Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басталу себептері және барысы



ХIX ғасырдың 30-шы жылдарында патша өкіметі Қазақстанда отарлау саясатын онан әрі өрістетіп, қазақ халқының саяси дербестігін біржола жоюға бағытталған шараларды кеңінен жүргізе бастады. Әбілқайыр, Абылай хандармен жасасқан шарттардағы Қазақстан жеріне кірмеу, солдат алмау, тек салық төлеу жөніндегі міндеттемелер аяқ асты етілді. Қазақ жерінде әскери шептер, бекіністер салынып, шұрайлы жерлерге патша өкіметінің қол шоқпары болып келген казак-орыстарды қоныстандыру шаралары жүргізілді. Ресейдің қазақ жеріндегі әкімшілігі өзен-көлдерді, құнарлы жерлерді, орман-тоғайларды өз қармағына алды, ал оны пайдаланған қазақтарға салық салынатын болды. Әкімшілік басқару жүйесін қайта құру барысында қазақ жерлері кокругтерге бөлінді. Бұл округтер Батыс-Сібір және Орынбор генерал-губернаторлығына қарады.Олар қазақ жерінде “бөліп ал да билей бер” деген отаршылдық ұранды бұлжытпай іске асырды. Алдымен қазақ жерін сыртынан құрсаулап көптеген бекіністер салынды. Іргелеп ішке кіріп айнала қоршау-құрсау орнатқан Ресей отаршылдары Абылай көз жұмғаннан кейін Қазақстанның ең бір шұрайлы жерлеріне бекіністер салуға кірісті. Сөйтіп, Ырғыз, Торғай, Ақмола, Көкшетау, Ортау, Қарқаралы бекіністері бой көтерді. Қазақ жеріне кеулеп еніп келе жатқан патша өкіметінің отаршылдық саясатына ашық қарсы шыққан Абылай ханның баласы Қасым болды. Ол патша әкімшілігіне хат жазып, кісі жіберіп, оларды түсінісуге, пәтуаға шақырды. Қазақтың ежелгі қоныстарына бекіністер салуды, қазақ жерлеріне казак-орыстарды әкелуді, олар арқылы халыққа қысым көрсетуді тоқтатуын талап етті. Оның бұл хаттарына жауап болмады, жіберген адамдары қайтарылмады. Сонда барып, Қасым патша өкіметіне ашық қарсы шығуды ойлады. Ол бұл күресте Қоқан хандығына сүйенбекші болды. Патша өкіметі тарапынан қысым көре бастаған ол 40 мың үймен Қоқан хандығының қол астына көшіп барды. Оның діні бір, тілі бір қоқандықтардан күткен үміті ақталмады. Олар оның қайсар ұлдары Саржан мен Есенгелдіні, кейінірек өзін өлтірді. Медреседе оқып жүрген ұлы Кенесарыны (1802 жылы туған) Ташкент түрменсіне

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басталу себептері және
барысы
1. Қарулы күрестің күшейген кезеңі және оның жеңілуі

ХIX ғасырдың 30-шы жылдарында патша өкіметі Қазақстанда отарлау
саясатын онан әрі өрістетіп, қазақ халқының саяси дербестігін біржола жоюға
бағытталған шараларды кеңінен жүргізе бастады. Әбілқайыр, Абылай хандармен
жасасқан шарттардағы Қазақстан жеріне кірмеу, солдат алмау, тек салық төлеу
жөніндегі міндеттемелер аяқ асты етілді. Қазақ жерінде әскери шептер,
бекіністер салынып, шұрайлы жерлерге патша өкіметінің қол шоқпары болып
келген казак-орыстарды қоныстандыру шаралары жүргізілді. Ресейдің қазақ
жеріндегі әкімшілігі өзен-көлдерді, құнарлы жерлерді, орман-тоғайларды өз
қармағына алды, ал оны пайдаланған қазақтарға салық салынатын болды.
