ХVІІІ ғасырдағы қазақ-орыс қарым-қатынастары



Мазмұны

Кіріспе

І Тарау. ХVІІІ ғасырдағы қазақ.орыс қарым.қатынастары ... ... ... ... .5.17
1.1. ХVІІІ ғасырдың 30.шы жылдарына дейінгі қазақ.орыс қатынастары
1.2. ХVІІІ ғасырдың 30.50 жылдардағы қазақ.орыс қатынастары

ІІ Тарау. Патша үкіметінің ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандығы отарлық шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18.27
2.1. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ.орыс қатынастары
2.2. ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ.орыс қатынастары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Қазақстан мен Ресей арасындағы ғасырлар бойы созылып келе жатқан тарихи байланыстарды зерттеу, олардың экономикалық және саси себептерін ашу – тарих ғылымының қазіргі таңдағы маңызды міндеті. Қазақ-орыс қарым-қатынастары туралы революцияға дейінгі дәуірде архив материалдарының жинағы шыға бастады. Мұнда Қазақстан мен Ресей арасындағы саси-экономикалық және шаруашылық қатынастарының қалыптасу тарихы, олардың өсу кезеңдерін баяндайтын көптеген құнды мәліметтер топталған. Алайда осы аталған зерттеулер мен архив материалдарының жинағы қазақ-орыс қатынастарының зертелуіне белгілі әсерін тигізді демесек, бұл мәселені жан-жақты шешуге ғылыми негіз бола алмады.
ХVІІІ ғасырдағы қазақ-орыс қатынастары Ресейдік Шығыс елдеріндегі саясатымен тығыз байланысты болатын. Сондықтан бұл мәселе жөнінде Ұлы Октябрь революциясынан бұрынғы А.И.Левшиннің, П.И.Рычковтың, В.В.Вельминов-Зерновтың, А.И.Добросмысловтың, В.И.Витевскийдің және басқалардың еңбектерінде біраз сөз болған. Бұл аталған еңбектерде Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси қатынастарды зерттеуге қажетті фактілі материалдар жиналған. Алайда, бұл құнды тарихи деректерді түсіндіру, оларға баға беру, қазақ-орыс қатынастарын мазмұндау жоғарыда көрсетілген авторлардың еңбектерінде сыңаржақтық позиция тұрғысынан баяндалған және патша өкіметінің саясаты мен оның мүддесіне ыңғайлас зерттелінген.
Шын мәнісінде, қазақ халқының ғасырлар бойғы тарихын ғылыми негізде зерттеу тек Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін ғана жүзеге асырыла бастады. Қазақ халқы тарихының басқа көптеген мәселелері сияқты қазақ-орыс қарым-қатынастары проблемасы қазақ тарихышыларының назарынан тыс қалмады. Осы тұста Ұлы Отан соғысынан кейін жарыққа шыққан бірнеше еңбектерге тоқтала кетейік.
Қазақстан мен Ресейдің саяси байланыстарының кейбір күрделі мәселелерін шешуде профессор М.П.Вяткиннің «Сырым батыр» атты монографиясы елеулі орын алды. Автор еңбегінде патша үкіметінің Қазақстанда жүргізген саясатын, бұл саясатқа қазақ қоғамының түрлі таптарының қатынасын және ХVІІІ ғасырдың соңғы ширегінде Кіші жүзде Сырым Датов қолбасшылығымен болған ұлт-азаттық қозғалысын жан-жақты, әрі терең көрсеткен.
Сондай-ақ ХVІІІ ғасырдағы қазақ-орыс қарым-қатынастарын зертеуге айтарлықтай үлес қосқан Н.Г.Аполлованың монографиялық туындыларын айтпай кетуге болмайды. Бұл еңбектерінде автор Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуының ішкі және сыртқы себептерін, бұл процестің Қазақстанның экономикалық, қоғамдық құрылысына тигізген әсерін және нәтижелерін осы күнге дейін пайдаланылмай келген тың архив материалдарының негізінде тиянақты етіп көрсеткен. Сонымен қатар, Н.Г.Аполлова Қазақстан мен Ресей арасындағы эконмикалық-саяси байланыстардың өсуі патша өкіметінің Кіші жүз бен Орта жүзде жүргізілген саясатының жандануына және оның ықпалының артуына тікелей әсерін тигізгенін дәлелді фактілермен келтірген.
С.З.Зимановтың монографиясы да ХVІІІ ғасырдың аяғы және ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан мен Ресейдің саяси қарым-қатынастарына арналған. Автор хандық өкімет институтының құру себептерін аша келіп, бұл ретте патша өкіметі саясатының елеулі әсер тигізгенін баса айтты. С.З.Зимановтың бұл еңбегінде сансыз құнды пікірлер мен тұжырымды ойлар, тиянақты қорытындылар бар.
Неше ғасырлардан бері келе жатқан тарихи байланыстарды ашпай, олардың даму жолдарын көрсетпей, ХVІІІ ғасырдағы Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси қатынастарды түсіну де қиын. Шынында да Қазақстан мен Ресейдің ХVІІІ ғасырдағы экономикалық және саяси қарым-қатынастары ертеден келе жатқан тарихи байланыстардың табиғи жалғасы болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ-орыс қатынастарын зерттеу.
Зерттеу жұмысының көлемі кіріспеден, екі тараудан, 4 параграфтан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Падаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан тарихы. Очерктер, Аспендияров С., А: Дәуір – 1994
2. Қазақстан тарихы. 5 томдық. Т-3 Алматы – 2000 жыл.
3.Қазақстан тарихы. Мусин Чапай, А: Қазақ университеті – 2004
4. Қазақстан тарихы. 8 – сынып, А: Атамұра – 2004
5. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. А: Қазақ университеті – 1997
6. Басин В.Я. Русско-казахские отношения в ХVІ-ХVІІ веках. Аама – Ата -1974.
7. Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40 жылдары ХІХ в. А: Санат 1994
8. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А: Жалын – 1995
9. Зиманов С.З. Политический строй Казахстана конца ХVІІІ и первой половины ХІХ века. Алма – Ата: 1960
10. История Казахстана. Сдревнейших времен до наших дней. В пяти томах. А. Жалын – 1996-1997
11. Кайназаров Е.К., Кайназарова А.Е. История Казахстана. Учебное пособие. А: 1992
12. Қасымбаев Ж.Қ Қазақстан тарихы (ХVІІІ-ғ – 1914 ж) А: Рауан – 1993
13. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И., Казахстан. Летопись трех тысячилетий.
