Несие қатынастарының пайда болуы және қалыптасуының теориялық аспектілері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Несие қатынастарының пайда болуы және қалыптасуының
теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1.Несие қатынастарының пайда болуы және дамуы ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2.Несиенің мәне оның формалары мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

2. Қазақстан Республикасындағы банк жүйесізаңды тұлғалардың
несиелік қабілетін бағалау және оның рекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1.Банктердің заңды тұлғаларды несиелеу және несиелік
қабілетін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2.Банктердің заңды тұлғаларды несиелеудегі шетел тәжірибесі
мен проблемалары оның ішінде ресей мемлекетінің заңды
тұлғаларды несиелеуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
2.3.«Темірбанк» акционерлік қоғамының заңды және жеке
тұлғаларды несиелеу және оны басқа да банктермен салыстыру ... ... ... ...42

3.Банктердің заңды тұлғаларды несиелеуін жетілдіру жолдары
мен динамикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...63
Қорытынды 68

Қолданылған әдебиеттер 70

Қосымшалар 72
Кіріспе

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі: Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесі қызмет етуде. Бұл-экономика саласындағы жоғары деңгейдегі динамикалық түрде дамыған болып табылады. Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесі, яғни бастапқы бөлім Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болса, ал екінші бөлім яғни, соңғы бөлім–коммерциялық банктер болып табылады. Ал, коммерциялық банктер кейінгі жылдары өзін-өзі қатаң түрде байланыстыру және банктер арасындағы бәсекелестікке қарсы тұра алатындығын көрсете алды, оның ішінде заңды тұлғаларды несиелеуде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Мәселен, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің деректері бойынша халыққа берілген несиелер динамикасы 2006 жылғы желтоқсанда 2005 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда экономикаға берілген несиелердің өсуі 82,7%-ке жетті. 2006 жыл мен 2007 жылды салыстыра отырып, заңды тұлғаларды несиелеу жылдан жылға өсуде және 66,2%-ті құраған [ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша].Осындай статистикалық мәліметтер алдағы тарауларда толық қарастырылған.
Сонымен қатар, қазіргі таңдағы банктер заңды тұлғаларды несиелеуде несиенің ауқымды қызмет түрлерін клиенттерге көрсетеді. Нарықтық экономикада банктердің несие қатынастары және нарық бәсекесі даму алды, ал ол болса жаңа талап қойып және қазіргі уақытқа сай әдістер мен шешу қолданымдарын пайдаланылады, қажет етеді және заңды тұлғаларды несиелеуде несиені ауқымды реттеу түрлерін клиенттерге ұсынады.
Мәcелен, қазіргі таңдағы банктердің заңды тұлғаларды несиелеуде сан алуан әдіс-тәсілдерді, оның ішінде шетел тәжірибелерін қолдана отырып клиенттердің қажеттілігін қанағаттандыруда. Міне, сол әдіс тәсілдерді диплом жұмысында қолдану, оның ішінде заңды тұлғаларды несиелеуде талап етілетін заңи тұрғыдағы құжаттарды жинақтай отырып, кепілге қойған «мүлікті бағалау» бөлімі бағалап нарықтық бағасын шығарады. Сол құжаттарды банк жинақтай отырып, Қазақстандағы екі банкті, оның бірі тәжірибеде өткен «Темірбанк» акционерлік қоғамы мен «Альянс банк» және шетел банктердің бірі ретінде Ресей мемлекетінің «Розисбанкіндегі» заңды тұлғаларды несиелеуді салыстыру. Салыстыру нәтижесінде банктердің заңды тұлғаларды несиелеудегі процент мөлшерлемесін және өтелу мерзімін анықтау және талдау.
Тақырыпты көптеген тақырыптар ішінен таңдап алу себебі: Қазіргі таңдағы банктердің заңды тұлғаларды несиелеудегі артықшылықтары мен кемшіліктерін айтарлықтай мүмкіндікте ашу және сол мүмкіндіктері бойынша банктердің заңды тұлғалардың несиесін дамыту болып табылады.
Диплом жұмысы тақырыбының мақсаты болып мыналар саналады:
-Дамыған шетел мемлекеттерінің несие қатынастарында қолданылатын әдістер мен түрлерінің отандық экономикада пайдалану мүмкіндіктерін зерттеу және жеке алған банктердің заңды тұлғаларын бір-бірімен салыстыра отырып ерекшеліктерін ескеріп бейімделуін қарастыру;
-Қазіргі таңдағы банктегі заңды тұлғалардың қалыптасатын жағдайларын реттеу әдістерін зерттеу және оларды ұлғайту жолдарын ұсыну.
Ал, мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылады:
-Нарықтық қатынастарды дамыту жағдайында банктердің заңды тұлғаларды дамытудың ерекшеліктерін айқындау;
-Заңды тұлғалрдың несие алу қабілеттілігін сипаттайтын және оның іс- әрекеттерінің ерекшеліктеріне байланысты мінездеме беретін көрсеткіштер жүйесін қалыптастыру;
-Қазіргі таңда банктерде заңды тұлғаларды нсиелеуде берілетін несиенің тәуекелділігін қарастыру және қадағалау;
-Шетел тәжірибелерін зерттеу нәтижесінде отандық банктердің қаржылық тұрақтылығын басқару бойынша ұсынылады;
-Диплом алдында тәжірибе түрінде өткен «Темірбанк » акционерлік қоғамының заңды тұлғаларының несиесін басқа банктермен салыстыра отырып зерттеу және олардың ерекшеліктерін салыстыру.
Тақырыптың зерттеу пәні: Қазіргі таңдағы банктердің заңды тұлғаларды несиелеудегі қарыз алушымен қарыз берушінің арасындағы мәселелерді шешу. Мысалы, Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге бекіткен нормативті талаптары бойынша кемшіліктер жіберген банктер саны (01.01.03 500 санын 15 банк, ал 01.01.04 жылы 46 банк санын 6 банкке) азайды. Осы сияқты көптеген мәселелерді шешу.
Банктердің заңды тұлғаларды несиелеуін дамытуға көптеген еңбегі сіңген шетел ғалымдарының үлесі зор: Лаврушин О.И., Сенчагова В.К., Ахрипов А.И., Жуков Е.Ф., Масленчиков Ю.С., Юсупов Д., Козлов Е.П., Галанина Е.Н. және тағы басқалары. Ал, Қазақстанда қаржы нарығы, несие, банк және бағалы қағаздар мәселелерін зерттеуге үлес қосқан ғалымдар: Искаков Ұ.М., Көшенова Б.А., Мақыш С.Б., Сейтқасымов Ғ.С., Смағұлова Р.О., Абишев А.А., Саниев М.С., Ютиш В.М., және тағы басқалар үлкен үлес қосуда.
Тақырыптың объектісі: Қазақстан Республикасының «Темірбанк» акционерлік қоғамы, «Альянс банк» акционерлік қоғамы және Ресей мемлекетінің «Розисбанк» акционерлік коммерциялық банкі.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден және үш тараудан, қорытындыдан, қолданылатын әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Бірінші тарау бойынша жалпы несиелеудегі теориялық – методологиялық негіздері мен несиелік қатынастардың қалыптастырылуы қарастырылған. Нақтырақ айтқанда, тақырыптың теориялық негізі және несие туралы мәліметтер, оның ішінде несиенің нарықтық экономикадағы мәні мен рөлі, оның формалары мен түрлері, несиенің осы кезеңге дейінгі макроэкономикалық деңгейде дамуы қарастырылған.
Екінші тарауда, теория мен практиканың үйлесімділігі сөз болған, яғни тақырыпты толығымен ашу, атап айтқанда банктердің заңды тұлғаларды несиелеуі мен тағы басқа «Темірбанк» акционерлік қоғамның іс-тәжірибесінде өткен заңды тұлғаларды несиелеуі қарастырылып, оның сандық мәліметтері
талданған. Шетелдердің дәлірек айтқанда Ресей және тағы басқа мемлекеттердің банк тәжірибесі салыстырылып талданған.
Ал, үшінші тарауда алдындағы екінші бөлімде қарастырылған мәліметтердің даму динамикасы, сонымен қатар, кездесетін мәселелері қарастырылған.
Қолданылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі
3. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы бойынша нормативтік-заңдық актілер жинағы. 2 том.-Алматы, 1997-1999 жж.
4. Банк қызметі туралы. Қазақстан Республикасының құқықтық актілер жиынтығы.-Алматы: ЮРИСТ, 2005-177б.
5. Искаков Ұ.М., Бохаев Д.Т., Рузиева Э.А. Қаржы нарығы және делдалдары: Оқулық.-Алматы:Экономика,2008.-296 бет.
6. Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы / - Алматы: Экономика, 2000-328 бет.
7. Банковское дело (настольная книга банкира):Учеб. пособие / под. Научной ред. А.А. Абишева, С.А.Святова-Алматы:Экокномика, 2007-32с.
8. Мақыш С.Б. Банк ісі. Оқулық-Алматы:ИздатМаркет, 2007-471 бет
9. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым, қайта өңделген және толықтырылған.-Алматы: ИздатМаркет, 2004-272 бет..
10. Саниев М.С. Ақша несие банктер. Оқу құралы-Алматы:Алматы экономика және статистика институты, 2001-165 бет
11. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, кредит, банктер. Сейтқасымов Ғ.С., Омарбекова А.Ғ., Сейтқасымова А.Ғ. және т.б. Оқулық.-Алматы: «Экономика»,2006-480 бет.
12. Смағұлова Р.О. Мәдіханова Қ.Ә., Тұсаева Ә.Қ. Қаржы ақша айналысы және несие. Оқу құралы. Алматы-Экономика 2008-462 бет
13. В.А. Боровкова, С.В. Мурашова Основы теории финансов и кредита. СПБ...Питер-2004-176с.: ил. – (Серия «краткий курс»)
14. Вешкин Ю.Г. Банковские зарубжных стран. Курс лекций / М.: Экономист-2004. 346с.
15. Вигман С.Л. Финансы, деньги, кредит в вопросах и ответах: Учеб. пособие Москва.:Т.К. Велби, Издательство Проспект, 2004-256с.
16. Давлетова М.Т. Крдитная деятельность банков в Казахстане: Учебное пособие.-Алматы: Экономика, 2001-186 с.
17. Банки и небанковские кредитные организации и их операции:Учебник/Под ред. Е.Ф. Жукова- Москва.: Вузовский учебник, 2005-491с.
18. Иванов А.И. Банковские услуги:зарубежный росийский опыт-Москва.: Финансы и статистика 2004-176с.
19. Карелин О.В. Регулирование международных кредитных отношений Росии Москва.: инансы и статистика, 2003-171с.
20. Коробова Г.Г. Банковское дело. Москва.:Экономика 2003-348с.
21. Козлова Е.П., Галанина Е.Н. Банк и клиент – юридические лица- Москва.: Финансы и статистика 1999-128с.
22. Банковское дело: Учебник. -2- е изд., перраб. И доп. / Под. Ред. О.И.Лаврушина.- М.: Финансы и статистика, 200-672 с.
23. Ютиш В.М. Таджияков Б.Ш. Назаров В.К. Банки Казакстана на рубеже веков: М.Сонография- Алматы 2007-832с.
24. Ольшаный А.И. Банковское кредитовани: российский и зарубежный опыт./ Под. ред. Е.Г. Ищенко, В.И. Алексеева. – М.: Русская Деловая Литература, 1998.-352 стр.

