Бастауыш мектеп оқушысын әлеуметтендіру арқылы өзін-өзі бағалауы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ӨЗІН.ӨЗІ БАҒАЛАУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Әлеуметтік жұмыстың мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Әлеуметтік аспектісіндегі «мен» тұжырымдамасының дамуы ... ... ... ... .16
1.3 Тұлғаның әлеуметтенуін зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
1.4 Оқушылардың әлеуметтік белсенділігі және өзіндік баға беру теориялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

2. БАСТАУЫШ МЕКТППОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗІН.ӨЗІ БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
2.1 Бастауыш сынып оқушыларында кездесетін әлеуметтік психологиялық қиындық түрлері және оларды шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының өзін.өзі бағалауындағы ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45
2.3 Бастауыш сынып оқушысының өзін.өзі бағалауының экспериментальдық зерттеуі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...77

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...79

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 82
КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасында қазіргі таңда жүріп жатқан әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістер жас ұрпақ өмірінің барлық жақтарын әлеуметтендіру үрдісіне ықпал етеді. Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н.Назарбаев: «... жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында үлттық жэне дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және әлеуметтік -адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады», - деп атап көрсетті. Осыған байланысты бұл күндері жалпы білім беретін мектептердегі әлеуметтік тәрбие ісінің мазмұнын Отандық және әлемдік өркениетті елдердегі психология, педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып жетілдірудің қажеттілігі туындауда. Әлеуметтендірудің сыншылдық тұжырымдасының басты теоретиктері (Карл Роджерс, Д.Гербертмид, А.Маслоу, Жан Пиаже, Лоуренс Колберг, Н. Миллер, Дж.Доллард, Альберт Бандура, Ури Бронфенбреннер) өз еңбектерінде тұлғаның қоғамда орын алған тәртіпке саналы және тіпті сыни тұрғыда қарауын қалыптастыру, қоғамда өз орнын табуға ұмтылуын дамыту міндеттерін алға қойды. Тұлғаның өзіндік бағалау ерекшеліктерін қарастырған жұмыстарда тұлғаның әртүрлі даму жақтары нақты қарастырылған (Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович, А.И.Липкина, И.И.Чеснакова т.б.) Өзіндік бағалауды адамның мінез-құлқын реттеуші, жеке бастық феномен ретінде сипатталған көптеген эксперименттік жұмыстар бар. (В.Д.Демина, З.В.Сафин, С.Ф.Спичак т.б.) Сонымен қатар, Қазақстанда жүргізілген зерттеулердің ішінде профессор Ж.Ы.Намазбаеваның жетекшілігімен Р.С.Сабырова, С.Ж.Өмірбекова жэне Л.С.Пилипчуктың жұмысында балалардың өзіндік сана-сезімдері, өзіндік бағалау ерекшеліктері зерттелінді. Қазіргі қоғамда бастауыш сынып оқушыларының өзіндік бағалауын әлеуметтік тұрғыда зерттеудің психология ғылымы мен педагогика ғылымы үшін қажеттілігі эрқашан да зор. Сондықтан да, біздің зерттеуіміз өзін-өзі бағалау оқытудың табыстылығына әсер ететінін негіздей отырып, бастауыш сынып оқушыларының өзіндік бағасын анықтауға арналады. Өзінің әртүрлі тұрғыларында бағалау Отандық және шетелдік психологтар мен педагогтар (Қ.К.Жампеисова, Жарықбаев, Р.Т.Мендалеева, А.К.Рыспекова, А.Е.Берікханова. Б.Г.Ананьев, Ю.К.Бабанский, П.П.Блонский, Дж.Брунер, Л.И.Божович, Л.С.Выготский, Э.Ф.Голубева, А.Н Леонтьев, И.Я.Лернер, А.Ф.Лурия, М.Н.Скатин, Д.Б.Эльконин, А.И.Липкин) еңбектерінен көрініс тапты. Сонымен бірге, әлеуметтік педагогикалық бағалаудың мэнін анықтайтын бағалау әрекетінің құрылымы мен жүйесі тұжырымдалған қағида бойынша бағалау әрі үрдіс [24], әрі іс-әрекет [27], әрі әлеуметтік біліктілік жиынтығы [30] және қызмет ету аясы [66] ретінде қызмет көрсетеді. Мектептің келешекке жылысуы үшін одан да маңызды мәселелер, әлеуметтік психологиялық қиындықтар туындайды. Яғни, біріншіден, баланың жеке басы мен жас ерекшелігіне, екіншіден, оқу үрдісіндегі қиындықтар мен оқу мәліметінің ерекшелігіне байланысты. Сол қиындықтарды әлеуметтік педагог, психологпен мұғалім бірлесе отырып, шешу жолдарын тауып, жеке тұлганың жеке бас ерекшелігі ескеріліп, оқытудағы кемшілік жеке түлганың қандай кешенді қасиеттеріне байланысты екенін анықтау керек. Сондықтан да, жалпы орта білім беретін мектептен жеткіншек үрпаққа білім беру сапасын, оқыту әдістемелерін, элеуметтік тэрбиелерін жетілдірумен бірге оқушыларға жан-жақты тәлім-тәрбие берудің әлеуметтік мазмұнын, әдістемелік іс-шараларын қоғамдық талаптарға негізделіп, үнемі жаңартып отыруды талап етеді.
Зерттеу нысанасы: Әлеуметтік психологиялық, әлеуметтік педагогикалық қолдау барысында баланың өзін-өзі бағалай отырып, білімді игере алуы.
Зерттеу объектісі: Оқу іс-әрекеті контекстіндегі бастауыш оқушыларының жеке тұлғаның дамуы
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Абасов З. От оценкиучителя - самооценке ученика. // Директор школы. – 1998. №5. – С.37-40.
2. Александровская Э.М.личностные осбоенности младших школьников в норме при норвно-психических растройствах. // Автореф. Л., 1985. – 90 с.
3. Амонашвилли Ш.А. Возможность обучения без отметок в н.ачальных классах. // Экспериментальные исследования по проблеммам перестройки начального обучения. Тбилиси, 1969. – 205с.
4. Амонашвилли Ш.А. Воспитательная и образовательная функцииоценок и учения школьников. // М., Просвещение, 1980. 265с.
5. Ананьев Б.Г. Психология педагогической оценки. // Том 2. М., Просвещение, 1980. – 25с.
6. Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания. // Ленинград, ЛГУ, 1968. – 29с.
7. Ананьев Б.Г. Развитие детей в процессе начального обучения и воспитания. // М., УЧПЕДГИЗ, 1960. – 13с.
8. Антонова Г.П. Различие в мыслительной деятельности при решении залдач. // М., Просвещение, 1968. – 93с.
9. Бернс Р. Развитие Я – концепции и воспитания // М., Прогрес, 1986. – 36с.
10. Блунский П.П. Трудные школьники // М., 1992. – 62с.
11. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возросте // М., Просвещение, 1968. – 63с.
12. Божович Л.И. О некоторых проблема и методах изучения личности школьника // Вопросы психологии личности школьника М., Просвещение, 1968. – 93с.
13. Возрастные возможности усвоения знаний / под.ред. Д.Б.Эльконина, В.В.Давыдова, М., 1986 – 55с.
14. Вопросы общей детской психологии / под.ред. Б.Г.Ананьева, М., 1954 – 48с.
15. Выготский Л.С. Педагогическая психология // М., Педагогика, 1991 – 5 с.
16. Выготский Л.С. Прблема обучения и умственного развития // Избранные исследования, М., 1956 – 58с
17. Гальперин П.Я., Запорожец В.А., Эльконин Д.Д. Проблемы формирования знаний и умений и новые методы обучения в школе // Вопросы психологии, 1963 № 5, С.68
18. Гамезо М.В., Неволин И.Г. Психосоматические аспекты проблемы познавательной деятельности и общения. // М., 1983. 105с.
19. Горбачева В.А. К вопросу формирования оценки и самооценки у детей // АПН РСФСР, 1952 №18 С.98
20. Грэйс К. Психология развития 7-е международное издание. // П., 2000.
21. Добрынин С.Я Структура и динамика мотивов деятельности // Вопросы психологии. 1984 №4 С56
22. Захарова А.В. Психология формирования самооценки.//Минск 1993. 55с.
23. Захарова А.В. Формирование самооценки учебной деятельности // Психологические проблемы в учебной деятельности школьника. // М., 1977.43с.
24. Иманғалиева Г. Тұлғаның әлеуметтенуін зерттеу.// Қазақстан мектебі, 2006 №11 71б.
25. Калашникова Н.Г. Формирование учебной деятельности младших школьников в процессе самостоятельной работы. // М., 1984. 47с.
26. Кон И.С. Открытие Я.// М., Политиздат, 1978. 87с.
27. Кон И.С. Категория Я в психологии.// Психолог. Журн., 1981, №3.
28. Курс: Жалпы және әлеуметтік педагогика / құрастырған педагогика ғылымының кандидаты, доцент Кумаржанова К.Ш. Өскемен: ШГИ, 2006
29. Куребаева Г.А. Бастауыш мектеп оқушыларының психологиялық-педагогикалық диагностикасы, Семей, 2004.
30. Калиев С., Майғаранова Ш., Нысанбаева Г., Бейсенбаева А.А Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дпмытудың педагогикалық негіздері. Алматы: Білім, 2001
31. Кенжеғұлова А. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу және бастауыш мектеп байланысы.// Баст. Мект. 2005 №8 14б
32. Мүтәлі Ә. Қазіргі педагогикадағы Тұлға ұғымы// Бастауыш мектеп, 2007,№1 17б
33. Мумамбетжанова Ә., Мухамбетчина Ә. Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастыру.// Бастауыш мектеп 2005 №1 20б
34. Ланда Л.Н. О формировании мыслительной деятельности при решении задач.// Вопросы психологии. 1959 №3.
35. Лейтес Н.С. Индивидуальные различия в способностях.// Психологическая наука в СССР, том 2, 1960.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

