Қазақстандағы ішкі туризмінің қазіргі жағдайы, перспективалары



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ, ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Туризм туралы түсінік және туризм менеджментінің тиімділігі ... ... ... ... .5
1.2 Туризм индустриясының даму проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Қазақстанның ішкі туризімінің қазіргі жағдайына сипаттама ... ... ... ... ... 12

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2.1. Қазақстандағы ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .25
2.2. Ішкі туризмнің дамуының алғы шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
2.3 Қазақстандағы туристік аймақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...58.63
КІРІСПЕ

Туризм – мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен клісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар. Дәл осы тәрізді біздің көркем де, әсем жеріміздің түкпір-түкпірінде өзіне ғана тән гаухарларын табуға болады. Мәселен,Жамбылдың Мыңбұлағы, Көкшетаудың Оқжетпесі, Алматының шөлейт аймақтарында орналасқан Тамғалысы және басқа да аты аңызға айналған жерлерді айтуымызға болады. Өкінішке орай, туристердің көпшілігінің әуелі танысып өтетін интернет беттерінде Қазақстанның барлық туристік жерлері туралы біліп, танысуларына мүмкіндік жоқтың қасы. Қызығушылық тудыратындай айтылмаса, жазылмаса, көрсетілмесе шетелдік емес,жергілікті азаматтардың да жеріміздің әсем жерлеріне баруы қиын-ақ, және еліміздің ішкі туризмі өкініщке орай әзірге мақтанып айтарлықтай дәрежеде емес. Сол себепті де Қазақстанда қазіргі таңда көтеріліп жатқан өзекті мәселелердің бірі – туризм болғандықтан, біз дәл осы Қазақстанның ішкі туризмінің бүгінгі жетістіктері мен кемшіліктерін қарастырғанды жөн санадық.
Жұмыс барысында Қазақстанның ішкі туризмін мына тұстардан қарастардық:
– Ішкі туризм индустриясының даму проблемалары
– Қазақстанның ішкі туризмінің қазіргі жағдайы
– Қазақстандағы ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктері
– Ішкі туризмнің дамуының алғы шарттары
– Қазақстанда қазіргі кезде кездесетін туристік аймақтар
Осыған байланысты дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты мынандай бөліктерден тұрады:
 Қазақстандағы ішкі туризм дамуының мүмкіншіліктерін қарастыру;
 Қазақстанның ішкі туризмінің қазіргі таңдағы жағдайына шолу жасау;
 Қазақстанның ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктерін қарастыру.
– Ішкі туризм дамуының алғы шарттарын белгілеу
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Туризмнің дамуы барлық жақтан қарап келгенде де тек оң әсерін тигізеді. Мысалға, мұнай өнеркәсібі қоршаған ортаны қатты ластайды, жергілікті тіршілікке үлкен зиянын тигізеді. Ал, туризм саласы, керісінше табиғаттың тазаруы мен күтілімін талап етеді, осыдан туристік кәсіпорындар қызметі тек жалпы экономикаға емес, сонымен қатар, қоршаған ортаға да өз пайдасын тигізеді. Қазақстанның туризм потенциалы өте жоғары деңгейде және оны қолданып дамыту үшін, бұл салаға кәсіпқой менеджмент пен маркетинг енгізілуі қажет.
-Осы дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстанның туризм индустриясын қалыптастырудың және дамытудың теориялық мәселелелерін қарастыру, туризмнің аз тексерілген аспектілерінің мүмкіндіктерін ашу және әлемдік туристік индустрияға ену болашағын зерттеу .
Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасының ішкі туризм индустриясы.
Зерттеу объектісі: Қазақстандағы ішкі туризм индустриясының қазіргі жағдайы мен болашағы.
Практикалық жаңалығы: Қазіргі нарықтық жағдайға сай шет елдердегі дамыған саланың тәжірибесі негізінде ҚР-да ішкі туризм индустриясын дамыту.
Зерттеу міндеті:
- Ішкі туризмді дамыту проблемаларына теориялық негіздеме жасау;
- Қазақстандағы ішкі туризмінің әлемдік деңгейге жету барысында қазіргі даму жағдайына сипаттама беру;
- Қазақстан Республикасында ішкі туризмді дамытудың әлеуметтік-экономиканың алғы шарттарын қарастыру.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. В.Н.Вуколов. История и теория международного туризма. Алматы, 2002
2. Г.М. Дуйсен Основы формирования и развития индустрии туризма в Казахстане. Алматы, 2002г.
3. Проблемы становления индустрии туризма Казахстана. Материалы международной конференции специалистов туризма. Под редакцией С.Р.Ердавлетова.- Алматы: «Казақ университеті», 2001
4. А.А.Жолдасбеков, А.Н.Пыхарев, М.Д.Мамадияров. Организационно-правовые основы туристской деятельности в РК. Учеб. метод. пособие – Алматы: Ғылым,1998ж
5. Қазақстан Республикасындаға 2002 жылғы туризм. Статистикалық жинақ. Алматы, 2003ж.
6. Қазақстан Республикасындағы 2004 жылдың 1 жартыжылдығының статистикасы. Интернет.
7. Қазақстан Республикасының Туристік қызмет туралы заңы. Алматы, 2001, 13 маусым.
8. Қазақстан Республикасының туризмінің даму концепциясы.
9. Р.Курбанова. Современное состояние туризма в Казахстане: Проблемы и перспективы развития. Транзитная экономика №6 2000г. –104-108 стр.
10. О развитии туризма как доходной отрасли Республики Казахстан. Официальные материалы. Алматы. Раритет. 2001г.
11. Роль туризма в устойчивом развитии Республики Казахстан. Алматы. Қазақ университеті 2001г.
12. Реальные возможности туристского рынка Казахстана. Деловой мир. Астана. 2000г. №5
13. Основы менеджмента туризма / под ред. Квартального В.А. М.: Финансыи статистика, 2001. - 125 с.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Қазақстандағы ішкі туризмінің қазіргі жағдайы,
перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Туризм туралы түсінік және туризм менеджментінің
тиімділігі ... ... ... ... .5
1.2 Туризм индустриясының даму проблемалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 Қазақстанның ішкі туризімінің қазіргі жағдайына
сипаттама ... ... ... ... ... 12

2 ҚазақстандаҒы ішкі туризм дамуының
мүмкіншіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...25
2.1. Қазақстандағы ішкі туризм саласының даму
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .2 5
2.2. Ішкі туризмнің дамуының алғы
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
2.3 Қазақстандағы туристік
аймақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...48

