Валюта жүйесінің мәні және құрылымы



Жоспар

Кіріспе

І.тарау. Валюта жүйесінің мәні және құрылымы.
1.1 Валюта, валюта қатынастары және валюта жүйесі
1.2 Халықаралық валюталық жүйе және валюта бағамы
1.3 Валюта жүйесінің даму кезеңдері

ІІ.тарау. Валюта операциялары және олардың жіктелімі
2.1 Валюта операциялары
2.2 Валюта операцияларының жіктелімі

ІІІ.тарау. Валюта.қаржы және несие қатынастары жүйесіндегі Қазақстанның орны.
3.1 Қазақстан Республикасының валюта жүйесі және валюта саясаты
3.2 Халықаралық валюта.қаржы және несие қатынастары жүйесіндегі Қазақстанның орны

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе

Валюта қатынастары ақшаны халықаралық төлем айналымы ретінде қолдана бастаған кезден пайда болды. Бүкіл тарихи даму кезеңдерінде дүниежүзілік ақшаның формасы өзгеріп және халықаралық есеп жасасу жағдайлары жетіліп отырады. Мұнымен қатар дүниежүзілік ақша айналымы жүйесінің маңызы артып, оның тәуелсіз дәрежесі салыстырмалы түрде көбейіп келеді.
Халықаралық айырбастың, тауар, қызмет көрсету, капитал және жұмысшы күшіқозғалысының интенсификациясы бір елден екінші елге өтетін ақша көлемінің көбеюімен сабақтас жүреді. Бұған орай сауда қарқыныда артады. Мұны бірқалыпты жағдайға келтіру қажеттілігінің салдарынан халықаралық валюта жүйесі және дүниежүзілік валюта жүйесі қалыптасты.
Дүниежүзілік шаруашылық жүйенің қалыптасуы, елдер арасындағы экономикалық байланыстардың интернационалдануы – ұлттық шаруашылықтар қызметінің интенсивтенуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты аталған процесте қызмет көрсетуші құрал ретіндегі халықаралық валюталық-қаржылық қатынастар қалыптасады.
Валюта бұл бір елдің ақша бірлігі. Ал, қысқаша мәнін алатын болсақ – бұл шет мемлекеттің ақша белгісі. Әрбір ұлттық нарықтың өзінің ұлттық валюта жүйесі болады.
Валюталық қатынастар дегеніміз дәстүрлі ақша қызметінің дүниежүзілік ақша қызметіне ауысуымен байланысты жүзеге асатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтерінің қалыптасу тарихына көз салсақ, оның антик дәуірінде пайда болғанын байқаймыз. Ежелгі Греция және Ежелгі Римде валюталық қатынастар вексельдік және айырбастық қызмет түрінде жүргізілген. Сонымен бірге, валюталық қатынастар Орта ғасырда, дәлірек айтқанда, Лионда, Антверпенде және Батыс Еуропаның басқа да сауда орталықтарында «вексельдік жәрмеңкелер» түрінде жүзеге асырылғандығын атап өту керек. Бұл жерлерде барлық айырысулар аудармалы вексельдер бойынша жүргізілген.
ХХ ғасырдың орта шенінен бастап халықаралық экономикалық, қаржы-қаражат және валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын жеделдетуді, халықаралық қаржыландыруды дамытуды, жаңа валюта рыноктарын құруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық-қаржылық қатынастарды кеңейтуді көздейді.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда – бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда – бұл белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.
Валюта жүйесінің негізгі міндеттеріне тұрақты экономикалық өсуді, инфляцияны ауыздықтауды, сыртқы экономикалық айырбас пен төлем айналымын тепе-теңдікте сақтауды қамтамасыз ету шеңберіндегі, халықаралық шеңберіндегі халықаралық есептеулер мен валюта рыноктарын реттеу жатады.
Валюта жүйесі халықаралық экономикалық қатынастарды кеңейтуге, немесе, кеісінше шектеуге әсер ететін ең маңызды механизмдердің бірі.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты осы жоғарыда айтылған мәселелердің мән-мағынасын толық ашып көрсету. Осы мақсаттарды ашып көрсету үшін бұл курстық жұмыс 3 тараудан тұрады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


1. Закон РК «О национальном банке РК »
2. «Инструктивно-нормативные акты Национального банка Казахстана.» Алматы 1999-2002
3. «Банк құқығы! С.М. Найманбаев Алматы 2004
4. С.Б. Мақаш, А.Ә.Ільяс « Банк ісі » Алматы 2004
5. А.М.Тавасиев, В.П. Вичков, В.А.Москвин «Банковское дело ».Базовые операций для клиентов. Москва. «Финансы и статистика », 2005
6. Е.П. Жарновская «Банковское дело » Москва, 2006
7. Деньги, кредит, банки. Под ред. Г.С. Сейткасимова, Москва, 2001
8. Деньги, кредит, банки, ценные бумаги. Под ред. Е.Ф Жукова
9. «Банковское дело » Под ред. В.И. Колесникова, Москва, 2001
10. Банки и банковское дело: Под ред. И.Т. Балабанова, С-Петербург, 2002
11. « Банковское дело » под ред. О.И. Лаврушин, И:Д. Мошокова, Н.И. Валенцева, 1998
12. А.Б. Глушкова «Банковское дело », Москва, 2005
13. Экономикалық теория негіздері Оқулық: Шеденов Ө.Қ Алматы-Ақтөбе 2002
14. «Банковское дело » Учебник под ред. Г.С. Сейткасимова, Алматы, 1999
15. Финансы. В.Д. Мельников и др. Алматы, 2001
16. «Банковское дело » Под ред. О.И. Лаврушин, Москва, 2001
17. Асхауер Г. « Введение в банковское » - Москва 1997
18. С.Б. Мақаш «Коммерциялық банк операциялары» Алматы 2005
19. К.Г. Парфенов «Банковский учет и операционная техника в коммерческих банках» // М., ЗАО «Бухгалтерский бюллетень», 2001г.