"Әлеуметтік жумыс "кафедрасы

мамандық

"Әлеуметтік жұмыс"

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Бастауыш мектеп оқушысын әлеуметтендіру арқылы өзін-өзі бағалауы

Ғылыми жетекші,
оқытушы

"____ " _______________ 20__

Жұмыс қорғауға жіберілді,
кафедра меңгерушісі,
п.ғ.к,доцент

"_____"________________20__

Норма бақылаушы

" _____"_______________20__

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК
МӘСЕЛЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1. Әлеуметтік жұмыстың
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...6
2. Әлеуметтік аспектісіндегі мен тұжырымдамасының
дамуы ... ... ... ... .16
3. Тұлғаның әлеуметтенуін
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 23
4. Оқушылардың әлеуметтік белсенділігі және өзіндік баға беру
теориялары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

2. БАСТАУЫШ МЕКТППОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНДЕГІ
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ...38
1. Бастауыш сынып оқушыларында кездесетін әлеуметтік психологиялық
қиындық түрлері және оларды шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
2. Бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауындағы ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45
3. Бастауыш сынып оқушысының өзін-өзі бағалауының экспериментальдық
зерттеуі.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..52

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .77
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .79
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..82

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасында қазіргі таңда жүріп
жатқан әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістер жас ұрпақ өмірінің
барлық жақтарын әлеуметтендіру үрдісіне ықпал етеді. Бұл мәселеге
байланысты елбасымыз Н.Назарбаев: ... жаңа жағдайларға сай біздің
бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу
ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында үлттық жэне дүниежүзілік
құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және әлеуметтік -адамгершілік
мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады, - деп атап көрсетті.
Осыған байланысты бұл күндері жалпы білім беретін мектептердегі әлеуметтік
тәрбие ісінің мазмұнын Отандық және әлемдік өркениетті елдердегі
психология, педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана
отырып жетілдірудің қажеттілігі туындауда. Әлеуметтендірудің сыншылдық
тұжырымдасының басты теоретиктері (Карл Роджерс, Д.Гербертмид, А.Маслоу,
Жан Пиаже, Лоуренс Колберг, Н. Миллер, Дж.Доллард, Альберт Бандура, Ури
Бронфенбреннер) өз еңбектерінде тұлғаның қоғамда орын алған тәртіпке саналы
және тіпті сыни тұрғыда қарауын қалыптастыру, қоғамда өз орнын табуға
ұмтылуын дамыту міндеттерін алға қойды. Тұлғаның өзіндік бағалау
ерекшеліктерін қарастырған жұмыстарда тұлғаның әртүрлі даму жақтары нақты
қарастырылған (Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович, А.И.Липкина, И.И.Чеснакова т.б.)
Өзіндік бағалауды адамның мінез-құлқын реттеуші, жеке бастық феномен
ретінде сипатталған көптеген эксперименттік жұмыстар бар. (В.Д.Демина,
З.В.Сафин, С.Ф.Спичак т.б.) Сонымен қатар, Қазақстанда жүргізілген
зерттеулердің ішінде профессор Ж.Ы.Намазбаеваның жетекшілігімен
Р.С.Сабырова, С.Ж.Өмірбекова жэне Л.С.Пилипчуктың жұмысында балалардың
өзіндік сана-сезімдері, өзіндік бағалау ерекшеліктері зерттелінді. Қазіргі
қоғамда бастауыш сынып оқушыларының өзіндік бағалауын әлеуметтік тұрғыда
зерттеудің психология ғылымы мен педагогика ғылымы үшін қажеттілігі эрқашан
да зор. Сондықтан да, біздің зерттеуіміз өзін-өзі бағалау оқытудың
табыстылығына әсер ететінін негіздей отырып, бастауыш сынып оқушыларының
өзіндік бағасын анықтауға арналады. Өзінің әртүрлі тұрғыларында бағалау
Отандық және шетелдік психологтар мен педагогтар (Қ.К.Жампеисова,
Жарықбаев, Р.Т.Мендалеева, А.К.Рыспекова, А.Е.Берікханова. Б.Г.Ананьев,
Ю.К.Бабанский, П.П.Блонский, Дж.Брунер, Л.И.Божович, Л.С.Выготский,
Э.Ф.Голубева, А.Н Леонтьев, И.Я.Лернер, А.Ф.Лурия, М.Н.Скатин,
Д.Б.Эльконин, А.И.Липкин) еңбектерінен көрініс тапты. Сонымен бірге,
әлеуметтік педагогикалық бағалаудың мэнін анықтайтын бағалау әрекетінің
құрылымы мен жүйесі тұжырымдалған қағида бойынша бағалау әрі үрдіс [24],
әрі іс-әрекет [27], әрі әлеуметтік біліктілік жиынтығы [30] және қызмет ету
аясы [66] ретінде қызмет көрсетеді. Мектептің келешекке жылысуы үшін
одан да маңызды мәселелер, әлеуметтік психологиялық қиындықтар туындайды.
Яғни, біріншіден, баланың жеке басы мен жас ерекшелігіне, екіншіден, оқу
үрдісіндегі қиындықтар мен оқу мәліметінің ерекшелігіне байланысты. Сол
қиындықтарды әлеуметтік педагог, психологпен мұғалім бірлесе отырып, шешу
жолдарын тауып, жеке тұлганың жеке бас ерекшелігі ескеріліп, оқытудағы
кемшілік жеке түлганың қандай кешенді қасиеттеріне байланысты екенін
анықтау керек. Сондықтан да, жалпы орта білім беретін мектептен жеткіншек
үрпаққа білім беру сапасын, оқыту әдістемелерін, элеуметтік тэрбиелерін
жетілдірумен бірге оқушыларға жан-жақты тәлім-тәрбие берудің әлеуметтік
мазмұнын, әдістемелік іс-шараларын қоғамдық талаптарға негізделіп, үнемі
жаңартып отыруды талап етеді.
Зерттеу нысанасы: Әлеуметтік психологиялық, әлеуметтік педагогикалық
қолдау барысында баланың өзін-өзі бағалай отырып, білімді игере алуы.
Зерттеу объектісі: Оқу іс-әрекеті контекстіндегі бастауыш
оқушыларының жеке тұлғаның дамуы.
Зерттеудің пәні: Әлеуметтік психологиялық аспектісіндегі Мен
тұжырымдамасының дамуының ерекшеліктері.
Зерттеудің мақсаты: Әлеуметтік психологиялық бағалауы мен
динамикасын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
- өзін-өзі бағалау мәселесі бойынша шетелдік және Отандық
психологиядағы әлеуметтік негізгі теориялық теориялық
бағыттарға талдау;
- бастауыш мектеп оқушыларында кездесетін қиындық
түрлерін
әлеуметтік психологиялық қолдау ретінде шешу;
- балалардың өзін-өзі бағалау динамикасын зерттеуге ұсыныс
беру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер де, әлеуметтік психологиялық және
әлеуметтік педагогикалық қолдауды көрсетсе, онда бастауыш сынып
оқушыларының жас кезеңдерінде өзін-өзі бағалау дамуында өсу байқалады,
өйткені баланың әлеуметтік мәртебесі өзгереді.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі: Л.С.Выготскийдің
тарихи-мәдени концепциясы; түлғалық іс-әрекеттік бағыт (А.И.Леонтьев,
К.А.Абульханова, Славская); Ж.И. Намазбаеваның жеке тұлғаға және оның
өзіндік санасының дамуына деген кешенді бағыты.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес теориялық және
эксперименталдық әдістер қолданылды: Әлеуметтік психологиялық
тұрғыдан өзін-өзі бағалау мәселесі бойынша әдебиеттерге теориялық талдау,
ұйымдастырушы әдісі ретінде салыстырмалы әдісі, бағалау, зерттеу әдісі,
әңгіме әдісі.
Зерттеу негізі: Глубокое ауданы Глубокое кентіндегі О.Бөкей атындағы
қазақ орта мектебінің бастауыш сыныптары негізінде өткізілді.

1. ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕСІ
1. Әлеуметтік жұмыстың мәні

Білім беру жүйесі әлеуметтік жұмыстардың маңызды салаларының бірі
әрі негізгі объектісіболып табылады.
Әлеуметтік түсініктер танымының қарапайым ғана түрі ретінде
көрінеді. Осы термин күнделікті қарым-қатынаста қолданылып, әр адамның осы
отбасылық өмір туралы жеке тәжірибесі бар. Біз осы сөзді барлық
партиялардың саяси қызметкерлерінің ауызынан естуге үйреніп алғанбыз, олар
өздерін отбасы мен отбасы қажеттілігінің жақтастарымыз деп есептейді.
Кәсіптік жұмыстардың шетелдіқ тарихына ондаған жылдар болған деп
есептеледі. Қазақстанда әлеуметтік жұмыстар тарихы енді қалыптасып жатыр,
жоғарғы оқу орындарында әлеуметтік жұмыстар жөнінде мамандар даярлау
жұмыстары басталды, осы саладағы ғылыми зерттеулерге деген қызығушылық
туып, халықтың әлеуметгік мәселелерін шешумен нақты айналысатын
мемлекеттік, жеке меншік, қоғамдық ұйымдар құрылуда. Кеңес дәуірі кезінде
қолданылған мемлекеттік және қоғамдық қолдау жүйесі тоқтатылып, ол
қолдағы қалған принцип бойынша қаржыландырылып, бұл оның тиімділігін елеулі
түрде төмендетті, олардың іс-әрекеті негізінен алғанда, әлеуметтік
қамтамасыз ету болды. Осы ретте, әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік
мекемелеріне диплом алған мамандар қажет болмады. Қазір біз осы қызметтің
жаңартпа тәсіліне қарсы келетін, мелекеттік әлеуметтік қызметтердің
инерциялық ойлауымен элі де болса кездесіп қалып отырмыз.
Әлеуметтік жұмыстардын мәні әлеуметтік қайта құру дәуірінде өсіп
отыр, оның міндеті болмай қалмайтын әлеуметгік дау-жанжал салдарын
төмендету болып табылады. Әлеуметтік жұмыстардың кәсібилігі, өмір сүру
мүмкіншіліктері кедейшілік, денсаулығының төмендігі, дискриминация жэне
мүгедектігі салдарынан шектелген адамдар мен отбасқарын реформаға табысты
түрде бейімделуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік жұмыстардың дамуы әлеуметтік жағдайы мен мүдделері әр
түрлі топтағы адамдар үшін өз мүмкіндіктерін теңестіруге қол жеткізуін
шамалайтын, азаматтық қоғамның құндылықтарын қалыптастырумен тығыз
байланысты.Г Әлеуметтік жұмыс, бір жағынан алғанда, өмір сүрудің қиын
жағдайында отырған адамға немесе топқа көмек көрсетуге бағытталған, ал
екінші жағынан алғанда, ол жеке адам, жеке топ, қоғамдық, жеке меншік жэне
мемлекеттік ұйымдар арасында делдалдың маңызды роль атқарады.
Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік қиыстырылған іс-әрекет болып табылады,
онда қызмет жүйесі, жұмысбастылықтың құрылымы мен теория жиынтығы айтылады.
Оның мазмұны сол және басқа елдегі әлеуметтік көмек қажет ететін адамдармен
жүргізілген жұмыстармен, әлеуметтік қызметтердің қалыптасқан түрлерімен,
әлеуметтік жұмыстардың кәсіптік дәрежесімен және клиенттердің әр түрлі
тобымен жүргізілетін әлеуметтік саясат сипатымен анықталады. Кәсіби
әлеуметтік жұмыс отбасы құрамы мен клиенттің тұрмыс қалпы, әлеуметтік
мәртебесі, дін, этника, мәдениет деректерімен анықталатын әр түрлі
жағдайларда іске асырылады.
Әлеуметтік жұмыстардың дәстүрлі тұжырымдамасы жеке, отбасылық,
өндірістік және басқа да мәселелерді анықтау кезінде көмек көрсетудегі,
адамның қоғаммен құқықтық, экономикалық, әлеуметтік қатынастарын ретке
келтіруші ретінде әлеуметтік жұмыстардың мақсатын анықтайды. Отбасы немесе
оның жеке мүшелерімен жүргізілетін әлеуметтік жүмыстың жеке сипаты бар
екендігі осыдан көрінеді. Бұл әлеуметтік қызметкердің өз объектісімен жеке
байланысын шамалаиды.
Білім беру жүйесіндегі жүргізетін әлеуметтік жұмыстың ролі өте
маңызды. Ең алдымен, бұл әлеуметтік жұмыс объектісі -социологиялық
зерттеулер жүргізу. Бұл жерде адамның өмір сүру кезеңінің түрлі сатысында
тұратын және әр түріне жатқызылатын нақты қажеттіліктері мен мүдделерінің
пайда болуы туралы сөз болатындықтан, бұл қарапайым тапсырма емес. Мұның
күрделілігі адамда кездесетін мәселені олардың түрліше түсінуінде. Сондай-
ақ, әлеуметтік қызметтердің білім беру жүйесіндегі жүргізетін жүмыстарының
қаншалықты тиімділігін анықтайтын зерттеу жүргізу талап етіледі.
Әлеуметтік мәдени жағдайлар үнемі өзгеріп тұратындықтан, білім
саласында болып жақтан өзгерістерді қадағалап отыруға мүмкіндік беретін
мониторинг орнату қажет. Осындай ақпарат ең алдымен, әлеуметтік жұмыс
жүргізетін қызметтерге қажет.
Н.Смелзер, адам өміріне сипаттама бере отырып, Біздің көпшілігіміз
өз өмірімізді ұйымда-перзентханада бастаймыз деп атап өткен. Онда
дәрігерлер, медбикелер, анестезиологтар, санитарлар және т.б. жұмыс
істейді, олардың барлығы да біздің денсаулығымызға қамқорлық жасайды.
Перзентханадан кейін біз басқа ұйымға, - сәбилер үйі, бала бақша, бастауыш
және орта мектепке барамыз, олардың әрқайсысының белгілі бір қүрылымы мен
жүмыс тәртібі бар.
Мектеп бітіргеннен кейін де бізге ұйымдарға баруға тура келеді. Ер
жеткеннен кейін біз солардың біріне жұмысқа кіреміз. Сондай-ақ, қаржы
басқармасы, армия, полиция, сот, банк, дүкен және т.б. жұмыс жасаймыз.
Зейнетке шыққаннан кейін біздің әлеуметтік қамсыздандыру жэне денсаулық
қорғау жүйесі үйымдарымен кездесуімізге тура келеді, біздің аурухана немесе
қарттар үйінде де болмай қалуымыз мүмкін емес әлеуметтік-психологиялық,
әлеуметтік, әкімшілік, педагогикалық және т.б. түрге бөлеміз.
Сондай-ақ мақсатқа жету үшін өз жұмыс тәсілдері мен міндеттерін
игерген, жүргізілетін жұмыс технологиясының өзіндік ерекшелігі бар маман
ретінде әлеуметтік қызметкердің мамандығымен де анықталады.
Біздің еліміздегі білім беру жүйесіндегі жасалатын
әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде бүгінге дейін қалыптасу үстінде.
Ғылыми пәннің сипатты белгілері ұйым, оқу кафедралары мен
жарияланымдар болып табылады. Әлеуметтік жұмыстардың ғылыми-зерттеу
институттары ашылып, кәсіби мамандар даярланатын тиісті бөлім, кафедралар
ашылған.
Қазақстанда үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың қолдауымен
әйелдер мен балаларға арналған дағдарыс орталықтары жұмыс істейді,
отбасымен жүргізілетін жұмыстар бойынша әр түрлі әлеуметтік бағдарламалар
қолданылып, материалдық, шұғыл әлеуметтік көмек жэне әлеуметтік-
психологиялық қызметке өте мұқтаж отбасхарына көмек көрсететін түрлі
қызметтер мен агенттіктер ойдағыдай дамып отыр.
Аса кәсіби қызметкерлер талап етілуде, олар философия, социолгия,
политология, психология мамандықтары бойынша аспирантура және докторантура
арқылы дайындалады.
Білім беру жүйесіндегі әлеуметгік жұмыстың да басқа да ғылымдар
сияқты теориялық және эмпирикалық білімдері бірдей,оның ерекшеліктері
білімдері мен ептіліктерінде. Осы әлеуметтік қызметкер мен әлеуметтік жұмыс
