Кенесары басқарған ұлт-азаттық көтерілістің басталу себептері мен барысы



Мазмұны

Кіріспе

І Тарау. Кенесары басқарған ұлт.азаттық көтерілістің басталу себептері
мен барысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6.19
1.1. Кенесары басқарған ұлт.азаттық көтерілістің басталу себептері.
1.2. Кенесары басқарған ұлт.азаттық көтерілістің қозғаушы күші.
1.3. Кенесары басқарған ұлт.азаттық көтерілістің барысы.

ІІ Тарау. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт.азаттық күрестің күшейген
кезеңі және оның жеңілуі себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20.25
2.1. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт.азаттық күрестің күшейген кезеңі.
2.2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт.азаттық күрестің жеңілу себептері.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
“Ұлт-азаттық қозғалыс” ұғымының жалпы сипаттамасы. Ұлт-азаттық қозғалыс негізінен отар елдерге тән тарихи құбылыс. Үнді халқының азаттық күресінің басшысы Джавахарлал Неру халықтар мен елдер арасындағы қақтығыстың ең жоғарғы көрінісі — соғыс деп көрсетеді. Бақталас елдер мен мүдделері қарама-қайшы елдердің арасында нағыз соғыс болмаған жағдайдың өзінде, үнемі соғыс пен қақтығыс қаупі жасырын сақталып тұрады. Ал басқа мемлекеттің қол астында отырған елде бұл қақтығыс (жанжал) адамдардың ақыл-ойы мен іс-әрекетіне іштей әсер ете отырып, тұрақты сипатқа ие болады дейді. Ол метрополия мен отар елдердің арасындағы қақтығыстың табиғи заңдылығын негіздеп берді. Себебі отарлық езгі халықты тұтас қанайды. Ал бұл өз кезегінде отар елдердегі барша халықтың, барлық әлеуметтік топтарының мүдделерімен қарама-қайшы келеді. Сондықтан олардың барлығы (сұлтандар, ру ақсақалдары, билер, көшпелі малшылар) өздерінің аяқ асты болған құқықтарын қорғауға көтеріледі. Отаршылдыққа қарсы күреске барлық әлеуметтік топтардың қатысуына әкеледі.
Ұлт-азаттық қозғалыстың басты мақсаты — ұлтты езгіден азат ету, оның ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін қалпына келтіру. Сонымен ұлт-азаттық қозғалыс дегеніміз — ұлттың әлеуметтік езгіге қарсы жалпыхалықтық күресі. Отаршылдық билікті жою арқылы ұлттық және әлеуметтік азаттыққа жетуді көздейді.
Сонымен қатар, ұлт-азаттық күрес әлеуметтік және тарихи құбылыс. Ол қоғам өмірінің барлық салаларымен байланыста дамиды. Бұл байланыстық тек саясат пен экономикадан ғана байқалмайды, әсері қоғамның мәдени-рухани жағын да қамтиды. Сондықтан азаттық қозғалыстарды жан-жақты шынайы тарихи контексте оқып- үйренуіміз қажет.
Ұлт-азаттық қозғалыс — бұл ұлттық, әлеуметтік, экономикалық, саяси, діни, рухани қайшылықтардың түйіні. Ендеше бүгінгі күні оның барлық түйіні шешілген деп кесіп айту қиын.
Қазақ халқының ұлт-азаттық күресі революцияға дейін де, кеңестік дәуірде де ұлы державалық империалистік саясаттың, таптық идеологияның, еуроцентристік көзқарас қағидалары тұрғысынан зерттелді. Сондықтан төл тарихымыздың барлығына тән бұл құбылыс ұлт-азаттық қозғалыстардың толыққанды шынайы тарихының жазылуына кедергі болды.
Отаршылдық дәуірде ұлт-азаттық күрестерге “бүлік” деген айдар тағылды. Ал оған қатысушылар “бүлікшілдер”, “тонаушылар” делінді. Осылайша Ресейдің империялық пиғылдарына қарсы, жалпы адамзаттың өркениет көшінде өз этносын сақтап қалу жолындағы халықтың азапты күресі бұрмаланды.
Отаршыл Ресей үкіметінің әр түрлі әкімшілік-саяси шаралары қазақ көшпелі қоғамының дәстүрлі құрылымын бұзды. Мұның өзі оның әлеуметтік организмінде үнемі дағдарыс құбылысын туғызып отырды. Ал бұл өз кезегінде мақсат-мүдделері мен табиғи құқығы аяқ асты етілгендердің табанды қарсылығына әкелді.
Қоғам дамуындағы тепе-теңдіктің бұзылуы сол қоғамның барлық әлеуметтік элементтерін азаттық күрес аясына тоғыстырды.
ХVІІІ–ХІХ ғғ. қазақтардың тәуелсіздік үшін күресі орыс отаршылдығы өзімен бірге ала келген әлеуметтік өзгерістерге қарсы күрес түрінде көрінді. Қазақ халқының ұлт-азаттық күресі екі өркениеттің, екі этностық жүйенің арасындағы қақтығыс күресі еді.
Сондықтан ұлт-азаттық қозғалыстардың барысында отаршылдық үкімет жойып жіберген хандық билік қайта қалпына келтірілді. Көтерілісшілер өзінің ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілік белгілерін қайта жаңғыртты.
