Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясаты және экономикалық өсу



Мазмұны

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I. Макроэкономиканың пәні және әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Қазіргі макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен дамуы ... ... .5
1.2 Макроэкономиканың зерттеу пәні және негізгі макроэкономикалық проблемалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 Макроэкономиканың зерттеу әдісі, мақсаттары және талдау құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

II. Макроэкономика . экономиканың негiзгi бірлiгi ... ... ... ... ... ... 11
2.1 Макроэкономикалық теориялардың пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2 Макроэкономикалың модельдерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.3 Макроэкономикалық көрсеткiштер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.4 Макроэкономикалық тепе.теңдiк және олардың байланысы ... ... 21

III. Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясаты және экономикалық өсу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
3.1 Мемлекет және тепе.теңдiктi шешу мәселелерi ... ... ... ... ... ... ... 23
3.2 Мемлекет билiгiнiң тиiмдi факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Кiрiспе
“Мықты стратегияға ие болып әрi табандылық таныта отырып, бiз жолымызда кездесер кез келген күрделi кедергiлердi абыроймен еңсере аламыз”- дейдi Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев.
Макроэкономика ғылым ретiнде экономикалық құбылыстар мен үрдiстердi экономикалық теориялар мен үлгiлер түрiнде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика бiртұтас жүйе ретiнде қарастырыла отырып, тауарлар өндiрiсi мен қызмет көрсетудiң жалпы көлемiн және оның өсуiн, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейiн, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейдi. Сондай-ақ макроэкономика өндiрiс көлемiнiң, жұмысбастылықтың, тауар мен ақша нарықтарындағы тепе-теңдiктiң ұзақ мерзiмдегi өзгерiстерiмен қатар, экономикалық айнымалылардың қысқа мерзiмдi тербелiстерiн зерттейдi.
Макроэкономика жалпы экономиканың жедел дамуы немесе оның құлдырауы тұсындағы жағдайы, өндiрiлетiн өнiмнiң өсуi мен инфляция мен жұмыссыздық кезеңiндегi төлемнiң балансы, айырбас курсы туралы түсiнiк бередi. Сонымен бiрге макроэкономика экономикалық өзгерiстерге, оның iшiнде экономикалық қаржылық саясатқа, тұтыну және қаржы, доллар мен саудадағы байланыстарға, жалақы мен баға өзгерiстерiне, ақша қорына, мемлекеттiк бюджетке база назар аударады. Қысқаша айтқанда, экономиканы даму барысындағы әр алуан пiкiр-таластарды, бүгiнгi таңдағы экономикалық проблемаларды да кеңiнен қарастырады. Тұрмысқа қажеттi тауарлардың көлемiн, ұлттық экономиканың әрекеттестiгi, шаруа қожалықтары мен фирмалар жұмысын, нарық бағасын анықтайды. Нарық туралы сөз болғанда, алдымен жалпы ауыл шаруашылық өнiмдер, медициналық қызмет пен бөлшек сауда еске түседi. Ал баға жайына келсек, жұмысшы еңбегiн дәрiгер еңбегiнен ЭВМ бөлшектернiң бағасын, Рембрандт суреттерiнiң бағасы арасындағы өзгешелiктердi ажырата бiлу қарастырылады.
Макроэкономика миркоэкономикамен тiкелей байланысты. Жеке өнеркәсiптiң базасын зерттеу барысында микроэкономика басқа өнеркәсiптiң бағаларын назардан тыс қалдырмайды. Микроэкономикада тұтынудан түсетiн табысты әр түрлi тауарларға бөлу көзделсе, макроэкономикада керiсiнше, сол екi аралықтағы өзгерiстер зерттелiнедi.
Курстық жұмыстың мақсаты, макроэкономикалық теориялардың пайда болуын, макроэкономикалық көрсеткiштердi, макроэкономикалық тепе-теңдiк және олардың байланысын ашып қарастыру болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi:

1. Назарбаев Н. Қазақстан 2030: Ел Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауы.- Алматы: Бiлiм, 1997.
2. Мамыров Н. Макроэкономика. Алматы. 2003ж.
3. Крымова В. Экономикалық теория. Алматы. 2003ж.
4. Жүнiсов Б. Нарықтық экономика негiздерi. Алматы. 1994
5. Қазақстан экономикасын реттеу стратегиясы: ХХI ғасырға көзқарас. Алматы. 2000ж.
6. Дорнбуш Р. Макроэкономика. Алматы. 1997ж.
7.Мәдешев Б. Нарық экономикаға кiрiспе.- Алматы, 1993ж.
8. Нүрпейiсов Ж. Экономикалық теория негiздерi, Ақмола.1996ж.
9. Ермаков В. Қазақстан қазiргi дүние әлемiнде, Алматы. 2002ж.
10.Досмағанбетов Н. С. Оқу – әдістемелік кешен. АСТАНА .2009ж
11.Экономикалық саясат. Алматы. 2002ж.
12.Алшанов Р. Қазақстан және даму үрiсi. Алматы.2003ж.
13.Сәбден О. ХХI ғасырға қандай экономикамен кiремiз. Алматы. 1997ж. 14. Жалпы экономикалық теория. Жауапты ред. Шеденов І. Алматы,2002.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..3
I. Макроэкономиканың пәні және әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Қазіргі макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен дамуы ... ... .5
1.2 Макроэкономиканың зерттеу пәні және негізгі макроэкономикалық
проблемалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3 Макроэкономиканың зерттеу әдісі, мақсаттары және талдау
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..9
II. Макроэкономика – экономиканың негiзгi
бірлiгi ... ... ... ... ... ... 11
2.1 Макроэкономикалық теориялардың пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2 Макроэкономикалың
модельдерi ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.3 Макроэкономикалық
көрсеткiштер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.4 Макроэкономикалық тепе-теңдiк және олардың байланысы ... ... 21
III. Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясаты және экономикалық
өсу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 3

3.1 Мемлекет және тепе-теңдiктi шешу
мәселелерi ... ... ... ... ... ... . ...23
3.2 Мемлекет билiгiнiң тиiмдi
факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 28
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 30

Кiрiспе
“Мықты стратегияға ие болып әрi табандылық таныта отырып, бiз
жолымызда кездесер кез келген күрделi кедергiлердi абыроймен еңсере аламыз”-
дейдi Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев.
