Еңбек құқығы



МАЗМҰНЫ .

I. Мазмұны

II. Еңбек құқығы

III. ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПƏНІ

IV. ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ

V. ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ

VI. ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ

VII. ЖЕКЕ ЕҢБЕК ШАРТЫ

VIII. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ЖƏНЕ ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫ

IX. ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫ

X. ЖАЛАҚЫ

XI. ЕҢБЕК ТƏРТІБІ

XII. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
II. Еңбек құқығы
Еңбек ету құқығы – жұмыс берушімен қызметкердің еңбек міндеті бойынша олардың арасындағы жеке еңбек шарты негізінде туындайтын қатынастарды реттейді. Еңбек құқығы сонымен қатар еңбекақы, еңбек тәртібі жұмыс уақытын белгілеу еңбекті қорғау қатынастарын да реттейді. Еңбек етуге құқылтылық ҚР-ның концтитуциясының 24 бабында жарияланды. Еңбек етуге бостандық құқығы әрбір адамның өзінің еңбекке қабілеттілігін дербес пайдалана білуін қызмет пен мамандық түрін еркін таңдай алатындығын білдіреді. Қоғамдық еңбектің 2 түрі бар:
1) дербес еңбек және жолдамалы еңбек
2) қызметкерлердің жұмысты үйінде, яғни үйге алып істейтін және маусымдық түрлері болады.
Жас азаматтар таңдап алуға болатын мамандық түрлері көп. Бірақ осы мамандықтардың
бәрін білімді және жоғарғы оқу орындарында оқуды талап етеді. «ҚР еңбек туралы заң» 1999 жылы 10 желтоқсанда қабылданып 2000 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. ҚР-да нәсілшілдік, ұлттың, жыныстық белгі, тіл, діні, әлеуметтік тегі және әлеуметтік жағынан кімге жататындығы бойынша кемсітушілікке жол бермейтін еңбек туралы заңның шетелдіктерге толықтай қатысы бар.
III. ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПƏНІ

ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 2-бабы

1. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді жəне осы Заң мен қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттейтін, нормалары осы Заңның нормаларынан төмен бола алмайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың осы Заңның жəне еңбек туралы өзге де нормативтік құқықтық актілердің алдында артықшылығы бар жəне халықаралық шарт бойынша оны қолдану Қазақстан Республикасының заңы шығарылуы талап етілген жағдайлардықоспағанда, олартікелейқолданылады.
Назарбаев Н.Ə. Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі жəне тұрмыс жағдайының жақсаруы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. //Каз. правда. 1997. 11 октябрь.
Назарбаев Н. Ə. Елдегі жағдай мен ішкі жəне сыртқы саясаттың
негізгі бағыттары туралы: қоғамды демократиялау, жаңа жүзжылдықтағы экономикалық жəне саяси реформа: Ел Президентінің Қазақстан халқынa Жолдауы.//Каз. правда. 1998. 1 октябрь.
Абайдельдинов Т М. Содержание специальной трудовой правоспособности //Вестник КазГУ. Серия юридических наук. 1993.
Абайдельдинов Т.М. О понятиях «собственник предприятия» и «работодатель» в сфере социально-трудовых отношений //Правовая реформа в Казахстане. 1990. №3. С. 58.
Абжанов КА. Трудовой договор. М.: Юридическая литература,
1964. Абрамова А.А., Дмитриева И.К Контракт в трудовом праве //
Вестник Московского университета. Серия 11. Право. 1992. №4. Абусярова Н.А. Обеспечение законности в трудовых
отношениях. Алматы: Жеті жарғы, 1997.
Аколова Е.М., Еремина С.Н. Договоры о труде. Ростов н/Д., 1996.
Аколова Е.М. Локальное правовое регулирование труда на предприятии // Правоведение. 1989. №6.
Андреева Л.А., Медведев О.М. Отырба Л.В. Трудоуйстройство
и трудовой договор в условиях перехода к рыночной экономике:
(Учеб. пособие). М.: Изд-во МГУ, 1992.
Антонова Л.И. Локальное правовое регулирование. Л., 1985.
Apxunosa Б.А. Роль и значение коллективных договоров в период перестройки //Трудовое право и право социального обеспечения на путях перестройки. М., 1991.
Байменов А. Реформа стереотипов не приемлет //Казахстанская
правда. 2000. 22 фев.
Бейсенов С.Д; Мухамбетов Т.И. Рынок и проблемы занятости в
Республике Казахстан. Алматы, 1992.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ .

I. Мазмұны
II. Еңбек құқығы
III. ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПƏНІ
IV. ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
V. ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
VI. ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
VII. ЖЕКЕ ЕҢБЕК ШАРТЫ
VIII. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ЖƏНЕ ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫ
IX. ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫ
X. ЖАЛАҚЫ
XI. ЕҢБЕК ТƏРТІБІ
XII. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ