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихында ауқымдылығы, қуаттылығы жағынан ең ірісі 1837—1847 жж. көтеріліс болды. Орта жүзде округтық басқаруға қарсы басталған бұл көтеріліс Абылай ханның ұрпағы, ақсүйек Кенесары Қасымұлы басшылығымен жүзеге асты. Егер осығанға дейінгі көтеріліс басшылары қазақ қоғамының төменгі топтарынан — қарасүйектен шықса, Кенесары сұлтандық ақсүйектер тобына жататын. Қозғалыс 10 жыл уақыт бойы Ресейдің саясатына ықпал ете отырып, Орта және Ұлы жүздердің бірталай бөлігінің Ресейдің құрамына ену мерзімін біраз уақытқа кейінге шегерді. К.Қасымұлы қозғалысы қырғыз жерінде жеңіліспен аяқталғаннан кейін ғана Орта жүз толығымен Ресейдің құрамына қосылған еді. Патша үкіметі Ұлы жүз иеліктеріне осы көтерілістен кейін ғана ауыз салуға мүмкіндік алған еді. Көтеріліс әлі де толығымен Ресейдің құрамына кіре қоймаған аудандарды қамтыды. Сондықтан Кенесары қозғалысы әлі де дербестігін сақтап қалған жерлерде жалпы отаршылдық саясатының тереңдей түсуіне қарсы бағытталды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан тарихы. Очерктер, Аспендияров С., А: Дәуір – 1994
2. Қазақстан тарихы. Мусин Чапай, А: Қазақ университеті – 2004
3. Қазақстан тарихы. 8 – сынып, А: Атамұра – 2004
4. Ахмет – сұлтан Кенесарыұлы. «Кенесары және Сыздық сұлтандар» А: 1992
5. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. А: Қазақ университеті – 1997
6. Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40 жылдары ХІХ в. А: Санат 1994
7. Бекмаханов Е. Востание хана Кенесары. А: Ғылым - 1992
8. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А: Жалын – 1995
9. Зиманов С.З. Политический строй Казахстана конца ХVІІІ и первой половины ХІХ века. Алма – Ата: 1960
10. История Казахстана. Сдревнейших времен до наших дней. В пяти томах. А. Жалын – 1996-1997
11. Кайназаров Е.К., Кайназарова А.Е. История Казахстана. Учебное пособие. А: 1992
12. Қасымбаев Ж.Қ. Кенесары хан. А. Қазақстан – 1993
13. Қасымбаев Ж.Қ Қазақстан тарихы (ХVІІІ-ғ – 1914 ж) А: Рауан – 1993
14. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И., Казахстан. Летопись трех тысячилетий.
15. Қозыбаев М.Қ., Бекмаханова Н.Е. История Казахстана. А: 1991
16. Қозыбаев М.Қ., Қозыбаев И.М. Қазақстан тарихы. А: 1993
17. Национально-освободительная борьба казахского народа под предводительством Кенесары Касымова «Сборник документов). А: Ғылым – 1996
18. Н.Мұхаметханұлы. Тарихи зерттеулер. А: Жалын – 1994
19. Нысанбай жырау. Кенесары, Наурызбай //Парасат, 1991, №6.
21. Хан Кене, А: Жалын – 1993
22. Салғарин Қ. Хандар кестесі. А: Жалын – 1992
23. Сулейменов Р.Б. , Моисеев Б.А. Из истории Казахстана ХVІІІ века. А: Жалын – 1988 жыл.
24. Толыбеков С. Кочевое общество казахов в ХVІІ-начале ХХ в. А: 1971.
25. Тынышпаев М. История казахского народа. А: 1993
26. Учебное пособие по Истории Казахстана с древнейших времен до наших дней. А: Ғылым – 1992 жыл.
27. Сүлейменов Р, Қасымбаев Ж. Кенесары көтерілісі: көне шындыққа жаңа көзқарас // Қазақстан коммунисі, 1991, №3.
28. С.Мұқанов. Кенесары, Наурызбай туралы //Жұлдыз, 1991, №6.
29. Кенесары ханның хаттары. (Дайындаған Б.Байғалиев).// Ақиқат, 1994, №1

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
І Тарау. Кенесары басқарған ұлт-азаттық көтерілістің басталу себептері

мен
барысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 6-19
1.1. Кенесары басқарған ұлт-азаттық көтерілістің басталу
себептері.
1.2. Кенесары басқарған ұлт-азаттық көтерілістің қозғаушы күші.
1.3. Кенесары басқарған ұлт-азаттық көтерілістің барысы.
ІІ Тарау. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің күшейген
кезеңі және оның жеңілуі
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...20-25
2.1. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің күшейген
кезеңі.
2.2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің жеңілу
себептері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
“Ұлт-азаттық қозғалыс” ұғымының жалпы сипаттамасы. Ұлт-азаттық
қозғалыс негізінен отар елдерге тән тарихи құбылыс. Үнді халқының азаттық
күресінің басшысы Джавахарлал Неру халықтар мен елдер арасындағы
қақтығыстың ең жоғарғы көрінісі — соғыс деп көрсетеді. Бақталас елдер мен
мүдделері қарама-қайшы елдердің арасында нағыз соғыс болмаған жағдайдың
өзінде, үнемі соғыс пен қақтығыс қаупі жасырын сақталып тұрады. Ал басқа
мемлекеттің қол астында отырған елде бұл қақтығыс (жанжал) адамдардың ақыл-
ойы мен іс-әрекетіне іштей әсер ете отырып, тұрақты сипатқа ие болады
дейді. Ол метрополия мен отар елдердің арасындағы қақтығыстың табиғи
заңдылығын негіздеп берді. Себебі отарлық езгі халықты тұтас қанайды. Ал
бұл өз кезегінде отар елдердегі барша халықтың, барлық әлеуметтік
топтарының мүдделерімен қарама-қайшы келеді. Сондықтан олардың барлығы
(сұлтандар, ру ақсақалдары, билер, көшпелі малшылар) өздерінің аяқ асты
болған құқықтарын қорғауға көтеріледі. Отаршылдыққа қарсы күреске барлық
әлеуметтік топтардың қатысуына әкеледі.
