Инвестициялық салық преференциялары



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I Инвестициялық салық преференциялараның теориялық негiзi
1.1.Инвестиция туралы жалпы түсiнiк ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Инвестиция типтерi мен түрлерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

II Инвестициялық салық преференцияларын қолдану және тоқтату тәртібі
2.1 Инвестициялық салық преференцияларын қолдану тәртiбi ... ... ... ... ... ...19
2.2. Преференциялардың қолданылуын тоқтату тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

III Қазақстан Республикасындағы экономиканы өркендетуде инвестицияны тартудың және оларға инвестициялық салық преференцияларын берудің маңызды жақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
Кіріспе
Инвестициялар – мүлiктiк қазыналардың және оларға құқықтардың, сондай-ақ пайда мақсатында инвесторлар кәсiпкерлiк қызмет обьектiлерiне салатын интелектуалдық меншiкке құқықтардың барлық тұрлерi. Инвестиция (ағылшынның invistor - салымшы) бұл өндiрiстiк, кәсiпкерлiк және басқа да қызметтерге өнiм өндiрудi, жұмысты және қызметтi Ұйымдастыру және пайданы алу немесе басқа да түпкi нәтижелерге (табиғатты қорғау, тұрмыстық өмiрдiң сапасын арттыруы және таға басқаларға) жету мақсатында ұзақ мерзiмдi қаржылық салымдар. Олар материалдық және интелектуалдық бағалықтар болуы мүмкiн. Сонымен қатар инвестиция өндiрiстi дамытуға немесе өнiдiрiстiк емес сфераға күрделi қаржыны жұмсауды да айтамыз.
Елiмiздiң геосаяси жағдайы жерасты қазба байлықтың молдығы шетел кәсiпкерлерiнiң аңсарын аударып отырғанымен инвестициялық салада проблемаларда баршалық. Соның ең бастысы өндiрiс орындарының өнiм өндiру көлемiн мүмкiндiгiнше қалыптастыра алмай тұрғандығы дер едiк. Осының салдарынан кейбiр салаларды инвестиция үшін берген қаржының бiраз бөлiгi сол кәсiпорындардың жалақы мен зейнетақы қарыздарын төлеуге жұмсалды. Мысалы, үстiмiздегi жылы инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған қаржы мөлшерi 1,2 миллиярд теңге қысқарды. °сiлi, бұл қаржы кәсiпорындарының iшкi құрылымын жетiлдiруге, техникамен жарақтандыруға, тағы басқа мақсаттарға жұмсалуы тиiс болған.
Жалпылай алғанда, кез-келген сала инвесторға зәру әсiресе ауыл шаруашылығы қатты мұқтаж. Инвесторлар осы салаға, өмiрдiң өзi көрсетiп отырғандай, қаржы салуға онша көп ынталы емес. Оның тұрлi себептерi бар. Олар ауыл шаруашылығынан айтарлықтай пайда көрмейтiнiн жақсы бiледi.
Жасыратыны жоқ, АҚШ пен Канада дүкендегiлердiң басым көпшiлiгi шеттен әкелiнген тауарлар. Олар сол тауарлар арзан болған үшін ғана пайдаланады. Ал өздерi өндiретiн өнiмдердiң бағасы қымбат, өзiндiк құны жоғары. Оның есесiне, бұл елдерде техншика қатты дамыған.
Ел экономикасын көтеруден ендiгi бiр Үшы шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуда жатыр. ұзақ мерзiмдi қамтитын даму стратегиямызда бұл анық көрсетiлген. Шағын және орта бизнестi, шаруа қожалықтарын мүмкiндiгiнше дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуға кемiнде 100 миллион доллар берiледi делiнген. Егер осы қаржы уақытысында бөлiнiп, шаруалар мен кәсiпкерлердiң қолына тиер болса, ауыл адамдарының жағдайы бiршама жақсаратыны анық. Бұл ретте осы неше қаржыны беретiн банктерге үлкен жауапкершiлiк жүктелмек.
Инвестициялық салық преференциялары инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын салық төлеушi заңды тұлғаларға берiледi. Преференциялар салық төлеушiлерге преференцияларды қолданудың басталу күнiн белгiлейтiн келiсiм-шартқа (оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органына берiледi) сәйкес мынадай мерзiмдерде:
келiсiм-шартты жасасу кезiнде шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушiлер - тiркелген активтер пайдалануға берiлген жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап;
жаңадан құрылған салық төлеушiлер тiркелген активтердi пайдалануға берген кезден бастап берiледi.
Қызметiн жаңа өндiрiстердi құру жөнiндегi инвестициялық жоба (жобалар) шеңберiнде ғана жүзеге асыратын жаңадан құрылған салық төлеушiлер үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша преференциялар осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығын жүз процентке азайтуға құқық бередi. Қолданыстағы өндiрiстердi кеңейту және жаңарту жөнiндегi инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын және осы баптың 3-тармағындағы талаптарға сай келмейтiн салық төлеушiлер үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша преференциялар амортизацияға жатпайтын, көрсетiлген тiркелген активтердi қоспағанда, жылдық жиынтық табыстан инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға қосылатын тiркелген активтердiң құнын преференцияларды қолдану мерзiмiне байланысты тең үлестермен шегерiмге жатқызуға құқық бередi.
Преференциялар беру тәртiбi мен шарты Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарында айқындалады.
Инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм берiлген кезге дейiн күнтiзбелiк он екi ай iшiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен салық төлеушiлер жаңадан құрылған салық төлеушiлер деп танылады.
Курстық жұмысым үш бөлімнене тұрады. Жұмысымның бірінші бөлімінде:инвестициялық салық преференциялараның теориялық негiзi онда:инвестиция туралы жалпы түсiнiк, инвестиция типтерi мен түрлерi, екінші бөлімінде: инвестициялық салық преференцияларын қолдану және тоқтату тәртібі: инвестициялық салық преференцияларын қолдану тәртiбi, преференциялардың қолданылуын тоқтату, ал үшінші бөлімінде: Қазақстан Республикасындағы экономиканы өркендетуде инвестицияны тартудың және оларға инвестициялық салық преференцияларын берудің маңызды жақтары қарастырылған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Салық кодексі 2001 жыл( 2007 жылғы өзгертулер мен толықтыруларды қоса алғанда)
2 Аблиакимов К Бюджет-1999. “Баға және талдау” Іазхстанская правда 1998 жыл N12 .
3 А.И. Худяков, Н.Е. Наурызбаев. Налоги: понятие, элементы, установление, виды. Алматы 1998г. ТОО Баспа.
4 Салық жинауда салғырттық болмасын. І. Ашутов. Қаржы-қаражат 1998/8.
5 Мемлекеттiк салық саясаты Заң газетi. 1999 жыл 3 желтоқсан.
6 Бюджетке жаңаша қарау қажет. Қаржы-ақпарат.- N5- 03.2006
7 27.Салық және бюджет саясаты Қазақстан ХХI ғасырға жол 2004 ж. N2
8 28.Салық- халық несiбесi Еегемендi Қазақстан, 2004ж.1 қазан
9 29. Салық бюджеттiң қайнар көзi// Заң газетi 2004 жыл шiлде.
10 30.Облыс бюджетiнiң басты бағыты. Оңтүстiк Қазақстан N81.29.06.2006.
11 31.Қазақша - орысша, орысша – қазақша терминологиялық сөздiк: Под общ. Ред. А.К. Кусаинова. – Алматы: Рауан, 2004-288 с.
12 Дуканич Л.В. ''Налоги и налогообложение'' Ростов-не-Дону Феникс 2006г.
13 Деловой мир Казахстана –2004г. N3,с 20-22.
14 Дамудың бiр кепiлi салық Заң және заман 2004 ж. N4 47-51б.
15 Дербисов Е.Ж., Ержанов С.Ж. Налоги в Казахстане. Алматы, ЮКЗЭ, 1999 ж.
16 Егемендi Қазақстан Салық және бюджетке түсетiн басқа мiндеттi төлемдер туралы Салық кодексiнiң жобасы, 2004.2 қараша.
17 Салыққа салаутты көзқарас керек Зерде N3 2004ж.
18 Салық жинауда салғырттық болмасын. І. Ашутов. Қаржы-қаражат 1998/8.
19 О налогах и других обязательных платежах в бюджет и закон РК с изменениями и дополнениями 1 января 2004 г. Алматы
20 А.И. Худяков. Налоговое право РК. Алматы Жетi жарғы 1998г.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3

