Ежелгі Грекия



Жоспар

1.Ежелгі Грекия мәдениеті.
2.Гомер дәуірінің мәдениеті.
3.Грекияның архаикалық кезеңдегі Грек мәдениеті.
4. Грек классикасы мәдениеті.

6. Қорытынды.

7. Пайдаланылған әдебиеттер.
Ежелгі Грекия мәдениеті. Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. «Антик- (көне,ежелгі)» деген ұғым. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бұл атаудың түп-төркіні «ежелгі», «көне», «қадым заман» мағынасын беретін «антиквус» деген латын сөзінен шыққан. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мұрасы Еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театырының және т.б дамуына, саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемділік пен қарапайымдылық, шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқты мәдени туындылары – көне заман тарихы туралы ұғымымызды кеңейтіп қана қоймай, мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге деиін өз мәнін жоймай отыр.
«Көне», «қадым заман» мәдениетінің негізін қалаушылар ежелгі гректер екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Олар өздерін «Эллиндер»; ал өз елдерін «Эллада» деп атаған. Антик дүниесінің мәдениеті біздің заманымыздан бұрынғы бір мың жылдықтың алғашқы ғасырларында қалыптаса бастаған. Оның он бес ғасырдай уақытын қамтитын ұзақ ғұмыры біздің заманымыздың V-ғасырды Рим империясының құлауымен аяқталды.
Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақ та, ол өзінің баға жетпес мәдени құндылықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді, өйткені ежелгі Грекияның әдебиеті, өнері, философиясы және т.б. ғасырлар бойы Еуропаның барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, суретшілеріне, жазушыларына, композиторларына сарқылмас шалқар шабыт берді. Шындығын айтсақ, біздің дүниежүзілік мәдениетпен таныстығымыздың өзі де гректердің таңқаларлық мәдени қазынасы мен ұшқыр ақыл-ой иелерімен танысудан басталады. Мұндай ақыл-ой даналығы рухани және саяси-әлеуметтік өмірдің барлық салаларында – поэзияда, саясатта, ғылымда, құқықта, кескіндеме, сәулет, мүсін және т.б. өнер салаларында кеңінен көрініс тапты. Көне мәдениеттің жарқын беттері Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродот, Фукидид, Демокрит, Платон, Аристотель сияқты ұлылар есімімен тығыз байланысты болды.
Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр, өйткені, оның бастауында б.з.д.ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда Грекия жері мен Эгей теңізі аралдарын мекендеген таипалардың өркениеті жатыр. «Эгей» өркениеті мәдениеттің қайнар бұлағы болды, міне сондықтанда грек халқының ежелгі мәдениетінің ең ежелгі шағы Эгей өнерімен сабақтас. Б.з.д. ІІ-мың жылдықта Эгей мәдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы мен Пелопоннес түбегіндегі Микены болғандықтан да Эгей өркениетін Крит-микены мәдениеті деп атайтын болған. Грек аңыздарына қарағанда Крит ұлы жебеуші, найзағай тәңірі Зевстің туған жері. Аңыз бойынша гректердің ең басты құдайы Зевс бұқа бейнесіне еніп, Финикия патшайымы, асқан сұлу Еуропаны алып келеді, ал одан аралдың болашақ билеушісі Минос туған. Атақты Геракл өз ерліктерінің бірін дәл осы Крит аралында жасаған, құтырған бұқаға бас үйреткен. Гомер де өз дастандарында бұл арал қалаларының бай екендігін мадақтай көрсетеді. Ал шындыққа белгісіз кейбір аңздарда Зевс пен Еуропаның баласы Минос ел билеуші патшалардың ішіндегі ең әділеттісі болыпты-мыс дейтін деректер бар. Алайда Критті осындай есімді патша тек мифологиялық шығармаларда ғана емес, грек тарихшыларының еңбектерінде кездесетін естен шығаруға тағы да болмайды. Крит жайында египеттік текстерде де кейбір деректер ара-тұра кездесіп қалады.
Гомер дәуірінің мәдениеті. (б.з.д. ХІ-VII ғасырлар) Ежелгі Грекия мәдениетінің келесі кезеңі ұлы гомердің атымен - Гомер кезеңі деп аталды. Олай деп аталатын себебі, бұл дәуір жайындағы басты
Қолданылған әдебиеттер:
1.Ғабитов қазақ мәдениетінің типалогиясы- Алматы, 1998.
