Абай өлеңдеріндегі кірме сөздердің қолданылу ерекшеліктері мен мағыналары



Абай Құнанбаев – қазақ әдебиеті тарихында ғана емес бүкіл қазақ халқының тарихындағы ерекше құбылыс, өзгеше белес. Ол – қазақ халқының тұтас бір заманындағы ақыл-ойының, мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің, тілінің айнасы.
Өзара көршілес елдердің тілдері әр түрлі мәдени-экономикалық, саяси-әкімшілік қарым-қатынастар арқылы бірінен екіншісіне ауысып, жаңа сөздермен, жаңа атаулармен толығып отырады. Қазақ халқы азиялық бөліктегі елдермен, шығыс елдерімен тығыз байланыста болғаны бәрімізге аян. Осы қарым-қатынас нәтижесінде қазақ тіліне араб, парсы, басқа түркі тілдерінен біраз сөздер енген. Араб және парсы сөздерінің қазақ халқының тілдеріне ену себептерін Р.Сыздықова өзінің «Қазақ әдеби тілінің тарихы» атты еңбегінде былай көрсетеді. «... Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген халықтардың Ислам дініне енуі, там-тұмдап болса да мұсылманша /арабша/ оқу-ағартудың орын алуы, орта ғасырлық түркі әдебиетінің қазақ қауымына да таныс болуы сияқты факторлар себеп болды...» /199 - бет/
ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты қазақ әдебиетінің сөздік құрамына орыс сөздері де көптеп ене бастады. Жоғарыда айтылған еңбекте «... болыс, старшын, майыр, сот, медәл, піркәшік, солдат, барабан, интернат, кір, бөз, базар, самауыр, тарантас...» /198 – бет/ секілді орыс сөздерінің тілімізге ену құбылысын түсіндіріп келіп, орыс сөздерінің ену мезгілін былай көрсетеді «... Қазақтың әдеби тіліне, оның ішінде көркемсөз дүниесіне орыс сөздерінің молынан ене бастаған және жазба әдебиет арқылы енген түсы – ХІХ ғасырдың ІІ жартысы» /199 – бет/.
«Әдебиет - өмір айнасы» дегенді, заманнан, қоғамнан тыс өмір сүрудің мүмкін еместігін ескерсек, Абай өлеңдерінің тіліндегі кірме сөздердің қолданысы – тарихи заңды құбылыс.
Жас шағынан бастап араб, парсы, көне Шағатай тілдеріндегі әдеби

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Абай өлеңдеріндегі кірме сөздердің қолданылу
ерекшеліктері мен мағыналары