II. Еңбек құқығы
Еңбек ету құқығы – жұмыс берушімен қызметкердің еңбек міндеті бойынша
олардың арасындағы жеке еңбек шарты негізінде туындайтын қатынастарды
реттейді. Еңбек құқығы сонымен қатар еңбекақы, еңбек тәртібі жұмыс уақытын
белгілеу еңбекті қорғау қатынастарын да реттейді. Еңбек етуге құқылтылық ҚР-
ның концтитуциясының 24 бабында жарияланды. Еңбек етуге бостандық құқығы
әрбір адамның өзінің еңбекке қабілеттілігін дербес пайдалана білуін қызмет
пен мамандық түрін еркін таңдай алатындығын білдіреді. Қоғамдық еңбектің 2
түрі бар:
1) дербес еңбек және жолдамалы еңбек 
2) қызметкерлердің жұмысты үйінде, яғни үйге алып істейтін және маусымдық
түрлері болады.
Жас азаматтар таңдап алуға болатын мамандық түрлері көп. Бірақ осы
мамандықтардың 
бәрін білімді және жоғарғы оқу орындарында оқуды талап етеді. ҚР еңбек
туралы заң 1999 жылы 10 желтоқсанда қабылданып 2000 жылдың 1 қаңтарында
күшіне енді. ҚР-да нәсілшілдік, ұлттың, жыныстық белгі, тіл, діні,
әлеуметтік тегі және әлеуметтік жағынан кімге жататындығы бойынша
кемсітушілікке жол бермейтін еңбек туралы заңның шетелдіктерге толықтай
қатысы бар.
III. ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПƏНІ

ҚР ҚР еңбек туралы заңының 2-бабы

1. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді жəне осы Заң мен
қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттейтін,
нормалары осы Заңның нормаларынан төмен бола алмайтын өзге де нормативтік
құқықтық актілерден тұрады.
2. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың осы Заңның жəне
еңбек туралы өзге де нормативтік құқықтық актілердің алдында артықшылығы
бар жəне халықаралық шарт бойынша оны қолдану Қазақстан Республикасының
заңы шығарылуы талап етілген жағдайлардықоспағанда,
олартікелейқолданылады.

Еңбек құқығының пəні.
Еңбек құқығын оқу пəні жəне құқық саласы ретінде қарастырмастан бұрын,
еңбек жəне құқық сөздерінің түп-төркініне көз жүгірткен жөн болар.
Жалпы алғанда, құқық адамдардың əр түрлі қоғамдық қатынастардағы жүріс-
тұрыстарын реттейді, яғни, тəртіптейді, қалыпқа келтіреді, нормаларға
сəйкестендіреді. Еңбек құқығы
атауының өзі бұл құқық саласының еңбекпен байланысты қоғамдық
қатынастарды, яғни, еңбек қатынастарын (еңбек үрдісінде туындайтын
қатынастарды) жəне еңбек қатынастарынан туындайтын өзге де қатынастарды
реттейтінін көрсетеді.
Ал еңбек дегеніміз не?
Еңбек адамның табиғи қажеттігі болып табылады. Маймылды адам еткен еңбек
деген пікірлер де бекер емес. Сонымен қатар, еңбек адамның өмір сүруінің
маңызды жағдайы болып табылады, себебі, ол адамның материалдық жəне рухани
қажеттіліктерін,
басқаша айтқанда, тамақтануға, баспана иеленуге, киінуге, адамдармен
араласуға, білімге, қағазға, оқуға, өнерге жəне т.б. қатысты
қажеттіліктерін қанағаттандырады. Кең мағынада еңбек тек адамның ғана
емес, сонымен қатар қоғамның да табиғи қажеттігі болып табылады,
себебі, еңбек қоғамның материалдық негіздерін қалыптастырады.
Өзінің саналы жəне тіпті санасыз ғұмырында адам əйтеуір бір нəрсені жасап,
дайындап, шығарып, өндіріп жатады. Басқаша айтар болсақ, адам 5-6 жасынан
бастап еңбек ете бастайды: ата-анасының өтініші бойынша бір нəрсені əкеліп
береді, апарады, жылжытады жəне т.б. Адамның қолынан жасалған заттың
барлығы – инеден бастап ұлы жаңалықтарға дейін еңбектің нəтижесінде
дүниеге келген. Сонымен, кез келген адамның өмірі еңбексіз мүмкін емес,
еңбек барлығын жасайды, адамның материалдық жəне рухани қажеттіліктерін
қамтамасыз етеді, ал бұлар, өз кезегінде, қоғамның материалдық негіздерін
құрайды. Жоғарыда атап өткеніміздей, еңбек адамның табиғи қажеттігінен
туындайды. Еңбек – бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой,
рухани қабілеттерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты қызмет. Еңбек
дене, ақыл-ой жəне рухани қабілеттіктерден туындайды да, бұлардың
нəтижесінде материалдық, рухани жəне санаткерлік құндылықтар жасалады.

Жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек қатынастары нормативтік
құқықтық актілермен, еңбек туралы заңдарға сəйкес жасалған жеке еңбек,
ұжымдық
шарттармен реттеледі.