I Инвестициялық салық преференциялараның теориялық негiзi
1.1.Инвестиция туралы жалпы
түсiнiк ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Инвестиция типтерi мен
түрлерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

II Инвестициялық салық преференцияларын қолдану және тоқтату тәртібі
2.1 Инвестициялық салық преференцияларын қолдану
тәртiбi  ... ... ... ... ... ...19
2.2. Преференциялардың қолданылуын тоқтату
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

III Қазақстан Республикасындағы экономиканы өркендетуде инвестицияны
тартудың және оларға инвестициялық салық преференцияларын берудің маңызды
жақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37

Кіріспе
Инвестициялар – мүлiктiк қазыналардың және оларға құқықтардың, сондай-
ақ пайда мақсатында инвесторлар кәсiпкерлiк қызмет обьектiлерiне салатын
интелектуалдық меншiкке құқықтардың барлық тұрлерi. Инвестиция (ағылшынның
invistor - салымшы) бұл өндiрiстiк, кәсiпкерлiк және басқа да қызметтерге
өнiм өндiрудi, жұмысты және қызметтi Ұйымдастыру және пайданы алу немесе
басқа да түпкi нәтижелерге (табиғатты қорғау, тұрмыстық өмiрдiң сапасын
арттыруы және таға басқаларға) жету мақсатында ұзақ мерзiмдi қаржылық
салымдар. Олар материалдық және интелектуалдық бағалықтар болуы мүмкiн.
Сонымен қатар инвестиция өндiрiстi дамытуға немесе өнiдiрiстiк емес сфераға
күрделi қаржыны жұмсауды да айтамыз.
Елiмiздiң геосаяси жағдайы жерасты қазба байлықтың молдығы шетел
кәсiпкерлерiнiң аңсарын аударып отырғанымен инвестициялық салада
проблемаларда баршалық. Соның ең бастысы өндiрiс орындарының өнiм өндiру
көлемiн мүмкiндiгiнше қалыптастыра алмай тұрғандығы дер едiк. Осының
салдарынан кейбiр салаларды инвестиция үшін берген қаржының бiраз бөлiгi
сол кәсiпорындардың жалақы мен зейнетақы қарыздарын төлеуге жұмсалды.
Мысалы, үстiмiздегi жылы инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруға
бағытталған қаржы мөлшерi 1,2 миллиярд теңге қысқарды. °сiлi, бұл қаржы
кәсiпорындарының iшкi құрылымын жетiлдiруге, техникамен жарақтандыруға,
тағы басқа мақсаттарға жұмсалуы тиiс болған.
Жалпылай алғанда, кез-келген сала инвесторға зәру әсiресе ауыл
шаруашылығы қатты мұқтаж. Инвесторлар осы салаға, өмiрдiң өзi көрсетiп
отырғандай, қаржы салуға онша көп ынталы емес. Оның тұрлi себептерi бар.
Олар ауыл шаруашылығынан айтарлықтай пайда көрмейтiнiн жақсы бiледi.
Жасыратыны жоқ, АҚШ пен Канада дүкендегiлердiң басым көпшiлiгi шеттен
әкелiнген тауарлар. Олар сол тауарлар арзан болған үшін ғана пайдаланады.
Ал өздерi өндiретiн өнiмдердiң бағасы қымбат, өзiндiк құны жоғары. Оның
есесiне, бұл елдерде техншика қатты дамыған.
Ел экономикасын көтеруден ендiгi бiр Үшы шағын және орта кәсiпкерлiктi
дамытуда жатыр. ұзақ мерзiмдi қамтитын даму стратегиямызда бұл анық
көрсетiлген. Шағын және орта бизнестi, шаруа қожалықтарын мүмкiндiгiнше
дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуға кемiнде 100 миллион доллар берiледi
делiнген. Егер осы қаржы уақытысында бөлiнiп, шаруалар мен кәсiпкерлердiң
қолына тиер болса, ауыл адамдарының жағдайы бiршама жақсаратыны анық. Бұл
ретте осы неше қаржыны беретiн банктерге үлкен жауапкершiлiк жүктелмек.
Инвестициялық салық преференциялары инвестициялық жобаны iске асыруды
жүзеге асыратын салық төлеушi заңды тұлғаларға берiледi. Преференциялар
салық төлеушiлерге преференцияларды қолданудың басталу күнiн белгiлейтiн
келiсiм-шартқа (оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi салық төлеушiнiң
тiркелген жерi бойынша салық органына берiледi) сәйкес мынадай мерзiмдерде:
келiсiм-шартты жасасу кезiнде шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын
салық төлеушiлер - тiркелген активтер пайдалануға берiлген жылдан кейiнгi
жылдың 1 қаңтарынан бастап;
жаңадан құрылған салық төлеушiлер тiркелген активтердi пайдалануға
берген кезден бастап берiледi.
Қызметiн жаңа өндiрiстердi құру жөнiндегi инвестициялық жоба (жобалар)
шеңберiнде ғана жүзеге асыратын жаңадан құрылған салық төлеушiлер үшiн
корпорациялық табыс салығы бойынша преференциялар осы Кодекстiң 125-бабына
сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығын жүз процентке азайтуға құқық
бередi. Қолданыстағы өндiрiстердi кеңейту және жаңарту жөнiндегi
инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын және осы баптың 3-
тармағындағы талаптарға сай келмейтiн салық төлеушiлер үшiн корпорациялық
табыс салығы бойынша преференциялар амортизацияға жатпайтын, көрсетiлген
тiркелген активтердi қоспағанда, жылдық жиынтық табыстан инвестициялық жоба
шеңберiнде пайдалануға қосылатын тiркелген активтердiң құнын
преференцияларды қолдану мерзiмiне байланысты тең үлестермен шегерiмге
жатқызуға құқық бередi.
      Преференциялар беру тәртiбi мен шарты Қазақстан Республикасының
инвестициялар туралы заңдарында айқындалады.
Инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм берiлген кезге дейiн
күнтiзбелiк он екi ай iшiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен салық төлеушiлер
жаңадан құрылған салық төлеушiлер деп танылады.
Курстық жұмысым үш бөлімнене тұрады. Жұмысымның бірінші
бөлімінде:инвестициялық салық преференциялараның теориялық негiзi
онда:инвестиция туралы жалпы түсiнiк, инвестиция типтерi мен түрлерi,
екінші бөлімінде: инвестициялық салық преференцияларын қолдану және тоқтату
тәртібі: инвестициялық салық преференцияларын қолдану тәртiбi,
преференциялардың қолданылуын тоқтату, ал үшінші бөлімінде: Қазақстан
Республикасындағы экономиканы өркендетуде инвестицияны тартудың және
оларға инвестициялық салық преференцияларын берудің маңызды жақтары
қарастырылған.

