Қазақ тіліндегі шақтық локалдылық/шақтық бейлокалдылықтың функционалды-семантикалық категориясы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Шақтық локалдылық/шақтық бейлокалдылық категориясының тілдік жүйедегі орны
1.1 Функционалды.семантикалық өріс концепциясының теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Шақтық локалдылық/шақтық бейлокалдылық категориясының семантикалық аспектісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.3 Шақтық локалдылық/шақтық бейлокалдылық функционалды.семантикалық категориясының негізгі сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
1.4 Шақтық локалдылық/шақтық бейлокалдылықтың аспектуалдылық, темпоралдылық, модалділік және таксис категорияларымен байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
1.4.1 Қимылдың дистрибутивті қайталануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48
1.4.2 Интервал мен қимылдың нақты қайталануы жағдаятының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55
1.5 Нақтылық/жалпылыққа құрылған сөйленімдердің коммуникативтік.прагматикалық аспектісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60

2. Шақтық бейлокалдылыққа құрылған сөйленімдер және олардың берілу жолдары
2.1 Қазақ тіліндегі шақтық бейлокалдылықтың мағыналық топтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...67
2.1.1 Шақтық бейлокалдылықтың «нақты қайталау» мен «дағдылы қайталау» мағыналық түрлерінің ұқсас тұстары мен айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .72
2.1.2 Шақтық бейлокалдылықтың «ұдайы шақтылық» пен «шақтан тысқары» мағыналық түрлерінің ұқсас тұстары мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... 75
2.1.3 Ұдайылық жағдаятындағы субъектінің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 83
2.2 Шақтық локалдылық/шақтық бейлокалдылық ұғымын білдіретін нақты әрі жалпы түрдегі субъектілер мен темпоралды көрсеткіштердің қатысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .88
2.3 Шақтық бейлокалдылықтың категориялық жағдаяттары және интервал ұғымына қатыстылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .98
2.4 Мезгілдес сабақтас құрмалас пен мезгілдес салалас құрмалас сөйлемдердің шақтық локалдылық/шақтық бейлокалдылық ұғымына қатысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...101
2.5 Шақтық бейлокалдылықтың сапалық семантикалық тілдік құралдар арқылы жасалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..103

