Материалдық қажеттілік және экономикалық ресурстар



Мазмұны

І тарау. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ тарау. Негізігі бөлім
1.1 Материалдық қажеттілік және экономикалық ресурстар. Өндіріс факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Өндіріс құрал.жабдықтары және оның құрылымы. Қоғамның өндіргіш күштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.3 Ұдайы өндірістің мәні мен шарттары және пропорциялары ... ... ... ... ... ..6
1.4 Қоғамдық өндіріс сатылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
ІІІ тарау. 2.1 Өндірістік қатынастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2 Экономикалық ресурстардың шектеулігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.3 Өндіріс мүмкіншілігінің қисығы және оны талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.4 Өндіріс факторларының нарығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.5 Еңбек нарығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Кіріспе
Экономикалық теорияны
Жүйелі түрде оқымаған
адам үшін сұрақтарға тек
жауап беру ғана емес,
тіпті оны дұрыс ойлауға
талпынудың өзі де орасан
зор қиындық туғызады.
Ол музыкалық шығармаға
өзінің бағасын беруге тал-
пынған саңырауға ұқсайды.
С. Самуэльсон

Әкімшілдік-әміршілдік жүйенің ұзақ жылдарға үстемдігінен кейін нарық механизмін түсіну кімге де болса ыңғайға соқпас. Батыс елдерінің тәжірибесі көрсетуінше, нарыққа өту халықтың әл-ауқатын көтеруге, экономиканың тиімділігі мен бір қалыптығын сақтауға, ғылымның, білімнің және мәдениеттің көркейтуіне жағдай жасайтынын дәлелдеп отыр. Нарықтық қатынастарға өту ынталылық пен кәсіпкерліктің еркіндік алуына, тауар өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге, өндірісті тұтынушылардың сұранымдарына бағыттауға жағдай жасайды.
Еліміз нарыққа өту барысында өндірісті, өндіріс факторларын, әсіресе еңбек нарығын жүзеге асырды. Республикамыздың байлықтары: мұнай, газ, мыс, көмір, кен қорлары көмегімен даму үстінде. Қазір де осылардың және басқа көрсеткіштер көмегімен еліміз елу дамыған, яғни бәсекелестік елдердің қатарына қосылуға жобалар жасалып жатыр. Халықтың 89 %-ті дерлік жұмыспен қамтылды. Жұмыссыздар саны аз деп айтуға болады. Қазіргі кезде біздің мәдениетіміз, білім-ғылымымыз, ғалымдарымыз жоғарғы деңгейде даму үстінде. Еліміздің көркеюі жұмыс күшіне, нарықтың қарқынды дамуына байланысты.
Қолданылған әдебиеттер:

1. Вэриан Х. Микроэкономика. Промежуточный уровень. – М.: ЮНИТИ, 1997.
2. Гальперин В. М., Микроэкономика. – СПБ., 1996
3. Нұрғалиев Ө. Экономикалық теория. Қарағанды 2003 ж.
4. Мамыров Н.Қ. ред.-Халықаралық экономикалық қатынастар. Алматы: Экономика,1998ж.
5. Камаев В.Д. Экономикческая теория. Москва: Гуманитарный издательский центр, 1998г.
6. Жүнісов Б., Мәмбетов Ұ., Байжомартов Ү. Нарықтық экономика негіздері. Алматы, 1994ж.
7. Аубакиров Я., Экономикалық теория негіздері-Алматы: Санат, 1998ж.
8. Әкімбеков С.Ә. Эконлмикалық теория. Астана: Эокномика-2002ж.
9. Жолдасбаева Г. Ө. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы \ - Алматы: Экономика,2002.
10. Мейірбеков А. Қ., Әлімбетов Қ. Ә. Кәсіпорын эконмикасы: Оқу құралы – Алматы: Эконмика,2003

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І тарау. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...3
ІІ тарау. Негізігі бөлім
1.1 Материалдық қажеттілік және экономикалық ресурстар. Өндіріс факторлары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Өндіріс құрал-жабдықтары және оның құрылымы. Қоғамның өндіргіш күштері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.3 Ұдайы өндірістің мәні мен шарттары және пропорциялары
... ... ... ... ... ..6
1.4 Қоғамдық өндіріс сатылары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

