М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының ономастикалық кеңістігінің лингвомәдени сипаты



ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғаламның тілдегі бейнесін жан-жақты қарастырауда көркем мәтіндегі жалқы есімдерді этнолингвистикалық, лингвокогнитивтік тұрғыдан талдаудың маңызы ерекше. «Абай жолы» эпопеясы нақты тарихи кезеңдегі қазақ қоғамының тыныс тіршілігінің энциклопедиясы ретінде сан алуан мәдени, тарихи, саяси-әлеуметтік т.б. ақпараттарға бай. Осы орайда М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы жалқы есімдердің лингвомәдени сипатын айқындау мақсаты жұмыстың өзектілігін көрсетеді.
Басқа да тілдік бірліктер тәрізді ономастикалық атауларды да когнитивтік модель қалыптастырушы таңба, ақиқат дүниенің көрінісін белгілейтін нысандар деп ұғамыз. Тілдік бірліктер арқылы таңбаланған жалқы есімдер тарихи-этнографиялық, танымдық, символдық т.б. белгілермен ерекшеленеді. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының тілдік ерекшелігі туралы зерттеу еңбектері болғанымен, оны антропоөзектік аспектіде, этностың танымдық дүниесінің ұлттық сипаты осы кезге дейін қазақ тіл біліміндегі лингвомәдени бағытта арнайы қарастырылмағаны белгілі. Осыған орай шығармадағы ономастикалық атаулар кешені, ондағы онимдік бірліктердің концептілік әлеуеті, жалпы романның ономастикалық кеңістігі бүгінге дейін зерттеу нысаны болмай келгендігі жұмыстың өзектілігін айқындай түседі. Сондықтан да таным – мәдениет – тіл үштігінің принциптері негізінде, романдағы мәдени-этнотанымдық мәні зор тілдік фактілер – ономастикалық атауларды концептілік құрылым тұрғысында зерделеу өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеу жұмысының нысаны ретінде тілдегі ұлттық танымға сәйкес «Абай жолы» роман-эпопеясындағы ономастикалық атаулар алынды.
Зерттеу пәні. «Абай жолы» роман-эпопеясындағы жалқы есімдердің лингвомәдени әлеуеті мен сипаты.
Зерттеу жұмысының дереккөздері М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы.
Зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдері. Зерттеу жұмысында сипаттама, салыстырмалы, концептілік талдау және жүйелеу, түсіндіру, аналитикалық талдау әдістері қолданылды. Сондай-ақ романдағы онимдік бірліктердің жалпы саны, жиілік қолданысын анықтау мақсатында статистикалық, жиілік әдіс-тәсілдері қолданылды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы жалқы есімдер кешені лингвомәдени ақпараттар тасымалдаушы тілдік бірліктер ретінде ұлттық дүниетаныммен байланысты халықтық білімдер жүйесін құрайды. Осыған орай романдағы ономастикалық атаулардың лингвомәдени мазмұны мен концептілік құрылым ерекшеліктерін анықтау мақсатында мынадай міндеттер қойылды:
- шығармадағы ономастикалық бірліктердің лексика-семантикалық

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ:811.512.122’373.2 Қолжазба құқығында

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

ОРЫНБЕТОВА ЭЛЬМИРА АСИЛТАЕВНА

М.Әуезовтің Абай жолы эпопеясының ономастикалық кеңістігінің лингвомәдени
сипаты

10.02.02 – қазақ тілі

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010

Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым
комитеті А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында орындалған

Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының докторы,
доцент Қ.Қ.Рысберген

Ресми оппоненттер: филология ғылымдарының докторы,
профессор Г.М.Әзімжанова

филология ғылымдарының
кандидаты
Г.Снасапова

Жетекші ұйым: Абай атындағы Мемлекеттік педагогикалық
университет

Диссертация 2010 жылы 19 қарашада сағат 16.00-де ҚР БжҒМ Байтұрсынұлы
атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.06 – түркі тілдері және
10.02.02 – қазақ тілі мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы
ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д 53.38.01 диссертациялық
кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі,
29).

Диссертациямен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми
кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі,
28).

Автореферат 2010 жылы 19 қазанда таратылды

Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, филология
ғылымдарының докторы, профессор Манкеева Ж.А.

ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғаламның тілдегі бейнесін жан-жақты
қарастырауда көркем мәтіндегі жалқы есімдерді этнолингвистикалық,
лингвокогнитивтік тұрғыдан талдаудың маңызы ерекше. Абай жолы эпопеясы
нақты тарихи кезеңдегі қазақ қоғамының тыныс тіршілігінің энциклопедиясы
ретінде сан алуан мәдени, тарихи, саяси-әлеуметтік т.б. ақпараттарға бай.
Осы орайда М.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясындағы жалқы есімдердің
лингвомәдени сипатын айқындау мақсаты жұмыстың өзектілігін көрсетеді.
Басқа да тілдік бірліктер тәрізді ономастикалық атауларды да когнитивтік
модель қалыптастырушы таңба, ақиқат дүниенің көрінісін белгілейтін нысандар
деп ұғамыз. Тілдік бірліктер арқылы таңбаланған жалқы есімдер тарихи-
этнографиялық, танымдық, символдық т.б. белгілермен ерекшеленеді.
М.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясының тілдік ерекшелігі туралы зерттеу
еңбектері болғанымен, оны антропоөзектік аспектіде, этностың танымдық
дүниесінің ұлттық сипаты осы кезге дейін қазақ тіл біліміндегі лингвомәдени
бағытта арнайы қарастырылмағаны белгілі. Осыған орай шығармадағы
ономастикалық атаулар кешені, ондағы онимдік бірліктердің концептілік
әлеуеті, жалпы романның ономастикалық кеңістігі бүгінге дейін зерттеу
нысаны болмай келгендігі жұмыстың өзектілігін айқындай түседі. Сондықтан да
таным – мәдениет – тіл үштігінің принциптері негізінде, романдағы мәдени-
этнотанымдық мәні зор тілдік фактілер – ономастикалық атауларды концептілік
құрылым тұрғысында зерделеу өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеу жұмысының нысаны ретінде тілдегі ұлттық танымға сәйкес Абай
жолы роман-эпопеясындағы ономастикалық атаулар алынды.
Зерттеу пәні. Абай жолы роман-эпопеясындағы жалқы есімдердің
лингвомәдени әлеуеті мен сипаты.
Зерттеу жұмысының дереккөздері М.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясы.
Зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдері. Зерттеу жұмысында сипаттама,
салыстырмалы, концептілік талдау және жүйелеу, түсіндіру, аналитикалық
талдау әдістері қолданылды. Сондай-ақ романдағы онимдік бірліктердің жалпы
саны, жиілік қолданысын анықтау мақсатында статистикалық, жиілік әдіс-
тәсілдері қолданылды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
М.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясындағы жалқы есімдер кешені
лингвомәдени ақпараттар тасымалдаушы тілдік бірліктер ретінде ұлттық
дүниетаныммен байланысты халықтық білімдер жүйесін құрайды. Осыған орай
романдағы ономастикалық атаулардың лингвомәдени мазмұны мен концептілік
құрылым ерекшеліктерін анықтау мақсатында мынадай міндеттер қойылды:
- шығармадағы ономастикалық бірліктердің лексика-семантикалық құрамын
анықтау;
- шығармадағы антропонимдік және этноәлеуметтік құрылым атауларының,
этнонимдердің лингвомәдени мазмұнын айқындау;
- шығармадағы жер-су атауларының лингвомәдени ерекшелітерін көрсету;
- романдағы антропонимдер мен топонимдік атаулардың ономастикалық
концепт өрістеріндегі вербалдану ерекшеліктерін айқындау;
- романдағы ономастикалық өрістер – топонимдер, зооним, космоним, өзге
онимдердің қолданыс аясымен мәдени-ақпараттық мазмұнын анықтау;
- шығармадағы онимдердің мазмұны арқылы ұлттың мәдени болмысы мен ойлау
жүйесін, қоршаған дүниені қабылдаудағы ұлттық менталдық танымның
ерекшелігін анықтау;
- антропонимдер мен топонимдердің лексика-семантикалық және
ассоциативтік өрісін концепт тұрғысынан қарастыру;
- онимдердің этнолингвистикалық, символдық ерекшеліктерінің лингвомәдени
мазмұнын сипаттау;
- шығармадағы онимдердің ұлттық концептосферадағы орнын анықтау;
- ономастикалық атаулардың мәтінтүзуші қызметін анықтау;
- онимдердің эстетикалық, ақпараттық қызметінің мазмұнын ашу.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні.
Жұмыста ұсынылған тұжырымдар мен пайымдаулар, алынған нәтижелер қазақ
тіл біліміндегі когнитивтік зерттеудің ғылыми-теориялық негіздері мен
ұстанымдарын нақтылай түсуге, айқындауға өз деңгейінде үлес қосады.
М.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясындағы жалқы есімдердің концептілік
құрылымдар арқылы түсіндірілуі қазақ тіл білімінің көркем мәтінге қатысты
теориялық ұстанымдары лингвопоэтика, когнитивтік ономастика теориялық
базасын кеңейтуге, жетілдіре түсуге белгілі дәрежеде ықпал етеді.
Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мен тұжырымдарды, талдау жасалған
тілдік деректерді лингвомәдени, этнолингвистикалық бағытта арнаулы
курстарда талдау жүргізу үшін пайдалануға болады. Сондай-ақ зерттеу
нәтижелерінің этнолингвистика, когнитивтік лингвистика, көркем мәтінді
лингвистикалық талдау пәндерінен қосымша дәріс оқуға да септігі тиеді.
Зерттеу жұмысының әдістанымдық негізі. Абай жолы роман-эпопеясының
ономастикалық кеңістігін зерделеу және қазақ тіл біліміндегі антропоөзектік
парадигма негізінде, лингвомәдени, этнолингвистикалық аспектіде қарастыру
барысында орыс лингвомәдениеттанушылары В.А.Маслова, Е.С.Кубрякова,
А.Бабушкин т.б. және қазақ тіл біліміндегі І.Кеңесбаев, Ә.Қайдар,
Т.Жанұзақов, Е.Жанпейісов, Р.Сыздық, Н.Уәли, Е.Керімбаев, Ж.Манкеева,
Қ.Рысберген, Б.Тілеубердиев т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектерін, теориялық
тұжырымдарын басшылыққа алдық.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері:
Абай жолы эпопеясының ономастикалық кеңістігіндегі тілдік бірліктердегі
этномәдени мазмұндағы ақпараттар алғаш рет арнайы зерттеліп, төмендегі
нәтижелерге қол жеткізілді:
- жалқы есімдердің лингвомәдениеттанымдық, этнолингвистикалық
ерекшеліктері сипатталып, олардың қандай да бір ономастикалық концепт
құрылымында көрініс табатындығы көрсетілді;
- шығармадағы ономастикалық атаулардың этнолингвистикалық, символдық
ерекшеліктерінің лингвомәдени мазмұнын сипаттау арқылы ұлттың мәдени
болмысы мен ойлау жүйесі, қоршаған дүниені қабылдаудағы ұлттық менталдық
танымның ерекшелігі анықталды;
- онимдердің этнолингвистикалық, символдық ерекшеліктерінің лингвомәдени
мазмұны сипатталды;
- ономастикалық атаулардың мәтінтүзуші, эстетикалық және ақпараттық
қызметі анықталды;
