Ирандағы ағылшын-орыс бәсекелестігі



Жоспар

1. Ағылшын концессиясы
2. Патшалық Ресей концессиясы
3. Ішкі сауда
4. Иранның саяси және экономикалық тәуелділікке түсуі
5. Феодалдық қарым.қатынас және халықтың жағдайы
6. Ирандағы бәсекелестік туралы өз ойым
1) XIX ғасырдың екінші жартысында шетел капиталы Иранға бейбітшілік жолмен кіре бастады және осы мемлекетті жартылай отар елге айналдыруды көздеген еді. Бұл процесс капитализмнің ең жоғарғы сатысы – имперализмге айналды. Ленин империялизмге мынадай сипаттама берді: « Бұл капитализмнің шарықтаған кезі, монополия мен капиталдың үстемдеген кезі. Дүние жүзін ұлы капиталистік державалар бөліп ала бастаған кез еді» деген тұжырым жасаған болатын. Капитализмнің империялизмге айналуы және капиталистік мемлекеттердің артта қалған Шығыс елдерін, атап айтқанда Қытай, Түркия, Иран елдерін біртіндеп жаулауына алып келді. Қаржы капиталының күресі, үлкен ірі капиталистік мемлекеттердің дүние жүзін бөліп алуы, жаңа нарық пен шикізат көзі үшін Англия мен Патшалық Ресей арасында үлкен қарама-қайшылықтарды туғызды. Капитализмнің империялизмге айналуы Иранда жаңадан шетелдік банктердің, концессияның пайда болуына әсерін тигізді. Басты рөлді экономикалық жағынан жартылай отар елге айналуына Англия мен Патшалық Ресей атқарды. Негізі Англия үшін Иранды отарлау телеграф орнатудан басталды. 1857-1859 жылдарда Индияда ағылшындарға қарсы көтеріліс басталғанда Англияның алдына қойған ең бірінші мақсаты – Иран жері арқылы Үндістанмен байланыстыратын оперативтік байланыс орнату болып табылды. Ағылшындар телеграфтық линияның орнатылуына көп көңіл бөлді. Себебі бағана айтып кеткендей Англия Иран жері арқылы Үндістанмен қарым-қатынасты нығайта отырып, бұл елде де отарлық жүйесін нығайту керек еді, сонымен қоса Иранды өзіне тәуелді қылуды көздеді. 1862 , 1865 , 1872 жылдары Ағылшындар Иранмен телеграф конвенция туралы шартқа отырды. Ағылшын депортаменті Үнді-еуропалық телеграф жүйесін Иран үкіметі ақшасына құрылыс салуға құқық алды және сол телеграф жүйесін Ханекин – Тегеран – Бушир қалаларына орнатты. Кейіннен Буширден Фао – Джаск – Маскат – Карачи қалаларына дейін жалғасты. 1868 жылы 2 сәуірде Иран үкіметі Индо-еуропалық телеграф компаниясы Джульфа – Тегеран, кейіннен Лондон – Торн – Варшава –Одесса – Тбилиси –Джульфа қалаларына телеграф линияларын орнатты. Бұл компания Герман және Патшалы Ресейдің де рұқсатымен салынды. 1901 жылы 15 тамызда Иран үкіметі ағылшындардың басқаруымен Тегеран – Бушир телеграф линиясын Белуджистан арқылы ағылшын территориясына дейін жеткізді. Тегеран мен Мешхад арасындағы телеграфтық линия Иранның мүлкі саналғанмен, іс жүзінде ағылшындардың басқаруында болды. Бұл линиялар Англияның ақшасына салынғандықтан , 1869 жылы Англияға 47 мың фунт стерлинг қарыз болып, жиырма жылда төлеуге міндеттелді. Ағылшын телеграфистері жергілікті тұрғындармен байланыс орнатып, Иранның ішкі істеріне белсенді түрде араласты. Бұл телеграфтық линия Англия үшін Иранды жаулап алуға өте жақсы жолдардың бірі болды, әсіресе Иранның байлығын көздеді. 1872 жылы шілдеде ағылшын адамы барон Ю. Рейтер Иран шахынан 70 жылға концессия алды және монопольдық құқық пен темір жолға құрылыс, трамвайлық линия, мұнайды эксплуатациялауға, сонымен қатар ормандарды өз қарамағына алды. 20 мың фунт стерлинг үшін Рейтер Иран кеденін жиырма бес жылға алды. Сонымен қоса Рейтерге банк, шосселік жолдар құрылысын салуға, телеграфтық линия, фабрика, заводтарды салуға концессия берілді. Рейтерге жер учаскелері және жұмыс күші мен табыс табуға кепілдік берілді. Концессионер ішкі және сыртқы кеден салықтары мен басқа да салықтардан босатылды. Осы жеңілдіктер үшін Рейтер Иран үкіметіне таза табыстың 15 – 20 % беруі керек еді. Насер ад-Дин шах Рейтерге және ағылшын капиталистеріне Иранның табиғи байлықтарын сатты. Бұл концессияның пайда болуы – ағылшындардың Иранды басқаруына, саясатқа араласуына жол ашты. Ағылшын капиталистері мен шах арасындағы келісім-шарт күдік туғызды. Ресейдің араласуымен және халықтың наразылығынан қорыққан Иран шахы Насер ад-Дин 1870

