Қазақстан тарихы - дәрістер



Кiрiспе

Ежелгi Қазақстан
“Қазақ атауының мәнi және мағынасы ”
Қазақ өңiрiндегi алғашқы мемлекеттер (б.з.д.VII ғ..б.з.V ғ.)
Қазақ жерiндегi алғашқы түрiк мемлекеттерi.
Қазақстан монғол шапқыншылығы заманында
Қазақ этносы мен қазақ хандыыныұ қалыптасып, құрылуы (XIV . XVII ғғ.)
Қазақ хандығының XVI . XVII ғғ. Саяси, әлеуметтiк.экономикалық жағдайы.
XVII.XVIII ғғ. Қазақ.ресей қатынастары
XVIII.XIX ғғ. Қазақтардың ұлт.азаттық көтерiлiстерi
XVIII . XIX ғғ. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтiк дамуы
К I Р I С П Е

Тарих әр кезеңдеде қоғамда болған, болып жатқан оқиғалар мен өзгерiстерге байланысты адам санасында сан қилы ой туғызады. Бұл ой өз елi мен жерiнiң, халқының тарихын бiлуге ынталы әрбiр адамның бойында өткендi бағалау деген құштарлық сезiмiн оятады. Тарихи сана - ұлттық сананың негiзi, iргетасы. Демек, негiзi берiк iргетассыз сапалы ұлттық сана қалыптаспайды. Ал, ұлттық санасы қалыптаспай, оны кемелiне келтiрiп жетiлдiрмей, туған жерiнiң шын мәнiндегi перзентi болу да қиын. ¤йткенi, онсыз жанының жай-жапсарын жете танып, жағдайын жан-жақты түсiне алмайсың; сезiну болғанмен, болмысына ену жоқ; түйсiнгенмен, тұшыну жоқ; дел-сал күй кешесiң. Кеңес Одағы кезiнде басты күрделi оқиғалар мен кезеңдердi тарих ғылымы тұрғысынан сипаттау қатал саяси және сыңаржақты идеология қысымында болды. Бұл қазақ және Қазақстан тарихы беттерiнде “қара” немесе тек қана “ашық” бояулармен бейнеленуге әкелiп қоғам мүшелерiнiң соның iшiнде жас буын өкiлдерiнiң сана-сезiмi мен сенiмiн дұрыс тәрбиелеп қалыптастыруға үлкен кедергi жасады.
Қазiргi уақытта тарихшылар алдында тарих ғылымының дамуына сол кезде керi әсер еткен құбылыстардың түпкi себептерiмен салдарын объективтi түрде қайта сараптау мiндетi тұр. Бүгiнгi тарихымыздың шынайы сипатын, ақиқатты жолын көрсетуде бiршама ауқымды әрi мазмұнды ұмтылыстар байқалғанымен егемендiк елдiң өзiнде тарихи оқиғалар мен тұжырымдарды қайта бағалау принциптерiнде көптеген зерттеушiлер тарапынан бiрқатар теориялық және фактологиялық қателерге жол берiлiп жатқанын аңғаруға болады. Бұл еңбектiң түпкi мақсаты - ғылыми, объективтi тұрғыдан тарихи оқиғалар мен құбылыстарды жалпы оқырман қауымға, соның iшiнде, оқушы жастарға тиянақты тiлмен сындарлы логикалық жүйеде баяндап беру.
Үш түсiнiк - тарих, тарихшылар және когам бiрiнен бiрi дербес бола алмайтын тұжырымдар мен анықтамалар. Ең алдымен пәннiң анықтамасына тоқталайық. Тарих деген не? Әр заманның ұрпағына оның қажеттiлiгi қандай? Негiзiнде тарих дегенiмiз адамзаттың өткенi туралы ғылым. Егерде тек қана осы тұрғыдан тұжырымдайтын болсақ - тарихшы осы саланы зерттейтiн санаулы ғана мамандардың архивтердегi құжаттарды ғылыми жүйеге келтiрушi тµлқа тәрiздес болып көрiнедi. Бiздiң пайымдаумызша тарих-халық, ұлт зердесi. ¤йткенi, тарихта болған оқиғаларды ешкiм түзете алмайды және өз заманының ыңғайына қарап бағыштап ешкiм де жаңадан жаза алмайды. Бүкiл қайшылықтарымен, қаhармандық және қайғылы беттерге толы тарих қандай болса, оны әрқашан нақ сондай алуан түрлi, тұтас қалпында қабылдау керек.
Сайып келгенде, тарих - адамзаттың әлеуметтiк-мәдени тәжiрибесiнiң ауқымы кең жиынтығы, ал, тарих гылымы осы тәжiрибе жиынтығын баршаға паш етушi методологиялық жүйе. Қоршаған ортаны ғылыми тұрғыдан тану, соның iшiнде әлеуметтiк тәжiрибенi игеру - адамның дүниемен қарым-катынасының маңызды өзектi сипаттамасы. Бұл ретте таным қоғаммен бiрге дамиды. Дүние жөнiндегi әр заманның бiлiк деңгейi уақыт өткен сайын өзгерiске түсiп отырады және ол адамды өзгертедi. Осы тұжырымдарға сүйенсек тарихқа төмендегiдей анықтама беруге болады: тарих-бұл ұдайы дамымалы құбылысындағы ұрпақтан µрпаққа ауысып, әр кезеңде жаңадан тұжырымдалатын әлеуметтік тәжiрибе.
Ұсынылып отырған дәрiстерде атажұрт тарихын өзiндiк төл тарих реттес де және Еуразия тарихының бiр бөлiгi ретiнде карастыра отырып, әлемдiк өркениеттiлiк үрдiсiндегi қазақ халқының орны мен ролiн оқушы қауымға ашып көрсетiлген. Басылымның негiзгi мақсаты - жоғары оқу орындарындағы тарих бағдарламасы мен оқулықтарға сәйкес оқырманға жаңаша ой салу, тарихи қубылыстарды объективтi, ғылыми турғыдан түсiнуге қажеттi азаматтық тиiмдi көзқарас қалыптастыру. Ұсынылып отырған дәрістер бұрын жарық көрген осы iспеттес еңбектерге салыстырмалы түрде фактологиялық мысалдармен, теориялық тµжырымдармен толықтырылған. Еңбекьегі жекелеген қағидалар, ой-толғамдар мен түйiндер маман ғалымдар, зерттеушілер мен студенттердің, жалпы оқырмандар арасында сауалдар мен пiкiрталастар, жаңа ойлар туғызары сөзсiз.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 138 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан тарихы - дәрістер
Кiрiспе
Ежелгi Қазақстан
“Қазақ атауының мәнi және мағынасы ”
Қазақ өңiрiндегi алғашқы мемлекеттер (б.з.д.VII ғ.-б.з.V ғ.)
Қазақ жерiндегi алғашқы түрiк мемлекеттерi.
Қазақстан монғол шапқыншылығы заманында
Қазақ этносы мен қазақ хандыыныұ қалыптасып, құрылуы (XIV - XVII ғғ.)
Қазақ хандығының XVI - XVII ғғ. Саяси, әлеуметтiк-экономикалық жағдайы.
XVII-XVIII ғғ. Қазақ-ресей қатынастары
XVIII-XIX ғғ. Қазақтардың ұлт-азаттық көтерiлiстерi
XVIII - XIX ғғ. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтiк дамуы

