Көне жазулар



Жоспар:

1) Көне жазулар.
2) Орта ғасырлардағы жазу.сызу.
3) Руна жазуының сипаты.
4) Байырғы түрік бітіг (руна) жазуының дыбыс үндесімі.
5) Байырғы түркі «ж» фонемені қақында.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1) Көне жазулар.
2) Орта ғасырлардағы жазу-сызу.
3) Руна жазуының сипаты.
4) Байырғы түрік бітіг (руна) жазуының дыбыс үндесімі.
5) Байырғы түркі ж фонемені қақында.

Көне жазулар:
Қазақ жерінде жазу-сызу сақ дәуірінен бастап пайда болған сияқты. 1960 жылы Ертіс өзенінің оң қанатынан табылған б.з.д. V -- IV ғасырларға жататын сақ дәуірінің марал сүйегінен жасалған түмарда жазу болған. Оны ғалым Алтай Аманжолов оңнан солға қарай "Ақ сықын" -- "Ақ марал" деп оқыған. 1970 жылы Есік қаласының түбінен табылған "Алтын адамның" қабірінен жазуы бар күміс тостаған шықты. Тостағанның сыртында екі жолға жазылған 26 таңба бар. Олар бір жағынан, көне түркілердің руникалық жазбаларына үқсас, екіншіден, Жерорта теңізі төңірегіндегі көне алфавиттік таңбаларға, өсіресе грек, арамей өріптеріне ұқсас. Оны да А.Аманжолов көне түркі тілі сияқты оңнан солға қарай оқыған. Жазудың мазмүны мынадай екен: "Аға, саған (бүл) ошақ! Бөтен (жат ел адамы) тізеңді бүк! Халықта азық-түлік (мол болғай!)!" Зерттеушінің пікірінше, бүл сақ дөуірінде түркі тілінде жазылған, яғни бүдан 2500 жыл бұрын түркі тілдес сак тайпалары әліпбиін жазуды білген. Өткен ғасырдың 60-жылдары Іле өзенінің оң жағасындағы Тайғақ шатқалынан көне тибет жазуы, көне грек әліпбиіндегі жазу табылды. Ғалымдардың пікірінше, грек алфавитімен жазылған жазудың сыртынан айналдыра тибет жазуын жазған. Жазуды грек әліпбиін білетін буддалық монах жазған болуы керек. Қарлүқтар заманында (VIII ғ.) Жетісу жеріне келген тибеттіктер тау-тасқа өздерінің буддалык дүғаларын ойып жазған. Әліпби жазу дүниежүзілік мәдениетке косылған үлкен үлес болып есептеледі. Көне түркілер алғашқы әріп жазуының бір түрі -- руналық жазуды ойлап тапқан және пайдаланған.Көне түркі руналық жазуы Қазақстанда Талас, Ертіс, Сыр, Іле өзендерінің қойнауларында табылған. Бүл жазуларды алғаш зерттеп, оларды оқудың "кілтін" тапқан -- Да- ния зерттеушісі Вильгельм Томсен. Осы көне түркі жазуларын сыртқы нобайы жағынан Скандинавияның рунала- рына үқсатып, бүл жазуларды да руналық, яғни "қүпия" жазу деп атап кеткен. Ең алғаш табылып зерттелген түркі жазуы ескерткіштері Білге қағанға, Күлтегінге қойылған қүлпытастардағы жазу. Көне түркі руна жазулары қашау өдісімен тасқа, түрлі бүйымдарға (ағаш қасық, күміс тостаған, ыдыс) ойып, сызып жазылған. Руналык жазбада 35 өріп бар, бүдан басқа төрт таңба лт, нт, нг,рт деген дауыссыз дыбыстар тіркесін береді. Жазу оңнан солға қарай оқылады. Түркі жазбаларына Тоныкөк (Улан-Батордың жанында) ескерткішіндегі жазулар да жатады. Қазақстан жерінен табылғандары -- Талас өзені бойынан табылған тас мөрдегі жазу Алматы облысындағы Кетпен тауындағы тастағы жазулар (үш жерде), Есік қаласының түбінен табылған күміс тостаған- дағы жазу. 1960 жылы Сыр бойындағы Шардара суқоймасын саларда ескі қамал орнынан саз балшықтан күйдіріліп жасалған түркі жазулы мөр табылды. Бүрынғы Семей облысының Үржар ауданынан, Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха ауданынан көне түркі жазуы бар екі қола айна табылған. 