Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайы жайлы



Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасы бойынша өндірістік-дамыған, өркениетті аймақ болып саналады.
Айта кетерлік жайт, біздің қазіргі замандағы қоршаған ортамыздың жай-күйімен тұрғылықты халықтың денсаулығы өткенімізден берілгенге, яғни Семей ядролық полигонымен, сонымен қатар посткеңестік кезең кезіндегі экономиканың даму деңгейіне байланысты болып келеді.
Сараптама көрсеткіші бойынша өндірістік өнім түрінің өсу жағдайы біздің аймақта экологиялық шешімнің тұрақталуын көрсетеді.
Статистиканың бүгінгі күндегі көрсеткіштері 2006 жылда облыстың стационарлық көздерінен шығарындылардың 2001 жылмен салыстырғанда 116 мың тоннаға төмендегенін көрсетеді. Сонымен, 2001 жылы облыс атмосферасына 247,7 мың тонна шығарынды жіберілсе, 2006 жылда бұл сан 157,8 мың тоннаны көрсеткен.
Бұл мәселенің шешіміне үлес қосқандар облысымыздың кәсіпорындарының өткізген шараларымен және «2005-2007жж. Шығыс Қазақстан облысында қоршаған ортаны қорғау» аймақтық бағдарламасы болып табылады.
Соңғы 5 жылда мұндай тенденция Өскемен қаласында да байқалуда - айтарлықтай ластаушы заттегілермен шығарындылар қарқынды түрде төмендеуде. 2006 жылда шығарындылар саны 72,7 мың тоннасы 2001 жылдың 111 мың тоннасына қарсы көрсеткіш берген.
Дегенмен де, өндірістік кәсіпорындардың шығарындыларына ғана облыстық орталық ықпал жасап отырған жоқ, сонымен қоса біртұтас себептердің жиналу кешенін де қарастыруды қолға алуда. Бұл Өскемен қаласының тұйық жерде орналасуынан, яғни қала сызбаларында өндірістік кәсіпорындардың ауаны ластайтын шығарындыларының жойылмайтындығын айқындайды. Өскемен қаласының атмосфералық ауасының сапасы ауаны ластайтын шығарындылардың көлеміне және ауа-райының жай-күйіне тікелей қатысты болып келеді, атап айтқанда атмосферада тоқырау құбылыстарының қайталануы. Бұл көрініс Келеңсіз метеожағдай, яғни КМЖ деп аталады.

КМЖ болжамы синоптикалық жағдай бойынша Шығыс Қазақстанның

Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайы жайлы
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасы бойынша өндірістік-дамыған, өркениетті аймақ болып саналады.
Айта кетерлік жайт, біздің қазіргі замандағы қоршаған ортамыздың жай-күйімен тұрғылықты халықтың денсаулығы өткенімізден берілгенге, яғни Семей ядролық полигонымен, сонымен қатар посткеңестік кезең кезіндегі экономиканың даму деңгейіне байланысты болып келеді.
Сараптама көрсеткіші бойынша өндірістік өнім түрінің өсу жағдайы біздің аймақта экологиялық шешімнің тұрақталуын көрсетеді.
Статистиканың бүгінгі күндегі көрсеткіштері 2006 жылда облыстың стационарлық көздерінен шығарындылардың 2001 жылмен салыстырғанда 116 мың тоннаға төмендегенін көрсетеді. Сонымен, 2001 жылы облыс атмосферасына 247,7 мың тонна шығарынды жіберілсе, 2006 жылда бұл сан 157,8 мың тоннаны көрсеткен.
Бұл мәселенің шешіміне үлес қосқандар облысымыздың кәсіпорындарының өткізген шараларымен және 2005-2007жж. Шығыс Қазақстан облысында қоршаған ортаны қорғау аймақтық бағдарламасы болып табылады.
Соңғы 5 жылда мұндай тенденция Өскемен қаласында да байқалуда - айтарлықтай ластаушы заттегілермен шығарындылар қарқынды түрде төмендеуде. 2006 жылда шығарындылар саны 72,7 мың тоннасы 2001 жылдың 111 мың тоннасына қарсы көрсеткіш берген.
Дегенмен де, өндірістік кәсіпорындардың шығарындыларына ғана облыстық орталық ықпал жасап отырған жоқ, сонымен қоса біртұтас себептердің жиналу кешенін де қарастыруды қолға алуда. Бұл Өскемен қаласының тұйық жерде орналасуынан, яғни қала сызбаларында өндірістік кәсіпорындардың ауаны ластайтын шығарындыларының жойылмайтындығын айқындайды. Өскемен қаласының атмосфералық ауасының сапасы ауаны ластайтын шығарындылардың көлеміне және ауа-райының жай-күйіне тікелей қатысты болып келеді, атап айтқанда атмосферада тоқырау құбылыстарының қайталануы. Бұл көрініс Келеңсіз метеожағдай, яғни КМЖ деп аталады.

