AutoCAD



ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3

1 AutoCAD.ң негізгі құралдары 5
1.1 Түзу сызықты кесінділер 5
1.2 Көмекші құрау сызықтары 7
1.3 Көріністерді басқару құралдары 8
1.4 Қолданушы координаттар жүйесі 9

2 AutoCAD.тағы редакциялау мүмкіндіктері 10
2.1 Редакциялау құралдары 10
2.2 Объектіні таңдау 10
2.3 Редакциялау құралдарының кеңейтілген жинағы 11
2.4 Өлшемдерді түзету бұйрықтары 12
2.5 Объектілерді конструкциялау бұйрықтары 14

3 AutoCAD.та мәтінмен жұмыс 16
3.1 AutoCAD.та бір жолды қарапайым мәтін құру 16
3.2 Мәтінді редакциялау мүмкіндіктері 16
3.3 Мәтіндік стильдер 17
3.4 Көпжолды мәтін 17

4 Күрделі объектілерді құру 19
4.1 Поли сызық құру 19
4.2 Сплайндар 19
4.3 Штртихталған аймақтар 20
4.4 Мультисызықтар 20
4.5 Эскизді сызықтар құру 21

5 Формалармен жұмыс 22
5.1 Форма файлдарын құру 22

6 Үшөлшемді көрініс салудағы AutoCAD мүмкіндіктері 23
6.1 Проекциялаудың типтік бағыттары 23
6.2 Сызбаны бояу 23
6.3 3D.Orbit режимін қолдану 24
6.4 Үш өлшемдімодельдердің сызбаларын жинақтау 24
6.5 Типтік үшөлшемді объектілер құрылымы 25

ҚОРЫТЫНДЫ 28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29
КІРІСПЕ

Бүгінгі күндерде AutoCAD 2002 – автоматты проекциялау жүйелері арасында ең мықтысы болып табылады. Техникалық проекциялаудың әртүрлі аймағында керек болған, кез-келген сызба жұмыстарын орындай алады. Программаның ішкі компоненттерінің жетілдіруінен басқа, көп жаңа функция пайда болды. Бұл функциялар қолданушының жұмыс уақытын қысқартып, сызба сызуды біршама жеңілдетті.



1-сурет- AutoCAD-ң жұмыс үстелі

AutoCAD-ң бірінші версиясы 1982ж. Жарық көрді және ол DOS жүйесінде жұмыс істеген болатын. Бұл шынында дербес компьютерде жақсы жұмыс істей алатын алғаш автоматты проекциялау программасы еді. Ол кездерде бұл сияқты жүйелерді мықты жұмыс станциялары ғана қолданған. Бірінші версияның басты ерекшелігі, файлдардың көбісі, ASCII форматындағы жай мәтіннен құрылған еді.
Жоғарыда айтылып өткендей, AutoCAD АПРЖ(САПР)-гі қолданымда ең көп болған программа, түрлі техникалық проекциялау облыстарында эффектілі түрде жұмыс істеуге мүмкіндігі бар графикалық программалық жүйе. Латын емес тілдерді қолданғандар да бұл программаға тез арада үйрене алады. Сол себебті AutoCAD дүниежүзінде конкуренциядан тыс болып, ол
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. AutoCAD 2002 “Библия пользователя”, Эллен Финкельштейн,
СП 2004
2. AutoCAD 2002 “Энциклопедия”, Джеймс Лич, СП 2002
3. AutoCAD 2000 “Практический курс”, А. Федоренков, К. Басов,
М 2000
4. AutoCAD 2000 “Для начинающих”, А. Ярвуд, М 2000

ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3
1 AutoCAD-ң негізгі құралдары 5
1.1 Түзу сызықты кесінділер 5
1.2 Көмекші құрау сызықтары 7
1.3 Көріністерді басқару құралдары 8
1.4 Қолданушы координаттар жүйесі 9
2 AutoCAD-тағы редакциялау мүмкіндіктері 10
2.1 Редакциялау құралдары 10
2.2 Объектіні таңдау 10
2.3 Редакциялау құралдарының кеңейтілген жинағы 11
2.4 Өлшемдерді түзету бұйрықтары 12
2.5 Объектілерді конструкциялау бұйрықтары 14
3 AutoCAD-та мәтінмен жұмыс 16
3.1 AutoCAD-та бір жолды қарапайым мәтін құру 16
3.2 Мәтінді редакциялау мүмкіндіктері 16
3.3 Мәтіндік стильдер 17
3.4 Көпжолды мәтін 17
4 Күрделі объектілерді құру 19
4.1 Поли сызық құру 19
4.2 Сплайндар 19
4.3 Штртихталған аймақтар 20
4.4 Мультисызықтар 20
4.5 Эскизді сызықтар құру 21
5 Формалармен жұмыс 22
5.1 Форма файлдарын құру 22
6 Үшөлшемді көрініс салудағы AutoCAD мүмкіндіктері 23
6.1 Проекциялаудың типтік бағыттары 23
6.2 Сызбаны бояу 23
6.3 3D-Orbit режимін қолдану 24
6.4 Үш өлшемдімодельдердің сызбаларын жинақтау 24
6.5 Типтік үшөлшемді объектілер құрылымы 25
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29

