын осы 7 халық құрайды.
1999 жылғы халық санағы бойынша, бiздiң елiмiзде саны 10 адамнан аз 17
этностың өкiлдерi тұрады. Олардың iшiндегi нганасандар, орочилер, ливтер,
селькуптар, ульчалар және т.б. бар [4].
Қазақтардың республикадағы жалпы саны 7,073 мың адам. Ал осы жылдың
ортасына дейінгі мәлімет бойынша олардың дүние жүзіндегі жалпы саны 10 млн.
560 мың болып отыр. Айта кететін жайт: бұл қазақ халқының дүние жүзіндегі
ең ірі ұлттардың қатарына қосылғандығын көрсетеді.
Таяуда республиканың парламенті көшіп келу туралы Заң қабылдады.
Мемлекеттің егемендігі мен өзіндік сипатына нұқсан келтірмеу мақсатымен
жаңа Заңда сырттан көшіп келу тәртібі бұрынғыдан әлдеқайда қатайтыла түсті.
Сонымен қатар ол Заңда сыртта жүрген отандастарымыздың елге оралуына
байланысты көптеген жеңілдіктер жасау көзделген. Мұндай артықшылық
Азаматтық туралы Заңда да айрықша ескерілген. Егер тұратын елдің заңы
бойынша қос азаматтыққа рұқсат етілген болса, ендігі жерде шетелде тұратын
қазақ азаматтары республикаға көшіп келмей-ақ Қазақстанның азаматтығын ала
алады. Алдағы қабылданған бірқатар заңдарда да шетелдік отандастарымыздың
мүдделері жан жақты ескерілетін болады.
Әрине, қай жерде өмір сүру - әр адамның жеке өзі шешетін мәселе.Оның
үстіне өзі тұратын елдің заңына сәйкес шешілетін мәселе. Қазақ үшін басқа
елге көшу тұрмақ, басқа ауылға көшудің өзі қиын. Оның үстіне шетелдегі
ағайындардың басым көпшілігі Қазақстанда тұрмаған, өскен ортасы, алған
тәрбиесі басқаша. Сондықтан да дүние жүзіндегі қазақтар қай елде жүрсе де
өзін Қазақстанның өкілі сезінетіндей, қазақ азаматы сезінетіндей жағдай
жасау біздің болашақтағы мәртебелі міндетіміздің бірі. Қазақ азаматы қай
жерде де өз ұлтының озық дәстүрлерін, тілін сақтаса, асыл қасиеттерін ардақ
тұтса, атамекенге деген сезімін әлпештей білсе, туған халқы алдындағы
перзенттік парызын өтеп ж р деп білеміз. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы
барысында құрылған. Ол құрылтайдың барысында әлем қазақтарының орталығына
бұл орайда көп міндет жүктелмекші. Ол ұлт өмірін жан жақты зерттеп,
қазақтардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани тыныс-тіршілігіндегі ең
өзекті деген мәселелерді терең талқылай отырып, тиісті орындарға нақты
ұсыныстар жасауы керек.Ұлт бірлігін нығайтудың ұйтқысы болу керек. Мысалы
қазақтар: егеменді республикада 1,665 мың, шетелдерде 1,535 мың [5].
Демографиялық процестерге ықпал әлеуметтік-экономикалық, рухани,
мәдениет танушылық, саяси құқықтық іс әрекеттер арқылы жанама түрде жүзеге
асырылуы мүмкін. Ал таза демографиялық даму тек өз заңдылықтарына
байланысты жүргізіледі. Өйткені демографиялық организмнің әлеуметтік тарихи
пісіп жетілу сатылары бар. Оған, ең алдымен объективтілік тән яғни,
әлеуметтік демографиялық заңдарды бұзу қоғамға тек залал келтіреді.
Демографтардың негізгі міндеті әр елдің өзіне лайықты демографиялық модель
қарастыру. Әрине теориялық оңтайлы модель – сол ұлтпен ұлыс тіршілігінің
тиісті демографиялық кейпіне демографиялық даму жолын ұйымдастыру, айталық
қазақ ұлты үшін оңтайлы модель оның тез өсуін, өз еліне жиналуын
