Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы



Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы Заң 1992 жылы 4 шілде де қабылданған.
Осы Заң жеке кәсіпкерлікті қорғау мен оны қолдаудың негізгі түрлері мен әдістерін белгілейді, мемлекеттің жеке кәсіпкерлік қызметке тікелей араласудан бас тарту саясатын, жеке кәсіпкерлердің барынша еркіндігін, коммерциялық құпияның қорғалуын және мемлекеттік мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың жеке кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғаны үшін жауаптылығын баянды етеді.
Жеке кәсіпкерлерді қорғау туралы заңдар:
1. Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті қорғау жөніндегі қатынастар Заңмен және Қазақстан Республикасының оған қайшы келмейтін басқада заң актілерімен теттеледі.
2. Осы Заңмен реттелмеген мәселеде азаматтық заңдар нормалармен қорғалады.
3. Басқа мемлекеттің азаматтары мен заңды тараптары, сондай ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке кәсіпкерлік саласындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тараптарын пайдаланатындай құқтарды пайдаланады және сондай міндеткерлікте болады, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайлар бұған жатпайды.
Жеке кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау:
1.Мемлекет жеке кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді. Мемлекет, егер осы Заңды және басқада заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жеке кәсіпкерлік жеке кәсіпкерлік өз қызметін еркн және толық көлемде жүзеге асыру құқығын қамтамасыз етеді.
2. Жеке кәсіпкерлердің құқықтары мен заңдары.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы

Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы Заң 1992
жылы 4 шілде де қабылданған.
Осы Заң жеке кәсіпкерлікті қорғау мен оны қолдаудың
негізгі түрлері мен әдістерін белгілейді, мемлекеттің жеке
кәсіпкерлік қызметке тікелей араласудан бас тарту саясатын, жеке
кәсіпкерлердің барынша еркіндігін, коммерциялық құпияның
қорғалуын және мемлекеттік мемлекеттік органдар мен лауазымды
адамдардың жеке кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғаны үшін
жауаптылығын баянды етеді.
Жеке кәсіпкерлерді қорғау туралы заңдар:
1. Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті қорғау
жөніндегі қатынастар Заңмен және Қазақстан Республикасының оған
қайшы келмейтін басқада заң актілерімен теттеледі.
2. Осы Заңмен реттелмеген мәселеде азаматтық заңдар нормалармен
қорғалады.
3. Басқа мемлекеттің азаматтары мен заңды тараптары, сондай ақ
азаматтығы жоқ адамдар жеке кәсіпкерлік саласындағы Қазақстан
Республикасының азаматтары мен заңды тараптарын пайдаланатындай
құқтарды пайдаланады және сондай міндеткерлікте болады, Қазақстан
Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайлар бұған
жатпайды.
Жеке кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау:
1.Мемлекет жеке кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне кепілдік береді
және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді. Мемлекет,
егер осы Заңды және басқада заң актілерінде өзгеше көзделмесе,
жеке кәсіпкерлік жеке кәсіпкерлік өз қызметін еркн және толық
көлемде жүзеге асыру құқығын қамтамасыз етеді.
2. Жеке кәсіпкерлердің құқықтары мен заңдары.
3. Лицензияланатын қызмет түрлерін қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті
кімнің болса да, рұқсатын алмай ақжүзеге асыру мүмкіндігі.
4. Мемлекетті органдар жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік қызметті
тексеруді заң актілерімен жіктеу
5. Жеке кәсіпкерліктің құқықтар мен заңды мүдделерін бұзатын
мемлекеттік органдрдың лауазымды адамдары мен мемлекеттік органдар
актілердің әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне сотқа шағымдану.
6. Заңдарды көзделген өзгеде амалдар арқылы қорғалады.
7. Мемлекеттік органдарды , лауазымды адамдарды, сондай ақ
өзгеде тұлғалар мен ұйымдарды жеке кәсіпкерлердің қызметіне
заңсыз кедергі келтіргені үшін заң актілерімен белгіленген
жауапқа тарту.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оны дамытуды
жүзеге асыру жолдары;
1. Мемлекеттік органдардың жанынан жеке кәсіпкерлік
проблемаларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзірлейтін
ғылыми зерттеу институттарын құру;
2. Орталық, мемлекеттік және жергіліеті атқарушы органдардың
жанындағы сарапшылық кеңестерді ұйымдастыру;
3. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамытудың қаржы
институттарын құру;
4. Бизнес инкубаторлардың және индустриялдық аймақтардың
қызметін ұйымдастыру.