2.Ғабитов , Мүтәліпов, Құлсариева Мәдениеттану- Алматы. Раритет 2000.
3.Нұржанов мәдениеттану студенттер даиындығына- Алматы 1994.
4.Мәдениеттану энциклопедиясы- 1998.
5.Аналотогия мәдениеттануы- 1996.
6.Антропология мәдениеттануы- 1994.
7.Әлфараби трактаты- Алматы.1999.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1.Ежелгі Грекия мәдениеті.
2.Гомер дәуірінің мәдениеті.
3.Грекияның архаикалық кезеңдегі Грек мәдениеті.
4. Грек классикасы мәдениеті.
6. Қорытынды.
7. Пайдаланылған әдебиеттер.

Ежелгі Грекия мәдениеті. Антик дүниесінің өнері деп аталатын
ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны
ерекше. Антик- (көне,ежелгі) деген ұғым. Қайта өрлеу дәуірінде
дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим
мәдениетіне байланысты қолданған. Бұл атаудың түп-төркіні ежелгі,
көне, қадым заман мағынасын беретін антиквус деген латын сөзінен
шыққан. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мұрасы Еуропаның барлық
халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театырының
және т.б дамуына, саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуына
елеулі ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемділік пен
қарапайымдылық, шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған
грек және рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің
даңқты мәдени туындылары – көне заман тарихы туралы ұғымымызды
кеңейтіп қана қоймай, мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге
деиін өз мәнін жоймай отыр.
Көне, қадым заман мәдениетінің негізін қалаушылар ежелгі гректер
екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Олар өздерін Эллиндер; ал өз
елдерін Эллада деп атаған. Антик дүниесінің мәдениеті біздің заманымыздан
бұрынғы бір мың жылдықтың алғашқы ғасырларында қалыптаса бастаған. Оның он
бес ғасырдай уақытын қамтитын ұзақ ғұмыры біздің заманымыздың V-ғасырды Рим
империясының құлауымен аяқталды.
Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақ та, ол өзінің баға жетпес мәдени
құндылықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің
ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді, өйткені ежелгі
Грекияның әдебиеті, өнері, философиясы және т.б. ғасырлар бойы Еуропаның
барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, суретшілеріне, жазушыларына,
композиторларына сарқылмас шалқар шабыт берді. Шындығын айтсақ, біздің
дүниежүзілік мәдениетпен таныстығымыздың өзі де гректердің таңқаларлық
мәдени қазынасы мен ұшқыр ақыл-ой иелерімен танысудан басталады. Мұндай
ақыл-ой даналығы рухани және саяси-әлеуметтік өмірдің барлық салаларында –
поэзияда, саясатта, ғылымда, құқықта, кескіндеме, сәулет, мүсін және т.б.
өнер салаларында кеңінен көрініс тапты. Көне мәдениеттің жарқын беттері
Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродот, Фукидид, Демокрит, Платон, Аристотель
сияқты ұлылар есімімен тығыз байланысты болды.
Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр, өйткені, оның
бастауында б.з.д.ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда Грекия жері мен Эгей теңізі
аралдарын мекендеген таипалардың өркениеті жатыр. Эгей өркениеті
мәдениеттің қайнар бұлағы болды, міне сондықтанда грек халқының
ежелгі мәдениетінің ең ежелгі шағы Эгей өнерімен сабақтас. Б.з.д.
ІІ-мың жылдықта Эгей мәдениетінің аса маңызды орталықтары Крит
аралы мен Пелопоннес түбегіндегі Микены болғандықтан да Эгей
өркениетін Крит-микены мәдениеті деп атайтын болған. Грек аңыздарына
қарағанда Крит ұлы жебеуші, найзағай тәңірі Зевстің туған жері. Аңыз
бойынша гректердің ең басты құдайы Зевс бұқа бейнесіне еніп, Финикия
патшайымы, асқан сұлу Еуропаны алып келеді, ал одан аралдың болашақ
билеушісі Минос туған. Атақты Геракл өз ерліктерінің бірін дәл осы Крит
аралында жасаған, құтырған бұқаға бас үйреткен. Гомер де өз дастандарында
бұл арал қалаларының бай екендігін мадақтай көрсетеді. Ал шындыққа белгісіз
кейбір аңздарда Зевс пен Еуропаның баласы Минос ел билеуші патшалардың
ішіндегі ең әділеттісі болыпты-мыс дейтін деректер бар. Алайда Критті
осындай есімді патша тек мифологиялық шығармаларда ғана емес, грек
тарихшыларының еңбектерінде кездесетін естен шығаруға тағы да болмайды.
