Нарықтың экономикада қажеттігі, мәні, өту жолдары



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. Нарықтың экономикада қажеттігі, мәні, өту жолдары.
1.1. Нарық ұғымы мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Нарық туралы ілім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3. Нарықтың пайда болу себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.4. Нарық қатынастарының даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.5. Нарық түрлері және сегментациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

II. Нарықтың арқаратын қызметтері мен құрылымы.
2.1. Нарықтың қызметі және құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2. Нарық экономикасының элементтері мен қызмет ету принциптері. Нарық механизмінің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... 18
2.3. Мемлекеттің нарықтық экономикада атқаратын ролі ... ... ... ... ..22
2.4. Қазақстан нарық жолында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

Қолданған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
КІРІСПЕ

Дамыған елдердің қазіргі экономикасы нарықтық сипат алады. Нарықтық жүйе негізгі экономикалық мәселелерді шешу жолында ең тиімді және икемді болып табылады. Ол бірнеше ғасырлар бойы қалыптасып келіп, жаңа түрге ие болады және де кейін барлық елдерде болашақтың экономикалық бейнесін анықтайтын болады.
Бұл тақырыптың маңыздылығы Қазақстандағы әкімшіл-әміршіл жүйеден нарықтық экономикаға өтумен байланысты болып келеді. Еліміз ұзақ уақыт бойы тауар-ақша қатынастары және меншік түрлері мойындалмай келеді, ал ұлттық экономиканың даму тәжірибесі толықтай дерлік әлемдік нарықтан оқшауланады. Нарықтақ қалыптасу процесінің көптеген күрделі мәсеселелерін шешуге ықпал ететін натуралдық және жартылай натуралдық шаруашылықтар жойылды.
Осы және басқа да көптеген жағдайлардың нәтижесінде нарық және нарықтық қатынастар біртіндеп дами бастады.
Осы тақыраптың маңыздылығы, оның мынандай зерттеу мақсаттарын анықтады: нарықты, оның мәнін, пайда болуын, құрылымы мен қызметтерін зерттеп оқып білу.
Жоғарыда айтылған мақсатттарға сәйкес автор келесіде міндеттемелерді анықтап отыр:
1. Нарық ұғымы мен танысу, оның пайда болу себептерін анықтап, даму кезеңдерін қарастыру;
2. Нарық құрылымы мен қызметтерін зерттеп, жалпы оның механизмімен танысу;
3. Нарықтың негізгі түрлері мен мемлекеттің нарықтық экономикада атқаратын рөлін көрсету;
4. Қазақстанның нарық жолындағы сипатын анықтап, мемлекеттің нарық жағдайына өту жолдарын айқындау;

Автордың қарастырған мақалалардың, кітаптардың, журналдардың негізінде осы тақырыптың көптеген экономикалық әдебиеттерде кең және жан-жақты баяндалатынын айтуға болады. Нарықтық экономиканы бұрынғы кезде де зерттген. Қазіргі заманда да экономикалық қатынастардың қағидаларын, заңдарын, басқару тетіктерін зерттеумен айналысатын көптеген экономистер бұған көп көңіл бөлуде.
Бұл курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылғын әдебиеттерден тұрады.
Бірінші тарауда адамзат өзінің өмір тарихында көп уақыт бойы нарықсыз тіршілік кешкенін айтып кетуге болады, ол кезде натуралдық шаруашылық дамыған еді. Экономикалық субъекттің өз мүддесін қамтамасыз етуге тырмысудың және еңбекті тауар өндірушілердің арасында бөлудің нәтижесінде кейіннен тауарлы шаруашылық пайда болды. Алғашында айырбас дами отырып, нәтижесінде нарықтың өркендеуіне жол ашты. Нарық өзіне тән нарықтық бәсекенің тауарлы шаруашылықтың мықты тірегін құрайды. Нарық-көп қырлы түсінік, сондықтан оны бір мағынамен түсіндіру қиын.
Екінші тарауда нарықтың құрылымы, түрлері мен қызметтері және мемлекеттің осы нарықтың экономикада атқаратын рөлі туралы қарастырылады. Экономикада нарықты мынадай негізгі типтері бөлініп көрсетіледі: нарық қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық қызметі бойынша; тауарлы топтар бойынша; кеңестік критерии бойынша; бәсекенің шектеулі дәрежесі бойынша; экономикада заңдылықты сақтау бойынша; нарық қатынастарының субъектілері бойынша. Нарықтың барлық осы түрлері өзара байланысты және экономиканың дамуына үлкен септіген тигізеді. Нарықтық экономика мемлекеттік реттеуінсіз өмір сүріп, қызмет ете алмайды. Мемлекеттік реттеу нарықтың дұрыс қызмет істеуінің бірден-бір шарты болып табылады. Бірақ та мемлекет өзінің экономикаға араласуымен зиян келтірмеу керек, өйткені бұның нәтижесі үлкен зардаптарға әкелуі мүмкін.
Үшінші тарауда автор Қазақстанның нарық жолындағы жағдайларын қарастырады. Бұл бөлімде нарықтық экономикаға көшудің жолдары және Қазақстан мемлекетінің дамуының стратегиялық мақтары жөнінде айтылады.
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Әкімбеков С.Ә. Эконлмикалық теория. Астана: Эокномика, 2002ж.
2. Албегова И.М., Емцова Р.Г., Холопов А.В. Государственная экономическая политика: опыт, перехода к рынку. Москва: Дело и сервис, 1998г.
3. Асатов Ғ., Носоков Д. Словарь экономических терминов. Алматы, 1999ж.
4. Аубакиров Я., Экономикалық теория негіздері. Алматы: Санат, 1998ж.
5. Ғабдулов М., Смағұлов С. Нарық. Алматы: Экономика, 2000ж.
6. Добрынин И.А. Экономическая теория. Санкт-Петербург: Питер, 2001г.
7. Жүнісов Б., Мәмбетов Ұ., Байжомартов Ү. Нарықтық экономика негіздері. Алматы, 1994ж.
8. Камаев В.Д. Экономикческая теория. Москва: Гуманитарный издательский центр, 1998г.
9. Көшенова Б. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. Алматы, 2002ж.
10. Мамыров Н.Қ. ред.-Халықаралық экономикалық қатынастар. Алматы: Экономика,1998ж.
11. Мәдешов Б. Нарықтық экономика теориясына кіріспе. Аламты: Экономика 1995ж.
12. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. Алматы: Экономика 2001ж.
13. Нұрғалиев Ө. Экономикалық теория. Қарағанды, 2003 ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. Нарықтың экономикада қажеттігі, мәні, өту жолдары.
1. Нарық ұғымы мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2. Нарық туралы ілім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
3. Нарықтың пайда болу себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
4. Нарық қатынастарының даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
5. Нарық түрлері және сегментациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

