Қазақстанның сақтандыру нарығының құрылымы



Жоспар:

1. САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ МӘНІ МЕН ФУНКЦИЯСЫ

2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

3. ҚАЗАҚСТАН САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. Қаржы нарығының ең маңызды салаларының бірі — сақтандыру нарығы. Сақтандыру дегеніміз – екі жақ тәуекелге бара отырып, бір жағы екінші жағын сақтандыруға келісімін береді. Сақтандыру адамдарды түрліше қауіп-қатерлер мен апаттардың залалдарынан қорғаудың бұрыннан келе жатқан әдісі. XVІІІ ғасырдың ортасына таман мүліктер мен жеке бастарды сақтандырудың 100-ден аса түрін жүзеге асырып үлгірген көптеген кәсіпқой сақтандыру қоғамдар пайда болды.
Әлеуметтік-экономикалық кеңістік болып табылатын сақтандыру нарығында сақтандыру қызметін қажет ететін сақтандырылушылар, олардың талаптарын қанағаттандырушы сақтандырушылар (сақтандыру компаниялары), сақтандырушы сарапшылар мен сақтандыру инфрақұрылымдарының ұйымдары (консалтингілік фирмалар және т.б.) әрекет етеді. Оны құрудың негізіне күтпеген жағдайларда қолайсыздыққа ұшырағандарға ақшалай жәрдем көрсетудің ұдайлығын үздіксіз қамтамасыз етіп отыру қажеттігі жатады.
Сақтандыру нарығы сақтандырылушы мен сақтандырушының арасына тығыз байланыс орната отырып, сақтандырудың нәтижесіне байланысты экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығын қамтиды. Бұл нарықта сақтандыру қызметін жалпылама танып-білу жүзеге асырылады да, оның өмір сүруінің негізгі экономикалық заңдары ретінде құн заңы мен сұраныс және ұсыныс заңдары алынады. Сақтандыру нарығы тауар шаруашылығы қалыптасуының барысында құрылатындықтан екеуінің де пайда болуының шарты ретінде еңбектің қоғамдық бөлінуі мен түрліше жекеменшік иелері – ерекшеленген тауар өндірушілердің болатындығы есептелінеді. Бұл нарық нарықтық қатынас субъектілерінің дербестігін, сақтандыру қызметіндегі сатып алу-сатуға байланысты серіктестіктің тепе-теңдігін қарастырады.
Сақтандырудың мән-мағынасына қарай отырып, сақтандыру нарығының мына төмендегідей негізгі міндеттерін бөліп көрсеткен дұрыс:
• реттеуші – нарық, барша басқалар сияқты мемлекет тарапынан реттеліп отырады;
• коммерциялық – сақтандыру операцияларын жүзеге асырудан түсетін табыстарды қамтамасыз етеді;
• бағалық – компанияның сақтандыру қызметінің бағасын белгілеуді қамтамасыз етеді;
• сенімділік функциясы – сақтандыру операциялары қолайсыз, тағы басқа жағдайлар туындағанда сенімділікті қамтамасыз етеді.
Сақтандырудың мына төмендегідей түрлері бар:
1. Салалық белгісі бойынша:
• өмірді сақтандыру нарығы (бұған, сондай-ақ, ұзақ мерзімді сақтандырудың барлық түрлері: зейнетақы, денсаулық сақтау, некелесу, аннуитет және басқалар да жатады);
• мүліктерді сақтандыру нарығы;
• жауапкершілікті сақтандыру нарығы;
• бақытсыздық жағдайлардан сақтандыру нарығы;
2. Ауқымдық жағынан:
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ысқақов У.М., Боқаев Д.Т., Рузиева Э.А.
Қаржы нарығы және делдалдары: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2006. – 298 бет.