Макроэкономика ғылым ретiнде экономикалық құбылыстар мен үрдiстердi
экономикалық теориялар мен үлгiлер түрiнде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда
экономика бiртұтас жүйе ретiнде қарастырыла отырып, тауарлар өндiрiсi мен
қызмет көрсетудiң жалпы көлемiн және оның өсуiн, инфляция қарқыны мен
жұмыссыздық деңгейiн, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының
жағдайын зерттейдi. Сондай-ақ макроэкономика өндiрiс көлемiнiң,
жұмысбастылықтың, тауар мен ақша нарықтарындағы тепе-теңдiктiң ұзақ
мерзiмдегi өзгерiстерiмен қатар, экономикалық айнымалылардың қысқа мерзiмдi
тербелiстерiн зерттейдi.
Макроэкономика жалпы экономиканың жедел дамуы немесе оның құлдырауы
тұсындағы жағдайы, өндiрiлетiн өнiмнiң өсуi мен инфляция мен жұмыссыздық
кезеңiндегi төлемнiң балансы, айырбас курсы туралы түсiнiк бередi. Сонымен
бiрге макроэкономика экономикалық өзгерiстерге, оның iшiнде экономикалық
қаржылық саясатқа, тұтыну және қаржы, доллар мен саудадағы байланыстарға,
жалақы мен баға өзгерiстерiне, ақша қорына, мемлекеттiк бюджетке база назар
аударады. Қысқаша айтқанда, экономиканы даму барысындағы әр алуан пiкiр-
таластарды, бүгiнгi таңдағы экономикалық проблемаларды да кеңiнен
қарастырады. Тұрмысқа қажеттi тауарлардың көлемiн, ұлттық экономиканың
әрекеттестiгi, шаруа қожалықтары мен фирмалар жұмысын, нарық бағасын
анықтайды. Нарық туралы сөз болғанда, алдымен жалпы ауыл шаруашылық
өнiмдер, медициналық қызмет пен бөлшек сауда еске түседi. Ал баға жайына
келсек, жұмысшы еңбегiн дәрiгер еңбегiнен ЭВМ бөлшектернiң бағасын,
Рембрандт суреттерiнiң бағасы арасындағы өзгешелiктердi ажырата бiлу
қарастырылады.
Макроэкономика миркоэкономикамен тiкелей байланысты. Жеке
өнеркәсiптiң базасын зерттеу барысында микроэкономика басқа өнеркәсiптiң
бағаларын назардан тыс қалдырмайды. Микроэкономикада тұтынудан түсетiн
табысты әр түрлi тауарларға бөлу көзделсе, макроэкономикада керiсiнше, сол
екi аралықтағы өзгерiстер зерттелiнедi.
Курстық жұмыстың мақсаты, макроэкономикалық теориялардың пайда болуын,
макроэкономикалық көрсеткiштердi, макроэкономикалық тепе-теңдiк және
олардың байланысын ашып қарастыру болып табылады.

I.Макроэкономиканың пәні және әдісі
1.1.Қазіргі макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Экономикалық теория ғылымының бастапқыда бір ғана құрамдас бөлігі болған
– ол микроэкономика. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап кейнстік теорияның
өмірге келуімен байланысты оның екінші құрамдас бөлігі пайда болды – ол
макроэкономика. Осыған байланысты қазіргі уақытта, экономикалық теория
микроэкономика және макроэкономика болып бөлінеді.
Экономикалық теория күрделі қоғамдық және әлеуметтік, әрі гуманитарлық
ғылым болып табылады. Оның зерттеу аясында біз білетініміздей, қоғамның
шектеулі мүмкіндіктер жағдайында шексіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы
қабылдайтын шешімдері сияқты мәселелер қаралады. Сондықтан біз экономикалық
теория ғылымын микроэкономика курсын зерттеумен ғана шектеліп қоймаймыз.
Сол үшін де макроэкономика курсы арқылы біз экономикалық теория деген
адамзатқа қажетті үлкен ғылымды игеруді толық меңгере аламыз.
Микроэкономика ғылымын және оның қалай оқытылғаны жөніндегі мәселелерді
еске түсіре отырып, оған мынадай анықтама беруге тырысамыз.
Микроэкономика – жекелеген экономикалық агенттердің мінез-құлықтары мен
тәртіптерін зерттейтін ұтымды субъектілердің дербес шешім қабылдауларын
қарастыратын экономикалық теорияның негізгі бір саласы. Микроэкономика
түсінігі бір мағынада ғана қарастырылмайды, ол бір жағынан, жекелеген
фирмалардың, үй шаруашылықтарының және салалардың өз қызметтерінің
ынталарын іске асыру жөніндегі шешімдерін зерттейді, ал екінші жағынан,
ресурстарды тиімді пайдалану және оларды орналастыру, тауарлар мен
қызметтерге баға белгілеу сияқты сұрақтарды да қарастырады.
Макроэкономика – ұлттық өндіріс көлемінің жалпы деңгейі, жұмыссыздық пен
инфляция сияқты іргелі проблемаларды зерттейтін ғылым; экономикалық жүйені
біртұтастылық ретінде қарастыратын, әрі ел экономикасының даму факторлары
мен нәтижелерін жалпылама түрде зерттейтін экономикалық теорияның маңызды
бір саласы.
Алғашқы макроэкономикалық зерттеулер меркантилизм және физиократтар
мектептерінен басталады. Ал қазіргі макроэкономика ғылымының негізін салушы
ретінде атақты ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) саналады.
