Алгоритм түсінігі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2.

І.Негізгі бөлім
1.1. Алгоритм түсінігі , оның қасиеттері мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ..5.
1.2.Есепті компьютерде дайындау және шешу кезеңдері ... ... ... ... ... ... 8.

ІІ.Арнайы бөлім
2.1. Тіл алфавиті. Математикалық өрнектер және функциялар.
Бағдарлама құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12.
2.2. Мәліметтердің базалық типтері: сандық,
символдық, логикалық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20.

III.Программалау бөлімі
3.1.Мысалдық есептер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26.

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Көптеген жылдар бойы алгоритмге деген қызығушылық өсу үстінде .Ол ғылыми зертеулерде, техникада, эконмикада және т.с.с. көптеген салаларда есептеуіш машиналарда қолданумен байланысты. Бұл есептеуіш машиналары берілген алгоритмдерге сәйкес оның кейбір өлшемдерінің құрылымен дәл орындайды.
Бұл мүмкіндіктің тартымды болу себебі, айтып кеткен зертеулер көлеміндегі зерттелінетін процестер көп жағдайда математикалық функция, теңдеулер жүйесі, теңсіздіктер көмегімен сипатталады және осы зерттелінетін процестердің нақты мәліметтерін алу үшін математикалық объектіде кейбір іс - әрекеттер жасау қажет.
Адамға тек, керекті түрлендірулер мен есептеулердің алгоритмдерін сипаттаса болғаны, қалғанын есептеуіш машинасы өзі орындайды. Есептеуіш машиналары тек сандық алгоритмдерді орындайды деп ойламау керек. Сонымен қатар бұл машиналар алгебралық формулалар, текстер және т.б. символдарының нәтижелерін түрлендіре алады.
Алгоритмнің жазу ережесін есептеуіш машинада орындау өте қатал болып табылады – автомат адам үшін ештеңе алдын ала ойлай алмайды. Алгоритмнің ереже түріндегі жиынтығы бағдарламамалау тілі деп аталады. Ал бағдарламамалаудың кейбір тілінде жазылған әрбір алгоритм бағдарламама деп аталады.
Зерттелінетін процестің немесе объектіні ақпараттық моделіне сәйкес құрылған және ақпаратты электронды есептеуіш машинада өңдеу алгоритмін жазу үшін арнаулы бағдарламамалау жүйелері қолданылады.
Соңғы отыз жыл көлемінде кең таралған бағдарламамалау тілдерінің арасында өзінің танымалдылығымен Паскаль тілі ерекшеленеді.



Паскаль тілін 1970 жылы швейцарияның Цюрих қаласындағы жоғары техникалық училищесінің профессоры Никлаус Вирт ұсынған. Ол бұл тілді дүние жүзінде алғаш болып есептеу машинасын ойлап жасаған ұлы француз ғалымы Блез Паскальдің құрметімен атаған.
1979 жылы қабылданған стандартты Паскаль тілі басқа тілдерден қалыспайды. Сондықтан да қазіргі кезде Паскаль тілі кез-келген саладағы күрделі есептерді шешу үшін қолданады.
Қазіргі кезде көп тараған қуатты бағдарламаалау жүйелерінің бірі – Турбо Паскаль жүйесі болып есептеледі. Бұл бағдарламаалау жүйесінің негізі ретінде Паскаль бағдарламамалау тілінің компиляторы алынған, сонымен қатар жүйе құрамына қолданушыға бағдарламамаларды теріп жазғанда, өңдегенде ыңғайлы болу үшін сервистік қызмет көрсететін қабықша (орта ) енгізілген. Бұл жүйедегі компилятор көмегімен жүзеге асыратын Паскаль бағдарламамалау тілін - Турбо Паскаль бағдарламамалау тілі, ал сервистік қабықшаны Турбо Паскаль ортасы деп атау келісілген.
1. Г. Л. Семашко, А. И. Салтыков “Программирование на языке паскаль” - Москва “Наука”, 1988.
2. О. Н. Перминов “Язык программирования паскаль” - Москва “Радио и связь”, 1989.
3. Фаронов “Turbo Pascal 7.0”
1.Ғ.Ш.Тойкенов, Паскаль тілінде программалау, Алматы “Дәнекер” 2001 жыл.
2.В.Э.Фигурнов, IBM PC для пользователя. Москва “Инфра-М” 1996 год.
3.Е.А.Бурин, Программирование на языке TURBO-PASCAL. Алматы 2000 год.
4.А.И.Марченко, Л.А.Марченко, TURBO PASCAL. Киев “Век+” 2000 год.
5.В.И.Грызлов, Т.П.Грызлова. TURBO PASCAL. Москва, ДМК, 1999 год.
6.Н.Б.Культин. “ Программирование в TURBO PASCAL 7.0 и Delphi.” Санкт-Петербург.1997 год.
7.Л.М.Климова. PASCAL 7.0. Практическое программирование. Москва. 2000 год.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 2.
І.Негізгі бөлім