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..57

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...58-63

Кіріспе

Туризм – мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие
болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен
археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет
пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің
туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен клісуге болады.
Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты,
елі және салт-дәстүрі бар. Дәл осы тәрізді біздің көркем де, әсем
жеріміздің түкпір-түкпірінде өзіне ғана тән гаухарларын табуға болады.
Мәселен,Жамбылдың Мыңбұлағы, Көкшетаудың Оқжетпесі, Алматының шөлейт
аймақтарында орналасқан Тамғалысы және басқа да аты аңызға айналған
жерлерді айтуымызға болады. Өкінішке орай, туристердің көпшілігінің әуелі
танысып өтетін интернет беттерінде Қазақстанның барлық туристік жерлері
туралы біліп, танысуларына мүмкіндік жоқтың қасы. Қызығушылық тудыратындай
айтылмаса, жазылмаса, көрсетілмесе шетелдік емес,жергілікті азаматтардың да
жеріміздің әсем жерлеріне баруы қиын-ақ, және еліміздің ішкі туризмі
өкініщке орай әзірге мақтанып айтарлықтай дәрежеде емес. Сол себепті де
Қазақстанда қазіргі таңда көтеріліп жатқан өзекті мәселелердің бірі –
туризм болғандықтан, біз дәл осы Қазақстанның ішкі туризмінің бүгінгі
жетістіктері мен кемшіліктерін қарастырғанды жөн санадық.
Жұмыс барысында Қазақстанның ішкі туризмін мына тұстардан
қарастардық:
– Ішкі туризм индустриясының даму проблемалары
– Қазақстанның ішкі туризмінің қазіргі жағдайы
– Қазақстандағы ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктері
– Ішкі туризмнің дамуының алғы шарттары
– Қазақстанда қазіргі кезде кездесетін туристік аймақтар
Осыған байланысты дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты мынандай
бөліктерден тұрады:
– Қазақстандағы ішкі туризм дамуының мүмкіншіліктерін қарастыру;
– Қазақстанның ішкі туризмінің қазіргі таңдағы жағдайына шолу жасау;
– Қазақстанның ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктерін қарастыру.
– Ішкі туризм дамуының алғы шарттарын белгілеу
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Туризмнің дамуы барлық жақтан
қарап келгенде де тек оң әсерін тигізеді. Мысалға, мұнай өнеркәсібі
қоршаған ортаны қатты ластайды, жергілікті тіршілікке үлкен зиянын
тигізеді. Ал, туризм саласы, керісінше табиғаттың тазаруы мен күтілімін
талап етеді, осыдан туристік кәсіпорындар қызметі тек жалпы экономикаға
емес, сонымен қатар, қоршаған ортаға да өз пайдасын тигізеді. Қазақстанның
туризм потенциалы өте жоғары деңгейде және оны қолданып дамыту үшін, бұл
салаға кәсіпқой менеджмент пен маркетинг енгізілуі қажет.
-Осы дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстанның туризм индустриясын
қалыптастырудың және дамытудың теориялық мәселелелерін қарастыру, туризмнің
аз тексерілген аспектілерінің мүмкіндіктерін ашу және әлемдік туристік
индустрияға ену болашағын зерттеу .
Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасының ішкі туризм индустриясы.
Зерттеу объектісі: Қазақстандағы ішкі туризм индустриясының қазіргі
жағдайы мен болашағы.
Практикалық жаңалығы: Қазіргі нарықтық жағдайға сай шет елдердегі
дамыған саланың тәжірибесі негізінде ҚР-да ішкі туризм индустриясын
дамыту.
Зерттеу міндеті:
- Ішкі туризмді дамыту проблемаларына теориялық негіздеме жасау;
- Қазақстандағы ішкі туризмінің әлемдік деңгейге жету барысында
қазіргі даму жағдайына сипаттама беру;
- Қазақстан Республикасында ішкі туризмді дамытудың әлеуметтік-
экономиканың алғы шарттарын қарастыру.

Қазақстандағы ішкі туризімінің қазіргі жағдайы, перспективалары

1.1 Туризм туралы түсінік және туризм менеджментінің тиімділігі

Қазіргі кезде адам қызметінің әр түрлі формалары бар, олар жалпы
жағдай жасауға және әлемді тануға бағытталған. Халық тұрмысының жақсаруы
жаңа әлемді ашуға адамның қажеттілігін, соның ішінде саяхатқа құштарлығын
арттырады. Саяхат дегеніміз – туризм. Туризм тек орын ауыстыру емес, ол
көптеген экономикалық және әлеуметтік аспектілерді құрайды. Соңғы он жылда
туризм мықты дербес индустрияға айналды. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның
мәліметтері бойынша туризм әлемнің өндірістік-сервистік нарық айналымының
10 пайызын қамтамасыз етеді. Туризм сферасына әлемдік ұлттық жиынтық
өнімнің 6%, әлемдік инвестицияның 7%, әр 16-шы жұмыс орны, әлемдік тұтынушы
шығындарының 11%, барлық салық түсімінің 5% келеді. Бұл сандар туризм
индустриясының экономикаға тікелей әсерін көрсетеді.
Туризм түсінігіне теориялық және практикалық тұрғыдан нақты анықтама
берілуі керек.
Көптеген авторлар туризмге толық анықтама беруге тырысты. Әр пікір
өзгеше болып табылады және бұл терминнің көптеген өлшемін көрсетеді. Алайда
туризмнің әр түрлі түсіндірмесін жинақтап қорыту, белгілі бір оптимум
таңдау өте қиын.
1980ж. Манила декларациясы Туризм – халықтар өмірінде маңызды орын
алатын әлеуметтік, мәдени, білім және экономика ауданына, мемлекет өміріне
және оның халықаралық қатынастарына тікелей әсер ететін қызмет түрі
(Филиппин, қазан 1980 ж.) деп жариялады. 1993 жылы БҰҰ-ның статистикалық
комиссиясы туризмге кең анықтама берді: Туризм – бұл өзінің тұрғылықты
жерінен басқа жерде болатын, 1 жылдан аспайтын уақытта демалу, іскерлік
және басқа да мақсаттарда саяхаттайтын тұлға қызметі.
Халықаралық туристік Академия баспасында берілген анықтамада (Монте
Карло): туризм – көңіл көтеру, демалу немесе емделу үшін жаяу немесе қандай
да бір транспорт түрімен жасалатын саяхат.
П.Г.Олдактың пікірінше, қазіргі ғылыммен жинақтап айтқанда: Туризм –
бұл өмір сүрумен және жұмыс орнын ауыстырумен байланыссыз халықтың
қозғалысы, демалу, емделу, ғылыми іскерлік және мәдени кездесулер
мақсатында саяхаттау – дейді.
Қазіргі күнге дейін туризм түсінігінің көпшілік қабылдаған нақты
анықтамасы жоқ. Жоғарыда келтірілген анықтамалар оның тек кейбір жақтарын
қамтиды. Бірінші анықтамада әлеуметтік және экономикалық жақтары, ал
екіншісінде - әлеуметтік және құқықтық жақтары (адам уақытын есептеуге
арналған туризмнің шектелген уақыты) көрсетілген. Туризмнің әлеуметтік
жақтарының басым болуы бақыланып отыр, бұл адамдардың қоғамдық-экономикалық
өмірін әлеуметтендіру тенденциясымен түсіндіріледі. Бұрынғы СССР кезінде
тіршілік деңгейінде барлық әрекеттің әлеуметтік аспектісі алдыңғы орында
болды. Туризмде бұл мағына айтпаса да түсінікті. Профсоюз жолдаманы өзі
төлеп немесе арзан бағамен және көрсетілген қызметті тегін ұсынып отырды.
Қазір туризм терминін кең және терең түрде түсіндіру керек. Біздің
ойымызша туризм анықтамасы 2 бағытта беріледі: географиялық және
экономикалық. Туризм географиялық тұрғыдан сұраныс және ұсыныстың кеңістік-
территориялық қолданылу негізін білдіреді. Экономикалық тұрғыдан туризм
сұраныс және ұсыныстың тұтынушылық шаруашылық негізі.
Туризмге экономикалық тұрғыдан бірнеше анықтама берілген:
Г.А.Папирян, туризм ол қызметтер жиынтығы, оларды тұтыну барысында
ғана байқауға болады және ол өндірістік өнім сияқты жүйелі түрде ұдайы
өндірілмейді.
П.В.Шульгиннің ойынша, қазіргі туризм анықтамасы 2 көзқарасты
көрсетеді. Оның бірі туризм индустриясы – халық шаруашылығы құрылымында
ерекше саланың қалыптасуы. Ол барлық келушілерге сұраныстарын
қанағаттандыру үшін маманданған бірқатар өндірістік қызметтер мен қызмет
көрсету мекемелерінің жиынтығы. Екіншісі, туризмді дербес салаға бөлу. Егер
туристік мекемелерге қатысты туризмнің өзіне тән еңбек ұсынысының ортасы
болса, онда бұл қызмет туризмді дамыту және ұйымдастыру ерекшеліктеріне
байланысты болады.
Біздің ойымызша, туризмнің экономикалық мәніне нақты анықтама қазіргі
туризмнің экономикасы жұмысында берілген: Туризм қызмет және тауар
нарығының бөлігі болып табылады және оны сұраныс пен ұсыныс жағынан
қарастыруға болады. Сұранысқа ішкі және халықаралық туристік нарық жатады,
ал ұсынысқа транспорт, туристік көрікті жерлер және бос уақыт түрі,
туристік объектілер, қызмет көрсету жүйесі және инфрақұрылымы, сондай-ақ
жарнамалық анықтамалық қызмет жатады.
Біздің ойымызша, туризм дегеніміз - рекреация, емдік, танып білу
және әр түрлі қызметпен айналысу мақсатында келген елінде тұрғылықты жерін
ауыстыру немесе жұмыс істеуге байланысты емес адамдардың уақытта және
кеңістіктегі қозғалысы. Бұл анықтама географиялық мәнге ие.
Туризмнің негізгі түсініктерін анықтай отырып оның дамуына себепші
болатын және әсер ететін факторларға тоқтаймыз. Схема бойынша олар:
экономикалық - әлеуметтік – географиялық – демографиялық – саяси –
этникалық – құқықтық. Аталған факторлар біздің мемлекетке тән және
Қазақстанның әлемдік туристік бірлестікте орнын айқындайды.
Туризмнің дамуына әсер ететін негізгі факторлар статикалық және
динамикалық болып бөлінеді. Статикалық факторларға табиғи-географиялық
факторлар жиынтығы кіреді. Олардың өзгермейтін және қалпына келмейтін
мағынасы бар. Динамикалық факторларға демографиялық, әлеуметтік-
экономикалық, материалды-техникалық және саяси факторлар жатады. Олар
уақытта және кеңістікте өзгеретін әр түрлі бағасы, мағынасы болады.
Бұл факторлар жалпыланып айтылған және туризмнің негізгі аспектілерін
көрсетпейді. Туризмге әсер ететін факторлар тағы да сыртқы (экзогенді) және
ішкі (эндогенді) болып бөлінеді. Сыртқы факторлар туризмге демографиялық
және әлеуметтік өзгерістер арқылы әсер етеді. Бұл факторлар тобына:
тұрғындар жасы, жұмыс істейтін әйелдер санының өсуі және әр жанұяға
кірістің өзгеруі, тұрмысты және жанұяны кеш құру, тұрғындар құрамында
баласыз жанұяның көбеюі, иммиграциялық шектеулердің азаюы, төленетін іс-
сапардың өсуі және жұмыс уақытының қолайлы графигі, зейнетке ерте шығу,
туризмге жағдайлардың өсуі жатады.
Аталған көрсеткіштер тура немесе жанама түрде адамның бос уақыт
құрылымына әсер етеді. Бұл туризмнің дамуына объективті әлеуметтік
демографиялық жағдай туғызады. Сондықтан туризмді дамыту бағдарламасын
құрғанда бос уақыт бюджетін және тұрғындардың уақыт құрылымын анықтау
керек.
Сыртқы факторларға экономикалық және қаржылық факторлар да жатады.
Алайда біздің ойымызша бұл факторлар ерекшеленіп тұрады және оларды бөлек
қарастыру керек, өйткені олар туризмнің дамуын көбірек анықтайтын факторлар
болып табылады.
Сонымен қатар сыртқы факторларға саяси және құқықтық бақылаудың
өзгеруі, технологиялық өзгерістер, транспорт инфрақұрылымының және сауданың
дамуы, сондай-ақ саяхаттың қауіпсіздік жағдайының өзгеруі жатады.
Ішкі факторлар – бұл факторлар туризм сферасына тікелей әсер етеді. Ең
алдымен оларға материалды техникалық факторлар жатады. Бұл жерде біз ішкі
факторлар туризмге ғана емес, туризм индустриясына да қатысты деп
көрсеткіміз келеді. Себебі олар таза экономикалық көрсеткіштерге ие.
Мысалы, орналастыру орындарының, транспорт, тамақтану орындары,
рекреациялық сфера, жекеше сауда және т.б. өсуі.