ғылымының принципі болып табылады. Ғылым ажырамас құрамдас бөліктерден:
зандылық, принцип және әдістерден тұрады. Білім беру саласындағы
жүргізілетін әлеуметтік жұмыс қызметтің әмбебап түрі болып табылады, ол
басқа ғылымдар топтамасымен байланысты, олардың бірнеше негізгі
принциптерін бөліп алуға болады: жалпы философиялык принциптер:
детерменизм, бейнелеу, даму. Әлеуметтік (коғамдық) ұйымдардың жалпы
принциптері: тарихи, әлеуметтік келісу, әлеуметтік мәнділік. Бұлардың
ерекше белгілері: плюрализм (әр түрлі ой-пікірлер) мектеп оқушыларымен
жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар принципін түсіну.
Білім беру жүйесінде жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар ғылымының
келесі принциптері оларды топтастыруға байланысты: мазмұнды принциптер:
қоғамдык-топтық және жеке мүдделерінің үйлесімі; өзін-өзі және отбасы
мүшелерін қамтамасыз ету, отбасы мүшелерінің күнкөрісі үшін өзінің күнелтуі
және толық жарамды азамат тәрбиелеу.
- психологиялық-педагогикалық принциптер- эмпатия (жан ашуы); сенімді
психологиялық пана, қазіргі уақытта қиын жағдайларда адамға күнелтуге
көмектесу және т.б.;
- әдістемелік принциптер: мирасқорлық, бірізділік, үздіксіздік, құзырлылық;
- ұйымдастырушылық- жинақтылық, делдалдық (психология, құқық, медицина және
т.б. ғалымдар арасында);
- нормативті актілер мен заңдарда әлеуметтік жұмыс тәжірибесі мен талдап
қорытындылаудың нақты принциптері, атап айтқанда, өзінің мүшелеріне
экономикалық, әлеуметтік және дене қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдар
мен азаматтардың құқығын сақтау, отбасындағы жас балалар, қартайған және
науқас адамдарға мемлекеттің қамқорлық кепілдігі, балалар мен жастарды
әлеуметтендіру шарты; отбасында, жұмыста құпиялылықты, махаббатқа деген
сезімін, өмірге деген құштарлығын сақтау және т.б. Мектеп оқушыларымен
әлеуметтік жұмыс жүргізу кезіндегі операциялар мен тәсілдер жиынтығын,
қандайда бір мақсатқа жету жолдарын, нақты мәселені шешуді әдіс деп
түсінеміз. Білім беру жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс жүргізу кезіндегі
көптеген әдістер пәнаралық болып саналады, өйткені өз қызметімен және
ауқымды міндеттеріне байланысты ғылым ретінде бөлінеді. Сондықтан да,
әлеуметтік жұмыс жүргізу кезінде қолданылатын әдістерді сипаттай отырып,
оларды экономикалық, құқықтық, медициналық, саяси, сүйеніп, өз
құбылыстарын зерттеу және де ғылыми үрдістер білімді практикада қолдану
әдістерін жетілдіреді, яғни мэселені шешу әдісі.
Білім беру саласындағы әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде адамдық
қызметтің саласы болып табылады, ал оның қызметі жалпы отбасы мен толық
жарамды азаматтардың күнкөрісі үшін, отбасы жөніндегі білімді жүйелеп,
пысықтаудан тұрады. Осындай қызметтердід барлығын отбасы мен жеке
тұлғалардың мәселелерін шешетін мамандар, белсенділер, кәсіпкерлердің
кәсіптік, мемлекеттік, қоғамдық әдістерімен іске асыруға болады.
Әлеуметтік жұмыстардың маңызды мәселелерінің бірі-қоғамның
әлеуметтік-саяси жағдайлары мен отбасының өзінің ішкі үрдістеріне қатысты
отбасы, отбасы қатынастары дамуының ішкі мәселелерін шешудің ұтымды
әдістері мен технологияларын әзірлеу жөніндегі жұмыс әдістері мен
қолданыстағы нысандарын талдау болып табылады.
Білім беру жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс өзінің негізінде әлеуметтік
(қоғамдық) ғылым бола отырып, техникалық, әсіресе, табиғи ғылымдармен
байланысты. А.Қ.Рыспекова, Қазіргі қоғамда үлкен өзгерістер болуда.қазіргі
педагогикалық еңбектерде көтерілген мәселенің көкейкестілігі және оның
қажеттілігін зерттеу жұмысының мақсатын – инновациялық типті (гимназия)
білім беру мекемелеріндегі ғылыми-әдістемесін жұмыстар жүйесін нәтижесі
қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтап негіздеу. А.Е.Берікханова,
Тұтас педагогикалық процесс – қазіргі педагогикалық технологияларды
қолдану негізі атты еңбегі.
Жеке тұлғаның тәрбиесі бала-бақшадан бастап, жанұя мектептегі оқу-
тәрбие жұмыстары барысында қалыптаса, қоғамдық сана дэрежесіне көтерілгенге
дейін дамып отырады.
Дегенмен жеке тұлғаға тәрбие беруде мектептің орны аса маңызды.
Өйткені мектеп өскелең ұрпақтың бойында ғылым негіздерін сіңірумен бірге,
өз ұлтына тән этикалық, эстетикалық қүндылықтармен қауышуын қамтамасыз
етеді.Р.Т.Мендалиева Қазіргі кезде білім беру жүйесінде баланың жеке
тұлғасына жүйелі және жан-жақты зерттеу жүргізбей тұрып, бірінші олардың
әрқайсысына жеке-жеке көңіл бөлінеді.
Жас ұрпақтың жан-жақты дамуына, олардың бойында, қоғамдық талаптар
алдындағы жауапкершілігін, білім алуға, ғылымға, техникаға, өнерге
ұмтылысын, ұлттық дәстүрге деген құштарлық сенімін қалыптастыру арқылы,
адамгершілік, эстетикалық құндылықтарды игерту нэтижесінде, олардың жеке
тұлғасын әлеуметтендіру арқылы қоғамдық өмірге даярлау, мектептің оқу-
тәрбие процесінің басты міндеті болып табылады.
Философия әлеуметтану, педагогика, психология ғылымдарында
жеке тұлғаны әлеуметтендіру мәселелері жеткілікті
қарастырылғанымен, бұл үрдіс, мектептік білім мен тәрбие беру жүйелерінің
сапалы белгісі дәрежесінде толық зерттелмей келеді.
Түрлі ғалымдар мазмұнында "әлеуметтендіру" жеке тұлғаны
қоғамдық қатынастар мен талаптар негізінде тәрбиелеудің сапалы
белгісі ретінде қарастырылады. Мысалы, бұл мәселе философиялық:
әлеуметтендіру ғасырлар бойы жинақталған, ұрпақтан-ұрпаққа
ауысып отыратын: еңбек дағдыларын, білімін, этикалық
нормаларын, құндылықтарын, дәстүрлерін жеке тұлғаның игеруі мен одан әрі
дамыту және оның бойында әлеуметтік сапаларды қалыптастыру арқылы қоғамдық
қатынастар жүйесіне енгізу үрдісі",-деп философиялық сөздікте тұжырымдалса,
ал психологиялық түсініктер сөздігінде: "жеке тұлғаны
әлеуметтендіру- оның өмір сүріп отырған қоғамның толыққанды мүшесі
ретінде әрекеттенуше мүмкіндік туғызатын белгілі білім, ғылым, нормалар мен
құндылықтарды меңгеру үрдісі",- деп көрсетілген.
И.С.Конның анықтауынша "әлеуметтендіру дегеніміз индивидке
әлеуметтік тэжірибені меңгерту арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру үрдісі",-
десе, Г.М. Андреева "әлеуметтендіру дегеніміз- екі жақты процесс, ол өзінің
мазмұнына, бір жағынан, индивидтің белгілі-бір әлеуметтік ортаға еніп, онда
жинақталған әлеуметтік тәжірибені меңгеруін, екінші жағынан, индивид өзінің
белсенді іс-әрекетінің ықпалымен әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінің
ұдайы толықтырылып отырылуын қамтамасыз ете алады, элеуметтік ортаға
белсенді түрде қосылуы.
О.Нұсқабаев "әлеуметтендіру" ұғымы өзінің мазмұны жағынан "тәрбие",