КІРІСПЕ

Бүгінгі күндерде AutoCAD 2002 – автоматты проекциялау жүйелері арасында
ең мықтысы болып табылады. Техникалық проекциялаудың әртүрлі аймағында
керек болған, кез-келген сызба жұмыстарын орындай алады. Программаның ішкі
компоненттерінің жетілдіруінен басқа, көп жаңа функция пайда болды. Бұл
функциялар қолданушының жұмыс уақытын қысқартып, сызба сызуды біршама
жеңілдетті.

1-сурет- AutoCAD-ң жұмыс үстелі

AutoCAD-ң бірінші версиясы 1982ж. Жарық көрді және ол DOS жүйесінде
жұмыс істеген болатын. Бұл шынында дербес компьютерде жақсы жұмыс істей
алатын алғаш автоматты проекциялау программасы еді. Ол кездерде бұл сияқты
жүйелерді мықты жұмыс станциялары ғана қолданған. Бірінші версияның басты
ерекшелігі, файлдардың көбісі, ASCII форматындағы жай мәтіннен құрылған
еді.
Жоғарыда айтылып өткендей, AutoCAD АПРЖ(САПР)-гі қолданымда ең көп
болған программа, түрлі техникалық проекциялау облыстарында эффектілі түрде
жұмыс істеуге мүмкіндігі бар графикалық программалық жүйе. Латын емес
тілдерді қолданғандар да бұл программаға тез арада үйрене алады. Сол
себебті AutoCAD дүниежүзінде конкуренциядан тыс болып, ол дүниенің 150
мемлекетінде қолданылады және 2 миллионнан астам регистрацияланған
қолданушыға ие.
AutoCAD 2002 түрлі техника облыстарында, ерекшеленген АПРЖ-де
қолданылады:
• Архитектуралық АПРЖ-де;
• Машина жасау АПРЖ-де;
• Географиялық ақпараттық жүйелерде;
• Ресурстарды бақылау автоматты жүйелерде;
• Электротехника және электроникада;
• Мультимедиа жүйелерінде;
AutoCAD жеңіл көрінуі мүмкін, бірақ бұл программаның да қиын жерлері
бар. AutoCAD өте үлкен программа болғандықтан, оны 20-30 бетте толығымен
ашу мүмкін емес. Бұл программаға жүздеген, мыңдаған бетті кітаптар
шығарылып жатыр. Сондықтан AutoCAD-ң ең маңызды жерлерін зерттейік.