25. Дементиева А. Алянс банк задает импульс бизнесу. Казакстанская правда.-2006. 10 октябрь.-С.12-13
26. Юсупова Д. Алянс банк хорошим проектам- надежная кредитная дорога.- Казакстанская правда.-2006. 30 ноябрь.-С.8-9
27. Кебиров А. «Темірбанк АҚ 2007 жылдың наурызында аяқталған кзең үшін топтастырылған қаржылық есптілік. Егемен Қазақстан 2007-27 сәуір. 7 бет.
28. Естаев Д. Темірбанк-әлді банк. Астана хабары 2007-21 сәуір. 7бет.
29. Банки Казакстана 2007ж. № 1-12

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Несие қатынастарының пайда болуы және қалыптасуының
теориялық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..6
1.1.Несие қатынастарының пайда болуы және
дамуы ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2.Несиенің мәне оның формалары мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

2. Қазақстан Республикасындағы банк жүйесізаңды тұлғалардың
несиелік қабілетін бағалау және оның рекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1.Банктердің заңды тұлғаларды несиелеу және несиелік
қабілетін
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 16
2.2.Банктердің заңды тұлғаларды несиелеудегі шетел тәжірибесі
мен проблемалары оның ішінде ресей мемлекетінің заңды
тұлғаларды
несиелеуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .33

2.3.Темірбанк акционерлік қоғамының заңды және жеке
тұлғаларды несиелеу және оны басқа да банктермен салыстыру ... ... ... ...42

3.Банктердің заңды тұлғаларды несиелеуін жетілдіру жолдары
мен
динамикасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .63

Қорытынды
68

Қолданылған әдебиеттер
70

Қосымшалар
72

Кіріспе

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі: Қазіргі таңда Қазақстан
Республикасында екі деңгейлі банк жүйесі қызмет етуде. Бұл-экономика
саласындағы жоғары деңгейдегі динамикалық түрде дамыған болып табылады.
Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесі, яғни бастапқы бөлім
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болса, ал екінші бөлім яғни, соңғы
бөлім–коммерциялық банктер болып табылады. Ал, коммерциялық банктер кейінгі
жылдары өзін-өзі қатаң түрде байланыстыру және банктер арасындағы
бәсекелестікке қарсы тұра алатындығын көрсете алды, оның ішінде заңды
тұлғаларды несиелеуде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Мәселен, Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкінің деректері бойынша халыққа берілген
несиелер динамикасы 2006 жылғы желтоқсанда 2005 жылғы желтоқсанмен
салыстырғанда экономикаға берілген несиелердің өсуі 82,7%-ке жетті. 2006
жыл мен 2007 жылды салыстыра отырып, заңды тұлғаларды несиелеу жылдан жылға
өсуде және 66,2%-ті құраған [ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша].Осындай
статистикалық мәліметтер алдағы тарауларда толық қарастырылған.
Сонымен қатар, қазіргі таңдағы банктер заңды тұлғаларды несиелеуде
несиенің ауқымды қызмет түрлерін клиенттерге көрсетеді. Нарықтық
экономикада банктердің несие қатынастары және нарық бәсекесі даму алды, ал
ол болса жаңа талап қойып және қазіргі уақытқа сай әдістер мен шешу
қолданымдарын пайдаланылады, қажет етеді және заңды тұлғаларды несиелеуде
несиені ауқымды реттеу түрлерін клиенттерге ұсынады.
Мәcелен, қазіргі таңдағы банктердің заңды тұлғаларды несиелеуде сан
алуан әдіс-тәсілдерді, оның ішінде шетел тәжірибелерін қолдана отырып
клиенттердің қажеттілігін қанағаттандыруда. Міне, сол әдіс тәсілдерді
диплом жұмысында қолдану, оның ішінде заңды тұлғаларды несиелеуде талап
етілетін заңи тұрғыдағы құжаттарды жинақтай отырып, кепілге қойған мүлікті
бағалау бөлімі бағалап нарықтық бағасын шығарады. Сол құжаттарды банк
жинақтай отырып, Қазақстандағы екі банкті, оның бірі тәжірибеде өткен
Темірбанк акционерлік қоғамы мен Альянс банк және шетел банктердің бірі
ретінде Ресей мемлекетінің Розисбанкіндегі заңды тұлғаларды несиелеуді
салыстыру. Салыстыру нәтижесінде банктердің заңды тұлғаларды несиелеудегі
процент мөлшерлемесін және өтелу мерзімін анықтау және талдау.
Тақырыпты көптеген тақырыптар ішінен таңдап алу себебі: Қазіргі таңдағы
банктердің заңды тұлғаларды несиелеудегі артықшылықтары мен
кемшіліктерін айтарлықтай мүмкіндікте ашу және сол мүмкіндіктері бойынша
банктердің заңды тұлғалардың несиесін дамыту болып табылады.
Диплом жұмысы тақырыбының мақсаты болып мыналар саналады:
-Дамыған шетел мемлекеттерінің несие қатынастарында қолданылатын әдістер
мен түрлерінің отандық экономикада пайдалану мүмкіндіктерін зерттеу және
жеке алған банктердің заңды тұлғаларын бір-бірімен салыстыра отырып
ерекшеліктерін ескеріп бейімделуін қарастыру;
-Қазіргі таңдағы банктегі заңды тұлғалардың қалыптасатын жағдайларын
реттеу әдістерін зерттеу және оларды ұлғайту жолдарын ұсыну.
Ал, мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылады:
-Нарықтық қатынастарды дамыту жағдайында банктердің заңды тұлғаларды
дамытудың ерекшеліктерін айқындау;
-Заңды тұлғалрдың несие алу қабілеттілігін сипаттайтын және оның іс-
әрекеттерінің ерекшеліктеріне байланысты мінездеме беретін көрсеткіштер
жүйесін қалыптастыру;
-Қазіргі таңда банктерде заңды тұлғаларды нсиелеуде берілетін
несиенің тәуекелділігін қарастыру және қадағалау;
-Шетел тәжірибелерін зерттеу нәтижесінде отандық банктердің қаржылық
тұрақтылығын басқару бойынша ұсынылады;
-Диплом алдында тәжірибе түрінде өткен Темірбанк акционерлік
қоғамының заңды тұлғаларының несиесін басқа банктермен салыстыра отырып
зерттеу және олардың ерекшеліктерін салыстыру.
Тақырыптың зерттеу пәні: Қазіргі таңдағы банктердің заңды тұлғаларды
несиелеудегі қарыз алушымен қарыз берушінің арасындағы мәселелерді шешу.
Мысалы, Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге бекіткен нормативті
талаптары бойынша кемшіліктер жіберген банктер саны (01.01.03 500 санын 15
банк, ал 01.01.04 жылы 46 банк санын 6 банкке) азайды. Осы сияқты
көптеген мәселелерді шешу.
Банктердің заңды тұлғаларды несиелеуін дамытуға көптеген еңбегі сіңген
шетел ғалымдарының үлесі зор: Лаврушин О.И., Сенчагова В.К., Ахрипов А.И.,
Жуков Е.Ф., Масленчиков Ю.С., Юсупов Д., Козлов Е.П., Галанина Е.Н. және
тағы басқалары. Ал, Қазақстанда қаржы нарығы, несие, банк және бағалы
қағаздар мәселелерін зерттеуге үлес қосқан ғалымдар: Искаков Ұ.М., Көшенова
Б.А., Мақыш С.Б., Сейтқасымов Ғ.С., Смағұлова Р.О., Абишев А.А., Саниев
М.С., Ютиш В.М., және тағы басқалар үлкен үлес қосуда.
Тақырыптың объектісі: Қазақстан Республикасының Темірбанк акционерлік
қоғамы, Альянс банк акционерлік қоғамы және Ресей мемлекетінің
Розисбанк акционерлік коммерциялық банкі.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден және үш тараудан, қорытындыдан,
қолданылатын әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Бірінші тарау бойынша жалпы несиелеудегі теориялық – методологиялық
негіздері мен несиелік қатынастардың қалыптастырылуы қарастырылған.
Нақтырақ айтқанда, тақырыптың теориялық негізі және несие туралы
мәліметтер, оның ішінде несиенің нарықтық экономикадағы мәні мен рөлі, оның
формалары мен түрлері, несиенің осы кезеңге дейінгі макроэкономикалық
деңгейде дамуы қарастырылған.
Екінші тарауда, теория мен практиканың үйлесімділігі сөз болған, яғни
тақырыпты толығымен ашу, атап айтқанда банктердің заңды тұлғаларды
несиелеуі мен тағы басқа Темірбанк акционерлік қоғамның іс-тәжірибесінде
өткен заңды тұлғаларды несиелеуі қарастырылып, оның сандық мәліметтері
талданған. Шетелдердің дәлірек айтқанда Ресей және тағы басқа
мемлекеттердің банк тәжірибесі салыстырылып талданған.
Ал, үшінші тарауда алдындағы екінші бөлімде қарастырылған
мәліметтердің даму динамикасы, сонымен қатар, кездесетін мәселелері
қарастырылған.