1.1. Алгоритм түсінігі , оның қасиеттері мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ..5.
1.2.Есепті компьютерде дайындау және шешу
кезеңдері ... ... ... ... ... ... 8.
ІІ.Арнайы бөлім
2.1. Тіл алфавиті. Математикалық өрнектер және функциялар.
Бағдарлама
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...12.
2.2. Мәліметтердің базалық типтері: сандық,
символдық,
логикалық ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 20.
III.Программалау бөлімі
3.1.Мысалдық
есептер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...26.

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Көптеген жылдар бойы алгоритмге деген қызығушылық өсу үстінде .Ол
ғылыми зертеулерде, техникада, эконмикада және т.с.с. көптеген салаларда
есептеуіш машиналарда қолданумен байланысты. Бұл есептеуіш машиналары
берілген алгоритмдерге сәйкес оның кейбір өлшемдерінің құрылымен дәл
орындайды.
Бұл мүмкіндіктің тартымды болу себебі, айтып кеткен зертеулер
көлеміндегі зерттелінетін процестер көп жағдайда математикалық функция,
теңдеулер жүйесі, теңсіздіктер көмегімен сипатталады және осы зерттелінетін
процестердің нақты мәліметтерін алу үшін математикалық объектіде кейбір іс
- әрекеттер жасау қажет.
Адамға тек, керекті түрлендірулер мен есептеулердің алгоритмдерін
сипаттаса болғаны, қалғанын есептеуіш машинасы өзі орындайды. Есептеуіш
машиналары тек сандық алгоритмдерді орындайды деп ойламау керек. Сонымен
қатар бұл машиналар алгебралық формулалар, текстер және т.б. символдарының
нәтижелерін түрлендіре алады.
Алгоритмнің жазу ережесін есептеуіш машинада орындау өте қатал болып
табылады – автомат адам үшін ештеңе алдын ала ойлай алмайды. Алгоритмнің
ереже түріндегі жиынтығы бағдарламамалау тілі деп аталады. Ал
бағдарламамалаудың кейбір тілінде жазылған әрбір алгоритм бағдарламама деп
аталады.
Зерттелінетін процестің немесе объектіні ақпараттық моделіне сәйкес
құрылған және ақпаратты электронды есептеуіш машинада өңдеу алгоритмін жазу
үшін арнаулы бағдарламамалау жүйелері қолданылады.
Соңғы отыз жыл көлемінде кең таралған бағдарламамалау тілдерінің арасында
өзінің танымалдылығымен Паскаль тілі ерекшеленеді.

