Кәсіпорын қызметіндегі табыстың маңызы және функциялары



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 5

І. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ТАБЫСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
8
1.1. Қаржылық нәтижелерді талдаудың мазмұны және міндеттері 8
1.2. Кәсіпорын қызметіндегі табыстың маңызы және функциялары 12
1.3. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелері және оның негізгі көрсеткіштері
17

ІІ. «RG BRANDS» АҚ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫН ТАЛДАУ
21
2.1. «RG Brands» АҚ экономикалық қызметінің сипаттамасы 21
2.2. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау 27
2.3. Кәсіпорынның табысын бөлуді және пайдалануды талдау 34

ІІІ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАҚСАРТУ
ЖӘНЕ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
39
3.1. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін қамтамасыз ету мәселелері
39
3.2. Кәсіпорынның табысын арттырудың негізгі жолдары 41

ҚОРЫТЫНДЫ 46

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 51

ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ

Қазақстанда нарықтық қатынастардың дамуы және осымен байланысты түрлі меншік негізінде көп қырлы қалыптасу процесі, нарықтық инфрақұрылымның және оның шаруашылық механизмінің қалыптасуы және дамуы кәсіпорындардың экономикалық, ақпараттық және құқықтық ортасын түпкілікті өзгертіп жіберді. Бұл өзгерістер кәсіпорындардың қызметінің барлық жақтарына әсерін тигізді.
Кәсіпорындар шаруашылықты жүргізуде және басқаруда дербестілік, ресурстармен және еңбек нәтижелерімен пайдалану құқығына ие болды және өздерінің шешімдері мен әрекеттері үшін толық экономикалық жауапкершілік тартады. Мұндай жағдайларда кәсіпорындардың игілік жағдайы және коммерциялық табысы толығымен оның қызметінің тиімділігіне байланысты болады.
Нарықтық қатынастар және бәсекелестік орта кәсіпорындардан ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін қолдану, шаруашылықтың тиімді формаларын жүргізу және кәсіпкерлік белсенділікті арттыру арқылы өндірістің тиімділігін, өнімнің және қызметтердің бәсекелестік қабілетін арттыруды қажет етеді.
Бұл міндеттерді жүзеге асыруда маңызды рольді кәсіпорындардың шаруашылық қызметін талдау атқарады. Оның көмегімен кәсіпорынның даму стратегиясы мен тактикасы қалыптасады, жоспарлар мен басқарушылық шешімдер негізделеді, олардың орындалуын бақылау жүргізіледі, өндірістің тиімділігін арттырудың резервтері анықталады, кәсіпорын қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижелері, оның құрылымдық бөлімшелерінің және жұмысшыларының тиімділігі бағаланады. Білікті экономист, қаржыгер, бухгалтер, аудитор нарықтық қатынастар жағдайында тек экономикалық дамудың заңдылықтарын және тенденцияларын біліп қана қоймай, сонымен қатар өзінің кәсіпорнында спецификалық және жеке экономикалық заңдылықтардың пайда болуын көре білуі, өндірістің тиімділігін арттыру тенденциялары мен мүмкіндіктерін көре білуі тиіс. Ол экономикалық зерттеуді қазіргі заманғы әдістерін, жүйелік, кешенді экономикалық талдаудың әдістемелерін, қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелерін тура, уақытылы, жан-жақты талдау шеберлігін игеруі қажет.
Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің түпкі нәтижесі табыс болып табылады.
Табыс – нарықтық қатынастардың маңызды категориясы, ол негізгі үш функцияны атқарады:
кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерін сипаттайтын экономикалық көрсеткіш;
табысты бөлу және пайдалану барысында көрініс табатын ынталандыру функциясы;
кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздерінің бірі.
Табыс – айналым қаражаттарының өсуін қаржыландырудың, өндірісті жаңартудың және кеңейтудің, кәсіпорынның әлеуметтік дамуының негізгі көзі, сонымен қатар түрлі деңгейдегі бюджеттердің табыс бөлігін қалыптастырудың маңызды көзі болып табылады.
Нарықтық экономикада кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты табыс алу, бизнестің қатысушыларының кәсіпкерлік қызметтің қаржылық нәтижелеріне деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Осыған байланысты табысты барынша арттыру кәсіпорынның ең бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Өндірістік қызмет барысында табыстың мөлшеріне субъективті сипаттағы факторлар және объектінің шаруашылық қызметіне тәуелді емес объективті факторлар әсер етеді.
Субъективті факторлар: кәсіпкерлік қызметті басқарудың ұйымдастырушылық-техникалық деңгейі, өндірілетін өнімнің бәсекелстік қабілеті, еңбек өнімділігінің деңгейі, өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындар, дайын өнімнің бағасы.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Балабанов И.Т., «Основы финансового менеджмента», Москва – 2001
2. Ван Хорн Джеймс К., «Основы управления финансами», Москва – 2001
3. Шеремет А.Д., «Теория экономического анализа», Москва – 2003
4. Кодацкий В.А. Затраты и прибыль // Экономист. – 2003. - №7
5. Ковалев В.В. Финансовый анализ: управление капиталом, выбор инвестиций, анализ отчетности. Москва, 2000.
6. Кравченко Л.И. Анализ финансового состояния предприятия. Минск, 2001.
7. Стандарт бухгалтерского учета №5 „Доход”
8. Қазақстан Республикасының 1995-жылдың 26-желтоқсанындағы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» №2732 Заңы
9. Нуреев Р. М., Курс микроэкрнрмики. – М. 2001.
10. Кусаинов К. Финансовый анализ состояния предприятия в условиях рыночных отношений. Алматы – 2001.
11. Мейірбеков А.Қ., «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2003
12. Ковалева А.М., «Финансы фирмы», Москва – 2002
13. Бочаров В.В., «Корпоративные финансы», Санкт-Петербург – 2002
14. Калистова Ю. Прибыль и доход как возможные объекты налогообложения // Консультант директора.-2001.-№8
15. Үмбетәлиев А., «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік», Алматы – 2000
16. Ковалев В.В., «Финансовый менеджмент», Москва – 2002
17. Ибришев Н.Н., «Корпоративное финансирование», Алматы – 2005
18. Букаев Г. И. Налог на прибыль // Главная книга. – М. 2002.- №1
19. Өсербайұлы А., «Корпоративтік қаржы», Алматы - 2005
20. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. Минск, 2002.
21. «RG Brands» АҚ Жарғысы
22. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, 1994 жылдың 12 желтоқсаны
23. Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 13 маусымындағы №415-ІІ «Акционерлік қоғамдару туралы» Заңы
24. «RG Brands» АҚ қаржылық есебіне қосымша
25. «RG Brands» АҚ 2005-2006 жылдардағы бухгалтерлік балансы
26. «RG Brands» АҚ 2005-2006 жылдардағы табыстар мен шығындар туралы есебі
27. «RG Brands» АҚ 2005-2006 жылдардағы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі
28. Сергеев И. В. Экономика предприятия //.Экономист – М. 2004.-№4
29. Жуйриков К.К., Раимов С.С., Танирбергенова Г.Б. Финансовый анализ предприятия. Алматы, 2003.
30. Уткин Э.А., «Финансовое управление», Москва – 2003
31. Дүйсенбаев К.Ш., «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау», Алматы – 2001
32. Малич В.А. Анализ финансовой деятельности предприятия. Москва, 2001.
33. Стоянова Е.С., «Финансовый менеджмент», Москва – 2003
34. Жуйриков К.К. «Финансы предприятия в условиях рынка». А., 2002.
35. Скворцов О.В. Влияние переоценки основных средств на налоги на прибыль и имущество предприятия // Финансы. – 2007.- № 4
36. Ковалев В.В. Анализ средств предприятия и их использования // Бухгалтерский учет. – 2000. - №10
37. Шим Джей К., «Финансовый менеджмент», Москва – 2002.
38. Методы экономического Управления предприятием: под ред. Большакова – Сыктывкар, 2001.
39. Колчина Н.В., Поляк Г.Б., «Финансы предприятий», Москва – 2003
40. Радостовец В.К. Бухгалтерский учет на предприятии. Алматы, 2002г.
41. Липатова И.В. Анализ доходности предприятия // Финансы –2003.- №12
42. «Выбор оптимальной стратегии фирмы», Банки Казахстана, 2005, №2

