Қан жүйесі



Жоспары:

Кіріспе
3
Негізігі бөлім
4
1. Қан айналымының физиологиялық қасиеттері 4
1.1 Қан жүйесі
4
1.2 Қанның физикалық және химиялық қасиеттері
5
1.3 Қанның құрамы
10
1.4 Қанның қызметтері
14
Қорытынды
24
Қолданылған әдебиеттер тізімі
25
Кіріспе
Физиология - грек тілінен аударғанда «табиғат туралы білім» дегенді білдіреді. Тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары, тіңдері және жасушаларының әрекеттерін, тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым.
Физиология организм жүйелерімен ағзаларының бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді, сонымен қатар ол әрекеттерді жас кезеңдеріне байланысты онтогенез және эволюциялық даму барысында бақылайды. Физиология ғылыми бағытына қарай: жалпы, жеке және қолданбалы болып бөлінеді. Оны 17 сала бойынша зерттейді: жас өспірімдер физиологиясы, жалпы физиология, салыстырмалы физиология, эволюциялық физиология, жеке физиология, қолданбалы физиология, авиация физиологиясы, әскери физиология, ғарыштық физиология, еңбек физиологиясы, спорт физиологиясы, тамақтану физиологиясы, психофизиология, экологиялық физиология, қалыпты физиология, патологиялық физиология, клиникалық физиология. Физиология ғылымының зерттеу әдістері бірнешеге бөлінеді:
Бақылау әдісі – физиологиялық құбылыстарды қалыпты жағдайда және әр түрлі әсерлерден кейін қадағалауға мүмкіндік береді.
Тіркеу әдістері - физиологиялық құбылыстарды механикалық және электорлық әдістермен жазып алу.
Тітіркендіру әдістері – тірі құрылымдардың ағзалар мен тіндерін өзгерту мақсатымен механикалық, биологиялық, химиялық, физикалық түрткілердің әсерін қолданады.
Электрофизиологиялық әдістер – қозғыш тіндер мен ағзаларды, электорлық құбылыстарын және әр түрлі электрлік көрсеткіштерді тіркейді.
Өткір тәжірибе әдістері – жануарларға тікелей бибисекция олардығ мүшелері мен ағзаларын зерттеу.
Созылмалы тәжірибе әдістері – жануарларға тірідей операция жасап, оларды жазылғаннан кейін ұзақ уақыт бақылау.
Аспаптық әдістер – физиологиялық зерттеулер нәтижесінде медицинаға әр түрлі үрдістерді тексеру, олардың ауруларын анықтау және емдеу үшін арнайы аспаптар ұсыну.
Осы рефераттың тақырыбы қан айналымының физиологиялық қасиеттері болғандықтан, мен оның негізгі 4 бөлімін қарастырамын: қан жүйесі, қанның физикалық және химиялық қасиеттері, қан құрамы және қанның қызметі. Рефераттың мақсаты қанның ағза тіршілігі үшін маңызын түсіндіріп, қанның құрамын, физиологиялық қасиеттерін және қызметтерін қарастыру болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Адам физиологиясы / оқулық – Сатпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов А.А. – Алматы: «Білім», 2005 ж.
2. Төлеуханов С.Т. Қалыпты физиология (биологиялық жүйелердің мезгілдік құралымдар бөлімі): Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 ж. – 140 бет.
3. Дюйсембин Ғ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: Оқулық - Алматы: «Білім», 2003 ж. – 400 бет
4. Нұрмұхамбетұлы Е. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік / ҚазММУ – Алматы: «Эверо», 2007 ж. – 904 бет.
5. Керимбеков Е.Б. Физиология атауларының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 280 бет
6. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмыстары / студенттер үшін. – Шымкент: Б.И., 1993. – 254 бет.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кіріспе 3
Негізігі бөлім 4

Қан айналымының физиологиялық қасиеттері 4
1.1 Қан жүйесі 4
1.2 Қанның физикалық және химиялық қасиеттері 5
1.3 Қанның құрамы 10
1.4 Қанның қызметтері 14
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі 25

Кіріспе
Физиология - грек тілінен аударғанда табиғат туралы білім дегенді
білдіреді. Тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары, тіңдері және
жасушаларының әрекеттерін, тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым.
Физиология организм жүйелерімен ағзаларының бір-біріне әсерін, өзара
байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді, сонымен қатар ол
әрекеттерді жас кезеңдеріне байланысты онтогенез және эволюциялық даму
барысында бақылайды. Физиология ғылыми бағытына қарай: жалпы, жеке және
қолданбалы болып бөлінеді. Оны 17 сала бойынша зерттейді: жас өспірімдер
физиологиясы, жалпы физиология, салыстырмалы физиология, эволюциялық
физиология, жеке физиология, қолданбалы физиология, авиация физиологиясы,
әскери физиология, ғарыштық физиология, еңбек физиологиясы, спорт
физиологиясы, тамақтану физиологиясы, психофизиология, экологиялық
физиология, қалыпты физиология, патологиялық физиология, клиникалық
физиология. Физиология ғылымының зерттеу әдістері бірнешеге бөлінеді:
Бақылау әдісі – физиологиялық құбылыстарды қалыпты жағдайда және әр
түрлі әсерлерден кейін қадағалауға мүмкіндік береді.