Несие қатынастарының пайда болуы және қалыптасуының теориялық аспектілері

1.1.Несие қатынастарының пайда болуы және дамуы

Ақшадан кейін ізінше несиені ойлап шығару – адамзаттың данышпандық
табысы. Себебі, несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және
жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу
арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке және заңды тұлғаның өз ісін
ұлғайтуға, не болмаса қажетті заттарды болашақта емес қазір алуға мүмкіндік
туады [6,98].
Сонымен, несие – ақша сияқты тарихи экономикалық категория болып
табылады. Несие деген сөз, қарыз, кредит деген kredo- сенемін
деген мағына беретін латынша kreditum деген сөзден шыққан. Ол
экономикалық категория ретінде әр түрлі экономикалық қоғамда да қызмет
етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым
формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша
қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде
(астық, мал, еңбек құралдары және тағы басқа) қоғамның дәулетті топтарынан
мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу
үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті
[11, 106-107].
Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалы түрде жүзеге асатын
кеңейтілген өндірістің ерекшеліктерінен туындайды. Несие капитал түрлері
үнемі ауысып отырады. Меншіктің ақшалы түрі тауар түріне, тауарлы
өндірістік түрге, өндірістік тауарлыға және тауарлы қайтадан ақша түріне
ауысып тұрады, яғни А-Т-...Өп...-Т '-А' капиталдың ауыспалы айналымы
жүреді. Енді, осы берілген формулаға түсінік берелік.
Демек, А-ақша нысаны;
Т-тауар нысаны;
Өп- өндіріс нысаны;
Т ' –тауар нысаны, өсімімен;
А'- ақша нысаны, өсімімен.
Осы мәліметтер толық түсінікті болу үшін ақша несие банктер атты
оқулығында яғни экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Мақыштың ой
пікірі бойынша берген мәліметтерімен түсіндірелік. Демек, айналымның
бірінші сатысында құнның ақшалай нысаны өндіргіш күші нысанына ауысады,
яғни ақшаға өндіріс құрал жабдықтары сатылып алынады (машиналар, шикізат
жабдықтары және тағы да басқалары). Екінші сатыда адамның, өндіріс құрал
жабдықтарды пайдаланып істеген әрекеттерінің нәтижесінде дайын өнім пайда
болады. Енді, өндіргіш күштің нысанындағы құн тауарлы нысанға ауысады. Осы
сатыда өндіргіш құралдарының құнына, адам еңбегінің құны, яғни жаңадан
пайда болған құн қосылады. Ал, үшінші сатыда дайындалған өнім ақшаға
сатылады. Сөйтіп, құнның тауарлық нысаны қайтадан, өзінің бастапқы нысаны-
ақша нысанына ауысады, тек бұрынғыдан өскен мөлшерде (өндірушінің таза
пайдасы қосылады) [9,58].
Ал, өсімқорлық несиеге тән белгілер: несие берушілер–көпестер,
саудагерлер, салық жинаушылар, шіркеу иелері мен үлкен діни ордалар, ал
қарыздар–ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен феодалдар. Шаруалар мен
кәсіпкерлер несиені ағымдағы тұтыну мұқтажын өтеуге ғана алса, ал билеуші
топтар қанаушылық, жауыздық іс әректтерге жұмсады. Бұл, несие үшін өсім
ақының деңгейінің өте жоғарлылығы ұсақ өнім өндірушілер мен кәсіпкерлерді
өз шаруашылығын жауға мәжбүр етті. Мысалы, феодализм тұсындағы несие үшін
төленетін ақының деңгейін 21проценттен 43 процентке дейін көтеруге, ал
кейбір жағдайларда 100-200 процентке жеткізуге рұқсат етілді. Дегенмен,
өсімқорлық несие капиталистік өндіріс әдісінің пайда болуына алғы жағдайлар
жасады, яғни ескі өндіріс әдістерін ыдыратып, жаңа әдсітің пайда болуына
негіз дайындады. Сөйтіп несиенің нышандары алғашқы қауымдық құрылыстың
ыдырауы кезінде пайда болып, капиталистік тауарлы өндіріс тұсында дамуының
жоғары сатысына жетті.
Ал, капиталистік несие капиталистік өндіріс әдісінен туындап, қарыз
капиталының қозғалысын көрсетеді. Сондықтан капиталистік несиенің
өсімқорлық несиеден елеулі ерекшеліктері бар. Демек, олардың әр қайсын бір-
бірінен ерекшелігін ашсақ:
Біріншіден, қарыз бойынша. Өсімқорлық несие алушылар–ұсақ өнім
өндірушілер, құл иелнушілер мен феодалдар, ал капиталистік несиені,
негізінен, өнеркәсіп және сауда капиталистері алады.
Екіншіден, қарызға берген ақшаны пайдалану әдісі бойынша. Өсімқорлық
несие бойынша қарызға берген ақша несие берушіге ғана капитал ретінде өсім
ақы түсіреді, капиталистік несиені, керісінше, несие беруші де, қарыздар
да капитал ретінде қосымша құн алу үшін жұмсайды.
Үшіншіден, эконмикалық маңызы бойынша. Өсімқорлық несие өндірістің
құлдырауына тіресе, ал екінші жағынан капиталистік нарық шаруашылығы
қайшылықтарының шиелнісуіне жағдай жасады.
Төртіншіден, өсім ақының шығу көзіне байланысты. Капиталистік несие үшін
өсім ақының көзі – жалданушы жұмысшының тапқан қосымша құны, өсімқорлық
несие үшін өсім ақының көзі- құлдардың, шаруалардың және ұсақ өнім
өндірушілердің қосымша еңбегі.
Бесіншіден, өсім ақының деңгейі бойынша. Өсімқорлық несие үшін өсім
ақыны өтеуге барлық қосымша өнім, тіпті қажетті өнімнің де бір бөлігі
жұмсады, капиталистік несие үшін өсім ақы төлеуге орташа пайданың тек бір
бөлігі кетеді [6, 98].
Қазақстан Републикасында ғасырдың 70 жылдарында-ақ шағын несиелеу
пайда болған. 1883 жылдардың өзінде ауыл шаруашылық банктері қалыптасып,
несие беру әдістері ұлғая түсті [23, 627].
Сонымен, қарыз капиталы деген капиталист-меншік иесінің жұмыс істеуші
капиталдың қайталама айналымына қарызға берген және жалдамалы еңбекті
қанау негізінде өсім ақы түсіретін ақшаны капитал. Өсімқорлық капитализмге
дейінгі өндірістік қатынастарды білдірсе, қарыз капиталы – капиталистік
өндірітік қатынастарының көрінісі. Ол өнеркәсіп капиталының қайталама
айналымының негізінде пайда болды.
Несие – ұдайы өндірістің ажырамас бөлігі. Тауарлы өндіріс – несие
қатынастарының пайда болатын табиғи негізі. Себебі тауардың пайда болуы
маңызды екі жағдайға байланысты. Біріншіден, өнім тауар болуы үшін оның
заттай түрі және құны болуы қажет; екіншіден, өнім бір өндірушіден екінші
өндірушіге ауысуы қажет, ол ауысу тек айырбас кезінде, яғни нарықта
болады. Сонда, тауар айырбасы несиенің пайда болатын ортасы. Бірақ,
несиенің пайда болатын ортасын, өнімін өзі қолданатын өндірістен емес,
өнімдерді бір-біріне алмастыратын айырбас ортасынан іздеу керек. Себебі,
тауарлар қолдан-қолға өтетін айырбас процесі–несие қатынастарынан
туындайтын көрінісі [6,100].