Ұлт-азаттық қозғалыстың басты мақсаты — ұлтты езгіден азат ету, оның
ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін қалпына келтіру. Сонымен ұлт-
азаттық қозғалыс дегеніміз — ұлттың әлеуметтік езгіге қарсы жалпыхалықтық
күресі. Отаршылдық билікті жою арқылы ұлттық және әлеуметтік азаттыққа
жетуді көздейді.
Сонымен қатар, ұлт-азаттық күрес әлеуметтік және тарихи құбылыс. Ол
қоғам өмірінің барлық салаларымен байланыста дамиды. Бұл байланыстық тек
саясат пен экономикадан ғана байқалмайды, әсері қоғамның мәдени-рухани
жағын да қамтиды. Сондықтан азаттық қозғалыстарды жан-жақты шынайы тарихи
контексте оқып- үйренуіміз қажет.
Ұлт-азаттық қозғалыс — бұл ұлттық, әлеуметтік, экономикалық, саяси,
діни, рухани қайшылықтардың түйіні. Ендеше бүгінгі күні оның барлық түйіні
шешілген деп кесіп айту қиын.
Қазақ халқының ұлт-азаттық күресі революцияға дейін де, кеңестік
дәуірде де ұлы державалық империалистік саясаттың, таптық идеологияның,
еуроцентристік көзқарас қағидалары тұрғысынан зерттелді. Сондықтан төл
тарихымыздың барлығына тән бұл құбылыс ұлт-азаттық қозғалыстардың
толыққанды шынайы тарихының жазылуына кедергі болды.
Отаршылдық дәуірде ұлт-азаттық күрестерге “бүлік” деген айдар тағылды.
Ал оған қатысушылар “бүлікшілдер”, “тонаушылар” делінді. Осылайша Ресейдің
империялық пиғылдарына қарсы, жалпы адамзаттың өркениет көшінде өз этносын
сақтап қалу жолындағы халықтың азапты күресі бұрмаланды.
Отаршыл Ресей үкіметінің әр түрлі әкімшілік-саяси шаралары қазақ
көшпелі қоғамының дәстүрлі құрылымын бұзды. Мұның өзі оның әлеуметтік
организмінде үнемі дағдарыс құбылысын туғызып отырды. Ал бұл өз кезегінде
мақсат-мүдделері мен табиғи құқығы аяқ асты етілгендердің табанды
қарсылығына әкелді.
Қоғам дамуындағы тепе-теңдіктің бұзылуы сол қоғамның барлық әлеуметтік
элементтерін азаттық күрес аясына тоғыстырды.
ХVІІІ–ХІХ ғғ. қазақтардың тәуелсіздік үшін күресі орыс отаршылдығы
өзімен бірге ала келген әлеуметтік өзгерістерге қарсы күрес түрінде
көрінді. Қазақ халқының ұлт-азаттық күресі екі өркениеттің, екі этностық
жүйенің арасындағы қақтығыс күресі еді.
Сондықтан ұлт-азаттық қозғалыстардың барысында отаршылдық үкімет жойып
жіберген хандық билік қайта қалпына келтірілді. Көтерілісшілер өзінің
ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілік белгілерін қайта жаңғыртты.
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихында ауқымдылығы,
қуаттылығы жағынан ең ірісі 1837—1847 жж. көтеріліс болды. Орта жүзде
округтық басқаруға қарсы басталған бұл көтеріліс Абылай ханның ұрпағы,
ақсүйек Кенесары Қасымұлы басшылығымен жүзеге асты. Егер осығанға дейінгі
көтеріліс басшылары қазақ қоғамының төменгі топтарынан — қарасүйектен
шықса, Кенесары сұлтандық ақсүйектер тобына жататын. Қозғалыс 10 жыл уақыт
бойы Ресейдің саясатына ықпал ете отырып, Орта және Ұлы жүздердің бірталай
бөлігінің Ресейдің құрамына ену мерзімін біраз уақытқа кейінге шегерді.
К.Қасымұлы қозғалысы қырғыз жерінде жеңіліспен аяқталғаннан кейін ғана Орта
жүз толығымен Ресейдің құрамына қосылған еді. Патша үкіметі Ұлы жүз
иеліктеріне осы көтерілістен кейін ғана ауыз салуға мүмкіндік алған еді.
Көтеріліс әлі де толығымен Ресейдің құрамына кіре қоймаған аудандарды
қамтыды. Сондықтан Кенесары қозғалысы әлі де дербестігін сақтап қалған
жерлерде жалпы отаршылдық саясатының тереңдей түсуіне қарсы бағытталды.
Өлкенің Ресейге қосылуы кезеңіндегі қазақ халқының ұлт-азаттық
күресінің жалпы заңдылықтары аз зерттелген. Ұлт-азаттық қозғалыстардағы
билеуші топтардың рөлі мен орны турасында, Ресейдегі орыс шаруаларының
көтерілісіне ұқсас жақтары болды. Мәселен, ондағы кейбір бояр, дворяндардың
қатысқаны сияқты, қазақтардың ұлт-азаттық қозғалыстарының барлық кезеңінде
билер, старшындар, сұлтандар қатысты.
Көтеріліс барысындағы хан сайлау фактілері, хандық биліктің жаңғыруы,
халық бұқарасының әлеуметтік санасының беріктігін аңғартады. Отаршылдық
жүйе этностың күрескерлік рухын, азаттыққа деген сағын сындыра алмады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі қанша жылдан бері қазақ халқы аңсаңған
тәуелсіздігімізді қазір алып отырған уақытта, Кенесары Қасымұлы басқарған
ұлт-азаттық күрес, осы тәуелсіздік жолындағы ең елеулі мәселелердің бірі.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Ресей патша өкіметі тарапынан жүргізілген
отарлау саясаттына қарсы, мемлекетті ұлтты езгіден азат ету, оның ұлттық
мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін қалпына келтіретін күрестің мағынасын
ашу.