иммиграциялық топтасуын, әлеуметтік жағынан тез оңалып жетілу санының да
артылуын көздейді. 20- ғасырдың аяғында туу қарқыны тым бәсеңдеп кеткені
белгілі. Сонымен бірге 90-шы жылдарыдағы экономикалық дағдарыс салдарынан
жұртшылықтың тұрмыс жағдайы төмендеп, адам ғұмырының ұзақтығы қысқарды, өлу
коэффициенті көтерілді. Сондай-ақ медициналық көмектің қысқаруы белгілі бір
дәрежеде өлім-жітім көрсеткіштерінің өсуіне соқтырды.
Бүгінгі таңда Қазақстан халқының 57% қалада, 47% ауылда тұрады.Соңғы
деректер бойынша, қазақтардың жартысы қалаға қоныстанды. Біздің ойымызша
бұл маңызды өзгеріс қазақ үшін ұлт тарихындағы екінші өркениеттік құбылыс.
Бірінші маңызды бетбұрыс 1928-1934 жылдары болған еді. Сол тұста қазақ
көшпелі тіршіліктен аз мерзімнің ішінде отырықшы халық санатында келген
болатын. Екінші бетбұрыста қазақ аграрлық этнос санатынан кенттелген ұлт
қатарына қосылмақ. Иә, бұл дәуірлік қадам болмақ. Сонымен ендігі жерде
қазақ буржуазиялық жекеменшікшіл ұлтқа айналмақ.
Елбасымыздың 2001 жылғы желтоқсанда бір топ қазақ ғалымдарымен және
жазушыларымен болған кездесуде айтқан мына бір пікіріне назар аудармасқа
болмайды: Біз кенттелуге жаңадан келе жатырмыз. Түбі мұнша халық ауылда
тұрмайды. Мен тұрғызғым келсе де тұрмайды олар... Менің ойымша, қазір емес,
ендігі жылы емес, бес жылдан кейін емес, он жылдан кейін емес, жиырма
жылдан кейін ауылда 15-25 % ел ауылда қалады. Бірақ нағыз қазақтар келеді
қалаға, тіліменен, діліменен тәрбиеленіп келеді. Ол қазақтар қаланың өзін
даладай қылады кезінде. Қалаға дала өмірінің дархандығын ала келеді [6].
Аумақтың ауданы бойынша Қазақстан 9-шы орында екендiгi белгiлi. Бiрақ
халықтың саны жөнiнен бiз әлемде 61 орында ғанамыз. Халық санының аз болуы
аумақты игерудi, iшкi көлемдi рыноктiң қалыптасуын, еңбек әлуетiнiң ұлғаюын
шектейдi. Ол елдiң қорғаныс қабiлетi жөнiнен де қолайсыз фактор болып
табылады. Сондықтан халық санының көбеюi – мемлекеттiң басты факторларының
бiрi болып саналады.
“Қазақстан-2030” стратегиясына меже – 25 млн. адам деп аталған.
Демографтардың есебi бойынша, 2010 жылы елде 17,5 млн. тұрғын, ал 2015 ж. –
20 млн. болуы мүмкiн. Мұндай болжамдар iшкi және сыртқы факторларды есепке
ала отырып жасалған [7].
Iшкi себептерге елдегi ең саны көп ұрпақтың (400 – 420 мың адам) неке
жасына жетуi жатады. Сонымен қатар Қазақстан тууды көбейтуге бағытталған
белсендi саясатқа көшуде. Сыртқы факторлардың iшiнен ғалымдар көшi-қон
географиясының өзгерiсiн бөлiп қарастырады. 1992-2002 жж. нақ осы жағдай
халық санының азаюына әкелiп соқты. Тәуелсiздiк алғаннан берi алғаш рет
2004 жылы елiмiзде көшiп кеткендерден келгендер саны бiршама артты. Бұл
тенденция мемлекеттiң экономикасының артуымен бiрге күшейiп отырады.
Халықтың механикалық өсiмiнiң маңызды көзi – әруақытта түрлi
себептермен көшiп кеткен адамдардың өзiнiң тарихи отанына оралуы. Ең
алдымен бұлар – оралмандар, сонымен қатар 1990 жылдарда елден көшiп кетiп
қайта оралғандар. Көшi-қонның екi тобының саны қазiр жарты миллиондай
адамды құрайды.
Сонымен, 21 – ғасыр басында Қазақстанның салыстырмалы түрде алғандағы
аз халқы саны жөнiнен азаюды қолайсыз тенденциясынан аман-есен өттi [8].

