Халықаралық валюталық қатынастар



Жоспар

Кіріспе

І бөлім. Халықаралық валюталық қатынастардың қалыптасуы.

1.1. Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы

1.2. Халықаралық валюталық қатынастардың элементтері

1.3. Валюталық нарық ұғымы және қалыптасуы.

ІІ бөлім. Валюталық қатынастардағы валюталық бағамды талдау.

2.1. Валюталық бағам және валюталық қоржын

2.2. Қазақстанның валюталық қатынастар жүйесі

ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасының валюта саясатын жетілдіру жолдары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
ХХ ғасырдың орта шенінен бастап халықаралық экономикалық, қаржы-қаражат және валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын жеделдетуді, халықаралық қаржыландыруды дамытуды, жаңа валюталық рыноктарын құруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық-қаржылық қатынастарды кеңейтуді көздейді.
Валюталық қатынастар дегеніміз – дәстүрлі ақша қызметінің дүниежүзілік ақша қызметіне ауысумен байланысты жүзеге асатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Дүниежүзілік ақша сыртқы сауда мен қызмет көрсетулерді, капиталдар қозғалысын, пайданы инвестицияларға аударуды, несие және қарыз беруді, ғылыми-техникалық айырбасты, заңды және жеке тұлғалардың ақша аударуын қамтамасыз етеді.
Валюталық қатынастар ұлттық және халықаралық деңгейде жүзеге асады. Ұлттық деңгейде олар ұлттық валюта жүйесін қамтиды. Ұлттық валюта жүйесі дегеніміз - мемлекеттік заңдармен бекітілген, елдің валюталық қатынастарын ұйымдастыру нысаны (формасы).
Ұлттық валюта жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:
- Ұлттық валюта бірлігі;
- Ресми алтын-валюта қорының құрылымы;
- Ұлттық валютаның паритеті мен валюта курсын қалыптастыратын механизмі;
- валютаның айырбасталу мүмкіндігі;
- валюталық шектеулердің деңгейі;
- мемлекеттің сыртқы экономикалық есептеулерді жүзеге асыру тәртібі және т.б.
Ұлттық валюта жүйесін байланыстыратын буынға валютаның курсы мен паритеті жатады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Байгісиев – Халықаралық валюта қатынастары және валюталық құқық. Алматы, 2004 ж.
2. Байгісиев – Халықаралық экономикалық қатынастар. Алматы 1998 ж.
3. Мамыров – Халықаралық экономикалық қатынастар Алматы, 1998 ж.
4. Ақша, Несие, Банктер. Алматы, 2001 ж.
5. Мақыш – Ақша айналысы және несие. Алматы, 2004 ж.
6. "Международные валютно-финансовые и кредитные отношения" под редакцией Л. Н. Красавиной, Москва, 1994 г.
7. "Финансово-кредитный словарь", т. 3, Москва, 1994 г.
8. "Коммерсант-weekly", ¹ 2,7,38 - 1994 г., ¹ 7-1993 г.
9. Сахариев - Әлем экономикасы.
10. П. Х. Линдерт. Экономика мирохозяйственных связей - М: Прогресс, 1992 г.
11. С. Фишер. Экономикс - М: Дело, 1993 г.
12. Современная экономика/ под ред.Мамедова О. Ю. - РД: Феникс, 1996г.
13. Экономика и жизнь, N17.04.1994 г.
14. Ваше право - ЗАО” Информационные системы и технологии”, 1996 г.
15. Библиотека предпринимателя - М: Медиа механикс, 1995 г.

Жоспар

Кіріспе

І бөлім. Халықаралық валюталық қатынастардың қалыптасуы.

1.1. Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы

1.2. Халықаралық валюталық қатынастардың элементтері

1.3. Валюталық нарық ұғымы және қалыптасуы.

ІІ бөлім. Валюталық қатынастардағы валюталық бағамды талдау.

