Коммуникативтік акт шеңберіндегі төл сөздің семантика - интонациялық сипаты



КІРІСПЕ

ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы әлемдік лингвистикада тілдің сан қырлы құбылыстарын түрлі бағытта қарастырған зерттеулер дами бастады. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап құрылымдық синтаксис, құрылымдық-мазмұндық синтаксис, коммуникативті синтаксис деген бағыттар пайда болды. Құрылымдық синтаксис тілдегі сөйлемдердің құрылымдық түрлерінің модельдерін белгілеп, олардың схемаларын, формулаларын анықтады. Құрылымдық-мазмұндық синтаксис сөйлемдердің дәстүрлі құрылымдық-мазмұндық түрлерін зерттеді. Соңғы кезде пайда болған коммуникативті синтаксис сөйлеу тіліне қатысты болғандықтан, тіл факторларын антропоцентристік бағытта қарастырады. Осымен байланысты жалпы тіл білімінде коммуникативті синтаксис, суперсегментті фонетика аясында еңбектер шыға бастады. Қазақ тіл білімінде суперсегментті фонетиканың интонация мәселелері соңғы кезге дейін оқулықтардың «синтаксис» не «фонетика» бөлімдерінде басқа мәселелермен байланысты үстіртін ғана қарастырылған. Кейінірек қазақ ғалымдары оқулықтарының «синтаксис» бөлімінде орыстың белгілі ғалымы В.В.Виноградовтың ізімен интонацияның сөйлем түзудегі рөлі мен сөйлеу тіліндегі рөлі туралы айта бастады. Сөйлемдерге қатысты интонация жөнінде қысқаша түсініктемелер С.Аманжолов, М.Балақаев, Т.Қордабаев, Ә.Хасенов, Ә.Нұрмаханова, Р.Әміров сияқты т.б. ғалымдардың еңбектерінде және қазақ тілінің академиялық грамматикасы синтаксис тарауында кездеседі. Бірақ бұлардың көбі қазақ тілінің нормативті грамматикасына сай берілген.
60-80 жылдарда коммуникативті синтаксис пен интонацияға қатысты Ж. Аралбаев, Ә. Жүнісбек, Ж. Әбуов, М. Исаевтардың еңбектері жарық көрді. Қазақ тіл білімінде жай сөйлемдер интонациясына қатысты сөйлемнің коммуникативті типтерінің ішінен сұраулы сөйлемнің интонациясына арналған Н.У.Түркбенбаевтың (1969), қазақ тіліндегі айқындауыш мүшенің интонациясына арналған Ш.Әтеновтің (1972), Ә.Нүрпейісовтің «Қан мен тер» романындағы интонациялық конструкцияларына арналған Ж.М.Утесбаеваның (1990) жұмыстары белгілі. Интонацияға әдейі арналған, оны егжей-тегжейлі, жан-жақты да терең зерттеген З.М.Базарбаеваның «Қазақ тілінің интонациялық жүйесі» деген монографиясы және соңғы кездегі интонацияға арналған жас ғалымдардың еңбектері (А.Фазылжанова, Т.Кеншінбаев, Ж.Кеншінбаева, А.Аманбаева, И.Баймұратова, Ә.Берікболова) жарық көрді. Осыған орай аталмыш жұмыста қазақ тілінің коммуникативтік синтаксис жүйесінде, адамдардың арақатынасында және көркем әдебиет тілінде елеулі орны бар төл сөздің мазмұндық-құрылымдық және интонациялық ерекшеліктері арнайы зерттеу нысаны болып отыр. Атап айтқанда, төл сөз семантикалық, грамматикалық және интонациялық көріністері жағынан арнайы зерттелмеген. Сондықтан төл сөздерді құрылымдық-мазмұндық және интонациялық ерекшеліктері

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 811.512.122’37
Қолжазба құқығында

АДАЕВА АЛМАГҮЛ ДӘНЕНҚЫЗЫ

Коммуникативтік акт шеңберіндегі төл сөздің семантика-
интонациялық сипаты

10.02.02 - қазақ тілі

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында орындалды

Ғылыми жетекші: филология
ғылымдарының докторы,
профессор З Базарбаева

Ресми оппоненттер: филология
ғылымдарының
докторы, профессор А. Жұбанов

филология ғылымдарының
кандидаты, Г.
Қайдарова

Жетекші ұйым: Әл-Фараби
атындағы Қазақ

ұлттық университеті

Диссертация 2010 жылы 22қазанда сағат 14.00-де ҚР БжҒМ А.Байтұрсынұлы
атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.06
- түркі тілдері және 10.02.02 – қазақ тілі мамандықтары бойынша филология
ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын
Д.53.38.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.
Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29.

Диссертациямен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми
кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі,
29).

Автореферат 2010 жылы 21қыркүйекте таратылды.

Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, филология
ғылымдарының докторы, профессор
Ж.А.Манкеева