1.2 Еңбек ресурстары мен экономикалық белсендi халық

Халықтың ең өндiрушi бөлiгi – еңбек қорларын анықтауда оның жасы басты
өлшем болып табылады. Ол Қазақстанда еркектер үшiн 16-62 жас, ал әйелдер
үшiн 16-57 жас.
“Еңбек ресурстары” деген түсiнiк ғылым мен практикаға алдымен Кеңестер
Одағында, одан соң басқа социалистiк елдерге де ендi.Ол жоспарлы
экономиканың мүддесiне қызмет етуге бейiм болды. Экономикалық белсендi
халық – бұл қоғамдық өндiрiспен айналысатын, немесе оған қосылуға тiлек
бiлдiретiн жұмысқа жарамды халық.
Қазақстан халқының жартысынан астамы экономикалық белсендi (7,7
млн.адам). Олардың басым бөлiгi (90 %-дан астам) жұмыспен айналысатын
адамдар (жалдамалы және ерiктi жұмысшылар, жұмыс берушiлер, кооператорлар,
отбасылық мекемелердiң жұмысшылары) және 8%-дан азы жұмыссыздар. 1990
жылдары елде жұмыс iстейтiн адамдар саны қысқарып, керiсiнше, жұмыссыздар
саны өстi. Қазiргi уақытта экономиканың жылдам көтерiлуi жұмыс орнын
көбейтiп, жұмыссыздар санының азаюына оңды әсерiн тигiздi. 1999 жылы әрбiр
жұмысқа жарамды қазақстандықтың жұмыс орны болмаса, 2005 жылы – әрбiр он
үшiншi қазақстандық жұмыссыз болып есептеледi. Дегенмен, жұмыссыздық
деңгейi әлi де жоғары.Үкiмет оны таяу жылдардың iшiнде едәуiр азайтуды
мiндет етiп отыр. Қазақстанда экономикалық белсендi халық бiркелкi
орналаспаған. Ол барлық халықтың орналасу “бейнесiн” түгелдей қайталайды.
Мемлекет нарыққа өтер кезде қызметтiң көп түрi жеке кәсiпкерлерге берiлдi.
Жұмыс күшiнiң үлкен бөлiгi жеке секторға ауысты. Соған қарамастан, мемлекет
халық шаруашылығында еңбек ететiндердiң ¼ бөлiгiн – басқарушылырды,
келiсiмшартпен iстейтiн әскери қызметкерлердi, полицейлер мен соттарды,
мұғалiмдердi, дәрiгерлердi, ұлттық компаниялардың жұмыскерлерiн жұмыспен
қамтамасыз етедi [9].

1.3 Әлеуметтiк және кәсiптiк құрылым

Қоғамдық құрылыс пен экономика дамуы деңгейiнiң маңызды көрсеткiштерi
– халықтың әлеуметтiк және кәсiптiк құрылымы айтарлықтай өзгердi. Жоспарлы
экономика кезеңiнде адамдар өндiрiс құрал-жабдықтарынан бөлек болды, себебi
олар түгелдей дерлiк мемлекет меншiгiнде едi. Қоғамның әлеуметтiк құрылымы
бiртектi болып есептеледi. Оның iшiнде жұмысшы табы, колхоз шаруасы мен
интеллигенцияға бөлiндi. Қазiргi Қазақстан қоғамындағы әлеуметтiк құрылымды
өзгеше бiр пирамида түрiнде қарастыруға болады.
Кесте 2 Қазақстандағы және шет елдердегi халықтың әлеуметтiк құрылымы
Адамдардың Қазақстан Экономикалық жағынан
әлеуметтiк топтары
Дамыған елдер Дамушы елдер
Франция Сирия
Кәсiпкерлер 1 4 5
Ұсақ меншiк иелерi 38 10 30
Көмектесетiн отбасы1 4 13
мүшесi
Жалдамалы 60 82 52
жұмыскерлер
Барлығы 100 100 100

Оның негiзiн ең саны көп класс – жалдамалы жұмыскерлер құрайды.Олар
жерге, зауыттар мен фабрикаларға иелiк етпейдi. Олардың кiрiсi мемлекеттен
немесе кәсiпкерден алатын еңбекақы.
