Ауыл мектептеріндегі жасөспірімдердің өнегелілік қасиеттерін қалыптасуы: қазіргі жағдай мәселесі



Жоспар:

1.Кіріспе.

2. Негізгі бөлім.
1.тарау
1.1 «Өнеге», «өнегелі», «өнегелі қасиет» ұғымдарының мәні, мазмұнын анықтау.
1.2. Өнегелі қасиеттерді қалыптастырудағы халқымыздың мұраларына тарихи шолу.
1.2.1 Абай шығармашылығының ұрпақ тәрбиесіндегі ролі.

2.тарау
2.1. Әлеуметтік педагог және оның ауыл мектептеріндегі қызметіне сипаттама.
2.2 Ауыл жасөсапірімдерінің өнегелі сапаларын қалыптастырудың негізгі факторлары.
2.3 Ауыл мектептеріндегі жасөспірімдердің өнегелілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған әдіс.тәсілдер, бағыттар, формалар.
2.4. Қазіргі ауыл мектептеріне сипаттама және ондағы өзекті мәселелер.

3. Қорытынды.

4. Қосымшалар.

5.Әдебиеттер тізімі.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:   
Ауыл мектептеріндегі жасөспірімдердің өнегелілік қасиеттерін қалыптасуы:
қазіргі жағдай мәселесі.

Жоспар:

1.Кіріспе.

2. Негізгі бөлім.
1-тарау
1.1 Өнеге, өнегелі, өнегелі қасиет ұғымдарының мәні, мазмұнын
анықтау.
1.2. Өнегелі қасиеттерді қалыптастырудағы халқымыздың мұраларына тарихи
шолу.
1.2.1 Абай шығармашылығының ұрпақ тәрбиесіндегі ролі.
2-тарау
2.1. Әлеуметтік педагог және оның ауыл мектептеріндегі қызметіне
сипаттама.
2.2 Ауыл жасөсапірімдерінің өнегелі сапаларын қалыптастырудың негізгі
факторлары.
2.3 Ауыл мектептеріндегі жасөспірімдердің өнегелілік қасиеттерін
қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер, бағыттар, формалар.
2.4. Қазіргі ауыл мектептеріне сипаттама және ондағы өзекті мәселелер.
3. Қорытынды.
4. Қосымшалар.
5.Әдебиеттер тізімі.

2.4. Қазіргі ауыл мектептеріне сипаттама және ондағы өзекті мәселелер.
Кез-келген мемлекеттің өркениеттілігі орнда өмір сүретін
халықтың өнегелілігімен бағаланады, ал өркениеттіліктің негізі мектепте
қаланып, мектепте өркен жаяды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген
отырысында сөйлеген сөзінде:Мектеп туралы мәселенің көтеріліп жатқаны өте
дұрыс.Мектеп әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі деген пікірді
айта келе, әсіресе ауыл мектебін өркуендетуге, ауыл мектебінің жағдайын
жақсартуға баса көңіл бөлу қажет екенінемән береді. Осы тұрғыдан қарағанда,
еліміздегі мектептердің, оның ішінде ауыл мектептерінің жұмысын
жандандыру, ондағы тәрбие процесінің сапасын жетілдіру, жасөспірімдерге
ұлттық, өнегелілік негізде тәрбиелеу бүгінгі күннің басты көкейтесті
мәселесіне айналып отыр
Ауыл мектептері әрбір адам, отбасы, ауыл қоғамдастықтары өмірінде
маңызды роль атқарады.
Гурьянова өзінің мақаласында ауыл мектебіне мынадай сипаттама
береді:Бұл ауыл аймағында орналасқан жалпы білім беру ұйымдар түрлерінің
жиынтығы, олардың территориялық орналасуы, әлеуметтік ортасы, ұлттық
құрылымы әр түрлі, оқушшылардың білім және еңбек дайындығының ерекше
міндетін орындауға және балалардың қызығушылықтарын қанағаттандыруға
тырысады делінген.
Ал Л.Ф.Стерлин мен Е.С.Зайцевтің айтуы бойынша Ауыл мектебі ---
ауылда болып жатқан барлық әлеуметтік-экономикалық үрдістердің белсенді
аймағы болып табылады. Ол ауылшаруашылық өндірістерінің кадрларын дайындап,
өз оқушыларын еңбекке баулып, туған жердегі жұмысқа сүйіспеншілігін
тәрбиелейді.
Ашығын айтар болсақ ауыл мектебі дегеніміз – қазақ мектебі. Ол
еліміздің білім жүйесінің түп қазығы. Қаймағы бұзылмаған ұлттық тәлім мен
тәрбиенің қара шаңырағы. Осы тұрғыдан келер болсақ, сол ұлттық тәрбиені
қазіргі заманға сай ілім мен білімге ұштастыра жүргіземіз десек, ауыл
мектебінің жағдайын жасау – кезек күттірмейтін мәселе. Бұл бағытта Үкімет
түбегейлі шаралар жүргізетін болады деп кезінде И. Тасмағанбетовтың өзі
айтқан болатын.

III. Қорытынды.

Қазақстанның XXI ғасырда өркениетті әлемнен орын алып, дамыған
елдердің деңгейінде болуына ықпал ететін бірден-бір құдірет ---- білімді,
тәрбиелі, өнегелі, адамгершілігі және ақыл-парасаты мол ұрпақтардың қанатын
шыңдау.
Қазіргі кезде ұлы бабамыз Әл Фараби айтқан “Тәрбиесіз берілген білім ---
-- адамзаттың қас жауы” деген нақыл сөзді ұран етіп, болашақ жастарды қоғам
талабына сай, ұлттық дәстүрмен байланыстыра отырып, ауыл жасөспірімдерін
өнегелілікке, адамгершілікке тәрбиелеуіміз керек және де қазіргі ауыл
мектептерінде қордаланып қалған проблемаларды уақытысында шешуге
атсалысуымыз керек. Себебі ауыл – қазақтың алтын кіндігі. Барлық салт-
дәстүр, ұлттық құндылық, ұлттық тәлім-тәрбие – бәрі ауылда. Сонымен қатар
ауыл мектебі – тек білім ордасы ғана емес, үлкен мәдениет орны, рухани
орталық. Және де ауыл мектебі – Қадыр мен Қаныш, Мұхтар мен Бауыржан шыққан
мектеп. Оның проблемасы тереңде.
Ауыл мектебі көпұлтты Қазақстан халқының ұлт ретінде жойылып
кетпеуіне және төл мәдениетінің сақталуына көмектеседі. Ауыл мектебінің
басым көпшілігі қазақ мектепетрі болғандықтан ата-бабалардан мұра болып
қалған ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, оны жаңаша дамыту, жетілдіру
қажеттілігі заман талабынан туындап отыр. Онда ұлттық сана-сезім, мінез-
құлық, рух, діл, мемлекеттік тілді оқушылар бойына ұялату үшін оқу-тәрбие
жұмыстарын кешенді түрде жүргізу оң нәтиже берері анық.
Әрбір тәрбиелеп отырған азаматтарымыздың ұлттық санасын оятып, жоғары
деңгейге жеткізсек, сонда ғана біз әрі алғыр, әрі батыл, әрі шапшаң, өз
заманымыз ақыл-ойын толық меңгерген, тайсақтауды білмейтін нағыз текті
ұрпақ тәрбиеледік деп мақтанышпен айта аламыз. Ендеше қойнауы кенге толы
жеріміздің байлығын, ырыс-құтымызды, дәулетімізді төгіп шашпай ұстайтын,
жүректерінде түйсік-танымы бар, ата-бабамыздың бай тәрбиелілік құралдарымен
тәрбиеленген жігерлі жігіттер, ибалы қыздар бүгінгі қоғамның басты сұранысы
болып отыр.
Патриотизмнің биік үлгісін сөзімен де, ісімен де көрсете
білген халқымыздбың біртуар азаматтарының бірі М. Жұмабаев “Әрбір ұлттың
баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан
тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті” деген екен.
Халқымыздың бай тәжірибесіне сүйене отырып, өскелең ұрпақты руханилыққа,
өнегелілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу--- мемлекеттің, білім беру
мекемелерінің, жанұяның алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі. Ұрпақ
тәрбиесі ертеңді күтпейді.
Әрбір ел келешегі --- мектебіне байланысты. Бір елдің
тағдыры мектебінің құрылысына байланысты. Мектептен мемлекет мәдениеті
көтеріледі десек, бұл болашаққа үміт, тілегіміз мектептен басталады деген
сөз.

