Несие нарығы



Жоспар:

1. НЕСИЕ НАРЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ

2.НЕСИЕ НАРЫҒЫ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ФОРМАЛАРЫ

3. ҚАЗАҚСТАН НЕСИЕ НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

4. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛАУ
НЕСИЕ НАРЫҒЫ

1. Несие нарығының жағдайы оған қатысушыларға тікелей байланысты болады, бұл жағдайда қарыз алушының қарызды қайтаруы өте маңызды, сондай-ақ қарыз алушы мен қарыз берушінің өз міндеттері мен талаптарын дұрыс орындауы несие нарығының өз қызметін жүзеге асыруына оң әсер етеді.
Нарықтық экономикадағы несиенің рөлі аса маңызы. Ақша капиталының жинақталу ауқымының ұлғаюы — несие нарығының дамуына себепкер болады. Ссудалық капитал қозғалысының мәні төмендегідей: ақша қаражаттары түрінде жинақталған капитал ссудалық капиталға тікелей айналады. Несие нарығы экономикалык санат ретінде, түпкі есебінде оның мәнін қалыптастыратын құн қозғалысымен байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынасты білдіреді.
Несие нарығы – механизм. Оның көмегімен қаржылық қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың өзара қарым-қатынасы және шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халыққа белгілі бір шарттармен қаражатты ұсынуды (қарызға беруді) жүзеге асыратын қарым-қатынас белгіленеді. Несие нарығы арқылы ақша капиталы босатылғанда ұдайы өндіріс процесіндегі экономика салалары арасында қарыз капиталының жинақталуы, бөлінуі және қайта бөлінуі жүзеге асырылады. Ол оған нарық арқылы ссудалық капитал түрінде бағытталады, содан соң несие берушіге (банктерге және басқа да қаржы-несие институттарына) қайтып оралады. Несие нарығының мәні онда қандай ақша капиталының, яғни өзіндік капиталдың немесе басқа біреудің капиталының пайдаланғанына байланысты болмайды. Дәлірек айтқанда, банкир өз ісін өзіндік капиталдың көмегімен жүргізе ме немесе өз банкісінде депозитке салынған капиталдың көмегімен жүргізеді ме – мұның еш мәнісі жоқ.
Несие нарығы арқылы өндіріс пен тауар айналымының өсуі, ел ішіндегі капитал қозғалысы, капитал салымындағы жинақтың трансформациялануы, ғылыми-техникалық революцияның жүзеге асуы, негізгі капиталдың жаңғыртылуы жүзеге асырылады.
Оның қаржы нарығының құрастырушысы ретіндегі маңызды рөлі ұсақ әрі бытыраңқы ақша қаражатын біріктіріп, өндіріс пен капиталды нарыққа шоғырландырып, орталықтандырылуына мүмкіндік береді. Ақша капиталы негізінен ақшалай ссудалық капитал түрінде жинақталады. Осыған байланысты алатын болсақ, оқшау процесс ретінде жинақтаудың ешқандай маңызы жоқ, жинақтау ең алдымен өндірістің барысына ықпалын тигізгенде ғана маңызды болады. Ақша капиталын макроэкономикалық тұрғыдан жинақтау — нақты жинақтаумен өзара тығыз байланысты. Ақша капиталы негізінен, халық жинағының есебінен қалыптасатыны белгілі. Ал, олардың мөлшері елдің жалпы ұлттық өнімдерінде капитал салымының үлесін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.
Несие нарығының мәні мен рөлі оның функциясын анықтайды. Несие теориясында оның функциясының мазмұны мен мөлшеріне қатысты бірыңғай көзқарас жоқ. Алайда, өзінің барлық формасында несие мәні қайта бөлу функциясында, айналымның несие құралын жасаушы функциясында тұрақты түрде пайда болып отырады. Кейбір ғалымдардың теориялық тұжырымдарына сүйенсек, Қазақстанның несие нарығына тән төрт функцияны бөліп көрсетуге болады:
• несие арқылы тауар айналымына қызмет ету;
• шаруашылық жүргізуші субъектілердің, халықтың, мемлекеттің, сондай-ақ, шетелдік клиенттердің жинақтарын тарту;
• ақша қорларын тікелей ссудалық капиталда шоғырландыру және оны өндіріс процесіне қызмет көрсететін капитал салымы түрінде пайдалану;
• мемлекеттік және тұтыну шығындарын өтейтін капиталдың көздері ретінде мемлекет пен халыққа қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ, аса қуатты қаржы-өнеркәсіп топтарының қалыптасуына ықпал ету.
Несие нарығы — әр түрлі қорлардың несие ресурстары мен бағалы қағаздар түрінде қалыптасқан және пайдаланылған құн қозғалысының ақшалай формасымен органикалық байланыста болатыны белгілі. Оның деңгейімен қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуға, оның тұтастай әлеуметтік-экономикалық қатынасқа ықпал етуіне кететін ақшалай қордың қозғалысы, мөлшері және бағыты өлшеніп, анықталады.
Несие нарығының негізгі қатысушылары – несие беруші және қарыз алушы. Несие беруші (кредитор) несие мәмілесінің ссуда беретін жағы (тарап). Тауарлық өндірістің бұрынғы сатысында несие берушілердің рөлін өсімқорлар орындаған. Оның дамуына қарай ақшалай несиені берушілердің орнын банк мекемелері басты. Ал, тауарларды ссудаға беруде несие беруші ретінде тауар өндірушілер алға шықты. Несие беруші ссуда беру үшін белгілі бір қаражатқа ие болуы керек. Бұл қаражаттың көздеріне оның (несие берушінің) өз қаражаты, ресурстары, өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінің басқа субъектілерінен қайтару негізінде қарызға алынатын қаражат жатуы мүмкін. Осы заманғы нарықтық қатынастар жағдайында несие беруші банк ссуданы тек өз ресурстарының есебінен ғана емес, сонымен бірге, өз шотында сақтаулы жатқан тартылған ресурстардың есебінен, сондай-ақ, жұмылдырылған бағалы қағаздарды орналастыру арқылы беруі мүмкін.
Қарыз алушы – несие қатынасында несие алатын әрі алған ссудасын белгіленген мерзімде қайтаруға міндетті тарап. Өсімқорлық кезеңінде несиені ұсақ шаруалар, қолөнерші-шеберлер, сондай-ақ, аса ірі жер иеленушілер немесе бай адамдар пайдаланды. Кейін банктердің пайда болуына қарай қарыз алушылардың шоғырлануы жүзеге асты. Бұл арада банк ұжымдық несие беруші ретінде алға шықты. Ссудалық мәміледе несие берушіге қарағанда қарыз алушының мынадай ерекшеліктері болды:
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ысқақов У.М., Боқаев Д.Т., Рузиева Э.А.
Қаржы нарығы және делдалдары: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2006. – 298 бет.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. НЕСИЕ НАРЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ қЫЗМЕТІ