1 тарау. Инвестициялық салық преференциялараның теориялық
негiзi

1.1.Инвестиция туралы жалпы түсiнiк

Инвестициялар – мүлiктiк қазыналардың және оларға құқықтардың, сондай-
ақ пайда мақсатында инвесторлар кәсiпкерлiк қызмет обьектiлерiне салатын
интелектуалдық меншiкке құқықтардың барлық тұрлерi. Инвестиция (ағылшынның
invistor - салымшы) бұл өндiрiстiк, кәсiпкерлiк және басқа да қызметтерге
өнiм өндiрудi, жұмысты және қызметтi Ұйымдастыру және пайданы алу немесе
басқа да түпкi нәтижелерге (табиғатты қорғау, тұрмыстық өмiрдiң сапасын
арттыруы және таға басқаларға) жету мақсатында ұзақ мерзiмдi қаржылық
салымдар. Олар материалдық және интелектуалдық бағалықтар болуы мүмкiн.
Сонымен қатар инвестиция өндiрiстi дамытуға немесе өнiдiрiстiк емес сфераға
күрделi қаржыны жұмсауды да айтамыз. Инвестицияның деңгейi қоғамның Ұлттық
табысының көлемiне маңызды әсер етедi.Ұлттық экономикада көптеген макро
пропорциялар оның динамикасына байланысты болады. Инвестициялар елдiң
масштабында кеңейтiлген қайта өндiрiстiк процесiн анықтайды. Жаңа
мекемелердiң құрылысы, тұрғын үйлердiң салынуы инвесторлау процесiне
байланысты болып келедi. Инвестицияны заңды және жеке тұлғалар жүзеге
асырады. Инвестициялар: венчурлiк, тiкелей, портфельдiк, аннуитет болып
бөлiнедi. Венчурлiк инвестиция – шаруашылықты қаржыландыруда шешушi рол
атқаратын жаңа акциялар шығару формасындағы инвестициялар. Венчурлiк
инвестиция орташа және ұзақ кәсiпорындардың өмiр сұруiнiң маңызды
шарттарының бiрi болып табылады: әдетте тәуекелмен байланысты.2
Тiкелей инвестициялар – шаруашылық субьектiнi басқаруға қатысуға құқық
алу мен табыс алу мақсатымен экономикалық субьектiнiң жарғылық қорына
құйылым жасау.
Портфельдiк инвестиция – пайда алу мақсатымен акцияға, облигацияға
және басқа ұзақ мерзiмдi сипаттағы бағалы қағаздарға қаражат жұмсау.
Аннуитет – кредитордан алынған қарызды, пайыздарын қоса, өтеу үшін
оған төленетiн (әдетте ұзақ уақыт бойы) белгiлi бiр мөлшерден жыл сайынғы
ақша сомасы (рента).
Қазақстан экономикасының өзектi проблемаларының бiрi ең алдымен
материалды өндiрiс сферасында инвестициялық iс-әрекеттi ынталандыру болып
табылады. Қазақстан экономикасының құрылымды қайта құруының негiзгi
проблемасы қаржыландыру көздерi болып табылады. Қазақстанда инвестициялық
iс-әрекеттiң қаржыландыру көздерi болып:
1. Кәсiпорынның өз акцияларын сатудан кен қаражаттары: акционерлiк
компаниялародың өнеркәсiптiк қаржы топтарының қайтарымсыз негiзгi
бөлiцнетiн қаражаттары;
2. Федералды, аймақтық, жергiлiктi бюджеттi ассигнациялау қайтарымсыз
негiзiнде iскерлiктi қолдау;
3. Шетел инвестициялары;
4. Қайтарымды негiзде мемлекет ұсынған несие тұрiндегi қарыз
құралдары. Шетел несиелерi, облигациялық займдар, коммерциялық
банктер несиелерi, векселдер және компанияның инвестициялық
қорларының, сақтандыру компанияларының, зейнеткерлер және өзара
қорлардың қаражаттары.
Инвестицияның қайнар көзi болып жинақ (сбережения) табылады. Бiрақ
жинақ тек бiр шаруашылықпен айналысатын субьектiлердi iске асыра алады.
Инвестиция келесiдей факторларға байланысты болады:
- пайда нормасының күтiмiне немесе капиталды қаржы бөлудiң
рентабельдiгiне байланысты. Егер бұл рентабельдiк, инвесторлардың пiкiрi
бойынша, тым төмен болса, онда қаржы бөлу iске аспайды.
- Капиталды қаржы бөлудiң альтернатвтi мүмкiндiгiне байланысты.
Инвестор өзiнiң ақшасын жаңа зауыттың немесе фабриканың құрылысына сала
алады, яғни ол сонымен қатар ресурстарын банкке де жайғастыра алады. Егер
пайыз нормасы пайда нормасының күтiмiнен жоғары болса онда инвестициялар
iске асырылмайды, және керiсiнше, егер пайыз нормасы пайда нормасының
күтiмiнен төмен болса, онда кәсiпкерлер капиталды қаржы бөлудiң жобасын
iске асырады. Графикте, инвестиция мен жинақты пайыз нормасының арасындағы
өзара байланыс келесiдей сипаттан көрiнедi.

S1=J

Сурет –1

Графикте, инвестиция мен жинақтың арасындағы тепе-теңдiк көрсетiлген:
JJ – қисығы инвестиция;
SS – жинақ;
Ордината өсiнде – пайыз нормасының мағынасы (r); Абцисса өсiнде –
жинақ және инвестиция;
Инвестиция пайыз нормасын J=J (r) бұл келушi функция: пайыз
ставкасының деңгейi жоғары болғанда инвестиция деңгейi төмен болады.
Жинақта пайыз нормасының функциясы: S=S(r). Бiрақ ол артушы функция r-ге
пайыз деңгейi экономиканың барлық масштабында жинақ пен инвестицияның
теңдiгiн қамтамасыз етедi,
r1 және r2 деңгейi осы күйден ауытқуы. Яғни инвестиция пайыз
ставкасының функциясы болып, ал жинақ табыстың функциясы болып табылады.
Салық салу деңгейiне және жалпы берiлген елдер мен аймақтың салық
климатына байланысты. Салық салудың тым жоғары деңгейi инвестицияға жағдай
жасамайды.7
Инвестициялық процесс ақшаның инфляциялық құнсыздануының қарқынына
септiгiн тигiзедi.
Инвестицияның, табыстың жинақтың өзара әсерiн шағылыстыратын маңызды
макроэкономикалық пропорциясын келесiдей сипатта көрсетуге болады:
Y = C+S, яғни Ұлттық табыс өзiнiң пайдалануында тұтыну шығыны (C) мен
инвестиция (J) сомасына тең. Тұтыну – табыс функциясы болып табылады, яғни
C =C(Y).
Басқа жағынан, туындалған Ұлттық табыс Y= C+S –ке тең. S – (жинақ)
ол да табыс функциясы, S=S(Y). Ендеше егер C+J=C+S онда J=S бұл жердле
инвестиция - r:J=J(r) функциясы, ал жинақ - Y:S=S(Y) болып табылады. Ендi
жинақ пен инвестицияның тең болуындағы Ұлттық табыстың деңгейiн анықтаймыз.
Ол үшін график қолданамыз. Абцисса өсiнде – Ұлттық табыс деңгейi (ҰТ).
Ордината өсiнде – жинақ және инвестиция (SJ). JJ сызығы – инвестицияның µТ-
ның кез-келген деңгейiндегi айнымас көлемi. Графикте Ұлттық табыс өскен
сайын жинақ арттатыны көрiнiп тұр.
Е- нүктесiнде JJ және SS қисығы қиылысады. N нүктесi J және S нүктесi
арасындағы кеңдiктiң бұзылуы кезiнде елдiң экономикасының барлық уақытта
Ұлттық табыс теңдiгiне ұмтылғандағы жағдайын бiлдiредi.