14. Қозыбаев М.Қ., Бекмаханова Н.Е. История Казахстана. А: 1991
15. Қозыбаев М.Қ., Қозыбаев И.М. Қазақстан тарихы. А: 1993
16. Н.Мұхаметханұлы. Тарихи зерттеулер. А: Жалын – 1994
17. Салғарин Қ. Хандар кестесі. А: Жалын – 1992
18. Сулейменов Р.Б. , Моисеев Б.А. Из истории Казахстана ХVІІІ века. А: Жалын – 1988 жыл.
19. Толыбеков С. Кочевое общество казахов в ХVІІ-начале ХХ в. А: 1971.
20. Тынышпаев М. История казахского народа. А: 1993
21. Учебное пособие по Истории Казахстана с древнейших времен до наших дней. А: Ғылым – 1992 жыл.
22. Мамырұлы Кәмен. Қазақ тарихы: Оқу құралы, А – 1995
23. Тарақты А. Көшпенділер тарихы. Алматы – 1995
24. А.Сабырханов. Қазақстан мен Россияның ХVІІІ ғасырдағы қарым-қатынастары. Алматы, Рауан – 1970.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
І Тарау. ХVІІІ ғасырдағы қазақ-орыс қарым-
қатынастары ... ... ... ... .5-17
1.1. ХVІІІ ғасырдың 30-шы жылдарына дейінгі қазақ-орыс қатынастары
1.2. ХVІІІ ғасырдың 30-50 жылдардағы қазақ-орыс қатынастары
ІІ Тарау. Патша үкіметінің ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы
Қазақстандығы отарлық
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18-27
2.1. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ-орыс қатынастары
2.2. ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ-
орыс қатынастары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан мен Ресей арасындағы ғасырлар бойы созылып келе жатқан
тарихи байланыстарды зерттеу, олардың экономикалық және саси себептерін ашу
– тарих ғылымының қазіргі таңдағы маңызды міндеті. Қазақ-орыс қарым-
қатынастары туралы революцияға дейінгі дәуірде архив материалдарының жинағы
шыға бастады. Мұнда Қазақстан мен Ресей арасындағы саси-экономикалық және
шаруашылық қатынастарының қалыптасу тарихы, олардың өсу кезеңдерін
баяндайтын көптеген құнды мәліметтер топталған. Алайда осы аталған
зерттеулер мен архив материалдарының жинағы қазақ-орыс қатынастарының
зертелуіне белгілі әсерін тигізді демесек, бұл мәселені жан-жақты шешуге
ғылыми негіз бола алмады.
ХVІІІ ғасырдағы қазақ-орыс қатынастары Ресейдік Шығыс елдеріндегі
саясатымен тығыз байланысты болатын. Сондықтан бұл мәселе жөнінде Ұлы
Октябрь революциясынан бұрынғы А.И.Левшиннің, П.И.Рычковтың, В.В.Вельминов-
Зерновтың, А.И.Добросмысловтың, В.И.Витевскийдің және басқалардың
еңбектерінде біраз сөз болған. Бұл аталған еңбектерде Қазақстан мен Ресей
арасындағы саяси қатынастарды зерттеуге қажетті фактілі материалдар
жиналған. Алайда, бұл құнды тарихи деректерді түсіндіру, оларға баға беру,
қазақ-орыс қатынастарын мазмұндау жоғарыда көрсетілген авторлардың
еңбектерінде сыңаржақтық позиция тұрғысынан баяндалған және патша
өкіметінің саясаты мен оның мүддесіне ыңғайлас зерттелінген.
Шын мәнісінде, қазақ халқының ғасырлар бойғы тарихын ғылыми негізде
зерттеу тек Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін ғана жүзеге
асырыла бастады. Қазақ халқы тарихының басқа көптеген мәселелері сияқты
қазақ-орыс қарым-қатынастары проблемасы қазақ тарихышыларының назарынан тыс
қалмады. Осы тұста Ұлы Отан соғысынан кейін жарыққа шыққан бірнеше
еңбектерге тоқтала кетейік.
Қазақстан мен Ресейдің саяси байланыстарының кейбір күрделі
мәселелерін шешуде профессор М.П.Вяткиннің Сырым батыр атты монографиясы
елеулі орын алды. Автор еңбегінде патша үкіметінің Қазақстанда жүргізген
саясатын, бұл саясатқа қазақ қоғамының түрлі таптарының қатынасын және
ХVІІІ ғасырдың соңғы ширегінде Кіші жүзде Сырым Датов қолбасшылығымен
болған ұлт-азаттық қозғалысын жан-жақты, әрі терең көрсеткен.
Сондай-ақ ХVІІІ ғасырдағы қазақ-орыс қарым-қатынастарын зертеуге
айтарлықтай үлес қосқан Н.Г.Аполлованың монографиялық туындыларын айтпай
кетуге болмайды. Бұл еңбектерінде автор Қазақстанның Ресейге өз еркімен
қосылуының ішкі және сыртқы себептерін, бұл процестің Қазақстанның
экономикалық, қоғамдық құрылысына тигізген әсерін және нәтижелерін осы
күнге дейін пайдаланылмай келген тың архив материалдарының негізінде
тиянақты етіп көрсеткен. Сонымен қатар, Н.Г.Аполлова Қазақстан мен Ресей
арасындағы эконмикалық-саяси байланыстардың өсуі патша өкіметінің Кіші жүз
бен Орта жүзде жүргізілген саясатының жандануына және оның ықпалының
артуына тікелей әсерін тигізгенін дәлелді фактілермен келтірген.
С.З.Зимановтың монографиясы да ХVІІІ ғасырдың аяғы және ХІХ ғасырдың
бірінші жартысындағы Қазақстан мен Ресейдің саяси қарым-қатынастарына
арналған. Автор хандық өкімет институтының құру себептерін аша келіп, бұл
ретте патша өкіметі саясатының елеулі әсер тигізгенін баса айтты.
С.З.Зимановтың бұл еңбегінде сансыз құнды пікірлер мен тұжырымды ойлар,
тиянақты қорытындылар бар.
Неше ғасырлардан бері келе жатқан тарихи байланыстарды ашпай, олардың
даму жолдарын көрсетпей, ХVІІІ ғасырдағы Қазақстан мен Ресей арасындағы
саяси қатынастарды түсіну де қиын. Шынында да Қазақстан мен Ресейдің ХVІІІ
ғасырдағы экономикалық және саяси қарым-қатынастары ертеден келе жатқан
тарихи байланыстардың табиғи жалғасы болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың бас кезіндегі
қазақ-орыс қатынастарын зерттеу.
