Орхон-Енисей ескерткіштерінің тарихы мен зерттелуі



Мазмұны:

Кіріспе

1 Руна жазбалары
1.1 Түрік руна жазулары
1.2 Түрік қағанатының дамуы мен құлдырауының тарихы

2 Түрік тарихындағы Орхон.Енисей жазбалары
2.1 Орхон жазулары, оның құрылуы мен шығуы
Жазбалар дерек ретінде
2.2 Күл.тегін мен Білге.қаған ескерткіштері

3 Руна жазба ескерткіштерінің түріктердің тарихын зерттеудегі орны мен қызметі.
3.1
3.2 Руна жазбаларының тарихи.мәдени маңызы
Павлодар.Ертіс өңірін зерттеудегі руна жазуларының алатын орны

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымша
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Тақырыптың өзектілігі ғылыми және тәжірибелік факторлармен анықталады. Руна жазуларының түріктер тарихын зерттеудегі алатын орнын, тарихи маңыздылығын, көлемділігін, баға жетпес қажеттілігін айқындап көрсету. Соныдақтан біз ерте түріктердің тарихының жазба дерегі – Күл-тегін, Білге-қаған, Төныкөк сияқты ескерткіштерді алдық.
Мақсаты: Бұл ескерткіштерді зерттей отыра, түрік халқының қалыптасуы мен мемлекеттілігін дамуын қарастыру. Б.з.д. 7-8 ғасырлардағы Шығыс Түрік қағанатының дамуы дәуірін ашып көрсету.
Тақырыпты зерттеудің міндеттері:
• тарихи-лингвистикалық тұрғыдан мәселені ашу;
• руна жазбаларының түрік тарихындщағы алатын орнын анықтау;
• Күл-тегін жолдауы түрік тарихына деректік сипат беретінің дәлелдеу.
Жұмыс жаңашылдығы: Шығыс Түрік қағанатының дамуы тұрғысында Білге қағанның өмірі мен іскерлігін жарқын ашып көрсетуге талпыныс жасалған.
Жұмыстың зерттеу нышаны: Күл-Тегін, Білге-қаған, Төныкөк ескерткіштеріндегі руна жазбалары.
Зерттеу кезеңдері:
1. Мәліметтер жинау, және деректерді қорыту;
2. Руна жазбаларын зерттеу, монографияларды оқу;
3. Жобаның жазылуы, слайд-таныстырудың жасалуы.
Әдістемелік негіз. Тарихи принциптерді қолдану, обьективтілік тұрғыда жасау, танып-білу әдісі.
Нәтижелер тәжірибелік негіз береді: Қазақстан тарихы сабағында көрнекілік ретінде қолдануға болатын: мәліметтер, фотосуреттер, құжаттар және т.б.
Деректік негіз. А.С.Аманжоловтың «История и теория древнетюрского письма», С.Г.Кляшторныйдың «История Центральной Азии и памятники рунического письма» еңбектері қолданылды.
Белгілі ғалым В.В.Бартольдтың «Древнетюркские рунические надписи как источник по истории Средней Азии», «Собрание сочинений» атты еңбектері қолданылды.
Біздің ойымызша, бұл жұмыс басқа зерттеушілерге анализ жасауға, қорытуға көмек береді. Болашақта өлкетанулық тұрғыда /Павлодар-Ертіс өңірінің аумағындағы руна жазбалары/ жұмысты жалғастыру.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Бұл жұмыста Орхон-Енисей ескерткіштерінің тарихы мен зерттелуі
қарастырылған. Тақырыптың өзектілігі ғылыми және тәжірибелік факторлармен
анықталады. Руна жазуларының түріктер тарихын зерттеудегі алатын орнын,
тарихи маңыздылығын, көлемділігін, баға жетпес қажеттілігін айқындап
көрсету. Соныдақтан біз ерте түріктердің тарихының жазба дерегі – Күл-
тегін, Білге-қаған, Төныкөк сияқты ескерткіштерді алдық.
Бұл ескерткіштерді зерттей отыра, түрік халқының қалыптасуы мен
мемлекеттілігін дамуын қарастыру. Б.з.д. 7-8 ғасырлардағы Шығыс Түрік
қағанатының дамуы дәуірін ашып көрсету. Тарихи-лингвистикалық тұрғыдан
мәселені ашу; руна жазбаларының түрік тарихындщағы алатын орнын анықтау;
Күл-тегін жолдауы түрік тарихына деректік сипат беретінің дәлелдеу.
Шығыс Түрік қағанатының дамуы тұрғысында Білге қағанның өмірі мен
іскерлігін жарқын ашып көрсетуге талпыныс жасалған.
Күл-Тегін, Білге-қаған, Төныкөк ескерткіштеріндегі руна жазбалары.
Мәліметтер жинау, және деректерді қорыту; Руна жазбаларын зерттеу,
монографияларды оқу; Жобаның жазылуы, слайд-таныстырудың жасалуы.
Тарихи принциптерді қолдану, обьективтілік тұрғыда жасау, танып-білу
әдісі. Нәтижелер тәжірибелік негіз береді: Қазақстан тарихы сабағында
көрнекілік ретінде қолдануға болатын: мәліметтер, фотосуреттер, құжаттар
және т.б.
РУНА ЖАЗУЛАРЫ – ЕРТЕ ТҮРІК ТАРИХЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЖАЗБА ДЕРЕГІ
АТТЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
(Күл-Тегін, Білге-қаған, Төныкөк мысалында)

Мазмұны:

Кіріспе
1 Руна жазбалары
1.1 Түрік руна жазулары
1.2 Түрік қағанатының дамуы мен құлдырауының тарихы
2 Түрік тарихындағы Орхон-Енисей жазбалары
2.1 Орхон жазулары, оның құрылуы мен шығуы
Жазбалар дерек ретінде
2.2 Күл-тегін мен Білге-қаған ескерткіштері
3 Руна жазба ескерткіштерінің түріктердің тарихын
зерттеудегі орны мен қызметі.