"білім беру" және "оқыту" ұғымдарының мазмұндық қосындыларының мәнінен де
тереңірек, ауқымды деп тұжырымдайды.
Әлеуметтендіру жан-жақты процесс. Әлеуметтендірудің қалыптасуына
көптеген жағдайлар ықпал етуі шартты.
Әлеуметтік психология отбасының, ұжымның, ұлттың, тағы да басқа
адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағы алатын орныны қарай
жіктелетін топтарының психологиясын зерттейді. Әлеуметтік психологияның
негізгі бөлімдеріне: әлеуметтік топтардың психологиялық мінездемесі, тұлға
психологиясы, ақпарат алмасу заңдылықтары бірлескенқызмет үстіндегі
адамдардың өзара әрекеттесуі, тұлғааралық қатынастар жатады. Әлеуметтік
психология өзге ғылымдардан – социологиямен, педагогикамен, философиямен,
саясаттанумен тығыз байланыста болады.
Социология қоғамның, және жеке топтың және жеке адамның құндылықтары
мен нормаларының сипатын қарастырса, әлеуметтік психология сол адамдар өмір
сүретін микро және макроортаның әсерін ескере отырып, олардың қалыптасуының
нақты механизмдерін және тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді.
Егер социология тұлғаның әлеуметтік белсенділігін түпкілікті
қайнарларын ашатын болса, онда әлеуметтік психология олардың пайда болу
жолдары мен заңдылықтарын қарастырады, белсенділікті мелінше толық іске
асырудың жағдайларын жасауға көмектеседі.
Әлеуметтік тәрбие - бұл "адам-адам" қатынастары желісінде
жүргізілетін тэрбие, яғни тікелей адамаралық байланыстар мен осы мақсатқа
арнайы ұйымдастырылған қоғамдық мекемелер (қайырымдылық қорлары, ұйымдары,
қоғамдар, бірлестіктер т.б.) тарапынан болатын істер.
Әлеуметтік тәрбие проблемаларын арнайы педагогика саласы зерттейді.
Оның пәні - тұлға қалыптастырушы ықпал жасайтын қоршаған орта заңдылықтары.
Дәлірек айтсақ, отбасы, ресми ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, діни-
руханият мекемелерінің қоғам мүшелеріне жасайтын әсерлері сарапталады.
Педагогиканың басты назары тағдыр тәлкегінен адасқан "тәуекелшіл
топ" (нашақорлар, маскүнемдер, жезөкшелер, бас бостандығын өтеп жатқандар,
қарақшы. топтарға іліккендер мен заңға қайшы діни секта арбауына түскендер
жэне т.б.) аударылады. Мұндай адамдар маманданған педагогикалық жәрдемге
өте мұқтаж келеді. Әлеуметгік педагогика шұғылданатын және бір өмір саласы
- бұл ересектер мен кэрілер тәрбиесі, нарықтық экономика қыспағынан
өзгеріске келген адамаралық қатынастар, аяусыз бәсекелестіктер жағдайына
жеке тұлғаларды икемдестіру. Әлеуметтік тәрбие өркениетті елдерде тұрақты
тәрбиелік іске айналып, кәсіби деңгейге көтерілген. Бұл сала батыстық
педагогика ғылымында "әлеуметтік жұмыстар" атамасымен қабылданған.
"Әлеуметтік жұмыстар"-адам мен адамның инабаттылық қатынастары
қажеттігінен туындаған әлеуметтік іс-әрекет құбылысы. Бұның бастауы ежелгі
дүниеден келе жатқан адам қайырымдылығы мен Жаратқан алдындағы борышты
сезінуден, қасіретті жандарға қол ұшы көмегін беру жүйесі ретінде
қалыптасқан. Дегенмен, арнайы дайындықты қажет еткен бұл әлеуметтік тәрбие
жұмыстар біздің заманымызда ғана қоғамдық кәсіп түрінде танылып отыр.
Әлеуметтік тәрбие, сонымен бірге-адамның
қоғам қолайсыздықтарына икемделуін жеңілдететін үздіксіз, жүйелі орындалып
баратын іс-шаралар бірлігі. Әлеуметгік жәрдем - бұл қоғамның жоғары
мәдениеті мен өркенниеттілігінің көрсеткіші. Әдетте, мұндай істер барша
қауымның қолдауы мен сый-қүрметіне іс болып, жоғары беделімен танылуда,
мысалы, қайырымдылық "Бөбек" қоры елімізде алғаш ұйымдастырылып, бүгінде
мол игілікті әлеуметтік шараларға бастау берген әлеуметтік мекемелердің ең
танымалысы.
Әлеуметтік педагог қызметін бірдей рухани-имандылық борыш ісі,
кәсіби қызмет ретінде қарастыруға болады.
Өз тәжірибелік іс-әрекетінде алғашқы батыстық әлеуметтік тәрбие
қызметкерлері кең ауқымды мәселелермен шұғылданған: адамдарға тіл үйрету,
индустриалды қоғамда қызмет етуге қажет ептіліктер мен дағдыларды меңгеруде
жәрдемдесу. Әлеуметтік педагогтар өз алдына қоғамдағы әділетсіздік пен
теңсіздікті (әсіресе әйелдер мен балаларға байланысты) жою және ғылым
жетістіктерін кедейлерге жэрдем көзі ретінде пайдалану проблемаларын қойып,
оларды шешуге ұмтылыс танытуда. Олардың пайымдауынша, элем халықтары
көбінің жоқшылық жағдайдағы тұрмысы себептерін тек ғалымдар ғана шеше
алады, ал ғылыми әдістеме нақты проблемалық ұсыныстардың іске асуын
тездетеді.
"Тәжірибелік әлеуметтік жұмыстары" 1970 жылдан бері қолданымда.
Алғашқыда бұл жұмыс түрі әрқилы түсіндіріліп, әдіснамалық тұрғыдан
клиентгермен (қорғаушыларға ісі түскен, алыс-беріс жүргізуші мекемелерге
қатысты жұмысы барлар) жұмыс, топтар мен қауымдардағы істер; бағыт-бағдар
тұрғысынан - балаларды әлеуметтік қамсыздандыру, отбасылық көмек қызметтер,
дәрігерлік әлеуметтік жәрдем, тәрбиелік түзету мекемелеріндегі жұмыстар;
әлеуметтік қызмет аясына түскен адамдар мен проблемді топтар тұрғысынан -
кедейлер, мүгедектер, есі ауысқандар, ақылы кемдер, қараусыз қалған
балалар, маскүнем және нашақорлармен жұмыстар мэні берілді. Әлеуметтік
қызметтер мән-мағынасы біртіндеп аталған тар бағыттағы істерден кең
қоғамдық проблемаға айналған мәселелерді қамти бастады. Олардың ішінде
бастылары: жеке меншік құқықтарының бұзылысы, балаларға қастандық, ерлі-
зайыптылар жанжалы, психикалық және тән сырқаттары, қаңғыбастық, қоғамнан
аласталу, оқу жасындағылардың мектептен тыс қалуы, балалардың отбасынан
қашуы ж.т.б. Бұдан былай аталған проблемалар тобы бойынша арнайы
мамандандыру қажеттігі туындап отыр, себебі әлеуметтік қызметтердің байыпты
да терең дайындығы үшін бұл өте қажет.
Қазіргі күнде әлеуметтік тәжірибе жұмыстары келесі салаларға
бөлінген қоғамдық ортасы, балаларға жәрдем, денсаулық және салауатты өмір,
есі ауысқандармен жұмыс, кәсіптік дайындық, кәрілер мен жетімдерге
қамқорлық, сауат ашу мен білім көтеру, тәрбие түзету мэселелері. Бұл
мамандануға болған аса кең бағыт-бағдар. Осы дан белгілі әлеуметтік
бағытты тандаған маман өзінен жәрдем күткен адамдар мен топтар жөнінде
қажетті білімдерді жеткілікті игеріп, туындаған проблемаларды шешуде жоғары
біліктілік танытуға ұмтылғаны жөн.
Бұрыңғы ТМД елдерінде әлеуметтік тәрбие жұмыстары осы күнге дейін
ескірген мемлекеттік жүйеден босай алмай отыр. Ал осы үрдіске жан ендіруі
тиіс қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер селқостық танытуда. Қоғам мен әрбір
жеке адам үлкен күйзеліске түсіп, қайдан жэрдем күтерін білмей алаңдауда.
Сондықтан да элеуметтік қызмет көздерін тез дамытып, нарықтық заман адымына
жедел жәрдемге келу - бүгінгі күннің шұғыл да көкейкесті мәселесі.