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...116

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..120
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Функционалды грамматиканың негізгі принципі – тілдік бірліктердің қолданылуындағы мағыналық, мазмұндық жағын, яғни қызметін басшылыққа алып, әртүрлі тіл деңгейіндегі тілдік бірліктерді қарым-қатынас процесімен, сөйлеу жағдаятымен тікелей байланыста қарастыру. Бұл зерттеу әдісінде тілдік категориялардың ішкі мағынасын жан-жақты ашып көрсетуде дәстүрлі лингвистиканың әдіс-тәсілдері де қолданыстан тыс қалмайды. Себебі кез келген тіл белгілі бір лексикалық, грамматикалық парадигмаға түскен тұтастық болып табылады. Біз жұмысымызда функционалды-семантикалық өріс теориясының негізгі зерттеу нысаны болып танылатын екі бағытты («тұлғадан → мағынаға қарайғы» және «мағынадан → тұлғаға қарайғы») да қоса пайдалана отырып, шақтық локалдылық/шақтық бейлокалдылық (ары қарай ШЛ/ШБЛ) категориясын білдіретін түрлі тіл деңгейіндегі бірліктердің тілдік жүйедегі қызметі мен сөйлеу жағдаятындағы жұмсалымдық әлеуеті қарастырылады.
Шақтық локалдылық/шақтық бейлокалдылық қазақ тілінде бұған дейін тұтас функционалды-семантикалық категория ретінде арнайы зерттеу нысаны болмаған. Зерттеу барысында теориялық мәселелерге байланысты Э.Кошмидер, Н.А.Козинцева, Ш.Балли, В.В.Виноградов, А.М.Пешковский, А.Б.Шапиро, Г.В.Гак, Г.В.Колшанский, М.В.Ляпон, Г.А.Золотова, М.А.Шелякин, Н.Ю.Шведова, Т.П.Ломтев, М.Г.Грепль, М.Б.Будильцева, Г.А.Эслон, А.В.Бондарко, Н.Е.Петров, В.Н.Бондаренко, Л.А.Бирюлин, Т.И.Дешериева және т.б. ғалымдардың еңбектерін басшылыққа алдық. Қазақ тіл білімінде ШЛ/ШБЛ категориясына қатысты зерттеу жұмыстары болмағанымен, функционалды грамматика теориясына қатысты А.Байтұрсынұлы, Ы.Маманов, Н.Т.Сауранбаев, И.Ұйықбаев, З.Қ.Ахметжанова, Е.Н.Жанпейісов, Қ.Рысалды, Б.Шалабаев, Б.Қапалбеков еңбектерінің алатын орны ерекше. Осы орайда жас зерттеушілер О.Жұбаева, М.Жолшаева, А.Жаңабекова, С.Құлмановтардың еңбектерін атап өткен жөн.
Тілдің маңызды қызметтерінің бірі саналатын коммуникация мен танымдық әрекет сөйлеуде айқын көрінетіндіктен, тіліміздегі функционалды-семантикалық өрістерді функционалды грамматика тұрғысынан тіл және сөйлеу деңгейінде қарастыру қажеттігі туындап отыр. Бұл орайда локалдылық семантикасын коммуникативтік-прагматикалық аспектіде зерттеу өзекті мәселердің бірі болып есептеледі.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Зерттеуде шақтық локалдылық/шақтық бейлокалдылық категориясын функционалды грамматика тұрғысынан уақытпен, кеңістікпен, қимылмен, субъектімен бірлікте қарастыру − қазақ тіл білімі үшін өзекті мәселе. Құрылымдық грамматикада бұрын-соңды шақтық локалдылық категориясы арнайы зерттелмеген. Сол себепті бұл категория функционалды грамматика ұстанымдары тұрғысынан алғаш зерттеу нысаны болып отыр.
Шақтық локалдылық/шақтық бейлокалдылық категория ретінде ақиқат шындықтағы түрлі амал-тәсілдердің адам санасында танылған объективті болмысын тілдік, тілдік емес жағдаяттар тұрғысынан және коммуникациядағы түрлі прагматикалық жағдайлар тұрғысынан зерттейді. Сонымен қатар шақтық локалдылық семантикасын білдіретін тілдік бірліктер функционалды грамматикада жүйелі-құрылымдық және функционалдық бағытта кешенді түрде қарастырылады.
Қандай қимыл-әрекет болсын белгілі бір уақыт кезеңінде өтіп жатады. Шақтық локалдылық категориясының мазмұны − қимылдың жүзеге асып жатқан кезеңі мен өту орнының анық немесе жалпылық сипат болуында. Сол іс-әрекетті жүзеге асырушы субъектінің нақты және жалпылық сипатта болуындажұмсалуын нақты шақтылық/жалпы шақтылық (временная локализованность/нелокализованность) категориясы білдіреді. Шақтық локалдылық/шақтық бейлокалдылық категориясы сөйленімді уақытқа қатысты нақтылық/жалпылық жағынан сипаттайды. Дәстүрлі грамматикадағы шақ формалары коммуникация процесінде уақыт ұғымын білдіреді, яғни шақтық мағына үстейді. Сол себепті уақыт ұғымындағы барлық тілдік құралдар тілдің түрлі деңгейінінен көрініс береді. Шақтық локалдылық/шақтық бейлокалдылықтың мазмұны тек шақ көрсеткіштері арқылы ғана ашылмайды. Ол − тек бір қыры ғана. Шақ көрсеткіштері жеке өзі тұрып локалдылық мағынаны бере алмайды. Локалдылық мағына міндетті түрде өзімен астасып жатқан басқа да семантикалық категориялармен тығыз байланыса отырып, функционалды-коммуникативтік тұрғыдан лексикалық, морфологиялық, синтаксистік деңгейдегі тілдік бірліктер арқылы ашылады, осымен байланысты қазақ тіл білімінде шақтық локалдылықты/бейлокалдылсинтаксистік құралдар ықты білдіретін әртүрлі тіл деңгейіндегі тілдік бірліктердің жұмсалу өрісін, функционалдық мәні мен семантикалық құрылымын айқындайтын зерттеулердің жоқтығы жұмыстың өзектілігін айғақтайды.
Қазақ тілінде ШЛ/ШБЛ-тың ерекшелігін білдіретін арнайы грамматикалық формалар болғанымен, осы ерекшелікті көрсететін лексикалық, морфологиялық, синтаксистік құралдар бар. ШЛ/ШБЛ семантикалық категориясын объективті шақтық белгілерді бейнелей келе, нақты/жалпы сипаттағы субъекті мен объектінің қатысы арқылы жүзеге асып жатқан нақты/жалпы түрдегі қимыл-әрекеттердің өту орнын анықтайды. ШЛ/ШБЛ-тың (нақтылық/жалпылық) қарама-қарсы ұғымы жекелік/көптік сипаттағы іс-әрекеттерден гөрі кеңірек қарастырылады. Шақтық локалдылық/шақтық бейлокалдылық − сонымен қатар болмыстың таным әрекеті арқылы адам санасында қалыптасуы барлық материалдық жүйедегі қимылдардың қайталануын, кезек-кезек қолданылуын, бірінен соң бірі өтіп жататынын әрі сол қимылдардың нақты сипат алуын қарастыратын семантикалық категория. Жоғарыда көрсетілген мәселелердің барлығы толық шешімін тапқанда ғана қазақ тіліндегі шақтық локалдылық/шақтық бейлокалдылықтың семантикалық өрісі кең әрі анық айқындала түседі.
Зерттеудің нысаны. Қазақ тіліндегі шақтық локалдылық/шақтық бейлокалдылық функционалды-семантикалық категориясының берілу жолдарын, функционалдық табиғатын ашатын тілдік бірліктердің семантикасы мен қолданысы.
Зерттеу жұмысының пәні. Қазақ тіліндегі шақтық локалдылық/шақтық бейлокалдылықтың функционалды-семантикалық сипаты.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақ тіліндегі шақтық локалдылық/шақтық бейлокалдылық категориясын жүйелі-құрылымдық жағынан және функционалды-семантикалық өріс теориясы тұрғысынан кешенді түрде
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Жанпейісов Е. Қызметтік грамматиканың бастау ұғымдары. ҚР БжҒМ мен ҰҒА Хабарлары. Филология сериясы. №1. −Алматы, 2003. −41-50бб.
2. Ахметжанова З.К. Функциональные-семантические поля русского и казахского языков. −Алма-Ата: Наука, 1989. −108 с.
3. Рысалды Қ. Сын дәрежесі категориясы: функционалды-коммуникативтік табиғаты (қазақ және неміс тілдері негізінде). Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. −Алматы, 2007. −54 б.
4. Құнанбаева С.С. Темпоральные отношения в казахском художественном тексте. Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора филологических наук. −Алма-Ата, 1991. −50 с.
5. Әбдіғалиева Т. Қазіргі қазақ тіліндегі болымдылық-болымсыздықтың мағынасы мен қызметі. −Алматы: Білім, 1996. −160 б.
6. Шалабай Б. Қолданымдық грамматика туралы // Қазақ грамматикасының өзекті мәселелері. −Алматы, 2007. −54-74 бб.
7. Салқынбай А. Функционалды грамматиканың негізгі түсініктері туралы // әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы. −Алматы, 2001 ж. № 42, 26-29 бб.
8. Нуртазина Б.М. Из опыта функционально-коммуникативного описания семантики таксиса // Функциональная лингвистика: состояния и перспективы. – Алматы, 2003. 129-137 бб.
9. Қапалбеков Б. Грамматикалық және семантикалық категориялардың тілдегі көрінісі// ҚР БжҒМ ҰҒА Хабарлары, №1. −Алматы, 2004. 59-63 бб.
10. Құлманов С. Қазақ тіліндегі мүмкіндік модалділігінің функционалды-семантикалық өрісі. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. −Алматы, 2004, - 35 б.
11. Жолшаева М. Қазақ тіліндегі аспектуалды семантиканың берілу жайында // ҚР ҰҒА Хабарлары. Тілтаным, №1, 2005.
12. Жұбаева О. Қ.Жұбановтың қазақ тіліндегі шақ категориясын танудағы ұстанымдары// Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері. Профессор Қ.Жұбановтың 110 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. −Алматы, 2009. 124 б.
13. Жаңабекова А. Құрылымдық және функционалды грамматиканың зерттеу бағыты мен зерттеу әдістері. – «А.Байтұрсынұлы және қазақ филологиясының мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2003. 25 желтоқсан. – 141-144б.
14. Жаңабекова А. Грамматикалық және семантикалық шақ категорияларының арақатынасы // Академик Р.Сыздықтың 80-жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференция материалдары. – Алматы, 2004. 141-144 бб.
15. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992. – 448 б.
16. Кемеңгерұлы Қ. Оқу құралы. І кітап. − Ташкент, 1928. ІІ кітап. −Алматы, 1929.
17. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1966. – 362 б.
18.Жұбаева О. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңдегі функционалды-грамматика көріністері. «Тілтаным» журналы. −Алматы, 2009. №2, 75 б.
19. Жолшаева М. Функционалды-семантикалық өріс ұғымы //Академик Р.Сыздықтың 80-жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференция материалдары. – Алматы, 2004. 147-149 бб.
20. Есперсен О. Философия грамматики. −Москва, 1958.
21. Қапалбеков Б. Жұмсалымдық мағыналық өріс – ұғымдық категориялардың ұлт тіліндегі көрінісі // әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы, №5, 2004 жыл, 52-62 бб.
22. Гулыга Е.В., Шендельс Е.И. Грамматико-лексическое поля в современном немецком языке. −Москва, 1969.
23. Бондарко А.В. Грамматическая категория и контекст. –Ленинград, Наука, 1970. – 114 с.
24. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. –Алматы, 2005. –388 б.
25. Бондарко А.В. Принципы функциональной грамматики и вопросы аспектологии. −Ленинград, 1983, −140 с.
26. Ф. де Соссюр. Курсы общей лингвистики // Труды по языкознанию. −Москва, 1977.
27. Жолшаева М. Қазақ тіліндегі қайталану қимылының мазмұндық типтері // ҚР БҒМ ҰҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы.- 2005. -№ 5-6 (153-154). – 38-47 бб.
28. Шмелева Т.В. Смысловая организация предложения и проблема. −Москва, 1988, -78 с.
29. Актуальные проблемы русского синтаксиса. −Москва, 1984. -30 с.
30. Бондарко А.В. Теория значения в системе функциональной грамматики (на материале русского языка). −Москва, 2002, 135 б.
31. Тураева А.Т. Қазақ тіліндегі белгілілік/белгісіздіктің функционалды-семантикалық категориясы. Канд дисс. автореф. −Алматы, 2008.
32. Теория морфологической категории. –Санкт-Петербург, Наука, 1992. 304с.
33. Теория функциональной грамматики. – Москва: УРСС, 2003. – 348с. 34-35б б.
34. Жаңабекова А. Темпоралдық категориясының бастау ұғымдары // Қазақ грамматикасының өзекті мәселелері. −Алматы, 2007. −356 бб.
35. Кошмидер Э. Очерк науки о видах польского глагола. −Ленинград, 1961.
36. Теория функциональной грамматики: Введение. Аспектуальность. Временная локализованность. Таксис. − Ленинград, 1987.
37. Булыгина Т.А., Шмелев А.Д. Пространственно-временная локализация как суперкатегория предложения// «Вопросы языкознания». −Москва, 1989. № 3. –15-25 сс.
38. Теория функциональной грамматики: Локативность. Бытийность. Посессивность. Обусловность. СПб., Санкт-Петербург, 1996б С.373.
39. Булыгина Т.А. Семантические типы предикатов. –Москва, 1982.
40. Васильев Л.М. Семантические классы глаголов чувства, мысли и речи. // Очерки по семантике русского глагола. −Уфа, 1971. -380с.
41. Иванов И.П. Вид и время в современном английском языке. –Ленинград, 1961.
42. Смирнов И.А. Типы временной нелокализованности действия врусском языке // Теория функциональной грамматики: Субъектность. Объектность.коммуникативная перспектива высказывания. Опредпленность/неопределенность. СПб., Санкт-Петербург, 1992. С.35 6.
43. Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. − Алматы, 2007. −490 б.
44. Козинцева Н.А. Временная локализованность/нелокализованность действия и ее связи с аспектуальными, модальными и таксисными значениями. −Ленинград, 1991.
45. Бондарко А.В. О грамматике функционально-семантических полей // Изв. АН СССР сер. Лит. И яз. Т. 43. №6. 1984 б.
46. Бондарко А.В. Замечания об отношениях недифференцированного типа // Теория функциональной грамматики: Введение. Аспектуальность. Временная локализованность. Таксис. −Ленинград., 1987г.
47. Бондарко А.В. Грамматическое значение и смысл. −Ленинград, 1978.
48. Смирнов И.Н. Ситуации вневременности в современном русском языке // Функциональный анализ грамматических форм и конструкций. −Ленинград, 1988.
49. Смирнов И.Н. О зависимости семантики нелокализованности действия во времени от степени генерализации субъекта (на материале русского языка) // Лингвистические исследования 1985. Грамматические категории в разносистемных языках. −Москва, 1985.
50. Полянский С.М. Одновременность/разновременность и другие типы таксисных отношений // Теория функциональной грамматики: Введение. Аспектуальность. Временная локализованность. Таксис. −Ленинград. 1987.
51. Рысалды Қ. Тілді функционалды тұрғыда зерттеудің қазіргі ұстанымдары // Қазақ грамматикасының өзекті мәселелері. −Алматы, 2007. −98-125 бб.
52. Бондарко В.А. Принципы функциональной грамматики и вопросы аспектологии. −Ленинград: Наука, 1983. – 208 с.
53. Мещанинов И.И. Понятийные категории в языке // История советского языкознания: Хрестоматия / Сост. М.Ф.Березин. – Москва: Высш. школа, 1981. - С.56-61
54. Москальская О.Н. Проблемы системного описания синтаксиса. Изд. 2-е. −Москва, 1981.
55. Козинцева Н.А. Временная локализованность/нелокализованность действия и ее связи семантические связи (на материале армянского и русского язаков) // Типология и грамматика. −Москва, 1990.
56. Храковский В.С. Семантические типы множества ситуаций и их естественная классификация // Типология итеративных консрукций. −Ленинград, 1989.
57. Павлов В.М.Темпоральные и аспектуальные признаки в семантике «временных форм» немецкого глагола и некоторые вопросы теории грамматического значения // Теория грамматического значения и аспектологические исследования. −Ленинград, 1984.
58. Маслов Ю.С. Очерки по аспектологии. −Ленинград, 1984.
59. Жолшаева М. Қазақ тіліндегі аспектуалды семантика: форма және мазмұн. Фил. ғылым. док. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты. −Алматы, 2009.
60. Смирнов И.Н. Семантика субъекта/объекта и временная локализованность // Теория функциональной грамматики: Субъектность.Объектность. Коммуникативная перспектива высказывания. Определенность/неопределенность. СПб., Ленинград, 1992.
61. Козырев В.И. Аспектуальная характеристика безглагольных побудительных высказываний в современном русском языке // Семантика аспектуальности в русском языке. Ученые записи Тартуского государственного университета. Выпуск, 625. −Тарту, 1982. – 67 -83 с.
62. Оркина Л.Н. Аспектуально-темпоральная характеристика высказываний с семантикой обусловленности в современном русском языке. Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора филологических наук. −Санкт-петербург , 2000. −387 с.
63. Петрухина Е.В. Аспектуальные категории глагола в русском языке в сопоставлении с чесшским, словацким, польским и болгарским языкамии. −Москва, 2000а.
64. Холодович А.А. О предельных и непредельных глаголах // Филология стран Востока. −Ленинград, 1963.
65. Философский энциклопедический словарь. −Москва, 1983 − ФЭС.
66. Лингвистический энциплопедический словарь. −Москва, 1990.
67. Бондарко А.В., Буланин Л.Л., Руский глагол. − Ленинград, 1967.
68. Шелякин М.А. Функциональная грамматика русского языка. −Москва: Русский язык, 2001. – 287 с.
69. Бондарко А.В. Теория морфологических категории. −Ленинград: Наука, 1976. −255 с.
70. О грамматической категории // Вестник ЛГУ. −Ленинград, 1948. № 2.
71. Зайлер Г. Инвариантность и вариативность: Параметрическая модель исследования языковых универсалий // Вопросы языкознания. №3. 1988.
72. Проблемы функционального описания языковых единиц. –Свердловск, 1990.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 126 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ атындағы ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУ ТЫ

ӘОЖ 811. 512. 122' 36
Қолжазба құқығында

СОЛТАНБЕКОВА АЛЬФИЯ АБДЫКЕНҚЫЗЫ

Қазақ тіліндегі шақтық локалдылықшақтық бейлокалдылықтың
функционалды-семантикалық категориясы