ІІІ тарау. 2.1 Өндірістік қатынастар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2 Экономикалық ресурстардың шектеулігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.3 Өндіріс мүмкіншілігінің қисығы және оны талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.4 Өндіріс факторларының нарығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.5 Еңбек нарығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...25
Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .26

Кіріспе
Экономикалық теорияны
Жүйелі түрде оқымаған
адам үшін сұрақтарға тек
жауап беру ғана емес,
тіпті оны дұрыс ойлауға
талпынудың өзі де орасан
зор қиындық туғызады.
Ол музыкалық шығармаға
өзінің бағасын беруге тал-
пынған саңырауға ұқсайды.
С. Самуэльсон

Әкімшілдік-әміршілдік жүйенің ұзақ жылдарға үстемдігінен кейін нарық
механизмін түсіну кімге де болса ыңғайға соқпас. Батыс елдерінің тәжірибесі
көрсетуінше, нарыққа өту халықтың әл-ауқатын көтеруге, экономиканың
тиімділігі мен бір қалыптығын сақтауға, ғылымның, білімнің және мәдениеттің
көркейтуіне жағдай жасайтынын дәлелдеп отыр. Нарықтық қатынастарға өту
ынталылық пен кәсіпкерліктің еркіндік алуына, тауар өндірушілердің
экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге, өндірісті тұтынушылардың
сұранымдарына бағыттауға жағдай жасайды.
Еліміз нарыққа өту барысында өндірісті, өндіріс факторларын, әсіресе
еңбек нарығын жүзеге асырды. Республикамыздың байлықтары: мұнай, газ, мыс,
көмір, кен қорлары көмегімен даму үстінде. Қазір де осылардың және басқа
көрсеткіштер көмегімен еліміз елу дамыған, яғни бәсекелестік елдердің
қатарына қосылуға жобалар жасалып жатыр. Халықтың 89 %-ті дерлік жұмыспен
қамтылды. Жұмыссыздар саны аз деп айтуға болады. Қазіргі кезде біздің
мәдениетіміз, білім-ғылымымыз, ғалымдарымыз жоғарғы деңгейде даму үстінде.
Еліміздің көркеюі жұмыс күшіне, нарықтың қарқынды дамуына байланысты.
ІІ тарау
1.1 Материалдық қажеттілік және экономикалық ресурстар. Өндіріс факторлары

Қажеттілік – бұл қоғамның немесе жеке адамның өмір сүруіне, қызмет
істеуіне немесе дамуына қажетті қандай да болмасын қажеттілігі. Адам
қажеттілігі әртүрлі. Әдетте қажеттілікті үш топқа бөледі: материалдық,
рухани және әлеуметтік қажеттілік. Бұдан басқа өндірістік және жеке тұтыну
қажеттіліктері болады.
Адам қажеттілігі шексіз, ал ресурстар шектеулі (табиғи, еңбек қаржы
ресурстары және т.б.). Өндіріс фактолары: еңбек, капитал және жер (Ж.Б. Сэй
теориясы бойынша), ал К. Маркс теориясында: өндірістің жеке факторы (бұған
жұмысшы күші жатады) және өндірістің заттық факторлары (өндіріс құралдары)
болып бөлінеді.
Ресурстар – бұл экономикалық игіліктерді өндіру үшін пайдаланылатын
факторлар. Былайша айтқагда, экономикалық ресурстарға барлық табиғи, адам
және адамның өндірген ресурстары.
Енді жоғарыда айтылған категорияларға жеке-жеке тоқталайық: Жер
деген ұғымға барлық табиғи қорлар кіреді: жыртуға жарамды жерлер, ормандар,
пайдалы қазбалар орны, су қорлары (өзен, көл, теңіз, мұхит).
Капитал – бұл тауар өндіруге және қызмет көрсетуге пайдаланылатын
адамдардың өндірген өндірістік құралдары мен қорланған ақша.
Еңбек - адамның күш қуаты мен ой қабілеті, тауар өндіргенде және
қызмет көрсеткенде жұмсалады.