3.1 Руна жазбаларының тарихи-мәдени маңызы
3.2 Павлодар-Ертіс өңірін зерттеудегі руна жазуларының алатын
орны
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша



























Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Тақырыптың өзектілігі ғылыми және тәжірибелік
факторлармен анықталады. Руна жазуларының түріктер тарихын зерттеудегі
алатын орнын, тарихи маңыздылығын, көлемділігін, баға жетпес қажеттілігін
айқындап көрсету. Соныдақтан біз ерте түріктердің тарихының жазба дерегі –
Күл-тегін, Білге-қаған, Төныкөк сияқты ескерткіштерді алдық.
Мақсаты: Бұл ескерткіштерді зерттей отыра, түрік халқының қалыптасуы
мен мемлекеттілігін дамуын қарастыру. Б.з.д. 7-8 ғасырлардағы Шығыс Түрік
қағанатының дамуы дәуірін ашып көрсету.
Тақырыпты зерттеудің міндеттері:
• тарихи-лингвистикалық тұрғыдан мәселені ашу;
• руна жазбаларының түрік тарихындщағы алатын орнын анықтау;
• Күл-тегін жолдауы түрік тарихына деректік сипат беретінің
дәлелдеу.
Жұмыс жаңашылдығы: Шығыс Түрік қағанатының дамуы тұрғысында Білге
қағанның өмірі мен іскерлігін жарқын ашып көрсетуге талпыныс жасалған.
Жұмыстың зерттеу нышаны: Күл-Тегін, Білге-қаған, Төныкөк
ескерткіштеріндегі руна жазбалары.
Зерттеу кезеңдері:
1. Мәліметтер жинау, және деректерді қорыту;
2. Руна жазбаларын зерттеу, монографияларды оқу;
3. Жобаның жазылуы, слайд-таныстырудың жасалуы.
Әдістемелік негіз. Тарихи принциптерді қолдану, обьективтілік тұрғыда
жасау, танып-білу әдісі.
Нәтижелер тәжірибелік негіз береді: Қазақстан тарихы сабағында
көрнекілік ретінде қолдануға болатын: мәліметтер, фотосуреттер, құжаттар
және т.б.
Деректік негіз. А.С.Аманжоловтың История и теория древнетюрского
письма, С.Г.Кляшторныйдың История Центральной Азии и памятники
рунического письма еңбектері қолданылды.
Белгілі ғалым В.В.Бартольдтың Древнетюркские рунические надписи как
источник по истории Средней Азии, Собрание сочинений атты еңбектері
қолданылды.
Біздің ойымызша, бұл жұмыс басқа зерттеушілерге анализ жасауға,
қорытуға көмек береді. Болашақта өлкетанулық тұрғыда Павлодар-Ертіс
өңірінің аумағындағы руна жазбалары жұмысты жалғастыру.
1. Руна жазбалары
1.1 Түрік руна жазбалары

Жаңа мыңжылдықтың қарсанында, әлеуметтік-экономикалық өзгерістертен
қашу мүмкіндігі болмағанда біз өзіміздің тамырымыз бен тарихтағы орнымызды
іздейміз. Қазақстанда жастарды патриоттық сезімге баулу, тәрбиелеу қолға
алынған. Соның нәтижесінде ежелгітүріктік өркениеттің жалғасы қазақ
мәдениетіне деген сезім туады.
Тарих, мәдениет, тілді зерттейтін ғылымда жүйелі зерттеуге қажет
негізгі ұғымдар болады. Солардың бірі – материалдық мәдениет және жазба
мәдениеті. Бұл екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ олар екі
бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Түрік әлеміне рухани қажеттілік
керек, біз оны сактардың, ғұндардың материалдық мәдениетінен іздейміз. Ал,
жазба деректері түріктердің тек тарихы ғана емес, сонымен қатар мәдениетін
толықтай зерттеуге мүмкіншілік береді.
Түрік елдерін ерте орта ғасырларда әлемге танытқан олардың ерлікке
толы мәрт мінезі, батырлық әфсаналары мен жырлары, жазу мәдениеті,
тәңіршілдік дүниетанымы, балбал тастары болды. Қашанда ұлы дала
тұрғындарына тән берік және жасампаз рух бұл дәуірде өзге елдерге үлгі
шашты болды. Рухани мәдениет түрік тілінің, әдебиеттің, дүниетанымының,
салт-ғұрпының Еуразиялық әлемге тарауына жол ашты. Екінші жағынан
Еуразиялық құрылықтың негізгі бөлігін біріктірген алып түрік мемлекеттері,
олардың берік шаруашылық-әлеуметтік негізі рухани мәдениеттің серпілісін
туғызды.
Оның ішінде көне түріктердің жазу мәдениетінің алатын орны ерекше.
Түріктердің жазуы туралы ең алғашқы мәліменттерді қытай деректерінен
кездестіре аламыз. Негізінен түрік жазуының пайда болған уақыты V ғасыр деп
есептеледі. Ал нақтырақ айтқанда түріктер I V ғасырдың екінші жартысында
өзі жазуларын кең ауқымды қолданған. Түріктер басқа мемлекеттермен қарым-
қатынас жасағанда өзі жазуларын қолданғаны жайлы көптеген мәліменттер бар.
Мысалға алғанда Византия императорына түрік елшісі қағанның жазған хатын
алып барған. Мұны Менандр Протектор өз естелегінде көрсеткен. Жалпылама
ерте орта ғасырда алғанда түріктердің төл жазуы және алфавиті болған. Әр
рулардың таңбалары негізінен жасалған алфавиттік құрамында 35 әріп бар. Ал
көне түрік жазуы – рунанемесе сына жазуы деп аталған. Көне түрік жазуының
ескерткіштері Орталық Азия аумағында көп табылған. Олардың ішіндегі ең
белгісі Солтүстік Моңғолия жеріндегі Орхон, Селенга, Толы өзендерінің
табылған тастағы жазулар. Бұл тастарда түріктердің атақты билеушісі мен
ақылгөйлері Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құрметіне арналып жазылған руна
жазулары сақталған. Ал Қазақстан аумағында Талас, Іле өзендерінің аңғарынан
да көне түрік жазуының ескерткіштері табылған. Түріктің жазба
ескеткіштерінің көп кездесетін жері - Сібір өлкесі Енесей өзені бойы.