Мамандығы – 10.02.02 – қазақ тілі

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертациясы

Ғылыми жетекшісі: филолия ғылымдарының
докторы, профессор Е. Жанпейісов

Алматы, 2010

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Шақтық локалдылықшақтық бейлокалдылық категориясының тілдік жүйедегі
орны
1.1 Функционалды-семантикалық өріс концепциясының теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2 Шақтық локалдылықшақтық бейлокалдылық категориясының семантикалық
аспектісі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.3 Шақтық локалдылықшақтық бейлокалдылық функционалды-семантикалық
категориясының негізгі
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
1.4 Шақтық локалдылықшақтық бейлокалдылықтың аспектуалдылық,
темпоралдылық, модалділік және таксис категорияларымен
байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
4
1.4.1 Қимылдың дистрибутивті
қайталануы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 48
1.4.2 Интервал мен қимылдың нақты қайталануы жағдаятының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55
1.5 Нақтылықжалпылыққа құрылған сөйленімдердің коммуникативтік-
прагматикалық
аспектісі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 60
2. Шақтық бейлокалдылыққа құрылған сөйленімдер және олардың берілу
жолдары
2.1 Қазақ тіліндегі шақтық бейлокалдылықтың мағыналық
топтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...67
2.1.1 Шақтық бейлокалдылықтың нақты қайталау мен дағдылы қайталау
мағыналық түрлерінің ұқсас тұстары мен
айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..72
2.1.2 Шақтық бейлокалдылықтың ұдайы шақтылық пен шақтан тысқары
мағыналық түрлерінің ұқсас тұстары мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... 75
2.1.3 Ұдайылық жағдаятындағы субъектінің
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .83
2.2 Шақтық локалдылықшақтық бейлокалдылық ұғымын білдіретін нақты әрі
жалпы түрдегі субъектілер мен темпоралды көрсеткіштердің
қатысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 88
2.3 Шақтық бейлокалдылықтың категориялық жағдаяттары және интервал
ұғымына
қатыстылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 98
2.4 Мезгілдес сабақтас құрмалас пен мезгілдес салалас құрмалас
сөйлемдердің шақтық локалдылықшақтық бейлокалдылық ұғымына
қатысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..101
2.5 Шақтық бейлокалдылықтың сапалық семантикалық тілдік құралдар арқылы
жасалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .10 3
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 116
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .12 0

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Функционалды грамматиканың негізгі принципі
– тілдік бірліктердің қолданылуындағы мағыналық, мазмұндық жағын, яғни
қызметін басшылыққа алып, әртүрлі тіл деңгейіндегі тілдік бірліктерді қарым-
қатынас процесімен, сөйлеу жағдаятымен тікелей байланыста қарастыру. Бұл
зерттеу әдісінде тілдік категориялардың ішкі мағынасын жан-жақты ашып
көрсетуде дәстүрлі лингвистиканың әдіс-тәсілдері де қолданыстан тыс
қалмайды. Себебі кез келген тіл белгілі бір лексикалық, грамматикалық
парадигмаға түскен тұтастық болып табылады. Біз жұмысымызда функционалды-
семантикалық өріс теориясының негізгі зерттеу нысаны болып танылатын екі
бағытты (тұлғадан → мағынаға қарайғы және мағынадан → тұлғаға қарайғы)
да қоса пайдалана отырып, шақтық локалдылықшақтық бейлокалдылық (ары қарай
ШЛШБЛ) категориясын білдіретін түрлі тіл деңгейіндегі бірліктердің тілдік
жүйедегі қызметі мен сөйлеу жағдаятындағы жұмсалымдық әлеуеті
қарастырылады.
Шақтық локалдылықшақтық бейлокалдылық қазақ тілінде бұған дейін тұтас
функционалды-семантикалық категория ретінде арнайы зерттеу нысаны болмаған.
Зерттеу барысында теориялық мәселелерге байланысты Э.Кошмидер,
Н.А.Козинцева, Ш.Балли, В.В.Виноградов, А.М.Пешковский, А.Б.Шапиро,
Г.В.Гак, Г.В.Колшанский, М.В.Ляпон, Г.А.Золотова, М.А.Шелякин, Н.Ю.Шведова,
Т.П.Ломтев, М.Г.Грепль, М.Б.Будильцева, Г.А.Эслон, А.В.Бондарко,
Н.Е.Петров, В.Н.Бондаренко, Л.А.Бирюлин, Т.И.Дешериева және т.б.
ғалымдардың еңбектерін басшылыққа алдық. Қазақ тіл білімінде ШЛШБЛ
категориясына қатысты зерттеу жұмыстары болмағанымен, функционалды
грамматика теориясына қатысты А.Байтұрсынұлы, Ы.Маманов, Н.Т.Сауранбаев,
И.Ұйықбаев, З.Қ.Ахметжанова, Е.Н.Жанпейісов, Қ.Рысалды, Б.Шалабаев,
Б.Қапалбеков еңбектерінің алатын орны ерекше. Осы орайда жас зерттеушілер
О.Жұбаева, М.Жолшаева, А.Жаңабекова, С.Құлмановтардың еңбектерін атап өткен
жөн.
Тілдің маңызды қызметтерінің бірі саналатын коммуникация мен танымдық
әрекет сөйлеуде айқын көрінетіндіктен, тіліміздегі функционалды-
семантикалық өрістерді функционалды грамматика тұрғысынан тіл және сөйлеу
деңгейінде қарастыру қажеттігі туындап отыр. Бұл орайда локалдылық
семантикасын коммуникативтік-прагматикалық аспектіде зерттеу өзекті
мәселердің бірі болып есептеледі.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Зерттеуде шақтық локалдылықшақтық
бейлокалдылық категориясын функционалды грамматика тұрғысынан уақытпен,
кеңістікпен, қимылмен, субъектімен бірлікте қарастыру − қазақ тіл білімі
үшін өзекті мәселе. Құрылымдық грамматикада бұрын-соңды шақтық локалдылық
категориясы арнайы зерттелмеген. Сол себепті бұл категория функционалды
грамматика ұстанымдары тұрғысынан алғаш зерттеу нысаны болып отыр.
Шақтық локалдылықшақтық бейлокалдылық категория ретінде ақиқат
шындықтағы түрлі амал-тәсілдердің адам санасында танылған объективті
болмысын тілдік, тілдік емес жағдаяттар тұрғысынан және коммуникациядағы
түрлі прагматикалық жағдайлар тұрғысынан зерттейді. Сонымен қатар шақтық
локалдылық семантикасын білдіретін тілдік бірліктер функционалды
грамматикада жүйелі-құрылымдық және функционалдық бағытта кешенді түрде
қарастырылады.
Қандай қимыл-әрекет болсын белгілі бір уақыт кезеңінде өтіп жатады.
Шақтық локалдылық категориясының мазмұны − қимылдың жүзеге асып жатқан
кезеңі мен өту орнының анық немесе жалпылық сипат болуында. Сол іс-әрекетті
жүзеге асырушы субъектінің нақты және жалпылық сипатта болуындажұмсалуын
нақты шақтылықжалпы шақтылық (временная
локализованностьнелокализованность ) категориясы білдіреді. Шақтық
локалдылықшақтық бейлокалдылық категориясы сөйленімді уақытқа қатысты
нақтылықжалпылық жағынан сипаттайды. Дәстүрлі грамматикадағы шақ формалары
коммуникация процесінде уақыт ұғымын білдіреді, яғни шақтық мағына үстейді.
Сол себепті уақыт ұғымындағы барлық тілдік құралдар тілдің түрлі
деңгейінінен көрініс береді. Шақтық локалдылықшақтық бейлокалдылықтың
мазмұны тек шақ көрсеткіштері арқылы ғана ашылмайды. Ол − тек бір қыры
ғана. Шақ көрсеткіштері жеке өзі тұрып локалдылық мағынаны бере алмайды.
Локалдылық мағына міндетті түрде өзімен астасып жатқан басқа да
семантикалық категориялармен тығыз байланыса отырып, функционалды-
коммуникативтік тұрғыдан лексикалық, морфологиялық, синтаксистік
деңгейдегі тілдік бірліктер арқылы ашылады, осымен байланысты қазақ тіл
білімінде шақтық локалдылықтыбейлокалдылсинтаксисті к құралдар ықты
білдіретін әртүрлі тіл деңгейіндегі тілдік бірліктердің жұмсалу өрісін,
функционалдық мәні мен семантикалық құрылымын айқындайтын зерттеулердің
жоқтығы жұмыстың өзектілігін айғақтайды.
Қазақ тілінде ШЛШБЛ-тың ерекшелігін білдіретін арнайы грамматикалық
формалар болғанымен, осы ерекшелікті көрсететін лексикалық, морфологиялық,
синтаксистік құралдар бар. ШЛШБЛ семантикалық категориясын объективті
шақтық белгілерді бейнелей келе, нақтыжалпы сипаттағы субъекті мен
объектінің қатысы арқылы жүзеге асып жатқан нақтыжалпы түрдегі қимыл-
әрекеттердің өту орнын анықтайды. ШЛШБЛ-тың (нақтылықжалпылық) қарама-
қарсы ұғымы жекеліккөптік сипаттағы іс-әрекеттерден гөрі кеңірек
қарастырылады. Шақтық локалдылықшақтық бейлокалдылық − сонымен қатар
болмыстың таным әрекеті арқылы адам санасында қалыптасуы барлық материалдық
жүйедегі қимылдардың қайталануын, кезек-кезек қолданылуын, бірінен соң бірі
өтіп жататынын әрі сол қимылдардың нақты сипат алуын қарастыратын
семантикалық категория. Жоғарыда көрсетілген мәселелердің барлығы толық
шешімін тапқанда ғана қазақ тіліндегі шақтық локалдылықшақтық
бейлокалдылықтың семантикалық өрісі кең әрі анық айқындала түседі.
Зерттеудің нысаны. Қазақ тіліндегі шақтық локалдылықшақтық
бейлокалдылық функционалды-семантикалық категориясының берілу жолдарын,
функционалдық табиғатын ашатын тілдік бірліктердің семантикасы мен
қолданысы.
Зерттеу жұмысының пәні. Қазақ тіліндегі шақтық локалдылықшақтық
бейлокалдылықтың функционалды-семантикалық сипаты.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақ тіліндегі шақтық
локалдылықшақтық бейлокалдылық категориясын жүйелі-құрылымдық жағынан және
функционалды-семантикалық өріс теориясы тұрғысынан кешенді түрде қарастыру,
лексика-грамматикалық, лексика-семантикалық және функционалдық тұрғыдан
талдау жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Аталған мақсатқа жету үшін
төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- уақытқа қатысты шақтық локалдылықшақтық бейлокалдылық категориясының
құрылымдық және функционалды грамматика тұрғысынан ғылыми теориясын
негіздеу;
- шақтық локалдылықшақтық бейлокалдылық шеңберінде аспектуалдылық,
темпоралдылық, модалдылық ұғымдардың тығыз байланыстылығын анықтау, басқа
да семантикалық категориялармен астас тұстарын көрсету.
- локалдылықбейлокалдық мағынаны білдіретін тілдік бірліктердің
қолданысындағы ерекшеліктері мен қызметін айқындау;
- шақтық локалдылықшақтық бейлокалдылық ұғымының моделін жасауға
қатысатын түрлі сөйлем мүшелерін: субъект (бастауыш), объект (пысықтауыш)
және локалды пысықтауыш (мекен пысықтауыш), сонымен қатар темпоралды,
кеңістіктік көрсеткіштердің жұмсалуын анықтау;
- мәтін құрылымын мағыналық тілдік бірлік ретінде тану үшін локалдылық
пен бейлокалдылық сыңарлардың кезек-кезек алмаса қолданылуын анықтау;
- шақтық бейлокалдылықтың мағыналық топтарының семантикалық
ерекшеліктерін көрсетіп, жалпылық мағынаны айқындау;
- шақтық бейлокалдылық ұғымын білдіретін түрлі тілдік бірліктерді
жүйелеу, сапалық семантикалық тілдік құралдар жүйесін көрсету, сапалық
мағынаның бейлокалдылыққа құрылған қимылдардан көрінетіндігіне талдау
жасау.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Сипаттамалы, салыстырмалы синхрондық әдіс-
тәсілдер (қазіргі таңдағы орыс тіл біліміндегі функционалдық сипаттағы
ғылыми тұжырымдар қолданылды), жүйелеу (локалдылық семантикасын білдіретін
тілдік құралдар бір жүйеге келтірілді), компоненттік (шақтық локалдылық
шақтық бейлокалдылыққа оппозиция ретінде жеке талданып көрсетілді), жіктеу,
морфологиялық, синтаксистік талдау (нақтылық пен жалпылыққа құрылған
сөйленімдер коммуникативтік-прагматикалық тұрғыдан қарастырылды, шақтық
локалдылық ұғымын білдіретін мезгіл бағыныңқылы сөйлемдер анықталды) және
семантикалық талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде тіл ғылымының іргелі зерттеулері
және соны бағыттары мен жаңалықтары негізге алынды. Шақтық локалдылық
категориясының табиғаты мен қалыптасу, даму жолдарын зерттеу барысында
Э.Кошмидер, А.В.Бондарко, И.Н.Смирнов, Н.А.Козинцева, Г.А.Золотова,
М.А.Шелякин, қазақ тіл біліміндгі А.Ысқақов М.Балақаев, Т.Қордабаев,
Е.Жанпейісов, З.Ахметжанова, Қ.Рысалды, Б.Шалабай, Б.Қапалбеков,
М.Жолшаева, А.Жаңабекова, О.Жұбева, С.Құлманов т.б. ғалымдардың зерттеу
қағидалары теориялық-әдіснамалық тұрғыдан басшылыққа алынып, зерттеуімізде
басты назарда болды.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Жұмыстың зерттеу нысанына орай дереккөз
ретінде М.Әуезовтың 20 томдық шығармалары, Б.Майлиннің, Ж.Аймауытовтың,
І.Есенберлиннің, басқа да танымал ақын-жазушылардың туындылары мен екі
мыңға жуық жинақталған мысал зерттеуге арқау болды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- шақтық локалдылықшақтық бейлокалдылық алғаш рет қазақ тілі
деректері негізінде функционалды-семантикалық аспектіден кешенді
түрде қарастырылды;
- шақтық локалдылық ұғымын білдіретін тілдің түрлі деңгейіндегі тілдік
бірліктердің жүйесі функционалды, коммуникативтік-прагматикалық аспектіде
анықталды;
- шақтық локалдылық пен бейлокалдылық тілдегі қолданыстағы ерекшеліктері
негізінде оппозиция ретінде танылды;
- шақтық локалдылықшақтық бейлокалдылық уақытпен, кеңістікпен,
қимылмен, субъектімен тең дәрежеде қабаттаса отырып жан-жақты сипатталды;