Еліміз егемендікке ие болғалы шынайы ұлттық мектептің іргетасы
қалана басталды. Төл оқулықтарымыз жасалып, ғылым негіздерін оқытудың жаңа
тұжырымдамалары іске асырылуда. Ұлттық мектептер ұлт тарихын, тілін,
мәдениетін оқып,зерттей отырып, әлемдік деңгейдегі білімге ұмтылуда.
Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекетімізде бірте-
бірте қалыптасып келе жатқан құқықтық-демократиялық қоғамның ең құнды
байлығы адам екендігі баса айтылған. Соған орай білім беру саласында
тікелей пайдасы тиетін, күнделікті өмірде іс жүзінде қолданатын білімдерді
меңгерумен қатар, парасаттылық пен тұлғаның өнегелік қасиеттерін
қалыптастыру жағына баса назар аударудың өзектілігі арта түсуде,
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Респулика Бі
лім және Ғылым қызметкер лерінің 2-съезінде сөйлеген сөзінде білім беру
ісін реформалаудың стратегиялық міндеттерінің бірі—шығармашылық тұрғыда
ойлай білетін жеке тұлғаны мәдениетті, рухани биік деңгейде тәрбиелеу,
өнегелік қасиетін қалыптастыру болып отырғандығына бюаса назар аударып,
жалпы білім беретін орта мектепте білім берум ен қатар, адалдық, адамдық,
ізгілік, отанынсүйе білу сияқты асқақ сезімдерге тәрбиелеу қажеттігі өзекті
мәселе болып ондығын ерекше атап көрсетті. Осыған байланысты жалпы
адамзаттық қадір-қасиеттерінің мән-маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза
білімді, ізгі ұрпақ тәрбиелеу міндетін тәрбиелеудегі ең негізгі мәселе жалп
білім беретін орта мектептің –оқу-тәрбие процесін ұлттық негізге құру болып
отырғандығы айқындалған.
2003 жылдың желтоқсан айында Астанада “Қазақ мектебі: бүгінгі
жайы мен даму болашағы” тақырыбында респуликалық ғылыми- тәжірибелік
конференция өтіп, онда жоғары оқу орындары мен ауыл мектептеріне мамандар
даярлау, білім беру жүйесін жаңаша жүргізу, өскелең ұрпақты өз отаны –
Қазақстанды сүюге және ұлттық сыалт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды
құрметтеуге тәрбиелеу, мектептің жүрегі- ұстаздардың білімі мен
біліктілігін көтеру мәселелері кеңінен әңгіме болды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауында (30
сәуір 2002 жыл) “Ауыл дегеніміз сайып келгенде, халықтың тұрмыс салты,
мәдениетіміздің, дәстүрлеріміздің, әдет-ғұрпымыз бен өнегелік
қасиеттеріміздің қайнар көзі. Осынау саяси-моральдік және әлеуметтік
факторлардың өзі-ақ бізден ауылға барынша байсалды қарауымызды талап
етеді” деген жолдар бар.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 8-бабында: “Білім
беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға,
дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар
жасау”, -деп көрсетілген.

Үкіметтің ауыл мектебін көтеруге бағыттанған көреген саясатымен
батыл қадамын, әсіресе ауылдық мектепте қызмет атқаратын ұстаздар қауымы
қуана қабылдады. Өйткені барлық деңгейдегі басылымдарда мәселе болып
көтеріліп жатқан ауыл мектебінің жағдайы тұралап жатқаны баршамызға аян.
Қай ауылға бара қалсаң да менмұндалап тұратын қасиетті шаңырақ ол - мектеп
деп саналады.
Ауыл балалары тек мектептегі сабақ пен өткізілген даталы іс-
шаралардан басқа еш нәрсе көрмейді. Оларды үйде жетелейтін, ұстаздармен
бірлесіп тәрбиелейтін ата-аналардың көбінің білім деңгейі, ойлау қабілеті
өте баяу. Өйткені ата-аналар ауылшдан көп шықпайды. Көбі орталық басылым
газет-журналдарын алмайды, теледидардан тек Ресей телеарнасының
бағдарламасын ғана көреді. Ауылға мәдени орталықтардан келіп көрсетілетін
мәдени шаралар жоқ. Ауыл кітапханашыларының, клуб меңгерушілерінің, ауыл
әкімдерінің тарапынан ұйымдастырылып жатқан ауыл тұрғындарының рухани
мәдениетін көтеретін іс-шаралар жоқ. Осы жағдайлардың бәрі ата-аналардың
ұстаздарға, әлеуметтік педагогқа деген көмегін тежейді.
Ұлттық рухта жаңаша оқыту мен тәрбиелеу халықтық педагогикаға сай
құрылса ұтарымыз көп. Бұл әр баланың ойлауын жеделдетеді, толық адам болып
қалыптасуына әсер етеді, елін, ұлтын сүюге баулиды. Бірақ осы халықтық
педагогикаға негізделген ұлттық үрдіс, салт-дәстүрмен күнбе-күн етене
таныспайды.Ауылдағы шілдехана, тұсау кесер, тоқым қағар, сүндет той,
беташар, сыңсу, қоштасу, естірту т.б. салт-дәстүрлеріміз өз нақышында,өз
деңгейінде өтпейді. Бала өз көзімен көріп, етене араласып,жүрегімен
қабылдап,іштей сезінбегеннен кейін, ұстаздардың ауызша насихаттағаны нағыз
тәрбие бола алмайды. Осындай істерге ұйытқы боларлық, жанашыр адам кім
Жасөспірім тәрбиесіндегі ең алдымен, аға ұрпақтың жас жеткіншекке
деген сүйіспеншілігі менқамқорлығынан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан
адамгершілік ізгі қасиеттердің тамаша үлгілерінің жиынтығынан туындайды.
Атадан балаға ұласатын асыл құндылықтар үлкендердің әңгіме
желісінен, іс-қимылынан танылып, сезім жіптері арқылы жүректен жүрекке
беріліп отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық
ұлағатты қасиеттерді сіңіре білу үрдісінің мәні зор. Ақынжанды, шешен,
өнерпаз, өнегелі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәлім-тәрбиелік
әдеттері,рәсімдері мен салт-саналық дәстүрлері жас ұрпақтың жан дүниесіне
әсер етіп, санасына сіңсе, ол ұлттық, өнегелік мәдениетті
игерген,иманжүзді, инабатты, жалпы адамзаттық асыл қасиеттерге ие болады.
Бүгінгі күні біз ---- әлем халқы бір кісідей Жаңа дәуір --- Жаңа
ғасыр – жаңа мың жылдыққа аяқ басып отырмыз
Тағдырымыз тап келген Үшінші мың жылдықтың жастары қандай
болмақ. Бұл бүкіл адамзатты ойландыратны да, толғандыратыны да анық.
Шығармашылық бай мұрасымен халқымызға қайта оралған ұлы ақын Ш.
Құдайбердиев: “Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар
барлығынан басым болатын --- адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жұрек. Бұл
сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді”,---- деп
есептейді.
Шындығында да, асыл қасиеттерге ие өнегелі адамды қалыптастыру ----
оның туған кезінен басталса керек.
Адамның Адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар, әлеуметтік
педагог пен мұғалімнің ролі зор. Яғни білім жүйесінің қызметкерлеріне
болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Сондықтан бұл
істе асығыс шешім, жалған әдісғ, қалыптағыдай қатып қалған, ескірген тәсіл
қолданылмауы тиіс
Оқушылардың өнегелік қасиеттерін қалыптастыру ісі тәрбие берумен
ғана шектелмейді, бұл баланың сезіміне әсер ету арқылды ішкі дүниесін
оятудың нәтижесінде оның адами қасиеттері қалыптасады. Өнегеліки қасиеттер
бала бойына тат-бабаларымыздың құнды дүниелері арқылы берілгені жөн.
Өйткені өзгенің басындағыны өз басынан өткізетіндей етіп қабылдауы баланың
болашағын аңғаруына, айналасындағылдардың іс-әрекетін түсінуіне, ой
елегінен өткізіп,сезінуіне ықпал етуі тиіс.

