Қазіргі ағылшын тіліндегі синонимия құбылысы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3 . 4

1 ҚАЗІРГІ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ СИНОНИМИЯ ҚҰБЫЛЫСЫ 5

1.1 Синонимдар туралы түсінік 5 . 7
1.2 Ағылшын тіліндегі синонимдардың түрлері 8 . 13

2 АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ СИНОНИМДІК ЕТІСТІКТІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ 14

2.1 Сөздердің өзара ауыса жұмсалуы және үйлесімділігі туралы 14 . 16
2.2 To amuse, to entertain, to grip, to interest, to thrill етістіктерінің мағыналық және грамматикалық үйлесімдігі жайында 17 . 22

ҚОРЫТЫНДЫ 23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 24 . 25
КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың нысаны. Сөз бір қатар белгілері бар, күрделі құрылымдық – семантикалық бірлік болып табылады. Белгілердің сипатына тәуелді бүкіл сөздік топтарға және бір – бірімен байланысқан немесе бір – біріне қарсы қойылатын ішкі топтарға бөлінуі мүмкін. Кейде классификация кезінде бірнеше белгілерін ескереді. Мысалы, лексико – грамматикалық категория болып табылатын сөз табын бөлген кезде лексикалық мәні, сөз өзгеру жүйесі, синтаксистік сипаты, құрылымы және сөз құрылым тәсілдері ескеріледі. Ал әрбір семантикалық – құрылымдық белгілері бойынша әрбір сөз табында оданда кіші топтар бөлінеді.
Лексиканы мәндерінің ұқсастығы бойынша классификациялау кезінде заттық және анықтамалық мәндері ескеріледі. Ал семантикалық классификациясы кезінде бүкіл сөздік бір өрісті сөздіктік бірліктер тобына, яғни анықтамалық мәнінің ұқсастығымен байланысқан лексикалық бірліктерге бөлінуі мүмкін. Басқаша айтқанда, тематикалық біріктірілген сөздіктік бірліктер немесе бір семантикалық өріске жататын бірліктер. Семантикалық өріс – бұл объективті шындықта бір бірімен байланысқан заттар, құбылыстар, әрекеттер сәйкес келетін ұғымдардың жиынтығы.
Бір өрісті сөздер категориялы бірдей болуы мүмкін және әртүрлі сөз табында болуы мүмкін. Категориялы бірдей бір өрісті сөздерге мыналар жатуы мүмкін: мағынасының көлемі бойынша сәйкес келмейтін, бірақта анықтамалық мағынасы ұқсас болатын бірдей заттық мағыналы сөздер; мағынасы бойынша қарама – қарсы қойылатын сөздер жатады (антонимдер), және мағынасы бойынша қарама – қарсы қойылмайтын сөздер жатады.
Жұмыстың өзектілігі. Синонимдер – бұл бір мағына беретін, бірақта лексикалық белгілерімен бір бірінен және сөйлемде қолданылуымен ерекшеленетін бір сөз тіркесінің сөздері. Тілде синонимдер жүйелік сипаттағы сөздер тобын және сөз тіркесін құрайды. Синоним деп мағынасы бір сөздерді, ұқсас мағыналы сөздерді, бір түсінікті немесе түсінігі бойынша өте жақын сөздерді, мазмұны бірдей немесе заттық – логикалық мазмұны өте жақын сөздерді, мағынасы бойынша жақын бірін бірі ауыстыра алатын сөздерді атайды.
Синонимдер заттардың бірдей класын атайды. Бірдей заттар кездейсоқтыққа қатысты немесе логикалық қажеттіліккеқатысты екі атқа ие болады (бұл жағдайда оның біреуі қолданудан шығып, тек кейбір сөз тіркестерінде ғана қолданылады): әрбір сөз затты әртүрлі сипаттайды (бұл жағдайда екі атауда тілде сақталады, олар әртүрлі сөз тіркестерінде бекітіледі).
Лексикологияда синонимдер туралы айтқанда сөздің сөздіктік мәнін салыстыруды айтады. Синонимикалықтың белгісі мәндерінің көлемінің сәйкестігі және сөзді барлық заттарды атау үшін пайдалану мүмкіндігі болып табылады. Қандайда бір жағдайда бір затқа көрсететін, бірақта көлемдері әртүрлі болатын сөздер синоним болмайды. Мысалы, бір адам, құрлысшы, шахматшы, ақын болуы мүмкін, сондықтан құрлысшы, шахматшы және ақын деп аталуы мүмкін. Бірақта бұл сөздерді синоним деп санауға болмайды, себебі олар әртүрлі сөздіктік мәнге ие және олардың мәндерінің көлемдері сәйкес келмейді: ақындардың барлығы шахматшы бола бермейді, барлық құрлысшы ақын бола бермейді. Синоним ретінде бір класс сөздерінің аталуы пайдаланылуы мүмкін. Кез келген доктор дәрігер болып табылады, кез келген астронавт – космонавт, кез келген көшірмені оригинал деп айтуға болады. Сондықтан доктор және дәрігер, астронавт және космонавт, оригинал және көшірме сияқты зат есімдер синоним болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты синонимикалық қатарға және тақырыптық топқа шек қою.