Зерттеу жұмысының көлемі кіріспеден, екі тараудан, 4 параграфтан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І Тарау. ХVІІІ ғасырдағы қазақ-орыс қарым-қатынастары
1.1. ХVІІІ ғасырдың 30-шы жылдарына дейінгі қазақ-орыс қатынастары

I Петрдің шығыстық саясатының қазақтарға бағытталуының қалыптасуы
уақыты жағынан орыс қоғамында Ресейдің халықаралық аренадағы тарихи рөлін
қайтадан ой елегінен өткізумен және империялық доктринаның ресімделуімен
тұстас келді. Оның дүние танымдық негізі еуропалық рационалистік теориялар
арсеналынан алынған идеялар (Г. Гроций, Т. Гоббс, Б. Спиноза, С. Пуффендорф
және т.б.) және Мәскеу патшалығының дәстүріне сүйенген Ресей ресми
топтарының ортағасырлық идеологиясының эклектикалық құрастырмасы болды.
Империялық санаға Византия мен Рим империясының мұрагері Ресейдің
басқа халықтардың тағдырына құдайлық негізде де, табиғи құқықпен де
билік ету құқығына сенімділік негіз болды. Ортағасырлық ресми доктринаға
толық сәйсек алғанда, мемлекеттің күш-қуаты және билік етуші монархтың
даңқы оған бағынышты аумақтың мөлшерімен және бодандарының санымен
анықталады, ал соңғыларын алу ұрыс алаңындағы жеңістің не дипломатиялық
күрестің күрделі айла-шарғылардың табиғи нәтижесі болып табылады. Осы
түсінікі негізге I Петр Астраханда бірсыпыра уақыт болып, бағы заманнан
естіліп келген және сол кезде беймәлім деуге болатын қырғыз-қайсақ
ордаларын Ресей бодандылығына келтіру туралы тілек білдіріп, осы жорықта
тілмаш міндетін атқарған А.И. Тевкелевке миллионға дейін жұмсалса да, аса
көп шығындарға қарамастан... жан-тәнін салуды, түптен келгенде, бір парақ
қағазбен-ақ Ресей империясының қарамағында болуға міндеттенетін болсын деп
ұсынған еді.
Сонымен бірге орыс-қазақ қатынастарының даму серпінділігінің жеделдеуі
мен олардың мазмұнының тереңдеуі ол кезеңде Ресейдің стратегиялық
мүдделерімен және сыртқы саясатының мақсаттарымен ғана анықталған жоқ,
сонымен қатар бүкіл халқаралық қатынастар жүйеснің даму серпінділігімен,
аймақаралық географиялық шекаралардың айқындығымен және тұтастығымен (жер
бетінің жазықтық береді және Еуразияның орталық бөлігінде оны бөліп жататын
биік тау жоталарының болмауы), Ресей державасының халқаралық беделі мен
еуразиялық дүниедегі халқаралық ықпалының бір факторы ретіндегі оның әскери-
саяси құдіреттілігімен, демек, Қазақстанның топтарындағы солтүстік
көршісімен сауда-экономикалық, әскери-стратегиялық және саяси
байланыстардың маңызын түсінумен, қазақ қоғамы саяси көшбасшыларының
Ресеймен жақындасуының артуымен анықталды.
Қазақстанның көшпелі халқы мен орыс халқының өзара байланыстарының
дамуында тарихи ұзақ уақыт бойы сауда-саттық маңызды орын алды. Қазан және
Астрахан хандықтарына Ресейдің билігі орнатылып, Сібір жаулап алынғаннан
кейін Азияға баратын бірден-ақ маңызды екі сауда жолы: орта Еділ бойынан
Сібірге және одан әрі Орта Азияға апаратын Кама және төмендегі Еділді
бойлай, Жайық пен Каспий бағытында. Маңғыстау түбегі мен Орта Азия
хандықтарына бағытталған оңтүстік-шығыс жолдары орнатылды. Сібірдің кейбір
сауда-әкімшілік орталықтарының кеден ведомстволарының деректеріне
қарағанда, 1655-1670 жылдарда Тобылға қазақ даласы арқылы Орта Азия
қалаларынан жыл сайын 4 керуен., 1670-72 жылдарда – екі, ал одан кейінгі
жылдарда бір-бірден керуен келіп тұрған. Тараға XVII ғасырда жылына орта
есеппен алғанда көп дегенде – бір, кейбір жылдарда екі керуен, ал 1645-46
жылдарда үш керуен келген. Алайда тұтас алғанда, қазақ даласы арқылы өтетін
орыс-ортаазиялық транзиттік саудаXVI- XVIII ғасырдың басында әсте де
біркелкі дамыған жоқ, мұның өзі көптеген ішкі және сыртқы саяси жағдайларға
байланысты еді.
XVII ғасырдың соңғы ширегі – XVIII ғасырдың алғашқа үштен бірінде
қазақтардың жайық қазақтармен, еділ қалмақтарымен және башқұрттармен өзара
қатынастарының шиеленісуі, сондай-ақ жоңғарлардың Орта жүз бен Ұлы жүз
аумағына әскери басып кіруінің күрт жиілеп кетуі тікелей орыс-қазақ және
қазақ даласы арқылы көктеп өтетін Ресей – Орта Азия саудасының дамуына
елеулі кедергіге айналды. Қазақстанның солтүстік және оңтүстік шекералық
аймақтарының қазақтардың көшпелі көршілерімен үздіксіз дерлік қақтығыстары
аренасына айналуы салдарынан қазақ рулары мен бөлімшелерінің Ресеймен сауда
байланыстары сол кезенде іс жүзінде мүлде тоқтап қалды, ал сауда
керуендерді үш жүз қазақтарының қоныстарына соқпай. Еділ бойы мен Сібір
Орталық Азияның түрлі елдеріне (Жоңғария, Орта Азия хандықтарына) және
олардан кері қайтқанда Ертіс бойындағы жоңғар иеліктері мен Таулы Алтай
аудандары арқылы өтіп жүрді. Қазақтардың еуропалық халықтарымен және Ресей
аймақтарымен сыртқы сауда ішінара қарым-қатынасының дамуын XVIII ғасырдың
алғашқы үштен бірінде өткен ғасырларда ашылған географиялық ұлы
жаңалықтардың маңызды мәдени-тарихи салдары да қиындата түсті, ол
жаңалықтар құрлықаралық сауда коммуникацияларының дүниежүзілік тауар
айналымда құрлық ішіндегі саудадан құрлықаралық теңіз саудасына басымдық
берілуін туғызған еді. Осы ғаламдық геоэкономикалық өзгерістердің
салдарынан Еуразияның еуропалық бөлігінен Орта Шығыс елдеріне тауар
ағындарының Ұлы Жібек жолының құрғақтағы дәстүрлі маршруты мен басқа да
онша ірі емес сауда жолдары арқылы жүру қарқыны күрт нашарлады, ал
құрлықтың орталық көшпелі аймақтарына жаңа өнеркәсіп-қолөнер бұйымдары мен
технологияларлың келуі мүлде қысқарып кетті.