2003-2005 ж.ж. “Ауыл жылдары” болып жарияланғаны баршамызға
мәлім. “Ауыл мектебі ”бағдарламасында ауылдағы білім сапасын жоғарылатуға
мүмкіндік беретін, полифункциялық және интегративтік білім беру қызметтерін
сипаттайтын оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың жаңа формулаларын енгізумен
байланысты жаңа мектеп түрлерін дамыту ұсынылады. Мәселен, “Мектеп-
кітапхана- Мәдени ---орталық”, “Мектеп- балабақша”, “Мектеп – ауыл
шаруашылық кешені”, “Мектеп - өндірістік серіктестігі” және оқушыларға
қосымша білім алу бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі заманға сай ауылды дамыту, оған жоғары мәдениетті енгізу
--- ауыл мектебінде жұмыс істеуге келген маман үшін алғашқы міндет болып
табылады.

Әрбір жеке тұлға әлемдік және ұлттық мәдениеттен сусындауы қажет.
Әрбір мәдениеттің де ұлттық құнардың уызына қанып, дүниежүзілік
құндылықтардан нәр алуы аса маңызды. Осыдан барып білім беру жүйесінің
мәдениеттерінің өзара кірігуі мен бірін-бірі байытуы, жеке тұлғаның әлемдік
және ұлттық мәдениет жүйесіне бойлауын қамтамасыз етеді.

“Ауыл мектебі” бағдарламасынан

Ауылдық жерде балалар мен жасөспірімдердің бос уақыты мен
демалысын ұйымдастыру, балалар қозғалысын дамыту, кәмелетке толмағандардың
арасындағы құқық бұзушылықтарды, қылмыстар мен қадағалаусыздықты ескерту
және алдын алу ауылда қосымша білім беруді талап етіп отыр.
Ауыл педагогтарына көмек ретінде тәрбие мәселелері бойынша
әдістемелік ұсынымдар әзірлеу, озық педагогикалық тәжірибені қорыту және
тарату, оны ауыл мектептерінің практикасына белсенді енгізу қажет.
Жалпы білім беретін мектептер мен мектептен тыс ұйымдарды тиісті
кадрлармен қамтамасыз ету, бұрын қысқартылған педагог ұйымдастырушылардың,
педагог-психологтардың, әдіскерлердің лауазымдарын қалпына келтіру қажет.
Ауылда қосымша білім беру жүйесі құқықтық, санитарлық ағарту
жөніндегі білім беру бағдарламаларына, дағдарысты жағдайда қалған оқушы
жастарға психологиялық және педагогикалық қолдау көрсетуге арналған
жасөспірімдер мен жастарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету
орталықтарына қатты мұқтаж.
Жасөспірімдердің өзін-өзі тану, интернационализм, қазақстандық
патриотизм сезімдерін тәрбиелеу мәселелерінде қоғамдық бірлестіктермен,
ұлттық мәдени орталықтармен бірлесіп жұмыс істеуді жандандыру қажет.
Салауатты өмір салтын енгізу, өнегелілік қасиеттерді
қалыптастыру мақсатында балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік
тәрбие беру, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру жөніндегі
таңдаулы ауыл мектептерінің тәжірибесін қорыту әрі тарату қажет.

Оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыру

Аяқталу ОрындаОрындалу 2003 жыл2004 жыл2005 жыл
Іс-шара нысаны уға мерзімі
жауапт
ылар
“Ауыл мектебі” Бұйрық БҒМ 2003-20051,8 1,8 1,8
бағдарламасында белгіленген ж.ж. 1
күтілетін нәтижелерге қол тоқсан
жеткізуге жәрдемдесетін
ауылдық мектептерді
дамытудың негізгі бағыттары
бойынша ғылыми-зерттеу
жұмыстарының орындалуын
жүзеге асыру
Аудандық білім беру ӘкімдердОблыст2003 ж. 1282,26 282,26 282,26
бөлімдері жанындағы ің ардың тоқсан
әдістемелік кабинеттердің шешімі әкімде
тұрақты жұмыс істеуін рі
қамтамасыз ету
Ауылда балалар мен ӘкімдердОблыст2003-2005135 135 135
жасөспірімдердің демалысын ің ардың ж.ж.
ұйымдасьтыруды, сауықтыруды шешімі әкімдесәуір
және жұмыспен қамтамасыз ету рі
Жасөспірімдер мен жастарға ӘкімдердОблыст2003 ж.1 53 50,94 50,94
консультациялар беруді ің ардың тоқсан
жүзеге асыру үшін шешімі,бәкімде
емдеу-сауықтыру ұйрық рі
мекемелерінің ДСМ
жанынанконсултациялық
пункттер ашу
Құқық қорғау органдарымен ҚР 2003-251,42 51,42 51,42 51,42
және ауылдық білім беру Үкіметін005
ұйымдарының басшыларымен е есеп ж.ж.
бірлесіп, құқық бұзушылық қаңтар
пен балалар қауіпсіздігінің -
алдын-алу мәселелері бойынша шілде
жұмыс жүргізу
Балалар, жастар тақырыбы Бұйрық, БҒМ 1 тоқсан 2,1 2,1 2,1
бойынша жаңа теле-радио әкімдердОблыстжыл сайын
хабарларын жасау ің ардың
шешімі әкімде
рі
Балаларға арналған үздік ББ МҚ Тұрақты 1,9 1,9 1,9
музыкалық шығармаларғ, ӘкімдердКМ
кинофильмдерге ,әндерге ің БҒМ
балалардың көркем шешімі Обл.
әдебиетіне конкурстар өткізу әкімде
рі
Дін ұстану бостандығы БАҚ-тарғМАҚКМ Тұрақты 7,15 7,15 7,15
құқықтар, сондай-ақ діни а Обл.
экстремизмге қарсы күресті жарияланәкімде
насихаттау жөніндегі ымдар рі
мәселелердің БАҚ жариялануын
қамтамасыз ету
Ауылдық жалпы білім ӘкімдердОбл. Қаңтар, 65 60,2 59,2
беретінмектептерде кәсіптік ің әкімдежыл сайын
бағдарлау кабинеттерін ашу, шешімдеррі
мектепаралық оқу-өндірістік і
комбинаттарды қалпына
келтіру
Ауылдық мектептерде бейіндікӘкімдердОбл. Қаңтар 85 84,9 84,8
еңбекке баулуға және ің әкімдежыл сайын
кәсіптік даярлыққа дейінгі шешімі рі
оқытуды жүзеге асыруға
жағдайды қамтамасыз ету