КМЖ болжамы синоптикалық жағдай бойынша Шығыс Қазақстанның метеорологиялық параметрлерімен гидрометеорология жөніндегі орталығынынан беріледі. Келер ластанудың деңгейі бойынша КМЖ дауылды ескертулердің үш кезеңін құрайды:
I кезең - ШЖК-дан жоғары бір немесе бірнеше бақыланушы заттар концентрациясының бірден өсуі байқалған кезде беріледі.
II кезең - 3 ШЖК-дан жоғары бір немесе бірнеше заттар концентрациясының бірден өсуі байқалған кезде.
III кезең - 5 ШЖК-дан жоғары бір немесе бірнеше заттар концентрациясының бірден өсуі байқалған кезде.
Метеорологиялық сараптама көрсеткіші 2006 жылды 2005 жылмен салыстырғанда, 2006 жылда метеорологиялық жағдай жоғарырақ деңгейде көрінген, яғни өткен жылдағы атфосфераны ластайтын заттегілердің жойылуына қарағанда өзгеріс байқалған.
2005 жыл көлемінде КМЖ күндері 142 күнді құраған, ал 2006 жылда 123 күнді көрсеткен.
Келтірілген мәліметтерге сүйене отырып біз КМЖ кезеңдерінің жыл бойынша 40% пайызға дейін баратынын, яғни қаладағы экологиялық тұрғы жағдайының күрделігінің айқындылығын көреміз.
Бұл кезеңдер - түнгі және күндізгі температура аралығында өзгешелік туындаған кезінде, тамыз-қыркүйек айларында бақыланған температура инверсиясымен сипатталады. Мұндай үрдістер атмосфералық ауада таралмайтын, тек қана күн радиациясынан фотохимиялық реакциялардың жүретіндігінен, нәтижесінде атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың қауіптілігін айқындайтын химиялық қосылыстардың туындайтынын көрсетеді.
Ауаны ластауды ескертуде, заңшығарушы тәртіп бойынша атмосферадағы зиянды заттегілердің белгілі бір концентрациясы ғана (ШЖБК) бекітіледі. Атфосфералық ауаны ластайтын әрбір заттегі үшін бір рет қолданатын және орта күндік ШЖБК бекітіледі. Бір рет қолданатын ШЖБК қысқамерзімді әрекетте (20 минөтке дейін) ал орта күндігі - үнемі уақыт ішінде бекітіледі.
Ескере кететін жайт, атфосфераның ластануынан барлық тіршілік иесі зардап шегіп жатса да, ШЖБК тек қана адам организміне орайластырылып жасалған.
Атмосфералық ауа сапасы, сонымен қатар ауаны ластаушы ретінде көрсеткіш деп беріледі (АЛК). Бүгінгі таңдағы көрсеткіш бойынша Өскемен қаласы Қазақстан Республикасының қалаларының ішінде 8 орынды иеленуде. Бірақ, атмосфералық ауаны ластаушы көрсеткіштің есептік әдістемесі Өскемен қаласының ластаушы заттегілері шығарындыларының ерекшелігіне толық емес түрде алынған. Әрекеттегі әдістеменің атмосфералық ауаны ластаушы көрсеткішін анықтау үшін, оған неғұрлым жоғары концентрацияда атфосфераны ластаушы бес заттегі құрамға алынады, яғни атмосфералық ауаның ластану деңгейінің көрінісінің бұлыңғыр көрсетілуі шартты болып келеді. Келеңсіз метеорологиялық жағдайда шығарындыларды ретке келтіру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар мүлдем берілмеген.
Қазіргі уақытта Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жаңадан нормативтік-әдістемелік құжаттарды дайындау үстінде.
Атмосфералық ауа сапасына бақылау жүргізетіндер Өскемен, Семей, Риддер қалаларының және Глубокое кентінің Шығыс Қазақстандық гирометеорологиялық орталықтары болып табылады.
Облыстық орталықта атмосфералық ауаның сапасына 5 стационарлық бекетте бақылау жүргізіледі, олар Рабочая, Урицкий көшелерінде, Защита, Жаңа Согра кентерінде, Жібек-маталар ықшамауданында орналасқан. Үш бекетте (ББ31, ББ3 5, ББ3 7) 16 компонент бойынша 3 сағат сайын, бақылау күндіз-түні жүргізіледі.