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 5
І. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ТАБЫСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
МАЗМҰНЫ 8
1.1.Қаржылық нәтижелерді талдаудың мазмұны және міндеттері 8
1.2.Кәсіпорын қызметіндегі табыстың маңызы және функциялары 12
1.3.Кәсіпорынның қаржылық нәтижелері және оның негізгі көрсеткіштері
17

ІІ. RG BRANDS АҚ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ЖӘНЕ
ҚОЛДАНЫЛУЫН ТАЛДАУ 21
2.1.RG Brands АҚ экономикалық қызметінің сипаттамасы 21
2.2.Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау 27
2.3.Кәсіпорынның табысын бөлуді және пайдалануды талдау 34

ІІІ.КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАҚСАРТУ
ЖӘНЕ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ 39
3.1.Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін қамтамасыз ету мәселелері 39
3.2.Кәсіпорынның табысын арттырудың негізгі жолдары 41

ҚОРЫТЫНДЫ 46

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 51

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Қазақстанда нарықтық қатынастардың дамуы және осымен байланысты түрлі
меншік негізінде көп қырлы қалыптасу процесі, нарықтық инфрақұрылымның және
оның шаруашылық механизмінің қалыптасуы және дамуы кәсіпорындардың
экономикалық, ақпараттық және құқықтық ортасын түпкілікті өзгертіп жіберді.
Бұл өзгерістер кәсіпорындардың қызметінің барлық жақтарына әсерін тигізді.
Кәсіпорындар шаруашылықты жүргізуде және басқаруда дербестілік,
ресурстармен және еңбек нәтижелерімен пайдалану құқығына ие болды және
өздерінің шешімдері мен әрекеттері үшін толық экономикалық жауапкершілік
тартады. Мұндай жағдайларда кәсіпорындардың игілік жағдайы және
коммерциялық табысы толығымен оның қызметінің тиімділігіне байланысты
болады.
Нарықтық қатынастар және бәсекелестік орта кәсіпорындардан ғылыми-
техникалық прогрестің жетістіктерін қолдану, шаруашылықтың тиімді
формаларын жүргізу және кәсіпкерлік белсенділікті арттыру арқылы өндірістің
тиімділігін, өнімнің және қызметтердің бәсекелестік қабілетін арттыруды
қажет етеді.
Бұл міндеттерді жүзеге асыруда маңызды рольді кәсіпорындардың
шаруашылық қызметін талдау атқарады. Оның көмегімен кәсіпорынның даму
стратегиясы мен тактикасы қалыптасады, жоспарлар мен басқарушылық шешімдер
негізделеді, олардың орындалуын бақылау жүргізіледі, өндірістің тиімділігін
арттырудың резервтері анықталады, кәсіпорын қызметінің қаржылық-шаруашылық
нәтижелері, оның құрылымдық бөлімшелерінің және жұмысшыларының тиімділігі
бағаланады. Білікті экономист, қаржыгер, бухгалтер, аудитор нарықтық
қатынастар жағдайында тек экономикалық дамудың заңдылықтарын және
тенденцияларын біліп қана қоймай, сонымен қатар өзінің кәсіпорнында
спецификалық және жеке экономикалық заңдылықтардың пайда болуын көре білуі,
өндірістің тиімділігін арттыру тенденциялары мен мүмкіндіктерін көре білуі
тиіс. Ол экономикалық зерттеуді қазіргі заманғы әдістерін, жүйелік, кешенді
экономикалық талдаудың әдістемелерін, қаржылық-шаруашылық қызметтің
нәтижелерін тура, уақытылы, жан-жақты талдау шеберлігін игеруі қажет.
Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің түпкі нәтижесі табыс болып
табылады.
Табыс – нарықтық қатынастардың маңызды категориясы, ол негізгі үш
функцияны атқарады:
кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерін сипаттайтын
экономикалық көрсеткіш;
табысты бөлу және пайдалану барысында көрініс табатын ынталандыру
функциясы;
кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздерінің
бірі.
Табыс – айналым қаражаттарының өсуін қаржыландырудың, өндірісті
жаңартудың және кеңейтудің, кәсіпорынның әлеуметтік дамуының негізгі көзі,
сонымен қатар түрлі деңгейдегі бюджеттердің табыс бөлігін қалыптастырудың
маңызды көзі болып табылады.
Нарықтық экономикада кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты табыс алу,
бизнестің қатысушыларының кәсіпкерлік қызметтің қаржылық нәтижелеріне деген
қызығушылығын арттыру болып табылады. Осыған байланысты табысты барынша
арттыру кәсіпорынның ең бірінші кезектегі міндеті болып табылады.
Өндірістік қызмет барысында табыстың мөлшеріне субъективті сипаттағы
факторлар және объектінің шаруашылық қызметіне тәуелді емес объективті
факторлар әсер етеді.
Субъективті факторлар: кәсіпкерлік қызметті басқарудың
ұйымдастырушылық-техникалық деңгейі, өндірілетін өнімнің бәсекелстік
қабілеті, еңбек өнімділігінің деңгейі, өнімді өндіруге және өткізуге кеткен
шығындар, дайын өнімнің бағасы.
Объективті факторлар: тұтынылатын материалдардың және энергетикалық
ресурстардың бағаларының деңгейі, амортизациялық аударымдардың нормасы,
нарықтық конъюнктура.
Бұл дипломдық жұмыста біз кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін және
табысты пайдалануды мүмкін болғанша толық әрі жан-жақты қарастыруға
тырысамыз. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып аталған тақырыптың өте
қызықты да өзекті екенін байқауға болады.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін
талдау арқылы табысты және рентабельділікті арттырудың резервтерін анықтау
және қаржылық-шаруашылық қызметті, яғни қаржылық нәтижелерді жақсартуға
бағытталған шараларды ұсыну болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей сұрақтарға жауап
беру қажет:
кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдаудың теориялық аспектілерін, ал
дәлірек айтар болсақ талдаудың міндеттерін, тәртібін және әдістемесін
сипаттау;
сипатталған талдау әдістемесін практика жүзінде көрсету, яғни RG Brands
Акционерлік қоғамының қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері негізінде
талдау жұмыстарын жүргізу;
жүргізілген талдаудың нәтижелеріне сүйене отырып табысты және
рентабельділікті арттырудың, өндірістік шығындарды қысқартудың қолда бар
резервтерін анықтау, анықталған резервтерді қолдануға бағытталған
шаралардың кешенін ұсыну.
Аталған міндеттердің кезегі дипломдық жұмыстың құрылымына толықтай
жауап береді.
Аталған жұмысты орындау үшін отандық және шет елдік авторлардың
еңбектері қолданылады.

І. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ТАБЫСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

1.1. Қаржылық нәтижелерді талдаудың мазмұны және міндеттері

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық
нәтижелерін талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие
болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық
серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-
кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен
байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық нәтижелеріне көптеген факторлар әсер етеді,
оларды келесідей түрлерге бөліп көрсетуге болады:
1) пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;
2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты - негізгі және негізгі емес;
3) құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;
4) әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты
болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы
ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен
көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты
және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз
байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі -
активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару
стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару
кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының
ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы
ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактика-
сының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде
таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны
орналастыру құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте
маңызды болып табылады.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының
әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлем қабілеті бар
сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие
саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы
экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады. 1
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз
контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып
алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер
етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу –
жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине,
акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивидендтерді
ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық
тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да
кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.
Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен
алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта - облигация құнын толық
өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық
кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып несие
алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру
туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық
жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айтқанда,
кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма,
жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда - қандай пайызбен және қанша
мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады. 2
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары
кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы
органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын
қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті
төлемдерді уақытылы және толық төлей алады.
Осылайша, белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қаржылық шаруашылық
қызметінің нәтижелері оның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-
қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның
серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық
мүдделері қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды. Кәсіпорынның
қызметінің қаржылық нәтижелерін объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы
тәсілі, бұл - талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның
шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және
осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеу мен кәсіпорынның өзінің
өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін
атқарады.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың
қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау,
өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және
қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы
қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдыц көлемі мен құрамына
өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі
түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға,
меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың
рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында
қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің
қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен
өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның
өндірістік-сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын
төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала
қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге
сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық
ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім
сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша
қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның
төлем қабілеті төмендейді. Кері байланыс та болады, ол ақша қаражаттарының
болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс
процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін. 3
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады.
Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін
сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз
жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының
өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың
мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы
қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық
ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста
талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорынның өзіндік
қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында
елеулі көрініс табады. 4
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі
қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның
төлем қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін
және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелері алынған табыстың сомасымен
және рентабельділік деңгейімен анықталады. Кәсіпорындар табысты негізінен
өндірілген тауарларды, қызметтерді, жұмыстарды өткізуден, сонымен қатар
басқа да қызмет түрлерінен алады (негізгі құралдарды арендаға беру, қаржы
нарықтарындағы және валюта биржаларындағы коммерциялық қызмет және т.б.).
Өнімді өткізу көлемі мен табыстың мөлшері, рентабельділік деңгейі
кәсіпорынның өндірістік, жабдықтауыш, маркетингтік және қаржылық
қызметтеріне тәуелді болады, басқаша айтсақ, бұл көрсеткіштер шаруашылықтың
барлық жақтарын сипаттайды.
Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау міндетті элементтер
ретінде мыналарды қамтиды: біріншіден, табыстың әрбір көрсеткіші бойынша
талдау кезеңіндегі өзгерістерді бағалау (яғни көлденең талдау);
екіншіден, табыс көрсеткіштерінің құрылымын және оның құрылымындағы
өзгерістерді бағалау (көрсеткіштерді тікелей талдау); үшіншіден, бірнеше
кезеңдер бойынша табыс көрсеткіштерінің өзгеру динамикасын зерттеу (яғни,
көрсеткіштерді трендтік талдау); төртіншіден, табыс көрсеткіштерінің
өзгерістерінің факторларын және себептерін анықтау және оларды сандық және
сапалық тұрғыдан бағалау. 5
Қаржылық нәтижелерді талдаудың негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
табыстылықтың деңгейін және оның көрсеткіштерінің динамикасын бағалау;
өнімді (қызметтерді, жұмыстарды) өткізуден түскен табысты факторлық талдау;

негізгі емес қызметтің қаржылық нәтижелерін талдау;
таза табысты пайдалануды талдау және бағалау;
өндірістік шығындардың, өндіріс көлемінің және табыстың өзара байланысын
талдау;
өнімді өткізу бойынша жоспардың орындалуын және жоспарлы табысқа қол
жеткізуді жүйелі түрде бақылау;
қаржылық нәтижелерге объективті және субъективті факторлардың әсерін
анықтау;
табыстың сомасын және рентабельділікті арттырудың резервтерін анықтау;
кәсіпорынның табысты және рентабельділікті арттыру мүмкіндіктерін қолдану
бойынша жұмыстарын бағалау;
анықталған нәтижелерді қолдану бойынша шараларды дайындау. 6
Шаруашылық субъектісінің қызметінің қаржылық нәтижесі туралы есеп
бухгалтерлік есептің №3 "Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы
есеп" стандартымен анықталады. Онда заңды тұлғаларды рет-ретімен құру және
ұсыну мақсатында қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі есептің
баптарын жіктеу және есепке алудың тәртібі көрсетіледі, бұл өз кезегінде
заңды тұлғаның әр мезгілдегі есептік кезеңдердегі қаржылық есебі мен түрлі
заңды тұлғалардың қаржы есептерін салыстыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ стандарт, негізгі қызметтен алынған табыс пен шығынды,
төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан болатын табыс пен
зиянды, сондай-ақ есеп кезіндегі есептік бағаның, есеп саясатының
өзгеруінен және қаржылық есептегі елеулі қателерді түзетуден болатын әр
түрлі табыс және шығындарды ашудың тәртібін анықтайды. 7
Табыстар мен шығындар баптарының арасын ажырату да субъектінің
жұмысының нәтижесін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл бөлімдерге әр түрлі
баптар жатады. Мысалы, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі
туралы есеп жалпы табысты, салық салынғанға дейін және салық салынғаннан
кейінгі негізгі қызметтен алынған табысты және таза табысты көрсетуі
мүмкін.
Осылайша кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы
есеп, қаржылық есептің қалған екі элементі туралы - яғни табыс пен шығындар
туралы мәліметтерден тұрады. ҚР Президентінің 1995 жылы 26 желтоқсандағы
№2732 "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар Жарлығында, сондай-ақ ҚР-ның
Ұлттық комиссиясының қаулысымен бекітілген бухгалтерлік есеп бойынша 1996
жылы 12 қарашада №2 қаржылық есепті дайындау және тапсыруға қажетті
Концептуалдық негізінде айтылғандай, бұл элементтер субъектінің қаржылық
көрсеткіштерін өлшеумен тікелей байланысты. Табыстар активтердің көбеюін
немесе міндеттемелердің азаюын көрсетеді, ал шығындар - активтердің азаюын
немесе есепті кезеңдегі міндеттемелердің көбеюін көрсетеді. 8

