Лао Шэ



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3 . 9

Негізгі бөлім

I тарау. Лао Шэ және Уақыт

1.1. Лао Шэ шығармашылығының алғашқы кезеңі ... ... ... ... ... ... . 10 . 23

1.2. Соғыс жылдарында жазылған шығармалары ... ... ... ... ... ... ... . 24 .28

1.3. ҚХР құрылған кейінгі шығармаларына шолу ... ... ... ... ... ... ... 29 .33

II тарау. Лао Шэ шығармаларындағы реализм

2.1. «Бір жанұяның төрт ұрпағы» романдағы өмір шындығы ... ... 34 . 44

2.2. «Арбакеш» романындағы реализм көріністері ... ... ... ... ... ... ... 45 . 53

Қорытынды бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 54 . 56

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...57 .58
Кіріспе

Қай халық болмасын, оның ең маңыздысы ескерткіші – ұлттық мәдениеті, тарихы мен әдебиеті болып саналады. Қытай халқының да сонау көне дәуірден бастау алатын бай әдебиеті өзінің ұзақ жылдар бойғы дамуы барысында үлкен табыстарға жетті, сонымен қоса күреске толы қилы кезеңдерді басынан кешірді, ол қазіргі таңда өсіп - өркендеген, пісіп – жетілген бай мұраға толы әдебиеттер қатарында. Оның өзіне тән керемет ұлттық болмыс-бітімі; халықтық қадір қасиеті бар екені даусыз. Оған қытай әдебиеті тарихындағы әлемге әйгілі озық туындылар дәлел бола алады.
Көне және орта дәуірлердегі қоспағанда, қазіргі заманғы қытай әдебиетніңі өзі, қытай әдебиет шеберлерінің гуманизм, реализм мен патриотизмнің өмірсүйгіштік идеяларымен рухтанған шығармаларға толы Қытай халқының баға жетпес асыл мұрасы, ұлттық құндылығы деп айтуға болады.
Қытай әдебиетіне тән өзіндік бір ерекшілік, оның дамуындағы дәстүрді жалғастырып отыру. Бұдан елдегі әдеби білім беру жүйесінің де ықпалы зор болғаны анық, яғни оқу – білім қуушылар мен әдебиет саласымен айналушыларға қытай әдебиетінің негізгі ескерткіштерін білу міндетті болған. Сондықтан да болар, қытайдың қазіргі заман әдебиеті көне классикалық әдебиетінің алдыңғы қатарлы дәстүрін жалғастыру негізінде дамып отырды. Ал алдыңғы қатарлы қытай классикалық әдебиетіне әрқашанда гуманизм, патриотизм, реализм рухы мен көркем шебрлік тән екені белгілі.
Қытай әдебиетінің қалыптасуы мен дамуында, үздіксіз толығып, байып отырған қытай тілінің де маңызы өте зор болған. Поэтикалық, философиялық көркем шығармалар мен драмалық шығармалардың жасампаздары, ұлы сөз шеберлері болып танылатын Мыңзы, Жуаңзы, Куңзы, Цюй Юань, Сыма Цен, Тао Юан Мин, Хан Юй, Ли Бо, Ду Фу, Бо Цзюй, Ваң Шуфу, Ши найан, Ло Гуанжун тағы басқалар қана қоймай, ХХ ғасырда өмір сүрген Лу Син, Го Можо, Мао Дун, Лао Шэ сияқты қазіргі заман әдебиетшілерінің шығармашылықтары үшін мықты негіз салып берді. Бұлар өздерінің көркем шығармаларында қытай жеріндегі тарихи оқиғалар мен қайтақұрулардың еңбек адамдарына тән нағыз адамзаттық шынайы игілікті көрсетуге тырысты. Сондықтан да олардың қаламынан туындаған әңгімелер, романдар мен пьесалар оқырмандардың назарын шұғыл өзіне аударып, халықтың қолдануына ие болды.
Ал енді осы қазіргі заманғы қытай әдебиетіндегі ұстанған негізгі бағыттарға келер болсақ, ол – реализм мен романтизм бағыттары болды. 1921 жылы Пекин қаласында реалистік бағыттағы әдеби топ “Әдебиет оқу қоғамы” құрылды, оның басшысы болып жазушы Мао Дун тағайындалды. Бұл қоғамның ұраны “өмір үшін өнер” болса, мақсаты “қан мен жастың әдебиеті” болды. /1/
Жалпы реализм бағыты тек қытайлардың қазіргі заман әдебиетіне тән деп айтсақ артық кетеміз. Өйткені жоғарыда айтып өткеніміздей, реализм сонау классикалық әдебиет дәстүрі бойынша жалғасып, дамып, қазіргі заманғы қытай жазушыларының шығармаларынан орын тебеді. Бұл бағыттың қытай әдебиеті тарихындағы алатын орны ерекше, өйткені реализм – жемісті, мәнерлі, бейнелі әрі жоғарғы көркемдікті талап ететін бағыт. Ол қытайдың небір ұлы жазушыларының шығармаларында із қалдырған.
Реализмнің қайнар көзі ежелгі аңыз - әңгімелер мен қиял ғажайып ертегілерден бастау алып, одан адам өмірінің, оның еңбегі мен күресінің шынайы бейнесі, сәулесі көрініп тұрады. Түп төркінінде мифолгиялық ұғым жатса да, тасқа салынған кескіндерде, антикалық өнерде, халық ауыз әдебиеттерінде, орта ғасырлардағы діни өнерде де барлығында өлір шындығы бар. Модернизмнің шектен тыс біржақты субъективті өнерінің өзі де болмыстың көрінісі болып табылады. Ақиқатты бұрмалап көрсетпек болған кез келген шығарма немесе өнер құбылысының өзінен зерттеушілер объективті өлір тамырын тап басып таба алады. Сонымен бірге, егер суретшіні алсақ, оның қиялы ақиқат пен болмыстан қаншама қашық жатыр десек те, ол жасалған образдар қияли бола тұра, бәрібір өмірде бар жанды – жансыз затты еске саларлықтай пішін – бітім тауып отырады. Сөйтіп, суретші қиялының өзі түптеп келгенде, адамның тіршілік тәжірбиесіне арқа сүйеді, оның тұрмыс болмысынан шығып ешқайда кете алмайды. Демек, қиялдың негізінде де барлық уақытта шындық жатса, мұның өзі кез-келген көркем шығарманың шыншындығы туралы сөз қозғауға мүмкіндік береді. Сондықтан егер жазушы қаламынан шындықтың лебі есіп тұрса, ол туралы неге сөз қозғамасқа!!
Реализм – суреткердің болмысты шындылықтыңпен, өмір ақиқатын көркемдікпен танудан, болмыстың объективті заңдылықтарына бойлай аларлық бейнелеу әдісін меңгеруден көрінеді. Реализмнің негңізгі мақсаты – адамның ойдан шығарылған емес, керісінше, нақты өмірдің қилы – қилы сыр сипатының заңдылықтарын түсінуге ұмтылудан туған. Яғни, қоғамдық дамудың бағытын, сондай-ақ адамның табиғаты мен оның қоршаған өмірмен нақты байланыстарын білуге ұмтылу. Реализмнің түп қазығы – нақты тарихи қоғамдық орта мен оның жемісі. /2/
Өз шығармаларына реализмді арқау еткен қытай көрнекті жазушысы Лао Шэның қазіргі замен қытай әдебиетінде алатын орны ерекше. Ол табиғат сыйлаған парасат – пайымының, талантының арқасында өзі өмір сүріп отырған қоғамды, елдің тынысын өнердің биік шыңына көтере отырып бейнелеп бере алды. Лао Шэ өзіне дейінгі ұлы сөз шеберлерінің құндылықтарынан нәр ала отырып, оны әрі қарай өзінше өрнектеп жалғастырды. Отан тағдырын терең сезіне алатын, көзі ашық, көкірегі олу, ой-санасы азат жазушының шығармаларындағы реализм көріністерінің әдебиетте әрқашан шоқтығы биік тұратыны сөзсіз.
пайдаланған әдебиеттер

