Африка құрлығын оқыту



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ГЕОГРАФИЯ КУРСТАРЫН ОҚЫТУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Географияны оқыту ұстанымдарының негізгі қызметтері
1.2 Географияны оқыту ұстанымдарының негізгі мәселесі
1.3 Географияны оқытуды ұйымдастыру түрлері және оның
әдістерін жетілдіру

2 АФРИКА ҚҰРЛЫҒЫН ОҚЫТУ
2.1 Африканың географиялық орны. Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Жағаларының пішіні
2.2 Африканың зерттелу тарихы
2.3 Жер бедері мен пайдалы қазбалары
2.4 Африка материгі бойынша тест сұрақтары
2.5 Африка материгін оқытуда әр түрлі әдіс.тәсілдерді қолдану

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымша
жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезде елдер арасында әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастар қарқынды дамуда. Сондықтан да мектеп оқушыларының дүние жүзі елдерінің табиғаты мен шаруашылығы жөнінде білім негіздерін қалыптастыратын пән ретінде географияның маңызы артады. Әсіресе өзінің елтану бағыты арқылы Жер шарындағы түрлі елдер мен ондағы халықтардын тұрмыс-тіршілігі, табиғат жағдайлары туралы көптеген мәлімет беретін "Материктер мен мұхиттар географиясы" курсы мектеп географиясындағы маңызды буын болып есептеледі. Бұл мәліметтер осы жастағы балалардың өте зор қызығушылығын туғызатындықтан, олардың таным дүниесін молайтады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Солтүстік Америка материгін оқытудың даму бағыттарының ерекшеліктеріне тоқтала отырып мәселелерін қарастыру.
Курстық жұмыс міндеттері:
• Африка материгін оқытудың мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
• Оқулықтағы Африка материгін оқытудың құрылымы мен мазмұнын сипаттау;
• Африка материгіне байланысты географиялық ұғымдар мен заңдылықтарды қалыптастыру және дамыту.
Курстық жұмыстың деректік көзін мерзімді баспасөз бен ғылыми мәліметтер, интернет желісінен алынған ақпараттар құрады.
Курстық жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздерін Қазақстан Республикасындағы география ғылымының қалыптасу және даму мәселелеріне қатысы бар ТМД және отандық ғалымдардың еңбектері, сонымен қатар теориялық және және жалпы әдістемелік сипаттағы материалдар құрады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Әбілмәжінова С., Бейсенова Ә.С., т.б. География. Материктер мен мұхиттар. Оқыту әдістемесі. – Алматы, «Атамұра», 2003.
2. Ұ. Есназарова Қазақстанның физикалық географиялық оқыту әдістемелік құрал А. 2004.
3. География. Материктер мен мұхиттар. А. 2001.
4. Д.И. Трайтак. Биологияға арналған кластан тыс жұмыстар. А. 2001.
5. Әлімқұлова. Р. Үйірмелер мен кештер. А. 1972.
6. Саулеева Э. География сабақтарында пәнаралық байланысты нығайту – Ақтөбе: 2005.
7. Бейсенова А.С. Об основных направлениях развития географической науки в Казахстане // сб. ст. Географические основы устойчивости развития Республики Казахстан. – Алматы: «Ғылым»; 1998. – 491-497с.
8. Лавров С.Б. Глобальные проблемы современности. – СПб.: 1993. -105 с.
9. Методика обучения географии в школе.// под ред. Л.М. Панчешниковой. – М.: 1997.
10. Душина И.В., Понурова Г.А. Методика преподования географии. – М.: 1982.
11. Понурова Г.А. Проблемный подход в обучении географии в средней школе. – М.: 1991.
12. Голов В.П. Средства обучения географии и условия их эффективного использования. – М.: 1987.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
АФРИКА ҚҰРЛЫҒЫН ОҚЫТУ

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1 ГЕОГРАФИЯ КУРСТАРЫН ОҚЫТУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Географияны оқыту ұстанымдарының негізгі қызметтері
1.2 Географияны оқыту ұстанымдарының негізгі мәселесі
1.3 Географияны оқытуды ұйымдастыру түрлері және оның
әдістерін жетілдіру

2 АФРИКА ҚҰРЛЫҒЫН ОҚЫТУ
2.1 Африканың географиялық орны. Африка жағалауындағы мұхиттар мен
теңіздер. Жағаларының пішіні
2.2 Африканың зерттелу тарихы
2.3 Жер бедері мен пайдалы қазбалары
2.4 Африка материгі бойынша тест сұрақтары
2.5 Африка материгін оқытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезде елдер арасында әлеуметтік,
саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастар қарқынды дамуда. Сондықтан
да мектеп оқушыларының дүние жүзі елдерінің табиғаты мен шаруашылығы
жөнінде білім негіздерін қалыптастыратын пән ретінде географияның маңызы
артады. Әсіресе өзінің елтану бағыты арқылы Жер шарындағы түрлі елдер мен
ондағы халықтардын тұрмыс-тіршілігі, табиғат жағдайлары туралы көптеген
мәлімет беретін "Материктер мен мұхиттар географиясы" курсы мектеп
географиясындағы маңызды буын болып есептеледі. Бұл мәліметтер осы жастағы
балалардың өте зор қызығушылығын туғызатындықтан, олардың таным дүниесін
молайтады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Солтүстік Америка материгін оқытудың даму
бағыттарының ерекшеліктеріне тоқтала отырып мәселелерін қарастыру.