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданынан табылған көне түркі жазуы және Жайық өзені бойынан табылған қола айнадағы руна жазуының тарих үшін маңызы зор. Көне түркі жазуларында, әсіресе қүлпытастардағы жазуда Күлтегін, Тоныкөк, Білге каған, т.б. сияқты түркі елбасыларының істеген ісі, түркі жүртының сол кездегі жағдайы, басқа елдермен қарым-қатынасы, олардың дүниетанымы сипатталады. Күлтегін ескерткішін оның ағасы Білге каған қойғызған. Жазу мынадай сөздермен басталады: "Тәңірідей төңірден жаралған Білге (дана) қаған бүл таққа отырдым. Сөзімді түгел естіңдер, жалғасқан іні-жиенім, үлым, руым, халқым... Көңілдегі қандай сөзім болса, мәңгі таска жаздым. Оны көріп, сонша біліңдер!" Білге каған түсында түркі елі дәуірледі. Ол өте жігерлі, кайратты, өділ, ақылды елбасы болды. Ол жазуда өзі туралы былай дейді: "Түркі халқы үшін түнде үйықтамадым, күндіз отырмадым. Қызыл қанымды, қара терімді ағыздым. Жалаңаш халықты киіндірдім, жарлы халықты бай қылдым, аз халықты көп қылдым".
Орта ғасырлардағы жазу-сызу:
Ерте орта ғасырларда түркі халықтары өздерінің төл жазуымен бірге соғды жазуын да пайдаланған. Соғдыжазуы дегеніміз -- орта ғасырлардағы парсы жазуы. Соғды жазуының өз тілдеріне икемделген нұсқасын түркілер алғашында "ұйғыр жазуы", кейінірек "найман жазуы" деп атаған. Түркі халықтары ислам діні енген кезден бастап (VIII -- XII ғғ.) араб әліпбиін де қолдана бастайды. Қарахан мемлекетінен бастап іс қағаздары араб әліпбиімен жүреді. Араб әліпбиімен хатқа түскен сол заманғы еңбектер мыналар: Махмүд Қашқари "Диуани лұғат ат-түрік", Жүсіп Баласағүни "Қүтты білік", Қожа Ахмет Йасауи "Диуани хикмат", Сүлеймен Бақырғани "Хикмет", Рабғузи "Қиссауыл әнбия" ("Әулиелер дастаны", "Оғызнама" (IX -- X ғғ.), Әбілғазы Баһадүр "Түрік шежіресі", т.б. Көне түркі тілі, жазуы -- бүгінгі өзбек, қазақ, үйғыр, түрікмен, қырғыз, карақалпақ халықтарына ортақ мұра. Түркі тілі, жазуы негізінде осы аталған қазіргі түркі тілдес халықтардың әдеби тілдері қалыптасты.
Руна жазуының сипаты:
Түркі тіліндегі деректерде айтылған жазулар тіл ғылымында руна жазуы деп аталған. Ол Скандинавия халықтарының тілі бойынша, сыры ашылмаған құпия жазу деген сөз. Бұл жазудың оқылу сырын ашкан -- В.Томсен. Одан кейін Орхон жазуларын орыс тіліне аударған түрколог В.Радлов болды. Сөйтіп, XIX ғасырдың соңында руна жазуының құпия сырының ашылуы ертедегі түркі тілдес халықтардың да өздеріне тән жазуларының болғандығын көрсетті.