1.2 Өндіріс құрал-жабдықтары және оның құрылымы.
Қоғамның өндіргіш күштері

Қандай да болмасын тауар өндірудегі жұмсалатын еңбек заты мен еңбек
құралдары өндіріс құрал жабдықтарын құрайды. Еңбек заты – бұл адам еңбегі
неге бағытталса, соның бәрі де еңбек заты болып саналады. Бұған негізгі
және қосалқы материалдар, шикізат, отынғ жапар-жағар мағ және тағы
басқалары жатады. Еңбек заттарының басым көпшілігі қазіргі жағдайда өздері
өткендегі еңбектің өнімі болып табылады: машина жасау зауытындағы металл,
құрылыстағы цемент, иіру фабрикасындағы мақта т.с.с. бұлардың барлығы
табиғат қойнауынан алынады. Ғылыми-техникалық революцияның даму барысында
қасиеттері алдын-ала белгілі, яғни өзінде жоқ, сапалық тұрғыдан жаңа
еңбегінің мәні зор. Ағылшынның аса көрнекті экономисі У. Петти айтқан:
Еңбек – байлықтың атасы, жер – оның анасы деген сөздері кезінде қалай
дұрыс айтылған болса, қазір де дәл сондай мәні бар.
Ал, еңбек құралы деп, адам еңбек затына ненің көмегімен әсер етсе,
соның бәрі еңбек құралы болып табылады. Еңбек құралдары адам мен еңбек
затының арасын жалғастыратын және адамның іс-әрекетін сол затқа жеткізу
қызметін атқаратын зат немесе заттар комплексі.
Еңбек құралдары еңбек процессінде пайдаланылады. Бұған ең алдымен
еңбек қарулары жатады: әр түрлі механизмдер мен машиналар, тетіктер мен
аспаптар, қозғалтқыштар мен жеткізуші аппараттар, т.б.
Машиналы өндіріс жағдайында еңбектің механикалық құралдары үш құрамды
қамтиды: жұмыс машинасы, қозғалтқыш, жеткізуші құрылғылар. Бұлардың
жиынтығы машиналар жүйесін құрайды. Ал, ғылыми-техникалық революция оларға
жаңа бөлік басқару құрылғысын қосты. Осы бөлікті пайдалана отырып, жұмыскер
бірте-бірте тікелей өндіріс процесінен босанады, өндіріс технологиясы да
түбірінен өзгереді.
Механикалық еңбек құралдары, К. Маркстің сөзімен айтқанда, өндірістің
сүйек және бұлшық ет жүйесін құрайды. Ал, еңбек заттарының өздері
орналасатын еңбек құралдары өндірістің ыдыс жүйесін құрайды (әр түрлі
құбырлар, бөшкелер, сауыттар, т.б.).
Еңбек құралдарының қатарына еңбек процесіне тікелей кіргенімен, еңбек
процесі үшін аса қажет, онсыз өндіріс процесін атқаруға болмайтын заттардың
бәрі жатады: өндірістік үй жолдар, басқа қатынас құралдары мен байланыс
арналары.
Сонымен, жоғарыда атап өткен еңбек заттары мен еңбек құрал-жабдықтары
қосылып өндіріс, құрал жабдықтарын құрайды. Ал, өндіріс құрал жабдықтары
мен оларды іске қосатын адамдар қоғамның өндіргіш күштері деген ұғымды
береді. Бұлар өзара тығыз байланыста болады, біріне-бірі әсер етеді,
дамытады, қалыптасады, іргеді, сапалық жаңа белеске көтереді. Олар өзара
біріккен түрде топтасып, бірыңғай әрекет етеді. Дегенмен, шешуші рольді
адам атқарады. Бүкіл адамзаттың бірінші өндіргіш күші жұмысшы, еңбекші
болып саналады. Өйткені, адамдар тек өз біліктілігін ғана жетілдіріп
қоймайды, сонымен қатар құрал-жабдықтары жаңартып, үнемі оны іске қосып
отырады. Әрине, адамдарға құрал-жабдықтары тиімді іске қосу үшін тәжірибе
және сапалы кәсіби білім, жоғары мамандық дәрежесі қажет. Қазіргі кезде, ең
бастысы – шеберлік пен білімді, істің мүддесі үшін пайдалана отырып,
өндіріс тиімділігін арттыру.
Осыған байланысты өндірісті ұйымдастыру да сапалық жаңа сатыға
көтеріледі, үнемі өзгеріске ұшырайды. Еңбек пен өндірісті қоғамдастырудың
формалары жетілдіріледі және мүлдем жаңа түрлері де пайда болады.

