Модельдеу туралы түсінік



Жоспары

I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2

1.1. Модельдеу туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.2. Графтар туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

II. Қосымшаны құруда қолданылатын инструментальды құралдар...10
2.1. Delphi программалау ортасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.2. Delphi графикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

III. Жақын жолды табу қосымшасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
3.1 Қосымша құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3.2 Қолданушыға нұсқау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

Қосымша коды:
Кіріспе
Қазіргі қоғамның мәдениеті, білімділігі, ой өрісі және ой жүйесі дамыған кезеңде халық шарушылығының кәсіпорындарының қандай түрі болмасын, оның экономикасын ұтымды басқаруда математикалық әдістер мен компьютерді кеңінен қолдану қажеттігі әркімге белгілі.
Математиканың экономикада және басқа ғылымдарды кеңінен қолданылуы осы ілімнің өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Егер оның осы ерекшелігі түбегейлі экономикалық талдаумен біріктіре отырып пайдалынса, онда өндірістік жұмыстарды тиімді ұйымдастыруда және басқаруда, яғни әр істен ұтымды табыс табу жолдарында математикалық әдістемелерді қолдану –бүгінгі таңдағы ең қажетті істің бірі.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
• Болашақта студенттерге білім беруде Delphi программасын кеңінен қолданылуына жол ашу, маңыздылығын анықтауға үлес қосу;
• Delphi программасына қойылатын талаптарды қарастыру, зерттеу;
• Білім беруде олардың алатын орнын анықтау;
Курстық жұмыстың құндылығы:
- Бағдарламаның студенттерді өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту мақсаттарына бағытталуы;
- Бағдарламаның қолдануға тиімділігі, қарапайымдылығы.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, үш тарудан және қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Бірінші тарауда модельдеу туралы жалпы түсініктер мен графтар теориясы туралы әр түрлі әдіс – тәсілдері қарастырылады.
Екінші тарауда Delphi. программалау ортасы туралы негізгі түсініктер мен графикасы қарастырылады.
Үшінші тарау курстық жобаның негізгі өзегі - Delphi. программасында
Әдебиеттер тізімі
1. Нефедов В.Н., Осипова В.А. Курс дискретной математики. Москва.
Издательство МАИ. 1992.
2. Андерсон Д. Дискретная математика и комбинаторика.
Москва – Санкт-Петербург – Киев. 2004..
2. Березина Л.Ю. Графы и их применение. Москва. «Просвещение» 1978
3. Дуг Лоу Компьютерные сети для “чайников”. - Киев: Диалектика, 1995.
2. «Информатика» под редакцией Н. В. Макаровой, Третье переработанное издание, Москва «Финансы и статистика» 2001.
3. «Вычислительные системы, сети и телекоммуникации» учебник для ВУЗов, издательский дом «Питер» 2002.
4. «Интернет у вас дома», С. В. Симонович, В. И. Мураховский, ООО «АСТ-Пресс Книга», Москва 2002.
5. «Учебник пользователя IBM PC» А. Микляев, «Альтекс-А» Москва 2002.
6. «Компьютерные сети», 2-е издание, учебник для ВУЗов, В. Г. Олифер, Н. А. Олифер, «Питер» 2003

Жоспары

I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .2
Модельдеу туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Графтар туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

II. Қосымшаны құруда қолданылатын инструментальды құралдар...10
Delphi программалау ортасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
Delphi графикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

III. Жақын жолды табу қосымшасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
Қосымша құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қолданушыға нұсқау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...24
Қосымша коды:

Кіріспе
Қазіргі қоғамның мәдениеті, білімділігі, ой өрісі және ой жүйесі дамыған
кезеңде халық шарушылығының кәсіпорындарының қандай түрі болмасын, оның
экономикасын ұтымды басқаруда математикалық әдістер мен компьютерді кеңінен
қолдану қажеттігі әркімге белгілі.
Математиканың экономикада және басқа ғылымдарды кеңінен қолданылуы осы
ілімнің өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Егер оның осы ерекшелігі
түбегейлі экономикалық талдаумен біріктіре отырып пайдалынса, онда
өндірістік жұмыстарды тиімді ұйымдастыруда және басқаруда, яғни әр істен
ұтымды табыс табу жолдарында математикалық әдістемелерді қолдану –бүгінгі
таңдағы ең қажетті істің бірі.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
Болашақта студенттерге білім беруде Delphi программасын кеңінен
қолданылуына жол ашу, маңыздылығын анықтауға үлес қосу;
Delphi программасына қойылатын талаптарды қарастыру, зерттеу;
Білім беруде олардың алатын орнын анықтау;
Курстық жұмыстың құндылығы:
Бағдарламаның студенттерді өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, ойлау
қабілеттерін дамыту мақсаттарына бағытталуы;
Бағдарламаның қолдануға тиімділігі, қарапайымдылығы.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, үш тарудан және қорытындыдан, әдебиеттер
тізімінен, қосымшадан тұрады.
Бірінші тарауда модельдеу туралы жалпы түсініктер мен графтар теориясы
туралы әр түрлі әдіс – тәсілдері қарастырылады.
Екінші тарауда Delphi. программалау ортасы туралы негізгі түсініктер мен
графикасы қарастырылады.
Үшінші тарау курстық жобаның негізгі өзегі - Delphi. программасында
құрылған жақын жолды табу программасы қарастырылады.

