Мүлікке салық салудың экономикалық мазмұны



Жоcпар

1) Мүлік салығы
2) Мүлікке салық салудың экономикалық мазмұны
3) Мүлік салығын жіктеу
4) Мүлік салығы салынбайтын объектілер
Мүлік салығы
Жылжымайтын мүлікке иелік құқын мемлекеттік тіркеу үшін және онымен келісім жасау үшін алынатын алым
Жылжымайтын мүлікке иелік құқы мен онымен келісім жасауға алынатын алым жылжымайтын мүлікке иелік құқы мен онымен келісімді мемлекеттік тіркеу кезінде, сонымен қатар мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың көшірмесін алған кезде алынады.
Төлемшілер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікпен әрекетті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар табылады (Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы «Жылжымайтын мүлікке иелік құқы мен онымен келісім жасауды мемлекеттік тіркеу туралы» заңның күшіне ие Жарғы).
Алымды төлеуші саналмайтындар мыналар:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілетін тұлғалар;
І және ІІ топтағы мүгедектер;
Жеке тұратын зейнеткерлер;
Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі оралмандар;
Мемлекеттік тіркеу кезеңінен бастап үш жыл ішінде кадрларды оқыту және дайындаумен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілері;
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық ету туралы» ІІІ-Заңына сәйкес мүлікті жария етуші азаматтар.
Төленген алым сомасын есептеу, төлеу және қайтару тәртібі
Алым сомасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген ставка бойынша есептеледі, және сәйкес құжаттарды тіркеу органына бергенге дейін төленеді.
Алым сомасы тіркеу жасалған орынға сәйкес «105418» КБК-ға бюджетке беріледі.
Егер алым төлеуші тұлға сәйкес құжаттарды тіркеу органына бергенге дейін тіркеуден өтуден бас тартса алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл жағдайда сәйкес тіркеуші органның тұлғаның тіркеуге қажетті барлық құжатты тапсырғанын анықтайтын құжаты берілген соң төлем қайтарылатын болады.
Алым ставкасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 мамырдағы №454 қаулысымен бекітілген.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоcпар
1) Мүлік салығы
2) Мүлікке салық салудың экономикалық мазмұны
3) Мүлік салығын жіктеу
4) Мүлік салығы салынбайтын объектілер