1.2. Кәсіпорын қызметіндегі табыстың маңызы және функциялары

Табыс нарықтық экономиканың аса маңызды категорияларының бірі болып
табылады. Табысты ұғымының бірнеше анықтамасы бар. Мысалға, К.Маркс табысты
қосылған құнның модификацияланған, көрінбейтін мәні ретінде қарастырады.
Капитал еңбегінің авторы қосылған құнның көзі ретінде қолданылған, бірақ
төленбеген жалдамалы жұмысшылардың еңбек күшін қарастырады. Қазіргі таңдағы
экономикалық тұжырымдар табысты, яғни еңбекті, жерді және капиталды
қолданудан түскен табыс ретінде қарастырады.
Табысты қолданылған және төленбеген жалдамалы еңбек күшінің нәтижесі
деген көзқарастан бас тарта отырып, оған мынадай анықтамалар беруге болады.
Біріншіден, табыс – бұл экономикалық жаңалықтар үшін, фирманы басқара білу
дарыны үшін төлем. Екіншіден – кәсіпкерлік қызмет үшін төлем болып
табылады. Үшіншіден – тәуекел үшін, кәсіпкерлік қызметтің нәтижелерінің
анықталмағандығы үшін төлем болып табылады. Тәуекел қандай-да бір
басқарушылық, ғылыми-техникалық немесе әлеуметтік шешімдерді таңдаумен,
табиғи-климаттық жағдайлардың қандай да бір нұсқаларымен байланысты болуы
мүмкін. Тәуекел адам көріп білмейтін оқиғалармен – табиғи апаттармен,
ұлтаралық және мемлекетаралық қақтығыстармен және басқалармен байланысты
болуы мүмкін.
Микроэкономикада табыс өндірілген өнімді өткізуден түскен қаражаттар
мен жалпы шығындардың айырмасы, табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде
анықталады. 9
Табыс қолайлы, бухгалтерлік, экономикалық (таза) болуы мүмкін. Қолайлы
табыс (нольдік экономикалық табыс) – кәсіпкерлік қабілетті қолданудың
альтернативті құны болып табылады. Фирма тек қана қолайлы табыс алған
жағдайда, оның барлық кірістері кәсіпорынның барлық шығындарын жабуға ғана
жұмсалатын болады. Бухгалтерлік табыс кәсіпорынның сыртқы шығындарын
шегеріп тастағандағы табысы болып табылады. Экономикалық табыс – бұл барлық
шығындарды шегеріп тастағанда қалатын таза табыс болып табылады.
Маңызды категория және кез-келген коммерциялық ұйымның негізгі мақсаты
бола отырып, табыс материалдық өндіріс саласында құрылған таза табысты
көрсетеді және бірқатар функцияларды орындайды.
Біріншіден, табыс кәсіпорынның шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған
экономикалық әсерді сипаттайды. Кәсіпорын деңгейінде табыс табу
кәсіпорынның барлық кірістері оның қызметімен байланысты барлық шығындардан
жоғары болады дегенді білдіреді.
Екіншіден, табыс ынталандырушы функцияны атқарады. Бұл табыстың тек
қаржылық нәтиже ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның қаржы ресурстарының
негізгі элементі болып табылатынымен байланысты. Сол себепті кәсіпорын
әрқашан да барынша жоғары табыс алуға ынталанады, өйткені ол өндірістік
қызметті кеңейтудің, кәсіпорынның ғылыми-техникалық және әлеуметтік
дамуының негізі болып табылады.
Үшіншіден, табыс түрлі деңгейдегі бюджеттердің кірістерін
қалыптастырудың маңызды көздерінің бірі болып табылады.
Кәсіпорында табыс өндірілген өнімді өткізудің нәтижесінде қалыптасады.
Оның мөлшері өндірілген өнімді сатудан түскен табыс пен оны өндіруге және
өткізуге кеткен барлық шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Алынатын
табыстың жалпы массасы, біріншіден, сталым көлемінен және өнімнің
бағаларының деңгейінен, екіншіден - өндірістік шығындардың қоғамдық қажетті
шығындарға қаншалықты сәйкес келуінен тәуелді болып келеді. 10
Табыстың экономикалық мәні бүгінгі экономикалық теорияның ең бір
күрделі және әрқилы ұғымдарының бірі болып табылады. Экономикалық көзқарас
бойынша табыс дегеніміз – бұл ақша шығыстары мен кірістерінің айырмасы
болып табылады. Шаруашылық тұрғыдан қарастыратын болсақ, табыс – бұл
кәсіпорынның есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының
айырмасы болып табылады. Бұл жерде табыс ұғымы кәсіпорынның өзінің қаржылық-
шаруашылық қызметінен алатын алуан түрлі табыстарының шығындар көлемінен
басым болатын жағдайын білдіреді.
Бүкіләлемдік банктің бухгалтерлік есеп, қаржылық есеп беру және аудит
бойынша әдістемелік нұсқаулығында табыс ұғымы келесідей түрде анықталады.
Табыс дегеніміз – қаржының келуі немесе активтердің құнының өсуі, не
болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың
ұлғаюы болып табылады; бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа
жағдайдағы капиталдың өсуіне алып келеді.
Ықшамдалған түрде бұл ұғым 1995-жылдың 26-желтоқсанында Қазақстан
Республикасы Президентінің заңдық күші бар Бухгалтерлік есеп және қаржылық
есеп беру туралы №2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабы былай
дейді: Табыстар – бұл есепті кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе
міндеттемелердің азаюы болып табылады. 8
Табыс кәсіпорынның кәсіпорындардың шаруашылық-қаржылық қызметінің
нәтижесі болып табылады. Табыс – өндіріс тиімділігін, өндірілген өнімнің
көлемі мен сапасын, еңбек өнімділігінің жағдайын, өзіндік құнның деңгейін,
өндірістік активтердің тиімді қолданылуын нақты сипаттайтын маңызды
көрсеткіш. Сонымен қатар, табыс өндірісті дамытуға және ресурстарды тиімді
қолдануға ынталандырушы қызмет атқарады.
Табыс кәсіпорынның шаруашылық қызметін бағалаудың және жоспарлаудың ең
маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Табыс арқылы кәсіпорынның
ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық даму шаралары
қаржыландырылады, еңбекақы қорлары ұлғайтылады. Табыс тек кәсіпорындардың
ішкі мұқтаждықтарын қанағаттандырып қана қоймай, соымен қатар мемлекеттік
бюджеттің, бюджеттен тыс қорлардың және қайырымдылық қорларының қаражат
көзі болып табылады.
Дегенмен де, кәсіпкерлік қызметтің қаржылық көрсеткіші ретінде