II. Нарықтың арқаратын қызметтері мен құрылымы.
1. Нарықтың қызметі және құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2. Нарық экономикасының элементтері мен қызмет ету
принциптері. Нарық механизмінің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... 18
3. Мемлекеттің нарықтық экономикада атқаратын ролі ... ... ... ... ..22
4. Қазақстан нарық жолында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

Қолданған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 1

КІРІСПЕ

Дамыған елдердің қазіргі экономикасы нарықтық сипат алады. Нарықтық жүйе
негізгі экономикалық мәселелерді шешу жолында ең тиімді және икемді болып
табылады. Ол бірнеше ғасырлар бойы қалыптасып келіп, жаңа түрге ие болады
және де кейін барлық елдерде болашақтың экономикалық бейнесін анықтайтын
болады.
Бұл тақырыптың маңыздылығы Қазақстандағы әкімшіл-әміршіл жүйеден нарықтық
экономикаға өтумен байланысты болып келеді. Еліміз ұзақ уақыт бойы тауар-
ақша қатынастары және меншік түрлері мойындалмай келеді, ал ұлттық
экономиканың даму тәжірибесі толықтай дерлік әлемдік нарықтан оқшауланады.
Нарықтақ қалыптасу процесінің көптеген күрделі мәсеселелерін шешуге ықпал
ететін натуралдық және жартылай натуралдық шаруашылықтар жойылды.
Осы және басқа да көптеген жағдайлардың нәтижесінде нарық және нарықтық
қатынастар біртіндеп дами бастады.
Осы тақыраптың маңыздылығы, оның мынандай зерттеу мақсаттарын анықтады:
нарықты, оның мәнін, пайда болуын, құрылымы мен қызметтерін зерттеп оқып
білу.
Жоғарыда айтылған мақсатттарға сәйкес автор келесіде міндеттемелерді
анықтап отыр:
1. Нарық ұғымы мен танысу, оның пайда болу себептерін анықтап, даму
кезеңдерін қарастыру;
2. Нарық құрылымы мен қызметтерін зерттеп, жалпы оның механизмімен танысу;
3. Нарықтың негізгі түрлері мен мемлекеттің нарықтық экономикада атқаратын
рөлін көрсету;
4. Қазақстанның нарық жолындағы сипатын анықтап, мемлекеттің нарық
жағдайына өту жолдарын айқындау;