1.2.Несиенің мәні, оның формалары мен түрлері

Несиелеудің теориялық – методологиялық негізі атты үлкен тарау толық
түсінікті болу үшін әр қайсын сұрақ түрінде ашалық.
Сонымен, несиенің формалары мен түрлерін айтпастан бұрын, ең алдымен
несиенің мәні неде? – деген сұрақ туындайды. Осы сұрақтың жауабын былай
түсіндірелік.
Несиенің мәні-классикалық теориялары ретінде қарастырылады [10,65].
Несиелік қатынас, қоғамның басты өндірістік байланысы, тауарлардың айналым
сферасы мен жеке тұғалар және заңды тұлғалар, әр түрлі мекемелер,
мемлекеттер мен тұрғылықты тұрғындар және сан алуан әлеуметтік азаматтар
арасында жүзеге асады [17, 6].
Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану
керек, несиенің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсету керек:
• Несие келісімі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек. Егер
бір келісімде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын
қасиетін жоғалтататынын білдіреді;
• Несиенің мәнін таңдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын,
несиенің негізін қарастырған жөн.
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйт–құрылым. Өзге
экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бірімен өзара әрекетке
түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік
қатынастың барлық субъектілері. Сондай-ақ, субъектілерге несие беруші мен
қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөліп қарастыруға болмайды.
Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады. Ал,
несиенің несие беруші мен қарызға алушылары туралы мәліметтерді кейінірек
қарастыралық [11, 111].
Нарықтық экономикада несиенің рөлі мен мәні аса маңызды және атқаратын
қызметтерімен сипатталады. Несие нарығының құралы- несие. Ол (несие)
айырбас сәтінде пайда болып, құнның ұдайы қозғалысын қамтамасыз ететін
ссудалық мәміленің формасына енеді. Ссудалық мәміле несие қозғалысының
өзегі болып табылады [5,63].
Жалпы несие экономикалық категория ретінде бірнеше қызметтерді атқарады.
Бұл қызмет түрлері 1-суретте суреттелген.
Бұл қызметтерге толық түсінік бермей-ақ қойалық. Себебі: осы
қызметтердің өзіне қарай отырып түсінікті болған деген ойдамын [12, 89].
Сонымен қатар, несиелеу мүмкіндігін шынайы түрде қалыптастыру үшін
міндетті түрде белгілі-бір тәртіп қажет:
● Біріншіден, несиелеу келісімінде қатысушылар–несие беруші және несие
немесе қарыз алушы (заемщик) – заңды жеке субъект ретінде шығу қажет.
Заңды тұлғалар, несиелік қатынастарға кіру өзінің қызметтерін
нарық жағдайындағы заңдардың негізінде және экономикалық мотивтердің
келісімінде жүзеге асады.
● Екіншіден, егер қарыз алушы мен қарыз берушінің арасындағы қазынашылық
байланысқанда несие қажет болды. Несиелік келісімді қалыптастыру үшін
несиеге деген қызығушылықты оның қатысушылары көрсете білу қажет:

1.Сурет. Несиенің экономикалық категориясы ретіндегі бірнеше қызмет түрлері

бір жағынан - ақша құралдарын ссуда түрінде қамтамасыз ету;
екінші жағынан - қабылдау жағын қамтамасыз ету.
Оның экономикалық байланыстылығы–несие қатынастарының субъективті
қатынасындағы қызығушылығымен байланысты, тұрақтылықты ақтылық көрсетіледі
[16, 6].
Несие беруші – несиелік келісімнің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру
үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі-бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі
боулы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.
Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші– банк болып
табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақытша бос
қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін
несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы
ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесіне (кәсіпорынға, халыққа)
тартылған ресурстарды (ақшаларды) қайтаруға міндетті.
Бұл арада банк бірінші жағдайда несие беруші болса, екінші жағдайда-
қарыз алушы болып көрінеді.
Несие алушы – несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды
қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша бірлігі сипатын
көрсетеді. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттың меншік иесі
болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен
қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта
ауыспалы айналым қоры тауардан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым
қоры таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп,
қарызды арттық көлемде төлейді.
Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие
беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие
қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде
қатысуы керек. Және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие
беруші – қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп және
депозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен қарыз
алушы өзара іс әрекеттерінде қарама-қайшылықтың бірлігі сипатын көрсетеді.
Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар оның қарама қарсы жақтарында
тұрады. Олардың мүделері де бөлек, несие беріші неғұрлым жоғары пайыздық
несие бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан несие алып, қосымша
қаржылар табу мүддесі болады.
Несие берушілер мен несие алушылардан басқа несие қатынасы құрылымының
элементі – алыс-берістің объектісі-несиеге берген құн болып табылады.
Әрине, несиенің мәнін аша берсек өте көп, сондықтан қорыта келе
несиелеудің методологиялық –теориялық аспектілерінің тағы бір түрі ретінде
несиенің формаларына келелік.
Несие формасы – бұл несие қатынасының сырттай нақты көрініс табуы. Ол
несие қатынасының мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несие
қатынастарының формасы мен мазмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағынан
біртұтас болады. Несие қатынасының формасы оның мазмұны мен дамуына
сәйкесуі керек.
Таңдап алынған жіктеу өлшеміне қарай несиенің мынадай ең маңызды
формаларын бөліп көрсетуге болады:
қарыз ету саласына қарай – ұлттық және халықаралық несие;
несие мәмілесінің объектісіне қарай – ақшалай және тауарлық несие;
несие қатынасының субъектісіне қарай-банктік, коммерциялық, халықаралық,
тұтынушылық несиелер.
Несиенің тауарлы формасы тарихи жағынан алып қарағанда оның ақшалай
формасынан бұрын пайда болған. Ежелгі тарихтан білетініміздей, адамдар
тұтынуға қажетті артық өнімдерін (астық, мал, тері және тағы да басқалары)
бір-біріне өсім алумен қарызға берген.
Несиенің тауарлы формасы осы заманғы іс-тәжірибеде төлемдерінің мерзімін
ұзартумен тауарларды сатуда, машина мен құрал жабдық тұрмыстық
тауарлар, саймандар лизингісінде қолданылады. Қазақыстанда тауарлық несие
фермерлер мен шаруа қожалықтары күзде астықты жиғаннан кейін қайтарып
отырады.
Несиенің тауарлы формасының негізінде ақшалай несие формасы пайда болып,
дамиды. Ол осы заманғы нарықтық астықты жинағанынан шаруашылықта
артықшылықтарға ие және типтік форма болып табылады. Бұл түсінікті, себебі
ақша айналыс пен төлемнің жалпыға тән баламалы, әмбебап құралы болып
табылады. Несиенің бұл формасы ұлттық және халықаралық экономикалық
айналымардың щегінде пайдалыналады [11, 141-142].
Несиенің тауарлы және ақшалай формалары мен қатар олардың аралас формасы
да қолданылады, яғни несиенің тауар ақша формасы. Бұл - өз сөзінен айтып
тұрғандай несие тауарлы формада ұсынылса, онда ол ақша түрінде өтеледі.
Бұл несиенің формасы мемлекетаралық несиелік қатынастар арасында қолданады.
Несиенің формалары 2-суретте көрсетілген. Ал, осы кестедегі берілген
мәліметтер толық түсінікті болу үшін қысқа да нұсқа түсіндіре кетелік [16,
30-32].
Демек, несиенің басқа формаларына қарағанда коммерциялық несие олардан
бұрын пайда болды. Бұл несиенің формасы-сатылған тауарлар мен қызмет
көрсетулері үшін, төлем мерзімін ұзартумен шаруашылық жүргізуші субъектілер
береді. Объектісі болып өнеркәсіп және сауда капиталының бірігу нәтижесін
білдіретін тауар капиталы жатады. Коммерциялық несиелер көбіне ауыл
шаруашылығын да қолданады. Азық түлік коорпорациясы фермерлерге, шаруа
қожалықтарына жанар-жағар май материялдарын, тұқымды, миниралды
тыңайтқыштарды және өсімдікті қорғайтын құралдарды тауарлық несие түрінде
ұсынады.
Дамыған нарықтық экономика жағдайында коммерциялық несие банк
несиесімен әрдайым аралас болады. Банк несиесінің бірнеше ерекшеліктеріне
қарай отырып түсіндіріледі.
Несиенің бірінші ерекшелігі- банк өзінің қарыз алушыларына несиені
өзінің капиталын ғана емес, сонымен қатар, тартылған ресурстардан да (заңды
және жеке тұлғалардың депозиттерінен) береді.
Несиенің екінші ерекшелігі-шаруашылық айналымға әлі түсе қоймаған
кәсіпорынның ұйымдастырудың және халықтың банкке орналастырылған уақытша
бос қаражатын банк қарызға береді.
Несиенің үшінші ерекшелігі-банк ақшалай қаражатты қарызға өздігінен
өсетін құжаты ретінде болатын капиталы формасына береді. Мәселенің мәнісі
мынада:қарыз алушы бұл қарызын пайдаланғаны үшін банкке пайыз төлейді.
Лизинг- бұл негізгі құрал жабдықтайтын мүлкін сатып алу және оны жеке және
заңды тұлғаларға белгілі-бір төлем үшін нақты мезгілге әрі лизинг алушының
мүлікті есеп айырыау құқығын қарастыратын келісім шарттың бекітілуіне
себепкер болатын белгілі бір шарттармен лизингілік келісім шарттың
негізінде ұсыну бойынша инвестициялық қызметтің түрі.
Несие түрлері-бұл оның несиелерді жіктеу үшін пайдаланылатын,
экономикалық ұйымдастырушылық белгілері бойынша ең детальданған
сипаттамасы, яғни, несиенің іс тәжірибедегі нақты қосымшасы.
Қазақыстанда несие түрлері былайша жіктеледі:
а)несиелеу объектінің экономикалық белгілері бойынша:
-айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін несие;
-негізгі құрал жабдықты қалыптастыруға берілетін несие;
-тауарлы материялдық қорлар аясында шұғыл қажеттілікке, сондай ақ,
нормативтен тыс қорлардың аясында уақытша қажеттілікке берілетін несие;
-өндірістің маусымдық шығыны аясында берілетін несие;
-жол үстіндегі есеп айырысу құжаттары аясында берілетін несие,
аккредитивтер;
-төлем несиелер;
ә)Несиенің қамтамасыз етілуі бойынша:
-жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен, тауарлы материялдық қорлармен,
кепілдікпен, сақтандыру келісімшарттармен толық қамтамасыз етілген;
-ішінара қамтамасыз етілген:
-кепілхатпен;
-кепілдемемен;
-кепілдікпен.
-қамтамасыз етілмеген:
-сенім несиесі.
-сақтандырылған.
б) қайтарылу мерзімі бойынша:
-қысқа мерзімді көбінесе қарыз алушының айналым құралдарына беріледі. Қор
нарығында, сауда және қызмет түрлерінде қолданылады. Бұл несие түрінің
мерзімі негізінен бір жылдан аспауы керек;
-орта мерзімді өндіріс және коммерциялық, ;
-ұзақ мерзімді, яғни ауылшаруашылық саласы немесе өндірістің
модернизациясына салынатын және уақыт мерзімі бір жылдан үш жылға дейінгі
аралықты қамтитын және өтелу тәртібі бойынша инвестициялық мақсаттарға
пайдаланылады. Негізгі қорларың айналымдарын, қозғалысын
қамтамасыз етеді. Бұл несиелеу түрі үш жылдан бес жылға дейінгі аралықты
қалыптастыруы мүмкін. Кей кезде жиырма бес жыл және оданда жоғары болады.
Әсіресе, бұл жағдайлар мемлекет жағындағы қаржылық кепіл болған
жағдайларда қолданылады [15, 132].
-бөліп бөліп төлеу(мерзімін ұзарту);
-бір жолғы өтеу;
-кезең сайын бір қалыпты төлеу;
в) тәуекелді деңгейі бойынша:
-субстандартты;
-стандартты;
-күмәнді;
-сенімді;
-ұзартпалы.
г) ақылылығы бойынша:
-қалыпты пайыздық мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі қалыпты);
-жоғары пайыздық мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі жоғары);
-төмен пайыздық мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі төмен);

2.сурет. Несие формаларының құрылымы

Ескерту: Сейтқасымовтың оқулығы бойынша автордың пікірімен жасалған

д) салалық бағыты бойынша:
-сауда-саттық несиесі;
-өнеркәсіп несиесі;
-ауыл шаруашылық несиесі;
-құрылыс несиесі.
ж) ашылатын шот түрлері бойынша:
-жай қарыздық шот бойынша несие;
-арнайы қарыз шоты бойынша несие;
-контогоренттік шот бойынша несие;
-овердрафт бойынша несие;
-несие желісі бойынша несие;
[13, 142 бет].
з) Валютамен берілуіне қарай:
-ұлттық валютамен берілуі;
-шетел валютасымен берілуі.
и)Банктік несиенің бағытталуы бойынша:
-негізгі капиталдарды өсіру үшін қолданылатын несие түрі;
-айналым құжаттарының уақытша толуы үшін;
-жеке тұтыну үшін, оның ішінде ипотекалық несие.
к) ұсыну технологиясы бойынша:
-бір ретті несиелер;
-мемлекеттендірілген несие.
қ) пайыздық мөлшерлеменің түрі бойынша:
-қалқымалы пайыз мөлшерлемесі;
-тұрақты пайыз мөлшерлемесі.
л) берілу мақсаттарына қарай:
-тұтыну несиесі;
-ипотекалық ненсие;
-овердрафт;
-овернайт;
-онкольдық;
-банкаралық несие;
-ломбарттық;
-лизингтік несие түрі;
-рамбрустық;
-сенім;
-маусымдық несие;
-консорциялдық және тағы да басқалары; [15, 131].
Несиенің жіктелімі келесі тармақта жеке банктерді мысалға ала отырып
қарастырылған.