1.Федаренко Н.Т, “О творчестве Лао Шэ”, журнал “Современная востоковедение” 1955г №5 111-120 беттер.
2.Реализм : жанр , стиль. Фрунзе . КГУ 1990 12 бет.
3.Эйдлин Л.З “ О китайской литературе наших дней” М., 1955 109 бет
4. 53-57 бет
5.А.А Антиповский. “ Раннее творчество Лао Шэ . Темы, герои, образы. М., Наука 1967 г. 12 бет
6.Бұл да сонда. 23-24 беттер
7.Бұл да сонда. 27 бет.
8.Лао Шэ. Избранное произведение. Перевод с китайского /Лао Шэ : [Составитель Б. Рождественский - Мычановой] М., Художественная литература . 1991г 141 бет.
9.Бұл да сонда. 150-152 беттер
10. 147 бетте
11.Бұл да сонда. 133 бет.
12. 255-257 бетте
13. 165 бетте
14.Бұл да сонда. 133-135 бетте
15. 264 бетте
16.О.П .Болотина . Лао Шэ : Творчество военных лет , 1937-1949 гг М., Наука 1983г. 98 бет.
17.Бұл да сонда. 127 бет.
18.Бұл да сонда. 148-150 беттер.
19. 351 бетте
20. 264 бетте
21.Бұл да сонда. 271 бет.
22. 108-110 бетте

23. 271 бетте
24. О.П Болотина . Лао Шэ : Творчество в.л.
25.Бұл да сонда.
26.Лао Шэ Избранное произведение . М., “ Художественная литература” 1991 г. 245 бет.
27. Бұл да сонда. 157 бетте
28. 239
29. 31
30. 155
31.Бұл да сонда. 157
32.
33. Бұл да сонда.
34. Бұл да сонда.
35.Бұл да сонда.
36.
37.Л.Ш “ Рикша” М., 1956 г.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
Диплом жұмысы

″Лао Шэ″

Орындаған:

Жетекші:

Пікір жазушы:

″Қорғауға жіберілді″

″____″ ___________ .