Осы аталғандармен қатар шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
мынадай бағыттары мен де жүзеге асыруы мүмкін.
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қаржылық,
статистикалық, материалдық техникалық және ақпараттық ресурстарды
сондай ақ ғылыми техникалық әзірлемелері мен технологияларды
пайдалану үшін жағдай жасау;
2. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тңркеудің және
таратудың оңайлатылған тәртібін белгілеу;
3. Шағын кәсіпкерліеті дамытудың мемлекеттік салалық және
өмірлік бағдарламаларын әзірлеу;
4. Оңтайлы салық режимін белгілеу;
5. Шағын кәсіпкерлікке несие берудің бағдарламалрын қабылдау;
6. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту үшін инвестицияларды
оның ішінде шет елдік инвестицияларды тарту мен пайдалану
жүйесін жетілдіру;
7.Мемлекеттік мұқтаждар үшін тауарларды сатып алудың
кепілдендірілген өлемін қамтамасыз ету.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолаудың негізгі
қағидалары:
1. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың
басымдылығы;
2. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудң кешенділігі;
3. Шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының және жүзеге
асырылаты шаралардың шағын кәсіпкерліктің барлық субъектілері
үшін қажеттілігі;
4. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласында халықаралық
ынтымақтастық.
Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетудің келесідей
маңызды бағыттарын атап көрсетуге болады:
─шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау көрсету саласындағы
мемлекеттік саясаттың нормативтік − құқықтық негізін
жетілдіру;
─ шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің мемлекеттік саясатын
ұйымдық және ғылыми әдістемемен қамтамасыз ету;
─шағын кәсіпорын жұмысшыларының қауіпсіздігін сақтау мен
оларды әлуеметтік тұрғыдан қорғау;
─шағын кәсіпкерліктің дамуы үшін қоғамда жақсы пікір
қалыптастыру;
─аймақтардағы кіші кәсіпкерліктің инфрақұрылымын қалыптастыру;
─кадр дайындау;
─ақпаратпен қамтамасыз ету;
─шағын кәсіпорындардың инновациялық және өндірістік қызметін
дамыту;
─салық саясатын жетілдіру;
─шағын кәсіпкерліктегі жеке және басқа да инвестициялар үшін
жеңілдіктер жүйесін құру;
─мемлекеттің федералдық және аймақтық инвестициялық
бағдарламаларын дайындау.
Шағын кәсіпкерліктің дамуы үшін қоғамда жақсы пікірлер
қалыптсатыру. Қазіргі уақытта шағын кәсіпкерліктің дамуына
байланысты мәселелер бұқаралық ақпарат құралдарында
жеткілікті деңгейде айтылмай отыр. Кәсіпкерліктің әлеуметтік
экономикалық мәселелерді шешудегі рөлін түсіндіретін және
шағын бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету шараларын
насихаттайтын арнайы радио және теле бағдарламалар мен
мерзімді басылымдардың болуы.
Кәсіпкерлікті ақпаратпен қамтамасыз ету. Шағын
кәсіпкерлікті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында келесі
мәселелерді шешу қарастырылады
─кәсіпкерлер үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық
мәліметтерін алуды қамтамасыз ету ;
─шетелдік және халықаралық ұйымдар, кәспкерлік құрылымдар ,
басқару органдары үшін шағын бизнес жөніндегі ақпарат алуды
қамтамасыз ету ;
─аймақтардағы ақпараттық сараптау орталықтарының желісін құруды
аяқтау.
Шағын кәсіпорындардың өндірістік және инновациялық қызметі.
Бүгінде шағын бизнестің дамуы біріншіден шикізат өңдеуді
және тауар мен өнім өндіруді біріктрген шағын
кәсіпорындар желісіне қолдау көрсетуге байланысты, ал бұл
нарықта тиісті технология мен технологиялық жабдықтардың барын
болжайды.
Қаржылық несиелік қолдау көрсету. Қазіргі уақытта жеке
меншік заем қаржысының жетіспеуі шағын кәсіпорындардың
қызметін дамыту және жаңа кәсіпорындар құру үшін ең басты
кедергілердің бірі болып табылады.