Тіркеу әдістері - физиологиялық құбылыстарды механикалық және
электорлық әдістермен жазып алу.
Тітіркендіру әдістері – тірі құрылымдардың ағзалар мен тіндерін
өзгерту мақсатымен механикалық, биологиялық, химиялық, физикалық
түрткілердің әсерін қолданады.
Электрофизиологиялық әдістер – қозғыш тіндер мен ағзаларды, электорлық
құбылыстарын және әр түрлі электрлік көрсеткіштерді тіркейді.
Өткір тәжірибе әдістері – жануарларға тікелей бибисекция олардығ
мүшелері мен ағзаларын зерттеу.
Созылмалы тәжірибе әдістері – жануарларға тірідей операция жасап,
оларды жазылғаннан кейін ұзақ уақыт бақылау.
Аспаптық әдістер – физиологиялық зерттеулер нәтижесінде медицинаға әр
түрлі үрдістерді тексеру, олардың ауруларын анықтау және емдеу үшін арнайы
аспаптар ұсыну.
Осы рефераттың тақырыбы қан айналымының физиологиялық қасиеттері
болғандықтан, мен оның негізгі 4 бөлімін қарастырамын: қан жүйесі, қанның
физикалық және химиялық қасиеттері, қан құрамы және қанның қызметі.
Рефераттың мақсаты қанның ағза тіршілігі үшін маңызын түсіндіріп, қанның
құрамын, физиологиялық қасиеттерін және қызметтерін қарастыру болып
табылады.

1.1 Қан жүйесі
Қан, лимфа және клеткааралық (интерстициялық) сұйықтық организмнің ішкі
ортасын құрайды. Клетка тіршілігі үшін осы ішкі ортаның оның ішінде қан
құрамының физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттері тұрақты болуы шарт,
тек осы тұрақты-лықтың арқасында организм сырттағы құбылмалы да күрделі
өзгерістерге төтеп бере алады. Адамның солтүстік полюс суығында да,
оңтүстіктің ыстығында да өмір сүре беретіні осы тұрақтылыққа байланысты.
Ішкі тұрактылықтың өмір үшін аса қажет шарт екеніне тұңғыш көңіл бөлген
француз физиологі Клод Бернар еді. Организмнің ішкі сұйықтық ортасының
салыстырмалы тұрақтылығы тіршілігін сақтау өте қажет екенін 1878 жылы
мәлімдеген болатын. 1929 ж. америка физиологі В. Кэннон ішкі ортаның,
организмнің басты биологиялық көрсеткіштерінің (константалардың) тұрақтылық
дәрежесін белгілеу үшін гомеостаз деген жаңа термин ұсынды. Гомеостаз деп
қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық
қасиеттерінің тұрақтылығы, барлық биологиялық константаларын (артериялык
қан қысымы, дене температурасы т. т.) айтады. Клеткалардың тіршілігіне
байланысты және олардың айналадағы табиғи құбылыстарымен ойдағыдай қарым-
қатынас жасауы әрдайым гомеостаздың сақталуына қауіп төндіретін жағдай
болып саналады. Бірақ бүйрек, тер бездері, өкпе сияқты көптеген ағзалардын
қызметі арқасында, сондай-ақ денедегі арнайы механизмдердің катысуымен
гомеостаз әдетте бұзылмайды. Осыған орай ішкі орта үшін абсолюттік
тұрақтылықтан гөрі салыстырмалы және динамикалық гомеостаз тән. Қан — жан-
жануарлардың тіршілік етуіне аса қажет сұйықтық. Жарақаттану салдарынан
қанның 20—30% сыртқа ағып кетсе, тіршілікке кауіп төнеді, ал 50% ағып кетсе
өледі. Қан тамырда жылжымай тоқтап қалса, не қан ағысы тым баяуласа адам
өлуі мүмкін. Мысалы, денедегі кейбір клеткалар, әсіресе ми қыртысының
нейрондары уақытында келетін кан мөлшері азайса, 5—6 минуттан кейін бұзыла
бастайды. Қанның негізгі функциялары:
1) Тіршілікке қажет заттарды клеткаларға, тканьдерге жеткізеді, ал зат
алмасу өнімдерін сыртқа уақытында шыгарып отырады (тасымалдау қызметі).
2) Оттегін өкпеден тканьдерге, клеткалардағы көмір қышқыл газды өкпеге
жеткізеді (тыныс алу қызметі).
3) Ішек-қарыннан қоректік заттарды, витаминдерді, су мен тұздарды
(минералдарды) тканьдерге жеткізеді (трофикалық яғни қоректендіру қызметі).
4) Зат алмасу барысында пайда болған өнімдерді, мәселен, адам
денесіндегі уытты заттар, азот қалдықтарын тканьдерден бүйрекке, өкпеге,
тер бездеріне, ішекке апарады. Сөйтіп оларды шығарып тастайды (экскреторлық
қызмет).
5) Қан клеткалары (лейкоциттер), плазмадары антиденелер денеге енген
микробтарды, вирустарды, табиғаты жат, улы заттарды бейтараптап,
зиянсыздайды (қорғаныс қызметі).