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. СаҚтандыру нарыҒыныҢ мӘні мен функциЯсы

2. ҚазаҚстанныҢ саҚтандыру нарыҒыныҢ ҚҰрылымы

3. ҚазаҚстан саҚтандыру нарыҒыныҢ аҒымдаҒы жаҒдайы мен даму келешегі

САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. Қаржы нарығының ең маңызды салаларының бірі — сақтандыру нарығы.
Сақтандыру дегеніміз – екі жақ тәуекелге бара отырып, бір жағы екінші жағын
сақтандыруға келісімін береді. Сақтандыру адамдарды түрліше қауіп-қатерлер
мен апаттардың залалдарынан қорғаудың бұрыннан келе жатқан әдісі. XVІІІ
ғасырдың ортасына таман мүліктер мен жеке бастарды сақтандырудың 100-ден
аса түрін жүзеге асырып үлгірген көптеген кәсіпқой сақтандыру қоғамдар
пайда болды.
Әлеуметтік-экономикалық кеңістік болып табылатын сақтандыру нарығында
сақтандыру қызметін қажет ететін сақтандырылушылар, олардың талаптарын
қанағаттандырушы сақтандырушылар (сақтандыру компаниялары), сақтандырушы
сарапшылар мен сақтандыру инфрақұрылымдарының ұйымдары (консалтингілік
фирмалар және т.б.) әрекет етеді. Оны құрудың негізіне күтпеген жағдайларда
қолайсыздыққа ұшырағандарға ақшалай жәрдем көрсетудің ұдайлығын үздіксіз
қамтамасыз етіп отыру қажеттігі жатады.
Сақтандыру нарығы сақтандырылушы мен сақтандырушының арасына тығыз
байланыс орната отырып, сақтандырудың нәтижесіне байланысты экономикалық
қарым-қатынастардың жиынтығын қамтиды. Бұл нарықта сақтандыру қызметін
жалпылама танып-білу жүзеге асырылады да, оның өмір сүруінің негізгі
экономикалық заңдары ретінде құн заңы мен сұраныс және ұсыныс заңдары
алынады. Сақтандыру нарығы тауар шаруашылығы қалыптасуының барысында
құрылатындықтан екеуінің де пайда болуының шарты ретінде еңбектің қоғамдық
бөлінуі мен түрліше жекеменшік иелері – ерекшеленген тауар өндірушілердің
болатындығы есептелінеді. Бұл нарық нарықтық қатынас субъектілерінің
дербестігін, сақтандыру қызметіндегі сатып алу-сатуға байланысты
серіктестіктің тепе-теңдігін қарастырады.
Сақтандырудың мән-мағынасына қарай отырып, сақтандыру нарығының мына
төмендегідей негізгі міндеттерін бөліп көрсеткен дұрыс:
• реттеуші – нарық, барша басқалар сияқты мемлекет тарапынан реттеліп
отырады;
• коммерциялық – сақтандыру операцияларын жүзеге асырудан түсетін
табыстарды қамтамасыз етеді;
• бағалық – компанияның сақтандыру қызметінің бағасын белгілеуді
қамтамасыз етеді;
• сенімділік функциясы – сақтандыру операциялары қолайсыз, тағы басқа
жағдайлар туындағанда сенімділікті қамтамасыз етеді.
Сақтандырудың мына төмендегідей түрлері бар:
1. Салалық белгісі бойынша:
• өмірді сақтандыру нарығы (бұған, сондай-ақ, ұзақ мерзімді
сақтандырудың барлық түрлері: зейнетақы, денсаулық сақтау, некелесу,
аннуитет және басқалар да жатады);
• мүліктерді сақтандыру нарығы;
• жауапкершілікті сақтандыру нарығы;
• бақытсыздық жағдайлардан сақтандыру нарығы;
2. Ауқымдық жағынан:
• ұлттық;
• аймақтық;
• халықаралық.
3. Сақтандыру индустриясының ұйымдастыру-құқықтық түрлеріне байланысты:
• мемлекеттік сақтандыру;
• акционерлік қоғамдар жүргізетін сақтандыру;
• сәйкес сақтандыру қорларын құрайтын өзара сақтандыру.
4. Жүзеге асырылу түрлері бойынша:
• міндетті;
• өз еркімен.
5. Объектілері бойынша:
• жеке;
• мүліктік.
Міндетті түрде – заңдылық актілердің талап ету күшіне сай жүзеге
асырылатын сақтандыру. Азаматтық өмірін немесе денсаулығын ешқандай
заңдылық актілерімен, келісім-сөздермен сақтандыруға күштеп мәжбүр етуге
жол жоқ. Міндетті түрдегі сақтандыру ерікті түрдегі сияқты келісім
негізінде жүзеге асырылады. Міндетті түрдегі сақтандыру келісімі
сақтандырушымен сақтандырудың нақты осы түрін жүзеге асыруға лицензиясы
болған жағдайда ғана жасалады.
