Қазіргі заманғы химия оқулықтарына қойылатын талаптар



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

1. Негізгі бөлім
Қазіргі заманғы химия оқулықтарына қойылатын талаптар.

1.1 Химия оқулықтарының тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

1.2 Жаңа буын «Химия» оқулықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

1.3 8.сынып «Химия» оқулығына талдау (авторы Н. Нұғманов) ... ... ... ..10

1.4 9.сыныпқа арналған «Химия» оқулығының құрылымы мен ерекшеліктері (авторы И. Нұғыманов) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
Кіріспе

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты қазіргі заманғы химия оқулықтарына қойылатын талаптарды айқындау.
Қазіргі кезеңде мектептегі білім берудің жаңа тұжырымды идеялары мен даму жолдарына сай оқытуды саралау, бағдарлы оқыту, білім мазмұнын кіріктіру, мектеп өмірін ізгілендіру идеяларын іске асыру мәселелері қарқынды жүргізілуде.
Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі ─ республикамызда төл оқулықтардың жазыла бастауы. Өйткені қоғамның білім беру саласындағы әлеуметтік тапсырысын оқулық негізгі компоненті болып саналатын оқу-әдістемелік кешен жасап, оны оқу үрдісіне енгізбей тұрып орындау мүмкін емес. Мектеп оқушысы оқулық мазмұнынан тек ақпарат пен дайын білімді алумен ғана шектелмеуі тиіс, ол оқушының қабілеттерін жан-жақты дамытатындай, өз қызығуын іске асыруға, шығармашылық ойлауын және өмірлік құзыреттіліктерін қалыптастыруға көмектесетіндей болғаны жөн. Сонымен қатар қазіргі мектеп оқулығы педагогикалық тәжірибенің жинақталған ақпараттық моделі ретінде білім мазмұнын іске асыра отырып, оқушылардың жалпы ақпарат көздерінен алған мәліметтерін бір жүйеге келтіріп, кіріктіруге мүмкіндік жасауы қажет. [1]

1. Негізгі бөлім

Қазіргі заманғы химия оқулықтарына қойылатын талаптар

1.1 Химия оқулықтарының тарихы.

Осы орайда қазақ ғалым-ағартушылары Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев еңбектерінде оқытудың ғылыми-педагогикалық мәселелері мен оқу үрдісінде оқулықтарды пайдалану жөнінде келелі ойлары көрініс тапқан.
Оқулық мәселелерімен айналысқан көптеген көрнекті зерттеушілер В.Г. Бейлинсон, Д.Д. Зуев, В.В. Краевский, И.Б. Бекбоев, Э.М. Мамбетакунов және т.б. мектеп оқулықтарының моделін жасау үшін олардың әрбір құрылымдық элементінің қызметін ғылыми түрде терең функционалды сараптаулан бастауды ұсынған. Ал И.К. Журавлев, И.Я. Лернер, В.П. Беспалько және т.б. еңбектерінде оқулық түзудің дидактикалық негіздері жөнінде кеңінен қарастырылған.
Қазақстанда Ж. Қараев бастаған топ оқу-әдістемелік кешеннің құрамы мен оларды әзірлеуге және сараптауға қойылатын дидактикалық талаптар, А. Құсайынов пен Ұ. Асылов оқулықтанудың өзекті мәселелері, А. Әбілқасымова Қазақстандағы жаңа буын оқулықтары қандай болу керек, қазіргі жағдайы және олардың сапасын кешенді бағалау, Қ. Аймағамбетова
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Жұмаділова Р. Жаңа буын оқулықтар кешені. ─ Химия мектепте; 2008 жыл, № 6, 21-30 беттер.

2. Жұмаділова Р. Жаңа буын IX химия. ─ 9-сынып оқулығы ─ Химия мектепте; 2005 жыл, № 3, 19-21 беттер.

3. Жұмаділова Р. Жаңа буын химия оқулығының құрылымы. ─ Химия мектепте; 2005 жыл, № 4, 30-33 беттер.

4. Нұрахметов Н., Сарманов К., Жексимбина К. “Химия” 8-сынып оқулығы; Мектеп баспасы, 2004 жыл.