6) Адам денесіндегі көптеген функцияларды, процестерді реттеуге
қатысады (гуморальдық реттеу). Қандары биологиялык, әсері күшті заттар —
гормондар, медиаторлар, метаболиттер ағзалар мен клеткаларға өтіп тікелей
немесе қан тамырларынын. ішкі бетінде орналасқан хеморецепторларды
тітіркендіру арқылы әсер етеді (рефлекстік реттеу).
7) Қан клеткалары (формалы элементтер) ткань клеткалары-мен креаторлық
байланыста болады. Креаторлық байланыс жаңарған клеткалардыц және
тканьдердің табиғи құрылысы мен кейпінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жаңа
клеткалар құрылысы жарынан ескі клеткаларға ұксас болу үшін клеткааралық
информациялардың маңызы өте зор. Клеткаларға кажет мағлұматтарды
макромолекулалар тасиды. Мағлұматтар бір клеткадан екінші клеткара
клеткааралық каналдар аркылы және пиноцитоз жолымен жеткізіледі. Мұндай
макромолекулаларды басқа клеткаларга қан клеткалары да жеткізіп отырады.
8) Қан бүкіл денеге тән гомеостазды сақтай отырып клеткалар мен
тканьаралық сұйықтықтың коллоидтық, осмалық тұрақтылығын сақтайды. Осмалық
тұрақтылық бұзылса клеткалар ісіп не бүрісіп калады. РН тұрақтылығын
сақтауда буферлік роль атқарады.
9) Қан көп энергия шығарып қызып кеткен ағзаларды суытады, ал суыған
агзаларды жылытады. Сөйтіп, дене қызуын бірқалыпта сақтауға катысады.

1.2 Қанның физикалық және химиялық қасиеттері
Сұйық зат ретінде қанға физикалық және химиялық қасиеттер тән. Қан қызыл
түсті, оның кұрамы өте күрделі. Қанның түсі, ішіндегі гемоглобиннін,
әртүрлі газдармен, басқа да химиялык заттармен реакцияға түсіп, тиісті
қосындылар құруына байланысты. Мәселен, артерия қанының ашық қызыл түсі
қанда оксигемоглобиннің (гемоглобин мен оттегі қосындысы), вена қанының
күңгірт түсі карбогемоглобиннің (гемоглобин мен көмір қышқылды газдың
косындысы) көбірек болуына байланысты. Адамға иіс тигенде гемоглобин иісті
газбен қосылып карбоксигемоглобин түзіледі де, қанның түсі кызыл күрең
(таңқурай түсті) тартады. Күкіртсутек әсерінен сульфгемоглобин түзілсе қан
қарайып кетеді. Гемоглобиннің оттегі мен тұрақты қосындысы метгемоглобин
қосындысынан қан қоңыр түске боялады. Қанның иісі оның құрамындағы тез
буланатын май қышқылдарына байланысты, дәмі тұзды, м. с. 1,050—1,060,
плазманьщ м. с.-нан (1.025—1.035) жоғары, бірақ эритроциттікінен (1.090)
төмен.
Есейген балаларға қарағанда жаңа туған нәресте қанының м. с. едәуір
басым (1.060—1.080). М. с. негізінен қанда эритроциттердің аз-көптігіне
байланысты. Ол тұрақты көрсеткіштердің бірі, бірақ кейбір физиологиялық
және патологиялық жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін. Мәселен, адам
бірнеше апта тауда болса, қанында эритроциттер саны көбейіп м. с. ар-тады.
Жаздың өте ыстық күндерінде адам қатты терлейді де, оның қаны қойылып
салмағы артады. Қара жүмыс істеп, қатты терлесе (әсіресе ыстық цехта)
қанының м. с. 1,070—1.077-ге жетуі мүмкін. Қанның қойылуы көбінесе ішек
індеттері кезінде байқалады. Науқас адам жиі-жиі кұсса не оның іші өтсе
қаңда су мөлшері азаяды. Адам қансыраса, оның қан тамырлары тканьаралық
сұйықтыққа толып кетеді де қан сұйылады, яғни оның м. с. азаяды.
Қанның келесі физикалық қасиеті оның тұтқырлығы. Ол қан түйіршіктері
мен плазмадары, әсіресе ірі молекулалы заттардың деңгейіне байланысты. Қан
тұтқырлығы қанның қойылуына не сұйылуына қарай әрдайым өзгеріп отырады.
Демек, қанның бұл қасиеті кан түйіршіктерінің, плазма белоктарының әсіресе
глобулиндердін мөлшеріне байланысты. Қанның тұтқырлығы әдетте судың
тұтқырлығынан 4—5 ссе артық. Плазманың түтқырлыры 1,7—2,2.
Жаңа туған нәресте денесінен су көп мөлшерде сыртқа шығады, осыған орай
оның қаны қойылып, эритроциттер саны көбейеді де, қан тұтқырлығы 10,0—14,8-
ге жетеді, бірақ 5—6 күннен кейіи 8,6—8,8-ге лейін төмендеп, бір ай өткен
соң есейген баланікімен теңеледі (4,6—5).