Ерікті түрде – екі жақ бірдей ерік білдірген жағдайда жасалатын
сақтандыру. Заңға қайшы келмейтін кез-келген азаматтық мүдде немесе заңды
тұлғаның мүддесі сақтандырудың объектісі болып табылады. Міндетті түрдегі
сақтандырудың ерік бойынша сақтандырудан айырмашылығы – келісімінің мерзімі
шектеулі болып келетіндігінде, сақтандыру жарналарын төлегенде ғана жүзеге
асырылатындығында.
Міндетті түрдегі мен ерікті түрдегі сақтандырудың үйлесімділік табуы
қоғамдық өндіріс пен халықтың сақтану жағынан қорғалуын қамтамасыз ететін
жүйе құруға мүмкіндік береді. Өйткені сақтандыру әрекеті қандай болған
жағдайда да көптеген жандардың мүддесін қорғайды.
Жеке сақтандыру. Азаматтардың өмірі, денсаулығы мен еңбекке жарамдылығы
жеке сақтандырудың объектілері болып табылады. Мүліктік сақтандыруды
өздеріне тиесілі немесе жалға алған меншіктеріне тікелей немесе жанамалай
зиян келтірмеу мақсатымен жекелеген адамдар мен шаруашылық субъектілері
жүргізеді. Мүліктік сақтандырудың объектілері болып жер бетіндегі, әуедегі
және су көлігі, жүктер мен басқа да мүліктер, сондай-ақ, қаржылық
тәуелділік саналады.
Мемлекеттік сақтандыру жағдайында сақтандырушы мемлекеттік ұйым болып
есептелінеді де, ол заңдар арқылы реттелініп отырады. Ол сақтандырудың
барлық түрлеріне мемлекеттің бүтіндей үстемділігі болғанда, мемлекеттің
сақтандырудың тек жекелеген түрлеріне үстемдігі болғанда немесе
сақтандырылуға ешқандай да мемлекеттік үстемділік болмаған жағдайларда
жүзеге асырыла береді. Қазір ТМД елдерінде сақтандырудың даму барысы өзінің
шегіне жетуге жақын. Мысалы, Ресейде бюджет тарапынан әскерлерді, милиция
қызметкерлерін, салық инспекциясы мен полицияны, прокурорларды, соттарды
апаттан құтқарушыларды, ядролық қондырғылардың қызметкерлерін,
ғарышкерлерді, депутаттарды, донорлар мен басқа да санаттардың
қызметкерлерін міндетті түрде мемлекеттік тұрғыдан сақтандыру жүзеге
асырылуда. Ресей Федерациясының 1991 жылдың 28 маусымдағы N1499-1 РФ
азаматтарын медициналық тұрғыдан сақтандыру Заңы бойынша мемлекеттік
әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жататын міндетті түрде медициналық
сақтандырылу енгізілген.
Акционерлік сақтандыру – жеке байлығы аз құрылтайшыларға ақшалай
ресурстарды өздеріне тарту арқылы сақтандыру операцияларын жүргізуді
тездетуге мүмкіндік беретін акциялар бойынша өзінің жарғылық капиталын
құрайтын акционерлік қоғамдар сақтандыру қызметінің сақтандырушылары
ретінде танылатын түрі. Бұл жағдайда ашық және жабық түрдегі акционерлік
қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестік бастапқы капиталды құраудың
тәртібіне сәйкес ажыратылады. АҚ-ның мұндай түрлері бүкіл әлемдік іс-
тәжірибиеде бар. Қазақстанда акционерлік қоғам түрінде сақтандыру ұйымын
құру заңмен анықталған.
Өзара сақтандыру – өзара көмек беруді қамтамасыз етуге бастайтын
қауіпсіздікті сақтаудың түрі. Бұл ретте сақтандырылушы сақтандыру қоғам
ының мүшесі де болып табылады.
Қазақстан Республикасының “Сақтандыру қызметі туралы” Заңында
сақтандырудың трансшекаралық деп аталатын түрі де қарастырылған.
Трансшекаралық сақтандыруда сақтандыру сыйақысы республикада да, онан тыс
жерлерде де жүргізіле береді. Сақтандырудың мұндай түрін жүргізудің
шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңымен және республикамызда
ратификацияланған халықаралық келісімдерімен анықталады. Қазақстан
Республикасының сақтандыру ұйымдық-резидентінің өзі қабылдаған сақтандыру
тәуекелін қайтадан сақтандыру үшін елден тыс жерлерге беру — қайта
сақтандыру ұйымының ҚР-ның резиденті еместерге тікелей немесе ҚР-ның
сақтандыру брокер-резиденті арқылы, егер осы ұйымдардың рейтингісі болған
жағдайларда берілуі жүзеге асырылуы мүмкін.

