Сақтандыру ұйымының түсінігі



Жоспар:

1. САҚТАНДЫРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ

2. ҚАЗІРГІ ДАМУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ ҰЙЫМДАРЫ
САҚТАНДЫРУ ҰЙЫМДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ

1. Қаржы нарығындағы аса маңызды делдал – сақтандыру компаниясы. Сақтандыру нарығында сақтандыру қорын қалыптастыру және қолдану процесі жүзеге асырылып, экономикалық қатынастар пайда болады, жеке, топтық және ұжымдық қызығушылықтар (мүдделер) туады.
Сақтандыру компаниясы — сақтандыру қорының қызмет етуінің тарихи анықталған қоғамдық формасы болып табылады. Нарықтық экономикаға өту, оның рөлін, ұйымдық құрылымын және экономикалық қатынастар жүйесіндегі орнын анықтайды. Ол елдің шаруашылық өмірінің толық құқылы субъектісіне айналады.
Сақтандыру компаниясы – коммерциялық ұйым. Ол өзінің қызметін лицензия негізінде сақтандыру келісім-шарттарын жасау және орындау бойынша жүзеге асырады. Қазақстанда сақтандыру ұйымдары, олардың құрылтайшылары мен акционерлері заңды және жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес тұлғалары болып табылатын акционерлік қоғам формасында құрылады. Сақтандыру ұйымының құрылтайшысы мемлекет те бола алады, бірақ, ол тек Қазақстан Республикасының Үкіметі ретінде ғана болады. Сонымен қатар, жарғылық капиталының 50%-нан астамы мемлекет меншігіндегі ұйымдар құрылтайшылар және акционерлер бола алмайды.
Сақтандыру компаниясының жарғылық капиталы тек қана ұлттық валютада төленеді. Сонымен қатар, мұнда тартылған акция мен қарыздық қаражаттарды қолдануға тиым салынады. Оның құрылуына рұқсатты Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі мынадай қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін береді:
• сақтандыру ұйымын құруға рұқсат алу үшін өтініш;
• құрылтайшылық құжаттар;
• сақтандыру ұйымын құру туралы шешім;
• құрылтайшылар туралы мәліметтер, т.б.
Сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін, Агенттікке мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
• лицензия беру туралы өтініш;
• мемлекеттік тіркеу және статистикалық карта туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
• құрылтайшылық құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
• жарғылық капиталдың минималды көлемін толық төлегенін растау және меншік капиталы көлемі бойынша минималды талаптарды орындауы туралы құжаттар;
• басқару қызметіндегі жұмысшылар туралы мәліметтер;
• сақтандыру ережелері;
• ішкі аудит қызметі туралы ереже.
Сақтандыру ұйымдары өз ресурстарын сақтандыру жарналары есебінен қалыптастырады және жинақталған қаражаттарды инвестициялық салымдарды жүзеге асыруға бағыттайды. Қазақстанда сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің диверсификациялануын шектеу бойынша нақты талаптар бар. Онда бағалы қағаздардың қандай түрлерінде салымдарға лимиттер бар екендігі көрсетілген.
Сақтандыру компаниясына тән ерекшеліктердің бірі – қаражаттарды тартудың ерекше формасы – сақтандыру полисін сату. Олар алынған табысты біріншіден, басқа компаниялардың облигациялары мен акцияларына және мемлекеттік бағалы қағаздарына салады. Сонымен қатар, олар мемлекет пен кәсіпорындарға ұзақ мерзімді несиелер береді.
Қазақстан Республикасы аумағындағы сақтандыру ұйымдары «өмірді сақтандыруң және «жалпы сақтандыруң салалары бойынша лицензия негізінде жұмыс істейді. «Жалпы сақтандыруң саласындағы қызмет «өмірді сақтандыруң саласындағы қызметпен бірлесе және кездейсоқ жағдайлар мен
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ысқақов У.М., Боқаев Д.Т., Рузиева Э.А.
Қаржы нарығы және делдалдары: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2006. – 298 бет.

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. СаҚтандыру ҰйымыныҢ тҮсінігі

2. Қазіргі даму кезеҢіндегі ҚазаҚстан РеспубликасыныҢ саҚтандыру Ұйымдары

САҚТАНДЫРУ ҰЙЫМДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ

1. Қаржы нарығындағы аса маңызды делдал – сақтандыру компаниясы.
Сақтандыру нарығында сақтандыру қорын қалыптастыру және қолдану процесі
жүзеге асырылып, экономикалық қатынастар пайда болады, жеке, топтық және
ұжымдық қызығушылықтар (мүдделер) туады.
Сақтандыру компаниясы — сақтандыру қорының қызмет етуінің тарихи
анықталған қоғамдық формасы болып табылады. Нарықтық экономикаға өту, оның
рөлін, ұйымдық құрылымын және экономикалық қатынастар жүйесіндегі орнын
анықтайды. Ол елдің шаруашылық өмірінің толық құқылы субъектісіне айналады.