5. Нұрахметов Н., Сарманова К., Жексимбина К., Заграничная Н., Темірболатова Ә. “Химия” 9-сынып оқулығы; Мектеп баспасы, Алматы, 2005 жыл.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...2

1. Негізгі бөлім
Қазіргі заманғы химия оқулықтарына қойылатын талаптар.

1.1 Химия оқулықтарының
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

1.2 Жаңа буын Химия
оқулықтары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

1.3 8-сынып Химия оқулығына талдау (авторы Н.
Нұғманов) ... ... ... ..10

1.4 9-сыныпқа арналған Химия оқулығының құрылымы мен ерекшеліктері
(авторы И.
Нұғыманов) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
3

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...15

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 17

Кіріспе

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты қазіргі заманғы химия оқулықтарына
қойылатын талаптарды айқындау.
Қазіргі кезеңде мектептегі білім берудің жаңа тұжырымды идеялары мен
даму жолдарына сай оқытуды саралау, бағдарлы оқыту, білім мазмұнын
кіріктіру, мектеп өмірін ізгілендіру идеяларын іске асыру мәселелері
қарқынды жүргізілуде.
Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі ─ республикамызда төл
оқулықтардың жазыла бастауы. Өйткені қоғамның білім беру саласындағы
әлеуметтік тапсырысын оқулық негізгі компоненті болып саналатын оқу-
әдістемелік кешен жасап, оны оқу үрдісіне енгізбей тұрып орындау мүмкін
емес. Мектеп оқушысы оқулық мазмұнынан тек ақпарат пен дайын білімді алумен
ғана шектелмеуі тиіс, ол оқушының қабілеттерін жан-жақты дамытатындай, өз
қызығуын іске асыруға, шығармашылық ойлауын және өмірлік құзыреттіліктерін
қалыптастыруға көмектесетіндей болғаны жөн. Сонымен қатар қазіргі мектеп
оқулығы педагогикалық тәжірибенің жинақталған ақпараттық моделі ретінде
білім мазмұнын іске асыра отырып, оқушылардың жалпы ақпарат көздерінен
алған мәліметтерін бір жүйеге келтіріп, кіріктіруге мүмкіндік жасауы қажет.
[1]

1. Негізгі бөлім

Қазіргі заманғы химия оқулықтарына қойылатын талаптар

1.1 Химия оқулықтарының тарихы.