ШҚ ГМО бақылауы бойынша 2006 жылда ең жоғары атмосфераны ластаушы көрсеткіш ақпан айында байқалған.
Бұл атмосферадағы тоқырау құбылыстарының неғұрлым қайталауына байланысты болып келеді. ШЖБК күшейтетін концентрациялар күндізгі уақытта да, түнгі сағаттарда да есепке алынып отырылады.
Ізінше, кәсіпорындардың ластаушы заттегілерінің шығарындыларын түнгі уақытта жіберетіндіктері анықталмаған.
Күндіз-түні бақыланған нәтиженің талдауының көрсеткіші бойынша ШЖБК-ні күшейтетін азот диоксидінің қосындыларының қайталануы кешкі сағат 16 мен 22 сағат аралығында белгіленіп отырылады.
Атмосфералық ауаның ластануының маусымдық динамикасы байқалмаған, дегенмен де, КМЖ күндерінде қосындылардың күрт өсууімен қаладағы ауа-райының жай-күйіне байланысты атмосферада азот диоксидінің құрамы бойынша тәуелділік байқалған.
Жылдық динамикада азот диаксидінің орта айлық жоғары құрамы қараша, желтоқсан айларында байқалған, бұл жылыту маусымына, сонымен қатар бірегейлі антициклонға байланысты болып отыр.
2006 жылда күкірт диоксидінің орташа көлемі 1,2 о.т. ШЖБК.
Жыл көлемінде күкірт диоксиді бар м.е. ШЖБК жоғарылаған 27 жағдай тіркелген, оның бесеуі түнгі сағат 1-де Рабочая көшесі мен Защита бекетінде тіркелген. Күкірт диоксидінің қосындысымен байқалған м.е.ШЖБК жоғарылауының үлкен бөлігі күндізгі уақыт кезінде байқалған.
Кәсіпорын-табиғатты пайдаланушы аймақтарының санитарлық-қорғау шегінде атмосфералық ауаның сапасына бақылау жүргізу мақсатында, Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі облыстық орталықтың атмосфералық ауасының жай-күйіне күндіз-түні бақылау жөніндегі айлықты өткізу тапсырмасын, қоршаған ортаны қорғау басқармасына жүктеді. ҮМЗ АҚ мен ӨТМК АҚ кәсіпорындарының санитарлық-қорғау аймақтарының шегіне бақылау өлшемдері жүргізілді. Өлшеу жұмысы 31 тамыз күні түнгі сағат 01- де жасалды, азот диоксиді бойынша 1,17 м.е.ШЖБК-ның жоғарылау белгісі тіркелген. Қалған ластаушы заттардың қосындысы (күкірт, хлор, хлор сутегісінің, көмір оксидінің диоксиді) м.е.ШЖБК әсер етпеді.
Қоршаған орта сапасы факторлар тізбегіне тәуелді, соның ішінде өндірістік кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймағының жай-күйі де енеді. Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау Департаментінің мамандары өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде, олар Семей қаласындағы және Өскемен қаласындағы 9 өндірістік кәсіпорындарының санитарлық-қорғау аймақтарының мазмұнына бақылау жүргізеді. Зерттеу нәтижесінде Юко ҚР ЖШС-нен басқа кәсіпорындардың аумақтың санитарлық жағдайы қанағаттандырмағандықтан оларға әкімшілік шаралары қолданылды.
Ірі қалалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ертіс алабындағы өзен
Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары
Орман және аңшылық шаруашылығы
Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайы туралы
Туристік рекреациялық ресурстар және олардың таралуы
Ақтөбе қаласындағы демалыс пен туризмнің дамуы
Облыс жерінде қар жамылғысы тұрақсыз
Шығыс Қазақстан облысының экологиялық туризм дамуы
Экологиялық туризмнің жіктелімі
Шығыс Қазақстан өңірінің туристік потенциалы
Пәндер