Қазақстандағы нарықтық экономиканың қалыптасуы, барлық жердегi сияқты,
қоғамның әлеуметтiк жiктелуiне (поляризацияға) әкелiп соғады. Поляризацияны
қоғамның әртүрлi топтары табатын кiрiс мөлшерi анық көрсетедi.
Қазақстандағы ең кедей отбасыларының 20 пайызына халықтың жалпы кiрiсiнiң 8
пайызы, ал ең ауқаттылардың 20 пайызына одан 5 есе артық мөлшердегi кiрiс
сәйкес келедi. Қоғамның жiктелуi ең күрделi мәселе. Оны шешетiн негiзгi жол
– аз қамтылған халықтың кiрiс мөлшерiн ұлғайту. Бұл жөнiнде бiздiң елiмiз
айтарлықтай нәтижелерге қол жеткiзiп үлгердi.
Кеңестiк Қазақстанда жұмыскерлер көбiнесе қызметтiң индустриалдық
түрлерiнде - өндiрiс пен құрылыста шоғырланды. Жұмыскерлер саны бойынша
ауыл шаруашылық сектор екiншi кезекте болды. Халықтың индустриалды-аграрлық
кәсiптiк құрылымы қалыптасты. Қазақстан Республикасында бұл қызмет салалары
өз орындарын ауыcтырды. Келесi iрi өзгерiс жұмыскерлерiнiң саны жөнiнен
өнеркәсiптi басып озған сауданың дамуымен байланысты. Қазақстанға нарықтық
экономикамен бiрге еңбек нарығы қоса келдi. Нарық:
1) жұмыс орны үшiн бәсекелестiк тудыратын еңбек өнiмдiлiгi мен
iскерлiк белсендiлiктi жоғарылатуға;
2) маманданған кадрларды (керектi мамандықтарға “Әлеуметтiк тапсырыс“
беру арқылы)
3) жұмыс күшiнiң қозғалысын көтеруге әсерiн тигiзедi.
Ол елдiң еңбек ресурсын неғұрлым тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк бередi.
Бiрақ нарықпен өткiр әлеуметтiк мәселе – жұмыссыздықпен тығыз байланысты.
Қоғамдық құрылыстың және экономиканың даму деңгейiнiң маңызды
көрсеткiштерi болып табылатын халықтың әлеуметтiк және кәсiптiк құрылымы
айтарлықтай өзгердi. 1990 жылдардың басында жұмыссыздық жылдам өстi,
қазiргi уақытта ол бiртiндеп азайып келе жатқандығы байқалады. 2005 ж.
ортасында оның деңгейi ЭБХ-тың 7,7 пайызына дейiн төмендедi. Экономика үшiн
мұндай көрсеткiш “қалыпты” жағдай болып есептеледi. Ал әлеуметтiк тұрғыдан
алғанда 641 мың адамның күнкөрiс көзiнiң болмауы- әлi де көп.
Елдiң әр бөлiгiндегi жұмыссыздықтың жағдайы әр түрлi. Ол өндiрiстiң
даму деңгейi мен құрылымына, қызмет көрсету саласына , шетелдер жағынан
болатын бәсекелестiкке байланысты. Шығыс пен Орталықтағы жағдай жақсырақ,
бұл жерлерде алдыңғы қатарлы кәсiпорындар өндiрiстi кеңейтуде. Оңтүстiктегi
жағдай одан күрделiрек. Олардың экономикасына мата, киiм, аяқ киiм
шығаратын фабрикалар зор рөл атқарады. Жылдап тұрып қалған кәсiпорындар
iске қосылуда. Нарықтық реформа жеке кәсiпкерлiктiң, шағын бизнестiң,
қызмет көрсету саласының, фермерлiк шаруашылықтың дамуына кең мүмкiндiк
ашты. Бұл көптеген жаңа орындарының ашылуына мүмкiндiк бередi. Мемлекет
егемендiк алған жылдар iшiнде Қазақстан халқының құрылымында елеулi
өзгерiстер болды. Олар демографиялық жағдайдың жақсаруымен және елдiң
нарықтық экономикаға өтуiмен байланысты [10]