Зерттеу жұмысының мәні мен мағынасы: қазақ халқының азаттық күресі де
дүниежүзілік ұлт-азаттық қозғалыс тарихының құрамдас бөлігі. Қазақ
жеріндегі Кенесары басқарған ұлт-азаттық қозғалыстың алғышарттары
жергілікті ұлттық проблемалардан бастау алғанымен, оның мазмұны ұлттық
шеңберден асып кетеді. Сөйтіп, әлемдік ұлт-азаттық қозғалыстар қатарынан
орын тебеді.
Зерттеу жұмысының көлемі кіріспеден, екі тараудан, 5 параграфтан және
қорытындыдан тұрады.

І Тарау. Кенесары басқарған ұлт-азаттық көтерілістің басталу себептері
мен барысы.
1.1. Кенесары басқарған ұлт-азаттық көтерілістің басталу себептері.
ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарында патша өкіметі Қазақстанда отарлау
саясатын онан ары өрістетіп, қазақ халқының саяси дербестігін біржола
бағытталған шараларды кеңінен жүргізе бастады. Әбілқайыр, Абылай хандармен
жасасқан шарттардағы Қазақстан жеріне кірмеу, солдат алмау, тек салық төлеу
жөніндегі міндеттемелер аяқ асты етілді. Қазақ жерінде әскери шептер,
бекіністер салынып, шұрайлы жерлерге патша өкіметінің қол шоқпары болып
келген казак-орыстарды қоныстандыру шаралары жүргізілді. Ресейдің қазақ
жеріндегі әкімшілігі өзен-көлдерді, құнарлы жерлерді, орман-тоғайды өз
қармағына алды, ал оны пайдаланған қазақтарға салық салынатын болды.
XIX ғ. алғашқы ширегінде патша үкіметі Қазақстанға әкемшілік-саяси
жаналықтар енгізуге кірісті. Оның Ресей империясы қүрамына әлі де кіре
қоймаған елке аудандарын өзіне қосып алмақ мақсаты болды. 1822 ж. Сібір
қазақтары туралы Устав далалық аудандарды басқару құрылымын түбірінен
өзгертіп жіберді. Енді басқарудың округтік жұйесі енгізілді, ол бойынша
қазақ қоғамы, округке, болысқа, ауылға бөлінді. Төменгі әкемшілік
бірлестігі ретінде ауыл өз құрамына 50-ден 70-ке дейінгі үйлерді
біріктірді, осындай 10-12 ауылдан болыс құрылды, 10-15 болыстан округ
қалыптасты. Бұлардың белгілі бір территориялары болды. әкемшілік билігін
үкімет сақтап қалған аға сұлтандар негізінен алған сол үкімет позициясынның
нығайтылуын қамтамасыз етуге тиісті еді. Болыстардың басына 12-разрядты
шенеуніктерге теңестірілген болыстық сұлтандар, ауылдардың басында
өздерінің құқы жөнінен селолық старостаға теңестірілген ауыл ағамандары
тұрды. Билер сотын енгізуден олардың неғұрлым шексіз құқықтары алыныш
тастала бастады.
Әкімшілік басқару жүйесін қайта құру барысында қазақ жерлері
округтерге бөлінді. Бұл округтер Батыс-Сібір және Орынбор генерал-
губернаторлығына қарады. Олар қазақ жерінде бөліп ал да билей бер деген
отаршылдық қағиданы бұлжытпай іске асырды. Алдымен қазақ жерін сыртынан
құрсаулап көптеген бекіністер салынды. Іргелеп ішке кіріп айнала қоршау-
құрсау орнатқан Ресей отаршылдары Абылай көз жұмғаннан кейін Қазақстанның
ең бір шұрайлы жерлеріне бекіністер салуға кірісті. Сөйтіп, Ырғыз, Торғай,
Ақмола, Көкшетау, Ортау, Қарқаралы бекіністері бой көтерді.
Қарқаралы (бұрынғы Бөкей ханның иелігіндегі) және Көкшетау (бұрынғы
Уәли ханның иелігіндегі) округтерін құру патша өкіметінің Орта және Ұлы
жүздердің түйіскен тұсындағы қазақ жерлерін бірте-бірте басып алуын бастап
берді. Қазақтардың дәстүрлі көшіп-қонатын жерлері тарылды, жері құнарлы
аудандарға қазақтарды жаңадан қоныстандыру өріс алған. Абылай хан
ұрпақтарының теңірегіне топтасқан қазақ халқының наразылығы арта түсті.
Шыңғыс әулеттерінің бірі Ғұбайдулла сұлтанды патша үкіметінің жазалаушы
отряды ұстап алып, Березовкаға жер аударып жіберді. Сол сібірлік бұғаудан
ол тек 1840 ж.қараша айында соның өзінде Кенесары сұлтанның табандылықпен
талап етуі арқасында ғана қайта оралды 20.
Қазақ жеріне кеулеп еніп келе жатқан патша өкіметінің отаршылдық
саясатына ашық қарсы шыққан Абылай ханның баласы Қасым болды. Ол патша
әкімшілігіне хат жазып, кісі жіберіп, оларды түсінісуге, пәтуаға шақырды.
Қазақтың ежелгі қоныстарына бекіністер салуды, қазақ жерлеріне казак-
орыстарды әкелуді, олар арқылы халыққа қысым көрсетуді тоқтатуын талап
етті. Оның бұл хаттарынан жауап болмады, жіберген адамдары қайтарылмады.