Крит жайында египеттік текстерде де кейбір деректер ара-тұра кездесіп
қалады.
Гомер дәуірінің мәдениеті. (б.з.д. ХІ-VII ғасырлар) Ежелгі Грекия
мәдениетінің келесі кезеңі ұлы гомердің атымен - Гомер кезеңі деп
аталды. Олай деп аталатын себебі, бұл дәуір жайындағы басты
деректердің негізгі көзі - б.з.д. ҮІІІғ. Туған илиада мен Одиссея
дастандары. Соқыр жыршы Гомер, Платонның айтуынша, бүкіл грек елінің
тәрбиешісі болады, өйткені, өзінің бүкіл тарихында ежелгі эллин
туындылары осы дастандардан нәр алған. Шындығында да Гомер
дастандарының құдіреттілігі де осы бір ұлы адамның дәуір тынысын
терең сезінгендігінде болса керек. Грек дастандарының ішінде,
әсіресе Гомер эпосы халық аңыздарының негізінде жүйелі түрде
баяндалады. Жалпы грек поэзиясында халықтың қиялынан шыққан бейнелерге жан-
жақты қасиеттер мен белгілер берілгендіктен болар, оны кейінгі заманда
суретшілер мен мүсіншілер өз туындыларында кеңінен пайдаланды. Ежелгі
Элладаның ең ұлы мүсіншісі Фидийдің Илиаданы оқығанды, адамдар маған екі
есе үлкен көрінеді деген сөзінің астарында терең мағына жатқан сияқты.
Гомерлік кезеңнің ІX-ҮІІІ ғасырда рулық құрылыстың орнына
біртіндеп таптық қоғам қалыптаса бастады. Бай зираттардан табылған
мол дүниелер де грек дүниесінде әлеуметтіік теңсіздіктің үстемдік
екенін дәлелдейді. Жаңа құлиеленушілік қарым-қатынастардың дүниеге келуіне
байланысты – грек мифологиясы да жүйелі түрде қалыптаса бастады. Грек халқы
да өзін қоршаған табиғаттың табиғаттың тылсым қбылыстарының құпиясын танып-
білуге талпыныс жасады, қауіп-қатерлермен өз мүмкіндігінше күресе білді.
Бұл өмір үшін болатын табанды да, табысты күрес болатын. Олай болса күрес
бар жерде өлім бар, күрес бар жерде жеңіс бар деген өмірлік қағиданы
ұмытпаған жөн сияқты. Адам – бар дүниенің өлшемі деп грек философы
Протогор тегіннен-тегін айтпаған болар. Сондықтан да табиғаттың қатерлі
күштерін жеңуде адамға тән қасиеттің бәрі бар, бірақ адамнан да гөрі
құдіретті құдайлар бейнелерінің көптеп берілуі – грек мифологиясына тән
қасиет болып саналады.
Ол бойынша: мына жарық дүниені Олимп тауы шыңын мекендеген мәңгілік
құдайлар билейді. Гректердің түсінігінде құдайлардың құдайы Зевс бастаған
даналар тобы, олар әбден жетілген, керемет адамдар сияқты. Құдайлар
бейнесінің адамға жақындатылғаны соншалық, олардың бойынан тек адамға ғана
тән қасиеттерді молынан табуға болады. Грекия топырағында құдайлар мен
халық қаһармандары жайында талай тамаша хикаялар өмірге келді. Миф деп
аталатын халықтың ауызекі шығармашылығының осы бір түрінде, сонау көне
заман жөніндегі естеліктер мен ақындық қиялдың өзара ұштасып жатқандығын
аңғаруға болады.