Осы орайда қазақ ғалым-ағартушылары Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, Ж.
Аймауытов, М. Жұмабаев еңбектерінде оқытудың ғылыми-педагогикалық
мәселелері мен оқу үрдісінде оқулықтарды пайдалану жөнінде келелі ойлары
көрініс тапқан.
Оқулық мәселелерімен айналысқан көптеген көрнекті зерттеушілер В.Г.
Бейлинсон, Д.Д. Зуев, В.В. Краевский, И.Б. Бекбоев, Э.М. Мамбетакунов және
т.б. мектеп оқулықтарының моделін жасау үшін олардың әрбір құрылымдық
элементінің қызметін ғылыми түрде терең функционалды сараптаулан бастауды
ұсынған. Ал И.К. Журавлев, И.Я. Лернер, В.П. Беспалько және т.б.
еңбектерінде оқулық түзудің дидактикалық негіздері жөнінде кеңінен
қарастырылған.
Қазақстанда Ж. Қараев бастаған топ оқу-әдістемелік кешеннің құрамы мен
оларды әзірлеуге және сараптауға қойылатын дидактикалық талаптар, А.
Құсайынов пен Ұ. Асылов оқулықтанудың өзекті мәселелері, А. Әбілқасымова
Қазақстандағы жаңа буын оқулықтары қандай болу керек, қазіргі жағдайы және
олардың сапасын кешенді бағалау, Қ. Аймағамбетова бастауыш сыныптарда
дүниетануды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері, И. Нұғыманов химия оқу-
әдістемелік кешеніндегі химиялық тілдің маңызы, Ж. Шоқыбаев химиядан жоғары
мектепке арналған оқу құралдарының дидактикалық негіздері жөнінде зерттеу
жасаған. Оқулық мәселелерін педагогикалық және психологиялық тұрғыдан жан-
жақты талдауға бағытталған осы еңбектердің маңызды міндеттерінің бірі ─
ғылыми-әдістемелік тәжірибені жинақтап, зерттеу жұмыстарының құралдарын
жетілдіру болса, мақсаты ─ оқулықтардың сапасын арттыру, әрі педагогикалық
практикада оларды пайдалануды жетілдіру.
Оқулықтың оқу үрдісіндегі орны, маңызы, оның атқаратын қызметтеріне
қойылатын талаптар тақырыбы әлемдік педагогикада жүздеген жылдар бойы
талқыланып келе жатқаны баршаға белгілі. Мысалы, З.Е. Гельман, К. Швинге,
Г. Майендорф, В.И. Дайнеко, Г.Н. Осокина, Л.М. Кузнецова, Л.Я. Зорина, И.Н.
Чертков, Д.А. Эпштейн және т.б. ғылыми зерттеулерінде химия пәніне арналған
алғашқы оқулықтарға тоқталған. Олар алғашқы химия оқулықтарының физика
оқулығының құрамында болғанын айта келіп, олардың мазмұны мен құрылымы,
жетістіктері мен кемшіліктері жайында сараптаулар жасаған.
Осылайша жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған оқу-
әдістемелік кешен әзірлеу мәселелерінің жекелеген аспектілері бірқатар
ғылыми-зерттеу жұмыстарының өзегіне айналды. Мысалы, К.Ш. Арынованың “Орта
мектепте химиядан оқу-әдістемелік кешенді пайдаланудың әдістемелік
негіздері” атты кандидаттық дисертациясы Қазақстандағы алғашқы жаңа буын
оқу-әдістемелік кешендерін тиімді пайдалану жолдарын іздестіруге арналған.
Ал қазір жалпы білім беретін мектептерде пайдаланып жүрген оқу-әдістемелік
кешен мазмұны бекітілген жаңа бағдарламаға сәйкес күрделі өзгеріске
ұшырады. Сөйтіп, Қазақстан мектептерінде еліміз егемендік алғанға дейін тек
аударма оқулықтар ғана пайдаланылғандықтан, әрі химия пәнінен мұғалімдерге
арналған жекелеген әдістемелік нұсқаулардан басқа құрал әзірленбегендіктен,
химия пәнінен оқу-әдістемелік кешен дайындап, оқу үрдісінде пайдалану
мәселелерін зерттеу толық, жан-жақты жүргізілмеген.
Осы тұрғыдан алғанда қоғамдық талап пен республикадағы оқулық жазу
үрдісіне қатысты маңызды мәселелерді анықтау қажеттілігі туындады. Атап
