Синоним қатары



Кіріспе

1.тарау. Синонимдік қатар.
1.1 Синонимдердің пайда болу жолдары.

2.тарау. С. Сейфуллин шығармаларындағы сөз таптарынан болған синонимдер.
2.1 Өлеңдеріндегі әр түрлі жолмен пайда болған синонимдер.
2.2 С. Сейфуллиннің шығармаларындағы синонимдердің пайдалану тәсілі.

Қорытынды
Кіріспе
Сөздің дыбысталуы мен мағынасы жағынан салыстырып қарағанда, синоним омонимге қарама-қарсы тұрған лексика-семантикалық тілдік құбылыстар. Омонимдер ұғымы басқа, дыбысталуы бірдей бірнеше сөздер тобын білдірсе, синонимдер, керісінше, ұғымы бір, әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобын қамтиды. Синонимдер бір ғана ұғымды білдіретіндіктен, олар тек бір ғана сөз тобына қатысты болады.
Синонимдер мынадай белгілеріне қарай топтастырылады.
1. Сөздің дыбысталуында аз да болса, тұлғалық өзгешелігі болуы қажет. 2. Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі керек.
3. Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуға тиіс. Бұл үш белгі – сөздерді синоним деп танудағы басты шарт. Сонымен қатар бір сөз табынан болған синонимдер бірыңғай граматикалық тұлғада келуі мен контексте бірін-бірі алмастырған жағдайда, бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы синонимдердің қосымша белгілерін көрсетеді.
Синонимдер түбірлері әр түрлі болғанымен, беретін мағыналары жағынан жуықтас, жақындас болып келеді. Көп жағдайда оларды өзара алмастыруға да болар еді, алайда әрдайым бұлай бола бермейді. Қалай болғанда да, мағыналық жақындық көзге түсіп тұрады. Мысалы: Әркім арманын, қиялын іске асыруға тырысады деген сөйлемде арман және қиял деген сөздердің мағыналық жуықтастығы дау туғызбаса керек. Сондай – ақ биік – жоғары, алыс – қашық, күмән – шүбә деген сөздер тілімізде молынан кездеседі.
Синонимдер дегеніміз - әр түрлі айтылғанымен, мағынасы жақын, бірақ әрқайсысының өздеріне тән не мағыналық, не стильдік, не эмоциялық сәл ерекшеліктері бар бір сөз табынан болған сөздер. Яғни сөздер бір ғана ақиқат шындықты көрсетіп, бір ғана ұғымды білдіретіндіктен, олар синоним деп танылады. Өз ара мәндес сөздерден синонимдік қатар құра алады.
Тілдегі синонимдер үш түрге бөлінеді: а) мағыналық синонимдер, ә) стильдік синонимдер, б) мағыналық – стильдік синонимдер.
Әрқайсысының өзіне тән мағыналық реңкі бар, стильдік жағынан шектелмейтін, тілдегі барлық салада талғаусыз жалпылама қолданыла беретін снонимдер мағыналық синонимдер деп аталады.
Мысалы: абырой – бедел – кәдір, азайту – алу – кеміту – шегеру, батыл – өжет – өткір т. б.
Стильдік синонимдер деп мағына жағынан ұқсас (тең) бола отырып, бір-бірінен стильдік бояуы арқылы өзгешеленетін мәндес сөздердің түрлерін айтамыз. Мысалы: ат –есім – ныспы, бәсеке – бақас, жазғыру – күстәналау, жылау – мөңіреу т. б.
Тілдегі синонимдер бір-бірінен не мағыналық жағынан, не стильдік мәні жағынан өзгешеленіп, бірөңкей болып келе бермейді. Олар кейде әрі мағыналық, әрі стильдік белгілері арқылы ерекшеленеді. Синонимдердің осындай түрлері мағыналық-стильдік синонимдер деп аталады. Мысалы: іздену – тімтіну, мақтаншақ – бөспе, тақия – төбетей – кепеш, т. б.
1-тарау. Синонимдік қатар.
Синонимдік қатардың мағыналық негізгі сөздерді өзара жақындатып салыстыру үшін ғана емес, сонымен қатар оларды бір-біріне қарсы қойып ерекшелеуге де негіз болады. Синоним болып жұмсалатын мәндес сөздердің тобын синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп атайды. Синонимдік қатарға енген сөздердің ішінен бір сөз сол сөздерді мағына жағынан ұйыстыруға ұйытқы болатын тірек сөз деп таңдалынып алынады. Синонимдік қатардың құрамына екі, кейде оданда көп сөздер

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Синоним қатары [25 бет]
Кіріспе
1-тарау. Синонимдік қатар.