КІРІСПЕ

ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы әлемдік лингвистикада тілдің сан қырлы
құбылыстарын түрлі бағытта қарастырған зерттеулер дами бастады. ХХ ғасырдың
екінші жартысынан бастап құрылымдық синтаксис, құрылымдық-мазмұндық
синтаксис, коммуникативті синтаксис деген бағыттар пайда болды. Құрылымдық
синтаксис тілдегі сөйлемдердің құрылымдық түрлерінің модельдерін белгілеп,
олардың схемаларын, формулаларын анықтады. Құрылымдық-мазмұндық синтаксис
сөйлемдердің дәстүрлі құрылымдық-мазмұндық түрлерін зерттеді. Соңғы кезде
пайда болған коммуникативті синтаксис сөйлеу тіліне қатысты болғандықтан,
тіл факторларын антропоцентристік бағытта қарастырады. Осымен байланысты
жалпы тіл білімінде коммуникативті синтаксис, суперсегментті фонетика
аясында еңбектер шыға бастады. Қазақ тіл білімінде суперсегментті
фонетиканың интонация мәселелері соңғы кезге дейін оқулықтардың синтаксис
не фонетика бөлімдерінде басқа мәселелермен байланысты үстіртін ғана
қарастырылған. Кейінірек қазақ ғалымдары оқулықтарының синтаксис
бөлімінде орыстың белгілі ғалымы В.В.Виноградовтың ізімен интонацияның
сөйлем түзудегі рөлі мен сөйлеу тіліндегі рөлі туралы айта бастады.
Сөйлемдерге қатысты интонация жөнінде қысқаша түсініктемелер С.Аманжолов,
М.Балақаев, Т.Қордабаев, Ә.Хасенов, Ә.Нұрмаханова, Р.Әміров сияқты т.б.
ғалымдардың еңбектерінде және қазақ тілінің академиялық грамматикасы
синтаксис тарауында кездеседі. Бірақ бұлардың көбі қазақ тілінің нормативті
грамматикасына сай берілген.
60-80 жылдарда коммуникативті синтаксис пен интонацияға қатысты Ж.
Аралбаев, Ә. Жүнісбек, Ж. Әбуов, М. Исаевтардың еңбектері жарық көрді.
Қазақ тіл білімінде жай сөйлемдер интонациясына қатысты сөйлемнің
коммуникативті типтерінің ішінен сұраулы сөйлемнің интонациясына арналған
Н.У.Түркбенбаевтың (1969), қазақ тіліндегі айқындауыш мүшенің интонациясына
арналған Ш.Әтеновтің (1972), Ә.Нүрпейісовтің Қан мен тер романындағы
интонациялық конструкцияларына арналған Ж.М.Утесбаеваның (1990) жұмыстары
белгілі. Интонацияға әдейі арналған, оны егжей-тегжейлі, жан-жақты да терең
зерттеген З.М.Базарбаеваның Қазақ тілінің интонациялық жүйесі деген
монографиясы және соңғы кездегі интонацияға арналған жас ғалымдардың
еңбектері (А.Фазылжанова, Т.Кеншінбаев, Ж.Кеншінбаева, А.Аманбаева,
И.Баймұратова, Ә.Берікболова) жарық көрді. Осыған орай аталмыш жұмыста
қазақ тілінің коммуникативтік синтаксис жүйесінде, адамдардың
арақатынасында және көркем әдебиет тілінде елеулі орны бар төл сөздің
мазмұндық-құрылымдық және интонациялық ерекшеліктері арнайы зерттеу нысаны
болып отыр. Атап айтқанда, төл сөз семантикалық, грамматикалық және
интонациялық көріністері жағынан арнайы зерттелмеген. Сондықтан төл
сөздерді құрылымдық-мазмұндық және интонациялық ерекшеліктері жағынан
кешенді түрде қарастырылуы зерттеудің өзектілігі болып табылады.
Зерттеу нысаны ретінде қазақтың көркем әдебиетінің белгілі
тұлғаларының шығармаларынан сарапталып алынған алуан түрлі болып келетін,
коммуникативтік типтеріне қарай топтастырылған көптеген мысалдар алынып,
алдымен олар құрылымдық-мазмұндық ерекшеліктері жағынан жете зерттеліп,
содан кейін олардың интонациялық ерекшеліктеріне жүргізілген аудиторлық,
компьютерлік-эксперименттік деректер бойынша талдаулар жасалып, өрнектер
сызылды.
Кез келген көркем әдебиет тілінде де, ауызекі сөйлесімде де төл сөздер
автор сөзімен бірге, кейде таза күйінде (автор сөзінсіз) кездесе береді.
Автор сөзінсіз түрлері, әсіресе, төл сөздің өте өскелең диалог түрінде
жиі кездеседі. Төл сөздердің синонимі болып табылатын төлеу сөз деген
түрі, мағына жағынан төл сөзге де төлеу сөзге де ұқсайтын ортақ төл
сөз деген түрлері де бар.
Зерттеудің мақсаты – төл сөздің түрлерінің құрылымдық-мазмұндық
ерекшеліктерін және интонациялық ерекшеліктерін экспериментті-аудиторлық
әдістер арқылы зерттеп, түрлі интонациялық параметрлерін белгілеп, әуен
өрнегін сызу.
Осы мақсатқа сай төмендегі міндеттерді шешу көзделді:
– автор сөзімен бірге жүріп тырнақшаға алынатын төл сөздің
құрылымдық-мазмұндық ерекшеліктерін ашып сипаттау;
– төл сөз бен төлеу сөздің синонимдігінің себебінен төл сөздер
төлеу сөзге ауыстырылғанда соңғысында қандай айырмашылық пайда
болатынын айқындау;
– төл сөзге де, төлеу сөзге де ұқсастығы бар ортақ төл сөз қандай
жағдайда қолданылатынын ашып беру, олардың интонациялық
айырмашылықтарын көрсету;
– төл сөздің диалог құрылымындағы мазмұндық просодикалық
ерекшеліктерін сипаттау;
– төл сөзге көбінесе де етістігі арқылы жалғасатын автор