1.1 Модельдеу туралы түсінік.
Бастапқыда модель деп анықталған жағдайда обьектіні алмастыратын
қандайда бір көмекші обьекті аталған. Сондықтан табиғат заңдарының
әмбебаптығы, модельдеудің жалпылығы, және біздің білімдерімізді модель
түрінде бейнелеудің мүмкүндіктері сәйкессіз болды. Мысалы: ертедегі
философтар табиғи процесстерді модельдеу мүмкүн емес,табиғи және жасанды
процесстер түрлі заңдылықтарға бағынады деп санады. Олар табиғатты тек
қана логикалық, талдау әдістерінің, пікір алмасулардың, яғни замандық
терминологияның, тілдік модельдеудің көмегімен бейнелеуге болады деп
жобалады.
Модель -1) қасиеттері белгілі бір мағынадағы жүйенің немесе процестің
қасиеттеріне ұқсас обьектілер немесе процесстер жүйесі;
2) сериялы бұйымдарды жаппай өндіруге арналған үлгі, эталон;
Кез-келген бір обьекті жұмысы, мыс, процессордың жұмыс істеуін
модельдейтін программа немесе құрылғы: Ол материалдық обьекті түрінде,
матеметикалық байланыстар жүйесі ретінде немесе құрылымды имитатциялайтын
программа күйінде қарастырылатын обьектінің жұмыс істеуін зерттеу үшін
қолданылады. Модельге қойылатын негізгі талап –оның қасиеттерінің негізгі
обьектіге сәйкес келуі, яғни барабарлығы.
Модельдеу (модельирование; )- кез-келген құбылыстардың, процесстердің
немесе обьект жүйелерінің қасиеттері мен сипаттамаларын зерттеу үшін
олардың үлгісін құру және талдау; бар немесе жаңадан құрастырылған
обьектілердің сипатын анықтау немесе айқындау үшін олардың аналогтарында
обьектілердің әр түрлі табиғатын зерттеу әдісі. Модель төрт деңгейде
тұпнұсқаның гнесологиялық орынбасары бола алады
Модель түсінігінің кибернетикада бақылан,атын обьектілері класын
сипаттайтын теорияның моделін белгілеуде жиі қолданылады. Демек,
кибернетикада берілген нақты обьектінің модельі осы обьекті туралы
теорияның моделі болып табылады. Компьютерлік модельдеу –бұл да оқып
үйренетін обьекті теориясының модельденуі.
Модельденуші тек адам бола алады. Модельдеу обьектісі табиғи
(өсімдік, күн системасы) және адамның ықпалымен құрылып жасанды болуы
мүмкүн. (1-сурет)
Модельдеу жүйесі – зерттелетін жүйенің немесе оның элементтерінің
матеметикалық және физикалық аналогтарын құру және талдау. Модельдік
тәжірибе зерттеу тәсілі ретінде жүйені жаңғыртуға және зерттеуге мүмкүндік
береді, ал зерттелетін жүйеге тікелей тәжірибе жүргізу қиын, немесе
экономикалық тұрғыдан тиімсіз болуы мүмкүн.
Табиғи обьектілерді ешқандай модельдің толықтай бейнелей
алмайтындығы белгілі.Табиғи обьектілердің элементтерінің арасындағы
байланыстардың көбінесе белгісіз болуы олардың күрделілігін айқындайды.
Сондықтан табиғи обьектілердің модельдері түпнұсқаға қарағанда қарапайым
болады.Адамдар тарапынан құырлатын обьектілерде мұндай жағдайлардың
толық ескерілмеуі мүмкүн.
Модельдер не үшін қажет?
Адамның практикалық, ғылыми қызметтерінде жұмыс істеуіне тура келетін
обьектілердің қандай да бір алмастырушысын құрады. Мұның табиғи көшірме –
картинаскульптура; самолеттің ұшу қасиетін зерттеуге белгіленген макеті;
қандай да бір бұйымның партиясын дайындауға арналған үлгісі болуы мүмкүн.