- топонимдер, этнонимдер, зооним, космоним және өзге онимдердің
қолданыс аясы мен жиілігі анықталды;
- шығармадағы ономастикалық атаулардың этнотанымдық ақпараттық
ерекшеліктері онимдік концептік құрылымдар негізінде сараланды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- М.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясындағы жалқы есімдердің
семантикасы ұлттың мәдени болмысы мен ойлау жүйесі, қоршаған дүниені
қабылдаудағы ұлттық менталдық танымға байланысты қалыптасады;
- романдағы ономастикалық кеңістік сол дәуірдің ақиқат (реалды) ұлттық
ономастикалық кеңістігінің баламалы көркем варианты ретінде бейнеленеді;
- шығармадағы ономастикалық атауларды ерекше ақпаратқа ие мәдени мәтін
деп есептеуге болады және ол онимдердің лингвомәдени, семантикалық,
коммуникативтік т.б. қызметтерінен байқалады;
- шығармадағы ономастикалық атаулар этномәдени ақпаратқа бай халықтық
когнитивтік базадағы ерекше мазмұнға ие тілдік фактор ретінде
қарастырылады;
- тіл білімінің когнитивтік саласында жалқы есімдер концепт құраушы
әлеуеті бар таңба ретінде танылады;
- шығармадағы топонимдер, антропонимдер, зоонимдер, оронимдер және т.б
жалқы есімдер ономастикалық концепт өрістерінде вербалданады;
- Абай жолы романында ономастиканың көптеген саласына қатысты онимдік
бірліктер әр алуан топтар құрайды: топонимдер, антропонимдер, этнонимдер,
урбанонимдер, зоонимдер, фитонимдер, космонимдер, библионимдер,
хрононимдер, артионимдер т.б.;
- онимдік концептілік құрылымдар арқылы жалқы есімдер лингвомәдени
мазмұнын айқындауға болады;
- романдағы жалқы есімдердің этнолингвистикалық, лингвомәдени мазмұны
сол тарихи кезеңдегі ғаламның тілдік бейнесі мен ұлттық ономастикалық
бейнесін сипаттайды.
Жұмыстың талқылануы мен жариялануы.
Жұмыстың негізгі мазмұны мен нәтижелері V Әуезов оқулары жас
ғалымдардың V халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2007),
академик Ө.Айтбайұлының 70 жылдығына арналған Мемлекеттік тіл саясаты:
терминология, аударматану, ресми құжат тілі атты халықаралық ғылыми-
теориялық конференцияда (Алматы, 2007), проф. Ә.Жүнісбектің 70 жылдығына
арналған ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2008), Этнос және тіл
атты академик Ә.Т.Қайдардың 85 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-
теориялық конференцияда (Алматы, 2009), проф. Ж.Манкееваның 60 жылдығына
арналған ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2010) баяндалып, 8
ғылыми мақала түрінде жарияланды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш
тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады және
қосымшада роман-эпопеядағы онимдік бірліктердің тізімі мен статистикасы
берілген.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыпты зерттеудің өзектілігі негізделіп,
мақсаттары мен міндеттері, зерттеу нысаны, пәні айқындалды және ғылыми
жаңалықтары мен нәтижелері, зерттеу әдіс-тәсілдері, теориялық және
практикалық құндылығы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар баяндалды.
1 Абай жолы эпопеясындағы ономастикалық кеңістік ұлттық ғаламның
тілдік бейнесінің үзігі.
1.1 Абай жолы эпопеясының тілдік ерекшеліктерін зерттеудің қысқаша
тарихы.
Роман-эпопеядағы жалқы есімдері ұлттың, тілдік ұжымның тарихын,
шаруашылық мәдениеті мен дүниетанымын айғақтайды. Шығармадағы бір ғана Абай
бейнесі, Абай өмірі арқылы қазақ халқының бейнесі, ұлт дүниетанымы жайында
мол мағлұмат алуға болады.
Жалпы Абай жолы роман-эпопеясы турасында әдебиетшілер де, тілші
ғалымдар да аз зерттеген жоқ. Қазақ ғалымдары арасында басқа саланы былай
қойғанда, тек тілші ғалымдардың өзі қаламгер шығармашылығын жан-жақты
зерттеп келеді. М.Әуезовтің 20 томдық шығармаларының толық жинағындағы
қазақ тілінің этномәдени лексикасына тарихи-семантикалық және этимологиялық
талдау жасаған профессор Е.Жанпейісов еңбегінде олардың семантикалық
топтарын жіктеп, фонемалық, морфемалық, лексикалық жағынан жан-жақты талдап
көрсеткен. М.Әуезов шығармаларының тілі туралы нақты ғылыми талдау жасаған
академик Р.Сыздық эпопеяның тілі туралы айта келіп: ... Абай жолы
эпопеясының тілі – шын мәнінде ой мен сезімге бірдей әсер етерлік айшықты
да әсем тіл екендігі зерттеуші түгіл, қарапайым жай оқырманға да жақсы
сезіледі. Әсіресе төлтума тіліндегі Абай жолының ғажайып тартымдылығы,
сүйсіндірер қасиеті – тілінің поэтикалық феноменінде деп баға береді
[1,6 б.].
Шығармадағы тілдік қолданыстардан бөлек мұндағы жалқы есімдердің өзі
халқымыздың тарихы мен мәдениетінен сыр шертеді. Осы тұста профессор
Т.Жанұзақ: Халқымыздың өткен дәуіріндегі тарихын, көрші елдермен жасалған
мәдени қарым-қатынасын және әдет-ғұрпын танып-білуде де бұлардың атқарар
рөлі аса зор. Өйткені ол атаулардың бәрі – халық тарихы, қоғам өмірімен,
адамдардың жеке басы, іс-әрекетімен біте қайнасып, ғасырдан ғасырға
ұласып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, кейінгі буындарға мирас болып отырған
мәдени мұра, өшпес шежіре, халықтың шынар ой, ұшқыр қиял, данышпандық
зердесі мен ұлттық мінез-құлқы, барша болмысының көрінісі [2,3-4 бб.]
деген тұжырым жасайды.
Жалпы, М.Әуезов шығармаларын зерттеу ғылымның әр саласында қамтылса,
Абай жолы романы әлемнің 116 тіліне аударылып басылды. Мұның өзі әлем
әдебиетіндегі Абай жолының биіктігін танытады. Сондықтан болар,
француздардың қоғам қайраткері Луи Арагонның: Эпикалық роман Абай,
менің ойымша, ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Бұл роман оқушыға
қызықты қиял мен ерен ой өлкесін кездіріп, талай терең толғаныстар
тудырады. Бұл шығарма совет әдебиеті туындыларының маңдай алды легінен орын
алады деу аздық қылады, әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін
шығарманы табу қиын - деген пікірі ерекше құнды. Дегенмен Абай жолы
эпопеясындағы онимдердің сипатын, жалқы есімдердің табиғатын, оның
лингвомәдени ерекшеліктері мен когнитивтік қырын қарастырған еңбектер әлі
де көлемді зерттеу нысаны бола қойған жоқ. Осыған орай жұмысымызда
М.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясының ономастикалық кеңістігін
қарастыруды басты мақсат етіп қойдық. Себебі шығармада берілген жалқы
есімдердің өзі халқымыздың тарихи, мәдени құндылықтарының шежіресі