Жұмыстың міндеттері:
1. Компоненттік талдауды жасау және кесте құру;
2. Сын есімдердің зат есімдермен және етістіктермен бірігу кестелерін құру;
3. Сын есімдердің синонимикалық қатарын және тақырыптық топтарына шек қою.
Зерттеу әдістері: Салыстырмалы әдіс қосымша лингвистикалық пәндерде де қолданылуды табады – екі тілді сөздіктерді жасаудағы теория мен практикада, екінші тілді оқыту әдістемесінде. Салыстырмалы әдіс бойынша бір тілдің екінші тілге әсер ету дәрежесі мен сипаты зерттеледі. Салыстыру әрбір тілдегі зерттелетін құбылыстарды ашуға мүмкіндік береді. Зерттеудің жаңа проблемалары мен мақсаттары талдау әдістері мен тәсілдерге өзгерістер енгізеді. Салыстыру әдісі – бұл салыстырылатын тілдердегі жалпы мен ерекшеліктерді көрсету үшін пайдаланылатын тәсілдер мен әдістер жүйесі. Салыстыру әдістемесінде тілдерді салыстыру зерттеу негізінде жатыр. Тілді зерттеудегі салыстырудың негізі тәсілдері: салыстырудың негізін құру, салыстыру интерпретациясы және типологиялық сипат. Параллельді зерттеу әдістемесінің негізі құбылыстар мен фактілердің негізінде жатыр, ал алынған нәтижелер салыстырылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Антрушина Г.Б, Афаносьева О.В, Н.Н. Морозова «Лексикология английского языка, English lexicology», М – «Дрофа» - 2001, 288 с.
2. Арбекова Т.И. «Лексикология английского языка (практический курс), М – «Высшая школа» - 1977, 240 с.
3. Беляева М.А. Грамматика английского языка. М.1984
4. Блох М.Я. Теоретическая грамматика современного английского языка. М. 1983 ( A Course in Theoretical English Grammar)
5. Блох М.Я., Лебедев А.Я., Денисова В.С. Практикум по грамматике английского языка. (Training in English Grammar) М. 1985
6. Бонк Н. А. и др. Учебник английского языка в 2 ч. Часть I. Любое издание.
7. М.Г. Вавилова. Как общаются англичане. М., изд-во ВЕЧЕ, 1997
8. Джозеф Девлин «Dictionary of synonyms and antonyms, Словарь синонимов и антонимов английского языка», М – «Центрполиграф» - 2002, 559 с.
9. Жигадло В.Н., Иванова И.П., Иофик Л. Л. Современный английский язык. М.1956
10. Зыкова И.В «Практический курс английской лексикологии, A practical course in English lexicology», М - «Academic» - 2006, 288 с.
11. Иванова И.П., Бурлакова В.В., Почепцов Г.Г. Теоретическая грамматика современного английского языка. М. 1981
12. Костиникова О. А.. Basic English Lexicology. Сочи, 2000.
13. Методика преподавания иностранных языков за рубежом. Сост. М. М. Васильева и Е. В. Синявская. М., Прогресс, 1967.
14. Минаева Л.В «Слово в языке и речи, Учебное пособие для вузов», М – «Высшая школа» - 1986, 147 с
15. Общая методика обучения иностранным языкам в средней школе. М., 1967.
16. Программа по иностранному языку для средней школы. М., Просвещение, 1981.
17. Старков А.. П. Обучение иностранному языку в средней школе. М., Просвещение, 1978.
18. Шахназарова В. С. Английский для вас. Любое издание.
19. Эккерсли К. Учебник английского языка в 4 ч. Любое издание.
20. Хэкболдт П. Изучение иностранных языков. М., Просвещение, 1963.
21. Arnold I.V. «The English Word», М – «Высшая школа» - 1986, 295 с.
22. Flower J. Berman M. Build your vocabulary 2. LTP, London, 1998.
23. Murphy R. English Grammar in Use. M., 1997.
24. Ur P. A Course in Language Teaching: Practice and Theory. Cambridge University, 1997.
25. The All Nations Dictionary (International Phonetic Alphabet). All Nations Literature, Colorado Springs, 1992

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3 - 4

1 ҚАЗІРГІ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ СИНОНИМИЯ ҚҰБЫЛЫСЫ 5