Паскаль тілін 1970 жылы швейцарияның Цюрих қаласындағы жоғары
техникалық училищесінің профессоры Никлаус Вирт ұсынған. Ол бұл тілді дүние
жүзінде алғаш болып есептеу машинасын ойлап жасаған ұлы француз ғалымы Блез
Паскальдің құрметімен атаған.
1979 жылы қабылданған стандартты Паскаль тілі басқа тілдерден
қалыспайды. Сондықтан да қазіргі кезде Паскаль тілі кез-келген саладағы
күрделі есептерді шешу үшін қолданады.
Қазіргі кезде көп тараған қуатты бағдарламаалау жүйелерінің бірі –
Турбо Паскаль жүйесі болып есептеледі. Бұл бағдарламаалау жүйесінің негізі
ретінде Паскаль бағдарламамалау тілінің компиляторы алынған, сонымен қатар
жүйе құрамына қолданушыға бағдарламамаларды теріп жазғанда, өңдегенде
ыңғайлы болу үшін сервистік қызмет көрсететін қабықша (орта ) енгізілген.
Бұл жүйедегі компилятор көмегімен жүзеге асыратын Паскаль бағдарламамалау
тілін - Турбо Паскаль бағдарламамалау тілі, ал сервистік қабықшаны Турбо
Паскаль ортасы деп атау келісілген.

Негізгі бөлім
1. АЛГОРИТМДІ БАҒЫНДЫРУ
1.1. Алгоритм түсінігі , оның қасиеттері мен түрлері
Алгоритм - орындаушыға қойылған тапсырманы шешу үшін берілген
ережелер тізбегі (ағылшын тілінен аударғанда Algorythm). Алгоритм негізін
ІХғасырдағы шығыстың ұлы математигі Әл-Хорезмидің есімі жатыр.
Алгоритмнің негізгі қасиеттеріне тоқталайық:
1. Алгоритмнің дискреттілігі. Бұл қасиет алгоритм түрінде жазылған есеп
шешімі жеке жәй командаларға бөлініп орындалу ретіне қарай
орналасқанын көрсетеді.
2. Алгоритмнің анықтылығы. Бұл қасиет алгоритмнің әр командасы
орындаушыға түсінікті болуы және мәнсіз орындалмауы керектігін
көрсетеді.
3. Алгоритмнің нәтижелігі. Бұл қасиет алгоритмнің ақырлы адам санынан
кейін нәтиже алатынын көрсетеді.
4. Алгоритмнің жалпылығы. Бұл қасиет есепті шешуге арналған алгоритмнің
осы типтес есептердің барлық мүмкін мәндері үшін орындалатынын
көрсетеді.
Алгоритм адамға түсінікті түрде беріледі. Ең кең тараған түрлері:
сөздік, кестелік және блок – схемалық (құрылымдық схема).
Сөздік түрі - алгоритмді сөздер мен сөйлемдер түрінде суреттеуге
мүмкіндік береді.
Кестелік түрі - алгоритмді кесте түрінде және есептеу формалары
түрінде көрсету үшін қызмет етеді.
Блок – схема – бұл алгоритмді көрсетудің графикалық түрі, алгоритмнің
әрбір амалы өзіне сәйкес геометриялық фигурамен жазылады.