Қанның өте маңызды қасиеттерінің бірі — осмостық қысымы. Қою және сұйық
ерітіндіні катар қойып, олардың арасына мем-брана салса, еріткіш (су) сұйық
ерітіндіден қою ерітіндіге өте бастайды. Жартылай өткізгіш мембрана арқылы
ерітіндіні өткізесы мен осмостық шектердің химиялық, еріген
заттардың тін күш осмостық қысым деп аталады. Ол жарғақтың екі жағындағы
(бетіндегі) ерітінділерде еріген электролиттер мен молекулалар санына,
олардың арасындары айырмашылыкқа байланысты. Ерітіндінің осмостық
концентрация қысымының аз-көптігі еріген бөлігіне емес, жалпы санына
байланыс иондар саны неғүрлым көп болса, оның осмостық қысымы сорұрлым
жоғары болады. Қан қысымының 60%-і ас тұзы (МаСІ) иондарына байланысты.
Плазма құрамында белок көп (7,2—8,5%). Бірақ оның молекулалары ірі
болатындықтан саны бейорганикалық зат иондарының санынан аз, сондықтан
қанның жалпы осмостық қысымы-нын. 1200 бөлігі гана белок қысымына
байланысты. Қанның осмостық қысымы оцың қату температурасы арқылы
анықталады. Әдетте канның қату температурасы А (депрессия көрсеткіпі)
0.56°—0,58°С. Бұл шамада қанның осмостық қысымы 7,5—7,6 атмосферара тең, ал
СИ жүйесі бойынша 302—310 м.осмл. Қан клеткалары мен плазманың осмостық
кысымдары бірдей (тең). Қанның белок молекулалары тудыратын осмостық қысымы
коллоидтық-осмостық қысым деп аталадьі. Ол 0,02—0,03 атмосфера-ға не сынап
бағанасы бойынша 25—30 мм-гс тең. СИ жүйесі бойынша 2,0—2,1 м.осмл.
Онкотикалық қысым аз, бірақ оның қан-ткань арасындары су алмасу щроцестерін
реттеуде зор мәні бар. Белоктардың гидрофилдік (су ұстап тұру) қасиеті өте
жоғары. Бұл қысым белгілі бір деңгейге жетісімен плазма сұйықтығының сыртқа
шығуы тоқтайды да тканьдегі судың қан тамырына өтуі үдейді, сондықтан
тамырдары қанның көлемі плазмалық белок мөлшеріне байланысты. Сумен бірге
ондағы еріген заттар мембраналар арқылы қанға, лимфара немесе кері қарай
тканьге өтеді, яғни тіршілікке өте қажет сіңіру, сыртқа шырару процестері
қандары белок деңгейіне де байланысты.
Осмостық қысымы қанның осмос қысымына тең тұз ерітіндісі изотониялык,
ерітінді деп аталады. Мысалы жылы қандылар үшін 0,85—0,9% N^€1 ерітіндісі,
салқын қандылар үшін 0,65%. Бұл срітінділер физиологиялық ерітінді деп
аталады. Қанра қарағанда тұзы аз болса — гипотониялық ерітінді дейді.
Мүндай ерітіндіде су клеткаларга қарай өтетін болғандыктан олар ісіп
кетеді. Тұз мөлшері қандағы тұз мөлшерінен жорары болса гипертониялық
ерітінді дейді. Мұндай ерітіндіде клетка күрамындары су сыртқа шығады да,
клетка бүрісіп қалады. Сонымен осмостық, онкотикалық қысымдар, тіршілік
процестердің барысына тікелей әсер етеді. Клеткалар өлмей қалыпты қызмет
атқару үшін осмостық қысым тұрақты болуға тиіс.
Адам (мал, жануар) қанының осмостық қысымы — бірден-бір тұрақты
көрсеткіш. Оньщ түрақтылығын күрделі механизмдер қамтамасыз етеді. Солардың
бірі қан және ткань иондарымен судың арақатынасы. Суды сіңіріп немесе қанга
өткізуде эритроциттер маңызы өте зор. Эритроциттер микроосмометр ролін
атқарады. Олар судың артығын өзіне сіңіріп бүйрек, тер бездері,өкпе сияқты
ағзаларға жеткізеді, яғни эритроциттерді тасымалдаушы ретінде тануға
болады.
Осмос гомеостазын камтамасыз ететін арнайы әрекеттік жүйе бар, оның
бөлімдері осмостық қысымныц өзгеруіне өте сезімтал келеді. Осмостық қысымды
қан мен лимфа тамырларының және орталық жүйке жүйесі — гипоталамус
рецепторлары қабылдайды да рефлексті түрде иондардың артығы көбінесе бүйрек
арқылы сыртқа шығарылады, ал иондар қанда аз болса, олардың бүйректе қайта
сіңуі күшейеді.
19 ғасырдың аяғында Гамбургер канның осмостық тұрақты-лыгын сақтауда,
зат алмасуы барысында түзілген өнімдер мен суды, артық тұздарды уақытында
сыртқа шығарып отыруда бүйрек т. б. ағзалардың айрықша мәні бар екенін
дәлелдеді. Ол жылқының венасына 7 л күкірт қышқылды натрийдің 5%-тік
ерітіндісіп құйып тәжірибе жасады. Мұның нәтижесінде осмос қысымы
көтерілмейтінін, тіпті өзгерместен бұрынғы қалпында қалатынын, бірақ
ерітінді құйған соң 8—10 минут өтісімен аталған тұз срітіндісі бүйрек
арқылы яғни несеппен бірге сыртқа шығатынын байқады.