Жазулар құлпытастарға, қыш пен металдарға және басқа да заттарға қашалып
жазылған. Осыдан шығатын қорытынды, VII – IX ғасырлар аралығында Қазақстан
аумағында ортағасырлық ортағасырлық мемлекеттерде көне руналық түрік жазуы
қолданылу аясы біршама зор болған.
Түрік руна жазбалары – бұл ұғым тюркологиямен айналысатын адамдардың
бәріне таныс. Бірақ барлығы қазіргі ғылымда жиі естілетін руна,
рунология сөздерінің қандай мағына беретінің ағара қоймайды.
Руна әріп және белгі дегенгі білдірмейді. Оны – құпия және
белгісіз сөздерімен ұштастыруға болды. Руна сөзі –латыннын арканум
(мысалға Таро арқаны) немесе грекше мисmерион (мистерия) сөздерінің
аналогы. Бұл мәліметтер руна сөзінің мағынасы туралы құнды дәлелдер береді.
Руналар – ежелгі герман әліпбиінің белгілері (II в. кейінгі
ортағасырға дейін), Скандинавия, Исландия, Гренландия, Англия, Солтүстік
Европа, Солтүстік Причерноморье, Ескі Ладога және Новгород елді-
мекендеріндегі тастардағы, металлдардағы, ағаштардағы, сүйектердегі
қаушаулар, белгілер. Руналардың нақты шығу тегі бүгінгі күнге дейін
анықталмаған. Норвеж ғалымы К. Марстрандердың ойынша рунадар солтүстік
италийлік әліпбидің модификациясы болып табылады.
Руна жазбалары футарк көбінесе бір немесе бірнеше сөздерден тұрады.
Мысалы, зат есім, қабылдану немесе магиялық брактеатта алтыннан жасалған
дөңгелек ілгіш сиқырлау. Бірнеше жолдардан тұратын жазулар сирек
кездеседі.
Ертедегі түрік жазуын тұңғыш рет ХҮІІІ ғасырдың 20-жылдарында І Петрде
қызмет атқарған неміс ғалымы Д.Мессершмидт пен оған еріп жүрген шведтің
тұтқын офицері И.Страленберг Енисей аңғарында ашты. Олар Скандинвияның
руналық жазуымен ұқсастығына қарап, оны руналық жазу деп атады. Атау онша
дәл болмағанымен, қолайлы болып шықты және ғылымда осы атау орнығып қалды.
1889 жылы Н.М.Ядринцев Солтүстік Моңғолияда, Орхон өзенінің аңғарынан руна
жазулары бар орасан зор құлыптастарды тапты. Табылған тексті оқудың
бірінші болып кілтін тапқан дат ғалымы В.Томсен және жазбаларды алғаш рет
оқыған орыс түркологы В.В.Радлов болды. Негізгі ескерткіштердің табылған
жері бойынша жазу орхон-енисей жазуы деп атала бастады, ал басқа
белгілері тілі және жазылу сипаты бойынша ол ертедегі түріктердің руналық
жазуы деп аталып кеткен.
Руналық жазулардың барлық табылған ескерткіштері ішінде Солтүстік
моңғолияның негізінен алғанда Орхон, Тола және Селенге өзендерінің
аңғарларында шоғырланған ескерткіштері ең ірілері болып отыр. Олардың бәрі
екінші Түрік қағанаты 689-744 жж. және Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты 745-
840 жж. дәуірінде орнатылған. Ең әйгілері – Бірге-қаған мен оның інісі,
қолбасшы Күл-тегіннің құрметіне 732-735 жылдары тұрғызылған ескерткіштер
және екінші Түрік қағанатының алғашқы қағандарының кеңесшісі Төныкөктің
716 жыл құрметіне Тоныкөктің тірі кезінде-ақ орнатылған ескерткіш.
Орта Азия мен Қазақстан аумағында руналық ескерткіштердің екі тобын –
ферғаналық тобы мен жетісулық тобын бөліп қараған жөн. Бұларға үлкен-үлкен
қой тастардағы, қабір басына қойылған тастардағы тоғыз жазу және Талас
өзенінің аңғарындағы Терексай қойнауындағы жартас бетіндегі жазулар, Жамбыл
қаласының маңынан табылған керамикадағы жазулар, теңгелер мен тұрмыстық
бұйымдардағы ұсақ жазулар мен жекелеген белгілер, ағаш таяқшадағы жазу
Талас өзені бойынан кен қазу жұмыстарында кездейсоқ табылған, сондай-ақ
Шығыс Қазақстаннан табылған екі қола айнадағы руналық жазулар, Талғар қала
жұртынан табылған қыш ұршықбастағы ұсақ жазулар жатады.
2 Түрік тарихындағы Орхон-Енисей жазбалары
2.1 Орхон жазулары, оның құрылуы мен шығуы
Жазбалар дерек ретінде

Орхон-Енисей жазуы туралы 1962 ж. ең алғаш хабар берген адам Амстердам
қаласының бургомистрі Н.Бидзен.
С.Ремезовтың 1969 ж. бастап, 1967 ж. жазып бітірген сібір
қалаларының, жерлерінің, шөл жалалар мен асуы қиын таулы өлкелерінің
чертежі деген еңбегінде Орхон тасы деп көрсетілген жер бар. Ол 1896-1897
ж. әйгілі Талас ескерткіші табылатын рунктке сай келеді. С.ремезов
көрсеткен материалдар петр Алексеевич патшаның нұсқауымен 1701ж. Сібірдің,
қалалардың және өлкелердің атласы деген еңбекті жасау үшін пайдаланылған.