1.3 Ұдайы өндірістің мәні мен шарттары және пропорциялары

Өндірістің үздіксіз дамып, үнемі қайталанып және жаңарып отыруын ұдайы
өедіріс деп атаймыз.
Ұдайы өндірістің дамуының алғы шарты екеу: жұмысшы күші және өндіріс
құрал-жабдықтары. Бұларды өндірістің юбъективті және заттық жағдайлары деп
те атайды.
Жұмысшы күші де ұдайы өндіріліп отырады. Оның шығындалған еңбегі
бұрынғы қалпына келтіріледі, табиғи өнімі сапалық дамуы қамтамасыз етіледі.
Жұмысшы күні қоғам дамуын айқындайды және шешеді.
Өндіріс құрал-жабдықтары да ұдайы өндіріс процесіне қатысады. Оның
сапалық жақтары үздіксіз дамиды. Тозығы жеткендері жөнделіп істен
шыққандарының орны толықтырылады.
Әр тектес өндіріс әдістерінің бәрінде жұмысшы күшімен құрал-
жабдықтардың арасында белгілі бір пропорция болуға тиіс. Ол міңгілік емес,
нақтылы жағдайларға байланысты өзгеріп тұрады. Пропорцияға қойылатын шарт,
ол қоғамдық қажетті оптималды қалыпта болуы.
Жұмысшы күші мен өндіріс құрал-жабдықтарының тұрақты түрде
қайталануын, үздіксіз дамуын, оған қоса табиғи ресурстарды да ұдайы
өндіруді-өндіргіш күштердің ұдайы өндірісі деп атайды.
Өндіргіш күштер қандай да бір нақты формада болады. Оның қоғамдық
формасы, яғни көрініс формасы-өндірістік қатынастар. Өндірістік қатынастар
да ұдайы өндіріс түрінде болады. Өндірістік қатынастардың әрдайым
қайталанып, үздіксіз дамуын, сапалық жақсаруын қоғамдық қатынастардың
ұдайы өндіріс деп атаймыз.
Өндіріс күштері мен өндіріс қатынастарының және игіліктерді өндірудің
ұдайы өндірістерінің жиынтығы ұдайы өндіріс ұғымын береді.
Ұдайы өндіріс екі түрге бөлінеді. Жай өндірісте өндіріс көлемі
өзгерместен сол қалпында қайталанып отырады, мұнда қорлану прцесі болмайды,
өйткені өндірілген қосымша өнім, түгілдей тұтынуға жұмсалады. Ал,
керісінше, ұлғаймалы ұдайы өндірісте өндіріс көлемі үнемі өсіп екіге
бөленеді: қорлану қорына және тұтыну қорына.
Жай және ұлғаймалы ұдайы өндірістің дамуының өздеріне тән заңдылықтары
мен пропорциялары бар. Жай ұдайы өндірісте төмендегідей пропорциялар орын
алады:
1. Өндіріс құрал-жабдықтарының (өндірістің бөлімшесі) мөлшері 1 және 11-
бөлімшелерге қажет материялдық шығындардың орнын толтыруға жеткілікті
өндірілуі керек, яғни орнын толтыру қорына тең болады.
(МШ+ҚаӨ) + 11 (ҚаӨ+ҚоӨ)
2. Тұтыну заттарын өндіру (11-бөлімше өнімі) екі бөлімшеде өндірілген таза
өнімге тең болуы керек.
11(МШ+ҚаО+ҚоО) =1(ҚаО+ҚоӨ)+11(ҚаӨ+ҚОӨ)
3. 1- Бөлімшенің таза өнімі 11-бөлімшенің орнын толтыру қорына тең болуы
қажет.
1(ҚаӨ+ҚоӨ) = 11 МШ
Ұлғаймалы ұдайы өндірісте:
1. 1- бөлімшенің барлық өнімі қор жинауға арналған өндіріс құрал-
жабдықтарына жұмсалатын өнім мөлшеріне қоса екі бөлімшедегі орнын
толтыру қорынан артық болуы қажет.
1(МШ+ҚаӨ+ҚоӨ) 1МШ +11МШ
2. Екінші бөлімшенің өнімі, екі бөлімшедегі таза өнімінен өндіріс құрал-
жабдықтарын қорға айналдыру мөлшеріне сәйкес кем болуы қажет.
11 (МШ+ҚаӨ+ҚоӨ) 1(ҚаӨ+ҚоӨ)+11 )ҚаӨ+ҚоӨ)
3. Бірінші бөлімшенің таза өнімі екі бөлімшеге қажет қосымша өндіріс