Сонда барып, Қасым патша өкіметіне ашық қарсы шығуды ойлады. Ол бұл күресте
Қоқан хандығына сүйенбекші болды. Патша өкіметі тарапынан қысым көре
бастаған ол 40 мың үймен Қоқан хандығының қол астына көшіп барды. Оның діні
бір, тілі бір қоқандықтардан күткен үміті ақталмады. Олар оның қайсар
ұлдары Саржан мен Есенгелдіні, кейінірек өзін өлтірді. Медресе оқып жүрген
ұлы Кенесарыны (1802 жылы туған) Ташкент түрмесіне қаматты.
Кенесары күреске жастайынан араласты. Атасы Абылайдың, әкесі Қасымның
ел тәуелсіздігі жолындағы күресін жалғастыруды алдына мақсат етіп қойды.
Кенесары көтерілісінің басты мақсатын көрсететін құжаттар “бүлікшіл
сұлтанның” император І Николайға, Орынбор және Сібір губернаторларына
жазған хаттарынан анық байқалады. Олар:
— Абылай хан тұсындағы Қазақ иеліктерінің аумақтық тұтастығын, ұлттың
бірлігін қалпына келтіру;
— Қазақ жерлерін бекіністер мен жаңа округтік билеу арқылы жан-жақты
отарлауды тоқтату, Қазақстанның Ресейдің құрамына кіріп үлгермеген
өңірлерінің дербестігін сақтау;
— Түркістан, Әулиеата қалаларымен қоса, Ұлы жүздің көп бөлігін Қоқан
езгісінен азат ету міндеті тұрды.
Кенесары ордасында тұтқында болған барон Услар оның сыртқы келбетін
былайша суреттейді: “Кенесары орта бойлы, арықтау келген, бет-пішінінде
қалмақ белгілері бар, қысыңқы көздерінен ақыл-ой мен қулық қабат
аңғарылады, келбетінен көп жағдайда қатаңдық байқалмайды”.
Революцияға дейінгі зерттеуші Н. Середа “Қырғыз сұлтаны Кенесары
Қасымұлының бүлігі (1838—1847)” деген еңбегінде Кенесарының жеке басын,
оның қолбасшылық дарынын өте жоғары бағалайды, мемлекеттік тұлға дәрежесіне
көтереді.
“...Кенесары өз жасағының ықыласына лайықты билеуші бола білді. Оның
жасағының рухының жоғарылығына еуропалық әскердің қайсысының болсын
қолбасшысы қызғана қарайтындай еді. Шабуылдар кезінде сондай жылдам, бейне
бір жолындағының бәрін күйрететін дала дауылы сияқты, Кенесары алдында
қандай кедергі болса да тоқтамайтын. Қайта қандай да бір кедергі болмасын
оның еркін өрлендіре түсіп, өзінің ойлаған мақсатына жету жолында кездескен
барлық тосқауылдар оның топан суындай қуатының алдында күйремейінше, оны
екпіндетіп, өз ісіне батылдандыра түсетін.
Кенесарының бойындағы осы қасиеттерін біздің көшпелілер жоғары
бағалайтын және оның серіктерінің жүректері өз қолбасшыларына шексіз,
жанқиярлық сеніммен соғатын...
Кенесары осындай еді! Иә, бұл адам бір сөзбен айтқанда, аса ірі тұлға
екендігінде дау жоқ. Басқа тәрбие жағдайында одан теңдесі жоқ мемлекеттік
қайраткер шығар еді”, — деп тамсана жазды.
Көріп отырғанымыздай, көтерілістің басталу кезіне қарай Кенесары күрестің
қатал мектебінен өтіп, бай өмірлік тәжірибе жинақтаған болатын. Ол өзінің
алдындағы ағаларының кейбір қателіктерінен сабақ алып, қайталамауға
тырысты.
Біріншіден, аса қуатты Ресей мемлекетімен күресу үшін Үш жүздің күшін
біріктіру қажет екендігін түсінді. Және осы жолда тек қарулы күрес қана
емес, сонымен қатар дипломатиялық айла-тәсілдерге барды. Мәселен, бетпе-бет
соғыстың қиындығын сезіне отырып, Сібір және Орынбор әкімшіліктерімен
келіссөздер жүргізді.
Екіншіден, сыртқы жауға қарсы тұра алатын күшті мемлекет құру үшін
жекелеген сұлтандардың, билердің қарсылығын, қазақ қоғамындағы ала
ауыздықты, екі майданға бөлінушілікті жою қажет деп тапты.
Кейбір сұлтан, би, рубасыларының қарсылығына қарамастан Кенесары шындығында
үш жүздің ру тармақтарының көпшілік бөлігін өз туы астына біріктіре алды.
Кенесары әскерлерінің саны кейбір жағдайларда 20 мыңға жетті. Негізгі күші
— Орта жүз қазақтарынан тұрды.
Көтеріліс басталған кезден-ақ бұқаралық сипатқа ие болды. ХVІІІ
ғасырдың соңы — ХІХ ғасырдағы азаттық қозғалыстар тарихында тұңғыш рет
бүкіл Қазақстанды қамтыды. Бүкіл халық үш жүздің ханы ретінде Кенесарыны
мойындағанын мұрағат құжаттары да растайды.
Қайырымды адамдардың көмегімен абақтыдан аман шыққан кенесары
атамекені Ұлытауға келіп қоныстанады. Осы Ұлытауда жүріп, ол өз өмірін
қазақтың тәуелсіз ел, дербес мемлекет болуы жолындағы күреске арнады. Ол
Ресей сияқты аса қуатты ірі мемлекетпен күресу – қазақтың үш жүзінің
күштерін біріктіруді, едәуір құрбандықтарды, тек әскери ғана емес, сонымен
бірге дипломатиялық күш жігерді де талап ететінін ой таразысынан өткерді.