Интернет
20. www. «Bankreferatov» . ru
21. www. «Aport». ru
22. www. «Referat». ru

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе

І-тарау. Валюта жүйесінің мәні және құрылымы.
1. Валюта, валюта қатынастары және валюта жүйесі
2. Халықаралық валюталық жүйе және валюта бағамы
3. Валюта жүйесінің даму кезеңдері
ІІ-тарау. Валюта операциялары және олардың жіктелімі
1. Валюта операциялары
2. Валюта операцияларының жіктелімі
ІІІ-тарау. Валюта-қаржы және несие қатынастары жүйесіндегі Қазақстанның
орны.
1. Қазақстан Республикасының валюта жүйесі және валюта саясаты
2. Халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастары жүйесіндегі
Қазақстанның орны

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе

Валюта қатынастары ақшаны халықаралық төлем айналымы ретінде қолдана
бастаған кезден пайда болды. Бүкіл тарихи даму кезеңдерінде дүниежүзілік
ақшаның формасы өзгеріп және халықаралық есеп жасасу жағдайлары жетіліп
отырады. Мұнымен қатар дүниежүзілік ақша айналымы жүйесінің маңызы артып,
оның тәуелсіз дәрежесі салыстырмалы түрде көбейіп келеді.
Халықаралық айырбастың, тауар, қызмет көрсету, капитал және жұмысшы
күшіқозғалысының интенсификациясы бір елден екінші елге өтетін ақша
көлемінің көбеюімен сабақтас жүреді. Бұған орай сауда қарқыныда артады.
Мұны бірқалыпты жағдайға келтіру қажеттілігінің салдарынан халықаралық
валюта жүйесі және дүниежүзілік валюта жүйесі қалыптасты.
Дүниежүзілік шаруашылық жүйенің қалыптасуы, елдер арасындағы
экономикалық байланыстардың интернационалдануы – ұлттық шаруашылықтар
қызметінің интенсивтенуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты аталған
процесте қызмет көрсетуші құрал ретіндегі халықаралық валюталық-қаржылық
қатынастар қалыптасады.
Валюта бұл бір елдің ақша бірлігі. Ал, қысқаша мәнін алатын болсақ – бұл
шет мемлекеттің ақша белгісі. Әрбір ұлттық нарықтың өзінің ұлттық валюта
жүйесі болады.
Валюталық қатынастар дегеніміз дәстүрлі ақша қызметінің дүниежүзілік
ақша қызметіне ауысуымен байланысты жүзеге асатын экономикалық
қатынастардың жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтерінің қалыптасу тарихына көз
салсақ, оның антик дәуірінде пайда болғанын байқаймыз. Ежелгі Греция және
Ежелгі Римде валюталық қатынастар вексельдік және айырбастық қызмет түрінде
жүргізілген. Сонымен бірге, валюталық қатынастар Орта ғасырда, дәлірек
айтқанда, Лионда, Антверпенде және Батыс Еуропаның басқа да сауда
орталықтарында вексельдік жәрмеңкелер түрінде жүзеге асырылғандығын атап
өту керек. Бұл жерлерде барлық айырысулар аудармалы вексельдер бойынша
жүргізілген.
ХХ ғасырдың орта шенінен бастап халықаралық экономикалық, қаржы-қаражат
және валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық экономика
құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын жеделдетуді,
халықаралық қаржыландыруды дамытуды, жаңа валюта рыноктарын құруды, әр
түрлі елдер арасындағы валюталық-қаржылық қатынастарды кеңейтуді көздейді.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың
дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты
валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда – бұл шаруашылық
байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан
валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан
қарағанда – бұл белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегіндегі
валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.
Валюта жүйесінің негізгі міндеттеріне тұрақты экономикалық өсуді,
инфляцияны ауыздықтауды, сыртқы экономикалық айырбас пен төлем айналымын
тепе-теңдікте сақтауды қамтамасыз ету шеңберіндегі, халықаралық
шеңберіндегі халықаралық есептеулер мен валюта рыноктарын реттеу жатады.
Валюта жүйесі халықаралық экономикалық қатынастарды кеңейтуге, немесе,
кеісінше шектеуге әсер ететін ең маңызды механизмдердің бірі.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты осы жоғарыда айтылған мәселелердің
мән-мағынасын толық ашып көрсету. Осы мақсаттарды ашып көрсету үшін бұл
курстық жұмыс 3 тараудан тұрады.