Қазақстан аумағындағы дәстүрлі сауда жолдары мен маршруттардың
құрлықаралық маңызының мүлде төмендеуі және Сыр өңірі аймағына жоңғарлардың
талай рет басып кіруінің зардаптары, атап айтқанда, XVIII ғасырдың 30-
жылдарында Қазақстан даласының оңтүстігінде халқаралық сауданың іс жүзінде
тоқтап қалуына алқынын тигізді, өлкенің бір кезде гүлдеген оңтүстік
қалалары (Түркістан, Сайрам, Сауран және басқалар) шағын ғана сауда-
экономикалық маңызы бар, халқы аз қалалық орталықтарға айналды; олардың
көпшілігі уақыт өте келе көбінесе аграрлық сипат алды. Сонымен бірге
Азияның көршілес елдерінен Сыр өңірі мен ортаазиялық рыноктарға түскен ауыл
шаруашылық өнімдері мен қолөнер бұйымдары біршама аз және олардың түр-
түрінің аз болуы себепті көшпелі халықтың өскелен тұтыну тілектерін
қамтамасыз ете алмады, ал қазақтардың Орал өңірінің, Төменгі Еділ бойы мен
Батыс Сбірдің неғұрлым ірі және таулары көп рыноктарына баруы, олар үшін
орыстардың нығайтылған бекіністерінің болуы, сондай-ақ Еділ – Орал
аймағындағы және Сібірдің оңтүстігіндегі әскери-саяси жағдайдың шиеленісуі
қиындата түсті.
Көшпелілерінің сауда-экономикалық саладағы аталған өзгерістердің өздері
үшін келеңсіз зардаптарын көршілес отырықшы-егінші халықтан қажетті өнімдер
мен бұйымдардың бір бөлігін күш қолданып тартып алу жолымен жоюға ұмтылуы
объективті түрде шекералық жанжалдардың өршуіне әкеп соқты. Тегінде,
Қазақстанның геосаяси кеңістігінің әс түрлі шекаралық учаскелерінде
қазақтардың башқұрттармен, қалмақтармен, орал мен сібір қазақтарымен қарулы
қақтығыстарының жиілей түскені туралы көз көргендердің көптеген хабарларын
осы жағдаймен байланыстыра қараған жөн.
XVII ғасырдың аяғы – XVIII ғасырдың басында Ресей мен қазақ жүздері
арасындағы дипломатиялық қатынас жандандырыла түсті. Екі тараптың өкілетті
өкілдері дүркін-дүркін келіссөздерінің аясындағы талқылау мәселелері:
тұтқындар алмасу рәсімі, қазақтар мен Ресей бодандары – қалмақтар, орал
және сібір қазақтары және башқұрттар арасындағы әскери жанжалдарды реттеу,
сондай-ақ орыс көпестерінің Кіші жүз бен Орта жүздің қазақ халқамен сауда
байланыстарын дамыту үшін қолайлы жағдайлар болды.
Әбілқайыр ханның 1715 жылғы башқұрттар жеріне жасаған әскери жорығы
кіруі қазақ билеушілерінің Қазан губерниясы мен Батыс Сібірдегі орыс
шекаралық өкімет орындарымен саяси қарым-қатынастарының жаңғыртылуына
тікелей себеп болды. Осыған байланысты 1715 жылдың күзінде башқұрт және
қырғыз-қазақ дауларын тыю және олардың тұтқындар алмасуы туралы мәселені
шешу мүдделерін көздеп, Әбілқайырдың жеке елшісі, Тайқоныр Құлтабаев батыр
Қазанға барып, онда жергілікті губернатор П.С. Салтыковпен келіссөз
жүргізді. Келіссөз аяқталмай қалып, үш жыл өткенсоң қазақ ханның өз
бастамасымен қайта жалғастырылды.
Келесі жылдың қыркүйегінде Тобылға құрамында Бекболат Екешев пен
Байдәулет Бөриев батырлар бар Қайып ханның елшілігі келді, оларға
қазақтардың солтүстіктегі көшпелі көршілерімен шекаралық жанжалдарын
реттеп, Сібір губернаторы М.П. Гагаринмен мәңгілік бітім жасау, Ресеймен
Жоңғарияға қарсы әскери одақ туралы келісімге қол жеткізу және оларға
сауда-саттық жолымен Тобылға баруға мүмкіндік беру үшін Ресейдің жақын
жердегі рыноктарына қазақ малшыларының кедергісіз баруына кепілдік алу
тапсырылған болатын.
Сібір астанасына жаңа қазақ елшігінің жіберілу фактісінің өзі мен Тәуке
мирасқорының Ресей губернаторына жоңғар қонтайшысы Цеван-Рабтанға қарсы
бірлескен соғыс қимылдары туралы ұсыныс жасауы көп жағынан И.Д. Бухгольцтің
әскери отрядтың Ертіс бойымен ілгерілеуінің нақты мән-жайларымен және оның
Ямышев көлі ауданында ойрат әскерлерімен қақтығысуына байланысты болатын.
Қайып ханның айтуына қарағанда, қонтайшының Ұ.М.И.-ға қарсыласатынын орыс
офицері Маркел Трубниковтан біліпті, ал оны подполковник И.Д. Бухгольц 1716
жылғы 1 қаңтарда Ертіс өңірінен жоңғар ханының ордасына жіберген екен,
бірақ Ямышев бекінісінен шыға бергенде ойраттар тұтқынға алған да, олардан
шекаралық жоңғар қарауылдарынан жақын жердегі Іле өзенінің жағасында қазақ
жігіттерінің тобы тартып алыпты. Орта Ертіс алабындағы Ресей-Жоңғар әскери
жанжалдары туралы өздерінің білетінін көзге көрсете растау үшін Бекболат
Екешев пен Байдәулет Бөриев М. Трубниковты қазақ ханның ордасынан Тобылға
апарған. М. Трубников та өз кезегінде, губернатор М.П. Гагаринге өзін
бүкіл қазақ ордасының келісімімен жіберілгендігін, ал оған Ұ.М.И.
