Экологиялық туризм



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1. Экологиялық туризмнің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.1 Экотуризм түсінігі, мәні және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.2 Экологиялық туризмнің даму тарихы және қалыптасу алғышарттары ... 17
1.3 Туризмнің табиғи туристік ресурстарға әсерін басқару ... ... ... ... ... ... ... .25

2. «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағындағы экологиялық туризм дамуының қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
2.1 «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағындағы экологиялық туризмнің ресурстары мен даму әлеуеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
2.2 «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағындағы экологиялық туризмнің даму серпіні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
2.3 Туристік қызметтің экологияға және Бурабайдың санитарлы.гигиеналық жағдайына әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38

3. «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағындағы экологиялық туризмді жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44
3.1 Туристік қызметті экологияландырудың негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ..44
3.2 «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағындағы экологиялық туризмді дамытудың бастапқы бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57

Қосымша А ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59
Қосымша Ә ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
Қосымша Б ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61
Қосымша В ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62
Қосымша Г ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...63
Қосымша Ғ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64
Қосымша Д ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65
Туризм, өзінің бағыттарымен, соңғы жылдары әлемнің көптеген мемлекеттерінің шаруашылығының негізгі саласына яғни «пайда көзіне» айналды. Ал бағыттарының ішінде өзін айқын көрсетіп, маңыздылығы жағынан алдыңғы қатарда тұрған ерекше түрі – экологиялық туризм.
Экологиялық туризмнің пайда болу себептері көп, бірақ ең бастылары ол әлемнің жалпы экологиялық жағдайының күннен күнге нашарлауы яғни бүлінуі және техникалық прогресс пен урбанизациядан шаршаған адам баласының табиғатқа яғни таза ауамен демалып нерв жүйке салмағынан құтылуға ұмтылуы.
Туризмнің бұл түрінің пайда блуының басты ерекшелігі, ол осы экологиялық туризмнің тұрақты даму концепциясының арқасында әлемдегі табиғи ортаны қорғауға кететін шығын мөлшерінің бірнеше есе азаюы. Жер шарындағы экологиялық жағдайдың күрт нашарлауы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар экологиялық орталықтар, туристтік фирмалар қоғамға қоршаған ортаға зиян келтіруіне төтеп беру жолдарын ізейді. Сонымен қатар жануарлар әлемін қорғау проблемасы туындайды. Осы проблемалардың шешу жолдарын біріктіретін экологиялық туризм болды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 2002 жылды Халықаралық экотуризм жылы деп жариялады. Сол жылы мамыр айында Квебек провинциясында (Канада) Дүниежүзілік экотуризм саммиті өтті. Осы саммитқа дайындық барысында Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) тәжірибе алмасу мақсатында аймақтық конференциялар мен семинарлар өткізу инициативасын ұсынды. Соған байланысты Алматы қаласында (Қазақстан) «Экотуризм – XXI ғасырдағы ТМД, Қытай және Моңғолия елдерінің өтпелі экономикаларының тұрақты даму құралы» атты, 2001 жылы қазан айында, семинары өтті.
БҰҰ-ның Генералды ассамблеасы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарды, халықаралық бірлестіктерді, даму агенттіктерін және әр туристті, экотуризм тұрақты дамудың маңызды факторына айналу үшін, қосымша көмегін тигізуге шақырады, себебі ол қоршаған ортаның биологиялық әртүрлілігі мен жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын сақтауға жағымды ықпалын тигізеді.
Бүгінгі таңда Қазақстанды экологиялық туризмнің дамуы үшін жаңа құрылып келе жатқан нарық деп қарастыруға болады. Биологиялық және геологиялық әртүрлілік, халықтың минималды тығыздығы, бай тарихи және мәдени мұра республиканың өте зор экотуристтік потенциалын айқындайды.
Әрине, «экологиялық туризм» ұғымы жер шарының адам аяғы баспаған, әрі пайдаланылмаған жерлерімен саяхат жасауды ғана білдірмейді. Қазіргі уақытта бұл ұғым кең ауқымды қамтиды. Ол экологиялық туризмнің басты мақсатымен анықталады: табиғатпен бірігу, оның түпкілікті маңызын ұғыну және қорғау қажеттілігін түсіну. Сондықтан туризмді адамзаттың «ашық» ортада болуымен сипаттауға болады. Сонымен қатар оның көркемдік, экзотикалық, қайталанбас табиғат құбылыстары мен объектілер арасындағы тығыз байланысты білдіретін, адамның ғылыми аймақтанушылық қажеттіліктерін қанағаттандыруын білдіруге болатынын айта кетуіміз керек.
Орнитолог, археолог және көркем өнерпаздар сияқты ғылыми қызығышулығы бар туристерді қанағаттандыруға арналған экологиялық туризмге қарағанда рекреациялық туризм өзі қажет ететін қонақжай комплекстерімен, спорттық қарулануымен нәзік экожүйелерге көбірек зардабын тигізеді.
Экологиялық туризмнің объектілері табиғи аймақтар, тарихи ескерткіштер, ғылыми және білім беруде қолданылатын мәдени және архитектуралық ескерткіштер болып табылады. Бұл экологиялық туризмнің жан-жақты болуын қамтамасыз етеді.
Қазақстанның табиғи климаттық зоналары (жеке шөлді аймақтар, таулы аймақтар) спорттық және ғылыми бағытта экологиялық туризмнің ерекше формасы «экстремалды туризмді» дамытуға мүмкіндік береді. Бұл адам аяғы баспаған және адам өмір сүруге бейімделмеген аймақтарға экстремалды жағдайларда тіршілік ету және өзін-өзі ұстау стратегиясын қалыптастыру мақсатында саяхат жүргізу. Айта кетерлік жағдай, экологиялық туризмді дамыту үшін әр түрлі табиғи ресурстар қажет. Дәл осы жағдай туризмдік жұмыстардың территориялық аймағын және олардың қай бағытта жүруін анықтайды.
Экологиялық туризмнің ресурстары болып табылады:
- табиғи – климаттық факторлар: рельеф, су объектілері, флора және фауна,
ерекше және қызықты қарапайым табиғи аймақтар.
- тарихи-мәдени ескерткіштер: белгілі бір аймақтағы адамзаттың
материалдық және рухани мәдениеті, айналадағы ортамен тығыз байланысты тарихи, археологиялық, мәдени ескерткіштер [32].
Берілген дипломдық жұмыстың негізгі - мақсаты Экологиялық туризмнің Қазақстан экономикасының дамуына әсерін зерттеп, «Бурабай» ұлттық паркінің экотуризмінің дамуына анализ жасау, аймақтың экотуризмін одан әрі дамытуда ұсыныстар жасау.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030 Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, және әл-ауқатының артуы» атты жолдауында «тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін жеңіл және тамақ өнеркәсібін, инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеуді, химия мен мұнай химиясын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістерді, қызмет ету саласын, туризмді, оның ішінде экологиялық туризмді бұрыннан да ілгері қарқынмен дамытуға тиіспіз», «жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл басымдық тәртібімен айтатын болсақ – ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылым жасау. Осы салаларды дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жұмыспен қамту және кедейлік мәселелерін шешеміз, бұл қазіргі кезде ерекше және маңызды нәрсе» деген,
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 ҚР Заңы 04.10.1999г. ”Об основах туристской деятельности в Казахстане”.
2. Закон Республики Казахстан “О туристской деятельности в Республике
Казахстан” // Казахстанская правда. – 2001, 14 июня.
3 Карпова. Г.А. Экономика современного туризма Герда, 1998
4 Мырзабеков. Ж.М. Особо охраняемые природные территории Казахстана: экология, биоразнообразие и перспективы развития их сети. – Алматы,2000
5 Л.И. Егоренков «Экология туризма и сервиса». – Москва: 2003
6 В.В. Храбовченко «Экологический туризм» - Москва 2004
7 Косолапов А.Б. Рекреационные ресурсы Борового.– Россия: ДВГАЭУ, 2000
8 Ирена Енджейчик Современный туристский бизнес – Москва: 2003
9 Котлер Ф., Боуэн Дж., Мейкенз Дж. Маркетинг. Гостеприимство и туризм: Учебник для вузов/ Пер. с англ. под ред. Р.Б. Ноздревой. – М.: ЮНИТИ, 2001.
10 Менеджмент туризма: Учеб. Для студентов /Авт.сост. И.В. Зорин.– М.: РМАТ,2001.
11 Жандеев М.Ж Курорт Боровое. Алматы, 1981.
12 Основы менеджмента туризма /Науч. ред. В.А. Квартальнов. – М.: РМАТ, 1999.
13 Сенин В.С. Введение в туризм: Учебник. –М.: Наука, 1993.
14Сукачев В.Н. Кокшетауские горные леса Москва 1947.
15 Михайлов В.Ф. Бурабай. Алматы, «Кайнар» 1979.
16 Никитин С.Н. «Боровое». Алматы, Казахстан, 1970.
17 А. Казбеков. Бурабай накануне ХХ1 века, Астан 1998.
18 Александрова А, Ю. Международный туризм. - М.: Аспект-Пресс, 2002. - 463 б.
19. Егоренков Л,И. Геоэкология: Учеб. пособие. - М.: МПУ, 1993. -300б.
20. Егоренков Л.И. Основы социальной экологии: Учеб. пособие. -М.:
МПУ, 2000.-133б.
21 Забелина Н. М., Аралова Н. С. Путешествие в национальный парк. -М.: Физкультура и спорт, 1990. - 191 б.
22. Карманная энциклопедия туриста.- М.: Вече, 2000. - 462 б.
23. Квартальнов В.А. Туризм: Учебник.-М.: Финансы и статистика, 2002.- 320 б.
24 Лини Ban Дер Ваген. Гостиничный бизнес: Учеб. пособие. - Ростов-на Дону: Феникс, 2001.-416 б.
25 Малая энциклопедия стран: Справочник. - М.: ООО ACT, 2000. -720б.
26 Маринин М. М. Туристские формальности и безопасность в туризме. - М.: Финансы и статистика, 2002. - 144 б.
27. Папазова Ю. и др. С Яной вокруг света: Пер, с болг. - М.: Прогресс, 1993.-352 б.
28 Туристские маршруты: Справочник. - М.: Профиздат, 1990. - 256 б.
29 Усыпкин Г. Очерки истории российского туризма. - М.; СПб.: Гер-да, 2000. - 86-87б.
30 Хрипкова А .Г., КолесовД. В. Гигиена и здоровье. - М.: Просвещение, 1984.-45 б.
31 Туризм саласындағы статистика – 2005
32 Сергеева. Р.Т. Экологический туризм Ростов на Дону, 2004
33ТОО “Экопроект”. Концепция развития экологического туризма
Республике Казахстан (проект). – Алматы, 2000.
34 Казахстанская ЭкоПравда – 2001, №155.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1. Экологиялық туризмнің теориялық негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.1 Экотуризм түсінігі, мәні және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.2 Экологиялық туризмнің даму тарихы және қалыптасу алғышарттары ... 17
1.3 Туризмнің табиғи туристік ресурстарға әсерін
басқару ... ... ... ... ... ... ... .25