2.НЕСИЕ НАРЫҒЫ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ФОРМАЛАРЫ

3. ҚАЗАҚСТАН НЕСИЕ НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

4. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛАУ

НЕСИЕ НАРЫҒЫ

1. Несие нарығының жағдайы оған қатысушыларға тікелей байланысты болады,
бұл жағдайда қарыз алушының қарызды қайтаруы өте маңызды, сондай-ақ қарыз
алушы мен қарыз берушінің өз міндеттері мен талаптарын дұрыс орындауы несие
нарығының өз қызметін жүзеге асыруына оң әсер етеді.
Нарықтық экономикадағы несиенің рөлі аса маңызы. Ақша капиталының
жинақталу ауқымының ұлғаюы — несие нарығының дамуына себепкер болады.
Ссудалық капитал қозғалысының мәні төмендегідей: ақша қаражаттары түрінде
жинақталған капитал ссудалық капиталға тікелей айналады. Несие нарығы
экономикалык санат ретінде, түпкі есебінде оның мәнін қалыптастыратын құн
қозғалысымен байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынасты білдіреді.
Несие нарығы – механизм. Оның көмегімен қаржылық қаражатқа мұқтаж
шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың өзара қарым-қатынасы және
шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халыққа белгілі бір шарттармен
қаражатты ұсынуды (қарызға беруді) жүзеге асыратын қарым-қатынас
белгіленеді. Несие нарығы арқылы ақша капиталы босатылғанда ұдайы өндіріс
процесіндегі экономика салалары арасында қарыз капиталының жинақталуы,
бөлінуі және қайта бөлінуі жүзеге асырылады. Ол оған нарық арқылы ссудалық
капитал түрінде бағытталады, содан соң несие берушіге (банктерге және басқа
да қаржы-несие институттарына) қайтып оралады. Несие нарығының мәні онда
қандай ақша капиталының, яғни өзіндік капиталдың немесе басқа біреудің
капиталының пайдаланғанына байланысты болмайды. Дәлірек айтқанда, банкир өз
ісін өзіндік капиталдың көмегімен жүргізе ме немесе өз банкісінде депозитке
салынған капиталдың көмегімен жүргізеді ме – мұның еш мәнісі жоқ.
Несие нарығы арқылы өндіріс пен тауар айналымының өсуі, ел ішіндегі
капитал қозғалысы, капитал салымындағы жинақтың трансформациялануы, ғылыми-
техникалық революцияның жүзеге асуы, негізгі капиталдың жаңғыртылуы жүзеге
асырылады.
Оның қаржы нарығының құрастырушысы ретіндегі маңызды рөлі ұсақ әрі
бытыраңқы ақша қаражатын біріктіріп, өндіріс пен капиталды нарыққа
шоғырландырып, орталықтандырылуына мүмкіндік береді. Ақша капиталы
негізінен ақшалай ссудалық капитал түрінде жинақталады. Осыған байланысты
алатын болсақ, оқшау процесс ретінде жинақтаудың ешқандай маңызы жоқ,
жинақтау ең алдымен өндірістің барысына ықпалын тигізгенде ғана маңызды
болады. Ақша капиталын макроэкономикалық тұрғыдан жинақтау — нақты
жинақтаумен өзара тығыз байланысты. Ақша капиталы негізінен, халық
жинағының есебінен қалыптасатыны белгілі. Ал, олардың мөлшері елдің жалпы
ұлттық өнімдерінде капитал салымының үлесін қалыптастыруда үлкен рөл
атқарады.
Несие нарығының мәні мен рөлі оның функциясын анықтайды. Несие
теориясында оның функциясының мазмұны мен мөлшеріне қатысты бірыңғай
көзқарас жоқ. Алайда, өзінің барлық формасында несие мәні қайта бөлу
функциясында, айналымның несие құралын жасаушы функциясында тұрақты түрде
пайда болып отырады. Кейбір ғалымдардың теориялық тұжырымдарына сүйенсек,
Қазақстанның несие нарығына тән төрт функцияны бөліп көрсетуге болады:
• несие арқылы тауар айналымына қызмет ету;
• шаруашылық жүргізуші субъектілердің, халықтың, мемлекеттің, сондай-ақ,
шетелдік клиенттердің жинақтарын тарту;
• ақша қорларын тікелей ссудалық капиталда шоғырландыру және оны өндіріс
процесіне қызмет көрсететін капитал салымы түрінде пайдалану;
• мемлекеттік және тұтыну шығындарын өтейтін капиталдың көздері ретінде
мемлекет пен халыққа қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ, аса
қуатты қаржы-өнеркәсіп топтарының қалыптасуына ықпал ету.
Несие нарығы — әр түрлі қорлардың несие ресурстары мен бағалы қағаздар
түрінде қалыптасқан және пайдаланылған құн қозғалысының ақшалай формасымен
органикалық байланыста болатыны белгілі. Оның деңгейімен қоғамдық ұдайы
өндірісті дамытуға, оның тұтастай әлеуметтік-экономикалық қатынасқа ықпал
етуіне кететін ақшалай қордың қозғалысы, мөлшері және бағыты өлшеніп,
анықталады.
Несие нарығының негізгі қатысушылары – несие беруші және қарыз алушы.
Несие беруші (кредитор) несие мәмілесінің ссуда беретін жағы (тарап).
Тауарлық өндірістің бұрынғы сатысында несие берушілердің рөлін өсімқорлар
орындаған. Оның дамуына қарай ақшалай несиені берушілердің орнын банк
мекемелері басты. Ал, тауарларды ссудаға беруде несие беруші ретінде тауар
өндірушілер алға шықты. Несие беруші ссуда беру үшін белгілі бір қаражатқа
ие болуы керек. Бұл қаражаттың көздеріне оның (несие берушінің) өз
қаражаты, ресурстары, өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінің басқа
субъектілерінен қайтару негізінде қарызға алынатын қаражат жатуы мүмкін.
Осы заманғы нарықтық қатынастар жағдайында несие беруші банк ссуданы тек өз
ресурстарының есебінен ғана емес, сонымен бірге, өз шотында сақтаулы жатқан
тартылған ресурстардың есебінен, сондай-ақ, жұмылдырылған бағалы қағаздарды
орналастыру арқылы беруі мүмкін.
Қарыз алушы – несие қатынасында несие алатын әрі алған ссудасын
белгіленген мерзімде қайтаруға міндетті тарап. Өсімқорлық кезеңінде несиені
ұсақ шаруалар, қолөнерші-шеберлер, сондай-ақ, аса ірі жер иеленушілер
немесе бай адамдар пайдаланды. Кейін банктердің пайда болуына қарай қарыз
алушылардың шоғырлануы жүзеге асты. Бұл арада банк ұжымдық несие беруші
ретінде алға шықты. Ссудалық мәміледе несие берушіге қарағанда қарыз
алушының мынадай ерекшеліктері болды:
– ол ссудалық қаражаттың түпкілікті иесі болып табылмайды, тек оның
уақытша иесі бола алады, әрі өзіне тиесілі емес бөтен ресурспен жұмыс
істейді;
– қарыз алушы ссудалық қаражатты айналыс саласында да, өндіріс
саласында да пайдалана алады. Несие беруші ссуданы өндіріске тікелей
шықпай, ауысу фазасында (в фазе обмена) береді;
– қарыз алушы ссудалық ресурсты өз шаруашылығына пайдаланғаннан кейін
қайтарады. Қарыз алушы ссуданы қайтаруы үшін ұдайы өндірістік процесті
несие берушімен есеп айырысуға жеткілікті қаражатты босатып алатындай етіп
ұйымдастыруы керек;
– қарыз алушы уақытша пайдалануға алған құнды ғана қайтарып қоймайды,
сонымен бірге, оның ссудалық пайызын да төлейді. Бұл арада өз шарттарын
алға тартатын несие берушіге қарыз алушының тәуелді болатынын естен
шығармауымыз керек.
Несие қозғалысының заңдылығы несие нарығында пайда болатын несие беруші
мен қарыз алушының арасындағы қатынасты толығырақ ұғынуымызға мүмкіндік
береді. Мұны сызба түрінде былайша көрсетуге болады:

11-сурет. Несие қозғалысының сызбасы.

Несие беруші мен қарыз алушы несие қатынасына түсу арқылы өздерінің
мақсаттары мен мүдделерінің біртұтас екенін көрсетеді. Олар несие қатынасы
шеңберінде орындарын алмастыруы да мүмкін. Егер орындарын алмастыратын
болса, несие беруші қарыз алушыға, ал қарыз алушы несие берушіге айналады.

2. Несие нарығының құралы — несие. Ол (несие) айырбас сәтінде пайда болып,
құнның ұдайы қозғалысын қамтамасыз ететін ссудалық мәміленің формасына
енеді. Ссудалық мәміле несие қозғалысының өзегі болып табылады.
Оны нақты шындыққа айналдыратындай белгілі бір шарттары болуы керек.
Біріншіден, несие беруші де, қарыз алушы да экономикалық байланысқа қарай,
міндеттемелерді орындауға материалдық тұрғыдан кепілдеме бере алатындай
заңды дербес субъектілер ретінде алға шығуы керек. Екіншіден, несие беруші
мен қарыз алушының мүдделері бір-бірімен сәйкескенде ғана несие
қажеттілікке айналады. Несие мәмілесі жүзеге асуы үшін оның қатысушылары,
бірінші тараптан – ссудаға ақша қаражаттарын беруге, екінші тарап – оны
алуға екі жақты мүдделік танытуы керек. Несиелік қатынас субъектілерінің
өзара мүдделеріне негізделген экономикалық байланыс тұрақтылығымен
сипатталады, әрі несие шеңберінде тұтас жүйе ретінде анықталады.
Тауарларды өткізудегі сату-сатып алу процесінде сатушы оның (тауардың)
ақшалай эквивалентін әрдайым бірден (дереу) ала бермейді. Сатып алушы
тауардың құнын белгілі бір мерзім ішінде төлеуі мүмкін. Бұл арада сатып
алушы қарыз алушыға, ал сатушы несие берушіге айналады. Несие беруші мен
қарыз алушы – бір полюсте эквиваленті алудың, ал екінші полюсте оны
төлеудің мерзімі ұзартылатын барлық жағдайларда – қатысушыларға айналады.
Нарықтық шаруашылық жағдайындағы негізгі формаға банк несиесі жатады.
Бұл жағдайда кәсіпорын, ұйым, халық, мемлекет және банктің өздері де несие
қатынасының субъектілері ретінде алға шығады. Коммерциялық банктер өз
клиенттеріне әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болатын әр қилы несие
түрлерін ұсынады. Ең алдымен қарыз алушылардың негізгі топтары болып
табылатын шаруашылыққа, халыққа, мемлекеттік органдарға несие беріледі.
Тағайындалуы (бағыты) бойынша несиені былайша бөліп көрсетуге болады:
– тұтынушылық;
– өнеркәсіптік;
– саудалық;
– ауыл шаруашылығына берілетін несие;
– инвестициялық;
– бюджеттік.
Экономиканың барлық салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерге
берілетін банк несиелері жұмыс істеу салаларына қарай екі түрге бөлінуі
мүмкін:
– негізгі қордың ұлғайтылған ұдайы өндірісіне қатыстырылатын ссуда;
– айналым қорларын ұйымдастыруға қатыстырылатын, яғни өндіріс саласы
мен айналыс саласына бағытталатын ссуда.
Несиелердің көптеген түрлері бар. Бірақ олардың әр түрлілігіне
қарамастан несиелердің мерзімділік, қайтарымдылық қағиданы ұстануы өте