Әкімшілік басқару жүйесін қайта құру барысында қазақ жерлері кокругтерге
бөлінді. Бұл округтер Батыс-Сібір және Орынбор генерал-губернаторлығына
қарады.Олар қазақ жерінде “бөліп ал да билей бер” деген отаршылдық ұранды
бұлжытпай іске асырды. Алдымен қазақ жерін сыртынан құрсаулап көптеген
бекіністер салынды. Іргелеп ішке кіріп айнала қоршау-құрсау орнатқан Ресей
отаршылдары Абылай көз жұмғаннан кейін Қазақстанның ең бір шұрайлы
жерлеріне бекіністер салуға кірісті. Сөйтіп, Ырғыз, Торғай, Ақмола,
Көкшетау, Ортау, Қарқаралы бекіністері бой көтерді. Қазақ жеріне кеулеп
еніп келе жатқан патша өкіметінің отаршылдық саясатына ашық қарсы шыққан
Абылай ханның баласы Қасым болды. Ол патша әкімшілігіне хат жазып, кісі
жіберіп, оларды түсінісуге, пәтуаға шақырды. Қазақтың ежелгі қоныстарына
бекіністер салуды, қазақ жерлеріне казак-орыстарды әкелуді, олар арқылы
халыққа қысым көрсетуді тоқтатуын талап етті. Оның бұл хаттарына жауап
болмады, жіберген адамдары қайтарылмады. Сонда барып, Қасым патша өкіметіне
ашық қарсы шығуды ойлады. Ол бұл күресте Қоқан хандығына сүйенбекші болды.
Патша өкіметі тарапынан қысым көре бастаған ол 40 мың үймен Қоқан
хандығының қол астына көшіп барды. Оның діні бір, тілі бір қоқандықтардан
күткен үміті ақталмады. Олар оның қайсар ұлдары Саржан мен Есенгелдіні,
кейінірек өзін өлтірді. Медреседе оқып жүрген ұлы Кенесарыны (1802 жылы
туған) Ташкент түрменсіне қаматты.
Қайырымды адамдардың көмегімен абақтыдан аман шыққан Кенесары ата мекені
Ұлытауға келіп қоныстанды. Осы Ұлытауда жүріп, ол өз өмірін қазақтың
тәуелсіз ел, дербес мемлекет болуы жолындағы, күреске арнады. Ол Ресей
сияқты аса қуатты ірі мемлекетпен күресу- қазақтың үш жүзінің күштерін
біріктіруді, едәуір құрбандықтарды, тек әскери ғана емес, сонымен бірге
дипломатиялық күш жігерді де талап ететін ой таразысынан өткерді.
Кенесары Қазақстан патшалық Ресейге де, Орта Азия хандықтарына да
тәуелді емес, олармен тең қарым-қатынаста болу керек деп есептеді. Ол патша
әкімдеріне жазған бір хатында: Есіл, Нұра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы,
Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұры, Ақият, Тоқзақ сияқты ата-
бабаларымыз мұра еткен жерлер қазіргі патша тұсында бізден тартып алынып,
бекіністер салынды. Күн сайын біздің жерлерімізді басып алып, әскери
қамалдар салу арқылы халықты ашындыруға жол берілуде. Мұның өзі біздің
келешегіміз үшін ғана емес, бүгінгі тіршілігіміз үшін де қауіпті болып отыр
деп көрсетті.
Патшаның жазалаушы отрядтары мен жергілікті сұлтандардың озбырлығы
туралы айта келіп тағы бір хатында ол былай деп жазды: “1825-1840 жылдар
аралығында олар біздің ауылымызды 15 рет тонауға, талауға салды. Мұндай
қысым мен тонауға, талауға, кісілерімізді өлтіруге шыдай алмаған біз
бетіміз ауған жаққа көшуге мәжбүр болдық. Бірақ, олар бізге мұнда да
тыныштық бермеді. Сондықтан мен, Қасымұлы қолыма қару алып халқымның ұлы
күресін басқаруға шықтым”. Бұл хаттан Кенесарының патша үкіметіне ашық
қарсы шыққанын көреміз.
Кенесары көтерілісінің басты мақсаты- патшалық Ресейдің құрамына қосылып
үлгермеген аймақтардың дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен
жаңа округтік билеу арқылы жан-жақты отарлауды тоқтату еді. Сондай-ақ
Кенесарының тағы бір көздеген мақсаты- қоқандықтардың тепкісіндегңі
Оңтүстік өңірдегі қазақтарды босатып, оларды Қазақ хандығына қосу еді.