2. Бурабай Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағындағы экологиялық туризм
дамуының қазіргі жағдайы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .30
2.1 Бурабай Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағындағы экологиялық туризмнің
ресурстары мен даму
әлеуеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2.2 Бурабай Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағындағы экологиялық туризмнің
даму
серпіні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 35
2.3 Туристік қызметтің экологияға және Бурабайдың санитарлы-гигиеналық
жағдайына
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 38

3. Бурабай Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағындағы экологиялық туризмді
жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 44
3.1 Туристік қызметті экологияландырудың негізгі бағыттары
... ... ... ... ... ..44
3.2 Бурабай Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағындағы экологиялық туризмді
дамытудың бастапқы
бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 57

Қосымша
А ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59
Қосымша
Ә ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60
Қосымша
Б ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61
Қосымша
В ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62
Қосымша
Г ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 63
Қосымша
Ғ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64
Қосымша
Д ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..65

Кіріспе

Туризм, өзінің бағыттарымен, соңғы жылдары әлемнің көптеген
мемлекеттерінің шаруашылығының негізгі саласына яғни пайда көзіне
айналды. Ал бағыттарының ішінде өзін айқын көрсетіп, маңыздылығы жағынан
алдыңғы қатарда тұрған ерекше түрі – экологиялық туризм.
Экологиялық туризмнің пайда болу себептері көп, бірақ ең бастылары ол
әлемнің жалпы экологиялық жағдайының күннен күнге нашарлауы яғни бүлінуі
және техникалық прогресс пен урбанизациядан шаршаған адам баласының
табиғатқа яғни таза ауамен демалып нерв жүйке салмағынан құтылуға ұмтылуы.
Туризмнің бұл түрінің пайда блуының басты ерекшелігі, ол осы
экологиялық туризмнің тұрақты даму концепциясының арқасында әлемдегі табиғи
ортаны қорғауға кететін шығын мөлшерінің бірнеше есе азаюы. Жер шарындағы
экологиялық жағдайдың күрт нашарлауы мемлекеттік және мемлекеттік емес
ұйымдар экологиялық орталықтар, туристтік фирмалар қоғамға қоршаған ортаға
зиян келтіруіне төтеп беру жолдарын ізейді. Сонымен қатар жануарлар әлемін
қорғау проблемасы туындайды. Осы проблемалардың шешу жолдарын біріктіретін
экологиялық туризм болды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 2002 жылды Халықаралық экотуризм жылы деп
жариялады. Сол жылы мамыр айында Квебек провинциясында (Канада)
Дүниежүзілік экотуризм саммиті өтті. Осы саммитқа дайындық барысында
Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) тәжірибе алмасу мақсатында аймақтық
конференциялар мен семинарлар өткізу инициативасын ұсынды. Соған байланысты
Алматы қаласында (Қазақстан) Экотуризм – XXI ғасырдағы ТМД, Қытай және
Моңғолия елдерінің өтпелі экономикаларының тұрақты даму құралы атты, 2001
жылы қазан айында, семинары өтті.
БҰҰ-ның Генералды ассамблеасы мемлекеттік және мемлекеттік емес
ұйымдарды, халықаралық бірлестіктерді, даму агенттіктерін және әр
туристті, экотуризм тұрақты дамудың маңызды факторына айналу үшін, қосымша
көмегін тигізуге шақырады, себебі ол қоршаған ортаның биологиялық
әртүрлілігі мен жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын
сақтауға жағымды ықпалын тигізеді.
Бүгінгі таңда Қазақстанды экологиялық туризмнің дамуы үшін жаңа құрылып
келе жатқан нарық деп қарастыруға болады. Биологиялық және геологиялық
әртүрлілік, халықтың минималды тығыздығы, бай тарихи және мәдени мұра
республиканың өте зор экотуристтік потенциалын айқындайды.
Әрине, экологиялық туризм ұғымы жер шарының адам аяғы баспаған, әрі
пайдаланылмаған жерлерімен саяхат жасауды ғана білдірмейді. Қазіргі уақытта
бұл ұғым кең ауқымды қамтиды. Ол экологиялық туризмнің басты мақсатымен
анықталады: табиғатпен бірігу, оның түпкілікті маңызын ұғыну және қорғау
қажеттілігін түсіну. Сондықтан туризмді адамзаттың ашық ортада болуымен
сипаттауға болады. Сонымен қатар оның көркемдік, экзотикалық, қайталанбас
табиғат құбылыстары мен объектілер арасындағы тығыз байланысты білдіретін,
адамның ғылыми аймақтанушылық қажеттіліктерін қанағаттандыруын білдіруге
болатынын айта кетуіміз керек.
Орнитолог, археолог және көркем өнерпаздар сияқты ғылыми қызығышулығы
бар туристерді қанағаттандыруға арналған экологиялық туризмге қарағанда
рекреациялық туризм өзі қажет ететін қонақжай комплекстерімен, спорттық
қарулануымен нәзік экожүйелерге көбірек зардабын тигізеді.
Экологиялық туризмнің объектілері табиғи аймақтар, тарихи ескерткіштер,
ғылыми және білім беруде қолданылатын мәдени және архитектуралық
ескерткіштер болып табылады. Бұл экологиялық туризмнің жан-жақты болуын
қамтамасыз етеді.
Қазақстанның табиғи климаттық зоналары (жеке шөлді аймақтар, таулы
аймақтар) спорттық және ғылыми бағытта экологиялық туризмнің ерекше формасы
экстремалды туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Бұл адам аяғы баспаған
және адам өмір сүруге бейімделмеген аймақтарға экстремалды жағдайларда
тіршілік ету және өзін-өзі ұстау стратегиясын қалыптастыру мақсатында
саяхат жүргізу. Айта кетерлік жағдай, экологиялық туризмді дамыту үшін әр
түрлі табиғи ресурстар қажет. Дәл осы жағдай туризмдік жұмыстардың
территориялық аймағын және олардың қай бағытта жүруін анықтайды.
Экологиялық туризмнің ресурстары болып табылады:
- табиғи – климаттық факторлар: рельеф, су объектілері, флора және
фауна,
ерекше және қызықты қарапайым табиғи аймақтар.
- тарихи-мәдени ескерткіштер: белгілі бір аймақтағы адамзаттың
материалдық және рухани мәдениеті, айналадағы ортамен тығыз байланысты
тарихи, археологиялық, мәдени ескерткіштер [32].
Берілген дипломдық жұмыстың негізгі - мақсаты Экологиялық туризмнің
Қазақстан экономикасының дамуына әсерін зерттеп, Бурабай ұлттық паркінің
экотуризмінің дамуына анализ жасау, аймақтың экотуризмін одан әрі дамытуда
ұсыныстар жасау.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан – 2030 Барлық
қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, және әл-ауқатының артуы
атты жолдауында тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін жеңіл және
тамақ өнеркәсібін, инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеуді, химия мен мұнай
химиясын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін
түпкілікті өндірістерді, қызмет ету саласын, туризмді, оның ішінде
экологиялық туризмді бұрыннан да ілгері қарқынмен дамытуға тиіспіз, жылға
дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті
тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек.
Бұл басымдық тәртібімен айтатын болсақ – ауыл шаруашылығы, орман және ағаш
өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын үй құрылысы
және инфрақұрылым жасау. Осы салаларды дамыту арқылы біз экономиканың
құрылымдық мәселелерін ғана емес, жұмыспен қамту және кедейлік мәселелерін
шешеміз, бұл қазіргі кезде ерекше және маңызды нәрсе деген, кедейшілік
және жұмыссыздыққа қарсы күрес мәселелерін көтере отырып, Президентіміз өз
стратегиясының маңызды мәселесі ретінде қызмет көрсету саласын және әсіресе
туризмді дамытуға негізделгенін атап көрсеткен болатын.
Бурабайдың геоэкологиялық жағдайы бұрынғы ТМД елдерінің ориентациясын
сипаттайды. Бұл елдер туристік жүйе бойынша өздеріне тиесілі бөлік шамасын
үлкейтуде. Сонымен қатар қазіргі уақытта осы заманға сәйкес және
бәсекелесуші туристік жобаларды құрастырушы болып табылады. Соның ішінде
соңғы жобалардың бірі – TREDA болып саналады. Бурабайда, әсіресе, Қазақстан
Республикасында бұл жоба аса маңызды роль атқаруда. Оның мақсаты Бурабай,
Монголия, КХДР, ҚХР қатысушылар көмегімен туманная өзенінің маңайында
аймақаралық туристік ортвалық ашылды. Ресей мемлекеті бұрынғы ТМД елдерінің
және жақын орналасқан мемлекет туристеріне Қазақстан мәдениетін танытуға
ерік білдірді. Бұл жобаның туризмді дамытудың 2005 жылға дейінгі
бағдарламасымен сәйкес келеді. Бурабай әкімшілігі және туризм комитеті
аймақ үшін болашағы зор туризмнің альтернативтік формасының негізгі
концепциясын қорытып шығарды [4].
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- экологиялық туризмнің мәнін ашу;
- Қазақстан Республикасында экологиялық туризмнің даму тарихын ашу;
- экологиялық туризм – аймақ пен экономиканы тұрақты дамыту құралы
ретінде қарау;
- экологиялық туризм – экономикалық тұрақты даму факторы ретінде
қарастыру;
- туристік қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдау;
- Қазақстан Республикасында экологиялық туризмнің даму жолдарын
сипаттау және ашу;
- Бурабайдағы экологиялық мәселелерді зерттеп білу мен оның тұрақты
дамуына жағдайлар жасау үшін маркетингтік зерттеулер жүргізу;
- Бурабайды экологиялық туризм орталығына айналдыру үшін қажетті
шаралар қолдану;
- аймақтың экологиялық туризмін дамытуда инновациялық стратегиялар
пайдалану.
Зерттеу мақсатымен қойылған талаптар кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан және библиографиядан тұратын жұмыстың құрылымынан тұрады.
Кіріспеде тақырып таңдалынып, оның маңыздылығы және объекті түрде
зерттеуге жол ашылды. Мақсаты мен зерттеу жұмыстары анықталып, теориялық
және әдістемелік негізі қарастырылып, жұмыстың теориялық негізі мен
практикалық бағасы берілді.
Бірінші бөлімде авторлардың болжауы бойынша экологиялық туризмді
дамытуға негізгі сілтеме қарастырылды. Жұмыстың екінші бөлімі Бурабай
мемлекеттік ұлттық табиғи саябағын мысал ретінде ала отырып, экологиялық
туризмді дамытудың қазіргі замандағы қалпын зерттеуге арналған.
Үшінші бөлімде экологиялық туризмді дамытудың жолдары қарастырылады.
Соңғы бөлімінде негізгі қорытынды шығарылып және осы дипломдық
зерттеуден шығатын нақты ұсыныстар жасалған.
Зерттеудің әдістемелік негізін ғылыми әдебиеттердегі талдау әдістері,
статистикалық келтірулер және жалпы білім беру диалектикалық әдістері
құрайды. Зерттеу қарсаңында қажетті ғылыми салыстырмалы-құқылы, жүйелік-
құрылымдық әдістер қолданылды.
Жұмыстың әдістемелік және теориялық негізі Қазақстандық және шетелдік
авторлардың туристік жұмыстары, Бурабай әкімшілігінің комитеттік материалы,
индустриалық туризмнің американдық ассоциациясы жасаған публикациясы және
жүргізген саяхаттары, мәдени танушылық туризмді дамытудың көп жылдық
қорытынды тәжірибелері болып табылады.
Дайындық жұмыстарында ғылыми, білім беру, энциклопедиялық материал
көздері, жарнамалық басылымдар қолданылды. Пайдаланылған әдебиетке
толығымен нөмірленген беттерде көрсетілген. Қолданылған әдебиеттердің жалпы
тізімі 34 атаумен берілген жұмыстың соңында келтірілген. Жұмысты қосымшалар
аяқтайды.