табыстың жетекші ролі табыстың бірегейлігін және әмбебаптығын білдірмейді.
Табыстың ынталандырушы қызметін зерттеу нәтижелері мынаны көрсетеді:
жекелеген кәсіпорындарда жұмысшылардың еңбекке ынтасын арттыру үшін,
еңбекақы қорын ұлғайту мақсатында табыс алу кәсіпорынның өндірістік және
ұжымдық-әлеуметтік дамуына нұқсан келтіреді. Сонымен қатар, таза
кәсіпкерлік жолмен алынбаған табыстардың алыну деректері де кездеседі,
яғни кәсіпорындар шаруашылық қызметтің тиімділігін арттыру арқылы емес,
мысалға, өндірілген өнімнің құрылымын өзгерту арқылы, табыс табуға құлық
білдіреді. Нарықта үлкен сұранысқа ие болып тұрған, алайда рентабельділігі
төмен өнімдерді шығарудың орнына кәсіпорындар өздеріне барынша тиімді және
барынша рентабельді өндіріп сатуға ұмтылады. Көптеген жағдайларда табыс
өнімнің шектен тыс жоғары бағасын орнату арқылы алынады. 11
Кез-келген жолмен үлкен табыстарға қол жеткізуге ұмтылудың нәтижесінде
экономикада тауарлық ресурстармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының
артуына алып келеді. Осының салдарынан бағалар әрі қарай өсе береді,
инфляция етек алады, сәйкесінше, қосымша ақша эмиссиясы орын алады.
Табысты арттырудың негізгі жолы - өнімнің бағасын арттыру. Осылайша,
табыстың абсолюттік шамасының өсуі барлық кезде өндіріс тиімділігінің
артуының куәсі бола бермейді.
Экономикалық әдебиеттерде табыс ұғымымен кәсіпорынның табыстылық
(рентабельділік) ұғымы қосарлана қарастырылады. Кәсіпорынның табыстылығы
мен рентабельділігі кейбір ғалымдармен бөлек қарастырылады, яғни олар
табыстылық пен рентабельділіктің арасында бірқатар айырмашылықтарды атап
көрсетеді. Атап айтсақ, кәсіпорынның табыстылығы тек оның өнімді өндіруден
және сатудан алынған қаржылық нәтижесімен сипатталса, рентабельділік
көрсеткіштері оның барлық салықтарды және басқа да бірінші кезектегі
төлемдерін атқарғаннан кейін қолында қалатын таза табысының деңгейімен
сипатталады. Дәлірек айтар болсақ, табыстылық – бұл кәсіпорын
табыстылығының абсолютті көрсеткіштерімен, ал рентабельділік –
табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерімен сипатталады. 12
Осылайша, кәсіпорынның табыстылығы мен рентабельділігі ұғымдары
ғалымдардың осы экономикалық категорияларға деген көзқарастарының
субъективтілігінен туындайды. Дегенмен де, түптеп келгенде, аталған
көрсеткіштерді бір арнаға түйістіруге тура келеді, өйткені аталған
көрсеткіштердің екеуі де шаруашылық етуші субъектінің өндірістік
активтерінің, қаржы ресурстарының, еңбек ресурстарының, шығындар
құрылымының көрсеткіштерінің көмегімен есептеледі.
Рентабельділік өндіріс тиімділігін және корпорацияның табыстылығын
анықтайтын көрсеткіштердің бірі болып табылады. Сондықтан кез келген
корпорацияның есепті кезеңі аяқталғанда шаруашылық нәтижесі бағаланады.
Осыған байланысты корпорацияның шаруашылық қызметіне жан-жақты баға беру
мақсатында, есеп жүргізу мен есеп беру мәліметтері негізінде әр түрлі
сандық және сапалық көрсеткіштер жүйесі анықталады.
Кәсіпорынның табыстылығы (рентабельділігі) дегеніміз – бұл
кәсіпорынның барлық өндірістік шығындарды жұмсағаннан кейін және барлық
салықтар мен міндеттемелерді өтегеннен кейін оның қолында қалатын қаржы
ресурстарымен қамтамасыз етілгендігі болып табылады. Рентабельділік
кәсіпорынның өндіріске салынған жалпы капиталының әрбір теңгесінен қанша
табыс алатынын көрсетеді. Рентабельділікті бағалау мақсаттарына қарай
өндірістік негізгі қорлардың, айналым капиталының, еңбек ресурстарының және
басқа да көрсеткіштердің рентабельділік деңгейін анықтауға болады. 13
Пайданың абсолютті шамасы кәсіпорынның тиімділігін көрсете алмайды.
Кәсіпорын табысты болса да ол тиімді қызмет етпеуі мүмкін. Бұл жағдай
табыстылық деңгейінің жоғарылауына экстенсивті факторлар әсер етсе, яғни
сандық факторлар: мысалы, жұмысшылыр санының, құрал-жабдықтар паркінің
артуы кезінде байқалады. Жұмысшылар саны артып, ал олардың өнімділік
деңгейі сол қалпында қалса немесе төмендесе, онда кәсіпорын тиімді қызмет
етті деп санауға болмайды. Кез келген кәсіпорын өндірістік және шаруашылық
қызметін өздігінен табыстылық және өзін-өзі өтеу қағидалары негізінде
ұйымдастырады. Жақсы қызмет ететін кәсіпорындарда өзін-өзі қаржыландыру
кезеңі келеді. Кәсіпорынның өнімді өндіру және оны өткізу процесінде
белгілі бір шығындарға ұшырайды. Бұл шығындар аталған кәсіпорынның өндіру
шығындары немесе жеке шығындары деп танылады. Бірақ кәсіпорындар бойынша әр
өнімнің шығындары өнімнің бағасын білдіретін қоғамдық қажетті шығыстар
болып саналатын сала бойынша есептелген орташа шығындардан ауытқуы мүмкін.
Осы себептен табыстың және оның қатысты өлшемі рентабельділіктің
деңгейлерін анықтайды. Кәсіпорын рентабелділігінің және табыстылығының
деңгейіне ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Сыртқы факторларға ұжымның
жұмысына тәуелсіз яғни шикізатқа, өнімге бағаның өзгеруі, тасымалдау
тарифтерінің, амортизация нормаларының өзгеруі және тағы басқалары жатады.
Бұл факторлар кең ауқымды болғандықтан олар кәсіпорынның шаруашылық
қызметіне өз ықпалын тигізеді. Құрылымдық өзгерістер, мысалы, өнім
ассортиментінің өзгеруі өнімді өткізу мөлшерін өзгертіп, өндірістің
өзіндік құнына және рентабельділігіне елеулі әсер етеді.
Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстылықты қамтамасыз
ету мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру
және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес. Осы орайда кәсіпорынның
табысын бағалау, жоспарлау, бақылау, яғни кәсіпорынның табыстылығын басқару
қаржы менеджментінің маңызды міндеті болып табылады. 14

1.3. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелері және оның негізгі көрсеткіштері

