Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.15
1.1 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау ұғымы, бірлігі, обьектілері ... ... ...5
1.2 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың әдіс тәсілдері ... ... ... ... ... ... ...9

2 ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15.22
2.1 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі ... ... ... ... 15
2.2 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың процестік әдісі ... ... ... ... ... ...17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
КІРІСПЕ
Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көзі еліміздің ішінде емес, әлемдік экономиканың теңгерімсіздігінің ішінде бүгулі жатыр. Дағдарыстан қашып кұтылу әрі оны алдын ала білу мүмкін болмады, — деп атап көрсетті Мемлекет басшысы. Әлемдік экономикадағы ахуал қиындай түсуде. Бір жылдың ішінде мұнай бағасы 4 есеге жуық, металдарға — 2 есеге жуық құлдырады. Экспорттан түсетін түсім едәуір азайды. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, қазақстандықтар еліміздің бұл сынақтарға жай дайын болып қана қоймай, сондай-ақ осы дағдарыстан анағұрлым күшті әрі өркендеуші мемлекет және қоғам болып шығатынын білулері тиіс.
Курстық жұмыстың өзектілігі – кәсіпорындарда өнімдердің өзіндік құнын есептеудегі әдістерді ХҚЕС негізінде тиімді пайдалана білу және кәсіпорындарда тәжірибеде қолдануға бейімделу.
Калькуляция дегеніміз өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген кызметтердің бір өлішемге есептелінген өзіндік құны болып табылады. Ол кәсіпорын жұмысын жедел басқару үшін маңызды роль атқарады және ішкі резервтерді дер кезінде ашуға және өнімнің өзіндік кұнын жоспарлауға, өнімге, жұмыстар мен қызметтерге көтерме және бөлшек бағаларды негіздеуге пайдаланылады.
Ал өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау деп – белгілі бір өндіріс шығындар есебінің көрсеткіштеріне сүйене отырып, өнім бірлігінің құнын шығару болып табылады.
ХҚЕС бойынша өндірістік кәсіпорындарда өнімдердің түрлеріне, олардың күрделілігіне, өндірістің типіне байланысты қолданылатын шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің 3 әдісі қарастырылған, олар, нормативтік, тапсырыстық, бөлістік. Бірақ жеке ұйымдар шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің қарапайым әдісін пайдаланады.
Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытыңдыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау түсінігі және өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері мен технологиясына байланысты өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік кұнын калькуляциялаудың әдістері қарастырылған.
Екінші бөлімде өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау ерекшеліктері және оның жетілдіру жолдары және шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудын тапсырыстық және процесстік әдістері қарастырылған.
Курстық жұмыста отандық ғалымдар В.К. Радостовец, Назарова, Фурсов еңбектері пайдаланылды.
Курстық жұмыстың мақсаты – нарықтық экономикасы дамыған елдерде шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерін еліміздегі кәсіпорындарда қолданудың ерекшеліктері мен жетілдіру жолдарын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті:
- Калькуляциялаудың бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілуін бақылау;
- Шығындар обьектісін дұрыс белгілеу;
- Өнімнің өзіндік құнын есептеу кезінде факторларды ескеру;
- Калькуляциялау әдістерін дұрыс таңдай білу;
- Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау ерекшеліктерін жіктеу;
- Өнімнің өзіндік құнын жетілдіру жодарын ашып көрсету.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-15
0.1 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау ұғымы, бірлігі, обьектілері ... ... ...5
0.2 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың әдіс тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. .9
2 ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15-22
2.1 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі ... ... ... ... 15
2.2 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың процестік әдісі ... ... ... ... ... ...17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