Оқыту мен тәрбие сапасын арттыру

Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде ауыл жасөспірімдерімен тәрбие
жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына
қоятын басты талаптарының бірі ---- өнегелі бағыттағы азаматтық-
адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі
замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді
ұрпақ тәрбиелеу. Әрине қазіргі кезде жасөспірімнің өнегелік қасиетінің
қалыптасуына, оның өзін-өзі танып білуіне үлкен мән берілуде. Осыған
байланысты ауылдық жерлердегі басым көпшілігі шағын комплектілі
мектептерде, оның ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие үрдісін ұйымдастыру
мәселесі де күн тәртібінен түскен емес. Себебі қазақ мектебі --- ауыл
мектебі ---- бұл мемлекетіміздің болашағы. Көптеген ел басқарған
азаматтар, зиялы қауым өкілдері осы ауыл мектептерінің тәрбиесін көріп
өсіп, жеке тұлға ретінде қалыптасқан.
Әрине қазіргі кездегі ауылдық жерлерде қалыптасқан кейбір келеңсіз
жағдайлар тәрбие мәселесіне де өзінің кері әсерін тигіуде. Мысалы, көпшілік
ауылдарда мәдениет ошақтары: клубтар, кітапханалар, мектепке дейінгі тәрбие
мекемелері --- балабақшалар жабылған. Оқушылардың сабақтан тыс бос
уақыттарында баратын жерлер жоқтың қасы. Бұл жағдайда ауылдық жерлердегі
жасөспірімдер арасындағы ұлттық қасиеттердің төмендеуі, мәдениеттен
алыстауы, бұзақылықтың көбеюіне жасөспірімдердің басқа да бұрын ауылда
болмаған келеңсіз жағдайларға ұрынуына әсер етпей қоймайды. Осы себепті бұл
мекемелердің жұмысын қалпына келтіру, жандандыру мәселесі қолға алынуы
керек деп есептеймін.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006
жылғы Қазақстан халқына арналған жолдауында білім беру саласындағы
мәселелерді ерекше қарастырады. Жолдаудағы төртінші басымдық осы мәселені
қамтиды. Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде:Жалпы білім беру мекемелері--- мектепті
12 жылдыққа көшірудің неізінде еліміздің ертеңгі болашағы – жас
жеткіншектерді сапалы білім, саналы тәрбие беру көзделген. Жолдауда
халқымыздың асыл қазыналарын жас ұрпаққа түсіндіріп, олардың қазіргі кезде
құнды екендігін түсіндіру арқылы олардың өнегелік қасиеттерін қалыптастыру
мәселелері сөз болады. Бұл арқылы біз дамыған елу мемлекеттің құрамына
кіруді жоспарлап отырған Қазақстанның намысын қолдан бермейтін, жоғары
парасатты, асыл қазынамызды ұрпақтан ұрпаққа жоғалтпай жеткізетін ұлы
тұлғаларды тәрбиелей аламыз, - деп ой қорытады.

Еліміздің Бірінші Ханымының жасөспірімдердің өнегелі
қасиеттерін қалыптастыруға деген жанашырлығы, еліміздің болашағына деген
зор сенімі, қоғамның дамуына қарай ұрпағының қалыптасуына көңіл бөлуі
педагог қауымға ғана емес, барша жұртқа зор ықпал етері даусыз.
Рас, ауыл жасөспірімдерінің өнегелілік қасиеттерін
қалыптастыру мәселесі мектептің күн, тәртібінен ешқашен түскен емес, бірақ
білім жүйесіндегі зымырандай жылжыған уақыт талабы мен мұғалімдердің
шамадан тыс жүктемелері әр баланың іс-әрекетіне шығармашылықпен
үңіліп,жеткілікті көңіл бөлуіне мойын бұрғызбай келеді. Өнегелілік
қасиеттер үлкен мен баланың арасындағы шынайы қарым-қатынаста беріледі.
Көзге көрінбейтін, өте нәзік сезімді, аса құнды қасиеттерді
жүректен жүрекке үзбей жеткізу тек шебер әлеуметтік педагогтың ғана қолынан
келеді.

Ауыл мектебінің бағыттылығы

Қазіргі ауыл мектептері болашақ ұлт мектебінің негізін қалаушы,
ҚР ұлттық білім саясатын жүзеге асыратын мекемелер болып табылады.
Қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму үрдісінде
өнегелілік өлшемінен айырылған адамның ақыл-ойы, бағыт-бағдары санасының
адасуынан есерсоқтыққа, зорлыққа, қатыгездікке ұрындырады. Оған қоса
центризм, рационализм дәстүрлеріне бағдарланған қазіргі мектептерді
шығыстық діл мен мәдениетіне бағыттап, озық адамгершілікті тәжірибелерді
меңгеруіміз қажет. Оқушы жастарға жалпы білім негіздерін терең меңгеруге,
белгілі кәсіби мамандықтарға баулуға ерекше назар аударғаннан гөрі
жасөспірімдердің бойына өнегелілік сапаларды, рухани-адамгершілік
қасиеттерді, мәдени мінез-құлықты тәрбиелеуге және жалпы адамзаттық
құндылықтарды, игі мұраттарды ұстайтын, салауатты өмір сүретін тұлғаны
қалыптастыруға тиіспіз.
Қазақстан “базалық білім беру” ұғым мазмұнын толықтыратын Бүкіл
әлемдік білім беру декларациясы мен Бала құқықтары туралы конвенцияның
бағдарламалық ережелерін ұстана отырып, ауыл мектептерінде жасөспірімдердің
бойына өнегелілік қасиеттерді, былайша айтқанда, адамгершілікке,
инабаттылыққа, қайырымдылыққа, мейірбандылыққа, әділдікке, еңбек
сүйгіштікке, өтірік айтпаушылыққа, сөзінде тұруға, зорлық-зомбылық
жасамауға, бақытты өмір сүруге тәрбиелеуімізді талап етеді.
Ауыл мектебі қазақ ұлт мектебінің негізін құрайды. Ұлттық мектеп
адамзаттың мәдениетпен этномәдениеттің өзара кіріккен бірлігінде дамитын
болғандықтан, ерекше сараланатын ұлттық қалыптастыруда тұлға дербестігін,
еркіндік, демократия идеяларын оқу-тәрбие үрдісінде ұстану қажет.
Ауыл мектебінің даму моделінде жас ұрпақты қазақстандық
патриотизмге тәрбиелеу, көпұлтты мемлекетімізде халықтар арасындағы өзара
түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуда мектептегі елжандылық тәрбиесінің
дәрежесі өте маңызды орын алады.
Ауыл мектебінің тәрбиелік мүмкіндігі өте зор, олар халық
менталитеттерінде: туған жерге, елге деген сүйіспеншілік, табиғатты ерекше
қастерлеу, қорғау, аялау, үлкен-кішіні сыйлау, меймандостық, көңілдің
ашықтылығы, адами қатынастар қауымшылдығы, отбасы мүшелері мен ағайын-
туыстарға қайырымдылық, өнерді қастерлеу, ар-ұятты ұстау т.б. қасиеттерден
көрінеді.
Ендеше мектептерін дамытудағы атқарылар шарал

Екіншіден, мәдени орта құрушы тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануға,
демалысын ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік беру,

Үшіншіден, жасөспірімдердің өнегелілік қадір-қасиеттерінің қалыптасуына,
өзін-өзі шығармашылықпен айналысуға,

Төртіншіден,педагогикалық тұрғыдан жасөспірімдердің ұлттық сана-сезімдерін
тәрбиелеу, әлемдік деңгейге бағдарланған өркениетті жалпы орта білім беру.