1.1 Синонимдердің пайда болу жолдары.
2-тарау. С. Сейфуллин шығармаларындағы сөз таптарынан болған синонимдер.
2.1 Өлеңдеріндегі әр түрлі жолмен пайда болған синонимдер.
2.2 С. Сейфуллиннің шығармаларындағы синонимдердің пайдалану тәсілі.
Қорытынды

Кіріспе
Сөздің дыбысталуы мен мағынасы жағынан салыстырып
қарағанда, синоним омонимге қарама-қарсы тұрған лексика-
семантикалық тілдік құбылыстар. Омонимдер ұғымы басқа,
дыбысталуы бірдей бірнеше сөздер тобын білдірсе,
синонимдер, керісінше, ұғымы бір, әр түрлі дыбысталып
айтылатын сөздер тобын қамтиды. Синонимдер бір ғана
ұғымды білдіретіндіктен, олар тек бір ғана сөз тобына
қатысты болады.
Синонимдер мынадай белгілеріне қарай топтастырылады.
1. Сөздің дыбысталуында аз да болса, тұлғалық өзгешелігі
болуы қажет. 2. Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі
керек.
3. Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуға тиіс.
Бұл үш белгі – сөздерді синоним деп танудағы басты шарт.
Сонымен қатар бір сөз табынан болған синонимдер
бірыңғай граматикалық тұлғада келуі мен контексте бірін-
бірі алмастырған жағдайда, бір ғана сөйлем мүшесінің
қызметін атқаруы синонимдердің қосымша белгілерін көрсетеді.
Синонимдер түбірлері әр түрлі болғанымен, беретін
мағыналары жағынан жуықтас, жақындас болып келеді. Көп
жағдайда оларды өзара алмастыруға да болар еді, алайда
әрдайым бұлай бола бермейді. Қалай болғанда да,
мағыналық жақындық көзге түсіп тұрады. Мысалы: Әркім
арманын, қиялын іске асыруға тырысады деген сөйлемде
арман және қиял деген сөздердің мағыналық жуықтастығы
дау туғызбаса керек. Сондай – ақ биік – жоғары, алыс –
қашық, күмән – шүбә деген сөздер тілімізде молынан кездеседі.

Синонимдер дегеніміз - әр түрлі айтылғанымен, мағынасы
жақын, бірақ әрқайсысының өздеріне тән не мағыналық, не
стильдік, не эмоциялық сәл ерекшеліктері бар бір сөз
табынан болған сөздер. Яғни сөздер бір ғана ақиқат
шындықты көрсетіп, бір ғана ұғымды білдіретіндіктен, олар
синоним деп танылады. Өз ара мәндес сөздерден
синонимдік қатар құра алады.
Тілдегі синонимдер үш түрге бөлінеді: а) мағыналық
синонимдер, ә) стильдік синонимдер, б) мағыналық – стильдік
синонимдер.
Әрқайсысының өзіне тән мағыналық реңкі бар, стильдік
жағынан шектелмейтін, тілдегі барлық салада талғаусыз
жалпылама қолданыла беретін снонимдер мағыналық синонимдер
деп аталады.
Мысалы: абырой – бедел – кәдір, азайту – алу – кеміту – шегеру,
батыл – өжет – өткір т. б.
Стильдік синонимдер деп мағына жағынан ұқсас (тең)
бола отырып, бір-бірінен стильдік бояуы арқылы
өзгешеленетін мәндес сөздердің түрлерін айтамыз. Мысалы: ат
–есім – ныспы, бәсеке – бақас, жазғыру – күстәналау, жылау –
мөңіреу т. б.
Тілдегі синонимдер бір-бірінен не мағыналық жағынан,
не стильдік мәні жағынан өзгешеленіп, бірөңкей болып
келе бермейді. Олар кейде әрі мағыналық, әрі стильдік
белгілері арқылы ерекшеленеді. Синонимдердің осындай түрлері
мағыналық-стильдік синонимдер деп аталады. Мысалы: іздену –
тімтіну, мақтаншақ – бөспе, тақия – төбетей – кепеш, т. б.