2.1. Банктердің заңды тұлғаларды несиелеуі және несиелік
қабілетін бағалау

Диплом тақырыбы бойынша Банктердің заңды тұлғаларды несиелеуі туралы
мәліметтерді қарастыратын болсақ, ең алдымен заңды тұлға болып кімдер
табылады?-деген сұраққа тоқталалық.
Сонымен, клиент заңды тұлға ретінде-өндірістік, ауыл аруашылық, көлік,
сауда, құрылыс және тағы басқа салаға қатысты коммерциялық ұйым болып
табылады. Заңды тұлғаның негізгі мақсаты бұл-жалпы тұтынушыларды
қанағаттандыру, рентабельді жұмыс, өндірістің ассортиментін көбейту,
қызмет көрсету мен жұмыс істеу сапасын жоғарлату. Заңды тұлға коммерциялық
ұйым формасында бола тұра, олар жауапкершілігі шектеулі серіктестік,
акцоинерлік қоғам, өндіруші кооперативтер болады. Әрине, банк те заңды
тұлға сияқты коммерциялық ұйым болып есептеледі. Бірақ, оның заңды тұлға
ретінде есептелетін клиенттерден бір ерекшелігі олар материялдық өндіруші
емес. Ол керісінше есептік, несиелік және қаржылық мінездемені белгілі-бір
салаға қатысты қызмет көрсетуші [21, 4].
Банктер заңды тұлғаларды несиелеуде міндетті түрде Қазақстан
Республикасының заңдарына негізделе отырып жүзеге асырады. Яғни, Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 1999 жылғы 16 тамыздағы № 276
қаулысы және 31.01.01 жыл № 15; 01.08.02 жыл № 279; 21.04.03 жыл № 130;
04.0.03 жыл № 287 қаулыларымен енгізілген өзгерістері негізінде банктердің
заңды тұлғаларын несиелеуін жүзеге асырады. Осы заңдардың негізінде жалпы
ережедегі бірінші бабында несие ұғымдарына берілген түсініктер мыналар:
Несие сомасы-банктің несиеге берген ақша сомасы;
Несиенің өтелуі-несиенің және сол бойынша сыйақыны (мүддені) ставкасының
сомасының қайтарылуы;
Несиелік желі-банктің қарыз алушыға несие алу уақытын өзі белгілеуге
мүмкіндік беретін талаптар негізінде, бірақ несиенің мұндай формасы үшін
банктің ішкі несиелік саясатын және шартпен белгіленген сома уақыт
шегіндегі қарыз алушыны несиелеу міндеттемесі;
Несиенің шарттары-несие беру шарттары, бұған сыйақы мөлшері, қарыз
алушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету туралы шарттар, несиені
өтеу мерзімі, сонда-ақ осыларға сәйкес әрбір жеке несие бойынша тәуекелді
төмендетуге бағытталған айрықша шарттар жатады.
Несие-банктің заем, лизинг, факторинг, форфейтинг операцияларын, сондай-
ақ вексельдердің есебін жүргізуді жүзеге асыруы.
2-тарау бойынша берілген несие жөніндегі құжаттаманы жүргізу тәртібінде
7-19 баптар қарастырылған.
7-бап бойынша берілген әрбір несиеге байлынысты банкке несие папкасы
арнаулы тиіс, ол банктік заем шартына қол қойылған немесе оны бекіткен күні
ашылып, осы ережелерде көзделген ретінде болмаса, қоддануы тоқтатылған

сәтте ғана жабылады.
8-бап бойынша несие папкаларын арнайы және сол банктің жауапты
қызметкерлеріне тапсыруы тиіс.
9-10-баптарда банктік папканы қажет еткен кезеңде берілуі және
хронологиялық номермен номерлене отырып жүзеге асыру керек.
Ал, 11-бап бойынша несиені пайдалану мақсаты мен мүлік тізбесі
көрсетілген, қарыз алушы қол қойған өтініш, ол несиені қайтаруды қамтамасыз
етудің кепілдігі үшін баланстық құны көрсетіліп берілуі мүмкін;
1) кепіл беруші заңды тұлғаның уәкілтті оранның несие алған шешімі,
2) заемшы заңды тұлғаның уәкілтті оранның несие алуға шешімі,
3) егер қарыз алушы заңды тұлға болса, оның құрылтайшы құжаттарының
белгіленген тәртіппен куәландыратын көшірмесі;
4) заңды тұлғаның қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар нотариялды
куәландыратын карточка және банктік заем шартына заем берушінің атынан
қол қоюға уәкілетті адамға заем берушінің атынан берілген сенімхаты мен
бизнес жоспары және тағы басқа тәртіптері қарастырылған.
3-тарау бойынша несиеге баланысты сатып алынған талап ету құқы бойынша
құжаттама жүргізу тәртібі қарастырылған.
4-тарауда банк берген талаптар бойынша құжаттама;
5-6 тарауларда қарыз берушінің ауыстыру және кепілдемелік міндеттемелері
жөніндегі құжаттар.
7-трау бойынша несиелік маниторинг бойынша құжаттма қаралған және осы
заңдар негізінде әрбір банктер жұмысын жүзеге асырады [4,87].
Заңды тұлғаларды несиелеудегі негізгі элементтер бойынша неселік жүйе
үш алып кит арқылы жүзеге асырылады. Олар мыналар болып табылады:
1) несиенің субъектісі;
2) несиенің объектісі;
3) несиенің қамтамасыз етілуі.
Әрине, несиелік операциялардың технологиясын кәсіпорындық негіз бойынша
қанша мониверлесе де болады, бірақ та қай жүйеде болмасын осы алдында
айтылған үш алып кит негіз болатын мәнін сақтай алады.
Несиелеу жүйесінің базалық элементі бір-бірінен ажырағысыз. Несиелеу
бойынша банк саласындағы қызметтің дамуы тек мынадай жағдайда: Егер, әр
қайсысы бір-бірін толықтырса, онда ол несиелік келісімнің сапасын жақсарта
түседі. Ал, екінші жағынан оларды бұзу барлық жүйелерді бұзады, мүмкін
банктік ссудаларды қайта қайтару жағдайына әкеп соғуы мүмкін.
Белгілі болғандай бұрынғы жүйе экономиканы орталықтан басқару
принціптеріне негізделген. Егер несиенің объектісі болса, онда кәсіпорындар
мен ұйымдар банктік ссудаларды алу құқығына ие болады деп есептелген.
Бұндай объект ылғида мынадай жағдайларда кәсіпорындар және несиелік
рессурстармен қызықтырылмаған, тауарлы матералдық қорлар , нормативтік
қорларының үстіне қосылу, қосымша өндірілген шығындарды жүзеге асырады, бір
ауыз сөзбен айтқанда қосымша құралдарды тартуды қажет етеді.

Үш негізгі элементтің жиынтығы (субъект, объект және несиені қамтамасыз
ету) жүйе ретінде ғана жүзеге асады. Мүмкін осы үш элементтің біреуі болса,
несиелеуге болады деп көрінуі мүмкін. Ол үшін бірнеше мысалдар келтірелік:
Бірінші мысалда: Өте ірі, тұлғалы кәсіпорын халықаралық нарықтағы оң
салмақты абыройын қолдана отырып сонымен қатар, өзінің өндірген тауарлары
бойынша тұрақты нарықты пайдалана отырып, банктен қысқа мерзімді қажеттілік
үшін несие сұрады. Несиенің сомасы және оның уақыты банкті қымсындадырмайды
немесе әрбір несиелік мекеме өзінің осындай клиенттерімен байланыс
жасаудағы дәрежесін есептейді.
Ал, екінші мысалда: Кейбір кәсіпорындар ссуданы ұзақ мерзімде және
сапалы түрде жоғары деңгейде, яғни бірінші классты қамтамасыз етуін сұрады
делік. Ал, бұрын бұл кәсіпорын банкке ұсыныс жасаған емес.
Сонымен, осы екі мысалда келтірілген кәсіпорындар үшін банк не істеу
қажет? Алғашында екі кәсіпорынның да қамтамасыз етілуі және клиенттің
дәрежесі ешбір қымсындырмайды. Сонда, банк үшін бір ғана жүйенің бөлігі
жеткілікті ме?
Міне, осындай сұрақтарға былай жауап берілген. Осы сұрақтарға қарай
отырып несиелеу жүйесінің элементі ретінде тағы біреуі қалыптасады. Ол-
сенімділік. Несиелеуде өзімізге белгілі болғандай-ақ екі жақ қатысады:
Біріншіден, несие алушы, ал екіншіден, несие беруші. Екі жақтың арасында
алғашында көрсетілген соманың қайтарымдылығы баяндалады. Осы айналымдар
қарыз алушылар арасында, яғни банк белгілі бір соманы береді және қарыз
алушы несиені дұрыс пайдаланып оның уақытын және пайызын қайтарады деген
сенім туындауы керек.
Несиелеу келісім шартында екі ақымақ бар-деп біреу қалжындаған екен.
Яғни, осы екі ақымақтың біреуі банк міндетті түрде оны қостайды және
несиенің белгілі бір сомасын тауып береді деп, ал екінші ақымақ сол
берілген несие өз ойындағыдай қайтарылады және пайызымен деп есептейді.
Негізінен несиенің экономикалық байланыс ретінде қарастырса-ол ылғида
тәуекел және осы тәуекелді ешбір сенімсіз бұл жерде алып шыға алмайсың. Ал,
сенімділік белгілі-бір психологиялық дақ, ол субъектімен немесе объектімен
немесе несиені қамтамасыз етуінің белгілерімен байланысты.
Қорыта келгенде сенімділік пен тәуекелділік бір жағынан несиелік
қатынастың негізгі элементі ретінде жүзеге асса, ал екінші жағынан екі
жақтың деңгейін мақұлдауы болып табылады. Ал, осы жерде тәуекел мен
сенімділікті алдағы кезеңдерде толық ашамыз. Сондықтан, жалпы банктердің
заңды тұлғаларды несиелеудегі объектісі мен субъектісін бір-бірінен
ажыраталық [22,243].
Банктердің заңды тұлғаларды несиелеудің субъектісі мен объектісі
Банктік несиелер несиелеу объектісіне баланысты бөлуге болады. Тар
мағынада объект -бұл латын тілінен шыққан, objectum яғни, зат, нәрсе
деген мағынаны білдіреді. Сонымен, объект дегеніміз-бұл несиелік келісім
шарттың