1.2 Туризм индустриясын дамыту проблемасына теориялық негіздеме

Туризм факторларын анықтап және анализдеп болған соң туризм
индустриясын зерттеуді бастау керек. Туризм индустриясы экономиканың жеке
саласы ретінде жоспарлы экономика жағдайында болған жоқ.
Туризм индустриясы терминінің анықтамасын берейік:
Туризм және туризм индустриясы түсінігі ұқсас және бір мағыналы
сияқты. Ғылыми әдебиеттерде ғалымдар бұл терминге әр түрлі анықтама береді.
Туризм индустриясы түсінігі өте көлемді және қиын. ССРО кезінде оған
бірінші рет П.Г.Олдак анықтама берген: Туризм индустриясы туризм қызметін
сату және құруға маманданған қызмет көрсетуші мекемелермен мінезделеді
немесе туристердің төлеу қабілеттілік сұранысын қанағаттандыруға
мамандандырылған экономиканың бөлек саласы.
С.Р.Ердаулетовтың ойынша туризм индустриясы туризмнің шаруашылық
деңгейін анықтайды. Туризм индустриясы – таза экономикалық категория
болып табылады. И.В.Зорин, В.А.Квартальнов туризм индустриясын шаруашылық
құрылымның дербес звеносы деп анықтады; комплексті салалар мен бөлімдерден
құралған экономикалық жүйе, олардың функциялары демалыс және көңіл
көтерудің барлық түріне қиын және әр түрлі сұранысты қанағаттандырумен
шектеледі.
Біздің ойымызша туризм индустриясы – бұл табиғаттағы рекреациялық
байлығына сүйенетін, сервис инфрақұрылымының барлық формалары кіретін
демалу және көңіл көтеруге қоғамның сұранысын қанағаттандыратын қиын,
шаруашылық, өндірістік және әлеуметтік қызметтің көпқырлы жүйесі.
Туризм және туризм индустриясы терминінің анықтамасы жалпы
қабылданғаннан бірнеше айырмашылығы болу керек. Олардың айырмашылығы
теориялық бағыттың Туризм терминіне географиялық тұрғыдан және Туризм
индустриясы терминіне экономикалық тұрғыдан қарау. Туризм – бұл саяхат, ал
саяхат – ғасырлардан қалыптасқан түсінік, олар саяхатшы-географтармен
жасалған географиялық ашылулар. Сондықтан туризм – бұл таза географиялық
түсінік.
Туризм индустриясының экономикалық мәні бар. Индустрия сөзі үлкен
өнеркәсіп деген мағынаны білдіреді (л.т. industria - қызмет). Туризм
индустриясын экономикалық тұрғыдан қарау бұл саланың масштабтылығы мен
тиімділігіне аз капиталдың сиымдылығы және құйылған қаржының тез өтелуіне
байланысты.
Туризм индустриясының ерекше қасиеттері:
Туристік мекемелердің ресурстарға байланысты орналасуы, өндірістің
маусымдылық және циклді мінезі, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымға
үлкен инвестицияның міндеттілігі жатыр. Туризм индустриясын дамытуды дұрыс
түсіну үшін экономикалық саланың оң және теріс жақтарын бөліп көрсету
керек.
Туризм индустриясының оң жақтарына:
- ЖІӨ құрылымында туризмнен түскен табыстың өсуі;
- аудандарда әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы;
- туризм сферасында жұмыс істейтіндердің өсуі;
- экономиканың басқа салаларымен бәсекелестіктің артуы;
- аудандардың білім және ғылым потенциялының өсуі;
- агломерацияға антропогенді әсердің азаюы;
- инвестициялық бағдарламалардың тез өтелуі.
Теріс жақтарына:
- ЖІӨ құрамында табыстарды иррационалды үлестіру;
- өндірістік инфрақұрылымның кейбір салаларының стагнациясы;
- туризм индустриясына басқа экономика салаларының экономикалық
бағыныштығы;
- туризм индустриясында техникалық мамандандырылған кадрлардың азаюы;
- игерілмеген табиғи территорияларға антропогенді әсердің өсуі.