S N F ЅТ

Сурет – 2.
Егер SS қисығы JJ қисығынан үлкен болса, онда жинақ масштабы қоғамда
инвесторлау масштабын арттырады. Ал егер SS қисығы JJ қисығынан төмен
болса, керiсiнше болады.
Мемлекеттiң инвестиция процестердi реттеушi ретiндегi инвестициялық
саясаттың приоритеттерiн таңдауда әртұрлi типтi инвесторлар үшін бiрдей
жағдай жасауда салық жеңiлдiктерi арқылы инвестициялық iс-әрекеттер
стимулдауда пайдалы инвестициялық несиенi қамтамасыз етуде жалпы қолайлы
инвестициялық ауа-райын қалыптастыруда болып табылады. Инвестицияларға
байланысты қызмет: бiрлескен және шетелдiк кәсiпорындарды сондай-ақ
шетелдiк заңды тұлғалар филиалдарын құру, бақылау олардың жұмыс iстеуi,
ұсталуы және таратылуы. Шартты жасасу мен орындау. Интелектуалдық меншiк
құқығын қоса алғанда, алуан тұрлi мүлiктi сатып алу, пайдалану және билiк
ету. Акцияларды, облигациялар мен басқа да бағалы қағаздарды сатып алу,
шығару және сату. Инвестицияларға байлагысты Қазақстан Республикасының
заңдарында тиiм салынбаған. Жердi және өзгеде табиғи ресурстарды сатып алу,
кепiлге салу, оларды иесiздендiру және пайдалану құқықтарын қолданудың
басқа да нысандары.6
Сонымен “Инвстициялар” түсiнiгi көп қырлы құбылыс, оның бiрнеше
мағыналы анықтамасы бар:
✓ ең алдымен, инвестициялар жөнiнде сөз еткенде, құрал-жабдық,
технологиялар жөнiнде айтылады. Оларды енгiзу арқылы өндiрiстiк процесс
жүзеге асырылады;
✓ соңғы кездерi бағалы қағаздарды, акцияларды сатып алу жөнiнде сөз
болады;
✓ мүндай анықтама бiрнеше шектеушi сипатта болады, өйткенi кең мағынада
алғанда, ол әр алуан тектi операциялардың тiзбектеп орындалуы бар белгiлi
бiр процесс болып табылады;
✓ осы процестiң әлеуметтiк-экономикалық салдары бойынша оны экономиканың
дамуын қамтамасыз ететiн белгiлi бiр механизм ретiнде бағалауға болады.
Экономистер үшін инвестиция - әрқашан күрделi қаржының нақтылы заттай
тұрi, ал халық тұрғындар инвестицияның өздерiнi ң есептерiндегi өзгерiстер,
акцияны сатып алу сақтық кассаларындағы есеп ашу деп түсiнедi. Егер адамдар
қоғамдық, өндiрiстiк мүмкiндiктерiнiң бiр бөлiгiн тұтынуға қатысты күрделi
қаржы ретiнде пайдаланса, экономикалық есеп оны өндiрiс көлемi деп бағалап,
жалпы Ұлттық өнiмге қосады. Сондықтан анықтамаларымызды толықтыруымыз
керек. Жалпы Ұлттық өнiм – түпкi, соңғы өнiмнiң сомасы, бұған тұтыну
тауарларымен қызметтерiн қоса жалпы инвестицияда кiредi. Таза және жалпы
инвестиция жыл бойы жасалған машиналарды, фабрикалар мен үйлердi,
құрылыстарды қамтиды, олар ескi капиталды ауыстыру үшін сатып алынса да
таза инвестиция капиталдың өмiрге келуiмен тең (жалпы инвестиция шығып
қалған капиталға – аммортизациялық төлемдерге тең). Жалпы инвестицияны
аммортизациялық төлемдердi есепке алмай-ақ дәл анықтауға болады. АҚШ-тың
ашық экономикасы бар. Олар тауарды, қызметтi және капиталды шеттен алып
келедi және шетке шығарады. Бұл Ұлттық есепке таза шеттен шығаруды экспорт
инвестицияның бiр бөлiгi ретiнде шартты турде енгiземiз. Егер Ұлттық шетке
шығару саудасы оңды болса, шеттен сатып алуға қарағанда көп сатады, сөйтiп
ол шет елге инвестиция шығарады. Шығындардың басты компонентi – инвестиция.
Бұл макроэкономикада екi тұрлi атқарады. Бiрiншiден, шығындардың компонентi
болғандықтан инвестициядағы күрт өзгерiстер жиынтық сұранысқа, сөйтiп
өндiрiстiң көлемiне, жұмыспен қамтуға шешушi әсер етедi. Екiншiден,
инвестиция капиталдық қорлануына алып келедi. ґндiрiстiк қуаттардың көп
болмауы өндiрiстiң көлемiн ұлғайтуды және экономикалық ұзақ мерзiмдiк
дамуын қамтамасыз етедi. Соңғы жылдары жалпы инвестицияның 70 пайызы
өнеркәсiп кәсiпорындары мен құрал жабдықтарға жұмсалады. Инвестицияның
мәнiн ашуға мына үш элемент қажет: табыс, шығындар, нәтиже күту.
Табыстар. Инвестицияның өндiрiс көлемiнiң жалпы дәрежесiне не болмаса
жалпы Ұлттық өнiмге, яғни табыстың деңгейiне байланысты. Олар жалпы
экономикалық белсендiлiктiң қайнар көзi.
Шығындар. Кәсiпкерлер мен үй сатып алушылар, әдетте инвестиция үшін
заемдық қорлар тұрiнде төлейдi. Оның бағасы заемдық қаржылардың пайыздық
ставкасына қатысты. Экономикада пайыз ставкасы ерекше орын алады,
инвестиция шығынына әсер етедi, сондықтан ол жиынтық ұсынысты анықтайды.
Инвестицияның құрылымына белсендi ықпал етушi тағы бiр нәрсе – салықтар.
Федералды үкiмет инвестицияға салық арқылы бақылау жасайды. үкiмет, мысалы,
Президент Кеннеди түсында енгiзiлген салық, неше арқылы инвестициялық
компанияларды қуаттап отырды, олар жаңа құралдар алу үшін 10 пайыздық салық
қарызын бередi. Инвестициялық мақсат – мұраттың қорытындысынан жасайық.
Кәсiпкерлер инвестицияны табыс алу мақсатынмен жасайды, сондықтан
инвестиция шешiмi мыналарға байланысты:
а) жаңа инвестиция арқылы өндiрiлген өнiмдерге сұраныс болу керек;
б) инвестицияға әсер ететiн пайыз ставкасымен салық және экономистер
бағалануына негiзделген өнер кәсiпшiлдердiң үмiтi. Нақты және номиналды
пайыз ставкасы. Нақты пайыз ставкасы – тауарлар мен қызметтерге төленген
заем иелерiнiң ақша сомы. Болашақ пайда бастапқы кездегiнiң жоғары, сосын
инфляцияның күшейуiнен инвестицияның долларлық курсы өседi. Сондықтан
инвестиция бағалағанда ңнақты инвестицияң деген термин шығады. Яғни ол
инвестицияны тұрақты бағамен алу дегендi бiлдiредi. Жинақ пен инвестиция
ниетiндегi алашақтар. Тұтыну мен инвестиция туралы қазiргi теорияларға
қарап, бiр мынаны атап көрсетуiмiз керек: қазiргi комплекстi экономикадан
жинақ пен инвестицияның бiз қалайтын дәрежесiн автоматты тұрде теңестiруге
болмайды. ґйткенi оларды жүзеге асырушылар - әртұрлi адамдар, себептерi де
әртұрлi, сондықтан нарық жинақ пен инвестицияны тез сәйкестiре алмайды.
Еркiн бәсеке экономикасында инвестицияның қажеттi саны болуына
кепiлдiк берiлмейдi, толық жұмыспен қамтамасыз ете алмайды. Жылдар бойы,
ондаған жылдар бойы инвестицияның төмендеуi, шығындарда болады, олар
дефляцияға, банкротқа әкелiп соғады, не болмаса басқаша болады. Банктер мен
басқа да қаржылық ресурстар мен берiлетiн несиелердi келесiдей үлгiде
топтастыруға болады:
1. Ағымдағы қызметтiң iске асырылуы;
2. Инвестиция қызметтiк iске асырылуы;
Ағымдағы қызмет:
▪ айнымалы қаржылрдың толықтырылуы. Шикiзат, материал және тауар сатып
алу;
▪ қызмет және сату Ұйымдарына шығындар;
▪ операциялық қызметке сбасқа да шығындардың тұрлерi.
Инвестициялық қызмет:
□ құрал – жабдықтарды, технологияны сатып алуға үзақ мерзiмдi қаржы бөлу;
□ материалды емес активтерге және тағы басқаларына шығындар.
Қаржылық инвестиция дегенiмiз – жарғылық капиталдағы инвестициялар,
кәсiпорын және Ұйымдардың құнды қағаздары, мемлекеттiк және жергiлiктi
заемдарды пайыздық облигациялары. Іаржылық қаржы бөлу. ұзақ мерзiмдi
инвестиция дегенiмiз, ол яғни тiкелей инвестиция. Жоспарлау және есептеу
практикасында ұзақ мерзiмдi инвестиция келесiдей белгiлерi бойынша
топтастырылады: жұмысты орындау әдiсi бойынша (өндiрiстiк, өндiрiстiк емес
тағайындалу); негiзгi құралдарды қайта өңдеу бейнесi бойынша (жаңа құрылыс,
өрiстету, реконструкция, қайта қарулану); техникалық құрылым бойынша
(құрылыс жұмыстарына шығын, монтаж жұмыстарына шығын, басқа да шығындар).
Инвестициялық саясат экономиканың тауарларында және салаларында
капиталды қаржы бөлiду пайдаланудың негiзгi бағыттарын суреттейтiн халық
шаруашылығының әдiстемелер мен шешiмдерiнiң жиынтығын бiлдiредi.
Инвестициялық саясаттың рыноктық қатынасқа өту кезеңiнiң негiзгi мақсаты
тұтынушы, қайта өңдеу салалары арасындағы байланыс оптимизациясында
қорытындылануы. Экономикалық құрылымдарын реформадлау Қазақстанның қазiргi
және болашақтағы есептерiнiң этаптары бойынша мемлекеттiк инвестициялық
саясат негiзiнде iске асырылады. Бiрiншi этаптың мiндетi макроэкономикалық
тұрақтылықтың жетiстiгi және өндiрiстiң қолдануының қайнар көзiн кеңейту
үшін шарт құру болып табылады (1996-1998 жж). Екiншi этаптың мiндетi
өндiрiстiң жандануы және экономикалық өсудiң бастамасы үшін шарт құру болып
табылады. Мемлекеттiк инвестициялық саясат бәрiнен бұрын құрылымды
саясаттың басты бағыттары мен басымдылықтарын өткiзуге көзделген. 1996-2000
жыл мерзiмiнде инвестициялық саясаттың ерекшелiктерi мен сипаты өндiрiстiң
құлдырауының бiрте-бiрте тенденциясын жеңуi шартымен iске асырумен
анықталады және бiр мезгiлде келесiдей мәселелердi шеше алады:
• экономиканың құлдырауын ұстап тұратын шаруашылықтандырудың өмiрге
қабiлеттi жүйелерiнiң дамуы және оны сүйемелдеу;
• iшкi және сыртқы нарық үшін перспективтi өндiрiстiң дамуы;
• жеке инвесторларды ынталандыру, шетел инвесторларын қоса.
Жақын арада, экспорт мамандырудың капиталдық салаларының дамуының
қамтамасыз ету және сақтау мақсатында инвестицияны бюджеттiк
қаржыландырудың толығымен бас тарту мүмкiн емес. Осы бағыттар бойынша
республиканың бюджетiнде сәйкес шығындар қаралуы тиiс. Бiздiң бағалауымыз
бойынша ол бюджет шығындарының 8-9 пайызын құрау мүмкiн. Қаржыландырудың
ерекше мақаласы ретiнде мемлекеттiк және мемлекеттiк емес кәсiпорындардың,
Ұйымдардың қаржылары қаралады. Олар өндiрiстiк белгiлердiң капиталды қаржы
бөлуiнiң жалпы көлемiнiң 80-81 пайызын құрайды. Оның iшiнде 40-45
пайызы кәсiпорынның жеке қаржысын құрайды, ал қалғандары несиелiк
ресурстарын құрайды. Есеп айырысу, жақын жылдардағы қаржылық жағдайда,
акция сатып алуға, дивидендтерге төлеуге, өндiрiстiк емес салаларға
шығындардың өсуiне байланысты кәсiпорындар жеке қаржыларының тапшылығының
қадағалауын көсетедi. Осыған байланысты несиелiк ресурстардың салалардағы
қажеттiлiгi. қайтымсыз қаржыландырудың кепiлдемесiнiң болмауы өндiрiстiк
күштiлiктi кеңейту бойынша бұрынырақ қабылдаған жобаларды қайта қарауға,
кәсiпорынға, мәжбұр етедi. Кәсiпорындар жұмыс iстеп тұрған өндiрiстерге
капиталды қаржы бөлудi, өздерi жоспарлайды. Яғни олар өздерiнiң жеке
қаржыларының қамтамасыз етедi. Сонымен қатар, әр салада iшкi басымдылықтың
блiнуi ескерiлген. Электр энергетикада Экiбастұз ГРЭС – 2, Оңтүстiк
Қазақстан ГРЭС құрылысының жалғасуы, Экiбастұз – Агадырь, Алматы ТЭЦ –2
және басқаларының электр беру жолдарының жалғасуы бойынша Қазақстанның бiр
ыңғай энергия жүйесiнiң құрылуы. Мүнай және газ iздестiру жұмыстарының
жалғасы ескерiлiп отыр. Металургиялық комплексте бұл:
▪ түстi метеллургияның кең базасының ары қарай дамуы;
▪ Қызылорда облысының ңШалқияң кеңi, Жезқазған болысынан – вольфрам
рудасының табылуы;
▪ Қарметкомбинаты, Шымкент қорғасын зауыты, ґскемен қорғасын – мырыш
комбинатының әрекеттегi өндiрiстi жаңарту және кеңейту;
▪ Васильков, Ақбасай алтындарын, кәсiпорын және шетел инвестицияларын
қаржыларын есептеу және меңгеру бойынша жұмыстарын тездету;
▪ Жезқазған және Торғай облыстарында мал өсiру комплексi, Семейде
холодильниктiң, Повладар және Ақмола ет комбинаты құрылсының жалғасы және
аяқталуы қаралып отырады.
1997 жылға қаржыландырудың қайнар көзi бойынша капиталды қаржы бөлудiң
құрылымы келесiдей мәлiметтербойынша суреттеледi. Капиталды қаржы бөлудiң
жалпы көлемiнен кәсiпорындар мен Ұйымдардың қаржыларының есебiнен – 2193,6
млн. теңге игерiлген. Ол жалпы көлемiнiң – 78,4 пайызын құрайды. Бюджет
қаржылар есебiнен 596,7 милллион теңге игерiлген. Олардың өндiрiстiң барлық
элементтерiнiң әр уақыты жаңаруы және өрiстеу болып табылады. Барлық осы
жағдайлар нарықтың корньюктураларын өркейту, болашақта қандай құрылым керек
екенiдiгi сияқты, әртұрлi проблемалар қатысып тұрады. Шет ел практикасында
кез-келген өзгерiс жобаларымен байланысты болып келедi.9
Инвестор - салым иесi, инвестицияларды жүзеге асыратын жеке адам Ұйым
немесе мемлекет.