Еңбек құқығының пəнін құрайтын барлық қатынастарды қарастырып өтелік:
1. Негізгі қатынастар – жұмыс берушінің (ұйым, жеке кəсіпкер)
қызметкердің еңбекке қабілетін (оның жұмыс күшін, білімін, дағдыларын
жəне т.б.) пайдалануымен байланысты еңбек қатынастары шарттық жəне ақылы
негізде жүзеге асырылады. Қызметкер өз еңбегі үшін алдын-ала белгіленген
нормалар (тарифтер) бойынша жалақы не ұйым табысының бөлігін алады, ал
жұмыс беруші өзіне қажетті еңбек өнімін алады. Еңбек қатынастарына
қызметкер жəне жұмыс беруші өз еркі бойынша қатысады. Еңбек құқығы
қатынастарын қызметкердің жұмыс берушімен еңбек жағдайларын пайдалану
жөніндегі заңдыбайланысы (қызметкер өз жұмысын мұқият орындауға, ал жұмыс
беруші оған жалақыны жүйелі түрде төлеугеміндетті) құрайды. Еңбек
қатынастары келесі ерекше белгілерімен сипатталады:
а) еңбек үрдісінде туындайды жəне дамиды. Қызметкер өзіне жүктелген
белгілі бір еңбек функциясын орындайды. Ал бұл функция тұрақты сипатқа ие
жəне соңғы нəтижемен аяқталмайды, яғни, еңбек қатынастары – бұл ұзақ
уақытқа созылатын қатынастар. Өзге құқықтық қатынастарда, мысалы,
еңбекпен байланысты азаматтық құқықтық қатынастарда орындаушыға нақты бір
тапсырма беріледі, ол бұл тапсырманы орындаған соң барлықміндеттемелер де
тоқтатылады, яғни, құқықтық қатынастар тəмамдалады;
ə) еңбек қатынастары – бұл нəтижесінде жұмыс беруші еңбек өнімін,
ал қызметкер еңбек шартының жағдайларына қарай белгілі бір ақы алатын
ақылы қатынастар;
б) еңбек қатынастары ерік білдірудің белгісі болып табылады, яғни,
еңбек жəне еңбек қатынастары мəжбүрлі түрде жүзеге асырылмайды, ал
қызметкер мен жұмыс беруші өз қалаулары бойынша серіктерді, еңбек жағдайын
жəне т.б. таңдай алады. Еңбекті таңдау кезіндегі ерік білдіруге дəлел
ретінде қызметкердің жұмысқа тұрардағы өтінішті өз қолымен толтыратынын
жəне жұмыс берушінің осы өтінішке қол қоя отырып, қызметкерді қызметке
алу туралы еркін білдіруін келтіруге болады;
в) қызметкердің еңбек тəртібіне бағына отырып еңбек ұжымына қосылуын
білдіреді. Бұл дегеніміз, еңбек белгілі бір ішкі еңбек тəртібі жағдайында
жүргізіледі. Ішкі еңбек тəртібінің ережелерінде еңбек ұжымы мүшелерінің
бірлескен қызметінің жағдайлары жəне тəртібі белгіленеді. Ішкі еңбек
тəртібінің өзіне тəн элементі болып қызметкердің еңбек қызметі үрдісінде
жұмыс берушінің, тікелей басшылықтың өкіміне бағынуы табылады. Бұл
элемент еңбекпен байланысты өзге қоғамдық қатынастарда көрініс
таппайды. Бұл кезде орындаушы еңбек режиміне бағынуға емес, өнімді
уақтылы жəне сапалы дайындауға міндетті. Мысалы, қысқа мерзімді жалдау
шарты бойынша адвокат, аспаз немесе құрылысшы жұмысқа тартылған кезде
жұмысты орындаушының өзі немесе оның бригадасы істей ме, олар жұмыс
уақытында əлде түнде жұмыс істей ме жəне осы сияқты жағдайлар жұмыс беруші
үшін аса маңызды емес, оны толғандыратын басты мəселе – жұмыстың уақтылы
жəне сапалы орындалуы;
г) еңбек қатынастары ерекше заңды фактпен – еңбек шартымен,
келісіммен, лауазымға сайлау туралы актімен байланысты;
д) мамандығына, біліктілігіне, лауазымына қарай жұмысқа тікелей
қатысудың қажеттігімен байланысты;
е) жұмысқа іс жүзінде қабылданған кезден басталады. Еңбек құқығы
қатынастарында жұмысқа қабылдау бұйрықпен рəсімделеді жəне қызметкерді
кəсіпорынның штатына тұрақты, уақытша немесе маусымдық жұмысқа алумен
жүзеге асырылады. Еңбекпен байланысты өзге де қатынастарда жұмысты
орындаушы штатқаалынбайды. Мұндай жағдайда тапсырыс беруші үшін еңбек
үрдісіне қарағанда еңбектің нəтижесі маңыздырақ болады;
ж) қызметкерге оны жұмыстан босату жөнінде бұйрық жарияланған жəне
оның қолына еңбек кітапшасы берілген кезде тоқтатылады.
2. Еңбек құқығы еңбек қатынастарымен қатар осы қатынастардан
туындайтын жəне олармен тығыз байланысты қатынастарды да реттейді. Олар:

1) еңбек ұжымының жұмыс беруші жəне оның басшылығымен арасындағы еңбек-
əлеуметтік сауалдар бойынша қатынастары.
2) кəсіподақ органының қызметкерлердің мүдделерін қорғау, еңбекке ақы
төлеу жəне əлеуметтік кепілдіктер мəселелері бойынша жұмыс беруші жəне оның
басшылығымен
арасындағы қатынастары;
3) азаматтарды жұмысқа орналастыруға жəне жұмыс іздеп жүрген азаматтарды
жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысты қатынастар.
4) қадағалау жəне бақылау органдарының жұмыс берушімен еңбек заңдарын жəне
еңбекті қорғауды сақтау мəселесіне қатысты қатынастары.
5) өндірісте кадрларды дайындау немесе біліктілікті көтеруге қатысты
қатынастар.
6) жеке немесе ұжымдық келіспеушіліктерден туындайтын еңбек дауларын
шешуге қатысты қатынастар.

Сонымен, қазіргі кезде еңбек құқығының пəнін қоғамдық қатынастардың екі
тобы құрайды: 1) еңбек қатынастары – еңбек құқығы пəнінің басты элементі;
2) еңбек қатынастарымен тығыз байланысты жəне солардан туындайтын өзге де
қатынастар.

Еңбек құқығының рөлі, міндеттері жəне функциялары.