1.1Синонимдар туралы түсінік 5 - 7
1.2Ағылшын тіліндегі синонимдардың түрлері 8 - 13

2 АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ СИНОНИМДІК ЕТІСТІКТІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ 14
ЕРЕКШЕЛІГІ

2.1Сөздердің өзара ауыса жұмсалуы және үйлесімділігі туралы 14 - 16
2.2To amuse, to entertain, to grip, to interest, to thrill 17 - 22
етістіктерінің мағыналық және грамматикалық үйлесімдігі
жайында

Қорытынды 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 24 - 25

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың нысаны. Сөз бір қатар белгілері бар, күрделі
құрылымдық – семантикалық бірлік болып табылады. Белгілердің сипатына
тәуелді бүкіл сөздік топтарға және бір – бірімен байланысқан немесе бір –
біріне қарсы қойылатын ішкі топтарға бөлінуі мүмкін. Кейде классификация
кезінде бірнеше белгілерін ескереді. Мысалы, лексико – грамматикалық
категория болып табылатын сөз табын бөлген кезде лексикалық мәні, сөз
өзгеру жүйесі, синтаксистік сипаты, құрылымы және сөз құрылым тәсілдері
ескеріледі. Ал әрбір семантикалық – құрылымдық белгілері бойынша әрбір сөз
табында оданда кіші топтар бөлінеді.
Лексиканы мәндерінің ұқсастығы бойынша классификациялау кезінде заттық
және анықтамалық мәндері ескеріледі. Ал семантикалық классификациясы
кезінде бүкіл сөздік бір өрісті сөздіктік бірліктер тобына, яғни
анықтамалық мәнінің ұқсастығымен байланысқан лексикалық бірліктерге бөлінуі
мүмкін. Басқаша айтқанда, тематикалық біріктірілген сөздіктік бірліктер
немесе бір семантикалық өріске жататын бірліктер. Семантикалық өріс – бұл
объективті шындықта бір бірімен байланысқан заттар, құбылыстар, әрекеттер
сәйкес келетін ұғымдардың жиынтығы.
Бір өрісті сөздер категориялы бірдей болуы мүмкін және әртүрлі сөз
табында болуы мүмкін. Категориялы бірдей бір өрісті сөздерге мыналар жатуы
мүмкін: мағынасының көлемі бойынша сәйкес келмейтін, бірақта анықтамалық
мағынасы ұқсас болатын бірдей заттық мағыналы сөздер; мағынасы бойынша
қарама – қарсы қойылатын сөздер жатады (антонимдер), және мағынасы бойынша
қарама – қарсы қойылмайтын сөздер жатады.
Жұмыстың өзектілігі. Синонимдер – бұл бір мағына беретін, бірақта
лексикалық белгілерімен бір бірінен және сөйлемде қолданылуымен
ерекшеленетін бір сөз тіркесінің сөздері. Тілде синонимдер жүйелік
сипаттағы сөздер тобын және сөз тіркесін құрайды. Синоним деп мағынасы бір
сөздерді, ұқсас мағыналы сөздерді, бір түсінікті немесе түсінігі бойынша
өте жақын сөздерді, мазмұны бірдей немесе заттық – логикалық мазмұны өте
жақын сөздерді, мағынасы бойынша жақын бірін бірі ауыстыра алатын сөздерді
атайды.
Синонимдер заттардың бірдей класын атайды. Бірдей заттар
кездейсоқтыққа қатысты немесе логикалық қажеттіліккеқатысты екі атқа ие
болады (бұл жағдайда оның біреуі қолданудан шығып, тек кейбір сөз
тіркестерінде ғана қолданылады): әрбір сөз затты әртүрлі сипаттайды (бұл
жағдайда екі атауда тілде сақталады, олар әртүрлі сөз тіркестерінде
бекітіледі).
Лексикологияда синонимдер туралы айтқанда сөздің сөздіктік мәнін
салыстыруды айтады. Синонимикалықтың белгісі мәндерінің көлемінің
сәйкестігі және сөзді барлық заттарды атау үшін пайдалану мүмкіндігі болып
табылады. Қандайда бір жағдайда бір затқа көрсететін, бірақта көлемдері
әртүрлі болатын сөздер синоним болмайды. Мысалы, бір адам, құрлысшы,
шахматшы, ақын болуы мүмкін, сондықтан құрлысшы, шахматшы және ақын деп
аталуы мүмкін. Бірақта бұл сөздерді синоним деп санауға болмайды, себебі
олар әртүрлі сөздіктік мәнге ие және олардың мәндерінің көлемдері сәйкес
келмейді: ақындардың барлығы шахматшы бола бермейді, барлық құрлысшы ақын
бола бермейді. Синоним ретінде бір класс сөздерінің аталуы пайдаланылуы
мүмкін. Кез келген доктор дәрігер болып табылады, кез келген астронавт –
космонавт, кез келген көшірмені оригинал деп айтуға болады. Сондықтан
доктор және дәрігер, астронавт және космонавт, оригинал және көшірме сияқты
зат есімдер синоним болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты синонимикалық қатарға және тақырыптық топқа
шек қою.
Жұмыстың міндеттері:
1. Компоненттік талдауды жасау және кесте құру;
2. Сын есімдердің зат есімдермен және етістіктермен бірігу кестелерін
құру;
3. Сын есімдердің синонимикалық қатарын және тақырыптық топтарына шек
қою.
Зерттеу әдістері: Салыстырмалы әдіс қосымша лингвистикалық пәндерде де
қолданылуды табады – екі тілді сөздіктерді жасаудағы теория мен практикада,
екінші тілді оқыту әдістемесінде. Салыстырмалы әдіс бойынша бір тілдің
екінші тілге әсер ету дәрежесі мен сипаты зерттеледі. Салыстыру әрбір
тілдегі зерттелетін құбылыстарды ашуға мүмкіндік береді. Зерттеудің жаңа
проблемалары мен мақсаттары талдау әдістері мен тәсілдерге өзгерістер
енгізеді. Салыстыру әдісі – бұл салыстырылатын тілдердегі жалпы мен
ерекшеліктерді көрсету үшін пайдаланылатын тәсілдер мен әдістер жүйесі.
Салыстыру әдістемесінде тілдерді салыстыру зерттеу негізінде жатыр. Тілді
зерттеудегі салыстырудың негізі тәсілдері: салыстырудың негізін құру,
салыстыру интерпретациясы және типологиялық сипат. Параллельді зерттеу
әдістемесінің негізі құбылыстар мен фактілердің негізінде жатыр, ал алынған
нәтижелер салыстырылады.
1 ҚАЗІРГІ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ СИНОНИМИЯ ҚҰБЫЛЫСЫ
1.1 Синонимдар туралы түсінік