Сақтандыру компаниясы – коммерциялық ұйым. Ол өзінің қызметін лицензия
негізінде сақтандыру келісім-шарттарын жасау және орындау бойынша жүзеге
асырады. Қазақстанда сақтандыру ұйымдары, олардың құрылтайшылары мен
акционерлері заңды және жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резидент
және резидент емес тұлғалары болып табылатын акционерлік қоғам формасында
құрылады. Сақтандыру ұйымының құрылтайшысы мемлекет те бола алады, бірақ,
ол тек Қазақстан Республикасының Үкіметі ретінде ғана болады. Сонымен
қатар, жарғылық капиталының 50%-нан астамы мемлекет меншігіндегі ұйымдар
құрылтайшылар және акционерлер бола алмайды.
Сақтандыру компаниясының жарғылық капиталы тек қана ұлттық валютада
төленеді. Сонымен қатар, мұнда тартылған акция мен қарыздық қаражаттарды
қолдануға тиым салынады. Оның құрылуына рұқсатты Қазақстан Республикасының
қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі
Агенттігі мынадай қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін береді:
• сақтандыру ұйымын құруға рұқсат алу үшін өтініш;
• құрылтайшылық құжаттар;
• сақтандыру ұйымын құру туралы шешім;
• құрылтайшылар туралы мәліметтер, т.б.
Сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін, Агенттікке мынадай
құжаттарды ұсыну қажет:
• лицензия беру туралы өтініш;
• мемлекеттік тіркеу және статистикалық карта туралы куәліктердің
нотариалды куәландырылған көшірмелері;
• құрылтайшылық құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
• жарғылық капиталдың минималды көлемін толық төлегенін растау және
меншік капиталы көлемі бойынша минималды талаптарды орындауы туралы
құжаттар;
• басқару қызметіндегі жұмысшылар туралы мәліметтер;
• сақтандыру ережелері;
• ішкі аудит қызметі туралы ереже.
Сақтандыру ұйымдары өз ресурстарын сақтандыру жарналары есебінен
қалыптастырады және жинақталған қаражаттарды инвестициялық салымдарды
жүзеге асыруға бағыттайды. Қазақстанда сақтандыру компанияларының
инвестициялық портфелінің диверсификациялануын шектеу бойынша нақты
талаптар бар. Онда бағалы қағаздардың қандай түрлерінде салымдарға лимиттер
бар екендігі көрсетілген.
Сақтандыру компаниясына тән ерекшеліктердің бірі – қаражаттарды тартудың
ерекше формасы – сақтандыру полисін сату. Олар алынған табысты біріншіден,
басқа компаниялардың облигациялары мен акцияларына және мемлекеттік бағалы
қағаздарына салады. Сонымен қатар, олар мемлекет пен кәсіпорындарға ұзақ
мерзімді несиелер береді.
Қазақстан Республикасы аумағындағы сақтандыру ұйымдары өмірді
сақтандыруң және жалпы сақтандыруң салалары бойынша лицензия негізінде
жұмыс істейді. Жалпы сақтандыруң саласындағы қызмет өмірді сақтандыруң
саласындағы қызметпен бірлесе және кездейсоқ жағдайлар мен ауруларды,
медициналық сақтандыруды қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру формасында
жүргізіле алмайды.
Сақтандыру ұйымдары негізгі қызметтен өзге мынадай қызметтерді атқарады:
• инвестициялық қызмет;
• жинақтаушы сақтандыру келісім-шартына сәйкес қарастырылған сома
шегінде өзінің сақтанушыларына займдар беру;
• сақтандыру ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін ерекше
бағдарламалық қамтамасыз етуді сату;
• сақтандыру бойынша арнайы әдебиеттерді сату;
• өзінің қажеттіліктері үшін алдын-ала сатып алынған немесе сақтандыру
келісім-шартының қорытындысына байланысты өзінің иелігіне түскен
мүлікті жалға беру немесе сату;
• сақтандыру бойынша консалтинг;
• сақтандыру немесе қайта сақтандыру облыстарында біліктілікті
жоғарылату мақсатында оқытуды ұйымдастыру және жүргізу;
• сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалы.
Сақтандыру ұйымдарының қызметін қадағалауды Қазақстан Республикасының
қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі
Агенттігі осы ұйымдар үшін төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылық
нормативтерінен тұратын пруденциалдық нормативтерді бекіту жолымен жүзеге
асырады. Сақтандыру ұйымдарының жеке келісім-шарттары бойынша максималды
міндеттемелер көлемі қызмет етуші сақтандыру келісім-шарттары бойынша өз
міндеттемелерін орындаумен байланысты сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру
үшін ғана берілген меншік капиталы мен сақтандыру резервтері сомасының 10%-
ынан аспауы керек.
Сақтандыру ұйымдары сақтандырушылар одақтары мен ассоциацияларына
біріктірілуі мүмкін. Қазақстан Республикасында әдістемелік және ұйымдастыру
ақпараттарын беру, сақтандыру бойынша нормативтік және заңды актілер
жобаларын дайындауға қатысу, сақтандыру қызметкерлерінің біліктілігін
жоғарылатуға арналған семинарлар мен курстар ұйымдастыру,
сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығын нығайту туралы ұсыныстарын
құрастыру, т.б. үшін сақтанушылар Одағы құрылған. Қазіргі уақытта Ресейде
көптеген компанияларды біріктіретін 50 кәсіби салалық одақтар мен
ассоциациялар қызмет еткенде, Қазақстанда тек сақтандыру ұйымдарының бір
ғана кәсіби одағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
САҚТАНДЫРУ ҚҰҚЫҒЫ пәнінің ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ
САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІ. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫ
Мемлекеттік салықтық бақылаудың құқықтық негіздері: құқықтық институт ретінде мән-жайы,мақсат міндеттері,қағидаттары
Сақтандыру қатынастары
Қаржылық сақтандыру ұйымының дамуы
Сақтандыру құқықтық қатынастардың жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметінің жалпы сипаттамасы
Сақтандыру рыногының теориялық негіздері
Сақтандыру ісінің даму дәрежесі
Пәндер