Оның 1936 жылы шыққан Жұмыспен қамтудың, ақшаның және пайыздың жалпы
теориясы деген еңбегі негізінде макроэкономика өз алдына жеке ғылым
ретінде қалыптасты. Дж. Кейнс өзінің осы еңбегінде нарықтық экономикада
үлкен жұмыссыздық пен іске асырылмаған өндірістік қуаттардың тұрақты
жағдайы орын алуы мүмкін және осы кезде мемлекеттің дұрыс ұйымдастырылған
және жоспарланған бюджет – салық және ақша – несие саясаттары арқылы сол
жұмыссыздықты қысқарта және экономикалық дағдарыстардың ұзақтылығын
төмендете отырып ұлттық өндіріске ықпал жасауға болатындығы жөніндегі
мәселелерді дәлелдеуге тырысты. Сәйкесінше, Кейнс біртұтас жүйе ретіндегі
ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігін де дәлелдеді.
Кейнстік экономикалық теория макроэкономика және экономикалық саясат
салаларында аса басым бағыт болып саналады. Осыған сәйкес, біз мынаны ғана
айта аламыз, яғни, макроэкономиканың ғылым ретінде дамуының бастапқы
импульсі болып Дж.М. Кейнстің экономикалық идеялары табылады.
Соғыстан кейінгі жылдары және 60-шы жылдарға дейін макроэкономикалық
саясаттағы кез келген талдау кейнстік қағидаларға сүйенді. Кейнстің
қалыптастырып кеткен идеяларын, оның ізбасарлары – неокейнстік бағыттың
негізін салушылар – Джон Хикс, Элвин Хансен, Пол Самуэльсон, Рой Харрод,
Евсей Домар сияқты ғалымдар әріқарай дамыта түсті.
Бірақта, уақыт өте келе пайда болған жаңа теоретикалық бағыттар кейнстік
экономикалық теорияның маңызын төмендете бастады. Кейнстік бағытқа аса
салмақты түрде сын айтушы оппонент – монетаризм теориясы қалыптасты. Ал
оның негізін салушы американ экономисі Милтон Фридмен (1912-2006) болды.
Макроэкономика терминін алғаш рет 1933 жылы норвегиялық экономист
Рагнар Фриш (яғни, осы ұғымның алғашқы авторы) қолданды. Ал ол ғылыми
айналымға Кейнстің басты еңбегі дүниеге келгеннен кейін нақты енгізіліп
қолданыла бастады. Бірақта, жоғарыда атап өткеніміздей, макроэкономикалық
талдау сұрақтары бірқатар ғасырлар бұрыннан-ақ маңызды түрде қарастырыла
бастаған. Француз экономисі-физиократ Ф. Кенэ өзінің Экономикалық кесте
(1758 ж.) деген еңбегінде алғаш рет экономикалық ғылым саласында қоғамдық
өнімнің натуралдық және құндық элементтері арасындағы баланстық
пропорцияларды анықтау тұрғысынан қоғамдық ұдайы өндірісті талдауға
талпыныс жасаған. Макроэкономикалық талдаудың маңызды жақтары ағылшын
экономисі Д. Юмның төлем балансын зерттеу еңбектерінде де кездеседі.
Қоғамдық ұдайы өндірісті макроэкономикалық тұрғыдан талдауды К. Маркс те
өзінің моделінде қолданды, ол Капитал еңбегінің 2-ші томында (1885 ж.)
жиынтық қоғамдық өнімнің натуралдық-заттық және құндық құрылымдар
арасындағы сәйкестіліктер мен байланыстарды зерттеді.
Ал қазіргі уақытта, макроэкономика ғылымының дамуына елеулі үлесті
посткейнстік мектептің өкілдері (Дж.В. Робинсон, Н. Калдор, П. Страфф),
шведтік, чикаголық мектептің ғалымдары, жаңа классикалық макроэкономикалық
бағыттың өкілдері (Р. Лукас, Р. Барро, Т. Сарджент, П. Ромер) және де жаңа
кейнсшілдер мектебі (Дж. Акерлоф, О. Бланчард, Н.Г. Менкью, Д. Ромер, Д.
Уэйл) қосып келеді. Тіпті осындай көптеген алуан түрлі мектептердің бар
болуына байланысты, олардың макроэкономикалық ой-пікірлері мен
көзқарастарының бірдей еместігіне қарамастан, бүгінгі күнге дейін әлемдік
макроэкономикалық ғылымға ангосаксондық бағыт үстемдік жүргізіп келеді
деген ой айтылады, соңғы онжылдықтарда осы ғылымның төңірегінде
Германияның, Францияның, Италияның, Нидерландының, Жапонияның, Қытайдың,
Ресейдің және басқа да бірқатар елдердің ұстанымдары, көзқарастары мен
беделдері кеңейіп, маңызды түрде дамып келеді.
Сонымен, макроэкономика экономикалық теория ғылымының негізгі бөлімі
ретінде адамдардың шексіз қажеттіліктері және шектеулі экономикалық
ресурстар сияқты іргелі проблемаларды ұлттық экономика деңгейінде
зерттейтін ғылым саласы. Макроэкономика экономиканы біртұтас жүйе ретінде
қарастырады.

1.2.Макроэкономиканың зерттеу пәні және
негізгі макроэкономикалық проблемалар
Макроэкономика салыстырмалы түрде жас ғылым болып табылады, алайда
жоғарыда атап өткеніміздей, экономикалық теорияның бұл бөлімінде көптеген
бәсекелес мектептер мен бағыттардың пікірлері орын алатындығын мойындай
келе, микроэкономикаға қарағанда макроэкономиканы зерттеудің әлдеқайда қиын
және күрделі екендігін айтқанымыз жөн. Көптеген ғылыми әдебиеттерде бұл
ғылымға әртүрлі анықтамалар беріледі. Сондықтанда, макроэкономикаға
жоғарыда аталған анықтаманы толықтыра отырып, тағы да мынадай анықтамалар
бере аламыз.