1. Экологиялық туризмнің теориялық негіздері

1. Экотуризм түсінігі, мәні және оның түрлері

Зерттеушілердің көпшілігі экотуризм түсінігіне көп уақыттар бойы
нақты анықтама бермеді. Оның себебі – маркетологтардың туристерді тарту
мақсатында белсенді демалысты (outdoor) табиғатқа және оны қорғауға
бағытталған сөз ретінде қолданылуы. Бірақ шынында да ондай туроператорлар
қоршаған ортаны қорғауда айтарлықтай мән берілмеді. Сондықтан да экотуризм
түсінігі көп уақыттар бойы туризм теоретиктеріне сыншыл қатынаста болды.
Мысалы, Б.Виллер Кубада экотурмен болғанда, туристер мейрамханада түскі
асты ішіп болғанша, автобус жүргізушісі автобус ішінде ауа тазартқыштың
жұмыс істеуі үшін жарты сағат бойы двигательді өшірмегенін байқады. Бұл
әрине, туристерге ыңғайлы болғанымен, жергілікті халықтың денсаулығына
зиянды екені ескерілмеген.
Еуропадағы БТҰ-ның жетекшісі П.Шэклфордтың айтуы бойынша экотуризм
туризм индустриясында он жылдан астам уақыт қолданылып келеді. Сонымен
қатар бұл терминді 1978 жылы Миллер туризмнің тұрақты даму тәсілі ретінде
қарастырған [3].
Кейбір жағдайда бұл табиғаттың түртілмеген өркениеттеріне жасалған
саяхат деп түсіндіріледі: экотуризм – пейзажбен қанағаттандырып, ләззат
алуға, жабайы өсімдіктер мен жануарларды тамашалайтын ластанбаған
аймақтарға саяхат. Басқа жағдайда – бұл табиғаттағы экологиялық тепе-
теңдікті қамтамасыз ететін күш, яғни экотуризм – табиғи және мәдени
қоршаған ортаны танып білу және сол ортадағы жағдайларды жақсарту үшін
қызмет ететін табиғи туризм.
Экотуризмге көзқарастарда кездесетін географиялық анықтама да ерекше
көрініс табады. Дамыған елдердің сарапшылары, яғни экотуристерді
жеткізушілер тұтынушылардың талғамы мен рекреациялық қажеттіліктерімен
келісе отырып, тұтынушылар көзқарасын мақұлдайды. Туроператорларды және
қабылдайтын туристік жақ зерттеушілерін ойландыратын жайт елдегі әлеуметтік-
экономикалық дамудағы туризмнен түсетін табыс пен туризм рөлі.
Экотуризм жөнінде анықтамалардың ішінде біздің көзқарасымызбен
үйлесетіні – Г.С.Гужиннің, М.Ю.Беликовтың, Е.В.Клименконың берген
анықтамалары, ол: Экотуризмнің негізінде қоршаған ортаға қамқорлық көрсету
жатыр. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қорғаудың әртүрлі жобаларын
жүзеге асыру мақсатындағы мәдени қызығушылықты көрсететін табиғат зонасына
қатысушылардың шектелген санымен саяхатты ұйымдастыратын түсінігімен
анықталады.
Берілген анықтама халықаралық экотуризм ұйымының (TIES) ,берген
анықтамасымен көп ұқсастықтары бар: Экотуризм – жергілікті халықтың
жағдайына қолдау көрсетумен және қоршаған ортаны қорғай отырып, табиғи
зоналарға, аймақтарға жүргізілетін жауапкершілігі мол саяхат.
Бұл саяхаттың түрін терең түсіну үшін TIES берген экотуристің он
парызын мысалға келтірейік:
- Жердің әлсіздігі мен осалдығын ескеру;
- Тек із ғана қалдыру, тек фото ғана алып кету;
- Тұрған әлеміңді танып-білу;
- Жергілікті халықты сыйлау;
- Қоршаған ортаға зиянын тигізетін бұйымдарды сатып алмау;
- Әрқашанда тек жүрілген соқпақ жолмен ғана жүру;
- Қоршаған ортаны қорғаудағы бағдарламаларға қолдау көрсету;
- Қоршаған ортаны қорғау тәсілін иейлінше қолдану;
- Табиғатты қорғауда әрекет ететін ұйымдарға қолдау көрсету;
- Экотуризм қағидасына қолдау көрсететін фирмалармен бірге саяхат
жасау.
Экотурист парызына сәйкес British Airways әуе компаниясы жолаушыларға
төмендегідей ескертпелер (British Airways Worldwide) құраған:
1. Піл сүйегінен немесе оған ұқсас сирек кездесетін жануарлардан
жасалған бұйымдарды ешқашанда сатып алмаңыз;
2. Жергілікті өндірістң өнімдері мен қызметтерін тұтынуға белсене
атсалысыңыз. Осы орайда Сіз жергілікті экономиканың дамуына өз үлесіңізді
қосасыз;
3. Жануарларға қиянат жасамаңыздар және өсімдіктерді жараламаңыздар.
4. Әсіресе маржан рифтерімен абай болыңыз. Естеріңізде болсын,
маржандар – олар жақындағаннан адам денесін жаралап тастайтын тірі ағзалар;
5. Көптеген елдер қоршаған ортаны қорғау мәселесімен жұмыс істеуде,
егер сіз ұлттық парктерді, мұражайларды, ескерткіштерді араласаңыз сіз
оларға өз үлесіңізді қосасыз;
6. Егер сізде қоршаған ортаны қорғау жөнінде мәселе туындаса өз
ойыңызды, оған деген қатынасыңызды айтыңыз;
7. Тірі табиғатты мекендейтін тіршілік иелеріне қиянат жасамауға
тырысу, тіршілік ететін ортасын немесе табиғи өмір салтын бұзбаңыз;
8. Қорықтарда немесе ұлттық саябақтарда өсімдіктерге зиян тигізбес үшін
тек көшелермен ғана жүріңіз. Шылым тартқанда байқаңыздар – сөнбеген шылым
өрттің себебі болуы мүмкін.
Наташа К.Верд экотуризмге берілген анықтамаларды белсенді және белсенді
емес деп екіге ажыратқан. Біріншісіне ол Майяның берген анықтамасын
жатқызады: экотуризм жергілікті халық пен болашақ туристер үшін аймақтың
табиғи ресурстары мен жергілікті мәдени құндылықтарды сақтаудың
маңыздылығын ескере отырып, мәдени, табиғи туристік ресурстардың
қолданылуын ынталандырады, реттейді және көмектеседі. Белсенді анықтамаға
мысал болатын көзқарас халықаралық выживания қоғамының көзқарасы. Онда:
экотуризм жергілікті халықтың туристік территорияларды игерудегі
қызығушылықтарын, жергілікті флора мен фаунаны қорғауды, жергілікті
халықтың қоршаған ортаны қорғаудағы экономикалық ынтасын қамтамасыз етуді
ынталандырады.
Экотуризмнің белгілерінің толық спектрі төмендегідей ажыратылады:
1. Саяхатшы саяхат кезінде қоршаған ортаны танитын кез-келген саяхат;
2. Ең негізгі құндылық табиғат болып табылатын саяхат;
3. Экотуризмнен түсетін табыс қоршаған ортаны қорғауда қаржылық қолдауға
жұмсалады;
4. Экотуристер жабайы табиғат ресурстарын қорғау және қалпына келтіру
әрекеттеріне тікелей қатысады;
5. Экотур – бұл барлық әрекеттер экономикалық жұмсақ болатын саяхат.
Жоғарыда көрсетілген көзқарастардың барлығы экотуризмнің дамуы жөнінен
нақты статистикалық мәліметтер алуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан БТҰ-ның
сарапшылары туризмнің түрлерінің келуі және түсімдері түсінігінің орнына
табиғи туристік ресурстарға бағытталған туризм немесе табиғи туризм
(nature based tourism) деген түсінікпен алмастырылады [6].
Бұл ережелер басқа терминдердің қолданылуымен тереңдетіледі: табиғи
туризм, жұмсақ туризм, жасыл туризм, жауапкершілікті туризм,
агротуризм және т.б. Осыған орай Экотуризм қоғамының Президенті Д.Вестерн
былай деп жариялады: туризм мен экотуризмнің ешқашанда нақты айырмашылығы
болмайды. Экотуризм туристік нарыққа таңдаулы болу керек және бүкіл әлем
еліктеу үшін үлгі болып табылатын алдыңғы қатарлы сала болу қажет[5].
Маркус Эндикотт берілген түсініктерді төмендегідей ажыратуды ұсынды:
Экотуризм – қоршаған ортаға мейлінше антропогендік әсер ететін саяхат
немесе табиғатқа жасалған турлар. Қазіргі кезде нағыз экотуризм мен жалған
экотуризм жөнінде айтуға болады. Тұрақты даму туралы айтатын болсақ,