1 AutoCAD-ң негізгі құралдары

1.1 Түзу сызықты кесінділер

Line(Кесінді): Ең көп орындалатын бұйрық. Ол Draw құралдар панелінде
орналасқан. Бұл бұйрық қалағаныңызша рет қайталана беруге жататын бұйрықтар
тобына жатады. Сопдықтан, әрбір кезекті басты нүктені енгізгеннен кейін,
AutoCAD жаңа бас нүктені енгізуге шақыруды қайталап тұрады.
Жаңа версияда AutoCAD-ң мінезі мүлдем өзгерген жоқ. Жағдайға қарай
шақыру мәтінінің варианты таңдалады:
1. Бас нүктені енгізгеннен кейін мынадай шақыру шығады: Specify next point
or [Undo]:. Бірінші және екінші сегменттердің соңғы нүктелері үшін бұл
шақыру екі рет қайталанады. Тышқанның таңдауымен кесіндінің келесі бас
нүктені белгілейді. Егер тышқанның оң батырмасын басып, контекстті
менюдан Undo бұйрығын таңдасақ(немесе “u” әрпін бұйрықтық жолға енгізу
арқылы ), онда AutoCAD бұйрықтың орындалуынсыз соңғы сынықтың құрылған
сегментін өшіреді.
2. Минимум екі сегмент құрылғаннан кейін шақыру мәтіні өзгереді: Specify
next point or [CloseUndo]: (Келесі нүктені енгізіңіз немесе [ЖабуБас
тарту]:. Егер тышқанның оң батырмасын басып, контекстті менюдан Close
бұйрығын таңдасақ, онда AutoCAD соңғы бас нүктені, алғаш бас нүктемен
қосады да сызық құрады.
Егер Line бұйрығының алдында басқа сызу бұйрығы орындалған болса, онда
Line бұйрығын таңдағаннан кейінгі Specify next point: шақыруына Enter
бассаңыз, жаңа кесінді алдында таңдалған графикалық элементтің біткен
нүктесінен бастайды.
Rectang(Тіктөртбұрыш): AutoCAD-та төртбұрыш сызу үшін
Rectang деген арнайы бұйрық бар. Ол Draw панелінде орналасқан. Төртбұрыш,
екі қарама-қарсы шыңын белгілеу арқылы сызылады.
Бұл бұйрықты таңдағаннан кейін AutoCAD екі шың жөнінде сұрақ шығарады.
Шыңдарды белгілеу үшін , егер сіз тіктөртбұрыштың ені 6 см., ұзындығы 3 см.
Болу керек екенін білсеңіз, екінші шыңның салыстырмалы координаттарды
енгізуге болады:-@6,3. Бір кезде тіктөртбұрыштың белгіленген шамалары,
келесі тіктөртбұрыштарға меншіктеледі.
Rectang бұйрығы бірнеше параметрге ие. Қосымша редакциялау
операцияларын қолданбай, фаскалы не дөңгелек бұрышты тіктөртбұрыш жасауға
болады. Elevation және Thikness параметрлерін қолданып, Rectang бұрығы
көмегімен тіктөртбұрыш табанды параллелепипед жасауға болады.
Rectang бұйрығы полисызық құрады. Яғни Rectang, келешекте бір объект
негізінде қолдануға болатын AutoCAD қарапайымы.
Polygon(Көпбұрыш): Бұл бұйрық Draw құралдар панелінде орналасқан.
Polygon бұйрығы арқылы дұрыс көпбұрыш құрылады, яғни бекітулі пішінді және
ұзындығы бірдей қабырғалы болады. AutoCAD-та көпбұрыштың қабырға саны 3 –
1024 арасында болуы мүмкін.
Polygon бұйрығын таңдағаннан кейін қабырға саны берілуі
керек, одан кейін келесі белгіленуі керек үш метод таңдалуы керек:
– Edge: ол үшін тышқанның оң батырмасын басылғаннан кейінгі шыққан
контекстті менюдегі Edge бұйрығын таңдау, немесе “е” әрпін енгізу
керек. Содан кейін көпбұрыш қабырғасының әрбіреуінің жерін анықтайтын
екі нүкте белгілеу керек.
– Inscribed in circle: тышқанның оң батырмасын басқаннан кейінгі шыққан
контекстті менюдан шеңбердің орталығы берілгеннен кейін Inscribed in
circle(шеңберге жазылған): бұйрығын таңдау қажет. Осылайша көпбұрыш
шеңбер ішінде пайда болады да, шеңбер оның шыңдарымен түіседі.
– Circumscribed about circle: бұл параметрдің таңдау жолы да сондай,
бірақ көпбұрыш контекстті менюдан Circumscribed about circle:
параметрін таңдап немесе бұйрықтық жолға “с” әрпін енгізу арқылы пайда
болады. Сөйтіп біз шеңбер сыртында пайда болған көпбұрыш аламыз.
Polygon бұйрығы да, соңында бір объект деп қабылданатын сынықтар
сызады.
Circle (Шеңбер): Бұл бұырықты Draw панелінен таңдай аласыз. Таңдауға
жауап ретінде AutoCAD параметрлер тізімін шығарады:
– 3Р(3 нүкте): бұл параметрді таңдасақ, шеңбердің ортасын, және екі
нүктесін белгілеу арқылы шеңбер құрамыз.
– 2Р(2 нүкте): бұл жерде шеңбердің екі нүктесін ғана енгіземіз.
– Tan tan radius: бұл параметрді қолдану үшін “t” немесе “ttr”
аббревиатураларын енгізу керек. Specify point on object for first
tangent of circle: пайда болатын шақыруға жанама болатын нүкте көрсету
керек. Кейін шығатын Specify point on object for second tangent of
circle: шақыруына екінші нүктені көрсету керек. Соңғы этап – радиус
белгілеу.
Тағы да Donut(Жүзік) бұйрығы бар. Ол бұйрық ортасы бір, бірақ
диаметрлері түрлі шеңберлер сызады.
Arc(Доға): Бұл параметрді қолдану үшін Draw құралдар панеліндегі Arc
батырмасын басыңыз. Одан кейін шығатын шақыруларға, сізге сәйкес жауап
қайтару арқылы, қалаған доғаңыз пайда болады.