Модель термині көп мағыналы. Модель деп қандай да бір заттың
кішірейтілген көшірмесін (самолет моделі, тұрғын үйлер макеті)
математикалық формулаларды, бұрыштан горизонтқа лақтырған дененің ұшу
моделін, іштен жану двигательі жұмысыны моделін, қандайда бір нәрсенің
эталонын (метр эталоны, килограмм эталоны) айтамыз.
Жалпы түрдегі модель түсінігі төмендегідей негізде анықталады.
Модель- модельдеу мақсаты тұрғысынан оқып үйренетін обьектінің кейбір
жақтарын ұқсастырып бейнелейтін жаңа обьект.
Модель- обьектінің жақсы жұмыс істеуіне сәйкетенетін анықталған
параметрлер бойынша жұмыс істейтін физикалықақпараттық алмастырушысы.
Модельдеудегі ең басты модельдеуші обьект мен оның модельі
арасындағы өзара ұқсас қатысы болып табылады.
Ақпараттық модель- 1) басқару жүйесінде –автоматтандырылған өңдеуге
жататын ақпарат айналымының процесін параметрлік ұсыну;
2) мәліметтер базасында – тұтастық шектеулер жиынтығы; мәліметтер
құрылымын тудыратын ережелердің олармен жүргізілетін операциялардың,
сондай-ақ рұқсат етілетін байланыстар мен мәліметтердің мәнін, олардың
арасындағы қатынастарды математикалық және программалық тәсілдермен
ұсыну; ақпараттық құрылымдар мен олармен жүргізілетін операцияларды
формалдық баяндау.
Ақпараттық модель- модельденуші обьектінің ақпаратты кодтау
тілдерінің бірінде сиптталуы .
Модельдеу- бұл:
нақты бар обьектілердің (заттар,құбылыстар, процесстер) модельдерін құру;

таным обьектілерін модельдері арқылы зерттеу.
Модельдеу кез-келген мақсатқа бағытталған қызметтің ажырамас бөлігі.
Модельдеу танымның негізгі әдістерінің бірі.
Нақты қызметтердегі обьекті модельдері төмендегі жағдайларға
пайдаланылады.
материалдық заттарды бейнелеу;
белгілі фактілерді түсіндіру;
болжамдар құру;
зерттелетін обьект туралы жаңа білімдер алу;
болжау
басқару және т.с.с

1.2 Графтар туралы ұғым

Граф есептеріне жазықтықта тұйық қисықтың әр бөлігін тек бір рет қана сызып
өту қажет болатын бас қатыру есептері мысал бола алады.

Тарихы жағынан топология және графтар теориясы Л.Эйлердің Кенигсберг
көпірлері туралы есепті шығаруынан бастап пайда болды. Бұл есеп 1736 жылы
Петербург ҒА-ның журналында жарияланған. Кенигсберг (қазір Калининград)
қаласы Прегал өзенінің екі жағасында және өзен ішіндегі екі аралда
орналасқан. Қала халқы оның бір бөлігінен екінші бөлігіне көпір арқылы
өтеді. Аралдар және жағалар 7 көпірлермен қосылған (1-сурет).
Кенигсбергтің бір ауданындағы (құрылықтағы) үйінен шыққан адам әр көпірден
бір-ақ рет өтіп, қаланы түгел аралап, шыққан үйіне қайта орала ма?
Кенигберг есебі – осы. Жағадағы аудандарды А және В әріптерімен белгілесек,
аралдарды С және D әріптерімен белгілесек, жол схемасы А, В, С, D
төбелерден және АС, ВС, АС, ..., СD қырлардан құралған граф болып шығады.
АС және ВС қырлары екі еселі болады. Эйлер бұл жағдайға сәйкес келетін
мультиграф тұрғызды. Бұл мультиграфта құрылық бөліктері граф төбелерімен,
көпірлер арқылы өтетін жолдар граф қабырғаларымен кескінделді, ол 2-суретте
келтірілген. Эйлер мұндай серуеннің болуы мүмкін еместігін көрсетті.
Геометрия тілінде айтқанда, қай төбеден шықса да, граф бойынша жүріп
отырып, ешбір қырдан екі рет өтпей, шыққан төбеге қайтып келуге болмайды.
Келтірілген сұрақты графтар теориясында былайша тұжырымдайды. Берілген
мультиграфта оның барлық қабырғаларын қамтитын цикл бар ма?