Блок-схема-арнайы геометриялық фигуралар,нұсқамалар арқылы орындалатын
әрекеттер мен олардың орындалуы ретін көрсететін графиктік схемалармен
берілетін алгоритм.Алгоритмнің әр пункті геометриялық фигура-блоктың ішінде
бейнеленеді.Орындалатын іс-әрекеттердің түріне қарай оларға әртүрлі
геометриялық фигуралар сәйкес келеді.Геометриялық фигуралар арасындағы
байланыс жолдары нұсқама арқылы көрсетіледі.
Алгоритмді блок-схема түрінде жазғанда арнайы қабылданған
мемлекеттік үлгі бойынша мына блоктарды пайдаланады:алгоритмнің басы мен
соңы элиппс(алгоритмнің аргументтерімен нәтижелерін),алгоритмде
мәліметтерді еңгізу шығаруды паралелограмм,ақпаратты өңдеуді
(есептеулерді)тіктөртбұрыш,шарттард ы тексеру ромб фигураларының ішіне
жазылады.
Блоктардың атқаратын қызметіне байланысты олардың ішіне және жанына
түсініктеме сөздер жазылады.Олар оқуға ыңғайлы болуы керек.
Блок-схема алгоритмді сипаттаудың графикалық тәсілі.Блок-схема деп,
бағытталған байланыс нұсқамаларымен геометриялық фигуралар формасында
алгоритмді графикалық түрде жазуды айтады.Ал әрбір фигура алгоритмнің бір
әрекетін бейнелейді олардың арасындағы нұсқамалар фигуралардан фигураға
алмасуды білдіреді.Блок-схема алгоритмді басқару көрнекілігін анық көруге
болады.
Блок-схемалар пайдаланатын геометриялық фигуралар блоктық-таңбалар,ал
байланыс-нұсқамалар ағын сызығы деп аталады.Ағын сызығы фигурадан фигураға
өту жолын көрсету,яғни ақпаратты және мәліметтерді өңдеудің ретін көрсету
үшін пайдаланылады.
Әрбір блок-схема басы және соңы болады.Барлық блоктар ағыны
сызықтармен байланысады.Әрбір блокта, “басы ’’, “ соңы”-қызметші блоктардан
басқасында,ақпарат ағынының бір кіру және бір немесе екі щығу сызықтары
болады.

Шартты белгіленуі Түсініктемесі

Алгоритмнің басы;

Алгоритмнің соңы;

Арифметикалық амал және амалдар тобы;

Шарттың ақиқаттығы немесе жалғандығына тәуелді
амалды таңдау;
Бағдарламада while және repeat шартты көшу және цикл
құрылымдары операторларына сәйкес келеді;
Амалдарды берілгені мөлшерде қайталау; бағдарламада
FOR циклі құрылымына сәйкес келеді;
Айнымалылар мәндерін клавиатурадан енгізу;
Айнымалылар мәндерін және текстті экранға шығару;

Есептеулерді жоғарыдан төменге немесе солдан оңға
қарай бағыттау
Есептеулерді төменнен жағарыға немесе оңнан солға
қарай бағыттау
Схемадағы үзіліс нүктесі

Алгоритмдерді мынадай типтерге бөледі: сызықтық, тармақталған және
циклдік.
Сызықтық алгоритм – есептеуіш процесстердің ең қарапайымы және
логикалық шарттарсыз бір рет орныдалатын амалдар тізбегінен тұрады, яғни
сызықтық алгоритмде есептеудің бір ғана тармағы болады.
Тармақталған алгоритмде бірнеше есептеу тармақтары болады.
Есептеулер қайсыбір шарттарға тәуелді тармақтың біреуімен жүргізіледі,
яғни амалдардың кейбіреулері орындалуы, ал кейбіреулерінің орындалмауы
мүмкін.
Циклдік алгорим амал немесе амалдар тобын бірнеше рет қайталау қажет
болғанда қолданылады. Яғни, циклдік алгоритм бірнеше рет қайталанатын
бөліктерден тұрады.

1.2. Есепті компьютерде дайындау және шешу кезеңдері

ЭЕМ-де есептерді шығару үшін жүретін амалдар тізбегінің жүрісін
түсіну үшін ЭЕМ- нің негзгі блоктарын білу қажет.