Курстық жұмыс міндеттері:
• Африка материгін оқытудың мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
• Оқулықтағы Африка материгін оқытудың құрылымы мен мазмұнын сипаттау;
• Африка материгіне байланысты географиялық ұғымдар мен заңдылықтарды
қалыптастыру және дамыту.
Курстық жұмыстың деректік көзін мерзімді баспасөз бен ғылыми
мәліметтер, интернет желісінен алынған ақпараттар құрады.
Курстық жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздерін Қазақстан
Республикасындағы география ғылымының қалыптасу және даму мәселелеріне
қатысы бар ТМД және отандық ғалымдардың еңбектері, сонымен қатар теориялық
және және жалпы әдістемелік сипаттағы материалдар құрады.

1 ГЕОГРАФИЯ КУРСТАРЫН ОҚЫТУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Географияны оқыту ұстанымдарының негізгі қызметтері

Географияны оқыту процесінің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы
күштеріне байланысты. Қозғаушы күш деп қойылатын талаптар мен оларды
орындауда оқушылардың мүмкіндігі арасындағы қайшылықты атайды. Егер
қойылатын талаптар оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму дәрежесіне сай
келсе, онда қайшылық даму процесінің көзіне айналады.
Географияны оқыту заңдылықтары арқылы оқыту процесі іске асады.
Құбылыстар мен процестер арасындағы байланысты дамытудан заңдылық
туындайды.
Географияны оқыту процесінің заңдылықтары:
1. Қоғам талабы оқытудың мақсат-міндеттерін айқындайды, оның мазмұны,
әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру нысандарының өзгеруі, жаңаруы заңды
процесс;
2. Білім беру, тәрбие дамыту қызметінің бірлігі;
3. Кез келген ақпарат бірлігі, іс-әрекет тәсілі білім іскерлікке айналу
үшін мұғалім оқушының санасындағы білім іскерлік дағды деңгейіне
сүйену керек;
4. Дидактика заңдылықтарының ерекшелігі оқыту процесінің бөліктері
оқытушы іс-әрекеті оқытушы іс-әрекеті мен білім мазмұны арасындағы
тұрақты тәуелділіктер. Оқыту оқушының белсенді іс-әрекеті арқылы
жүреді. Кез келген оқыту оқушы мен оқушы және білім мазмұнының
мақсатты түрде бір-біріне ықпал етуі арқылы жүзеге асады;
5. Жеке адамды үйрету тек іс-әрекет жасату арқылы мүмкін болады.
Қазіргі оқытуда саналылық, белсенділік, көрнекілік, жүйелілік,
бірізділік, беріктілік, түсініктілік, ғылымилық теория мен тәжірибе бірлігі
сияқты ұстанымдар кең қолданылады. Ұстанымдардың талаптары мұғалімнің түрлі
ережелерді қолдануы арқылы орындалады [1].
Ережелерде мұғалімге нақты нұсқаулар беріледі. Оларды ғылыми
жетістіктеріне, өмір талабына сай толықтыруға және түзетуге болады.
Ұстанымдар педагогикалық процесті реттеп отырады. Олардың талаптары
ережелер арқылы жүзеге асады.
Дидактикалық ұстанымдар нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға
байланысты. Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгеріп отырғандықтан,
кейбір ұстанымдар ескіріп, кейбіреулері жаңадан пайда болады. Заманауи
ұстанымдарды оқу процесінің барлық құрамдас бөліктеріне (логикасына,
мақсатына, міндетіне, мазмұнын қалыптастыруға, түрлері мен әдістеріне
таңдауға, ынталандыруға, нәтижелерді жоспарлау мен талдауға) өз талаптарын
ұсынады.