І-тарау. Валюта жүйесінің мәні және құрылымы.
1.1 Валюта, валюта қатынастары және валюта жүйесі.
Валюта (итальян сөзі, сөзбе-сөз – құн) – елдің ақша бірлігі, оның
шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айырысу айналымының каналдары арқылы
ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек
бөлінісін интенсивтендіру (күшейту) халықаралық нарықтың қүрылуына себепші
болды. Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салалардың
өнімін сатуда туыдайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын
жетілдіру – міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының
кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау,
ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына
байланысты болды.
Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды
интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның
жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап
етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне
транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы
мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ
интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар
айналымының ұлғаюы – ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол
жеткізгендіктің айғағы.
Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің
өзара қарым-қатынастарының тереңдеуі және кеңуі осы елдердің экономикалық
жағдайын анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс пен әлемдік айырбастың,
жалақы мен бағаның өсу қарқынына зор әсер етті. Әлемдегі елдердің
шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие легі
жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процессінде
қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де
әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы
саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы
қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті
деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан. (13: 45-
беттер)
Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы (экономикалық одаққа
кіруі) ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және
керісінше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта, есеп айырысу және
несие-қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан
қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың
нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді.
Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі Египетте,
Римде) вексель және айырбастау істеріретінде пайда болған. Валюта
қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз
кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер
(жағымды немесе жағымсыз) етеді. Валюта қатынастары құқықтық нормалармен
және ережелермен реттеледі.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі
пайда болды. Валюта жүйесі – ол экономикалық көзқарас тұрғысынан –
шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи
қалыптастатын валюта-экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық
тұрғысынан – ол белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегінде
мемлекеттік-құқықтық түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар.
Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе
аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің
құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.
Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға
және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта
расурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық
валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құралады. Ұлттық валюта – елдің
ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қол емес
формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады. Оның эмитенттері ұлттық
орталық банк және коммерциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің негізгі
элементтері төмендегілер:
❖ ұлттық валюта;
❖ ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни
айырбасталудың екі түрлі болуы: а) шетел валютасына шектеусіз еркін
айырбасталатын валюта. 1978 жылдан Халықаралық валюта қорының
Жарғысында еркін қолданатын валюта деген ұғым енгізілген. Оған
американдық доллар, немістің маркасы, жапон иені, француздық франк,
ағылшындық фунт стерлинг; ә) жарым-жартылай айырбасталатын валюта,
мысалы, ресейлік рубль; б) айырбасталмайтын (тұйық) валюта;
❖ валюталық паритеттің бірдейлік ережесі – валюталардың алтын құрамына
байланысты өзара қатысы. Ақша өлшемінің негізгі мазмұнына негізделген
ондағы алтын паритеті алынып тасталды (Батыста 70-жылдарда, ал КСРО-да
1991 жылдан). Халықаралық валюта қорының Жарғысы бойынша валюта
паритеті тек СДР-арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаралық
валютамен, бірақ алтынмен емес, анықталуы мүмкін. 70-жылдардың орта
шенінен бастап паритеттер валюта қоржыны негізінде анықталады. Валюта
қоржыны деп бірнеше валюталардың белгілі бір бөліктерінің сомасын сол
валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына
бөлуменанықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады.
Мысалы, СДР валюта қоржыны жоғарыда көрсетілген бұрын еркін
қолданылатын валюталардан құралады, қазір ондағы американдық доллардың
үлесі шамамен 39%, неміс маркасы – 21, жапон иені – 18, француздық
франк және фунт стерлингтің әрқайсысының ұлесі 11%-тен болады. Еуропа
қауымдастығының еуропалық валюта өлшемі (ЭКЮ)12 елдің валютасынан