Сурет – 3. Инвесторлар және инвестициялық капиталдың қайнар көзi.
Сурет – 3-те инвестицияны жүзеге асырушы инвесторлар, ал инвесторларды
жүзеге асырушы қандай Ұйымдар, яғни олар қандай органдармен, жүйелермен
байланысты екенi туралы көрсетiлген.
Сонымен қорыта айтқанда, инвестиция дегенiмiз – ақша қорын сатып қалу
және оны өсiру үшін қажет шығын:
-шетелдiк инвнстиция дегенiмiз-қабылдаушы елдегi компанияның қызметiн
бақылап, басқару үшін капиталдың мақсатты тұрде ауысуы;
- тiкелей инвестиция деп- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел
территориясында өндiрiстi Ұйымдастыруын айтамыз;
Бiр сөзбен айтқанда, инвестиция дегенiмiз – өз ақшаңды бiр iске сала
тырып, одан қайтарым бола ма, болмай ма, оған мемлекет кепiлдiк бермейтiн,
өз iшкi есебiнiң дұрыстығынан шығатын нәрсе. Ақшаны саласың, пайда өзiңе
байланысты. Мемлекет барлық кәсiпорындарға бiрдей, тең болатын жағдайды,
шаррты заңмен бекiтiп бередi. Егер компания кепiлдiк сұрайтын болса, онда –
бұл инвестиция емес, кредит сияқты нәрсе, бiрақ кредит те емес. Кредит о
бастан белгiлi бiр проценттiк үстеме бағамен қайтып алу үшін берiледi.
Мысалы, мен 100 теңгенi 25 проценттiк несиемен беремiн, сен 3 айдан соң 125
теңгенi қолыма ұстатасың. Оған кепiлдiк бересiң, ол келiсiм – шартта
жазылады. Мүнда ешқандай қауiп қатерге бас тiгу жоқ, ал бизнесте инвестиция
қауiп- қатерге құрылады:
Не ұтасың, не ұтыласың, не де болса, бел шешiп, кiрiсiп кетесiң.