Еңбек құқығының рөлі, міндеттері жəне функциялары өзара тығыз байланысты
болады. Олар қызметкердің, жұмыс берушінің, өндірістің, қоғамның жəне
мемлекеттің мүдделерін білдіреді. Қызметкер мен жұмыс беруші еңбек шартын
жасасқан жағдайда
еңбек қатынастарына түседі, бұл ретте олардың əрқайсысы өз мақсаттарын
көздейді. Сондықтан, еңбек құқығының негізгірөлі – реттеу шілік рөл.
Еңбек құқығы адамдардың еңбек үрдісі кезіндегі жүріс-тұрысын реттейді,
еңбек қатынастарының екі тарабы да бағынуы тиіс нормаларды анықтайды. Бұл
ережелер мен нормалар өндірістің міндеттеріне жауап береді,
қызметкерлердің еңбегін, құқықтары мен мүдделерін қорғайды, жұмыс беруші
мен қызметкердің еңбек құқықтары мен міндеттерінің жүзеге асуын жəне
олардың кепілдіктерін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, еңбек құқығы толығымен
еңбек қатынастарының салыстырмалы түрде қорғалмаған тарабы –
қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған. Бұдан шығатын
қорытынды, еңбек құқығы функцияларының бірі – қорғау функциясы. Сонымен
қатар, еңбек құқығының рөлі өндірістің тиімділігіне жəне өсуіне, еңбек
өнімділігін арттыруға, еңбек тəртібін нығайтуға, қызметкерлердің еңбек
жағдайы мен тұрмысын жақсартуға жағдайжасаудан
көрініс табады.
Еңбек құқығының міндеттері, ең алдымен, еңбекті құқықтық реттеудің
мақсаттарына – еңбектің тиімділігін арттыруға, еңбек жағдайының жоғары
деңгейіне жетуге, қызметкерлердің құқықтарын жан-жақты қорғауға
бағытталған.
Еңбек құқығының функциялары – бұл еңбек құқығы нормаларының күшінің
негізгі бағыттары. Оларға жоғарыда аталған реттеуші жəне қорғаушы
функциялар жатады. Еңбек құқығының ерекше функц и я л а р ы н ы ң қ а т а
р ы н а н ə л е у м е т т і к, қ о р ғ а у ш ы, ш а р у а ш ы л ы қ-ө н
д і р і с т і к, т ə р б и е л е у ж ə н е ө н д і р і с т і к д е м о к
р а т и я н ы д а м ы т у ф у н к ц и я л а р ы н а т а у ғ а б о л а д
ы.
Əлеуметтік функция халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді, еңбекке,
еңбектің қауіпсіз жағдайларына жəне еңбекті қорғауға қатысты құқыққа
кепілдіктерді жүзеге асырады. Қорғау функциясы еңбек жағдайының жоғары
деңгейін, еңбек заңдарының нормаларын орындауға бақылау жүргізуді
қамтамасыз етуге, еңбек заңдарының бұзылған ережелерін қалпына келтіруге,
еңбек дауларын шешуге бағытталған.
Шаруашылық-өндірістік функция өндірістің тиімділігін, еңбектің өнімділігін
көтеруді, еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануды, еңбек тəртібін нығайтуды
қамтамасыз етуге
бағытталған. Тəрбиелеу функциясы еңбек тəртібін сақтауды талап етуден,
материалдық жəне моральдық жауапкершілік мəселелерінен көрініс табады.
Еңбек құқығының сабақтас құқық салаларынан айырмашылығы. Қазақстан
Республикасындағы еңбек құқығына қатысты сабақтас құқықтар болып азаматтық
құқық, аграрлық жəне жер құқықтары, əкімшілік құқық жəне əлеуметтік
қамтамасыз ету \құқықтары табылады.

Еңбекті қолдануға, оның жағдайларына жəне ұйымдастырылуына қатысты дау
туған жағдайда осы даудың еңбек құқығының пəніне жататындығын немесе даудың
өзге құқық салаларының нормаларымен қарастырылатынын анықтау үшін еңбек
қатынасының белгілерін талдау қажет. Бұның маңызы өте зор, себебі,
осындай талдаудың нəтижесінде тиісті құқықтық салдар туындайды.