айтатын болсақ, біріншіден, оқулық ─ тек оқушы үшін ғана ұсынылатын құрал
ғана емес, бүкіл қоғамның айнасы ретінде оның өркениетін қамтамасыз ететін
білімнің қайнар көзі. Онда әлемдік тәжірибе мен ұлттық ерекшелік
тоғыстырылуы тиіс. Бұл мәселеге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаев жыл сайынғы жолдауында тоқталып, еліміз бәсекеге қабілетті
алдыңғы қатардағы 50 елдің қатарына кіру стратегиясын іске асыруы үшіе
білім беру саласына жүктелетін маңызды міндеттердің бірі ─ жаңа буын оқу-
әдістемелік кешеннің сапасын жақсартып, оны оқу үрдісінде тиімді
пайдалануды жүзеге асыру екендігін атап көрсеткен. Осы орайда Білім және
ғылым министрлігінің республикалық “Оқулық” ғылыми-практикалық орталығының
ұйымдастыруымен жаңа буын оқулықтарының сапасын арттыру мақсатында кешенді
ғылыми-әдістемелік зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Зерттеулер мен сынақтар
нәтижесінде кейбір пән оқулықтарының әлі де сын көтермейтін жағдайда
екендігі анықталып отыр.
Екіншіден, химиядан төл оқу-әдістемелік кешен түзудің ғылыми
негізделген теориясы жазылмаған-ды. Осыған дейінгі тәжірибеде тек қазақ
тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінің ғана оқулықтарын республика ғалымдары
жазды да, басқа пән оқулықтары Ресейден шығарылған түпнұсқаның аудармасы
түрінде қолданылды. Бұл оқулықтар Орталықтың типтік бағдарламасын
басшылыққа алып жазылғандықтан, ғылыми жүйесінде, мазмұндық сипатында
аймақтық және ұлттық ерекшеліктер ескерілмейтін. Мысалы, химия
оқулықтарында жергілікті табиғи шикізаттың кездесетін орны, оларды өңдейтін
кәсіпорындар жөнінде ешқандай мағлұмат берілмейтін, тіпті экологиялық
мәселе сөз болғанда мүлде басқа бір елдегі экологиялық апат жөнінде
баяндалатын, ал қоршаған ортаның химиялық сипаты және алған химиялық
білімді іс жүзінде пайдалану сияқты қажетті мәселелер ескерусіз қалып,
жалаң теориялық білім беріліп келген еді.
Үшіншіден, жаңа буын оқу-әдістемелік кешен оқу үрдісінде кешенді
пайдаланылғанда осы пәнді оқытудың бағдарламасында белгіленген білім беру,
тәрбиелеу міндеттерін, оқушылардың жеке дамуын неғұрлым толық іске асыруға
көмектесетіндігі белгілі. Бірақ өкінішке орай, әртүрлі себептерден оқу-
әдістемелік кешеннің толық пайдаланылмауы білім сапасына кері әсерін
тигізуде. Осылайша, оқушылардың білім сапасын және химия пәніне таным
қызығушылығын арттырып, өмірлік дағдысын қалыптастыруға қойылатын талаптар
мен оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны және оның оқу үрдісінде тиімді
қолданылуы арасында қайшылық туындады. Міне, осы және басқа да жағдайлар
химия пәні оқу-әдістемелік кешеннің мазмұнын жетілдіре отырып, оның сабақта
пайдаланылуын әдістемелік тұрғыдан қайта қарауды талап етеді.
Химия курсы бойынша жаңа буын оқу-әдістемелік кешеннің мазмұнын анықтау
және оны қолданудың әдістемесін жасау мақсатының міндеттері:
─ химия курсы жаңа буын оқу-әдістемелік кешеннің мазмұнын анықтап,
жүйелеудің ұстанымдары мен критерийлерін саралау;
─ оқу үрдісінде оқытудың күтілетін нәтижелеріне жетуге мүмкіндік
беретін құрал ретінде химия пәнінің жаңа буын оқу-әдістемелік кешенін
дайындау;
─ химия сабақтарын жаңа буын оқу-әдістемелік кешенімен оқытудың
әдістемесін жасау;
─ жаңа буын оқу-әдістемелік кешенінің оқу үрдісіндегі тиімділігін
