Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының қалыптасуы



Жоспар :

І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗІГІ БӨЛІМ

2.1. Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты

2.2. Экономикалық саясаттың қалыптасуы

2.3. Экономикалық саясат субьектілері

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
Кіріспе

Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейінгі аз ғана уақыт ішіндегі экономиканы реформалау мен шаруашылық жүргізудің нарықтық модельіне өту жөніндегі кең көлемді шараларды жүзеге асыру тәжербиесі –мемлекеттің әлеуметтік -экономикалық процестерге араласуы -объективті қажеттілік екндігін түпкілікті түсінуге мәжбүр етті. Оның объективтілігі санақ жүргізудің жаңа жүйесіне өту керектігімен, экономикалық дамудың тепе –теңдігін сақтау мүдделері мемлекеттік реттеудің объектісі болып табылатынығымен және макроэкономикалық үрдістердің сандық –сапалық көрсеткіштері өзгерісін тұрақты түрде зерттеп отыруды қажет ететіндігімен де түсіндіріледі. Сонымен қатар мемлекеттік реттеу рөлінің күшеюі мемлекетаралық экономикалық интеграцияның объективтілігі және экологияның кең ауқымды мәселелерін әлемдік деңгейде шешу қажеттілігімен байланысты екендігімен де атап өту керек. Мұның бәрі де жас экономист мамандары жан –жақтылы дайындау қажеттілігі туралы мәселені күн тәртібіне қойып отыр. Оларды дайындау барысында экономиканы мемлекеттік реттудің ғылыми – методологиялық негіздерімен қатар тәжербесін де танып –білу маңызды роль атқарады.
Қолданылған әдебиеттер

1. Ж. О. Ихданов, Ә. О. Орманбеков. «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері.»

2. Арынов Е.М. Социально – экономический аспект развития проблемных регионов. – Алма-ата, 1989

3. Есимов А.С. Приватизация – основа реформы сельского хозяйства // Саясат – Политика, 1996

4. Ашимбаев Т.А. Путь к рынку. – Алматы, 1995

5. Жатканбаев Е.Б. Основы формирования смешанной экономики. – Алматы, 1992

6. Кашимбаев Р. Сбалансированностьи эффектность развития экономики региона. – Алматы, 1991

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының қалыптасуы

Текскрген: Утеев Б.Ж.

Орындаған: Тохметова Ғ.Т.

Алматы
2009 жыл

Жоспар :

І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗІГІ БӨЛІМ

2.1. Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты

2.2. Экономикалық саясаттың қалыптасуы

2.3. Экономикалық саясат субьектілері

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

Кіріспе

Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейінгі аз ғана уақыт ішіндегі
экономиканы реформалау мен шаруашылық жүргізудің нарықтық модельіне өту
жөніндегі кең көлемді шараларды жүзеге асыру тәжербиесі –мемлекеттің
әлеуметтік -экономикалық процестерге араласуы -объективті қажеттілік
екндігін түпкілікті түсінуге мәжбүр етті. Оның объективтілігі санақ
жүргізудің жаңа жүйесіне өту керектігімен, экономикалық дамудың
тепе –теңдігін сақтау мүдделері мемлекеттік реттеудің объектісі болып
табылатынығымен және макроэкономикалық үрдістердің сандық –сапалық
көрсеткіштері өзгерісін тұрақты түрде зерттеп отыруды қажет ететіндігімен
де түсіндіріледі. Сонымен қатар мемлекеттік реттеу рөлінің күшеюі
мемлекетаралық экономикалық интеграцияның объективтілігі және
экологияның кең ауқымды мәселелерін әлемдік деңгейде шешу
қажеттілігімен байланысты екендігімен де атап өту керек. Мұның бәрі де
жас экономист мамандары жан –жақтылы дайындау қажеттілігі туралы
мәселені күн тәртібіне қойып отыр. Оларды дайындау барысында
экономиканы мемлекеттік реттудің ғылыми – методологиялық негіздерімен
қатар тәжербесін де танып –білу маңызды роль атқарады.

Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты
Экономикалық саясаттың қалыптасуы
Нарықтық экномика, оны біртұтас жүйе ретінде алғанда, тұрақты да
тоқтаусыз өзгеріп дамиды және күрделене түседі. Нарықтық экономика дамыған
сайын, оның бір-бірімен байланысы, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық,
технологиялық, экологиялық, тіпті, саяси және халықаралық т.б. даму
факторлары және ішкі ұйымдық-эконоимикалық құрылымдары қалыптасып өзгеріп,
бір-біріне ықпал жасап, әр түрлі қайшылықтарды өмірге әкеледі. Мезгілі
жеткен кезде олар шешімі күрделі әлеуметтік, экономикалық, саяси
қиыншылықтарға соқтыруы мүмкін, бірақ осының жалпы нәтижесі – нарық
механизмі тиімділігінің артуы болады. Бұл заңдылық нарықтық экономиканың
барлық тарихи даму кезеңдерінде, оның қарапайым тауар айырбастау
формаларының пайда болуынан бастап, Ұлттық-мемлекеттік шеңбердегі нарықтық
шаруашылықтардың қалыптасуына қоса, осы күнгі күрделі халықаралық нарықтық
түрлеріне дейін тоқтаусыз жалғасып келеді.
Мысал ретінде 18ғ.-дың соңы – 19ғ. бас кезінде Батыс елдерінде болған
процестерді алуға болады. Бұл кезең адамзат тарихында әлеуметтік-
экономикалық процестердің мәнін терең түрде өзгерткен, өнеркәсіптік
революция деп танылған процеспен сипатталады. Нәтижесі – экономикалық
дамудың қарқынды өсуін тудырған жаңа сапалық даму дееңгейі. Экономикалық
өсу қарқыны артуы және нарықтық қатынастар ауқымының кеңеюі нәтижесінде
тауарларды көптеп өндіру әдісі машиналық-индустриялық өндірістің негізгі
белгісі болады. Тауарларды жаппай өндіру бір өнімге кеткен өндіріс
шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Өнімнің арзандауы, өндіріске
тартылған халық санының өсуі және табыстардың артуы нәтижесінде нарықтық
айналым елеулі түрде кеңейді.
Өндірістің техникалық дамып-өсуі – кездейсоқ болған уақиға емес. Оны
тек адамзат қоғамындағы білімінің қордалануымен ғана түсіндіруге болмайды.
Ғылыми-техникалық жаңалықтардың ашылуы экономикалық қажеттіліктен
туындайды. Сауданың өсіп-кеңеюі, айналымдағы тауар-ақша массасының артуы
бәсекелестікті өршітті. Оның үстінде Еуропаның шектеулі аймақтарында
халықтың саны өсіп, экономикалық кеңістік тарыла түсті. Бұл жағдайда
бәсекелестікті одан әрі асқындырып жіберді. Бір-бірімен қарсыластық,
басқалардан жоғары экономикалық нәтижеге ұмтылу, өндірістегі өз орнын
сақтап қалу мақсаты іскерлік қауымының көптеген өкілдерін жаңа техникалық
және технологиялық шешімдер іздестіруге итермелеп, ынталандырды.
18-19ғғ. Экономикалық өзгерістер көптеген басқа әлеуметтік-
экономикалық процестердің өзара байланыстарына, нақты айтқанда, нарық
механизмі мен меамлекет арасындағы байланыстарға жаңаша негіз қалады.
Шаруашылық жүйенің күрделенуі мемлекеттің қолдау, түзету, үйлестіру,
әрекеттерін арттыруға мәжбүрледі. Мемлекеттің міндетті нарық
иннфрақұрылымын құру болды, немесе экномикалық дамуды құқықтық институттар
мен тәртіп нормаларымен қамтамасыз ету, экономикалық дамудың ішкі және
сыртқы қауіпсіздігін, ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау. Осындай
инфрақұрылым нарық механизміне, оның тиімдірек қызметатқаруы үшін қажет
болды.
Осы айтылған экономикалық ақиқаттылықтардың өзара қабысу тиімділігінің
жоғары болғаны сондай, 20 ғасырдың алғашқы онжылдықтарында экономиканың өсу
қарқыны тіпті шамадан тыс артып кетті. Ол кезде шаруашылық жүйенің жалпы
экономикалық тепе-теңдікті сақтап қалу механизмі әлі жоқ еді. 1929-1933
жылдардағы бүкіл әлемдік экономикалық дағдарыс – соның қасіретті айғағы.
Осыдан кейін : мемлекеттің экномикаға қатысуын жаңа деңгейге көтеріп
шаруашылық, механизмі мен мемлекеттік өзара байланыстарын тиімдірек
нұсқасын табу қажет деген тұжырым жасалды. Экономика мемлекеттің жан-жақты
және тұрақты қолдауын қажет ететін болды. Осылай экономикалық саясат деп
аталатын құбылыс пайда болды.
Өзгеріп кеткен жағдайда мемлекет инфрақұрылымдық сипатты жүйесін күрт
кеңейтті. Бірақ нарық механизмінің жаңаша өзгерген түрінінің негізгі қажет
еткені – нарықтық экономиканы сырттан реттеп-үйлестіру әдістері болды.
Нарық механизмінің өзін-өзі іштен реттеу мүмкіншілігінің шектеулі екені
айқындалып, оны енді сырттан түзетіп-реттеу қажеттігі артты.