Географияны оқыту процесінде кез-келген мұғалім дидактиканың
ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін және
ұйымдастыру түрлерін таңдап, шәкірттерін жоғарғы нәтижелерге жеткізуі шарт.
Мұғалім дидактикалық ұстанымдарды дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса
сабақ тиімді және нәтижелі болады.
Дидактикалық ұстанымдардың қызметі: олардың негізінде оқушыларда
оқытудың мақсатына сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі, саналылықпен
белсенді түрде меңгертуге деген қызығушылықтар пайда болады. Дидактика
ұстанымдарын оқыту процесінің негізгі буыны ретінде бірімен-бірі логикалық
өзара байланыста болады.
Дидактикалық ұстанымдар жүйесі:
• жүйелілік пен бірізділік;
• ғылымилық;
• саналылық пен белсенділік;
• көрнекілік;
• беріктілік;
• тиімділік;
• теория мен тәжірибенің байланыстылығы.
Педагогикалық және психологиялық ережелер жалпы ұстанымдарға
негізделген белгілі жағдайдағы белгілі мақсаттағы педагогтық қызметтің
бейнеленуі. Ережелер оқыту ұстанымдарын қолданудың тәжірибелік жақтарын
көрсетеді, теориядан тәжірибеге көшу жолдарын айқындайды. Заңдылықтармен,
ұстанымдармен салыстырғанда ережелер мұғалімге нақты педагогтық жағдайда
қандай нақты шараларды пайдалану қажеттілігін ұсынады. Егер де ережелерді
қатаң, мүлтіксіз орындау ұстаздың қолын байлап қояды, ережелерге немқұрайлы
қарау оқыту сапасын төмендетеді. Сондықтан, әрбір мұғалім дидактикалық
ережелерді типтік, стандарттық жағдайларда тиімді пайдаланса, күрделі
педагогтық жағдайларда дидкатикалық ұстанымдарға сүйеніп шығармашылық
танытса қойылған мақсатына жетері сөзсіз.
Ережелер ұстанымдарға сүйенеді, ал ол ережелер арқылы жүзеге асады.
Ережелер педагогтық тәжірибенің қорытындысы ретінде дидактика ұстанымдарын
қолдану құралы болады [2].
Географияны оқытудың бірізділігі және жүйелелігі ұстанымының ғылыми
ережесі: оқушының білімі берік болу үшін оның санасында қоршаған дүние
жақсы бейнелену қажет. Ол үшін ғылыми білімдер жүйелі және оқушылардың
танымдық мүмкіндіктеріне қарай берілуі қажет. Жеке бөліктерден тұратын
оқыту процесі оқушылардың білімді меңгеруіне көмектеседі. Дағдыларды
қалыптастыру үшін жаттығулар, ақыл-ой тәрбиесін беру үшін қисынды ойлау
тәсілдерін талап ететін жұмыстар жүргізіледі. Әйтпесе дағды жойылады, оқушы
дұрыс ойлай алмайды, дамуы нашарлайды.
Шарттары:
• оқушыларға білімді меңгерту үшін сызбаларды қолдану арқылы оқу
материалын бөліктерге бөліп, оларды рет-ретімен түсіндіру;
• пәнаралық байланысты тұрақты түрде қолдану;
• бұрынғы оқығандарды жиі қайталаттыру;
• оқушылармен бірге тірек-конспектілерін, сызбасын жасап, білімді есте
сақтауды жеңілдету;
• оқушыны өздігінен жұмыс істеуге үйрету, көмектесу;
• жүйелі білім қисынды, сезімді талап ету;
• оқушылардың білетіндерін айтқыза бермей, тек сабаққа қатыстыларын
айтқызу;
• материалдарға ой-пікірлерді жасанды түрде енгізбеу;
• оқушылардың қателерін әдеппен түзеу.
Бұл ұстанымның негізгі өзектілері: адам миы да сыртқы дүниені
бейнелейтін өзара байланысты түсініктер жүйесі қалыптасқанда ғана, оның
білімі толық және шынайы болады; оқылатын оқу материалдарын белгілі
реттілікпен оқушыларға жеткізгенде, олардың санасында ғылыми білімдер
жүйесі қамтамасыз етіледі.
Барлық ұстанымдардың талаптары бір мезгілде орындалады. Олардың ішінде
негізгілері және көмекшілері жоқ. барлық ұстанымдар бір-бірімен байланысты.
Олар бағыт беріп отырады, жақсы нәтижелерге жету жолдарын көрсетіп, білімді
ізгілендіру баланың дене және ақыл-ой мүмкіндіктерін ескеруді талап етеді.