1-тарау. Синонимдік қатар.
Синонимдік қатардың мағыналық негізгі сөздерді өзара
жақындатып салыстыру үшін ғана емес, сонымен қатар
оларды бір-біріне қарсы қойып ерекшелеуге де негіз
болады. Синоним болып жұмсалатын мәндес сөздердің тобын
синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп атайды.
Синонимдік қатарға енген сөздердің ішінен бір сөз сол
сөздерді мағына жағынан ұйыстыруға ұйытқы болатын тірек
сөз деп таңдалынып алынады. Синонимдік қатардың құрамына
екі, кейде оданда көп сөздер енеді. Мысалы, Мені
бұрынғы ерім тоқалдыққа алғанда бала үшін алған еді.
(С. Сейфуллин) Бұл мысалдағы тоқал деген сөз екінші
әйел деген сөзбен синоним.
Синонимдік қатарды құрастырушы сөздер бір-бірімен мағыналық
жақтан жақын, өз ара мәндес болуымен бірге барлығының
бір сөз табына қатысты сөздерден синонимдік қатар
жасалмайды. Белгілі бір синонимдік қатардың жасалуы үшін,
оның қатарына енетін сөздердің барлығы да не бірөңкей
зат есім сөздерден, не бірөңкей сын есім сөздерден
немесе бірөңкей етістік сөздерден болуы керек.
Мысалы: Зат есімдерден болған синонимдер: өң – түс – түр –
келбет – пішін – ажар – мүсін – көрік – әлпет – кескін –рең – дидар –
шырай;
Түсің суық, тәнің шойын, жалаңаш.
Өлшеген нан, қара суды қылып ас.
немесе
Өң жоқ, түс жоқ, кепкен, солған, арыған
Тәндеріңді жастан темір қарыған
(Жұмыскерлерге)
Сын есімдерден болған синонимдер: салмақты – сабырлы –
байыпты – байсалды – ұстамды; сұлу – әдемі – көркем – көрікті – ажарлы –
кескінді – келбетті; күшті – мықты – әлді – қарулы – қайратты – қажырлы
және т. б. Мысалы: Кербезсің маңызданған, сұлу терек
немесе
Қулық, сұмдық, қиянаттың
Тамырларын қиятын.
(Кім жауапкер, жолдас?)
Етістіктерден болған синонимдер: сауығу – жазылу – айығу;
жолығу – кездесу – ұшырасу; жорамалдау – долбарлау – тұспалдау – болжау –
межелеу; амандасу – сәлемдесу; әзілдесу – қалжыңдасу; Мысалы:
Өкпелеп әлде қалды ма?
Көңіліне ренжу алды ма? (Жазғы түнде)
Үстеулерден болған синонимдер: таяуда – жуырда – жақында;
әрең – әзер зорға; тез – жылдам – шапшаң – лезде – сәтте және т.
б. Мысалы:
Жүк артысар аяқтарын тез басып

(Жайлауға көшу)
Сәкен Сейфуллин шығармаларында әсіресе зат есімдер
мен сын есімдерден және етістіктерден болған синонимдер
жиі кездеседі. Бұлай болатындығы әрбір тілдің лексикасындағы
сөздердің басым көпшілігі зат есімдер мен сын есімдер
және етістік сөздер.
Қазақ тілі синонимикасының жеке мәселелерін арнатйы зерттеу
жұмысы 50-ші жылдардың бас шеңінде қолға алынып, соның нәтижес інде
жеке зерттеулер жарық көрді. Бұл еңбектер бір ғана сөз табына
тән синонимдердің материалы неізінде жазылған да, сол кезебңде
жиналған 1300 жеке сөз (500 жуық синонимдік қатар) аясында шектелген
еді. Ал қазір қазақ тіліндегі өзге сөз таптары да синонимге соншама
бай екендігі мәлім болып отыр. Қазіргі жиналған мтареиладарға
қарағанда, бір ғана зат есім синонимдерінің өзі сол кездегі
материалдардан әлденеше есе артық екендігі байқалады. Әр сөз табына
тән сөздердің өзіндік ерекшелері мен мағыналық сипаты болатыны
белгілі. Бір сөз табына қатысты сөздердің сипаты барлық сөз табына
тән заңдылықтар мен ерекшеліктерді түгел қамтып, көрсетіп бере
алмайды. Өйткені зат есімнің бойында бар қасмиет басқа сөздер
табынан табылуы да, табылмауы да ықтимал. Әр сөз табы грамматикалық
жағынан, лексика – семантикалық жағынан, сөйлемдегі атқаратын қызметі
жағынан бір-бірінен өзгешелініп, бөлініп тұратындығы аян. Бүтін
бөлшектен құралса, бөлшенксіз бүтін де болмайды.