құрал –жабдықтарын қлса есептегенде екінші бөлімшедегі
орнын толтыру қорынан артық болуы керек.
1 (ҚаӨ+ҚоӨ) 11МШ
Осы келтірілген пропорциялар мен шарттарды сақтамайынша ұдайы
өндіріс өркендемейді. Ұдайы өндірістің қазіргі даму жағдайында
пропорциялары іс жүзінде сақтап оырылуға тиіс. Шарттарға мыналарды атауға
болады: шығынджалған өндірістік құрал-жабдықтардың орнын толтыру кезінде
оларды тиімді пайдалану: еңбек өнімділігін арттыру арқылы өндірістен
адамдарды босату; құрал-жабдықтардың құрамы және заттай формасы ғылым мен
техниканың соңғы жетістіктеріне сай келуі: қоршаған табиғаттың ұжайы
өндіріске және әлеуметтік чаланың өрлеуіне керекті қаржы бөлу; бүкіл
шаруашылықта және жеке буындарда айырбасты ұтымды пайдалану.

1.4 Қоғамдық өндіріс сатылары

Қоғамдық өндірістің төрт сатысы бар: өндіріс, бөлу, айырбас және
тұтыну. Өндірілген қоғамдық өнім осы сатылардың бәрінен де өтеді. Осылардың
ішіндегі ең басты элементі өндіріс.
Өндіріс – барлық игіліктерді шығару прцесі, қосымша өнімді осы сатыда
өндіріледі. Сондықтан қоғам өмірінде жетекші және анықтаушы саты. Сипаты,
мазмұны мен мәні, мақсаты мен іс әрекеті әр түрлі тектегі өндіріс
әдістеріне үндес келеді.
Өндірілген өнімнің бөлінуі шарт. Бөлініс әр түрлі талаптардың,
әлкуметтік топтардың және жеке адмдардың үлесіе аеықтаумен шектелмейді,
барлық қоғамдық тіршілік тілектерін қамтиды. Бұл жөнінде К.Маркс былай деп
көрсетті: “.. Ең алдымен бөлініс дегеніміз өнімдер бөлінісі – ол: 1)
өндіріс құралдарының бөлінісі және 2)ол жаңағы қатынасты одан әрі анықтау
болып табылады, өндірістің әр түрлі тектері бойынша қоғам мүшелерінің
бөлінісі. Өнімдер бөлінісі дегеніміз, бәлкім осы бөліністің тек нәтижесі
ғана”
Бөлу процесі өндіріске, айырбасқа және тұтынуға делдалдық қызмет
көрсету емес, белсенді әсер етеді. Алайда меншікке және өндіріске тәуелді
болады.
Айырбас - өндіріс пен бөлу және өндіріс пен тұтыну арасындағы өте
маңызды экономикалық қызмет атқарады. Күрделі категория. Тауар айырбасы
арқылы бөлінеді және қайта бөлінеді: Тұтынудың сан алуан түорлері тек
айырбас нәтижесінде қанағаттанады. Айырбас та қоғам сипатына тәуелді.
Тұтыну – қоғамдық өнім қозғалысының түпкі, соңғы сатысы. Тек қана
жеткілікті тұтыну қанағат сезімін туғызады, өндірістің кімдерге қызмет
көрсетіп отырғандығын нақтылы бейнелейді. Тұтынуға адамның жеке басының
және өндірістің тұтынуы жатады.
Қоғамдық өндірістің қозғалысы - өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну
өзара тығыз байланысқан категориялар. Осындай сипатының арқасында ұдайы
өндірістің бір тұтас процесін құрайды және қалыптастырады.