Заттық мағынасы бірдей сөздер сияқты синонимдер арасындағы айырмашылық
бірнеше түр бойынша жүруі мүмкін. Синонимдер барлық сөздіктік мағынада
сәйкес келмеуі мүмкін (егер салыстыратын сөздер көпмағыналы болса); барлық
комбинаторлық мағынада сәйкес келмеуі мүмкін (яғни үйлесушілігі бойынша
айырылады); мағынаның компоненттік құрамы бойынша ерекшеленеді (яғни
әртүрлі анықтамалық, эмоционалдық және ассициативтік мағыналы болады);
таралу орны, пайдалану уақыты және қолданылу ортасы бойынша ерекшеленеді.
Сөйтіп, синонимдар арасындағы айырмашылық (егер көп мағыналы сөздер
өздерінің бір мағынасында салыстырылса) стилистикалық сипатқа ие. Айтылған
белгілерге байланысты синонимдардың бірнеше түрін бөліп көрсетуге болады.
Олардың негізгілері мыналар болып табылады:
а) толық және дербес синонимдер;
б) комбинаторлық теңбе – тең және комбинаторлық теңбе – тең емес;
в) компоненттік құрылымы бойынша бірдей (семантикалық дублеттер) және
өзгеше (эмоционалдық теңбе – тең емес, ассоциативті теңбе – тең емес,
анықтамалық теңбе – тең емес);
г) бір стилді және әртүрлі стильді.
Ерекше топты америко – британдық синонимдер құрайды, яғни ағылшын
тіліндегі американдық және британдық бірдей заттардың атауы сәйкес келеді.
Синонимдер типтерін көрсету әртүрлі белгілер бойынша
келтірілгендіктен, бір синонимдер бірдей жағдайда әртүрлі түрге жатуы
мүмкін, мысалы, орналасу орны бойынша айырылатын дербес эмоционалдық теңбе
– тең емес синонимдер; дебес эмоционалды және ассоциативті теңбе тең емес
әртүрлі стильді синонимдер және т.б.
Сөздердің мағынасын салыстырғанда және сөздердің арасындағы
семантикалық қатынастардың сипатын жасаған кезде, олардың қандай мағынада
салыстырылатынына көрсетіп отыру керек, себебі сөз өзінің көп
мағыналылығына байланысты әртүрлі семантикалық топтарға кіруі мүмкін.
Мысалы, company сөзі association, corporation, partnership қатарында,
сонымен қатар troop, platoon, squad қатарынада қатысты болып табылады.