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық
қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық
назарды осы көрсеткішке аудару керек. Олардың қатарына жататындар: өнімді
өткізуден алынған табыс, жалпы табыс, негізгі қызметтен алынған табыс,
негізгі емес қызметтен алынған табыс, таза табыс. Аталған көрсеткіштерге
сүйене отырып сонымен қатар табыстылықтың (рентабельділіктің) басқа да
көрсеткіштері анықталады – жалпы өндірістің рентабельділігі, негізгі
құралдардың және айналым активтерінің рентабельділігі, меншікті капиталдың
рентабельділігі, еңбек күшінің рентабельділігі және т.б. 15
Қаржылық нәтижелердің көрсеткіштері кәсіпорын шаруашылығының барлық
бағыттары (өндірістік, коммерциялық, жабдықтаушы, қаржылық және
инвестициялық) бойынша қызметінің абсолютті тиімділігін сипаттайды. Олар
кәсіпорынның экономикалық дамуының және коммерциялық қызметтегі барлық
қатысушылармен қарым-қатынастарын нығайтудың негізі болып табылады.
Алайда, қаржылық ақпаратты қолданушылардың түрлі категорияларын
қаржылық нәтижелердің белгілі бір көрсеткіштері ғана қызықтырады. Мысалға,
кәсіпорынның басшылығын алынған жалпы табыстың сомасы және оның құрылымы,
оның көлеміне әсер етуші факторлар қызықтырады. Салық инспекторлары салық
салынатын базаның барлық құрамдас бөліктері туралы ақпараттар алуға мүдделі
болып келеді. Ал потенциалды инвесторлар үшін табыстың сапасы туралы сұрақ
маңызды болып табылады, яғни инвесторлар инвестициялық стратегияларды
қалыптастыру үшін жақын және алыс перспективадағы табыс алудың тұрақтылығы
мен сенімділігін бағалауға құлық білдіреді.
Дегенмен де, кез-келген қаржылық ақпаратты қолданушылар үшін ең
алдымен басты назар аударатыны – табыстың абсолютті көрсектіштері болып
табылады. Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші – өнімді өтізуден
алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі
туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен
міндетті төлемдер , сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату
шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша
негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетілді.
Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды
өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның
сапасымен және төменде қарастырылған басқа да факторлармен анықталады.
Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар
қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген
тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық
құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден
түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде азаюына әсер етеді.
Кәсіпорында өнімді өткізуден түсетін табыс жоспарланған тауар
өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты
сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөліктерінің қалдықтарының өзгерісінен
шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының
төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардың тым артуы есебінен
болатын жағдайларда кездеседі.
Табыстың екінші абсолюттік көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді
өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде
өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік
құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Кәсіпорынның жалпы табысы оның ағымды кезеңдегі негізгі, қаржылық,
инвестициялық қызметтерден, төтенше жағдайлардан алған табыстарының
жиынтығынан қалыптасады. 1 суретте кәсіпорынның жалпы табысының қалыптасу
үлгісі берілген. 16
Жалпы табыстың құрамында кәсіпорынның барлық қызмет түрлерінен алынған
табыстары кіреді. Бірінші кезекте жалпы табыс өнімді өткізуден, яғни
негізгі қызметтен алынған табысты қамтиды. Бұл табыс жалпы өнімді өткізуден
түскен сомадан қосылған құн салығы мен акциздерді және өнімді өндіруге,
өткізуге кеткен шығындарды шегеріп тастау арқылы анықталады.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор - өндірістік өзіндік құн, сол
себепті оның төмендеуі табыстың көлеміне көп әсерін тигізеді.
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен
айналысатын,оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің
бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфляцияның әсері
және шикізат пен отын-энергетика ресурстарында бағаның өсуімен өзінің
маңызын төмендетеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті айналым
қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде
табыстың өсімі мүмкін емес. 17
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың
өсуінің негізгі жолы – материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды
төмендету. Бұл әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында
өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау
және металл өңдеу, металлургия, мұнай-химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет
жасайтын кәсіпорындар үшін маңызды.
Шығарушы салаларда табиғи себептерге байланысты табыс өсімін пайдалы
қазбаларды шығарудың өзіндік құнын төмендету нәтижесінде қамтамасыз ету өте
қиын. Бұл негізінде шығару көлемін өсіру арқылы болуы мүмкін.
Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзіндік құн деңгейімен
анықталатын өндіріс және өнімді өткізу көлемі шешуші мәнділікке ие болады.
Заттай түрде өнімді өткізу көлемінің өсуі табыстың өсуіне әкеледі.
Сұраныска ие өнімдерді өндірудің өспелі көлеміне күрделі салымдар көмегімен
қол жеткізуге болады, бұл табыстың әлдеқайда өнімді жабдықтарды сатып
алуға, жаңа технологияны игеруге, өндірісті кеңейтуге бағытталуын талап
етеді. Бұл жол, қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың инфлияция, бағаның
өсуі және ұзақ мерзімді несиелерге қол жетіспеушілігіне байланысты қиын
немесе мүлде мүмкін емес. Күрделі капитал салымдарын жүргізуге қаржылары
мен мүмкіндіктері бар кәсіпорындар, егер инвестиция рентабельділігін
инфляция қарқынынан жоғары ұстаса, онда бұл кәсіпорын өз табысын нақты
өсіре алады.
Өндіріс және өнім өткізу көлемін өсіруге әкелетін айналым
қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату күрделі шығындарды талап етпейді.
Инфляция айналым қаражаттарын өте тез құнсыздандырады. Кәсіпорындардың
шикізат пен отын-энергетика ресурстарын сатып алуына олардың көп бөлігі
бағытталады. Сатып алушылардың төлемсіздігі және де талап етілетін алдын-
ала төлем жүргізу кәсіпорынның қаржысының көп бөлігін айналымнан тыс
әкетеді. Төлем жүргізбеудің себептері тек айналым қаражаттарының жетіспеуі
емес, сонымен бірге төмен қаржылық есептік тәртіп, банк жүйесі жұмысындағы
кемшіліктер және де вексельдік айналымның дамымауы да болып табылады. 18
Кәсіпорын табысы бағаның өсуі есебінен жоғары қарқынмен өседі.
Бағаның өсуі өзінше теріс фактор болып табылмайды. Егер өнімге деген
сұраныстың өсуі мен шығарылатын өнімнің технико-экономикалық параметрлердің
және тұтынушылық қасиетінің жақсартуымен байланысты болса, онда ол дәлелді
болады. 19
Өткізу көлемінің өзгерісінің жалпы табыс ауытқуына әсерін анықтау үшін
алдымен өнімді өткізу бойынша жоспардың орындалу дәрежесін анықтау қажет.
Табыс көлемі осы факторға тікелей үйлесімді тәуелді болғандықтан, жоспарлы
табысты өткізу көлемі бойынша орындалу пайызына көбейту керек.
Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – негізгі қызметтен алынған
табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен
кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады:

Дн = Дж – Рк, (3)