Біздің атап өткен туризм индустриясы дамуының оң және теріс жақтары
тұрақты емес, олар біздің ұлттық экономикамыздың жаңа секторларының
қалыптасуына байланысты өзгертіліп және толықтырылып тұрады.
Туризм индустриясының оң және теріс жақтары оның экономикадағы және
қоғамдағы орнын анықтайтын факторлардың бір бөлігі ғана.
Туризм индустриясының құрылымын және қазіргі этапта оны басқару
құрылымын анықтау қажет.
Қазақстанда В.Г.Волошин туризм индустриясының құрылымын көрсетті. Біз
Қазақстанның туризм индустриясының альтернативтік, бірыңғайландырылған
құрылымын ұсынамыз.
Біздің берген нұсқамыздың негізгі айырмашылығы табиғи рекреациялық
потенциалды енгізу. Қазақстан үшін табиғи рекреациялық потенциал факторы
оның масштабтылығы, әр түрлілігі және қайталанбайтындығы жағынан тең
келмейтін байлық. Қазақстан экономикасының қазіргі даму этабында туризм
индустриясына құйылатын қаржының жетіспеушілігі кезінде бұл фактор оның
құрылымының басты элементі болуы керек.

Қазақстан туризм инудстриясының құрылымы

Туризмді басқаратын
Тғы рекреациялық мемлекеттік орган
потенциал


Туризм индустриясы

Туризм Туристік фирмалар,
инфраструктурасы агенттіктер


Ғылым және білім Жар-қ ақпараттық
беру ұйымдары мекемелер БАҚ

1-сурет.

Көрсетілген құрылым туризм индустриясының қазіргі бөлімін қамтиды
және Қазақстан Республикасының жаңа туристік саясаттың құрылуына негіз бола
алады. Демек, туризм индустриясы қиын экономикалық жүйе. Қазақстанда туризм
индустриясының дамуы мемлекеттің бюджетіне қаржы түсіріп, туризммен
байланысты және Қазақстан экономикасының басқа салаларына қатысты қиын
әлеуметтік, экологиялық, демографиялық және басқа проблемаларды шешуге
көмектеседі.
Батыста туризмнің әлеуметтік-экономикалық мәнін бұрыннан түсінген.
Сондықтан да 20-ғасырдың 80-жылдардың аяғында туристік ұйымдардың әр түрлі
эксперттері мен барлық мүмкіндіктегі комиссиялары 2000 жылдары және одан да
ары 2025 жылдары туризм қандай болады? – деп болжам жасауға ұмтылған,
себебі оның әсерлі даму стратегиясын құрастыру қажет болды. Сол кезде, 80-
шы жылдары, туризм өзінің мәні бойынша халықаралық қызмет түрлерінің ең бір
алғашқы бірінші дәрежелі болады деп жазылды. Мұны біз оны дамытуға жұмсалып
жатқан қаражаттың динамикалық көтерілуінен біле аламыз және де бірінші
жоспарға үлкен трансұлттық қаржылық топтар өздерінің транспорт қорымен,
қонақ-үй комплекстік байланысымен, электронды есептеуіш және ақпараттық
орталықтарыменен ене бастады.
Әлемдік туристік нарықты 2020 жылға дейінгі аралықта маңызды
сегменттер есебінде ДСҰ круизді, конгресс туризмді, тақырыптық-қалалық
туризм, мәдени туризм, эксклюзивті және спорттық туризм, сондай-ақ
жағажайлық демалысты атады. Ал сол кезде әлемде 2020 жылы болжаған
туризмнің келу саны 156,1 млн. адамды құрауы мүмкін.
Қазақстан үшін бұл кезеңде әлемдік туристік нарықта оқиғалы және
спорттық туризм маңызды сегмент болып табылады, оған Республикада
жеткілікті рекреациялық ресурстары бар.
Әлеуметтік туризм және еңбекшілердің демалысы бойынша халықаралық
ассоциациясының президенті Ж.Фошенің ойынша, туризмді дамыту тек қаржылық
табыс түсіру негізінде ғана болса және де әлеуметтік, мәдени және
гуманитарлық аспектілерді көрсете алмаса, мұндай жұмыс ұзаққа бармайды,
адамдар мен оны қоршаған орта үшін келешегі жоқ деген.
Туризм дамуының ғаламдану концепциясын құрастыру әлемде әлеуметтік
мәнге ие, егер де адам дамуының ұзақ мерзімдік болжамына сүйенетін болсақ,
онда туризм дамуының максималды дәл ғаламдық концепциясы үшін адам дамуының
экологиялық және демографиялық ұзақ мерзімдік болжамдарын анализдеу керек
. Ал мұндай ұқсас болжамдарды әр елдің ғалымдары үзбей зерттеп отырады.
Вашингтондық World watch институты өзінің шығарған жылдық Әлемнің
қазіргі жағдайы 1998 атты баяндамасында мынадай ескертулер бар, яғни
әлемдік ресурстарды (қолдану) пайдалану келесі 50 жылдың ішінде бірден
көбейеді. Біздің жер шарындағы халық 60 пайызға көбейеді деп болжануда.
Сонда 6 миллиардқа жуық адамға тағы да 3,5 млрд. адам қосылады. Бұл өзімен
бірге табиғи ресурстар шығынның көлемін үлкейтеді. Баяндамада айтылғандай,
соңғы 50 жылда әлем өзінің орман массивінің тең жартысын жоғалтып алған.
Әрине экономиканың мұндай саласын қарыштатып дамыту үшін көп көлемде
табиғи рекреациялық ресурстарды қолдануға тура келеді. Бұл өз кезегінде
маңызды проблемаға айналып отыр. АҚШ-та, Еуропада, Қытайда, Үндістанда,
Таяу Шығыста және Африкада су қоры азаюда. Баяндамада әлем елдерін
планетамызды қоршаған ортаға қажетті экологияны қарастыруға шақырады. Бұл
Қазақстан үшін де көкейтесті мәселенің бірі.
Келесі бір адам дамуындағы маңызды, ұзақ мерзімді болжам жер халқының
санағы жайындағы демографиялық болжам. 2001 жылы БҰҰ есебі бойынша халықтың
саны ұдайы өсіп отырады деп болжаған, яғни 2050 жылы 9,3 млрд-қа және де
2150 жылы 10 млрд. деңгейінде тұрақталады делінген. Бірақ та кейінгі
кездері демографтар жиі-жиі мүлдем басқа болжамдар жасап отыр.
Әрине бұл демографиялық факторлар туризм индустриясының қарыштап
дамуына үлкен әсер етуі сөзсіз, себебі түсінікті де.
Келесі бір адам дамуындағы ұзақ мерзімдік маңызды болжам
планетамыздағы ғаламдық құрғақтану, бұл өз кезегінде туризм дамуының
концепциясын нақтылай түсуге елеулі әсер етеді.
БҰҰ-ның 2002 жылы 21-наурызда шыққан баяндамасында, Судың
Дүниежүзілік күнін атап өту кезінде, егер де дәл қазіргідей сол масштабта
әлем суды осылай пайдаланатын болса, 2025 жылы 2,7 млрд. адам су
тапшылығына кезігеді делінген. Тағы 2,5 млрд. адамның тұщы суға жетуі
шектелген болады.
Ең бір су жетіспеушілік салдарынан дау-жанжал туындайтын әлемдегі
аумақтардың бірі Орта Азия. Сондықтан да Сібірлік өзендердің суын осы
аумақтарға бұру мәселесі өте актуальды болып отыр. Бұл мәселе Кеңестік
заманда да талқыланып, белгісіз себептермен кейінге ысырылып қойды. Қазіргі
кезде бұл өзендерді бұрмалау жобасы Қазақстан мен Орта Азияның
қызығушылығын тудырып отыр. Егер де бұл жоба іске асар болса, онда аумақта
тек қана туризм индустриясын дамытып қана қоймай, бірқатар өзекті
мәселелердің шешім табары сөзсіз.
Халықаралық туризмді мамандар біріншіден қызметтер мен тауарлардың
халықаралық саудасының бөлігі ретінде қарастырады. Ол кезегінде халықаралық
сауда-саттық теориясының абсолюттік басымдылық теориясын; салыстырмалы
басымдылық; факторлардың қарым-қатынасын қатыстырады.
Абсолюттік басымдылық халықаралық туризмде маңызды роль атқарады.
Керемет табиғи және тарихи-мәдени ескерткіштер шығу туризмінен басқа
елдердің алдында абсолютті басымдылықты байқатады.
Абсолюттік басымдылықты табиғи ескерткіштер бойынша мына топтар
иемденеді: Непал, Қытай, Пәкістан (территорияларында әлемдегі ең биік
шыңдар 8 мың метрден жоғары, оның ішінде Эверест те бар), АҚШ (Гранд-
Коньон); Венесуэла (әлемдегі ең биік сарқырама) және т.б.
Абсолюттік басымдылықты тарихи-мәдени ескерткіштер бойынша мына топтар
иемденеді: Египет (Гиза-Дахшур ауданындағы пирамидалар, ежелгі Фивтер);
Греция (Афинадағы Акрополь, Бассаедегі Аполлон Эникурейдің храмы); Франция
(Версальдағы саябақтар мен сарайлар және - Фонтенбло); Ресей (Санкт-
Петербург, Мәскеудегі - Қызыл алаң және Кремль); Қытай (Қытайдың ұлы
қорғаны)және т.б.
Жоғарыда аталып кеткен елдер өздерінің абсолютті басымдылықтарын
халықаралық туристік нарықта керемет туристік өнім құрап пайдаланып өз
секторын қалыптастырады.
Қазақстанда өзінше орналасқан бірқатар табиғи ескерткіштер кейбір
абсолютті басымдылықты иемденеді. Мысалы, әлемдегі ең солтүстіктегі таулы
шың Хан-Тәңірі, биіктігі - теңіз деңгейінен жеті мың метрден жоғары, әрі
Алматы сияқты мегаполистің қасында орналасқан. Жақын маңда аэродром
болғандықтан Алматылық турфирмалардың қызметкерлері Алматыдан альпинистерді
вертолетпенен 3,5-4,5 сағатта Хан-Тәңірінің астына апарып тастай алады. Бұл
басқа жеті мың метрлік шыңдары бар елдердің алдындағы айқын басымдылық.
20-шы ғасырдың соңғы 10-жылында ТМД елдерінде туризм индустриясына
келген тікелей инвестицияның көлемі үлкен емес. Сондықтан да мамандардың
айтуынша мұндай инвестициялардың нәтижесін әзірге Батыс елдері пайдалануда.
Басқаларына қарағанда инвестициясының кең тараған түрі жобалы несиелеу,
жобаға бірге қатысу; басқаруға келісім шарт жасау.
Қазақстан Республикасы шетелдік инвесторларға тартымдылығы келесідей
басты негіздермен анықталады:
1. Потенциалды жоғары пайда коэффициенті.
2. Нарықтың үлкен потенциалы.
3. Табиғи ресурстарды пайдалану мүмкіндігі.
4. Болашақта Шығыс пен Батысты біріктіруші халықаралық транспорттық
маршруттық перспективасының болуы.
1997-2000 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының өкілетті
ұйымдармен 171 инвестициялық келісім шарт 1240 млн. доллар көлемінде
түзілген. Оның ішінде туризм саласына 12,21 млн. доллар тартылған.
Туризм саласына мұндай аз көлемдегі инвестицияның негізгі себебі:
1. Қазақстан Республикасы бағдарламасының жоқтығы.
2. Жеткілікті сервистің және сол жердегі коммуналдық құрал-жабдықтың
жоқтығы.
3. Республика территориясындағы транспорттық кестенің оптималды
еместігі.
Жаңа инвестициялық саясаттың негізгі міндеті – Қазақстандағы өту
кезеңінің жағдайында инвестициялаудың қазіргі моделін нақты жағдайларға
адаптациялау. Олардың бірі – инвестициялық қаржыландыруды бюджеттік емес
көздерінде мобилизациялау. Бұның арқасында дамыған мемлекеттерде капиталды
салымдардың және ұлттық шаруашылықтың негізгі бөлігін қамтамассыз етеді.