Angle(орталық бұрыш)
Center(орта) Length
of chord(хорда ұз-ғы)

Endpoint(ақырғы нүкте)

Angle(орталық бұрыш)
Start point
Direction(бағыт)
End(соңы)
Radius(радиус)
ARC Center
point(орталық нүкте)
2nd point(2ші нүкте)
Endpoint(ақырғы нүкте)

Angle(орталық бұрыш)
Center(орта) Start(Басы) Length of
chord(хорда ұз-ғы)

Endpoint(ақырғы нүкте)
Ellipse(Эллипс): AutoCAD-та эллипстың сызылуы Ellipse бұйрығымен
жүзеге асырылады. Ол бұйрық Draw панелінде орналасқан. Сұхбат процесінде
AutoCAD-ң сұрайтын ақпараттан басқа, эллипстың белгіленетін өс бағытын білу
қажет. Эллипс өстері координаттар өсіне параллель бола бермейді. Бұл бұрыш,
сіздің екінші белгіленген өс нүктесімен белгіленеді. Ал екінші өстің бағыты
болса, әрқашан бірінші өске перпендикуляр.
Ellipse arc(Эллиптикалық доға): Бұл Draw панеліндегі жаңа бұйрық. Бұл
бұйрықты таңдағанда Arc параметрлі Ellipse бұйрығы орындалады.
Point(Нүкте): Бұл өте қарапайым, бірақ кең қолданымда болған
параметр. Ол Draw панелінде. Таңдалғанынан кейін мынадай ақпарат шығады:
Current point modes: PDMODE=34 PDSIZE=0.0000
Specify point:
Мұндағы PDMODE – нүкте салынуының стилінің кодын анықтайды
PDSIZE – нүкте шамасын белгілейді. Бұл айнымалыларды
Format(Point Style менюінде (1.2-сурет) өзгертуге болады. Ал келесі
шақыруларға кез-келген методбен нүкте белгілеу керек.

1.2 Көмекші құрау сызықтары

Кей уақыттарда сызбаларда көмекші сызықтардысалуға тура келеді. Олар
бөлшектің пішін сызықтарын салу үшін база ретінде болады. Көмекші сызықтар
салу үшін Line бұйрығын да қолдануға болады. Бірақ AutoCAD-та ол үшін басқа
XLine қарапайымы қолданылады.
XLine: Line бұйрығынан айырмашылығы, ол соңсыз болады. XLine Draw
құралдар панелінде орналасқан.
Бұл бұйрықты таңдағаннан кейін AutoCAD бұйрықтық жолға шақыру шығарады:
Specify a point or [HorVerAngBisectOffset]:. Шақыру парметрлерінің
мағыналары мынадай:
– Hor: горизонталь көмекші сызық жасау үшін пайдаланылады. Бұл
параметрді қолдану үшін бұйрықтық жолға “һ” әрпін енгізіп, Specify
through point: шақыруына көмекші сызықтың өтуі керек нүктені енгізу
керек.
– Ver: вертикаль көмекші сызыққұрау үшін пайдаланылады. Қолдану үшін “v”
әрпін енгізіп Specify through point: шақыруына көмекші сызықтың өтуі
керек нүктені белгілеу керек.
– Ang: бұл параметрді қолдану үшін “а” әрпін енгізу керек. Содан кейін
AutoCAD ReferenceEnter angle(0): шақыруын шығарады. Егер бір сан
енгізсек, онда AutoCAD бұл санды бұрыштық параметр ретінде қабылдап,
сызықтың өтуі керек нүктені сұрайды. Егер бас сұраққа “r” әрпін
енгізсек, бұрыш санауы басталатын сызықты көрсету керек болады. Кейін,
бұрыш шамасын және сызықтың өтуі керек нүктені белгілеу керек.
– Bisect: бұл параметр оныңшыңдары мен бұрыш жақтарында орналасқан екі
нүкте арқылы бұрыш биссектрисасын құруға болады. Бұл параметрді қолдану
үшін бұйрықтық жолға “b” әрпін енгізіп, Angle vertex point: шақыруына,
құрылып жатқан сызықтың өтуі керек нүктені белгілеу керек. Angle start
point: шақыруына алдыңғы нүктемен сәуле құрайтын нүкте белгілеу керек,
ал Angle and point: шақыруына екінші сәулені анықтайтын нүктені беру
керек.
– Offset: бұл параметрдің көмегімен әрбір көрсетілген кесіндісіне және
сызбаның түзу сызықты элементіне параллель түзу жүргізуге болады. Бұл
параметрді қолдану үшін “о” әрпін жазып, екі тәсілмен түзу орнатуға
болады:
1) Базалық түзуден белгілі қашықтықта орналастыру. Ол үшін “o” әрпін
енгізгеннен кейін арақашықтық шамасын енгізу керек. Side to offset?
сұрағына жаңа түзу базалық түзудің қай жағында орналасу керегін
тышқанмен көрсету керек.
2) “о” әрпін енгізгеннен кейінгі Specify through point: сұрағына жаңа
түзудің өтуі керек нүктені көрсету керек.
Ray(Сәуле): XLine-н айыриашылығы, ол бір жағынан шектеулі. Ол да Draw
панелінде орналасқан.
Таңдағаннан кейінгі Specify start point: шақыруына сәуленің бастапқы
енгізу керек. Тура солай Specify through point: шақыруына жауап қайтару
керек. Enter батырмасына басып, бұйрықтың орындалуын тоқтатасыз.