мұндағы Дн – негізгі қызметтен алынған табыс;
Дж – жалпы табыс;
Рк – кезең шығындары.
Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өзіндік
құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты
аз болса, негізгі қызметтен алынатын табыс та соншалықты жоғары болады.
Сондықтан да негізгі қызметтен алынатын табысқа жүргізілетін талдауды
жоғарыда аталған көрсеткіштермен үздіксіз байланыста жүргізу керек. 20
Табыстың өсуі өзін өзі қаржыландыру, кеңейтілген ұдайы өндіріс,
әлеуметтік мәселелерді шешу және жұмысшыларды материалдық ынталандыру үшін
қаржылық базаны қалыптастырады. Табыс сонымен қатар мемлекеттік бюджеттің
табыстарын қалыптастырудың және кәсіпорынның банктер, басқа да кредиторлар
мен инвесторлар алдындағы қаржылық міндеттемелерін жабудың маңызды көзі
болып болып табылады. Осылайша, қаржылық нәтижелердің көрсеткіштері
кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін және іскерлік белсенділігін, оның
сенімділік деңгейін және қаржылық жағдайын бағалау жүйесінде маңызды орын
алады.
ІІ. RG BRANDS АҚ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫН
ТАЛДАУ

2.1. RG Brands АҚ экономикалық қызметінің сипаттамасы

RG Brands акционерлік қоғамы - 1994 жылы Алматы Сусын фабрикасы
деген атпен құрылған. RG Brands Акционерлік қоғамы Қазақстан
Республикасының билік органдарында №130-5 номерімен 1994 жылдың 7 сәуірінде
тіркелген. Кәсіпорынның жарғылық капиталы құрылтайшылық құжаттарға сәйкес
1800000 мың теңгені құрайды, қазіргі кезде ол толықтай қалыптасқан.
RG Brands кәсіпорнының құрылтайшылары 29 заңды тұлғалар және 104
жеке тұлғалар болып табылады. Кәсіпорынның екі еншілес (тәуелді)
кәсіпорындары бар. Кәсіпорынның орналасқан жері: Алматы қ., Райымбек
дағылы, 212Б үй.
Кәсіпорын келесідей қызмет түрлерін жүзеге асырады:
алкогольсіз шай өнімдерін, натуралдық және минералды сусындарды өндіру және
сату;
сусындарды және шай өнімдерін сату және сатып алу, сусын өндіруде
қолданылатын құрамдас бөліктерімен (иістендіргіштер, лимон қышқылдары, қант
өнімдер және т.с.с.) операцияларда делдалдық қызмет көрсету;
алкогольсіз сусындармен жеке тұлғаларды, жеке сауда орындарын, қонақ үй
және мейрамханалық бизнесті қамтамасыз ету;
Республикада алкогольсіз сусындар өндіру инфрақұрылымын құру;
табиғи минералды су орындарын пайдалану және өңдеу;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен рұқсат етілген басқа да коммерциялық
қызмет көрсету. 21
RG Brands Акционерлік қоғамы (әрі қарай Қоғам деп аталады)
құрылтайшылардың келісімінің негізінде құрылған және Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің, Қазақстан Республикасының
Акционерлік қоғамдар туралы Заңының Қазақстан Республикасының басқада заң
актілерінің және осы жарғының негізінде әрекет етеді. 22, 23
1994 жылдың соңына дейін кәсіпорының барлық цехтары өндіріске қосылды.
Бұл үшін көптеген жұмыстар атқарылды, оның ішінде: жоғары білікті және
білікті жұмысшылар дайындау қажет болды. Ол үшін жұмысшылар институттарға,
техникумдарға, кәсіби техникалық мектептерге жіберілді және алты ай
көлемінде өз кәсіптері бойынша тәжірибеге Алматы, Қарағанды, Семей және
басқа да қалаларға жіберіліп отырылды.
1995 жылы наурызда өңдіріске шай өнімінің цехы қосылды. Осы жылы шілде
айында өңдіріске какао, кофе өнімдерін өңдіру және минералдық сусындар
шығаратын цехтар іске қосылды. Осы цехтар газдалған және газдалмаған
минералды сусындар, какао, кофе және шай өнімдерін өндірумен айналысты.
1995-2000 ж.ж - өндіріске үлкен көлемде қантты және қантсыз, газдалған
және газдалмаған, натуралды сусындардың, кофе және шай өнімдерінің жоғарғы
сортын үлкен көлемде және аса қатты қуаты өндірісін қосқан кезеңі болды.
2001 жылы тамыз айында Алматы сусын фабрикасының директоры, 1946 жылы
туылған Киселев Анатолий Прокофьевич болды. Оның жұмысқа келуімен
фабриканың жұмысы 3 (үш) сменаға көшті және өндіру қуаты жылына 30 мың
тонна әр-түрлі өнімдер өндіруге көшті. Осы жылдары кәсіпорындар арасында әр-
түрлі сайыстар өткізіліп отырылды.
2001 жылы қыркүйекте Алматы сусын фабрикасы RG Brands АҚ мәртебесін
алды. Ал 2005 жылы сәуір айында RG Brands АҚ-ның директоры 1957 жылы
туылған, негізгі мамандығы инженер-механик – Богер Евгений Александрович
тағайындалды.
RG Brands АҚ-ның өнімдері Қазақстанның ішкі нарығына арналған.
Өнімдерді өткізу Қазақстанның әр аумағында делдалдық кәсіпкерлік арқылы
жүргізіледі. Кәсіпорынның көмегімен 1700-ге жуық адам жұмыс орындармен
қамтамасыз етілген. Кәсіпорын өнімдерінің ассортименті 200-ға жуық жетті.
RG Brands АҚ бірнеше рет отандық және халықаралық жәрменкелерге қатысты.

Кәсіпорында технопарк құрал-жабдықтарының жаңарту процесі жүргізіліп
жатыр. Оның ішінде ассортиментті кеңейту, сапаны жетілдіру, өнімнің өзіндік
құның төмендеуі және өңдіру көлемінің кеңеюімен болып табылады. 24
RG Brands АҚ-ң жарғылық капиталы
Акционерлік қоғамның жарияланған Жарғылық капиталы – 1800000 (бір миллион
сегіз жүз мың) теңгені құрайды.
Акционерлік қоғамның Жарғылық капиталын ұлғайтуға Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес Жалпы жиналысының немесе соттың
шешімімен акцияларды шығару және орналастыру арқылы жол беріледі.
Акционерлік қоғамның органдары
1) жоғарғы орган – Акционерлердің Жалпы жиналысы;
2) басқару органы – Директорлар кеңесі;
3) атқарушы орган – алқалы атқарушы орган (Басқарма) немесе атқарушы
орган қызметтерін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға (Президент);
4) Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыратын орган
– Ішкі аудит қызметі. 21
Қазіргі кездегі бәсекелестік күреске төтеп бере алатын жоғары сапалы
өнімді тек заман талаптарына сай жоғары технологиялы жабдықтар арқылы ғана
өндіруге болады. Сол себепті қоғамға қажетті өнімдерді өндіру үшін RG
Brands кәсіпорны әлемдегі жетекші өндірушілердің алдыңғы қатарлы
технологиялық жабдықтарын қолданады. Өндірістік барлық жабдықтар мен
құралдар халықаралық стандарттардың талаптарына сай келеді және Қазақстанда
сертификациядан өткен. Компанияның өндірістік алаңдары, дайын қызмет
көрсетудің механикаландырылған құралдары жеткілікті көлемде. Кәсіпорынның
тұрақты жұмысына қолдау көрсететін жөндеу-механикалық қызмет бөлімі қажет
жабдықтармен қамтамасыз етілген.