ЭЕМ-нің негзгі блоктары
Қосымша
құрылғыл
ар
Ақпаратты енгізу
құрылғысы
Процессор
Жады АЛҚ
БҚ

Ақпаратты шығару
құрылғысы



Процессор – есептей білетін (АЛҚ- арифметикалық – логикалық құрылғы)
және есептеу машинасының жұмысын басқарушы (БҚ- басқару құрылғысы) блок.
ЭЕМ-нің негзгі блоктарын біле отырып, ЭЕМ-де есептерді шығару үшін
жүретін амалдар тізбегінің қысқаша жүрісі мынадай болады:
Есептің қойылымы → алгоритм → бағдарлама тексті → нәтиже

Есепті компьютерде дайындау және шешу кезеңдері:
• Есептiң қойылу шартын талдау;
• Айнымалы шамаларға аттар тағайындау;
• Математикалық модельін қарастыру;
• Алгоритм, блок-схема жазу;
• Бағдарламамалау тілінде бағдарламама жазу;
• Бағдарламама нәтижесін алу;
• Нәтижесін талдау;
Алгоритм дегенміз берілген есептін шығару жолын реттелген амалдар тізбегі
ретінде жазуды айтамыз
Алгоритмнің жазылу түрлері
1. Табиғи қарапайым тил туринде жазу
2. Арнайы терминдік сөздер арқылы жазу
3. Графикалық түрде, яғни геометриалық фигураларын пайдаланып жазу .
Алгоритмді графикалық түрінде жазу
Алгоритмді график түрінде жазу – мемлекеттік стандарт арқылы бекітілген,
онда кез келген амал белгілі бір геометриялық фигуралар мен өрнектелген. Ол
фигуралар немесе блоктар амалдар символы деп аталады. Блоктар бағытталган
сызықтармен байланысып бірінен соң бірі орналасады, оларды блок- схема деп
аталады.

Алгоритм- информатика пәнінің негізгі ұғымдарының бірі . Компьютерді қоғам
өмірінің қай саласында болмысын пайдалана білу үшін алгоритм үғымын меңгеру
керек.
Алгоритм сөзі мағынасы жағынан нұсқау, жарлық речепт, ереже, тартіп, заң,
жоба сөздеріне синоним болып келетін Алгоритм сөзі Орта Азиянын орта
ғасырлық ұлы ғалым – Мухамеддин Мусса ал – Хорезмдин атымен байланысты
шыққан . Ол өзінің Арифметикалық трактар деген еңбегінде арифметикалық
амалдарды орындау тәртібін ұсынган. Сөйтіп арифметикалық амалдарды орындау
ережесі, геометриялық фигураларды салу ережесі, сөздердің жазылуының
граматикалық ережесі т.с. сияқтылар алгоритм деп аталып кеткен. .
Алгоритм деп алдын – ала анықталган мақсатқа жету үшін, есептің шешімін
табу үшін орындаушыға ( адамга компьютер және т.с.) берілген түсінікті
нұсқаулардың тізбегін айтамыз.
Алгоритм кез келген басқа жазулардан мына мағыналық қасиеттері арқылы
ажыратамыз.Олар алгоритмнің түсініктілгі, дискреттілігі анықтылығы,
нәтижелігі, жалпыға бірдейлігі . Берілген орындаушы үшін алгоритмнің
түсініктілігі деп, орындаушының жарлықтарының жүйесіне , құрамына енетін іс-
әрекеттерді орындау, тексеру туралы жазбалар мазмұнын айтамыз. Алгоритм
ЭВМ қабылдайтын сол бойынша қажетті мысалдарды орындай алатын нұсқаулар
түрінде берілуі керек.
Дискреттілігі- алгоритм жарлықтарының тізбектелген ретпен орындалуын
айтамыз. Онын бір жарлығының орындалуының соны мен келесі жарлықтын
келесіжарлықтын басына сілтеме дәл, нақты анықталған. Алгоритм, арқайсысы
ЭВМ- ді белгілі бір қадам, әрекет жасасатын нұсқаулардың тізбегінен тұрады.
Әрбір жарлықты орындағанда алгоритмнің орындалуы аяқталды ма, не келесі
қандай жарлық орындалады, сол туралы дәл мәлімет болуы шарт, яғни
алгоритмде нұсқаулардың орындалу реті анықталған болуы керек.