1721-1722 жылдары Сібір өлкесін аралаған Д.Е.Мессершмидттің экспедициясы да
рун жазуының кейбір элементтері жөнінде қысқаша мәліметер жазып қалдырған
болса, айдауда 13 жыл жүріп, Сібірде қызмет істеген швед офицері
Ф.И.Табберт – Страленберг, тіл біліміндегі жаңа ағым Орал-Алтай теориясының
авторы, 1730 ж. Орхон-Енисей жазуының бірнеше үлгілерін тапқан. 1793 ж.
П.С.Паллас Орхон-Енисей жазуының бірсыпыра материалдарын жариялады.
Алдын ала берілген осындай азын-аулақ хабарлардан кейін Орхон-Енисей
жазуының ескерткіштерін іздеуге баса назар аударыла бастады. 1818 жылы
бірқатар жазу нұсқаларын Г.Спасский сібір естеліктерінің жазбасы деген
еңбегінде жариялап шығарды. Оны Ф.И.Круг 1828 ж. латын тіліне аударып
басты. Еңбекті сол уақыттың көрнекті ғалымдары А.Гумбольд пен Р.Ремюза өте
жақсы бағалады. 1847 жылы М.А. Кастрен Енисей губерниясының Минусинск
округіндегі Шушинск болысынан рунакалық құпия жазу ескерткіштерінің жаңа
түрін тапты да оны Г.Спасский 1857 жылы басып шығарды. Бұл ескерткіштің
мәтіні 1859 жылы тағы да жарияланды. 1887-1888 жылдары фин ғалымы Ж.Аспелин
арнаулы экспедициямен барып, Енисей өзенінің бойындағы жазуларды зерттеп
қайтты. Оның материалдар 1889 жылы жарияланды. Ж.Аспелин 1884 жылы Одесса
қаласында өткізілген археологиялық сьезде жасаған баяндамасында Орхон-
Енисей жазуының сырын ашу үшін оны оңнан солға қарай оқу керек деп шешкен
болатын.
Бұдан әрі руна жазуының әр алуан үлгілерін жинау жұмыстары қыза түсті.
1881 жылы И.С.Боголюбский Енисей, Абакан өзендерінің оң жақ жағалауынан,
Майдашке қыстауынан т.б. жерлерден, А.В.Вдрианов Саян тауынын маңайынан,
1885 ж. И.В.Савенков Тува өзенінің бойынан сияқты зерттеушілер Орхон-
Енисей жазуы бар бірталай тас кездестіреді. Өзіне дейінгі жазушылардың
пікірін талдап, Н.М.Ядринцев 1885 жылы үлкен мақала жазады да, 1889 ж. Орыс
географиялық қоғамының Шығыс Сибирь бөлімі арқылы экспедиция ұйымдастырады.
Ол Күлтегін мен Могилян ханға арналған ескерткіштерді ашқан. Осыдан соң
Г.Гейкель ұйымдастырған фин ғалымдары 1890 ж. мен В.В.Радлов бастаған
орыс зерттеушілерінің 1891 ж. экспедициялары барып қайтты. Олар жүргізген
жұмыстардың қорытындылары өз алдына жеке-жеке еңбек болып басылып шықты.
Жан-жақты жиналып, мол сараланған ескерткіштердің сырын ашып, жазуын
оқу мәселесі де ұзамай қолға алына бастады. Дания ғалымы В.Томсон ең
алдымен ондағы белігілі бір әріптердің өзара тіркесіп келу заңдылығын
қадағалады. Сонда ол кейбір таңбалардың әрдайым өзара іліктес келіп, кейбір
белгілердің, керісінше қарап, В.Томсен Орхон-Енисей жазуынын тілінде
дауысты дыбыстардың қолданылуына байланысты жуанды-жіңішкелі болып
айтылатын екі түрлі жүйе бар деген тоқтамға келген.
Ж.Асперин Орхон-Енисей жазуында небәрі 38-40 әріп бар, ол әріптердің
847 түрлі таңбасы бар деп жорамалдаған еді. Шынына келгенде, осы күні 24
дыбыстың 150-ге тарта ғана таңбасы бар екендігі айқындалып отыр.
Енисей ескерткіштері деп Енисей өзенінің бойынан және Тува
Республикасынан табылған ескерткіштер тобы аталады. Бұл алқаптан табылған
ескерткіштердің ұзыны елудің үстінде. Бұлардың алғашқылары – ХҮІІІ ғасырдан-
ақ белгілі болғандар. Содан кейін әр кезде зерттеушілер саяхатшылар
бұлардың басқа түрлерін таба берген. Соңғы жылдардың өзінде бұл жазудың
үлгілері Тува республикасының территориясынан табылып отыр. Енисей
ескерткіштері көлемі жағынан көбінесе шағын болып келеді. Ең үлкені 10-15
жолдан тұрады да, ең кішісі 1-2 жолдан ғана құралған.
Қолданылу мерзімі жағынан Енисей ескерткіштері – ескі түркі жазуының
ең ескісі, ол шамамен Ү-ҮІІ ғасырларға жатады деп есптеледі.
Ескі түркі жазуының Енисей өзенінің алқабында көптеп табылған жері –
Улукем және Кемчик өзендерінің жағасы. Бұл – жер жағдайы жақсы, шөбі
шүйгін, тіршілікке аса қолайлы жер көрінеді. Маңайдағы далалық өңірден биік
таулар арқылы бөлініп тұратын жер. Тарихшы Клеменц ескерткіш көп табылған
жердің осы ерекшелігін ескеріп, мұнда Енисей мәдениетінің өркендеуіне
табиғи жағдай болған деп шамайлайды.
Ескі дәуірлерде Енисей бойын қырғыздар, солардың қоластына қарайтын
тайпалар мекендеген. Кейінгі кездерде Енисей ескерткіштерін ескі қырғыз
тілінің ескерткіші болу керек дейтін жорамалға осы факт себеп болып жүрсе
керек. Бұл пікірді қостаушылар ең алдымен қырғыздардың Тянь-Шань тауларына
Енисей бойынан келгендігін еске алатын. Дегенмен, осы орайда мына бір
жағдайды ұмытпаған жөн. Енисей ескерткіштерінің тілі бар жағынан бірдей осы
заманғы қырғыз тілімен астаса бермейді. Ескертекіштер тілінде қырғыз
тілімен қабыспайтын толып жатқан фактілер бар. Оның бер жағында Енисей
ескерткіштерінің тілдік фактілері осы заманғы түркі тілдерінің көпшілігінде-
ақ әсіресе Орта Азиялық тілдерде кездеседі. Бұның өзі, бір жағынан кейбір
зерттеушілер айтып жүргендей мысалы, И.А.Батманов Енисей ескерткіштерінде
бірнеше тайпаларға ортақ тіл болып қалатын диалектілік ерекшеліктер де
соның салдары болуы ықтимал.