1 кесте – RG Brands АҚ қызметінің технико- экономикалық көрсеткіштерін
талдау, мың теңге

№ Көрсеткіштер Өлщем 2005 2006 ауытқулар
бірлігі
+,- %
1 Өткізілген өнімнен мың. 14309912 18376168 4066256 128,4
түскен табыс теңге
2 Өткізілген өнімнің мың. 9655447 12234425 2578978 126,7
өзіндік құны. теңге
3 Жалпы табыс мың. 4654465 6141743 1487278 132
теңге
4 Кезең шығындары мың. 3840997 4843168 1002171 126,1
теңге
5 Негізгі қызметтен мың. 813468 1298575 485107 159,6
түскен табыс теңге
6 Негізгі емес қызметтен мың. 269525 24359 -245166 9
түскен табыс теңге
7 Салық салғанға дейінгі мың. 1082993 1322934 239941 122,2
табыс теңге
8 Таза табыс мың. 922788 1210874 2880,86 131
теңге
9 Жұмыскерлер саны адам 1500 1700 200 113,3
10 Бір жұмыскердің еңбек мың. 9539,9 10809,5 1269,6 113,3
өнімділігі теңге
11 Жұмыскерлердің еңбек мың. 116250 139400 23150 119,9
ақы қоры теңге
12 1 жұмысшының орташа мың теңге77,5 82 4,5 105,8
еңбек ақысы
13 Негізгі қорлардың мың. 2984446 6764903 3780457 226,7
орташа жылдық құны. теңге
14 Қор қайтарымдылығы теңге 4,79 2,7 -2,09 56,4
15 Қор сыиымдылығы теңге 0,21 0,38 0,17 181
16 Қормен қарулану мың. 1989,6 3979,4 1989,8 200
теңге
Ақпарат көзі: RG Brands АҚ қаржылық және шаруашылық қызметінің
2005-2006 жылдардағы есебі

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер арқылы кәсіпорынның істеп жатқан
жұмыстары тиімді ме, әлде тиімсіз бе екенін анықтай аламыз. Егер тиімсіз
болса, оған қандай іс-шараларды жүзеге асыруға болатындығын анықтауымыз
қажет. Яғни кәсіпорын қызметінің тиімсіз болуына әсер еткен факторларды
жою. Осы бөлімде 1 кестеде көрсетілген негізгі көрсеткіштерді талдап, оның
өсуі мен төмендеуінің негізгі себептерін анықтап білуге тырысамыз.
1 кестені қарастыратын балсақ 2 жыл бойынша мәліметтер арасында
біршама айырмашылықтардың бар екендігін байқаймыз. Енді сол өзгерістердің
себебін анықтап талдап шығуға тырысайын.
1) Өнімді өткізуден түскен табыс 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда
4066256 мың теңгеге өсіп тұр, ол 128,4% құрады. Оның себебі өнім көлемінің
өсуі немесе еңбек өнімділігінің өсуі әсер етуі мүмкін.
2) Өткізілген өнімнің өзіндік құны 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда
2578978 мың теңгеге өсіп отыр, ол 126,7%-ды құрады, оның себебі шикізат
пен материалдардың бағасының өсуі, кәсіпорында жаңа технологияларды
пайдаланбауы және өндіріс рентабельділігінің өсуі әсер етуі мүмкін.
3) Жалпы табыс 2006 жылмен 2005 жылды салыстырғанда 1487278 мың
теңгеге өсіп отыр, ол 132%-ды құрады. Жалпы табыстың төмендеуінің негізгі
себептерінің бірі өнімді шығаруға кеткен шығындардың өсуі болуы мүмкін.
4) Кезең шығындарына тоқталатын болсақ, бұл көрсеткіш 2006 жылмен 2005
жылды салыстырғанда 1002171 мың теңгеге өсіп отыр және 126,1%-ды құрады.
Оның себебі 2006 жылы әкімшілік шығындар және пайыздар бойынша шығындардың
жоғарылауы мүмкін.
5) Негізгі қызметтен түскен табыс 2006 жылмен 2005 жылды салыстырғанда
485107 мың теңгеге өсіп, ол 159,6%-ды құрады. Ол негізгі емес қызметтен
түскен табыстың төмендеуі және өткізілген өнімнің өзіндік құнның төмендеуі
әсер етуі мүмкін.
6) Негізгі емес қызметтен түскен табыс 2006 жылмен 2005 жылды
салыстырғанда 245166 мың теңгеге кеміп, -9%-ды құрады.
7) Салық салғанға дейінгі табыс 2006 жылды 2005 жылмен салыстырғанда
239941 мың тенгеге өсіп, 122,2%-ды құрады. Оның себебі тауардың өзіндік
құнының өсуі, жалпы табыстың төмендеуі болуы мүмкін.
8) Таза табыс 2006 жылмен салыстырғанда 2005 жылы 288086 мың теңгеге
өсіп, 131,2%-ды құрады. Оның себебі тауардың өзіндік құнының өсуімен және
жалпы табыстың төмендеуі және салық салғанға дейінгі табыстың төмендеуі
әсер етуі мүмкін.
9) Жұмыскерлер саны 2006 жылмен 2005 жылды салыстырғанда 200 адамға
көбейді, ол 113,3%-ды құрады. Оның мақсаты өндірілетін өнімді арттыру және
сол арқылы табыстылықты арттыру.
10) Бір жұмысшының еңбек өнімділігі 2006 жылмен 2005 жылды
салыстырғанда 1269,6 мың теңгеге өсті және ол 113,3%-ды құрады. Оның
себебі еңбек ақының өсуі болуы мүмкін.
11) Жалпы жұмыскерлердің еңбек ақы қоры 2006 жылмен 2005 жылды
салыстырғанда 23150 мың теңгеге өсіп, 119,9%-ды құрады. Ол өткізілген
өнімнен түскен табыстың өсуімен және еңбек өнімділігінің өсуімен байланысты
болуы мүмкін.
12) Бір жұмыскердің орташа айлық еңбек ақысы 2006 жылмен 2005 жылды
салыстырғанда 4,5 мың теңгеге өсіп, 105,8%-ды құрады.
13) Негізгі қорлардың орташа жылдық құны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау
Кәсіпорын табысы мен шығыстары
Корпорация табыстарының жіктелуі
Кәсіпорынның табысы және қаржылық жағдайы
Кәсіпорын табысын талдау және жоспарлау
Кәсіпорын табысының экономикалық мәні
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметіндегі бәсекені жүргізудегі экономикаға тигізетін әсері
Кәсіпорынның ақшалай кірістерінің аудиті
Кәсіпорын кірістері: түрлері, есебі, талдау және аудиттік тексерілуі
Меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
Пәндер