Тілде синоним жүйелік сипаттағы сөздердің тобын және сөз тіркестерін
құрайды. Синонимдардың жүйелі екендігі туралы тұжырымдар Ю.Д.Апресяна
еңбектерінде келтіріледі. Ол жүйеліктің пайда болуын синонимикалық
бәсекенің диахроникалық процестерінде және синонимдарды дифференциациясында
және полисемия мен синонимияның арасындағы синхроникалық тығыз байланыстан
көреді. Бұл аргументтерге қосымша келесі тұжырымдарды келтіруге болады. [4,
137 б]
Біріншіден, синонимдерге антонимдар қарсы тұрады surprise – amaze,
astound және т.б., бірақта мұндай түрдегі семантикалық қарсы қою көп емес.
Екіншіден, көптеген синонимдік топтар қандайда бір белгілері бойынша
синонимикалық қатардың ішінде бірігеді, мысалы қасиеттерінің, сапасының,
әрекеттердің интенсивтілігінің өсуі және кемуі, тұрақты қасиеттің уақытша
қасиетке қарсы қою және т.б.
Қазіргі ағылшын тіліндегі сөздер және олардың синонимдарының
семантикалық және функционалдық байланыстарының анализі деген еңбегінде
В.Г. Вилюман, синонимияның барлық белгілерін толық ашады, және сөзді
синонимия деп мойындау үшін осы сөздерге сементикалық және функционалдық
белгілердің жалпы болуы, ал синонимияның проблемасы сөздердің ұқсастығы мен
ұқсастықтағы айырмашылықтар және мәндері мен функциядағы айырмашылықтар
бірігу негізінде көрінеді. Мұндай тәсілдің дұрыстығы бірнеше ғалымдардың
еңбектерінде дәлелденді. [21, 43 б]
Синонимикалық қатынастардың мәнін түсіну сөздің тілдік мәнінің
маңыздылығы менқұрылымын түсіну. Лексикология теориясында сөздің
семантикалық құрылымын түсіндірудің әртүрлі тәсілдері белгілі.
В.Г.Вилюман сөздің семантикалық құрылымын семантикалық белгілердің
жиыны деп анықтайды, олар синоним сөздердің семантикалық аралас –
құраластығын орнатқанда көрінеді. Семантикалық аралас – құраластықты
анықтаудың бір тәсілі түсіндіру сөздіктеріндегі сөздердің мәндерін талдау
болып табылады. Екі сөз бір – біріне семантикалық аралас – құралас болып
табылады, егер олардың сөздікті тұжырымдауы бірімен екіншісі берілсе.
Сөздердің арасындағы байланыс орталықтандырылған және орталықтандырылмаған
болады. Look мәндерімен біріктірілген етістіктер арасындағы семантикалық
байланысты зерттеп, В.Г.Вилюман, синоним етістіктердің семантикалық
құрылымының матрицасын құрады. Семантикалық құрылымның матрицалық көрінісі
материалдың тек қана көрнекі түрі болып қоймайды, сонымен қатар синонимия
тілінде дербес жүйе бейнесін береді, себебі матрицадағы әрбір сөздің
семантикалық құрылымы мәндердің бір – біріне өзара байланыстырылып және
қарсы қойылған реттелген жиын болып табылады. [21, 53 б]
Тілдік құбылыстардың маңыздылығына, сипатына және даму заңына терең
үңілу бұл құбылыстардың екі немесе бірнеше тілдерде салыстыруға мүмкіндік
береді.
Әртүрлі тілдердегі лексиканы салыстыра оқу проблемасы А.В.Щербаның,
Р.А.Будагованың, В.Г.Гактың, Б.А.Успенскидің, В.Н.Ярцеваның, Ш.Баллдің,
С.Ульманның, У.Вейнрйхтың және басқаларының еңбектерінде кең көлем тапты.
[12, 112 б]
Көптеген лингвистер мүшелері өзара семантикалық байланысқан кішігірім
жүйелерді өзара салыстыру мақсаттылы деп санайды. Бұл зерттеушіге әрбір
жүйенің лексикалық элементтерін анықтауға, олардың арасындағы ұқсастықты
белгілеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар, салыстырылатын тілдердегі
бірдей заттылы бағытқа ие сөздердің немесе әрбір сөздің семантикалық
контурлары әртүрлі болатындығын түсіндіреді.
Салыстырмалы зерттеу типологиялық зерттеудің, типологиялық
универсалдарды жасаудың базасы болып табылады, себебі салыстыру кезінде
нақты бір көз қараста элементтердің теңбе – теңбігі немесе теңбе – тең
еместігі орнатылады.
М.М. Маковский өзінің Типология лексико-семантических систем
статьясында лексканың типологиялық анализі тек сыртқы, оңай тиетін
бақылауларға келтірілмеуі керек. Зерттеу кезінде жалпы лексико –
семантикалық модельдер бар ма екендігін анықтау керек. [1, 125 б]
Сөйтіп, біз синонимия мәселесі зерттелген және зерттелетіне көзіміз
жетті, бірақта зерттеудің көпшілігі шетел ғалымдарына тиесілі. Қазақстанда
синонимияның даму мәселесімен лексикологтардың аз мөлшері ғана айналысуда.
Куртық жұмыстың бұл тақырыбын таңдау синнонимия лингвистикада өте аз
зерттелген мәселе.
Жұмыстың өзектілігі қазіргі кездегі синонимия бойынша жұмыстар тек бір
жақтылы болып табылады. Бұл жұмыста біз лингвистиканың келелі мәселелерін
біріктіруге тырыстық.
1.2 Ағылшын тіліндегі синонимдардың түрлері