адамдарымен тату болып, қалмақтармен бірлесіп соғысу керек екенін
айтқандығын мәлімдеген.
Қазақ елшігінің Тобылға келуі және оның жоңғарларға қарсы Ресеймен
әскери одақ жасасу туралы ұсынысы Сібір губернаторын 1716 жылғы 16 қазанда
Қайып ханға Никита Белоусов бастаған арнаулы жауап елшілігін жіберіп, оған
орыс шекералық өкімет орындарының Орта және Кіші жүз қазақтарымен тату
тұруға әзір екендігіне сендіруге және бір кезде өзінің ұлы мәртебелі
патшасы қонтайшыға әскер жіберуге құзыры түссе, ол осы келісімді
ескеретінін және сонда оларға ведомость жіберетінін хабарлауды тапсырды.
Ресей елшілері Түркістанға аман-есен жетіп, бір жылдай уақыт бойы Қайып
ханның жанында болды. Тобылға қайтып барғаннан кейін 1717 жылғы 26
қыркүйекте Н. Белоусов губернатор М.П. Гагаринге қазақ билеушісінің хатын
береді, онда хан өзінің қонтайшымен соғысу жөніндегі бұрынғы ниетін
қуаттап, сол жылдың жазғы айларында башқұрттар айдап әкеткен көптеген жылқы
табындарын қазақтарға жауабында М.П. Гагарин ханға айдап әкетілген жылқыны
табуға және Тобыл қаласында орыс-қазақ айырбас саудасын дамытуға қамқорлық
жасауға тырысатынын хабарлады.
Алайда 1717 жылдың күзінде Әбілқайыр Қазан губерниясының ішкі уездеріне
тағы да бір ірі жорық жасады, содан кейін башқұрттар мен сібір қазақтары
шекаралас қазақтар ауылдарына жауап реттінде басып кірді. Осы негізде
тұтқындар алмасу мен мал жағдайы, сондай-ақ Қазақстанның Ресеймен
шекарасындағы әскери-саяси ахуалды ретке келтіру мәселесі қайтадан маңыз
алды.
Аталған мәселелерді шешу үшін 1717 жылдың аяғында Қайып және Әбілқайыр
хандарға Қазаннан уфа дворяны Федор Жилин жіберілді, ал 1718 жылдың
қаңтарында Тобылдан Түркістанға Борис Брянцев пен Яков Тарыштин және тілмәш
Қалбай Мамеевтен құралған ресей елшілері аттанып, олар қырда 1718 жылдың
жазына дейін болды. Ресей елшілерімен кездесулер барысында Әбілқайыр (4-7
мамыр) және Қайып (25 маусым – 12 шілде) хандар ұлы патша ағзаммен,
Ресейдің Қазан және Сібір губернияларындағы оның өкілетті өкілдерімен
мәңгі татулықта және одақтасып тұруға, орыс көпестерімен сауда байланысын
дамытуға және өз бодандарының көршілерінен малды ұрлап әкеутіне бірлесіп
жол бермеуге мүдделі екендіктерін білдірді.
Патшалық шекералық әкімшілікпен бейбіт келіссөздердің жаңғыртылуын
Қайып және Әбілқайыр хандар I Петрмен жоңғарларға қарсы әскери-саяси одақ
жасасу үшін пайдалануға тағы да әрекет жасады және сол мақсатты көздеп,
еліне қайтқан ресей елшілерімен бірге Қазан мен Тобылға аталған мәселелерді
талқылау үшін өздерінің жеке өкіледерін қосып, оларға губернаторлар П.С.
Салтыков пен М.П. Гагариннің атына өздері хат жазып жіберді. Атап айтқанда,
Сібір губернаторымен 1718 жылы келіссөз жүргізген батырлар: Елмет Баулыков
(мамыр); Шаба, Баһадүр, Сапа, Итмәмбет және Бақұрман (7 қазан); сондай-ақ
Бәйбек пен Төлебай (28 қазан). Нақ сол жылдың 10 желтоқсанында қырдан орыс
елшісі Федор Жилинді Қазанға жеткізген Тантай Арыстанов және Тоғынұр
Құлтабаев батырлардың қазақ елшілігі Қазан губернаторымен жоңғар ханына
қарсы ұрыс қимылдарын келісе отырып жасау проблемасын талқылады.
Алайда Қайып пен Әбілқайырдың хаттарында айтылған бірлесіп жоңғарларға
қарсы соғыс жорығын жасау туралы ұсынысты Ресейдің орталық үкіметі
мақұлдамады, ол Жоғарғы Ертіс өңірі ауданындағы орыс-ойрат шекаралық
қайшылықтарын тез арада шешуге және күмәнді Еркеті қаласының орналасқан
жерін табудың сәтті болуына мүдделі болатын. І Петрдің ресми өкімін негізге
ала отырып, Қазан губернаторы П.С.Салтыков өзінің Қайыпқа 1719 жылғы 8
қаңтарында жіберген жауап хатында оның жоңғар ханымен соғысу ниетін
жалпылама мақұлдаған емеурінмен шектелді және әскери көмек туралы қандай да
болсын нақты уәде беруден тартынып, оған оның, Қайып ханның, оған
қонтайшыға, өз дегеніне істей беруіне мәлімдеді. Кейінгі жылдардағы
сияқты, бұл жағдайда да Жоңғар хандығы жөніндегі Петербургтің ресми
көзқарасы оның Цин империясының тез өсіп келе жатқан әскери күш-қуаты мен
экспансиялық дәмелеріне іс жүзіндегі қарама-қарсы маңызды стратегиялық рөл
атқаратынымен анықталды, осыны ескере отырып, патша өкіметі Жоңғарияның
едәуір әлсіреуін қаламады, барлық дауыл мәселелерді бейбіт жолмен шешуді
жөн көрді және бұл орайда ойраттардың ресей бодандығын қабылдауынан үміт
үзбеді.