Сондықтан нәтиже оған кеткен күшпен салыстырылады. Сондықтан ұстаным
мүмкіндіктерді, күшті және нәтижелерді мөлшерлейді, олар бұзылмаса тепе-
теңдік сақталады деп сеніммен айтуға болады.

1.2 Географияны оқыту ұстанымдарының негізгі мәселесі

Өнімді әрекет мақсаты – оқушылардың оқу үрдістерінде мүмкіндіктерін
көрсетуіне жағдай жасау. Бұған қол жеткізу үшін өнімді әрекет үлгісі келесі
мақсаттардың дамуына бағытқа алады: жеке өсу және даму, жеке тұлғалар
арасныдағы дағдылар, өз бағытттарын айқындау. Бұл үрдістердің басты мақсаты
өзгеріп, дамып отыратын өмірге, қоршаған ортаға сәйкес келетін көзқарасты,
қарым-қатынасты қалыптастыру. Осыған байланысты негізгі аспектілер:
1. Оқытудың әрекетті аспектісі. Оқушы өз әрекеттерінде кәсіптік бағытты
ұстанады. Бұл үшін оның әрекетінің белсенділігін күшейтуге жағдай
жасалуы қажет;
2. Оқытудың әлеуметік аспектісі. Өнімді оқыту жобасының қатысушылары
қоғамға қажетті, өнімді қолдануға боларлықтай әрекет түрлерін
таңдайды. Бұл үрдіс үстінде қатысушыда өзінің еңбегінің керектігін,
пайдалылығын сезіну сезімі қалыптаса бастайды, болашақ өмірге үмітті
көзқарас тастайды. Бұл әрекет оқушының қоғамдық өмірге саналы
қатысуына жағдай жасайды;
3. Оқытудың жекелік аспектісі. Оқушы оқу мақсатын өзі айқындайды. Бұл
жағдайда осы мақсатқа жеткізетін әрекеттің мағынасы айқындалып,
мұғалім мен оқушы бірге отырып, белсенділікті арттыру жолдарын
іздестіреді;
4. Оқытудың білім беру аспектісі. Өнімді оқытуда оқушылар өздеріне
қандай білік және қабілет керектігін ұғыны қажет. Оқушы жинақтаған
білімдерін әрекет үстінде қолданып отырады және жеке еңбек
түрлерінің өз әдістемелерін жасақтайды. Бұл үрдісте білім мен теория
бірін-бірі толықтыра отырып, әрекеттің нәтижелі болуына мүмкіндік
туғызады;
5. Оқытудың мәдени аспектісі. Қоғамдағы саясат, дін, тіл, эстетика,
салт дәстүрі, заңдар оның құндылықтарын құрап мәдениет деген
түсінікті береді. Жеке тұлғаның білімі мен әрекеті үнемі өзгеріп
отыратын қоғамның мәдени дамуына қатысты. Егер де оқушы бұл
өзгерістерді жақсы түсінетін болса, онда олаоды өз әрекеттеріне
қатысты қолдана алады.
Әрекет түрлерінің арасындағы байланыс оқушының да тек терең білім
алуына ғана емес, оның жан-жақты тәрбиесіне де әсеріне тигізеді. Олардың
бірін-бірі толықтырып отыруы оның нәтижесінде оқушы өзінің бар мүмкіндік,
қабілеттерін дамыта түседі. Соның қорытындысында оқушы жан-жақты, үйлесімді
тұлға ретінде дами алады [7].
Оқыту әдістері классификациясын қарастыра отырып ғылыми әдістерді
бөліп шығарды, сол әдістерден оқып үйренетін пәннің танымдылығы бөлініп
алынып, оқу үрдістерін тиімді ұйымдастыру әдістерін таңдайды. Ғылыми
әдістер дегеніміз ұстанымдар, ережелер мен құралдар, зерттеушінің жалпы
және жеке мақсатқа жету жолындағы тиімді жиынтығы. Ғылыми әдіс ғылымдағы
мүмкіндіктерді бағалауға мүмкіндік береді.
Оқыту әдістері әртүрлі сипатта болып оқып үйренетін пәннің мақсаты мен
міндеті оқушыға қойылатын талаптарға, білімнің тереңдігі мен кеңдігіне,
қабылдаған дағды мен шеберліктің сапасына тәуелді. Оқытудың ұстанымдары мен
заңдылықтары оқу үрдістерін, мазмұнын оқу құралдары мен формаларын жан-
жақты қамтиды. Оқыту әдістерін классификациялау оқу мен оқыту іс-
әрекетіндегі негізгі бағыттарды айқындайды.