сөзінің қандай элементтерден құрылып, олар қандай мағына
беретінін просодикалық тәсілдер арқылы анықтау;
– төл сөздің практикалық оқулықтарда көрсетіле беретін жалаң, жай
сөйлемдерде келетін тыныс белгілерінен басқа күрделенген,
құрмаласқан көп компонентті сөйлемдердің ішінде араласып, бір-
бірімен қабаттасып келе беретін төл сөздердің тыныс белгілерін
зерттеп, олардың интонациялық көріністерін сипаттап беру;
– төл сөздерді коммуникативтік түрлеріне қарай топтастырып, әр
қайсысын бөлек-бөлек бөлімшелерде қарастырып, олардағы интонация
параметрлерін белгілеп, әуеннің төрт деңгейлі кескінін сызып
шығу.
Зерттеу жұмысының тілдік деректері ретінде қазақ көркем әдебиетінің
белгілі өкілдері М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин және олардан
кейінгі өкілдері М.Иманжанов, Т.Ахтанов, Ә.Нүрпейісов т.б. шығармаларынан
теріліп алынған, ішінде төл сөздің әр түрлері бар 500-дей мысал картотекаға
түсірілді. Олар сарапталып, ішіндегі төл сөздің коммуникативтік түрлеріне
қарай топтастырылып, құрылымдық-мазмұндық жағынан зерттеліп, олардың көркем
сөзде қолдану мүмкіндігі қарастырылды.
Зерттеу әдісі: компьютерлік, экспериментті-фонетикалық, аудиторлық
әдістер қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижесі.
Алғаш рет арнайы зерттеліп отырған қазақ көркем әдебиетінің прозалық
шығармаларының белгілі авторларының кез келген шығармаларында елеулі орны
бар төл сөздерді қарастырып, қазақ тіл білімінің дәстүрлі құрылымдық –
мазмұндық зерттеу саласын қосып, оқулықтарға енгізудің ғылыми негізін
көрсететін интонациялық ерекшеліктерін қамтып, қазақ тіліндегі төл сөздерді
жаңа қырынан қарау – жұмыстың негізгі ғылыми жаңалығы мен нақты нәтижесі.
Мұндай нәтижеге жету үшін төл сөздің барлық түрлеріне кешенді талдау
жасалды:
- төл сөздің синонимі – төлеу сөздің, ортақ төл сөздің, төл
сөздің диалог түрінің – бәрінің құрылымдық-мазмұндық
ерекшеліктерін егжей-тегжейлі жете зерттеліп, сарапталып,
сипатталды ;
- құрылымдық-мазмұндық жағынан қарастырылған мысалдар бөлініп
алынып, олардың интонациялық ерекшеліктері анықталды ;
- төл сөздер коммуникативтік типтеріне қарай топтастырып
(хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті, диалог құрайтын төл
сөздер), олардың интонациялық параметрлері белгіленіп,
көрнекі түрде сипатталды ;
- төл сөзі бар мәтіндердің синтагмалық мүшеленуі интонациялық
компоненттер (қарқын, үдемелік, әуен, кідіріс) арқылы
анықталып көрсетілді;
- төл сөзді безендіретін интонациялық компоненттері жеке-жеке
талдаудың негізінде анықталып, шартты белгілер арқылы
көрсетілді ;
- эксперименттік-аудиторлық әдістер арқылы айқындалған төл
сөздің әуендік өрнектері сипатталып, жан-жақты талдаудан өтті
;
- әртүрлі коммуникативтік типтеріне байланысты топтастырылған
төл сөздердің интонациялық өзгешеліктері айқындалды ;
- интонацияның сөйлеу мазмұнына қарай айтылған төл сөз
семантикасымен қатынасы анықталып, оның тілдік дербес деңгей
ретіндегі табиғаты көрсетілді.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Жұмыс нәтижелері соңғы жылдары
ғана қолға алынған қазақ тілінің интонациялық жүйесін зерттеуге
бағытталған интонация, коммуникативті синтаксис, құрылымдық-мазмұндық
синтаксис, семантика арақатынасын көрсететін күрделі мәселелерді шешуге
септігін тигізеді және олардың қазақ тілтанымындағы аспектісін теориялық
тұрғыдан жетілдіруге белгілі бір дәрежеде үлес қосады. Сондай-ақ
лингвистика мәселелерінің түрлі салаларының өзара байланысын сипаттайтын
зерттеулерде пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының тұжырымдары
мен нәтижелері тіл біліміндегі фунционалды грамматика, суперсегментті
фонетика, интонология, коммуникативтік синтаксис мәселелеріне арналған
оқулықтар мен оқу құралдарын жазуда, қазақ тілі теориясы мен практикасына
арналған арнайы курстар мен семинарларды өткізу үшін пайдалану ұтымды болар
еді және алынған нәтижелерді фонетика мен грамматиканы оқытуда пайдалануға
болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.
– Төл сөздегі сан алуан экспрессивтік, интонациялық, т.с.
ерекшеліктер төлеу сөзде автор сөзінің құрамындағы сөздердің
стилистикалық қызметі арқылы беріліп отырады.
– Төл сөздер белгілі бір мәнмәтін (контекст), сөйлеу жағдаятында,
сөйлесімде, сөйлеудің диалогтік формасында, коммуникативтік акт
шеңберінде түзіледі.
– Диалог - қарым-қатынастың ең басты бір түрі болғандықтан, оның
ішінде жауаптасудың, қалыптасқан тілдік лексика-грамматикалық
дағдыларын жетілдіре отыратын, қарым-қатынас психологиясын
айқындайтын, сонымен бірге сөйлеуші мен тыңдаушы жақтың арасында әр