Макроэкономика – бұл тұрақты экономикалық өсу жағдайын, ресурстардың
толық қамтылуын, инфляцияның төменгі деңгейін және төлем балансының тепе-
теңдігін қамтамасыз ету тұрғысынан экономиканың қызмет етуін біртұтас жүйе
ретінде зерттейтін экономикалық ғылымның аса маңызды бір саласы.
Макроэкономика – бұл экономикадағы агрегатталған (іріленген,
біріктірілген, жүйеленген, жиынтықталған) өлшемдер мен көрсеткіштерді
зерттейтін ғылым.
Макроэкономика – әлемде болып жатқан ғаламдық экономикалық проблемаларды
және олардың кез-келген ұлттық экономикамен өзара байланысын және оған әсер
етуін зерттейтін ерекше ғылым.
Көптеген экономистер макроэкономиканың зерттеу пәнін негізгі төрт
макроэкономикалық проблемамен байланыстырады. Олар сол өзіне берілген
негізгі анықтамасынан шығады: жұмысбастылық, инфляция, экономикалық өсу
және төлем балансы.
Макроэкономиканың зерттеу пәні – негізгі макроэкономикалық проблемалар
төңірегіндегі ұлттық экономиканың жалпы біртұтас жүйе ретіндегі әрекет ету
заңдылықтары. Алайда, макроэкономика осы төрт проблемамен ғана шектеліп
қоймайды, оған тән басқа да проблемалар бар.
Макроэкономиканың зерттейтін негізгі проблемалары:
1. Тұрақты экономикалық өсу, оның қарқыны мен динамикасы;
2. Экономикалық цикл, оның пайда болу себептері;
3. Жұмысбастылық деңгейі және жұмыссыздық мәселесі;
4. Бағалардың жалпы деңгейі және инфляция мәселесі;
5. Пайыз мөлшерлемесінің деңгейі және ақша айналымының мәселесі;
6. Мемлекеттік бюджет жағдайы;
7. Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәселесі және мемлекеттік қарыз
мәселесі;
8. Төлем балансының жағдайы және валюта бағамының мәселелері;
9. Ел ішіндегі ұлттық нарықтардың жағдайы және олардың сыртқы ортамен
байланысы;
10. Макроэкономикалық саясатты жүргізу мәселелері.
Жалпы алғанда макроэкономика курсының мазмұны осы аталған
макроэкономикалық проблемалардың мәнін ашуға негізделеді. Осымен бірге сол
макроэкономикалық проблемалардың үнемі тұрақты түрде бір бірімен орын
ауыстырып отыратындығын да есепке алған жөн, сол себепті микроэкономикаға
қарағанда макроэкономиканың зерттеу пәні мен объектісі әлі толық
анықталмаған ғылым ретінде деп санап, ылғи да өзгеріске ұшырап отырады.
Қазіргі уақытқа дейін әртүрлі макроэкономикалық мектептер макроэкономика
курсының мазмұны мен құрылымын әр қырынан түсіндіріп келеді. Көптеген
макроэкономикалық әдебиеттерде негізгі макроэкономикалық проблемаларды
қарастыру тәртібі әртүрлі болып табылады. Бірақта, біз бәрібірде
макроэкономиканың зерттеу объектісіне тоқталуымыз қажет.
Макроэкономиканың зерттеу объектісі – ұлттық экономиканың өсу қарқыны мен
факторлары, ұлттық табыс көрсеткіштері және қоғамның байлығы.
Макроэкономикалық көзқарас тұрғысынан халық шаруашылығы төрт
макроэкономикалық субъектіден құралады:
1. Үй шаруашылығы – жұмыс күші ұсынысын және игіліктерге деген сұранысты
қалыптастырады, алынған табыстарының бір бөлігін тұтынады, ал қалған
бөлігін жинақтайды, олар ең аз шығын жұмсай отырып өз пайдалылықтарын
максималдауға тырысады.
2. Фирма – өндіріс факторларына сұраныс білдіретін және игіліктердің
ұсынысын жасайтын, әрі инвестициялау үрдісін жүзеге асыратын белгілі
бер елдегі барлық кәсіпкерлік сектордың жиынтығынан құралады,
фирмалар ереже бойынша, өз қызметін жүзеге асыру барысында үнемі
пайданы максималдауға тырысады.
3. Мемлекет – ұлттық қауіпсіздік, ғылым, инфрақұрылым қызметтері сияқты
ерекше қоғамдық игіліктерді ұсынушы сектор, ол әдетте, пайданы
максималдауды мақсат етіп қоймайды, халық шаруашылығының тиімді
әрекет етуі үшін оңтайлы жағдайлар жасайды. Сонымен қатар, мемлекет
маңызды макроэкономикалық субъект ретінде игіліктерді өндіреді және
сатып алады, салық салады, трансферттік төлемдер төлейді, ақша
ұсынысын қалыптастырады.
4. Сыртқы орта – шет елдердегі экономикалық субъектілердің жиынтығынан
және шетелдік мемлекеттік институттардан құралады, олар отандық
экономикаға өз игіліктерін ұсынады және сол отандық экономиканың
өндірген игіліктеріне сұраныс білдіреді, экспорт пен импортты
қалыптастырады. Сыртқы әлем секторы ұлттық төлем балансы мен валюта
бағамының жағдайын анықтау үшін зерттеледі.

1.3.Макроэкономиканың зерттеу әдісі, мақсаттары және талдау құралдары
Макроэкономикалық талдаудың жалпы әдістері мен принциптеріне мыналар
жатады:
- абстракциялау (экономикалық құбылыстар мен үрдістерді зерттеу және
түсіндіру үшін үлгілерді қолдану);
- индукция мен дедукция әдістерінің үйлесімділігі;
- нормативтік және позитивтік талдаудың үйлесімділігі;
- әртүрлі тең жағдайларда принципін қолдану;
- экономикалық агенттердің ұтымды шешім қабылдаулары туралы болжамдар және
т.б..
Макроэкономикалық талдаудың басты ерекшелігі – ол агрегаттау болып
табылады.