Еңбек заңдары азаматтық заңдармен өте тығыз байланысты. Азаматтық заңдар
қатысушылардың теңдігіне негізделген тауар- ақшалық жəне өзге де
қатынастарды, еңбекпен жəне оның нəтижелерімен байланысты мүліктік
қатынастарды реттейді. Яғни,
азаматтық құқықтың пəніне белгілі бір жұмысты орындаумен немесе қызмет
көрсетумен (тұрмыстық мердігерлік шарты, тапсырма, əдеби тапсырыс жəне
т.б.) байланысты қатынастар кіреді. Бұл қатынастар еңбек қатынастарына
өте жақын жəне оларға ортақ сипаттар тəн: олар еңбекпен байланысты, еңбек
шартына (келісіміне) негізделеді, ақылы сипатқа ие. Жеке меншіктің
туындауына жəне өсуіне байланысты жұмыс істейтін тұлғалар еңбек
қатынастарына жалданбалы қызметкер ретінде де, өндірістің меншік иесі
ретінде де қатысуы мүмкін. Бұл еңбек жəне мүліктік қатынастарының белгілі
бір деңгейде бірігуіне əкеледі. Алайда, олардың қандай құқық саласына
жататынын анықтайтын өздеріне тəн айырмашылықтары да бар.
Бұл қандай айырмашылықтар екен?
Біріншіден, еңбек қатынастарының пəні жəне негізгі мазмұны болып еңбек
үрдісі, ал азаматтық қатынастардың (тұрмыстық мердігерлік, тапсырма,
əдеби тапсырыс шарттары бойынша) пəні болып еңбектің өнімі табылады.
Екіншіден, қызметкер еңбек қатынастарында белгілі бір жұмысты (белгілі
бір мамандық, біліктілік, лауазым бойынша) істеуге міндеттенеді.
Үшіншіден, қызметкер өзінің жұмысын белгілі бір ұжымның шеңберінде
атқарады, мұнда ол еңбек шарасын орындауға, жұмыс уақытының режимін
сақтауға, ішкі еңбек тəртібінің ережелеріне бағынуға
міндеттенеді. Ал азаматтық қатынастарда аталған талаптарды орындау
міндетті емес. Яғни, қызметкер еңбек ұжымының құрамына кірмейді, оған
еңбек шарасын орындау, ұйымның жұмыс режимін сақтау, ішкі еңбек
тəртібінің белгіленген ережелеріне бағыну қажеттігі таралмайды. Басқаша
айтар болсақ, азаматтық қатынастарда кімнің, қандай мерзімде, қандай
еңбек нормасына негізделе отырып жұмыс істейтіні емес, мұнда белгілі бір
жұмысты сапалы жəне уақтылы орындау маңызды болып табылады. Мысалы,
қоршау жасаудың қажеттігі туды делік. Еңбек заңдарының нормаларына сəйкес
шартқа тұрған қызметкер ғана осы жұмысты орындауы қажет. Сонымен қатар,
ол еңбек тəртібін сақтай отырып, ішкі еңбек тəртібінің ережелеріне бағына
отырып (белгілі бір ауысымда), белгілі бір ұжымда жұмысты орындауы қажет
жəне еңбек
нормасын күнделікті орындауы тиіс. Азаматтық қатынастарда бұл жұмысты
қызметкердің өзі немесе оның бригадасы не оның қызметкері не барлығы
кезектесе отырып орындай алады. Олар күндіз немесе түнде, күн сайын не
белгілі бір уақыт өткен сайын жұмыс істеуі мүмкін – бұлардың барлығы
маңызды емес. Ең маңыздысы – қоршау сапалы жəне аталған мерзімде жасалуы
тиіс. Бұдан шығатын қорытынды, еңбек қатынастары мен азаматтық- құқықтық
қатынастарды ажырату олардың мазмұнына қарай жүргізіледі. Егер еңбек
құқығының пəні болып тірі еңбек барысындағы еңбек қатынастары табылса,
азаматтық құқықтың пəні болып заттандырылған еңбек немесе еңбек өнімі,
оның нəтижесі табылады. Алайда, еңбек жəне азаматтық қатынастарды
ажыратуға қатысты даулы жағдайларда еңбек құқығыныңнормалары үстемдікке ие
болады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1-бабына сəйкес, бұл
қатынастар еңбек заңдарымен реттелмеген жағдайда ғана, еңбек қатынастарына
азаматтық заңдар қолданылады.
Сонымен, азаматтық заңдар қоғамдық еңбекке қатысты мүліктік қатынастарды
реттейді, алайда, еңбек үрдісі кезіндегі қатынастарды реттемейді. Еңбек
заңдары