КІРІСПЕ
Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көзі еліміздің ішінде емес, әлемдік экономиканың теңгерімсіздігінің ішінде бүгулі жатыр. Дағдарыстан қашып кұтылу әрі оны алдын ала білу мүмкін болмады, -- деп атап көрсетті Мемлекет басшысы. Әлемдік экономикадағы ахуал қиындай түсуде. Бір жылдың ішінде мұнай бағасы 4 есеге жуық, металдарға -- 2 есеге жуық құлдырады. Экспорттан түсетін түсім едәуір азайды. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, қазақстандықтар еліміздің бұл сынақтарға жай дайын болып қана қоймай, сондай-ақ осы дағдарыстан анағұрлым күшті әрі өркендеуші мемлекет және қоғам болып шығатынын білулері тиіс.
Курстық жұмыстың өзектілігі - кәсіпорындарда өнімдердің өзіндік құнын есептеудегі әдістерді ХҚЕС негізінде тиімді пайдалана білу және кәсіпорындарда тәжірибеде қолдануға бейімделу.
Калькуляция дегеніміз өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген кызметтердің бір өлішемге есептелінген өзіндік құны болып табылады. Ол кәсіпорын жұмысын жедел басқару үшін маңызды роль атқарады және ішкі резервтерді дер кезінде ашуға және өнімнің өзіндік кұнын жоспарлауға, өнімге, жұмыстар мен қызметтерге көтерме және бөлшек бағаларды негіздеуге пайдаланылады.
Ал өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау деп - белгілі бір өндіріс шығындар есебінің көрсеткіштеріне сүйене отырып, өнім бірлігінің құнын шығару болып табылады.
ХҚЕС бойынша өндірістік кәсіпорындарда өнімдердің түрлеріне, олардың күрделілігіне, өндірістің типіне байланысты қолданылатын шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің 3 әдісі қарастырылған, олар, нормативтік, тапсырыстық, бөлістік. Бірақ жеке ұйымдар шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің қарапайым әдісін пайдаланады.
Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытыңдыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау түсінігі және өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері мен технологиясына байланысты өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік кұнын калькуляциялаудың әдістері қарастырылған.
Екінші бөлімде өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау ерекшеліктері және оның жетілдіру жолдары және шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудын тапсырыстық және процесстік әдістері қарастырылған.
Курстық жұмыста отандық ғалымдар В.К. Радостовец, Назарова, Фурсов еңбектері пайдаланылды.
Курстық жұмыстың мақсаты - нарықтық экономикасы дамыған елдерде шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерін еліміздегі кәсіпорындарда қолданудың ерекшеліктері мен жетілдіру жолдарын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті:
Калькуляциялаудың бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілуін бақылау;
Шығындар обьектісін дұрыс белгілеу;
Өнімнің өзіндік құнын есептеу кезінде факторларды ескеру;
Калькуляциялау әдістерін дұрыс таңдай білу;
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау ерекшеліктерін жіктеу;
Өнімнің өзіндік құнын жетілдіру жодарын ашып көрсету.

1 ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ
5.1 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау ұғымы, бірлігі, обьектілері