2.1. Валюталық бағам және валюталық қоржын

2.2. Қазақстанның валюталық қатынастар жүйесі

ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасының валюта саясатын жетілдіру жолдары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
ХХ ғасырдың орта шенінен бастап халықаралық экономикалық, қаржы-
қаражат және валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық
экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын
жеделдетуді, халықаралық қаржыландыруды дамытуды, жаңа валюталық рыноктарын
құруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық-қаржылық қатынастарды кеңейтуді
көздейді.
Валюталық қатынастар дегеніміз – дәстүрлі ақша қызметінің
дүниежүзілік ақша қызметіне ауысумен байланысты жүзеге асатын экономикалық
қатынастардың жиынтығы.
Дүниежүзілік ақша сыртқы сауда мен қызмет көрсетулерді, капиталдар
қозғалысын, пайданы инвестицияларға аударуды, несие және қарыз беруді,
ғылыми-техникалық айырбасты, заңды және жеке тұлғалардың ақша аударуын
қамтамасыз етеді.
Валюталық қатынастар ұлттық және халықаралық деңгейде жүзеге асады.
Ұлттық деңгейде олар ұлттық валюта жүйесін қамтиды. Ұлттық валюта жүйесі
дегеніміз - мемлекеттік заңдармен бекітілген, елдің валюталық қатынастарын
ұйымдастыру нысаны (формасы).
Ұлттық валюта жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:
- Ұлттық валюта бірлігі;
- Ресми алтын-валюта қорының құрылымы;
- Ұлттық валютаның паритеті мен валюта курсын қалыптастыратын механизмі;
- валютаның айырбасталу мүмкіндігі;
- валюталық шектеулердің деңгейі;
- мемлекеттің сыртқы экономикалық есептеулерді жүзеге асыру тәртібі және
т.б.
Ұлттық валюта жүйесін байланыстыратын буынға валютаның курсы мен паритеті
жатады.
Валютаның курсы дегеніміз - жекелеген елдердің валюталарының ара қатысы
немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсетілетін жеке бір ел валютасының
бағасы.
Паритет - валюталардың алтын мөлшеріне сәйкес ара қатысы. Паритет
валюта курсының негізі, бірақ валюта курсы оның паритетіне дәлме-дәл
келмейді.
Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзілік шаруашылық шеңберіндегі валюталық
қатынастарды ұйымдастырудың нысаны.
Бұл жүйе дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтың бірте-бірте қалыптасуы
нәтижесінде пайда болып, кейінірек мемлекетаралық келісімдер арқылы
заңдастырылған.
Халықаралық валюта жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:
- ұлттық және ұжымдық валюта бірліктерінің қоры;
- валюталық паритеттер мен курстардың механизмі;
- валюталардың өзара айырбасталу жағдайы;
- халықаралық есептесулердің нысандары;
- халықаралық валюта рыноктары мен дүниежүзілік алтын рыногындағы
орныққан тәртіп;
- халықаралық валюта-қаржы қозғалысын реттеуші ұйымдар.
Халықаралық валюта жүйесінің негізгі міндеттеріне тұрақты экономикалық
өсуді, инфляцияны ауыздықтауды, сыртқы экономикалық айырбас пен төлем
айналымын тепе-теңдікте сақтауды қамтамасыз ету шеңберіндегі халықаралық
есептеулер мен валюта рыноктарын реттеу жатады.
Қазақстандағы валюта жүйесі халықаралық экономикалық қатынастарды
кеңейтуге, немесе керісінше шектеуге әсер ететін ең маңызды механизмдердің
бірі.

І бөлім Халықаралық валюталық қатынастардың қалыптасуы.
1.1. Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы.
Халықаралық валюталық қатынастар - бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің
нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік
шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысындағы қалыптасатын қоғамдық
қатынастар жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері вексель ісі түрінде
Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезеңдері Лиондағы
вексель жәрмеңкелері мен басқа да Ортағасырлық Еуропадағы сауда
орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді.
Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен,
дүниежүзілік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің
тереңдеуімен байланысты болды.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ
бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық қатынастарға
делдал болады.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың
дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық
жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда –бұл шаруашылық байланыстарды
интернационалдау негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық
қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда – белгілі бір
қоғамдық-экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастрады
ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.
Тарихта мынадай валюталық жүйенің типтері қалыптасқан: ұлттық,
дүниежүзілік, аймақтық.
Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурстарды
қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға
көмектесетін валюталық-экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде ұлттық
жүйе пайда болды. Ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда бұл шаруашылық
байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан және
халықаралық құқық нормаларын ескере отырып ұлттық заңдылықтармен
бекітілген, елдегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік -
құқықтық формасы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі
бола отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шыға алады. Ұлттық
валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық
байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.
Ұлттық валюталық жүйе мен дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы негізінде
қалыптасқан және мемлекетаралық келісімшарттармен бекітілген халықаралық
валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы – дүниежүзілік валюталық жүйе
өзара ажырамастай байланысты. Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің
мұндай байланыстылығы олардың біртұтас екендігін білдірмейді, себебі
олардың міндеттері, қызмет етуі және реттеу шарттары, жекелеген елдер
экономикасын және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әртүрлі болып
келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық жүйемен байланыстыратын, яғни
валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін мемлекетаралық
валюталық реттеулерде және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын
ұлттық банктер болып табылады.
Дүниежүзілік валюталық жүйені мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру формасы
жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің
орналастырылуымен, өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен
анықталады.
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйе арасындағы байланыс пен
айырмашылықтар, олардың элементтерінен байқалады.