1.1 Синонимдердің пайда болу жолдары.
Тілдегі синонимдер әр түрлі жолдармен пайда болады.
Қазақ тіліндегі синонимдердің келіп шығуының мынадай
жолдары бар:
1. Синонимдер көп мағыналы сөздердің есебінен жасалған.
Мысалы: көз – жанар, көз – әйнек, көз – жасу, көз – бұлақ –
бастау – қайнар, арту – асу – озу, арту – көбею, моаю т. б.
2. Синонимдер сөз тудыру тәсілдері арқылы пайда
болған:
а) аффикстер арқылы: ауыздық – сулық, жемтік – өлімтік, басшы
– жетекші, жемқор – парақор, өнім – түсім т. б. ә) біріктіру
арқылы: ақсақал – отағасы, еңбекақы – жалақы, қанішер – қанқұйлы –
қаныпезер т. б. б) қосарлау арқылы: ат-тұрман – ер-тоқым – ер-
тұрман, жоқ-жітік – кедей-кепшік – жарлы-жақыбай т. б. в) тіркесу
арқылы: иіс су – иіс май, іш мезер, жылым құрт, көк
ет – бауыр ет;
г) омонимдер арқылы: тартпа – суырма, тартпа – төс айыл –
алдыңғы айыл, табандау – ұлтандау т.б.
3. Синонимдер кірме сөздер арқылы пайда болған: а)
араб сөздері арқылы: азамат (ғәзәмәт) – жігіт, тағдыр
(тәғдир) – жазмыш, отан (уәтан) – ел, туған жер, т. б. ә)
парсы сөздері арқылы: батыр (бәһадор) – ер, дихан (деһан) –
егінші, шәкірт (шагерд) – оқушы, т. б. б) монғол сөздері
арқылы: аймақ (аймаг) – өңір – атрап – төңірек – маңай жасақ
(жасаг) – әскер – қол т. б.
в) орыс сөздері арқылы: бөтелке (бутылка) – шыны – шөлмек,
шен (чин) – атақ – дәреже – лауазым т. б.
4. Синонимдер диалектизмдердің есебінен жасалған.
Диалектілік синонимдер әдеби тілдегі сөздермен мағыналас,
мәндес келуіне қарай екі топқа бөлінеді: а) сыртқы
тұлғасы (дыбысталуы) бөтен (әдеби тілде кездеспейді),
бірақ әйтеуір бір сөзбен мағынасы үйлес келетін сөздер.
Мысалы: аданас – аталас, ағайындас; атайман – өте, тым,
аса; атымды – құнарлы, шығымды; башалау – салалау, жіктеу,
жекелеу; дәйіс – ұятсыз, арсыз т. б.
ә) сыртқы тұлғасы таныс (әдеби тілде кездесетін), бірақ
білдіретін ұғымы басқа сөздер. Мысалы: астана – табалдырық;
жар – қабырға; жедел – ерегіс, жанжал; көң – қыстау; сым –
шалбар; талап – жұмыс, іс; таға – нағашы; тонау – сонау, анау;
ұрпақ – кебек т. б.
5. Синонимдер фразалық тіркестердің есебінен көбейген.
Мысалы: ат ұстар – ұл, еркек, бала; ауыз бастырық – пара;
қара халық – бұқара, еңбекші; қара мал – сиыр; о дүние –
махшар; от басы – семья; туған жер – отан; ұзын құлақ –
сыбыс, өсек; шикі өкпе – бала, нәресте және т. б.
6. Синонимдер табу мен эвфемизмдердің есесінен
молайған. Мысалы: әулие – шешек, ит құс – қасқыр; жасыл – жай;
қолды болу – ұрлану, жоғалу т. б.