Түркі жазуы бір-бірімен қосылмай жазылатын 38 әріптен тұратындығы белгілі. Кейбір ғылыми пікірлерге карағанда, көне түркі жазуының пайда болуына соғда әріптері пайдаланылған немесе әсері тиген. Бүл екі жазудың әріптерін бір-бірімен салыстырып қараса, екеуінің бір-біріне ұқсас еместігін байкау онша қиын емес. Керісінше, түркі әліпбиінің көріністері олардың ру-тайпаларының таңбаларына үксас. Олай болса, "Түркі жазуының пайда болу негізі олардың таңбаларында жатқан жоқ па?" деген орынды сұрақ туады.
Түркі дәуірінен қалған атақты "Күлтегін", "Білге қаған" сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің қолымызға тиіп отыр. Қазак, халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет-ғұрып, салт- сана, діни-наным, сенім, мақал-мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бөрі-бөрі халқымыздың тірлік-тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар казақ халкының ертеден келе жатқан бастауы.
Түркі дәуіріндегі ескерткіштердегі жазулардан және бір байқалатыны -- өздері мекен еткен географиялық аймақтың бағыттарын барлай білген. Шамасы, көшпелі өмірге байланысты мал шаруашылығының және табиғаттың ерекшеліктері ескеріліп отырған.
Түркілер өздері өмір сүрген кеңістіктің төрт бұрышын тек жаз жайлауы, қыс қыстауы, мал жағдайы үшін ғана біліп қоймай, өздерімен көрші жаткан мемлекеттермен байланыс, қарым-қатынас жасауда да, соғыс іс-әрекетінде де географиялық бағдарлау жасай білген.
Байырғы түрік бітіг (руна) жазуының дыбыс үндесімі:
Байырғы түрік жазба тілінің фонетикалық жүйесі мен (Орхон, Енисей, Шығыс Түркістан мәтіндері) жазу үлгісінің мәселесіне байланысты түрколог ғалымдар зерттеулері бүгінгі күнге дейін толық бір арнаға түсе қойған жоқ.
Беделді зерттеушілер А.Н. Кононов [1.23], В.А. Лившиц [2.90-98], Г.Клосон [3. 52, 71] байырғы түрік бітіг соғды алфавитінің негізінде пайда болған дей отырып, фонемограммалық (алфавиттік) жазу екенін мойындайды.
Ал В.Г.Гузев, С.Г.Кляшторныйлар қандай бір семит алфавитін шебер өзгертіп пайдаланған дей отырып, әліпби буындық жүйеге (силлабограмма) негізделген деген ұсыныс айтады [4.59; 5.70]. А.Аврутина шығу тегі жағынан екінші топтың пікірін қолдай отырып әліпби жүйесін словесно-слогово-буквенную (сигнофонографический) деп қорытындылайды [6.84, 95].Жатжұрттық бұл зерттеушілер түркі тілінің табиғи ерекшелігін, табиғи заңдылығын жақсы түсіне бермегендіктен жоғарыдағыдай қорытынды жасаған.
А. Байтұрсынов фонемографиясына ғылыми анализ жасаған түрколог-фонетист М.Жүсіпов түркі тілінің дыбыс үндесім тіл екенін анықтап тұңғыш рет дыбыс үндесім (сингармофонем) деген атау енгізіп келді [7.11-19]. Кейін 2005 жылы белгілі фонетист Ә. Жүнісбек осы дыбыс үндесім теориясын байытып байырғы түрік жазба тілінің фонологиялық моделін жасады [8.120-125].