Сырттан реттеп-түзету шаралар жүйесіне үздіксіз дамитын нарықтық
экономиканың жалпы экономикалық тепе-теңдігін сақтап тұруға жатады. Тепе-
теңдік ұғымының өзі экономикалық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік рең
алды. Әлеуметтік сақтандырудың көп тармақты жүйесін жасау қажет болды.
Экономикалық саясат элементтерінің алғашқы жасалған кезеңінен 19
ғасырдың соңынан бастаған дұрыс. Мысал ретінде бұл жағынан басқалардан
озған Германияны алуға болады. Бисмарктың нұсқауымен Германияда әлеуметтік
қорғау туралы заңдар қабылданды, соның негізінде жаңа сфера өмірге келді.
Алғашқы экономикалық саясаттың ерекше сипаттық белгісі – оның жеке-
жеке қалыптасқан жағдайларды түзетуге бағытталған стратегиясы. Мұндай
экономикалық саясат теорияда нүктелік стратегия деп аталады. Оның
шеңберінде экономикалық саясаттың келесі жекелеген түрлері практикада
қолданылды : кедендік, аграрлық, өндірістік, әлеуметтік. 20ғ. бас кезінде
осындай шашыранды саясаттың орнына оның жаңа нұсқасы келді.
Кең ауқымды да кешенді экономикалық саясат жасап оны жүргізуге қуатты
ықпал жасаған және мәжбүр еткен бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар
болды. Соғыс қоғам өмірінде өте өткір саяси-әлеуметтік және экономтикалық
проблемалар жүйесін қалыптастырды.
Бірақ сонда да нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу мүмкіншілігіне
деген сенімді түпкілікті үзген – жоғарыда айтылған, 30-шы жылдардың әлемдік
экономикалық дағдарысы болды. Мемлекеттің араласуы аймақтық қана емес,
жалпы экономикалық, ал кейінірек – халықаралық сипат алды.
Арнайы әдебиеттерде экономикалық саясаттың көптеген анықтамалары
кездеседі. Соалрдың ішінде ГФР елінің белгілі ғалымы Х. Гирш қысқа, бірақ
мазмұны терең анықатама берген еді. Гирштың пікірінше, мемлекеттің
экономикалық саясаты – экономикалық процестердің бағытын бір арнаға түсіру
үшін жасалған, оларға ықпал ету, немесе олардың ағымын алдын-ала анықтап,
тікелей реттеу шараларының жиынтығы.
Мемлекеттік реттеудің іс-шаралар жүйесінде оның әр түрлі, мысалы,
практикалық және ғылыми, жақтарын бөліп анықтауға болады. Практикалық жағы
– бұл мемлекеттік реттеудің нақты іс-шаралар жиынтығы. Теориялық жағы – бұл
ұлттық экономиканың ең тиімді дамуына ықпал жасайтын жағдайларды,
себептерді және іс-әрекеттерді жүйелі түрде зерттеу; оның ғылыми
аспектісіне экономсикалық саясаттың үлгілерін және болжау-бағдарламасын
жасау да жатады.
Ғылыми-экономикалық сананы қалыптастыру – экономикалық саясат
теориясының маңызы зор міндеті болып саналады. Нақты алғанда, мемлекеттің
міндеті – жлапы жағдайды жасау, ал оның шеңберінде әрбір шаруашылық
субьектілері рационалды шешімді өздері қабылдап, іс-әрекет қылу қажеттігін
түсіндіру.
Экономикалық саясатта жалпы-экономикалық процестерге ықпал жасаушы
және нақты шаруашылық салаларын реттеуші әдістер бөліп көрсетіледі.
Соңғыларына мемлекет қызметкерлерінің еңбек ақысын реттеу, жоғары және
жалпы білім беру мекемелерін қаржыландыру, ұсақ кәсіпкерлікті қолдау, т.б.
жатады.
Институциолдық және салалық анықтау принциптеріне сәйкес аграрлық,
өндірістік сыртқы экономикалық, әлеуметтік саясат түрлері анықталады.
Функционалдық анықтау белгілеріне сәйкес экономикалық саясаттың
конъюктуралық, құрылымдық, баға, валюта, несие және қаржы нұсқаларын
анықтауға болады.
Экономикалық саясаттың қалыптасу жағдайын қарастырып болған соң, оны
мынандай үш қағидалық анықтамамен аятауға болады.
1. Экономикалық саясат әр қашан да екі фактордың : шаруашылық
жағдайының тоқтаусыз өзгеруі және экономикалық сана мен ойлау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеден саясаты мен ұлттық қауіпсіздік
Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және оның нарықтық экономиканы дамытудағы ролі
Саяси модернизация туралы ақпарат
Ақша - несие саясатының мәні мен мақсаты
Қазақстанның қаржы нарығы қалыптасу кезеңдері, қазіргі жағдайы және даму мәселелері
Қаржы құрылымының құқықтық негіздері
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Салық салу туралы
Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық мәні мен оның обьектілері
Еркін сауда саясаты
Пәндер