_____________

Алматы, 2004

Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. 3 - 9

Негізгі бөлім

I тарау. Лао Шэ және Уақыт

1.1. Лао Шэ шығармашылығының алғашқы кезеңі ... ... ... ... ... ... . 10 -
23

1.2. Соғыс жылдарында жазылған шығармалары ... ... ... ... ... ... ... . 24
–28

1.3. ҚХР құрылған кейінгі шығармаларына шолу ... ... ... ... ... ... ... 29
-33

II тарау. Лао Шэ шығармаларындағы реализм

2.1. Бір жанұяның төрт ұрпағы романдағы өмір шындығы ... ... 34 – 44

2.2. Арбакеш романындағы реализм көріністері ... ... ... ... ... ... ...
45 - 53

Қорытынды
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 54 - 56

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57 -58

Кіріспе

Қай халық болмасын, оның ең маңыздысы ескерткіші – ұлттық мәдениеті,
тарихы мен әдебиеті болып саналады. Қытай халқының да сонау көне дәуірден
бастау алатын бай әдебиеті өзінің ұзақ жылдар бойғы дамуы барысында үлкен
табыстарға жетті, сонымен қоса күреске толы қилы кезеңдерді басынан
кешірді, ол қазіргі таңда өсіп - өркендеген, пісіп – жетілген бай мұраға
толы әдебиеттер қатарында. Оның өзіне тән керемет ұлттық болмыс-бітімі;
халықтық қадір қасиеті бар екені даусыз. Оған қытай әдебиеті тарихындағы
әлемге әйгілі озық туындылар дәлел бола алады.
Көне және орта дәуірлердегі қоспағанда, қазіргі заманғы қытай
әдебиетніңі өзі, қытай әдебиет шеберлерінің гуманизм, реализм мен
патриотизмнің өмірсүйгіштік идеяларымен рухтанған шығармаларға толы Қытай
халқының баға жетпес асыл мұрасы, ұлттық құндылығы деп айтуға болады.
Қытай әдебиетіне тән өзіндік бір ерекшілік, оның дамуындағы дәстүрді
жалғастырып отыру. Бұдан елдегі әдеби білім беру жүйесінің де ықпалы зор
болғаны анық, яғни оқу – білім қуушылар мен әдебиет саласымен айналушыларға
қытай әдебиетінің негізгі ескерткіштерін білу міндетті болған. Сондықтан да
болар, қытайдың қазіргі заман әдебиеті көне классикалық әдебиетінің алдыңғы
қатарлы дәстүрін жалғастыру негізінде дамып отырды. Ал алдыңғы қатарлы
қытай классикалық әдебиетіне әрқашанда гуманизм, патриотизм, реализм рухы
мен көркем шебрлік тән екені белгілі.
Қытай әдебиетінің қалыптасуы мен дамуында, үздіксіз толығып, байып
отырған қытай тілінің де маңызы өте зор болған. Поэтикалық, философиялық
көркем шығармалар мен драмалық шығармалардың жасампаздары, ұлы сөз
шеберлері болып танылатын Мыңзы, Жуаңзы, Куңзы, Цюй Юань, Сыма Цен, Тао Юан
Мин, Хан Юй, Ли Бо, Ду Фу, Бо Цзюй, Ваң Шуфу, Ши найан, Ло Гуанжун тағы
басқалар қана қоймай, ХХ ғасырда өмір сүрген Лу Син, Го Можо, Мао Дун, Лао
Шэ сияқты қазіргі заман әдебиетшілерінің шығармашылықтары үшін мықты негіз
салып берді. Бұлар өздерінің көркем шығармаларында қытай жеріндегі тарихи
оқиғалар мен қайтақұрулардың еңбек адамдарына тән нағыз адамзаттық шынайы
игілікті көрсетуге тырысты. Сондықтан да олардың қаламынан туындаған
әңгімелер, романдар мен пьесалар оқырмандардың назарын шұғыл өзіне аударып,
халықтың қолдануына ие болды.
Ал енді осы қазіргі заманғы қытай әдебиетіндегі ұстанған негізгі
бағыттарға келер болсақ, ол – реализм мен романтизм бағыттары болды. 1921
жылы Пекин қаласында реалистік бағыттағы әдеби топ “Әдебиет оқу қоғамы”
құрылды, оның басшысы болып жазушы Мао Дун тағайындалды. Бұл қоғамның ұраны
“өмір үшін өнер” болса, мақсаты “қан мен жастың әдебиеті” болды. 1
Жалпы реализм бағыты тек қытайлардың қазіргі заман әдебиетіне тән
деп айтсақ артық кетеміз. Өйткені жоғарыда айтып өткеніміздей, реализм
сонау классикалық әдебиет дәстүрі бойынша жалғасып, дамып, қазіргі заманғы
қытай жазушыларының шығармаларынан орын тебеді. Бұл бағыттың қытай әдебиеті
тарихындағы алатын орны ерекше, өйткені реализм – жемісті, мәнерлі, бейнелі
әрі жоғарғы көркемдікті талап ететін бағыт. Ол қытайдың небір ұлы
жазушыларының шығармаларында із қалдырған.
Реализмнің қайнар көзі ежелгі аңыз - әңгімелер мен қиял ғажайып
ертегілерден бастау алып, одан адам өмірінің, оның еңбегі мен күресінің
шынайы бейнесі, сәулесі көрініп тұрады. Түп төркінінде мифолгиялық ұғым
жатса да, тасқа салынған кескіндерде, антикалық өнерде, халық ауыз
әдебиеттерінде, орта ғасырлардағы діни өнерде де барлығында өлір шындығы
бар. Модернизмнің шектен тыс біржақты субъективті өнерінің өзі де болмыстың
көрінісі болып табылады. Ақиқатты бұрмалап көрсетпек болған кез келген
шығарма немесе өнер құбылысының өзінен зерттеушілер объективті өлір
тамырын тап басып таба алады. Сонымен бірге, егер суретшіні алсақ, оның
қиялы ақиқат пен болмыстан қаншама қашық жатыр десек те, ол жасалған
образдар қияли бола тұра, бәрібір өмірде бар жанды – жансыз затты еске
саларлықтай пішін – бітім тауып отырады. Сөйтіп, суретші қиялының өзі
түптеп келгенде, адамның тіршілік тәжірбиесіне арқа сүйеді, оның тұрмыс
болмысынан шығып ешқайда кете алмайды. Демек, қиялдың негізінде де барлық
уақытта шындық жатса, мұның өзі кез-келген көркем шығарманың шыншындығы
туралы сөз қозғауға мүмкіндік береді. Сондықтан егер жазушы қаламынан
шындықтың лебі есіп тұрса, ол туралы неге сөз қозғамасқа!!
Реализм – суреткердің болмысты шындылықтыңпен, өмір ақиқатын
көркемдікпен танудан, болмыстың объективті заңдылықтарына бойлай аларлық
бейнелеу әдісін меңгеруден көрінеді. Реализмнің негңізгі мақсаты – адамның
ойдан шығарылған емес, керісінше, нақты өмірдің қилы – қилы сыр сипатының
заңдылықтарын түсінуге ұмтылудан туған. Яғни, қоғамдық дамудың бағытын,
сондай-ақ адамның табиғаты мен оның қоршаған өмірмен нақты байланыстарын
білуге ұмтылу. Реализмнің түп қазығы – нақты тарихи қоғамдық орта мен оның
жемісі. 2
Өз шығармаларына реализмді арқау еткен қытай көрнекті жазушысы Лао
Шэның қазіргі замен қытай әдебиетінде алатын орны ерекше. Ол табиғат
сыйлаған парасат – пайымының, талантының арқасында өзі өмір сүріп отырған
қоғамды, елдің тынысын өнердің биік шыңына көтере отырып бейнелеп бере
алды. Лао Шэ өзіне дейінгі ұлы сөз шеберлерінің құндылықтарынан нәр ала
отырып, оны әрі қарай өзінше өрнектеп жалғастырды. Отан тағдырын терең
сезіне алатын, көзі ашық, көкірегі олу, ой-санасы азат жазушының
шығармаларындағы реализм көріністерінің әдебиетте әрқашан шоқтығы биік
тұратыны сөзсіз.
Лао Шэ шығармалары әлемнің біреше тілдеріне аударылып, “Арбакеш”
сияқты көрнекті романдары бойынша көркем фильмдер де түсірілген. Ал оның
шығармаларшылығын тек қытай әдебиетшілері ғана емес, орсытың әдебиеттанушы
ғалымдары А.А. Антиповский, Н.Т. Федоренко, Л.З. Эйдлин, И. Баранов, О.П.
Болатина, А. Тишков, В.Ф. Сорокон, Чехословакие ғалымы З. Слупский, француз
синолыгы П. Бади, американ әдебиеттанушылары С.П. Ся, С. Берч, жапон
ғалымдары Сибагаки Еситаро, Окуно Синтаро, Имамура Есио т.б. зерттеді.
Бұлардың ішінде Лао Шэ шығармашылығын жеке-жеке кезеңдерге бөліп, белгілі
бір кезеңін алып зерттегендердері, оның идеялық бағыты мен шығармашылық
үлгісін, дүниетанымдық эволюциясы мен көркемдік әдістерін қарастырғандары
бар. Ал өз елінде жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеген Юе
Дайон, Шу И, Цзи Жочэн, Ваң И, Ху Цзинцюан секілді әдебиетшілер еңбектері
кең танымал. Олар отандас – жазушыларының жемісті шығармашылық жолымен,
жеке көркемдік тұлғасымен таныстыра отырып, көптеген мәліметтер береді.
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің шығысында орналасқан ұлы көршіміз
Қытаймен қарым – қатынас ұлттық тарихымыздың ұзына бойында ертеректен бері-
ақ қалыптасқан. Ежелгі байланыс тәсілдерінің бірі Ұлы Жібек жолы еді. Ол
тұрақты дипломатиялық және сауда - саттық қарым – қатынаспен материалдық
ауыс – түйіспен ғана шектеліп қоймай мәдени байланыстар мен идеялар
алмасуда да маңызды қызмет атқарған. Ал Қазақстан үшін осынау болашығы зор,
экономикасын қарышты қадаммен дамытып келе жатқан мемлекетпен қарым –
қатынас орнату айрықша маңызға ие. Алайда Қытай біздің еліміз үшін әдебиет
саласына қарағанда, саяси – экономикалық серіктес ретінде кеңінен танымал.
Осы іргелес жатқан көршімізбен қаншама қоян – қолттық араласып жатсақ та,
қытай әдебиетінің қазақ тілінде зерттелгені жоқтық қасы деуге болады.Еліміз
тәуелсіздік алғанға дейін қытай әдебиеті бойынша тек орыс пен батыстың
тілші ғалымдарының еңбектері арқылы ғана хабардар болып келдік. Кейінгі
кезде өзіміздің жас ғалымдарымыз да Қытайды Қазақстан үшін жаңа қырларын
ашып. Еліміздің ғылым қазынасын байыта түсуде.
ХХ ғасыр басқа елдер сияқты Қытай халқына да түбірлі өзгерістер алып
келді. Әлемдегі алпауыт импералист мемлекеттерінің Қытайға шабуылы –
Қытайды жартылай феодалды, жартылай отарлы елге айналдырған болатын. Осыдан
кейін имперализм мен қытай елі, феодализм мен халық бұқарасы арасындағы
қарама – қайшылық шиелінісіне түседі. Елде Сянхай төңкерісі сияқты үлкенді
– кішілі ұлт – азаттық күрестер толассыз жалғасып отырды.
“4 мамыр” жаңа мәдениет саласыа өз ықпалын тигізіп қана қоймай, күн
өткен сайын дамып. Жаңа мәдениет қозғалысының теориялық негізіне айналды.
Бұл саяси төңкерістермен қатар әдебиет төңкерісі де жүріп жатты. Бұл әдеби
төңкеріс әдебиетінің мазмұны мен формасы төңірегіндегі реформаны қамтып
жатқанмен, іс жүзінде бұл реформа феодализмге қарсы идеялық төңкерістің
әдебиет саласындағы бейнесі еді. Оның өрлеуі қытай әдебиеті дамуының
ауқымын кеңейтіп, шетел әдебиетінің тәжірбиесінен үлгі алуға мүмкіндік
берді.
30- шы жылдары жапондықтардың Қытайды басып алу қадамдары басталған
тұста. Жапон басқыншыларына қарсы тұру бүкіл елдің міндетіне айналды.
Сөйтіп жапон басқыншылары қытайды басып алу соғысын бастағаннан, ең соңында
қытай жерінде тізе бүкенге дейінгі он жылға таяу уақыт ішінде жалпы қытай
әдебиетіндегі негізгі тақырып – жапон басқыншыларына қарсы тұру, тойтарыс
беру болды. Сондықтан да қазіргі заманғы қытай әдебиеті тарихында “Жапонға
қарсы әдебиет” деген термин бар. 3
Әдебиет қоғамдық идеологияның және жалпы мәдениеттің маңызды саласы
ретінде сол дәуірдегі қытай қоғамындағы өзгерістерді бейнелеуге міндетті.
Бұл тарихи кезеңде федалдық әдебиетпен қатар, отаршылдыққа қарсы тұруды,
феодалдық бұғудан құтылуды негізгі мақсат, мазмұн еткен әдебиет дүниеге
келді. Ол тек қана сол кезеңдегі саяси күрес үшін ғана қызмет еткен жоқ,
сонымен қатар белгілі бір деңгейде Имперализм мен феодализмге қарсы ұрандар
көтеріп ұрандар көтеріп, әдебиеттің бұрынғы үлгілерін жаңалау, жаңаша әдеби
тіл қалыптастыру, әңгіме мен драмматургия салаларын дамыту сиқты идеалардың
тууына қолайлы жағдай жасап берді: Осы тұстағы қытай әдебиеті талай тар жол
тайғақ кешулерден өтіп, саяси – идеялық қайшылықтарды басынан өткере
отырып, едәуір табыстарға қол жеткізді. Бұл кезеңде көптеген ақын жазушылар
өздерін жаңа қырынан танытып тарих сахнасына шықты. Солардың бірі талантты
жазушы – Лао Шэ болатын.
Біз осы диплом жұмысымызда Лао Шэның шығармаларындағы реализм
мәселесін қарастыруды қолға алдық. Өйткені бұл тақырып бұрын – соңды қазақ
тілінде зерттелмеген. Сондықтан қазақ оқырмандарын беймәлім болып келген
Лао Шэ шығармаларымен таныстырып, ондағы реализмнің мәнін ашу өте маңызды.
Бұл қазақ қытайтанушылары мен қытай әдебиетіне қызығушылар үшін
пайдасы зор деп білеміз.
Диплом жұмысының мақсаты – Қытайдың қазіргі заман әдебиетін биік
белеске көтеріп, халықтың ой-санасын оятуға, өсіруге белсенді де өшпес үлес
қосқан жазушы Лао Шэның шығармалаырмен таныстыру және ондағы реализм
мәселесінің сырын ашып көрсету, талдау жасау; жазушы идеяларын сол кезеңнің
тарихи - әлеуметтік жағдайымен байланыстыра қарастыру. Сонымен қатар, Лао
Шэ өзі жазып отырған қоғамның ақиқатын қаншалықты танып, бейнелей білді
деген мәселелер төңірегінде оның кейбір маңызды шығармаларын ала отырып,
талдау жасау – тағы бір мақсаты болып табылады.
Диплом жұмысының міндеті.
1. Қолда бар әдебиеттер мен дерек көздері дұрыс пайдалана
отырып, оқырмандардың Лао Шэ туралы танымын кеңейту;
2. Лао Шэ шығармашылығының жалпы кезеңдерінг және сол
кезеңдегі қытай қоғамы жайлы мәліметтер беру, талдау жасау;
3. Оқырманның реализм туралы түсінігін тереңдету;
4. Лао Шэның нақты бірнеше шығармаларын жеке жеке алып, ондағы
көтерілген мәселелердің реализммен байналыстылығын
қарастырып, шындық өмір көріністеріне талдау;