сөз қатынасы қандай дәрежеде өткенін көрсететін тіл қатынасының
айрықша түрі.
– Көркем әдебиеттен алған диалогтердің мазмұндық-интонациялық
көріністері (сұрастыру, талап ету, хабарлама, сөйлесу, қошемет ету,
сәлемдесу, талқыласу, пікірталас, қайшылық) әртүрлі кейіпкерлердің
арасындағы күрделі қатыстарға, түрлі ситуацияға, жағдайларға
байланысты болады.
– Төл сөздердің формалары құрамы жағынан жай, жалаң, толымды,
толымсыз, көп компонентті болып келеді. Коммуникативтік типтерінің
(хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті) барлығы төл сөздің қызметін
атқарады және солардың интонемаларын құрайды.
– Төл сөздердің құрылымы, мазмұны жағынан да өздері түзілетін
мәнмәтінмен, сөйлеу жағдаятымен тығыз байланыста болып, солардың
құрамында ғана олардың қызметі мен интонациялық ерекшеліктері толық
ашылады.
– Күрделенген, көпкомпонентті, құрмалас сөйлемдермен араласып
келетін немесе бірімен-бірі қабаттасып келетін төл сөздерді
қабылдау барысында тыныс белгілері просодикалық тәсілдер арқылы
көрінеді.
– Сөз барысындағы синтагмалар жігін интонациялық компоненттердің
кідірісі, қарқыны, үдемелігі белгілесе, олардың мағыналық
маңыздылығын әуен өрнектері көрсетеді.
– Төл сөздер енген мәтінінің құрылымдық-мазмұндық және интонациялық
мүшеленуі кешенді түрінде қарастырылғанда, олардың мағыналық-
маңыздылығын әуен қозғалысы, дауыс үдемелігі, қарқын сияқты
интонациялық параметрлер ерекшелейді.
– Төл сөздердің құрылымдық-мазмұндық түрлері, төрт деңгейлі
интонациялық өрнектеріне лайық, толқынданып, қайырылып, қазақ тілі
интонациясының ерекшелігін көрсетеді.
Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы. Зерттеу нәтижелері
Қазақстанның индустриялды-инновациялық дамуы: қиындықтары мен болашағы
атты ғылыми-тәжірбиелік конференцияда (Қостанай, 2005), Қазақстан
қоғамының рухани келісімі және толеранттығы атты халықаралық ғылыми-
практикалық конференцияда (Қостанай, 2008), Қазіргі әлемдегі мәдениеттер
тоғысы және көптілді білім атты халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияда (Қостанай, 2009), Әдеби тіл және қазақ тілінің өміршеңдігі
атты ғылыми – теориялық конференцияда (Алматы, 2009) және А. Байтұрсынұлы
атындағы Тіл білімі институты жанындағы Лингвистикалық семинарда баяндалып,
ғылыми басылымдар мен конференция материалдарында 8 мақала түрінде
жарияланды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Кіріспеде диссертация тақырыбының өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен
міндеттері, ғылыми жаңалығы, зерттеу әдістері, сарапталуы және қорғауға
ұсынылатын тұжырымдар айқындалып көрсетілді.
1. Төл сөздің құрылымдық-мазмұндық ерекшеліктері. 1.1 Төл сөз бен
төлеу сөз. Төл сөз дегеніміз сөйлеп немесе жазып отырып, пікірімізді
дәлелдеу, толықтыру, айқындау мақсатында басқа біреудің өзгеріссіз,
бұлжытпай келтірілген сөзі. Төл сөздің қолдану аясы кең. Бұл фактор олардың
өз қажеттігінен туған. Осыған байланысты төл сөз көркем шығармалардағы
сөйлемдердің әр жерінде келе береді; олар диалог түрінде де жиі кездеседі.
Ғылыми зерттеулерде, мерзімді баспасөздерде цитата түрінде де кеңінен
қолданылады. Төл сөздер негізгі мәнмәтіннен ерекшеленіп тұрады, оны автор
сөзінен байқауға болады. Көпшілік жағдайда айтылғанын да қоса көрсетеді.
Төл сөзбен төлеу сөздер мағыналары жақын, синонимдер, сондықтан оларды
алмастыруға болады. Төл сөз автор сөзімен қосылып, кейбір мазмұндық-
құрылымдық өзгерістерге ұшырайды. Әдетте төл сөз көркем шығармаларда
кейіпкерлердің сөзі ретінде кездесетіні мәлім. Кейіпкерлердің тілі арқылы
жазушы олардың мінезінен, әдет-ғұрпынан, басқа кейіпкерлермен қарым-
қатынасынан хабардар етеді. Қандай жағдайда да төл сөз белгілі мақсатпен
жұмсалады. Сонысына лайық төл сөз нақтылы, шымыр да жинақы болып келеді. Ал
оны төлеу сөзге айналдырғанда, бұл қасиеті сәл бәсеңсіп, босағандай,
солғындағандай болады. Мысалы, 1) Тарт қолыңды Вьетнаманан!–дейді
бейбітшілік сүйгіш адамдар соғысқұмарларға (газеттен). Бұл төл сөзді төлеу
сөзге айналдырып: – 2) Бейбітшілік сүйгіш адамдар соғысқұмарлардан
Вьетнамнан қолың тартып тұруын талап етеді–деген сөйлеммен
салыстырғанда, бірінші сөйлемнің өткір де, өтімді екені білініп тұрады;
бұлай болуы әрі бұйрықты сөйлемнің табиғатына, оның тәртібіне байланысты.
Екінші сөйлем сол мазмұнды жеткізіп тұрса да, хабарлы сөйлемге тән бәсең
дауыс ырғағы бұған дәл алдыңғыдай көтеріңкі үн бере қоймайды. Төл сөз бен
төлеу сөздің бір-бірінен басты айырмасы да осында болса керек. Бұлардың
интонациялық сызығын салыстыруға болады.