Автордың қарастырған мақалалардың, кітаптардың, журналдардың негізінде
осы тақырыптың көптеген экономикалық әдебиеттерде кең және жан-жақты
баяндалатынын айтуға болады. Нарықтық экономиканы бұрынғы кезде де
зерттген. Қазіргі заманда да экономикалық қатынастардың қағидаларын,
заңдарын, басқару тетіктерін зерттеумен айналысатын көптеген экономистер
бұған көп көңіл бөлуде.
Бұл курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылғын
әдебиеттерден тұрады.
Бірінші тарауда адамзат өзінің өмір тарихында көп уақыт бойы нарықсыз
тіршілік кешкенін айтып кетуге болады, ол кезде натуралдық шаруашылық
дамыған еді. Экономикалық субъекттің өз мүддесін қамтамасыз етуге
тырмысудың және еңбекті тауар өндірушілердің арасында бөлудің нәтижесінде
кейіннен тауарлы шаруашылық пайда болды. Алғашында айырбас дами отырып,
нәтижесінде нарықтың өркендеуіне жол ашты. Нарық өзіне тән нарықтық
бәсекенің тауарлы шаруашылықтың мықты тірегін құрайды. Нарық-көп қырлы
түсінік, сондықтан оны бір мағынамен түсіндіру қиын.
Екінші тарауда нарықтың құрылымы, түрлері мен қызметтері және мемлекеттің
осы нарықтың экономикада атқаратын рөлі туралы қарастырылады. Экономикада
нарықты мынадай негізгі типтері бөлініп көрсетіледі: нарық қатынастары
объектілерінің атқаратын экономикалық қызметі бойынша; тауарлы топтар
бойынша; кеңестік критерии бойынша; бәсекенің шектеулі дәрежесі бойынша;
экономикада заңдылықты сақтау бойынша; нарық қатынастарының субъектілері
бойынша. Нарықтың барлық осы түрлері өзара байланысты және экономиканың
дамуына үлкен септіген тигізеді. Нарықтық экономика мемлекеттік реттеуінсіз
өмір сүріп, қызмет ете алмайды. Мемлекеттік реттеу нарықтың дұрыс қызмет
істеуінің бірден-бір шарты болып табылады. Бірақ та мемлекет өзінің
экономикаға араласуымен зиян келтірмеу керек, өйткені бұның нәтижесі үлкен
зардаптарға әкелуі мүмкін.
Үшінші тарауда автор Қазақстанның нарық жолындағы жағдайларын
қарастырады. Бұл бөлімде нарықтық экономикаға көшудің жолдары және
Қазақстан мемлекетінің дамуының стратегиялық мақтары жөнінде айтылады.

I. НАРЫҚТЫҢ ЭКОНОМИКАДА ҚАЖЕТТІГІ МЕН ӨТУ ЖОЛДАРЫ

1.1 НАРЫҚ ҰҒЫМЫ МЕН МӘНІ.

Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің нақтылы қозғалысы сан
мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың,
салалардың, аймақтық кешендердің ( территориялық комплекстердің), халық
шаруашылығының экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы
өндірістің “қан айналымы” жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы
қозғалысында нарық маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршеңдігі
өндірістің табиғатына, экономикалық әлеуметтік жағдайына, дегенмен нарықтың
біраз дербестігі бар, сондықтан бұлар ұдайы өндірістің барлық сатыларына,
түпкі нәтиже мен тиімдігіне айтарлықтай әсер етеді.
Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін тоериялық айтыстар
толастай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде “нарық" деген
терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Көпшілігі нарықтың
қатынасы стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, у-шуы көп
кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы нарықты экономиканы барлық ауруынан
тез жазатын керемет “күш” деп те дәріптеуде.
Саяси экономикалық мағынада нарық айырбас қатынасын білдіретін
экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде
ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды.
Сонымен нарық дегеніміз не? Бұл сауалға бірден жауап берудің өзіндік
қиындығы көп. Нарық бұрын-сонды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан
оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі нұсқау-
бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары
тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ жылдар бойы әкімшіл-әміршіл
жүйенің идиологиялық тұтқынында болып келген экономикалық ғылымдарда
нарықтың маңызды мен орны туралы даурықпалы көзқарас басым болды.
Нарық мәселелерінің қоғамды қайта құру теориясы мен практикасында алатын
зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғылым
экономикасының арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты
нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық - өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын
айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі
немесе жүйесі. (Кулигин П. Социалистік экономикадағы нарық – Вопросы
экономики, 1990ж.).
Нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы тауар және қызмет
көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың
жиынтығы. (Жураылева Г. Социализмнің экономикалық жүйесіндегі нарық -
“Экономические науки”, 1990ж. №7)
Нарық – тауарларды сатып алу-сатумен байланысты орын алатын экономикалық
қатынастар жиынтығы. (Саяси экономия-Алматы, “Ана тілі”, 1991).
Нарық тауарларды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып алушылардың
арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады. (Қазіргі заманғы нарық:
табиғаты және дамуы Э.П. Дунаев, И.Е. Рудакова редакциясымен – М, МГУ,
1992ж.).
Келтірілген көзқарастардың қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді, бірақ
мәселелердің бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе – ол
нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастың
субъектісі-өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар мен сатып алушылар
деп көрсетілуі. Шын мәнінде тауар-ақша, нарық байланыстар сату-сатып алумен
шектелмейді. Бұл жерде басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы
қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек.
Себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын
сипаттайтын, тауар-ақша қатынастарын қандай нақты нысандарда болатынын
көрсететін экономикалық байланыстар пайда болады.
Экономикалық дамудың объективті жағдайы нарықты және оның категорияларын
(баға, ұсыныс, бәсеке, және т.б.) өмірге әкелді.Көп уақыт бойы біздің
еліміздегі басқарудың әкімшілдік-әміршілдік әдісі үстем ету нарықтың
дамуына тежеу салды. Соңғы жылдары басұрудың экономикалық өмірде шаруашылық
қызметінің ұйымдастырудың бұл әдісі бастық модельдерді қайталау емес.
Бұрынғы социалистік нарықтық қатынастардың ұлғаюы шаруашылық механизмін
қайта құру барысындағы заңды көрініс. Мысалы Венгрияда 1988 жылдың өзінде
экономикалық реформа барысында өндіріс құрал-жабдықтарына көтерме сауданы
енгізу арқылы нарықтың тепе-теңдігі қалыптастырылды. Әрбір өндіріс
әдісіндегі нарық меншікке байланысты өндіріс қатынастарының бүкіл жүйесінде
әрекет етеді. Біздің қоғамымызда да нарық өндірістің тиімдігі мен халықтың
әлеуметтік-тұрмысы дәрежесін жақсарту бағытында жұмыс істей бастады.
Соңғы уақытта теориялық дискурссияларда нарық пен жоспар бір-біріне
орынсыз қарсы қойылып жәнінде ұдайы өндіріс ( жоспарлы ұйымдасқан процесс)
нарықты, оның икемділігін, экономикалық тиімділігін арттыруға пайдалануы
аса маңызды мәселе. Сондықтан нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы
шаруашылық механизмнің құрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет
ететінін естен шығармаған жөн.