Диплом жұмысының практикалық құндылығы. Бұл диплом жұмысын Шығыстану
факультетінде өтетін “Қытай әдебиеті” пәні дәрістер мен “Шығыс әдебиетіне
кіріспе” курсы лекцияларында пайдалануға болады.
Зерттеу әдісі. Лао Шэ шығармаларындағы реализмнің мәнін ашуда орыс және
қытай әдебиетшілерінің еңбектерімен қоса, Лао Шэның қытай тіліндегі
естеліктер эссе түріндегі шығармаларын, аудару әдісі қолданылды.
Зерттеу материалдары..
Орыс әдебиеттанушы ғалымдары А.А. Антиповский, О,П, Болатина, Н.Т.
Федоренко; Л.З. Эйдлин, И.Г. Барановтың, қытай тіліндегі материалдардан

т.б. еңбектер қолданылды.
Диплом жұмысының құрылысы.
Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлім, қорытынды мен пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім басты екі тарауға бөлінген.

I тарау. Лао Шэ және Уақыт
I.I. Лао Шэ шығармашылығының алғашқы кезеңі

XIXғ. ғасырдың аяғында Қытай Батыс империалистері тас-талқанынын
шығарып жатқан бағынышты елге айналды. Батыс империалистеріне капиталистік
Жапонияда қосылды, 1895 жылы Қытайдан Тайвань аралын күшпен тартып алды.
Мемлекеттің басқарушы билігінің қабілетсіздігі мен әлсіздігі елдің
тәуелсіздігін сақтап қалуға кепілдік бермеді. Елде реформаторлар мен
революциялық демократтарға қарсы үшінші бағыт, азат ету үшін күрескен халық
тобы құрылды, бұқаралық жаппай көтерілістер орын алды. Ең ірі
көтерілістердің бірі, 1889 жылы ″Ихэтуань″ қоғамының мүшелерінің көтерген
көтерілісі болды. Бұл көтерілісті 1900 жылы сегіз империалистік державалар
әскерлері қатігездікпен басып тастады. Әсіресе, Пекин қаласында адам
төзгісіз қанды жазалар қолданылды. Осындай сұрапыл қиын кезеңде, дәлірек
айтқанда 1899 жылдың 8 ақпан айында Пекин қаласының тар көшелерінің бірінде
тұратын маньчжур әскери семьясында ұл бала дүниеге келеді. Бұл сол Қытайдың
жаңа заманғы ең ірі жазушыларының бірі- Лао Шэ еді. Лао Шэ шығармалы тек өз
Отаны аумағында ғана емес, одан да тыс жерлерде өз оқырмандарын тапты. Оның
шығармалары әлемнің түрлі тілдеріне: ағылшын, жапон, орыс, итальян т.б.
тілдеріне аударылды. Лао Шэ шығармалары қытай мәдениетінің ұлттық дәстүрін
сіңіре отырып, оқырмандарын өткір сатирасымен, жұмсақ юморымен өзіне
тартады.
Жазушының балалық шағы мен жастық шағы ағартушылық идеялар Қытай
жастарының санасына үлкен әсер етіп жатқанда өтті. Халық осы кезеңде
ғасырлық ұйқыдан көзін ашып, феодализм мен империализмге қарсы күресуге аяқ
басқан болатын. Империалистердің Қытайда қолданған ″өркениет әдістері″ өте
қатал болды, сондықтан халық арасында шетелдік басқыншыларға деген
өшпенілік пайда болды. Анамның айтуынша, ″теңіздің арғы жағынан келген
солдаттар өзі айтқан ертегілеріндегі жын-шайтандардан да қорқынышты әрі
қатыгез. Оның үстіне ертегінің аты ертегі, ал анамның маған айтқандары тек
шындық болатын және оның барлығы менің жүрегімде қалды ″ деп жазады.4 Бұл
сөздер Лао Шэ жанұясының басынан өткізген драманың бір шетін ашып көрсетеді
және оның анасының елдегі европалық ″өркениет құрушылардың″ жасаған заңсыз
әрекеттері мен сұмдық көріністерін толық әрі көркем суреттей білген керемет
қабілетін көрсетеді. Сауатсыз, әрі ерінен айырылып жәбір көрген бейшара
әйел өз баласына түскен бақытсыздық арқылы суреттеген. Лао Шэның анасы
туралы естелік әңгімелері ″Кәрі өгіз, сынған арба″ жинағына енген. Онда
жазушы анасының басына түскен қиыншылыққа, қайғы-қасірет, кедейшілікке
қарамастан, балаларын қиындыққа төзуге, шындықты парасаттылықпен бағалай
білуге үйреткенін еске алады.
Жеті жасынан бастап, Лао Шэ ескі қытайдың конфуцишілдік дәстүрі
рухында тәрбиелейтін жеке мектепте оқиды. Бұл мектепті бітірген соң, оның
білім алуды жалғастыруға мүмкіндігі болмағандықтан, оқушылар тегін білім
алатын мұғалімдік семинарияға оқуға түседі. Семинариядағы жастардың
әдебиетке деген қызығушылықтары терең болды, әсіресе Лао Шэ Қытай
классиктерінің шығармаларын асқан құштарлықпен оқыды, тіпті шағын өлеңдер
″венянь тілінде проза жазып көрді. Бірақ әдебиетпен шұғылдануды ол бұл
кезеңде бастаған жоқ, оны өте жауапты іс деп қарады.
Лао Шэ өзінің ең алғашқы әңгімесін Нанкай орта мектебінде қытай
тілінен дәріс беріп жүргенде жазды. Ол әңгіме бір мектептің әдеби
журналында басылады, бірақ ол аяқталмаған тек жазушы сөздерінен ғана
белгілі. Ал, көркем шығармашылыққа Лао Шэ 1924 жылы Англияда кіріскен.
Англияда ол Лондон университетінің Шығыстану институтында қытай тілінен
дәріс берген. Ағылшын тілін меңгеру Лао Шэ-ға ағылшын әдебиетімен танысуға
мүмкіндік береді. Диккенс, Тенкерей, Свифт оның сүйікті жазушыларына
айналды.
Капиталистік қатынастар барынша дамыған Англияда тұрып, Лао Шэ бұл
қоғамға зер сала отырып, Қытайдағы XIXғ. соңында басталған тарихи
өзгерістерге басқаша көзқарас таныта бастады. Отанына деген сүйіспеншілік,
отандастарына деген жанашырлық сезім оған өз ойын қағазға түсіруге
көмектесті. Осылайша, Лао Шэ өз шығармашылығын Лондонда бастап кетті. Оынң
алғашқы романдары ″Чжан философиясы″, ″Чжао Цзы юэ″ және ″Ма есімділер″.
Бұл үш романды орыс ғалымдары Лао Шэның Лондондық шығармашылық кезеңі деп
бөледі. 5
Лао Шэ шығармашылық жолындағы алғашқы еңбектеріне аса
жауапкершілікпен қарады және бұл үш романына ортақ нәрсе, жазушы Қытайдағы
буржуазиялық қатынастардың мәнін жан-жақты ашуға тырысқан.
Ең алғашқы тырнақ алды туындысы ″Чжан философиясы″ романын 1925 жылы
жазды. Лао Шэ бұл романында өмірді қандай болса дәл сол қалпында, ешқандай
да сыртқы бояу қоспай шынайы келбетін суреттейді. ″Чжан философиясы″
романының ең негізгі тақырыбы- ақша мәселесі және оның экономикаға, саясат
пен адамзаттың рухани әлеміне әсері. Романдағы оқиға Пекин қаласының
шетіндегі Эрланчжи ауылында өрбиді. Бас кейіпкер- Лао Чжан, офицер, көпес,
жастардың ″рухани тәлімгері″. Романдағы әңгімелер Лао Чжанның өмірлік
философиясын, моральдық принциптерін ашуға бағытталады. Ал, оның
философиясы- дін, ямында қызмет ету. Лао Чжан үшін ешқандай да заң жоқ деп
есептеледі және барлық азаматтық, моральдық нормаларды таптайды. Ол үшін
ешбір нәрсе қасиетті емес, тіпті дін де ол үшін пайдакүнемдік мақсаттарына
жету құралына айналады. Ең қызықтысы, Лао Шэ Лао Чжан сияқты Қытай
буржуазиялық өкілдерінің діни догмаларды пайдалана отырып, адамзатқа тән
адалдық пен тазалыққа дақ түсіргенін ашып көрсете білді. Лао Чжан образынан
буржуазия өкілі үшін ақша- ең жоғарғы ұлттық борыштың теңеуі болғаны және
XIXғ.соңы мен XXғ. басындағы Қытайдағы қоғамдық дамудың қиындығы көрініс
береді.
20-шы жылдары ағартушы гуманистердің көтерген ең маңызды
мәселелерінің бірі- әйел мәселесі болды. Лао Шэ да бұл мәселеге соқпай
қоймады. Оның басына түскен қатал тағдырды көрсеткенін аңғарамыз. Ол