Қанның реакциясы. Қан реакциясы сутегі (Н+) мен гидроксил (ОН )
иондарының ара қатынасына байланысты. Реакция көрсеткіші (рН) өте тұрақты
гомеостаз көрсеткіштерінің бірі. Мұның үлкен мәні бар: реакция көрсеткіші
тұрақты болса ғапа зат алмасу меп негізгі тіршілік процестер дұрыс бағытта
өтеді. Қанның реакциясы — сәл сілтілі, вена мен артерия қа-нында бірдей
емес. Вена қанында көмір қышқылы көбірек, сон-дықтан оның реакциясы (рН)
7,35—7,36; артерия қанында 7,4—7,42 яғни сілтілеу келеді. Клетка ішінде зат
алмасу өнімдерінің көбеюіне байланысты рН төменірек (7,0—7,2), кышқылдың рН
мөлшері әдетте 7,0—7,8 аралығында, бұдан әрі өзгерсе, ол тіршілік үшін өте
қауіпті (қолайсыз процестер туып, адам өліп кетуі мүмкін). РН ұзақ уақыт
0,1—0,2 мөлшере өзгерсе де адам өледі. Тіршілік процестері барысында сутегі
концентрациясы көбейіп кетеді, әсіресе ауыр жұмыс істеген кезде көмір
қышқыл газы, сүт қышқылы т. б. көптеген зат алмасу өнімдері үздіксіз қанга
өтеді де сутегі концентрациясын өзгертеді. Бірақ адам мен жануар денесінде
сілті-қышқыл тепе-теңдігін камтамасыз ететін, рН мөлшерін бірқалыпты
сақтайтын арнайы және күрделі әрекеттік жүйе бар. Мұның қызметі осмостың
қысым тұрақтылыгын сақтайтын әрекеттік жүйе тәрізді, қандагы артық кышқыл
не сілтілі заттар рефлексті түрде сыртқа шығарылады.
Қан реакциясын өзгертпей бірқалыпты сақтауда эритроциттер мен
плазманын, үлкен мәні бар. Қан плазмасында карбонат, фосфат және белок, ал
эритроциттерде гемоглобин буферлік қыз-метті орындайдыс Гемоглобин ең күшті
буферлік жүйе ретінде үздіксіз жұмыс істейді, қанның барлық буферлік
қызметінің 75%-ін сол атқарады. Бұл буферлік жүйе гемоглобин мен калий
тұзынан тұрады.
Гемоглобин оттегі мен көмір қышқылды газды тасымалдап қан реакциясын
(рН) реттеуге қатысады. Қалыпты гемоглобин мен оксигемоглобиннің реакциясы
— қышқыл. Қалыпты гемоглобиннің қышқылдары оксигемоглобин қышқылдырынан 80
есе төмен. Қышқылдар тобының гемоглобиннен бөлініп шыруы (диссоциация)
оның. оттегіне қаныруына байланысты.
Гемоглобинніқ буферлік қасиеті мынада: гемоглобин қышқыл зат, бірақ
көмір қышқылына караранда ол әлсіз, сондықтан ол көмір кышқылына К+ ионын
беріп, өзі Н+ ионын қосып алады да, әлсіз диссоциацияланатын қышқылға
айналады. Сөйтіп, тканьде гемоглобин буфері сілтілік қызметін атқарады,
көмір қышқыл газ бен сутегін өзіне қосып алады да кышқыл заттардын, қанда
жиналуына кедергі жасайды, қанды қышқылданудан сақтайды. Өкпедегі көмір
қышқыл газ сыртқа шыққан соң қанның сілтілігі артуы мүмкін, мұндай жардайда
гемоглобин қышқыл ретінде қаннық сілтіленуі-не кедергі жасайды.
Қанның карбонаттык, буфер жүйесі гемоглобиннін, буферлік жүйесінен
кейін екінші орында. Ол барлық буферлік қызметтің 10% -ін атқарады.
Карбонат жүйесі көмір қышқылынан, натрий және калий бикарбонаттарынан
тұрады. Натрий бикарбонаты көбінесе плазмада, ал калий бикарбонаты
эритроциттерде болады. Бұл жүйенің буферлік мәні, мынада: қанда қышқыл
өнімдердің көбеюіне байланысты сутегі иондары бикарбонаттын, анионымен
қосылып сәл диссоциацияланатын көмір қышқылына айна-лады да қанды
қышқылданудан сақтайды:
Мұнымен қатар артық көмір қышқылы ыдырап, су мен көмір қышқыл газға
айналады да, өкпе катты желдснген кезде (гиііервентиляция) сыртқа
шырарылады. Қанда сілтілік иондар (ОН~) көбейсе, олар көмір кышқылымен
әрекеттеседі де натрий бикарбонаты мен су пайда болады:
Пайда болған артық өнімдер несеппен бірге сыртқа шырарыла;
Фосфаттық буфер жүйесі фосфор қышқылының бір негіздік және екі негіздік
(Ма2НРО4) тұздарынан тұрады. Олардың буферлік қызметі қаннынң жалпы
буферлік қызметінің 1%-ін ғана алады. Қанға күшті қышқыл құйылса онымен
негізді фосфат әрекеттеседі де бейтарап тұз бен бір негізді фосфатқа
айналады:
Қанға күшті сілті құйылса, керісінше, ол фосфор қышқылының бір негізді
тұзымен әрекеттесіп, фосфор қышқылының екі негізді тұзы мен сура анналады:
Жиналған фосфаттар бүйрек арқылы сыртқа шыгарылады.