- шақтық бейлокалдылықтың мағыналық топтарының (нақты қайталау, дағдылы
қайталау, ұдайы қайталау (соңғы екі түрін толық әрі толық емес жинақтылық
ретінде қолдануға болады) семантикалық ерекшеліктері анықталды;
- шақтық локалдылық мағынаның сөйленім және мәтін деңгейіндегі өзіндік
ерекшеліктері тілдік құралдар арқылы айқындалды.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Қазақ тіліндегі шақтық локалдылық
функционалды-семантикалық категориясының мағыналық құрылымының анықталуы
функционалды грамматиканың теориялық мәселелерін айқындауға және құрылымдық
грамматика теориясын дамытуға өзіндік деңгейде үлес қосады деп ойлаймыз.
Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері қазіргі тіл білімінің функционалды
грамматика саласындағы формадан ( мағынаға және керісінше мағынадан (
формаға қарайғы семасиологиялық және ономасиологиялық екі бағыттың
теориялық негізгі ұстанымдары мен концепцияларын жетілдіруге ғылыми
тұрғыдағы мәселелерін шешудегі принциптердің айқындалуына мүмкіндік
жасайды.
Зерттеу жұмысының практикалық мағызы. Зерттеу материалдары мен алынған
нәтижелерді қазақ тілінің функционалды грамматикасы, морфология, синтаксис
және қазақ тілі грамматикасының өзекті мәселелері бойынша жүргізілетін
курстарда пайдалануға болады. Таратып айтсақ: а) қазақ тілінің шақтық
көрсеткіштері жөніндегі курстарда (морфологиялық категориялар, шақ,
есімдік, предикативтілік теориясы, жинақты-жекелілік сөйлемдер); ә)
грамматика мәселелері бойынша оқылатын арнайы курстар мен арнайы
семинарларда; б) қазақ тілін басқа тілді аудиторияға үйрету үшін де
пайдаланылады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- Шақтық локалдылықшақтық бейлокалдылық ұғымы референттің қатыстылығына
қарай толық бір сөйленімнің немесе мәтіннің бойынан табылады: ШЛ сөйлеу
жағдаятының белгілі бір шаққа шоғырлануын қарастырса, ШБЛ ұғымы жалпылық
сипаттағы белгісіз, анық емес жағдаяттарды түсіндіреді, яғни тілдегі
қолданыстағы ерекшеліктері негізінде оппозиция ретінде танылады;
- шақтық локалдылық, аспектуалдылық, темпоралдылық, таксис сияқты
семантикалық категориялардың басын біріктіретін ортақ тұстары − уақыт
мезгілі (шақ ұғымы). Шақтық локалдылық осы және басқа да семантикалық
категориялармен бірлесе келе, тығыз байланыста астасып жатады;
- бұл семантикалық категорияны түсіндіруде түрлі тіл деңгейіндегі тілдік
бірліктер жүйесі мен олардың бір-бірімен байланысы үлкен рөл атқарады;
- ШЛШБЛ категориясын түсіндіруде қолданылатын тілдік құралдар қатары:
етістіктің шақ формалары, референттікреференттік емес субъектілер тобы,
объекті, лексикалық бірліктер, сөйленім, мәтін деңгейіндегі темпоралды
көрсеткіштер, локалды көрсеткіштер. Бұл тілдік көрсеткіштердің ШЛШБЛ
ұғымындағы қолданысы бірдей емес;
- нақтылықжалпылық ұғымының коммуникативтік-прагматикалық аспектіде
алар орны ерекше. Сөйлеу жағдаятындағы сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы
қарым-қатынас прагматикалық прессупозиция түрлерін анықтай отырып танылады;
- локалдылықбейлокалдылық семантикасын функционалды грамматика
принциптері тұрғысынан қарастыру арқылы оның тілдегі лексика-грамматикалық
(грамматикалық формалар, сөзжасамдық қосымшалар, лексикалық бірліктер) және
синтаксистік көрсеткіштер (коммуникативтік-прагматикалық аспекті, сөйлем,
мәтін) арқылы берілу жолдарын толық көрсетуге болады.
Жұмыстың талқылануы мен жариялануы. Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны
мен нәтижелері С.Аманжолов және қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері
халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2004), Педагогикалық
білімнің өзекті мәселелері атты халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияда (Шымкент, 2006), Қазақ тіл біліміндегі функционалдық бағыт
атты ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2006), Қазақ тіл білімінің
өзекті мәселелері атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы,
2009), Әдеби тіл және қазақ тілінің өміршеңдігі атты ғылыми-теориялық
конференцияда (Алматы, 2009), сондай-ақ ҚР БжҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл
білімі институты жанындағы Лингвистикалық жұма атты ғылыми-әдістемелік
лингвистикалық семинарда (2010 ж., 19 ақпан) баяндалды. Диссертацияның
мазмұны ғылыми басылымдар мен жинақтарда 10 мақала түрінде жарияланды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі
тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Шақтық локалдылықшақтық бейлокалдылық категориясының тілдік жүйедегі
орны