тұратын валюта қоржынынан құралған, ЭКЮ 1999 жылдың 1 қаңтарынан
ұжымдық валюта – еуромен біртіндеп алмастырылмақшы;
❖ валюта бағамының тәртібі (белгіленген, белгілі бір аралықта
өзгермелі). Мысалы, Еуропа валюта жүйесіндегі орталық бағамында 12
валюта бағамының өзара ауытқу шегі ( 15% шамасында бекітілген; 1995
жылдың екінші жартысында Ресейде АҚШ-тың 1 долларына шаққанда 4300-4900
руб. аралығында, ал 1997 ж. 5750-6350 руб. болды. 1998 ж. валюта
коридорының жоғары шегі 9500 рубльге дейін көтерілді. Валюта-қаржы
дағдарысы кезінде, 1998 жылдың тамызынан, рубльдің долларға шаққандағы
бағамы бұл шектен шығып, деноминацияланған 15-25 рубльге дейін
көтерілді. Көптеген елдерде валюта бағамының өзгеретін шегі заңмен
бекітілмеген;
❖ валюталық шектеудің болуы немесе болмауы. Мысалы, Ресейде ел
экономикасының тұрақсыздығына байланысты шектеу, лимит белгілеу,
белгілі бір валюталық құндылықтармен жүргізілетін операцияларға тиым
салу енгізілген; 50-жылдардың аяқ кезінен бастап дамыған мемлекеттер
бірте-бірте валюталық шектеуді алып тастаған. 1996 жылы Ресей ХВҚ
Жарғысының VІІІ бабына қосылып, саудалық және саудалық емес
операцияларға валюталық шектеулерді жойды;
❖ төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері,)
СДР есепшоттары, еуро (1999 жылдан ЭКЮ-дың орнына), ХВҚ резервтік
позициясы (бағыты) және елдің сыртқы қарызын өтеу мүмкіншілігін
білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігін реттеу;
❖ халықаралық несиелік айналым құралдары мен халықаралық есеп айырысу
формаларын қолдану тәртібін белгілеу;
❖ валюта нарығы мен алтын нарығы ережесі;
❖ валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы (орталық
банк, Қаржы министрлігі, арнаулы органдар, мысалы, Қазақстанда ұлттық
банк, Ресейде – валюталық және экспорттық бақылаудың федералдық
қызметі). (15:112-беттер)
Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына байланысты әр елдің
ұлттық валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта
жүйелері қалыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық
келісіммен заңды түрде бекітіледі.
Дүниежүзілік валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының
ұйымдастыру формасы, яғни ол – халықаралық несие-қаржы институттарымен
халықаралық-шарт және мемлекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін
жүйе. Бүл ереже-шарттардың негізгі міндеті – халықаралық сауда-саттық
процесстерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің
тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экононмикалық
және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет.
Басқа жағынан, оның мақсаты – кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып
тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм)
әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады.
Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты
мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-
есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша
айналымын қамтиды. Дүниежүзілік валюта жүйесі деген ұғымға кіретін ішкі
және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін
біріктіретін түйін - әлемдік ақша белгілері.
Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден-бір түрі болып алтын, кейін құйма
формасындағы алтын есептелді. Алтын монетаны халықаралық есептесуде қолдану
үшін алдымен құйма жасау, содан соң басқа елдің монетасын соғу қажет болды.
Біртіндеп айналыс шығындарын азайту мақсатында халықаралық есеп айырысуда
ұлттық алтын монета және несие айналым құралдары қолданыла бастады.
Ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде дүниежүзілік валюта жүйесінің
негізгі элементтері қалыптасты. Олар:
□ әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, резервтік валюта, халықаралық
өлшем);
□ валюталардың айырбасталу шарттарын белгілеу;
□ валюталық паритет пен валюта бағамы тәртібін үйлестіру;
□ валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;
□ халықаралық валюта өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу (мысалы,
ХВҚ 1970 жылдан айналымға жаңа халықаралық валюта өлшемі СДР-ды, ЕВҚҚ –
1979 жылдан еуропалық валюта өлшемі ЭКЮ-ді, ал 1999 ж. қаңтардан еуроны
енгізді);
□ халықаралық несиелік айналым құралдарын қолдану тәртібін үйлестіру;
□ әлемдік валюта нарығы мен алтын нарығының ережесі;
□ мемлекетаралық реттеу институтының статусы – 1944 жылдан Халықаралық
валюта қоры бекітілді.
Аймақтық валюта жүйесі (ЕВЖ) – дүниежүзілік валюта жүйесінің
шеңберінде батыс Еуропаның өнеркәсібі дамыған мемлекеттерін біріктіретін
ұйым. Ол 1957 жылы Рим шарты бойынша құрылған Жалпы нарық одағындағы
мемлекеттердің экономикалық және валюталық ынтымағының дамуынан бастау
алып, 1979 жылы құрылды. Оның мақсаты – ынтымақтастық процесін ынталандыру,
еуропалық саяси, экономикалық және валюта одағын – Еуропалық одақ (ЕО)
құру, Батыс Еуропаның позициясын күшейту. Еуропа валюта жүйесінің
элементтері дүниежүзілік валюта жүйесінің элементтеріне дәл келеді.
Дүниежүзілік валюта жүйесінің ерекшеліктері мен тұрақтылығы оның
құрылымдық принциптерінің әлемдік шаруашылықтың құрылымы принциптеріне,
әлемдік тұрғыда күштердің орналасуына және басшы елдердің мүддесіне
сәйкестік деңгейіне байланысты өзгереді. Бұл принциптер сәйкес келмесе
дүниежүзілік валюта жүйесі әлсін-әлі дағдарысқа ұшырап, оның ыдырауымен
және жаңа валюта жүйесінің құрылуымен ұштасады.