Байырғы түрік бітіг дыбыс үндесім жазуы болғандықтан оның тілі де үндесім тіл. Буын не сөз құрамындағы дыбыстардың (дауыстылардың да, дауыссыздардың да) бір әуезбен айтылуын үндесім құбылысы дейді. Ал дыбыстарды (дауыстыларды да, дауыссыздарды да) буын не сөзге біріктіріп тұратын фонологиялық құрсауды (просодиканы) үндесім заңы дейді. Бұл заңдылық бойынша байырғы түрік бітіг жазба тілінің үндесім құбылысын анықтау үшін алдымен буынның дыбыс құрамын анықтау жөн. "Түрік тілдеріндегі кез келген буын үш құрақтан тұрады: дауысты құрақ - V (vokal), дауыссыз құрақ - С (consonant), буын құрақ - CV (consonant + vokal). Дауысты құрақ буынның тек басында, дауыссыз құрақ буынның тек соңында тұрады, ал буын құрақтың өзі буын болып табылады. Сондықтан ол барлық уақытта буынның басы болады" - дейді байырғы түрік жазба тілінің фонологиялық моделін жасаған белгілі фонетик ғалым Ә.Жүнісбек.
Олай болса осы теорияны пайдаланып байырғы түрік жазба тілінің үндесім дауыстылары мен үндесім дауыссыздарының фонологиялық сипатын алып қарастыруға жол ашылады. Байырғы түрік бітіг әліпбиінде дыбысты таңбалаған материалдық белгісі, идеалық белгісі берілген. Өйткені әр таңбаның ерекшелігінің өзі осы заңдылыққа бағынады.
Байырғы түркі ж фонемені қақында:
Бізге жеткен ерте Ортағасырлық жәдігерліктерді, тас бетіндегі рун жазуларын оқыған зерттеушілер бұған дейін байырғы түрік тілінде "ž" фонемсіз оқып келді. Сөйтіп байырғы түрік тілін "j" (и) тілді халық ретінде ғылымда берік түсінік қалыптастырды. Шынында солай ма? Осы проблемаға анализ жасап көрелік.
1. Байырғы түрік рун жазуының алдында, әрі сол дәуірде қолданыста болған брахми, манихей алфавиттерімен жазылған түрік тіліндегі жазба деректерінде "ž (ж)" фонемді "dža", "ž" деп белгілеген (Gabain. Eski.1988. p.26).
2. Ұйғұр алфавитін б.з. 790 жылдардан бастап Орталық Азиялық түріктер қолдана бастаған. Байырғы түріктердің рун жазуын кең көлемде қолданыста болған кезеңдердің бірі. Міне осы ұйғұр алфавитінде "ž (ж)" дыбысын графикада Ч деп белгілеген. Ұйғұр графикасымен жазылған мәтіндердің барлығында сақталған (M.Kašgarli. Divanü lugat-it-türk. 1985-1986.p.8,12). Олай болса, манихей, брахми мен ұйғұр әліпбиінде белгіленген түрік тілінің "ž (ж)" фонемі руникада қалайша жоқ болып кетеді деген сұрақ туады. "Ž" фонемі болуға тиісті. Зерттеушілер оны графикадан белгілеп бере алмаған.
3. Ерте Ортағасырлық Хазар мемлекетінің Савира тайпасы "ž (ж)" диалектімен сөйлеген. Гундердің көсемі (савир тайпасынан) Алп 682 жылы Хурсана Зертегінді (Жер-тегін) Арменияға елшілікке аттандырады. Міне сол Зертегін (Жер-тегін) деген атауын армян ғалымдары "žertegin (жер-тегін)" деп оқи отыра, олардың "ž (ж)" диалектілігін дәлелдейді (В.Л.Гукасян. Об одной., 1984.,с.82). Мысалы, Хазар мемлекетінің қағаннан кейінгі екінші лауазымды "жабғу хакан" (žabɣu qaɣan) деп сол дәуірдегі армян нұсқасы "Истории Алван" деген еңбекте жазып қалдырған (Гукасян.,с.80). Хазарлардың осы "ž (ж)" диалектісі кейін азербайжан тілінде дәстүрлік сабақтастығы сақталған. Хазар мемлекетінің бір үлкен тайпалық одағы печенектердің атауын Ал-Масуди (Х ғ.) "beženek" (беженек) деп жазып қалдырған. Мысалы, žer (жер), žyr (жырту), žymryq (жұдырық), beženek (печенек), žabɣu (явғу) т.т. с.с. жекелеген сөздер жазылып сақталған.