Белоктық буфер жүйесі — плазмадағы күшті буферлік жүй-лердіқ бірі.
Белоктың буферлік қасиеті оныд молекуласындағы қышқыл мен сілті топтарына
яғни амфотерлік реакция беретіні-не байланысты, Белок қышқыл жерде сілті
ретінде қышқыл затпен, сілтілі жерде қышқыл ретінде сілтілі затпеи
әрекеттеседі.
Жоғарыда аталған буферлік жүйелердің қызметі қанның буферлік
мүмкіншілігінің өте жоғары екенін көрсетеді. Жай сілтілермен салыстырғанда
өте күшті қышқылдар мен сілтілер қанның белсенді реакциясын өзгерте
алмайды. Мәселен, плазманың рН-ін сілтілік жагына қарай ығыстыру үшін қанға
қосылатын натрий сілтісін (ЫаОН) судан 40 — 70 есе артық қосу керек. Ал кан
реакциясын қышқыл ету үшін плазмаға құятын тұз қышқы-лының (НСІ) мөлшері
суға қосылатын мөлшерінен 300 — 350 есе жогары болу керек.
Қанның буферлік касиеті ондағы әлсіз қышқъіл, сілтілі тұздарының
мөлшеріне де байланысты. Олардың мөлшері қанның сілтілік қоры (резерві) деп
аталады. Қанның сілтілік қоры, көмір қышқыл газдың қысымы с. б. 40 мм-ге
тең (альвеолалық қу-ыстағы қысымдай) болса, 100 мл қандағы тұздармен
байланыс-кан көмір қышқылының мөлшерімен (мл) өлшенеді. Адам қанының
сілтілік қоры әдетте ССҺ өлшемімен 50 — 65%-кс тең. Қанда-гы буферлік
жүйелер әлсіз болса, зат алмасуы барысында түзіл-геп қышқыл-сілті өнімдеріц
сыртқа шығарып отыратын әрекеттік жуйснің қызметіне қарамастан қаннын.
белсенді реакциясы аздап ыгысуы мүмкін. Қанның белсенді реакциясының
қыіпқыл жаққа карай ауысуы ацидоз, ал сілтіге қарай ауысуы алкалоз деп
аталады.
Қан айналысының үлкен және кіші шеңберлер капиллярларында қанның
сілтілі қоры мең рН-і әрқашан аздап ығысуы мүмкін. Басқаша айтқанда қан
айналысының үлкен шекбер капил-лярына тканьдерден көмір қышқыл газы келеді,
осыған байланысты вена қаны артерия қанына қарағанда 0,01 — 0,05 мөлшерінде
қышқылданады, сондай-ақ өкпе капиллярларынан көмір кыпікыл газдыц
альвеолалық ауаға шығуына байланысты рН, керісінше қарсы жаққа ығысады.

1.3 Қанның құрамы
Қан сарғылттау келген сұйық зат — плазмадан жәнс онық ішіиде жүзіп
жүргсн қан клеткаларынан, яғни формалы элемент-терден тұрады. Қан
клеткалары қызыл түтршіктер (эритроциттер) мсн ақ түйіршіктер
(лейкоциттер), қан пластинкалары
тромбоциттер. Плазма қац құрамының 52—58%-іне, қан клетка-лары—42—48%-не
тең
Қан клеткаларынық жалпы гематокриттік көрсеткіші 42—48%, ал қанның әр
литрінде 0,42—0,48 литр. Соқғысы гематокриттік көрсеткіш деп аталады.
Плазманың құрамы. Оның 90—92%-і судан, қалганы (8—10%) құрғақ
заттардан тұрады, Соңғыларының 8—9%-і органикалық заттар, оның ішінде
белок 6—8%; 0,9% — 1% бей-органикалық (минерал) заттар. Бұлардық көбі ас
тұзы (90%). Органикалық заттардың көбі белоктар: альбумин, глобулин (а, р,
ү) фибриноген. Альбуминдер мен фибриноген бауырда, глобулиндер бауырда және
сүйек кемігінде, көкбауырда, лимфалық түйіндерде түзіледі. Бұлармен қатар
плазмада глюкоза, липид-тер, сүт қышқылы, пировиноград қышқылы және
молекуласында азоты бар заттар (амин қышқылдары, мочевина, зәр қьшщылы,
креатин, креатинин) түрлі ферменттер, гормондар, витаминдер, пигменттер,
еріген күйінде оттегі, көмір қышқылды газ, азот бо-лады.
Эритроцит — (грекше егуігоз — қызыл, суіиз — клетка) қанның қызыл
түйіршіктері. Олардың саны еркек пен әйелде бірдей емес. Е,т адам қаныньщ
әр литрінде 4,0—5,0-1012 эритроцит бо-лады, Әйел қанында бұл көрсеткіш
аздау: 3,7—4,5-1012. Эритро-цит санының қалыптан тыс басым болуы (5,0-1012)
эритроцитоз, аз болуы (3,7—3,9-1012 одан да төмен) эритроцитопения деп ата-
лады. Эритроцитоз бен эритроцитопения сау адамда да наукас адам да
кездеседі, сондықтан олар физиологиялық және патоло-гиялық болып екі топқа
бөлінеді. Сондай-ақ абсолютті эритроцитоз бен эритроцитопения ұғымдары да
бар. Эритроцит саны-нын, абсолюттік өзгеруі оның сүйек кемігінде түзілуіне
және канға өту шапшаңдығына байланысты. Салыстырмалы эритроци-тоз бен
эритроцитопения қан клеткалары мен плазманың аралык қатынасьша байланысты,
бұл қан қойылғанда не сұйылғанда болатын өзгерістер.