педагогикалық эксперимент арқылы тексеру.
Химия курсы бойынша жаңа буын оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнын
анықтаудың ұстанымдары мен критерийлері сараланып, осының негізінде
әлеуметтік сұранысқа сай әзірленген, оқу материалдары оқушыларға түсінікті
болатын кешен дайындалса және оны сабақта қолданудың ерекшеліктері
анықталып, тиімді әдістемесі жасалса, онда мектепте химиядан білім беру
сапасы жетілдіріледі. Нәтижесінде оқушылардың химия пәніне таным қызығуы
артып, олардың химияның негізгі мәселелерін меңгеруіне, ғылымның қазіргі
даму деңгейіне сай дүниетанымын, соған сәйкес өмірлік дағдысын
қалыптастыруға мүмкіндік жасалады.
Әлемнің ғылыми бейнесі және таным үрдісі жайлы философиялық
көзқарастар, педагогика мен психологиядағы жеке тұлғаны дамыту туралы және
әлемдік, отандық ғалым-ағартушылардың іргелі еңбектері, білім беру саласына
байланысты маңызды құжаттарын әдіснамалық негіз етіп алынған.
Химия пәнінен жаңа буын оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнын анықтап,
жүйелеудің ұстанымдары мен критерийлері ғылыми тұрғыда негізделсе және
оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жетілдірілген жаңа буын оқу-
әдістемелік кешен дайындалса, сондай-ақ, оны сабақта тиімді пайдаланудың
әдістемесі жасалса ғана жаңа әлемдегі бәсекелестік жағдайында өмір сүретін
жас ұрпаққа сапалы білім беріліп, жеткіншектердің ақыл-ой әрекеті дамып,
қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкес өмірлік дағдысы
қалыптасады.
Мұндай жұмыстың теориялық маңыздылығы:
─ химия курсы бойынша жаңа буын оқу-әдістемелік кешеннің мазмұнын
анықтаудың ұстанымдары мен жүйелеудің критерийлерінің саралануы;
─ мазмұны химияны оқытудың негізгі мақсаттарын іске асыруда осы жастағы
оқушылар үшін тиімді болатын жаңа буын оқу-әдістемелік кешеннің дайындалуы;
─ жаңа буын оқу-әдістемелік кешенді сабақта пайдаланудың әдістемесінің
жасалуы;
Практикалық маңыздылығы:
─ химия пәні бойынша оқу-әдістемелік кешеннің мазмұнын анықтап,
жүйелеудің басшылыққа алынған ұстанымдары мен критерийлерін жаратылыстану
тобына кіретін басқа пәндердің оқу-әдістемелік кешенін түзуге қолдануға
болады;
─ дайындалған химия пәнінің жаңа буын оқу-әдістемелік кешенін: химия
пәнінен білім беру стандартын, оқу бағдарламасын, оқулықтарды, жұмыс
дәптерін, есептер мен жаттығулар жинағын, дидактикалық материалдарды,
мұғалімдерге арналған әдістемеліктерді және оларды сабақта пайдаланудың
әдістемесін жалпы білім беретін мектептің оқу үрдісінде қолдануға болады;
─ химия пәнінің жаңа буын оқу-әдістемелік кешенін және оның негізінде
әзірленген әдістемелік нұсқауларды жалпы білім беретін оқу орындары мен
мұғалімдері даярлайтын немесе білімдерін жетілдіретін институттар
практикасында қолдануға болады. ─
Әдістері:
─ білім беру ісіне қатысты мемлекеттік заңды, арнайы құжаттарды, ел
президенті жолдауларын зерделеу;
─ оқу-тәрбие мәселелері мен оқу-әдістемелік кешен дайындауға қатысты
педагогикалық, психологиялық, дидактикалық және әдістемелік әдебиеттерді,
сондай-ақ, әр кезеңдегі химия оқулықтарын теориялық, жүйелік және мазмұндық
тұрғыдан талдау;
─ қолданыстағы оқу-әдістемелік кешенді сараптау нәтижелеріне талдау
жасау және оны қорытындылау;
─ мектептегі оқу үрдісінде тікелей мұғалімдермен және оқушылармен жаңа