екендігінде дау жоқ. Бұл сонымен қатар Әуезовтану мен Абайтанудың жаңа бір
қыры. 1967 жылы зерттеуші Е.Бектұрғанов Мұхтар Әуезовтің Абай жолы роман-
эпопеясындағы тұрақты сөз тіркестері тақырыбында кандидаттық диссертация
қорғады. Ал әдебиет саласында Мұхтар Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясы
турасында бүгінге дейін көлемді зерттеулер жүргізілгені белгілі. Барлығын
айтпасақ та, А.Байтанаевтың Абай жолы эпопеясын жазудағы М.Әуезовтің
шеберлігі жайында жазған еңбегіндегі: Абай жолы - барлық көркемдік
болмысымен қазақ халқының ұлттық рухын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын
бейнелейтін ұлттық эпопея деген [3, 63 б.] бағасынан қаламгердің бай
тілдік қазынасын зерттеудің өміршеңдігін байқаймыз.
Сонымен қатар біз сөз етіп отырған нысан тұрғысынан М.Әуезов
шығармаларындағы жалқы есімдер – онимдер жүйесін этностың дүниетанымы мен
болмысы, шаруашылық мәдениетімен сабақтастыра талдау бүгінгі тіл
біліміндегі жаңа бағыттардың мақсаты мен міндеттерін біршама қамти алатыны
сөзсіз.
1.2 Қазақ ономастикасының антропоцентристік парадигмада зерттелуі.
Когнитивтік лингвистиканың ең басты категорияларының бірі – ғаламның
тілдік бейнесі немесе дүниенің тілдік бейнесі. Г.В.Колшанскийдің
пікірінше, ғаламның тілдік бейнесі жөнінде жеке әңгіме етуге болмайды,
себебі бұл ұғым тілдік санамен тікелей байланысты [4, 25 б.]. Қазіргі
таңда отандық лингвистикада этнолингвистикалық бағытта жемісті еңбек еткен
қазақ ғалымдары Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, М.Копыленко,
Г.Смағұлова т.б. зерттеулері тек этнолингвистика үшін емес, когнитивтік
зерттеулер үшін де құнды мазмұнға ие. Қазақ ономастикасының негізін
қалаушылар Т.Жанұзақов, Ә.Әбдірахманов, Е.Қойшыбаев, Ғ.Қоңқашбаев,
В.Н.Попова, Е. Керімбаев т.б. ғылыми еңбектерінде қазақ жалқы есімдеріне
кешенді түрде тілдік зерттеулер жасалған.
Қазақ тіл біліміндегі ономастика саласына қатысты антропоөзектік
парадигмадағы зерттеулердің қатарында Б.Тілеубердиевтің, Г.Мадиеваның,
Қ.Рысбергеннің еңбектерін ерекше атауға болады. Бұл еңбектерді қазақ
ономастикасын лингвокогнитивтік бағытта қарастырған тіл біліміндегі көлемді
зерттеулер ретінде бағалауға болады.
Егер ғаламның тілдік бейнесі түрлі деңгейдегі тілдік бірліктерде
ғаламның ұлттық бейнесін көрсетсе, онда ономастикалық деңгейдегі жалқы
есімдер ғаламның ұлттық, тілдік бейнесінің фрагменті болып табылады да,
ғаламның ономастикалық ұлттық бейнесін құрайды. Ұлт пен тіл біртұтас
дейтін болсақ, ұлттың ұлттылығын айқындайтын діл мен тіл біртұтас деп
айтуымызға әбден болады, себебі діл мен тіл ұлт танымының ментальді және
вербальді көріністері. Осы уақытқа дейін жүргізілген түрлі деңгейдегі
когнитивтік зерттеулерді қарастырғанда, жоғарыда көрсетілгендей, олардың
барлығына ортақ мәселе тілдік антропоөзектік, дәлірек айтқанда, тілді
тұтынушының рухани болмысы мен өмірлік тәжірибесі, шарушылық мәдениеті
концептуалды түрде ғаламның тілдік бейнесі ретінде көрініс табуы екендігі
анықталады. Осындай теориялық қағидалар негізге алынып, М.Әуезовтің Абай
жолы роман-эпопеясындағы онимдердің қолданыс аясын, түрлері мен
классификациясын ұлттың таным деңгейіне сай лингвоконцептуалдық құрылым
ретінде қарастырамыз. Өйткені романдағы ұлттық ономастикалық атаулар қазақ
тіліндегі өзге де тілдік бірліктер тәрізді этностың тарихы мен мәдениеті,
дүниетанымы мен болмысы турасында тілдік-адрестік, кумулятивтік қызметін
атқарып келді және әлі де атқарып келеді.
1.3 Шығармадағы онимдердің қазақ тілінің ономастикалық
концептосферасындағы орны. Көркем шығарманың ономастикалық кеңістігін
жасауда қаламгер әрқашанда өзіне таныс ақиқат мәдени-этнологиялық
кеңістіктегі ұғымдарға, ұлттық ономастикалық кеңістіктегі бірліктерге,
жалпы ұлттық атау жасау қағидаттарына сүйенеді. Сондықтан көркем мәтін
кеңістігіндегі жалқы есімдер ақиқат (реалды) ономастикалық кеңістіктегі
бірліктер негізінде жасалады, яғни ұлттық ономастикалық кеңістіктің жазушы
интерпретациясындағы көркем баламасы жасалады немесе автор идеясына
байланысты қиялдан туған, мифологиялық атаулар дүниеге келеді. Осы тұрғыдан
алғанда Абай жолы эпопеясындағы жер-су атаулары Абай заманындағы қазақ
даласында топографиялық, мекен-жайлық тұрғыдан нақтыланған ақиқат
атаулармен тығыз байланыста, сабақтастықта келсе, кісі есімдері көбіне сол
тарихи кезеңде ақиқат өмірде болған тұлғалардың есімі. Оның сыртында сол
тарихи кезеңде Абайдың өзіне таныс реалды экзонимдік атаулар (өзге тіл, ел
атаулары) да көптеп кездеседі.
Жалпы көркем мәтін ономастикасы немесе поэтикалық ономастика – өзіндік
зерттеу тәсілі бар ономастика ілімінің айрықша саласы. Ол жалқы есімдердің
бойындағы рухани және материалдық мәдениетті ұлттың танымдық тәжірибесімен
сабақтастыра отырып, ментальді-когнитивтік түрде таңбаланғанын қарастырумен
ерекшеленеді. Бұлай қарастыру шығармадағы жалқы есімге қатысты ұлттық
дүниетаным мен мәдениетті, тілдік және тілдік емес ақпараттарды тануға
мүмкіндік береді. Қазақ тілінің ономастикалық жүйесінде ұлттың мәдени өмірі
мен шаруашылығы, болмысы мен психологиясы, дүниетанымы туралы танымдық
ақпараттар қоры бар. Тіліміздегі онимдерге қатысты мәдени ақпараттарды ашу
үшін концептілік талдаудың мәні зор. Концептілік талдаудың басты мақсаты –
ғалам туралы білім моделін құру және ғаламның тілдік бейнесін түсіндіру.
Осыған сай М.Әуезовтің Абай жолы романында да қаламгердің халықтық
мәдениет пен өмірлік тәжірибесінің барынша жетік меңгергеніне орай және
ұлттық болмыс пен ерекшелік туралы білімі концептуалдық жүйе құрап,
шығармадағы онимдер концепт құрауға тірек тілдік бірліктер ретінде өз
бойына ерекше мол ақпараттарды жинақтаған. Абай жолындағы концептілік
құрылымдар мен типтерін түрлі қырынан алып қарастыруға болады. Мысалы,
шығарманы талдай отырып Тау, Су, Ауыл, Ру-тайпа, Жалғыздық,
Қатыгездік, Ата-ана т.б. концептілік құрылымдардың жүйесін айқындауға
болады. Жұмыста зерттеу нысанына орай осылардың арасынан ономастикалық атау
негізінде құралған концептілерге талдау жасалды.
Көркем мәтіндегі концепті мен жалқы есімнің мазмұнында ассоциативтік,
мәдени компоненттер белсенді болып келеді. Осы белгілер арқылы олар бір-