жартылай феодалды, жартылый отарлы Қытайда әйел жағдайы саңылаусыз қара
түнек екенін, одан шығудың бір ғана жолы тек өлім болғанын жеткізеді. ″Чжан
философиясындағы″ Лао Чжан, Лань Сяо Шань секілді буржуазия өкілдері үшін
әйел тек сату, сатып алу затына айналады.
Феодалдық қоғамда әйел төменгі сатыдағы жаратылыс иесі болып
саналады. Қыз баланың дүниеге келуін, ата-анасы көк тәңірінің оларға жазасы
деп қабылдаған. Ал, буржуазиялық қоғамда феодалдық сарқыншақтар мен
көзқарастардың жаңа қоғамдық әйел рөлі турала пікірмен ұштасуы, оны
бұрынғыдан да қиын жағдайға әкелді. Әйел қандай тапқа жатпасын, барлық
жерде онымен ешкім санаспады, оларды толық құқылы адамзат ретінде ешкім
мойындамады. Қытай әйелдерінің қайғылы, табаланған және өз шығармаларында
осы ащы шындықтың бетін ашып отырған.
″Чжан философиясы″ романын жазу барысында, әрбір қадамды жазушы басты
кейіпкер Лао Чжанмен ілесіп отырады, оның рухани азғындауын буржуазиялық
жаңа таптың ақыл-білімінің шектеулі надандығын көрсетеді. Олардың дөрекі
қылықтары, әдепсіз әрекеттері оқырмандарды бірде күлдірсе, бірде
ызаландыруға мәжбүр етеді. Бұл романда сатира элементтері аз болғандықтан,
оны сатиралық роман деуге келмейді. Негізінен онда реализм мен терең
гумнистік идеялар басым тұрғаны анық.
Әлем әдебиеті мен ұлттық әдебиеттен хабары мол жазушы өзінің алғашқы
шығармаларынан бастап оның жақсы жетістіктерін қолдана білді. ″Чжан
философиясы″ романы дәстүрлі қытай романы шеңберінен шығып кетеді. Оған
өміршең оптимизм, қытайлық ақиқаттың күңгірт әлемінде адам мінез-құлқының
жарқын тұстарын суреттеу тән. Бұл романдағы жазушының көркемдік шеберлігі
мен идеялық-тематикалық бағыты оның екінші романында жалғасын тапты. ″Чжан
Цзы юэ″ романы ″Чжан философиясы″ романының соңы секілді. Романның бас
кейіпкері Чжао Цзы-юэ жиырма алты жастағы ″Минчжэн″ университетінің
жатақанасында тұратын студент. Оның әрқашан бірінші болуға тырысуы
феодалдық жанұяда бала кезінен игерген дәстүрлі көзқараспен түсіндіріледі.
Жастайынан тек алдыңғы орында болуға үйренген жас жігіт, енді өз дәуірінен
қалмас үшін европалықтарға еліктейді. ″Қытайды қайта құру қиын емес, тек
басшы мынадай жарлық шығарса болғаны: барлық қытайлар европалықтарша
киініп, тамақтансын және солар сияқты билесін″-дейді ол. 6
Жаңа буржуазиялық әлем ақшаның көмегімен жастарды азғыртады, ешқандай
қызметке икемі жоқ, бай көпестердің ұлдары ата-аналарынан әрқашан көмек
сұрайды. ″Ал әкесі ойланбастан отыз жыл бұрын жинаған күміс юандарын салып
тұрды″. Ал ұлына бұл ақша тек рахат өмір сүру үшін, құмар ойындар үшін
жұмсауға қажет болды. Бұл тек қана Чжао-ға ғана қатысты емес, сол дәуірдегі
көптеген жастардың шынайы келбеті. Қытай жастарының көп бөлігінің әлсіз,
еріксіз екенін көрсете отырып, Лао Шэ жастардың ұлттық намыс сезімі
жоқтығын, барлық батыстықтар алдында көз жұма бас ұратынын бейнелейді. Оны
Чжао-дың айтқан сөздерінен-ақ көруге болады: ″Шығыстың мәдениетін, ұлттың
беделін сақтап қалу үшін және оның жайылып кетпеуі үшін, ең алдымен өзінің
сыртқы келбетіңді дұрыстау қажет. Нағыз патриотизм осында жатыр!″ 7 Лао
Шэ буржуазиялық морльдың, мәдениеттің адамды азғырғанын және мықты дәстүрлі
байланыстарды оның ішінде патриоттық сезімді жойғанын ашып көрсетіп отыр.
Бұған Чжан Цзы-юэ, У Дун, Мо Данян, Оу ян т янь фэн сияқты жастардың іс-
әрекетттері дәлел бола алады.
Лао Шэның бұл алғашқы екі романы XXғ. алғашқы жартысында Қытайдың
алдындағы көптеген мәселелерді қамтыған, оның ішіндегі ең маңыздылары-
жоғарыда айтып өткен капитализм, оған феодалдық аристократияның қарама-
қайшылықтары және буржуазия мен жаңа буржуазиялық тәртіптерімен ұштасып
жатқан реалистік өмір көріністері.
Талантты гуманист, реалист жазушыны санымен қатар артта қалған елдер
мен алдыңғы қатарлы елдер арасындағы қарым-қатынасы сияқты мәселелер де
қатты толғандырған. Бұл тақырыпты Лао Шэ ″Ма есімділер″
( ) романында қозғайды. Бұл роман оның шығармашылығының алғашқы
немесе Лондондық кезеңінің ең көрнектілерінің бірі. Бұл шығармадан жазушыны
тек қытай халқының ғана емес, жалпы адамзат баласының тағдыры
толғандыратыны көрінеді.
″Ма есімділер″ романының бір ерекшелігі, ондағы негізгі кейіпкерлер
қытайлықтар болғанымен, оқиға Қытайға тән емес басқа ортада өтеді.
Кейіпкерлердің басқа елге көшірілу әдісі өте қолайлы қолданылған. Романда
жазушы ″Қтыай қандай жолмен жүруі қажет?″ деген сұраққа жауап іздейді. Бас
кейіпкерлердің көзқарастары мен көңіл-күйлері оның алғашқы екі романының
кейіпкерлері сияқты белгілі бір тарихи тенденцияларды көрсетеді. Жазушы
ескі Қытайды Ма Цзэ-жэн образы арқылы бейнелесе, буржуазияны- Ма Вэй жэн
мен Ли Цы-жун образдарынан, ал Қытайдың болашағының көмескі көлеңкесін Ма
Вэй образдарынан көре аламыз.
Романдағы оқиға бір жыл көлемді қамтиды және осы бір жыл ішінде Ма
Вэй өмірдің буржуазиялық тәртібінің мәнін түсінеді. Оқиғаның шиеленісуі
әкелі балалы Ма есімділердің Англияға келуінен басталады. Барлық оқиға
негізінен Ма Вэйдың қабылдауы арқылы өтіп жатады, ол автор Ма Вэймен бірге
өмірдің шындығын тынымсыз іздейді.
Ма Вэйдің әкесі Ма Цзы жэн Қытайдың дәстүрлі әдет-ғұрпы мен салт-
санасын бойына сіңірген, жағымсыз кейіпкер рөлінде және ол арқылы Лао Шэ
бұрынғы адамдардың жаңа заманға икемделуі жолын көрсетіп береді. Өмір бойы
″Меңіреу қала- Пекиннен″ аттап шықпаған Ма Цзы жэнге мұрагерлікке ие болу
үшін сонау Англияға баруға тура келеді. Англияға сапар үстінде ол түрлі
күлкілі оқиғаларға ұшырайды. ″Теңіз үстіндегі қырық күн ішінде қарт Ма бір
рет қана кемеден шықты. Ол есігінен шыққаны сол, өз-өзін ұстай алмай, тіпті
айғайлауға да шамасы келмей құлап түсті″. Ал екінші рет ол кеме айлаққа
тоқтаған кезде ғана сыртқа шықты, 8 Бұл үзіндіден психолгиялық
дәлелденген және өте символды көріністі көреміз. Қарт Ма-ны күлкілі
жағдайға қоя отырып, жазушы феодаодың қуыс кеуделігін, құр айбындылығын
бейнелеп отыр және көне Қытайдың Еуропа алдында қаншалықты күлкілі, әрі
аянышты екеніне назар аудартады. Ма Цзы жэнь образына оның үлкен ағасының
образы қарама-қарсы, оның бойындағы қайрат, күш-қуат пен байыптылығы туралы
әңгімелейді: Осылайша контраст әдісін қолдана отырып, Лао Шэ Ма Цзы-жэнның
ұстанған феодалдық моралының түкке тұрғысыздығын әшкерлейді. Ол
буржуазиялық өмірге әсіресе сауда-саттық ісіне қабілетсіз адам образын
керемет суреттейді. Ма Цзы жэн уақыт ерекшелігімен, жаңа заманмен санасқысы
келмейді және адамдар арасындағы қатынастарда болып жатқан өзгерістерді де
байқамайды. Бұндай қыңыр адамдар үшін өзінікінің барлығы-ең мықты,
бөгденікі-нашар болып есептеледі. Өйткені олар патриотизмді осылай
түсінеді. Автордың ойынша, осыдан келіп тек шетелдіктерге ғана емес,