буын оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны және оны пайдалану жөнінде
пікірлесіп, сауалнамалар алып, тиімділігін тексеру мақсатында педагогикалық
эксперимент жүргізу және оны қорытындылау.
Өткен кезеңдердегі химия оқулықтары мазмұнының заман талабына қарай
өзгеру заңдылықтарын зерделеп, саралап алмайынша қазіргі және болашақтағы
химия курстарының жүйелі мазмұны таңдалмайтындығы алғашқы химия оқулықтарын
мазмұндық-әдістемелік тұрғыдан жан-жақты қарастыруды қажет етті. Олардың
ішіндегі маңыздылары: білімнің сабақтастығы; алдын-ала оқыту және пысықтау
курстарын жасау; жеке тақырыптар арасында байланыс орнату; иллюстративті
және мәтіндік материалдардың өлшемдік үйлестігі; практикалық және
зертханалық тәжірибелерді таңдап алу мен реттеп орналастыру; есептер шығару
әдістемесі және т.б.
Осы мақсатпен профессор И. Нұғымановтың жетекшілігімен үш кезеңдегі үш
оқулыққа мазмұндық талдау жасалды. Оның ─ біреуі Кеңес мектептерінде 1933-
1953 жылдар аралығында пайдаланылған В.Н. Верховскийдің тұңғыш тұрақты
оқулығы. Екіншісі ─ 1960 жылдардан осы кезге дейін қолданыста болған Ю.В.
Ходаков және т.б. оқулығы. Үшіншісі ─ жетпісінші жылдардың соңында жарық
көрген Н.С. Ахметов пен Л.М. Кузнецовтың байқау оқулығы.
Үш оқулықтың да өзіндік артықшылармен қатар кемшіліктері де болды. В.Н.
Верховский оқулығы химия ғылымының даму логикасына сәйкес және заттың көзге
көрінетін, зерттеуге болатын деңгейіне құрылғандықтан түсінікті болды,
бірақ теориялық деңгейді төмендетіп алды.
Н.С. Ахметов заттың зерттейтін элементар бөлшегіне баса назар
аударғандықтан химиялық білімді өз объектісінен алыстатып, ауырлатып
жіберді. Ю.В. Ходаков және т.б. оқулығы осы екеуінің аралығында болғанымен
деректі материалдарды молайтып, атом құрылысы жөніндегі көзқарастың орнын
тиімді анықтай алмады.
Әр оқулық мазмұнын іріктеудегі жетекші идеясымен, затты оқып үйренудегі
бастапқы деңгейімен және терминдерді анықтау тәсілдерімен ерекшеленеді:
жетекші идея зат құрылысының теориясы арқылы айшықтанады; затты бастапқы
оқып үйрену деңгейі ─ тәжірибелік, тәжірибелік-теориялық және теориялық
болып бөлінеді; әр нәрсенің сипаты салыстыру арқылы ашылады; әр жаңа ұғым
және оны белгілейтін термин мына ретпен енгізілді: заттың атауы және
қасиеттері → зертханалық тәжірибе жасау және бақылау → қорытынды және
ұғымның аты (термин).
Орта мектепке арналған алғашқы тұрақты оқулық ─ В.Н. Верховскийдің
бейорганикалық химиясы химия ғылымының даму логикасына сәйкес құрылған.
Оқушылар бір жыл заттарды тәжірибе жүзінде оқып үйренеді, ал атом-
молекулалық теория 7-сыныптың соңында беріледі. Бұдан кейінгі оқулықтарда
(Ю.В. Ходаков және т.б.) атом-молекулалық теория 7-сыныптың алғашқы
тақырыбына ауыстырылған. Оларда затты бастапқы оқып үйрену деңгейі
тәжірибелік және теориялық болады, яғни өтілген теория тұрғысынан сөзбен
анықтау қатар жүргізілген. Соңғы кезде жарық көрген Н.С. Ахметов, Л.М.
Кузнецова және С.Т. Сатыбалдина, Р.А. Лидин оқулықтарында алдымен заттың
құрылысы туралы теориялық көзқарастар, содан кейін элементтер және олардың
қосылыстары берілген. Тұжырымдап айтқанда химия оқулықтарының бір-бірінен
ең басты айырмашылығы зат күрделенуі деңгейінің қайсысын негізге
алатындығында болып отыр (1-сызбанұсқа):