Грек ақындары, философтары, тарихшылары, мүсіншілері мен суретшілері Миф
уақиғалары мен олардағы басты кейіпкерді өз шығармаларына арқау ете отырып,
заман ағымына және онда қалыптасқан көзқарастарға сәйкес жаңа мазмұн, жаңа
түр беріп отырды...
Гомер дәуірінен бізге келіп жеткен ескерткіштер онша көп емес
Солардың ішіндегі біздің заманымызға келіп жеткен бағалы
ескерткіштердің қатарына геометриялық ою-өрнектер мен әшекейленген
құмыралар мен қолдан жасалған мүсіндер жатады. Б.з.д ІХ-ҮІІІғ
құмыраны өрнектеу өнерінің дамуы нәтижесінде керамика бұиымдарын
әшекеилеуде геометрияалық стиль қалыптасты. Геометриялық стиль
керамикасының таңдаулы нұсқалары - б.з.д. ҮІІІғ афиналық құмыралар.
Құмыраға салынған суреттердің көркемдігі, композициясының
үилесімділігі бірден көзге түсті. Құмырадағы суреттер лак деп
аталатын жылтыр қара бояумен салынған. Геометриялық стиль бойынша
салынған жан-жануарлар мен адамдардың пішіндері айшықты ою-
өрнектердің ырғағына үлкен шеберлікпен бағындырылған.
Археолегиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде Дипилон зиратынан табылған
әртүрлі пішінді заттар (б.з.д. VIII ғ.) көңіл аударуға тұрарлық. Бұл жерде
табылған құмыралардың үлкендігі соншалық, олар адам бойынан да биік етіп
жасалған. Мұндай алып құмыралар жаназа салтына арналып жасалған болу керек,
өйткені олар ақсүйектердің молаларының басында ескерткіш ретінде қойылған.
Бұл ыдыстар ғажайып нақыштармен безендірілген. Онда шейіт болғандарды
жоқтау көріністері, өлікті жерлеу кезіндегі салттық билер, жекпе-жек
сайыстар мен күймелер жарысы және т.б. шынайы бейнеленген. Бұл құмыралардың
арасынан құрлық пен теңіздегі шайқастар оқиғаларын баяндайтын тың
сюжеттерді: ескекшілер көп зор кемелкер бейнелерін де кездестіруге болады.
Бұл кезеңнің мүсін өнеріне тән нәрсе – құдайларға сыйға тартуға арнайы
жасалынған қыш немесе қола мүіншілер. Демек, б.з.д. І-мыңжылдықтың алғашқы
ғасырларында өнер аласында көркемдік кәсіп – керамика жетекші орын алды.
Қалай болғанда да гомерліктер жасаған өнер туындылары арқылы қауымдық
құрылыс мәдениетінен таптық қоғамға өту кезеңіндегі өмір шындығын
бейнелеудегі алғашқы талпыныстар мен қатар, сол кездегі адамдардың
дүниетанымынан мағлұмат береді.
Гомер дәуірінің жазуы болған жоқ, гректің жазба ескерткіштері
негізінен архайкалық кезеңде туындаған. Бірақ алфавиттік жазудың
алғашқы нышандары осы кездің өзінде-ақ байқала бастаған.
Негізінен, Гомер дәуірінің мәдениеті құлдырау, тоқырау кезеңін
басынан кешіргенімен де, дәл осы тұста грек қоғамының дамуына, мәдениеттің
гүлденуіне қолайлы алғышарттар жасалғандыған естен шығармауымыз керек.

Архаикалық кезеңдегі Грек мәдениеті. (Б.з.д. VІІІ-VІ ғ) Грекия
мәдениетінің архаикалық кезеңі б.з.д. VІІІ-VІғ аралығын қамтиды.
(Архайос – грек сөзі, көне – ұғымын білдіреді). Бұл кезең
гректердің Мрамор және Жерорта теңіздерінің жағалауларындағы жерлерді
меңгеру - ұлы отаршылдық кезеңі, бұл – құлиеленушілік құрылыстың
кірігу кезеңі,
грек мемлекет - қалаларының өзара саяси- әлеуметтік күрес жағдайында
қалыптасу кезеңі, дәлірек айтқанда қилы–қилы қоғамдық–саяси
оқиғаларға толы түбегейлі терең өзгерістер кезеңі.