Егер ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға – елдің ақша бірлігіне
негізделген болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе – бір немесе бірнеше
резервтік валюталарға немесе халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.
Резервтік валюта – халықаралық төлем және резерв құралы функциясын
орындайтын, басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды
анықтауға базалық қызмет ететін, валюталар бағамын реттеу мақсатында
валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын алдыңғы қатарлы елдердің
айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше категориясы.
Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:
- дүниежүзілік өндірісте, тауарлар мен капитал экспорттарында елдердің
билік ету позициясы;
- жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік-банктік мекемелердің
дамыған торабы;
- басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін, халықаралық
айналымдағы валютаның еркін айналымдығы және валюталық шектеудің
болмауы.
Резервтік валюта мәртебесі эмитент – елдің экономикасына белгілі бір
міндеттемелерді жүктейді: осы валютаның тұрақтылығын қолдап отыру
қажеттілігі, сауда және валюталық шектеулердің болмауы, девальвация
жүргізбеу. Сонымен қатар, ұлттық валютаны резервтік дәрежеге көтеру ұлттық
шаруашылық үшін төлем балансының тапшылығын ұлттық валютамен автоматты
түрде пайызсыз және мерзімсіз халықаралық несие алу жолымен жабу
мүмкіндіктері түрінде бірқатар артықшылықтар береді.
Халықаралық есептік ақша бірлігі – валюталық паритет пен валюталық
бағамды белгілеу, халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін
шартты билік ретінде пайдаланылатын валюталық бірлік. Қазіргі уақытта
халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет ету үшін қажетті дүниежүзілік
несиелік ақша типтері ретінде СДР (аранайы қарыз алу құқығы) және ЭКЮ
(еуропа валюта бірлігі) қызмет етеді. Бұл халықаралық активтер қолма-қолсыз
халықаралық есеп айрысуларда елдердің арнайы шоттарына жазбаша жазу
жолымен: СДР – халықаралық валюталық қорда, ЭКЮ –Еуропалық қауымдастыққа
ынтымақтастық валюталық еуропалық қорында пайдаланылады. Олардың шартты
құны валюталық қоржынға кіретін валюталардың орташа өлшемді құнын және
бағамдарын өлшеу негізінде есептеледі.
Валюталық қоржын 1973 жылы наурыз айынан бастап өзгермелі бағам режимін
енгізумен байланысты банктерді және халықаралық валюталы-несиелік ұйымдарда
қолданылады. Осы топтағы валюталар саны, олардың құрамы және валюталық
компоненттердің мөлшері орташа өлшемді бағам мақсатына байланысты
белгіленеді.
Валюталардың орташа өлшемді құны, топқа кіретін валюталардың АҚШ
долларына қатысты нарықтық құнының сомасында есептеледі. СДР халықаралық
есептесу бірлігінің негізін құрған валюталық қоржын бес валютадан тұрады:
АҚШ доллары – 40%, неміс маркасы – 21%, жапон иені – 17%, француз франкі –
11%, фунтстерлинг – 11%.
Елдің экономикалық және валюталық жағдайларына байланысты анықталатын
валюталардың конверсиялау дәрежесі валюталық жүйенің келесі бір элементін
сипаттайды. Басқа да ұлттық валюталарға еркін айырбасталатын, ақша
бірліктері ретінде еркін конверсияланатын валюталар болады. 1978 жылдан
бастап халықаралық валюталық қорлар мынадай ұғымдарды енгізген болатын:
- еркін пайдаланылатын валюта, яғни халықаралық есеп айырысуларда және
валюталық нарықтардың негізгі операцияларында кеңінен қолданылатын;
- валюталық шектеулері бар, жартылай конверсияланған елдердің
валюталары;
- валюталар айырбасына тыйым салынған, елдердің конверсияланбайтын
валюталары.