Жоңғар әскерлерінің Орта жүз бен Ұлы жүз жеріне ендей басып кіруі
жағдайында қазақтар өздеріне тиесілі көшіп-қонып жүрген орындарын аймақтың
солтүстігіне – Жайық, Елек және Тобыл ауданына ығысуға мәжбүр болды, онда
оларға басқа да көшпелі халықтармен – Сібірдің оңтүстігінде және Еділ-Жайық
аумағында мекендеген Ресей бодандарымен жайылым үшін күресуге тура келді.
Соның нәтижесінде қазақ руларының алдында Жайықтың төменгі және орта ағысы
бойындағы шөбі шүйгін қоныстарды өздеріне қаратып алу проблемасы тұрды,
онда оның оң жағалауындағы көз қызықтыратын жайылымдарға жол ашылатын еді
және орыс рыноктарымен байланыстарды кеңейтуге мол мүмкіндіктер болатын.
Аймақтың солтүстігі мен солтүстік-батысындағы жайылымдық жерлерді күш
қолданып кеңейту әдістерімен қатар қазақ билеушілері өздерінің көшпелі
көршілерімен қарым-қатынастарында қатты шиеленіскен жер мәселесін Астрахан
мен Қазандағы патшалық шекаралық өкімет орындарымен бейбіт дипломатиялық
келіссөздер арқылы шешуге тырысты. Кіш жүз ақсақалдары Арал өңірі даласынан
1725 жылдың жазында жіберген қазақ елшісі Қойбағар Көбековтың Петербургке
барған дипломатиялық миссиясы сол бағыттағы алғашқы практикалық қадамдардың
бірі болды.
Бұл елшіліктің ұйымдастырылуына Ресейдің Бұхарадағы елшісі Флорио
Беневенидің пошта тасушысы, қазақтар және олармен одақтас қарақалпақтар
1724 жылы Аралдың солтүстік-шығыс өңірінде тұтқынға түсірген, Әміремзей
деген лақап аты бар башқұр саудагері Мақсұт Юнусовтың Кіші жүз қазақтарының
руларының қоныстарында амалсыз жүруі нақты себеп болды. Қазақ ақсақалдары
бұл тұтқынды жарты жылдай аманат жағдайында ұстап, М.Юнусовқа өздері орыс
императорынан өздерінің бітім туралы өтінішіне мақұлдаған және жақсы жауап
алған кезге дейін оны ауылдарынан жібермейтінін мәлім еткен еді.
Осындай ерекше жағдайда Кіші жүздің алшын руларымен және жергілікті
қарақалпақтардың билеуші бетке ұстарларымен белсенді түрде әңгіме жүргізген
Мақсұт Юнусов оларға ақ патша Ресей бодандығын қадылдау туралы өтініш
жасауды ұсынды және есесіне қазақтар мен қарақалпақтарға, бейнебір жоғары
мәртебелі тақ иесінің мақұлдағаны іспетті, Жоңғар хандығына қарсы Ресейдің
әскери көмегіне уәде берді.
Кіші жүз қазақтары ақсақалдары Соғыр, Едікбай, Қажыбай және
басқаларының атынан молда Мақсұт Юнусовтың арқылы бойынша 1725 жылғы шілде-
тамыз айларында Петербургке жіберілген Қойбағар Көбековтің дипломатиялық
миссиясына осы өте көкейкесті міндетті шешу жүктелді.
М.Юнусовты ерткен қазақ елшісі 1726 жылғы 18 қаңтарда Ресей астанасына
барып, онда Сыртқы істер алқасының шенеуніктеріне қазақ және қарақалпақ
ақсақалдары жазған екі хатты табыс етті. Олардың біріншісінде және елшінің
өзі ауызша айтқан сөздерде Аюке хан сияқты Ұ.И.И қамқорлығында болуға
тілек білдірді және қазақтардың башқұрттар мен Жайық арасында, Кіші Жар
тауы маңында көшіп жүруіне рұқсат ету, олардың елге тереңдей еніп,
Ресейдің ірі қалаларына еркін және қауіпсіз баруын қамтамасыз ету, жайық
қазақтары мен башқұрттардың шабуылдарынан қауіпсіздікке кепілдік, сондай-ақ
тікелей Уфада тұтқындар алмасуды жүргізуге құқық беру туралы өтініш
жасалған.
Алайда Сырдарияның сағасы жағындағы қазақ ақсақалдарына Мақсұт
Юнусовтың алдын ала үйіп-төгіп сөз бергеніне қарамастан, Қ.Қөбековтің ақ
патшадан қамқорлық сұраған өтініші ол кезде Ресей үкіметін қызықтыра
қоймады. Патша төрелері сол кездегі жағдайда қазақтарды Ресей бодандығына
қабылдау Ресей үшін тиімсіз деп тапты, өйткені бұл Сібірдің оңтүстік шекара
маңы аудандарында патшалық өкімет орындарының әскери-саяси шептері жалпы
әлсіз болып тұрған жағдайда оның Жоңғар хандығымен өзара қатынастарын
едәуір қиындатып жіберуі мүмкін еді. Осы екі себеп бойынша Көбеков
Петербургтен ешқандай жауап ала алмай кетті. Бұл сапар жөнінде Сыртқы істер
алқасының ресми бұрыштамасында былай делінген: Ұлы мәртебелі императордың
қамқорлығында болатындай, пайдасы көрінбейді.
Қ.Қөбеков миссиясының сәтсіз нәтижелеріне қарамастан, 1729 жылы
Әбілқайыр Тобылдағы Ресей өкіметі орындарына жолдастарымен Бекболат өкіл
болған 4 адамнан кезекті елші жіберді. Сібір мұрағаты құжаттарының дені
кезінде мүлде жоғалтып жіберілгендіктен, Ресейге бұл қазақ елшілігін
жіберудің нақты мән-жайы мен себептері қазіргі зерттеушілерге көп жағынан
беймәлім болып қалуда. Алайда аймақтың солтүстік жағында сол кезде
халықаралық жағдайдың күрделі сипаты болғанын ескере келгенде, Бекболат пен
оның серіктерінің міндеттері Ресей бодандығындағы көршілес халықтар мен
қазақтардың өзара қатынастарындағы әскери-саяси шиеленісті бәсеңдетуге және
патша өкіметі орындары бұрын қолға түсірген қазақтарды қайтаруға келіп
сайды деп зор сеніммен айтуға болады.