2. Валюталық жүйе және валюта бағамы.
Валюталық жүйе – дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтың эволюциялық
дамуы нәтижесінде ХІХ ғасырдың ортасына қарай туындады. Халықаралық
валюталық жүйенің ерекшеліктері мен сипаты дүниежүзілік шаруашылық
құрылымына, оның принциптерінің сәйкестілігіне, алдыңғы қатарлы елдердің
мүдделеріне тәуелді болады.
Халықаралық валюталық жұйе – ғаламдық деңгейде валюталық-қаржылық
қатынастарды реттеуші механизм, сонымен бірге ол үлттық валюталық жұйемен
(ҰВЖ) өзара тығыз байланысты болады.
Халықаралық және ұлттық валюталық жүйелердің өзара байланыстылығына
қарап, оларды бірдей деп есептеуге болмайды, өйткені олардың элементтері
бір-бірінен ерекшеленеді.
Осы ерекшеліктерге көзімізді жеткізу үшін ҰВЖ мен ХВЖ-нің негізгі
элементтерін қарастырайық.

ҰВЖ-ні сипаттайтын негізгі ХВЖ-нің негізгі элементтері
элементтер
Ұлттық валюталық бірлік. Резервтік валюталар.
Ресми алтын-валюталық резервтердің Халықаралық ликвидтік активтердің
құрамы. құрамы мен құрылымы.
Ұлттық валютаның паритеті және Паритеттер мен курстардың
валюталық курстардың қалыптасу механизмдері.
механизмі.
Валюталардың конвертирлену Валюталардың өзара айналымдылық
(айырбасталыну) немесе айналымдық шарттары.
шарттары.
Валюталық шектеулердің бар-жоқтығы.Халықаралық есеп айырысулардың
Елдердің сыртқы экономикалық есеп формалары.
айырысуларды жүзеге асыру реті. Халықаралық валюталық нарықтар
мен алтынның дүниежүзілік
нарықтарының режимі.
Валюталық-қаржылық қатынастарды
реттеуші мемлекетаралық
валюталық-несиелік ұйымдардың
(Халықаралық валюта қоры,
халықаралық қайта өркендеу және
даму банкі) статусы.