Сөйтіп, Енисей ескерткіштері бір ғана ескі қырғыз тілінің көрінісі
дегеннен гөрі, тарихтың ескі дәуіріндегі жалпы түркілік тілдің
ескерткіші, олай болса осы күнгі тірі түркі тілдерінің көпшілігене ортақ
деп қарау әлдеқайда ұтымды.
Орхон ескерткіштері деп Орхон, Селенга, Толы өзендерінің аңғарынан,
Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер тобы аталып жүр. Орхон
ескерткіштері тілі, баяндайтын тарихи оқиғаларының мерзімі, жазу стилі
жағынан ескі түркі жазуының соңғы жаңа кезеңін танытады. Орхон өзенінің
бойына, сондай-ақ оған жалғас аймаққа ескі түркі жазуы Енисей өзені
бойындағы түріктерден тараған болу керек. Енисей ескерткіштерінің
таңбаларынан гөрі Орхон ескерткіштері таңбалырының әлдеқайда жетілгендігі,
олардың жақсы сақтаулы сол жайды танытатын тәрізді. Оның бер жағында, Орхон
жазуы, халық арасына кеңінен таралған болуы да мүмкін. Күлтегін
ескерткішінде мынандай сөйлем кезедеседі: аңар көрү білін, түрк амты бідін
белгілері Мынаны оқып біліңдер, түріктің ендігі халқы мен бектері. Сол
сияқты Тоныкөк ескерткішінде де: Түрік білге қаған еліне бітідім деп білге
Тоныкөк Түріктің Білге ханының еліне арнап жаздырдым мен, данышпан
Тоныкөк деген сөйлем бар. Бұларға қарағанда ескерткіш қойғызып, өсиет
айтып отырған авторлар басқа да түріктердің жазуды оқи алуыан еске алса
керек. Орхон жазуының ескерткіштері сан жағынан көп, әрі көлемді болып
келеді. Олардың ішіндегі ең көлемділерінің біразын әңгімелей кеткен дұрыс.
Орхон ескерткіштерінің ең көлемділерінің бірі – Онгин ескерткіші деп
аталады. Ескерткіші Онгин өзенінің аңғарындағы сайын Ноян шіркеуінен 1891
жылы Н.Ядринцев тапқан. Оның айтуынша ескерткіш тегістелген әдемі, төрт
бұрышты тасқа жазылған. Тас жалпақ плитаның үстіне орналытлған. Жазу оның
алдыңғы жағы мен бір жақ беткейіне жазылған. Айнала басы жоқ арыстандар мен
отырған адамдардың мүсіндері қойылған. Арасы 500 қадамдай тастан төселген
аллеялар бар. Ескерткіш Илтерес кейде Елтерес, Гудулу, Кутлуғ хан мен
оның әйелі Илбилге хатунға, яғни Могилян мен оның інісі Күлтегіннің ата-
аналарына қойылған. С.Е.Масловтың шамалауынша, жазылған мерзімі ҮІІ
ғасырдың басы. Бір мәліметтер бойынша Илтерес 690 не 693 жылдары қайтыс
болса керек.
Орыс географиялық қоғамының мүшесі Н.Ядринцев 1889 жылы Орхон өзенінің
Моңғолия жеріндегі Хошо-цайдам ойпатынан ағып өтетін жерінен кейін Хошо-
цайдам ескерткіштері немесе Күлтегін ескерткіші, Могилян ескерткіші
деп аталып кеткен ескерткіш тастарды табады. Бұл ескерткіштердің иелері –
Н.Ядринцевтің айтуынша, Моңғолоиядан Тарбағатайға дейінгі жерлерді
жайлаған, Қара-қорымнан Ыстық көлге дейінгі елдерді түгел жаулап алып,
Қытай мен Үндістан арасындағы халықтармен қарым-қатынас жасаған түркі
тайпалары.
1827 жылы Селенга өзенінің бойындағы Налайха станциясынан әкелі-балалы
Д.А.Клеменц пен Е.Д.Клеменц кейін Селенга ескерткіші немесе Тоныкөк
ескерткеші деп аталып кеткен. Жазулы тасты табады. Ол Шығыс түркі
тайпаларының әйгілі хандары Илтерес 693 жылы қайтыс болған, Қапаған 716
жылы қайтыс болған, Могилян 734 жылы қайтыс болған тәрізді үш билеушіге
бірдей қызмет еткен, өз заманының білгір дипломаты болған Тоныкөк биге
арналған ескерткіш болып шықты.
Орхон жазуының бұлардың басқа да нұсқалары мол екенін айттық. Қосымша
ретінде айта кететін бір жай – Орхон мен Толы, Селенга өзенінің
аңғарларында ескі дәуір куәсі болатын молалар мен қорғандар, әр түрлі
өрнек, таңба салынған тастар мен плиталар, әр түрлі хайуанаттардың
суреттері өте көп. Тарихшылардың айтуынша, бұлардың барлығы да өзара жақын,
ұялас тайпалардың бір кездегі өмір сүру куәсі, солардан қалған мұра.
2.2 Күл-тегін мен Білге-қаған ескерткіштері

Түркі халықтарының рулық таңбалары мен Орхон-Енисей жазуының
арасындағы генетикалық жақындық жайындағы өткен заман оқымыстыларының бұл
жорамалын қазіргі уақытта совет тарихшылары да қостап отыр. Тарихшы С. В.