1.3 Қазақстандағы ішкі туризімінің қазіргі жағдайына сипаттама

Туризм – демалыспен, бос уақытпен, спортпен, сондай-ақ мәдениетпен
және табиғатпен тілдесумен тікелей байлынысты, жеке және ұжымдық толық
жетілудің жолы ретінде жоспарлануы жеке тәжірибеге негізделуі тиіс қызмет.
Туризм – әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады.
Дүниежүзілік туристік ұйымның деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттық
өнімнің бір бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан
астамын, әлемдік өндірістегі әрбір 9-шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді.
Қазіргі туризм индустриясы ірі жоғары табысты және жоғары деңгейде
дамып жатқан халықаралық саудадағы қызмет көрсетулердің бірі. Халықаралық
туризм әлемдік экспорт табысының 8 пайызын, экспорттағы қызмет
көрсетулердің 37 пайызын алады. Ішкі туризмнен түскен табыс, табыс көлемі
бойынша мұнай, мұнай өнімдерін және автомобиль экспорттаудан кейін үшінші
орын алады. Қазіргі деңгейдегі жағдай жаңа мыңжылдықта да қала бермек.
Ал туризмнің өсуіне негізгі себеп болатын, ол туризм әлемдегі дәстүрлі
аудандардан басқа, жаңа территориялардың пайда болуы. Осыған байланысты
Қазақстанда әлемдік туристік нарықтағы өзінің орнын алып қалуға зор
мүмкіншілігі бар.
1993 жылы Қазақстан Республикасы, дүниежүзілік туристік ұйымға нақты
мүше болып кірді.
Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның
ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің
экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылығын жүргізуін
субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда,
мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты.
Біздің ғасырымызға дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек
жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан ішкі туризімінің тарихи алғы шарттары
болып табылады
Қазақстанның тәуелсіздік алуы ішкі туристік қызметті реттеу мен
халықтық тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз болып қаланды.
Туризмнің тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың
барлық саласына және қоғамның әл-ауқатына күшті ықпалын назарға ала
отырып, үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламасында туризмді
басты сала деп анықтады.
Қазіргі туризм – бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы.
Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін
табысын алу үшін, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2
тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте,
шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс
таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі
бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде
кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды.

Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал
туризмді дамыту – ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.
Туризм жалпы алғанда, мемелекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:
1. Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі
мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.
2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. ДТҰ мен
Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша, туризм
өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда болатын 5-тен 9-
ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде
экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.
3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.
Қазақстанда ішкі туризмнің дамуы үшін нормативтік-құқықтық база
құрылды. 2001 жылдың маусымында "Қазақстан Республикасындағы
туристік қызмет туралы" жаңа заң қабылданды. Ол Қазақстан Республикасы
экономикасың бір саласы ретінде туристік қызметтің құқықтық,
экономиканың, әлеуметті және ұйымдастырушылық негізін айқындайды.
Заңға сәйкес Қазақстандағы туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізі
принциптері болып: туристік қызметке жәрдем беру және оның дамуына қолайлы
жағдайлар жасау, туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау,
сонымен қатар Қазақстан туризм үшін қолайлы ел туралы түсінікті
қалыптастыру саналады.
1993 жылы Қазақстандағы туризм индустриясын дамытудың ұлттық
бағдарламасы, 1997 жылғы "Жібек жолының тарихи орталықтарын жандандандыру.
Түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту,
1997-2000 жеке туризм инфрақұрылымын құру туралы" Қазақстан Республикасының
мемлекеттік бағдарламасын қабылдады. 1997 жылы 2030 жылға дейінгі туризмді
дамыту стратегиясы жасалды.
Қазіргі уақытта 2000-2015 жылдарға арналған туризмді дамыту жөніндегі
республикалық бағдарламаның жобасы жасалған. Бұл бағдарламаның басты
мақсаты республикада қазіргі заманға сай жоғары нәтижелі жеке бәсекеге
қабілетті туристік немен құру, экономиканың қосалқы салаларын өркендету.
Сонымен қатар ол Қазақстанның ішкі туристік бейнесін қалыптастыруға және
нығайтуға бағытталған.
Мемлекет Басшысының “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси
жедел жаңару жолында” атты халыққа Жолдауында туристік сектор шикізаттық
емес саладағы ел экономикасының мамандануын анықтайтын мемлекеттің ұзақ
мерзімге арналған жеті кластерінің қатарында экономикалық басымдықтардың
бірі болып белгіленді.
Қазақстанның мәдени-тарихи және демалыс зоналарын жетілдіру мен
сақтауға, саланың ғылыми-әдістемені қамтамасыз етілуіне, кадрларды
дайындауға және қайта дайындауға үлкен мән бөлінетін болады.
Мақсаты. Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер
етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және
жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық, тұрмыстық, мәдени,
медициналық қызмет көрсетуі дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм
индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда,
неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Осындай көрсеткіштерге ие болып отырған туризм саласы Қазақстан
Республикасында енді бой көтеріп келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев мемлекеттің
экономикасына валюталық кірістің көзі ретінде туризмді перспективті
салалардың бірі деп бірнеше рет атап өтті. Бірақ, бүгінгі таңда
Қазақстанда туризм саласы қажетті әлемдік стандарттардан артта қалып отыр.
Бұл бірқатар жағдайлармен анықталады, олар:
– туристік инфрақұрылымның әлі де дами қоймағандығы;
– шетел инвестициясын туризмге қызықтыратын қаржылық-кредиттік
жүйенің жетілмегендігі;
– мемлекеттің көрікті орындарының және туристік жерлерінің шетелде
жарнамаланбауы және жеткілікті насихатталмауы;
– туризм саласында жоғары квалификацияланған мамандардың аздығы;
– туризм индустриясын нарықтық бәсекелестікке сай құру үшін
ұйымдастырушылық, инновациялық және экологиялық негіздің дамымағандығы,
туримзнің ғылыми негізінің өңделмегендігі.
Туризм индустриясын үлкен көлемді бизнес негізінде дамытуды
қалыптастыру және рекреациялық потенциалды, рационалды пайдалану Қазақстан
2030 стратегиясын, Қазақстан Республикасында туризмді дамыту
концепциясы, Қазақстан Республикасының Туристік қызмет туралы заңын және
басқа да нормативті-құқықтық актілерін жүзеге асыру мақсатында бағытталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің туризм саласындағы белгілеген барынша
маңызды міндеттерінің бірі – Қазақстанды орталықазиялық өңірдегі туризм
орталығына айналдыру.
Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты сырттан келушілер туризмі және ішкі
туризм көлемін арттыру есебінен халықты жұмыспен қамтуды, мемлекет пен
халық кірісінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті
туристік индустрия құру.
Қойылған мақсаттарға сәйкес бірінші кезектегі міндеттер мыналар болып
айқындалды:
– туризм инфрақұрылымын дамыту;
– туризмді мемлекеттік реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін
құру;
– елдің тартымды туристік имиджін қалыптастыру;
– туристік әлеуетті арттыру;
– рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастыру.
Қазақстанның қазіргі экономикасында ішкі туризмнің ролі айқындалып
келеді.
Астана, Алматы қалаларында, Атырау, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында
сырттан келушілер барынша кең көлемі байқалады, бұл ретте іскерлік туризм
басым. Көрсетілген қалаларда, сондай-ақ Алматы, Қарағанды, Солтүстік
Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында неғұрлым сыртқа шығушылар
туризмі дамыған.
Ішкі туризмнің барынша дамуы Астана, Алматы қалаларында, Шығыс
Қазақстан, тұтастай алғанда Қарағанды туризімінде, Алматы және Ақмола
облыстарында байқалады, республика бойынша туризмнің барлық түрлерінен
барынша көп туристке Алматы, Астана қалаларында, Шығыс Қазақстан,
Қарағанды, Алматы, Атырау және Ақтөбе облыстарында қызмет көрсетілген (4-
қосымша). Бұл өңірлердегі туристердің сапар мақсаты негізінен іскерлік
және кәсіби мақсат, бос уақыт, рекреация және демалыс, сондай-ақ шоп-турлар
болып табылады.

Өндірілген өнім (жұмыстар мен қызмет көрсетулер) көлемі
(млн. теңгеде)

2003 ж. 2004 ж. 2005 ж.
БАРЛЫҒЫ 9055,0 22386,9 29944,0
оның ішінде:
Туристік фирмалар 2926,2 3204,2 5028,0
Қысқа мерзімде тұруға арналған 2181,4 14530,7 17737,5
қонақ үйлер және басқа да
орындар,
оның ішінде:
мейрамханалары бар қонақ үйлер 1547,5 12886,4 15927,0
мейрамханалары жоқ қонақ үйлер 524,4 1297,5 1533,3
жастар туристік лагерлері және 33,5 41,4 57,7
таулы туристік базалар
кемпингтер - 148,9 0,7
басқа да тұрғылықты жерлер 76,0 156,5 218,8

2001 жылдан бастап, жергілікті атқарушы органдар саланы дамытуға
қажетті қаржылай қаражатты бөліп келеді, алайда, талдау көрсеткеніндей,
облыстардағы туристік индустрияның дамуын тежеуші факторлардың бірі
жергілікті атқарушы органдардың экономикалық өсімді қамтамасыз ететін
басымдықтардың бірі ретінде аталған салаға жеткіліксіз назар аударуы болып
табылады. Айталық, ішкі туризмді дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған
өңірлік және республикалық бағдарламасын іске асыруға Солтүстік Қазақстан
облысында жыл сайын орта есеппен 400 мың, ал 2006 жылға - 329 мың теңге,
Павлодар облысында жыл сайын - 500 мың теңгеден және Қостанай облысында –
1,5 млн. теңге шегінде бөлінді.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша
2005 жылы Қазақстан Республикасының аумағында 515 туристік объект болды,
оның ішінде: 273 мейманхана, 7 кемпинг, 36 санаторий, 15 санаторий-
профилакторий, 12 профилакторий, 5 емдеу-профилакторий орталықтары,
4 пансионат, 29 демалыс аймағы, 27 демалыс үйі, 24 туристік база, 35
сауықтыру лагері, 4 тау шаңғысы базасы, 13 қонақ үй, 9 аңшылық үй, 1
балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығы, 7 сауықтыру кешені, 6 мұражай,
2 кесене, 1 туризм жөніндегі мемлекеттік кәсіпорын және басқалары
(клубтар, қолөнершілер қалашықтары) - 5.