Калькуляция дегеніміз өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген кызметтердің бір өлішемге есептелінген өзіндік құны болып табылады. Ол кәсіпорын жұмысын жедел басқару үшін маңызды роль атқарады және ішкі резервтерді дер кезінде ашуға және өнімнің өзіндік кұнын жоспарлауға, өнімге, жұмыстар мен қызметтерге көтерме және бөлшек бағаларды негіздеуге пайдаланылады.
Өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері мен технологиясына байланысты өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік кұнын калькуляциялаудың бірнеше әдістері қолданылады.
Халық шаруашылығының түрлі салаларындағы кәсіпорындарда қандай да бір әдісті қолдану өнімнің өзіндік құнын жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау жөніндегі негізгі ережелеріне сәйкес белгіленеді.
Калькуляциялауды жасау мерзімі: алдын ала және кейінгі (немесе кезектегі болып екіге бөлінеді.
Алдын ала жасалатын калькуляция өнімді шығарганға дейін өндіріске қажетті деңгейдегі шығындардың мөлшерін топшылайды. Оған жоспарлы, сметалық және нормативтік калькуляция жатады.
Жоспарлы калькуляция - өнімге (жұмысқа, қызметке) және бұйым бірлігіне мүмкін болатын шығындардың деңгейінде анықталады, бірақ ол кезде жалақының, энергияның, отынның, материалдардың нормасы, өндірістін технологиясы, сондай-ақ резервтері ескеріледі.
Сметалық (болжамдық) калькуляция - бұл жоспарлы калькуляцияның бір түрі, ол жоспарланған және жанадан игерілген бұйымнын негізінде жасалады. Ол жоспарлы калькуляцияны жасауға негіз бола алады.
Нормитивтік калькуляция ағымдағы жоспарлы калькуляцияның бір түрі болып табылады. Бұл аталған әдіс шығындарды есептеудін нормативтік әдісін және кәсіпорынның өзінде пайдаланып жүрген өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын қолданады. Оның негізінде қол жеткен шығындар деңгейін сипаттайтын ағымдағы және әрекет етіп тұрған нормаларды пайдаланады.
Нормативті калькуляцияның жоспарлы калькуляцияға қарағанда дәлділігі анағұрлым жоғарылау болып келеді.
Кейінгі (немесе кезекті) калькуляция өнім шығарылғаннан соң бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша жасалынады.
Олар нақты шығынды көрсетеді. Оларға нақты (есеп беру калькуляциясы) және шамаланған калькуляция жатады.
Өнімнің өзіндік құнының нақты (есеп беру) калькуляциясы нақты шығындармен сипатталады, ал ол жоспарлыдан кәсіпорынға байланысты себептері бойынша да (өнімді өндірудін орындалуы немесе орындалмауы, кейбір шығындар түрлерінің артық немесе кем жұмсалуы) және оған байланыссыз себептері бойынша да (материалдарға бағаның өзгеруі, амортизациялық аударымдардың нормасы, суға, газға, жылуға, электр энергиясына тарифке өзгерістер енгізілуіне байланысты) ауытқуы мүмкін.
Калькуляцияның бүл түрі нақты шығындар туралы есептік мәліметтің негізінде дайындалады.
Шамаланған калькуляция нақты шығындаржәне тоғыз айдын ішінде алынған өнімдер немесе баска да кезенге есептелген шығындар деңгейінде жасалады.
Калькуляцияның бұл түрі ағымдағы жылдағы өндірілген өнімнің нәтижесін алдын ала бағалау үшін пайдаланылады.
Калькуляциялау кезінде өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын және шығындарды есептеу объектісін дұрыс белгілеу oтe үлкен роль атқарады.
Шығындардың есеп объектісі болып сол шығындардың өндірістен аналитикалык есебі саналады.