Оқу үрдісіндегі таным әрекеті оқу, үйрену арқылы жүзеге асады. Оқушы
белгісізден белгіліге, білімсіздіктен білімділікке таным жүйесіне
талпынады. Таным әрекетінің оқушының жалпы дамуы мен жеке тұлғасының
қалыптасуы үшін маңызы зор. Таным әрекетінің әсерінен ой сана әрекеттерін
барлық үрдістерінің белсенділігін қажет етеді. білімді меңгерту үшін, тек
оларды есте сақтап қалу ғана емес, салыстыру, жүйелеу, анықтау, жалпылау
талдау сияқты жұмыстар жүргізілуі керек. Сонда ғана оқушылардың таным
әрекеттерін еңбек әрекеті сияқты әрекеттердің негізгі түрлерінің бірі деп
есептеуге болады. Себебі, біріншіден таным адам санасында табиғат, қоғам
заңдарын бейнелейтін дүниежүзілік тарихи үрдіс. Екіншіден, таным әрекеті
арқасында адам белгілі нәрсені, құбылыстарды еш жаңалық ашпай біледі.
Үшіншіден, таным әрекеті жеке тұлғаның шығармашылық деңгейін көрсете алады.
Оқушының танымдық белсенділігінің қалыптасуы, жоғары деңгейде дамуы
оны шығармашылық әрекетке әкеліп тіркейді. Оқушының шығармашылыққа баулу,
өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға үйрету өте күрделі процесс.
Оқушының шығармашылық мүмкіндігі оның жек етұлға ретіндегі қалыптасу
үрдістеріне пайда болады. Егер шығармашылық оқушының жас кезінде бағалы
бағдар болып қалыптасса онда болашақта да оның қалыптасуы екіталай.
Сондықтан да оқушылардың шығармашылық әрекеті өнімді әрекетпен ұштасып
жатуы тиіс.

1.3 Географияны оқытуды ұйымдастыру түрлері және оның
әдістерін жетілдіру

Оқытуды ұйымдастыру формасы – оқыту процесінің міндеттерін іске
асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі.
Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай
жүзеге асады. Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру
тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның
негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке-дара, топтық және сынып-
сабақтық жүйесі.
Жаңа дәуірде Англияда оқытудың белл-ланкастер жүйесі тарады.
Сатылы немесе өзара оқыту түрінің ерекшелігі: бір оқу жылында жас
шамалары,білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың
қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200-300 немесе 600-ден
астам оқушыны мұғалім сатылап оқытуды ұйымдастырған, түске дейін
ересектерді оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жасы кіші оқушыларға
өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйретіп отырған.
Америка Құрама Штаттарында XX ғасыр басында дальтон-жоспар оқу
формасы тұңғыш рет қолданды. Бұл жүйенің ерекшелігі, оқу жеке дара, әрбір
оқушының өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды.
Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің басшылық рөлі төмен болды [11].
Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында оқу ісіне балалардың бірлесіп
атқаратын жұмысы ретінде бригадалық-зертханалық әдіс жүйесі ұсынылды. Бұл
әдіс бойынша, оқу сыныптары 3-4 топқа бөлінді. Әр топты басқаратын
бригадирлер (жақсы оқитындары және ұйымдастыруға қабілеті барлары)
белгіленді. Бригадирлер өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын
жинақтап, мұғалімге бригада атынан жауап берді. Бригадирдің жауабына қарай,
бригадаға оқушылар білімінің бағасы қойылды. Мұндай жағдайда оқушының жеке
басының ерекшелігімен санасушылық болмады.Мұғалім тек консультант есебінде
ғана жұмыс атқарды.
Оқытудың кең тараған сынып-сабақ жүйесінің негізін қалаған Я.А.
Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогикалық
тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйеліде, жоспарлы түрде ұйымдастыруды
ұсынды.
1. Оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен қабілеттері бойынша топтастыру;
2. Сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты болуы;
3. Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алмакезек оқыту;
4. Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарламалары және оқулықтарға негіздеу;
5. Оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап, аяқтау;
6. Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі.
Қорыта айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы
әркезде тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді.
Неміс педагогы И.Ф. Гербарт сабақтың негізгі төрт кезеңін ұсынды.
Мұғалімнің оқу материалын мазмұндау кезеңі, жаңа материалды өткен
материалмен байланыстыру кезеңі, сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі
және қысқаша қортынды жасау кезеңі.
Сынып-сабақ формасы оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы
ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ең алдымен
мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік
береді. Сондай-ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі
түрлеріне де бағыт-бағдар беріп, жетекшілік рөлін атқарады.