2005 жылғы қолданыстағы 385 қонақ үй мен басқа да орналастыру орнының
340-ы жеке меншік нысанында, 22-сі мемлекет меншігінде және 23-і басқа
мемлекеттердің меншігінде болды.

Елде үш, төрт, және бес жұлдызды 78 қонақ үй жұмыс істейді, қалған
қонақ үйлер басқа санаттарға жатады.
Республика бойынша туристерді орналастыру объектілерін пайдаланудан
түскен кіріс 2005 жылы 21156 млн. теңгені құрады, аталған кәсіпорындар
көрсеткен қызмет көлемі 17737,5 млн. теңге, оның ішінде – мейрамханалары
бар қонақ үйлер – 15927,0 млн. теңге, мейрамханаларсыз қонақ үйлер – 1533,3
млн. теңге, жастар жатақханалары мен таудағы туристік базалар – 57,7 млн.
теңге; кемпингтер, мотельдер, автофургондар мен автотіркемелерді қоюға
арналған тұрақтарда көрсетілетін қызметті қоса алғанда – 0,7 млн. теңге,
қалған орналастыру объектілері – 218,8 млн. теңгені құраған (6-қосымша).
Мамандандырылған орналастыру орындарында: 106 санаторий, пансионат,
санаторий-профилакторийде 2005 жылы емдеу-сауықтыру қызмет көрсетулерін
257,4 мың адам пайдаланған, 13 демалыс базасы мен үйінде, пансионаттарда
32686 адам демалған. Неғұрлым танымал емдеу орындарына “Сарыағаш” (ОҚО),
Арасан-Қапал (Алматы облысы), “Мойылды”, “Баянауыл” (Павлодар облысы),
“Жаңақорған” (Қызылорда облысы), Щучье-Бурабай аймағы (Ақмола облысы),
“Каспий” (Маңғыстау облысы) және басқалары жатады.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2003
жылы туризм объектілерінің негізгі жаңа құралдарына 29591,8 млн. теңге,
2004 жылы 37895,2 млн. теңге, 2005 жылы 33994,3 млн. теңге инвестиция
бөлінген. Бұл туризм саласына инвестиция тартудың оң үрдістеріне куә
болады, алайда қабылданып отырған шаралар инфрақұрылымды дамытуға және
туристік индустрияны инвестициялауды ынталандыруға анық жеткіліксіз. Талдау
көрсеткеніндей, елдің инфрақұрылымын дамытуға салынған инвестициялардың
жалпы сомасынан туристік ұйымдардың қызметін жүзеге асыруға 2003 жылы тек
139 млн. теңге, 2004 жылы 242 млн. теңге және 2005 жылы 48,3 млн. теңге
тартылған.
Туристік қызметке жасалған талдау Астана және Алматы қалаларына
шекараның арғы жағынан келген туристер сапары іскерлік мақсатта болатынын
(іскерлік туризм) және олар сапалы әрі қызмет көрсетулердің толық жиынтығын
ұсынатын қонақ үйлерге тоқтағанды жөн санайтынын көрсетті. Елдің іскерлік
орталықтары – ірі қалалардағы халықаралық деңгейдегі қонақ үйлер желісінің
одан әрі дамуы дәл осы іскерлік туризмге байланысты болады.
Алайда, қонақ үйлерді, пасионаттарды, демалыс үйлері мен базаларын
қоса алғанда, орналастыру объектілерінің материалдық базасы, сондай-ақ
санаторийлік-курорттық мекемелер моралдық және физикалық тұрғыдан тозудың
жоғары шегіне жетуімен сипатталады.

Қазіргі ішкі туризм экономикалық құбылыс ретінде индустриалды формасы
бар, ұлттық экономиканың жылдам дамуының катализаторы болып ілгері басып,
жаңа жұмыс орындарын береді, ұлттық кірістің өсуіне әсер етеді, жергілікті
инфрақұрылымның дамуын және жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін
көтереді. Туризм индустриясы инвестицияның жылдам өтелуімен және жоғары
дәрежелі тиімділікпен айқындалады. Яғни, туризм мемлекет экономикасына
қолайлы жағдай тудырып, оның дамуына әсер етеді.

Облыстар тұрғысынан туризм түрлері бойынша
қызмет көрсетілген келушілер саны

Туризм түрлері бойынша қызмет көрсетілген келушілер
саны
барлығы оның ішінде
сырттан сыртқа ішкі
келушілер шығушылар
Қазақстан 1817402 304664 217961 1294777
Республикасы
Ақмола 58529 1377 480 56672
Ақтөбе 63733 9222 4765 49746
Алматы 152593 971 32080 119542
Атырау 91883 30963 5122 55798
Шығыс Қазақстан 168320 8434 3200 156686
Жамбыл 40101 2204 4416 33481
Батыс Қазақстан 36498 6333 7905 22260
Қарағанды 161477 14387 14164 132926
Қостанай 39148 4482 2424 32242
Қызылорда 15141 2020 746 12375
Маңғыстау 59050 8203 2487 48360
Павлодар 60353 2626 2900 54827
Солтүстік 53843 6237 8911 38695
Қазақстан
Оңтүстік 55020 4172 1217 49631
Қазақстан
Астана 251432 31900 31783 187749
Алматы 510281 171133 95361 243787