Паритет – бұл валюталардың алтындық құрамына байланысты өзара қатысы.
Паритет валюта курстарының негізінде жатыр. Бірақ паритет пен валюталық
курс ешқашан да бір-біріне тең болмайды.
Валюталық курс – жекелеген елдердің валюталарының арасындағы
арақатынас немесе басқа елдің валютасымен өрнектелген белгілі бір ел
валютасының бағасы.
Валюталық курс және паритет ұлттық валюталық жүйелер арасындағы
байланыстырушы буын ретінде қызмет атқарады.
Валюталық жүйенің дамуы қоғамдық ұдайы өндіріс процесінің
заңдылықтарымен анықталады.
Кейбір жағдайларда әлемдік валюталық жүйе дүниежүзілік шаруашылық
құрамына сәйкес келмеуі мүмкін. Осындай сәйкессіздік нәтижесінде әлемдік
валюта жүйесі дағдарысқа ұшырап отырады, бұл дағдарыс ескі жүйенің бұзылып,
оның жаңа жүйеге айырбасталуына әкеліп соғады. Халықаралық валюталық
жүйенің эволюциясы ұлттық және әлемдік экономиканың сұраныстарына
байланысты қалыптасады.
Халықаралық экономикалық операцияларды жүргізу үшін ұлттық валютаны
халықаралық төлем өлшеміне айырбастау қажет. Айырбастау процесі белгілі бір
арақатынаспен жүргізіледі. Әр түрлі мемлекеттердің ақша өлшемдерінің
арақатынасы, яғни басқа елдің (немесе халықаралық ақша өлшемінде) ақша
өлшемімен көрсетілген бір елдің ақша өлшемінің бағасы валюта бағамы деп
аталады.
Валюта бағамы халықаралық валюталық, есеп айырысу, несие-қаржылық
операцияларды жүргізу үшін қажет. Мысалы, экспортшы (шығарушы) шетел
валютасымен түскен түсімді ұлттық валютаға айырбастайды, себебі басқа елдің
валютасы бұл мемлекеттің жерінде күнбе-күнгі жағдайда ақша қаражаты ретінде
айналысқа түсетін құқы жоқ. Ал импортшы (әкелуші) шетелден сатып алған
тауарларға төлеу үшін шетел валютасын сатып алады.
Валюта бағамы қайта есептеу коэффициенті емес, ол шетел валютасымен
немесе халықаралық валюталық өлшемдермен (СДР, ЭКЮ) көрсетілген осы
мемлекеттің ақша өлшемінің бағасы. Валюта бағамы валюта нарығындағы
сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы күнбе-күнгі айналым
процесіндевалюталарды салыстыру барысында қалыптасады. Валюта бағамын
қалыптастырудың негізі не? Тауардың бағасы оның құны (шығыны) негізінде
құралатыны сияқты, ақша өлшемінің бағасы оның сатып алу мүмкіндігінің
негізінде қалыптасады.
Валюта бағамының қалыптасуы – көп факторлы процесс. Валютаға сұраныс
пен ұсынысқа әсер ететін факторлар мыналар:
• Инфляция қарқыны;
• Процент мөлшерінің деңгейі;
• Бағалы қағаздардың табыстылық деңгейі;
• Төлем балансының жағдайы.
Бұл факторлар елдің экономикалық жағдайын білдіретін факторлар.
Мысалы, егер басқа факторлар кері әсер етпесе, басқа елдермен салыстырғанда
елдегі инфляцияның қарқыны жоғары болған сайын, оның валютасының бағамы
соғұрлым төмен болады. Елдегі ақшаның инфляциялық құнсыздануы оның сатып
алу мүмкіндіктерін төмендетіп және валюта бағамының құлдырау тенденциясын
тудырады.
Мемлекеттің активтік төлем балансында оның валютасына шетел
борышқорларының сұранысы артады, сол кезде оның бағамы көтерілуі мүмкін.
Егер басқа мемлекеттерге қарағанда елде процент мөлшері жоғары
болса, онда ол шетел капиталының құйылуына, валютаға сұраныстың
көтерілуіне, оның бағамының жоғарлауына әсер етуі мүмкін. Мысалы, 80-
жылдардың алғашқы жартысында АҚШ жоғары проценттік мөлшер саясаты (басқа да
факторлармен қатар) Батыс Еуропа мен Жапониядан 500 млрд. доллордан астам
мөлшерде инвестицияның құйылуына жағдай жасады. Қорытындысында доллордың
бағамы көтерілді, ал осы факторлардың әсерінен инвестор-елдердің
валютасының бағамы төмендеді.
Сонымен қатар валюта бағамын әртүрлі саяси, саудагерлік,
психологиялық факторлар да әсер етуі мүмкін.
Әрбір мемлекет валюта бағамын реттеу әдістерінің әр түрін қолданады.
Ол әдістердің негізгілері мыналар:
• Валюталық интервенция (орталық банктің ұлттық валютаға шетел валютасын
сатып алып – сатуы);
• Орталық банктің ашық нарықтағы операциялары (бағалы қағаздарды сатып
алып -–сатуы);
• Орталық банктің проценттік мөлшер деңгейін жәненемесе міндетті
резервтер нормасын өзгертуі.
Валюта бағамын белгілеу, яғни валюталарды айырбастау пропорциясын
(қатынасын) анықтауды валюталық котировка (баға белгілеу) деп атайды.
Валюта нарығында валюта бағасын белгілеудің екі әдісі бар: тікелей және
жанама. Тікелей котировка деп шетел валютасының бағамын ұлттық валютамен
көрсетуді айтады. Бұл әдіс көптеген мемлекеттерде қолданылады. Ал жанама
котировка деген ұлттық валютаның бағамын шетел валютасының белгілі бір
санының (мөлшері) көрсетуі. Жанама котировка әдісін Ұлыбритания, ал 1987
жылдан бастап бірен-саран АҚШ қолдануда.
Банкаралық валюта нарығының операцияларында ұлттық валюталарды АҚШ
долларына қарап бағалау басымырақ, бұл доллардың халықаралық төлем және
резервтік құрал ретіндегі ролімен түсіндірілді. Банктер сауда-өнеркәсіп
клиенттеріне валюта бағамын белгілегенде әдетте кросс-курсті негіз етіп
алады. Кросс-курс – ол екі валюта бағамдарының үшінші валютаға (әдетте АҚШ
доллорына) қатысты арақатысы.
Банктер сатушы және сатып алушы бағамдарын белгілейді. Сатушы бағамы
– ол банктің валютаны белгілеген бағаммен сатуға дайындығы, ал сатып алушы
бағамы – банктің валютаны сол бағамен сатып алуға дайын болуы. Тікелей
котировка бойынша сатып алушы бағамынан сатушы бағамы әрдайым жоғары.
Олардың арасындағы айырма банктің пайдасын құрайды.
Сондай-ақ ресми, банкаралық, биржалық валюта котировкалары болады.
Ресми валюталық котировканы орталық банк жүргізеді. Ол есеп жүргізу
мақсатында, кедендік төлемдерде, төлем балансын құрастырғанда қолданылады.
Өнеркәсібі дамыған елдерде валюталық операциялардың негізгі бөлігі биржадан
тыс банкаралық валюта нарығында өтетіндіктен, бұл елдердің ішкі нарықтағы
қолданатын негізгі бағамы банкаралық баға. Банкаралық котировканы ірі
коммерциялық банктер белгілейді.
Валюта нарығына басқа қатысушылар банкаралық бағамға бейімделеді. Ол
банк клиенттері үшін баға белгілеу негізі ретінде қолданылады. Биржалық
бағам анықтама сипатында болады. Биржалық котировка валютаны сатып алу-сату
үшін биржаға түскен арыздарды жүйелі түрде салыстыру негізінде
құрастырылады.
Жалпы валюта бағамының өзгеруі ел экономикасына екі жақты әсер
етеді. Ұлттықвалюта бағамының төмендеуі, әдетте, экспортшыға тиімді, себебі
ол қымбаттаған шетел валютасымен түскен түсімді арзандаған ұлттық валютаға
айырбастаған кезде экспорттық сыйақы алады. Демек, экспортшылар бағасы
орташа әлемдік бағадан төмен тауарларды алып кетуді кеңейту жолымен өзіне
түсетін пайданы ұлғайту үшін ұмтылады.
Бұл тұста импортшылар ұтылады, себебі валютаны келісім-шарт
бағасымен сатып алу қымбатқа түседі. Ұлттық валютаның бағамы төмендегенде
онымен көрсетілген іс-жүзіндегі қарыз төмендейді, бірақ сатып алуы қымбатқа
түсетін шетел валютасымен көрсетілетін сыртқы қарыз өседі.
Шетел ақша өлшемдерімен салыстырғандағы ұлттық валютаның бағамының
өсуі, негізінде халықаралық экономикалық қатынастарға кері әсерін тигізеді.
Валюта бағамының ауытқуы салдары елдің валюта-экономикалық және экспорттық
потенциалына, оның әлемдік шаруашылықтағы орнына байланысты болады.