Абай Құнанбаев – қазақ әдебиеті тарихында ғана емес бүкіл қазақ
халқының тарихындағы ерекше құбылыс, өзгеше белес. Ол – қазақ халқының
тұтас бір заманындағы ақыл-ойының, мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің,
тілінің айнасы.
Өзара көршілес елдердің тілдері әр түрлі мәдени-экономикалық, саяси-
әкімшілік қарым-қатынастар арқылы бірінен екіншісіне ауысып, жаңа
сөздермен, жаңа атаулармен толығып отырады. Қазақ халқы азиялық бөліктегі
елдермен, шығыс елдерімен тығыз байланыста болғаны бәрімізге аян. Осы қарым-
қатынас нәтижесінде қазақ тіліне араб, парсы, басқа түркі тілдерінен біраз
сөздер енген. Араб және парсы сөздерінің қазақ халқының тілдеріне ену
себептерін Р.Сыздықова өзінің Қазақ әдеби тілінің тарихы атты еңбегінде
былай көрсетеді. ... Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген халықтардың
Ислам дініне енуі, там-тұмдап болса да мұсылманша арабша оқу-ағартудың
орын алуы, орта ғасырлық түркі әдебиетінің қазақ қауымына да таныс болуы
сияқты факторлар себеп болды... 199 - бет
ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты қазақ
әдебиетінің сөздік құрамына орыс сөздері де көптеп ене бастады. Жоғарыда
айтылған еңбекте ... болыс, старшын, майыр, сот, медәл, піркәшік, солдат,
барабан, интернат, кір, бөз, базар, самауыр, тарантас... 198 – бет
секілді орыс сөздерінің тілімізге ену құбылысын түсіндіріп келіп, орыс
сөздерінің ену мезгілін былай көрсетеді ... Қазақтың әдеби тіліне, оның
ішінде көркемсөз дүниесіне орыс сөздерінің молынан ене бастаған және жазба
әдебиет арқылы енген түсы – ХІХ ғасырдың ІІ жартысы 199 – бет.
Әдебиет - өмір айнасы дегенді, заманнан, қоғамнан тыс өмір сүрудің
мүмкін еместігін ескерсек, Абай өлеңдерінің тіліндегі кірме сөздердің
қолданысы – тарихи заңды құбылыс.
Жас шағынан бастап араб, парсы, көне Шағатай тілдеріндегі әдеби
шығармаларды көп оқып, Семейдегі Приходская школадан үш айдай ғана алған
орысша білімін өзі жетілдіріп, орыс тілін арнайы үйренген Абай өз
туындыларында осы білімдерін орынды пайдалана білген. Абай өлеңдеріндегі
кірме сөздердің жиілігін төмендегі таблицадан көруімізге болады.
Абай өлеңдеріндегі кірме сөздердің жиілігі.

1 Араб тілінен 402 сөз
2 Парсы тілінен 50 сөз
3 Латын тілінен 5 сөз
4 Татар, ноғай тілдерінен 25 сөз
5 Орыс тілінен 62 сөз
6 Шағатай тілінен 27 сөз
7 Түрік тілінен 4 сөз
8 Грек тілінен 1 сөз
9 Поляк тілінен 1 сөз
10 Қытай тілінен 1 сөз
Жалпы саны 578 сөз бен сөз тіркесі
Жалпы 11 ұлттың тілдік қорын
пайдаланған.

Осы таблицадан көріп отырғанымыздай ең көп пайдаланылған кірме сөздер
араб тілінен алынған, жалпы саны – 402 сөз бен сөз тіркестері. Араб сөздері
Абайдың Әлифби, Абыралға, Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Онегиннің Татьянаға жазған хаты, Әбдірахманға (алланың рахматын), Лай
суға май бітпес, қой өткенге (Әбдірахман өлген соң өзіне айтқан жұбатуы),
Өлсе өлер, табиғат, адам өлмес, Алла деген сөз жеңіл, Алланың өзі де
рас, сөзі де рас деген өлеңдерімен он үшінші, жиырма тоғызыншы, отыз
бесінші, отыз алтыншы, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы қара сөздерінде
кездеседі. Бұл туындылардағы араб сөздерінің қолданылу ерекшеліктері мен
жиіліктері әр қилы. Абай өлеңдерінің тіліндегі араб сөздерін екі топқа
бөліп қарастыруға болады. Бірі – мұсылманша діни ұғымдарды білдіретін
сөздер тобы, екіншісі – діни ұғымға байланысы жоқ сөздер. Біз Абай
өлеңдеріндегі араб сөздерін осы екі сала бойынша бөліп қарастырамыз.
Әлифби өлеңінде барлығы он үш араб сөзі мен тіркесі қолданылса,
оның ішінде діни ұғымдағы бір ғана сөз ... Ләм әлиф, лә илаһа илалла
қолданылған. Лә илаһа илалла – Алладан басқа ешбір тәңірі жоқ деген
мағынаны білдіреді.
Абыралыға өлеңінде үш араб сөзі бар, үшеуі де діни ұғымдағы сөздер:

Қираәт – құран оқу;
Нәпіл – міндетті бес уақыт оқылатын намазға қосымша оқылатын намаз;
Еннатайыңа кәлкәусар (бұзып айтылған аят сөзі) – шынында да құрметін,
сыйың кәусар суындай.