Сабақ-оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, ендігі
жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды.
Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани-адамгершілік
қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделді.
Сабақ – күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда
оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері
іске асырылады.
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр.
Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа формалары мен
тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз
беріледі. Алайда, оқыту әдісін қайта құру – күрделі процестің бірі. Кейбір
әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Тіпті әр
тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді.
Сондықтан, оқытуда әр түрлі әдістерді қолдану керек.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен
көлемініне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен
оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.
Олай болса, оқыту әдісін мұғалімнің таңдап алуы белгілі шарттарға
байланысты болып келеді:
• Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас және таным
әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану;
• Қолда бар нақты көрнекі және техника құралдарын, кабинет жабдықтарын
ескеру;
• Мұғалімнің іс-тәжірибесінің шығармашылық сипатына, оның шеберлігіне
тікелей байланысты шараларды іске асыру.
Мұғалім қандай тақырып өтсе де, ең алдымен, оның мақсатын анықтауы
тиіс. Бұл мұғалімнің өзіне қажет. Себебі оқылатын оқу материалын баяндауда
оның негізгі идеясын немесе оқушылардың назар аударатын басты мәселесін
есте сақтауға тиіс және оқушының ойында бекітілуге қажетті қосымша
материалдарды анықтау жұмыстарын атқармай тұрып, оның мақсатын белгілей
алмайды. Сонымен бірге сабаққа дидактикалық жағынан төмендегідей талаптар
қойылады:
1. Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын-ала
белгілі болуы тиіс;
2. Сабақ оқыту ұстанымының ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет;
3. Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай
ұғынымды, түсінікті болуы керек. Сондай-ақ сабақта оқушылардың бойында
біліктер мен дағдыларды қалыптастыру міндеті жүзеге асырылуы тиіс;
4. Сабақтың мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және
әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе;
5. Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтың
құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық
құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану қажет;
6. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемалық ситуациялар
туғызып, проблемалық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық
ету қажет;
7. Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым-қатынас жасау
шеберлігін арттырып отыруы керек. Педагогикалық қарым-қатынас
мұғалімге оқушылармен рухани байланыс жасауға мүмкіндік береді. Білім
арқылы қарым-қатынас жасау және қарым-қатынас арқылы білім алу керек
деген қағиданы іске асыру пайдалы;
8. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар оларды өздігінен білім алуғадың
әдіс-тәсілдеріне үйрету міндет;
9. Сабақ оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін біртұтастық
ұстанымға сай жүргізуі тиіс;
10. Сабақтың дидактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір-
бірімен өзара байланыста, бірін-бірі толықтырып тұрулары қажет;
11. Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы,
мектептегі нақтылы жағдайды (оқу кабинетінің жабдықталуы, оқу-
техникалық, көрнекілік құралдарының нақты қолда болуы, тұрғылықты
жердегі табиғат, өндіріс ресурстарын пайдалану т.б.) ескеріп отыруы
шарт.
Сонымен бірге, оқу еңбегінің жақсы жүруіне жағдай жасау үшін сабақты
алдын ала ұйымдастыру қажет, себебі сабақтың жақсы өтуі алғашқы минуттарға
байланысты [12].
Географиялық білімнің мақсаты сол мақсатты жүзеге асыратын шешімдер
мен тапсырмаларға нақтыланады. Мақсат сияқты, мектеп географиясының да
тапсырмалары кең және оларды теориялық-әлемтанушылық және қолданбалы деп
бөлуге болады.
Тапсырманың бірінші тобына кіреді: 1) көптүрлі қазіргі замандық
географиялық кеңістіктің әртүрлі деңгейде оқушылармен игерілуі (өз
жергілікті жерінен бастап, тұтастай алғандағы Жер), бұл әлемнің
географиялық бейнесінің білімін құрайды; 2) олардың географиялық қабықта
болып жатқан негізгі табиғи, экологиялық, экономикалық, әлеуметтік,
геосаясилық және басқа да жайларды тану сипаты мен жылдамдығы; 3)
оқушылардың табиғат пен қоғамның арасындағы өзара әрекеттің ерекшелігін
түсінуі, қоршаған ортаны қорғаудың маңызы, ұтымды түрде табиғатты
пайдалану, өз елі мен әлемнің бекемді даму идеясын игеруі; 4) табиғат
туралы, өз аймағының, ірі аймақтардың және әлем елдерінің шаруашылығы мен
тұрғындары туралы, аумақты ұйымдастырудың шаруашылықтағы заңдылығы туралы
жүйелі білімді игеру; 5) табиғат бөлшектерін құруға және дамытуға тән,
табиғат кешендерін, сонымен қатар тұрғындардың табиғат, өндірістік және
әлеуметтік заңдылықтарға байланысты орналасу заңдылықтарын қарастыру.