1.3 Көріністерді басқару құралдары

Zoom (Көрсет): бұл бұйрық сызба масштабтарын басқаруға арналған. Zoom
бұйрығының параметрлері көп. Әрқайсысына тоқтала кетейік:
Window(Терезе): бұл параметрде тіктөртбұрышты терезе белгілеу керек. Бұл
терезе, сызба бөлігінің жаңа шегі ретінде жұмыс істейді.
Dynamic (Динамика): бұл параметр бір мезетте масштабтау және “панорамалау”
мүмкіндіктерін туғызады:
• Панорамалау режимі: “крестикті” терезе құрады. Ол сызбада еркін
қимылдай алады. Осылайша кез-келген аймақпен жұмыс істеуге болады.
• Масштабтау режимі: терезенің оң жағында “стрелканың” көрінісі пайда
болады. Терезенің сол жағында бұрықты таңдағандағы курсордың болған
жерінде қалады. Осылайша терезені кішірейтіп-үлкейтуге болады. Масштаб
өзгереді.
Scale(Масштаб): таңдалғаннан кейін егер кез-келген сан енгізсек, онда
жүйе бұл санды сызба лимитіне байланысты керекті масштаб ретінде санайды.
Егер саннан кейін “x” әрпін жазсақ, онда жүйе енгізілген шаманы осы кезге
дейін шығарылған көрініске басты масштабы ретінде қарастырады. Ал егер
саннан кейін “xp” суффиксін енгізсек, онда жүйе бұл шаманы парақ
кеңістігіндегі бірліктерге байланысты берілген масштаб ретінде қабылдайды.
1-ден кіші шама көріністі кішірейтеді, 1-ден үлкен шама үлкейтеді.
Center(Орта): бұл параметр экран үстіне шығарылатын сызба аймағы ортасының
жаңа жағдайын енгізу мүмкіншілігін туғызады.
In(Үлкейту): бұл параметр Scale параметрін 2х шамасымен қайталайды.
Out(Кішірейту): бұл параметр Scale параметрін 5х шамасымен қайталайды.
All(Бәрі): бұл параметр экранның графикалық зонасы мен сызба лимитінің
шекаралары бірдей болатындай масштабтайды.
Extents (Шекаралар): бұл параметр сызбадағы барлық графикалық элементтерін,
экранның графикалық зонасына түсетіндей етіп масштабтайды.
Previous(Алдыңғысы): бұл параметр алдыңғы масштаб параметрін қалпына
келтіреді.

1.4 Қолданушы координаттар жүйесі

AutoCAD-ғы геометриялық объектілер глобальді тікбұрышты абсолют
координат жүйесіне байлайды. AutoCAD-та ол “дүниежүзілік координат жүйесі”
деп аталады. Графикалық зонаға байланысты өс бағыты жаңа емес: х өсі
горизонталь және оңға бағыттралған, у өсі тік жоғары бағытталған.
Қолданушылар өз қалауларынша меншікті координат жүйесін құрып, сақтай
да алады. Өз координат жүйесін құру үшін Tools менюындағы New UCS-ті
таңдаңыз. Сонымен бірге өз қалауларыңызша ҚКЖ пиктограммасын да ауыстыра
аламыз. Бұны View(Display(UCS бұйрықтарын таңдап, жүзеге асыра аласыз.
Сонда UCS Icon сұхбатты терезесі ашылады (1.3-сурет).

1.3 – сурет – UCS Icon сұхбатты терезесі

2 AutoCAD-тағы редакциялау мүмкіндіктері

2.1 Редакциялау құралдары

Редакциялау - AutoCAD-та өте маңызды рөл атқарады. Редакциялаусыз
ешбір сызба жұмысы жасала алмайды. Мысалға, сызылған объектіні қайта
салудың орнына, көшіру.
Редакциялау бұйрықтарының көбісі Modify менюінде орналасқан. Ең маңызды
редакциялау бұйрықтарына тоқталайық:
Erase (Өшіру): бұл процесс әрбір сызбада қолданылады. Erase бұйрығы
өте қарапайым және оның параметрлері жоқ. Объектіні өшіру үшін объектіні
таңдап, одан кейін объектіні көрсету қажет.
Move(Жылжыту): объектіні жылжыту үшін Move бұйрығын Modify панелінен
таңдап, жылжуы тиіс объектіні көрсету керек. Кейін Specify base point or
displacement: шақыруынан өзіңізге керекті әдісті таңдаңыз.
Сору (Көшіру): процесі жылжыту процесіне ұқсас, бірақ көшіруда
объектінің бір не бірнеше пайда болады. Бірнеше көшірме құру үшін Сору
бұйрығын Multiple параметрі пайда болады. Сору бұйрығы таңдалғаннан кейін
мынадай шақыру пайда болады. Specify base point or displacement, or
[Multiple]: бұл жерде өзіңізге керекті екі әдістің біреуін таңдаңыз.
Rotate(Бұрылу): AutoCAD объектілерін базалық нүте айналасында,
берілген бұрышқа бұру мүмкіндігін қамтыған. Объектіні бұру үшін Rotate
бұйрығын қолданамыз. Ол Modify панелінде орналасқан. Rotate бұйрығын
таңдап, бұрылуы керек объектіні көрсету керек. Кейін бұйрықтық жолға бұрыш
шамасын енгізіңіз.
Scale(Масштаб): бұл бұйрықпен біз жоғарыда танысқан едік. Modify
панеліндегі Scale бұйрығын таңдағаннан кейін бұйрықтық жолға бірден үлкен
шаманы енгізсек, онда сызба сол шамаға үлкейеді, бірден кіші шама
енгізілген болса, онда сызба сол шамаға кішірейеді.