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Ирандағы ағылшын-орыс бәсекелестігі

Жоспар

1. Ағылшын концессиясы
2. Патшалық Ресей концессиясы
3. Ішкі сауда
4. Иранның саяси және экономикалық тәуелділікке түсуі
5. Феодалдық қарым-қатынас және халықтың жағдайы
6. Ирандағы бәсекелестік туралы өз ойым

1) XIX ғасырдың екінші жартысында шетел капиталы Иранға бейбітшілік
жолмен кіре бастады және осы мемлекетті жартылай отар елге
айналдыруды көздеген еді. Бұл процесс капитализмнің ең жоғарғы
сатысы – имперализмге айналды. Ленин империялизмге мынадай сипаттама
берді: Бұл капитализмнің шарықтаған кезі, монополия мен
капиталдың үстемдеген кезі. Дүние жүзін ұлы капиталистік
державалар бөліп ала бастаған кез еді деген тұжырым жасаған
болатын. Капитализмнің империялизмге айналуы және капиталистік
мемлекеттердің артта қалған Шығыс елдерін, атап айтқанда Қытай,
Түркия, Иран елдерін біртіндеп жаулауына алып келді. Қаржы
капиталының күресі, үлкен ірі капиталистік мемлекеттердің дүние
жүзін бөліп алуы, жаңа нарық пен шикізат көзі үшін Англия мен
Патшалық Ресей арасында үлкен қарама-қайшылықтарды туғызды.
Капитализмнің империялизмге айналуы Иранда жаңадан шетелдік
банктердің, концессияның пайда болуына әсерін тигізді. Басты рөлді
экономикалық жағынан жартылай отар елге айналуына Англия мен
Патшалық Ресей атқарды. Негізі Англия үшін Иранды отарлау телеграф
орнатудан басталды. 1857-1859 жылдарда Индияда ағылшындарға қарсы
көтеріліс басталғанда Англияның алдына қойған ең бірінші мақсаты – Иран
жері арқылы Үндістанмен байланыстыратын оперативтік байланыс орнату болып
табылды. Ағылшындар телеграфтық линияның орнатылуына көп көңіл бөлді.
Себебі бағана айтып кеткендей Англия Иран жері арқылы Үндістанмен қарым-
қатынасты нығайта отырып, бұл елде де отарлық жүйесін нығайту керек
еді, сонымен қоса Иранды өзіне тәуелді қылуды көздеді. 1862 , 1865 ,
1872 жылдары Ағылшындар Иранмен телеграф конвенция туралы шартқа отырды.
Ағылшын депортаменті Үнді-еуропалық телеграф жүйесін Иран үкіметі
ақшасына құрылыс салуға құқық алды және сол телеграф жүйесін
Ханекин – Тегеран – Бушир қалаларына орнатты. Кейіннен Буширден Фао –
Джаск – Маскат – Карачи қалаларына дейін жалғасты. 1868 жылы 2
сәуірде Иран үкіметі Индо-еуропалық телеграф компаниясы Джульфа –
Тегеран, кейіннен Лондон – Торн – Варшава –Одесса – Тбилиси –Джульфа
қалаларына телеграф линияларын орнатты. Бұл компания Герман және
Патшалы Ресейдің де рұқсатымен салынды. 1901 жылы 15 тамызда Иран
үкіметі ағылшындардың басқаруымен Тегеран – Бушир телеграф линиясын
Белуджистан арқылы ағылшын территориясына дейін жеткізді. Тегеран
мен Мешхад арасындағы телеграфтық линия Иранның мүлкі саналғанмен,
іс жүзінде ағылшындардың басқаруында болды. Бұл линиялар Англияның
ақшасына салынғандықтан , 1869 жылы Англияға 47 мың фунт стерлинг
қарыз болып, жиырма жылда төлеуге міндеттелді. Ағылшын
телеграфистері жергілікті тұрғындармен байланыс орнатып, Иранның
ішкі істеріне белсенді түрде араласты. Бұл телеграфтық линия
Англия үшін Иранды жаулап алуға өте жақсы жолдардың бірі болды,
әсіресе Иранның байлығын көздеді. 1872 жылы шілдеде ағылшын адамы
барон Ю. Рейтер Иран шахынан 70 жылға концессия алды және
монопольдық құқық пен темір жолға құрылыс, трамвайлық линия,
мұнайды эксплуатациялауға, сонымен қатар ормандарды өз қарамағына
алды. 20 мың фунт стерлинг үшін Рейтер Иран кеденін жиырма бес
жылға алды. Сонымен қоса Рейтерге банк, шосселік жолдар құрылысын
салуға, телеграфтық линия, фабрика, заводтарды салуға концессия
берілді. Рейтерге жер учаскелері және жұмыс күші мен табыс
табуға кепілдік берілді. Концессионер ішкі және сыртқы кеден
салықтары мен басқа да салықтардан босатылды. Осы жеңілдіктер
үшін Рейтер Иран үкіметіне таза табыстың 15 – 20 % беруі керек
еді. Насер ад-Дин шах Рейтерге және ағылшын капиталистеріне