Киселев бұл жазу (Орхон-Енисей) сырттан келген жазудың негізінде
қалыптасуымен бірге жергілікті халық арасында тыңнан туған қолтума үлгі
деп қарау керек деп қорытындылайды. Өз ойын дәлелдеу үшін ол тағы да рулық
таңбалар мен жазу үдгілерінің ұқсастығын айтады.
Орхон-Енисей жазбаларының дәуірі Ү-ҮІІ ғасыр аралықтары деп айттық.
Бұл түркі халықтарының арасында ислам діні тарала қоймаған кез. Олар күнге
т.б. табиғи құбылыстарға табынып, соларды құдай тұтты. Соған орай жазбалар
тілінде ислам дініне байланысты айтылатын діні сөздер де, жалпы араб-парсы
сөздері де кездеспейді. Сөздік қорлары түгелдей дерлік табиғи түркі
сөздерінен құралады.
Орхон-Енисей жазуы ескерткіштерінің зерттелеу. Орхон-Енисей жазуына
байланысты ескерткіштердің біздің еліміздегі зерттелу тарихын негізінен
алғанда, үлкен-үлкен үш дәуірге бөледі. Бірінші кезең – Орхон-Енисей
жазуының әрбір үлгілерін жинау дәуірі, яғни ХІХ ғасырдың басына дейін.
Екінші кезең – Орхон-Енисей жазуының материалдарын оқып аудару және
оларды бастырып шығару дәуірі ХІХ-ХХ ғасырлар, қазан революциясына дейін.
Бұл дәуірде кейбір ескерткіштер туралы ішінара болса да ғылыми-зерттеу
жұмыстары жазыла бастады. Үшінші кезең – осы саладағы жазба мұралардың
ғылыми түрде жан-жақты тарихи, лигвистикалық, этнографиялық, археолгиялық
және т.б. ғылыми талдау дәуірі болды.
Орхон-Енисей ескерткіштерінде аталған этникалық топтар мен одақтар да
қазіргі түркі халықтарының құрамында кездесетінін айтып өтпеске болмайды.
Өйткені бұл – жай ғана, кездейсоқ, сәйкестік емес, сол тілде сөйлеген
тайпалар мен рулардың қазіргі түркі халықтарының құрамына еніп, осылармен
этникалық байланысқа түскендігін дәлелі. Ескерткіштер текстіндегі қырғыз,
оғыз тайпаларының кейінгі дәуірде жеке-жеке түркі халықтарының негізін
салғандығы белгілі. Бұлардан басқа тайпалар да қазіргі бірсыпыра түркі
халықтарының құрамында бар екендігі айқындалып отыр. Мысалы, алтайлықтардың
құрамында теле, токуз, төртаз, байлағаз, чигат тәрізді ру аттары кездеседі.
Зерттеушілер осы ру аттары Орхон-Енисей жазбаларында кездесетін теле,
тоғыз, оғұз, аз, чик тәрізді этникалық атаулардың қалдығы дегенді айтады.
Бұл пікірге дәлел болатын тағы бір жағдай: алтайлықтардың әлгі рулардың
да мекені сол ескерткіштерде баяндалатын географиялық орынға сай келеді.
Сондай-ақ қазіргі тува халқының құрамында ондар ұйғыр деп аталатын
этникалық топ сақталса, тағы да алтайлықтардың ішінде сеока тиргес дейтін
этникалық түргеш, ұйғыр атаулар жеке-жеке тайпаларды білдірмей тайпалар
тобын, тайпа одақтарын білдіруге тиіс дейтін пікірді расқа шығарды.
Сонымен қатар қазақ тілінің тарихын зерттеушілер де, тарихи деректерге
сүйене отырып, ескерткіштерде кездесетін ашин, дулу тайпалары қазақ
құрамындағы алшын, дулат руларының арғы негізі болуға тиіс дейтін пікір
айтады.
Сөйтіп, ескерткіштер тілінде кездесетін этникалық топтардың біразы
қазіргі түркі халықтарының құрамынан кездесіп отырады.
Түркі халықтары мен тілдерінің өте ескі мұрасы, тарихи ескерткіші
болып саналатын Орхон-Енисей жазбаларының шығу тарихы, зерттелу жайы, тіл
ерекшелігі және оның қазіргі қазақ тіліне қатысы жайындағы қысқаша мәлімет
осындай.
Орхон ескерткіштеріндегі Күлтегін жырының Білге қаған атынан жазған
жазулардың авторы Иоллығтегін. Біздің сүйенетіндеріміз Күлтегін бірінші
жыр сонында бұл жазуды жаздырғанның аты – Иоллығтегін, - деген анықтама.
Түркі мәдениетін зерттеуші ғалымдардың пікірінше Иоллығтегін 739 жылы
өз ажалынан қайтыс болған, ал жырды 732 жылы жазған. Бұл түркі қағанатының
күшті кезі болғанымен, империя ішіне алауыздық кіре бастағаны белгілі еді.
Мүмкін осы жай саясаткер Иоллығтегіне Күлтегін батыр қазасына арнап сөз
жазуға ой салған болуы мүмкін. Күлтегін батыр 684 жылы туып, 731 жылы 47
жасында дүниеден өткен. Осы қаза әсіресе Білге қағанға қатты әсер еткен,
жырдың Білге қаған атынан жазылуы да содан болар.
Данышпан сол бабамыздың бізге қалдырған мына сөздерін оқып, ойланайық:
Көк тәңірі жаратқан, көк тәңірге ұқсас мен түрік қағаны, міне патшалық
таққа отырдым. Менің халқым, руластарым, аталастарым, туыстарым,
бауырластарым, менің соңыма ерген барлықтарың менің бір сөзімді де қалт
жібермей тыңдаңыздар.
Жоғарыда көк аспан жаратылғанда, жер төменде қарайып жатты. Екеуінің
арасында адамның баласы жаратылды. Барлық адам баласының үстінен менің
бабаларым Бұлқын қаған мен Естемі қаған қарады. Патшалық таққа отырып, олар
әр тайпа өзінің одағын құрды. Солардың бірі түркі халқы болды. Дүниенің
төрт бұрышы олардың жауы болды. Әскер алып шығып, дүниенің төрт бұрышындағы
барлық халықты бағындырып алды. Сөйтіп оларды бейбіт өмір сүруге мәжбүр
етті. Басы барлардың басын игізді, тізесі барлардың тізесін бүктірді. Менің
інім Күлтегін өмірден өтті, мен қайғырдым. Өткір көзім өшкендей болды.