2.2 Объектіні таңдау

Объектіні таңдау жеңіл көрінгенімен өте жеңіл жұмыс емес. Оның да
өзінің параметрлері бар. Бұл параметрлер өте керекті: саны 16. бұл
параметрлердің аббревиатуралары бар. Select objects: шақыруына қажетті
аббревиатураны енгзсеңіз болғаны. Солардың ең маңыздыларына қысқаша
тоқталайық:
Window: бұл параметр диагоналінен екі бұрышы көрсетілген терезеге
толығымен кірген объектілерді таңдайды. Терезені ашқанда солдан оңға қарай
ашу керек.
Last: соңғы құрылған объектіні таңдайды.
Crossing: терезеге толығымен не бөліктеп кірген объектілердің бәрі
таңдалады. Терезені ашу оңнан солға қарай бағытталған.
Box: бұл Window және Crossing параметрлерінің комбинациясы. Егер
терезені оңнан солға белгілісеңіз, онда Crossing параметрін қолданудасыз,
ал егер солдан оңға ашсаңыз Windows параметрін қолданасыз.
All: бәрін таңдайды.
Fence: уақытша таңдау сынық сызығын құруға мүмкіндік тудырады. Сызықты
қиған барлық объектілер таңдалады.
Wрolygon: бұл параметр дұрыс көпбұрыш құрады, және ішіне кірген
объектілерді таңдайды.
CРolygon: дұрыс көпбұрыш жасайды. Ішіне толығымен және бөліктеп кірген
объектілерді таңдайды.
Group: аты бойынша объектілерді таңдайды.

2.3 Редакциялау құралдарының кеңейтілген жинағы

Mirror(Айна): таңдалған объектінің айналық көрінісін жасау үшін
қолданылады. Mirror бұйрығын қолдану үшін, оны Modify панелінен таңдау
керек. Шыққан шақыруда, көрініс өсінің екі нүктесі сұралады. Өстің
ұзындығы маңызды емес, маңаздысы өс бағыты.
Аrray (Массив): объект көшірмесінің тікбұрышты және шеңберлі
массив құрайды. Тікбұрышты массив параметрімен жұмыс істеу үшін Modify
панелінен Array батырмасын басып, бір немесе бірнеше объектіні көрсету
керек. Сонда, Array терезесі ашылады. Бұл терезеде Rectangular array
белгілеуін растап, өз еркіңізше жол мен баған саны арақашықтығын
енгізуіңізге болады. Шеңберлі массивте объект көшірмелері центрі
қолданушымен белгіленетін шеңбердің бойымен орналасады. Шеңберлі массив
құру үшін келесі қимылдар орындалуы тиіс.
1. Modify панелінен Array батырмасын таңдау
2. Шыққан Array терезесінен Polar Аrray белгілеуін таңдау
3. Егер Array батырмасын басардың алдында, объектілер таңдалған болса,
онда Array терезесінде объект санының тізімі пайда болады. Таңдалмаған
болса, Select objects батырмасын басып, қажетті объектілерді
таңдағаннан кейін Enter батырмасын басып, қайта Array тересесіне
оралуға болады.
4. Массивтің орталық нүктесін белгілеу. (х,у координаттары бойынша) немесе
Pick Center Point батырмасын басып, нүктені белгілеуге болады.
5. Ашылған Method терезесінде үш элемент пайда болады:
• Total number of Items: басты және көшірілетін объектінің жалпы
саны.
• Angle to fill: массивпен қамтылатын шеңберлі сектор шамасын
белгілеу.
• Angle between Items : шеңберлі массивтің екі көршілес объекті
арасындағы бұрышты белгілеу.
Қажетті массив элементінің санын енгізіп, бұрыштарын қалауыңызша таңдап
алуыңызға болады.