Калькуляцияның объектісі болып өнім түрлері, жұмыстар, қызметтер саналады. Өнеркәсіпте есеп объектісі өте жиі калькуляциялау объектісімен сәйкес келеді.
Мысалға, тігін фабрикасының шығыны мен өнімнің өзіндік құны сол фабрикада тігілген ерлер костюмы бойынша есептелінеді. Ауыл шаруашылығында есеп объектісі, әдетте, өзінің калькуляциялау объектісімен сәйкес келе бермейді. Мысалға, өсімдік шаруашылығында есептеу объектісі күздік бидай болып табылса, ал калькуляциялау объектісі болып - дән, сабан саналады. Мал шаруашылығында есептеу объектісі сүтті табын болып табылады, ал калькуляциялау объектісіне сол табынның сүті, төлі, қиы жатады.
Есеп объектісі мен калькуляциялаудан басқа калькуляциялык бірлік тізімін белгілеу қажет. Калькуляциялық бірлік, әдетте, тиісті өнім (бұйым) түрінін техникалық жағдайына немесе қабылданған стандарттық өлшем бірлігіне және өндірілген өнімнің натуралды көрінісіне сәйкес келуі тиіс. Егер де жоспарлау өлшем бірлігі ретінде екі көрсеткішті пайдаланса (т және м2), онда калькуляциялық бірлік осы екі бірліктің бірін ғана пайдаланады.
Калькуляциялық бірліктср дегеніміз калькуляция обьектілерін өлшеуіштер (өлшем бірліктер).
Сонымен, іс жүзінде пайдаланатын калькуляциялық өлшем бірлігін келесі топқа біріктіруге болады:
- натуралды бірліктері - дана, метр, килограмм, тонна, литр және т.б.;
-уірілендірілген (иесіздендірілген) бірлігі - тігін бұйымының прейскуранттық нөмірі, белгілі бір артикулдағы жүз жұп аяқкиімі және т.б.;
- өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін пайдаланылатын шартты- натуралды бірлік, ондағы пайдалы заттың құрамы әр түрлі тербелісте болуы мүмкін (мысалға, спирт- 100%, күйдіргіш содасы - 92% натрий);
- құндық бірлігі;
- еңбек бірлігі (норма-сағаты);
- орындалған жұмыс бірлігі (ткм, машина-күні, ай-күні);
- пайдалы нәтиженің бірлігі - қуаты, өнімділігі және т.б.
Кешендік өндірісте бір шикізаттан бір технологиялық процессте екі немесе бірнеше түрлі өнімді алса, онда оларды шығару үшін жұмсалған жалпы шығынды өнімдердін арасына таратуға болмайды, сондықтан ондай өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеуге төменде келтірілген әдістің бірін пайдаланады. Егер де технологиялык, процессте шикізатты өңдеу кешені бірнеше рет кайта жасаудан тұратын болса және өндірістің бұл кезеңдері бойынша шығын деңгейін анықтау мүмкіндігі бар болса, онда соңғы өнімге немесе шалафабрикатқа бөлістік калькуляциясын пайдалану мүмкін. Егер де жалпы шығыннан белгілі бір өнім түріне қатыстысын бөлу мүмкіндігі бар болса, онда оны тікелей сол өнімнің өзіндік құнына қосуға болады.
Кешендік өндіріс шығындарын тарату кезінде келесі әдістерді қолданады:
- шығындарды шегеру. Бұл әдіс кезінде өндірісте алынатын өнімдердін бірі негізгі өнім болып саналады, ал қалғандары ілеспе ретінде құрастырылады. Өндіріске кеткен барлық шығыннан ілеспе өнім жоспарлы өзіндік құны бойынша шегеріледі және осыдан кейін алынған деңгейін негізгі өнімнің өзіндік құны депеп санауға болады. Бұл әдісті негізгі өнімнің деңгейі айқын белгілі болған кезде ғана және ілеспе өнімнін үлес салмағы аса көп болмаса ғана пайдаланады. Мысалға, молибден рудасын шығарған кезде одан ілеспе болып саналатын мыс концентратын шегеріп тастайды және т.б.
Өнімнің өзіндік құнын есептеген кезде ондағы шығындарды тарату коэффициенттік жолмен (әдісімен) жүзеге асады.
Енді біз коэффициенттік әдіске бір мысал келтіріп көрейік:

Қа-тар №

Көрсеткіштер

А өнімі

Б өнімі

Барлығы
1
2
3
4
5
1
Шығарылғын өнімнің натуралдық көрсеткіші (т)
5200
6400
11600
2
Аудару коэффициенті
1,2
1,3
х
3
Шығарылған өнімнің шартты бірлігі (1 х 2)
6240
8320
14560
4
Өндіріске кеткен шығындар, барлығы (теңге)
х
х
9628825
5
Бір коэффициент - бірлігінің өзіндік құны
х
х
66132,04
6
Өнімге жатқызылған, шығындар (теңге):
А - 6240 х 66132,04100
Б - 8320 х 66132,04100

4126639,3
х

х
5502185,7

4126639,3
5502185,7

Жиыны
4126639,3
5502185,7
9628825
7
Өнім бірлігінің өзіндік құны (теңге)
А - 4126639,35200
Б - 5502185,76400

793,6
х

х
859,7

793,6
859,7
Қайнар көзі: В.К. Родостовец 616 бет

- аралас (қиыстыру) әдісі. Бұл әдісті кешендік өндірсте бірнеше негізгі жәнс ілеспе өнімдерді өндірген кезде пайлаланылады. Бұл әдісте шегеріп тастау да, шығындарды тарату да қатар әрі үйлесімді тұрғыда пайдаланылады. Бұл кезде шығынның жалпы сомасынан ілеспе өнімнін құны шегеріліп, қалған бөлігі негізгі өнімдердін арасына белгіленген коэффициепттер бойынша таратылады.
Олар келесі жұмыс кезеңінен тұрады: жалпы кешендік шығыннан ілеспе өмімнің өзіндік құны шегеріледі; шығынның қалған қалдығы негізгі өнімдердің арасына белгіленген коэффициенттерге сәйкес таратылады; ең соңында, тікелей өнімнің өзіндік құнына жатқызылатын және таратылатын соманын мөлшері анықталынады. Мысалы, ақ титан құмдарын өндеген кезде одан ілеспе өнімдерін шығарып тастайды (ставролит, кесек құмдарын және т.б.), ал шығыстың калған бөлігін ақ металлдар, рутолдық және ильмениттік қоспалардың (концентраттарынын) арасына белгіленген коэффициенттер бойынша және негізгі металлдың қоспасын ескере отырып таратады.
Өндірістің технологиялық және ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудын және өндіріс шығындарын есептеудің бірнеше әдістері пайдаланылады. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және өнідіріске кеткен шығындарын есептеудің әдісі деп, кәсіпорынның шығынын бакылау үшін өнімнін нақты өзіндік құнын есептеу және өндіріс шығындары туралы ақпараттарды есепте топтастыру, жинау бойынша әдістерінің жиынтығын атайды.
Өнімнің өзіндік құнының әдісіне әсер ететін негізгі факторлар ретінде мыналарды атауға болады:
- өндіріс типі;
- өндірістің күрделілігі;
- шығарылатын өнімнің номенклатурасы мен сипаты;
- өндіріс циклының ұзақтылығы;
- аяқталмаған өндірістің қолда бары, кұрамы және көлемі.
Өнеркәсіп салаларында өнімнің өзіндік құнына бұл факторлардың тигізетін әсері бірдей емес, сондықтан өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың әр түрлі әдісін қолдануға тура келеді. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістемесінде шығарылатын өнімніц номенклатурасы мен сипаты басты роль атқарады. Әдетте, өнімдер жай және күрделі болып бөлінеді. Жай өнім - бұл жеке бөлшектерден, түйіндерден, детальдардан тұрмайды. Жай өнім болып: көмір, рудалар, мұнай, газ, цемент, тері, ет және т.б. саналады.
Бұл аталған өнімдердің өзіндік кұнын есептеу аса күрделі әдістемелерді пайдалануды талап етпейді. Бұндай жай өндірістерде бір ғана өнім түрі калькуляцияланады.
Күрделі өнім деп жекелеген бөлшектерден, түйіндерден, детальлардан тұратын өнімдерді атайды.
Мысалы, машиналар, станоктар, құрал - жабдықтар, автобустар және т.б. Күрделі өндірісте негізгі өнімнен басқа, дайын өнім ретінде оның бөлшектері, түйіндері детальдары да калькуляцияланады. Бұл соңғылары калькуляциялау әдістемесіне қосымша қиындықтар туғызады.
Калькуляциялау әдістемесін анықтауда өндіріс циклының ұзактығы басты роль атқарады. Кейбір салаларда оның ұзақтылығы бірнеше сағат құраса (көмір, қара металлургия, электростанция, т.б.), ал басқаларында бірнеше күн, мысалға, тоқыма өнеркәсібінде, химия зауыттарында, тері фабрикасында т.б., ал үшіншілерінде ол -- бірнеше айларға созылуы мүмкін (кеме құрылысында, ауыр машина жасау кәсіпорындарында т.б.), ал төртіншісінде - тұтас маусымға созылуы мүмкін (орман шаруашылығын пайдалану).
Өндірістік циклы ұзақ өнеркәсіп салаларында өзіндік құнын калькуляциялау әдістемесін жасау бірнеше айға немесе маусымға созылуы мүмкін және олар бірнеше сағаттар немесе күндер құрайтын сомалармен салыстырғанда біршама күрделі болып келеді. Оның күрделілігі, ең алдымен, үлкен аяқталмаған өндірістің шығысты тарату мәселесінің және баска да арнайы жағдайларының әсерінен болуы мүмкін.