Синонимдердің сөйлемдегі атқаратын қызметі де қосымша
айырым белгілерге кіреді. Синонимдер бір ғана ұғымды
білдіріп, бір ғана сөз табынан болғандықтан, белгілі
сөйлем ішінде, бірінің орнына екіншісі ауыстырылып
қолдануға келген жағдайда, бір ғана сөйлем мүшесінің
қызметін атқарады. Яғни белгілі сөйлемде синонимнің бір
сыңары қандай қызметте жұмсалып келсе, оның орнына келген
төлеу сөз де сол қызметті айнытпай атқаруға тиісті.
Мысалы Қоңырау сылдырлағанда ғана бір көркем орыс
әйелі кіріп-шығып жүр. (С. Сейфуллин) дегендегі көркем
сөзін осындағы кез келген сөзбен алмастырып, бәріне
балама етіп қолдануға болады. Бұлар да сөйлемнің бір
ғана анықтауыш мүшесі болып қызмет атқарады.
Синонимдер өз ара мәндес сөздер болғандықтан, кейде
бір-бірін ауыстыра алады. Мысалы: сымбатты қызды сұлу
деп те, ажарлы деп те, әдемі деп те айтуға болады.
Айшаның майысыңқыраған сымбатты ұзынша бойы ашаң, құба
жүзі қоп-қою құндыздай екі қасының арасы қосылған
қабағы, тереңдеп мұңайған керкөзі оның кешеден бері
қиын, қалың ойда, ауыр қайғыда екендігін білдіретін
еді. (Айша). Бірақ синонимдер әр уақытта бірінің
орнына бірі жұмсала бермейді. Синонимдік қатардың
құрамындағы кейбір сөздер тек белгілі бір сөздермен ғана
тіркесіп айтылады. Мысалы, Ортадағы Асаутайдың баласы,
есімі Құрман (Қыр балалары). Мұндағы есім сөзінің
синонимі ат. Есім, ат деген синоним сөздердің есім
дегені тек адамға байланысты айтылады. Ал мекеме, қала,
өзен, тау т. б. атауларға байланысты ат сөзі
айтылады да (Мысалы: өзеннің аты, көлдің аты, Бұл
ағаштың аты – ақ қайың), есім сөзі олармен тіркеспейді.
Сондай-ақ, көрікті, келбетті, ажарлы, өңді, көркем, әдемі,
сұлу деген сөздер өз ара синонимдес сөздер болғанымен,
қолдануға келгенде, бірінің орнына бірі жүре бермейді,
олар сөздерге таңдап барып тіркеседі. Мысалы: көрікті
адам, келбетті адам, ажарлы кісі, өңді кісі, сұлу
қыз деп айта береміз, ал бұл синонимдердің әрқайсысын
қала, үй, ат деген сөздермен тіркестіріп айтуға,
мысалы, келбетті қала, ажарлы қала, өңді үй, келбетті
үй немесе өңді ат деуге болмайды, өйткені осы
сөздердің бұлай тіркесуі дағдыдан, тәжірибеден тыс және
жат болып танылады. Әлбетте бұл синонимдердің ішінен
көркем, әдемі, сұлу деген сыңарлары ғана қала, үй, ат
деген сөздермен тіркесіп, көркем қала, сұлу қала,
әдемі үй, сұлу ат түрінде айтылады.

2-тарау. С. Сейфуллин шығармаларындағы сөз таптарынан болған
синонимдер.
Синонимдер сәл ғана мағыналық нәзік айырмашылықтарды
қамтып, оралымды түрде жеткізе білуде мәні айрықша.
Мұнымен бірге, синонимдердің стильдік мәні де күшті.
Сөйлем де я жазу да бір сөзді қайта-қайта қайталай
бермей мысалы, алдыңғы сөйлемде қолданған сөзді
қайталап қолдану кейде стильдік жағынан кемшілік тудырады,
қолайсыз, ретсіз болып көрінеді. Мұндай жағдайда сол
сөздің синонимін тауып қолдану орынды, келісімді болады.
Мысалы, Сәкен Сейфуллиннің Жұмыскерлерге өлеңінен алынған
мына шумаққа назар аударайық:
Өң жоқ, түс жоқ, кепкен, солған, арыған,
Тәндеріңді жастан темір қарыған
Жанды жанмен асыраған қаһарман
Қарның тойған күн болмаған – жарыған.
Осы өлеңдегі өң деген сөз бен түс деген сөздер
бір – біріне синонимдер болып келеді. Сәкен Сейфуллин бір
сөйлемде бір сөзді қайта-қайта қайталамай, оның синонимдік
мағыналарын тауып қолданған. Осының нәтижесінде сөйлем де
көркем құралған.