Экономикалық агенттердің мінез – құлықтарының және тәртіптерінің аса
маңызды жақтарын айқындауға негізделген макроэкономикалық агрегаттау әдісі
мынадай төрт негізгі макроэкономикалық агентті бөліп көрсетуге мүмкіндік
береді, олар:
1. үй шаруашылықтары немесе тұтынушылар,
2. фирмалар немесе өндірушілер,
3. мемлекет немесе үкімет,
4. шетелдік сектор немесе сыртқы орта.

Рыноктарды агрегаттау мынадай негізгі төрт макроэкономикалық рынокты
бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
1. игіліктер немесе тауарлар мен қызметтер рыногы (нақты рынок),
2. қаржы рыногы (қаржылық активтер рыногы),
3. экономикалық ресурстар рыногы,
4. валюталық рынок.

Макроэкономикалық үлгілер макроэкономикалық шамалар арасындағы өзара
тәуелділіктерді түсіндіруге және экономикалық құбылыстар арасындағы себеп –
салдарлық байланыстарды танып білуге мүмкіндік беретін функциялардан,
графиктерден, формулалардан, сызбалардан және кестелерден құралады. Ал
макроэкономикалық үлгілерді құру үшін экзогендік және эндогендік
айнымалылар қолданылады.
Макроэкономикада күнi бүгiнге дейiн шешiмi табылмай келе жатқан үш
мәселе бар. Бiрiншiсi – тұрақты жұмыссыздықтың мерзiмдерiн қалай
түсiндiруге болады. Мысалы, 1930 жылдары жұмыссыздық бiрнеше жылға
созылып, 20 проценттен астам болды, ал соғыс жылдарынан кейiн әр түрлi
жағдайларға байланысты оның мөлшерi өсе түстi. Америка Құрама Штаттарында
1982 жылғы жұмыссыздық 10,6%-ке өстi, ал 1982 жылдың 1984 жылға дейiн 9%
мөлшерiнде болса, 1989 жылдың басында ол 5%-ке дейiн төмендедi. Кейбiр
Еуропа елдерiнiң, дәлiрек айтқанда, Ұлыбритания мен Францияны экономикасы
80-жылдары кеңiнен етек алған жұмыссыздықты бастан кешiрдi.
Макроэкономикалық зерттеулер тұрақты жұмыссыздықтың өзектi мәселе
екенiне назар аударады.
Екiншi өзектi мәселе: жұмыссыздықты тежеу барысында қандай шараларды
қолдану тиiмдiлiгi жөнiнде кейбiр экономистердiң пiкiрiнше, жұмыссыздық
мәселесiн мемлекет тарапынан жұмыссыз қалғандарға компенсация жүйесiн дұрыс
жолға қою арқылы немесе салықты қысқарту жолымен шешуге болады. Бұл
тұрғыдағы пайымдау экономиканы жетiк бiлетiн Роберт Лукас секiлдi
мамандарға әдеттегiден өзгеше болып көрiндi.
Бұдан басқа да пайымдаулар жұмыссыздық өскен кезде мемлекет өз
тарапынан қаржы саясатын жүйелi түрде, яғни салықты төмендету немесе
мемлекет шығынын өсiру арқылы жүзеге асыруы тиiс дегенге саяды.
Келесi ауқымды зерттеуге лайық мәселе – инфляцияны түсiндiру: Нелiктен
АҚШ-та баға 1979-1980 жылдары 10%-ке өсiп, 1986 жылы 2%-ке төмендеп кеттi?
Мұндай тоқтаусыз инфляцияның себебi неде? Баға өсуi әр жыл сайын 1,000%-тен
асса, 1985 жылы Боливияда баға 11,000%-ке өстi. Мұндағы саясат – инфляцияны
өсiрмеу, егер ол өсетiн болса, жұмыссыздықты көтермей оны қалайда қысқарту.
Үшiншi үлкен мәселе – өнiмнiң өсу мөлшерiн не анықтайтын жөнiнде. Не
себептен әр жан басына шаққандағы өнiм мөлшерi АҚШ-та жыл сайын 1,7%-тен
келiп, бұл әрбiр 40 жылда екi есе өседi? Нелiктен өнiм өндiру АҚШ-қа
қарағанда Жапонияда соңғы жылдары жедел арта түсуде? АҚШ-пен салыстырғанда
Жапония экономикасы, егер табыс мөлшерi жан басына шаққанда, АҚШ деңгейiне
жетсе де, өсе бермек пе? Осы секiлдi жұмыссыздық мәселесi зерттелуде деген
сұрақ макроэкономикада ұзақ уақыттар бойы шешiмiн таппай отыр. Бұл сұрақ
төңiрегiнде әр ұрпақ өкiлi өз ойларын өткен жағдайларды, әсiресе 1930
жылдарғы депрессияны талдай отырып дамытуы тиiс. Расында инфляция туралы
экономистердiң ой-пiкiрлерi әр алуан. Бiреулерi инфляцияны тоқтау үшiн
ақшаның өсуiн тежеу қажет дейдi. Әйтсе де инфляция өсуiнiң себебiн анықтау
мәселесi әлi де тиiстi шешiмiн тапқан жоқ.

II.Макроэкономика – экономиканың негізгі бөлiгi.
2.1.Макроэкономикалық теорияларының пайда болуы.