Ауыл – қазақ халқының ұлттық негізінің мәйегі, тіл, салт-дәстүр,
мемлекет іргесінің қалыптасуы мен дамуының алтын бесігі. Ауыл – ұлттық
болмыс, ұлттық психолгия, этнопедагогиканың өміршең өзегі.

Бүгінгі ауыл мектебінің өзекті мәселесі баршектептен бастау үстірт
ұғым. Бұл бағытта шешімдерге қол жеткіземіз десек, онда төмендегі
мәселелердің шешімін іздеу керек:

Ауылдағы тұрмыс-тіршілік;

Ауыл экологиясы;

Отбасын сақтау, отбасын құру, ұрпақтың қалыптасуы;

Ауыл мәдениеті;

Ауыл мектебі, оның оқу-тәрбиені сапалы беру мүмкіндігі;

Ауыл, мектеп, жахандасуға дайындық;

Ауыл мектебі басшысы, мұғалім-әлеуметтік педагогтардың сапалық
деңгейі;

Ауыл мектебі – даму болашағы.

Ауыл жасөспірімдерінің өнеглілік қасиеттерін қалыптастыру үшін
ауыл мектебінің даму бағыттары, болашағы қандай болғаны жөн

Ауыл мектебінің даму бағыттары:

----- Әлемдік білім деңгейне негізделген ауыл мектебінің ғылыми-
теориялық, әдістемелік негізін жасау;

------ Этнопедагогика, этнопсихолгия және әлемдік педагогика,
пстхология жетістіктерін негізге алып, білім-тәрбие сатыларында
ұштастыра ұлттық білім саясатын жүзеге асыру;

----- Ұлттық діл, мәдениет, тіл,тарихты өркениет жетістігімен қатар
өрбіту;

----- Ұрпақтың қалыптасуы , бала тәрбиесі және дамуын қамтамасыз
етуді қаржылық, денсаулықты сақтау, дамыту тұрғысында әлеуметтік
шешімдер жасау;

------ Ғылыми-техникалық, жахандану үрдісіне сай мектеп құрылысы,
материалдық-техникалық базажасау, теория мен білімді ұштастырып білік
қалыптастыру;

------- Адамзаттық, экологиялық, имандылық тәрбиесін қалыптастыру;

------ Отбасынан бастап барлық деңгейде қазақстандық патриотизмді
қалыптастыру;

------ Дін тарихын, ұлттық психологияны мектепте оқыту;

------ Ауыл мектебінде арнайы курстар 8-11 сыныптардан бастап ауыл
шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімдерін әлемдік өңдеу технологиясына
бағыттауы және туризм әлемдік саяхатқа дайындау, жүргізу мәселесіне мән
беру қажет;

------ Ата-анаға арнап дүниеге келетін, дүниеге келген, мектепке
дейінгі тәлім-тәрбиені қамтитын ғылыми-әдістемелік материалдар
қажет,+бұл баланы жан-жақты дамытуға және Қазақстандық патриотизм
қалыптастыру негізін жасайды. Яғни баланың өзін-өзі жетілдіруіне,
дамытуына бағыт-бағдар беру қажет.

Ауыл мектебінің мәселесі – қазақтың елдігінің мәселесі. Бұл ұлттық,
халықтық, мемлекеттік деңгейдегі ең басты мәселе екендігі әлемдік даму
үрдістерінен хабардар, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарға аян нәрсе.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында Ауыл-
бұл халық өмірінің бейнесі, мәдениеті мен дәстүрінің, салты мен рухани
өмірінің қайнар көзі. Тек қана осы факторлар жиынтығы ғана бізден ауыл
мәселелеріне сергек қарауымызды талап етеді—деп көрсетті.

Айтылған ойларды қорытындылай келе, сөздің түйіні ауыл мәселесі ---
ұлттық өрлеуіміздің, нұрлы болашағымыздың мәселесі. Сондықтан ауыл
мектебіндегі жасөспірімдердің өнегелік қасиеттерін қалыптастыру
проблемаларына селқостықпен қарау --- туған Отанының болашағына
немқұрайлық танытумен, ел алдындағы перзенттік парызына жауапсыздықпен
тең болмақ. Бұл мәселе жайбарақаттықты көтермейді. Әрбір әлеуметтік
педагогтың, білім ұйымдары мен тәрбиені басқару салалары басшыларының
аталған мәселеге үлкен мән беріп, дұрыс шешімін табуға өзіндік үлес қосу
- өмір талабы.

Қазақ мемлекеті дүние жүзі танитын, алдыңғы қатарлы мемлекеттің
дәрежесіне көтеріліп келеді. Ал осы болашақ Қазақстанның азаматы 21
ғасыр есігіне еркін енетін, дүниежүзілік мәдениетті танитын, иманжүзді,
рухани дүниесі мол, интеллект деңгейі жоғары, өнегелік қасиеті
қалыптасқан болуы керек. Мектеп қабырғасында ғасырлар бойы халқымыздың
жинақтаған ұлттық мұрасы мен озық мәдениетін, ізгі салтын жасөспірім
бойына сіңіру, өмірге деген көзқарасын, дүниетанымын, мінез-құлқын дұрыс
қадамға қажетті асыл қасиеттерге иландыру, сендіру,ізгілікке,
адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы
болып отыр.

Қазақстан Республикасы парламентінің әлем парламентариіне
арнаған үндеуінде: Ұлтмызға, жынысымызға, нәсілімізге, тегімізге,
ұстанатын дінімізге қарамастан жалпы адамзаттық ұлы құндылықты, рухани
мәдениетті әрі қарай дамытуға үлес қосуымыз қажет екені атап
көрсетіледі. Бұл, біріншіден, жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы ұлттық
мәдениетті меңгере отырып, әлемдік рухани ынтымақтастық рухта
дүниежүзілік елдермен бейбітшілікті сақтау болса, екіншіден, жас
ұрпақтың жан дүниесінде өнегелік қасиеттерді қалыптастыру . Біліктілік
– адамның өмір жолында көргені мен естігененінің тиімдісін, құндысын,
пайдалысын көңілге тоқудан, ал білімділік -- тікелей ғылым
негіздерімен қаруланудан, оқудан құралмақ,-- дейді профессор
Ж.Наурызбай. Білімділіктің сапасы рухани құндылық болса, біліктілік жас
ұрпақ дүниетанымының, адамгершілік құндылық, өнегелілік қасиеттерінің
қалыптасуына байланысты.Олай болса, педагогикалық проблемадағы
өнегелілік қасеттерінің қалыптасуы ұлттық тәлім-тәрбие, яғни, мақал-
мәтелдер, тиым сөздер, ертегілер, аңыздар, әңгімелер және т.б. арқылы
іске асырылып, ұрпақ тәрбиесінде пайдаланылып отырылады. Жалпы адамзат
тарихында жасөспірімдердің өнегелілік қасиеттерінің қалыптасуы ерте
заманнан-ақ ойшыл-ғұламалардың, көнекөз қариялар мен ақын-жыршы, жырау,
әнші, күйші, термеші, өнер адамдарымен жалғасып отырған. Мәселен, Қожа
Ахмет Иассауидың Диуани хикмет еңбегінде: ...адамға адами міндеттерді
түсіндіру, өмірге келгендегі мақсатын айқындау, оның жүрегі мен рухына
көңіл бөлу,-- деген. Бұның түпкі тамыры өнегелілік пен адамгершілікте
екені түсінікті.