тұрақтылық термин ретінде Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ-ының конференциясынан
кейін пайда болды, бірақ бұл идея одан да ерте пайда болған. Тұрақтылық
идеясы американдықтардың жетінші ұрпақ алдағы, болашақтағы жоспарлау және
болжамдау нәтижесі тұжырымдамасынеске түсіреді. Мен тұрақты туризмді
қоршаған орта мен мәдениетті біріктіретін ауқымы кең термин ретінде
түсінемін... Сонымен қатар туризм индустриясының толығымен қаржылық
жауапкершілігі. Сондықтан тұрақты туризм нақты экотуризм және шытырман
(қызық) оқиғалы туризмді қамтуы қажет. Бизнес және индустрия ретінде бизнес
жүргізудің жауапкершілігі мол түріне жатады. Осыдан жауапкершілікті
туризм деп аталды. Бастапқы кезде бұл түсінікті туризмнің әлеуметтік және
мәдени жауапкершілігі жөнінде әлеуметтік белсенді халық пен христиандық
уағыздаушылар қолданған. Бұл түсінікке қоршаған ортаны қарастыру
енгізілмеді. Әлеуметтік термині туристің мәдениетіне саяхат жасауы
туралы, ал мәдени - өз мәдениетінен тыс жерге саяхат жасауы... Жасыл
туризм терминінің шығу тегіне келетін болсақ, ол жасыл партияның
саясаткерлерімен және қоғамдық қозғалыс қызметімен байланысты [6].
Соңғы талқылаумен келісе қою қиын, себебі көп жағдайда жасыл туризм деп
ауыл туризмі (агротуризм) түсініледі. Испандық сарапшы Монтанер. Х.
Монтехано жасыл туризмге мынадай түсінік береді: қыстақтар мен
лагерьлердегі өмірмен, табиғатпен етене араласудағы қызмет. Бұл қызмет
ауыл шаруашылығы жұмысында, шағын қыстақтар өмірімен танысқанда, жаяу
экскурсияларда, флора мен фаунаны зерттеуде, су спортымен және де
басқалармен айналысқанда кездеседі. Италияда экотуризмнің үш бағытын бөліп
көрсетеді: табиғат және денсаулық, дәстүрлі гастрономия және спорт.
Экотуризммен бірінші бағыт байланысты, себебі онда ұлттық парктер, қорықтар
және курорттық жерлерге саяхат ұйымдастырылған.
Канаданың қоршаған орта жөніндегі ақыл-кеңес беру кеңесі экотуризмге
өздерінің анықтамасын берді. Бұл анықтаманы экотуристік ұйымдар көп
қолданады және ол қазіргі заман көзқарастарымен үйлеседі. Экотуризм
табиғатты танумен байланысты туризм түрі және ол жергілікті халықтың
қызығушылығын сыйлай отырып экожүйені сақтауда өз орнын алу керек [10].
Қарастырылған анықтамалардың барлығын жалпылайтын болсақ, экотуризмнің
үш негізгі компонентін бөліп көрсетуге болады:
1. Табиғатты тану, яғни табиғатты зерттеудегі элементтің болуын және
туристердің жаңа білімдерін, қабілеттіліктерін алуды жобалайтын саяхат.
2. Экожүйені сақтау маршруттағы тек қана топтың тәртібіне сәйкес емес,
сонымен қатар туристердің, туроператорлардың қоршаған ортаны қорғау
жөніндегі бағдарламаларға, іс-шараларға қатысуы түсініледі.
3. Жергілікті халықтың қызығушылығын сыйлау - бұл тек қана жергілікті
заңдар мен әдет- ғұрыптарын сақтау ғана емес, сонымен қатар туристік
дестинацияның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы туризм рөлі де кіреді.
Саяхатшы болу өнері – бұл жақсы қонақ болу өнері. Бұл ағылшындардың туризм
жөніндегі жастар конференциясының логотипін еске алғызады.
Әлемнің әрбір аймақтарының, әсіресе таулы аймақтарындағы жүргізілетін
табиғатты қорғау іс-шаралары тәжәрибесі көрсеткендей, жұмысты жермен емес,
адамдармен жүргізу қажет, яғни жергілікті халықтың өмір сүру ортасын
басқару және жасаудағы белсенділігін ынталандыру керек.
Жоғарыда барлық қарастырылған анықтамалар негізгі сұраққа жауап
бермейді: неге қазіргі кезеңде экотуризм тақырыбына приоритет беріліп отыр?
Бұл мәселе осыдан отыз жыл бұрын туристік ресурстарды ұтымды пайдалану
қажеттілігі туралы айтылғанда пайда болды. Туризмнің бұл түрінің
басқалардан негізгі ерекшелігі неде? Бұл сұраққа жауап бере отырып,
экотуризмді қайда және қалай дамыту, кімге сүйену және қай жерде кедергі
кездесетінін түсінуге болады.
Жоғарыда айтылғандай, экотуризм термині туризм аналитиктері
(талдаушылары) немесе оқымыстылар емес, маркетологтардың ұсыныстары бойынша
берілген, яғни экотуризм экотурларға деген сұраныстың пайда болуымен,
туристердің қажеттіліктері нәтижесінде туған. Егер бастапқыда тұрақты
дамумен туристік ұсынысты қалыптастыратын туристік ұйымдар (турфирмалар,
туризм жөніндегі әкімшіліктер) айналысса, онда экотуризм жаңа топтың және
қоғамның мәдени құндылықтарға, табиғатты қорғауды зерттеуге деген
қажеттіліктердің нәтижесінде пайда болды, яғни сұраныс барысында. Осы
орайда, экотуризм – туроператорларды нақты іс-әрекеттерге талаптануына
экономикалық әрекет ететін жаңа қалып. Шытырман оқиғалы туризм қоғамының
(The Adventure Travel Society ) жетекшісі Джеймс Пирсонның көзқарасы
тегіннен тегін емес: Экологиялық жауапкершілікті туризм секілді жалтақ
терминдерді көбінесе туризм тәжірибесінен алыс адамдар қолданады. Олар
экономикалық жағын қарастырмайды, яғни туризмге қызмет көрсету, гидтерге
төлеу, жергілікті халықпен қарым-қатынасты сақтау, туризмнің
қауіпсіздігімен қамтамасыз ету т.с.с. туралы сөз қозғалмайды. Сонымен,
экономика – экотуристің қозғалтқыш күші болып табылады.
Демек, экотуризмнің анықтамасы біздің көзқарасымыз бойынша келесідей
болу қажет: Экотуризм – туристік сұранысқа негізделген, жергілікті
халықтың қызығушылығын сыйлай отырып экожүйені сақтауда өз орнын алатын
және табиғатты танудағы туристік қажеттіліктермен байланысты туризм түрі.
Бұдан экотуризмнің қозғалтқыш күші туристік бизнес екенін көреміз.
Туристік ресурстар экотуризмді дамытудағы жетекші фактор деген түсінік
үлкен қате болып табылады. Бұл қателік 1975 жылы рекреациялық география
жөніндегі ресейлік мектептердің еңбектерінде көрсетілген. Экотуризм
мемлекетті ұлттық және аймақтық туризм жөніндегі әкімшіліктер арқылы, ЕҚАТА
жүйесі арқылы дамыту қате болып табылады.
Жоғарыда қарастырылған анықтамалардан байқағанымыздай, тек туристер мен
турбизнес экотуризмді дамытады. Экотуризм жөніндегі кениялық сарапшы Тереза
Черфас экотуризм – бұл сұраныс пен ұсынысқа негізделген экономикалық
туризм деп бекер айтпаған. Демек, экотуризм әкімшіліктермен емес,
экономикалық тетіктер көмегі арқылы дамытылады. Сондықтан да бюджеттен ақша
құралдарын бөлу өтініші негізінде емес, ал бизнесмендерге, турфирмаларға
бағытталған инвестициялық жобалар жөнінде сөз қозғалу керек. Әйтпесе
нарықтық жағдайға қабілетті жұмыс істейтін күшті дамыған туристік
индустрияның орнына, біз Қазақстанның барлық аймағындағы болып жатқан
туристік кәсіпорынның зиянды дамуын жалғастыра береміз.
Осы автордың экотуризмге берген анықтамасынан кейін, экотуристер
ағымының бағыты мен географиясын түсіндіруге болады. Қазір индустриалды
дамыған елдердің (АҚШ, Германия, Жапония, Ұлыбритания) бағыттары дамушы
елдерге (Непал, Үндістан, Пәкістан) дәлелдеген. Осы идеяны дайындай отырып,
экотуризм отаны деп туристік дестинацияларды, аудандарды емес,
экотуристердің бірінші топтарының құрылуы мен пайда болу орындарын айтамыз.