Дербес синонимдар – бұл өздерінің сөздіктік мағыналарының
кейбіреулерінде ғана сәйкес келетін көп мағыналы сөздер. Дербес синонимдар
арасындағы қатынасты доктор және дәрігер сөздері мысалында келтіруге
болады. Олар ауруды емдеу мағынасында сәйкес келеді де, ал ғылыми дәреже
мағынасында сәйкес келмейді. Бұл синонимдар арасындағы қатынасты
төмендегідей түрде көрсетуге болады:
Доктор Дәрігер
Ауруды емдеуші Ауруды емдеуші
Ғылыми дәреже -

Дербес синоним ретінде семантика және семасиология зат есімдері,
convince және persuade, survive және outlive және т.б. етістіктері де
болады. Олардың арасындағы сөздіктік мағыналарын салыстырайық.
Семантика Семасиология
Сөз мағынасы туралы ілім Сөз мағынасы туралы ілім
Сөз мағынасы -
convince persuade
Бір нәрсеге сендіру Бір нәрсеге сендіру
- Біреуді бір нәрсені істеуге көндіру
survive outlive
Біреуге қарағанда ұзақ өмір сүру Біреуге қарағанда ұзақ өмір сүру
Тірі қалу (зіл заладан кейін) -

Дербес синонимдар арасындағы ерекшелік, олардың біреуі ауыспалы
мағыналы болады. Мысалы, stronghold және fortress екі синонимдардың
арасынан тек біріншісі ғана ауыспалы мағынада болады (stronghold of peace).
Catching және infectious екі сын есімді синонимдар арасында тек біріншісі
ғана метаморфикалық ауыспалы мағынада болады (a catching smile).
Дербес синонимдарды дұрыс қолданбау сөздік қателіктерге әкеледі, яғни
тұжырымды немесе тұжырымды мағынасыз қылатын дұрыс емес сөз қолданысы.
Комбинаторлық теңбе тең емес синонимдар – бұл сөздіктік мағынада
сәйкес келетін, бірақта комбинаторикалық мағынада сәйкес келмейтін сөздер.
Комбинаторлық теңбе тең емес синонимдар әртүрлі үйлесушілікте болады және
бір түрлі контекста бірін бірі ауыстыра алмайды. Мұндай синонимдар арасында
айырмашылықты түсіндіру мүмкін емес, оларды нақты мысал ретінде келтіруге
болады. Оны доктор және дәрігер мысалында көрсетейік. Сөйлемде бір бірінен
айырмашылығы жоқ, яғни сөздіктік мағыналары бірдей, бірақ комбинаторлық
мағыналары әртүрлі. Салыстырыайық:
Доктор Дәрігер
Жақсы доктор Жақсы дәрігер
Доктор Алиев Дәрігер Алиев
Доктор, маған рецепт жазып -
беріңізші?
- Тіс дәрігері
- Мал дәрігері

Сонымен қатар, секрет және құпия, ауылшаруашылық және аграрлық, wage
және carry on, island және isle, prison және jail және т.п. осыларды
сөздіктік мағыналарын салыстырайық:
Аграрлық Ауылшаруашылық
Аграрлық реформа Ауылшаруашылық реформа
Аграрлық революция -
- Ауылшаруашылық техникум, институт
Wage Carry on
Wage struggle Carry on struggle
Wage a campaign Carry on a campaign
Wage war -
Island Isle
- British Isles
Coney Island -
Long Island -
- The Isle of Wight
Prison Jail
In prison In jail
Put smb. in prison Put smb. in jail
Release smb. from prison Release smb. from jail
- A jail bird