2. Қазақстандық сақтандыру нарығының құрылымы оған қатынасушылар мен
сақтандыру салалары арқылы көрсетілген.
Аталмыш нарықтың қызметі ҚР-ның Конституциясына, ҚР-ның Азаматтық
Кодексіне, Сақтандыру қызметі туралың Заңға негізделген нормативтік-
құқықтық актілермен, сондай-ақ ҚР-ның басқа да нормативтік-құқықтық
актілерімен реттеледі.
Қазақстан Республикасының Сақтандыру қызметі туралың Заңына сәйкес
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, сақтандыру агенті,
сақтандырылушы, сақтандырылған, табыс табушы, актуарий, өкілеттілігі бар
аудиторлық ұйым (өкілеттігі бар аудитор), өзара сақтандырушыға байланысты
басқа да жеке және заңды тұлғалар сақтандыру нарығына қатысушылар болып
саналады.
ҚР-ның сақтандыру нарығында сақтандыру қарым-қатынасының мына
төмендегідей қатысушылары айрықшаланады:
• сақтандыру нарығының қызметіне сұранысты жасаушы сақтандырушылар;
• осы сұранысты қанағаттандырушы тікелей сақтандыру (сақтандырушылар)
компаниялары;
• келтірілген зиянды сақтандыру операцияларына таратып отыруды,
сақтандыру нарығының қаржылық тұрақтылығын жалпы түрде қамтамасыз
етуші қайта сақтандыру компаниялары;
• сақтандыру қызметтерін сақтандырушы мен сақтандырылушының арасында
ретке келтіріп отыратын сақтандыру сарапшылары;
• сақтандыру инфрақұрылымының ұйымдары.
Сақтандыруға бақылау жүргізуші өкілетті мемлекеттік орган ҚР-ның Қаржы
нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау Агенттігі
болып табылады. (ары қарай Агенттік). Оның сақтандыруда реттеп отыру
саласындағы негізгі міндеттері:
• елде тұрақты сақтандыру жүйесін құрып, оған қолдау көрсету және ұлттық
сақтандыру нарығының инфрақұрылымын орнықтыру;
• сақтандыру нарығын реттеу, сақтандыру қызметін қадағалау;
• сақтандырудың негізін заңды түрде бекіту, міндетті түрде сақтандыру
түрлерін, республиканың сақтандырудың халықаралық жүйесіне қатысты
қағидаларын белгілеу;
• сақтандырушылардың, сақтандырылғандардың және пайда табушылардың
құқығы мен заңды мүдделерін қорғау.
Агенттікке ҚР-сының заң актілерінде тікелей қарастырылғандардан басқа
жағдайларда сақтандырушы ұйымдар мен сақтандыру брокерлерінің қызметіне
араласуға тыйым салынады.
Сақтанушы – сақтандырушымен сақтандыру келісімін жасайтын тұлға. Заңды
және жеке тұлғалар, коммерциялық емес мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар,
шағын және орта бизнес, ірі өндіріс кәсіпорындары, қаржы институттары және
басқалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы нарығының инфрақұрылымы
Қазақстан Республикасының өмірді сақтандыру компаниялары
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы жағдайын талдау
Сақтандыру ісінің қалыптасу кезеңдері, экономикалық мәні және функциялары
Қазақстанның қаржы нарығын жетілдіру жолдары
Қаржы нарығының мәні мен құрылымы
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы: негізгі тенденциялары және даму мәселелері
Акционерлік сақтандыру компаниялары
Сақтандыру нарығының құрылымы
Сақтандыру нарығы жайлы
Пәндер