2. Әлеуметтік психология аспектісіндегі Мен
тұжырымдамасының дамуы

Қазіргі таңда әлеуметтік – психологиялық белгіде сана психикалық
саулық деп қаралуда. Психикалық саулық дегеніміз – субъект ретінде адамның
бастапқы қабілетімен қоршаған ортаға өзара қатынасын санасы түрде меңгеруі,
сол арқылы ортадағы ақпараттан ішкі қасиеттерін дамытуда тұрақты және
үйлесімді мүмкіндіктерін жекелік және қоғамдық деңгейде қолдану. Адамға
қажетті психикалық саулық өзіндік әлеуметтік психологиялық көмектен
қалыптасады. Оның өзіне көңіл бөлуі, жеке тұлғаның жетілуі толғандырады.
Оны өзіндік сапасын дамыту арқылы өзін бейнелейді, әр түрлі білім алады,
өзінің қайталанбас ерекшелігіне уайымдайды.
Әлеуметтік психологиялық контексте өзіндік сана Мен қасиетіне
қатынасында, оған ниеті, ойы, сезімі және қимылы жатады.
Адамға өзіндік санада ғана жоғары деңгейде, өзін қабылдау және өзін
дамыту түсінігі қарастырылады. Өзіндік сана қалыптасуы өзіндік мазмұн,
өзіндік жетілу қажеттілігін меңгеруден және өз өміріне жауапкершілік алудан
тұрады.
Өзіндік сана дамуы өзіндік сенім, (өзіндік бақылау, өзіндік талдау)
өзіндік баға (эмоционалды құндылыққа қатынас), өзіндік реттелу жатады.
В.Сатир Өз құндылығымның декларациясы деп, барлық адамдарды есте
сақтауға шақырады, Мен – ол мен бар әлемде маған ұқсайтын адам жоқ. Менің
барлық жеңісім менің қателігім өзімдікі. Мен өзіме жеткіліктімін, мен
өзімді жасай аламын. Мен өте тамаша адаммын.
Оның тұжырымдауысынша өзіндік бағаны Адамдағы барлық ауру, өмі сүру
мәселесінен, кейде қылмысынан - өзін бағалау төмендеп, одан сапалы
меңгерумен өзгертуді керек етпегендіктен.
Өзіндік реттеу өзінде шыдамдылықты дамыту, ерік – күш еркіндігі,
толық жауапкершілік, ақыл – ойын сараптау, онда өмірді ашық, көңілді
жеңісті ету үшін ережені сақтау:
Өзіне сену – ары таза болу
Жауапкершілікті қорықпай алу
Өз көңілін көтеріңкі ету
Өз қателігіне, құнды тәжірибе деп қарау
Өзіңде болып жатқан жағдайға құрметпен қарау.
Зерттеулер негізінде жеке тұлғаның психикалық саулығына көптеген
әлеуметтік жағдайлар әсер етуіне байланысты әлеуметтік психологиялық
қызмет көрсету қажет.
Негізгі бағыттары бойынша: психодиогностикалық, психокоррекциялық,
психологиялық кеңес беру болып табылады. Әрбір жеке тұлғаның құндылығы
ескеріліп, өмірдегі кез – келген әлуметтік жағдайда дайындау қазіргі заман
талабы.
Бала үнемі жақсы әлеуметтік психологиялық жағдайда тәрбиеленуі,
оқуы, өсуі қажет. Сонда балада жағымды мен бейнесі қалыптасады, өзіне
деген сенімділігі, өзіндік сезімі туады. Мұндай мен бейнесі кез келген
баланың жақсы жағдайға, нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді.
И.Кон Мен бейнесі элементтерінің когнетивтік күрделілігі мен жіктелуі
кіші жастан ересек жасқа қарай біріншіден, елеулі үзіліссіз және
дағдарыссыз артады. Ересектер жасөспірімдерге, ал жасөспірімдер
жеткіншектерге қарағанда өзіндегі қасиеттерді көбірек ажыратады. Мен
бейнесінің тізбектілігінің және тұтастығының даму үрдісі артатындығын,
бірақ мұнымен бірге тартымдылық деңгейінің және сыртқы бағалаудан өзін -
өзі бағалауға қайта бағдарланудың қиындықтарының белгісі болмауы кейінгі
дамудың көзі болып табылатын өзін - өзі білудің бірқатар ішкі мазмұндық
қайшылықтарын туғызады деп тұжырымдайды.
Кез-келген мәдениетті ортада адам өзін Мен-
тұжырымдамасының негізінде басқарады, яғни оның өзі туралы көрінісіне
сәйкес.
Реттегіш үрдісі сыртқы және ішкі өзгерістерді өзіне жүктейді. ішкі
бейімделуге жеке бастың сезім, эмоция, қажеттілік жағдайындағы өзгерістер
жатады. Ал сыртқы өзгерістерге ішкі бейімделудің негізінде жатқан.
бақыланған мінез-қылықтар мен әрекеттер жатады. Адамда жаңа нұсқаулар мен
сезімдер қаншалықты пайда бола бастағанымен, ол өзінің сыртқы мінез-
құлқынына түзетулер енгізіп отырады. Сондай-ақ, сыртқы өзгерістерге
әлеуметтік жағдай, мысалы, жаңа рөлдер мен жаңа қарым-қатынастың пайде
болуы сияқтылар жатады.
Ішкі бейімделу ішкі өзгерістермен байланысты. ішкі өзгерістер Мен
түжырымдамасының өзгеруі немесе өзіне деген қарым-қатынасыныі қондырғысының
нэтижесінен болады.
Мен-тұжырымдамасы - бұл адамның өзі туралы немесе өз бейнесі яғни
өзінің денсаулығы, сыртқы көрінісі, мінезі, айналасындағыларға әсері,
қабілеттері мен кемшіліктері туралы көзқарасы. Мен-тұжырымдамасының ең
негізгі аспектілерінің бірі — өзін-өзі бағалау: өзін жоғары бағалайтын адам
өзі жағымды түрде қабылдайды, Мен- тұжырымдамасы төмен өзіндік келеңсі:
теріс мінез көрсетеді.
Мен түсінігінің мықты екпіні тек батыс-европалық жэне солтүсті
американдық мәдениетке тән. Көптеген елдердің мәдениетерінде (сондай-ақ
Азия, Латын Америкасында және т.б. Европаның оңтүстігіндегі елдер) топть
және жалпы құндылықтарға басты көңіл аударылады. Бұл елдердің
мәдениеттерінде адам үшін оның отбасы мүшелері немесе әріптесте қамқорлық
жасау керек деп есептелінген. Бұл мәдениеттердің өкілде американдақтардың
көзқарастарын үнемі өзімшілдік деп санайды. Батыс мәдениетінің
негізінде, реттеуді зерттеген кезде, оларда адамның Мен-
тұжырымдамасының мықты біржақтылығы байқалды.
Батыс мәдениетінде адамдар өзінің мінез-құлқымен сыртқы көрінісін
қадағалауда қатты қажеттілікті сезінеді. Үйлерінде радио, теледидар, үй
жипаздары болмаған күннің өзінде, сол үйден бірнеше айна табуға болады,
Айнаның жанынан өзінің кескініне қарамай өтпейтін адам кемде-кем.
Сыртқы көрініс - бағалау қиынға түспейтін, Мен-тұжырымдамасының
аспектісі. Өзінің сыртқы көрінісіне әр адам әртүрлі қарайды.
Негізінде, адамның өзі туралы пікірі басқа адамдардың оған деген
қарым-қатынасынан негіз алады. Мен-тұжырымдамасының қалыптасу
үрдісі балалық шақтан басталады. Мәселен, ата-анасы баласына ат қойғанда,
баланың болашағынан үлкен үміт күтіп, соны тосуына байланыстырады. Бір
нәрсе белгілі, баланың ата-анасы қойған аты ғана емес,
қолдау көрсету; сүйіспеншілік, мадақтаулар және ата-
анасының баласына деген қызығушылықтары, балада жағымды Мен-
түжырымдамасы мен жоғары өзін -өзі бағалауын қалыптастыруға мүмкіндік
туғызады. Егер балаға үнемі үрсып оған кейде ғана жылы сезім
білдірсе, онда балада жағымсыз Мен түжырымдамасы мен төмен
өзіндік баға қалыптасады. Темен өзіндік бағадағь балалар өзіне сенімді емес
және оларда өзіндік ар-намысы, қадір -қасиеті әлсЬ нашар дамыған. Олар
басқа балалармен тіл табысуда, қарым-қатынас жасауд қиналады. Мен-
тұжырымдамасы жағымсыз қалыптағы балалардың міне: құлқында, достарымен,
мұғалімдермен басқа да топтардың мүшелерімен қарым-қатынасында үнемі
тауқымет болып отырады. Бұл жағдайлар мұндай балаларда өзіндік бағасына