Ғалым Г. К. Нұрғалиева:Адамгершілік құндылық дегеніміз --
өмірдің мақсаты, мағынасы мен білімнің ролі, өмірдегі жолы мен еңбегі;
өнегелілік қасиет негізі -- өмір сүру нормасынан тұратын процесс.
Бүгінгі күннің білім мен тәрбиесінің мақсаты--- өзіндік
адамгершілік құндылықты жасөспірім бойына, санасына сіңіріп, рухани
дүниетанымын салауаттылыққа бағыттау
Осыдан келіп өнегелілік қасиеттердің құрылымдық жиынтығы мен
негізгі жүйесі және жүзеге асыру жолдары пайда болады. Кестемен көрсетсек:

Құндылықтар Құндылықтар жиынтығыЖүзеге асыру жолдары
негізі
Жалпы Өмірге көзарас, Оқу-тәрбие үрдістері,
адамзаттық, Дүниені тану, Факультативтік сабақтар,
ттық, танымдық,адам өмірі, Арнайы қосымша пәндер,
өмірге белсенділік,Сыныптан тыс шаралар,
рухани, жоғары білімділік, Үйірмелер,
әлемдік, ар-ождандық, Ғылыми-зерттеу
салауаттылық, азаматтық, жұмыстары,
адамгершілік, елжандылық, Мектеп және отбасы, т.б.
т.б.
Ұлтжандылдық,
парасаттылық,
ұқыптылық,
тазалық,
имандылық, т.б.

Құрылым жүйесінің білімділік негізі—жасөспірім бойына өнегелілік-
адамгершілік қасиеттердің біртұтас жүйесін қалыптастыру.
Дамытушылық негізі ----- жасөспірімдердің белсенділігін,
шығармашылыңғын, танымдық көзқарасын жоғары біліктілікке дамыту .
Тәрбиелілік негізі --- өнегелілік-адамгершілік қасиеттері арқылы
ұлттық, азаматтық , әлемдік, салауаттылық, этикалық мінез құлық нормасын
қалыптастырып, сале-ауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Нәтижесінде жеке тұлғаның
дербес өнегелілік қасиеттері негізінде қалыптасу жүйесі пайда болады.

Жеке тұлға

Рухани мәдениет деңгейі өседі

Дүниетаным және ой-өріс деңгейі артады

Ұлттық сана-сезім деңгейі жоғарылайды
Әлеуметтік ортаны танып-білу белсенділігі артады
Шығармашылық қабілет деңгейі жоғарылайды
Олай болса, жаңа ғасырдағы мектептің көп қырлы оқу-тәрбие үрдісінде ата-
баба қанында бар ерекшеліктерді ескере отырып, халқымыздың бай мұрасымен
тәрбиелеу----- өмір талабы.
Өйткені өнегелілік негізі---- ұлт болып қалыптасқан елдің өмір
бойы ой елегінен өткізген адамгершілік жиынтығы мен рухани болмыс

2.1.Әлеуметтік педагог және оның ауыл мектептеріндегі қызметіне сипаттама.

Мектеп оқушысының қоршаған ортамен байланыстарының сипаты өзгеруі
үшін оқу орындарының барлық түрлері шын мәнінде әлеуметтік және мәдени
тәрбие орындары ретінде танылып, оларда әлеуметтік педагогикаға лайықты
орын алуы қажет.
Ал енді қоғамға,әрбір оқушы мен оның отбасысына қажет болып
отырған әлеуметтік педагог дегеніміз кім, ол қандай болуы керек ?
Әлеуметтік педагог ---- өзінің негізгі жұмыс бағытын оққушылардың
сабақтан бос уақытын тиімді пайдалану мәселесімен айналысады. Олар ата-
аналармен бірлесе отырып, мектептен тыс көптеген қызықты жұмыстар жүргізе
алады. Оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеттері әлеуметтік
педагогтың үлесіне тиеді.
Алдымен әлеуметтік педагог әрбір өскелең жас адамға ақылшы,
ұстаз, ұйымдастырушы, психолог, тәрбиеші, үлестіруші-әдіскер, олардыың
әлеуметтік құқықтарын қорғаушы болуға тиіс. Әлеуметтік педагог кәсіби
психологиялық жағынан дербес жасампаз адамдарға, жоғары оқу орнында алған
білімі мен машығы негізінде оқушы жастар мен олардың отбасыларының
құқықтарын әлеуметтік жағынан қорғай алатын, жеке адамның әлеуметтік
ортада,оқу барысында, еңбек қызметінде және бос уақытында жан-жақты
жарасымды дамуының мәселелерін пайымдап, іске асыра алатын әлеуметтік
педагогтарға ғана тиесілі. Әлеуметтік педагогтың жұмыс объектілері оқушылар
мен ата-аналар ғана емес, сонымен қатар, әртүрлі жастағы адамдар, клубтар,
секциялар, топтар және қоғамдық бірлестіктер.Мұндай ортада барлығы өздерін
еркін ұстайды, тәуелсіз сезінеді. Сондықтан да бұл ортада жұмыс істеп,
оқушының бос уақыттағы тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру қиын да күрделі жұмыс.
Әлбетте, бұл міндеттерді іске асыру үшін әлеуметтік педагогтар мемлекеттік,
кооперативтік, мәдениет мекемелері, спорт ұйымдары мен кітапханалар
ұйымдарының, балаларды қорғаушы және оларға қамқоршы ұйымдардың,
бірлестіктердің т.б. көмегін пайдаланады.
Біліктілігі жоғары маман ретінде әлеуметтік педагогтар, сондай-
ақ баланы әлеуметке бейімдеудің жалпы, ауқымды мәселелерімен қатар тиісті
мекемелерде балалар тамағына бөлінген қаржының дұрыс жұмсалуын бақылау,
интернат типті тәрбие орындарында гуманитарлық көмекте әділ болуы, т.б.
сияқты жеке мәселелерді де шешеді.
Қазіргі әлеуметтік педагогтың ең алдымен әлеуметтік педагогика,
әлеуметтік психология, педагогикалық социология, жас шамасының психологиясы
мен педагогиикасы, акмеология, жастар мәдениеті, отбасын тану, құқық тану,
ортаны педагогикаландыру сияқты салалардан арнайы білімі болуы тиіс.
Бүгінгі таңда ауыл мектептерінде әлеуметтік педагогтардың аса
қажеттілігі туындап отырғандығы мәлім. Әлеуметтік педагог ауыл
мектепптерінде тек мектеп оқушыларымен ғана емес, білім процесіндегі
ересектерге де дағдарыс жағдайынан және қиын ситуациялардан (бақытсыз
жағдай, ұжым мен ата-аналармен, әкімшілікпен конфликт, аурулар және т.б.)
шығу жолдарын көрсетеді.
Әлеуметтік педагог жұмысындағы жасөспірімдермен жұмысының өзіндік
ерекшелігі бар. Біріншіден, ол жасөспірімдермен жұмыста, олардың іс-әрекет
мәселелерін нақтылауда оқушының оқу және тәрбие жетістігі мәселесіне ден
қояды, жасөспірімдердің өмірсүйгіштік, оптимистік, отансүйгіштік бағытта
бола білу, әртүрлі сәтсіздіктерді алдын-ала білу қасиеттерін қалыптастыруға
ата-аналармен бірлесе отырып жұыс жүргізеді.
Әлеуметтік педагогтың жұмысының негізгі мақсаты ------
оқушылардың дамуын, тәрбиесін, білім алуын әлеуметтік тұрғыдан қорғау.
Әлеуметтік педагогтың негізгі жұмысының басы алға мақсат қоюдан басталады.
Өскелең ұрпаққа заман талабына сай тәрбиелеу, тұлғаның бойына
жауапкершілікті, өз отанына деген міндет-борышын атқаруға, оның гүлденіп,
өркендеуіне атсалысуына үйрету, өз тіліне, өзіне сүйіспеншілігін
қалыптастыру, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор көрсету, табиғатты аялауға
ықпал ету. Жалпы айтқанда осының бәрі ауыл жасөспірімдерінің өнегелі
қасиеттерін қалыптастыру мен азаматтық тәрбиелердің негізінде жүріп
отырады.