сонымен бірге төменгі тапқа жататынын өз отандастарына деген шонжарлық жек
көрушілік пен менсінбеушілік шығады. Іс жүзінде оларға Отанға деген нағыз
махаббат тән емес.
Буржуазиялық әлемнің ең ірі қалаларының бірі Лондонда Ма Цзэ жән үшін
орын жоқ секілді. Ол Еуропа мәдениетін түсінбейді, түсінгісі де келмейді,
сондықтан да бірнеше қисынсыз әрекеттер жасайды. Лао Шэ мұнда тек Ма Цзэ
жән сияқтыларды ғана емес жалпы қытай өміріне тән ескілік сарқыншақтарын
әшекейлейді.
Романда Лао Шэ Ма Вэйды мысалға ала отырып, сол кезеңдегі көптеген
жастардың бейнесін жасайды, яғни шетелге оқуға барған көптеген жастар
сияқты оның да алдына қойған мақсаты оқу – білім алу, оны өз халқы мен
отанының гүлднеуімен даму жолына арнау. Алғашында Ма Вэй сауда ісін оқып
меңгеруде ойлайды және бұл бұл жоспаымен Ли Цзыжун сияқты іскер жастардан
мақтау күтеді. Алайда олардың көзқарастары бір жерден шықпайды және Ли оны
қолдай қоймайды.
Ма Вэй ″патриотизм″ тек патриотизм ғана Қытайды құтқаруы мүмкін. Мен
жапонар сияқты, артилленя, авяция, орнатты және түрлі қару жарақты өркениет
деп санайтын қытайлықтармен келіспеймін деген сөздермен оны саудаға
қарағанды, Қытайдағы басқа да маңызды мәселелер толғандыратынын жеткізеді
және мемлекеттер арасындағы қаруландыру бәсекесіндегі жолды мойындамайды.
Ма Вэйдің соғысқа нақтамаушылық көзқарастары гуманизмге негізділген.
Бұл тұрғында Ма Вэй жазушының өз көзқарастарын білдіріп тұрғаны анық. Осы
жэағынан Лао Шэ жаңа заманғы Қытай жазушыларының ішінде соғысқа қарсы
тақырыпты көтерген алғашқылардың бірі болып есептеледі.
Ма Вэй түсінігінше, ″импералистер тек қана әскери күшімен емес, білім
жағынан да жоғарыда, Қаруландыру күндердің бір күнінде тоқтауы мүмкін, ал
білім әрқашанда қажетті: Ағылшындар өте қауіпті, бірақ сонымен қатар
мақтауға да әбден тұрарлық!″ 9 Оның бұл сөздерінен, көзқарастарынан
Отанына деген жанашырлық сезімдері анық байқалады. Оны қытайлықтардың
ағылшындарға тәуелді жағдайы толғандыратын. Ал махаббатта ол тек теңдікті
жақтайды. Оған оқыған кітаптары көзін ашуға көмектеседі. Алайда өзімен
пікірлес жақтаушылар таппаған Ма Вэй Лондонда ″Гоби шөліндегі бейшара
сияқты жалғыздық хал кешеді″.
Ма Вэйдің әкесімен қатынасын үзуі оның феодализмнен қол үзгенін
символдаса, Ли Цзыжунмен - буржуазиялық құрылысты жақтамағанын көрсетеді.
Ал сүйіктісі Мэриге деген махаббаты кейіпкердің сезімтал, қиялшыл тұлғасын
аша түседі.
Жазушы шындығында романтизмге қызыққан, әрі айналысқан; ол Джозеф
Конрат сияқты бірқатар ағылшын романтиктерінің әсерін алғанын да жасырмайды
10.
″Ма есімділер″ романы Лао Шэ шығармашылығы мен көзқарастарында едәуір
алға жылжу бар екенін дәлелдей түседі. Ол екі елдің, яғни Англия мен
Қытайдың ортақ әлеуметтік мәселеллерін ашып көрсетіп бермегенмен, бұл екі
елдің қоғамдақ құрылысындағы келеңсіздіктерді көрді. Алдыңғы қатарлы
ағылшын буржуазиялық қоғамында өмір сүруші адамдардың өмірі, феодалық
сарқыншақтар басым, әрі артта қалған қытай буржуазиялық қоғамында өмір
сүріп жатқандармен айырмашылығы өте аз екенін нақтылай түседі, яғни
қытаймен ағылшын жастарының тағдыры ұқсас деген тұқжырымға келеді. Сонымен
қатар ″Ма есімділер″ романындағы барлық оқиғалар шынайы өмірге негізделген:
кейіпкерлері шынымен өмір сүрген аамдар. Сондықтан бұл романда нағыз
реалистік тұрғыда жазылған деуге әбден болады.
1930 жылы Лао Джэ Отанына оралады алайда елінің бұрынғы қалпынан
өзгермегенін, ал баяғы әлсізде кедей халықтың жағдайын көріп қатты
жабығады. Осының әсерінен 1933 жылы сатиралық повъест ″Мысықтар елі″
дүниеге келеді.
Әрбір жазушының революцияға баратын өз жолы болады. Сол сияқты Лао
Шэның да антиимпералистік және антифеодалдық тақырыбтағы шығармалары аз
емес, соның бірі осы ″Мысықтар елі″ повесті десек, қателеспейміз. Өйткені
бұл шығармасында Лао Джэ жанұямен мемлекетті көркемдік формада мысалға ала
отырып, қытай қоғамының тарихи дамуын жинақтап қорытуымен қатар, ХХ ғ.
алғашқы жартысындағы Қытайдың экономикалық және саяси қарама –
қайшылықтары, ұлттық суверенитет, отарлану, ескі феодалдық қоғамдық
идеология, мураль, бюрократиялық мемлекеттік жүйе сияқты маңызды мәселерді
қозғайды және бұл құбылыстардың барлығы сатиралық әдістерді қолдана отырып
әшкереленеді. Мысалы, Мысықтар елінің тұрғындары өз мемлекеттерінің көп
ғасырғы мәдениеті мен өркениетін әрқашан айтып, мақтанып жүреді. ″Да Се:
біз барлық мемлекеттердің ішіндегі ең ежелгісіміз″ дейді. 11 Бұл формула
Мысықтар елінде мемлекеттің ұлттық мәдениетінің ұлылығын алға тарта отырып,
басқа мемлекеттерден артықшылығын көрсету үшін қолданатын тұмарға айналатын
болған. Бірақ билеуші тап өкілдері өздерінің артта қалғанын көргенде
шетелдіктердің алдында құрдай жорғалай бастады. Көптеген тұрғындар үшін
шетелдіктер алдында бас иію ұлттық ерекшелікке айналды.
″Мысықтар елі″ повесінің оқи отырып, оқиға Гоминьдан үкіметі
кезеңіндегі Қытай қоғамы туралы екеніне кумән келтірмейсің. Онда Лао Шэ
қытай болмысының ең жексұрын құбылыстарын бейнелеп көрсеткен. Ол ежелгі
сарқыншық идеялардың жаңа қоғамның адамды жек көрушілік моралымен қосылып
билеушілерге қызмет еткенін көрсетеді. Жазушы қоғамның негізіне айналған
әділетсіздік, күштінің құқығы, жоқшылық, біреудің алдында құлдық ұрумен
күреседі.
″Мысықтар елі″ шығармасы Лао Шэның көзқарастарында маңызды өзгерістер
болғанын дәлелдейді. Оның елде ағарту, білім беру ісіне көңілі толмады.
Және қоғамдық реформалар көмегімен де, халық ағарту жолымен де ретке
келтіру, жақсарту мүмкіндігіне деген сенімнен айрылады. Сондықтан өсіп келе
жатқан ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудің кембағалжүйесін әшкерелеп,
сатираны қоғамның кемістегіне қарсы күресу құралы ретінде пайдаланылады.
Елдегі саяси күрестер, бұған қатысқандарды, партиялар күресін жазушы сынға
алады.
30 жылдардың басында Гоминдан жапондық басқыншылармен күреске
қарағанда Қытай Коммунистік Партиясымен күресі арта түседі. Соған сәйкес,
бұл романнан″жаудың келуімен Мысықтар елінде азаматтық соғыс өрши түсті″
деген тұстарын оқи аламыз. Бұл бір ғана мысал емес, ондағы әрбір беттен
осындай сәйкестіктерді кездестіреміз.
″Мысықтар елі″ романындағы көтерілген көптеген мәселелер қазіргі таңда
да өзекті. Ол халықтың ішкі бірлігінен айырылып тоз – тоз болуы, күштерінің
бытыраңқылығы, ішкі және сыртқы зорлық – зомбылықпен күрес жолына түскен
көптеген елдерге тән құбылыс.
″Мысықтар елі″ Лао Шэның ерте шығармашылық кезеңіндегі өзгерісті
сәттерді білдіреді. Бұл жаңа заманғы қытай әдебиеті тарихындағы ең үлгілі
сатиралық шығармалардың бірі. Онда жазушының гуманистік, реалистік,
патриоттық таланты айқын көрінеді.
Лао Шэ шығармашылығының алғашқы кезеңінде тек романдар жазумен ғана