маңызды, ол өз кезегінде несие нарығы қызметінің перспективасын шешуші
құрал болып табылады.
1. Несие пайдалану мерзімі бойынша талап етілгенге дейінгі және мерзімді
несиелер деп бөлінеді:
Мерзімді несие, өз кезегінде, мыналарға бөлінеді:
• қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
• орта мерзімді (1 жылдан 3 жылға дейін);
• ұзақ мерзімді (3 жылдан жоғары).
Талап етілгенге дейінгі несиені қарыз алушы несие берушінің талабы
бойынша қайтару мерзімі ішінде немесе несие келісім-шарты бойынша
белгіленген мерзімде немесе өз қалауы бойынша кез-келген уақытта қайтарады.
2. Несие мөлшері бойынша ірі, орташа, ұсақ деп бөлінеді. Әрбір банк оны
өзінің несие салымдарының көлеміне қарай дербес анықтайды. Мәселен, әлемдік
тәжірибеде коммерциялық банктер нормативті тәртіппен аса ірі сатушың
ұғымын өзіндік қаражаттың 3–5%-ынан асатын несие ретінде анықтайды.
3. Қамтамасыз етілуі бойынша несие қамтамасыз етілген және қамтамасыз
етілмеген (бланктік) деп бөлінеді. Қамтамасыз етілетін несие мыналармен
қамтамасыз етіледі:
• кепілмен;
• банк кепілдемесімен;
• сақтандырумен.
Несиені қамтамасыз ету оның қайтарылмай қалу қатерін азайтудың бір
тәсілі болып табылады. Ал, қамтамасыз етілмейтін несиеге тоқталатын болсақ,
ол бұрыннан банкпен серіктестік байланыс орнатқан, несие төлеуге қабілеті
бар бірінші сыныпты клиентке беріледі. Ол (қамтамасыз етілмейтін несие),
әдетте, қысқа мерзімге (бір айдан үш айға дейін) қосымша ақша қаражаттарға
мұқтаж қарыз алушыға беріледі. Қамтамасыз етілетін несиеге келетін болсақ,
оның жөні басқа. Қамтамасыз етілген міндеттеме несиені қарыз алушы өтемей
кеткен жағдайда оны несие берушінің өндіріп алуына құқығын бекітіп береді.
4. Банк ссудаларын беру тәсілі бойынша оны өтемақылық және төлемдік деп
бөліп көрсетуге болады. Өтемақылық несие — қарыз алушының есеп шотына оның
тауарлық-материалдық құндылыққа немесе шығынға жұмсалған өзіндік
қаражатының орнын толтыру үшін бағытталады. Төлемдік несие — банк ссудасы
қарыз алушыға несиеленген шара бойынша төлемді төлеуі үшін ұсынылатын
ақшалай есеп айырысу құжатының төлеміне тікелей бағытталады.
5. Өтелетін әдісі бойынша мәулеттік төлеумен (бөліп-бөліп төлеу; орыс.
рассрочка) өтелетін банк ссудасы және бір мезгілде (нақты бір күнде)
өтелетін ссуда деп бөлінеді.
Банк несиесі шаруашылық жүргізуші субъектілердің және басқа да құқықтық
тұрғыдан ұйымдастырылған құрылымдардың өндірістік және әлеуметтік
қажеттіліктеріне несиелеу қағидаларын қатаң сақтаумен беріледі. Несиелеу
қағидасы барлық жүйенің ең басты, әрі негізгі элементі болып табылады.
Өйткені ол несиенің мәні мен мазмұнын, сондай-ақ объективті экономикалық
заңдылықтардың талаптарын, оның ішінде, несие қатынасы саласындағы
заңдылықтың талаптарын бейнелейді.
Банк несиесінің мынадай формалары бар:
1. Мерзімді несие – мерзім басында толық беріледі. Сондықтан да ол