1.1. Функционалды-семантикалық өріс концепциясының теориялық негіздері
Тіл – қоғамдағы адамдардың практикалық қатынасының құралы. Тілді бір
адам өзі үшін ғана қолданбайды, басқа адамға өзінің ойын білдіру, жеткізу
үшін қолданады. Тіл – конкретті сана болғандықтан, қоғамдық өмір өзгерісіне
сәйкес қазақтың әдеби тілі күн санап дамып келеді. Қазақ тілінің әлсіз
жерін күшейтіп, кедей жерін байыта түсті. Осындай сатылап, бірте-бірте
дамудың нәтижесінде әдеби тіліміздегі грамматикалық категориялардың қайсысы
болса да дамып, бір жүйеге түсті. Сол грамматикалық категорияларды
функционалды-семантикалық аспектідегі тілдік бірліктердің түрлі тіл деңгейі
тұрғысынан зерттеу қазіргі таңда тіл білімінде, оның ішінде қазақ тіл
біліміндегі ең басты әрі маңызды мәселе болып табылады.
Қазақ тіл білімі қай бағыттағы зерттеуде болсын ғылыми жетістіктерге қол
жеткізіп отыр. Бұл орайда этнолигвистика, лингвомәдениеттану салалары
бойынша Ә.Т.Қайдар, М.Копыленко, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, стилистикадан
Р.Сыздық, Б.Шалабай еңбектерін атауға болады. Тілдің жүйелі-құрылымдық жағы
А.Ысқақов, Қ.Есенов, М.Балақаев, Т.Қордабаев, Р.Әмір, Н.Оралбаева,
Ө.Айтбаев, М.Серғалиев, Ш.Сарыбаев, М.Оразов, К.Хұсайын, Т.Сайрамбаев,
Ә.Жүнісбек, Б.Қалиев, Н.Уәли, Б.Сағындықов, Б.Қасым еңбектерінде көрініс
тапса, З.К. Ахметжанова, А.Жұбанов, Т.Абдығалиева, Ж.Жакупов, Қ.Рысалды,
З.Ерназарова, Қ.Есенова, Д.Әлкебаева зерттеулерінде функционалды,
коммуникативтік-прагматикалық, когнитивтік аспектіден қарастырылған.
Қазіргі кезеңде қазақ тіл білімінде ең актуалды проблемалардың бірі −
тілдік жүйенің функционалдылық механизмін зерттеу. Мұның өзі функционалды
грамматиканың негізін қалауға үлкен әсер етті.
Қазақ тілінің функционалды грамматикасының негізгі ұғымдарына профессор
Е.Н. Жанпейісов [1] ғылыми мақаласында талдау жасап, түсініктеме береді.
З.К. Ахметжанова [2] тәуелдік, қимылдың өту сипаты, компоративтік
категорияларын орыс тілі деректерімен салғастыра зерттеді. Қ.Рысалдының
Сын дәрежесі категориясы: функционалды-коммуникативтік табиғаты атты
қазақ және неміс тілдері негізінде жазылған докторлық диссертациясын да [3]
қосуға болады.
Қазақ тілі деректері негізінде функционалды бағытта жүргізілген
С.С.Құнанбаеваның көркем мәтіндегі шақ категориясын функционалды-
семантикалық өріс деңгейінде зерттеген докторлық диссертациясы [4],
Т.Абдығалиеваның болымдылық-болымсыздық категориясын функционалды
грамматика принциптері тұрғысынан зерттеген докторлық диссертациясы [5],
Б.Шалабай [6], А.Салқынбай [7], Б.М. Нуртазина [8] еңбектерінің де қазақ
тілінің функционалды грамматикасының негізін қалауға және оның теориялық
қырларын дамыту мен толықтыруда маңызы өте зор. Б.Қапалбековтың
Грамматикалық және семантикалық категориялардың тілдегі көрінісі
тақырыбындағы [9], С.Құлмановтың Қазақ тіліндегі мүмкіндік модалділігінің
функционалды-семантикалық өрісі тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын
[10], М.Жолшаеваның Қазақ тіліндегі аспектуалды семантиканы форма және
мазмұн тұрғысынан зерттеген докторлық диссертациясын [11], О.Жұбаеваның
Предикативті өрістің субъектілі-предикатты бірліктері тақырыбындағы [12],
А.Жаңабекованың Құрылымдық және функционалды грамматиканың зерттеу бағыты
мен зерттеу әдістері тақырыбындағы [13] еңбектерін атап өткен жөн болар.
Сонау А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгеров, Қ.Жұбанов т.б. қазақтың ғұлама
ғалымдары қазақ сөздерінің қолданымдық ерекшеліктерін білмеді деу тіл
ғылымына жасалған үлкен қиянат болар еді. Ғалымдардың тілдік бірліктердің
(сөз, қосымша, сөйлем) қолданымдық (функционалдық) ерекшеліктерін тани
білген ғылыми көзқарастарын олардың жасаған тілдік жіктемелерінен байқауға
болады. Бұл мәселе Функционалды грамматиканың тілтанымдық негіздемелері
т.б. тақырыптарда арнайы қарастырылуы қажет деп санаймыз. [14, 141].
Функционалды грамматика мәселелері орыс тіл білімінде ХХ ғасырдың екінші
жартысында ғана қолға алынып, арнайы зерттеу нысаны болды. Алайда ХХ
ғасырдың басында ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кездің өзінде-ақ
ғалымдардың функционалды грамматиканың көптеген мәселелерін терең зерделеп,
түсінгені байқалады. Функционалды грамматикаға қатысты қазіргі кезде
қолданылып жүрген атауларды қолданбағанымен, ғалымдар функционалды
грамматиканың негізгі ұстанымдарын, функционалды-семантикалық категория,
өріс, семантикалық инвариант, ұғымдық категориялардың өзіндік
ерекшеліктерін терең түсінген. А.Байтұрсынұлы [15], Қ.Кемеңгерұлы [16],
Қ.Жұбанов [17] тұжырымдарының бүгінгі таңдағы ғылым жетістіктерімен сәйкес
келуі, бір жағынан, ХХ ғасырдың басында ұлттық тіл білімінің қаншалықты
құлаштап алға басқанын көрсетсе, екінші жағынан, репрессия зардабының
кесірінен ғылым дамуының қаншалықты тежелгенін де танытса керек [18, 75].
Шақтық локалдылық категориясы жайында бұрын қазақ тіл білімінде арнайы
ешкім зерттеген жоқ, арнайы терминологиялық жүйеге енбеген, дегенмен шақтық
локалдылық жайлы алғашқы нышандарды А.Байтұрсынлынан, Қ.Кемеңгерұлыдан,
Қ.Жұбанов т.б. ғалымдардың еңбектерінен көруге болады. Олардың шақтарды
тануда ұқсастықтар мен біраз алшақтықтар кездеседі... Қ. Кемеңгерұлы,
Қ.Жұбановтар байқағанындай, бұл көрсеткіштердің біраз ерекшеліктері бар.
Мәселен, келіп еді, келген еді деген тіркестерде келу қимылы бір-ақ рет
болғанын білдірсе, ал келетін еді, келуші еді десек, келу қимылы бір рет
емес, бірнеше рет, дағдылы түрде болғанын, әдетке айналған амал-әрекетті
білдіріп тұр [18, 124]. Әсіресе өткен шақты тануда амалдың ертеректе не
жуық арада өткенін, сөйлеушінің іс-әрекетті өз көзімен көргендей етіп
жеткізуін немесе басқа біреудің айтқанына сүйеніп қана айтып отырғанын, сол
сияқты қимылдың бұрынғы кезде бірнеше рет қайталанғанын, яғни әдетке
айналған іс-әрекет екенін т.с.с. ескеріп, соған байланысты өткен шақ
түрлеріне өзінше ат берген. Құрылымдық (дәстүрлі, структуралық, тұлғалық,
яғни формалдық) грамматикада орныққан түсінік бойынша, тіл лингвистикалық
тұрғыда белгілі бір деңгейлерден (фонетика, лексика, морфология, синтаксис,
мәтін) тұратын тұтастық болса, осы деңгейлердің өзі тілдік бірліктер
парадигмасының жиынтығы болып танылады. Әрине бұл түсінік, тілдің
статикалық күйін нақты көрсете алатын тұжырым деп ойлаймыз [19, 147].
Дегенмен адам баласының қарым-қатынас ретіндегі ең маңызды құралы – тіл
қызметке, яғни динамикаға түскенде ғана сөйлеу процесі жүзеге асады.
Сөйлеуде тілдік бірліктер өзіндік номинативтік мағынасы мен атқаратын
қызметінің үстіне қосымша қызметтер жамайды. Бұл лексикада метафора,
метонимия т.б. құбылыстары арқылы, синтаксисте үнемдеу, трансформация т.б.
тәсілдер арқылы, ал грамматикада негізінен жалпы грамматикалану процесі
арқылы іске асады. Қалай болғанда да бұл процестердің бәрі тілдік
бірліктердің өзара әрекеттесуінің (семантикалық, синтаксистік
тіркесімділік) нәтижесінен келіп шығады. Осындай әркеттестікті ашып көрсету
үшін О.Есперсен кез келген тілдік құбылысты не сырттан, не іштен, яғни
тілдің сыртқы тұлғасы мен ішкі мағынасы жағынан қарастыруды ұсынды:
бірінші әдісте біз (Т → М) белгілі бір форманы қарастырамыз да, одан кейін
оның мағынасын немесе қызметін анықтаймыз; екінші әдісте (М → Т) керісінше,
мағынадан немесе қызметтен шығамыз да, оларды білдіретін форманы
анықтаймыз [20, 56]. Бұл әдіс тіл біліміндегі функционалдық бағыттың