Міндеттері
1. Оқушылардың қажеттілігі мен қызығушылықтарын, мінезден ауытқушылығын,
әлеуметтік ортаға бейімделу және әлеуметтік қорғалу деғңгейін анықтау.
2. Оқушыға қажетті қолдау мен әлеуметтік көмекті өз уақытысында көрсету.
3. Оқушы --- жеке тұлға мен мекеменің, отбасы, орта, әлеуметтік қызмет
мамандарын, әкімшілік орындарды тікелей байланыстырушы.
4. Жеке тұлғаның бостандығы мен құқығын жүзеге асыруда, оқушыларды қолдау
мен көмек көрсетуде т.б. әлеуметтік қорғау барысында шара қолдану.
5. Әлеуметтік инициативаны дамытуа, әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға
бағытталған, мерекелік шаралар ұйымдастыру және оларды талдап, бекітуге
қатысу.
6. Мекемеде, отбасыда, және қоршаған әлеуметтік ортада білім алушы жеке
тұлғанның қауіпсіздігі мен психологиялық үйлесімділігіне жағдай
туғызуына ықпал ету.
7. Оқушының салауатты өмір салты үшін әлеуметтік ауытқушылық пен құқық
бұзушылығының алдын алу.
8. Оқушыларға көмек көрсету үшін мұғалімдердің, ата-аналардың, әлеуметтік
қызмет көрсету мамандарының, әкімшілік ұйым өкілдерінің өзара әрекетін
үйлестіру.
Көрсетілген мақсат-міндеттерден әлеуметтік педагогтың
төмендегідей жылдық жоспарын жасауға болады.

Әлеуеттік педагогтың жалпы білім беру мектептеріндегі жұмысының
жылдық жоспарын төмендегідей бейнеде көруге болады.

Тамыз
1. Жаңадан келген оқушыларға диагностика жасау.
2. Әлеуметтік медико-педагогикалық сарапшыларға осы мағлұматтарды тапсыру.
3. Алынған нәтижелерді талдау және түзете-дамытып оқытудағы сыныптарды
қалыптастыру.
4. Жүргізілген диагностикалыық нәтиже бойынша оқушыларға деген көзқарас
қалыптастыру.
5. Оқушыларды қорғауда және әлеуметтік қолдауда әкімшілік ұйымдары мен
әлеуметтік қызметкерлер мамандарының өзара әрекеттесуі.
6. Алынған мағлұматтарды талдау негізінде әлеуметтік педагогтың түзету
жұмыс жоспарын жүргізу.

Қырккүйек.
1. Сынып жетекшілерімен жұмыс:
А) оқушыларға жүргізілген диагностикалық жұмыс нәтижелерін сынып
жетекшілеріне таныстыру;
Б) түзете-дамытып оқытуда сынып оқушылары туралы педагогикаалық көзқарас
пен мінез-құлқын қалыптастыруға кеңес беру;
В) түзете-дамытып оқыту сыныптарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда
біркелкі талаптарға байланысты жоспар құру;
Г) өткен оқу жылында өткізлген педагогикалық консилиумды мектеп
мұғалімдерімен келісе отырып талдау;
Ж) мектеп бітіруші оқушыларға (9-11 сынып) педагогикалық мінездеме беруге
байланысты кеңес беру;
2.Оқушылармен жұмыс:
а) мектеп оқушыларының қоршаған ортасының дамуын бақылау, мониторинг
жасау;
б) оқушылардың мінез-құлқындағы ерекшелігін диагностикалау;
в) жалпы оқу қабілеті мен дағдыларды диагностикалау;
г) оқушылардың әлеуметтік ортасын диагностикалау (отбасы, қарым-қатынас
жасайтын ортасы, қызығушылығы мен қажеттілігі);
ж) оқушыға әлеуметтік психолого-педагоикалық мінездеме құру;
е) оқушыларға жүргізілетін түзету жұмыстарының жолдарын жасау;
3.Отбасымен жұмыс.
А) оқушылардың әлеуметтiк өмірінің жағдайын диагностикалау;
Б) оқушылардың отбасымен зерттеу жұмыстарын талдау;
В) ата-аналар жиналысында, ата-аналарға дәріс тақырыптарын өңдеу;
Г) сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысын талдау, ұсыныс беру;
Ж) оқушылардың мектепке, әлеуметтік ортаға бейімделу процесін мектеп ішінде
бақылауға жоспар құру;
Е) ата-аналарға жеке кеңес беруді жүргізу.

Қазан

1.Түзете-дамытып оқыту сыныптарында диагностиканы жүргізу минимумы.
2. Түзете-дамыта оқыту сыныптарында қоғамдық іскерлік пен дағдылады
қалыптастыру жұмыстары.
3. Түзете-дамыта оқыту сыныптарында сенсорлық---моторлық дағдыларды жүзеге
асыруға бағытталған жұмыс.
4. Оқушылар мен ата-аналарға жеке кеңес беру.

Қараша
1. Түзете-дамыта оқыту сыныптарында түзету жұмысы (бейімделмеудің
алдын алу, оқу түрткісін қалыптастыру, жалпы оқу іскерлігі мен
дағдысын жасау).
2. Жаңадан келген оқушыларды мектепке бейімдеу бағдарламасын жүзеге
асыру.
3. Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне оқушылардың әлеуметтік
карталарын жинауға және талдауға көмек көрсету.
4. Ата-аналар мен окушыларға жеке кеңес беру.
5. Оқушылардың әлеуметтік педагогикалық ерекшелік мағлұматтарын
диагностикалау.
Желтоқсан
1. Оқушылардың әлеуметтік психолого-педагогикалық өзгерістерінің
мониторинг- динамикасы.
2. Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерін мониторинг нәтижесімен
таныстыру.
3. Әлеуметтік қызметкер мен әкімшілік органдарымен мониторинг
нәтижесін көрсету.
4. Мониторинг жүргізуде анықталған өзгерістерді әлеуметтік
педагогикалық процесте түзету.

Қаңтар
1. Оқушылар мен мұғалімдерге жеке кеңес беру.
1. Оқушылардың жинақталған мәліметтерінің әлеуметтік-педагогикалық
ерекшеліктерін қорытындылау.
2. Әлеуметтік қызметкерлермен, әкімшілікпен кеңесе отрырып, жергілікті
мерекелерге жоспар жасау.
3. Әлеуметтік қызметкерлермен әкімшілік органдардан алған мағлұматтарды
диагностикалау негізінде еңбек нарығына қажетті және басқа да
мамандыққа оқушыларды кәсіби бағыттау жұмысына жоспар құру.
4. Оқу мотивациясы жоғары оқушылардың үздіксіз оқуын қамтамасыз етуге
бағытталған жұмыс.