1.4 – сурет – Array сұхбатты терезесі

Offset (Ұқсас объект құру): Бұл бұйрық арқылы күрделі сызықтардан
жасалған объектілердің ұқсастарын құруға болады. Modify панелінде
орналасқан, Offset бұйрығын таңдағаннан кейін AutoCAD Specify offset
distance or through Through: (Арақашықтық шамасын белгіле немесе нүкте
Нүкте:) шақыруы шығады
● Егер шақыруға арақашықтық енгізсек, онда AutoCAD Select objects to
offset or exit: шақыруын шығарады. Бір объектіні таңдауға болады. Одан
кейін Specify point on side to offset: шақыруына эквидистантаны өткізу
керек объектінің жағынан нүкте керек. Кейін бұл шақыру шыға береді, Enter
батырмасын басып бұл процестерді аяқтауға немесе жалғастыра беруге болады.
● Объектіге көрсетілген нүкте арқылы өтетін ұқсас объектілерді құру
үшін “t” әрпін, кейін Enter батырмасын басу керек. Select object to
offset or exit : шақыруына бір объект көрсету керек. Кейін Specify
through point: шақыруы шығады. Бұған, трансформаланған көшірменің өтуі
керек нүктені көрсету керек.
Align (Түзету): Тек бір операция арқылы бір және бірнеше объектіні
жылжытуға немесе бұруға мүмкіндік тудыратын бұйрық. Бұл бұйрық 3-өлшемді
объектілермен жұмыс кезінде өте маңызды. Объектіні түзету үшін Modify = 3D
operations = Align бұйрықтарын кезептен шақыру керек. Одан кейін AutoCAD
объектідегі шеткі нүктені көрсетуге шақырады және ол нүктеге орны сәйкес
нүкте көрсетуі тиіс. Егер дене күрделі болса, онда бұл нүктелер саны
бірнеше болады.

2.4 Өлшемдерді түзету бұйрықтары

Trim (Кесу): Сызбаны сызғанда, басында сізге сәйкес
объектілердің, керек емес сызықтары шығуы мүмкін. Бұл “өсімшелерді” Trim
бұйрығы көмегімен кесуге болады. Объектіні кесу үшін Modify құралдар
панелінде Trim бұрығын басу керек. Сонда мынадай шақырулар шығады:
Current settings: Projection = UCS Edge = None
Select cutting edges...
Select objects:
Бірінші қатар кесу процесінің жүйелік айнымалысын қамтиды. Еске түсіре
кетерлік нәрсе! Ал 2-ші және 3-ші қатардағы шақыруға кесуші объектілерді
таңдап көрсету керек. Кесуші объектілер мен кесілуші объектілердің қиылысуы
міндет емес. Сол үшін объектілерді таңдағанда (кесушікесілуші) сіздің
сызбаға сәйкес методты таңдау қажет:
● Егер кесуші мен кесілуші объект қиылысса, онда келесі Select object
to trim or shift-select to extend or [ProjectEdgeUndo]: шақыруына
кесілуші объектілерді көрсету керек.
● Ал егер қиылыспайтын кесуші және кесілуші объектілермен жұмыс істеу
керек болса, онда кесуші объектіні көрсеткеннен кейін шығатын Select object
to trim or shift-select to extend or [ProjectEdgeUndo]: шақыруына Edge
немесе “e” параметрін таңдап алу қажет. Келесі Enter an implied edge
extension mode [Extendno extend]No extend : шақыруына, Extend (немесе
“e”) параметрін таңдап алып, қайта шығатын Select object to trim or shift-
select to extend or [ProjectEdgeUndo]: шақыруына кесілуші объектілерді
таңдау керек. Жұмысты бітіру үшін Enter басыңыз. Жүйе обектілерді кеседі.