1.2 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың әдіс тәсілдері

Шығындар есебінің және өніммің өзіндік құнын калькуляциялау әдістеріне өнімдердін (жұмыс қызмет) нақты өзіндік құнын анықтау үшін өндірістік шығындардың көрсетілуі және құжатпен дәлелдеу тәсілдіерінің жиынтығы жатады. Шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің жіктетелуін алдын - ала анықтаушы, өндіріс өнімдерінің ұйымдастырылуы жәме технологиясы, шығарылатын өнімдердің номенклатурасы, орындалған жұмыс және атқарылған қызмет. Шығындар есебінің әдістерін жіктеудің негізіне, аналитикалық есеп объектілері бойынша өндіріс шығындарын жинақтау және жинақтау тәртібі алынады.
Өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау әдістеріне, өнім бірліктерінің өзіндік құнын есептеуде қолданылатын тәсілдер жиынтығы жатады.
Калькуляциялау түсінігіне, сонымен бірге, барлық шығарылған өнімдердің және олардың жекелеген түрлерінің өзіндік құндарын арнайы шешімдерсіз дұрыс анықтау мүмкін болмайтын, аяқталмаған өндірістердін жетіспеушілігін, өнімдердің ақауларын, аяқталмаған өндірісті бағалау тәртіптері кіреді. Шығындар есебінің әдістері және өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері ұғымдарының сәйкес келмеуіне қарамастан, олар өзара байланысты.
Өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау, олардың ұйымдастырылуына маңызды әсер ететін, өндіріс шығындар есебінің көрсеткіштеріне сүйенеді. Шығындар есебінің жәпе өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудын көптеген әдістері бар. Өндірістік шығындар есебінің және өнімдердің өзіндік құндарын калькуляциялау әдістерінің классификациясы талқылау объектісі болып табылады.
Қазақстандық стандартта бухгалтерлік есеп бойынша өндірістік кәсіпорындарда өнімдердің түрлеріне, олардың күрделілігіне, өндірістің типіне байланысты қолданылатын шығындар есебінің және өнімнің өзіндік кұнын калькуляциялау әдістерінің келесідей негізгі 3 әдісі қарастырылған: нормативтік, тапсырыстық, бөліністік. Бірақ жеке ұйымдар шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің карапайым әдісін пайдаланады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің Стандарт - кост жәнс Директ - кост жүйесі бойынша шығындар есебінің әдістері қолданылады.
Бұл әдістің мәні - тікелей және жанама шығындар барлық шығарылған өнімдер үшін белгіленген шығын баптары бойынша есептеледі. Осыған байланысты өнім бірлігінің орташа өзіндік құны барлық өндірістік шығындарды (жәнс әрбір бап бойынша шығындарды) дайын өнімнің санына бөлу арқылы анықталады. Шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі бір текті өнім шығаратын жаппай өндірістерде пайдаланылады. Бұл өндірістердс шалафабрикаттар және аяқталмаған өндіріс болмайды (eгep аяқталмаған өндіріс болса, онда оның колемі шамалы болады).
Қарапайым әдіс көбінесе шығарушы кәсіпорындарда және кейбір өнімнің бір түрін шығаратын өндеуші өндіріс салаларында (су электр станциялары, кен, көмір, мұнай және газ өндіретін кәсіпорындар) колданылады.
Кейбір салаларда (көмір, шым тезек,ағаш дайындау) шығындар технологиялық процестердің жеке сатылары (стадия) бойынша есептелуі мүмкін. Мысалы, көмір өндірісінде мұндай сатыларға дайындық жұмыстары, көмірді алу, шахтаға дейін тасмалдау және жоғары шығару, сорттау, сапаландыру, вагондарға тиеу жатады. Бөлімше құрылымдары бойынша есепке алынған шығындар соңынан жалпы шахта бойынша жинақталады. Барлық шығарылған көмір калькуляция объектісі болып табылады. Калькуляциялық бірлікке тонна көмір қабылданған. Нарядта 7000 калориясы бар, I тонна шартты отынның өзіндік құны осымен есептеледі.
Көмір өндіруші кәсіпорындарда қолданылатын, шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудын қарапайым әдісімен процесс бойынша (бөлімше құрылымы бойынша) шығындар алдын - ала есептелетін болғандықтан, ол кейде процестік әдіс деп аталады.
Қарапайым (процестік) әдісті қолданудың міндетті шарты-біркелкілік және жаппай шығару немесе шығындарды өндірілетін өнімдерге енгізу тәсілі бойынша тікелей және жанама (шығынның барлығы бір өнім түрін шығарумен байланысты болғандықтан) деп бөлмеу. Барлық шығындар шығарылған өнімдерге (аяқталмаған өндіріс болмағандықтан немесе аз мөлшерде болғандықтан) тікелей апарылады.