қалыптасуына негіз болды. Функционалдық ұғымының тіл білімі салаларында
қолданылуын қарастыра отырып, оны былай түсіндіруге болады: 1) тілдік
бірліктердің функциясын айқындау мақсатында оларды қолдана отырып қол
жеткізетін нәтижеге қарайғы бағытта зерттеу; 2) әртүрлі тіл деңгейіндегі
тілдік бірліктердің өзара әрекеттесе отырып жұмсалуынан осы формалардан
туындайтын мағынаны айқындау, яғни мағынадан құралдарға қарайғы бағытта
зерттеу; 3) осы екі бағыттың бірлестігі тілдегі түрлі семантикалық
категорияларды көрсететін тілдік бірліктерді бір тұтастыққа, өріске
жинақтау мақсаты қойылды [21, 62].
Е.В.Гулыга мен Е.И.Шендельс өрістің негізгі белгілері ретінде мыналарды
атайды: 1) өріс жүйелі қатынастар арқылы бір-бірімен байланысқан әртүрлі
тіл деңгейіндік құралдардың жиынтығы болып табылады; 2) өрісті құрайтын
әртүрлі тіл деңгейіндік құралдардың қандай да бір дәрежеде ортақ мағыналары
болады; 3) өрістің ортақ мағынасы біреу ғана болмайды, ол бір-біріне қарама-
қарсы ең кемінде екі мағынадан тұрады; 4) өріс көлденең және тік кесінді
түрінде көрсетуге болатын күрделі құрылымға ие болады. Өрістің көлденең
кесіндісі бойында оның семантикалық түрлері – микроөрістер, ал өрістің тік
кесіндісі бойында оны құрайтын тілдік құралдар жатады [22, 10]. Өріс −
белгілі бір семантикалық категорияға негізделіп, семантикалық қызметінің
ортақтығына орай өзара әрекеттес келетін грамматикалық және лексика-
грамматикалық, сондай-ақ әртүрлі аралас (лексика-синтаксистік т.б.) тілдік
құралдар тобы.
Функционалды грамматиканың бір түрі алғаш А.А.Хадеева-Быкова ұсынып,
кейін А.В.Бондарко функционалды-семантикалық өріс теориясы негізінде
дамытқан болып табылады. Функционалды-семантикалық өріс ұғымына ғалым
мынадай анықтама береді: Функционалды-семантикалық өріс – тілдің
грамматикалық (морфологиялық және синтаксистік) құрылымының бір ғана
семантикалық аясына жататын лексикалық, лексика-грамматикалық және
сөзжасамдық бірліктерімен бірге құрылатын екіжақты (мазмұндық-тұлғалық)
бірлестік [23, 115]. Яғни функционалды-семантикалық өріс теориясының
негізгі әдісі белгілі бір семантикалық категорияны білдіретін тілдік
бірліктердің мағына ортақтығына (инварианттылығына) орай тұтастық ретінде
қарастырып, сол категорияның семантикалық құрылымдарын айқындау болып
табылады.
Функционалды грамматика (лат. Functio − орындау орыс. функциональная
грамматика) – грамматикалық құрылыстағы тіл бірліктерінің функцияларын
(қызметін) және олардың заңдылықтарын объект етіп зерттейтін грамматика
түрі. Функционалды грамматика әр тілдің әртүрлі деңгейлеріне қатысты,
лексикамен, контекспен өзара байланысты, бірақ бәрі де семантикалық
қызметінің ортақтығы нәтижесінде біріктіріліп, тіл құралдарының біртұтас
жүйесінде қарастырылады [24, 389]. Функционалды грамматиканың негізгі
мақсаты − болмысты пайымдау барасында адам санасында қалыптасқан ойдың
мәнін берудегі грамматикалық бірліктердің тілдің басқа деңгейлер
бірліктерімен тығыз қарым-қатынастағы қызметінің заңдылықтарын зерделеп
сипаттау. Тілдің барлық деңгейлері бірліктерінің бір-бірімен өзара қарым-
қатынасы жалпы тілдік ұғымдық категориялар негізінде болады. Функционалды
грамматиканың бастауларын әріден іздеген дұрыс. Мәселен, орыс тіл білімінде
тілді функционалдық жағынан қарастырған зерттеулерді Ф.И.Буслаев,
К.С.Аксаков, Н.П.Некрасов, А.А.Потебня, И.А.Бодуэн де Куртенэ, А.А.Шахматов
және А.М.Пешковскийлердің еңбектерінен кездестіруге болады. Орыс сөздерінің
грамматикалық тұлғасын функционалдық тұрғыда қарастыруда В.В.Виноградовтың
еңбегі ерекше. Ал жалпы алғанда функционалды грамматиканың теориялық тірегі
Л.В.Щерба, И.И.Мещанинов, С.Д.Кацнельсон еңбектерінің негізінде қаланды
деуге болады [25, 142].
Функционалды грамматика функционалды-семантикалық өріс (ФСӨ)
семантикалық категория, категориялды жағдаят негізінде жасалады. ФСӨ
теориясы орыс ғалымы А.В.Бондарконың еңбектерінде неғұрлым өзекті түрде
айтылған Функционалды-семантикалық өріс – тілдегі грамматикалық
көрсеткіштердің лексикалық, лексика-грамматикалық әрі сөз тудырушы, сөз
түрлендіруші лексемалардың екіжақты қырынан (мазмұн-форма) үндесе әрі
үйлесе бірігіп келіп белгілі бір семантикалық ортада көрініс табуы.
Функционалды-семантикалық өріс – семантикалық категориялар негізінде
әртүрлі деңгейдегі әрекеттес тілдік құралдардың функцияларының ортақтығына
байланысты қалыптасқан жүйе. [24, 390].
“Өріс” өзіндік бір сипаты бар құрылым ретінде анықталып, алғашқыда тек
лексикология, кейін тілдің барлық саласында қолданыс тапты. Соның негізінде
лексикалық өріс, семантикалық өріс, лексика-грамматикалық өріс,
синтаксистік өріс, реляциялық өріс, функционалды-семантикалық өріс сияқты
тағы да басқа көптеген терминдер қалыптасқан. [11, 180].
Өріс теориясын ары қарай демытқан А.В.Бондарконың түсіндіруі бойынша,
белгілі бір мазмұнды жеткізуге қатысатын түрлі тіл деңгейіне жататын
құралдардың жиынтығы деп анықталатын өріс ұғымы деңгейаралық құбылыс
ретінде сипатталады. Өйткені мұнда дәстүрлі грамматикада бір-біріне
байланыссыз қарастырылатын түрлі тіл дейгейі бірліктері семантикалық
функцияның ортақтығы негізінде бір өріс аясына жинақталады [25, 145]. Мұнда
тілдік бірліктердің функциясының басты рөл атқаруы өрістің функционалды-
семантикалық деп аталуына негіз болған.
А.Байтұрсынұлы өзінің зерттеулерінде имплицитті түрде (ара-тұралап болса
да) функционалдық грамматиканың мәселелерін де қозғайды: кейбір
грамматикалық категорияларды семантикадан формаға қарайғы бағытта
қарастырады. Мысалы етіс категориясы жайлы құрылымдық грамматикада әдетте
оның өзгелік етіс, ортақ етіс, өздік етіс, деңгейлік, ырықсыз етіс деген
төрт түрі сөз болса, “Тіл − құралда” бұл сан едәуір көп. “Етістікте он
түрлі етіс бар: 1) сабақты етіс, 2) салт етіс, 3) ортақ етіс, 4) өздік
етіс, 5) өзгелік етіс, 6) беделді етіс, 7) ырықсыз етіс, 8) шығыс етіс, 9)
дүркінді етіс, 10) өсіңкі етіс” [1, 42].
Жалпы функционалдық грамматикадағы “функция в потенциальном аспекте”,
“функция в результативном аспекте” дегендер бұрындар айтылған мына бір
пікірлермен үндес, астас сияқты: тіл − әрі сөйлеу құралы, әрі оның нәтижесі
[1, 44]. “Язык является не только собранием слов, но и дел. Язык есть не
только слова” [26, 43]. “Сөз – қару. Бұзуға жұмсасаң бұзады, түзеуге
жұмсасаң түзейді”. “Тіл − адамның адамдық белгісінің бірі, қаруының бірі...
Айтушы ойын өзі үшін айтпайды. Өзге үшін айтады” [15, 342]. Біз бұл жерде
А.Байтұрсынұлы еңбектерінде кездесетін функционалды грамматикаға тән тілдік
элементтердің кейбірін ғана атап өттік. Олар жеке-жеке өз алдына арнайы
зерттеу объектісі болуға әбден лайық.
Демек функционалды-семантикалық өріс тілдегі грамматикалық тұлғалардың
лексикалық, лексика-грамматикалық және лексика-семантикалық құралдармен
өзара әрекеттестігі нәтижесінде ұйымдасатын семантикалық категория болып
табылады деген қорытынды шығады.
Функционалды грамматиканың жүйесін тануда әрі зерттеуде семантикалық
категориялар мен оның тілдегі көрінісі мұрындық болады. Бұл грамматиканың
концептуалды негізін мына үштіктен көреміз: “семантикалық категория,
функционалды-семантикалық өріс (ФСӨ), категориялды жағдаят (КЖ)”. ФСӨ пен
КЖ шеңберіндегі түрлі грамматикалық тіл бірліктері мен категориялар,
лексика-грамматикалық әрі лексикалық тілдік құралдар жүйесі аты аталған
грамматиканың функционалдылық табиғатын кеңейте түседі.