ІІ тарау. Негізгі бөлім
2.1 Өндірістік қатынастар

Экономикалық қатынастар – бұл, адамдардың арасында материялдық және
рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну жөнінде болатын
қатынастар.
Экономикалық қатынастар сипаты өндіріс құрал-жабдықтарына меншік
формасымен анықталады. Мұның өзі біріншіден, өндірістік қатынастар, тек
қана өндіріс сферасын және екіншіден, өндірістік емес сферасында.
Экономикалық қатынастар құрылымына экономикалық-ұйымдастыру және
әлеуметтік-экономикалық қатынастар кіреді. Ұйымдастыру формасы әр түрлі
келеді, мәселен, еңбектің бөлінуі, еңбек кооперациячы, өндірістің
шоғырлануы, орталықтануы және тағы басқа да түрлерін атауға болады. Бұл
қатынастардың қалыптасу және даму тарихын үш кезеңге бөліп қарауға болады:
еңбектің жай кооперациясы, мануфактура және машиналы өндіріс.
Әлеуметтік-экономикалық қатынастар өндірістік құрал-жабдықтарға меншік
формасы мен анықталатын өндіріс жағдайы жөнінде болатын адамдар арасындағы
қатынастармен қалыптасады. Меншік флормасына байланысты өндіріс, бөлу,
айырбас және тұтыну қатынастарының мәні анықталады және соған тәуелді
болады.
Сонымен қорыта айтқанда, материалдық өндіріс кезінде қажетті
игіліктерді өндіру үшін адамдардың еркі мен санасынан тыс жатқан белгілі
бір байланыстар мен қатынастар орын алады. Міне, осылар қоғамдық-өндірістік
немесе экономикалық қатынастар деп аталады. К.Маркс: “өндіріс атаулы
дегеніміз белгілі бір қоғамдық форма шегінде және оған қатыса отырып
табиғат заттарын индивидиумның иемденуі“
Өндіргіш күштер мен қоғамдық-өндірістік қатынас өзара тығыз
байланыста болады. Бұлар өндіріс тәсілін құрайды. Өндіріс тәсілі дегеніміз
өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастардың бірлігі. Өндіріс тәсілі бір
қатар ажырамайтын екі жақты өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың
басын біріктіру. Ең басты өндіргіш кұш юолып саналатын адамдар өндірістік
қатынастарға енбейінше, өндіріс құрал-жабдықтарын іске қосып, игіліктерді
өндіре алмайды.

2.2 Экономикалық ресурстардың шектеулігі

Қоғамның немесе жеке адамның қажеттілігі шексіз, еш уақытта да толық
қанағаттандырылуы мүмкін болмайды. Ал, тауар өндіруге және қызмет көрсетуге
қажетті қоғам ресурстары шектеулі болады немесе тіптен сирек кездеседі,
толық жетіспейді. Мұндай қайшылықты шешу үшін қандай өнімді өндіру керек,
қандай өнімді тоқтата тұру керек екеніне тандау жасалынады.
Қоғам әр уақытта да шектеулі ресурстар мен барынша көп тауар өндіруді
көздейді. Ол үшін жұмысқа толық қамтуды қамтамасыз етіп, өндірістің өзіндік
толық көлемін игеруі қажет болады.
Жұмысқа толық қамту дегеніміз бұған барлық жарамды табиғи ресурстарды
пайдалануды айтамыз: жұмысшы күшін, егістік жерлер, капитал жабдықтары және
т.б. Ал, өндірістің толық көлемі деген түсінікті біз ресурстарды тиімді
бөлу деп білеміз. Оның мәні былайша: біріншіден ресурстарды қайда көп пайда
берсе, сонда пайдалану, екішіден, қолда бар технологияның ең жақсысын
қолдану. Бірақта, бір есте болатын жай, ресурстар сирек болғандықтан,
тіптен оның өзі толық қамтылып және өндірістің толық көлемі болғанда да
экономика тауар мен қызмет көрсету түрлерімен шексіз қамтамасыз ете
алмайды. Міне осыдан келіп тауар мен қызмет көрсетудің қайсысымен айналысу
керек, оның қайсысын өндіруден бас тарту керек немесе өндірістің қандай
түрін қысқарту керек деген жаңа проблемалар туындайды. Мұндай тандау жасау
тиімділігін анықтау үшін өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы
пайдалынылады.