2 ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ - ӘЛЕУМЕТТІК АХУАЛ

2.1 Қазақстан аймақтарындағы әлеуметтік жағдайға жалпы сипаттама

Қазақстанның жаңа даму этаптары мен экономикалық өсуінің қалыптасуы
мемлекет саясатын әлеуметтік-экономикалық аудандастыруды, географиялық
еңбек бөлінісуді, аймақтық ресурстар мен факторларды тиімді пайдалану,
проблемалы аймақтарға мемлекет тарапынан көбірек көңіл бөлуді қажет етеді.
Қазақстанға басқа да кез келген мемлекеттердегідей, әлеуметтік-экономикалық
дамудың аймақтық айырмашылықтар тән. Территориялық ерекшеліктер
аймақтардағы шаруашылықтың ұйымдасуының терең айырмашылықтарына, аймақтар
арсындағы және жақын шетелдік мемлекеттермен шаруашылық байланысының
өзгешеліктеріне байланысты туындайды. Бұл әркелкілік аймақтық диспропорция
сипатын иеленеді, көптеген аймақтардың жағдайының қиындықтары қалыптасады.
Мемлекеттегі аймақтық саясат мемлекеттің және оның экономикалық
кеңістігінің біртұтастығына жағдай жасау керек. Аймақ дегеніміз – өндіруші
күштердің аймақ ішілік табиғи өндірістік-экономикалық, әлеуметтік, саяси,
этникалық және мәдени-тұрмыстық байланыстардың территориялды локольденген
ұйымның формасы. Аймақтардың экономикалық жеке қабілеті аймақтың
ерекшеліктеріне негізделеді. Аймақтардың өзіндік дамуы өндірістік,
еңбектік, ресурстық потенциалдарымен анықталады [11].
1997 жылға дейін республика аумағы 19 облысқа бөлініп келді. Cоңғы
уақытта әкімшілік бөлініс көбінесе экономикалық аудандар шеңберінде
жұмылдыра бастады. Бюджеттің мемлекеттік аппаратты ұстап тұруға жұмсалатын
шығындарын азайту мақсатымен облыстарды біріктіру жұмысы жүргізілді. Мұның
өзі сонымен қатар нарықтық экономиканың өндіріс барысына мемлекеттің
шектен тыс араласуын қажет етпейтініне де байланысты, сондықтан сол
шығындардың қысқаруы әбден орынды. Бүгінде Қазақстан құрамында 14 облыс
бар. Олар: Ақмола облысы (Көкшетау қ.), Ақтөбе облысы (Ақтөбе қ.), Алматы
облысы (Талдықорған қ.), Атырау облысы (Атырау қ.), Шығыс Қазақстан облысы
(Өскемен қ.), Жамбыл облысы (Тараз қ.), Батыс Қазақстан облысы (Орал қ.),
Қарағанды облысы (Қарағанды қ.), Қызылорда облысы (Қызылорда қ.), Қостанай
облысы (Қостанай қ.), Маңғыстау облысы (Ақтау қ.), Павлодар облысы
(Павлодар қ.), Солтүстік Қазақстан облысы (Петропавл қ.), Оңтүстік
Қазақстан облысы (Шымкент қ.)
Қазақстан ішкі ұлттық өнімнің , ішкі жалпы өнімнің көлемі жөнінен 2004
жылы әлемде 55-ші орында болды. 2007 жылы шешуші макроэкономикалық
көрсеткіш 11 трлн. 880 млрд, теңге (99 млрд. доллар) деңгейінде болжанып
отыр. Қазақстанда шетелдік капиталдың қатысуымен, трансұлттық
корпорацияларды қоса алғанда, 7 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Бұлар
– Шеврон, Аджип, Миттал Стил, Лукойл, LG, Филип Моррис, Гленкор
және басқалары. Оларда жұмыс істейтін адамдар саны 357 мыңнан асты.
Өндірілген өнімдерініңкөлемі 2004 жылы 18,4 млрд доллар болған.
Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуіне байланысты өндірістік
күштердің кеңістіктік дамуына әсер ететін бірқатар аймақтық мәселелер
туындады.Оларға: көмірсутектік және минералды шикізат өндіретін
аймақтардағы экологиялық жағдайлар, шағын қалалар мен ауылдардағы ауыр
жағдай, халық миграциясы және т.б. Э.Хекшер және Б.Олин аймақаралық еңбек
бөлінісі теориясын қарастыратын болсақ, аймақтарды келесідей топтарға
жіктеуге болады:
а) дамушы (артта қалған) аймақтар. Олар еңбек ресурстары өнімін дамыту
және сыртқа экспорттау керек, себебі мұнда еңбек ресурсы артық, ал қаржы
жетіспейді.
б) дамыған аймақтар. Мұнда капиталдың мол қоры болғандықтан капитал
сыйымдылығы бар өнімдер шығаруға, соның ішінде ғылыми-техникалық өнімдер
шығаруға көңіл бөлу керек. Қазақстан аймақтарын экономикасының даму
деңгейіне байланысты бірнеше топқа топтастыруға болады. Қазақстан
аймақтарының даму дифференциациясын кестеден көруге болады. (3-кесте)
Бұл кестеден Қазақстанның аймақтарының экономикалық дамуының
әркелкілігі көрінеді.Егерде Атырау және маңғыстау облыстарында, Астана мен
алматы қалаларының жан басына шаққандағы ЖІӨ орташа қазақстандық деңгейден
1,5 есе жоғары болса, ал Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан
облыстарында орташа қазақстандық деңгейдің жартысынан азын құрайды.
Кесте 3 Қазақстан аймақтар топтары бойынша жалпы аймақтық өнімнің таралуы
Жан басына шаққандағы Топтағы аймақтар Қазақстанның ЖІӨ
орташа қазақстандық көлеміндегі үлесі, %
ЖІӨ-ге қатысты аймақтар
тобы
150 Атырау, Маңғыстау облыстары, 33,3
Астана, Алматы қалалары
100-150 Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, 39,8
Қарағанды, Қостанай облыстары
50-100 Солтүстік Қазақстан,Батыс 11,5
Қазақстан, Ақмола облыстары
50 Алматы, Жамбыл, Қызылорда, 15,4
Оңтүстік Қазақстан облыстары

2.2 Экономикалық жағдайы жоғары деңгейде дамыған аймақ

Бұл топқа экономикасы жақсы дамыған Павлодар, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан,
Қарағанды, Қостанай облыстары және экономикасы ерекше қарқында дамып келе
жатқан 2 облыс Атырау және Маңғыстау облыстары мен Астана және Алматы
қалаларын жатқызамыз. Аймақтар бойынша халықтың өмір сүру деңгейі әр түрлі
екендігі аймақтардағы халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіштерінің
айырмашылықтарынан көруімізге болады. Бұл топтағы облыстардың экономикалық
деңгейінің жоғарғы болуына ең алдымен осы аймақтарда шоғырланған минералды
ресурстардың мол қоры (негізінен көмірсутектік) және ғылыми индустриалдық
потенциялдың қарқынды дамуының жоғарғы импульсі тән болып келеді. Бұл
аймақтарда минералды шикізатты толығымен өндіру және өңдеудің біршама
дәрежесі шоғырланған. Әсіресе Атырау, Маңғыстау облыстарын айтуға болады.
Сонымен қатар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорданың біраз бөлігін де
жатқызуға болады. Және де ғылыми-өндірістік потенциалы жоғары аймақтар,
ауыр индустрия саласында жақсы маманданған, жоғарғы технологиялық ғылыми
өндірістер құруға қолайлы экономикалық жағдайлары бар, негізінен өз аймағын
қаржымен өзі қамтамасыздандыратын аймақтар. Оларға Шығыс Қазақстан,
Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарын жатқызамыз.