бірін толықтыра түседі. Жалқы есімдер мәтінде вербалдану арқылы көркем
концепт атауы ретінде репрезентацияланады.
Ұлттық мәдениетті, тілді тілден тыс фактілер арқылы санада кодталған
этностың дүниетанымы мен болмысының фрагменттері құрайды. Қазақ тіліндегі
топонимдік бірліктер ұлттық мәдени кодтарда: соматикалық кодта, заттық
мәдени кодта, биоморфтық, кеңістік кодында репрезентталады. Бұған қарап,
топонимдік концепт ең алдымен кеңістік, табиғат, онома әмбебап
концептілері құрамында қарастырылады, сондықтан оны параметрлік концепт
түріне жатқызуға болады деп есептеуге болады. Өйткені, біріншіден,
кеңістіктің өзі түрлі физикалық параметрлік қасиеттерге ие болса,
екіншіден, материалды, ақиқат геофизикалық нысананың өзі де қандай да
параметрлерге ие. Мысалы, тау концептісі жер бетінде орналасуы мен
биіктігі, ұзындығы жағынан осы қасиетке ие. Су концептісінің
құрылымындағы топонимдік концептінің аталған концепт белгілері табиғи
нысананың, мысалы, көл, өзен, бұлақ концептілерінде көптеген параметрлік
компоненттер мен фреймдік құрылымдар арқылы репрезентталады. Концептінің
жалқы есімдердің мәтіндегі репрезентант ретінде қарастырылуы ономастикалық
бірліктің мағыналық бірлік ретіндегі түсінілуіне байланысты. М.Әуезовтің
Абай жолы эпопеясының ономастикалық кеңістігінде аталмыш мәдени кодтар
мен концептілердің барлығы дерлік репрезентталған деуге болады. Cу
концептісі. Жердегі гидронимдік кеңістікке қатысты мәдени ақпаратқа ие
білімдер жүйесі. Тілдік қоғамдастықтың санасында су, өзен, көл, теңіз,
бұлақтар туралы жинақталған эмпирикалық – бейнелі түсініктер, адамның
қабылдауы, сезінуі арқылы қалыптасқан ментальдық түсініктері су, өзен
концептісінде вербалданады. Су концептісінің құрылымын шығармада біз
негізінен теңіз, мұхит, көл, өзен, бұлақ, тау суы
микроконцептілері арқылы жүйеленетіндігіне көз жеткіздік. Абай жолындағы
сулы кеңістіктің жалпыланған бейнесін өзен концептісі арқылы негіздеуге
болады. Мысалы, Бақанас, Борлыбай, Байқошқар, Еділ, Ертіс т.б. өзендері
және т.б. этномәдени құндылығы жоғары гидронимдік концепті негізінде
құрылымдауға болады. Қазақ халқының ғалам бейнесінде су концептісі
виртуальдық маңызы зор әмбебап концепт болғандықтан, қазақ тілінде су-
ға қатысты этномәдени жүктемесі бар ақпараттар тек атаулар ретінде ғана
емес, сонымен бірге, архетиптік наным-сенімдер, мифологиялық ұғым-
түсініктер, ырым-дәстүрлер, фразеологиялық, тұрақты тіркестер, мақал-
мәтелдер, жұмбақтар т.б. арқылы да вербалданады.
Тау – жер бетінен жоғарылау жатқан рельефті орографиялық атау. Тау
тектік - гиперонимдік терминнің лексика-семантикалық өрісіндегі түрлік -
гипонимдік қатарын сеңгір, құз, шың, жал, жон, жота, қыр, қырат, бел,
белес, асу, биік, дөң, төбе, шоқы, заңғар, кезең сынды халықтық
орографиялық терминдер қатарын түзеді. Бұл жердегі ендігі бір мәселе әрбір
онимдік атаулардың бойында жинақталған ақпараттың түрлерінде жатыр.
Өйткені, мәселен, тау концептісінің тау терминінің, тіптен нақты
топонимнің семантикалық мазмұнынан анағұрлым кең де ауқымды екендігі, оның
вербалдану, репрезентталу жолдарының шексіз екендігі белгілі. Мұнда ұлттық
топонимдерге қатысты мәдени код жасырынған. Ұлттық мәдени кеңістіктің
тереңде жатқан қабаттары мәдени тұрғыдан кодталған халықтың дүниетанымынан,
болмыс тіршілігінің үзіктерінен тұрады деуге болады. Осымен байланысты
мәдени код деп мәдениетті түсінуге, танытуға немесе сәйкестендіруге
мүмкіндік беретін қандай да бір түрде кодталған ақпаратты түсінеміз.
Мысалы, Абай жолындағы бұл атаулардың ішінде: тау – Алатау, Шыңғыстау,
Қаратау, Семейтау, Бақанастауы, Ақшатау, Доғалаң тауы, Ордатауы; тас –
Күйметас, Байжан тасы, Қараша қойтасы; шатқал – Қырғыз шатқалы;
жота–Шақпақты жотасы, Арқат тауының жотасы; шоқы – Қарашоқы; биік – Үлкен
Көксеңгір биігі, Өртеңнің сарша биігі атаулары т.б. арқылы вербалданып,
өзінің семантикалық және концептілік мазмұнында алуан түрлі
экстралингвистикалық, ассоциативтік, бағалуыштық ақпараттарды жинақтаған.
Тау концептісіне қатысты бұл атаулардың мағынасы айқын,
энциклопедиялардағы дефинициясы бар, денотаты нақты таңбалар.
Шығармадағы тілдік қоғамдастық туралы танымдық білімдер жүйесін
репрезенттайтын концептінің бірі – Ауыл концептісі. Ауыл – этномәдени-
әлеуметтік концепт. Шығармадағы аталмыш концепт кедей ауылы, Құнанбай
ауылы, Тәкежан ауылы, Абай ауылы, Байсал ауылы т.б. онимдер арқылы
вербалданады. Бұл концептінің әлеуметтік сипатынан басқа қосымша,
ақпараттық, этимологиялық қабаттарын қарастыра беруге болады, алайда біз
актуалды өзегіне ғана тоқталып, эпопеядағы ономастикалық кеңістікпен
байланысты актуалды өзегінің құрамдық ерекшелігімен салыстырғанды жөн
көрдік. Ауыл концептісінің модельдік құрылымына түрлі ассоциациялар мен
аялық білімдер жиынтығы енеді. Аталған концептілік құрылымынан шығармадағы
Зере отырған ауыл. Қарабатыр, Жуантаяқ ауылдары Жидебай, Барақты қыстайтын
ауылдар, көп үйлі кедей ауыл, Сүйіндік ауылының, Ырғызбай руының 20
ауылының, Оразбай, Сүгір ауылдарының көші т.б. фреймдік құрылымдар орын
алады. Бұл жерде М.Әуезовтің Абай өмір сүрген орта мен сол жерді мекен
еткен ауылдың ментальды дүниесі туралы мәдени-шаруашылық ақпараттар мен
этноәлеуметтік құрылым жайлы аялық білімі мол болғанын аңғаруға болады.
Шығармадағы концептілік құрылымды жинақтаушы онимдердің қатарындағы
негізі концептілердің бірі – ру-тайпа концептісі. Қазақ тілінде ру
лексемасының қызметі тек туыстық атауды білдірумен шектелмей, сонымен бірге
мемлекеттілік пен елдікті білдірсе керек. Абай жолы эпопеясындағы
этностың әлеуметтік-иерархиялық құрылымындағы ру таксономиялық бірлігі дала
мәдениетінде қалыптасқан қоғамдық қатынаста маңызды рөл атқарған. Ру-тайпа
этноәлеуметтік атауы ежелден қазақ қауымының туыстық, генеалогиялық
байланыс ұғымына қатысты пайда болған, ол қазақ тілінің концептілер
жүйесіндегі лингвоментальды құрылым болғандықтан, халықтың тілдік
санасында, дүниетанымы мен рухани мәдениетінде кең көрініс тауып, тілдік
бірліктер арқылы вербалданған. М.Әуезов Абай туған өңірдің этноәлеуметтік
құрылымын, ру-тайпалардың өзара қатынастарын, мысалы, Тобықты руының ішкі