2.3 Өндіріс мүмкіншілігінің қисығы және оны талдау.

Қоғамда бір жағынан тұтынымның шексіз, ал ресурстардың шектеулі
болатынын біз жоғарыда айттық. Бұдан келіп сирек болатын ресурстарды тиімді
пайдалану қажеттілігі туындайды. Демек, қоғам әрқашанда шектеулі ресурстар
арқылы неғұрлым көп тауар өндіруге ұмтылады. Ол үшін қай тауарды өндіру
керек, қайсысын өндіруді тоқтату керек деген жаңа проблеманы шешу керек
болады. Мұндай тандау жасауда өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы
қолданылады.

Варианттар Май (т.) Робот (д.)
1 15000 0
2 12000 2000
3 10000 3000
4 6000 5000
5 3000 5500
6 0 6000

Өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы
Бұл график робот пен май өндірудің максимум мүмкіндігін көрсетеді.
Мәселен, С нүктесінде 10 т май және 3 мың дана робот өндіруге болады. Бұл
жағдайда ел тандау жасады, белгілі бір көлемдегі майдың орнына робот
өндіріліп отыр. Май өндіру роботқа көшірілді. Сондықтан да өндіріс
мүмкіншілігінің АЕ қисық сызығы көшірмелі қисық деп те аталады. Осы
жағдайда экономиканың барлық ресурстары толық пайдаланылып және тиімді
болып отыр. Егер елде жұмыссыздық болатын болса, онда экономика қисықтың
ішінде – х нүктесінде болады.
Мұның өзі ресурстардың дұрыс пайдаланылмағанын және экономиканың
тиімді емес екендігін көрсетеді. Ал, N-нүктесінде өндіріс жүргізіп тандау
жасау мүмкін емес, өйткені бұл нүкте өндіріс мүмкіншілігінің қисығынан тыс
жатыр. Бұл мысал, альтернативті құн концепциясын көрсетеді.
Альтернативті құн – бұл басқа зат арқылы өлшенетін баға.
Үкіметтің тандауы басқа тауар есебімен бір тауар үшін альтернативті
болады.

2.4 Өндіріс факторларының нарығы

Өндіріс факторларының нарығы дегеніміз – жер, табиғи қазбалар және
жасанды шикізат қорлары, мамандырылған еңбек, күрделі техникалық қорлардың
шаруашылық әрекетіндегі айналым өрісі. Аталған топтармен өндіріс факторлар
нарығы шектелмейді. Дамыған нарықтық экономикада аталғандардың қатарына сол
сияқты ақпарат, білім және т.б. жатады. Өндіріс факторларының нарықтағы
айналымы ақша және құнды қағаздар нарығы арқылы мемлекеттің тиісті
экономикалық саясатымен жүзеге асады.
Өндіріс факторларындағы сұраным мен ұсыным бағаның бәсекелестік тепе-
теңдігіне негізделген. Дегенмен, өндіріс факторының былайша айтқанда осы
тауар топтарын иемденудің, пайдаланудың және оларды бөлудің өзіндік
ерекшеліктері бар. Олар тікелей қоғамдық-экономикалық қатынастарға әсерін
тигізеді. Бір айта кететін жай, еңбек сияқты алғашқы өндіріс факторларының
нарықтағы айналымы заң шығарушылық арқылы реттеуді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканың зерттеу әдістері
Өндіріс факторлары және өндіріс ресурстары
Қоғамдық өндіріс факторлары және нәтижелері
Шикізат, материалдық және отын - энергетикалық ресурстары
Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы
Кәсіпорында ресурстарды материалдық - техникалық қамтамасыз етілуін жоспарлау
Құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру негіздері
Нарықтық экономика жағдайында ресурстардың сақталу процесі
Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығын ұйымдастыру
Экономикадағы таңдау және шектеу
Пәндер