Кез келген адам өз қажеттiлiктерiн әрқашанда барынша толық
қанағаттандыруға тырысады. Бұл қажеттiлiктердiң негiзi ақша мен байлықта
емес, адамдардың өздерiнде. Сондықтан экономика – адамдар өз
қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн шектеулi ресурстарды пайдаланғанда
туындайтын таңдауларды зерттейтiн қоғамдық ғылым. Барлық ресурс бүкiл
адамзаттың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға жете бермейдi. Бұндай жағдайда
сиректiлiк пайда болады. Сиректiлiк – кез келген адамның қажеттiлiгiн
қанағаттандыруға ресурс көлемi жетпейтiн жағдай. Сондықтан да экономиканы
терең зерттеу керек. Осы зерттеудегi алғашқы қадам – қандай тауарларды,
қаншалықты мөлшерде өндiру керек деген сұрақтарға жауап беру. Бұл
сұрақтарға жауап қазiргi экономиканың өзектi мәселелерi тиiстi жолмен
шешуге зор әсерiн тигiзедi. Әдетте тиiмдiлiкке жету үшiн өндiрiстiк
ресурстарды үш топқа бөлiп қарастырады. Олар: еңбек, капитал, табиғи
ресурстар. Бұл үшеуiн бiрiктiрiп өндiрiс факторлары деп атайды. Өндiрiс
факторлары – тауарды немесе қызметтi өндiруде пайдаланылатын еңбектiң,
капиталдың және табиғи ресурстардың негiзгi салымдары. Өз кезегiнде еңбек –
адам өндiрiс үрдiсiнде жұмсайтын барлық дене және ой шығындарының жиынтығы.
Капитал – өнеркәсiптiк құрал-сайман, жабдықтар мен инфрақұрылымды қоса
алғанда адамның жасаған барлық өндiрiстiк құралдары. Табиғи ресурстар –
өндiрiсте өңдеусiз табиғи түрде қолданылатын барлық заттар, мысалы, құнарлы
жер, құрылысқа арналған бос орындар, тоғайлар, минералдар және т.б.
Жалпы экономика ғылымы екi басты бөлiмнен тұрады: макроэкономика және
микроэкономика. Микроэкономика – фирмалар, үй шаруашылықтары, үкiметтiк
агенттiктер сияқты шағын бiрлiктер жасайтын таңдауларды зерттейтiн
экономиканың бөлiгі. Макроэкономика – экономиканың инфляция, жұмыссыздық,
экономикалық өсу секiлдi iрi масштабты экономикалық құбылыстарын зерттейтiн
бөлiгi.
Макроэкономика экономиканы бiр үлкен бүтiн құбылыс ретiнде
қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы iс-әрекеттердi бiрiктiрiп жалпылай
қарастырады. Белгiлi бiр уақыт аралығында кейбiр фирмалар өндiрген
өнiмдерiне бағаны өсiредi, кейде төмендетедi. Бағаның жиынтық өзгерiс
талдау кезiнде зерттеушiлер көптеген баға өзгерiстерiнiң iшiнен орташасын
алады. Бағаның экономикадағы жиынтық динамикасын өлшеу үшiн баға индексi
қолданылады. Макроэкономиканың негiзгi мақсаты жеке фирмалар мен
жұмысшылардың дамуын қарастыру емес, экономиканың жиынтық беталысын
талдаудан тұрады. Макроэкономикадағы жалпы ұлттық өнiм, қор жинағының
нормасы, тұтыну баға индексi, инфляция деңгейi, жұмыссыздық деңгей және
өндiрiс көлемiнiң өзгеру қарқындылығы секiлдi көрсеткiштер экономиканың бiр
бөлек элементiн ғана қарастырмайды, олар экономиканың дамуының беталысын
зерттеуге мүмкiндiк бередi.
Макроэкономика ғаламдық мәселелердi де зерттейдi белгiлi бiр уақыт
аралығында ұлттық экономиканың байлығы өстi ме, әлде кемiдi ме? Қарастырып
отырған мемлекеттегi халықтың қор жинағының мөлшерi қандай? Неге кейбiр
мемлекеттерде инфляция бар, ал тағы бiреулерiнде ол жоқ? Мiне, осындай және
тағы басқа да сұрақтарға макроэкономика жауап бередi.
Экономикалық өсу халық санының артуы және техникалық прогресс сияқты
салыстырмалы тұрақты факторлар әсерiнiң нәтижесi болып табылады. Осы
факторлардың ұзақ мерзiмдегi динамикасы әлуеттi өндiрiс көлемiнiң
динамикасын анықтайды. Ал қысқа мерзiмде экономика осы негiзгi
траекториядан ауытқып отырады. Сол себептi тұрақты экономикалық өсудi
қамтамасыз ету үшiн осы циклдiк толқуларды басқарып отыру қажет.
Ресурстардың толық пайдаланылуы және экономиканың инфляциясыз өсуi
мақсатында экономикалық циклдердi басқару макроэкономикалық саясат арқылы
жүзеге асырылады. Макроэкономикалық саясат бюджет-салық немесе қазыналық
және ашқа-несие немесе монетарлық саясаттан тұрады. Бюджет-салық саясаты
сыртқы саудада, тек қана үкiмет арқылы, ал ақша-несие саясаты Орталық банк
арқылы жүзеге асырылады. Осы қазыналық, монетарлық саясаттардың көмегiмен
мемлекет iшкi және сыртқы макроэкономикалық тұрақтылық орнатуға және оны
ұстап тұруға тырысады. Кез келген мемлекет экономикасы үшiн
макроэкономикалық саясатын қатесiз анықтау, оны таңдалған бағытта дұрыс
жүргiзу ең өзектi де басты мәселе болып табылады.
Макротеорияны зерттеушi ұлы макроэкономистер Джон Мейнард Кейнс,
Нобель сыйлығының иегерi Милтон Фридмен, Массачусетс технологиялық
институтынан Франко Модильяни және Роберт Солаз, Иель университетiнен
Джеймс Тобин, одан кейiнгi жас буындар Харвард университетiнен Роберт
Барро, Мартин Фелдстейн, Чикаго университетiнен Томас Сарджент, Джон Тейлор
бiрлесе отырып мемлекеттiң баға жөнiндегi саясатына талдау жасайды.
Макроэкономикалық теорияның дамуы бүгiнгi таңдағы экономикалық
проблемаларға тiкелей қатысты. Кейнс экономикасы 1930 жылдарғы тоқырау
тұсында дамып, сол тоқыраудан қалай шығу жолдарын көрсеттi. Ал монетаризм
теориясы инфляция проблемасын шешу мақсатында 1960 жылдары кеңiнен өрiс
алды, кейiн, 1980 жылдары пайда болған ұсынымды жақтайтын экономика бұл
саладағы ретсiздiктi салықтарды қысқарту жолымен шешуге тырысты, бiрақ
бұдан ешқандай нәтиже шыға қоймады. Роберт Лукас жетекшiлiк ететiн ойлау
мектебi өте ықпалды.