Кенесары Қасымұлының қозғалысы бүкіл Қазақстанды қамтыды. Он жылға
созылған көтерілістің басты қозғаушы күші- бұқара халық болды. Олар күшейе
бастаған отарлық езгіден, феодалдық топтардың қысымынан құтылуға тырысты.
Көтеріліске сонымен қатар ақсүйек өкілдері де қатысты. Олар көтерілісті,
бір жағынан, өз мүдделеріне пайдалану, бұрынғы артықшылықтарын қайта алу,
екінші жағынан, көшпенді дербес феодалдық мемлекет құруды көздеді.
1838 жылы Кенесары туының астына мыңдаған сарбаз жиналған еді. Олардың
арасында үш жүздің қазақтары болды. Кенесарыны белсенді қолдағандардың
арасында Орта жүз бен Кіші жүздің белгілі рулары- Қыпшақ, Төртқара,
Жағалбайлы, Шекті, Алшын, Керей, Жаппас, Бағаналы, Тама, Табын, Арғын т.б.
ру тайпаларының жігіттері аз емес-ті. Олардың көпшілігі мал өсірген, егін
еккен. Осыған орай жер шаруашылығынан зардап шеккендер кедей және орта
шаруалар болды. Кенесарының қол басқарған батырлары да халық ішінде аты
кеңінен мәлім адамдар еді. Олардың қатарында Шұбыртпалы Ағыбай, Қыпшақтың
батыры- Иман, Табынның батыры- Бұхарбай, Тіленшіұлы Жоламан, Дулаттың
батыры- Бұғыбай, Шапырашты руының батыры- Сұраншы т.б., Кенесарының інілері-
Наурызбай, Әбілғазы, әпкесі- Бопай көтеріліске белсене қатысты.
Кенесары жасақтарында қазақтармен бірге қарақалпақтар, түрікмен, қарғыз,
өзбек, өкілдері де аз болған жоқ. Дегенмен Кенесары барлық әдіс-амалдарын
қолданып тырысып басқа да, кейбір феодалдық топтарды, үш жүздің ру-тайпалық
бөлімдерін біріктіре алмады. Көтерілістің бастапқы кезінен-ақ қазақ
ақсүйектері бір-біріне қарсы күресуші екі жаққа бөлінді: патша өкіметі
әлпештеген бөлігі отарлаушы әкімшіліктің қолдауына сүйеніп, өздерінің саяси
қарсыластарын күйретуге күш салды. Кенесарының ымыраға келмейтін
қарсыластары Ақмола округінің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин, Кіші
жүздің басқарушы сұлтандары Ахмет пен Мұхаммед Жаңтөриндер, сұлтан
Баймағамбет Айшуақов т.б. болды. Кенесары Жетісуға өткеннен кейін
көтеріліске қарсы ымырасыздық позицияны Абылай ханның тұқымдары, яғни
өзінің туысқандары- Әли мен Сыйықта ұстанды. Бірақ осыған қарамастан,
Кенесары Қасымов өзінің туы астында үш жүздегі қазақ руларының едәуір
бөлігін топтастыра алды. Омбы облыстық басқармасына қарасты сот-жазалау
мекемелері жинастырған мәліметтер бойынша тек Құсмұрын, Көкшетау, Ақмола,
Қарқаралы және Баянауыл округтерінде ғана көтерілісшілерді 80-нен астам
сұлтандар мен билер, ағамандар қолдаған.
1838 жылы көктемінен бастап Кенесары жасақтары патша әскерлеріне қарсы
алдын ала жасалған жоспар бойынша дәйекті күрес жүргізді. Олармен шайқаста
Ақмола қаласын қиратып, Ақмола округіндегі патша әкімдерімен ауыз жаласып
жүрген Қоңырқұлжа сұлтанның ауылын шапты. 1840 жылы күзде көтерілісшілер
Ырғыз бен Торғай маңында патша әскеріне, орыс әкімшілігін қолдаушы
жергілікті бай-шонжарларға қарсы күресті күшейтті. Бұл тұста Кенесарының
аты қазақ арасында кеңінен тарап, оның беделі бүкіл қазақ даласында
дүрілдеп тұрды. 1841 жылы қыркүйекте Кенесары үш жүзден адам жинап, әкесі
Қасым ханның өлгеніне бір жыл толуына байланысты ас берді. Осы астан кейін
үш жүзден жиналған жамағат Кенесарыны ақ киізге салып, бүкіл қазақ халқының
ханы етіп сайлады.