1998-1999 жылдары Қазақстанға 100 әлем мемлекеттерінің өкілдері келді.
Біз зерттеген уақыт барысында Қазақстанға туристер жіберетін мемлекеттері
ішінде 1-орында Германия, 2-орында Ресей, содан кейін Туркия, АҚШ және
Жапония елдері (2-сурет).
Көрсеткіштерді анализдеп, Германия азаматтарын резидент емес
туристерге қызмет көрсету басымдылығы Қазақстанда үлкен неміс диаспорасының
барлығымен түсіндіріледі: Ресей, екінші орында, бұл географиялық жақындылық
және біздің мемлекеттер арасындағы ескі байланыстар. Туркия үшінші орында
тұр. Бұл тарихи тамырлардың, тілдің, мәдениеттің жалпылығы, сонымен қатар
Туркияның Қазақстанға деген кәсіпкерлік ортаға қызығушылығы. АҚШ және
Жапония Қазақстанға негізінен экономикалық тұрғыдан құштар.
Аталған 5 мемлекеттің резидент еместерге қызмет көрсетуден 1998 жылы
кіріс 709,1 АҚШ долларын немесе жалпы кіріс суммасының 51% құрды. 1999 ж.
кіріс 358,2 мың АҚШ долларын немесе 43,1% қысқарды.
Біз Қазақстанға туристер жіберуші мемлекеттерді 6 категорияға бөлдік.
Бұл: 1) 10 мыңнан аса туристер жіберуші мемлекеттер; 2) 5 мыңнан 10 мыңға
дейін туристер жіберуші мемлекеттер; 3) 1 мыңнан 5 мыңға дейін; 4) 5000-ден
1000-ға дейін туристер жіберуші мемлекеттер; 5) 100-ден 500-ге дейін
туристер; 6) 100 туристен аз мемлекеттер.
Осы категорияға сәйкес 1998 жылы бірінші категорияда Германия 14838
туристер, екінші категорияда жіберуші мемлекеттер болған жоқ, үшінші
категорияда 6 мемлекет бар: Ресей, Туркия, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Қытай
(24,5% жалпы резидент емес туристерден), төртінші категорияда : Франция
және Пәкістан (4,2%), бесінші категорияда 18 мемлекет, олардың ішінде:
Корея Республикасы, Өзбекістан, Украина, Австрия, Италия, КХДР, Иран және
Қырғызстан. 18 мемлекеттің үлесі 11,3 пайыз құрды. Алтыншы категорияға
қалған мемлекеттер (9,6%). 1999 жылы бұл жағдай келесідей болды:
бірінші категорияда Германия 18503 туристер;
екінші категорияда мемлекеттер жоқ;
үшінші категорияда 7 мемлекет: Ресей, Туркия, АҚШ, Жапония,
Ұлыбритания, Қытай және Франция (31,5% жалпы резидент емес туристер
санынан);
төртінші категорияда 6 мемлекет: Австрия, Корея Республикасы,
Пәкістан, Израиль, Индия, Нидерланды (8,2%)
бесінші категорияда 25 мемлекет: Филиппины, Өзбекістан, Италия,
Қырғызстан, Тәжікстан, Швейцария, Греция және Польша сияқты мемлекеттерді
атап көрсетуге болады. Барлық 25 мемлекеттің үлесі жалпы резидент емес
туристер санының 11 пайызын құрды;
алтыншы категорияда қалған барлық мемлекеттер туристерді жіберуші
мемлекеттердің жалпы құрылымның 12,1 пайызын құрды.
Бұл бөлуде 1998-1999 жылдар Қазақстанда шетелдік туризмнің даму
тенденциясы шұғыл өзгермегендігі байқалады. Бірақ 3-ші категорияда мемлекет
үлесі - 7,0 %, 4-ші категорияда – 4,0%, 6-шы категорияда – 2,5% өсті.
Сондықтан Қазақстан Республикасы өзінің табиғи рекреациялық және
экономикалық потенциалына сүйене отырып, келу (шетелдік) туризмін дамыту
керек. Бұл туризм индустриясының Клондайкомы болып табылады.
Шетелдік туризмді дамыта отырып, оның әсерінің нәтижесін үйрену керек.
Әрине бүгінгі күнде шетелдік туризмнің дамуы Қазақстанға ешқандай әсер
еткен жоқ. Сонда да жалпы қабылданған шетелдік туризмнің әсерін келтірейік.
Н.Ю.Малашенко туризм дамуының дамушы мемлекеттерде экономикалық-әлеуметтік
және экологиялық әсерін бөліп көрсетеді. Біз тек экономикалық әсерін
шетелдік туризмге қатысты жағдайларды көрсетеміз (4-кесте).
4-кесте.
Дамушы мемлекеттерде шетелдік туризм дамуының экономикаға әсері
Пайда Зиян
Халықаралық еңбек бөлінісіне Нақты валютаның ағып кетуі.
қатысудың ұлғаюы
Жергілікті ресурстарды пайдалану. Дәстүрлі жұмыстан кетуі.
Нақты валютаны және шетелдік Жұмыссыздық қаупі.
капиталды тарту.
Жергілікті іскерлік айналымның өсуі. Маусымдылық жұмыс бастылық.
Ұлттық тауар және қызмет өндірісінде Инфляция.
құрылымды жылжуы.
Жұмыс бастылықтың ұлғаюы. Шетелдік компанияларға басшылық-тық
узурпациясы (басымдылық).
Жеке табыстың өсуі. Халықаралық экономикалық
конъюнктураға, сәнге, саяси жағдайға
бағыныштылығы.
Аймақтың диспропорция балансы. Экономикалық кризистердің және
дамудың жөнге келтірілмеуі.
Шетелде мемлекеттің экономикалық
имиджін жасау.

Дамушы мемлекеттерде туризм дамуының бір ерекшелігі ұлттық (ішкі)
туризмнің болмауы және осы жерде қалыптасқан туризм индустриясы сыртқы
сұранысты қанағаттандыруға бағытталған. Бұл Қазақстанда да өз дәрежесінде
байқалады. Бірақ, бізде сыртқы сұранысты қанағаттандырудың кері процесі
келуші (шетелдік) туристерге емес шығушы (резиденттер) туристерге жүреді.
Осылай 1999 жылы резидент емес туристер саны 22% құрды. Бұл фактілер, яғни
Қазақстанның туристік қызметінің келу нарығындағы жағдайының анализі
туризмнің барлық проблемаларын қамтитын заңның жетіспеушілігін, қатаң салық
салудың, тарифтің тым арттырылуын, туристік инфраструктураның нашарлығын,
біздің мемлекетіміздің көрікті табиғатының шетелде жарнамаланбауын және
туризмнің насихатталмауын дәлелдейді.
Жалпы біздің ойымызша шетелдік туристерді тарту негізінде туризм
индустриясын қалыптастыру және дамыту – жақын болашақтың жұмысы.

Жыл сайын көрме алаңдары ұлғаюда, республиканың туристік ұйымдарының
өкілдіктері кеңеюде, жарнамалық-ақпараттық өнімнің сапасы артуда.
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінде (Лондон қ.) 2004
жылғы қарашада Қазақстанның бірінші туристік өкілдігі ашылды.
Бүкіләлемдік туристік ұйымның Іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген KITF
– Қазақстан халықаралық туристік жәрмеңкесі Алматы қаласында, “Белуха”
халықаралық туристік фестивалі Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын
өткізіледі. 2005 жылы KITF жәрмеңкесіне әлемнің 23 елінен 200-ден астам
компания қатысты, ал 2006 жылы оның экспоненттері 30 елден
450 компания болды. Сонымен қатар негізгі мақсаты туристер ағынын
елдің орталық және солтүстік өңірлеріне тарту, ел ордасы – Астананың үшінші
мыңжылдық қаласы ретінде имиджін қалыптастыру болып табылатын “Астана-
Демалыс” халықаралық қазақстандық туристік көрме жыл сайын өткізіліп
тұрады.
Туристік бизнес кәсіпкерлері үшін гранттар, техникалық көмек және
инвестициялар тарта отырып бизнес-жоспарлар құру мен инвестициялық жобалар
жасау бойынша оқытып үйрету семинарларын жыл сайын өткізу қамтамасыз
етілген. Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін шетелде көрсету үшін
инвестициялық жобалар каталогы, бағыттамалар, буклеттер мен қағаз және
электрондық жеткізушілердегі басқа да жарнамалық-ақпараттық өнім шығарылды.

Қазақстанның оң туристік имиджін қалыптастыруға және туристік
индустрияға инвестициялар тартуға Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің (ШИК) жұмыс тобы көп жәрдемін
тигізеді, оның шеңберінде 2005 жылы ШИК жұмыс тобының мүдделі мүшелері
қатарынан туризм жөніндегі шағын топ құрылды. Сонымен қатар 2006 жылдан
бастап ШИК веб-сайтында Қазақстандағы туризм Интернет-парағын ашу
туралы шешім қабылданды.
Бүгінде республика іс жүзінде туризмнің қолданыстағы барлық түрін
ұсынып отыр. Туристік кластерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі туризм саласының Қазақстанның жетекші саласы болуындағы сенімділігін арттыру
Емдеу - сауықтыру туризмінің құрылымындағы медициналық туризмнің орны
Қазақстандағы спорттық туризмнің дамуы
ЕМДІК-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
Туризмнің түрлері, ерекшелігі және даму перспективасы
ӘЛЕМДІК ЭТНОМӘДЕНИ ТУРИЗМІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Iскерлiк туризмнiң қалыптасуы
Отандық белсенді туризм түрлерінің жағдайы
Қазақстанға өз өркениетін сақтап мемлекет ретінде өзінің ерекше мүмкіндіктерін пайдалану
Экономиканы кластерлік жүйемен дамытудың теория-әдістемелік негіздері
Пәндер