Себебі, ЭВМ үшін арбир нұсқауды орындағаннан кейін келесі кай жарлықты
орындау анық көрсетілуі қажет.
Алгоритм – шектеулі қадамдарды орындап болған соң нәтижеге алып келеді.
Нәтижеде, алгоритм орындалған соң есептің шешуді жалғастыру мүмкін
есептеген туралы мәлімет болуы мүмкін. Алгоритмнін жалпылығы деп оны бірдей
типтегі есептерді шешу үшін қолдануға болатындығын айтады.

Алгоритмді жазу тасілдері
Алгоритмдегі жарлықтардың, нұсқаулардың берілу туріне алгоритмді жазу
әдістеріне ажыратуға болады. Орындаушының өзіне тән біліміне байланысты
арнайы таңбалар , сөздер іс- қимылдар , схемалар аркылы алгоритмдерді
жазудың тәсілдерін ұйымдастыруға болады.
Мысалы, цирктегі құстар мен жануарларға алгоритмдер арнайы дауыстар, іс-
қимылдар арқылы автокөлікті жүргізу алгоритмі, телевизор, магнитафонды
жұмыс істеу алгоритмі арнайы пернелерді басу, бұзу арқылы жүзеге асырылады
т.с.с. әртүрлі таңбалармен, белгілермен берілген алгоритмдер көп кездеседі.

Орындаушы- Адам болатын жағдайда алгоритм көбнесе сөзбен жазылады.
Сөзбен жазылған алгоритмдер, ретпен орналасқан сөйлемдерден тұрады. Сонымен
бірге алгоритмдер арнайы таңбалар,блок-схемалар, формулалар, кесте турінде,
ноталар аркылы жазылады.

Арнайы бөлім

2. TURBO PASCAL ТІЛІНІҢ БАЗАЛЫҚ ТИПТЕРІ МЕН БАСҚАРУШЫ
ОПЕРАТОРЛАРЫ
2.1. Тіл алфавиті. Математикалық өрнектер және функциялар.
Бағдарлама құрылымы.
Тіл алфавиті.
Компьютер белгілі бір есептерді шешу үшін адам тарапынан сол есепті
қандай жолмен және қалай шығару керектігі туралы тапсырма алуы қажет.
Компьютерлік тілде жазылған тапсырмалар мен командалар жинағы бағдарлама
деп аталады. Ал бағдарламалық текстерді жазу үшін пайдаланылатын
символдардың жиынтығы компьютерлік тіл алфавитін құрайды.
Кез келген бағдарламалық тіл символдардан, сөздерден, сөз тізбектері
және сөйлемдерден (операторлардан) тұрады. Сөздер символдардан құралады, ал
операторлар сөз тіркестерінен тұрады. Қазіргі кезде бағдарлама жазу үшін
көптеген бағдарламалау тілдері қолданылады. Солардың бірі -Turbo Pascal
тілі құрылымының қарапайымдылығы мен игеруге жеңілдігінің арқасында
бағдарламалаушылардың арасында кеңінен қолданылады. Turbo Pascal тілінің
алфавиті келесі символдардан тұрады:
1. Латын алфавитінің 26 әріптерінен; олармен қызметші сөздер және
идентификаторлар жазылады. Қызметші сөздер деп Turbo Pascal - дың өзіне
ғана тән, өзгертуге болмайтын, әрқайсысының өзінің атқаратын белгілі
қызметі бар сөздерді айтады. Бағдарламада айнымалылар мен тұрақтылардың
аттарын анықтайтын, әрі бағдарламалаушының өзі белгілейтін қызметші сөздер
кездеседі. Ондай сөздерді идентификаторлар деп атайды. Идентификаторды бір
әріппен белгілеуге болады (мысалы: X, Ү, Z), бірақ кейбір бағдарламаларда
латын алфавиті әріптері (26 әріп) айнымалылардың