Шағын бизнесті несиелеу республика бюджетінен , жергілікті
бюджет есебінен және облыстық екінші деңгейлі банк
филиалдары арқылы іске асады және ол төмен пайыздық
қойылыммен беріледі .
Кадрлар дайындау. Қазіргі уақытта кәсіпкерлік қызметке
кадрлар дайындау саласында біршама тәжірбие жинақталған.
Тұрғындарға кәсіпкерлік қызметті тез оқытып үйрету үшін
қажетті кадрлық , ұжымдық және басқада интеллектуалдық
потенциалы бар мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орындары
орталық және басқа да аймақтарда дамуда.
Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде мемлекеттің
негізгі рөлі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау
инфрақұрылымының құруы болуы қажет. Кәсіпкерлікті қолду
инфрақұрылымы − бұл кәсіпкерлік субьектілерін дамытуға
көмектесетін және оларға кәсіпкерліктің дамуы мен кәсіпкерлік
қызметті жүргізуге қажетті жағдай жасау үшін қызметтер
көрсететін ұйымдар мен бірлестіктер жиыны. Ал шағын
кәсіпкерлікті қолдау орталықтары деп − оқытуды ақпараттық
қамтамасыз етуді кеңес берушілік және маркетингтік қызмет
көрсетуді, шағын кәсіпкерлік субьектілерінің жобаларына құқықтық,
экономикалық және технологиялық сараптама жасауды жүзеге
асыратын заңды тұлғаларды айтамыз.
Қазіргі кезде кәсіпкерлікті қолдау бойынша әр түрлі
институттар бар. Сондай ақ қолдау нысандары мен механимдері
негізгі қағидалары қалыптасты. Функционалдық бағытталуына
байланысты инфрақұрылым институттарының құрылымын келесі түрде
көрсетуге болады:
1. Мемлекеттің бастамасымен құрылған және мемлекеттік ұйымдар;
2. Қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар салалық ассоциялар;
3. Халықаралық ұйымдар және шетелдік ұйымдардың өкілдері;
4. Бизнес инкубаторлар, технопарктер мен технополистер;
5. Ақпараттық аналитикалық, маркетингтік, консалгтингтік және
оқыту орталықтары.
Мемлекеттің бастамасымен құрылған қаржылық институттар
келесі ұйымдар түрінде қызмет етуі мүмкін:
1. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры акционерлік қоғамы және
олардың аймақтық даму филиалдары:
2. Сәйкес министрліктер жанынан құрылған департаменттер;
3. Қазақстанның даму институттары.
Сонымен қатар лизингтік компаниялар және микрокредиттік
ұйымдар да құрылып қызмет ете алады.
Қазіргі кезде елімізде екі жүзден астам кәсіпкерлер
ассоциациясы мен бірлестіктері тіркелген және қызмет етеді.
Мұндай бірлестіктер кәсіпкерлер құқын қорғау жөніндегі
қызметтерді жүзеге асырады және кәсіпкерлік белсендікті
арттыруға мүмкіндік береді. Олардың қызметі бизнесті дамыту
үшін қолайлы жағдай жасауға , экономикалық және әлеуметтік
мәселелерді шешуге, олардың рқлін арттыруға бағытталған.
Қазақстанда кәсіпкерлік субьектілеріне ресурстық, әдістемелік
және ақпараттық қолдау көрсететін аккредиттелген шетелдік
жәнеде халықаралық ұйымдарда белсенді түрде қызмет етеді. Олардың
қатарына Қазақстан Республикасындағы БҰҰ−ның даму жобасы (
ПРООН), Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығы,
халықаралық даму жөніндегі американдық агенттік ( ЮСАИД ), Сорос
Қазақстан қоры, Еуразия қоры, ТАСИС ( техникалық қызмет
көрсететін ұйым).
Бизнес инкубатор ағылшынның business және incubator
деген сөзінен шыққын. Бұл сөз жаңа кәсіпорындарды құрудың
икемді әдісі деген мағына береді.