құрылымдық жүйесі мен онымен сыбайлас ру-тайпалық одақтардың шаруашылық
мәдениеті мен дипломатиялық қарым-қатынасы туралы жүйелі түрде, бір-бірімен
сабақтастыра суреттейді: керей, батыста – қара кесек, солтүстікте – уақ,
шығыста – сыбан. Тобықты тайпасы бірнеше руға бөлінеді. Олардан
ырғызбайлар, жігітектер, бөкеншілер, торғайлар, топайлар, қара батырлар,
көкшелер және басқалар көрінеді. Көп-Сақау, Балта-Орақ, Жалпақ, Қандар,
Қырық үйлі деген ауылдарда, елдерде, уақпен қатар талай атаның ұлы бар.
Осында: бура, найман, жалықпас, бәсентиін, матай, керей. Этнонимдік атаулар
қазақ ономастикасының семиотикалық, ментальдық құрылымдар жүйесінен орын
алған кумулятивтік маңызы зор лингвокультурема ретінде танылады. Абай
жолы эпопеясында Тобықты руының ең басты, барлық руды уысында ұстап
отырған ел екендігі жұмыста мәтін үзінділері арқылы көрсетілді. Ру-тайпа
концептісін құрайтын бұл мысалдардағы халықтардың, рулардың атаулары –
этнонимдер болып табылатын тілдік таңбалардың мағынасы ел, елдік
концептісінің ұғымдық ядросымен сәйкес келеді. Мұндай этнонимдік атаулар
концептінің бір бөлімін ғана құрайды, өйткені концепт сөз мағынасынан
анағұрлым кең әрі көлемді болып келеді.
Абай жолы романындағы көлемді концептілік құрылымның бірі Атақоныс
концептісі – сол жерді мекендейтін қоғамдастықтың дүниетанымы мен
болмысын айғақтайтын маңызды білімдер жүйесі болып табылады. Атақоныс
концептісіне жайлау, атамекен, күзеу, қыстау т.б. лингвокультуремалары
семантикалық тұрғыда қызмет атқарады. Белгілі бір қауымдастық үшін
Атақоныс концептісін құрайтын тілдік бірліктердің киелі деген ұғымдық
ассоциацияны беретінін де айқын аңғаруға болады.
Романдағы тағы бір концептілік құрылым Ауыл концептісінің - үлкен
үй фреймін алып қарасақ, Тобықты руының ең үлкен, басты ру екендігін, ру
басы Құнанбай әулетіне тиесілі үйлерді ел үлкен үй санайтынын байқаймыз.
Ортасында бес үлкен ақ үйлер бар, көп үйлі ауыл – Абайдың екі шешесі Ұлжан
мен Айғыздың ауылы. Бұл жерде үлкен үй концептісінің тарихи ақпараттық
қабатында қаншама этнотанымдық сипаттағы ақпарат, мәдени код жатыр. Ол
кодтың мазмұны жоғарыдағы мәтінде рубасы анасының шаңырағы ғана емес, бүкіл
елдің құрметті анасы, тайпа анасы ретінде танылатындығымен байланысты. Оған
барша жұрт үлкен құрметпен, сыйластықпен қарайды. Яғни бұл да халқымыздың
менталитетінің айрықша бір ерекшелігін айғақтайды және үлкенге, анаға, оның
ақыл-парасаты мен кемеңгерлігіне деген құрмет халқымыздың ізгілік пен
құндылықтар жүйесінен орын табады.
1.3.1 Эпопеядағы ұлттық мазмұндағы тілдік бірліктердің
этнолингвистикалық сипаты. Шығармада отамалы, мамырдың жұты немесе ақ
қардың жұты сынды хрононимдер қаламгердің тілдік қолданысы арқылы берілген
бұл сөздер ұлттың дүниетанымындағы жыл он екі ай бойында келетін
табиғаттағы амалдың шаруашылыққа тигізетін әсерін аңғарамыз. Этнос өмірі
туралы мәлімет топонимиялық аңыз - әңгімелерде де жиі ұшырасады. Жер-су
аттары туралы халықтық этимологиялар ел-жұрттың ой-өрісінің, салт
санасының, таным-түсінігі мен өткен тарихының көрінісін береді және олар
топонимдерді келер ұрпаққа жалғастырудың тәсілі ретінде танылады. М.Әуезов
Абай жолы романында жер-су атауларына қатысты этнографиялық ақпараттарды
атаудың шығу тарихымен байланысын аса сәтті келтіреді, мысалы, Қандар,
Жұман қырт т.б. атаулардың халықтық этимологиясы берілген. Шығармадағы
осындай жалқы есімдердің қолданылу аясының кеңдігін байқасақ, екіншіден,
онимдік бірліктер сол ортаға қатысты кез келген ұғымды білдіруге дайын
тілдік таңба екендігін аңғартады.
1.3.2 Онимдердің символдық ерекшеліктері. Тілдік ұжым немесе оның мүшесі
өзін қоршаған ортаға қатысты білімдер жүйесін эстетикалық, көркем, мифтік,
діни т.б. түрлі таным деңгейінде тануы мүмкін. Осындай білімдер арқылы
санада ақиқат өмір мен бейақиқат өмірге қатысты ақпараттар қоры
қалыптасады да, санада қорытылған ой тіл арқылы вербалданып, ғаламның
тілдік бейнесінде айқындалады. М.Әуезов өз зерттеулерінде Абай Құнанбаев
турасында жан-жақты айта келіп, оның азан шақырып қойған аты –Ибраһим,
халық арасында – Абай аталса, ендігі бір аты – Телғара деп атағанын айтады.
Ибраһим діни таным тұрғысынан түсіндірілсе, Абай есіміне қатысты
проф.Т.Жанұзақ: Абай – есімнің бастапқы түбірі аба сөзі болса керек. Ол
тува, татар тілінде, абзыкай, алтай, хакас тілінде абака, якут тілінде
абага түрлерінде айтылып, аға, үлкен аға, ата, қария мағыналарында
жұмасалады. Демек, Абай үлкен аға, ел ағасы деген мағына білдірері
даусыз деген [5, 94 б.] пікір айтады. Сондықтан Абай – халықтың жоқшысы,
ұлы ақын, халық өмірінің символы ретінде қабылданады. Символдың мағынасын
бiрден түсiну мүмкiн емес, ол өз мәнiн бiрте-бiрте ашады және де шығарма
мазмұнына сәйкес дағдылы символдық мәннен өзге сипатта да танылады. Ал
көркем шығарманың көпшілігінде эстетикалық таныммен бірге діни, мифтік
танымның элементтері жиі ұшырасып отырады. Романдағы Қарашоқы атауының
көркем суреттелуі санадағы эстетикалық таным деңгейін көрсетеді. Символ —
сөздi қолдану шеберлiктiң бiр қыры болса, сонымен қатар, танымдық қызметтi
де атқарады. Символдық мәнді білдіруші тілдік таңбалар жазушының идеясын,
ойын дәл беріп, шығарманың бейнелiгiн арттыру үшiн қажет. Шығармадағы
антропонимдердің ауқымды тобы прецеденттік феномен ретінде де бағалауыштық,
символдық сипатқа ие болатыны айқын. Этникалық прецеденттердің құрамына
ұқсас фактілерді туындату үшін үлгі ретінде қызмет ететін эталондық
фактілер кіреді. Осы орайда М.Әуезовтің Абай жолы эпопеясындағы Абай,
Құнанбай т.б. антропонимдерді прецеденттi феномендер ретінде, Абайдың қара
сөздерін прецеденттi мәтiн ретінде қарастыруымызға негіз бар. Мысалы,
романдағы Бұл күнде Құнанбай өлсе де, құнанбайлық құрымапты деген
мәтіндегі Құнанбай образы арқылы қатыгездіктің, озбырлықтың үлгісін
танимыз. Романдағы Жігітек, Көтібақ, Топай, Торғай т.б. ру атаулары Тобықты
айналасына жиылған елдік құрылымды құрайды. Сондықтан Тобықты руы елдің
басын біріктіруші деген ұғымды білдіріп, елдіктің, одақтың символын
аңғартады. Жоғарыда келтірілген этнонимдердің көпшілігі елдіктің символы