4__________________________________ ___________________________________ ______

3__________________________________ ___________________________________ _____
2__________________________________ ___________________________________ _____
1__________________________________ ___________________________________ _____
Бірінші мысал қатал бұйрықты сөйлем интонациясы төртінші деңгейден
басталып, төмендеп бірінші деңгейге дейін түседі. Мұнда бұйрықты сөйлем
интонемасы орын алады. Екінші мысал төрт синтагмалардан тұратын хабарлы
сөйлем екінші деңгейден басталып, үшінші деңгейге қарай көтеріліп, қайтадан
екінші деңгейге түсіп барып, бірінші деңгейден тоқтайды. Мұнда хабарлы жай
сөйлем интонемасы орын алған.
Бөгде сөз деп, кейде айтылып немесе жазылып келе жатқан пікірге қатысы
бар бөгде кісілердің сөздерін айтады. Олар айтайын деген ойды толықтырып
күшейте түседі. Төл сөз бен төлеу сөз сияқты ортақ төл сөз де бөгде
сөздердің құрамдас бөліктері. Аталған үшеуінің арасындағы мағыналық,
стилистикалық қатынастырдан туатын жақындығы ескеріп, олардың синонимдігін
сөз етудін артықшылығы жоқ. Осы синонимдік, яғни мазмұнының ұқсастығы
олардың бір-бірімен алмасуының мол мүмкіндігі барын көрсетеді. - Әйел
мақтағанды жек көрмейді, мен де соның бірімін, - деді Ұлпан. (Төл сөз).
Әйел мақтағанды жек көрмейді. Ұлпан да соның бірі. (Бұл ортақ төл сөз).
Төл сөзде автор негізгі ойды кейіпкердің ауызынан айттырады да,
нақтылы қай кейіпкер сөйлегенін көрсетеді. Ал төлеу сөз жағдайында автор-
кейіпкер ойының мазмұнын жеткізуші, бұл ретте кейбір сөздер төл сөздегі
қалпын сақтамай, орын ауыстырады. Менің орнына соның болуы мүмкін. Ортақ
төл сөзге келетін болсақ, бұның төл сөзге ұқсастығы – автор мұнда да
кейіпкердің ішкі сезімін, түсінік-түйсігін сөзбе-сөз беріп тұрғанға
ұқсайды, ал төлеу сөзге жақын көрінетіні – автор ойды кейіпкердің ауызынан
айтқызбайды.
Қазақ әдебиетінің классикалық шығармаларының қатарынан берік орын
алған Талпақ танау (Ғ.Мүсірепов) мазмұны мен идеясына үңілсек, мына
келтірілген ортақ сөздің орайын тауып тұрғанына еш күмән болмаса керек.
Неге сары атан дәл осы сәтте ойланды? Неге қазақ тарихына сонша
үңілді? Ал қазір ол сүйреп келе жатқан арбада Жаңа жол колхозына
тиесілі талпақ танаулар жатыр. Сары атан біраз ойланды да, соларға
тосырқай, тіпті ұнатпай қарады. Ауыл өміріндегі жаңалықты әйгілі жазушы
осындай тәсіл арқылы барынша шынайы белгілейді. Ал осы ортақ төл сөздегі
ойды төл сөзбен, не төлеу сөзбен берудің қисыны жоқ. Сөйтіп хайуанатқа
адамға тән қасиетті беріп, оның бір сәттегі толғанысын ортақ төл сөзбен
жеткізу шеберліктің көрінісі екені даусыз.
Ортақ төл сөз сияқты, төлеу сөздің де өзіндік стилистикалық қызметі
бар. Көп жағдайда оны төл сөзбен алмастырудың реті келмесе, кей тұстарға
олай етудің қажеттілігі болмайды. Айталық, төл сөз негізінен,
шығармалардағы тартыстың шиеленіскен тұстарында немесе соған дейін әлдебір
жайдың мазмұнын, мақсатын ашып алу тұрғысынан, сондай-ақ бірдеңені білу
мақсатында жұмсалса, төлеу сөз қаға берісте кірістірілетін, басқа ойды
толықтыратын қызметте жұмсалады: Ғазизаның соқыр шешесі Ғазизаны түртіп
қалып, қонақтың кім екенін сұрады (М.Әуезов). Біздіңше, автордың мұны төл
сөз емес, осылай келтіргені жөн болған. Төл сөз болған жағдайда оқырманның
ойы негізгі мәселені назарға алуына біршама кедергі жасар еді. Ұлы
жазушының бұл әңгімесіндегі басты ойы баршаға белгілі: күштінің әлсізге
жасаған озбырлығы, замана әділетсіздігі. Әлгі төлеу сөз негізгі оқиғаны
толықтау мақсатында, демек, сол күштілердің кім екенін білдіруге
ынталандыру ниетінде қолданылып отыр. Солай болғандықтан нағыз қақтығыс,
шын мәніндегі айқас оқиға бой көрсететін тұстарға төл сөздерді сақтайды да,
мынадай реттерде жазушы ой екпіні түспейтін төлеу сөздерге орын береді. Төл
сөз бен төлеу сөзді қатар қою арқылы ондағы ұқсастық пен айырмашылықтарын
ажырату қиын емес. Төл сөздегі сан алуан экспрессивтік, логикалық,
интонациялық ерекшеліктер төлеу сөздегі автор сөзінің құрамындағы сөздердің
стилистикалық-мазмұндық қызметі арқылы берілгенмен жалпы мағына солғындау
сезіліп жатады. Төменде берілген төл сөз бен төлеу сөзді қатар қойып,
салыстырып көрейік:

Төл сөз Төлеу сөз
Карта бетін толығынан шолып Карта бетін толығынан шолып
өткеннен кейін: Ал, жолдастар, өткеннен кейін, сөзімді
жаудың қайда екенін біз білмейміз, жолдастарыма жаудың қайда екенін
біздің білетініміз тек жау алда біздің білмейтінімізді, біздің
болу керек, – деп бастадым сөзімдібілетініміз тек жау алда болу
(Б.Момышұлы) керектігін айтудан бастадым.


Сонымен мұнда төл сөз бен төлеу сөздің құрылым-мазмұндық
ерекшеліктерін көрсету үшін көркем әдебиеттен, оның белгілі авторларының
шығармаларынан көптеген мысалдар келтіріліп, зерттеліп сарапталды.
1.2 Төл сөздің диалог түрлеріндегі көрінісі деп аталатын бөлімде төл
сөздің әдебиетте өте жиі кездесетін өскелең саласы есебінде диалог –
адамның ой өрісімен байланысты, әрі шапшаң тіл қатынасының көрінісі
делінген. Ал сөздің ұшқыр болуы сөйлеуші жақтың сөз байлығына тәуелді болып
келеді. Диалог қарым-қатынастың ең басты бір түрі болғандықтан, оның ішінде
жауаптасудың, қалыптасқан тілдік лексика-грамматикалық дағдыларын жетілдіре
отырып, қарым-қатынас психологиясын айқындайтын, сонымен бірге сөйлеуші мен
тыңдаушы жақтың арасында әр сөз қатынасы қандай дәрежеде өткенін көрсететін
тіл қатынасының айрықша түрі. Диалог – әңгімеге қатысушылардың төл сөз
түрінде келетін репликаларының жиынтығы.
Жалпы сөйлесу барысында коммуникативтік мақсаттардың орындалуына
байланысты диалог мынадай түрлерге бөлінеді: сұрастыру, талап ету,
хабарлама, сөйлесу, қошемет ету, сәлемдесу, талқыласу, пікірталас, қайшылық
сияқты диалог түрлері бола береді. Көркем әдебиеттен алған диалогтардың
мазмұнының әртүрлі кейіпкерлердің арасындағы күрделі қатыстарға, түрлі
ситуацияға, жағдайларға байланысты болады. Диалогтарда қазақ тілінің
интонациялық жүйесіндегі анықталған сегіз түрлі интонемалардың барлығы
көрініс табады.
Сұрастыру диалогі әдетте сұрақ-жауаптан тұрады. Оның басты мақсаты
өзіне керек нәрсені білу.
Болыс үйіндегі жиында Ебейсін жас мырза Тәңірбергеннің жанына отырды.
– Иә, сөйле! – деді мырза
– Ұстадым.
– Қайда?
– Сыртта.
– Қашып кетпесін!
– Ішке кіргізейін бе?
– Тәңірберген басын изеді (Ә.Нүрпейісов).
Бұл сұрастыру диалогында сөз қағымы реципиентті мырзаға керек нақты
ақпарат беруге мұқтаж етеді. Мұнда тақырып анық болмағанмен, бұл сөз
қатынасының мағынасы сөз байланысына дейін қалыптасқан. Жаңа ғана кім
ұсталды, ол қайда және онымен не істеу керектігін бөлмеде тек Ебейсін мен
Тәңірберген біледі. Ебейсін нені, қалай айту керектігін де біледі, Ой
екпіні әңгіме не туралы болғандығына, яғни предикатқа түседі.
Талап ету диалогі. Әрбір талап ету диалогінің басты мақсаты –
басқарушының коммуникативтік ниетінің орындалуы. Орындаушы бұл сәтте өз
серігінің сөз әрекетінің көлеңкесінде қалады, оның алған бағытымен келісіп,
қолдайды немесе қарсы шығады. Талап ету диалогы бірнеше түрде кездеседі:
ресми түрдегі қонаққа шақыру, киноға шақыру т.с.
– Сіздерді арнайы келіп үйден дәм татып кетуге шақырамыз.
– Рақмет, шырағым, Талабың оң болсын.
Ұсыныс формасындағы талап (коммуникант бір іс-қимылды орындауға
дайын тұрғандығын айтып, өз рөлін ұсынады).
– Әже, Ырысбектікіне мен де барайын ба?
Негізнде талаптың өзі іс-қимылды орындауға талаптандырады:
– Әй, Назира, бері келші.
– Немене, әже?
– Бері кел.
Хабарлама диалогі. Хабарлама диалогінің басты мақсаты - сөз тасушының
сөз алушыға ол білмейтін, әлі естімеген бір ақпаратты жеткізу:
Біз кеше театрға бардық.
Қалай екен?
Тамаша. Асауға тұсау өте қызық қойылған.
Кейде хабарлама диалогіне сөз тасушы өзі ойлаған ойын жүзеге асыру
мақсатында сөз қайтарушыны өзіне қаратып алады да:
Біз кеше театрға бардық.
Иә? Сен маған айтпап едің ғой...
Ойлаған ойын айтып салады:
- Ұмытып кетіппін. Сен білмейсің ғой, мен онда кімді көргенімді.