Орыс-қазақ, қазақ-қалмақ және қазақ-башқұрт қатынастарын реттеу мен
аймақтың солтүстік-батысында және солтүстігінде Кіші жүз бен Орта жүз
қазақтарының кедергісіз көшіп жүруінің берік құқықтық кепілдігін алу
проблемасы қазақтың көшпелі бірлестіктері үшін, әсіресе олардың жазғы
жайлауы Ресейдің кең-байтақ жер иеліктерінің шекарасына жапсарлас жатқан
бөлімшелері үшін жыл өткен сайын барынша көкейкесті сипат ала берді.
Сондықтан 1730 жылдың мамырында Ресеймен бітім туралы шарт жасасу
мақсатымен Кіші жүз бен Орта жүз өкілдерінің жиналысында патша үкіметіне
арнайы елші жіберуге бірлескен шешім қабылданды. Бұл дипломатиялық міндетті
іс жүзіне асыру тікелей Әбілқайырға жүктелді.

1.2. ХVІІІ ғасырдың 30-50 жылдардағы қазақ-орыс қатынастары

А.И. Тевкелев елшілігі. Састөбе құрылтайында қызу айтыс тудырған
мәселелердің бірі жоңғарға қарсы әскери одақ сипаты еді. Әбілқайыр хан
бастаған топ Ресей мемлекетімен жаңа мазмұндағы қатынас жасауға көшу
бағытын ұстайды. Құрылтайдан оралған бетте Әбілқайыр хан Ресей патшасымен
әскери одақ құру жөніндегі Кіші жүз билеушілерінің келісімін алып, Уфадағы
патша өкілдігі арқылы Петербургке Құтлымбет Қоштайұлы бастаған, құрамында
жеті адам бар елшілік жібереді. Ал ханның өзі құпия түрде елшілікке Ресей
патшасымен тек әскери одақ құру жөнінде келіссөз жүргізіп қайтуды емес,
қазақ елін тұтас империя құрамына алу туралы өтінішті жеткізуді тапсырады.
Патша сарайы Әбілқайыр хан елшілігін көңілді қарсы алып, түрлі сый-
сияпат көрсетіп, соңында оған Сыртқы істер министрлігінің тілмашы А.И.
Тевкелев бастаған Ресей өкілдігін күзетуші әскерімен қосып қайтарады.
Тевкелевке “қырғыз-қайсақ ордасын Ресей ықпалына” алу жөнінде акт қабылдау
тапсырылады. Жазба түрінде берілген  нұсқауда  “егер хан мен жанындағылары
басқа ниет танытар болса, онда Тевкелевке оларды көндіру жүктеледі”.
Татар мырзасы А.И. Тевкелев Ресейдің Қазақстанмен қатынасы ісінде жаңа
адам емес-тін. Ол кезінде император І Петрдің “егер бұл орданың құзырымызға
шын кірмек ниеті болмаса... жоқ дегенде бір парақ қағазға түскен уәдесін
алсақ та жеткілікті” деген тапсырмасын естіген адам еді.
А.Тевкелев елшілігі 1731 ж. 5 қазанда Ырғыз өзенінің бойындағы Майтөбе
атты жерде отырған хан ауылына жетеді. Алғашқы келіссөздерде-ақ Әбілқайыр
ханның өтірігі шыға бастайды. Ол жөнінде П.И. Рычков: “Тевкелев ордаға
келгенде халық ханға “мұндай мәселені бізбен ақылдаспай жалғыз шештің”
деген мағынада көптеген ауыр айыптаулар тағып, соған байланысты аса зор
кедергілерге жолықты”, —  деп жазды. Тевкелев ханнан мұндай өтінішті жеке
өзі емес, жалпы қазақ жұртының атынан неге жасағандығын түсіндіруді
сұрайды. Хан ондай қадамның өтініш тек жеке өз атынан ғана жасалса,
патшаның қанағаттандырмай тастауы мүмкін-ау деген қауіптен туған шара
екендігін айтады.
Әбілқайыр хан Ресей патшасына өтініш жасау себептерін де атайды. Олар,
біріншіден, ел ішінде беделден айырылған хандық билікті орыс патшасының
қолдауына сүйене отырып қайта жандандыру ниетінің бар екендігі және
екіншіден, орыс әкімшілігінен казак әскерлерінің, башқұрт пен қалмақтардың
қазақ ауылдарына шабуылына тыйым салуды өтініп, сол арқылы қазақтарға
негізгі қарсыласы жоңғар қалмақтарымен күресуге мүмкіндік әперу еді.
1731 ж. 7 және 10 қазан күндері хан үйінде Тевкелевтің би және
батырлармен кездесулері өтеді. Алғашқы жүздесуде Тевкелевтің орыс патшасы
“қырғыз-қайсақ қолдарына қолдау көрсетіп, сіздердің өз өтініштеріңіз
бойынша Ресей қол астына алуға бұйырды” деген сөзіне жиналғандар жауап
берместен, елшіні орналасқан үйіне қайтарып, соңынан өлтірмек болады. Соның
арасында елші аса ықпалды Бөгенбай батырмен жасырын жолығып, оны өз сөзін
сөйлеуге көндіреді. Екінші кездесуде жиналғандардың басым бөлігі “ашулы
сөйлеп”, ешкімнің де “қол астында болуға мұқтаж емес екендіктерін”, ханға
орыс патшасымен тек әскери одақ құру құқын бергендіктерін мәлімдейді.
Дегенмен соңғы кездесуде Бөгенбай батырдың ықпалымен ханнан басқа 29 ел
билеуші билер тобы патша әкімшілігі даярлаған грамотаға қолдарын қойып, ант
береді.
Сәл кейінірек, яғни 1731 ж. желтоқсанында Тевкелев Кіші жүздің тағы
біраз сұлтандарының, сондай-ақ Орта жүздің бір бөлігін билеушілердің антын
қабылдайды. Орта жүздің басым бөлігінің билеушілері ант беруден бас
тартады. Ал Ұлы жүзбен бұл жолы ешқандай байланыс жасалынбайды.
Дегенмен, Тевкелев елшілігі қазақ елінің Ресей империясының құрамына
ену үрдісін бастап берген еді. А.И.Тевкелев кейінірек бұл атқарған ісі
жөнінде: “Мен, құлыңыз, ешқандай тән азабынан қашпай, тек өз отаныма қызмет
көрсету ниетіммен, екі жылға жуық мерзім басымды өлімге тігіп, барлық
қиындыққа төзіп... барлық айла-әрекетті қолданып, бұл істі жақсы нәтижемен
аяқтадым, яғни орданы түгел бодандыққа алып келдім” деп жазды.