2.3 Экономикалық жағдайы орта деңгейде дамыған аймақтар

Бұл топқа негізінен агроөнеркәсіптік кешендері республиканың
өндірістік фоны құрылуына жетекші облыстар болып саналатын Солтүстік
Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстары жатады.
Кесте 4 Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша 2005 жылғы халықтың

орташа жан басына 1 айға шаққандағы атаулы ақшалай табысын
бағалау, теңге
Қазақстан Республикасы 12814
Ақмола 11476
Ақтөбе 16225
Алматы 9738
Атырау 36517
Батыс Қазақстан 17225
Жамбыл 8155
Қарағанды 16204
Қостанай 12193
Қызылорда 11724
Маңғыстау 35656
Оңтүстік Қазақстан 7639
Павлодар 16126
Солтүстік Қазақстан 12104
Шығыс Қазақстан 13674
Астана қ.ә. 26196
Алматы қ.ә. 24235

Сурет 3 Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша 2005 жылғы халықтың
орташа жан басына 1 айға шаққандағы атаулы ақшалай табысын
бағалау, теңге

2.4 Экономикасы артта қалған аймақтар

Бұл топқа топырақтық-климаттық жағдайлары экстримальді, экономикалық
мүмкіншілігі нашар дамыған депрессивті аймақтар жатады. Қызылорда, Алматы,
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары. Осы топқа бұрынғы Семей облысының
субрегионы, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан
облыстарының ауылдық жерлері бұрын қалыптасқан экономикалық және әлеуметтік
байланыстардың бұзылуына байланысты мүшкіл халде қалған. Және өз күшімен
бұл жағдайдан шыға алмайтын болғандықтан мемлекет тарапынан реттеуді қажет
етті. Осылайша мысалға Семей облысының мәселесін Шығыс Қазақстан облысына
қосу арқылы мемлекет тарпынан экономикалық-әлеуметтік реттеу атқарылды. Осы
тектес бөліп қарастыру мемлекеттік бақылауға өте тиімді болып табылады.
Себебі жеке аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне қарай
халыққа көмек көрсету, олардың аймақтар бойынша өнімділік деңгейін
қадағалау жүріп отырады. Мысалы Еуропа елдері экономикалық даму деңгейіне
байланысты бай және кедей, сонымен қатар ерекше периферия деп
бөледі.Бұл мемлекеттерде жан басына шаққандағы ЖІӨ екі есе жоғары [12].
Мемлекеттегі аймақтық саясат мемлекеттің және оның экономикалық
кеңістігінің біртұтастығына жағдай жасау керек. Сонымен қатар аймақтың
әлеуметтік – экономикалық жағдайына байланысты халықтың өмір сүру деңгейі,
денсаулық жағдайы, туу мен өлу көрсеткіштері және механикалық қозғалысы,
бір сөзбен айтқанда демографиялық жағдайындағы ерекшеліктер де туындайды.
Адамдардың қоныс аударуының ең көп таралғаны әлеуметтiк-экономикалық
себептер, яғни олардың өмiр сүру деңгейi жоғары жерлердi iздеуi, оқуға
бару, отбасылардың туысқандарына барып қосылуы т.б. болып табылады. Iрi
көшi-қон барысы саяси себептерге, атап айтқанда, соғыс, мемлекеттiк шекара
өзгерiсi, халықтың кейбiр тобының дискриминацияға ұшырауына да байланысты.
1980-1990 жылдары экологиялық көшi-қон кең тараған. Халық қоршаған ортасы
лас аудандар мен экологиялық апат аймақтарынан – Арал бойы мен Семей
полигоны аймақтарынан басқа жақтарға қоныс аудара бастады. Iшкi миграцияның
Қазақстандағы жағдайына ең алдымен әлеуметтiк-экономикалық факторлар әсер
етедi Ол халықтың өмiр сүру деңгейiн анықтайды. 1991 жылы Кеңес Одағының
күйреуi экономикадағы дағдарыс құбылыстарын күшейте түстi. Ол өндiрiстiң
төмендеуiн, инфляцияның, жұмыссыздықтың өсуiн тудырды. Бұл халықтың өмiр
сүру деңгейiнiң төмендеуiне және әлеуметтiк сфераның бұзылуына (бiлiм беру,
денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамтамасыздандыру) әкелiп соқты. Бүкiләлемдiк
Банк мәлiметi бойынша 1994 жылы Қазақстандағы нақты еңбек ақысының индексi
басқа посткеңестiк мемлекеттермен салыстырғанда ең төмен болған. Орташа
еңбек ақы мөлшерi 24 АҚШ долларына теңелген, 1996 жылы орташа номиналды
еңбек ақысы 8 770,1 теңге немесе 121 АҚШ доллары болды [13].
Әр адамның өмір мағынасы жайлы түсінігі субъективті, бұл сипаттаманы
абсолютті формуламен шығару өте қиын. Ол кемінде алты параметрден тұруға
тиісті: ауқаттылық, қауіпсіздік, еркіндік, белгілі бір салада өзіндік
жетістіктер, денсаулық пен ұрпақтың жалғасуы. Ауқаттылық көрсеткіштері:
экономикалық өсім, жан басына шаққандағы ЖІӨ, жұмыссыздық деңгейі, жұмысқа
орналасу мүмкіндігі, минимум күн көріс деңгейдегі отбасы мөлшері, тұрғын
үймен қамтамасыздандырылу ықпал етеді. Қауіпсіздік көрсеткіштері ретінде
қылмыстылық деңгейі, жол көлік апаттары, өрт, табиғи құбылыстар (жер
сілкінісі, көшкі түсу, цунами және т.б.), қоршаған ортаның ластану
дәрежесі, қоршаған ортаның теріс әсерлері (электромагнитті жарық шығару,
шу, радиация), техногенді және экологиялық апаттар мен катастрофалар, саяси
және қоғамдық тұрақсыздық жағдайлары болып табылады. Еркіндік көрсеткіші
ретінде сөз еркіндігі, баспа мен ақпарат еркіндігі, ар ождан мен діни сенім
еркіндігі, саяси плюрализм, жекеменшік, сот қорғанысы және басқа да
қоғамдық бақылаулар мен басқару ұйымдарын таңдау еркі болып табылады.
Өзіндік қабылеттерді ашуға білім алу мүмкіндігі, шығармашылық және
кәсіпкерлік қызмет ету еркіндігі, мемлекеттік немесе қоғамдық цензураның
болмауы, еңбек ету орындары арсында таңдау құқығының болуы, қозғалыс
еркіндігі көрсекіш бола алады. Денсаулық көрсеткіштеріне: таза ауыз сумен
және азық түлікпен қамтамасыз ету, жұмыс уақыты мен бос уақыт, белсенді
демалу мүмкіндігі, жалпы және ерекше ауруға шалдығу, өзіне өзі қол салу
жағдайлары, денсаулық сақтау инфраструктурасымен қамтамасыздандыру,
эпидемиялар мен емделмейтін аурулардың таралуы. Және ең соңғысы ұрпақ
жалғасы сәбилер мен балалар шетінеуі, ересек адамдар арасындағы өлім
деңгейі, жүктілік мөлшері, зейнеткерлік жас пен әлеуметтік қамту жүйесінің
дамуы. Осылайша демографиялық процестер арасындаерекше орынды иеленеді. Бұл
сыртқы факторларға өте сезімтал және инерциялдылығымен ерекшеленетін,
әлеуметтік- экономикалық, саяси және басқа факторларға бірден өзгеретін
қоғамдағы құбылыстар. Өзіндік саяси даму және ұлттық мемлекеттік құрылыс
кезеңінде Қазақстанда экономикалық және саяси факторлар миграциялық
қозғалысқа айтарлықтай әсерін тигізеді, ал сыртқы миграция салдары
әлеуметтік – саяси және экономикалық процестерге, демографиялық және
әлеуметтік құрылымға, жалпы қоғамдағы тұрақтылыққа кері әсерін тигізді
[14].
Халықтың орналасуының географиялық бейнесiн оның табиғи қозғалысындағы
айырмашылықтар өзгертедi. Ол көшi-қонға тiкелей байланысты. Халықтың көшi-
қоны – адамдардың бiр аудандардан екiншi аудандарға тұру үшiн қоныс
аударуы. Көшi-қон – адамдардың тек қана механикалық қозғалысы емес. Бұл
күрделi қоғамдық процесс. Ол бүкiл халықтың және елдiң өмiрiнiң күптеген
жақтарын қамтиды: табиғи қозғалыс пен жас-жыныстың құрылымға, халықтың
ұлттық және дiндiк құрамына, еңбек қорлары мен әлеуметтiк-экономикалық
дамуына әсерiн тигiзедi.