Әдетте хабарламадан кейін реакцияда сөз қағысында үлкеннің
жасқа беретін бата формасындағы сөйлемдер кездеседі.
Мөңке аға, енді аттанамыз.
Сапарларың оң болсын, қарақтарым. Құдайым жандарыңа жамандық бермесін.
Әумин! - деп Еламан бетін сипады.
Сөз қабылдаушының кеше түріндегі сөз қағысып, қолымен бетін
сипайтын, сөзсіз тәсілдің пайда болуына ықпал етеді, яғни жауапты сөз қағыс
модуспен байланысты.
Сәлемдесу, қошемет ету диалогі.
Сәлемдесу диалогі қарым-қатынастың бастапқы элементі. Сол себепті
сәлемдесу рәсіміне енгізе де білген:
Амансыз ба, әже! Деніңіз сау, күйлі-қуаттысыз ба?
Әй, бұ қай баласың?
Мен Тоқтармын ғой, әже.
Шымырбайдың Тоқтарысың ба?
Иә.
Ой, айналайын, өркенің өссін, қарағым!
Ағайдан хат кеп тұра ма?
Кеп тұрады, қарағым, кеп тұрады.
Сәлемдесу диалогі бірнеше мағыналық топ құрайды: жас ерекшелігіне сай
сәлемдесу, қызмет дәрежесіне сай сәлемдесу, ерлерге тән сәлемдесу, әйел
адамдарға тән сәлемдесу. Міне, осындай сәлемдесу рәсімдері диалогтің
басталуынан және әрі қарай өрістеуіне негіз болады. Диалог әр түрлілігі
оның күрделі қағысынан тұратын болса, салыстырмалы түрде оңай деп
есептеледі. Алайда ол диалогтің ұзақтылығымен, сөйлем құрамы мен
ситуацияның ықпалымен, әңгімеге қатысушылардың әңгімесімен күрделенеді.
Бірақ күрделенудің ең алғашқы себебі әртүрлі бағытты көзқараста екі
сөйлемнен тұратын сөз қағыстары болады.
Құрылысы жағынан диалог үш түрлі: нағыз диалог, төл сөз түріндегі
диалог және аралас типті диалог.
I. Автордың түсінік беретін сөзінсіз, өз алдына дербес айтылған
диалогті нағыз диалог дейді.
Керей бұрынғы әдетінше Жақыпбекті бұл жолы да көңілді қарсы алды.
Я, мұғалім жолдас, жұмыс қалай болып жатыр?
Мәз емес.
Неге мәз емес?
Жас буынға бүгінгі өміріміз тілеген дәрежеде білім беруге біздің қазіргі
мектептің қабілеті жетпей отырған сияқты.
Мүмкін... Ал қабілеті қайтсе жетеді?
Барлық оқу-тәрбие жұмысын бүтіндей қайта құру қажет...
Атап айтқанда?
Уақыт ауыл өмірінің жұмысын жаңа арнаға салуды тілейді.
Ол қандай арна?
Мектеп оқушыларына біз беретін білімнің негізгі тіршілікпен қабысуын
көздейтініне көз жеткендігін өмірдің өзі-ақ аңғартып отыр.
Дұрыс айтасыз (М.Иманжанов).
Бұл көптармақты, көп дауысты диалог түрінде келген төл сөздерде
кейіпкерлердің өзара сөйлесуі автор сөзімен ешбір араласпай таза күйінде
берілген. Диалогтің басталуынан бұрын және аяқталуынан соң тұрған автордың
түсінік сөздері кейіпкердің бірде-біреуінің сөзімен қабыспай, дербес
айтылған. Нағыз диалогте сөйлеуші адам саны екіден асса, қайсысының сөзі
екені диалогтің рет тәртібінен ғана айырылады. Егер онда сұраулы сөйлем
кездессе, бұл ретте тәртіп сақталмайды.
Автордың түсінік сөзі қатысқан диалогті төл сөз түріндегі диалог
немесе төл сөзді диалог дейміз.
Төл сөз түріндегі диалогте автор сөзі түрліше катысады. Бірде автор
сөзі диалогтің өн бойында қосарланып айтылып отырады да, төл сөздің иесін
айқын көрсетеді.
Ұпай салудың жазасына не лайық екенін білмей, жеңіліп қалғанына
қызараңдап отырған Асқарға күлген Ботагозге үйдегі әркім ұсыныс айтты:
Маңдайға шерт, шырағым, - деді Амантай.
Сусап отырған шығар, бір аяқ ауыз су ішкіз, - деді Балтабек.
Ән айтсын, - деді Айбала (С.Мұқанов).
Бірде автор сөзі диалогтың басында және соңында ғана тұрады да, кімнің
айтқандығы диалогтегі кездесу ретінде көрінеді.
Ербол мен өзге тыңдаушының бәрі де:
Ә-ә, жаңа түзеді!
Тоғжан оңай үйренді!
Ән жаңа келісті! Айт, айтыңдар... Пәлі! – деп тегіс қостап, құптай жөнелді
(М.Әуезов).
Кедейлер бірауыздан дауласа кетті.
Неге керексіз?
Кім айтты керексіз деп.
Біз ормаймыз, сен ора ғой деп қанша айттық? – деп Сержан, Асқар, Әбділер
қатулана сөйледі (М.Әуезов).
Бұл екі диалогтің алғашқасында Ә-ә, жаңа түзеді! деген Ерболдың сөзі
де, қалғандары өзге тыңдаушылардың сөзі, екіншісінде әр сөздің иесі кім
екені диалогтың соңындағы Сержан, Асқар Әбді деген кісі аттарының аталуы
арқылы көрсетілген. Автор сөзі диалогтегі әр кейіпкердің сөзімен қоса
айтылып отырмаса да олардың бәріне ортақ.
Аралас типті диалог жоғарыда аталған нағыз диалог пен төл сөзді
диалогтың қатысуы арқылы жасалады. Ол керуеттен тұрды да: - Бүркітбай! -
деді, есіктің күршегін ағытпастан.
Әу! – деді сырттан дауыс.
Асқар бар ма бұл арада?
Әлгінде бар еді, қазір шығып кетті, үйіне кетті білем.
Сен оны шақырып келші (С.Мұқанов).
Тармақты бидай балаларды қатты қызықтырды.
Біз неге егіп көрмейміз?
Алдағы көктемде бірнеше дәнін егеміз.
Қолымызға бере ме, үйіміздің жанына егер едік? - деді Әйтен.
Дәні аз. Бәріміз жиналып мектеп жанына егеміз.
Мұндай егіс қандай пайдалы! – деді бір бала.
Әрине, пайдалы. Колхоздарымыз кәдімгі жай бидайдан әр гектарына ерлегенде
250-300 пұттан өнім алып келсе, тармақ бас 600-700 пұтқа дейін өнім беретін
болады, – деп бір қойды Бану (М.Иманжанов).
Алғашқы диалог төл сөзді түрінен басталып, нағыз диалог түрімен
аяқталған. Соңғы диалог нағыз түрінен басталып, төл сөзді түрімен аралас
кетіп отырған. Диалогтер мағыналық мазмұны мен сипаты жағынан да біркелкі
болмайды. Кейбір диалог кейіпкерлердің өзара кезектесіп сөйлеуі түрінде
құрылса, енді біреулері олардың өзара жарыса сөйлеу түрінде құрылады.
Ғалымдардың айтуынша, төл сөздің диалог түрде келетін көп тармақты
көп дауысты түрі көркем әдебиетте кейінірек пайда болған. Жазушы диалог
көтерер жүкті – кейіпкерлердің мінез-құлқын, күйініш-сүйінішін, сезімін,
қимыл-әрекетін авторлық баяндауда шебер жеткізеді. Көркем әдебиетте диалог
құрылымының күрделенуі аралас және көп дауысты диалогтардың қолданылуы
жиырмасыншы-отызыншы жылдардағы прозаның даму жемісі. Әдебиетшілердің
реалистік көркем проза жанрын қалыптастыруға сіңірген еңбегінің жемісі.
1.3 Де етістігінің төл сөз құрамындағы рөлі және басқа да
қызметтері деп аталатын бөлімде де етістігі, оның формалары: деді,
дейді, деп, дейтін, десе, дегенмен, дердің төл сөз құрылымындағы рөлі және
басқа да қызметтері туралы баяндалды. Біреудің сөзінің төл сөз түрінде
берілуіне жағдай жасайтын бірден-бір сөз де етістігі болады. Де
етістігі – өздігінен жеке тұра алмайтын лексикалық мағынасы солғындаған
көмекші етістік. Бірақ ол лексикалық мағынасынан бүтіндей айрылып қалмаған,
негізінде айт, сөйле деген етістіктермен мағыналас сөз. Төл сөз де
етістігінің арқасында өзінің ішкі дербестігін сақтайды да де етістігімен