Иранның табиғи байлықтарын сатты. Бұл концессияның пайда болуы –
ағылшындардың Иранды басқаруына, саясатқа араласуына жол ашты.
Ағылшын капиталистері мен шах арасындағы келісім-шарт күдік
туғызды. Ресейдің араласуымен және халықтың наразылығынан қорыққан
Иран шахы Насер ад-Дин 1870 жылы келісімді жоққа шығарды. Бірақ
ағылшындар Иранның табиғм байлықтарын алуды тоқтатпады. Осы
келісімді бұзғанға байланысты шах Насер ад-Дин Ю. Рейтерге 1889
жылы 60 жылға концессия берді. Бұл концессия Шаханшах банкін
Персияда құруға рұқсат берілді. Ағылшын банкі Иранда ақша қағаз –
банкнот шығаруға монопольдық құқық алды және бұл ақша Иран
территориясының барлық жерлерінде жүруге тиіс еді. Иранның
мемлекеттік табыстары осы банктің қорына түсті, сонымен қатар бұл
банк Иран монеталарын бағындырып, шетел валютасының қорын өздері
шығарып отырды. Тағы айта кететін бір жәйт бұл банк минералды
ресурстарды, мұнайды эксплуатациялауғада құқық алды. Бұл банк –
Тебриз, Реште, Мешхедте, Йедзе, Исфаганда, Широзда, Буширде өзінің
пунктерін салды және Иранның экономикалық және саяси өміріне
белсенді түрде араласты. Осы мүмкіндіктер үшін таза табыстың 6%
төлеу керек еді. Шаханшахтық банк ағылшын империялизмінің басты
құралы еді.
2) Орыс капиталистері және Царьдың адамдары Иранның табиғи
ресурстарына көз тігіп және Англияның Иранға басшы болғанын
қаламады. 1879 жылы Орыс компанияларына телеграфтық линияның
құрылысын жүргізіп, Астрабад және Чикишляр арасымен өткізіп, оряс
территориясы арқылы солтүстік ағым Хасан-Кулиға дейін салынды. 1888
жылы желтоқсанда орыс көпесі Лианозов Иран шахынан балық
эксплуатациясына Каспий теңізінен Астар және Атрека, сонымен қатар
Каспий теңізіне құятын өзендерден балық аулауға рұқсат алады.
1890 жылы 21 сәуірде орыс капиталисті А. С. Поляков шахтан 75
жылға концессия ала отырып, банк организациясын құруға рұқсат
алады. Ең бірінші алға қойған мақсат – кеме арқылы тауарлардың әр
түрін және қымбат қағаздарды шығару болды. Бұл банк кейіннен
Ресей патшалығының қолына өтті. 1907 жылдың аяғында банк өзінің
бөлімдерін Тегеранда, Тебризде, Реште, Мешхедте, Казвинде, Хамаданда,
Энзелиде, Урмияда, Исфаганда, Систанда, Сабзеварда және т. б. Иранның
басқа қалаларында ашты. Осы банк арқылы Ресей Ираннан кеме мен
ақша алып отырды. Банк Иран тұрғындарына кредиттер беріп отырды.
Орыс банктері мен ағылшын банктерінің арасында өте үлкен
бәсекелестік болды. 1890 жылы 9 қарашада Поляков Иран шахынан
құрылыс пен тпанспорттық жолға концессия алды және Персидтік
сақтандырушы және транспорттық қоғам ашты. Бұл қоғам Энзели –
Козвин – Тегеран – Хамадан қалаларына шоселік жолдар ашты. Сонымен
қатар бұл қоғам Каспий теңізі арқылы өтетін су транспортын алуға
тырысты. Яғни бұл су жолы Ресей мен Иранды байланыстыратын үлкен
жолдардың бірі болып саналды. Ал теміржолға келетін болсақ,
империялистік державалар, яғни Россия мен Англия бұл жолдың
салынуын қаламады. 1890 жылы Иран теміржолға байланысты ешқандай
және ешкімге концессия бермеді. 1900 жылы Ресей Иранға 22,5 млн
рубль қарызға берді. Барлығын санағанда Иран Ресейге бірінші
дүниежүзілік соғысқа дейін 164 млн. рубль қарыз болды.
3) XIX ғасырдың екінші жартысында Иранның ішікі саудасы Еуропалық
мемлекеттердің көмегімен дамыды. XX ғасырдың басында Иранда
ағылшындардың “Персидтік сауда компаниясы орыстардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік институт ретінде діннің қызметтері
Цинь империясының сыртқы саясатының кезеңдері
Иранның әлеуметтік-экономикалық дамуы және жартылай отарға айналуы
ХІХ ғасырдың I жартысындағы Орта Шығыс және Үндістандағы халықаралық қатынастар
Иран ислам революциясы және шах режимінің құлауы
1905-1911 жылдардағы Иран революциясы
ИранТүркілері
Ирандағы бабидтер көтерілісі
Иран конституциясы
Иранның сыртқы саясаты
Пәндер