1.3. Халықаралық валюталық жүйенің даму кезеңдері.
Өзінің дамуы процесінде ХВЖ төрт кезеңнен өтеді, олардың
әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар.
Бірінші, алтын стандарт жүйесі. Бұл жүйе ХІХ ғасырда стихиялы түрде
қалыптасты және заңды түрде 1867 жылы Париж конференциясында бекітілді. Осы
конференцияның шешімі бойынша, алтын әлемдік ақшаның жалғыз формасы болып
есептеледі.
Алтын стандарт жүйесі төмендегі принциптерге сүйенеді:
1. Бұл жүйенің негізі – алтын монеталық стандарт. Әрбір валютаның
алтындық құрамы бар, осыған сәйкес олардың алтындық паритеттері
белгіленеді.
2. Әрбір валютаның алтынға айырбасталуы. Алтын танымал әлемдік ақша
ретінде қолданылады. Әрбір валюта ел ішінде де, оның шекарасынан тыс
жерлерде де еркін түрде алтынға айырбасталады.
3. Алтын құймалар монетарларға еркін түрде айырбасталады,сонымен бірге,
алтын еркін импортталады, экспортталады және алтын халықаралық
нарығында сатылады.
4. Алтынның ұлттық қоры және ақшаның ішкі ұсынысы арасында қатаң
арақатынас орнатылды.
Алтын монеталық стандарт бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін салыстырмалы
түрде тиімді болды. Уақыт өте келе алтын монеталық стандарт ескіре бастады,
яғни ол өсіп бара жатқан шаруашылық байланыстардың масштабына сәйкес болмай
қалды.
Соғыс басталғаннан кейін жауласушы елдердің орталық банктері
банкноттарды алтынға айырбастауды тоқтатты және соғыс шығындарын жабу үшін
олардың эмиссиясын ұлғайтты.
Бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде қалыптасқан валюталық хаос
кезеңінен кейін алтын девиздік стандарт белгіленді. Ол алтынға еркін
айырбасталатын жетекші валюталарға негізделді.
Екінші, валюталық жүйе заңды түрде 1922 жылы Генуядағы халықаралық
экономикалық конференцияда белгіленді.
Алтын – девиздік стандарттың принципі бойынша, банкноттар алтынға емес,
вексель және чек, яғни девиздерге айырбасталды. Девиздік валюта ретінде
доллар мен фунт стерлинг қабылданды.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарының өзінде жаңа дүниежүзілік валюталық
жүйені құру жұмыстары басталған еді, өйткені Генуядағы валюталық жүйенің
дағдарысы тереңдей түсті.
Үшінші, халықаралық жүйе заңды түрде 1944 жылы Бреттон-Вудстағы (АҚШ)
халықаралық конференцияда бекітілді. (14: 85-беттер)
Бреттон-Вудс валюталық жүйесі төмендегі принциптерден тұрады:
1. Алтын бұрынғыдай елдер арасындағы соңғы ақшалай есеп айырысулардың
функциясын орындайды.
2. Американдық доллар біртұтас резервтік валюта болды, ол алтынмен қатар
әр түрлі елдердің валюталарының құндылығын анықтайтын өлшем ретінде
әрекет етті, сонымен бірге, халқаралық төлем құралы болып саналады.
3. Басқа елдердің Орталық банктері мен үкімет мекемелері долларды АҚШ-
тың казначействосында (қазына мекемесі) айырбастаған. Ол кездегі курс
бойынша, 35 АҚШ доллары 1 тройск унцияға (31,1035 гр.) тең болды.
Сонымен бірге, үкімет органдары және жеке адамдар алтынды жеке меншік
нарықтардан сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
4. Валюталардың өзара айырбасы және олардың бір-біріне теңестірілуі
алтынмен және доллармен өрнектелген ресми валюталық паритеттер (тепе-
теңдік) негізінде жүргізілді.
5. Елдер кез-келген басқа валюталарға қатысты өз валюталарының
өзгеріссіз курсын сақтауға тиіс болды. Нарықтық валюталық курс
паритеттен тар көлемде ауытқушы еді (ХВҚ-дың жарғысы бойынша + 1%
және Еуропалық валюталық келісім бойынша + 0,75%). Халықаралық
валюталық операцияларда алтынның қолдану масштабы күрт төмендеп
кетті, ең басты орында доллар болды.
6. Мемлекеттер арасындағы валюталық қатынастар Халықаралық валюталық қор
(ХВҚ) арқылы реттелуші еді. Бұл қор Бреттон-Вудс конференциясында
құрылды.
ХВҚ-дың негізгі функциясы – осы қорға мүше елдердің валюталық
паритеттеріді, курстар мен валюталардың еркін айырбасталуын дұрыс жүргізуін
бақылау.
Бреттон-Вудс конференциясына қатысты айтар болсақ, халықаралық валюталық