Дәуір басында-ақ, әсіресе материалдық мәдениет қаулап дами
бастады. Жолдар тартылып, көпірлер тұрғызылды, қалаларда су
құбырлары салынды, темір қару-жарақтар кеңінен қолданыла бастады,
металлургия мен құйма тәсілі одан әрі жетіле түсті. Тұрмысқа қажетті
бұйымдарды шығаруды ұлғайтудың арқасында жалпы гректік рыноктар пайда
болды, тұңғыш рет теңге сомдалып, сауда айналымында кеңінен қолданыла
бастады. Крит-Микены мәдениетінің куйреуі нәтижесінде тығырыққа тірелген
грек әлемі томаға-тұйықтықтан арылып, басқа халықтармен байланыстарының
арнасын кеңейте түсті. Шындығында да, гректер көршілес жатқан халықтардан
көп нәрселер үйренді. Мысалы, олар мидиялықтардан теңге-ақшалар соғуды,
финикиялықтардан - алфавиттік жазуды мұра етті. Қала тұрғындары арасынан
шыққан байыған құлиеленушілерді жаңа байлар деп атады. Ру басшыларының
зорлық – зомбылығына шыдамаған шаруалар қалаларға қарай ағыла бастады.
Шаруалар сияқты кедейленген әлеуметтік топтардан демос қалыптасты.
Демостың экономикалық және саяси жағынан билеп–төстеген ақсүйектерге
қарсы күресі бір толастамады. Осындай таптық тартыстардың өрлеуі, жердің
жетіспеуі және қала тұрғындарының шектен тыс көбеюі б.з.д. VІІІ-VІ
ғасырда етек алған ұлы отаршылдықтың белең алуына тікелей себепкер
болды. Оңтүстік Франция мен Испанияда, Сицилия мен Апенин түбегі
жағалауларында, Ніл сағасы мен Қара теңіз жағалауында 150-дей грек қала-
отарлары пайда болды. Осы бір жағдайда ұлы Платон гректер Жерорта
теңізі төңірегін батпаққа жиналған бақадай қоршап алды деп тамаша
бейнелеп айтқан.
Архаикалық дәуірде рулық құрылыстың түпкілікті ыдырауына байланысты көне
полис-құлиеленушілік құрылыстың саяси-әлеуметтік формасы – мемлекет қалалар
қалыптаса бастады. Әр полиске қаланың өз жерімен қатар, оны қоршаған
егістік жерлер де кіретін болды. Қаланың дербестігі мен тәуелсіздігін еркін
азаматтар жасағы қамтамасыз етті. Олар мемлекеттік полистік құрылыс
жағдайында халық жиналыстарына, сот процестеріне және мемлекеттік маңызы
бар істерді шешуге қатыса алатын болды. Мұндағы шаруашылықтың жүргізілуі
құлдық жүйенің мүдделеріне сай келді. Мемлекет-қалалардың орналасқан аумағы
әртүрлі болған. Мысалы: Афины мемлекет-қаласының көлемі 8400 шаршы км., ал
Спартаның көлемі – 2650 шаршы км. болды. Ғалымдардың пікірінше, Грекиядағы
мемлекет-қалалардың жалпы саныекі мыңға жуық болған. Солардың ішіндегі ең
ірілері – Афины, Спарта, Коринф, Аргос, Фифы және т.б. Саяси жағынан алып
қарағанда көптеген мемлекет-қалаларға ұқсатылып бөлінген Грекия, дәл осы
архаикалық дәуірде басқа халықтармен қарым-қатынастар жасаудың нәтижесінде
елдің бірлігі туралы ойлана бастады, сондықтан да болар бүкіл грек әлемін
қамтитын Эллада, Эллиндер деген ұғымдар қалыптасты. Жергілікті
діндердің бірігуінің нәтижесінде жалпы гректің құдайға табыну орындары –
ғибадатханалар полистер арасындағы басты экономикалық, саяси және мәдени
қарым-қатынастардың орталықтарына айнала бастады.
Ежелгі Шығыс елдері сияқты, грек дінінде де политеизм тән болып келеді.