1.2 НАРЫҚ ТУРАЛЫ ІЛІМ.

Ағылшын экономисі А.Смит экономика туралы бір ғана еңбек жазғанымен,
оның дербес ғылымға айналуының негізін қалаған ғалым деп саналады.Оның
еңбегі Халық байлығы 1776 жылы жарық көрген. А.Давид Юм алғашында бұл
ұғымға ауыр болғандықтан, оны оқып қателескен екен, аталған кітаптарды
адамдар 200 жылдан астам уақыт бойы талмай оқып үйренуде.
А.Смиттің ойынша, ұлттың басты байлығы, өзге экономистердің теріс
түсінігінше- алтын және күміс қорын жинақта емес, яғни байлық дегеніміз –
еңбек түрін атқаратын және ақша нарықта сауда жасайтын қарапайым адамдардың
әрекеттерінің нәтижесі. А.Смиттің пікірінше, нарықтық экономика-белгілі бір
ұйымдастырылған жоспардың нәтижесі емес, көптеген адамдар өздерінің жеке
мүддесін қамтамасыз ету үшін мақсатты әрекеттерінің нәтижесі.
Экономика ғылым ретінде соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің еңбегінде
іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда.
А.Смиттің нарық туралы ілімі Австралияның экономисі, Нобель сыйлығының
лауреаты Фридрих Фон Хайектің еңбектерінде дамытылған. Оның ілімі бойынша,
нарық деген ұғым-ішкі себептерден пайда болған әлеуметтік тәртіптің бір
формасы. Хайектің айтуынша, нарық жүйесінің шегінде бағалылықтың белгілі
бір біркелкі шкаласы жоқ, ол тек бәсекелестік мақсатты жалғастырады, солар
үшін қызмет атқарады, бірақ олардың алдында қоғам мақсаттарының қайсысы
бірінші орындалу керектігіне кепілдік бермейді.
А.Смиттің ілімінен шығатын қорытынды мынадай: нарықтың тиімділігі және
барлық бәсекелестердің әрі олардың әрқайсысы өздерінің экономикалық
мақсаттарына жету жолынлағы мүмкіндіктерін арттыра беретіндігі.
Капиталистік қоғамның даму диалектикасының өзі нарықтық экономиканы
ұйымластыруға әкелетіні аян. “Айырбастау” – дейді В.И.Ленин, - “адамдарды
нарық арқылы біріктіреді”. В.И.Лениннің айтуынша, “Нарық” ұғымын қоғамдық
еңбек бөлінісінен айыруға болмайды. Міне, сондықтан да социализм орнатуда
және соцаилистік шаруашылықты ұйымдастыруда нарық қарым-қатынастарды толық
пайдаланудың қажет екендінгі туралы В.И.Лениннің көзқарасы көптеген
жағдайларға байланысты өзгеріп отырған. Олардың ең бастылары:
1. В.И.Лениннің көз алдында нарық мазмұнының өзгеруі, оның еркін
бәсекелестік капитализмнен монополистік капитализм сатысына көшу барысында
атқаратын ролі;
2. Халқымыз орнатқысы келіп отырған қоғам мен оның қозғаушы күштері
туралы жалпы теорияның айқындала түсуі;
2. Өтпелі дәуір кезіңіндегі экономиканы мемлекет тарапынан басқару
механизмнің дамуы.