одан сайын кері әсер етеді. Баланың бірінші сыныптағы Мен-
тұжырымдамасының тауқыметінен өмір бойы зардап шег келген жағдайлар да
кездеседі.
Өсе келе, дами келе, балалар өздерін басқалармен салыстырып, Мен,
Әлия сияқты әдемімін емес пе? немесе Мен Дина сияқты жақсы қызбын Мен
де Ғабит сияқты жақсы жұмыс істей аламын - деген пікір білдіреді.
Бозбалалық кезеңге жақындай келе, балаға ата-анасының көзқарасынан гөрі
достарының ой-пікірлері шешуші мәнге ие болады.
Әрбір адам өзінің қандай болғысы келетініне байланысты, арман-
мүратындағы Мен бейнесін тудырады. Ереже бойынша, армандағы Мен ата-
аналары, мұғалімдері, достары мен абыройлы адамдардың көзіндегі қүндылық
сапаларына ие болады. Адамның Мен бейнесі айналадағылардың әсерінен
өзгеруі мүмкін.
Лавануэя мен Уалидің зерттеулері жағымды Мен-тұжырымдамасы баш
адамдардың айналасындағыларға шыдамдылықпен қарауға бейім екендігіа
көрсетіп берді. Олар өздерінің сэтсіздіктерін де жеңіл қабылдайды, олардьщ
сәтсіздікке үшыраулары өзіндік бағасы темен адамдарға қарағанда
сирек кездеседі. Жоғары өзіндік баға, әдетте, өз бетімен, дербес және
адалдық сияқты сапалармен сәйкес келеді. Өзі туралы жағымды пікірдегі
адамдар ең алдымен өз дегеніне сүйеніп, содан барып қана басқалардың
кеңестері мен сындарын қабылдайды [30].
Төмен өзіндік бағадағы адамдар, керісінше, айтылған сындарды ауыр
қабылдап, барлық сэтсіздіктерде өзін кіналайды. Олар өз күштеріне сенбеуіне
байланысты, қысымға тез көнеді.
Кей-кездерде Мен-тұжырымдамасы жағымды адамдарға да өзін басқару
қиынға түседі. Бейімделу үшін критерийлерді табу қиынға түскенімен, Мен-
тұжырымдамасы жағымды адамдар Мен-тұжырымдамасы жағымсыз адамдарға
қарағанда, тез бейімделеді. Реттегіштің амал-тәсілдері мәдениет ортасы мен
нақты жағдайға байланысты. Адамға қолданылған бейімделудің жекеше әдістері
оның жеке тұлғасының бөлігі болып табылады. Жеке тұлға, жеке адамға
берілетін анықтамалардың көптігіне қарамастан, соның ішінде көбі қоршаған
орта жағдайына бейімделу аспектісін сызып көрсетеді. Жеке тұлға адамның
мінез-құлық, ойлау, сезім, қажеттіліктерін қоса алғанда, яғни сыртқы
көрінісі жоқ аспектілерінің барлық жиынтығын көрсетеді. Кейбір мінез-құлы
және сезім түрлері жиі қайталанады, ал енді біреулері - сирек қайталанады.
Өзім, ұқсастық, бірлестік сияқты терминдер жалпы қолданысқа ене
бастады: бұл ұғымдардың астарында жеке адамның өз-өзіне деген қарым-
қатынасы туралы нұсқама, түсініктер жатыр. Бұл нұсқамалардың пайда болуына
не көмектеседі?, деген сұрақтар туындайды. Олар қалай сақталадьад Осыған
байланысты көптеген күрделі теориялар бар.
Нәрестелер басында өзі мен қоршаған ортаның арасындағы қырларың
анықтауға қабілетсіз. Бірақ, оларда біртіндеп өзіндік Мен дамып, дене
бітімінің, денесінің тек өзіне ғана тэн екенін, оның қоршаған ортадан
тәуелсіздігін сезіне бастайды. Нәрестелік кезеңнің үлкен бөлігі балада тек
осымен ғана шектеледі.
Кейіннен кішкентай балалар өздерін ата-аналарымен, достары мен туған-
туыстарымен салыстыра бастайды. Олар өздерінің аға,әпкелерінен кішкентаі
екенін, олардың шаштарының түсі ашық немесе қоюлығын біле бастайды.
Олар біртіндеп өздерінің неге қабілетті, сондай-ақ, өздерінің жеке
меншік ұйғарымы мен құқықтарының бар екендігінен қыр көрсете бастайды
(Наrtеr 1988). Бастауыш мектеп жасы кезеңіне қарай олардың өздері туралы
білімдері кеңейіп, өзінің жеке сапаларына баға бере бастайды. 5-сынып
оқушысі достарының арасында сыйлы, көмегін аямайтын, мектепте, спортта
үлгеріъ жақсы сияқты қасиеттердің өзіне тэн екендігін жеткізіп бере алады.
Бұл өзінді ерекше белгілер бір жүйеге негізделіп, ұйымдастырылған.
Мен-тұжырымдамасы бүтін мәнді жеке адамның қалыптасуында өте
маңызды рөл атқарады. Адамның өзі туралы жеке көрінісі тіпті балаль шақтың
өзінде-ақ (өмірдің ересектер кезеңін айтпағанда) келісімді түрде болу
керек, әйтпеген күнде, жеке адам рөлдердің араласуынан зардап шегеді. Мен
тұжырымдамасы шындықтағы жэне арман-мұраттағы Мен бейнесін қамтид
шындығында адам өзі қандай жэне қандай болуы керек туралы көрініст
(Меаd,1934). Осы 2-түрдегі Мен бейнесін қабылдаған адам,
өзін шындықтағы Мен бейнесін армандағы Мен бейнесінен әлдеқайда тем
ұстайтын адамдарға қарағанда олардан бұрын өмірге ыңғайланып, толысь
кемелденеді [30].
Әлеуметтік қоршаған орта пенденің Мен-тұжырымдамасының:
қалыптасуына қалай көмектессе, Мен-тұжырымдамасы да өз кезегінде
әлеуметтендіруге өз әсерін тигізеді.
Мен-тұжырымдамасы соншалықты кең болып, адамның мінез-құлқы
анықтай бастағанда, ол әлеуметтендірудің факторына, сондай-ақ, оның өніміне
айналады.(1-қосымша)
Мен-тұжырымдамасы өзін-өзі кінәлау қызметін қалай атқарса, өзін-
өзі кеңейту қызметін атқаруы да мүмкін. Адамның мінез-құлқы оның Мен
бейнесімен сәйкес келген кезде, ол айналасындағылардың қолдау, қошаметіне
жүре алады: ол өз-өзіне көңілі толып, басқа сыйды қажет етпейді. Мысалы; өз
жақсы спортсмен деп санайтын балаға сәтті өткен ойыннан кейін достарынь
айтқан мадақтау сөздерін есту тартымды болар еді, бірақ ол жалғыз жаттыққан
күннің өзінде де, өз мүмкіндіктеріне сәйкес алынған
нәтижелерге қанағаттанады.
Мен-тұжырымдамасы өзіне өзін-өзі кінәлау тенденциясын
қосуы мүмкін. Өздерін жолы болмайтындар қатарына жатқызатын адамдар,
бүрынғы бейнесін сақтау үшін өз күштерін жағдайды жөндеуге, түзетуге
жұмсауы мүмкін. Бейненің бірден тез өзгеруі-жақсы жаққа өзгерген күнде де-
адам оньі өте ауыртпашылықпен қабылдайды.
Балалар өскен сайын, жасы есейген сайын, оларда өздерінің және басқа
адамдардың жеке басының физиологиялық, интеллектуалдық сапа, қасиеттер
туралы нақты, толық көріністері қалыптасады. Олар өздерінің және басқа
адамдардың Мен бейнесінің ерекшеленетін барлық қасиеттерін өздерін алады.
Мен бейнесінің кемелденуі, аяқталуы 2-деңгейде өтеді - жалпы жән
өзгешелік - яғни, күш жүмсалатын, әлеуметтік жэне оқу облыстарында (Маrsh,
Craven, g Debus, 1991) [18].
Балалар осылай өзін достарымен, жолдастарымен
салыстырып қорытынды шығарады: Мен спортта Нұрболдан мықтымын, бірақ
математикадан Ғалым сияқты мықты емеспін немесе Мен Ғалия сияқты жақсы
емес шығармын, бірақ менің достарым өте көп.Түсіндірілген Мен-
түжырымдамасы, өз кезегінде, балалард айналадағылардың элеуметтік мінез-
қүлқы мен өзінің әлеуметтік қалпынь мінез-құлқы арқылы бағалайтын сүзгі
ретінде жабдықтайды (Наrter, 1982). Бастауыш мектеп жасы кезеңіндегі Мен-
тұжырымдамасы ылғи да дәлдігімен айрықшалана бермейді. Мысалы: бірінші
сынып оқушылары бозбалалар қарағанда, спортта делік, өздерінің қабілеттерін
жағымды түрде қабылдау бейім келеді (Ессlеs еt аl., 1993) [18].