Грекияда басты құда, құдайлардың әкесі Зевс болып есептелді. Оның әйелі
Гера – аспан құдайы және неке қамқоршысы. Зевс өзінің ағайындары:
Пасейдонға теңіздегі билікті, Аидқа жер асты патшалығын берді. Сұлулық пен
сүйіспеншілік құдайы Афродита мифтер бойынша теңіз толқынынан жаратылған,
ол римдік аңыздарда Венера деген атпен белгілі. Венера Медицейская, Венера
Таврическая, әсіресе Милос Венерасы және тағы да басқа әйгілі мүсіндер
Афродитаның даңқын бүкіл дүние жүзіне паш етті.
Ежелгі Грекияның басты құдайларының бірі – жануарлар әлемінің, ағаштар
мен өсімдіктер дүниесінің қамқоршысы Артемида. Әлемнің жеті кереметі болып
саналатын Артемида ғибадатханасы – Артемиданың құрметіне тұрғызылған. Афина
данышпандық құдайы, оның шапағатының арқасында адамдар ғылымға ұмтылған,
қолөнермен айналысқан, әйелдерді тоқыма ісіне үйреткен. Гелиос – күн
құдайы, Ника (Виктория) – жеңіс құдай, Арес – соғыс құдайы, Дионис – шарап
құдайы, Гермес – сауда-саттық құдайы және т.б.
Грекияда құдайлар мен адамдар некесінен пайда болған батырлар да ерекше
құрметке бөленген. Әсіресе 12 рет ерлік жасаған Гераклдың мерейі үстем
болды. Геракл (Геркулес) – ежелгі грек жұртында аты аңызға айналған нағыз
халық батыры. Әкесі Зевс, анасы Алкмена, зайыбы – Амфитрионда, Гераклдың
көзсіз ерліктері ғасырлар бойы жырланып келді. Бір таңқаларлығы оның есімі
Илиада мен Одиссея дастандары жазылмай тұрған кездің өзінде-ақ белгілі
болған. Гераклдың образы өнер туындыларында да асқан шеберлікпен берілген
(мүсін өнерінде Дем алып тұрған Геракл, әдебиет саласында Софокл мен
Еврипидтің шығармалары).
Құлиеленуші полистердің өсуі монументтік сәулет өнерінің дамуына,
Грекияның көптеген қалаларында салына бастаған храмдар (ғибадатханалар)
құрылысының етек алуына әкеліп соқты. Ғибадатханалар қалаларды одан әрі
көркейтіп, оның күш-қуатын көрсетті, храм салуда полистер арасында
бәсекелестік пайда болды. Сарайлық, криттік сәулет өнеріне қарағанда, бұл
дәуірдің сәулет өнері храмдық болып келеді. Бірақ діни рәсімдер арнайы
құрбандық орындарында, далада өткізілетіндіктен храмдарға, құдайға құлшылық
ету үшін емес, тек құдай мүсіндері тұратын орын ретінде ғана пайдаланылатын
болған, яғни храмдар – шеберлер қолынан шыққан асқақ мүсіндердің мекені
болды. Архаика кезеңінен ең биік храмдарының бірі – Коринфтегі Аполлон
храмы (б.з.д. VІ ғасырдың екінші жартысы). Бұл храм - өзінің сәулетіжағынан
қас бетінде алты коллонасы, ұзын бойында он бес колоннасы бар таңғажайып
құрылыс. Құм қайран тастан қашалған колонналардың ұшы жіңішкере береді,
олар әдемі жұқа сылақпен әдемі етіп сырланған. Немістің ұлы ақыны Гете
сәулет өнерін үнсіз музыка деп бағаласа, сол бір үндестіктің ажырамас
бөлшегі болып табылатын грек колоннасы – таңғажайып таза үнді, жан
тебірентерлік дауыстарға толы симфония сияқты. Олай болатын себебі, грек
сәулет өнерінде колоннаның ролі зор болды, олар храмның сырт келбетін одан
әрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Грек тарихнамасы
Ежелгі Грекия өнері жайында
Ежелгі грек мәдениетінің тарихы
Грекиядағы туризм. Грекия мен Қазақстан арасындағы халықаралық қатынастар
Мәдениеттану. Ежелгі грекия мәдениеті
Грекияның- экономикалық-географиялық жағдайы туризмнің даму факторы ретінде
Ежелгі Грекия мәдениеті туралы
Ежелгі Грекия және Театр өнері
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті туралы
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті, өнері
Пәндер