Макроэкономикада күнi бүгiнге дейiн шешiмi табылмай келе жатқан үш
мәселе бар. Бiрiншiсi – тұрақты жұмыссыздықтың мерзiмдерiн қалай
түсiндiруге болады. Мысалы, 1930 жылдары жұмыссыздық бiрнеше жылға
созылып, 20 проценттен астам болды, ал соғыс жылдарынан кейiн әр түрлi
жағдайларға байланысты оның мөлшерi өсе түстi. Америка Құрама Штаттарында
1982 жылғы жұмыссыздық 10,6%-ке өстi, ал 1982 жылдың 1984 жылға дейiн 9%
мөлшерiнде болса, 1989 жылдың басында ол 5%-ке дейiн төмендедi. Кейбiр
Еуропа елдерiнiң, дәлiрек айтқанда, Ұлыбритания мен Францияны экономикасы
80-жылдары кеңiнен етек алған жұмыссыздықты бастан кешiрдi.
Макроэкономикалық зерттеулер тұрақты жұмыссыздықтың өзектi мәселе
екенiне назар аударады.
Екiншi өзектi мәселе: жұмыссыздықты тежеу барысында қандай шараларды
қолдану тиiмдiлiгi жөнiнде кейбiр экономистердiң пiкiрiнше, жұмыссыздық
мәселесiн мемлекет тарапынан жұмыссыз қалғандарға компенсация жүйесiн дұрыс
жолға қою арқылы немесе салықты қысқарту жолымен шешуге болады. Бұл
тұрғыдағы пайымдау экономиканы жетiк бiлетiн Роберт Лукас секiлдi
мамандарға әдеттегiден өзгеше болып көрiндi.
Бұдан басқа да пайымдаулар жұмыссыздық өскен кезде мемлекет өз
тарапынан қаржы саясатын жүйелi түрде, яғни салықты төмендету немесе
мемлекет шығынын өсiру арқылы жүзеге асыруы тиiс дегенге саяды.
Келесi ауқымды зерттеуге лайық мәселе – инфляцияны түсiндiру: Нелiктен
АҚШ-та баға 1979-1980 жылдары 10%-ке өсiп, 1986 жылы 2%-ке төмендеп кеттi?
Мұндай тоқтаусыз инфляцияның себебi неде? Баға өсуi әр жыл сайын 1,000%-тен
асса, 1985 жылы Боливияда баға 11,000%-ке өстi. Мұндағы саясат – инфляцияны
өсiрмеу, егер ол өсетiн болса, жұмыссыздықты көтермей оны қалайда қысқарту.
Үшiншi үлкен мәселе – өнiмнiң өсу мөлшерiн не анықтайтын жөнiнде. Не
себептен әр жан басына шаққандағы өнiм мөлшерi АҚШ-та жыл сайын 1,7%-тен
келiп, бұл әрбiр 40 жылда екi есе өседi? Нелiктен өнiм өндiру АҚШ-қа
қарағанда Жапонияда соңғы жылдары жедел арта түсуде? АҚШ-пен салыстырғанда
Жапония экономикасы, егер табыс мөлшерi жан басына шаққанда, АҚШ деңгейiне
жетсе де, өсе бермек пе? Осы секiлдi жұмыссыздық мәселесi зерттелуде деген
сұрақ макроэкономикада ұзақ уақыттар бойы шешiмiн таппай отыр. Бұл сұрақ
төңiрегiнде әр ұрпақ өкiлi өз ойларын өткен жағдайларды, әсiресе 1930
жылдарғы депрессияны талдай отырып дамытуы тиiс. Расында инфляция туралы
экономистердiң ой-пiкiрлерi әр алуан. Бiреулерi инфляцияны тоқтау үшiн
ақшаның өсуiн тежеу қажет дейдi. Әйтсе де инфляция өсуiнiң себебiн анықтау
мәселесi әлi де тиiстi шешiмiн тапқан жоқ.
Тағы бiр маңызды мәселе – халықаралық макроэкономиканың аумағына,
әлемдiк экономиканың тұтастануына, Нью-Йорктегi қор биржасының сәтсіздiкке
душар болуы себептi оның шұғыл түрде Лондонға, Токиоға, Франкфуртқа,
Сиднейге, Гонгконгқа, Мехико қаласына, басқа қор биржасына таралуына
қатысты болып отыр. Сол секiлдi өмiрлiк маңызы бар сұрақтың бiрi – еңбекақы
не себептi тек бiр орынға “жапсырылып” қалған. Неге өзгеруi баяу, осы
сұрақтардың жауабын iздеу – жұмыссыздықтың шығу төркiнiн түсiнуге мүмкiндiк
бередi.
Макроэкономикада екi негiзгi бағыт бар. Ойлау мектебiнiң пайымдауынша,
мұның бiрiншiсi – нарықты өз еркiне жiберу, екiншi бағыт – бұл салаға
мемлекет араласқан жағдайда экономика жақсарады-мыс дегенге сүйенедi.
Сөйтiп 1970 жылға дейiн созылған осынау пiкiр таластар жаңа бiр топтың,
яғни жаңа классикалық макроэкономистердiң пайда болуына жол ашты.
1970 жылдары дамыған жаңа классикалық макроэкономика 1980 жылдары да
ықпалды болды. Бұл бағыттың жетекшiлерi Роберт Лукас, Томас Сарджзент,
Роберт Барро, Едвард Прескот және Миннесота университетiнен Нейл Уолис өз
ойларын Фридменмен бөлiседi. Егер жеке адам өзiн қамтамасыз ететiндей
қызмет жасаса, жағдай өзгередi. Ал мемлекеттiң араласуынан өзгеретiн мәселе
шамалы.