аттарын белгілеуге жетпейді немесе олар бағдарламалық текстің оқылуын
ауырлатып жібереді.
Мұндай жағдайларда идентификаторларды бірнеше әріптер, сандар және
сызықшалар арқылы белгілеу ыңғайлы болып табылады(мысалы: Summa, X1, Ү12,
Z23, Min1, Audan_1, Audan_2, Audan_3, т.с.с.)
Сонымен идентификаторлар деп бағдарламада кездесетін барлық
тұрақтыларды, айнымалыларды, функциялар мен процедураларды белгілеу үшін
қолданылатын әріптер мен сандардан және сызықшалардан тұратын қызметші
сөздерді айтады. Идентификаторлар міндетті түрде әріптен басталуы керек
және оларға тілдегі басқа қызметші сөздердің атын қоюға болмайды, олардың
ұзындығы әртүрлі болады, бірақ алғашқы 63 символ ғана басты болып табылады.
Идентификаторлар мен қызметші сөздерді бас әріппен де, кішкентай әріптермен
де жаза беруге болады. Мысалы: Begin, begin, BEGIN - сөздері бір ұғымды
білдіреді. READ, WRITE, ARRAY, TYPE, WHILE, REPEAT - қызметші сөздер, X,
Y, Z, MASSIV, SUMMA, AUDAN1, AUDAN2 -идентификаторлар.
Read(X,Y,Z);
Summa:=X+Y+Z;
Write(' үш санның қосындысы =', Summa);
2. Сандарды белгілейтін араб цифрларынан: 0, 1,2, 3, 4, 5, 6, 7, 8,
9. Сандар бүтін және нақты болып екі түрде беріледі. Нақты сандардың бүтін
бөлігі мен бөлшегін нүкте арқылы бөліп жазады: — 9.7, 6.25, .41, -8.178. Ал
өте үлкен немесе өте кіші шамалар экспоненциал сандар түрінде жазылады:
1.74Е+3(1.74*103)
5.74Е-4(5.74*10-4)
3. Ұлттық алфавит әріптерінен; ұлттық әріптер түсініктеме мен
комментарийлар жазу үшін немесе символдық айнымалыларда қолданылады.
Ұлттық алфавит әріптері пернетақтаның жоғарғы жағындағы цифрлар
орнына орналасқан, олар арнаулы драйверлер қосылғанда ғана жұмыс істейді
және бағдарлама жазылғанда, егер текст оператордың ішінде
болса, онда - апострофқа, түсініктеме болса - фигуралық немесе жүлдызшалы
жай жақшаларға алынып жазылады.
Мысалы:
Writelh ('үшбұрыштың ауданы=')
{Операторлар бөлімі} (*Циклденесі*)