еңбек үрдісін реттейді жəне қызметкер үшін белгілі бір құқықтық режимді,
құқықтық
кепілдіктерді белгілейді. Жер құқығы мен аграрлық құқықтың да еңбек
құқығына ұқсас
сипаттары көп, олар бірлескен еңбекті реттейді, оларға еңбекті жəне
қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау тəн. Алайда, еңбек құқығы мен бұл
құқық салаларының арасында бірқатар айырмашылықтар да бар. Еңбек құқығы
дербес емес (жалданбалы) еңбекке негізделетін еңбек қатынастарын реттейді.
Жер жəне аграрлық құқықтар еңбек жəне өндіріс құраладарының меншік иесі
болып табылатын, сондықтан да жалданбалы еңбек субъектілерінің қатарына
жатпайтын кооператор-қызметкерлердің еңбек қатынастарын реттейді. Еңбек
құқығына қатысты сабақтас құқық салаларының қатарынан əкімшілік құқықты да
атауға болады. Басқарушылық топтың еңбегін ұйымдастыру, кəсіпорындар,
ұйымдар, мекемелер басшылығының жəне мемлекеттік қызметшілердің құқық
субъектілігі мəселесіне келгенде, бұл екі құқық саласының ортақ жері көп.
Кəсіби қызметтің бұл түрі бір мезетте еңбек жəне əкімшілік құқық
нормаларын қолдануды көздейді. Сондықтан, бұл қатынастар ҚР ҚР еңбек
туралы заңымен де, ҚР Мемлекеттік қызмет туралы заңымен де
реттеледі. Соған қарамастан, еңбек жəне əкімшілік құқықтарының өздеріне
тəн айырмашылықтары да бар. Олар реттеу пəні мен əдістеріне қатысты.
Егер еңбек құқығы қызметкер мен жұмыс берушінің еңбек үрдісіндегі
қатынастарын реттесе, əкімшілік құқық тиісті лауазымды тұлғалардың
құзыретіне қатысты, қызметке алу мен босатумен, тəртіптік жазалар
тағайындаумен жəне т.б. байланысты қатынастарды реттейді. Енді еңбек
құқығының əлеуметтік қамтамасыз ету құқығымен арақатынасын қарастырып
өтелік. Əлеуметтік қамтамасыз ету құқығы дербес құрылым ретінде, құқық
саласы ретінде
салыстырмалы түрде жақында, өткен ғасырдың 60-70 жылдарықалыптасты.
Бұған дейін əлеуметтік қорғау нормаларының басым көпшілігі еңбек құқығы
саласына кіретін. Осылай, бұл екі құқық саласын тарихи түп-тамыр
байланыстырады. Сонымен қатар, оларды құқықтық реттеудің пəні мен
əдістерінің ортақ сипаттары
да байланыстырады. Егер еңбек құқығының басты пəні болып қызметкер мен
жұмыс
берушінің арасындағы еңбек қатынастары табылса, əлеуметтік қамтамасыз ету
құқығы азаматта қандай да бір себептермен жұмысқа қабілеттігін уақытша не
тұрақты жоғалтқан немесе зейнеткерлік жасына жеткен жағдайда, оларды
материалдық
қамтамасыз ету үрдісінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Əдетте бұл қатынастар еңбек қатынастарымен тығыз байланыста болады.
Мұндай жағдайда азаматтарды материалдық қамтамасыз етудің мөлшері олардың
еңбек қатынастары үрдісінде алған жалақысына жəне еңбек стажына сəйкес
есептеледі.
Сонымен қатар бірқатар айырмашылықтар да бар. Оларды мынадан байқауға
болады. Азаматтар еңбек қатынастарында еңбек құқығын жүзеге асырады, ал
əлеуметтік қорғау құқығының реттеу пəні болып материалдық қамтамасыз етуге
қатысты құқықты
жүзеге асыру болып табылады. Еңбек қатынастары үрдісінде жалақы төлеу
қызметкер жұмыс істейтін кəсіпорынның, ұйымның немесе мекеменің қорынан
жүзеге асырылады. Ал əлеуметтік қамтамасыз ету құқығы жəрдемақылар м е н
з е й н е т а қ ы л а р д ы о р т а л ы қ т а н д ы р ы л ғ а н қ о
р л а р д а н т ө л е у д і көздейді. Сонымен қатар, əлеуметтік
қамтамасыз ету құқығына еңбек құқығындағы материалдық төлемдердің шарттық
əдісі тəн емес. Құзыретті органдар қабылдаған құқық нормаларының негізінде
азаматтар материалдық қамсыздандырылады, сондықтан мұндай шараларды
өзгертуге жəне тараптардың келісімімен нақтылауға болмайды.
Еңбек құқығы саласының жүйесі. Əрбір құқық саласының, соның ішінде,
еңбек құқығының да өз жүйесі бар. Еңбек құқығы саласының жүйесі – бұл
оның нормаларының құрылымы жəне орналасу тəртібі. Бұл кезектілік еңбек
құқығы қатынастарының туындау, даму жəне тоқтатылу барысына қарай
құрылады.
Еңбек құқығы қатынастары – бұл еңбек құқығының нормаларымен реттелген
еңбек қатынастары, бұл қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы
қызметкердің еңбегін

Пайдалану жағдайлары жөніндегі заңды байланыс: қызметкер адал еңбек
етугеміндетті, ал жұмыс беруші – тұрақты түрде жалақыны төлеп отыруға
жəне еңбек заңдары мен еңбек шартын сақтауға міндетті.
Еңбек құқығы саласының жүйесі екі бөлімнен тұрады: жалпы жəне ерекше
бөлімдер.

IV. ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ

Еңбек құқығының негізгі қағидаларының түсінігі жəне мəні. Қағида
сөзінің өзі латын тіліндегі principium cөзінен туындаған жəне оның
аудармасы негіз, бастама дегенді білдіреді. Осылай, қағида түсінігі
басшылыққа алынатын идеяны, негізгі
ережені, бастаманы білдіреді. Құқықтық түсініктер жүйесінде қағида басты
түсінік болып табылады, себебі, ол бүкіл құқықтық жүйенің негізін
құрайды жəне осы құқықтық жүйенің барлық қасиеттерін өзіне сіңіреді.
Басқаша айтар болсақ, еңбек құқығының қағидалары – бұл еңбек құқығы
нормаларының негізгі бастамасы.
Еңбекті құқықтық реттеудің негізгі қағидалары – бұл қолданыстағы еңбек
заңнамасының мəнін қысқаша көрсететін басты ережелер. Олар осы құқық
саласының даму негізін құрайды жəне дамуды бағыттайды.
Еңбек құқығының қағидалары ретінде еңбек құқығы нормаларының мəнін жəне
мемлекеттің еңбек қатынастарын құқықтық реттеу саласындағы саясатының басты
бағыттарын көрсететін, қолданыстағы заңнамада бекітілген негіздемелік
бастамаларын (идеяларды) түсінуге болады.
Еңбек құқығының қазіргі кездегі қағидалары еңбекті ұйымдастыру саласындағы
қоғамдық қатынастардың қалыптасқан жүйесінен көрініс береді. Олар
объективтік экономикалық заңдардың күшіне тығыз байланысты.
Қолданыстағы заңнамаға талдау жасайтын болсақ, еңбек құқығының қазіргі
кездегі қағидаларына келесі белгілер тəн:
· олар экономикалық жəне саяси жағдайлармен байланысты, себебі,
қағидалардың өзі мемлекеттік саясаттың негізінде анықталады;
· олардың мазмұнына ортақтық тəн, себебі, қағидалар əрқашанда
құқықтың бір ғана емес, бірқатар нормалар тобының мəнін көрсетеді;
· мемлекеттік норматвитілікке ие, себебі, қағидаларды мемлекет құқық
нормаларында бекітеді жəне санкциялайды, қағидалар ортақтық пен
міндеттілікке, реттеушілік сипатқа ие бастамашылық идеялар болып табылады;
· олардың жиынтығы жүйе болып табылады, себебі, олар құқық нормасының
белгілі бір құқық жүйесінің шегіндегі өзге нормалармен арақатынасы
жағдайындағы мəнін ашады;
· мақсаттылыққа ие, себебі, құқық нормаларының динамикадағы,
қозғалыстағы, белгілі бір мəселелерді шешудегі мəнін көрсетеді;
· тұрақтылыққа ие, себебі, құқық қағидалары ұзақ уақыт бойы əрекет
етеді жəне өзінің табиғаты бойынша құқық нормаларына қарағанда өзгеріссіз
сипатқа ие.