4. Байырғы түрік қағанатының билеуші тайпасы қыпшақтар болған (Сартқожаұлы Қ., 2003. б.67-82 ). Қыпшақ тілі ежелден "ž" тілді болғаны ғылымда әбден дәлелденген.
5. Ерте Ортағасырдың соңында жазылып сақталған М.Қашқари сөздігінде қыпшақ, оғуздар "ž (ж)" тілді екенін айта отырып, нақты мысалдар келтіреді: jinžü (түрікше - інжү) ~ žinžü (жінжү) (қыпшақ, оғуз); juɣdu (түрікше - жүкті түйе) ~ žuɣdu (қыпшақ, оғуз); žylyratty (жылтыратты), žuwšatty (ашытты).
Түркі диалектісінің сөз басындағы -s, -j әріптерінің орнына қыпшақ, оғуздар "ž (ж)" әрпін қолданған. Мысалы, Ol meni žetti (ол маған жетті). Suwda žundym (суға жуындым), - дейді М.Қашқари (МК.ІІ.364-389).
6. Б.з. V-XII ғ.ғ. өмір сүрген Еділ Бұлғарларында да "ž" дыбысы қолданыста болған. Мысалы, žoh (К.Т. žoɣ) ~ бата, оң арулау; žür (K.T. žüž) ~ жүз; žirme (K.T. žigirme) ~ жиырма; žeti (К.Т. žeti) ~ жеті. Еділ Бұлғарларында "ž" дыбысы тіл алды, жабысыңқы, ұяң айтылған (Хакимзянов Ф.С., Бұлғар тілі Тюркские языки., с.47-51).
7. Қарлуқ тайпасының қалдырған мәтіндерінде "ž" тілді екенін дәлелдейтін жаңа деректер табылды (Сартқожаұлы Қ., Моңғолия экспедициясының есебі. 2003 ж., б.23).
8. Көк түрік мәдениетінің ізбасарлары Біріккен түріктер (керей, найман, едізді) (ТТ., б.71) (VІІІ-Х ғ.ғ.), Қарахандықтар (ХІ-ХІІІ ғ.ғ.) (ТТ., б.81), Мәмлүк-қыпшақтарда (ТТ., б.95), Х-ХІ ғасырда Орта Азия (Сыр бойы) оғуздар (ТТ., б.104), VІІ-ІХ ғасырда Хазарлар қол астында болған печенектер (ТТ., б.138), ХІ-ХІV ғасыр Оңтүстік орыс даласындағы половецтер (ТТ., б.130), ХІ-ХІV ғасырдағы хорезм түріктер (ТТ., б.142), XV-XVI ғасырдағы шағатай (ТТ., б.183) тілдерінің барлығында "ž" фонемі болған.
9. Қыпшақ тобының қазіргі тірі тілдері қазақ (ТТ., б.317), қарайм (ТТ., б.331), қарақалпақ (ТТ., б.341), қырғыз (ТТ., б.371), қырым татары (ТТ., б.385-386), құмық (ТТ., б.411), ноғай (ТТ., б.423), Астрахан ноғайлары (ТТ., б.659), Астрахан ноғай-қарағаш (ТТ., б.243), башқұрт (ТТ., б.270), салар (ТТ., б.35), татар (ТТ., б.464) тілдерінде "ž" фонемі толық қолданыста келе жатыр.
10. Сібірлік Алтай (ТТ., б.233), барабан татарлары (ТТ., б.259), долгон (ТТ., б.308), тува (ТТ., б.497), хакас (ТТ., б.597), шор (ТТ., б.647), шұлым (ТТ., б.638) тілдерінде "ž" фонемі толық қолданыста.