Бизнес инкубатор ─ бұл кәсіпкерлерді қажетті кеңестермен
және түрлі қолдаулармен қамтамасыз ететін бизнесті қолдау
бағдарламасы. Басқаша айтсақ, бизнес инкубаторлар шағын
кәсіпкерлік субьектілерінің қалыптасуы кезеңінде өндірістік үй
жайлар, құрал жабдықтар беру, ұйымдақ, құқықтық, қаржылық,
ақпараттық қызметтер көрсету жолымен оларды қолдау үшін
құрылатын заңды тұлға.
Бизнес инкубатордың екі негізгі міндетін бөліп көрсетуге
болды;
1.Бизнес инкубаторға орналастыру үшін шағын кәсіпкерлік
субьектілерін іріктеу;
2 .Шағын кәсіпкерлік субьектілеріне білім беру, маркетингтік ,
консалгтингтік және тағы басқа қызмет көрсету.
Қазақстанда бизнес инкубаторлар қалыптасу кезеңінде тұр және
олар көбінесе жергілікті атқарушы органдардың бастамасымен
құрылады. Соңғы деректер бойынша елімізде қырық төрт бизнес
инкубаторлар қызмет етеді. Бизнес инкубаторлар қысқа мерзім
ішінде әдетте үш бес жыл , ал инновациялық кәсіпорындар үшін
жеті жылға дейін қызмет ететін ,нарқта бәсекеге қабілетті
кәсіпорындардың қалыптасуына және олардың дамуына жағдай жасайды.
Бизнес инкубатордың шеңберінде кәсіпорындардың қызметі келесі
сатылардан өтеді :
1 .Үміткерлер арасынан жаңа клиенттерді таңдау
2. Бизнес инкубатор тарапынан белсенді қызмет көрсету. Клиент
қаржылық техникалық кеңес берушілік және т.б кеңестер алады.
3.Кәсіпорынның өсуі, жұмыскерлер санының ұлғаюы, Бұл сатыда
бизнес инкубатор көрсететін қызметтер көлемі қысқарады.
4.Кәсіпорынның бизнес инкубатордан шығуы және дербес шаруашылық
жүргізу субьектілеріне айналады.

Бәсекені қорғау және монополияны шектеу

Бәсеке ─ нарық субъектілерінің дербес жасаған іс әрекеттері
тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналымының жалпы
жағдайына олардың әрқайысысының бір жақты ықпал ету
мүмкіндігін тиімді шектейтін жарыстастығы;
Монополистік қызмет ─ нарық субъектілерінің бәсекеге қарсы
келісімдері (келісілген іс әрекеттері) , үстем (монополиялық)
жағдайды теріс пайдалануы , мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы
іс әрекеттері;
Монополияға қарсы орган ─ бәсекені қорғау және монополистік
қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алған кіріс;
Монополиялық жоғары баға ─тиісті тауар нарығында үстем
(монополиялық) жағдайға ие нарық субъектісі негізделмеген шығындарды
өтеу және үстем (монополиялық) жағдайын теріс пайдалану
нәтижесінде қосымша табыс алу мақсатында белгілейтін баға;
Монополиялық төмен баға ─ тиісті тауар нарығында үстем жағдайға
ие нарық субъектісі тауар нарығынан бәсекелестерді ығыстыру
арқылы бәсекені шектеу мақсатында саналы түрде белгілейтін тауар
бағасы;
Қазақстан Республикасында монополияға қарсы заңнамасы
Қазақстан Республикасыныңиии Консттитутциясына негізделеді және
осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзгеде нормативтік
құқықтық актілерінен тқрады;
Егер Қазақстан Республикасы радификацияланған халықаралық
шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онд
халықаралық шарттың ережелері қолданады.
Монополияға қарсы органның функциялары , өкілеттіліктері
Монополияға қарсы органның жүйесін монополияға қарсы орган және
оған бағынатын аумақтық бөлімшелер құрайды
Аумақтық бөлімшелер өз қызметін монополияға қарсы орган
белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.
Монополияға қарсы органның функциялары:
Бәсекені дамыту және монополистік шектеу мәселелері жөніндегі
мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету және іске асыру;
─ мемлекеттік органдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заң жайлы
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заңдар
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту туралы ақпарат
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік заңы туралы
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті басқару және дамыту
Шағын кәсіпкерліктің түсінігі мен қызметінің құқықтық негіздері
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлер одағы қызметiнiң негiзгi бағыттары және проблемалары
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау, дамыту
Пәндер