Ұзақ уақыт бойы оқу əдебиеттерінде еңбек құқығы саласының қағидалары өте
қарапайым тұрғыда түсіндірілді. Оларды, ең алдымен, ҚР Еңбек туралы
заңдар кодексінің 2-бабының мазмұнымен байланыстырды, бұл бапта
қызметкердің негізгі
құқықтары мен міндеттері анықталған болатын. Алайда, қағидаларды еңбек
құқығының бір субъектісі – қызметкердің ғана құқықтары мен міндеттерімен
байланыстыруға болмайды. Қағидалардың мазмұны бұған қарағанда əлдеқайда
кеңірек, себебі, олар өздерінің реттеушілік əсерімен еңбек құқығының
барлық
субъектілерін (қызметкерлерді, жұмыс берушілерді, еңбек ұжымдарын жəне
олардың өкілдік органдарын) қамтиды.

Бұл жерде ескеріп өтетін бір жайт, қағидалар субъектілердің құқықтары мен
міндеттерін жариялап қана қоймауы тиіс, сонымен қатар, олардың шын
мəнінде жүзеге асырылуын да қаматамасыз етуі қажет.

Еңбек құқығының негізгі қағидаларының мəні мынада:
1) олар біріккен түрде еңбек құқығының барлық нормаларының басты
мазмұнын көрсетеді, сол арқылы еңбек заңанамасының мəнін жəне оның
экономикамен, саясатпен, қоғамдық моральмен байланысын түсінуге көмек
береді;
2) еңбек заңнамасының одан əрі дамуына, жетілуіне бағытбереді;
3) еңбек құқығының нормаларын қолдануға көмек береді,
себебі, қандай да бір күмəн туған жағдайда тиісті негізгі қағиданы
басшылыққа алуға болады;
4) жекелеген нормаларды еңбек құқығының жүйесіне біріктіруге, оларды
осы құқық саласының жекелеген институттары бойынша топтастыруға мүмкіндік
береді;
5) еңбек құқығы субъетілерінің жағдайын, құқықтық мəртебесін анықтайды,
олардың еңбекке қатысты негізгі құқықтары мен міндеттерін жəне олардың
кепілдіктерін көрсетеді.

V. ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ

Еңбек құқығының қайнар көздері – бұл қай органның қандай мəселелерге
қатысты қабылдағанына байланысты ерекшеленетін еңбек заңнамасының
нормативтік құқықтық актілері. В.Н.Уваров атап өткендей, еңбек құқығы
қайнар көзінің түсінігі тура мағынада еңбек құқығының нормаларына бастама
беретін, еңбек туралы нормаларды туындататын жəне олардың мазмұны
анықталатын қасиеттен тұрады, сондықтан еңбек құқығының қайнар көздерін 2
құрамдас бөліктің: еңбек туралы құқықтық нормалардың материалдық
мазмұнының жəне нысанының біртұтастығы ретінде сипаттауға болады.
Еңбек құқығы қайнар көздерінің материалдық мазмұны еңбек қатынастарымен
байланысты. Еңбек қатынастары барысында бірлескен еңбек жүзеге асырылған
кезде қызметкер мен жұмыс берушінің экономикалық, саяси жəне əлеуметтік
қажеттіліктері, олардың мүдделері қарама- қайшы болуы мүмкін. Мұндай
жағдайда оларды реттеудің, еңбек қатынастары жүйесіндегі белгілі бір
құқықтық нормаларды, жүріс- тұрыс ережелерін анықтаудың қажеттігі туады.
Еңбек қатынастары жүйесіндегі бұл нормаларды, жүріс-тұрыс ережелерін
мемлекеттің арнайы органдары анықтайды. Яғни, еңбек құқығы қайнар
көздерінің түсінігі мемлекеттік органдардың құқықты қалыптастыру, оған
заңдар, жарлықтар, қаулылар жəне өзге нормативтік құқықтық актілер
нысанын беру жөніндегі тікелей қызметімен байланысты. Бұл жерде біз еңбек
құқығының қайнар көздері түсінігінің формальды немесе заңды мағынасын
байқаймыз.
Сонымен, еңбек құқығының қайнар көздері ретінде мемлекеттің құзыретті
органдарының еңбек жəне өзге де қоғамдық қатынастарды реттеу саласындағы
құқық
шығарушы қызметінің нəтижелерін тануға болады. Басқаша айтар болсақ,
еңбек құқығының қайнар көздері – бұл жалданбалы қызметкерлердің еңбегін
пайдалану жəне
ұйымдастыру жөніндегі қатынастарды, еңбек нарығын реттейтін нормативтік
құқықтық актілер.