ретінде ұранға айналған. Ұранға айналған этнонимдер ұлттық рухтың белгісіне
айналған. С.Мұқанов: Есімі ұранға айналған адамдарды қазақ, әдетте, арғы
аталарына санайды. Мысалы, қыпшақтар – Ойбасты, керейлер – Ошыбайды, уақтар
– Жаубасарды атайды. Ұранға шыққан әйелдер де бар: Қырық болыс ел болдық
деген Дулат руларының ұраны – Домалақ ана. Бұл жайында айтылатын аңыз
бойынша ол сол рулардың түпкі шешесі [6, 238 б.] деген құнды пікір айтады.
Романның ономастикалық кеңістігіндегі Итжеккен, Жерсібір атаулары сол
тұстағы қазақ халқының санасындағы тозақ пен азаптың символына айналған
прецеденттік атаулар. Тіліміздегі мұндай тілдік бірліктерге байланған
ақпараттар арқылы этностың мәдениеті мен тарихы жайында, танымы мен рухани
болмысы турасында мол мағлұмат алуға болатыны ақиқат. Осы аталған
лингвоментальды құбылыстың басқа қырын алатын болсақ – жаңа дәуірде
этностың үнемі өзгеріп тұратын когнитивтік кеңістігінде, этнотілдік
санасында жаңа өзгеше ономастикалық концептілер мазмұны өздерінің
кумулятивтік қызметі негізінде пайда болғанына куә болып отырмыз. Ал ұранға
айналған кейбір этноәлеуметтік атаулар бір этностың шеңберімен шектелмейді,
себебі, кейбірінің этностың ментальды-когнитивтік кеңістігінде прецедентті
ономастикалық концепті ретінде тұрақты орны бар. Мысалы, Абай жолындағы:
Арғынның қос дөңгелек таңбасы, Керейдің ашамай, Найманның шөміш
таңбасы деп көрсетілген ру таңбалары тұтас бір тайпалық одаққа,
географиялық жағынан тұтас белгілі бір аймаққа ортақ таңба екендігін
байқаймыз.
2 Шығармадағы ономастикалық бірліктердің лингвомәдени ерекшеліктері.
2.1 Романдағы топонимдердің лингвомәдени сипаты. Шығармадағы берілген
топонимдік атаулардың барлығы индивид пен тілдік ортаның таным түсінігіне,
шаруашылық мәдениеты мен болмысына тікелей қатысты болып келеді. Осының өзі
этностың ментальді дүниесінен мол ақпарат берсе, топонимдік атаулардың
ішінде оронимдердің де лексика-семантикалық мәні жоғары екені даусыз.
Шығармада кездесетін Орда тауы, Аралтөбе, Шақпақ, Қазбала, Байқошқар
жондары, Шыңғыстың бөктерi, Ұлы тау, Алатау, Ақшоқы бөктерi, Ақшатау т.б.
оронимдер мен олардың құрамындағы тау, төбе, жота, жон, бөктер халықтық
терминдер семантикасы өз бойында тек географиялық атаулардың мазмұны
туралы ақпарат жинап қоймай, сонымен бірге сол географиялық ортаға
байланысты ұлттық таным мен тарихи, мәдени дүниеліктердің шежіресі іспеттес
халықтық білім кешені болып келеді. Қандай да бір кезеңге тән тарихи
құндылықтарды білдіретін лексикалық бірліктердің, әсіресе, жалқы есімдердің
семантикасынан сол кезең жайындағы нақты әлеуметтік, мәдени білімдер
жүйесін анықтап алуға болады. М.Әуезов Абай жолы эпопеясында басқа да
тілдік тәсілдермен бірге жалқы есімдер арқылы ұлттық мәдениеттің ақиқат
болмысын жасайды. Осы арқылы жазушының тілдік дүниесі мен таным дүниесі
айқын көрінеді. Суреткер өз шығармасында топонимдік атаулардың тілдік
табиғаты арқылы сол заманның шынайы болмысы мен тарихи бейнесін жасау
ерекшелігін көрсетеді. Шығармада Шыңғыс тауына қатысты көптеген мәдени-
тарихи, тілдік ақпараттар берілген, мысалы, Шыңғыс желі шаруаның досы,
қойдың құты, Шыңғыс, Қыдыр, Қызылшоқы, Борлы сияқты балақ таулары да,
адыр-қатпарлары да ауыл-ауылға толы еді деген мысалдардан Шыңғыс тауына
қатысты этнолингвистикалық, этимологиялық ақпараттардың үзіктерін аңғарсақ,
бір жағынан сол тұстағы тілдік ұжымның танымындағы Шыңғыс тауының
этноқұрылымға, оның шаруашылық мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігіне ерекше
әсері болғанын көрсетеді. Ұлттық мазмұнды білдіретін прецедентті атаулардың
ішінде қазақ лингвомәдени болмысына тән әулиелі жер аттарын, әулие
есімдерін білдіретін мұндай агионим, агиотопонимдер жиі кездеседі: Кіші
әулие немесе Әулиетас, Қоңыр әулие. Абай жолы романында берілген жер-су
атаулардың негізі Абай өскен ортамен, Семей өңірінің жер-су атауларымен
тығыз байланысты. Мысалы, Бұғылы, Ақшатау, Қырғыз шаты, Жәнібек, Тезектің
Қарашоқысы, Қазбала, Байқошқар, Шақпақтың жотасы, Жыланды, Көкен тауы,
Шұнай, Доғалаң, Орда, Семейтау, Қарауыл, Хан тауы, Көп-Сақау, Балта-Орақ,
Қандар, Қырық үйлі, Өртеңнің сарша биігінен Тезектің Қарашасы, Тоқымтыққан
Боқай т.б., сондай-ақ, Талдыбұлақтағы Ақылбай ауылы; Бақанас, Байқошқар –
бұл өңірдегі Тобықтының ең үлкен өзені; Бұл өлке кейде Бауыр деп
аталатын, кейде Байғабыл деп аталатын тұстастау қоңыр адыр болушы еді;
Бақанаспен қатар ағатын Жәнібек суы бар деген мәтіндердегі географиялық
атаулар сол кездегі ономастикалық кеңістіктегі ақиқат өмірде кездескен
нақты географиялық нысаналардың атауын суреттеген.
Абай жолы романында кездесетін жалқы есімдердің ішіндегі жиі
қолданылған онимдер кісі есімдері болса, сонымен бірге географиялық нысан
ретінде қала атауларының да қолданыс аясы кең, тарихи фактілерге
негізделген: Семей, Кереку, Қарқаралы, Омбы, Петербор, Москва т.б. Жалпы
көркем шығармада түрлі тілдік тәсілдердің көмегі арқылы автор дүниенің
эстетикалық бейнесін жасайды. Оны қабылдау жазушының жеке тілдік дүниесі
арқылы суреттеліп, тілдік қоғамдастықтың дүниетанымын түсінбей жүзеге
аспайтыны белгілі. М.Әуезов те Абай жолында көркем шығарманың эстетикалық
бейнесіне ерекше мән берген. Дегенмен, нақты тарихи кезеңді, сол тұстағы
болмысты нақты беруді басты назарда ұстаған. Жоғарыда келтірген қала
атауларымен қатар көше атауларын да шынай бере білген. Мұндай атаулар сол
уақыттағы өткен оқиғалар мен оның нақты себептері туралы құнды деректер
береді. Романдағы қала, көше атаулары бірнеше функцияда қолданылады,
бастысы – мекен-жайлық, яғни нақты деректік ақпарат. Сонымен қатар сол
тарихи кезеңдегі еліміздің қала кеңісітігі атаулары: Мир-Құрбан,
Колпаковский, Сельский, Гурде көшесі, Нарым, Сергиополь, Старо-кладбищен
көшелері, Розовая аллея, Ташкент аллейі, Никольский шіркеуі тіл, мәдениет
алуандылығын көрсетеді
Бұл жердегі жалқы есімдердің атауларынан сол кезеңдегі тілдік ұжымның
дүниетанымы мен болмысына тән тілдік, тілдік емес ақпараттарды алуға
болады. Сонымен қатар топонимдік атаулар өзіне қатысты ақпараттық блоктар
мен этимологиялық мәнге, функционалдық-стилистикалық ерекшеліктерге ие
болып табылады. Басты мәселе, әрбір топонимдік атаудың артында жабық емес,