3. Тұлғаның әлеуметтенуін зерттеу

Жеке тұлғаны тәрбиелеу мен қалыптастырудың тарихы ерте кезден
басталған. Бұл мәселені ежелгі грек философтары біздің жыл санауымыздан
бұрын қарастырса, ал қазіргі кезде белгілі педагогтар, психологтар,
социологтар, мәдениеттанушылар мәселені зерттеп, жаңа тұрғыдан жан-жақты
ғылыми негіздегі талдауларды жасауда.
Ежелгі философтар Платон және Аристотель адамның дамуы мен
қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік факторлар мен тәрбиенің әсерін
ескермей ол тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деген
дәлелдерді алға тартса, бихевиоризм бағытын салушы американ психологы
Эдуард Торндайк ежелгі грек ойшылдарының тұжырымдарына қолдау жасайды.
Яғни, тұлғаның барлық қасиеттері гендерге, шыққан тегіне байланысты деп
есептелген. Ал ағылшын философы социологизаторлық бағытының негізін салушы
Джонн Локк адамның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін
қалыптастырудағы тәрбиенің шешуші рөлін мойындай келіп, адам тәрбие арқылы
жетіледі деген қорытындыға келді. Ал К.Маркс пен Ф.Энгельс адамды ортаға
белсенді әсер ететін, өз өміріндегі жағдайларды өзгерте алатын әлеуметтік
ортадағы қайраткер деп қарастырған. Мәселенің түйінін қорыта айтсақ,
баланың дамуына ықпал ететін факторларға: тұқым қуалаушылық; әлеуметтік
орта және тәрбие жатады екен.
Қазіргі кезде орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын
дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде
еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және
өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға
қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Белгілі ғалым Н.А.Ахмерова тұлға
ұғымына жетпістен астам анықтама берілгендігін, оның құрылымының жиырма
бестен астам анықтамасы бар екендігін, алайда тұлға ұғымының бір мағыналы
түсіндірмесіне жалпы негіздеме осы күнге дейін берілмегенін айтады.
Ресей педагогы Н.И.Пирогов балалардың жеке қасиеттерін ескеруді,
оларды байқап, олармен санасу керектігін айта келіп тұлға балада да, үлкен
адамда да дербес мызғымас қасиет - дегенді айтады Сол сияқты
К.Д.Ушинскийде балаларды зерттеп оларды жеке адам ретінде қабілеттерін және
қызығушылығын білу қажеттігін атап көрсеткен.
Н.Х.Вессель баланы субьект және обьект ретінде тұқым қуалаушылық
үлкен мағынаға ие екендігін, ал екінші жағдайда тәрбиенің рөлі басым
екендігін айтады.
Қазақстандық ғалымдар Е.О.Омар тұлға туралы мынадай сипаттама
береді: Тарих, ежелгі дүние ғылымдары айтқандай - өмір ұстазы.Тарих
адамды обьект деп қарамай, оны әлеуметтік іс - әрекеттік, қоғам дамуының,
тарихтың субьектісі деп есептейді.
Ж.Әбиев, С.Бабаев және А.Құдиярова: Жеке адам ұғымын қолданып,
оған төмендегідей анықтама береді: Жеке адам-адамның қоғамдық сипатын
танытып, оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен
қасиеттер жиынтығын білдіреді.
Тұлға деп қоғамдық дамудың өнімін, еңбек, қарым – қатынас және
таным субьектісін, қоғамдық өмірдің нақты тарихи жағдайында анықталған
адамды айтуға болады.
Жеке тұлға әлеуметтік құбылыс. Жеке тұлғаның мінездемелік
ерекшеліктері әлеуметтік сападан тұрады. Бұлар: индивидуалдық,
ақылгөйлілік, жауапкершілік, мінез және темперамент, мақсатқа жету және
белсенділігін, өзіндік бақылау. өзіндік анализ, бағытталу және еркіндік
жатады. Яғни жеке тұлға дегеніміз қатынастар мен сананы іс-әрекеттік
субьектісі ретіндегі индивид.
Педагогика ғылымының әлеуметтену деген ұғым аясындағы міндеттері
алуан-түрлі әлеуметтендіруші әсерлерді (ұйымдастырылған және өздігінен орын
алған) анықтау мен негіздеуді және оларды мақсатты түрде әлеуметтендірудің
негізгі ортасы мектеп болуы тиіс, өйткені, отбасы немесе басқа да
әлеуметтік институт жастарды осы заманғы өркениет қиындықтарына даярлауға
қабілетсіз.
Э.Дюркгейм мектеп педагогикасына арнаған өзіндік формуласын:
Әлеуметтендіре отырып даралау деген ойымен түйіндеген. Индивид қоғамға
қандай мөлшерде қатысты болса да, сондай мөлшерде ол ойлану үстінде де, іс-
әрекет үстінде де табиғи түрде өзін-өзі өсіріп, жетілдіреді - дейді ол.
Американың белгілі социологы әрі психологі Дж Герберт Мит (1863-
1931) әлеуметтендірудің рөлдік тұжырымдамасын жақтайды. Яғни әлеуметтену
барысында бала әлеуметтік рөлдердің атқарушысы болу үшін оларды бойына
өлшеп көріп, жай ғана игеріп қоймай, нақты әлеуметтік жағдаятты
интерпретациялайды, себебі ол өзгенің рөлін ала отырып, өзіне деген жаңа
қарым – қатынас пен көзқарасқа ие болады. Осылайша, әлеуметтенуші бала
өзіне қоғамның берген рөлдерін қабылдап, оларды өзі меңгереді.
Әлеуметтенудің сыншылдық тұжырымдамасының басты теоретиктерінің бірі
– Карл Роджерс (1902-1987) Әлеуметтендіру – тіпті де баладан жасанды түрде
тұлға құрастыру дегендік емес. Оны іс жүзінде адамның өзі ғана істей
алады әрі өзі ғана істеуі тиіс,- деп қорытады.
К.Роджерс әлеуметтендіру барысында тұлғаның бойында өзін-өзі
бағалауға икемділікті бұрын қалыптасқан құндылықтар жүйесін тәжірибе
нәтижесінде қайта қарай білу қасиеттерін қалыптастыру маңызды деп
есептейді. К.Роджерстің ұғымында, тұлға мен оның әрекеті үшін Мен –
тұжырымдаманың қалыптасуының маңызы зор, ол өзін-өзі қабылдау жүйесі: адам
өзін-өзі қалай қабылдайтынын сипаттап береді, мұны К.Роджерс Нақты-Мен
деп атайды. Адам жаңа өмірлік тәжірибе жинаған сайын, яғни, әлеуметтену
барысында Мен – тұжырымдама да күрделіленіп, саралана түседі.
Айналадағылардың дұрыс қарым-қатынасы баланың өз-өзіне дұрыс қарым-
қатынасына, өзіне сенімділігіне айналады да, әлеуметтенуші тұлғаның нақты
және идеалды менің сәйкестендіруге жағдай жасайды деп есептейді.
Әлеуметтендірудің сыншылдық тұжырымдамасын қолдаушының бірі Абрахам
Маслоу (1908-1968) – адам табиғатынан-ақ толық жетілген, ол өз өмірін
белсенді түрде құруға, денсаулығын сақтауға, әсемдік әлемімен тілдесуге,
өзінің дербестігі мен даралығын қорғауға қабілетті. Яғни, адамның
әлеуметтік мінез-құлқы толығымен өзін-өзі негіздейді және әрбір тұлға өзін-
өзі жасайды, өз өмірлік тәжірибесінің сәулетшісі өзі, оны қоршаған әлеумет
жасамайды деп түйіндейді.
Әлеуметтенудің когнитивтік тұжырымдамасының өкілдері тұлғаның
қандайда бір әлеуметтік әрекетті игеруінің басты мүмкіндігі ретіндегі
когнитивтік үрдістердің мәнін ерекше атап көрсетеді. Теоретиктер өз
зерттеулерінде генетикалық психологияның Женева мектебін қалаушы Жан
Пиаженің (1896-1980) психологиялық даму теориясына сүйенеді. Бұл теория
бойынша, тұлғалық даму- ең алдымен ойлаудың дамуы.
Әлеуметтенудің когнитивтік тұжырымдамасының жетекші өкілдерінің бірі
– америкалық психолог әрі педагог Лоуренс Колберг (1927-1987) Дж Дьюи мен
Ж.Пиаженің идеяларының едәуір ықпалында болған Л.Колберг тұлғаның
әлеуметтену үрдісі ең әуелі моралдік сананың дамуы, әлеуметтік өмірдің
талаптары мен ережелерін меңгеру үрдісі деп қарастырады. Бұл жерде ол
әлеуметтік ортаны сыртқы әсерлердің жүйесі деп емес, тұлғаны белгілі бір
әлеуметтік рөлдерді қабылдауға ынталандыратын мүмкіндіктер жүйесі деп
анықтап береді. Л.Колберг пікірінше, мектептің демократияланған әлеуметтік
құрылымы балалардың (педагогтердің де) өз әрекетін басқа адамдардың мүддесі
тұрғысынан бағалауға бейімділігін, басқаларды өзіндей көруге, солардың
қамын ойлап өмір сүруге дайындығын қалыптастырады. Яғни, әлеуметтік
тәжірибе балалардың танымдық әрекетін қамшылай түскендей болады.
Әлеуметтік үйрену тұжырымдамасы әлеуметтендіру механизмдері реті
идентификация, еліктеу, сену, талаптарға бағыну, конформдылық үрдістерін
қарастырады. Бұл үрдістер санасыз немесе санамен сезінудің түрлі
дәрежесінде орын алып, жеткіншек баланың әлеуметке енуіне жағдай жасайды.
Әлеуметтік үйрену терминін ғылыми айналымға жиырмасыншы ғасырдың отызыншы
жылдарда америкалық психологтер Н.Миллер мен Дж.Доллард енгізген. Үйрену
- әлеуметтік даму үрдісі. Әлеуметтік үйрену тұжырымдамасының психологиядағы
басты үндеушісі-белгілі америкалық психолог Альберт Бандура (1925ж туған)
Оның көзқарасы бойынша, адамның мінез-құлқын әлдебір ішкі, психикалық
күштер немесе сыртқы ортаның ықпалы ғана басқармайды. Сонымен қатар адам
мінез-құлқында когнитивтік құрылымдар да бар, ал оны анықтайтын механизмді
А.Бандура өзара детерменизм деп атады. Әлеуметтену үрдісін бақылау арқылы
үлгілеу немесе үйрену үрдісі деп қарайды: айналадағыларды бақылау негізінде
баланың мінез-құлық үлгісі қалыптасады. Бала өзінің әлеуметтік ортасындағы
ересектер мен құрбыларынан үйрену, олардың мінез-құлқын көшірмелеу арқылы
ол үшін жаза да, мақтау да күтпестен әлеуметтенеді деп есептейді.
Әлеуметтік үйрену теориясының беделді өкілдерінің бірі – америкалық
психолог Ури Бронфенбреннер (1917ж туған) жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы
жылдың өзінде АҚШ-тағы және КСРО-дағы балалардың әлеуметтенуін салыстыра
зерттуді қолға алды.
У.Бронфенбреннер өз еңбектерінде әлеуметтенуді орта мен өмір
жағдайларының әлеуметтік ықпалдарының жиынтығы ретінде бірден төрт деңгейде
қарастырады:
микрожүйе деңгейі (отбасының, құрбы-құрдастар тобының, мектептегі
достардың, кейде діни қауымның әлеуметтік ортасы);
мезожүйе деңгейі (әлеуметтік институттардың өзара әрекетінен туындайтын
ықпалдар, мысалы, отбасы мен мектеп отбасы және діни қауым);
экзожүйе деңгейі кеңейген отбасы (отбасының достары, көршілер,қоғамдық
ұйымдар,қалалық билік орындары, бұқаралық ақпарат құралдары тигізетін
ықпал);
макрожүйе деңгейі (сол ортадағы мәдениеттің қағидалары мен идеологиясы,
қандайда бір субмәдениеттегі әлеуметтік ұғымдар мен нормалар).
Яғни, тұлға әлеуметтену үрдісінде әлеуметтің өзара байланысты
деңгейлерінің барлығының ықпалын бастан кешеді және өзінің өмірлік ортасын
көп деңгейлі етіп құрады деп санады У.Бронфенбреннер.
Сонымен қорыта келе, Әлеуметтену адамды әлеуметтік өмірге енгізетін
күрделі үрдіс. Адам әлеуметтік – экономикалық қоғамдық саяси басшылық,
мәдени, педагогикалық істерді атқара жүріп, материалдық және рухани
игіліктерді жасаушы. Әлеуметтендіру адамның ер жетіп, есейген шағында
әдетте аса өрлеу жағдайында жүреді, тұлға жоғары әлеуметтік мәртебеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа технологияларды өз сабақтарымда қолдану тәжірибемнен
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың әлеуметтік - психологиялық бейімделу ерекшеліктері
Бастауыш білім берудің болашағы
Зерттеу нысаны - бастауыш мектеп оқушылары
Бейімделудің орташа деңгейі
Тәрбиенің тұлға дамуындағы рөлі
Жеке тұлғаны өмірлік даярлауда әлеуметтендірудің алатын орны
Жеке тұлға интеракционистік теория
Бастауыш сынып оқушыларының өзін -өзі бағалауын қалыптастырудың теориялық негіздері
Педагогика бойынша лекциялар
Пәндер