бекітілуіне байланысты ссуданың берілуімен көрсетілетін зат. Ресейлік
тәжірибе бойынша қысқа мерзімді несиелер материялды қорлардың әр түрлі
элементтері арқылы беріледі. Өндірістік саласында мысалы банктер
шикізаттарды, негізгі және қосымша материялдарды, бензин, аяқталмаған
өндірісті, дайын өнімді несиелейді. Сауда саласында типтілік объектісін
несиелеуде тауарлар, тауарлар айналымында тұрған тауарлар шығады. Ал, ауыл
шаруашылық кәсіпорындарда банктер миниралды тыңайтқыштар, өсімдіктер мен
жануарлар және тағы да басқалардың шығындарын несиелейді.
Ұзақ мерзімді саудалар мынадай объектілерге қатысты несиеленеді:
• өндіріс құрылыс объектілері үшін;
• қайта өңдеу, техникалық қайта қаржыландыру;
• өндіріс объектілрін ұлғайту;
• техникаларды, құрал жабдықтарды және көлік құрплдарын жөндеу;
• ұйымдардың жаңа өнімдерін шығару және тағы да басқалары;
• Банктік несилеудің объектісі болып жеке немесе біріккен болуы
мүмкін. Жеке қай кезеңде болады? Ол егер басқа ссудалардан
жекеленгенде, я болмаса оқшауланғанда [23, 243].
Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау
әдістерінде де негізделеді. Қарыз алушының несиелік қабілеті–бұл
коммерциялық банк баланысының өтімілігін қолау әдісі болып табылатынын айта
кету керек.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға
себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс-әрекетімен байланысты
болып келеді. Сондықтан да, банк ссудасының берілуі алдын-ала ықпал ететін
факторларды оқып үйренуге жағдай жасайды.
Заңды тұлғаларға берілетін несие түрлеріне мыналар жатады:
Овердрафт, маусымдық несие, лизингтік несие, сенім несиесі,
консорциомдық несие, инвестициялық несие, иновациялық несие, вексельдік
несие, рамбурстық несие, контокоренттңк несие, ломбарттық несие,
форфейтингтік несие, факторингтік несие, экспорттық несие.
Осылардың әр қайсына қысқа да нұсқа түсінік беру төмендегіше
қарастырылған.
Маусымдық несие-жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу
мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.
Маусымдық несие көбіне ауыл шаруашылығы өндірушілеріне тегін салып одан
табыс алғанға дейінгі шығынды жабу мақсатында беріледі.
Лизингтік несие-банк клиенттерінің құрал жабдықтарды және техниканы
жалға алумен байланысты берілетін несие.
Сенім несиесі-банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары
корпоративтік клиенттерге берілетін несие. Мұндай, несиелер қамтамасыз
етусіз беріледі.

Консорциомдық несие-ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара
қосылып беретін несиелері. Мұндай несиелер негізінен ірі жобаларды
несиелеуде бір банктің несиелеу шегінен асқан жағдайда қолданылуы мүмкін.
Инвестициялық несие-жаңа өндіріс орнын ашуға, өндірісті қайта құруға
және кеңейтуге арналған ұзақ мерзімді несие.
Инновациялық несие-банк клиенттерінің өндіріске озық технологияларды
немесе нау-хауды игерумен байланысты берілетін ұзақ мерзімді несие.
Вексельдік несие-банктің сенімді клиенттеріне вексель формасында
берілетін қысқа мерзімді несие. Мұндай, вексельдерді банктер шығарады және
олардың номиналдық құны болады, сондай-ақ олардың бағасы жай банктік
несиеге қарағанда біршама арзан.
Рамбурстық несие-шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат және
дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.
Контокоренттік несие-клиенттің барлық түсімдері мен төлемдері есепке
алынатын бакнктегі бірыңғай ағымдық (контогоренттңк) шоты бар, өзінің
тұрақты клиенттеріне банктің беретін несиесі.
Ломбардтық несие-тауарлы материялдықтар мен мүліктік құқықтарды, бағалы
металдарды, бағалы қағаздарды және тағы басқа кепілге ала отырып қысқа
мерзімге несие берушінің қатаң тіркелген сомада беретін несиесі.
Форфейтинг несие-сыртқы сауда операцияларында қолданылатын коммерциялық
вексельді сатып алу жолымен экспортерлерді немесе сатушыларды қысқа
мерзімді (180 күнге дейінгі) несиелеу нысаны. Банк (форфейтор) экспортердің
(сатушыдан) сатқан тауар үшін импортердің (сатып алушының) берген ақшалай
міндеттемесін (векселін) сатып алуы арқылы экспертордың сатқан тауарының
құнын толық немесе жартылай төлейді. Кейіннен импортер (сатып алушы)
форфейтордың көрсеткен міндеттемесі бойынша ақшалай соманы оған төлейді.
Тез арада төлегені үшін форфейтор-банк экспортерден пайыз ұстап қалады.
Факторингтік несие-жабдықтаушының немесе банк клиентінің жабдықтаған
тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот
фактурасын) банкке сатумен байланысты несиелік операция.
Экспорттық несие-экспортты қолдау құралы ретінде өнімді исатуды
қаржыланыру мақсатында сатып алушыға немесе оның банкіне берген несие.
Несиелік желі-келісілген лимит шегіндегі белгілі ибір уақыт ішіндегі
қарыз алушыға несие беріп отыруға несиелік мекеменің оған берген заңды
түрде рәсімделген міндеттемесі.
Қарыз алушының несиелік қабілеті – бұл қарыз алушының өзінің қарыздық
міндеттемелері бойынша толық және уақытылы есеп айырысу қабілеті [8,243].
Заңды тұлғаларды несиелеуге қажетті құжаттар жинау несиелеу үрдісінің 1-
кезеңінде жүзеге асады. Бұл кезеңде клиент банктің несие менеджерімен
сұхбаттасып, кеңес алғаннан кейін және несиелеу шартымен толық келіскен

жағдайда банктің жасаған формасында құжатты немесе құжаттсыз (компьютердегі
арнайы бағдарлама) түріндегі несие алу үшін өтінішті және сауалнаманы
толтырады және несие алуға қажетті құжаттарды жинақтап банкке тапсырады.
Бұл келесі тақырыпта толығымен ашылған және қосымша 1-де көрсетілген.
Жалпы банкке тапсыратын клиенттің құжаттары екі топқа бөлінеді:
1. Неселік сараптама;
2. Заңи сараптамаға арналған құжаттар.
Банктердің заңды тұлғаларды несиелеуде қажетті құжаттар:
●Құрылтайшылық құжаттардың, жарғының, жалға алу шартарының, тіркелген
куәліктерінің немесе патенттерінің, жерді пайдалану құқығын куәландыратын
көшірмесі;
●Кәсіпорын басшысының немесе кәсіпорын атынан несие алуға сенім
білдірген тұлғаның төл құжаты және клиенттің несие алуға құқығын
растайтын басқа құжаттардың көшірмесі;
●Соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы, қаржылық қызметінің есебі, ақша
қаражаттарының қозғалысының есебі;
●Қайтарылу мерзімін сипаттайтын техникалық-экономикалық есебі;
●Несиеленетін мәмілелерді растайтын келісімшарттар көшірмелері;
●Алашақ және берешек қарыздары туралы құжат;
●Басқа банктерден алған мәліметтері;
●Несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжаттар;
●Қызметін жаңадан бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да құжаттары
жоқ кәсіпорынның бизнес жоспары.
Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз
ететін басқа құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Соннымен қатар,
банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін сауалнама
үшін кейбір құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін.
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалауда мынадай ақпараттар
көздерінің маңызы зор:
●Өтініш жасаушымен тікелей сұхбаттасу, яғни банк қызметкері ссуда алуға
өтініш жасау себептерін біле оырып, өтініш банктің несиелік саясатынан
туындайтын талаптарына жауап беретіндігіне мән береді. Қарыз алушының
тарихы, өнімнің және көрсететін қызметтің сипаты, шикізат көздері,
жұмыскерлерінің біліктілігі туралы ақпараттар жинайды. Бұл ақпараттар
басқа жолдармен көрсетіледі;
●Клиенттердің несиелік қабілеті, олардың өткен уақыттардағы несиелерге
қатынас, шоттардағы қалдықтары және тағы дабасқалары туралы ақпараттардан
тұратын банк картотекасын жүргізу;
●Орнында инспекция жүргізу;
●Қаржылық есебін талдау;