Өткір ойым сөнгендей болды.
Уақытты білмейтін көк тәңірі. Адам баласы туғанда өмірден өту үшін
туады,- деп жазылған. Зираттың басына қойылған көк тасындағы жазу, міне,
осындай. Жазудағы терең ой сөзінің қарапайымдылығында.
Біздің бүгінгі ұрпақтарымыздың өз тілін, өзінің арғы тегінің тарихын,
кім екендігін ұмытқан кезде данышпан бабаларымыздың қалдырған сөздері
бірден-бір ем, дауа болуы сөзсіз.
Данышпан Тоныкөк қаған: Мен қартайдым, дәрежем көкке жетті. Егер жер
бетіндегі қаған бар бір халықтың ішінде жұмысқа құлқы жоқ, жұмыс істегісі
келмейтін бір бейшара болса, ол сол халық үшін қандай қасірет болған болар
еді. Мен данышпан Төныкөк: Білге қағанның түркі халқы үшін осының бәрін
жазуға бұйырдым,- деген сөзін тасқа қашатқан.
Ұққан адамға еңбек сүйгіш бол, сенің халқынды, елінді көрсетеді,
еңбек етпеген жалқау адам елін, халқын кері тартады, қырсығы тиеді, - деп
кейінгі ұрпақтарға өсиеті, ақыл, нақыл, ой тұжырымын қалдырған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Абылхожин Ж.Б., Бурханов К.Н., Кадырбаев А.Ш., Султанов Т.И. Страна в
сердце Евразии.-Алматы: 1998г.
2. Айдаров Ғ. Орхон ескерткіштерінің тексті. –Алма-Ата: 1990.
3. Арон Атабек. Руны и годы или Слово об Учителе. Отан. 2002.№3, с.40
4. Байбатша Әділхан. Қазақ даласының ежелгі тархы.-Алматы: 1998.
5. Баласағұн Жүсіп. Құтты білік. –Алма-Ата, 1986 ж.
6. Есімов Ғ. Абай хакім. –Алматы, 1994.
7. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір мәдениеті. -Алматы, 1991.
8. Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. –Алматы, 1998.
9. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан летопись трех тысячелетий.-
Алма-Ата, 1992.
10. Марғұлан Ә.Х. Еделгі мәдениет куәлары.-Алматы, 1996.
11. Садықова К. Түркі дәуіріндегі мәдениет Жазба мұралары.-Павлодар.2005
ж.
Ернур мугалим
Орхон-Енисей жазуы туралы 1962 ж. ең алғаш хабар берген адам Амстердам
қаласының бургомистрі Н.Бидзен.
С.Ремезовтың 1969 ж. бастап, 1967 ж. жазып бітірген сібір қалаларының,
жерлерінің, шөл жалалар мен асуы қиын таулы өлкелерінің чертежі деген
еңбегінде Орхон тасы деп көрсетілген жер бар. Ол 1896-1897 ж. әйгілі
Талас ескерткіші табылатын рунктке сай келеді. С.ремезов көрсеткен
материалдар петр Алексеевич патшаның нұсқауымен 1701ж. Сібірдің,
қалалардың және өлкелердің атласы деген еңбекті жасау үшін пайдаланылған.
1721-1722 жылдары Сібір өлкесін аралаған Д.Е.Мессершмидттің экспедициясы да
рун жазуының кейбір элементтері жөнінде қысқаша мәліметер жазып қалдырған
болса, айдауда 13 жыл жүріп, Сібірде қызмет істеген швед офицері
Ф.И.Табберт Страленберг, тіл біліміндегі жаңа ағым Орал-Алтай теориясының
авторы, 1730 ж. Орхон-Енисей жазуының бірнеше үлгілерін тапқан. 1793 ж.
П.С.Паллас Орхон-Енисей жазуының бірсыпыра материалдарын жариялады.
Алдын ала берілген осындай азын-аулақ хабарлардан кейін Орхон-Енисей
жазуының ескерткіштерін іздеуге баса назар аударыла бастады. 1818 жылы
бірқатар жазу нұсқаларын Г.Спасский сібір естеліктерінің жазбасы деген
еңбегінде жариялап шығарды. Оны Ф.И.Круг 1828 ж. латын тіліне аударып
басты. Еңбекті сол уақыттың көрнекті ғалымдары А.Гумбольд пен Р.Ремюза өте
жақсы бағалады. 1847 жылы М.А. Кастрен Енисей губерниясының Минусинск
округіндегі Шушинск болысынан рунакалық құпия жазу ескерткіштерінің жаңа
түрін тапты да оны Г.Спасский 1857 жылы басып шығарды. Бұл ескерткіштің
мәтіні 1859 жылы тағы да жарияланды. 1887-1888 жылдары фин ғалымы Ж.Аспелин
арнаулы экспедициямен барып, Енисей өзенінің бойындағы жазуларды зерттеп
қайтты. Оның материалдар 1889 жылы жарияланды. Ж.Аспелин 1884 жылы Одесса
қаласында өткізілген археологиялық сьезде жасаған баяндамасында Орхон-
Енисей жазуының сырын ашу үшін оны оңнан солға қарай оқу керек деп шешкен
болатын.
Бұдан әрі руна жазуының әр алуан үлгілерін жинау жұмыстары қыза түсті. 1881
жылы И.С.Боголюбский Енисей, Абакан өзендерінің оң жақ жағалауынан,
Майдашке қыстауынан т.б. жерлерден, А.В.Вдрианов Саян тауынын маңайынан,
1885 ж. И.В.Савенков Тува өзенінің бойынан сияқты зерттеушілер Орхон-
Енисей жазуы бар бірталай тас кездестіреді. Өзіне дейінгі жазушылардың
пікірін талдап, Н.М.Ядринцев 1885 жылы үлкен мақала жазады да, 1889 ж. Орыс
географиялық қоғамының Шығыс Сибирь бөлімі арқылы экспедиция ұйымдастырады.