Тілде синонимдердің мол болуы сол тілдің сөздік
құрамының бай, әр тарапты екендігін көрсетеді. Сөздік
құрам неғұрлым бай, әр тарапты болса, тілде соғұрлым
бай, орамды болады. Сөйтіп, синонимдердің молдығы тілдің
байлығы, дамыған тіл екендігін аңғартатын көрсеткіштің
бірі.
Біздің жаңа дәуірімізде қазақтың ескіден келе жатқан
үй тұрмысындағы әдеттердің түбірлей өзгеруімен байланысты
бұрыннан келе жатқан сол ұғымда қолданылып жүрген көне
сөздерді жаңартып пайдалану қажеттілігі келіп туды.
Мәселен, қазақ ауылында бұрын қыз өз бетімен емес, тек
ата-ананың ұйғаруымен, құда түсіп, айттыруымен ғана
күйеуге бататын. Сондықтан сол уақытта қыз ұзату, қыз
ұзатылу деп өзгелік не ырықсыз етіс түрінде ғана
айтылып келді. Ендігі жерде қыз ұзатылмайды, қыз күйеуге
бармайды, керісінше, әдеби тілде қыз тұрмысқа шығады
немесе күйеуге шығады деп қана айтатын болдық. Жігіт
те бұрын ата-анасының ұйғаруымен, солардың құда түсіп,
алып бергенін ғана алатын. Ол да бұзып-жарып, баса
көктеп өз бетімен үйлене алмайтын. Кей жағдайда жас
жігіттерді әмеңгерлік жолмен өлген ағасының әйеліне еріксіз
ноқталап қосып, өмір-бақи сол кәрі әйелмен өтетін.
Сондықтан сол кезде көбіне жігіттерге қатын алып беру,
қатын әкелу деп қана айтылатын. Ал қазір жігітте
өз бетімен сүйгенін, қалағанын алатын болғандықтан, әдеби
тілде әйел алу – үйлену деген жаңа синонимдермен ғана
білдіретін болдық.
Үй тұрмысында жаңа қарым-қатынастың пайда болуымен
байланысты ерлердің әйелге деген көзқарасы да өзгерді,
жаңарды. Байлар бұрын бір емес, әлденеше әйел алды.
Соған байланысты бәйбіше қатын, тоқал қатын, үлкен қатын,
кіші қатын, үлкен тоқал, кіші тоқал деген әлденеше
сөздер туды. Мысалы: Қантбаланы бәйбіше үстіне тоқалдыққа
алған. (Айша). Әйелдер бірімен-бірі бақ күндес болды.
күндестің күлі де күндес деген мақал сол ұғымды
білдіреді. Соның салдарынан бір дәуірдегі хан,
сұлтандардың әйелдеріне, қыздарына ерекше құрметпен айтылатын
қатын деген қадірлі сөз бұрынғы жағымды мәнін (хан
жарлығынан қатын жарлығы күшті) мүлдем жоғалтып, қазір
жағымсыз мәнге ауысты. Қазір қатын сөзінің орнына
әйелім, жолдасым деп айту түпкілікті қалыптасты. Ал әйел
де өз ерін бұрынғыдай байым демей, оның орнына
күйеуім, жолдасым, ерім деп сыпайылап, мәдениетті түрде,
айтады. Мысалы, Жас қатын қасындағы байын оятып өзі
жылдам төсегінен ұшып тұра келді. (Айша) Бұл
сөйлемдегі байы, қатыны деген сөздер қазір күйеуі,
жолдасы, әйелі деген синонимдермен ауысқан. Демек, жаңа
қарым-қатынас қазақ халқының ескі үй тұрмысындағы кейбір
салт-санасын жақсартып, жаңартып қана қойған жоқ, сонымен
қатар мазмұнын да сөзін де түбірлей өзгертті.
Синонимдер тікелей стильмен байланысты болып келеді.
Тіл-тілде салаланған, қалыптасқан, орналасқан бірнеше
стильдік тармақ болады. Тілдің даму барысында оның
лексикасындағы көптеген сөздер сараланып белгілі бір
стильге телініп, әр топқа бөліне бастайды. Мұны белгілі
бір синонимдік қатардың ішіндегі сөздердің қолданылуынан
да аңғаруға болады. Мысалы, Аспанды түнерген қара бұлт
қаптағап, қара түнді өте-мөте меңіреу қылып тұр.