СК

ФГ

ФСӨ
КЖ

ФГ − функционалды грамматика

СК − семантикалық категория

ФСӨ − функционалды-семантикалық өріс

КЖ − категориялды жағдаят

СК + ФСӨ + КЖ ФГ

ФСӨ − СК ның тілдегі көрінісі

1.2. Шақтық локалдылықшақтық бейлокалдылық категориясының семантикалық
аспектісі
Сөйленімде іске асып жатқан кез келген іс-әрекет белгілі бір мезгіл
ішінде және белгілі бір орында, яғни кеңістікте жасалып жатады. Сонда
қимылдың белгілі бір уақыт бойындағы өту сипаты оның кеңістіктегі
қозғалысымен сәйкес келеді немесе қозғалыстың өтуі уақытпен сипатталады.
Қимылдың уақыт сызығында нақты өту орнының болуболмауымен байланысты
уақытқа қатысты нақты шақтылықжалпы шақтылық (временная локализованность
нелокализованность) категориясы бар. Ол категория сөйленімді уақытқа
қатысты нақтылықжалпылық жағынан сипаттайды. Мұндағы нақты шақтылық уақыт
сызығында нақты орны бар нақты оқиғаны – жеке денотативті жағдаятты, ал
жалпы шақтылық нақты ақиқат шындықтың жалпыланған, дерексіз үзінділерін
немесе бірқатар денотативтік жағдаяттардың жалпылануын білдіреді. Соңғы
жағдайда жалпы шақтылықтың уақыт сызығындағы орнын дәл көрсету мүмкін
болмайды [27, 38]. Бұл категорияның берер грамматикалық, лексикалық
мағынасын шақ категориясы салмағымен өлшей аламыз. Шақ формасы шақтық
локалдылықшақтық бейлокалдылық (ары қарай ШЛШБЛ) оппозициясын көрсетуде
белсене қызмет етеді. Осы шақ формасы нақты іс-әрекеттерді білдіруде кең
түрде қызмет атқарады. Сол сияқты өткен шақтағы да, келер шақтағы да нақты
жағдайдың функционалдық мағынасын анықтай аламыз.
Локалдылықбейлокалдылықтың (ЛБЛ) қарама-қарсылық ұғымын ажыратуда
етістіктің түрлері мен шақ категориясы үлкен мүмкіндік туғызады.
Временная локализация – это фиксация описываемых событий на временной
оси, где точкой отсчета служить момент речи [28, 78]. Пространственная
локализация – заключается в фиксации описываемых событий относительно
целового текста речи, в указаниях типа “здесьне здесь [29, 30].
Шақтық локалдылықшақтық бейлокалдылықты семантикалық категория ретінде
тану үшін нақтылықжалпылық негізінде байланысқан барлық тіл деңгейі
бірліктерін қимылдың тұрпат межесі ретінде қарау керек, сол кезде
категорияның өзі семантикалық категория мәртебесін алады. Белгілі бір ой
жалаң бір грамматикалық формамен ғана берілмей, өзара әрекеттес тілдік
құралдар арқылы жұмсалатындығын ескерсек, семантикалық категорияны белгілі
бір семантикалық функцияларды атқару үшін өзара әрекеттес болуға қабілетті
әртүрлі тілдік құралдардың жүйесі деп анықтауға болады. Басқаша айтқанда,
“семантикалық категория – түрлі тілдік құралдармен берілетін ой мазмұны
жүйесінде көрінетін бірліктер мен элементтер” [30, 135]. Тілдегі осындай
семантикалық категориялардың бірі − локалдылықбейлокалдылық. Бұл
категорияның мазмұны − уақыт ағымымен өлшенетін нақты бір қимылдың нақты
бір шаққа шоғырлануы, өту шегінің, орнының анықтығы және жалпылық сипаттағы
бір немесе бірнеше қимылдың барлық шаққа бірдей ұдайы түрде, қайта
қайталанып, дағдылы қалыпта жұмсалуы. Ал іс-әрекеттің белгілі бір шаққа
шоғырлануы немесе ұдайы түрде барлық шақта жалпылық сипат алуы уақыт ағымын
білдіретін түрлі тіл деңгейіне жататын құралдардың топтамасы локалдылықтың
функционалды-семантикалық өрісін құрайды. Бұл категорияның семантикалық
негізін етістік сөз табы, субъекті мен объекті және қимылдың нақтылығы мен
жалпылығын танытатын лексикалық бірліктер құрайды. Қобыздың қыл ішегінен
азынай ақтарылған дыбыс үй ішін кернеп барады. Қос ордаға сыймай, сыртқа
шығар жол іздегендей, өкси күңіреніп, йіріле толқып аңырайды (М.Мағауин)
(жалпылыққа құрылған сөйленім). Айдабол ауыр ұйықтайды. Түнде әлденеше рет
оянатын; тіпті, басына барып отырады. Кейде селк етіп, көзін ашып алады.
Бақырайған өлі жанары әлденеге қадалған күйі аз жатып, қайта қорылға
басады. Кейде бастырылып, сандырақтайды (М.Мағауин) (жалпылыққа құрылған).
Алдымен салдың серіктері өнер көрсетеді. Ат үстінде әр түрлі ойын жасап
таңырқатады. Аяқтарына сырық байлап жаяу жарысып, өтірік-шынды күресіп,
қыран-топан күлкіге батырады. Би билейді. Ән салады. Бірінен-бірі өтеді
(М.Мағауин) (жалпылыққа құрылған). Дәрігер сол сәтінде-ақ ем жасауға
кірісті. Әлдеқайдан ұзындығы тура сынық сүйем, сүңгідей аппақ инесін суырды
(М.Мағауин) (нақтылық). Ертеңінде таң бозынан атқа мінді, суыт жүріспен,
екінті әлетінде межелі жеріне жетті (М.Мағауин) (нақтылық). Осы
сөйленімдерде қимылдың белгілі бір шаққа нақтылана және ұдайы түрде
жалпылық сипат алуына қатысты тілдік бірліктер (анықтауыш, жалғаулық,
мекен, мезгіл пысықтауш құралдар) қимыл-әрекетті білдіретін етістікпен
қатысты қаралады. Етістіктің деңгейімен ғана шектеліп қоймай, локалдылық
мағына басқа тілдік құралдар арқылы да берілуі және нақтылануы мүмкін.
Бірінші сөйленімде созылыңқы қимыл -п барады аналитикалық форманты арқылы
дамып, күшею мағынасын білдіреді. Бұл жерде қимылдың өрши түскендігіне
қатысты мағынаның орын алғандығын көреміз. Кернеу негізгі етістігі барады
көмекші етістігімен тіркесе отырып, адамның ішкі жан дүниесін күңірентіп
алып бара жатқан қобыз үнінің аянышты халге түсіретіндігін көрсететін мағын
үстеп тұр. Сыймай, өкси, иіріле лексемалары аналитикалық формалы
етістіктермен тіркесе отырып, қимылдың дағдылы қалпын жалпы осы шаққа
негіздей отырып жалпылық мәнді білдіреді. Себебі бұл жердегі іс-әрекеттерді
жасаушы адам (субъекті) жоқ, тек жалпылық ұғымдағы адамзаттық емес, заттық
сипаттағы қимылдың орын алып тұрғандығын көреміз. Екінші сөйленімде қимылды
жүзеге асырушы субъекті біреу ғана, қимылдың нақты қашан болғандығы және
біреу емес, бірнеше қимыл-әрекет жасалып жатқандығын көруге болады.
Айдаболдың әр түн сайын дұрыс ұйықтамайтындығы дағдылы қалыпқа айналған. Ол
дағдылықты кейде талғаулықты жалғаулығының орын алуымен түсіндіреміз. Бір
түнде бір-ақ рет емес, әлденеше рет оянатындығының да жалпылық сипаты
көрінеді. Үшінші сөйленім жалпылыққа, соның ішінде үнемі, ұдайылық сипатқа
құрылған. Себебі, қимылды жасаушы субъекті біреу ғана емес. Олар − өнер
көрсетуші салдың серіктері. Олардың біреуі би билесе, біреуі ән айтса енді
біреуі жаяу жарысса, келесісі күлкіге батырып бар өнерлерін салып жүр.
Ыңғайлас, біртектес сипаттағы қимылдар бір мезгілдің бойын қамтығанымен,
нақты қай қимыл бірінші болып жүзеге асатындығы анық көрініп тұрған жоқ.
Бұл жердегі қимыл тізбектеле бір ізбен жасалып жатқан жоқ. Арасына уақыт
салып, әр жерде әр өнерпаз өздерінің білетін өнерлерін көрсетіп жүр. Ол
өнерлері (іс-әрекеттері) бір уақыт ағымын ғана қамтымайды, әр мезгілде
жүріп отыруы мүмкін. Кейінгі екі сөйленім нақтылыққа құрылған. Іс-әрекетті
жасаушы субъектілері анық әрі нақты қандай кәсіптің иесі екендігін анық
көруге болады. Сол сәтінде-ақ сияқты нақты мезгілді білдіріп тұрған
лексемалық бірлік кірісті етістігімен тіркесе отырып, іс-қимылдың
басталғандығын, дәрігердің өзінің ісіне көше бастағандығы нақты бір уақытты
қамтып тұр. Оны сөйленімнің мазмұнынан анық байқаймыз. Мұндай “мазмұннан (
формаға қарайғы” бағытқа негізделетін зерттеу құрылымдық грамматикадағы
белгілі бір деңгейге жататын тілдік құралдар шеңберінен шығып, одан күрделі
әр деңгейге жататын тілдік құралдарды тұтастықта алып қарауға мүмкіндік
береді.
ФСӨ-лердің құрылымына қарай бірнегізді және көпнегізді деп бөлеміз.
Көпнегізді ФСӨ-лер өз ішінде құрылым жағынан екі топқа ажырайды. Бірі −
босаң (диффузный) құрылымды өріс: мұндай өріс типтерінің құрылымындағы
орталық (ядро, негіз) бөлік пен шеткі (перифериялық) бөліктерін, жалпы өріс
құрамындағы тілдік құралдардың байланысын анықтау қиын. Мысалы, белгілілік,
белгісіздік өрісі. Қазақ тілінде белгілілікбелгісіздік функционалды-
семантикалық категориясының өрісін сілтеу есімдіктері мен жалпылау,
белгісіздік есімдіктері, ал шеткері өрісін тәуелдік жалғаулары, табыс
септігі, көптік жалғаулары, синтаксистік құралдар құрайды [31, 18]. Яғни
қазақ тіліндегі, сонымен қатар орыс тіліндегі де белгілілікбелгісіздік
категориялары ФСӨ түзуде тілдік жүйедегі белгілі бір морфологиялық
категорияны негіз не өзек етіп алмайды. Бұл мағыналарды беретін тілдік
құралдар тілдің әр деңгейінде жатқан, әрі белгілі бір грамматикалық
категорияның немесе топтың өзі емес, оның жекелеген мүшелерінен тұрады.
ФСП ОНО в русском языке представляет собой тип поля, характеризующегося
сложной полицентрической структурой [32, 187].
Екіншісі − орталық бөлігі айқын көрініп тұратын қатаң (компактной)
құрылымды көпнегізді өріс: субъектілік-объектілік. Бұл өріс негізінен
грамматикалық септік категориясына негізделеді, бастауыш қызметіндегі атау
септік формасында тұрған зат есімдер мен есімдіктер субъектілік өрісінің
орталығы, өзегі болады. Алайда септік бұл ФСӨ-лердің жалғыз орталық бөлігі
емес, осы субъектілік-объектілік қатынасты білдіретін басқа да тілдік
құралдарды негіз етуі мүмкін. Екінші бір зерттеу жұмыстарында қатаң
құрылымды көпнегізді өріс бірнегізді өрістің екінші түріне жатқызылып,
кешенді (геторогенді) бірнегізді өріс (шақтық локалдылық) деп аталады. Және
ол былайша түсіндіріледі: Қатаң құрылымды көпнегізді өрістерді ядро
тұрақсыздығына қарамастан бірнегізді өрістер қатарында қарау қажет. Өйткені
мұндай өрістердегі тілдік құралдар өрістің әртүрлі орталығын (ядросын)
құрамайды. Олар өріс ішіндегі бір орталықтың бір-бірімен өзара әрекеттесіп,
байланыста болатын элементтері. Сондықтан мұндай өрістер орталық және
периферияға ажыратылмайды [33, 234].
Тілде локалдылық бейлокалдылық мағынаны анықтауға құрылған түрлі тіл
деңгейіндегі тілдік бірліктер жүйесі тұрпат межесі тұрғысынан түсіндіріле
отырып топтасады. Міне, осы топтама шақтық локалдылықтың функционалды-
самантикалық өрісін тудырады. Басқа өрістер секілді шақтық локалдылық
өрісінің де орталық компонентері болады. Ол орталықты білдіретін тілдік
бірліктер − субъекті мен объектінің нақтылығынжалпылығын білдіретін тілдік
бірліктер. Олар: халық, адамзат, әркім кейбір, кезкелген, уақыт, өмір,
тарих. сондай-ақ жақтық-жалпылық мәндегі синтаксистік құрылымдар: Қайратыңа
әдісіңді жолдас ет, әдісіңе ақылыңды жолдас ет және жалпылық мәндегі