Жаңа классикалық мектептiң негiзгi үш болжамы бар:
- Экономикалық агенттiктiң өрiсi кеңейе түседi. Ауыл шаруашылықтары
және фирмалар оптимальды (оңтайлы) шешiмдер қабылдайды. Бұны былай түсiнуге
болады: белгiлi бiр шешiмге келу үшiн олар қолда бар ақпараттарды
пайдаланады, ал осы шешiмдер өздерi тап болған әр түрлi жағдайларда өте
қажет.
- Шешiмдер ұтымды ақпараттарды пайдалана отырып, болашақта жақсы
болжаулар жасау көзделедi. Шындығында, жаңа классикалық мектептi кейбiр
жағдайларда “ұтымды” күтулер мектебi деп суреттейдi. Бұл жерде халық
мемлекет қолданып отырған саясатты түсiнетiнi, оларды ұзақ уақыт бойы ешкiм
алдай алмағаны сөзсiз.
- Нарық тазалығы. Фермерлер мен жұмысшылар үшiн өздерiн байыта түсетiн
еңбекақыларын реттеудiң негiзi жоқ. Өйткенi баға мен жалақы сұраным мен
ұсынымды теңестiру үшiн реттеледi, яғни нарық тазаланады.
Қазiргi кезде оның маңызы зор. Жұмыссыз қалған әрбiр адам, егер ол
шындығында жұмыс iстегiсi келсе, басқа жалдаушының назарын өзiне аудару
үшiн аз жалақымен де жұмыс iстеуге келiсiм бередi. Осылайша артық тауары
бар адам, тауарын тез өткiзу үшiн бағасын төмендетедi. Икемдi реттелген
баға мен жалақы үшiн жұмыскер тиiстi жұмыс атқарады, фирмалар өзiне қажеттi
керек тауарларын шығарады.
Ұтымды күтудiң мәнi – нарық әрдайым тепе-теңдiкте деген болжамға
саяды. Iс жүзiнде жаңа классикалық макроэкономистердiң ұмтылыстары әлi де
жеткiлiктi дәрежеде емес немесе олар жеке адамдар сауда жасау арқылы
тұрмысын, жақсарта алады дегеннiң шешiмiн табла алмайды Мұны Лукас былай
баяндайды: тротуарда 50 доллар жатпайды, яғни жеке адам өзiнiң материалдық
жағдайын жақсартатын кез келген мүмкiндiктi қалт жiбермеуi тиiс.
Бүгiнгi таңдағы макроэкономикада аталмыш топтың ықпалы жоғары. Кейнс
мектебiнде тәрбиеленген жаңа Кейнсшiлдер 1980 жылдары пайда болды. Бұл
топтың өкiлдерi: Джордж Акерлоф, Жаннет, Иеллен – Калифорния
университетiнен, Оливер Бланчард – Массачусетс технологиялық институтынан,
Грег Манкив, Ларри Саммерс – Гарвард университетiнен, Бен Бернанк –
Принсетон университетiнен. Олар нарық мазмұнына онша сене қоймағанымен,
нарықтың не себептi сәтсiздiкке ұшырауын түсiндiруге тырысады.
Кейнсшiлдердiң пiкiрiнше, кейде жеке адамдар өз пайдасы үшiн қаншама
әрекет еткенiмен, олар нарықты тазалауға ат салыспайды, ал осыған
байланысты бағаның өзгеруi әдеттегiдей жалпы бағаның тұрақсыздануына әкелiп
соғады да, ақырында өнiм өндiру мен жұмыспен қамтамасыз ету iсiнде
макроэкономикалық ауытқулар туындауы мүмкiн. Мысалы, еңбек нарығында
фирмалар еңбек бағасын азайту үшiн жалақыны қысқартпайды, Өйткенi олар сол
арқылы жұмысшы күшiнiң сапасыздығын жоюға күш салады.

2.2. Макроэкономикалыє модельдер.
Макроэкономика териясының негiзi ретiнде микроэкономика теориясы
пайдаланылады. Микроэкономика пәнi – үй шаруашылықтары мен фирмалардың
берiлген экономикалық шарттардың шешiм қабылдау және сол берiлген шарттарда
өзара қызметтерi арқылы қалыптастыру механизмдерi болып табылады.
Микроталдауда тұтынушылардың табысы тек берiлген өлшем ретiнде
қарастырылады да, негiзгi назар үй шаруашылықтарының шығындары әртүрлi
тауарлар мен қызметтер арасында бөлiнуiне аударылады. Ал макроталдауда,
керiсiнше, басты назар жиынтық табыс, жиынтық шығын, қолда бар табыс,
тұтыну және тағы сол сияқты iрi, бөлшектелмеген көрсеткiштерге аударылады.
Пайыздың нарықтық мөлшерлемесi, инфляция, жұмыссыздық сияқты
макроэкономикалық факторлар үй шаруашылықтары мен фирмалардың қор жинау,
инвестиция, тұтыну шығындары секiлдi қабылдайтын шешiмдерiне әсерiн
тигiзедi де, ал олар өз кезегiнде жиынтық сұраныстың көлемi мен құрылымын
анықтайды. Микро және макроэкономикалық үрдiстер өзара тығыз байланыста
болады. Макроэкономикалық талдауды үш кезеңге бөлемiз:
1-кезеңде фирмалар мен үй ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің монетарлық саясатын қалыптастыру негідері және оны жүзеге асыру тетіктері
Ақша-несие саясатын ұйымдастырудың және жүзеге асырудың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді макроэкономикалық саясаты
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама. Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты. Инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты. Қазақстан Республикасының экономикалық өсімі
Қазақстандағы экономикалық өсудің негізін қалаған экономикалық реформалардың талдауы
Макроэкономикалық теориялардың пайда болуы
Қазақстан Республикасы қазіргі кездегі ақша-несие саясаты және оның даму жолдары
Макроэкономикалық саясат және құралдары
Пәндер