1.3 НАРЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ

Нарықтың қарым-қатынасының қажеттілігі қоғамдағы еңбек бөлінісін
тудыратын себептерден туындайды. Адамдардың өндірістік мүмкіндігі олардың
қажеттігіне қарағанда табиғи түрде шектеулі болады. Кейбір қабілет-қарымы
бар адамдар тек белгілі бір салада ғана жұмыс істеп, білгілі затты ғана
өндірі алады, бірақ олардың қажеттігі миллиондаған атуы бар әр түрлі тұтыну
игіліктері мен қызметтерін қамтиды.
Экономикалық ресурстарға: жер, еңбек, техника, шикізат, ақпарат жіне
т.б. тән нәрсе-олардың сиректігі немесе шектеулігі. Экономикалық теорияда
бұл феномен шамасы “Ресурстар заңы” деп аталады. Бұл жағдайда пайда табу
мен молшылықты қамтамасыз ететін тетік әлдекімнің даналығы немесе
ақылдылығының нәтижесі емес, ол-еңбек бөлінісі мен нарыққа байланысты
көрініс береді. Мұны адамдардың өмірге қажетті әртүрлі ресурстар алу үшін
өз еңбек өнімдерін бір-бірімен айырбастауға деген табиғи қажеттілігінен
және бейімділігінен туындайтынын көреміз. Осыған байланысты А.Смиттің
зерттеген “Көрінбейтін қол” деген теориясына назар аударайық. Бұл теория
бойынша, адамдардың экономикалық шаруашылық субъектісі ретіндегі
біреулердің әр түрлі еңбек өніміне деген мұқтаждық түсіндіріледі. Әдетте ол
саналы түрде қоғамда пайда келтіруді ойламайды, тіпті оған қаншама пайда
келтіріп отырғанын сезбейді де. Ол тек қана өз мүддесін ойлайды және оның
басты мақсаты- өзіне ғана пайда түсіру, сөйте тұра, әлдебір көрінбейтін қол
оны өзі басшылыққа алмаған мақсатқа қарай бағыттап отырады. Сөйтіп, ол
жеке мүддесін көздей отырып, көп жағдайда қоғам мүддесіне де пайдалы әрекет
жасайды.

1.4 НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

Нарықтық экономика- ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы,
оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен
қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының
дамуын мынадай негізгі кезеңдерге бөлуге болады:
1. нарық әлемінің пайда болуы;
2. натуралдық айырбас кезеңі нарығы;
3. тауар баламасы кезеңінің нарығы;
4. тауар емес балама кезеңінің нарығы.
1) Кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар
өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар әрбір жеке
сауда саттық көріністерде кездейсоқ болады.
2) Кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т1-Т2 көруге болады.
Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шарты бола бастайды. Осының
нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы қалыптасады. Құнның
субстанциясы әлде болса тауардың бір түрімен біртұтас болып бірігіп
кеткен жоқ, сондықтан таза құнның иеленушісі болып бірнеше тауарлар
көрінуі мүмкін.
3) Кезеңдегі тауар тепе-теңдігі мына айырбас формуласы бойынша
есептеледі: Т1-Т2 балама – Т2 . Әрбір жергілікті
нарыққа балама тауардың бір түрі тән. Ол ерекшелік тұтыну қасиетіне
байланысты әрдайым ортасынан ығысып шығып қалып отырады. Бұл кезеңде
таза құн өзінің иеленушісінің белгілі бір заттық формуласымен біртұтас
болып бірігіп кетеді, оған тауар қабығынсыз өмір сүре алмайтын
шығындық және шығындық емес деп бөлінетін құрамалар байланады.
Дүниежүзілік нарықтың қалыптасуымен құнның жеке дара иеленушісі
қызметін алтын атқара бастайды.
4) Кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы Т1 тауар емес балама –Т2.
Алтынға тікелей айырбастың тоқтатылуымен, құнның таза иеленушілері-
несие ақшалар өздерінің тауарлық мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда,
құнның өзінің заттық иеленушісінің оқшаулануы- қазіргі замандағы
нарықты сипаттайтын құбылыс болып табылады.
Сонымен бірге, нарық стихиялық түрде дамушы немесе еркін нарық,
монополиялы нарық, реттемелік нарық деп бөлінеді. Стихиялық нарық
капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен
сатып алушылар , еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болды. Стихиялы
нарықтың идиологы, әлемдік экономикалық теорияның негізін қалаушы А.Смит
(1723-1790ж.) өзінің Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы
зерттеу (1776ж.) деген басты еңбегінде – жеке меншік иелерінің байлықты
көбейтудегі мүддесі өндірісті дамутудың және оны қоғамдық қажеткіліктерге
лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады деп жазған болатын. Сонымен бірге
А.Смит екі кәсіпкер немесе саудагердің арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны
өсіру ниетіндегі даумен аяқталады деп көрсетті. Оның пікірінше, мемлекет
мұндай даулы мәселелерді шешуге араласпауы керек, ол тек ғана жалпы
тәртіпті қамтамасыз ететін түнгі күзетшінің ролін атқару қажет. Мемлекет
мейлі өзінен өзі жүрсін саясатын жүргізіп, бәсекені шектеуден аулақ болуы
керек. Бірақ А.Смит осы екі дәлел негізінде жаппай анархияны қорғаған жоқ.
Керісінше, ол жеке капиталдың монополиялары мен картельдер арқылы бәсеке
күресіне шек қоятын жаман әдеттеріне мейілінше күдікпен қарады. Тек
бәсеке ғана бағаны төмендету және өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады,
нарық реттеуге қабілеті болады деп көрсеткен болатын. Сөйтіп А.Смиит
нарықты экономиканы өзін-өзі реттеу механизмін ашты. Еркін бәсеке мен
нарықтың көрінбейтін қолының пайғамбарының пікірінше, жеке мүддені қоғамдық
игіліктің пайдасына жарату мүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық өндірістің
күрделіленуіне байланысты нарықта анархия орын ала бастады. Мұндай жағдайда
оны реттеуді монополиялар өз қолына ала бастады. Осы кезден бастап
монополиялық нарық қалыптасты.
Монополиялық нарық XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың алғашқы кезеңінде
өмір сүрді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол
экономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер
етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми техникалық прогрестің
баяулануына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал тіптен келгенде ,
қоғамның барлық қайшылықтарынан шиеленісуіне әкеліп соқтырады.
Бұған мемлекеттік меншіктегі ірі кәсіпорындар монополиясына негізделген
бұрынғы КСРО-ның экономикасы да жатады. Нәтижесінде, сұраныс пен ұсыныс
сұрақтары әкімшілдік-әміршілдік тәсілмен шешілетін, тұтынушылардың
мүддесіне бағдарланбаған өндірушілер нарығының типі қалыптасты. Қазіргі
заманғы өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып отыр. Оны тек қана
еркін тауар өндірушілер мен тұтынушылар, еркін бәсеке мен бағалар ғана
емес, сонымен бірге өнім өндіруге мемлекеттік тапсырыстар орналастыру,
шаруашылық субъектілеріне қаржы несие тұтқалары арқылы әсер ету, белгілі
бір тауар түрлері мен топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық
коньюнктурасын зерттейтін маркетингтік қызметті енгізу, өндірістің көлемін
тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әр түрлі кәсіпорын
ассоциацияларын, жарнама ақпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуде
мемлекеттің шешуші ролін атап көрсету керек.
Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі, әлеуметтік
бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз
құралы деп танылып отыр.