Өнімдердің өзіндік құнын есептеу тәсілдері
Өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау өндірістік есептің соңғы сатысы болып табылады.
Өнімдердің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялауды 3 кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде - жалпы шығарылған өнімдердің өзіндік құны, екіншісінде әрбір өнім түрлері бойынша нақты өзіндік құн, үшіншісінде өнімдердің, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің бір данасының өзіндік құны есептеледі.
Шығарылған өнімдердің өзіндік құнын калькуляциясына дейін барлық шығындар тұтас кәсіпорын бойынша жинақталады, шығындар аяқталмаған өндірістер және шығарылған өнімдер (жұмыстар, қызметтер) арасында бөліп таратылады. Берілген өзара қызмет есебімен көмекші өндіріс қызметі бөліп таратылады және калькуляцияланады.
Ұйым жағдайында шығындар есебі шалафабрикат вариантында әрбір өңдеуден шығарылған шалафабрикаттың өзіндік құны калькуляцияланады, тек ғана соңғы сатыда шығарылған дайын өнімдердің өзіндік құны калькуляцияланады.
Өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құны келесі тәсілдердің бірімен есептеледі: калькуляциялаудың нормативтік әдісі, шығындарды қосу әдісі, шығындарды пропорционалды (индекстік) бөлу әдісі, тікелей есептеу әдісі, калькуляциялаудың аралас әдісі, коэффициенттік әдіс, жанама өнімдерге шығындарды шығару әдісі.
Нормативтік әдіс - шығындар есебі және өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісінің құрамдық бөлігі. Калькуляциялаудың нормативтік әдісін анықтайтын, маңызды ерекшеліктердің бірі - әрекеттегі нормамен технологиялык процестердің негізінде шығарылған өнімдердің нормативтік өзіндік құнының калькуляциясын алдын-ала жасау. Осы калькуляцияны жасағаннан кейін әр бір кезеңдегі нормативтік өзіндік құнды анықтауға мүмкіндік беретін әрекеттегі норманың өзгеріс есебі ұйымдастырылады. Негізінен осы өзгерістерді нормативтік калькуляцияға әр бір айдың бірінші жұлдызында, ал болар - болмас өзгepic болса - тоқсанны (кварталдың) басында енгізеді.
Нормативтік әдісте нақты өзіндік құн норма бойынша шығындар сомасына нормадан ауытқуды және норманың өзгерісін қосу немесе азайту арқылы анықталады.
Шығындарды қосу әдісінде өнімдер бірлігінін өзіндік құны бұйымдардың жеке бөліктері бойынша шығындарды қосу жолымен анықталады.
Шығындарды қосу әдісін пайдаланатындар:
- өнімдердін бір данасының өзіндік құны сәйксс цехтық машина кешендік қосылатын шығындар ретінде әрбір бап бойынша анықталатын, калькуляциялау объектісіне машина кешсн қабылданатын машина жасау өндірісінде;
- орташы және ірі кемелер жасау өндірісінде шығындар есебінің обьектісі конструкторлық топтастыру немесе технологиялық комплекстер бойынша топтар болып табылатын кеме жасауда. Әрбір технологиялық комплекс (жинақ) немесе конструккторлық топтар бойынша шығындарды қосу дайын болған кеменің өзіндік құнын анықтауға мүмкіндік береді.
- көмір шахталарында көмірді шығару процесі бойынша шығындар жинақталады; баюшы фабрикаларда тау массаларын молайтудағы жеке процестерді калькуляциалау бойынша шығындар жинақталады: құқықталу, молайту және кен қоспалары молайтылған кендерін нақты өзіндік құнымен анықталады.
Шығындарды қосу әдісімен өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау тек ғана өзінің қарапайымдылығымен ерекшеленбейді, сонымен бірге өнімдер бірлігінің өзіндік құнын калькуляциялаудың жеткіліктілігін қамтамасыз етеді.
Жанама өнімдерге шығындарды шығару әдісі - өнімдерді негізгі және жанамаға бөлетін кешендік өндірістерде қолданылады. Шығындарды шығару әдісінің мәні сонда, яғни онда жанама өнімдер және қалдықтар калькуляцияланбайды, ал олар негізгі өнімнің өзіндік құнына алдын ала белгіленген баға бойынша өзіндік құнмен шығарылады. Калькуляциялаудың бұл әдісі поли - химия, тамақ өндірістерінде, мұнай өндеу, химиялық және басқадай өндіpic салаларында кең тараған.