Осыдан кейін Қазақстан Республикасында ішкі туризм ретінде экотуризм
өте әлсіз дамығаны белгілі. Бізде туризмнің бұл түріне сұраныс қалыптаса
қойған жоқ, экотуристер өте аз. Қоршаған ортаны қорғауға күші, уақыты,
қаржысын бөлетін отандық туристер көп емес. Осының нәтижесінде ішкі
экотуризмді әлеуметтік туризмге жатқызады, яғни мемлекет құралдарынан
қолдау табу салдарынан туристік ұсыныс әлсіз дамыған.
Қазіргі уақытта экотуризм мен экотурды төрт түрге бөледі [12]:
1.Ғылыми туризм. Ғылыми экотурларда туристер табиғатты зерттеудің әр түріне
қатысады. Мысалы, Латын Америкасында құстардың әрекеттерін бақылаумен
байланысты, тынық мұхитындағы киттердің популяция санын есептеумен
байланысты экотурлар бүкіл әлемге әйгілі. Әрине мұндай турлардың туристік
дестинациясы болып ЕҚАТА табылады: қорықтар, қорықшалар, ұлттық парктер,
табиғи ескерткіштер. Ғылыми туризмге шетелдік ғылыми-зерттеу экспедициялары
жатады, сонымен қатар университеттердің жаратылыстану-ғылыми факультетінде
оқитын студенттердің далалық іс-тәжірибелері жатады;
2. Табиғат тарихына турлар. Бұл қоршаған ортаны және жергілікті мәдениетті
танумен байланысты саяхат. Әрине мұндай турлар арнайы жабдықталған
экологиялық соқпақ жолдармен созылып жатқан оқу-ғылыми, тақырыптық
экскурсиялардың жиынтығы. Көбінесе олар қорықтар мен ұлттық парктер
территориясында ұйымдастырылады. Мұнда табиғат туралы гидтер экскурсия
жүргізеді, мектеп оқушылары мұғалімдерімен болады. Экотуризмнің бұл түрі
әсіресе Германияда атақты, сондықтан мұны экотуризм дамуының неміс моделі
деп аталады;
3. Шытырман оқиғалы туризм. Бұл түр жаңа әсер алу, дене қалпын жақсарту
және спорттық нәтижеге жету мақсатындағы табиғатқа демалыс (outdoor),
қозғалыстың белсенді тәсілімен байланысты саяхат. Бұған туризмнің мына
түрлері кіреді: альпинизм, құздарға өрмелеу, спелеотуризм, тау және жаяу
туризм, су, шаңғы және тау шаңғысы туризмі, каньонинг, жылқымен туризм,
маунт байк, дайвинг, парапланеризм және т.б. Бұл экотуризмнің жедел
дамитын, табысты, қымбат тұратын түрі. Шытырман оқиғалы туризмді көбінесе
ауыр экотуризм деп атайды. Себебі, туристердің шытырман оқиғаға ұмтылуы
табиғатты қорғауға деген ынтадан басым түседі. Алдағы уақытта экотуризмді
айтқанда, шытырман оқиғалы деп түсінуіміз қажет.
Шытырман оқиғалы туризм көбінесе спорттық туризммен (альпинизм,
спелеология, парапланеризм және т.б.), туристер белсенді тәсілдер көмегімен
орын ауыстыратын белсенді туризммен (жаяу, велосипедпен, қайықпен, салмен
және т.б.) теңестіріледі.
Спорттық туризм шытырман оқиғалылығына және тәуекелділігіне байланыссыз
спортпен айналысу немесе жарыстарға бару мақсатындағы саяхат деп бөлінеді.
Сонымен қатар шытырман оқиғалы туризм қозғалыстың белсенді емес түрін
де қамтиды. Мысалы, джиппинг – автомобильдер көп жүретін қиылыстар жеріне
саяхат немесе BASE – тік жартастардан, биік антропологиялық объектілерден
(арка көпірлерден, теле мұнаралардан және т.б.) ұшу аппараттарымен арнайы
парашюттардан секіру.
Қазіргі кезде әлемдік нарықта шытырман оқиғалы туризм (adventure
tourism) - бұл тек шытырман оқиғалы саяхат емес, сонымен қатар туристер
үшін ерекше элементтері бар турлар. Бұл туроператор нарықтың осы
сегментінде қызметтердің кең спектрін ұсына алады: нәрсіз, ығыр болған
ормандағы жаяу серуеннен Антарктидадағы экспедицияға дейін.
Ағылшындық жетекші туроператор Exodus шытырман оқиғалы турлардың
келесі түрлерін ұсынады:
Discovery and adventure holiday – белсенді қозғалыспен ғаламның барлық
шеткі аумағына саяхат;
European Destinations – велосипедпен немесе жаяу қозғалыспен еуропалық
елдердің ЕҚАТА-на қымбат емес қысқа мерзімді туризм;
Walking and trekking – шытырман оқиғалы туризмнің бастапқы негізгі
түрі. Бұл жүксіз (туристің жүгін арнайы жүк көтеруші немесе көлік арқылы
тасиды) арнайы экологиялық соқпақ жолдармен жаяу саяхат;
Multi Activity Holidays – құрамына рафтинг, каньонинг, спелеология,
құзға өрмелеу, балық аулау, джиппингті қамтитын дене ауыртпалығының
ұзақтығы бір аптаға жуық саяхат;
Overland – жүк автомобильдерінің жоғарғы өте алуына тұрақ үшін арнайы
жабдықталған саяхат. Әрине мұндай саяхаттар жылы климатты елдерде (Африка,
Оңтүстік Америка, Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде) ұйымдастырылады. Ал
туристер өзінің бірінші сапарында бірнеше елдерге саяхат жасайды.
4.Табиғи резерваттарға, ЕҚАТА-ға саяхат. ЕҚАТА-да орналасқан сирек
кездесетін және экзотикалық табиғи объектілер мен құбылыстар туристердің
көпшілігін тартады. Мысалы, Латын Америкасында болған туристердің 48 %
табиғи резерваттарға саяхат мақсатында. Көптеген ұлттық парктер мен
қорықтардың басшылығы экологиялық экскурсияларды нағыз шоуларға
айналдырады. Бұған нақты мысал АҚШ-тағы Йеллоустоун ұлттық паркі. Мұнда
экскурсия минут бойынша есептелген және ол гейзерлердің белсенділігік
кезеңіне байланысты. Табиғи объектілердің өте жиі көрсетілуі, әсіресе
үңгірлерде, түрлі-түсті жарықтармен, әуенмен, театрлық ойын-сауықтармен,
аборигендер өмірінен көріністердің қойылымы. Экотуризмнің бұл түрі
Австралияда жақсы дамыған, сондықтан оны экотуризм дамуының австралиялық
моделі деп аталады.
Халықаралық саяхат динамикасын талдай отырып, халықаралық туристік
ұйымдар (WTO, WTTC) мен отандық сарапшылардың көзқарастарын халықаралық
туризм және оның ішінде экотуризмнің қазіргі заманғы даму тенденцияларын
бөліп көрсетуге болады.
БТҰ-ның Tourism Vision 2020 болжамына сәйкес, 2020 жылға қарай
халықаралық туристік саяхаттар 1,6 млрд-қа өседі. 2000 жылы 702 млн
халықаралық саяхат, 2010 жылы – 1,018 млрд., 2020 жылы – 1,6 млрд. саяхат