жүйе ең алғаш рет үкіметаралық келісімдерге негізделе бастады.
Бреттон-Вудс жүйесі ширек ғасыр ішінде әлемдік сауда мен өндірістің
өсуіне ықпал етті.
Бірақта бұл жүйе оған қатысушы елдердің барлығына тең құқықты бере
алмады және АҚШ-тың Батыс Еуропа, Жапония және ХВҚ-ға мүше басқа елдердің
валюталық саясатына ықпал етуіне мүмкіндік берді.
Басқа елдерге зиян келтіре отырып, АҚШ-тың позициясы күшейе бастады және
соған сәйкес Бреттон-Вудс жүйесінің қарама-қайшылықтары күн санап шиеленісе
түсті.
Американдық центризм принципі АҚШ – Батыс Еуропа – Жапония сияқты үш
әлемдік орталықтардың пайда болуына қарай жаңа күштердің орналастырылуына
сәйкес болмай қалды.
Валюталық қатынастарда доллар өзінің монополиялық жағдайын жоғалта
бастады. ГФР маркасы, швейцар франкі, Батыс Еуропаның, басқа валюталары
және жапон иенасы американ долларына бәсекелестік жасады. АҚШ-тың төлем
балансының тапшы болуы шектеулі мөлшерден асып кетті.
Долларды алтынға айырбастау АҚШ үшін өте қиынға соқты, өйткені өз
резервтері есебінен алтынға төмен баға белгілеуге мәжбүр болды.
70-жылдардан бастап АҚШ ресми баға бойынша долларды алтынға
айырбастаудан бас тартты.
Бреттон-Вудс жүйесі іс жүзінде күйреді.
Төртінші, халықаралық валюталық жүйе 1976 жылы ХВҚ-тың Кингстонда
(Ямайка) өткен кезекті мәжілісінде қабылданды. Төртінші ХВЖ-нің принциптері
төмендегідей:
Валюталық курстардың құны мен есептелу нүктесін айқындайтын құрал
ретіндегі алтынның функциясы жойылды, яғни алтынның ресми бағасы, алтын
паритеттер жойылып, доллардың алтынға айырбасталуы тоқталды.
Елдер арасындағы валюталық өзара қатынастар әлемдегі елдердің ұлттық
ақша бірліктерінің өзгермелі курсына негізделді. Кез келген елге валюталық
курстардың кез келген режимін таңдауға мүмкіндік беріледі. Жаңа жағдайларда
курстардың өзгеруі екі факторға тәуелді болды:
▪ Валюталардың сатып алушылық қабілеті;
▪ Халықаралық нарыққа валюталардың сұранысы мен ұсынысының
арақатынасы.
3. Арнаулы ақша резерві (СДР), яғни (қарыз берудің арнайы құқығы)
стандарты құрылды.
СДР негізгі резервтік валютаретінде болып, басқа резервтік валюталардың
ролін азайтты. СДР алтын мен доллардың альтернативасы болып табылады.
90-жылдардың басында бесінші, халықаралық валюталық жүйе – валюталардың
өзгермелі курсы қалыптасты.
Бұл жүйе екі элементтен тұрады:
1) Негізгі тіреуші бірліктер таңдалады, ол бірліктер негізінде жекелеген
ұлттық валюталар өздерінің валюталық курстарын сақтай алады;
2) Валюталық курстардың ауытқу диапазоны үлкен амплитудаларда жүзеге
асырылады. (7: 59-беттер)
Валюталық курс кейбір валюталларға қатысты сақталады, басқа валюталарға
қатысты валюталық курс еркін түрде өзгереді: Ямайка келісімінде қабылданған
СДР алтын мен доллардың орнын басушы болып қабылдануы тиіс еді.
Алғашында СДР бірлігі доллардың осыған сәйкес құрамына теңестірілді.
1944 жылдың шілде айынан бастап, СДР-дың алтындық құрамы алынып
тасталды.
СДР курсы валюталық кәрзеңке негізінде анықталды.
Валюталық кәрзеңке – 16 ел валюталарының орташа өлшенген курстары, бұл
елдердің сыртқы саудасы дүниежүзілік сауданың 1%-нен кем болмауы тиіс.
1978 жылдың 1 шілдесінен бастап, валюталық кәрзеңкенің құрамы мұнай
экспорттаушы елдердің ұйымы (ОПЕК) валюталарының күшеюіне байланысты
түзетілді.
1981 жылдың 1 қаңтарынан бастап валюталық кәрзеңке 5 валютаға дейін
қысқарды. Бұл қысқартудағы мақсат – СДР-дің шартты құнын есептеуді
жеңілдету.
Бұл валюталарға жататындар: АҚШ доллары, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық валюталық қатынастар мәні
Дүниежүзілік экономикалық қатнастар
Валюталық жүйе және валюталық қатынастар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
Ақша айналысы мен айналымының түсінігі
Халықаралық валюта жүйесі туралы ақпарат
Халықаралық валюталық-қаржылық қатынастар
Қаржы нарығының теориялық негіздері
Төлем балансының теориялары
Экономикалық ұғымдар
Пәндер