Абсолюттік эритроцитоз — тканьде оттегі азайғанда (ги-поксия) болады.
Гипоксия салдарынан бүйректен көп мөлшерде эритропоэтиндер бөлініп шығады.
Олар эритроциттердін, сүйек кемігінде түзілуін және қанға өтуін тездетеді.
Сау адамда гипоксия ауаның барометрлік қысымы төмендеген жағдайда, яғни
биік тауға шыққан кезде, не кабинасы ашық самолетпен 3,5—5 мың м биіктікке
көтерілген сәтте кездеседі. Сырқаттанған кезде болатын абсолюттік
эритроцитоз — өкпе мен жүректің созылмалы ауруларға ұшырауыныц салдары не
қан аурулары кезінде де болуы мүмкін.
Салыстырмалы эритроцитоз қанның сұйық бөлігі — плазманың азаюынан
болады. Адам қара жүмыс істеп қатты терлегенде, не ыстық уақытта термен
бірге кұрамындағы суы сыртқа шығады да кан қойылады. Осыған орай эритіроцит
саны (қанның әр мкл-де) көбейеді. Адам қара жұмыс істеген кезде де канда су
азаяды және көкбауырдың жиырылуы күшейеді. Қөкбауыр эритроциттер депосы
болғандықтан жиырылған сәтте қанға көп мөлшерде эритроциттер шығады.
Сырқаттанған кезде пайда болатын салыстырмалы эритроцитоз да қанның
қойылуына байланысты. Мәселен, қатты іш өткен-де оиымен бірге сыртқа көп
мөлшерде су шығады, кейде су дене куыстарына (мәселен, плевра
жапырақтарының арасына) жиналады. Осының салдарынан плазма көлемі азаяды да
қан кой-ылады.
Сау адамда әдетте абсолюттік эритроцитопения болмайды. Ол қаны азайған
(анемия) науқас адамга тән. Анемия кезінде сүйек кемігінде эритроциттер
түзілуі төмендейді не шала жетіл-ген эритроциттер қанға шыға бастайды.
Салыстырмалы эритроцитопения канныц сүйылуына байланысты. Бірден шектен тыс
көп шай (8—10 кеседен артық) не осынша қымыз ішсе біраз уақыттай кан
сұйылуы мүмкін. Бірақ қанда су тұрақтылығын (гомеостаз) сақтайтын
механизмдер денедегі артық суды тез сыртка шығарады. Адам қансырағанда 1—2
тәулік өтісімен кан сұйыла бастайды, эфитроциттер сүйек кемігінде тек 4—5
тәуліктен кейін түзіліп, қанға шыға бастайды. Оған дейін қан тамырла-рына
тканьаралық сұйықтықтар өтеді де мұндағы канныц көле-мін арттырады, сөйтіп
1—2 күндей қан сүйылған куйінде қала-лы. Бірден көп мөлшерде изотониялық
ерітінді құйса да қан біразға дейін сұйылады.
Эритроциттін құрылысы мен химиялық құрамы. Эритроцит — ядросы жоқ екі
жағы ойыс келген дөцгелек клетка. Ол ядросының сүйек кемігінде өтетін
эритропоэз кезінде айырылады. Мұның бпологиялық мәні мынада: клетка
ядросының орнын оттегі тасымалдайтын гемоглобин жайлайды, ядросыз эритроцит
өз денесіндегі заттарды тотықтыру үшін оттегі жұмсамайды. Осыған байланысты
оның оттегін тасымалдау қызметі күшейеді.
Көлденеңінен қарағанда эритроцит гантелге үқсайды: оның диаметрі
7,2—8,0 мкм, қақ ортасындағы ойыс жерінін, жуандығы 1,5 мкм, ал клетка
жиегініқ жуандығы 2,5 мкм. Пішіні гантел тәрізді болғандықтан эритроциттің
капилляр кабырғасымен түйісетін беткейі (аумағы) үлкен. Қлетканың диаметрі
мен пішіні сырқаттанған кезде өзгеруі мүмкін. Диаметрі 8,1 мкм-ден асса,
эритроцит макроцит деп, ал 7,2 мкм-ден кем болса микроцит деп аталады.
Эритроцит бетінің ауданы 128 мкм2. Бір адам қанындағы бар-лық
эритроциттерді жазық жағымен жатқызып қатар орналастырса, олардың ауданы
3000 м2 болар еді. Осындай аумағы үлкен эритроциттер жазығынан оттегі
тканьге жақсы өтеді. Эритроцит тыныс алу қызметіи орындауға қажет
биологиялық құрылым.