күтіледі. Бұл 1996 жылмен (592 млн. саяхат) салыстырғанда үш есе көп. Сол
уақытта туризм дамуының ұлттық жүйесі есебін біріктіру жұмысы туралы еске
алу қажет. Сондықтан да көрсетілген сандарды соңғы деп қарастырмау керек.
Қалыптасқан жағдайдың өзінде де сала дамуының жайлы болжамын жасау керек.
Болашақта алдыңғы қатарлы түрі болып круиздер, экологиялық, шытырман
оқиғалы, танымдық, тақырыптық туризм болып табылады.
Г.А.Папирян айтқандай туризмнің дамуымен қатар жаңа турист пайда
болды. Бұл жанұялық туризмнің өз демалысын әр жылы теңізде, сонымен қатар
жаңа түрлерге орын ауыстыру, әсіресе экотуризмге, шытырман оқиғалы,
танымдық туризмге жасайтын дәстүрлік түрі мағынасында айтылған. Белсенді
емес демалысқа мода кетеді, туристік ағындардың бағдарлануы басталады.
Өсімнің жоғарғы қарқыны тауға саяхат үшін тән, әсіресе шытырман оқиғалы
және тәуекелділікті элементтерімен саяхат үшін тән.
Көптеген авторлар зейнеткерлік жастағы туристердің туристік қызметке
сұранысының өсуін болжайды. Бос уақыттың болуы, материалдық жетістік,
психологиялық және әлеуметтік рахат тұрмыс гедонизация – мұның бәрі
болашаққа оптимистік көзқараспен қарауға жол беріледі. Көптеген сеньорлар,
әсіресе АҚШ, Германия және Жапония сеньорлары экотурларға міндетті түрде
қатысады. Бұл тенденция халықаралық экотуристердің 35-54 жастағылардан
айқын көрініс табады.
Туризм және саяхат жөніндегі халықаралық релизінде 2010 жылы туризм
ұлттық және аймақтық экономиканың дамуында үлкен орын алады, 100 млн. жаңа
жұмыс орнын ашады деп айтылған. Онда экотуризм әлемнің мешеу елдерінде,
аймақтарында экономикалық өсу мен тұрақты дамуды жүзеге асыратын құрал
ретінде айтылған [13].
ДТҰ экологиялық туризмді туризмнің тұрақты дамуының ажырамас бөлігі
ретінде қарастырады. Туризм тұрақтылығының иаңызды қағидаларына мыналар
жатады: саланың тұрақты дамуы үшін құқық базасы мен экономикалық тұрақты
жағдайды жасау; туристік қызметті жоспарлау мен жерді пайдалануды реттеу;
халық арасында ағартушылық-агитациялық жұмыстардың жүргізілуі;шешім
қабылдау процесіне жергілікті халықты кеңес беру арқылы тарту; туристік
өкімді реализациялау; көлік жүйесін экологиялық тұрақтылықпен қамтамасыз
ету; табиғи кешендердің туристік-рекреациялық жүктемелеріне тұрақтылық
деңгейде баға беруі.
Әлемде экотуризмнің әйгілілігі тек қана қоршаған орта жағдайының
нашарлауынан ғана емес, сонымен қатар адамның өмір сүру ортасының күрт
өзгеруімен, яғни жүйке психологиялық ауырлықтың өсуіне де байланысты.
Экологиялық туризмнің жалпы туризмнен айырмашылығы неде?
Біріншіден, экотуризм – территориясы жақсы сақталған табиғи ортаға
сапар шегу. Бұндай территорияларға қорықтар, табиғи ұлттық саябақтар,
қорықшалар және басқа қорғалатын териториялар жатады.
Екіншіден, экотуризм – ең экологиялық табиғатты пайдаланушы болып
саналады. Экотуристердің табиғатты эксплуатациялау технологиясы визуальды
түрде өтеді, яғни көрікті жерлерді қарау, пейзажды тамашалау, өсімдік және
жануарлар әлемін бақылау және тыңдау түрінде (құстардың ән айтуы, су
сылдыры, жапырақтың сыбдыры), иіс сезімі (ормандар мен шалғындардың жұпар
иісі) және сезіну арқылы (өзен суының мөлдірлігі). Дәл осы мақсатпен
экологиялық туризм әлемдегі ерекше қорғалатын табиғи территориялар шегінде
табиғи ресурстарды қолданудың бірден-бір жолы болып табылады.
Үшіншіден, экотуризм туристердің ЕҚТТ-да жүріс-тұрысын қадағалайды,
соның ішінде қатаң тәртіп белгілеу арқылы (турист гид-жолаушыға еріп
жүргенде арнайы жолды пайдалануы керек, өсімдіктерді жұлмау, шуламау,
т.б.). Бұл ережелерді сақтау экологиялық туризм дамуының ұстанымды шарты
болып табылады.
Төртіншіден, экотуризм жергілікті тұрғынның ауқатын жақсартуға
мүмкіндік береді, ұлттық-дәстүр мен әдет-ғұрыптың жаңғыруына әсер ететін
дәстүрлі ұлттық өнер түрлерін дамыту жолымен. Бұның барлығы халыққа белгілі
пайда келтіреді және әлеуметтік экономикалық дамуына әсер етеді.
Өзіндік ерекшелігі бар экотуризмнің бұқаралық туризмнен
айырмпшылығындай, экотуристердің де жаппай туристерден айырмашылығы бар.
Бұқаралық туристер ұйымдасқан және жеке түрде белгілі жерлердің шегінде
үнемі саяхаттайды, көп жағдайда өз елінде. Оларға қарағанда,
экотуристер адамдар аз өзгерткен табиғи территорияларда сапар шегеді,
және олар саяхаттың шектелген жағдайлары мен ыңғайсыз шарттарына шыдамды
болады.
Авторлар қатары экотуристерді олардың қызығушылық деңгейіне қарай
бөледі. Мысалы, Lindberg экотуристердің төрт тобын бөліп көрсетеді.
- Бірінші топқа білім беру кеңселерінің мүшелері алғашқы табиғатты
зерттеумен айналысатын ғылыми зерттеушілер;
- Екінше топқа жергілікті жердің тарихын білу мақсатымен қорғалатын
табиғи территорияларға баратын адамдар;
- Үшінші топқа табиғаттың қашық бұрыштарына – ерекше саяхат үшін
баратын адамдар;
- Төртінші топқа табиғатқа шығу өте үлкен саяхаттың ажырамайтын
бөлігі деп есептейтін адамдар жатады.
Экологиялық туризмді тұрақты туризм деп қарастыруға болады, яғни бұл –
жергілікті жердің шынайы түрде сақталуының тек табиғи, мәдени-тарихи
көрікті жерлерімен танысу үшін ғана емес, өскелең жіне келешек жас ұрпақ
үшін шынай ортаның алғашқы қалпында әрі қарай сақтау мақсатында сапар шегу.
Экологиялық туризмнің басқа туризм түрлерінен негізгі айырмашылығы осыдан
тұрады. Экологиялық туризм үнемі бұқаралық туризмнің баламасы ретінде
қарастырылады.
Экологиялық туризм жиі көпшілік туризмнің альтернативасы ретінде
қарастырылады, және қазіргі уақытта ол туристік қызметтің ең перспективалы
және динамикалық түрде дамып келе жатқан формасы болып табылады.