1.2. Инвестиция типтерi мен түрлерi

Пайданы алу ауқымы мен оның тиiмдiлiгi бойынша тiкелей инвестициялар
жанама инвестициялар мен салыстырғанда жоғары тиiмдiлiкке қол жеткiзумен
ерекшеленедi.10
Инвестициялардың экономикадағы ролi мен орны бойынша тiкелей
инвестициялар iшкi нарық жағдайына тiкелей тұрде әсер етедi, жаңа жұмыс
орындарын қалыптастырады, басқару мен маркетингтiң жаңа формаларының жедел
тұрде енуiн және т.б. сонымен бiрге Ұлттық экономиканың құрлымын
өзгертедi.
Елдiң Ұлттық қауiпсiздiгiне төнетiн қауiп бойынша Ұлттық меншiк
шетелдiк инвестор полюсiне қарай ығысуын туындатады. Дүниежүзiлiк
шаруашылықтың дамуындағы түбегейлi өзгерiстер 80-шi жылдар аяғында болды.
Бұл әлемдегi миграцияланатын капиталдың тепе-тең күшейуi арқылы жүрiп
отырады. Жиынтық капитал 1995 жылы 1258 миллиярд долларға жеттi, ол 1990
жылдың деңгейiмен салыстырғанда үш есе көп болды, ал миграцияланатын
капитал құрылымында шетелдiк тiкелей инвестициялар едәуiр ұлғайды. Оның
деңгейi 1995 жылы 325 миллярд долларға жеттi, яғни 80-шi жылдармен
салыстырғанда 3,5 есе өстi.
Зерттеулер көрсетiп отырғандай, инвестициялық ресурстардың ағымын екi
себеп ынталандырады жекелеген елдердiң дамуының бiркелкi еместiгi және
индустриалдық елдердiң жедел өсуi. Капитал инпорттының жоғары деңгейi
өндiрiстiк саламен салыстырғанда әлемдiк сауданың жедел өсуiне ықпал етедi.
Шетелдiк тiкелей инвестициялардың сомасынан ұлғайуы шетелдiк
капиталдың қатысуымен жасалған өнiмнiң өтуiне зор-зор ықпал етедi, ал
тармақталған жүйесi 250 мың филиалдан тұратын 40 мың трансұлттық
корпарациялар әлемдiк экспорттық 23-шi қозғалысын басқарды, олардың
жартысы iшкi фирмалық жеткiзушiлердi құрады.
Капитал жинақтаушы инвестициялар кәсiпорындар мен мемлекеттiк
акциялармен құнды қағаздар сатып алу негiзiнде инвестициялық фактор жүйесi
арқылы iске асады.9
Бiрнеше жағдайда өнеркәсiпке инвестор инвестиция салушы ретiнде
өнеркәсiптiк өндiрiстiк қорындағы айналымда функциональды тұрде сақтап, өз
өндiрiс капиталын көбейтудi көздеп, капитал қорын жинақтайды. Ал екiншi
жағдайда инвестор құнды қағаздар кiрiсi арқылы дивидент алу негiзiнде өз
капиталын толықтырады. Сонымен қатар инвестиция жанама және тiкелей
инвестициялар болып бөлiнедi.
Қазақстан Республика зандарында көрсетiлген тiкелей инвестициялар
қтарына Қазақстан Республикасының арнайы кепiлдемесiмен белгiлi бiр
мемлекеттiк және жеке техникалық көмектермен гранттарға ие инвестициялардан
өзге барлық инвестиция тұрлерi енедi. Ал жанама инвестиция дегенiмiз – бұл
портфельдiк жинақ былайша айтқанда құнды қағаздармен мүлiктiк құнды
лықтардың жиыны. Мысалы: инвестор тұрлi фирмалардың құнды қағаздар жинағы
болып табылатын несие қорынан акция акция сатып алуы мүмкiн. Инвестицияның
тиiмдiлiгi тiкелей шығыс пен кiрiс, сатылу мерзiмi, рентабельдiлiгiне
байланысты.
Егер инвестициялық жобаның рентабельдiлiгiне келетiн болсақ, мыслаы
кiрiс пен шығыс 13,5 миллион доллар тұрiнде есептелiнiп олар 38,9 миллион
және 22,9 миллион долларды құрап, рентабельдiлiк 28,6*22,9=1,96 яғни 69%
құрайды. Қаншалықты осы көрсеткiш үлкен болған сайын инвестициялық жоба
тиiмдi болып табыс әкеледi. Мерзiмдiк тиiмдiлiкке – келетiн болсақ, мысалы
шығындар мен қоса есептегенде 100 миллиярд доллар, жыл сайын 20 миллиярд
доллар кiрiс әкелсе, онда ол 5 жылдық мерзiмге ие болады.
Акцияны инвестор сатып алу арқылы белгiлi бiр компанияның
қажеттiлiктерiн қанағаттандырып, оларға тиiмдi табыс әкелiп қана қоймайды,
инвестор сол құнды қағаздардың белгiлi бiр мөлшерiн иемденедi. Осыдан өзге
инвестициялау белгiлi бiр жер бөлiгiн иемдену мүлiктiк құқыққа ие болу
(ақша эквиваленттерiмен бағалану) шаруашылық өндiрiстiк жекеменшiктiк
лицензия және өндiрiс құпиялары мен патент тұрлерi, жаңа технологияға
анықтама өндiрiстiк тиiмдi моделдер,товар белгiлерi мен өндiру әдiстерi,
тұрлерi, өндiрiс технологиясы, өнiм сертификаты, жердi пайдалану құқықтары
негiзiнде жүзеге асады, жүредi.
Ал ендi инвестиция типтерiне келетiн болсақ кез-келген фирманың
негiзгi қызмет сферасы айналымдағы қаржы, жобалардың iске асуы, әрбiр
фирманың жылдық табысын реттеп отыратын инвестициялық операция жүйесi болып
табылады. Коммерциялық практика инвестицияның физикалық активтегi
инвестиция, ақша активiндегi инвестиция, материалдық емес активтегi
инвестиция типтерi бар.
Физикалық активтегi инвестицияға өндiрiс орындары мен құрал –жабдықтау
салаларын, сонымен қатар бiр жыл мерзiмдегi тұрлi машина, техника,
материалдық мүлiктердi жатқызамыз.
Ақшалай активтегi инвестицияға кез-келген физикалық және заңды
тұлғалардың белгiлi бiр құндағы ақшаның қарым-қатынасын жатқызамыз. Бұл
банктердегi депозиттер, облигациялар, акциялар, кредит, салық, несие,
қарыздар материалдық емес инвестицияға құнды материалдар мен құпия
программалар, өнiм әдiстерi тиiмдi моделдер, жерге иелiк құқықтары,
Жекеменшiктiк лицензиялар, патенттер мен сертификаттар енедi. Жоғарыда
аталған инвестицияның 3 типтi де әрбiр фирманың дамуы мен кiрiс көзiнiң
өсуiне тiкелей ықпал етедi. Инвестиция классификациясы фирманың қай
мақсаттардағы қандай маңызды мәселелердi шешуге болады және тиiмдi
пайдалану арқылы фирманың шығындарын азайтып, өндiрiске қолайлы жағдай
жасау, құрал-жабдықтармен технологиялау, фирма мүшелерiнiң шеберлiетерi мен
нарықтық экономикадағы сұранысқа қарай инвестициялық жоба жасау жүйелерiнен
тұрады. Сонымен қатар инвестициялау жүйесiндегi мемлекеттiк органдар мен
байланыс, ал экономикасының жағдайы, экологиялық стандарт, шығарылатын
өнiмнiң сапасы ескерiлуi тиiс. Мүндай классикалық инвестициялар типi мен
(тәуекел) мен еңбек сферасындағы жүзеге асады.
өндiрiсаралық тұрде кездеседi. Мега жобалар өзiндiк ерекшелiктерге ие.
Жоғары құндылығымен 1 миллиярд доллар немесе одан жоғары.
Капитал жинағын керек етушiлiк
Еңбек үшін жоғары деңгейде қажет ету 2 миллион адам сағатына жобалауға, 15-
20 миллион адам сағатына құрылысқа.
Таратудың ұзақтығы 5-7 немесе одан да көп.
өзге елдердiң араласуы.
Адам мен мемлекеттердiң экономикалық және әлеуметтiк өмiрiне әсерi
болуы.
Кез-келген кәсiпорынның экономикалық потенциалының сақталуы мен
дамуына кәсiпорын қызметi мен менеджмент, инвестор шеберлiктерi қажет.
Инвестициялық қызмет субьектiлерiне инвестициялық қызметтi iске асырушы
инвесторлар, физикалық және заңды жеке тұлғалар, тапсырыс берушiлер,
орындаушылар, инвестициялық қызметтi қолданушылар мен ұйымдық жеткiзушiлер,
банк және сақтандыру (қауiпсiздендiру) қызметкерлерi, инвестициялық
процеске қатысушылар енедi. Сонымен қатар инвестициялық обьект қызметiне
қолданушылар қатарынан физикалық жеке тұлғалардан бастап, заңды тұлғалар,
мемлекеттiк органдар, шет мемлекеттер халықаралық қызмет Қазақстан
заңдарында арнайы Президент жарлығы бойынша салық және бюджетке төленетiн
мiндеттi төлемдер, Шетел инвестициялары мен инвесторлары”, ңIшкi басқару
мен қарыздар”, ңҚазақстан Республикасының инвестиция қорлары”, және өзге де
нормативтiк актiлерiн тұрiнде елiмiздiң заңында өмiр алған.
Нарықтық экономиканың тапқырлықпен жүзеге асырған өркениеттi елдердiң
тәжiрибиесi көрсеткенiндей, шетелдiк инвестизациясыз экономика салаларын
дамыту, халықтың әл-ауқатын жасқарту мүмкiн еместiгiне бүгiнде көпшiлiктiң
көзi жетiп отыр. Бұл жөнiнде Қазақстан ТМД мемлекеттерiнiң арасында алдынғы
орында тұр. өзiндiк тәжiрибиесi бар бағыт бағдары айқын. Инвестицияны
жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң құрылып, жұмыс iстеп жатқаны соның бiр
дәлелi. Мынадай мысал келтiрейiк: 1996 жылы елiмiзге шетелдерден инвестиция
ретiнде 1904,527 миллион доллар берiлдi. Оның 235,194 миллионы зайым
ретiнде, 252.000 миллионы несиеге, ал 1417,333 миллион доллары тура
инвестиция ретiнде берiлген.
Байқар болсаңыз берiлiп отырған нивестицияның 80 процентiне жуығын
тура инвестиция құрап отыр. Ал соңғы төрт жылдағы тура инвестицияның жалпы
көлемi 3448,9 миллион долларға жеттi. Бұлар негiзiнен халық шаруашылығының