шектелген жоқ, сонымен бірге қысқа көлемдегі 35-ке жуық әңгімелермен
повестер жазады.
1932 жылы 28 қаңтары Шанхайды жапон импералистерінен ерлікпен қорғау
күні ретінде тарихқа енді. Бұған байланысты әдебиет пен өнер қызметкерлері,
оның ішінде Лао Шэ де жапондық имперализммен күресуге өз үлесін қосуға ат
салысты. 1934 жылы оның ″Ганьцзы″ (Асығыста) атты алғашқы әңгімелер жинағы
жарық көрді. Оған 15 новелла кірді. Жазушының нәзік бақылаушылық қабілеті
мен көркемдік шеберлігі оның әңгімелеріндегі кейіпкерлердің ішкі рухани
әлемін ашуға көмектесті. Қоршаған ортаның қатігездігіне, қиындығына
қарамастан, оның кейіпкерлері дамгершілік қасиеттері мен ұлттық абырой
сезімдерін сақтап қалды. Мысалы ″9 мамыр″
( ) әңгімесінде еңбекпен езілген, бірақ өзінің керемет
қасиеттері – қайырымдылықты, ақкөңілділікті сақтап қалған адам образын
жасайды. Чжан Биннің патриоттық сезімін ашу үшін жазушы нақты болған
оқиғаны қолданған. Ол 1915 жылғы 9 мамыр күнгі Қытай үкіметінің Жапон
империалистері ұсынған 21 талабын қабылдауы. Ал қарапайым халық үшін бұл
күн ұлттық масқаралану күні болғанын жеткізеді. 12
Міне, осындай секілді қысқа ғана әңгімелерінде бүкіл бір ұлттың тағдыры
сиып кетеді.
Лао Шэ әңгімелерін бірнеше топқа бөледі :
1. Жеке тәжірибесі мен оған белгілі адамдардың , оқиғалардың әсерінен
туған әңгімелер;
2. Басқалардан естіген оқиғалар;
3. Басқа жазушыларға еліктеуден туған әңгімелер;
4. Алдын ала құрылған сюжеткеойдан кейіпкерлер, адамдар мен оқиғалар
ойлап жазу;
Еліктеуге келсек, оған Лао Шэ өзінің “ Бұрын” әңгімесін жатқызады.
Ол Ф.Д. Бересфордтың “Тоқуа” әңгімесіне еліктеп жазылған дейді. 13
1935 ж Лао Шэ екінші әңгімелер жинағы” Инхай цзелі” (
) (шие теңіз). Оған енген әңгімелер өзінің тематикасы жағынан
алғашқы жинақтағы әңгімелер мен романдарының мазмұнымен үйлесім тапты.
Әңгімелерінің басым бөлігінде жазушы адамзаттың кемшіліктерін
әшкерлеген. Мысалы “құрбан” (жертва)
әңгімесін алсақ, Мао профессор барлық мүмкіндігінше
шетелдіктерге еліктеуге тырысады. Олар өз отандастарының алдында
қаншалықты күлкілі екенін байқамайды. Олар өздерін Америка да емес,
Қытайда тұруға мәжбүр болған
“құрбанбыз” деп санайды және “өркениеттің” жемістерінің Қытайға не
жетпегеніне өкініш білдіреді. Мао сияқтылардың рухани қуыстығы,
надандығын, Батыстық мәдениет әсері мен феодалдық, моральдық
билігіндегі адамдардың мещандық тұрмысын суреттейді. Сол сияқты
“Жарылқаушы” әңгімесі де осыған ұқсас, өмірдегі екіжүзді, парасатсыз
адамдардың істерін , қылықтарын әшкерелеуге бағытталған . Ал “Жаңа
туған ай” ( ) , “Соңғы теңге” ( )
деген сияқты әңгімелерінде қытай әйелдерінің қатал тағдырын әңгімеге
өзек етеді.
“Жаңа туған ай” әңгімесі әйелдің еске алулары формасында жазылған.
Психологиялық новелла шебері Лао Шэ, өлген әкесі мен жезөкшелікпен
айналысуға мәжбүр болған шешесін ойлап қайғыруын оның жалғыздығын
ерекше көңіл аудара жазады. Жалғыздық оны жаңа туған аймен дос болуға
жетелейді. Жазушы ойды жандандырып, оған көптеген адамзаттық қасиеттер
береді. Осылайша ол бас кейіпкердің ең жақын досына айналады.
Баланың көзі арқылы өмірге көзқарас әңгіменің реалистік бейнесін
одан ары аша түседі. Лао Шэ жас қыздың тұрмыс жағдайын ғана емес, оның
психологиялық көңіл- күйін ашып көрсетеді.
“Жаңа туған ай” әңгімесіндегі кейіпкерге қарама- қарсы образ “
Күн сәулесі” әңгімесінде бейнеленеді. Бұл екі әңгіменің құрылу формасы,
кейіпкерлерге сипаттама беруде көркемдік әдістердің қолданылуы, әңгіме
компазициясы жағынан өте ұқсас. Алайда , бұл әңгіме кейіпкері ерке,
бақытты , рахат өмір сүруші болып суреттеледі. Егер алдыңғы әңгімеде
әйелдің жалғыздығы көрсетілсе, бұл әңгімеде өмірдің барлық рахатын
көріп, бүкіл назарды өзіне аударған әйел суреттеледі. Ал шын мәнінде
оның тағдыры “ Жаңа туған ай” кейіпкерлерінің тағдырындай, ол күннің
жарқын сәулесінің астында жасырынған сияқты, сондықтан да бақытты
көрінеді . Бірақ оның барлығы тек сағым ғана екенін, әйел тек сату-
сатып алу заты болғанын жазушы айқын аңғартады. Ол бұл екі шығармасында
да ескі қоғамның реалистік келбетін тағы бір қырынан аша түседі.
Бұл тараудың бірінші тармағын қорытындылай келе айтарымыз, мұнда
негізінен Лао Шэ шығармашылығының алғашқы кезеңіне баса мән беріліп,
негізгі деген шығармаларына талдауға тырыстық. Лао Шэның шығармашылығы
үшін бұл кезеңдегі шығармалардың маңызы зор болды. Осылайша “Чжан
философиясы”,
“Чжао Цзы Юе”, “Ма есімділер, “Мысықтар елі”, романдары мен қысқаша
әңгімелерінде көтерілген мәселелер қазіргі заманғы қытай әдебиетінде
өзіндік орын алды. Сонымен қоса Лао Шэның тәжірибе жинап , қаламын одан
ары шыңдай түсуге мүмкіндік берді деуге болады.
Ол өзінің естелік мақалаларында алғашқы жазған шығармаларына
көңілі толмайтынын, тәжірибесінің аз болғанын айтып өтеді. 14 Соған
қарамастан оқырман ретінде айтарымыз , бұл шығармаларынан оның ойы
жүйрік, пайым- парасаты мол, талантты жазушы екенін аңғардық.
Лао Шэны бұдан кейінгі кезеңде қоғамдағы шиеленіскен қарама –
қайшылықтар мен сұрапыл соғыстар күтіп тұрған еді. Жапондықтарға қарсы
ұлт- азаттық күреске Лао Шэ жазушы ретінде өз үлесін қалай қосты ,
қандай тақырыптарды шығармаларына өзек етті деген мәселелер
төңірегінде жұмысымыздың келесі тараушасында тоқталатын боламыз.
Қытайда феодалдық қоғам Цинь патшалығының соңына қарай күйрей
бастады. Әлеуметтік дағдарыс күн санап күшейіп , ішкі қайшылықтар
барған сайын ушыға түседі. 1840 жылдардан бастап, өре капиталистік
елдердің ықпалымен қытай қоғамында түбірлі өзгерістер туыла бастағанын
тараудың басында айтып өттік. Осы себептермен қытай қоғамында
пролетариат, буржуазия, ұсақ буржуазия секілді ұғымдар мен таптық
жіктер пайда болды.
Әлемдегі алпауыт империалист мемлекеттердің Қытайға шабуылы
қытайдағы феодалдық қоғамның ыдырауын тездетіп, капитализм өркен жая
бастады. Осылайша феодалдық қытай қоғамы жартылай феодалдық қоғамаға,
тәуелсіз Қытай елі жартылай отар елге айналған болатын. Бұның
салдарынан феодализммен, империализммен халық бұқарасы арасында қарама-
қайшылық туып, қытай жерінде ұлт- азаттық күрестер бірінен соң бірі
белең алды. Әдебиет пен мәдениет саласында да елеулі өзгерістер болып
, ақын – жазушыларға феодализм мен империализмге қарсы төңкеріс туын
биікке көтеру міндеті жүктелді. Алдыңғы қатарлы жазушылардың көбісі
дерлік отаршылдық пен феодалдық бұғаудан құтылуды негізгі мазмұн етіп ,
оған шығармаларын дүниеге әкелді. Отан тағдырын терең сезіне білген
Лао Шэ да бұл оқиғаларға немқұрайлы қарай алмады , осылайша оның
алғашқы шығармалары да дүниеге келген еді. Бұл шығармалары халық
тағдырын таныта аларлықтай тарихи- әлеуметтік құбылыстардың шынайы
бенесін шама –шарқынша сипаттап берді.