1.2 Экотуризмнің даму тарихы және қалыптасу алғышарттары

Экотуризмнің пайда болу алғышарттарының ішінде ең басты рөлді табиғи,
мәдени-тарихи туристік ресурстарға антропогендік әсердің ұлғаюы ойнайды.
Бұл ауыртпалықтар туристік келу өсімі қарқынына тікелей пропорционалды
өседі. Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның (бұдан кейін БТҰ деп қолданылады) XX1
ғасырда туризмді дамытудағы көрсеткіштеріне сүйенсек, туристік сұранысты
қанағаттандыру және туристік ресурстарды тиімді пайдалану сұрақтарында
қарама-қайшылықтар туындайды.
Жаппай туризмнің қоршаған ортаға және туристік ресурстарға кері әсері
1970 жылдары шетелдік және отандық зерттеушілердің еңбектерінде
қарастырылған. Қазіргі кезде антропогендік прессинг және оның дамудағы
тежеуші әсерлері туристік индустрияның барлық секторында және туризмнің
барлық түрінде, әсіресе туристік аудандардың басым көпшілігінде кездеседі.
Мысалы, 1973-1983 жылдарда Польшада осы себептерге байланысты өзендер мен
көлдерге туристік маршруттар 40 %-ға, ал теңіздерде 70 %–ға қысқарды.
Ластанған ормандар ауданы 60 %–ға өсті. 1976 жылдан бастап АҚШ-тағы
Балингер каньонындағы туристерге қызмет көрсететін автокөлік қозғалысының
нәтижесінде топырақты және грунтты судың шайып кетуінің орташа қарқыны
әдеттегіден 86 есе өсті [8].
Әлемдік шаруашылық ғаламдануының өсіміне сәйкес жердің географиялық
қабықтарында кері өзгерістер де өсті, мысалы:
- климаттық өзгерістер;
- топырақ және жер деградациясы;
- экожүйенің бұзылуы және биоәртүрліліктің азаюы;
- су, топырақ, ауа ластануының ұлғаюы;
- адамның іс-әрекетімен пайда болған табиғи апаттар;
- халықтың бақылаусыз өсімі және әлеуметтік-экономикалық дамудағы
теңсіздіктің күшеюі;
- азық-түлік қауіпсіздігі және халықтың денсаулығына қауіптердің өсімі;
- энергия және басқа да табиғи ресурстар қорларына шектеу;
Осы мәселелердің ғаламдық сипаттарын ескере отырып, оларды аймақтық
немесе ұлттық деңгейде шешу мүмкін емес.
Неміс кеңесшілер Кеңесі ғаламдық өзгерістер бойынша әлемнің көптеген
аймақтарында кездесетін мәселелердің қарапайым моделін атап өтті:
1. Утилизация синдромы. Мысалы, маргиналды жерлерді шектен тыс өңдеу
(Саха синдромы) немесе рекреациялық даму және табиғатты бұзу (жаппай туризм
синдромы).
2. Даму синдромы. Мысалы, дамытудың әртүрлі бағдарламаларын жүргізуден
пайда болған ландшафтардың экологиялық бұзылуы (Арал синдромы) немесе жедел
экономикалық дамудағы экологиялық стандарттарға көңіл бөлмеу (Азия
жолбарыстары синдромы).
3. Қалдықтар синдромы. Мысалы, қалдықтарды бақылаумен немесе бақылаусыз
көмудегі қоршаған орта деградациясы (дампинг синдромы).
Мәселелердің көкейкестілігі ұлғайды, сонымен қатар табиғи, мәдени-
тарихи туристік объектілерді тиімді пайдалануға байланысты конференциялар,
жиналыстар, жарияландырулар көлемі де күрт өсті. 1999 жылға дейін шетелде
осы тақырыпқа байланысты 400 жұмыс жарияланды. Оның ішінде БТҰ-ның Туризм
және Саяхат жөніндегі бүкіләлемдік кеңесі, Жасыл әлемұйымының 1986 жылы
жарыққа шыққан 21 ғасырдағы туризмнің тұрақты даму тұжырымдамасы: Agenda
21 for travel and tourism industry. Бұл туризм жөніндегі ұлттық
әкімшіліктерге, туристік, сауда ұйымдарына, сонымен қатар туристік қызметті
тұтынушыларға бағытталған. Тұжырымдама туризм және саяхат индустриясы үшін
21 ғасыр күн тәртібіне негізделеді. Бұл 1992 жылы 14 маусымда ББҰ-ның
қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі Конференциясында 182 үкіметтің
жан-жақты бағдарламасымен бекітілген (UNCED) [5].
Тұрақты даму деп туристік ресурстарға зиянын келтірмейтін үрдістерді
айтамыз. Ол мақсатқа жету үшін қандай жылдамдықпен пайдаланса, сондай
жылдамдықпен қайта жаңарту немесе баяу қайта жаңаратын ресурстарды жылдам
қайта жаңаратын ресурстарға көшумен басқарылуы тиіс.
Күн тәртібі 21 төмендегідей ережелерден тұрады:
-туристік бизнес ядросы болып табылатын табиғи және мәдени ресурстарды
қорғаудағы туризм және саяхат индустриясының қызығушылығын белгілеу;
-ұзақ мерзімді даму стратегиясын жасау үшін үкіметтің, индустрияның
және үкіметтік емес ұйымдардың біріккен күшін реттеу маңыздылығы;
-алдыңғы қатарлы салалардағы анықталған мақсатпен іс-әрекеттер және
оған жету жолындағы қадамдар тізімі;
-үкіметпен, өнеркәсіппен және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы
серіктестіктермен маңыздылығы көрсетіледі; Туризм мен саяхаттың
стратегиялық және экономикалық маңыздылығы талданады, туристік индустрияның
өмір сүру қабілеттілігін жасаудан түсетін үлкен табыс жарияланады.
Бұл құжат туризмді дамытудағы мына қағидаларды пайдалануды ұсынады:
-туризм және саяхат халыққа табиғатпен тепе-теңдігін сақтауда көмек
көрсету керек;
-туризм және саяхат экожүйені сақтауда, қорғауда және қалпына келтіруде
өз орнын алу керек;
-туризм және саяхат өндіріс пен тұтынуда өмірге қабілетті модельге
негізделу керек;
-туризм және саяхат саласындағы протекционизм саясаты түгелімен
өзгерісте болу керек;
-туризмді дамыту үрдісінде қоршаған ортаны қорғау бөлінбейтін бөлігін
құрау керек;
-туризмді дамыту мәселесі қызығушы азаматтардың (жергілікті халықтың)
қатысуымен шешілуімен, шешімдерді жоспарлаумен жергілікті деңгейде
қабылдану керек;
-мемлекеттер туристер мен туристік салаға тікелей әсер ететін табиғи
апаттар жөнінде бір-біріне ескерту керек;
-туризм және саяхат әйелдер мен жергілікті халыққа жұмыс орындарын
ашуға мүмкіндік жасау керек;
-туризмді дамыту жергілікті халықтың мәдениеті мен қызығушылықтарына
қолдау көрсетіп және қамтамасыз ету керек;
-туризм және саяхат индустриясы қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық
құқыққа негізделу керек [7].
Туризм бойынша ұлттық әкімшіліктер тоғыз облыстың алдыңғы қатарлы
бағыттары жұмыстарын атап өтті:
1.Өмірге қабілетті туризмді қамтамасыз ету мақсатындағы туристік
инфрақұрылым сыйымдылығына баға беру;
2.Туристік ұйымды дамытудағы экономикалық, әлеуметтік, мәдени, табиғи
құрамына баға беру;
3.Тұрақты даму үрдісіндегі оқу, білім, қоғамдық түсінік;
4.Туризмді өмірге қабілетті дамытуды жоспарлау;
5.Дамыған және дамушы елдер арасындағы өмірге қабілетті туризм
технологиясымен, тәжірибесімен, ақпараттарымен алмасу;
6.Қоғамның барлық секторының даму үрдісіне қатысуды қамтамасыз ету;
7.Туризмнің даму үрдісінің бөлінбейтін бөлігі негізінде тұрақты даму
қағидасын сақтай отырып туристік өнімді жасау;
8.Жергілікті деңгейде өмір сүруге қабілетті дамуға жету қарқынын
есептеу;
9.Өмір сүруге қабілетті даму үшін серіктестік.
Өз кезегінде туристік компаниялар үшін 10 міндеттер қарастырылды:
1.Табиғи туристік ресурстарды пайдалану үрдісіндегі рециркуляция, қайта
пайдалану, минимумдау;
2.Пайдаланатын энергияны басқару және сақтау;
3.Тұщы су ресурстарын басқару;
4.Ағынды сумен басқару;
5.Қауіпті заттармен басқару;
6.Көлікпен және тасымалдаумен басқару;
7.Жерді пайдаланумен басқару және жоспарлау;