3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ

1. Қазақстандағы көші-қонның жалпы сипаттамасы

Халық миграциясы (латынның migratio – қоныс аудару) – бұл адамдардың
тұрақты немесе уақытша тұрғын орнын ауыстырып қандай да бір территория
шекарасынан өтуін айтамыз. Кейде оларды бейнелеу үшін халықтың механикалық
қозғалысы деген термин қолданылады. Мигранттардың қандай шекараны кесіп
өтуіне байланысты – ішкі және сыртқы болып екі үлкен типке бөлінеді.
Сонымен қатар қандай да бір мемлекеттерден бағытталатын миграциялық
ағындарды – эмиграция, ал мемлекетке бағытталған ағынды сипаттау үшін –
иммиграция деген терминдер қолданылады. Олардың көбінде тек қана қоныс
аудару формалары ғана ескеріліп, миграция себептері мен олардың әлеуметтік
демографиялық сипаттары ескерусіз қалып жатады. Уақыт критериіне байланысты
тұрақты және уақытша деп бөлінеді. Тұрақты (қайтымсыз) миграция басқа
мемлекеттер жаңа тұрақты қоныстану, әдетте азаматтықты ауыстырумен қатар
жүреді. Уақытша миграция ішінде көп тарағандар, маусымдық (бір жыл ішінде),
қысқа мерзімге басқа мемлекетке шығумен байланысты – жұмысқа, оқуға,
емделуге және т.б. Халықаралық туризм жайлы айтсақ, ол жөнінен екі көзқарас
қалыптасқан: олардың біреуіне сәйкес, мұндай адамдардың қозғалысы миграция
категориясына жатпайды, ал екіншісіне байланысты эпизодикалық миграцияның
ерекше түрі болып табылады. Кейде ауыспалы, уақытша – тұрақты, миграция
болуы да мүмкін – 1 жылдан 6 жылға дейін. Бұрын әлемде тұрақты миграция
толықтай доминант болып келсе, соңғы жылдарда адамдардың уақытша қоныс
аударуы да өте кең қолданыс тапты. Ал ерікті – мәжбүрлі миграцияға қазіргі
кезге тән болып кеткен көшіп-қонуға тиісті миграцияны жатқызамыз. Азаматтық
немесе әскери-әкімшілік бекітулерден туған мәжбүрлік болады. Және де
адамдар душар болған ішкі жағдайларға байланысты, яғни, табиғат апаттары,
техногендік авариялар мен катастрофалар, саяси құрылыстың өзгерісі, адам
құқығының бұзылуы сияқты мәжбүрліктен туындаған миграция болады. Бүгінгі
күнде көшіп – қонған адамдар, қашқындар, реэмигранттар барлық мигранттардың
айтарлықтай бөлігін алып жатыр [15].
Елiмiздiң тарихында 10 жалпы халық санағы жүргiзiлдi: бүкiлресейлiк
(1897 ж.) 8 кеңестiк (1920, 1926, 1937, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989 жж.)
және қазақстандық ұлттық санақ (1999 ж.). Елiмiздiң тарихында ерiксiз көшi-
қон ерекше орын алады: сталиндiк репрессия кезiнде адамдар күштеп
көшiрiлiп, тұтас халықтар өз туған жерлерiнен қуылды. Тек қана 1937-1944
жылдар аралығында Қазақстанға депортацияға ұшыраған 1 миллиондай адам
келдi, олар көбiнесе немiстер, шешендер, ингуштар, балгарлар, поляктар мен
кәрiстер болды. Қазақстан аумағында бiрнеше рет жаппай көшi-қон жүрдi. Ол
сан мыңдаған адамдарды қамтыды.Бiздiң дәуiрiмiздiң басындағы “халықтардың
ұлы қоныс аударуы” уақытында, араб жаулаушылары кезiнде, моңғолдар мен
жоңғар шапқыншылығы жылдарында болды. Ал жаппай уақытша көшi-қон көшпендi
өмiр салтының құрамдас бөлiгi едi. Қазақстанның Ресейге қосылуы да халқының
iрi қоныс аударуына себеп болды. Ал кеңес уақытында ол Ұлы Отан соғысымен,
сталиндiк репрессиямен және тың игерумен байланысты болды. Кеңес Одағы
тарағаннан кейiн көшi-қон күшейе түстi. Тәуелсiздiк жылдары барысында көшi-
қонның масштабы, бағыты және нәтижелерi өзгердi. Қазiргi уақытта ол
халықтың динамикасына қарағанда, оның ел iшiндегi аумақтық таралуына көп
әсер етедi. Бүгінгі таңда Қазақстанның миграциялық жағдайы өзгеріп келеді.
Тұрақты көшi-қон шамасы, iшкi және сыртқы миграция көрсеткіштері кемiп
келедi. 2004 ж. Мигранттар саны 1990 жылға қарағанда 2 есеге аз. Iшкi көшi-
қон үлесi өстi. Қазiргi кезде қоныс аударудың жалпы санының 34 бөлiгi
елдiң өз аумағында жүредi. Көшi-қон арасында жұмысқа қабiлеттi адамдар саны
басым. Ер адамға қарағанда әйел адамдар арасынан қоныс аударушылар көп.
Сыртқы көшi-қон механикалық өсiммен ауысты. Уақытша сыртқы көшi-қон ағыны
өсуде. Олар демалысқа барумен, бiлiм алумен, iскерлiк және жеке сапарлармен
байланысты. Iшкi көшi-қон әр алуан. Ауылды жерден қалаға қоныс аударушылар
тұрақты түрде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні
Миграцияның Қазақстан Республикасының әлеуметтік-демографиялық және этномәдени қауіпсіздігіне ықпалы
Демография және әлеуметтану
Қазақстан Республикасының демографиялық саясаты
Миграциялық процестерді мемлекеттік реттеу: жағдайы, мәселелері және басымдылықтары
Миграциялық саясатты зерттеудің теориялық-әдістемелік аспектілері
«Қазақстанның демографиялық жағдайының математикалық моделі»
Қазіргі көші - қон процестерінің мәселелері
Халықаралық миграция туралы статистикалық есепті ұйымдастыру
Әлеуметтік - демографиялық ахуалды зерттеу
Пәндер