А

Прегал өзені
С - Кнайпхоф аралы
- құрылық бөлігі

В

1-сурет.

2-сурет. 1-cуреттің граф түрінде кескінделуі.

Байланысқан бағытталған мультиграфтың оның барлық қабырғаларын
қамтитын циклдің бар болуын белгілеп, тұжырымдап дәлелдеген атақты механик,
математик Л.Эйлер болды.[2, 246 бет]
Анықтама. G=(V, Х) графы берілсін. G графының барлық төбелері мен
қабырғаларын қамтитын цикл Эйлерлік цикл деп аталады.
Эйлерлік циклі бар мультиграф Эйлерлік граф деп аталады.
Теорема 1. Егер графтың эйлерлік циклы болса, онда ол байланысқан граф
болады және оның төбелерінің дәрежесі жұп сан болады.
Дәлелдеу. Графтың байланысқан болатындығы оның эйлерлік граф екендігінен
шығады. Эйлерлік цикл әрбір қабырғаны тек бір рет қана қамтитын
болғандықтан, әр төбеге қарындаштың ұшы қанша рет барса сонша рет шығады.
Сондықтан әр төбенің дәрежесі екі бірдей қосылғыштан тұрады: біреуі төбеге
ену нәтижесі, екіншісі төбеден шығу нәтижесі. Ендеше, төбе дәрежесінің жұп
болғаны. Осы теоремаға кері тұжырым да дұрыс болады.
Теорема 2. Егер граф байланысқан және төбелерінің дәрежесі жұп болса, онда
оның эйлерлік циклы болады.
3, 4 суреттерде эйлерлік емес және эйлерлік графтар көрсетілген.
3-суреттегі граф эйлерлік емес, бірақ р5 және р3 төбелері шеттері болатын
α1, α2, α3, α4, α5, α6 қабырғалар тізбегі құрайтын эйлерлік жолы бар. 4-
суретте көрсетілген графтағы α1, α2, α3, α4, α5, α6, α7, α8, α9, α10
қабырғалар тізбегі эйлерлік цикл құрайды

3-сурет.

4-сурет.

2-суретте келтірілген Кенигсберг көпірлері туралы есепті кескіндейтін
графтың барлық төбелерінің де дәрежесі тақ. Олай болса, бұл мультиграфтың
эйлерлік циклы жоқ. Сондықтан әрбір көпірден тек бір рет қана өтіп, алғашқы
нүктеге қайтып келу мүмкін емес.
Графтар, олардың түрлері және графтардың қолданбалы есептерді шығаруда
қолданылу жағдайлары туралы мәселелерді кең түрде келтіруге болады.
Қолданбалы есептерді графтар көмегімен өте қарапайым әдіспен шешуге болады.
Әртүрлі бас қатыру (головоломка), қызықты есептер, комбинаторлық есептер де
графтарды қолдану барысында жеңіл де көрнекі түрде шешіледі. Қолданбалы
есептердің мысалы ретінде жобаның желілік моделін құру, банктегі лизинг
операциясы, банктің пайыздық ставкасын анықтау есептері қарастырылады.
Бұдан басқа да графтар теориясының химияда, физикада, биологияда, құрылыс
жұмыстарында т.б. сан түрлі қолданылуларын келтіруге болады.[3, 130 бет]