1.2. Халықаралық валюталық қатынастардың элементтері.
Валюталық паритет – бұл валюталық бағамның негізі болып табылатын және
заңды түрде бекітілетін екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді.
ХВҚ жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде белгіленеді.
Ұлттық валюталық жүйенің шегінде Халықаралық Валюталық Қатынастар арқылы
мемлекетаралық реттеу объектісі болып саналатын валютамен жасалатын
операцияларға шек қою, яғни валюталық шектеу енгізілуде.
Халықаралық ақшалай талаптар мен міндеттемелерді мемлекеттік реттеумен
байланысты бейнелейтін және жекелеген елдің немесе барлық елдердің төлем
қабілетін сипаттайтын халықаралық өтімділік валюталық жүйенің элементі
болып табылады. Халықаралық валюта өтімділігінің құрылымына шетел валютасы,
алтын, Халықаралық валюталық қатынастағы резервтік позиция, СДР және ЭКЮ-
дағы шоттар кіреді.
Халықаралық несиелік құралдарды пайдалану ережелерінің регламенттелуі
және халықаралық есеп айырысулар жүйелік нормаларға сәйкес жүзеге
асырылады.
Валюталық жүйенің институционалдық құрылымы ұлттық және мемлекетаралық
деңгейлерде реттеледі.
Аймақтық валюталық жүйелердің пайда болуының себептерінің біріне - жаңа
валюталық орталықты құру және оны дүниежүзілік валюталық жүйе аумағына қосу
жатады.
Аймақтық валюталық жүйе – валюталық бағамдардың ауытқуын азайту және
интеграциялық процессті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің
валюталық қатынатарын мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру формасының және
экономикалық интеграция шегінде валюталардың қызмет етуімен байланысты
қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.
Валюталық жүйенің даму кезеңдері өндірістің, дүние жүзілік нарықтың,
халықаралық еңбек бөлінісінің, дүниежүзілік шаруашылықтың дамуымен
байланысты болып келеді.
Бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе өнеркәсіптік революциядан кейін алтын
монометаллизмі базасында алтын монета стандарты формасында қалыптасты. 1867
жылы Париж келісімі алтынды дүниежүзілік ақшалардың жалғыз формасы ретінде
мойындады. Ұлттық және дүниежүзілік валюта және ақша жүйелері біріктірілген
болатын, себебі ақша дүниежүзілік нарықта төлемге массасы бойынша
қабылданды. Алтын стандарты өндірісті, сыртқы экономикалық байланыстарды,
ақша айналысын, халықаралық есеп айырысуларды реттеуші ретінде белгілі бір
роль атқарады.
Кейіннен классикалық алтын монета стандарты өзін түсіріп алды, себебі ол
дүниежүзілік шаруашылықтың шаруашылық байланыстарына сәйкес келмеді. 1914
жылы валюталық шектеу енгізді. Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында пайда
болған валюталық былықтан соң, алтын және жетекші валюталарға негізделген
мемлекетаралық алтын девиз стандарты құрылды.
Екінші дүниежүзілік валюталық жүйе 1922 жылы Генуэз конференциясындағы
мемлекетаралық келісіммен құрылды. 30 елдің ақша жүйесі алтын девиз
стандарты базасында қызмет етті. Ол кезеңдерде резервтік валюта мәртебесі
ресми түрде бір валютаға бекітілмеді, бірақ та фунт стерлинг пен АҚШ
доллары жетекшілік етті.
Үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе 1994 жылы Бреттон-Вудстағы (АҚШ)
валюта-қаржы конференциясында рәсімделді. Қатысушылары 44 ел болды,
Халықаралық валюталық қатынастар жарғысы бекітіліп, онда дүниежүзілік
валюталық жүйенің мынадай қағидалары анықталды:
- алтынға және екі резервтік валютаға (АҚШ доллары және фунт
стерлингке) негізделген мемлекетаралық алтын девиздік стандарттың жүйесі
белгіленді. Бұл жерде алтын девиз стандарты халықаралық қатынастарда
сақталып, ал ақша жүйесі айырбасталмайтын несиелік ақшаларға негізделді.
Бреттон-Вудс келісімі бойынша алтынды пайдаланудың төрт негізгі формасы
қарастырылды: валюталардың алтындық паритеті және олардың Халықаралық
валюталық қорда есепке алынуы, халықаралық есеп айырысулардың қалдығын
жабатын ақырғы құрал және халықаралық валюта өтімділігінің компоненті. АҚШ
долларын алтынға теңестіру және оны шетелдік орталық банктерде 31,10352 г
(1934 ж) тең 1 тройцк унциясы үшін 35 доллар ресми бағада айырбастау жүзеге
асырылып, іс жүзінде долларлық стандарт орын алды:
- валюталық саясат және валюталық шектеу халықаралық келісімшарттарға
бағынды;
- валюталық паритеттер алтынмен немесе АҚШ долларымен бейнеленді,