ҚАЗАҚСТА Н
Т А Р И Х Ы
д ә р і с т е р

Қазақстан тарихы (дәрiстер)

Оқырманға ұсынылып отырған дәрiстерде Қазақстан Республикасы тарихының
күрделi де қайшылықтарға толы тұстары жан-жақты және жете баяндалады. Кiтап
тараулары теориялық тұжырымдар деңгейi тұрғысынан, баяндау тәсiлi мен
фактiлiк қанықтығы жағынан әралуан. Авторлардың тарихи оқиғаларға берген
жеке пайымдаулары мен түйiндерi, бағалаулары, оқырмандар тарапынан сөзсiз
толық қолдау таппауы да мүмкiн. Ел тарихының ғылыми ретiнде де, дүниетаным
ретiнде де қалыптасу кезеңiнде мұндай ой-өріс сәйкессiздiктердiң болуы
заңды да. Кiтапта ұсынылған өзiнiдiк баяндау үрдiсi ел тарихын ежелгi
заманнан үшiншi мыңжылдықтың табалдырығына дейiн қамтуға мүмкiндiк бередi.
Авторлар қазақ халқы бастан кешкен бүкiл тарихты қайта жазып шығуға
ұмтылмай оны зерделеу мен зерттеуде елеулi iстер тындырған, ғалымдар
еңбектерiн негiзге ала отырып егемен елiмiз - Қазақстан тарихын өзiнше
пайымдайды. Еңбектiң баяндау тәсiлi авторлардың оқу орындарында жинақтаған
тәжiрибесiне және бұл пәннен Мемлекеттiк емтихан бағдарламасына
негiзделген.
Кiтап жоғары, орта оқу орындары студенттері мен Қазақстан тарихынан
дәрiс беретiн оқытушыларға, магистрант-аспиранттарға, жалпы ел тарихын
танушыларға арналады.