қоса автор сөзі түріндегі сөйлемнің бір мүшесінің қызметін атқарады.
Сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқаруы де етістігінің формаларына және
оның автор сөзіндегі басқа мүшелермен қандай қатынаста тұрғанына
байланысты. Де-нің деді, дейді, деген, дейтін, депті деген сияқты формалары
төл сөз бен қоса автор сөзіндегі құрмалас сөйлемнің баяндауышы, толықтаушы
қызметін атқарады: Абылғазыға жанасып жүріп келе жтқан Ербол: - Жаным-ау,
қалай таптың бізді?! Көріп келің бар ма? - деді (М.Әуезов). Ұзамай фельшер
де шығып: Енді қайта беріңдер.Ұзақ жатады, көп емдеу керек болады, –
дегенді түсіндірді (Ғ.Мүсірепов). Де-нің есімше деген, дейтін түрлері төл
сөзбен қоса анықтауыштың я бастауыштың қызметін атқарады. Жұрттың
қошаметтеген дауысы, Айқынның: Максим Евгеньевич, байқайсыз ба? Халық
тілегі аттап өтер ор емес, шалқып жатқан теңіз-ау, - дегені оған ілесе көп
ішінен бір шалдың: О, абзал маңғаздарым, көп тілеуі қашанда көлміле береді
бұл? - деген сөзі Назгүлді масаттандырып жіберді (Ә.Әбішев). Мұндағы төл
сөздер өз ішінде жеке-жеке сөйлем болып тұрғанымен, деген арқылы басқа бір
жай сөйлемнің бастауышының, анықтауышының нақты мазмұнын көрсетеді.
Енді де етістігінің жоғарыда баяндалған төл сөздегі рөлінен басқа да
атқаратын қызметтерін қарастырайық. Де етістігі туралы белгілі ғалымдар
С.Жиенбаев өзінің [1, 19 б.] еңбегінде де-нің төл сөз белгісі болмайтын
ретін оның шылауға айналуымен дәлелдейді. Н.Сауранбаев өзінің [2, 68 б.] де
атау, арнау етістіктерінің мағыналарына ие болып тұрғанда, төл сөзге
қатысы болмайды деп көрсетеді: Балтабек деген жігіттікін білесің бе?
(С.Мұқанов). Абай Тоғжанға деген өз өлеңін айтқысы келді (М.Әуезов). Кейде
де өзінен бұрын келген белгілі бір формадағы сөздермен тіркескенде ойлау
мәнінен бүтіндей айрылып, грамматикалық абстракция дәрежесіне көтеріліп,
басқа мағынаға ие болады; істің, қимылдың бір түрінен екінші түрге айналуы,
өтуі мағынасын көрсетеді: Ол қысылайын деді. Егін көктейін деді. Шам
сөнейін деп келеді. Де тұрақты сөз тізбегінің құрамында келгенде, төл сөз
белгісі болмайды: керек десе, әке десең, өлдім-талдым дегенде, жан дегенде
жалғызы. Кейде де өзінен бұрын тұрған іргелес сөзбен бірігіп, себептік,
мақсаттық байланысты көрсетеді: Балалар келіп қалған-ау деп, ішке кірсем,
ішінде он шақты лақ, қозы жүр (Орындалған арман). Бұл сөйлемдегі келіп
қалған-ау деп деген тіркес соңындағы басқа бір істің мақсатын білдіреді.
Алысқа кетеді-ау деп ертеменен, көзінен сорғалайды жасы тамып (О.Шипин).
Тағы да солай тістей ме деп, ол ұмтылған қаздан қаша жөнеледі (С.Мұқанов).
Бұл сөйлемдегі алысқа кетеді-ау деп, тістей ме деп деген тіркестер жылау,
қашу істерінің себебін білдірген.
Де-нің төл сөз болмайтын реттері бұл айтылғандармен бітпейді: де айту,
ойлау, сұрау, етістіктерінің мағыналарына ие болып біреудің сөзін я
ойлағанын көрсетсе де, оларды барлық орындарда төл сөз түрінде беріліп тұр
деп айта алмаймыз. Олардың төл сөз екендігін я одан абстрактанып, тек
құрылымы жағынан төл сөзге ұқсас болып тұрғанының арасын айыру тереңірек
зерттеуді керек етеді.
1.4 Төл сөздің тыныс белгілері деп аталатын бөлімде төл сөз бен
автор сөзі ауызекі тілде дауыс интонациясымен және әрқайсысының өздеріне
тән сөздерімен, құрылымымен ерекшеленсе, жазу тілінде олардың арасы түрлі
тыныс белгілерімен айырылады. Төл сөзге байланысты қойылатын тыныс
белгілері: тырнақша, сызықша, қос нүктелер, үтір, нүкте, көп нүкте, леп
және сұрау белгілері. Бұларды іштей екі топқа бөлуге болады: 1) төл сөзді
автор сөзінен айыратын тыныс белгілері; 2) төл сөзді сөйлемнің мағынасын,
интонациясын аңғару үшін қойылатын тыныс белгілері. Алғашқы тобына
тырнақша, сызықша, үтір, қос нүкте, леп және сұрау белгілері жатады. Төл
сөзді автор сөзінен айыратын тыныс белгілері атқаратын қызметіне және төл
сөз бен автор сөзінің орналасу тәртібіне қарай тағы жікке бөлінеді. Атап
айтқанда тырнақша төл сөздің өзіне тән тыныс белгісі. Ол автор сөзі ішінде
төл сөздің бар екенін, оның шегін көрсетеді. Демек, төл сөз алды-артынан
тырнақшаға алынады. Тырнақша төл сөздің жаңа жолдан басталуын қажет
етпейді. Ол негізінде төл сөздің диалогпен айтылмаған түрінде қолданылады.
Көркем шығармада кейбір авторлар тырнақшаны төл сөздің диалог түрінде
келгеніне де пайдалана береді.
Төл сөздің тыныс белгілері туралы төрт түрлі ерекшеліктері (ережелер)
айтылған. Бұл ережелер қай тілдің болсын практикалық грамматикаларының
бәрінде де бар яғни бұлар дәстүр бойынша тұрақталған жұрттың бәріне әйгілі
ережелер. Олар мыналар:
Егер төл сөз автор сөзінен бұрын орналасса, төл сөздің өзі тырнақшаға
алынады да, автор сөзімен екі арасына үтір мен сызықша қойылады: Мұны мен
бір жерде көрдім,-деп ойлады ұста (М.Әуезов).
Төл сөз автор сөзінен соң ораласса, автор сөзінен кейін қос нүкте
қойылып, төл сөздің өзі тырнақшаға алынады: М.Горький былай дейді: Кітап –
білім бұлағы.
Төл сөз автор сөзінің арасына орналасса, төл сөз тырнақшаға алынып,
өзінен бұрын тұрған автор сөзінен кейін қос нүкте, соңындағы автор сөзінің
алдынан үтір мен сызықша қойылады: Жақыпбек: Мен кейінірек аламын, әуелі
мына кісілерді жіберіңіз,– деп айналасында тұрғандарды нұсқады
(М.Иманжанов).
Төл сөз ортасында автор сөзі келсе, төл сөз тырнақшаға алынып, автор
сөзінің алды артынан үтір мен сызықша қойылады:
Кітап, – дейді М.Горький, – білім бұлағы
Төл сөздің диалог түрінде айтылғанының алдына сызықша қойылатыны
белгілі. Бірақ көркем шығармада кейбір авторлар тырнақшаны төл сөздердің
диалог ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы лингвистикадағы төл сөз бен төлеу сөздің негізгі функцияларын айқындай отырып, ағылшын тіліндегі олардың ерекшеліктерін айқындау, олардың ағылшын тіліндегі көркем шығармаларда қолданылу өзгешеліктеріне зерттеу жүргізіп, төл сөздің төлеу сөзге айналу жолдарына зерттеу жүргізу
Бейнеөнімнің аудару ерекшеліктері» (“Monster-in-low” фильміне сүйене отырып)
Көркем мәтіндегі мәтінтүзуші фоносемантикалық және лексика-семантикалық факторлар
Интонацияның компоненттері
Интонация компаненттерінің қызметі
Ғалымның Қазақ тілі методикасы
Қазақ тіл біліімінде
Қазіргі қазақ тіліндегі қатысымдық бірліктер: когнитивтік аспектісі
Сөйлеу жанрлары мен мәтін жанрлары
Т. Ахтановтың Шырағың сөнбесін шығармасының тілдік ерекшелігі
Пәндер