паритетті өзгерту тек қана Халықаралық валюталық қордың рұқсатымен
іске асты;
- валюталық бағамдардың режимі белгіленді (+– 0,75% - паритеттен
ауытқуға болады).
60 жылдардың аяғынан бастап, үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе
құлдырады.
Төртінші дүниежүзілік валюталық жүйенің қағидалары Кингстонда 1976-
1978жж. Халықаралық валюталық қатынастарға мүше елдердің келісімімен
рәсімделді. Онда Халықаралық валюталық қор Жарғысына түзетулер енгізілді.
Ямайка валюталық жүйесінің негізгі қағидасы мыналар:
- СДР стандарты енгізілді, бірақ іс жүзінде долларлық стандарт сақталды,
себебі доллар СДР жүйесіндегі есеп айырысуларды көбірек пайдаланды
(валюталық қоржындағы доллардың үлесі – 40%, ресми валюталық резервтерде –
60% жуық). Бірақ халықаралық валюталық қорға мүше елдерге валюталық
паритеттерін кез келген валютада белгілеуге құқық берілді, соның негізінде
көп валюталы стандартқа өту заңдастырылды;
- алтынды демонетизациялауға заңды түрде тыйым салынды: ресми баға,
алтындық паритет алынып тасталып, доллардың алтынға айырбасталуы
тоқтатылды;
- халықаралық валюталық қатынастар арқылы мемлекетаралық реттеу күшейді.
Сонымен дүниежүзілік валюталық жүйенің дағдарысқа ұшырауы ескі жүйені
құлатуға және оны жаңамен ауыстыруға әкелді. Жаңа валюталық жүйені құруда
үш кезеңді бөліп қарауға болады:
1) Жаңа валюталық жүйені құру, алғышарттарын қалыптастыру,
қағидаларын анықтау;
2) Құрылымдық біртұтастығын қалыптастыру, құруды аяқтау, жаңа жүйенің
қағидаларын біртіндеп іске қосу;
3) Біртұтас және элементтері өзара байланысқан толыққанды қызмет
ететін дамыған дүниежүзілік валюталық жүйені құру.
Ямайка валюталық жүйесіне қарсы Еуропалық экономикалық қауымдастық елдері
1979 жылы наурызда валюталар бағамын тұрақтандыру және инфляция деңгейін
қысқарту жолымен Еуропадағы экономиканың өсуін қолдау мақсатында Еуропалық
валюталық жүйесін құрды. Бұл жүйе ЕВЖ мүше елдердің валюталық бағамдарының
айырмасын бағалауға арналған ЭКЮ еуропа валюта бірлігіне негізделді.
Еуропалық валюталық жүйе мүше елдердің ресми алтын-доллар резервтерінің
20% біріктіре отырып, алтынды ЭКЮ-ді жартылай қамтамасыз ету үшін
пайдаланады. Валюталық бағамдардың режимдері бойынша мүмкін болар
қатынастар валюталардың бірлесіп өзгеруі негінде болар қатынастар
валюталардың бірлесіп өзгеруі негінде өзара ауытқу шегінде белгіленген,
жаңа мүшелер үшін 6% және басқа жағдайларда 2,25%. Еуропаның Орталық
банктері белгіленген ауытқулар маргинальды және интермаргинальды
интервенциялық стратегия жүргізілуде, маргиналдық интервенцияның шектері
диаграммада көрсетілген.
Еуропаның экономикалық жүйелері мен монетарлы саясатының жақындасуы,
экономикалық билікті көпұлтты институттарға беруі, ЕВО шеңберінде
келісімшарттарды реттеу және жүйелендіру барысы 1988 жылы Еуропалық
валюталық жүйесін құрудың алғышарты болып табылады.
Одақты құрудың мақсаты – ЕО шегінде тауарлар, көрсетілген қызметтер мен
капиталдардың еркін қозғалысы, ақша саясатына интервенцияның шекарасын
қалпына келтіруге, валюталар арасында тұрақты өзара қатынас белгілеу,
капиталдар нарығын ырықтандыруға қатысты бірігіп шешім қабылдау.
ЕВО 12 елінің мемлекеттерінің басшылары Еуропалық одақ жөнінде жоба
дайындап, оған 1992 жылы 7 ақпанда қол қойылды және оны Маастрихт келісім-
шарты деп атады. Келісім-шартта болашақ экономикалық және ақшалай одаққа
қатысты ережелер жинағы жасалып және бұрынғы ЕО келісім-шарттарына
толықтырулар мен түзетулер енгізілді.
Келісім-шартта мемлекеттердің Еуропалық валюта одағына кіру критерийлері
анықталды:
- инфляция деңгейі үш тұрақты қатысушы елдің орташа инфляция деңгейінің
1,5 %-нан аспауы тиіс;
- бюджет тапшылығы да өте өлшеусіз болмауы керек;
- ЕВО-ға мүше болған екі жыл ішінде валюта қысымға және
девальвациялануға ұшырамауы тиіс.
- ұзақ мерзімді пайыз мөлшерлемесі үш тұрақты елдің орташа деңгейінің 2%-
нан аспауға тиіс.
Сонымен қатар, қатысушы елдердің ақша саясатын анықтайтын, оның шарттарын
жасайтын, валюталық операцияларды жүзеге асыратын және валюталық
резервтерді қолдап отыратын, Еуропалық Орталық банк пен қатысушы елдердің
орталық банктерін қамтитын орталық банктердің жүйесі құрылды.
Қазақстан Республикасы Халықаралық валюталық қорға мүше бола отырып,
дүниежүзілік валюталық жүйелердің бірден-бір қатысушысы болып саналады.