4. Арнаулы символдардан: :+-',. = ();[]*# т.б.
Математикалық өрнектер және функциялар.
Turbo Pascal-дағы есептеулерде көптеген стандартты функциялар
қолданылады. Стандартты функцияларды бағдарламада жазу үшін алдымен
функцияның атын, содан соң жай жақшалардың ішінде аргументін көрсету керек.
Стандартты функциялардың атын идентификаторларға беруге болмайды.
Бағдарламада аргументтердің мәнін берген кезде міндетті түрде функцияның
анықталу облысын ескеру қажет. Мысалы теріс санның квадрат түбірі болмайды,
бөлшектің бөлімі 0-ге тең болмау керек, т.с.с. Стандартты функциялардың
аргументі кез-келген өрнектен тұруы мүмкін. Мысалы:
SQR(3*X*X+58);TAN(2*X+15);ABS(25-X );LOG(X-Y);INT(SQR(X))
Берілген элементтерге қолданылатын амалдарды белгілі бір тәртіппен
орындауды реттеп тұратын жазу өрнек деп аталады. Өрнектер есептеулерге
қатысатын барлық тұрақты, айнымалы шамалардан, функциялардан, жай жақша
және арифметикалық амалдар белгілерінен тұрады. Амалдар операндалармен
(өрнектің элементтерімен) не істеу керектігін анықтайды. Ең қарапайым өрнек
бір ғана тұрақты не айнымалыдан тұруы мүмкін. Turbo Pascal-да операциялар
мен өрнектер арифметикалық, жолдық, логикалық және т.б. болып бөлінеді.
Қосу(+), алу(-), көбейту(*), бөлу(), дәрежелеу амалдары арифметикалық
өрнектердегідей орындалады, мысалы:
5Х2+10:Ү-15х+2 өрнегінің Pascal-да жазылуы:
5*Sqr(X)+10Y-Exp(Ln(15)*(Х+2));
Бұдан басқа тек бүтін сандарға ғана қолданылатын төмендегідей бөлу
амалдары орындалады.
16Div3=5
16-ны 3-ке бөлгенде шығатын санның бүтін бөлігі
15 Mod2=1
15-ті 2-ге бөлгенде шығатын санның қалдығы
20 Div 30=0
20-ны 30-ға бөлгенде шығатын санныңбүтін бөлігі
20 Mod 30=20
20-ны 30-ға бөлгенде шығатын санның қалдығы
X ModY
Х айнымалысын Ү-ке бөлгенде шығатын санның қалдығы
XDivSQR(Y)
X айнымалысын Ү-тің квадратына бөлгенде шығатын санның бүтін бөлігі
Логикалық өрнектер логикалық амалдар(, , =, =, ) мен қызметші
cөздерден (АND, OR, NOT және т.б.) тұрады. Turbo Pascal-дің өрнектерін
құрғанда тілдің келесі ережелерін сақтау керек:
1. Өрнектің барлық бөлігі бір қатарға жазылуы тиіс.
2. Өрнектің барлық жақшалары жай жақша болуы тиіс.
3. Қатарынан екі арифметикалық амалды жазуға болмайды.
4. Есептеулер солдан оңға қарай амалдардың орындалу ретімен жүреді.
Ең алдымен функциялардың мәндері есептеледі, онан кейін көбейту және
бөлу, Div, Mod сияқты амалдар орындалады. Қосу және алу амалдары ең соңынан
орындалады. Өрнек нәтижесінің типі сол өрнектегі операндалардың типі мен
оларға қолданылған амалдарға байланысты болады.

Turbo Pascal тілінде өрнектердін жазылу мысалдары

X: = 10; Х= 10 жай өрнегі
X:=Abs(5-A) X=өрнегі
X:=Sqr(Sin(A)) X=SIN2A өрнегі
X:=Exp(Ln(A)*(2+B)); X=A(2+B) өрнегі
X:=Copy(A,N,M); А шамасынан N-нен бастап М позиция ойып алу
Х:=113 DIV 5 (=22) 113-тің 5-ке қатынасының бүтін бөлігі
Х:=93 MOD 5 (=3) 113-тің 5-ке қатынасының қалдығы
PROGRAM Алма; {Өрнектердің бағдарламада жазылу түрлері}
VAR A,B:Integer; (*A, В – бүтін сандар*)
N,M:Char; (*N,M – символдық шамалар*)
X: Integer; (*X - бүтін сан*)
Y,Z:Real; (*Y,Z- нақты сандар*)
K:Char; (*K – символдық шама*)
P:String; (*Р – жолдық қатар*)
BEGIN
Readln(A, B, N, M); (*айнымалыларды енгізу*)
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алгоритмді блок - схема түрінде жазуда қолданылатын геометриялық фигуралар
Алгоритмдеу негіздері
Алгоритм тілін оқыту әдістемесі
Алгоритмдік тілдердің құрылымы
Алгоритм типтері
Информатика пәнінің сұрақтары
Физиканың оқыту әдістемесі
Айырбастау пунктіндегі ақпараттар қозғалысының бақылау жүйесін автоматтандыру
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ КРИПТОГРАФИЯЛЫҚ АЛГОРИТМДЕРМЕН ҚОРҒАУ
Алгоритм және алгоритмдеу ұғымдары
Пәндер