1.2 Соғыс жылдарында жазылған шығармалыры

Жапондықтарға қарсы ұлт-азаттық соғыс Лао Шэның саяси көзқарасы
мен шығармашылығына өз әсерін тигізбей қоймады. Бұл сұрапыл соғыс
жылдары ол журналист және редактор мамандықтарын ғана игеріп қоймай,
саяси публист және көптеген үгітшілдік материалдардың авторы болды. Ол
халыққа қызмет етуге ықпал тигізу үшін, ешқандай іс- әрекеттен бас
тартқан жоқ. Лао Шэ адамның құндылық қасиетін жапонға қарсы соғысқа
қатынасы арқылы анықтады. “ Біздің пікірімізше, бұл соғысқа кім
қатысса , сол – ер, олбізге кім кедергі жасаса, ол- сатқын”.\15\
Соғыс жылдары ол әңгіме жазуды одан әрі жалғастыра түсті. 1939 ж.
оның әңгімелер жинағы “ Поезд” жарық көрді. Ал 1944 ж. екінші
әңгімелер жинағы “ Қаны аздық” ( ) жарияланды.
Бұл екі жинаққа негізінен соғыс тақырыбында жазылған әңгімелері кірді.
Оның әңгімелеріндегі ойлар , сезімдер мен көңіл- күй Шэның пьесаларынан
да кеңінен орын алды. Өйткені, Лао Шэ соғыс жылдары драматургия
саласына да өз үлесін қосады. 1939-43 жылдар ішінде тоғыз компактілі
пьеса жазады. Атап айтсақ, “ Тұман қалдықтары”, ( ),
“мемлекет бәрінен жоғары“, “Абырой мәселесі“ , ( ) , “
Оралу” ( ), т.б.
“ Отарба” ( ) әңгімелер жинағының едәуір бөлігі,
1937 жылдың алғашқы жартысында жазған әңгімелер құрамды. Сондықтан
әңгімелердің сюжеттерінің дамуына Қытай тарихының қайғылы тұстары, яғни
дәлірек айтқанда, Қытайдың Жапондықтар жаулап алу шегінде тұрған
жағдайының нақты уақыты мен оқиғалары тікелей қатысады.
Соғыс жылдарындағы ұлт-азаттық қозғалыстың объективті ақиқаты оның
әдебиеттің қоғамдық рөлін тануы, отанды қорғаушылардың ерлігін жарқын
бейнелеп, сатқындардың іс- әрекетін әшкерелеу үшін қандай да бір
көркемдік форма табуға тырысу Лао Шэ- ға көптеген еңбек етуге
итермеледі. Сондай ерлік, романтикалық сарында жазылған үлгілі шығарма
ретінде “ ” “ Отты жерлеу” романын алуға болады.
Романдағы барлық оқиға жапондықтарға қарсы соғыспен байтанысты
және Венсен қалашығында болады. Алайда Лао Шэ бұл романның алғы
сөзінде
“географиялық картадан бұл қаланы таба алмайсың, ол менің өз ойымнан
шығарылған қала” деп жазады. ( ).
Жазушы бұл романның алғашқы беттерінен–ақ оның қандай мазмұнда
болатынына кеңістіктік – уақыттық жобасын береді. Шығарма баяндаумен
басталып, майданды суреттейді. Романның басты көркемдік тартысы -
Қытайдың патриоттық күштері мен жапон басқыншылары арасындағы күрес.
Лао Шэ романдағы кейіпкерлерді екі топқа бөлуі оның соғыс
жылдарындағы көзқарасымен ұштасып жатыр, яғни ұлт – азаттық соғыста ол
“адам алдында тек екі жол жатыр , бір - қарсыласу, екіншісі - агрессия”
деген идеяда болады. Бұл идея оның новеллалары мен драматургиясында
негізге алынады.
“ Отты жерлеу” шығармасында кейіпкерлердің қарым- қатынастары мен
өзара қарама- қайшылықтары шынайы бейнеленген. Жеке тұлғаны, оның іс-
әрекетінің нәтижесі мен мотивін зерттеуде үлкен табысқа жетті. Әсіресе
жағымсыз кейіпкерлерді суреттеуде шеберлігін танытты. Мысалы, әдебиет
қайраткері, бұрын үлкен беделге ие болған Ванның сатқындығын көрсетеді.
Лю Эргоу оған жапондықтармен одақтасуды ұсынғанда , Ван “өз үйін, жерін
,өз өмірін сақтау үшін келіседі. Бұл үшін ол барлығын жасауға дайын.
Оның жүрегінде қалған жалғыз ғана қалған жарқын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі шығыстағы саяси және құқықтық ойлары туралы
Оңтүстік-Шығыс Азия халықтары
Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар
Оңтүстік – Шығыс Азия туралы ақпарат
Ұлттық фразеологиялық қор
Жаңа Қытайдың әдебиет қоғамы
Будда философиясы
Конфуцияшылдық, даосизм, моизм және легизм
Дүние жүзілік діндер тарихы
Дана философ Конфуций туралы
Пәндер