салаларындағы өндiрiс орындарын қалпына келтiруге, оларды технологиялық
жағынан жетiлдiруге жұмсалады. Мүндай бiрiккен кәсiпорындар мен шетелдiк
инвесторларды басқаруына берiлген өндiрiс орындарының үлес салмағы
басым.13
1997 жылдық негiзгi капиталдағы құрылысқа инвестицияны жалпы мөлшерi
8,9 миллиярд теңгенi құраған. Оның 49,6 проценттi бiрiккен кәсiпорынға,
32,2 порценттi шетелдiк инвесторлардың басқаруындағы компаниялармен
фирмаларға, 14,7 проценттi жеке өндiрiс орындарына, ал 3 процентке жуығы
тұрлi мекемелер мен Ұйымдарға берiлiптi. бұл қаржыларды шаруашылық
жүргiзудегi меншiк тұрiне бөлiп қарастарғанда, былай болып шығады: мемлекет
меншiгiндегi кәсiпорындаға 245 миллион теңге, жеке секторларға 1311
миллион, бiрiккен өндiрiс орындарына 4426 миллион, шетелдiк кәiпорындарға
2780 миллион теңге тиесiлi болған.
Ал бұларды жекелеген салаларға бөлiп қарастырсақ, жұмсалған инвестиция
мөлшерiнде мүнай –газбен көмiр өндiрiсiнiң үлес салмағы бәрiнен жоғары
тұрғанын байқау қиын емес. Мысалы мүнай-газ өндiрiсiне 2166 миллион, көмiр
өнеркәсiбiне 1334 миллион теңге инвестиция пайдаланылған. Ең аз инвестиция
жұмсалған салалар бiлiм беру мен ауыл шаруашылығы болып отыр.
Өткен кезең iшiнде елңмiздiң көптеген салалары шетел инвестициясының
арқасында бiртiндеп қалыптасып, нарықтық экономикада өз бағытында айқындап
келе жатыр. Алғашқы жылдары, мәселен, 1992-1993 жылдары несиелер үкiметтiң
кепiлдiк беруiмен алынып келген болса, соңғы жылдары оның орнын халықаралық
қаржы Ұйымдарының займы ауыстырды. Бұл қаржылар келiпжолдарын дамытуға,
Ақтау теңiз портын қайта жарақтандыруға, тағы басқа да халықаралық маңызы
бар күрделi жобаларды жүзеге асыру үшін пайдаланылмақ.
Мүндай жобалар Халық шаруашылығына барлық салаларында бар. Мысалы,
шетел инвестициясының қодауы нәтижесiнде бүгiнде Ақмолада құрылыстар,
Ақтөбе облысында геологиялық барау жұмыстары, Алматы қаласында қонақ үйлер,
Солтүстiк Қазақстан облысында сүт өнiмдерiн өңдейтiн кәсiпорын, т.б.
құрылыстар салынып жатыр. Сондықтан инвестиция өндiрiстiң өзегi деп тегiн
аталып жүрген жоқ. қазiргi кезде өзiмiз үлгi тұтатын Қытай, Жапония,
Оңтүстiк Корея, Тайвань т.б. да мемлекеттер сол инвестициясының арқасында
экономикасын түзетiп, даму жолына түсiп отыр. Мәселен, Оңтүстiк Шығыс Азия
елдерi алудың салдарынан тез көтерiлiп олардағы жалпы iшкi өнiм сол
кезеңдерде орта есеппен 25 процентке көтерiлген. Сондай-ақ Қытайдың жылдық
экономикадлық өсуi 1978-1996 жылдардың аралығында 10 проценттен 35
процентке жеттi. Ал Оңтүстiк Корея 1983 –1993 жылдарда өзiнiң iшкi жалпы
өнiмiн 30 процентке дейiн жоғарлата бiлдi. Соның түп негiзi – инвестор
тарту мен инвестицияны асқан бiлгiрлiкпен өз орнына жұмсай бiлгеннiң
нәтижесiнде екендiгiнде дау жоқ.
Қазақстан мен ТМД елдерiнде инвестиция тартып, қаржы жинақтау
жылдамдығы онша жақсы емес. Бiзде ол жалпы iшкi өнiмнiң 43 процентiн
құрайды. Деген мен, алғашқы жылдарға қарағанда, соңғы жылдары шетелден
инвестор тарту бiршама жандана түстi. Оған елiмiздегi саяси тұрақтылық
шикiзат қорының молдығы инвесторларды заң жүзiнде қорғау басты рол атқарып
тұр. әсiресе, Президентiмiз Нұрсұлтан Назарбаевтың соңғы кездегi Америка
Құрама Штаттарына,Германия мен Польшаға сапарлары күткен үмiттi ақтады.
Инвестиция салудан дамыған, өркениеттi басқа да мемлекеттер де тартынып
отырған жоқ.16
Деректерге сүйненетiн болсақ, қазiргi кезге дейiн Қазақстанға келген
инвестицияның 40 процентiн АҚШ, 25 процентiн Оңтүстiк Корея, 13 процентiн
Англия инвесторлары құрайды екен. Жалпы көлемi 9,5 миллиярд доллар тұратын
Қытай Халық Респупликасымен биылғы жасалған келiсiм өз алдына бiр бөлек.
Нарықтық экономикада инвестицияның негiзгi үш түрi кең қолданылады.
Атап айтқанда: займ арқылы, несие беру және тура инвестициялау. Осы
үшеуiнiң iшiнде бiзге қолайлысы әрi тиiмдiсi- тура инвестиция. ґйткенi
мүнда шетел инвесторларының басқаруына берiлген кәсiпорындар мен бiрлескен
кәсiпорындар өздерiн өздерi қаржымен қамтамасыз етiп бар жұмысты өздерi
жолға қоюға мiндеттi. Қазiр бұл нәтижесiн берiп отыр. Бiрiншiден,
кәсiпорындар бар қуатында жұмыс iстейдi. Екiншiден, өндiрген өнiмiне қарай
заңда белгiленген тәртiппен салық төлеп отыр. Үшіншiден, жұмыссыздықты
азайтуға өзiндiк үлесi бар.
Соңғы жылдары белгiлi бiр өндiрiс орындарын шетелдiк компаниялармен
фирмалардың басқаруына беру арқылы инвестиция тарту тәжiриебесi елiмiзде
көбiрек қолданылып жүр. әсiресе, бұл шикiзат өндiрушi салаларда шетелдiк
инвесторлардың айрықша ынта-ықыласын тудырып отыр. ґйткенi әбден тiс
қаққан, не нәрсе болсын әрiден ойлайтын шетел кәсiпкерлерi шикiзат
өндiрiп, оны экспортқа шығарып сатудан ұтылмайтыны анық. Сол
себептi олар Қазақстанға үлкен қызығушылықпен капитал салып отыр.
Бұл дәл қазiр екi жаққа тиiмдi. Осындай тәртiппен жекешелендiрген
өндiрiс орындарының саны бүгiнде 60-тан асады. Оның басым бөлiгiн
отын мен энергетика салалары құрайды.
Бұған мысал ретiнде үстiмiздегi жылдың бiрiншi жартысында
жекешелендiрген үш мүнай өндiру және 17 газ шаруашылығы кәсiпорындарын
алуға болады. жоғарыдағы үш мүнай өндiру кәсiпорындарын жекешелендiрудегi
жасалған келiсiм-шарттың жалпы құны 9233 миллион доллар. Оның iшiнде
Қаражонбас мүнай акционерлiк қоғамы 560 миллион долларға, Маңғыстау
мүнайгазң акционерлiк қоғамы 4348 миллион долларға, ал Ақтөбе мүнайгазң
акционерлiк қоғамы 4325 миллион долларға бағаланды. Сондай-ақ, тендер
жариялау арқылы Қазақтелеком Ұлттық акционерлiк компаниясының 40 процентi
акциясының сатылуынан да мол қаржы түстi. Ол 1370 миллион долларды құрайды.
Мүның 1 миллиярд доллары тура инвестиция ретiнде берiлмек. ұзақ мерзiмдi
көбейтiп мүндай жобалар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Қазақстаннның геосаяси жағдайы соған сұранып –ақ тұр.
Елiмiздiң геосаяси жағдайы жерасты қазба байлықтың молдығы шетел
кәсiпкерлерiнiң аңсарын аударып отырғанымен инвестициялық салада
проблемаларда баршалық. Соның ең бастысы өндiрiс орындарының өнiм өндiру
көлемiн мүмкiндiгiнше қалыптастыра алмай тұрғандығы дер едiк. Осының
салдарынан кейбiр салаларды инвестиция үшін берген қаржының бiраз бөлiгi
сол кәсiпорындардың жалақы мен зейнетақы қарыздарын төлеуге жұмсалды.
Мысалы, үстiмiздегi жылы инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруға
бағытталған қаржы мөлшерi 1,2 миллиярд теңге қысқарды. °сiлi, бұл қаржы
кәсiпорындарының iшкi құрылымын жетiлдiруге, техникамен жарақтандыруға,
тағы басқа мақсаттарға жұмсалуы тиiс болған.
Жалпылай алғанда, кез-келген сала инвесторға зәру әсiресе ауыл
шаруашылығы қатты мұқтаж. Инвесторлар осы салаға, өмiрдiң өзi көрсетiп
отырғандай, қаржы салуға онша көп ынталы емес. Оның тұрлi себептерi бар.
Олар ауыл шаруашылығынан айтарлықтай пайда көрмейтiнiн жақсы бiледi.
Жасыратыны жоқ, АҚШ пен Канада дүкендегiлердiң басым көпшiлiгi шеттен
әкелiнген тауарлар. Олар сол тауарлар арзан болған үшін ғана пайдаланады.
Ал өздерi өндiретiн өнiмдердiң бағасы қымбат, өзiндiк құны жоғары. Оның
есесiне, бұл елдерде техншика қатты дамыған.
Ел экономикасын көтеруден ендiгi бiр Үшы шағын және орта кәсiпкерлiктi
дамытуда жатыр. ұзақ мерзiмдi қамтитын даму стратегиямызда бұл анық
көрсетiлген. Шағын және орта бизнестi, шаруа қожалықтарын мүмкiндiгiнше
дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуға кемiнде 100 миллион доллар берiледi
делiнген. Егер осы қаржы уақытысында бөлiнiп, шаруалар мен кәсiпкерлердiң
қолына тиер болса, ауыл адамдарының жағдайы бiршама жақсаратыны анық. Бұл
ретте осы неше қаржыны беретiн банктерге үлкен жауапкершiлiк жүктелмек.
1996-2000 жылдар аралығында елiмiздiң экономикасын тұрақтандыру үшін
түскен тура инвестициясының жалпы көлемi 18 миллиярд доллардан асқан.
Бұларды әр жылдарға бөлсек, бұлай болады: 1997 жылы – 5281 миллион, 1998
жылы – 6941 миллион, 1999 жылы – 5848 миллион, 2000 жылы – 4249 миллион
доллар құраған.
II Инвестициялық салық преференцияларын
қолдану және тоқтату тәртібі