немесе Көкке бой қанша созсаң жібермейді деген
сөйлемдердегі аспан, көк деген синонимдік қатардың
құрамындағы аспан сөзі, жер шары, жер жүзі деген
синонимдік қатардағы жер шары тіркесі көбінесе ғылыми
стильде қолданылады.
Михнатқа салып бақтың тәніңді.
Халық үшін тек бәйгі қып жаныңды.
(Жұмыскерлерге)
немесе
Болыс, тілмаш, манап болған
Бұрын жұртқа мәлімдер. - деген мысалдардағы халық, жұрт
дегендер синонимдер көбіне поэтикалық стильде қолданылады
да, көтеріңкі баяндалады. Тілдегі барлық синонимдік
қатардың құрамындағы мәндес сөздердің әр қайсысы белгілі
бір жанрда, стильде қолданылуға икемделеді.
Кейбір синонимдерге енетін сөздердің сапа мен белгілі
білдіру дәрежесінде бір-бірімен айырмашылықтары болады.
Мысалы, әуес дегеннен гөрі құмар, құмар дегеннен гөрі
құштар дегеннің сандық, сапалық дәрежесі күштірек. Ал
құштар дегеннен гөрі іңкәр, іңкәр дегеннен гөрі ынтық,
ынтымақ дегендердің сындық, сапалық дәрежесі әлдеқайда
күшті. Аталған синонимдес сөздердің сапа мен белгіні
білдіру дәрежесі бірінен-біріне үдеп, бірінен-бірі асып
түсіп отырады. Бұл тәрізді синонимдік қатардың құрамындағы
эмоциональдық бояуы қалың, экспресивті қызметі күшті
сыңарлар (сөздер) көбінесе көтеріңкі поэтикалық стильде
қолданылады.
Кейбір синонимдік қатарларды құрастырушы сыңарлар
(сөздер) бір-бірінен қолданылу шеңбері, сөздермен тіркесу
қабілеті жағынан ажыратылады. Белгілі бір синонимдік
қатарды құрастырушы сыңарлардың кейбіреулері көптеген
сөздермен тіркесе береді де, қолданылу шеңбері кең
болады, керісінше қайсыбіреулерінің сөздермен тіркесу қабілеті
кем болады, тек белгілі бір сөздермен ғана тіркеседі.
Сәкен Сейфуллин шығармаларында кездесетін қарт деген сөз
бен кәрі деген сөз өз ара мәндес, синонимдес
сөздер болғанымен екеуінің қолданылу шеңбері, жұмсалу өрісі
бірдей емес. Қарт деген адам немесе кісі деген
сөздермен тіркеседі де басқа сөздермен мүлдем тіркеспейді.
Керісінше кәрі деген сөз көптеген сөздермен тіркесіп
жұмсала беріледі. Мысалы, кәрі деген сөзді жоғарыда
аталған адам, кісі деген сөздермен де тіркестіріп (кәрі
адам, кәрі кісі) атауға, сондай-ақ жылқы, қой деген
сөздермен де тіркестіріп (кәрі жылқы, кәрі қой) атай
беруге болады. Бірақ қарт деген сөзді кәрі деген
сөзбен синоним бола тұрсада, жылқы, қой деген сөздермен
тіркесіп айтуға болмайды. Мысалы, Сәкен Сейфуллиннің
Ананың хаты өлеңінде:
Ойла, енді кім мені күтті
Қартайдым, кем саулығым
деп келтірген.
Жалпы синонимдес болып келетіндер жеке сөздер ғана
емес, сонымен бірге тұрақты сөз тіркестері де өз ара
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мағыналас фразеологизмдер
Синонимдердің мағыналық реңкі
ЕТІСТІКТІҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ ФОРМАНТТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖӘНЕ МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Синтаксистік стилистика
Қазақ тіліндегі периссология мәселесі
ТІЛДЕГІ ПАРАДИГМАТИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
ТІЛДЕГІ ПАРАДИГМАТИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТУРАЛЫ
Синонимия және сөз варианттары
Синтаксистік құрылыс және стильдер жүйесі
Абай – көркем сөз өнерінің шебері
Пәндер