бойынша пайыз барлық соманың есеп айырысуынан есептеледі, ал негізгі сома
кезеңдік жарнамен немесе мерзім соңында бір жолғы төлеммен өтеледі.
Қысқа мерзімді несие, әдетте, тіркелген пайыз мөлшермесі бойынша
беріледі, ал ұзақ мерзімді кез-келген валютада өзгермелі пайызбен беріледі.
Мұның біріншісі (қысқа мерзімді несие) шаруашылық жүргізуші субъектілердің
айналымдағы капитал қозғалысына қызмет етеді, есеп айырысудың уақытылы
жүргізілуіне ықпалын тигізеді, төлем қабілетін арттырады әрі қаржылық
жағдайды нығайтады. Оның қысқа мерзімді несиеден айырмашылығы ұзақ мерзімді
және орта мерзімді несиелер инвестициядағы қажеттілікті қамтамасыз етуге,
яғни негізгі капиталдың қозғалысына, құрылысқа, жаңа өндірісті жаңғыртуға,
игеруге және негізгі қордың ұлғайтылған ұдайы өндірісімен байланысты
шараларды жүзеге асыруға бағытталады.
2. Овердрафт бойынша несие – мерзімсіз несие. Оны қарыз алушы алғашқы
талап етуі бойынша келісім-шарттың шарттарына сәйкес күн сайын есептелетін,
базалық мөлшерлемеден асатын пайызбен ала алады. Банк қарыз алушыға алдын-
ала хабарлап, овердрафт бойынша несиенің күшін жоюы мүмкін.
3. Ашық несие желісі бар несие – қарыз алушының талап етуі бойынша
банктің келісім-шартта айтылған соманы беру міндеттемесі. Несие желісі
белгілі бір мерзімге ашылады және ол осы мерзім ішінде жабылмайды. Несие
желісін компаниялар қажет болған жағдайда қаржыландырудың қосымша көзі
ретінде пайдалануы мүмкін.
4. Жаңартылмалы несие (возобновляемый кредит). Несие желісі де, овердраф
та жаңартылмалы несие түрінде бола алады. Бұл арада қарыз алушы соманы
ескертілген соманың шегінде тұрақты пайдалануына, әрі өтеуі мүмкін. Айта
кететін жайт, мұндағы несие белгіленген берешек лимитінің шегінде автоматты
түрде беріледі әрі өтеледі. Мәселен, егер банк қарыз алушы үшін 300 мың
теңге сомасында үш жылға жаңартпалы несиесі бар несие желісін ашатын болса,
онда қарыз алушы 300 мың теңгенің бәрін үш айға бір-ақ ала алады. Қарыз
алушы жаңартпалы несиені ең қысқа мерзімде пайдаланады. Үш ай өткен соң
сома өтелетін болса, қарыз алушы несиені 300 мың теңге сомасында автоматты
түрде жаңарта алады.
5. Бірлестірілген несие (синдицированный кредит). Дәстүрлі мерзімді банк
несиесі туралы келісім банк пен шаруашылық жүргізуші субъектінің арасында
бекітіледі. Яғни, оған екі тарап қатысады. Шаруашылық жүргізуші субъекті
мен банктер (А,В,...N) арасында жеке несие келісімі бекітілді. Алайда,
субъектіге аса ірі сома қажет болған кезде банк көп мөлшерде несие беруден
бас тартатын болса, яғни үлкен тәуекелдік жүгін өз мойнына алғысы келмесе
немесе шаруашылық жүргізуші субъекті өзін-өзі қаржыландыру үшін тек бір
ғана банкпен шектеліп қалғысы келмесе, онда бірлестірілген несие қажет
болады. Мұндай несиені қарыз алушыға бірнеше банк береді (12-сурет).