2.1 Инвестициялық салық преференцияларын қолдану тәртiбi 

Инвестициялық салық преференциялары инвестициялық жобаны iске асыруды
жүзеге асыратын салық төлеушi заңды тұлғаларға берiледi. Преференциялар
салық төлеушiлерге преференцияларды қолданудың басталу күнiн белгiлейтiн
келiсiм-шартқа (оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi салық төлеушiнiң
тiркелген жерi бойынша салық органына берiледi) сәйкес мынадай мерзiмдерде:
келiсiм-шартты жасасу кезiнде шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын
салық төлеушiлер - тiркелген активтер пайдалануға берiлген жылдан кейiнгi
жылдың 1 қаңтарынан бастап;
жаңадан құрылған салық төлеушiлер тiркелген активтердi пайдалануға
берген кезден бастап берiледi.
Қызметiн жаңа өндiрiстердi құру жөнiндегi инвестициялық жоба (жобалар)
шеңберiнде ғана жүзеге асыратын жаңадан құрылған салық төлеушiлер үшiн
корпорациялық табыс салығы бойынша преференциялар осы Кодекстiң 125-бабына
сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығын жүз процентке азайтуға құқық
бередi. Қолданыстағы өндiрiстердi кеңейту және жаңарту жөнiндегi
инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын және осы баптың 3-
тармағындағы талаптарға сай келмейтiн салық төлеушiлер үшiн корпорациялық
табыс салығы бойынша преференциялар амортизацияға жатпайтын, көрсетiлген
тiркелген активтердi қоспағанда, жылдық жиынтық табыстан инвестициялық жоба
шеңберiнде пайдалануға қосылатын тiркелген активтердiң құнын
преференцияларды қолдану мерзiмiне байланысты тең үлестермен шегерiмге
жатқызуға құқық бередi.
      Преференциялар беру тәртiбi мен шарты Қазақстан Республикасының
инвестициялар туралы заңдарында айқындалады.
Инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм берiлген кезге дейiн
күнтiзбелiк он екi ай iшiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен салық төлеушiлер
жаңадан құрылған салық төлеушiлер деп танылады.
Корпорациялық табыс салығы бойынша преференцияларды қолдану үшiн салық
төлеушi жаңадан iске қосылатын тiркелген активтер бойынша олардың құнын
iшкi топтың, топтың құн балансына енгiзбейдi және олар бойынша бөлек есеп
жүргiзедi. Мүлiк салығы мен жер салығы бойынша преференцияларды қолдану
мерзiмi бiткеннен кейiн салық төлеушi белгiленген тәртiппен мүлiк салығын
және жер салығын төлей бастайды.
      Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, корпорациялық табыс салығы
бойынша преференцияларды қолдану мерзiмi аталған күннен бастап күнтiзбелiк
бес жылдан аспауға тиiс және ол әрбiр жекелеген жағдайда қызмет түрлерiне
және тiркелген активтерге инвестициялардың көлемiне қарай айқындалады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қызмет түрлерiне және тiркелген
активтерге инвестициялардың көлемiне қарай корпорациялық табыс салығы
бойынша преференцияларды қолданудың аталған күннен бастап күнтiзбелiк он
жылдан аспайтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі
Экономиканы банктер тарапынан қаржыландыру
КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ТУРАЛЫ
Корпоративтік табыс салығын жетілдіру жолдары
Корпорациялық табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілері
Мемлекеттің салықтық қызметінің құқықтық негіздері, мемлекеттің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылатын жеңілдіктері және мемлекеттің осы саладағы саясатының бағыттары
Корпорациялық табыс салығы бойынша салық кезеңі және салық декларациясы
Көлік құралдар салығы
Салық әкімшілігі
Мемлекеттің үдемелі-индустрияландыру саясаты аясында инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың құқықтық негіздері
Пәндер