Extend (Ұзарту): Бұл бұйрық, Trim бұйрығының қарама-
қарсысы болып табылыады. Extend бұйрығы объектілерді, белгіленген
объектілерге дейін ұзартады. Және де параметрлері бірдей. Тек қана кесілуші
объектінің орнына ұзартушы объектіні көрсету керек болады.
Lengthen (Үлкейту): Бұл бұйрық объектілерді үлкейтумен
қатар, кішірейте алады. Trim және Extend бұйрықтарын, егер кесуші және
сәйкес ұзартушы объектілер болмаса, қолдана алмай қаламыз. Сол үшін
Lengthen бұйрығы бізге аса қажетті.
Lengthen бұйрығын қолдану үшін Modify панелінен Lengthen батырмасын
басу керек. Сонда шығатын Select an object or
[DeltaPercentTotalDynamic]: шақыруына сізге керекті параметрді таңдау
керек.
● Delta – ағындағы және жаңа ұзындық немесе бұрыш арасындағы өзгеріс
болып есептеледі. Егер Delta параметрін таңдасаңыз, Enter delta length or
[Angle]0.0000: шақыруына жауап ретінде, егер орталық бұрышты өзгерткіңіз
келсе, онда контекстті менюден Angle бұйрығын таңдауыңыз керек. Кейін
орталық бұрыш өзгеруі тиіс бұрыш шаманы еңгізіңіз. Ал егер сіз ұзындықты
өзгерткіңіз келсе, онда объект ұзындығы өзгеруі тиіс шаманы еңгізіңіз.
● Percent – контекстті менюден Percent-ті таңдап, Enter percentage
length 000.0000: шақыруына объектінің өзгеру шамасын процентпен
көрстеуіңіз керек болады.
● Total – Specify total length or [Angle] 1.0000: шақыруы, Total
параметрін таңдасаңыз шығады. Бұл жерде жоғарыда айтылып кеткендей не Angle
параметрін таңдау, не объектінің жалпы ұзындығын енгізу керек.
● Dynamic – бұл параметр белгіленген нүктеге соңғы нүктені мүмкінше
жақын орналастырады.
Stretch (Созу): Stretch бұйрығы Modify панелінде орналасқан.
Объектіні созу үшін Stretch батырмасын басу керек. Егер объектілер бұйрықты
шақыртудың алдында белгіленген болса, онда Stretching selected objects by
last window... шақыру шығады да, табылған объектілердің саны көрсетіледі.
Ал, егер белгіленбеген болса, онда жүйе мынадай шақыру шығарады: Select
objects to stretch by crossing window or crossing polygon ... Ал кейін
Select objects: шақыруы шығады. Бұл шақыруларға жауап ретінде терезе құрып,
керек объектілерді таңдау қажет. Келесі Specify base point or displacement:
шақыруына екі жауап варианты бар:
- Базалық нүкте беруге болады. Specify second point or displacement:
шақыруына екінші нүктені белгілеу керек.
- Орын ауыстыру шамасын бұйрықтық жолға енгізуге болады. Мысалға
объектіні 6 метрге ұзарту үшін “6’0” енгізіңіз. Содан кейін Specify
second point of displacement: шақыруына Enter басыңыз.

2.5 Объектілерді конструкциялау бұйрықтары

Break (Жару): Кейбір кездерде бірнеше түзуді сызғаннан гөрі бір
түзу сызып оны бірнеше кесіндіге жарып тастау ыңғайлы болады. Ол үшін
Modify панеліндегі Break бұйрығын таңдау керек. Таңдағаннан кейін Select
object: шақыруы шығады. Ал жауап ретіңде объектіде жарылу нүктесінің
біреуін көрсету керек. Specify second break point or [First point]: екінші
шақыруға, екінші жарылу нүктесін көрсету керек. AutoCAD, екі нүкте
арасындағы объект бөлігін өшіріп тастайды. Сонымен бірге, бұл бұйрық
объектілерді қысқарту үшін де жарамды.
Chamfer (Фаска): Фаска орнату екі қадамнан тұрады.
Біріншісі сізге керек фаска параметрлерін енгізу, екіншісі объектіні
таңдау. Параметрлерді енгізу үшін Modify панелінен Chamfer бұйрығын таңдап,
шыққан
(Trim mode)
Current chamfer Dist1=0.5000, Dist2=0.5000
Select first line or [PolylineDistanceAngleTrimMetho d]: шақыруына
жауап қайтару керек.
2-ші қатарда, соңғы рет Chamfer бұйрығын қолданғанда қалған параметрлер
көрсетіледі.
● Екі катеті бойынша фаска құру үшін Distance параметрін таңдап,
Specify first chamfer distance 0.5000: шақыруына бірінші катет параметрін
белгілеу керек, немесе соңғы параметрге риза болсаңыз Enter басыңыз. Сол
жолмен 2-ші катетті де көрсету керек.
● Катет және бұрыш арқылы катет параметрін қолдану үшін Angle
параметрін таңдау керек. Specify chamfer length or the first line
1.0000: шақыруына объект жағының үстінде нүкте көрсету керек.
Белгілегеннен кейін Specify chamfer angle from the first line 0:
шақыруына сол нүктеден фаска бұрышын енгізу керек.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылуэнергетикадағы машиналық графиканың элементтері мен АЖЖ негіздері
Орта мектеп жүйесін ақпараттық жобалау
Шектеулермен жұмыс істеу
AutoCAD-та үшөлшемді кеңістікте жұмыс жасау
Autocad графикалық редакторы, оның ерекшеліктері мен артықшылықтары. графикалық редактордың сипаттамасы, меню типтері
«AutoCAD көмегімен екі қабатты коттеджді жобалау»
Динамикалық блоктар
Технологиялық машиналарды АЖЖ (автоматтандырылған жобалау жүйесі)
AutoCAD жөнінде жалпы мәліметтер Жүйеге қойылатын талаптар
Сызба парамтерлерін баптау
Пәндер