Эритроцит протоплазмасында тор тәрізді стромасы бар, сырт жагынан белок
пен липоидтан тұратын мембранамен қапталған. Эритроцит мембранасы иондарды
іріктеп өткізеді. Мембрананың К + , Са2+ катиондарына өтімділігі өте нашар,
ал С1 және НСОз" (көмір қышқыл аниондары), сутегі және гидроксил (ОН)
иондары тез өтеді. Сондықтан эритроцит пен қан плазмасының минералдық
құрамы бірдей емес. Эритроцитте натрий иондарына қараганда калий иондары
басым, ал плазмада ксрісінше, натрий иондары көбірек.
Эритроцит құрамында 37% құрғақ заттар бар, ал сүйекте (ең тығыз ткань)
кұрғақ зат 42%. Демек, денедегі сүйектен кейінгі ең тығыз клетка —
эритроцит. Сонда да эритроцит икемді, созылғыш, үлкен болғанымен, ол
жіңішке капилляр арқылы өте алады.
Гемоглобин. Эритроциттегі құрғақ заттардың көбі (90%) гемоглобиннен, ал
қалғаны (10%) басқа органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады. Әрбір
эритроцитте 300 млн-дай гемоглобин молекуласы болады., Гемоглобин ,
химиялық қүрылымы жағынан — хромопротеид, м. с. 68000. Гемоглобин 1
молекула глобиннен және 4 гем молекуласынан түрады.Г е м о г л о б и н:
глобин 96% және гем 4%.
Әрбір гем молекуласында екі валентті темір атомы бар. Ге-моглобиннің біф
молекуласы оттегінің 4 молекуласымен әрекет-теседі. Гемоглобиннің бірнеше
түрі бар. Ересек адамньщ қанын-да А гемоглобині, ал эмбрионда ұрық
(феталді) НвҒ-сі көп. Эмбрион гемоглобині оттегімен лезде реакцияға түседі,
ол екеуі-нің тартқыштық дәрежесі күшті.
Адам денесінде 5 литр қан, ал мұнша қанда 700—800 гр ге-моглобин бар.
Эритроцит саны әйелге қарағанда ер адамда көбі-рек ,осыған орай ер адам
қанында гемоглобин көбірек болады. Ер адамның 1 л қанында 130,0—160,0 г,
әйелде 120,0—140,0 г Нв бар.
1 л қанда ең көп дегенде 166,7 гл Нв болады, бірақ оның мөлшері
өзгеруі мүмкін, ол эритроцит санына сәйкес келе бермей-ді, кейде эритроцит
саны азайғанмен Нв мөлшері қалыпты дең-гейде калады, ал екінші бір жағдайда
эритроцит саны қалыпты болғанмен Нв мөлшері азайып кетеді. Сондықтан да
дәрігерлік жұмыста әрбір эритроциттегі гемоглобин мөлшері анықталады,
қанның түс көрсеткіші (ҚТК) есептеп шығарылады.
Әрбір эритроцитте Нв мөлшері әдеттегі деңгейде болса, ҚТК 1-ге тең
болады. 0,86—1,05 аралығындағы ауытқулар нормаға жатады. ҚТҚ 1,05-тен
жоғары 0,86-ден төмен болса анемия болғаны. Анемия — қаннық азаюы, ауру.
Анемия кезінде қан көлемі өзгер-мейді, бірақ оның ішіндегі эритроциттер
саны мен гемоглобин мөл-шері өзгеріп отырады. Эритроцитте гемоглобин
мөлшері көбейіп кетсе, гиперхромия деп, ал азайса гипрохромия деп аталады.
Гиперхромия кезінде эритроцит саны азайып, жеке эритроцит ұлғайып
(макроцит) гемоглобинге толады, ҚТК=1,4;
Гемоглобиннің газдармен эрекеттесуі
Гемоглобин көптеген газдармен тез әрекеттесіп, жаңа қосылыстар түзеді.
1. Гемоглобиннің оттегімен әрекеттесуінен пайда болған қо-сынды
оксигемоглобин деп аталады). Гемоглобиннің қышқылдық қасиетін көрсету үшін
бұл белгінің алды-на кейде сутегі жазылады. Оксигемоглобин түрақсыз
қосылыс, тез ыдырап оттегін бөліп шығарады.
Босап шыққан оттегі капиллярлар қабырғасынан өтіп тканьге, ал тканьнен
әрбір клеткаға ауысады да тотығу процесіне қатысады. Оксигемоглобинде
оттегі екі валентті темір атомымен қосылады. Құрамында оксигемоглобині көп
қанның түсі ашык қызыл келеді. Оксигемоглобин спектрограммасында, оның
сарғыш-жасыл жағындағы Д, Е сызықтары арасында қос қара жолақ бо-лады.
Оттегінен айырылған гемоглобинді дезоксигемоглобин қалпына келген
гемоглобин, дейді. Оның спектрограм-масында Д және Е сызықтары арасында
жалпақ бір қара ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарларда жүрек құрылымының морфологиялық түрлері
Қан айналымы жүйесі ауруларының негізгі қауіп факторлары
Буылтық құрттар, олардың тіршіліктік бейімделуі және сан алуандылығы
Жүрек пен қан тамыр жүйесіне
Қанайналымы жүйесі ауруларының қауіп факторларының таралуы бойынша шетелдік зерттеулердің нәтижелері
Артериялар мен олардың түрлері
Жануарлардың қан және қан айналымы физиологиясы
АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАН АЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ МЕН ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ
«Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы» курсы бойынша лекция тезистері
Қан айналу жүйесі
Пәндер