1731 ж., яғни патша әкімшілігі даярлаған грамотаға ант беріп, қол қояр
қарсаңда қазақ билеуші тобының арасында бұл мәселеге байланысты ортақ шешім
болған жоқ. Міне, сондықтан да кезінде ғылыми жұмыстарда қалыптасқан қазақ
елінің өз еркімен Ресей империясы құрамына енгендігі жөнінде жасалған
тұжырымның өмірлік негізі әлсіз болатын.
Грамота бойынша оған қолын қойған қазақ билеушілері мынадай
міндеттемелер алды: Ресей империясының шығыс шекарасын қазақ елі мен көрші
халықтардың шабуылынан қорғау; қазақ даласы арқылы Орта Азия хандықтарына
өтетін ресейлік көпестердің сауда керуендерін қорғау; тері және бағалы
елтірі түрінде алым төлеу; қажет болған жағдайда патша әскеріне қосымша
әскер күшін беру.
Құжатта екі жақтың ара қатынасына байланысты басқа да (әкімшілік-
басқару, шекара, т.б.) өзекті мәселелер қозғаусыз қалды. Өйткені әуел
бастан-ақ орыс патшасы қазақ хандығын өзіне тең санаған жоқ, сондықтан да
патшалық әкімшілік грамотада көтерілмеген мәселелерді болашақта өз
қалауынша шешетіндігіне сенімді болды. Сөйтіп, қазақ елінің бір бөлігі
Ресейдің қамқорлығын (протектораттығын) мойындайды.
Ресей қамқорлығына өту жоңғар қалмақтарының шабуылын тоқтата алған
жоқ. 1742 ж. жоңғар қолдары Орта жүздің жеріне басып кіріп, ел
билеушілерінің біразы аманат беріп, тәуелділігін мойындайды. Бұған шейін
жоңғар қонтайшысы аманатқа Ұлы жүздің билеушісі Төле бидің баласы Жоланды
алған болатын. Ресей үкіметінің қолдауымен Түркістандағы бас хандық таққа
отырудан үміттенген Әбілқайыр хан өз арманына жақындай да алған жоқ, қайта
ол орыс әкімшілігіне аманатқа алдымен Ералы, сонан соң Қожахмет атты
ұлдарын беріп, тәуелділігін тереңдете түсті. “Патшалық ішінде патшалық
болмайды!” деген принципті ұстанған патша үкіметі ендігі уақытта Әбілқайыр
ханның билігін нығайту емес, қайта әлсірете түсу жолында тұр еді.
Ресейдің отарлау шаралары. Тевкелев елшілігінің нәтижелеріне
қанағаттанған патша үкіметі жедел түрде Қазақстанды игеру шараларына
кірісіп кетті.
1734 ж. мұнда сенат хатшысы И.К.Кириллов бастаған экспедиция
жіберілді. Оған көмек беруге Тевкелев бекітілді. Экспедицияға Қазақстанның
жер қойнауы байлықтарын, әсіресе алтын мен күміс кен орнын анықтау, сондай-
ақ Орта Азия хандықтарына жол ашу, осы мақсатта қазақ даласын пайдалану
мүмкіндіктерін қарастыру жүктелді. Қазақ елі мен Ресей империясының
шекарасы ретінде Жайық өзенінің бойы белгіленді.
1735 ж. Ор өзенінің бойына Орынбор бекінісі түсті. Бекіністің салынуын
әскери оккупация есебінде қабылдаған башқұрт халқы тынымсыз азаттық
көтеріліске шықты (1735, 1737, 1740). 1738 ж. көктемде көтеріліске шыққан
башқұрт билерінің өтініші бойынша Әбілқайыр хан башқұрт жеріне кіріп, орыс
билігін қолдайтын башқұрттарды тұтқынға алып, қалған біразынан алым-салық
жинатады. Осы оқиғадан соң башқұрттар мен қазақтардың орыс билігіне қарсы
күш біріктіруінен қауіптенген әкімшілік орындары қазақ билеушілерімен
қатынасын жұмсартып, түрлі айла-шарғыға көшеді. Сонымен бірге, бірінші
Орынбор генерал-губернаторы И.И.Неплюев (1744—1758) өзін-өзі ақтаған “тепе-
теңдік” (баланс) саясатын жүргізді. Оның мазмұны: Қазақстандағы бір емес,
бірнеше аса ықпалды билеушілерге қолдау көрсету, бірақ олардың ешқайсысын
да әкімшіліктің ырқынан шығып кетерліктей күшейтіп жібермеу. Белгілі
тарихшы М.П.Вяткин бұл саясаттың астарын ашып: “Ішкі феодалдық күрестің
асқынған сәтінде жүргізілген бұл саясат анархияны, мемлекеттік құлдырауды,
яғни қазақ жүздерін, алдымен Кіші жүзді әлсірету саясаты болды. Қазақ
қоғамының саяси әлсіздігі ғана патша үкіметіне қазақ жүздеріне қарсы кең
шабуылға өтуге мүмкіндік беретін еді”  деп жазды.
“Тепе-теңдік” саясатының ықпалын ең алдымен Әбілқайыр ханның өзі
сезінді. Ол өмірінің соңына қарай императрица Елизавета Петровнаға жолдаған
хатында: “...Мына қайсақ ордасын мен бодандыққа өткенге шейін ешкім де
білмейтін, оған алғаш жол салған мен, құлыңыз, менен соң балаларым да осы
жолда қызмет көрсетіп шен-шекпен алды. Ал бірақ жыл өткен сайын, аса жоғары
император мәртебелім, өзіңіздің маған деген қамқорлығыңыз бен сый-
құрметіңіз кеміп, оның есесіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылым тарихының зерттеудегі теориялық методологиялық мәселелері
Абылай сұлтанның қоғамдық-саяси өмірі
Әлеуметтік топтардың қызметінің негізгі бағыттарын айқындайтын зерттеулерді талдап, оның маңыздылығын айқындау
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Орынбор губернаторларының қазақ даласына қатысты саясатын толық және жүйелі көзқарас тұрғысынан зерттеу
Қазақ - Ресей саудасы
Сауда - экономикалық қатынастар
Қазақстанның патшалы Ресейге бодан болуы
Қазақстанның экономикалық тарихы пәнінен дәрістер
ХVІІІ ғасырлардағы қазақ далаларында қолданған ресми іс қағаздар тілі
Абылай ханның Қазақ хандығын біріктіруі
Пәндер