11. Оғуз тобының түркімен (ТТ., б.537), өзбек (ТТ., б.553), ұйғыр (ТТ., б.568-569), азербайжан (ТТ., б.209) тілдерінде "ž" фонемі сол тілдерінің негізгі дыбыстарының бірі.
12. Орхон түріктерінің мәңгілік көршісі, әрі этникалық жағынан түбі бір моңғол, манчжур, түнгүс, танғад тілдерінде "ž" басым дыбыстардың бірі. Орхон түріктерінің тіліне осы аталған көршілес халықтардың тілі әсер етпей тұра алмайтынын есепке алуымыз жөн.
13. Соғд, ұйғур, моңғол-ұйғур алфавиттерінде z (з), ž (ж), j (й), i (і), j (и), z (з) әріптерін бір кескінмен белгілеген. Байырғы түрік руна жазуында осы ерекшелікті қайталап j (й) мен ž (ж) әріптерін бір ғана таңбамен кескіндеген.
Себебі, түрік тілінің ішіндегі "j" тілді диалектілер мен "ž" тілді диалектілер сол дәуірдің өзінде айқындалып, бөліне бастағанын еске алып осылайша бір таңбамен берген болуы әбден мүмкін.

Түркі халықтарының жазба ескерткіші және оның көздері:
Әрбір дәуірдің елеулі, кезеңді оқиғаларын заманының белгілі ақын-жазушылары дастан-жырларға, ойшылдары тарих-шежіреге айналдырып, шеберлер сәулет өнерінде бейнелеп қалдырған.
Тек түркі халықтары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын ондай ескерткіштердің мәні өте зор. Сондай құнды рухани мұралардың қазақ жерінде де көптеп жасалғандығы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш.
Ежелгі мәдениет ескерткіштерінің ең бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас - Орхон ескерткіштері (VІІІ ғ.).
V-IX ғасырларда түркілер қоныстанған Алтай, Сібір, Орта және Орталы қ Азия жерінде жазу, сызу, егін, әдебиет өнері, тарих ғылымдарының, діни сенімдердің, Орхон жылнамасы мен Талас аңғарынан табылған ескерткіштер айғақ.
Орхон-Енисей жазу ескерткіштері табылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихындағы Көне түрік дәуірінде сай келеді. Шығыс Түркі құрамында өмір сүрген тайпалар осы Орхон - Енисей жазуын қолданып, осы жазу тілінде сөйлеген. Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері - Орхон, Енисей, Селенгі және Талас бойы.
Орхон-Енисей жазуы өзінің жазу ерекшеліктері мен қолдану өрісіне сай Орхон-Енисей және Талас жазуы делініп екі топқа бөлінеді.
Енисей жазба мұралары. Олардың бұлайша аталуы тас бетіндегі сына жазуларының Енисей бойынан табылумен байланысты. Бұған қосымша кейіннен Тува мен Хакасия Краснояр өлкелерінен де осындай жазбалар табылған. Енисей жазбаларының жалпы саны - 85 шамалы. Олардың ішінде кіші - гірім жазбалармен қатар ірі тестер кездеседі. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан негізінен шағын болып келеді. Ең үлкен 10-15 жолдан, ең кішісі 1-2 жолдан ғана тұрады. Қолданылуы жағынан Енисей ескерткіштері - ескі түрік жазуының алғашқы шығып қалыптасқан, тараған нұсқасы. Бұл жазу біртіндеп Орхон өзені, одан Талас өзені өңіріне тарады. Бұл тұжырымның шындыққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне Түркі жазулары
Түркілердің руна жазуы. Көнетүркі жазба ескерткіштерінің таралуы мен зерттелуі
Көнетүркі жазба ескерткіштерінің таралуы мен зерттелуі
Көне түркі жазуы туралы
Көне Түркі жазуларының зерттелуі
Көне түркі тілі
Орхон - Енисей ескерткіштері
Көне түркі жазуы
Дала жазуларының тарихы
Түркі Ренессансы және оның әлемдік мәдениет мұрасындағы орны
Пәндер