Кираәтін оқытып,
Көріп едім, шатылды.
Ниет қыла білмейді
Не қылады нәпілді, - дей отырып, ақын өлеңде ораза-намаздан қалмай,
құдайға бар ықыласымен құлшылық ететін, бірақ намаз аяттарын дұрыс жаттап
алуға әрекет жасамаған құрдасы Абыралыны әжуалау арқылы дін жолын ұстаған
дүмшелерді сынға алған.
Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы деген өлеңінде 6 араб сөзін қолданған,
оның бесеуі діни ұғымдағы сөздер:
Аят- құран сөзі;
Хадис – Мұхаммед пайғамбардың сөзі;
Құтпа – уағыз оқу, сөйлеу.
Мүнажат- аллаға жалбарыну, мақтау сөз айту;
Уәли – пайғамбар әулие.
Бұл өлеңіндегі діни ұғымдағы сөздерді ислам дінін мадақтау үшін емес, діни
ұғымдарды өзінің керегіне жарата отырып, өлеңнің сол ортадағы беделін
көтеру үшін пайдаланады.
Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы
Мінәжат уәлилердің зар наласы.
Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар
Әрбірі келгенінше өз шамасы.

Оненгиннің Татьянаға жазған хатында екі араб сөзі қолданылған, оның
біреуі діни ұғымдағы сөз.
Михраб – мешіттің төріндегі молда тұратын құбылаға қараған орны.
Михрабым сен бас ұратын,
Тіл жете алмас, ғұзіріме.
Өлеңде ақын өзінің сүйген жарын михраб сөзіне ,яғни қасиетті орын
мағынасына теңеп қолданған. Алланың өзі де рас, сөзі де рас деген
өлеңінле 13 араб сөзі қолданылған .Оның сегізі діни ұғымды білдіреді.
Аманту , аманту билләҺи – аллаға сендім, барлығына, жалғыздығына сендім.
Уактубиһи – және кітаптарына сендім;
Нәби- пайғамбар;
Қағида – негізгі шарт, ереже.
Тағриф – түсіну, білу, анықтау.
Әһли кітап – қасиетті кітаптың ішінде аты аталған адамдар;
Тахқиқ – анық айқын;
Тағат – аллаға ғибадат қылу;
Ғибадат – табыну, құлдық ету;
Мүмин – ислам дінін жақтаушы мұсылман.
Бұл өлеңінде біз Абайды діни ойшыл ретінде танимыз.
Распенен таласпа, мүмин болсаң,
Ойла, айттым, адамдық атын жойма!
Алланың сөзіне күмәнданба, алла жолына түссең адам атыңды жоймайсың,
алла жолында болсаң, адамдықтан шықпайсың дегенді айтады.
Әбдірахманға өлеңіндегі төрт араб сөзінің үшеуі дерексіз ұғым
атаулары болып келеді, діни ұғымдағы бір сөз қолданылған.
Әр рахман ол атын
Үйреткен жүмлеге
Рахман – алланың бір аты, жүмле – жалпы жиынтық деген мағынаны
береді.
Әбіштің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай шығармаларындағы кірме сөздердің қолдану ерекшеліктері
Қазақ тілінің лексикологиясы
Қазақ тіліндегі синонимдердің зерттелуі
Жазушы Ақан Нұрманов Құланның ажалы романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшелігі
Жансүгіров поэзиясындағы тілдік бірліктердің қатысымдық және танымдық мәні, мазмұны
Синонимдердің мағыналық реңкі
Абай шығармашылығының зерттелуі
Жұмабаев Мағжанның тілдік тұлғасы
Абай – көркем сөз өнерінің шебері
Абай заманынан халықтың қолданысына енген сөздер
Пәндер