1.3. Валюталық нарықтар ұғымы және қалыптасуы.
Валюталық нарықтар уақытылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық
қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға
қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық
тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық
саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем
айналымына қызмет етеді.
Халықаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға
бірдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда,
көрсетілген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер
бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу - сату формасында бір
валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.
Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең алдымен
сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім алған
экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлік және кеме компанияларынан
алынған қызметтері үшін төлемдерді үшін фрахты, сақтандыру сыйақысы,
брокерлік және банктік комиссия түрінде валюталар алатын сақтандыру
қоғамдары мен банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиені және оған
есептелген пайызды және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар заңды және жеке
тұлғалардан туындайды.
Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге
халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және
халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады.
Валюталық нарықтар – сұраныс пен ұсыныс негізінде ондағы айналатын
валюталарға сауда-саттық жүргізілетін ресми орталықты сипаттайды. Қазіргі
валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды бөліп қарауға болады:
- шаруашылық байланыстардың интернационалдануы негізінде валюталық
нарықтардың интернационалдануының күшеюі;
- байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;
- әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операцияларды жасау;
- банктердің корреспонденттік шоттары бойынша жазбаша түрде негізделетін
валюталық операцияларды жүргізу техникасын біртұтастандыру;
- коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстырғанда алыпсатарлық және
арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту.
Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланылатын валюталар
тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық
болып бөлінеді.
Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында
шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нью-Йорктегі, Франкфурт-на-
Майнедегі, Париждегі, Цюрихте, Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық
нарықтарды бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем
айналымында кеңінен қолданылатын валюталармен операциялар жүзеге асырылады.
Аймақтық және жергілікті нарықтарда белгілі бір конвертирленетін
валюталармен операциялар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық валюталық қатынас
Халыққаралық валюта қатынастары
Халыққаралық валюта табыстары
Валюталық реттеу және оның тәртібі
Халықаралық валюталық жүйе және валюталық рыноктар
Валюталық жүйелер
Дүниежүзілік валюта айналымы
Халықаралық валюта қатынастары және валюта курсы
Сыртқы экономикалық қатынастардың валюталы – қаржылық механизмі
Валюталық жүйе және оның түрлері
Пәндер