Кенесары Қазақстан патшалық Ресейге де, Орта Азиялық хандықтарына да
тәуелді емес, олармен тең қарым-қатынаста болуы керек деп есептеді. Ол
патша әкімдеріне жазған бір хатында: Есіл, Нұра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы,
Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Ақият, Тоқзақ сияқты ата-
бабаларымыз мұра еткен жерлер қазіргі патша тұсында бізден тартып алынып,
бекіністер салынды. Күн сайын біздің жерлерімізді басып алып, әскери
қамалдар салу арқылы халықты ашындыруға жол берілуде. Мұның өзі біздің
келешегіміз үшін ғана емес, бүгінгі тіршілігіміз үшін де қауіпті болып отыр
деп көрсетті.
Патшаның жазалаушы отрядтары мен жергілікті сұлтандардың озбырлығы
туралы айта келіп тағы бір хатында ол былай деп жазды: 1825-1840 жылдар
аралығында олар біздің ауылдарымызды 15 рет тонауға, талауға салды. Мұндай
қысым мен тонауға, талауға, кісілерімізді өлтіруге шыдай алмаған біз
бетіміз ауған жаққа көшуге мәжбүр болдық. Бірақ, олар бізге мұнда да
тыныштық бермеді. Сондықтан мен, Қасымұлы қару алып халқымның ұлы күресін
басқаруға шықтым. Бұл хаттан Кенесарының патша үкіметіне ашық қарсы
шыққанын көреміз.
Қасым төренің ұлы Саржан сұлтан дара-дара жасақтарды біріктіріп, қазақ
жерін отарлау саясатына қарсы көтерілді. Патшаның жасаушы отрядтары
ығыстырған Саржан сұлтан өзінің жолын куушылармен бірге Қоқанд бегінің
көмек көрсететініне үміттенш, Қоқанд хандығына көшіп кетті. Саржан осында
1836 ж. Кенесарының әкесі Қасым төре мен оның басқа да жақындары қаза
тапты. Патша үкіметінш отаршылдық мақсат-ниетіне қарсы өзінің күресінде
Қоқанд бектерінің қолдауына сенім артқан Қасым сұлтанның қарамастан Қасым
сұлтан мен оның балаларының күресі отаршылдыққа қарсы күштердің Кенесары
сұлтанның, кейіннен Кенесары ханның қолбасшылығымен (1802-1847 жж.) тағы да
бірігіп, нығайуында зор маңыз атқарды.
Кенесары көтерлісінің басты мақсаты – патшалық Ресейдің құрамына
қосылып үлгермеген аймақтардың дербестігін сақтау, қазақ жерлерін
бекіністер мен жаңа округтік билеу арқылы жан-жақты отарлауды тоқтату еді.
Сондай-ақ Кенесарының тағы бір көздеген мақсаты-қоқандықтардың тепкісіндегі
Оңтүстік өңірдегі қазақтарды босатып, оларды қазақ хандығына қосу еді.
Кенесары Қасымов тарих сахнасына Абылай ханның ісін жалғастырушы ірі
тұлға ретінде қадам басты. Ал ол кездегі жағдайға келсек, патша
әскерлерінің бастырмалатқан әрекеттер салдарашан, Сібір және Орынбор
қазақтары туралы 1822-1824 жж. уставтар қабылданғанына қарамай, саяси
оқшауланушылығын әлі де сақтап келе жатқан Қазақстан аудандарының
тәуелсіздігіне қатер төнген болатын. Сондықтан көтеріліс шығарушы сұлтанның
басты мақсаты тұтастығын қалпына келтіруге, жинақтарды 21 жоюға (оның
хаттарында XIX ғ. 20-30 жылдарында Қазақстанда құрылған округтердің
көрсетілгеніндей), Ресей құрамына кірмеген жерлердің толық дербестігін
сақтауға құрылды.
Бүлікші сұлтанның негізгі талаптары император Николай I-ге Орынбор
губернаторлары В.А. Перовскийге, В.А. Обручевке, Сібір губернаторы, кінәз
В.Д. Горчаковқа, Орынбор шекаралық комиссиясының төреғасы А.Ф. Генске және
басқаларға жолданған көптеген хаттарында нақты айқындалған. Ғұбайдулла
сұлтан да, оның ағасы Саржан да М. Красовскийдің пікірі бойынша ақылы
жағынан өзінің атасынан (Абылайдан) кем түссе де, мінезінің жігерлілігімен
онан да және өз әкесінен де (Қасым төреден) асып түсіп, бүкіл далаға әйгілі
болған Кенесары Қасымовпен олар бір қатарда тұра алмайды. [22]
Епті, өзіндік ерекшелігі бар саясатшы Кенесары Қасымов сұлтан Ресей
сияқты аса қуатты ірі мемлекетпен куресу қазақтың үш жүзінің күштерін
біріктіруді, едәуір құрбагдықтарды, тек әскери ғана емес, сонымен бірге
дипломатиялық күшжігерді де талап ететінін ой таразынан өткерді. Ол халық
қозғалысынан бөлектенген жекеленген сұлтандардың, атамандардың, билердің өз
еркімен кетушілігін қатал басып-жаншыды. Ресей саясатын қолдаушыларды
аяусыз жазалады, бірақ сонда да патша үкіметімен арадағы түсініспеушілікті
бейбіт жолмен шешудің жақтаушысы күйінде қалды. Соғыс тұтқындарына, соның
ішінде кейбіреулері өздеріне қызымет еткен орыстарға қиянат жасамай,
шыдамдылықпен қарады. Ресей елші уәкілдерін әдепті қабылдады. Тіпті оның
мінезінен қырғыздармен қарсыластық кезеңінде көрінгені болмаса оншалықты
қаталдық байқалмаған. Ал көтеріліс мүддесіне сатқындық жасап әскери
тәртіпті бұзғандарға ашу-ызасының буырқануы аз болғанды. Мұны, атап
айтқанда, осы қозғалысқа белсене қатысқан ақын сарбаз Нысанбайдың Кенесары-
Наурызбай дастаны дәлелдейді.