Ақпан
1. Оқушылардың әлеуметтік картасын толтыру үшін сынып жетекшілері мен
пән мұғалімдерінің материал жинауына көмек көрсету.
2. Ата-аналар мен оқушыларға жеке кеңес беру,
3. Оқушылардың әлеуметтік педагогикалық ерекшелігі жөніндегі
мағлұматтарын диагностикалау.
4. Әлеуметтік қызметкер, мұғалім, психолог, әкімшілік органдарының
өкілдерімен кеңесе отырып мерекелік шараларды өткізу.

Наурыз
1. Әлеуметтік-педагогикалық аумақтағы мониторинг-динамикалық өзгерістерді
қарастыру.
2. Әлеуметтік-педагогикалық процесте мониторинг өзгерістерді біле отырып
түзету жұмыстарын жүргізу.
3. Ата-аналарды, сынып жетекшілерін, пән мұғалімдерін мониторинг
нәтижесімен таныстыру, әлеуметтік қызметкерлер мен әкімшілік органдарына
осы мониторинг туралы мағлұмат беру.
4. Сынып жетекшілерінің оқушылардың педагогикалық мінездемелерін толтыруын
қадағалау.
5. Ата-ана және оқушыларға жиналған мағлұматтар бойынша жеке кеңес беру.
6. Түзете-дамытып оқытудағы сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын
дамытуға бағытталған жұмыс.

Сәуір
1. Әлеуметтік педагогтың сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, ата-аналарымен
мониторинг-динамикалық нәтиженің өзгеруіне байланысты бірлесе жұмыс
жүргізуі.
2. 9-11 сынып оқушыларымен жеке кәсіби жұмыс жүргізу.
3. Мектептегі әлеуметтік педагогикалық қызметті өз деңгейінде талдау және
жүзеге асыру.
4. Оқушыларды аттестация жүргізу барысында стресстік жағдайлардың туындау
мүмкіндігіне байланысты тұрақтылығын қалыптастыруға әлеуметтік-психолого-
педагогикалық іс-шаралар жүргізу.
5. Оқушыларды оқу-тәрбие процесіне бейімдеу.
6. Ата-аналар, оқушылар, мұғалімдерге мәліметтердегі көрсеткішке
байланнысты жеке кеңес беру.
Мамыр
1. Келесі оқу жылында кемшіліктер жібермеу үшін мектептегі өткен оқу
жылындағы әлеуметтік педагогикалық қызмет жұмыстарын талдау.
2. Жаңа оқу жылының жұмыс жоспарын құру.
3. Қорытынды педагогикалық кеңесте талқыланған сынып жетекшілерінің
педагогикалық консилиум және әдістемелік бірлестіктегі жұмыстарын талдау.
4. Сынып жетекшілеріне педагогикалық көрсеткіштердің қорытындысындағы
кемшіліктерді түзетуге ұсыныс жасап, кеңес беру.
5. Жаздық еңбек-сауықтыру кезеңдерін ұйымдастыру үшін ата-аналарға
әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру.
6. Жаңа оқу жылының ата-аналар жиналысына тақырыптар құру.
7. Мектептегі әлеуметтік педагогикалық жұмыс динамикасының өзгерістерін
айқындау үшін өткен оқу жылына әлеуметтік-психолого-педагогикалық талдау
жасау.
8. Сынып жетекшілерінің, пән мұғалімдерінің алдағы іс-әрекет мақсатына
болжау жасау.
9. Әлеуметтік педагогикалық қызметтің қорытынды нәтижелерін педагогикалық
кеңесте талдау.
Ескерту. Берілген әлеуметтік жұмыс жоспарын оқушылардың контингент
ерекшелігіне байланысты құруына, өзгерістер енгізуіне, апталық жоспар жасап
толықтыруына болады.
Қазіргі жағдайда мектептің, отбасының және көпшіліктің өзара
байланысын жақсартатын әлеуметтік педагогтар даярлаудың ауқымын кеңейту
керектігі өте айқын сезілуде. Мұндай категориядағы кәсіби білікті
мамандарды дайындауға және қайта даярлауғаерекше көңіл аударуы қажет. Міне,
сонда ғана бала тәрбиесіндегі мектеп, отбасы және көпшілік ұйымдардың
арасындағы байланысты жақсартатын мамандар саны көбейіп, сапасы артады.
Мұны өмір талап етіп отыр.

1.2. Өнегелі қасиеттерді қалыптастыруда халқымыздың мұраларына тарихи
шолу.
Күллі адамзат қауымында өткен ақыл-парасат алыптарының ой-
кермегін тартып, тіршілік тұңғиықтарын терең толғап ұғынған сайын
кемеңгерліктерін ұрпақ тәрбиесіне арнамағандары аз. Сонау көне дүние
данышпандары Сократ та, Платон да Аристотель де төрткүл дүниенің тылсым
сырларын ата-бабаларымыз Әл Фараби, Әбу Райхан Беруни, Ғаббас Ибн Сейд Әл
Жауһари, Жүсіп Баласағұн т.б. мектеп ашып, шымырлай аққан ой құдіретін
ұрпақ тәрбиесіне бұрған. Олай болса, ұлы ойшылдардың қол созған мұраттары
тікелей адам тәрбиесіне астасып жатыр. Тіпті кешегі өткен Декарт Локк, Ян
Амос Коменский, Жан-жак Руссо, Лев Толстой да тәрбие саласына ерекше көңіл
бөлген. Қазақ баласының өнегелілік қасиетінің қалыптасуына ең әуелі шоқтығы
биік болып көрінетін құдіреттің бірі - халық педагогикасы. Осы тұста қазақ
халқының ұрпағына қалдырған аксиомалық ұғымдарды еске түсіреді. Алып
анадан туады тылсым сыры әлі ашыла қоймаған ұлағатты сөз бар.
Адамдардың мінез-құлығы мен ар-ұжданы негізінен ақыл-парасат және
жүрек тәрбиесінен алады екен. Осындай тұжырымды Абай Құнанбаев та құптайды.

Әл Фараби жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі
біріккенде ғана адам бақытқа жетіп, адамшылық қасиеттерге ие болмақ, -
дейді.
Адам мінезін негізінен тәрбиелеп қана жетілдіруге болатынын
айтқан ұлы Абай: Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл ғылым, ар, мінез
деген нәрселермен озады, онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де
ақымақшылық, - деп адамның шынайы, саналы өмірін дәріптеген.
Тәрбиелі, өнегелі, адамгершілігі бай адамның бойынан байқалатын
ұят пен ар, ізгілік, мейірім, имандылық пен инабат-ұждан ұғымына саяды. Ал,
адам табиғатындағы ұждан деген қасиетті сипаттың тербелетін бесігі тек
жүрек тәрбиесімен ғана үндесіп жататындығы белгілі.
Абай жүрек қалыптастыратын ұждандық сипатқа ерекше мән берген.
Ол адам ғұмырында жүректің орнын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыстарда жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастырудың педагогикалық жүйесі
АУЫЛ МЕКТЕБІ ОҚУШЫЛАРЫН РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
Балаң жас өспірімдік психология жас өспірімдік - әлеуметтік-психологиялық құбылыс
Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру
Арнайы мамандандырылған спорт мектептерінде қазақ күресі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу мазмұнын жасап, ұйымдастыру әдістерін ұсыну
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықты талдау
Самбо күресінен спорт мектептерінде қосымша спорттық білім берудің педагогикалық негіздері
Спорттық күрестің даму тарихы арқылы палуандарды дайындау ерекшеліктері
Мұғалімнің, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жүйесіндегі өзіндік ұстанымдары
Теледидар және жасөспірімдер
Пәндер