Кенесары хан болып сайланғаннан кейін ел билеу тәртібі өзгеріп, алым-
салық реформасы іске асырылды. Егіншілікті дамытуға, көрші елдермен сауда-
саттық байланысын орнатуға көңіл бөлінді. Керуеншілерді тоқтатып, олардан
салық алынатын болды.
Мемлекеттік құрылыс қайта өзгертілді. Хандық кеңес құрылды. Кеңесіп
шешетін жоғарғы органдарға ханға берілген батырлар, билер, сұлтандар,
ханның туысқандары кірді. Басқарудың негізгі тұтқасы Кенесарыны өз қолында
қалды. Хандық кеңеске негізінен азаттық қозғалысының мүдделеріне адал, жеке
басының батылдығымен, дипломатиялық қабілетімен көрінген адамдар енді.
Басқарудың арнайы қызметі хандық кеңес шешімдерінің, үндеулерінің ауылдарда
таратылуын, түсіндіруін және орындалуын қадағалап отырды.
Әскери істе де Кенесары және оның көмекшілері бірқатар өзгерістерді іске
асырды. Батырлар мен төлеңгіттердің басқаруындағы көтерілісшілердің әскери
күші негізінен өз еркімен құралған жасақтар еді. Жасақтар жүздіктерге,
мыңдықтарға бөлінді. Әскер қатарында қатаң тәртіп орнатылды. Опасыздық
жасағандар тек өлім жазасына кесілді.
Кенесары Ресеймен тату көршілік қатынас орнатуға ұмтылды. Бірақ Орта
жүзге билігін жүргізіп отырған Батыс Сібір губернаторы Горчаков, Орынбор
губернаторы Перовский Кенесарымен қарым-қатынаста екеуі екі түрлі
көзқараста болып, оның Ресей өкіметімен мәмлеге келуіне кедергі жасады.
Әсіресе, өркөкірек Горчаков Кенесарыны менсінбей, оның орыс әкімшілігіне
деген өшпенділігін қоздырды.
1841-1842 жылдары Кенесары жасақтары Қоқан хандығына қарсы соғыс
жүргізді. Созақты, Сауранды алып, Қоқан хандығының елірме әуселесін басты.
Қоқандықтар келіссөз жүргізуге мәжбүр болды. Осыдан кейін барып соғысты
тоқтатқан Кенесары Торғай маңындағы ордасына қайтып оралды. Бір айтып
кететін жәйт, Кенесары Бұхара әмірімен және Хиуа хандығымен қарым-
қатынасындағы саясаты біршама өзгешелеу еді. Кенесары олармен өзара толық
сеніділік қатынас орнатты. Кейде Хиуа басқарушысы қазақ жасақтарын
зеңбіректерімен, оқ- дәрімен жабдықтап отырды.
1843 жылы Орынбор генерал-губернаторы Перовский кетіп, оның орнына
Обручев келді. Кенесары мен Персовский бір-біріне сыйластықпен қарайтын.
Сондықтан көп мәселелер әділдікпен шешілетін. Енді Орынбор әкімшілігіне
орыс патшасының Кенесарыға қаны қас тағы бір ұлығының келуі оны Горчаковпен
бірігіп, Кенесарыны құғындауына кең мүмкіндік жасады. Сөйтіп, Горчаковпен
бірігіп, Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісін тұншықтыруға,
Кенесарының көзін жоюға 1843 жылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кенесары басқарған ұлт-азаттық көтерілістің басталу себептері мен барысы
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілуі
Кенесары көтерілісі
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
Кенесары бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық күресі
Қазақстандағы Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жж.)
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі мәнін ашу
Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс
ХҮІІІ – ХІХ ғасырлардағы ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ
Қазақ халқының ұлт азаттық жолындағы күресі
Пәндер