1.2. Кенесары басқарған ұлт-азаттық көтерілістің қозғаушы күші.
Кенесары Қасымұлының қозғалысы бүкіл Қазақстанды қамтыды. Он жылға
созылған көтерілістің басты қозғаушы күші – бұқара халық болды. Олар күшейе
бастаған отарлық езгіден, феодалдық топтардың қысымынан құтылуға тырысты.
Көтеріліске сонымен қатар ақсүйек өкілдері де қатысты. Олар көтерілісті,
бір жағынан, өз мүдделеріне пайдалану, бұрынғы артықшылықтарын қайта алу,
екінші жағынан, көшпенді дербес феодалдық мемлекет құруды көздеді.
Он жылға созылған көтерілістің басты қозғаушы күші — қазақ шаруалары
еді. Оған күшейіп отырған отарлық езгіден қысым көрген қатардағы егіншілер
де, рубасылары да, сұлтандар да қатысты. Қазақ жерлерін әскери-әкімшілік
отарлауға қарсы езілген халықтың барлық топтары қатысты. Басты мақсатына
қарай ол ұлт-азаттық көтеріліс болды.
Кенесары әскерлерінің жеке жасақтарын басқарғандар арасында белгілі халық
батырлары Ағыбай, Иман (Амангелді Имановтың атасы), Жоламан Тіленшіұлы,
Бұқарбай, Басығара, Анғал, Жәуке Жанайдар, Байсейіт, Сұраншы батырлар
болды.
Кенесарының жақын серіктерінің қатарында оның туыстары да белсене
қатысты. Кенесарының інілері Наурызбай мен Әбілғазы, әпкесі Бопай және
жиені Әділғазылар көтерілістің белсенді қайраткерлеріне айналды.
Кенесарының қасында Саржанның балалары, т.б. туыстары болды.
Осылардың арасынан ерекше көрінген Наурызбай еді. Наурызбай көтеріліс
бойы Кенесарының басы-қасында болып, жан серігіне айналды. Ол 1822 ж.
дүниеге келген Кенесарының кіші інісі. Жас кезінен-ақ өзінің ержүрек
жауынгерлігімен көзге түседі. Наурызбай өзінің тобымен Кенесарының барлық
ірі әскери шайқастарына қатысты. Көптеген ел аузындағы аңыз-жырларда
Кенесары мен Наурызбай есімдері бірге аталады. Кенесарыға арналған тарихи
жырлардың ішіндегі ең атақтысы Нысанбайдың “Кенесары — Наурызбай” дастаны.
Орысқа анталаған ұстатпады,
Кенекең талай шапты, бір шаппады.
Аруақты Кенесары, Наурызбайға
Жортқанда қарсы келіп жан батпады.
(“Ағыбай батыр” поэмасынан)
Наурызбай 1847 ж. ағасы Кенесарымен бірге қырғыз жеріндегі қақтығыста
мерт болды. Олардың өлімі туралы да ел ауызындағы қисса-дастандар көп.
Өзінің әскери ерлігімен Кенесарының әпкесі Бопайдың да аты шықты. Ол
алғашқы күндерден-ақ өзінің жұбайы, алты баласы және туған-туыстарын ертіп
көтерілісшілерге қосылды. Бопай 600 адамдық зекет жинайтын ерекше топты
басқарды. Сонымен қатар, барлық ірі шайқастарға қатысып, Кенесарының басты
ақылшы-кеңесшісіне айналды.
Ал орысшаға жүйрік тағы да бір інісі Әбілғазы Кенесарының Ресей өкімет
орындарымен хат-қағаз алмасу ісін жүргізіп отырды.
Көтеріліске қатысушылардың құрамы көп ұлтты еді. Онда қазақтар,
орыстар, өзбектер, қырғыздар, поляктар, т.б. болды.
1838 жылы Кенесары туының астына мыңдаған сарбаз жиналған еді. Олардың
арасында үш жүздің қазақтары болды. Кенесарыны белсенді қолдағандардың
арасында Орта жүз бен Кіші жүздің белгілі рулары – Қыпшақ, Төртқара,
Жағалбайлы, Шекті, Алшын, Керей, Жаппас, Бағаналы, Тама, Табын, Арғын т.б.
ру тайпаларының жігіттері аз емес-ті. Олардың көпшілігі мал өсірген, егін
еккен. Осыған орай, жер шаруашылығынан зардап шеккендер кедей және орта
шаруалар болды. Кенесарының қол басқарған батырлары да халық ішінде аты
кеңінен мәлім адамдар еді. Олардың қатарында Шұбыртпалы Ағыбай, Қыпшақтың
батыры – Иман, Табынның батырлары – Бұхарбай, Тіленішұлы Жоламан, Дулаттың
батыры – Бұғыбай, Шапырашты руының батыры – Сұраныш т.б. Кенесарының
інілері – Наурызбай, Әбілғазы, әпкесі – Бопай көтеріліске белсене қатысты.