Қолданбалы тапсырмалар арасында аса маңызды: 1) оқушылардың әртүрлі
географиялық ақпараттардың дерек көздерімен өздігінше жұмыс істеуін дамыту,
бәрінен бұрын географиялық картамен жұмыс істеп, ақпаратты талдап және оны
беріп, бейімделіп, табиғат пен өндірісте бақылауды жүргізе білу; 2) оларды
мектепке бейімделген географияның негізгі әдістерімен таныстыру, сонымен
қатар танымдық және іс-жүзіндегі біліктілікті игеру,бақылау, аумақтың
кескінін құру, қоршаған жер бедерін эстетикалық тұрғыдан қабылдау және
т.б.; 3) оқушыларда географиялық білімдерін өндірістік және күнделікті
тұрмыстық қызметте қолдана білуді дамыту, өз жерінің шаруашылық және
экологиялық, табиғат жағдайының бағасы мен өзгеру болжамын жасай білуді
дамыту.
Оқыту мақсаты – бұл мектеп географиясын құрастырудағы мазмұнға жалпы
бейімделу. Олар тек ғана мазмұнды детерминдеп ғана қоймайды сонымен бірге
оқытуға қызметпен жақындауды баяндайды,оқу қызметінің себептеріне назар
аударып қарауды, оқушының дамуын кшейтеді.
Оқыту мақсаты үш деңгейде құрылады: 1) әлемдік ғылыми географиялық
суреттің құрылуына айқын үлес қосқан, мақсаттар; 2) оқушылармен білім мен
біліктіліктің алынуын айқындайтын мақсаттар; 3) оқушының жеке тұлғасының
қалыптасуында географияның айқын көрінетін мүмкіндіктерінің мақсаттары.
Мақсаттардың бірнеше деңгейін анықтайды: орта білімнің мақсаттары,
оқу пәнінің, жекелеген оқулардың, бөлімдердің мақсаттары, және әр сабақтың
мақсаттары. Демек, географиялық білім айрықша, оның мақсаттары кең,
тапсырмалары әртүрлі.
Оқу жоспары білім беру мекемесінің сыныптық-сабақтық жүйе шеңберінде
және оқытудың пәндік құрылымында оқу барысын жүзеге асыратын негізгі
қағидалы құжаты болып табылады. Оқу жоспары – мемлекеттік білім беру
үлгісінің элементі. Онда әр оқу жылының ағымында әрбір пәнді оқытуға
арналып бөлінген, аптасына болатын сабақтардың саны көрсетілген. Оқу
жоспары оқу бағдарламаларын және оқулық-әдістемелік құралдарды талдау үшін,
білім беру мекемесін мамандық және қаржылық қамтамасыз етуді жоспарлау үшін
негіз болып табылады, себебі ол білімнің мазмұнының құрамы жағынан және
оқушылардың оқу жүктемесінен жалпы шектеулерді белгілеп отырады.
Біртұтас білім беру кеңістігімен қамтамасыз ету Қазақстанның қазіргі
заманғы мектептердің жұмысына негізгі қағидалы құжат – оқу жоспар
құрылымына модульдік жақындау мен мектептің оқу жоспарын жіктелу және
вариативтік қағидаға сәйкес құрады. Базисті оқу жоспарының енгізілуі
міндетті оқу жүктемесін қысқартып, оқушыларды керісінше босаған уақыттарын
тың және ізденістік әрекеттерге бағыттайды (жобалық технологиялар,
модульдік оқыту және т.б.).
Базисті оқу жоспарының мәні білімнің мазмұнын және оқу жүктемесін
жалпы мемлекеттік, аймақтық және жергілікті деңгейдегі құрылған жекелеген
құрамдастарға бөліп тастауда жатыр. Осы заманғы оқу жоспарында білімнің
мазмұнының гуманитаризациялары жүзеге асырылады.

1 АФРИКА ҚҰРЛЫҒЫН ОҚЫТУ
1.1 Африканың географиялық орны. Африка жағалауындағы мұхиттар мен
теңіздер. Жағаларының пішіні
Сабақтың оқу жабдығы. Африканың физикалық картасы, жарты шарлар
картасы, глобус, атлас. Жаңа бөлімді оқып үйрену басталғандықтан бұрын
оқылған материалды тексермесе де болады. Бұл сабақтың негізгі мақсаты
"материктің географиялық орны" деген жалпы ұғымды жете түсіндіру, Африканың
географиялық орнының ерекшелігін көрсету.