1.5 НАРЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН СЕГМЕНТАЦИЯСЫ.

Нарықтардың құрылымын зерттеу, оларды негізгі түрге бөлуге мүмкіндік
береді.

Тауарлар мен қызметтер нарығы. Бұл топқа жататын нарықтар:
▬ тұтыну тауарларының нарықтары – азық-түлік емес тауарлар
нарығы;
▬ қызметтер нарығы – тұрмыстық, көлік, коммуналдық қызметтер;
▬ тұрғын үй және өндірістік емес ғимараттардың нарығы.

Өндіріс факторларының нарғы. Бұған жататындар:
▬ жылжымайтын мүліктер нарығы;
▬ еңбек құралдарының нарығы;
▬ шикізат пен метериалдардың;
▬ қуат ресурстарының;
▬ пайдалы қазбалардың нарықтары.

Қаржылар нарығы:
▬ капиталдар нарығы, немесе инвестициялық нарықтар; несие нарықтары;
▬ құнды қағазадар нарықтары – акциялар, облигациялар, опциондар,
варанттар және фьючерстік контрактар т.б.
▬ валюта-ақша нарықтары.
Ителлектуалдық өнімдер нарығы – инновациялардың, ойлап табулардың,
информациялық қызметтердің, әдебиет және өнер еңбектерінің нарықтары.
Жұмыс күш нарығы. Бұл еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық
формасы. Бұнда нарық экономикасы заңдарына сәйкес жұмысшы күші миграция
жасап отырады.
Аймақтық нарықтар: жергілікті, ішік, ұлттық, сыртқы, халықаралық
нарықтар.
Нарықтарды сегменттеу. Нарықтың негізгі түрлері әртүрлі субнарықтарға
қосалқы, нарықтық сегменттерге бөлінеді. Нарықты сегменттеу – тауарларға
бірдей емес талаптар қоятын, осы тауарлардың тұтынушыларын жеке-жеке
топтарға бөлу болып табылады. Сегменттеу әртүрлі жолдармен, әртүрлі
факторларды ( көрсеткіштерді) қолдану арқылы жүргізіледі. Осылардың
негізгілері:
1. Географиялық:
▬ аймақтар бойынша: Солтүстік, Орталық, Батыс, Шығыс, Оңтүстік;
▬ әкімшілдік бөлім бойынша: республика, облыс, аудан, қала;
▬ тұрғындардың тығыздығы бойынша: қала, ауыл, қала маңы;
▬ климат бойынша: теңіз, континентальдық, орташа, ыстық т.б.
2. Демографиялық:
▬ адамдардың жасына сәйкес топтау;
▬ жыныстық топтау;
▬ отбасы мүшелерінің санына қарай топтау;
▬ табыстар дәрежесіне қарай;
▬ кәсіби құрамына сәйкес: ғылыми қызметкерлер, мемлекеттік
кәсіпорындардың жұмысшылары, қызметкерлер, зейнеткерлер т.б.
▬ білім жәрежесіне, діни көзқарасына сәйкес;
▬ ұлттық құрамға сәйкес топтаулар;
3. Психологиялық:
▬ халықты әлеуметтік құрамына сәйкес топтау;
▬ табыстардың дәрежесіне сәйкес;
▬ өмір салтына сәйкес: жастар, спортпен шұғылданатындар, ақсүйектер;
▬ жеке басының қасиетіне сәйкес: ашуланшақтар, өз-өзіншілігі молдар.
4. Мінез құлықтық (тауарларды таңдауда):
▬ тауарда кездейсоқ сатып алады;
▬ сатып алуда пайда, бағалылық көздейді;
▬ сапалы заттар, төмен бағалы заттар алады;
▬ клиент болудың тұрақтылығы, өнімнің қажеттілік дәрежесі: үнемі керек,
анда-санда керек;
▬ өнімге эмоционалдық қатынасы: позитивтік көзқарас, негативтік
көзқарас.

II. НАРЫҚТЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ.

2.1 НАРЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
Нарықтық экономикаға қажетті элементтердің бірі – оның инфрақұрылымы. Ол
нарықтың дамуын және оның қалыпты жұмыс жасау жағдайын қамтамасыз ететін
институттардың (ұйымдар, фирмалар, мекемелер) жиынтығы түрінде көрінеді.
Нарықтық инфрақұрылымының элементтеріне тауар, шикізат, қор, еңбек
биржалары, делдалдық және маркетингтік қызметтер, ақпараттық жүйелер,
коммерциялық банктер, көтерме сауда орталықтары, аукциондар, жәрмеңкелер
жатады.
Ұлттық нарықты құру оның дүниежүзілік нарық жүйесіне енуі – жоғары
талаптар деңгейінде жасалған жолдар жүйесінсіз, транспорт пен байланыс
құралдарынсыз жүзеге аспайды. Бұл салаларда бізде көптеген проблемалар мен
шешілмеген сұрақтар барынша жеткілікті.
Қазақстанның " Дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар және әлеуметтік –
экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасында" нарықты
инфрақұрылымның инвестиция мен қорларды және холдинглері, сақтандыру
компаниялары мен қорларды, аудиторлық фирмалар консультация орталықтары мен
фирмалар, сауда - өнеркәсіп палаталары, көлік экспедиция, заң, консалтинг
орталықтары мен фирмалар сияқты қызмет салаларын ұлғайтуға ерекше көңіл
бөлінген. Бұл құрамалар бәсеке негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге
алуан түрлі қызмет көрсету нарығын қалыптастырмақ.
Негізгі мақсат нарық механизмін жетілдіре түсудің басты жолы, оның
инфрақұрылымын жан – жақты тереңдете түсу.
Нарық құрылымы өте күрделі болады және ол экономиканың барлық
сферасында өз әсерін жүргізеді. Нарықтың экономикалық құрылымы мынадай
жағдайлармен белгіленеді:
► меншік формаларымен (мемлекеттік, жеке, ұжымдық, аралас);
► шаруашылық субъектілерінің әр түрлі формаларының экономикадағы үлес
салмағымен белгіленетін, тауар өндірушілердің құрылымымен (мемлекеттік,
арендалық, кооперативтік, жеке меншік кәсіпорындары т. б.);
► тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен;
► шаруашылықтың құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен алыну
және жекешелендіру дәрежесімен;
► осы елде пайдаланылатын сауданың түрлерімен.
Осы жағдайлар жүйесіне ерекше қасиеттер береді.
Құрылымы жағынан нарықты мынадай критерийлер арқылы бөлуге болады:

1. Нарық қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық қызметі
бойынша:

► игіліктер мен қызметтер нарығы;
► өндіріс құралдарының нарығы;
► ғылыми-техникалық жұмыстар нарығы;
► құнды қағаздар нарығы; жұмыс күші нарығы.

Нарықтың көп түрлілігі кәсіпорындардың өзара әсер етуінің барлық
жуйесіне күрделі өзгерістер енгізу талап етеді, тауардың өткізілуін тікелей
байланыс негізінде жүргізуді, сату-сатып алудағы бейнелеп-есептеу сипатын
нақты сату-сатып алумен алмастыруды, шаруашылық байланыстарындағы
серіктестерді еркін таңдауды талап етеді. Осындай нарықтың құралдарына
тауар және қор биржалары, маманданған қоймалар, коммерциялық орталықтар,
көтерме сауда орындары, т.б. жатады.

2. Нарықтарды тауарлық топтар бойынша классификациялауға болады:

► өндірістік қызметке бағытталған тауарлар нарығы;
► халық тұтынатын тауарлар, азық-түлік тауарлар анрығы;
► шикізат пен материалдар және т.б. нарықтары.

Ауылшаруашылық шикізаттары нарығында азық-түлікке және ауыл шаруашылық
шикізаттарына қажеттіліктерді қамтамасыз ететін, ауыл шаруашылық өнімдер
қоры қалыптасады. Тұтыну тауарлары нарығының қалыптасуы осы тауарлардың
өндірілу көлемінің елеулі дәрежеде өсуін тілейтін, сатып алушылық сұранысты
қанағаттандыру үшін бәсекелестің кең пайдалануын, фирмалық дүкендердің
көбеюін тілейді.

3. Кеңестік (территориялық) критериі бойынша мынадай нарықтар болады:

► аймақтық ішінде;
► аймақаралық;
► республикалық;
► республикааралық;
► халықаралық (әлемдік) нарықтар.