●Басқа банктермен контракт арқылы, қарыз алушының жабдықтаушылары
арқылы, салық инспекциялары арқылы сыртай ақпарат көздері [14, 102].
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау
Міне, талабы бойынша заңды тұлғалар осы құжаттарды даярламағаннан кейін
құжаттардың көмегімен заңды тұлғалардың қарыз алу мүмкіндігін бағалау
қажет.
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға
беруді сипаттайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық
құжаттары қолданылады.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның мынадай төлем қабілетіне
байланысты:
1) шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақытылы
қанағаттандыру;
2)несиені қайтару;
3)жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;
4)бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері
бойынша есеп айырыса алады.
Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең
көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау үшін оның
тиімділігін, төлем қабілеттілігін, шаруашылық-қаржылық қызметін жан-жақты
бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген
әдістемелер қолданылады.
Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын талдау үшін негізгі көздер
ретінде Қаржы министірлігі бекіткен келесідей жылдық бухгалтерлік есеп
формалары қызмет етеді: Кәсіпорын балансы (№1 форма); Қаржы нәтижелері
және оларды пайдалану туралы есебі (№2 форма); Кәсіпорын балансына
қосымша бет (№3 форма); сондай-ақ Қазақыстан Республиксының статистикалық
есеп формасы Кәсіпорынның (ұйымның) қаржылық қызметінің негізгі
көрсеткіштері туралы есебі (№1-форма-мерзімді- тоқсандық формалары) және
кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің)өнімнің (жұмыстар, қызмет) кеткен
шығындары туралы есебі (№5-3-мерзімді-тоқсандық-жылдық формалары). Бұл
мәліметтерді толықтыру үшін қосымшада баяндалған. Қосымша 2-де көрсетілген
[8,245].
Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының компаниялардың несиелік
қабілетін бағалауда мынадай қаржылық коэффициенттердің төрт тобы
пайдаланылады:
-өтімділік коэффициенті;
-қаражат көздерін тиімді басқаруды талдауға арналған қаржылық
тәуекелділік коэффициенттері;

-компанияның ресурстарын пайдалану тиімділігін талдауға арналған
айналымдылық коэффициенттер;
-пайдалылық коэффициенттер.
Осы көрсеткіштердің есептелу алгоритіміне тоқталайық.
1.Өтімділік коэффициенті.
Өтімділік коэффициентінің өзі екі коэффициент көмегімен анықталады:
-ағымдағы өтімділік коэффициенті;
-тез өтімділік коэффициенті.

Ағымдағы
активтер
Ағымдағы өтімділік коэффициенті=
; (1)
Ағымдағы
міндеттеме

Мұндағы ағымдағы активтерге кассадағы және банктік шоттағы қаражаттар,
дебиторлық таза қарыз, тауарлы-материялды қорлар, өзге ағымдағы активтер
(алдағы уақыт шығыстары, өтімділік жоғары бағалы қағаздардағы жұмсалымдар
және тағы басқалары). Дебиторлық таза қарыз дебиторлық қарыз қалдығынан
үмітсіз қарыздарды жабуға арналған резервін шегеру арқылы анықталады.
Тауарлы материялды қорлардың да айналым мерзімі бір жылдан аспауға тиіс.
Ағымдағы пассивтерге қысқа мерзімді ссудалар, жабдықтаушылардың,
бюджеттің, жұмыскерлерінің алдындағы төленбеген қарыздарды, өзге ағымдағы
міндеттемелер жатады.
Ағымдағы өтімділік коэффициентті бұрынғы өтеу коэффициенті ретінде
белгілі. Бұл коэффициент ағымдағы міндеттемелерінің ағымдағы активтерімен
қаншалықты қамтамасыз етілетін сипаттайды. Бұл көрсеткіштердің мәні 1,70%-
тен 1,20%-ке дейінгі аралықта болуға тиіс. Егер оның мәні 1,20%-тен артып
кетсе, онда тауарлы материялды қорларға (ТМҚ) салынған қаражаттар
айналысының бәсеңдеуін немесе дебиторлық қарыздың жоғары болуын көрсетеді.
Ал, оның мәнінің төмен болуы клиенттің төлем қабілетсіздігін баяндайды.
Жалпы бұл көрсеткіш мәнінің жоғары болуы, қарыз алушының қаржылық
тұрақтылығын білдіреді.
Дүниежүзілік банктік тәжірибеде бұл көрсеткіштердің нормативтік мәні
клиенттердің санатына қарай әр түрлі болып келуі мүмкін:
I, II, III класс үшін-2,0;
IV класс үшін-1,5;
V- VI класс үшін -1,25.
Ағымдағы
активтер-ТМҚ
Тез өтімділік коэффициенті=
; (2)
Ағымдағы
міндеттеме

Бұл көрсеткіш тауарлы материялды қорларды (ТМҚ) тез арада сату
мүмкіндігі болмаған жағдайдағы қарыз алушының қысқа мерзімді міндетемелерді
өтеу мүмкіндігін бағалауға көмектеседі.
Аталған коэффициентінің мәнінің 0,4%-тен 0,6%-ке дейінгі аралықта
болғаны дұрыс. Бөлшек сауда компанияларында оның мәні 0,3%-тен 0,4%
аралығында болуы ықтимал. Оның мәнінің жоғары болуы дебиторлық қарыздардың
өсуінен туындайды.
2.Қаражат көздерін тиімді басқаруды талдауға арналған қаржылық
тәуелділік коэффициенттер.
Оған жататындар:
-міндеттеменің активке қатынасы;
-міндеттеменің капиталға қатынасы.

Бір
мезгілдегі орташа
қарыз
сомасы
Міндеттеменің активке қатынасы =
; (3)
Бір
мезгілдегі орташа
активтер
сомасы

Бір
мезгілдегі орташа

қарыз сомасы
Міндеттеменің капиталға қатынасы =
; (4)
Бір мезгілдегі
орташа орташа
меншікті
капитал сомасы

Бұл коэффициент жалпы қарызбен меншікті капиталдың шекті қатынасын
көрсетеді. Мысалға, коэффициент 2,0%-тен болса, онда әрбір қарыздың екі
теңгесіне меншікті капиталдың бір теңгесі келеді дегенді білдіреді немесе
ол активтердің 67%-і қарыздың есебінен және 33%-і меншікті капиталдың
есебінен қаржыландырылатынын сипаттайды.
3. Компанияның рессурстарын пайдалану тиімділігін талдауға арналған
айналымдылық коэффициенттер.
Бұлардың құрамына мыналар кіреді:
-дебиторлық қарыздың айналымдылық ұзақтылығы (күнмен);
-кредиторлық қарыздың айналымдылық ұзақтылығы (күнмен);
-ТМҚ-ның айналымдылық ұзақтылығы (күнмен).

дебиторлық
қарыздың
орташа
сомасы
Дебиторлық қарыздың айналымдылық = *
360; (5)
сатудан
түскен түсім

Дебиторлық қарыздың айналымдылық мерзімі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржының ғылыми-теориялық аспектілері
Несиенің қажеттілігі,мәні,формалары
Бюджеттің экономикалық мәні және ролі
Қаржылық менеджменттің механизмі
Қазақстанда нарықтың қалыптасуы ерекшеліктері мен заңдылықтары
Корпорация қаржысын ұйымдастыру мен басқару
Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары
Кәсіпорынның қаржы басқаруы
Лизингтік бизнес. Қазақстан Республикасында лизингтік бизнесті басқару жүйесін талдау
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі туралы
Пәндер