12-сурет. Бірлестірілген несиені берудің сызбасы.

Бірлестірілген несие — банк тобын құратын кепіл банк арқылы
ұйымдастырылады. Мұнда топтың құрамындағы әрбір банк несие сомасының
белгілі бір бөлігін береді.
6. Ипотекалық несие – сатып алынған үйдің немесе жердің кепілімен банк
беретін орта мерзімді және ұзақ мерзімді несие. Ипотекалық несие — қаржылық
қызмет көрсету нарығының ең серпінді дамып келе жатқан бағыттарының бірі.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы үлкен мәселе боп саналатын “баспана мәселесін”
шешудің бірден-бір жолына айналды. Жылжымайтын мүлік саласындағы мамандар
ұзақ мерзімді ипотекалық несиенің жүйесін дамыту қажет деп санайды.

3. Коммерциялық банктер нарықтағы негізгі несие берушілерге жатады.
Олар жеке және заңды тұлғалардың бос ақша қаражаттарын уақытша тартады және
активтік операцияларды орындау үшін осы қаражаттың негізінде ресурс базасын
құрайды. Коммерциялық банктер өз кезегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкісіне есеп береді. Ұлттық банк коммерциялық банктерге ломбардтық
несиені, қайта қаржыландыру несиесін және өз негізінде қысқа мерзімді
қарызды ұйғаратын РЕПО-ны ұсынады. Қайта қаржыландырудың мөлшерлемесін
Ұлттық банк белгілейді. Коммерциялық банктер несие бойынша өздерінің пайыз
мөлшермелерін Ұлттық банк белгілеген мөлшерлемеден төмен белгілей алмайды.
ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу жөніндегі
Агенттігі несие нарығында реттеуші орган ретінде танылады. Мәселен, бұл
орган, кастодиан-банктің, брокер-банктің және т.б. банктердің негізгі
тәртіп нормативтерін анықтайды.
Коммерциялық банктер әмбебап коммерциялық банк және мамандандырылған
коммерциялық банк болуы мүмкін екендігі белгілі. Отандық тәжірибеде бүгінгі
таңда, әмбебап банктердің артықшылықтарға ие болып отырғаны байқалады.
Дегенмен, соңғы уақытта мамандандырылған банктер алға шыға бастады. Мысал
ретінде, “Тұрғын үй құрылыс банкі” АҚ-ын айтуға болады. Оның негізгі бағыты
– халыққа ипотекалық несие беру болып табылады.
Несиені тек коммерциялық банктер ғана емес, сондай-ақ ломбардтық,
несиелік серіктестіктер де және т.б. береді. Олар ссуданы аз ғана мерзімге
және аз ғана сомада зергерлік бұйымдардың, автокөліктің және халық
тұтынатын тауарлардың кепілімен береді.
Қазақстан несие нарығының институционалдық құрылымын былайша көрсетуге
болады (13-сурет).