Поли - химия өндірісінде негізгі кокс фракциясының өзіндік құнын калькуляциялау үшін жанама өнімдердің, (кокс жаңғағы, кокстік ұсақ - түйек және кокстік газ) құны тұрақты баға бойынша өндірістік шығындардан шегеріледі.
Ет өндірісімен айналысатын кәсіпорындарда тек қана еттін өзіндік құны калькуляцияланады, ал жанама өнімдердің құны белгіленген баға бойынша еттің құнымен шығарылады.
Мұнай өндіретін өндірістерде шығарылған шикізаттардың құны немесе сол құннан белгіленген пайыз бойынша жанама өнімдерді бағалау әдістері қолданылады. Кейбір жағдайларда жанама өнімдер қалдықтардың құны бойынша бағаланады. Жаама өнімдерді бағалау экономикалық жағынан негізі болу керек.
Шығындарды пропорционалды (индекстік) бөліп тарату әдісі бір уақытта бірнеше өнім түрлерін өндіру жағдайында өнімдердін өзіндік құндарын калькуляциалау үшін немесе шығындарды нақты бір өнімге тікелей апару мүмкін болмағанда, бұйым топтары бойынша шығындарды есептеу кезінде қолданылады.
Бұл әдісте тұтас шығарылған өнімдердің өзіндік құны олардын арасында қандай да бір базиске пропоционалды түрде бөліп таратса да, ал өнімдер бірлігінің өзіндік құны әрбір бұйым бойынша тікелей әдіспен есептеледі. Шығындарды калькуляция баптары бойынша таратуда базиске нақты шығындардың пайыздық қатысы есептен шығарылатындықтан, бұл әдіс көбінесе индекстік деп аталады.
Бұл әдісте көбінесе шығындар өнімдердің жоспарлы немесе нормативтік өзіндік құндарына пропорционалды бөлінеді. Кейбір жағдайларда жеке өзіндік құн баптары бойынша шығындарды бөлуде бірнеше база қолданылады.
Мысалы: өндірістің мұнай өндеу саласында, кокс өңдеуде, табиғи газ шығаруда шығындар алынған өнімдердін пропорционалды түрде бөлінеді.
Газ шығаруда бір уақытта табиғи газ және конденцат алынады. Шығару бойынша шығындардан жанама өнімдердін құнын шегеріп, қалған сома табиғи газбен конденцат арасында өнімдер салмаының пропорционалды болып таратылады.
Өндірістің көптеген салаларында калькуляциялау әдісі жоспарлы өзіндік құнға пропорционалды түрде қолданылады. Ол үшін әрбір өнім түрлерінің жоспарлы өзіндік құны калькуляция баптары бойынша анықталады. Баптар бойынша нақты шығындар өнім түрлерінің арасында жоспарлы шығындарға пропорционалды бөліп таратылады.
Калькуляциялаудың мұндай варианты құрылыс материалдар, темекі, ағаш өңдеу балық өндіру және машина жасау өндірістерінде қолданылады.
Тікелей есептеу әдісі ең қарапайым, анық әдіс болып табылады. Онда калькуляция обьектісі өндірістік шығын есебінің обьектісімен сәйкес келеді және бір бұйым түрі шығын есебінің обьектісі болады.
Бұл әдістің мәні калькуляция баптары бойынша қандай да бір бұйымды дайындау шығындарының сомасын шығарылған бұйымдардың санына болумен аяқталады. Оның нәтижесінде өнімдер бірлігінің өзіндік құнының калькуляциясы алынады.
Калькуляцияның тікелей әдісі топтық калькуляция жасауда кең қолданылады. Осындай жолмен бір гиктолитр иесіз сыраның, бір тонна иесіз құйманың және басқалардың өзіндік құны калькуляцияланады.
Егер жоғарыда айтылған тәсілдердін бірімен де калькуляциялауды жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда өнімдердің жеке түрлерінің немесе өнімдер бірлігінің өзіндік құнын есептеу үшін қиыстырылған әдіс қолданылады.
Қиыстырылған әдіс, өзінің аты айтып тұрғандай бірнеше әдістердің қосындысы. Тәжірибеде әр түрлі қиыстырылған әдістер қолданылады.
Мысалы. мұнай шығаруда тікелей әдіспен мұнай мен газдың орташа өзіндік құны есептелсе, пропорционалды әдіспен әрбір өнім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Калькуляция баптары бойынша өндіріс шығындарының жіктелуі
Жанама шығындарды тарату әдістерін таңдау
Шығындар обьектісін дұрыс белгілеу
Шығын есебімен калькуляциялау тәсілдерінің түрлері
Қоғамдық тамақтандыру ұйымдарында өнімнің өзіндік құнын шығару (калькуляция) жүргізу, ұйымдастыру
Шығын есебі, мен оның калькуляциялау тәсілдерінің түрлері
Шығындар есебінің негізі
Өсімдік және мал шаруашылық өнімдердің өзіндік құн есебі
Басқару есебіндегі қолданылатын шығындарды реттеу
Калькуляциялау – өнім, жұмыс және көрсетілетін қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу
Пәндер