Комбинаторлық теңбе тең емес синонимдар өздерінің синтактистік
байланыстарымен ерекшеленуі мүмкін.
Бірдей компоненттік құрамнан тұратын синонимдар (семантикалық дублет),
яғни өзінің анықтамалық, эмоционалдық және ассоциативтік мағынасы бойынша
сәйкес келетін синонимдар шын жүзінде жоқ. Өзінің заттық мағынасы бойынша
сәйкес келу арқылы олар қалған компоненттерімен өзгешеленеді және
эмоционалды, ассоциативті немесе анықтамалық теңбе тең болмайды.
Эмоционалды теңбе тең емес синонимдар бірдей заттарға әртүрлі
эмоционалдық – бағалық қатынаста болады және әртүрлі сөз стильдарына
жатады. Келесі синонимдар жұбын салыстырыңыз: ел және держава (кітаптық.,
шығармашылық); солдат және жауынгер; ақын және дарынсыз ақын; soldier және
warrior, face және puss, hearty және cordial, get arrested және get nailed,
get married және get buckled.
Эмоционалдық сипатта көркемделген синоним ой тұжырымдау стилін
анықтайды. Келесідей стилі бойынша әртүрлі сөйлемдерді салыстырыңыз, оларда
эмоционалды теңбе тең емес синонимдар пайдаланылған:
Нейтралдық стиль Нейтралдық стиль
Ол не айтты? Ол не шындықты айтты?
Ол ықылассыз адам. Ол аңқау
Ол қарт адамды көрді Ол қартты көрді
He saw a girl He behind a girl
Keep off your hands Keep off your fins
Shut your eyes Shut your blinkers

Ассоциативтік теңбе тең емес синонимдер әртүрлі ассоциативтік мағынада
болады. Олар әртүрлі түбірдегі семантикалық туынды болып табылады және бір
затты әртүрлі класс заттарына жатқызады. Мысалы, мағынаның ассоциативтік
компоненттік сипаты бойынша келесідей синонимдер бөлінеді: brass, cabbage,
chips, berries, dough; bean, mug, pot, pan, rocker, block, onion; cage,
den, cooler, clink, school, can, hotel; ink slinger, quill driver.
Ассоциативтік теңбе тең емес синонимдер эмоционалдық түрмен және қолдану
сферасымен ерекшеленеді және әртүрлі стильді синоним болып табылады.
Анықтамалық теңбе тең емес синонимдер бір жағынан заттың тұрмыстық
жағын сипаттаса, екінші жағынан ғылыми тұрақты ұғым болып табылады. Мысалы,
water, acid, power, area сөздерінің концептуалдық мазмұнын тұрмыстық және
ғылыми ұғымда салыстырыңызшы.
Қандайда бір уақыт аралығында синонимдар тек ассоциативті және
үйлесушілігімен ерекшеленіп параллель пайдаланылуы мүмкін, бірақта соңында
олар нақты стилистика түрінде нақты анықталады, не синонимдардың біреуі
қолданыстан шығады.
Ағылшын тілінде сөзүйлесушілік – синонимдар және синонимдік жұптар
көп, олардың бір синонимі сөзүйлесушілік болып табылады. Мысалы, insane,
weak, in the upper storey, having a screw loose, nor all there; die, pass
away, join the great majority, take the ferry, kick the bucket, go the way
of all flesh; be in love with smb., have a crach on smb., be soppy on smb.;
keep silent, keep mum, hold one’s tongue, hold one’s jaw; rise to the bait,
walk into the trap.
Жалған синонимдар – бұл бір өрісті категориялы бірдей сөздер, олар
әртүрлі кластағы заттарды атайды. Жалған синонимдар логикалық көзқарастан
қарағанда байланысты болатын (жақтық және түрлік ұғым) немесе ішкі
байланысты (бір жақты түрлер), ұғымды өрнектейтін мәнді белгілері бар
заттар атауы. Мысалы, тұрғын үй, үй, палатка, киіз үй, чум; академия,
университет, институт, колледж, мектеп; қызыл, қызғылт; writer, novelist,
poet, essayist, playwright; red, pink, scarlet; boil, roast, fry, grill,
stew; associate, companion, colleague, partner, ally; accident, incident;
execute, hang, shoot, shorten, abbreviate, abridge, adapt; move, walk, fly,
run, crawl.
Жалған синонимдардың екі жалған түрін бөліп көрсетуге болады: жеке
жағдайларда өзара ауыстырылатын (vehicle және car) және өзара
ауыстырылмайтын (famous және notorious).
Vehicle және car түрдегі жалған синонимдер жақтық және түрлік
ұғымдарды береді және көбінесе өте жалпы және өте дербес мағыналы болады.
Олардың көлемдері біраз сәйкес келеді. Мұндай синонимдар кейде бірін бірі
ауыстыра алады, бірақ бұл жағдайда ой тұжырым мазмұны өзгереді: ой біраз
дәл немесе нақты дәл болады. Салыстырайық, мысалы vehicle және car жалған
синонимдарын қолданғанда ой тұжырымы қалай өзгереді:

Жақтық ұғым беретін сөзді пайдалану.Түрлік ұғым беретін сөзді пайдалану.
Ой біраз дәл жеткізілген Ой нақты дәл жеткізілген
See a doctor about it See a surgeon about it
See a dentist about it
He is a scientist He is a chemist
He is a naturalist
He quit work He resigned
He retired
This is a morpheme This is a root morpheme
This is a prefix
This is a suffix

Егер мағынасы бойынша жалпы жағын синонимдар пайдаланылса, онда
айтушыға жақтық және түрлік ұғымдар бойынша бөлу белгілері маңызды емес.
Егер біз машинаны айта тұрып, vehicle деп айтсақ, бұл жерде бізге машинаны
басқа транспорттардан өзгешелейтін белгілер маңызды емес. Егер біз суретші
туралы айтып оны painter деп айтсақ, біз ол туралы аз мағлұмат беріп
отырмыз, себебі егер біз: portraitist, water – clourist, miniaturist, genre
painter, landscapist, sea-scapist және т.б. айтсақ, онда нақты мағлұмат
берер едік.
Жалған синонимдардың екінші түрі famous және notorious түрдегі
синонимдар. Мұндай синонимдар түрі ішкі байланыс ұғымын тудырады және олар
бірін бірі ешқашан ауыстыра алмайды. Сондықтан олардың мағыналарының
мазмұнында бір бірінен айыратын мағынасының белгісі мен көлемін бар болады.
Famous және notorious сияқты сын есімдер барлығына белгілі жалпы мағына
арқасында жақындайды, бірақта үйлесімсіз болып табылады, себебі белгілілік
бұл жерде әртүрлі: famous – жақсы абыройы бар, белгілі, ал notorious –
нашар абыройы бар, белгілі. Бұл сын есімдер бір біріне қарсы қойлуы мүмкін.
Мысалы, “... waxworks museum containing effigies in authentic costume of
famous and notorious characters of history and modern times”. Мұндай
түрдегі жалған синонимдер зат есім болып табылады, мысалы, wages, salary,
pay, fee. Бұл сөздердің барлығы істелінген жұмыс үшін ақшалы сый ақыны
білдіреді, бірақта wages – жұмысшыларға төленетін ақы, salary –
қызметкерлерге төленетін ақы, pay - әскери қызметкерлер алатын ақша, fee –
гонорар, яғни жазушылар, заңгерлер алатын ақы. Мысалы тағы бірі resign және
retire етістіктері бола алады. Олар өзара ауыспайды, себебі resign – басқа
қызметке ауысқандықтан қызмет кету, ал retire – мүлдем қызметтен кету.
Сонымен, famous and notorious жалған синонимдар арасындағы айырмашылық
аз ғана өзгеріс берседе, олар сөйлемнің мазмұнын, алынатын мағлұматтың
мағынасын толық өзгертеді. Оларды нақты қолданбай сөздіктік қателіктерге
алып келеді. Осы сөздерді өзара ауыстырғанда сөйлемнің мағынасы болмайды
(the wages were aroused оның орнына the wages were raised), егер мынаны
пайдалансақ оның мазмұны мүлдем өзгереді (he gave up the job оның орнына he
refused the job). Famous және notorious жалған синонимдарын өзара
ауыстырғанда ой тұжырымы қалай өзгергендігін көреміз:
I did not listen to it I did not hear it
He suggested repeating the He offered to repeat the experiment
experiment
He did not see me He did not look at me
He refused the job He gave up the job
It was murder It was manslaughter

Сөйтіп, жалған синонимдар дербес және комбинаторлық теңбе тең емес
синонимдар сияқты бірін бірі үнемі ауыстыра бере алмайды екен, бірақта бұл
әртүрлі белгілермен көрсетіледі.
Сөздер арасындағы семантикалық қатынасты орнату үшін әрбір сөздің
жеке жағдайда мағынасының қолданылуының терең талдауы қажет. Сөздің барлық
семантикалық мүмкіндіктерін ескеру өте қиын болып табылады. Сондықтан
синонимдар сөздігінде практикалық тұрмыста қолданылатын және синонимдар
және жалған синонимдар бірге келтіріледі. Ағылшын тілін оқушыға синонимдар
мен жалған синонимдар қиындық туғызады, яғни ұқсастық мағынасымен қоса,
ұқсас формалы болады, олар қазақ тіліне аударылғанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі БАҚ тілінің ерекшеліктері
Ағышын тіліндегі неологизмдердің ерекшеліктері
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық антонимдер
Қазақ тіліндегі аударматану ұғымындағы терминдердің тілдік табиғатын семасиологиялық, ономасиологиялық және когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу
Лексикалық интерференцияның лингвистикалық аспектісі
Д Исабековтің Қырғын романындағы синонимдердің қолданысы
Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының негіздері
Аударматану терминдерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдер
Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері.қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы бар түпдеректер.фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы туралы ақпарат
Пәндер