1-сызбанұсқа ─ Химиялық түзіліс деңгейлері

1950─1990 жылдардағы оқулықтарда алдымен атом-молекулалық ілімді, содан
кейін атом құрылысы мен химиялық байланыс теорияларын оқып үйрену
көзделеді. Заттардың физикалық, химиялық қасиеттері осы теориялар мен
периодтық заң тұрғысынан түсіндіріледі.
С.Т. Сатыбалдина мен Р.А. Лидин оқулығы зат күрделіленуінің эволюциялық
көзқарастарына сүйенеді. Олар орта мектептегі химия курсының мазмұнын
таңдағанда дәстүрлі әдістемеде кездеспеген жаңа жүйе ұсынды. Онда химиялық
білім берудің жаңа жүйесіне қадам жасалғанымен, бұл оқулық Қазақстан
мектептерінде пайдаланылып жүрген бағдарламаларға сәйкес болмағандықтан,
тек қосымша оқу құралы ретінде қалып қойды. Елімізде жаңа буын оқулықтары
жарыққа шыққанға дейінгі кезеңде Ресейде жарамсыз деп танылса да,
бағдарламаға сәйкес келетін басқа оқулық болмағандықтан Г.Е. Рудзитис пен
Ф.Г. Фельдманның оқулығы қолданылады. [1]

1.2 Жаңа буын Химия оқулықтары.