Мүлік салығы
Жылжымайтын мүлікке иелік құқын мемлекеттік тіркеу үшін және онымен келісім
жасау үшін алынатын алым
Жылжымайтын мүлікке иелік құқы мен онымен келісім жасауға алынатын алым
жылжымайтын мүлікке иелік құқы мен онымен келісімді мемлекеттік тіркеу
кезінде, сонымен қатар мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың
көшірмесін алған кезде алынады.
Төлемшілер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тіркеуге
жататын жылжымайтын мүлікпен әрекетті жүзеге асыратын жеке және заңды
тұлғалар табылады (Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25
желтоқсандағы Жылжымайтын мүлікке иелік құқы мен онымен келісім жасауды
мемлекеттік тіркеу туралы заңның күшіне ие Жарғы).
Алымды төлеуші саналмайтындар мыналар:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілетін тұлғалар;
І және ІІ топтағы мүгедектер;
Жеке тұратын зейнеткерлер;
Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі оралмандар;
Мемлекеттік тіркеу кезеңінен бастап үш жыл ішінде кадрларды оқыту және
дайындаумен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілері;
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Мүлікті жария етуге
байланысты рақымшылық ету туралы ІІІ-Заңына сәйкес мүлікті жария етуші
азаматтар.
Төленген алым сомасын есептеу, төлеу және қайтару тәртібі
Алым сомасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген ставка
бойынша есептеледі, және сәйкес құжаттарды тіркеу органына бергенге дейін
төленеді.
Алым сомасы тіркеу жасалған орынға сәйкес 105418 КБК-ға бюджетке
беріледі.
Егер алым төлеуші тұлға сәйкес құжаттарды тіркеу органына бергенге дейін
тіркеуден өтуден бас тартса алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл жағдайда сәйкес тіркеуші органның тұлғаның тіркеуге қажетті барлық
құжатты тапсырғанын анықтайтын құжаты берілген соң төлем қайтарылатын
болады.
Алым ставкасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 мамырдағы
№454 қаулысымен бекітілген.
Жылжымайтын мүлікке иелік құқы мен онымен келісім жасауды мемлекеттік
тіркеу үшін:
Шаруашылық жүргізуге, жедел басқару, сенімді басқару, кепілдікке, түсім
жасауға пайдалануға (сервитуттардан басқа) иелік құқын тіркеу үшін:
пәтерге, жеке тұрғын үйге (шаруашылық нысандары мен басқа да сол іспеттес
құрылыстар), шаруашылық нысандарына – 0,5 АЕК;
тұрғын үйге үйге (шаруашылық нысандары мен басқа да сол іспеттес
құрылыстар), тұрғын үйдегі тұруға жарамайтын кеңістіктер, тұрғвн емес
құрылыстар – 8 АЕК;
гараждар үшін – 0,5 АЕК;
төмендегідей құрамдағы тұрғын үй есебіне жатпайтын мүліктік кешендер
(ғимараттар, құрылыстар, кеңістіктер):
бір нысаннан – 10 АЕК;
екіден бес жеке тұрған нысандар үшін – 15 АЕК;
алтыдан онға дейінгі жеке тұрған нысандар – 20 АЕК;
оннан жоғары жеке тұрған нысандар – 25 АЕК;
шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін:
тұрғын үйге (шаруашылыққа қажетті және сол іспеттес басқа да құрылыстар),
тұрғын үйдегі тұруға жарамсыз кеңістіктер, тұруға жарамайтын мүліктік
кешендер (ғимараттар, құрылыстар, кеңістіктер) – 1 АЕК;
жер учаскесіне құқықты тіркеу үшін (құқыққа таласу):
жеке иелік, жерпайдалану, басқа да құқықтар (құқыққа таласу) – 0,5 АЕК;
сервитутты тіркеу үшін (нысандардан тыс) – 0,5 АЕК ;
кондоминиум нысанын тіркеу үшін – 1 АЕК;
ипотекалық куәлік беруде және оны басқа иегеріне беруді тіркеу үшін – 0,25
АЕК;
мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың көшірмесін тіркеу үшін – 0,25
АЕК;
жылжымайтын мүлік нысаны идентификациялық сипатын, құқық иеленуші
мәліметтерінің өзгерістерін тіркеу үшін– 0,25 АЕК;
құқықтың ауысуынан тыс қаза болуы, күреліп тасталуы мен басқа да
жағдайлардың нәтижесінде жылжымайтын мүлікке иелік құқынан айыруды тіркеу
үшін– 0,25 АЕК;
құқықтың үшінші тұлғаға ауысуына қатысынсыз, құқыққа таластың тоқтауын,
соның ішінде жылжымайтын мүлікке жасалатын ипотеканың тоқтауын тіркеу үшін–
0,25 АЕК;
негізгі міндеттері ипотекамен қамтылған банктік қарызға жасалған келісім-
шарт бойынша талаптарын жеңілдетуді тіркеу үшін - 0,25 АЕК;
құқыққа иелену немесе басқа да құқықтық фактілердің негізі болып табылатын
келісім-шарт нәтижесіндегі құқықтың өзгеруі немесе бекітілген құқықтың
өзгеруін тіркеу үшін - 0,25 АЕК;
жылжымайтын мүлікке басқа да иелік құқықтарын, сонымен қатар жылжымайтын
мүлікке иелік құқын жүктеуді тіркеу үшін – 0,5 АЕК.
Мемлекеттік тіркеу үшін төленетін алымның нөлдік ставкасы бекітілді:
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қарастырылған тәртіппен
мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын жылжымайтын мүлікке иелік құқын
жүктеу ;
Республикалық меншікке құқық алу, пайдалану және орналастыруды жүзеге
асыратын өкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдары үшін,
мемлекеттік меншікке жататын жылжымайтын мүлікке иелік құқын беру;
Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген белгілі бір әкімшілік-аумақтық
бірліктердегі және мерзімінде өтетін жылжымайтын мүлікке меншік құқын
кезеңдік тіркеу кезінде жылжымайтын мүлікке меншік құқын алу және онымен
келісім жасау.

Мүлікке салық салудың экономикалық мазмұны

Мүлік салығы меншікке салынатын салықтар қатарына жатады. Меншікке
салынатын салықтар нарықтық экономика жағдайында мемлекет иелігінен алу
үшін және жекешелендіру процесінің дамуына қарай меншік қатынастарындағы
нақтылы өзгерістермен байланысты едәуір орын алады. Меншікке салынатын
салықтар негізінен жергілікті бюджеттерге есептеледі.
Салықтардың мөлшерлемелері меншіктің табыстылығы бойынша емес, сыртқы
нышандар – меншіктің мөлшері бойынша белгіленетіндіктен фискалдық мақсаттан
басқа салықтардың меншікті пайдалаудың тиімділігін көтермелеу мақсаты бар.
Меншікке салынатын салықтар қоғам алдындағы салықтық жауапкершілікті
біркелкі етіп бөлуге мүмкіндік береді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тікелей салықтар және олардың экономикалық мазмұны
Меншікке салықтардың құрамы
Қазақстанның салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері және қызмет ету мәселелері
Салық және оның түрлері. салық ұғымы және онын әлеуметтік-экономикалық мәні
Мүлікке салынатын салықтардың экономикалық маңызы
Қазіргі кезеңдегі ҚР салық жүйесі
Салық мәні, салық салу принціптерінің қызметтері
Салық туралы түсінік
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚТАР ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ
Заңды тұлғалардың мүлік салығы
Пәндер