Осындай нарықтардың қалыптасуы республиканың мемлекеттік егемендігін
қамтамасыз етеді.

4. Бәсекенің шектелулі дәрежесі бойынша мынадай нарықтар болады:

► монополиялық;
► олигополиялық;
► салааралық нарықтар;

5. Нарық қатынастарының субъектілері бойынша мынадай нарықтар болады:

► көтерме сауда нарықтары. Бұнда сатып алушылар мен сатушылар болып
кәсіпорындар және ұйымдар әрекет етеді.
► бөлшек сауда нарықтары. Бұнда сатып алушылар-жеке азаматтар.
► ауылшаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алу нарықтары.

Бұнда сатып алушы – мемлекет, сатушылар – ауыл шаруашылық өнімдерін
тікелей өндірушілер: совхоздар, колхоздар, фермерлер, агрокешендер т.б.

Көтерме сауданың екі түрі болады. Бірінші түрі – жабдықтаушы (жеткізуші)
мен тұтынушылар арасында тікелей байланыс жасау. Бұл түр еңбек
кооперациясының тұрақты байланыста болғанда пайдаланылады (тоқыма және
тігін комбинаттары, автомобиль және шина жасайтын заводтар). Бұндай
байланыстарда келісім шарт нарықты қалыптастырудың басты және белсенді
құралы болады. Бұл түр өніммен қамтамасыз етушілерді көптеген ұсақ
тұтынушылар пайдаланғанда орын алады. Көтерме сауда тек белгілі
экономикалық және әлеуметтік жағдайларда мүмкін болады.

7. Экономикада заңдылықты сақтау жағынан мынадай нарықтар болады:
▬ заңды, ресми нарықтар;
▬ заңды емес, көлеңкеленген нарықтар т.б.

1- Сурет. НАРЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Нарықтың мәні оның функциялары арқылы толығырақ анықталады. Нарық
мынадай маңызды қызметтер атқарады:
• тауар өндірісінің өзін-өзі реттеу қызметі. Бұл мына жағдай арқылы
көрінеді: тауарға сұраныс өскенде, өндірушілер өздерінің өндіріс
көлемін көбейтіп, бағаны жоғарлатады ; нәтижесінде өндіріс қысқара
бастайды;
• ынталандыру қызметі. Баға төмендегенде өндірушілер өндіруді
азайтады, осымен қатар, олар жаңа техника, технологиялар енгізу,
еңбек ұйымдастыруды жетілдіру арқылы шығындар азайту мүмкіндігін
іздестіреді;
• өндірілген өнім мен еңбек шығындарының қоғамдық маңыздылығын
айқындау қызметі. Бірақ бұл қызмет тек тапшылық жоқ өндіріс
жағдайында жүзеге аса алады: сатып алушылардың таңдауы бар болғанда,
өндірісте монополия болмағанда, бірнеше өндірушілер болып олар өзара
бәсекелес болғанда;
• реттеу қызметі. Нарық арқылы экономикада, өндірістегі және
айырбастағы негізгі микро және макропропорциялар белгіленеді;
• шаруашылық өмірді демократияландыру, өзін-өзі басқару принциптерін
жүзеге асыру қызметі. Нарықтық құралдар әсерімен қоғамдық өндіріс
экономикалық жағынан қолайсыз элементтерден арылып отырады және
осының арқасында тауар өндірушілер әрекелкі түрге, буындарға
бөлінеді, яғни дифференциялданады.

2.2 НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТ ЕТУ ПРИНЦИПТЕРІ . НЫРЫҚ
МЕХАНИЗМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.

Нарық экономикасының қызмететуі оның белгілі элементтерінің болуын талап
етеді. Олардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды.
Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі- өндірушілер мен
тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады, біреулер
тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және
өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар, өндіріс
сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне падаланылады. Өндірістік
тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады.
Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өндеуге пайдаланады. Бұл
жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы әрқайсысының
әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық
шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және
көтерме нарықтық келісімдер формасында жүреді.
Нарық экономикасының екінші элементінің өндіріс орындарының
корпоративтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас
формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.
Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі – баға. Бағаны жеке таладп
танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз: 1) – баға сұраныс пен
ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі коньюнктураға
байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады. 2) – осы географиялық ауданда
өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды.
Осы сфераның шегін трасакциондық шығындар болжайды, яғни айырбастың
байланысты айналым шығындары болжайды.
Нарық экономикасының төртінші орталық буыны – екі құралымнан сұраныстан
және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып
көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай
табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және
ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс
материалдық игіліктерді қндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты
байланыстарды қамтамасыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың қалыптасу этаптары мен заңдылықтары
Экономикадағы инфляция
Қаржы нарығындағы нақты сектор
Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты жайлы
Нарықтық экономика: қажеттілігі, мәні, өту жолдары
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарды қалыптастырудың өзiндiк ерекшелiктерi
Нарық және нарықтық экономика
Нарықтың мәні, қызметі мен құрылымы
Нарықтық экономиканың мәні және қағидалары
Нарықты мемлекет тарапынан реттеу
Пәндер