Қазақстан Республикасы өзінің жалпы білім беретін жүйесіне арналған
Мемлекеттік білім стандартының алғашқы нұсқасын 1998 жылдан бастап іске
асыруға кірісті. Осы стандартқа сәйкес жасалған бағдарламаның негізгі
айырмашылығы мазмұнын үшке жіктелуі болады. Осы кезге дейінгі зат туралы
біртұтас білім химия ғылымының негізі ретінде беріліп келген еді. Енді ол
алғашқы стандартта “Зат”, “Химиялық реакциялар”, “Заттар мен химиялық
реакцияларды адамның танып білуі және пайдалануы” деген бөліктерге
жіктелді. Сондай-ақ, сол кездегі базистік оқу жоспарында химия пәнін
оқытуға бөлінген сағат санының азаюына байланысты берілетін білім
мазмұнының көлемі де ықшамдалды. Осылайша, химия оқулықтары мазмұнының даму
бағыты және қазақ тіліндегі химия оқулықтарын жасау тұжырымдамасының
талаптары тұрғысынан 8-9 сыныптарға арналған химия байқау оқулықтарының
мазмұны анықталды.
XXI ғасырдың алғашқы жылдарының өзінде-ақ Қазақстан білім берудің
әлемдік аймағына тереңдеп енген сайын орта білім стандартын жетілдіру
қажеттілігі арта түсті. Осыған байланысты 2002 жылы жаңа жалпы білім беру
стандарттары жасалып, бекітілуіне орай 8-сыныпта берілетін білім мазмұны
жетілдірілді, соған сәйкес өңделген 8-сынып “Химия” оқулығы балама оқулық
ретінде республика мектептеріне ұсынылды.
8-сынып “Химия” оқулығының мазмұнында пәннің жалпы жүйесіне енгізілген
маңызды ғылыми деректер, ұғымдар, теориялар мен заңдар берілді. Ал оқулық
мазмұны ұстанымдардың таңдап алуда химиялық білім беруді ізгілендіру
тұжырымдамасына сүйенді.
Бұрынғы дәстүрлі аударма оқулықтарға қарағанда балама оқулықтың
мазмұнында біршама өзгерістер болды, оны төмендегі 1-кестеден көруге
болады. Солардың бірі қазіргі таңда ең қажеттісі ─ химиялық есептеулер
арқылы оқушылар білімін бір жүйеге келтіріп, бекітетін “Химиядағы сандық
қатынастар” атты тараудың берілуі. Бұл тарау қазіргі бірыңғай ұлттық және
мемлекеттік аралық бақылау талаптарына сай есептеу дағдыларын
қалыптастыруды көздейді.
9-сыныптың оқулығындағы басты жаңалық ─ оған органикалық заттар жөнінде
бөлім енгізілуі. Бұл бөлім стандарт талабына сәйкес таңдалды. Бұған дейін
органикалық заттар жөнінде 9-сыныпта берілетін білім мазмұны, көлемі, реті
жөнінде ешқандай зерттеулер мен әдістемелік нұсқаулар болмаған. Сондықтан
органикалық заттар жөніндегі білім мазмұны кейін жоғарғы сыныптарда немесе
арнайы оқу орындарында білімді жлғастыруға мүмкіндік беретіндей мына
мәселелерді қамтуы тиіс деген шешім қабылданды:
─ органикалық заттардың бейорганикалық заттардан негізгі айырмашылығы,
көптүрлілігі және маңызы;
─ заттың құрамы → құрылысы → қасиеттері арасындағы тәуелділіктің
органикалық заттарда айқын білінуі;
─ органикалық заттардың әр алуандығы, олардың ағзалар тіршілігіндегі
зат алмасуға қатысатыны, күнделікті тұрмыста, өнеркәсіпте, шаруашылықтың әр
саласында кеңінен қолданылуы;
─ органикалық заттардың минерал заттардан түзілуі, ағзалар тіршілігін
тоқтатқан соң минералдануы;
─ органикалық заттардың құрамының біртіндеп күрделіленуі және
көмірсутектерге, оттекті органикалық қосылыстарға, азотты органикалық
қосылыстарға жіктелуі.
Жаңа химиялық білім стандарты (2002ж.) бекітілгеннен кейін Қазақстанда
жалпы білім беретін мектептің негізгі сатысында химияны оқытудың екі
бағдарламасы түзілді (1-кесте). Бірі ─ профессор И. Нұғыманов
жетекшілігімен 1999 жылы жасалған, дәстүрлі бағдарламадан өзгеше сызықтық
құрылымды бағдарлама болса, екіншісі ─ сол кезеңде мектептерде қолданылып
жүрген дәстүрлі бағдарламадан айырмасы жоқ, профессор Н. Нұрахметов
жетекшілігімен 2001 жылы жасалған, концентрлі құрылымды бағдарлама еді. И.
Нұғымановтың жетекшілігімен түзілген бағдарламаның жақсы жақтары көп
болғанымен, қолайсыз тұстары да бар еді. Ең алдымен, ондаған жылдар бойы
тұрақтанған дәстүрлі құрылымнан жаңа құрылымға ауысуға Қазақстан ұстаздары
дайын емес еді, екіншіден сол кездегі сынақ өткізілетін тірек мектептеріне
оқулықтар мен бағдарламалардың дұрыс жеткізілуі, сондықтан олар қай құжатты
басшылыққа алу керектігін білмеуі, үшіншіден, бүкіл бейорганикалық заттар
жөніндегі ұғымдарды жүйелейтін периодтық заң мен периодтық жүйенің 9-
сыныпқа ауыстырылуы, төртіншіден, оқулық жазуға берілген уақыттың
тапшылығынан жаңа бағдарламаға жаңа мазмұнын таңдау да қиындық туғызды,
бесіншіден, біздің республикамызда әлі саралап, өз қалауынша таңдап оқытуға
мүмкіндік беретін көп бағдарламалы жүйенің болмауынан Қазақстан
республикасы Білім және ғылым министрлігі 2005 жылы профессор Н. Нұрахметов
басшылығымен жасалған бағдарламаны негізгі деп бекітті. Осы шешімге сәйкес
бұрынғы бағдарламамен жазылған 9-сынып “Химия” оқулығы (авторлары И.
Нұғманов, Р. Жұмаділова, Ж. Кембебаева) күрделі өңдеуден өткізілді. Сондай-
ақ, оқулық пен оқу-әдістемелік кешенді әзірлеуге қойылатын дидактикалық
талаптар мен әдістемелік ұстанымдар қоғамның алға қойып отырған
міндеттеріне сәйкес жетілдірілді.
Оқулық оқушылардың оқу үрдісінде белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуін
көздейтін құралдар категориясына жатады. Сондықтан қоғам дамуымен бірге
оның жас ұрпаққа білім беру мен оларды тәрбиелеу үрдісіндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқулық пен оқу әдістемелік кешендеріне қазіргі кезде қойылатын талаптарды анықтау
Химияны оқыту құралдарын топтастыру
Мектепте информатика пәнін оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері
Биология сабақтарында техникалық құралдарды пайдалану жолдары
ҚҰРАЛДАРЫ ЖЕТЕКШІ КОМПОНЕНТТЕР
Бастауыш мектеп оқушыларына математика сабақтарында экономикалық тәрбие беру мүмкіндіктері
1930-40 жылдардағы ана тіліндегі математика оқулықтары және олардың ерекшеліктері
Биология сабақтарында әдістемелік құралдары қолдану жолдары
Қазақстан тарихының орта мектепте пән ретінде оқытылуы: теориялық және методикалық негіздер (1958ж. - қазіргі кезеңге дейін)
Оқушыларға сабақ беру үрдісінде электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы география, экология, экономика білім берудің теориялық тұрғыдан негіздеу
Пәндер