белгісіз-жақтық синтаксистік құрылым: Түйедей бойың болғанша, оймақтай ойың
болсын. Бейлокалдылықтың орталығына мынадай пысықтауыштарды жатқызуға
болады: кейде, ылғи, әдеттегідей, жылда, жыл сайын.. Шақтық локалдылық
өрісінің шеткері өрісі (периферия) ретінде етістік категориялар атауға
болады, басқа компоненттерінің арасында локалдылық пен бейлокалдылықты
көрсететін ең негізгі әрі маңызды амал-тәсілдер қатарына жатады. Бұл
етістік категориялар ШЛШБЛ-тың семантикасын анықтауда үлкен сұранысқа ие.
Демек, көпнегізді ФСӨ-лер бір ғана грамматикалық орталықтан тұрмайды,
орталық болу қызметінде кемінде екі тілдік құрал болу қажет саналады.
Мұндай көпнегізді өрістер бірнегізді өрістерге ұқсас болып келеді. Ал босаң
құрылымды (орталықты) өріс көпнегізді (полицентрический) өрістердің негізін
құрайды. Мұндай өрістердің орталық бөлігі тұрақсыз, және олар тілдің әр
деңгейінде шашырап жатады. Сонымен қатар макроөріс құрамындағы әрбір
өрістің (микроөрістің) өзінің орталығы мен шеткі (перифериялық)
компоненттері болады. Зерттеу еңбектерінде мұндай көпнегізді өрістердің
бірнегізді өрістерге қарағанда көп екендігі айтылады. Бұл әр тілдің
табиғаты мен құрылымдық ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Ал
қазақ тіліндегі мұндай қорытынды тұжырымды функционалды бағытта ФСӨ-лер
толық зерттеліп біткеннен кейін ғана айтуға болады деп ойлаймыз [13, 143].
ФСӨ болғаннан кейін оның ядросы (орталығы, негізгі өріс) мен перифериясы
(шеткері өріс) болады. Тілде белгілі бір мағынаны беруде өзіне тән тілдік
бірліктер болады, сонымен қоса сол мағынаны ашып кең түрде жеткізу үшін
қолданылатын қосымша тілдік құралдар да болады [34, 293]. Мысалы, қазақ
тіліндегі шақтық мағынаны білдіретін басты орталық − шақ көрсеткіштері
болса, ал оған қосымша шеткері өрісіне уақытты білдіріп тұрған басқа да
лексикалық бірліктер, синтаксистік құрылымдар кіреді. Әдетте грамматикалық
категорияларды білдіретін арнайы грамматикалық формалар қатары болатын, ал
кейбір категорияларды білдіріп тұратын не арнайы грамматикалық формасы, не
синтаксистік құрылымы болмайтын сәттер де кездеседі. Бірақ өзінің мән-
мағынасын, қызметін басқа грамматикалық категориялармен және мәтінмен
біріге отырып әрі тығыз байланыса отырып атқара алады. Мұндай категорияға
шақтық локалдылықшақтық бейлокалдылық (ШЛШБЛ) категориясын жатқызамыз.
Қазақ тілінде ШЛШБЛ-тың ерекшелігін білдіретін арнайы грамматикалық
формалар жоқ, бірақ осы ерекшелікті көрсететін басқа да грамматикалық
категориялар бар. Олар амалдың өту сипаты категориясы, шақ категориясы, рай
категориясы, модалділік категориясы. Бұл өрісте екеу, үшеу және одан да көп
автономды орта жоқ. Сол себепті шақтық локалдылық өрісі ФСӨ-тің
полиорталықты типіне жатпайды. Шақтық локалдылық өрісін арнайы күрделенген
ішкі гетерогенді құрылымы бар және бір-бірімен тығыз байланысты әртүрлі
деңгейдегі тілдік компоненттері жүйесінен тұратын ФСӨ-тің бәсең монорталық
болып табылатын ерекше бір түріне жатқызу керек.
Сонымен, морфологиялық категориялар ФСӨ-лердің жалғыз грамматикалық
орталығы, грамматикалық негізі емес. Ал бірнегізді өрістер орталықты
құрайтын бір тілдік жүйе бірліктері мен оның тілдік ортасынан тұрса,
көпнегізді өрістер бірнеше (екі, үш, және одан да көп) грамматикалық не
лексика-грамматикалық жүйе мен олардың әрқайсысының тілдік орталарының
бірлігінен тұрады. Демек бірнегізді өрістерде жүйе-орта құрылымы біреу
ғана болса, көпнегізді өрістерде жүйе-орта құрылымының бірнешеуі (екі, үш
не одан да көп) болады. Мұндағы жүйе деп отырғанымыз өріс орталығы, ал
орта сол өрістің қосалқы бөліктері (перифериясы), сөйлеу жағдаяттары,
контекст т.б. [13, 144].
Ал функционалды семантикалық категориялар сөйлеу жүйесінде ФСӨ-лер
құрумен сипатталады. ФСӨ ішкі мазмұннан және соны беретін тілдік
құралдардың бірлігінен тұрады. ФСӨ-нің ішкі мазмұнын семантикалық
категориялар (темпоралдылық, аспектуалдылық, персоналдылық т.б.) құраса,
сыртқы тұрпатын лексикалық, грамматикалық құралдар құрайды. ФСӨ-тің ішкі
мазмұнын оның мазмұн межесі, ал тілдік құралдар бірлігін оның тұрпат межесі
деуге болады. Семантикалық категория ретінде қарастырылғанда басқа
семантикалық категориялардан ерекшеліктері, басқа семантикалық
категориялармен байланысы, астас келу сипаттарына талдау жасалады, талдау
кезінде мағынадан формаға қарайғы бағыты ұстанады. семантикалық
категорияларды анықтау кезінде, ең алдымен, мағынадан формаға қарайғы
зерттеу бағыты бойынша талдау жасалады. Грамматикалық шақ категориясы шақ
формалары арқылы грамматикалық шақ мағынасын білдірсе, шақтың семантикалық
категориясы сөйлеуден көрінетін әр деңгейге жататын тілдік құралдар арқылы
қимылдың өту мерзімін білдіреді. Бірінде мағына бір грамматикалық форма
арқылы беріледі, екіншісінде әр деңгейге жататын тілдік құралдар кешені
арқылы беріледі [13, 144]. Шақтық локалдылық семантикалық категориясы
сөйлеу жағдаятындағы қимылдың нақтылығын бір уақыт бойымен өлшей отырып,
орналасу орнының анықтығынжалпылығын, ұдайы шақтылығын, қайта қайталануын,
барлық шақта қолданыс табатындығын сипаттайды.
ЛБЛ грамматикалық категория емес деп санаймыз (егер бір-біріне қарама-
қарсы қойылған грамматикалық формаларды осы жүйеде анықтасақ), ол − түрлі
деңгейдегі амал-тәсілдер жүйесінің оппозициясы. Шақтық локалдылықтың
орталық компоненттері қатарына субъекті мен объектінің конкреттікжинақтық
ұғымын білдіретін амал-тәсілдер енеді. Топталған субъектілер (әркім, кез
келген, адамдар, уақыт, өмір, тарих т.б.) және сөйленімнің синтаксистік
құрылымында кездесетін жинақты-жақтық (обобщенно-личные) ұғымдағы субъекті
мен қимыл-қозғалыс жинақты қызмет атқарады: Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,
әдісіңе ақылыңды жолдас ет. Мұндағы бастауыш мүше сен жасырын тұр, әмбе
көпшілікке қаратылып айтылған қанатты сөз болады, яғни субъекті жалпылық
қызметте тұр, сонымен қоса жинақтық ұғымдағы белгісіз-жақтық (неопределенно-
личные) тілдік бірліктерді де бір-бірімен салыстыра отырып бейлокалдық
өрісіннің функционалдық семантикасын көрсетеміз: Түйедей бойың болғанша,
оймақтай ойың болсын. Бұл сөйлемде бастауыш мүше жоқ, яғни субъекті
белгісіз. Шақтық бейлокалдылықты білдірудегі бірден бір ең маңызды сөйлем
мүшесі – пысықтауыш: кейде, күнде, ылғи, жыл сайын, күн сайын, ертең,
әрқашан..Етістіктің мағыналық бір түрі шақтық локалдылықтың басқа
компоненттерінің арасында локалдылық пен бейлокалдылықты көрсететін ең
негізгі әрі маңызды амал-тәсілдер қатарына жатады. Бұл етістіктерді ШБЛ-тың
семантикалық белгісін анықтауда қолданамыз.
Субъектінің кеңістіктегі қалпын білдіретін етістіктер. Бұл ұғымдағы
етістіктер адам немесе жанды-жансыз заттардың еш қозғалыссыз бір қалыптағы
күйін білдіреді. Бір кішкене бөлмеде Мұқан ұйықтай алмай жатты
(Қ.Әбдіқадыров). Қасында не аяқ жағында көрпенің астында Көксерек
жатады (М.Әуезов).
Үздіксіз қайта-қайта қайталануды білдіретін көмекші етістіктер. Бұл
амал-әрекетер созылыңқылық сипатта емес, тез жасалатын табиғат құбылысына
қатысты және еш қозғалыссыз бір орындағы мекендік мағына береді (кіру,
шығу, отыру, тұру): Қар жауып тұр. Сәкен кітап оқып отыр.
Амалдың созылыңқы сипат алатындығын аңғартатын етістіктер. Бұл
етістіктерде дерексіз ұғым басымырақ. Созылыңқылық мағына қимылды жүзеге
асыратын адамның бір қалыптағы жай-күйінен көрінеді: Ол қатты ойланып
отыр. Сәкен бар білгенін айтып отыр.
Қимыл-әрекеттерді жол-жөнекей жүзеге асыратын етістіктер. Амал-әрекеттің
жол-жөнекей нысанға қатысты жасалу қарқыны, жасалу тәсілі жағынан созылыңқы
мағына беретіндігін көруге болады.Кітап оқи отыр. Тамақ ала отыр.
Іс-әрекеттің күнделікті қалыптағы күйін аңғартатын етістіктер. Бұл
етістіктерден осы шақтық мағына беріп тұрғандығы және қимылдың күнделікті
жай-күйін аңғартатын бейтараптық мағына көрінеді. Кітап оқып отыр.Түскі
асын ішіп отыр.
Қимыл-әрекеттің бір уақыт өсіне тәуелді тұрғанын анықтайтын етістіктер
уақытқа қатысты нақтылық мағынаны білдіреді. Кітап оқи отыр. Түс ауғанша
сен мына кітапты оқып отыр.
Жоғарыда сөз болған мәселелерге қарай отырып, біз ШЛ-ты арнайы
грамматикалық формалар жүйесі бар ФСӨ-тердің бірі деп тани аламыз. Бұл
өрісте екеу, үшеу және одан да көп автономды орта жоқтың қасы. Сол себепті
шақтық локалдылық өрісі ФСӨ-тің полиорталық типіне жатпайды. Шақтық
локалдылық өрісін арнайы күрделенген ішкі гетерогенді құрылымы бар және бір-
бірімен тығыз байланысты әртүрлі деңгейдегі тілдік компоненттері жүйесінен
тұратын ФСӨ-тің монорталық болып табылатын ерекше бір түріне жатқызу керек.
Кейінгі зерттеулерде шақтық локалдылықты семантикалық категория ретінде
тану үшін оның құрамындағы семантикалық сыңарлардың оппозициялық қатынаста
болу керектігі атап көрсетіледі. Шақтық локалдылық ұғымы
локалдылықбейлокалдылық деп көрсетілген екі элементтің бір біріне қарама-
қарсы мағына білдіруімен түсіндіріледі. Ол дегеніміз, іс-әрекеттің кез
келген бір нақты орын мен уақытқа тәуелділігі және іс-әрекеттің кез келген
емес, дағдылы бір ғана уақытқа тәуелділігі, яғни ұдайы шақтылығы. Шақтық
локалдылық ұғымын функционалды-семантикалық өріс ретінде тіл ғылымына алғаш
поляк ғалымы Эрвин Кошмидер енгізді. Ол бұл категорияны аса бай
тілдіктілдік емес факторлар негізінде күнтізбелік-хронологиялық жағынан
талдап, нақты шақтылық пен ұдайы шақтылықты өзара қарама-қарсы оппозиция
түрінде сипаттай келе, олардың семантикалық ортасын анықтап берді.
Э. Кошмидердің айтуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Aғылшын және қaзaқ тілдеріндегі келер шaқ
НАҚ ОСЫ ШАҚ СУБКАТЕГОРИЯСЫНЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақ және ағылышын тілдеріндегі нақ осы шақтың функционалды - семантикалық сипаты
Қазақ тіліндегі белгілілік функционалды-семантикалық категориясы
Кеңістік локалдылығының негізгі сипаттамалары
Қазақ тіліндегі сыпайылық семантикасы
Қазақ тілінің грамматикасы
Абайдың қара сөздеріндегі көсемшенің синтаксистік қызметі
Функционалды грамматикадағы шақ көрсеткіштерінің семантикалық ерекшеліктері
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ Ы.МАМАНОВТЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
Пәндер