II. ҚОСЫМШАНЫ ҚҰРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИНСТРУМЕНТАЛЬДЫ ҚҰРАЛДАР
2.1 Delphi программалау ортасы
Қазіргі жағдайда Delphi бағытталған прораммалау ортасы (объективно –
ориентированного) кең тараған программалық пакеттердің бірі болып табылады.
Олардың негізі болып –OBJECT PASKAL тілі қалыптасқан. Ол әр түрлі дәрежелі
қиындықты қосымшаларды өңдеп құруға, профессионалдық және ең қарапайым
программа құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ДҚ жұмыстарында орындайды
және толық мүмкіндік береді. Программалау аймағында жәй бастауыш
қолданушыдан, кәсіпқой специфелистер де осы программалауортасын меңгерген.
Сипаттау көлемі болу үшін Delphi 7 интерфейсінің құрамдас мыналармен
ерекшеленеді: қосымша функциялар қосылады, қолданушы интерфейсі өзгертіледі
және т.б. сол сияқты. Бұларда Delphi ортасына тікелей қатысты. Әрейне,
қолданушыға қызықты өнім түрлерінің айырмашылықтары және жаңа түрін саты
алудың қажеттілігі бар ма? Жоқ па? Сонымен қатар оны меңгеру уақыты қажет
пе? Delphi 6 мен Delphi 7 интегралдық ортасының бірнеше айырмашылықтарын
атап өтейік.
Қолданбалы программаны Delphi - де кұру IDE программалау ортасы
қолданылады. Бұл ортадағы құралдар арқылы қолданушы программалық
интерфейстік бөлігін құрып және программалық кодтарды басқару
элементтерімен байланыстыра алады. Delphi 7 ортасы көп терезелі
жүйе
тәрізді. Оны жүктеу үшін:
Пуск программы Borland Delphi Delphi 7 командасын колданамыз.
Жүктелгеннен кейін экранда 4-терезе пайда болады:
Негізгі терезе (Project 1)
Объектілер инспекторының терезесі (Object inspector)
Форма конструкторының терезесі (Form 1)
Кодтар редакторының терезесІ (Unitl.Pas)
Delphi ортасынын негізгі терезелері
Негізгі терезе (Delphi 7 - Project)
Объектілер инспекторының терезесі (Object inspector)
Форма конструкторының терезесі (Ғоrm 1)
Кодтар редакторының терезесі (Unitl.Pas)
Негізгі терезеде

негізгі меню
инструменттер панелі
компоненттер палитрасы орналасқан
Негізгі менюде Delphi функцияларын іске қосу командалар жиыны бар. Панель
инструменті негізгі терезенің сол жакында негізгі менюдің астында
орналасқан, көп қолданған негізгі меню командаларын шақыратын он бес
батырма енеді. Мысалы, file open (файл открыть) немесе Run Run
(выполнение выполнить). Негізгі менюдің көптеген командаларын
пернелер жиынымен де шақыруға болады. Мысалы, Run Run командасын Ғ9
пернесі арқылы, ал View Units (просмотр модуль...) —Ctrl+F 12
пернелері арқылы шакырамыз. Барлығы бес панель инструменті бар:
Standart - (стандартная)
View - (просмотр)
Debook - (откладка)
Sustem - (пользователь)
Desktop - (жұмыс столы)

Инструменттер панелін және негізгі менюді қалыптау мүмкіндігін Customize
(настройка) қарым-қатынас терезесінің көмегімен жасауға болады.
Компоненттер палитрасы негізгі терезесінің он жағында негізгі менюдің
астында орналасқан және оған құрылған формалардын компоненттер жиыны енеді.
Standart
Additional
Win 32-32 Windows
System
Data Access - BDE
Fast Net - internet желісіне протоколдарды қамтамасыз ету
Dicoision Cude - көп өлшемді анализ
Q report-есеп беруді кұру
Dialogs- стандартты қарым-қатынасты терезесін құру
Win 3.1 - интерфейс Windows 3.x
11.Samples- мысал ретінде қолданулар
12.ActiveX-компоненттері ActiveX
13.Servers- жалпы СОМ серверлер үшін VCL қабықшасы
Негізгі терезе
Қажеттілігіне қарай экранда басқа да терезелер тұруы мүмкін. Жұмыс жасау
барысында негізгі терезеден басқа терезелерді алып тастауға, орын
ауыстыруға болады. Көп терезелі болғанмен Delphi -де тек қана уақытта бір
проектімен жұмыс жасауға болады. Проекті негізгі терезе тақырыбында
жазылады. Негізгі терезеде мыналар орналасқан.
Негізгі меню
Саймандар тақтасы
Компоненттер палитрасы
Негізгі менюде Delphi -дегі формалардың орындау командасына тұратын
жинақтар жиыны. Саймандар тактасында негізгі менюдегі жиі қолданылатын
командаларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп информатикасында ақпараттық модельдеу тәсілдерін өткізу әдістері
Пән Жаратылыстанудағы математикалық моделдеу
Есептердің математикалық моделін құру
Ақпараттық модельдеу
Тігін бұйымдарын модельдеу
Модель және модельдеу ұғымдары
Компьютерлік графика негіздері
Дүниетану сабағында жаңа технологиялар
Әлеуметтік жобалау және болжау ғылыми таным әдісінің методологиялық аспектілері
Биология сабағында танымдық белсенділікті дамытудың әдістері мен шарттары
Пәндер