8.Қоршаған орта мәселелерін шешуде жергілікті халықты, тұтынушыларды,
жұмысшыларды тарту;
9.Тұрақты даму жобасын жасау;
10.Өмір сүруге қабілетті даму үшін серіктестік.
Үкіметке, өнеркәсіпке, үкіметтік емес ұйымдарға және бұқаралық ақпарат
құралдарына бағытталған құжаттар көп таралған. Құжат қабылданғаннан кейін
бес жылға есептелген алға даму бағдарламасы орындала бастады. Лондонда
(1997 жыл, ақпан) және Джакартада (1997 жыл, қараша) өткізілген бірінші екі
жиналыстан төмендегідей қорытындылар жасалды:
-туризм индустриясы тиімді басқарумен және ақылмен реттеумен өмір
сүруге қабілетті басқаруда өзінің орнын алатын әлеуеті бар. 21 ғасыр күн
тәртібі саланың дамуы жөніндегі негізгі құжат ретінде кең таралу керек
және ережелерді барлық жақтардың орындалуымен ынталандырылуы қажет.
-тұтынушылар, қоғам, жеке сектор және туристік ұйымдар арасындағы
жақын серіктестік талап етілу керек;
-тұрақты даму мақсатында алға жылжуды есептеу жүйесінің үлкен көлемде
болуы қажетті;
-тұрақты даму үшін туристік инфрақұрылымды кеңейту үрдісімен басқару
қажет;
-экологиялық салықтар әділетті және дискриминациялық емес болу
керек және одан түсетін түсімдер туризм инндустриясына қоршаған ортаны
қорғау жөнінде бағдарламалар үшін бөліну керек;
-халықаралық, ұлттық және жергілікті қаржылық органдар экономикалық
қолдау көрсетілетін критерийлер бөлігі ретінде өмір сүруге қабілетті дамуды
қамту керек;
-тұрақты дамудың қазіргі заманғы зерттеулері туроператорлық қызметке
енгізілу керек;
-қоршаған ортаны қорғау саласындағы білім күшейтілу керек, әсіресе
қонақүй және туристік фирма қызметкерлерін дайындайтын жоғарғы оқу
орындарында;
-жарнама тұтынушыларды талаптандыруда үлкен рөл ойнайды және
индустрияны мәжбүр етеді, сонымен қатар жаңа қағидалармен жұмыс істеуге
мәжбүр етеді. Оны мыналар арқылы жүзеге асыру қажет: ұшақтар мен
аэропорттарда видеофильмдер көрсету, демалушылар үшін билеттерде, жолда
жүру аксессуарларында, парақшаларда пайдалы кеңестер, хабарландырулар
жариялау [9].
Келесі семинарлар әлемнің басқа аймақтарында 21 ғасыр күн тәртібін
белгілі бір шарттарға сәйкес қағидалардың қолданылуын зерттеу үшін өткізілу
керек.
Туризмнің тұрақты даму қағидалары туризмнің ғаламдық этикалық
кодексінде де көрініс табады. Ол жұмыста БТҰ-ның сарапшылары 1997 жылдан
бастаған. Ол құжаттың преамбуласында салтанатты түрде оны, БТҰ мүшелері,
әлемдік туристік индустрия жетекшілері, мемлекеттер, территориялар,
кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар делегаттары қабылдай отырып, барлық
халықтың қоғамдық таңдауына сыйластықпен саяхат пен демалысқа құқықтарын
жүзеге асыру негізінде тұрақты, бәрінің қолы жетерлік, жауапкершілікті
дамуға мақсатты болу керек деп айтылған.
Тұрақты даму мәселесі әсіресе өте сирек кездесетін табиғи объектілер
мен құбылыстар, табиғи резервацияларға өзекті болып табылады. Осындай
объектілердің жанындағы территорияларда тұратын халықтың көпшілігі
туристерден түсетін түсімдермен ғана күн көреді. әсіресе бұл таулы
территорияларға тән. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының шешімі бойынша 2002 жыл
халықаралық тау жылы және халықаралық туризм жылы деп бекер жарияланбаған.
Бұл екі іс-шараны өткізуде мейлінше көп нәтижеге жететін барлық қызығушы
жақтардың бірігуіне үлкен мүмкіндік туғызады.
Сонымен қатар тұрақты даму тұжырымдамасы көптеген туризм сарапшыларымен
сыншылдықпен қабылданған. Оған едәуір деңгейде түрткі болған - аса мағыналы
емес тұрақты (статикалық, қозғалыссыз) даму (қозғалыс, динамика) сөз
тіркесі. Өмір сүруге қабілетті даму деп айтқан дұрыс болар еді.
Одан басқа, аймақтық деңгейде даму өмірдің батыс стандарттарына
жетуге ұмтылу деген мағынада түсінуге болмайды, жергілікті
қауымдастықтардың әлеуметтік-экономикалық қозғалысының бағыты тұрғындардың
өздерімен анықталады. Осы орайда жарнамалық уәделерге емес, дәстүрлі есепке
алу қажетті. Экотуризм жөніндегі американдық сарапшы Рон Мадер айтқандай:
Даму - бұл батысқа еліктеу емес. Бұл тек қана қаржы-өнеркәсіптік кешен
емес, химиялық тыңайтқыштар емес және де алып су-энергетикалық кешендер
емес. Адам жанын ешқандай тұтыну тауарларына және де жылдам баю схемасына
сатуға болмайды. Даму - бұл өзінің ішкі байлықтарын және қоғам мен
тұлғаның нағыз әлеуетін тану [6].
Республиканың барлық аумағында дерлік тұрғындарың экологиялық сауаты
жетіспегендіктен қоршаған орта туралы толық ақпарат жетпегендіктен
экологиялық тұрақтылық бұзылған. Дәл осы уақытта табиғи орта кез-келген
әсерге сезімтал.
Қазақстанның қазіргі заманда табиғи ортасы үлкен алаңдаушылықты
тудырады және табиғатты қолдану қағидаларын өзгертуді талап етеді.
Республикадағы табиғат экожүйесін қалпына келтіру мен экологиялық апаттың
алдын алу үшін елде табиғатты қорғау мен мемлекеттің экономикалық мұқтаждың
арасында бір қалыптылық болу қажет.
Қазақстан Республикасында экологиялық тұрақтылық пен қауіпсіздіктің
дамуы үшін басты бағыттар ішкі және сыртқы саясат.
Қазақстан Республикасында экологиялық саясат жүргізу үшін табиғат
ресурстары және қоршаған ортаны қорғау Министрлігі жағынан арнай жүйелейтін
құрылым - Қазақстан Республикасының Экологиялық тұрақты даму Орталығы
ашылды, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоспарымен жұмыс істейді.
Орталықтың міндеттеріне проблемаларды анализдеу, әлеуметтік маңызды
экологиялық жобаларды жүзеге асыру жатады.
Конституцияға ҚР заңдарына, Декларация шарттарына, БҰҰ қоршаған ортаны
қорғау және оны дамыту конференциясында (Рио-де-Жанейро, 1992) Қазақстан
Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа деген Қазақстан – 2030 жолдауында
қоршаған ортаны қорғау және дамуды тұрақтандырудың Көпуақытылық Экологиялық
Бағдарламасы (КЭБ) Экология және табиғи ресурстар – 2030 атты ұлттық
деңгейдегі жоспар жүзеге асырылды.
КЭБ-нің негізгі мақсаттары - қоршаған орта мен қоғам арасындағы тығыз
байланыс, сонымен қатар экологиялық жағымды орта құру.
2030 жылға дейін қойылған мақсатқа жетудің 4 негізгі басты бағыты бар:
- Қауіпсіз экологиялық орта құру;
- Табиғат ресурстарын рационалды қолдану;
- Өсімдік және жануар әлемнің көптүрлілігін сақтау;
- Тұрғындардың экологиялық ақпараттану деңгейі
Қазіргі заманғы қоршаған ортаның бағасы әлде қайда маңызды
проблемаларда. Қоршаған орта жағдайы туралы арнайы мекемелердің қорытындысы
бойынша ең бірінші кезекте:
- Су ресурстарының жетіспеуі;
- Игерілетін жерлердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық туризм ерекшеліктері
Экологиялық туризмнің ерекшелігі
Кологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары
Экологиялық туризм географиясы
Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы
Ақмола облысының туристік мүмкіндіктері
Экологиялық туризм ұғымы
Экологиялық туризм дамуында Қазақстанның ерекшеліктері
Оқыту технологиясы нені қарастырады
«туризмдегі экобағыттарды ұйымдастыру және жоспарлау»
Пәндер