Ол Күлтегін мен Могилян ханға арналған ескерткіштерді ашқан. Осыдан соң
Г.Гейкель ұйымдастырған фин ғалымдары 1890 ж. мен В.В.Радлов бастаған
орыс зерттеушілерінің 1891 ж. экспедициялары барып қайтты. Олар жүргізген
жұмыстардың қорытындылары өз алдына жеке-жеке еңбек болып басылып шықты.
Жан-жақты жиналып, мол сараланған ескерткіштердің сырын ашып, жазуын оқу
мәселесі де ұзамай қолға алына бастады. Дания ғалымы В.Томсон ең алдымен
ондағы белігілі бір әріптердің өзара тіркесіп келу заңдылығын қадағалады.
Сонда ол кейбір таңбалардың әрдайым өзара іліктес келіп, кейбір
белгілердің, керісінше қарап, В.Томсен Орхон-Енисей жазуынын тілінде
дауысты дыбыстардың қолданылуына байланысты жуанды-жіңішкелі болып
айтылатын екі түрлі жүйе бар деген тоқтамға келген.
Ж.Асперин Орхон-Енисей жазуында небәрі 38-40 әріп бар, ол әріптердің 847
түрлі таңбасы бар деп жорамалдаған еді. Шынына келгенде, осы күні 24
дыбыстың 150-ге тарта ғана таңбасы бар екендігі айқындалып отыр.
Енисей ескерткіштері деп Енисей өзенінің бойынан және Тува Республикасынан
табылған ескерткіштер тобы аталады. Бұл алқаптан табылған ескерткіштердің
ұзыны елудің үстінде. Бұлардың алғашқылары ХҮІІІ ғасырдан-ақ белгілі
болғандар. Содан кейін әр кезде зерттеушілер саяхатшылар бұлардың басқа
түрлерін таба берген. Соңғы жылдардың өзінде бұл жазудың үлгілері Тува
республикасының территориясынан табылып отыр. Енисей ескерткіштері көлемі
жағынан көбінесе шағын болып келеді. Ең үлкені 10-15 жолдан тұрады да, ең
кішісі 1-2 жолдан ғана құралған.
Қолданылу мерзімі жағынан Енисей ескерткіштері ескі түркі жазуының ең
ескісі, ол шамамен Ү-ҮІІ ғасырларға жатады деп есптеледі.
Ескі түркі жазуының Енисей өзенінің алқабында көптеп табылған жері Улукем
және Кемчик өзендерінің жағасы. Бұл жер жағдайы жақсы, шөбі шүйгін,
тіршілікке аса қолайлы жер көрінеді. Маңайдағы далалық өңірден биік таулар
арқылы бөлініп тұратын жер. Тарихшы Клеменц ескерткіш көп табылған жердің
осы ерекшелігін ескеріп, мұнда Енисей мәдениетінің өркендеуіне табиғи
жағдай болған деп шамайлайды.
Ескі дәуірлерде Енисей бойын қырғыздар, солардың қоластына қарайтын
тайпалар мекендеген. Кейінгі кездерде Енисей ескерткіштерін ескі қырғыз
тілінің ескерткіші болу керек дейтін жорамалға осы факт себеп болып жүрсе
керек. Бұл пікірді қостаушылар ең алдымен қырғыздардың Тянь-Шань тауларына
Енисей бойынан келгендігін еске алатын. Дегенмен, осы орайда мына бір
жағдайды ұмытпаған жөн. Енисей ескерткіштерінің тілі бар жағынан бірдей осы
заманғы қырғыз тілімен астаса бермейді. Ескертекіштер тілінде қырғыз
тілімен қабыспайтын толып жатқан фактілер бар. Оның бер жағында Енисей
ескерткіштерінің тілдік фактілері осы заманғы түркі тілдерінің көпшілігінде-
ақ әсіресе Орта Азиялық тілдерде кездеседі. Бұның өзі, бір жағынан кейбір
зерттеушілер айтып жүргендей мысалы, И.А.Батманов Енисей ескерткіштерінде
бірнеше тайпаларға ортақ тіл болып қалатын диалектілік ерекшеліктер де
соның салдары болуы ықтимал.
Сөйтіп, Енисей ескерткіштері бір ғана ескі қырғыз тілінің көрінісі дегеннен
гөрі, тарихтың ескі дәуіріндегі жалпы түркілік тілдің ескерткіші, олай
болса осы күнгі тірі түркі тілдерінің көпшілігене ортақ деп қарау әлдеқайда
ұтымды.
Орхон ескерткіштері деп Орхон, Селенга, Толы өзендерінің аңғарынан,
Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер тобы аталып жүр. Орхон
ескерткіштері тілі, баяндайтын тарихи оқиғаларының мерзімі, жазу стилі
жағынан ескі түркі жазуының соңғы жаңа кезеңін танытады. Орхон өзенінің
бойына, сондай-ақ оған жалғас аймаққа ескі түркі жазуы Енисей өзені
бойындағы түріктерден тараған болу керек. Енисей ескерткіштерінің
таңбаларынан гөрі Орхон ескерткіштері таңбалырының әлдеқайда жетілгендігі,
олардың жақсы сақтаулы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҮІІ-ІХ ғғ. түркі жазба ескерткіштері тілін зерттеу нәтижелері - көне түркілер тілін антропоөзектік бағытта зерттеудің базалық негізі
Орхон жазба ескерткіштерінің тарихи негізі
Қазақстан жеріндегі эпиграфикалық ескерткіштер
Орхон-енисей жазуының зерттелуі
Орхон-Енисей ескерткіштерінің тарихы
Орхон – енисей жазба ескерткіштері туралы ақпарат
Көне түркі жазуы
Дала жазуларының тарихы
Орхон - Енисей жазба ескерткіштері
Көне Түркі жазуларының зерттелуі
Пәндер