Кенесары барлық әдіс-амалдарымен феодалдық топтарды, үш жүздің ру-
тайпалық бөлімдерін біріктіруге, бұл мақсатына тіпті азаматтық күресінің
1844-1845жж. Ең бір шарықтаған шағында да қол жеткізе алмағандығымен,
барынша тырысып бақты. Көтерілістіп бастапқы кезіненақ қазақ ақсүйектері
бір-бірлеріне қарсы күресуші екі лагерге бөлінді: үкімет әлпештеген бөлігі
отарлаушы әкімшіліктің қолдауына сүйеніп, өздерінің саяси қарсыластары
Ақмола округінің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин, Кіші жүздің басқарушы
сұлтандары Ахмед пен Мұхамед Жан-төріндер, сұлтаны Айшуақов болды. Кенесары
Жетісуға асқаннан кейін көтеріліске байланысты ымырасыздық позицияға Абылай
ханның ұлдары, азаттық күресінің жетекшісі өзінің туысқандары - Әли мен
Сүйік те ұстанды.
Кенесары жасақтарында қазақтарымен бірге қарақалпақтар, түрікмен,
қырғыз, өзбек өкілдері де аз болған жоқ. Дегенмен Кенесары барлық әдіс-
амалдарын қолданып тырысып бақса да, кейбір феодалдық топтарды, үш жүздің
ру-тайпалық бөлімдерін біріктіре алмады. Көтерілістің бастапқы кезеңінен-ақ
қазақ ақсүйектері бір-біріне қарсы күресуші екі жаққа бөлінді: патша
өкіметі әлпештеген бөлігі отарлаушы әкімшіліктің қолдануына сүйеніп,
өздерінің саяси қарсыластарын күйретуге күш салды. Кенесарының ымыраға
келмейтін қарсыластары Ақмола округінің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин,
Кіші жүздің басқарушы сұлтандары Ахмет пен Мұхаммед Жантөриндер, сұлтан
БаймағанбетАйшуақов т.б. болды. Кенесары Жетісуға өткеннен кейін
көтеріліске қарсы ымырасыздық позицияны Абылай ханның тұқымдары, яғни
өзінің туысқандары - Әли мен Сыйықта ұстанды. Бірақ осыған қарамастан,
Кенесары Қасымов өзінің туы астына үш жүздегі қазақ руларының едәуір
бөлігін топтастыра алды. Омбы облыстық басқармасына қарасты сот-жазалау
мекемелері жинастырған мәліметтер бойынша тек Құсмұрын, Көкшетау, Ақмола,
Қарқаралы және Баянауыл округтерінде ғана көтерілісшілерді 80-нен астам
сұлтандар мен билер, ағамандар қолдаған.
Бірақ қалай дегенде де Кенесары Қасымов өзінің туы астына үш жүздегі
қазақ руларының едәуір бөлігін топтастыра алды. Кей кездері оның
сарбаздарының саны 20 мың адамға дейін жетті. Арасында Орта жүз өкілдері
басым болған қазақ сұлтандарының үлкен бөлігі көтеріліске қосылды. Жасы 23-
ке келген шағынан бастап азаттық қозғалысына белсенділікпен қатыса жүріп,
ағалары мен әкесін қазаға ұшыраттырған бекініс жерлерінің апаттылығына көзі
жеткен Кенесары Сырдария сағасы қазақтарын ығыстыра қыспаққа алған Қоқандық
Күшбегімен келіссөз жүргізуден бас тартты. Сөйте тұра кейде өзін оқ-
дәрімен, қару-жарақпен жабдықтаған Бұқар әмірімен досттық қарым-қатынаста
болды.
Қазақтардың бұл көтерілісі бастапқы кезінен-ақ кең құлаш жайған қарқын
алды. Бұл XVIII ғ. соңы мен XIX ғ.-дағы азаттық жолындағы қозғалыстар
тарихындағы Орта жүздің ру-тайпалық бірлестігінен басққа қазақ руларына
тараған, барлық негізгі аудандарды қамтыған бірден-бір көтеріліс еді. Оған
Кіші жүзден шекті, тама, табын, алшын, шөмекей, жаппас және басқа, Ұлы
жүзден – үйсін, дулат және басқа рулар қатысты.
Көтерілістің қоғаушы күші қазақ шаруалары болды. Саяси тәуелсіздікті
қалпына келтіру жолындағы күреске қатардағы егінші де, ағамандар да,
сұлтандар да ат салысты. Қазақ жерін әскери отарлауға, Қоқанд бектерінің
озбырлығына қарсы жалпыхалықтық күрес бұл қозғалысқа азаттық жолындағы
күрес сипатын берді. Рас, Кенесарыны қолдауда билердің, ағамандардың,
сұлтандардың бәрі бірдей бір мақсатты болған жоқ: орын ауыстыруға, негізгі
күштердің өзге аудандарға өтуіне байланысты руластық белгілері бойынша
құралған кейбір жасақтар көтерілісшілерден бөлініп қалып отырды.
Жасақтардың жетекшілері: Ағыбай, Иман (Амангельді Имановтың атасы)
Басығара, Аңғал, Жанайдар, Жеке, Сұраншы, Бейсейіт, Жоламан Тіленшиев,
Бұқарбай және басқалар сияқты әйгілі халық батырлары болды. Көтеріліске
қатысқандар арасынан орыстар, өзбектер, қырғыздар, поляктар және басқа ұлт
өкілдері кездесті.
Солтүстік – батыста – патшалық отарлаудың, оңтүстіктен – ортаазиялық
хандардың және сұлтандар мен байлардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХҮІІІ – ХІХ ғасырлардағы ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ
Қазақ халқының ұлт азаттық жолындағы күресі
Кенесары көтерілісі
Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс
С. Датұлы және И. Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілістерінің салыстырмалы себебі, мәні және ерекшеліктері
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілуі
Олардан шыққан Ерсалы, Қайсарлы сияқты қазақ батырлары
Қазақстандағы Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жж.)
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы
19 ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар
Пәндер