ашық ақпараттық қор жинақталған. Ақпараттық қордың ашық болу себебі, кез
келген топонимге тән білімдер жүйесі екінші бір атауға қатысты аялық
білімдер жүйесімен жалғасып кете беруі де мүмкін. Осындай кешенді
ақпараттық қатарларды лингвистикалық тұрғыда зерттеу топонимдерге, тіпті
басқа да ономастикалық атауларға қатысты жүйелі білімдер жүйесін онимдік
концептілік құрылымда жаңғыртуға мүмкіндік береді. Ұлттың ең басты
материалдық, рухани қазынасы болып саналатын жері және дүниетанымы мен
әдет-ғұрыптарына т.б. қатысты сөздердің қатысымен жасалған атаулар ұлттық
топонимияның негізгі базасын құрайды және олар халықтың тұрмыс-тіршілігі
үшін ақпараттық қызметімен құнды.
2.2 М.Әуезовтің Абай жолы эпопеясындағы антропонимдік атаулардың
қолданылу ерекшеліктері. Көркем шығармаларда кездесетін ономастиконда мол
мәдени ақпаратқа ие, өзіндік уәжділігі мен шығу тарихы бар, шығарманың
құрамдас маңызды компоненті ретінде антропонимдердің атқарар қызметі зор.
Романда 700 жуық антропонимдер кездеседі. Олардың әрқайсысы дерлік мәдени
семантикаға бай, жасалу уәжділігі де әр алуан ұлттық лингвомәдени ақпаратты
жинақтаушы тілдік бірліктер. Шығармадағы антропонимдердің басым көпшілігі
ұлттық негіздегі қазақ есімдері: Әбдірахман, Барлас, Байкөкше, Сүйіндік,
Тәкежан, Бөжей, Ысқақ, Оспан, Кәкітай, Дәркембай,Мағаш, Көкбай, Базаралы,
Сүгір, Қамқа, Кеңгірбай, Шөже, Ізғұтты, Көгадай, Жангөбек, Наймантай,
Беріқара, Тымақ, Балпаң, Қиқым, Маңғаз, Шаянбай, Керімбала, Торымбапла,
Мамырқаз т.б. негізінен тарихи тұрғыдан таныс, өмірде ақиқат болған
тұлғалар. Сондай-ақ шығармада әлемдік прецедентті есімдер мен орыс
линговмәдениетіне тән антропонимдер едәуір орын алғандығын көреміз:
Аристотель, Сократ, Платон, А.Дюма, Робин Гуд, Фирдоуси, Карл Моор, Пушкин,
Лермонтов, Чернышевский, Толстой, Щедрин, Крылов, Белинский, Гоголь.
Сонымен қатар романның ономастикалық кеңістігінде Абайдың орыс достары мен
орыс азаматтарының тегі мен есімдері де кездеседі, мәселен, Кузьмич,
Лосовский, Михайлов, Афанасич, Казанцев, Девяткин, Маковецкий, Вадим,
Шодыр, Захар, Ванька, Мишка, Сергей, Фекла, Киприян, Силантий, Александр,
Домна т.б. Мынадай орыс әдебиетіндегі прецеденттік есімдер де бар:
Дубровский, Е.Онегин, Ленский, Троекуров т.б.
Абай жолы романының басты кейіпкері – Абай Құнанбаев. М.Әуезов
романның негізгі тиегі етіп Абайдың образын ала отырып, сол тұстағы ұлттық
болмысты, халықтың тарихын, мәдениетін, дүниетанымын кейіпкер өмірімен
тығыз байланысты бейнелейді. Шығармадағы Құнанбай бейнесі де сол тұстағы
рубасылары мен шонжарлардың арасындағы беделі биік, әмір мен бұйрық иесінің
символы ретінде танылады. Ал Шүкіманның Әйгерім атану себебінен
бағалауыштық сипат пен эстетикалық компоненттер арқылы қазақ халқының әйел
сұлулығының символы ретінде қалыптасып, прецеденттік есімге айналған,
екіншіден, антропонимдердің лингвомәдени ақпараттарды жинақтаушы тілдік
таңба екенін байқаймыз. Ал романдағы Ұлжан, Зере, Ділдә, Тоғжан есімдерінің
мазмұны мен этимологиялық сипатынан ұлттық таным мен мәдениеттің өзіндік
ерекшелігін айқын аңғартады және әрқайсысының қоғамдастықтағы орны, беделі,
қадір-қасиеті туралы нақты суреттеп, Абайдың эстетикалық таным деңгейіндегі
Тоғжанның бейнесі қазақ әйелінің ұлттық болмысына тән сыпайылық пен
әсемдікті бейнелеген.
Жалпы антропонимдерді лингвомәдени тұрғыдан қарастыру арқылы ұлттық
болмыстың тілдегі көрінісін, тіл фактілері мен халықтың танымдық, этика-
эстетикалық категорияларын, рухани мәдениетін тану, олардың қызметі мен
орнын анықтау деп түйіндеуге болады. Көркем шығармадағы кейіпкер есімдері
имплициттік ақпараттар көлемі жағынан айтарлықтай экспрессивті ақпараттық
құрал болып табылады. Әдеби кейіпкерді таңдау автордың еркінде, бірақ бұл
жерде субъективті фактор жоғары тұрады. И.Б. Ходыреваның пікірінше, автор
тарапынан жалқы есімдерді дәл таңдап, талғаммен қолдана білу мәтіннің
эмоционалды-экспрессивті мәнін ерекше [7.44 б.] айқындайды. Көркем мәтін
материал ретінде және ақпараттарды сақтау мен жеткізуші ретінде
коммуникативтік қызмет атқарады. М.Әуезовтің Абай жолы романы жалқы
есімдерге ерекше бай екендігі, әсіресе, ондағы антропонимдердің лексика-
семантикалық қызметі жоғары екендігі байқалады. Екіншіден, шығармадағы
антропонимикон екі жақты уәжділікті айқындайды: бірінші, өмірде болған,
тарихи уәжі бар кісі есімдері, екіншіден, аталмыш шығарманың мәтінімен
уәжділік ассоциативтік байланысы бар антропонимикалық жүйенің жасалуы.
Шығарманың басты кейіпкерлері көркем мәтінге ерекше нақыш беріп, авторлық
позицияны айқындауға мүмкіндік береді және шығарманың ономастикалық
кеңістігінің тарихи уәжділігіне айрықша қызмет етеді. Үшіншіден, роман-
эпопеядағы антропонимдер номинативтік, концептуалдық, эстетикалық,
стилистикалық, эмоционалдық - бағалауыштық қызметтерге ие. Төртіншіден,
қаламгердің басқа да көлемді шығармаларына қарағанда Абай жолы романының
антропонимиялық жүйесі, оның уәжділік байланысы мен қолданылу жиілігі,
тілдік бірліктердің коннотативтік мәнінің күрделі екендігін байқатады. 
2.3 М.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясындағы этноәлеуметтік
атаулардың лингвомәдени сипаты. Шығармадағы этноәлеуметтік мазмұндағы
атаулар ежелгі қазақ қауымының туыстық, генеалогиялық байланыс ұғымына
қатысты пайда болып, ол халықтың санасында, дүниетанымы мен рухани
мәдениетінде кең көрініс тауып, тілдік бірліктер арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз байлығының толығу арнасы - сол тілдің сөзжасау жүйесі
Қазақ дүниетанымының ономастикалық концептілердің дүниенің тілдік бейнесінің этномәдени ерекшеліктерін айқындау
Абай жолы шығармасы тілінің лексикологиялық ерекшелігі
Қазақ антропонимдерін зерттеудегі тіл мен мәдениет сабақтастығы
Қазақ тіл біліміндегі қазіргі когнитивті парадигмала
Қазақ тіліндегі жалқы есімдер
Тарихи ономастикалық кеңістік (Х-ХІV ғғ. түркі жазба ескерткіштері негізінде)
Көркем мәтіндегі жалқы есімдердің семантизациясы
Қазақ тіліндегі антропонимдердің тарихи-этномәдени тұрғыдан қарастырылуы
Рабғұзидің Адам ата - Хауа ана қиссасындағы ономастикалық атаулар
Пәндер