13-сурет. Қазақстан несие нарығының институционалдық құрылымы.*

Қазақстанда осы уақытқа дейін қысқа мерзімді несиелер негізінен аса ірі
тұрақты қарыз алушыларға, заңды тұлғаларға ғана беріліп келсе, ал қазіргі
күні елімізде ұсынылатын несиелердің көптеген түрлері пайда болғаны
байқалады. Оның үстіне, несие берушілердің қатарын мамандандырылған
мекемелер толықтырып, қарыз алушы жеке және заңды тұлғалардың да саны өсіп
отыр.
Қаржы мекемелерінің несиелік портфелдеріне қарай, несие нарығының
құрылымын былайша көрсетуге болады (14-сурет).

14-сурет. ҚР-на тән несие нарығының сегменттері.*

Бүгінгі таңда басқа несие нарықтарына қарағанда тұтыну несиесінің нарығы
ерекше дамып келеді. Ол халық тұтынатын тауарларды сатып алу үшін беріледі.
Сатып алынған тұрмыстық техниканың, машинаның және басқа да тауарлардың
құнын біртіндеп, бөліп төлеуге мүмкіндік беретіндіктен бүгінгі күнде ең
қолайлы нұсқаға айналып отыр. Бүгінгі таңда банктер пайыз мөлшерлемелерін
көп төмендетуі, мұндай несиені алудың рәсімін оңайлатты. Бұл осы нарықтың
даму қарқынын арттыруға әкелді.
Құрылыс несиесіне келетін болсақ, елдегі құрылыс жұмыстарының қарқын
алуына қарай оған жұмсалатын қаражатқа қажеттілік артып келеді. Банктердегі
ссудалық пайыздардың кемуі мен несие беру рәсімдерінің оңайлатылуы несие
нарығының ұлғаюына себепкер болды.
Банкаралық несие нарығы – несие нарығының айрықша бөлігі. Басқа несие
нарықтарында банктерден өзгесінің бәрі қарыз алушыға жатса, мұнда тек
банктердің өздері ғана несие берушінің де, қарыз алушының да рөлінде
болады.
Халықтың баспана қажеттілігіне байланысты ипотекалық несие нарығы жылдам
өркендеп келеді. Алайда, халықтың көпшілігінде баспана алуға жеткілікті
қаржы болмай тұр, сондықтан да жеке тұлғалар үшін ең қолайлысы тұрғын үй
несиесін ипотекалық қамтамасыз етумен алу болып табылып отыр.
4. Қазіргі мемлекеттік тұрғын үй саясаты тұрғын үй мәселесін шешуде
халықтың әлеуметтік көмекке мұқтаж бөлігінің қажеттіліктеріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы нарығы жайында
Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру
Қаржы нарығын басқарудың басыңқы салалары
Қазақстанның қаржы нарығын жетілдіру жолдары
Қаржы және ақша нарығы
Экономикалық ұғымдар
Қаржы нарығының құрылымы және оның негізгі бөліктері
Нарық шаруашылығының негізгі түрлері
Несие нарығы және оның құрылымы
Қаржы (қор) нарығын зерттеудің теориялық негізі
Пәндер