Жаңа материалды оқып үйрену жоспары:
1. Оқушылардың Африка жөніндегі білімін анықтау.
2. Африканың физикалық картасымен таныстыру.
Материктің географиялық орнының ерекшеліктері.
Африкаға ұласатын мұхиттар жағаларының пішіні. Бұл бөлімге оқушылардың
көңілін аудару үшін мұғалім олардың материктің табиғаты жөнінде не
білетінін сұрайды. Оқушылар Африка жайлы радиодан естіді, теледидар
хабарларын көрді, көп оқыды. Сондықтан олар жүйесіз болса да, біршама білім
қорын жинақтады. Өзіндік ерекшелігі мол Африка жайында көптеген қызықты
кітаптар жазылған, олардан материктің табиғаты мен халқының тұрмысы жөнінде
оқулықтағыға қарағанда, толығырақ білуге болады.
Бөлімді оқып үйрену алдында мұғалім география кабинетіне кітаптар
тізімін іліп қояды, оқушыларға осы кітаптарды оқып шығу және сабақта
қайсыбір тақырып бойынша хабарлама жасау жөнінде тапсырма береді. Мұғалім
оқушыларды Африканың физикалық картасымен таныстырады. Оқушылардың назарын
картографиялық тордың құрылысына аудартады. Оқушылар мұғалімнің тапсыруы
бойынша экватордың, нолдік меридианның, тропиктің қай арадан өтетінін,
параллельдер мен меридиандардың неше градус аралықта жүргізілгенін, карта
масштабы қандай (олар атласта көрсетілген) екендігі анықтайды. Оқушылар
"материктің географиялық орны" ұғымын кеңейтеді, материктің ендік пен
бойлықтағы орнының оның табиғат жағдайының қалыптасуына қандай маңызы
болатынын анық түсінуі қажет.
Ұғымды түсіндіргенде екі вариантты пайдалануға болады.
І вариант. Сынып оқушылары мүғалімнің басшылығымен Африканың
географиялық орнын (оның экваторға симметриялы орналасқанын, негізгі
бөлігінің тропиктер аралығында бастапқы меридианнан шығысқа қарай жатқанын,
шеткі нүктелерін және басқаларды) анықтайды. Осыдан кейін "материктің
географиялық орны" ұғымының нені қамтитыны жөнінде қорытынды жасалады.
II вариант. Әңгіме үстінде кез келген аймақтың немесе материктің жер
бетіндегі орнын білудің неліктен маңызды екендігі, қарастырғалы отырған
ұғымның нені қамтитыны айқындалады, Африканың географиялық орнының басты
ерекшеліктері анықталады.
Екі вариантта да материктің географиялық орнының әрбір белгісін
білудің неліктен өте маңызды екенін түсіндіру керек. Жұмыс үстінде глобусты
пайдалану қажет, ол материктің орнын көзге неғұрлым жақсы елестетуге
мүмкіндік береді.
Материктің жер көлемі жөніндегі түсінікті оқулықта берілген
материктердің салыстырмалы көлемін көрсететінін диаграммаларды талдау
арқылы толықтырып отыру қажет.
Осыған орай оқушыларға мынадай сұрақ қоюға болады:
• Қай материк Африкадан үлкен?
• Қай материктер Африкадан кіші?
Жалпы "Материктің географиялық орны" деген ұғымға мыналар енеді:
экваторлық белдеуге алыс-жақындығы;
бас меридианға алыс-жақындығы;
басқа материктерге алыс-жақындығы;
дүниежүзілік мұхитқа алыс-жақындығы;
қандай белдеулерде орналасқандығы.
Мұғалім материктің шеткі нүктелерін оқушыларға анықтатады:
1) солтүстікте Эль-Абьяд мүйісі - 37° с.е. 10° ш.б.
2) оңтүстікте Игольный мүйісі - 35 о.е. 20° ш.б.
3) батыста Альмади мүйісі - 15° с.е. 18° б.б.
4) шығыста Хафун мүйісі - 10° с.е. 51° ш.б.
Африка жан-жағынан бірнеше мұхиттар мен олардың теңіздерімен шайылып
жатыр. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үшінші әлем мемлекеттерінің экономикалық жағдайлары
Христофор Колумб туралы
Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың әдістемесі
Түйеқұс шаруашылығы
Африка Бірлігі Ұйымы
Қоғамның демографиялық құрылымы
Дүниежүзі халқының саны
Ауыстраля одағы
Австралия кқұрлығы
Аустралия
Пәндер