Еңбек саласындағы маңызды заңдарға Қазақстан Республикасы еңбек құқығының
қайнар көздері ретінде жалпы сипаттама. Қазақстан Республикасында еңбек
мəселелері бойынша маңызды заңдарға мыналар жатады:

Халықты еңбекпен қамту туралы заң. Елімізде жұмыссыздық деген пайда болып,
жұмыссыздардың саны көбейіп келе жатқан жағдайда қабылданған бұл акт –
біздің республикамыздағы халықты еңбекпен қамтуға бағытталған алғашқы заң.
Аталған заң
еңбекпен қамту қағидасын бекітіп, еңбекпен қамту, жұмыссыз,
жұмыссыздың мəртебесі сияқты түсініктерді анықтады, сонымен қатар,
мемлекеттік органдардың жұмыс берушілермен жəне жұмыссыздармен қарым-
қатынастарын реттеді.
Осы заңға сəйкес еңбекпен қамту жəне жұмысқа орналастыру органдары да жұмыс
істейді. Қызметкерлер еңбек шартын бекітпестен бұрын аталған органдармен
қатынасқа түседі.

Ұжымдық шарттар туралы заң кəсіпорын, ұйым деңгейінен жоғары
əлеуметтік-əріптестік қатынастардыреттейді. Сонымен қатар, бұлзаң ұжымдық
шарт жəне оның бекіту тəртібін реттейді жəне де алғаш рет ұжымдық шарттарды
жəне əлеуметтік-əріптестік қатынастарды бекіту бойынша
ұжымдықкеліссөздердіжүргізудің тəртібін бекітті.

Еңбекті қорғау туралы заң еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты
бекітті. Бұл актінің ережелері жұмыс барысында қызметкерлердің өмір жəне
денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін реттейді.

Кəсіптік одақтар туралы заң Қазақстан Республикасында кəсіптік одақтарды
құрудың құқықтық негіздерін орнықтырды, олардың негізгі құқықтары мен
қызмет кепілдіктерін бекітті, кəсіптік одақтардың қызметкерлер құқықтарын
қорғауға байланысты жұмыс берушілермен жəне олардың бірлестіктерімен,
мемлекеттік билік органдарымен жəне жергілікті өзін-өзі басқару
органдарымен, заңды тұлғалармен жəне азаматтармен қарым- қатынастарын
реттеді.

Ұжымдық еңбек даулары туралы заң ұжымдық еңбек дауының түсінігін, ұжымдық
келіспеушіліктерді шешу мерзімін жəне тəртібін бекітті. Заңда ереуілге
шығудың анықтамасы, ереуілді қашан жəне қандай тəртіппен жариялап,
ұйымдастыруға
болатыны, кімдердің ереуілге қатыса алмайтыны көрсетіліп, ереуілге
қатысушылардың кепілдіктері мен заңсыз ереуілге шыққаны үшін жауапкершілік
көзделген.

Мемлекеттік қызмет туралы заң – мемлекеттік қызметшілердің арнайы еңбегін
реттеуге бағытталған алғашқы заң. Заңда мемлекеттік қызметшілердің
түсінігі берілген, оларды қызметке алу жəне босату тəртібі, олардың
құқықтары мен
міндеттері анықталған. Бұл заң мемлекеттік қызметшілер үшін арнайы
нормаларды (мысалы, мемлекеттік қызметшілерге қатысты бірқатар шектеулер)
жəне демалыс уақыты, қосымша ақы төлеу бойынша жеңілдік-нормалар жəне т.б.
белгіленген. Бұл актіде мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан
Республикасының еңбек
туралы заңнамасының (заңдардың өзінде аталып өткен кейбір ережелерді
санамағанда) əрекеті таралатындығы аталып өткен. Аталған заң қызметке
конкурстық тəртіппен алуды жəне біліктілік емтихандарын енгізді.

VI. ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ

Еңбек құқығы субъектілерінің түсінігі жəне түрлері. Кез келген құқық
саласы сияқты еңбек құқығының да өзінің субъектілер шеңбері бар. Осы
субъектілер арқылы осы құқық саласының жалпы құқық жүйесіндегі
ерекшеліктері анықталады.
Еңбек құқығында осы құқық саласының субъектілері ретіндеқолданыстағы
заңнаманың

негізінде қоғамдық еңбекті ұйымдастыруға, еңбек үрдісін қолдану мен
ұйымдастыруға еңбек заңнамасын сақтай отырып қатысатын еңбек қатынастарының
қатысушылары танылады.
Қазіргі кезде еңбек құқығы қатынастарына субъектілер ретінде еңбекке
қабілетті азаматтар (қызметкерлер), ұйымдар (жұмыс беруші, яғни, кез
келген меншік нысанындағы жеке жəне заңды тұлғалар), еңбек ұжымдары,
кəсіптік одақтар жəне мемлекеттік органдар қатысады.
Алайда, бұл бір қарағандай оңай мəселе емес. Еңбек құқығының субъектісі
болу үшін еңбек құқығының аталған барлық субъектілері заңға сəйкес арнайы
қасиетке – құқықтық мəртебеге ие болуы тиіс. Бұл мəртебе оларға қоғамдық
еңбекпен байланысты
нақты құқықтық қатынастарға қатысу құқығын береді.
Еңбек құқығы субъектісінің құқықтық мəртебесі ретінде қолданыстағы
заңнамаға сəйкес оның еңбек саласындағы негізгі құқықтық жағдайы аталады.

Қ ұ қ ы қ т ы қ м ə р т е б е н і ң м а з м ұ н ы к е л е с і н ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек құқығының негізгі принциптері
Еңбек шартының тараптары
ҚР еңбек құқығы
Еңбек құқығы қағидаттарының ұғымы және оны топтастыру
Қызметкер құқығы мен мүмкіндігін кеңейту
Еңбек саласындағы конституциялық құқықтар мен қағидаларды сот арқылы қорғаудың ерекшеліктері
Еңбек құқығының пәні
Еңбек құқығының пәні туралы түсінік
Еңбек қатынастары
Еңбек құқықтық қатынастарының субъектілері
Пәндер