К I Р I С П Е

Тарих әр кезеңдеде қоғамда болған, болып жатқан оқиғалар мен
өзгерiстерге байланысты адам санасында сан қилы ой туғызады. Бұл ой өз елi
мен жерiнiң, халқының тарихын бiлуге ынталы әрбiр адамның бойында өткендi
бағалау деген құштарлық сезiмiн оятады. Тарихи сана - ұлттық сананың
негiзi, iргетасы. Демек, негiзi берiк iргетассыз сапалы ұлттық сана
қалыптаспайды. Ал, ұлттық санасы қалыптаспай, оны кемелiне келтiрiп
жетiлдiрмей, туған жерiнiң шын мәнiндегi перзентi болу да қиын. ¤йткенi,
онсыз жанының жай-жапсарын жете танып, жағдайын жан-жақты түсiне алмайсың;
сезiну болғанмен, болмысына ену жоқ; түйсiнгенмен, тұшыну жоқ; дел-сал күй
кешесiң. Кеңес Одағы кезiнде басты күрделi оқиғалар мен кезеңдердi тарих
ғылымы тұрғысынан сипаттау қатал саяси және сыңаржақты идеология қысымында
болды. Бұл қазақ және Қазақстан тарихы беттерiнде “қара” немесе тек қана
“ашық” бояулармен бейнеленуге әкелiп қоғам мүшелерiнiң соның iшiнде жас
буын өкiлдерiнiң сана-сезiмi мен сенiмiн дұрыс тәрбиелеп қалыптастыруға
үлкен кедергi жасады.
Қазiргi уақытта тарихшылар алдында тарих ғылымының дамуына сол кезде
керi әсер еткен құбылыстардың түпкi себептерiмен салдарын объективтi түрде
қайта сараптау мiндетi тұр. Бүгiнгi тарихымыздың шынайы сипатын, ақиқатты
жолын көрсетуде бiршама ауқымды әрi мазмұнды ұмтылыстар байқалғанымен
егемендiк елдiң өзiнде тарихи оқиғалар мен тұжырымдарды қайта бағалау
принциптерiнде көптеген зерттеушiлер тарапынан бiрқатар теориялық және
фактологиялық қателерге жол берiлiп жатқанын аңғаруға болады. Бұл еңбектiң
түпкi мақсаты - ғылыми, объективтi тұрғыдан тарихи оқиғалар мен
құбылыстарды жалпы оқырман қауымға, соның iшiнде, оқушы жастарға тиянақты
тiлмен сындарлы логикалық жүйеде баяндап беру.
Үш түсiнiк - тарих, тарихшылар және когам бiрiнен бiрi дербес бола
алмайтын тұжырымдар мен анықтамалар. Ең алдымен пәннiң анықтамасына
тоқталайық. Тарих деген не? Әр заманның ұрпағына оның қажеттiлiгi қандай?
Негiзiнде тарих дегенiмiз адамзаттың өткенi туралы ғылым. Егерде тек қана
осы тұрғыдан тұжырымдайтын болсақ - тарихшы осы саланы зерттейтiн санаулы
ғана мамандардың архивтердегi құжаттарды ғылыми жүйеге келтiрушi тµлқа
тәрiздес болып көрiнедi. Бiздiң пайымдаумызша тарих-халық, ұлт зердесi.
¤йткенi, тарихта болған оқиғаларды ешкiм түзете алмайды және өз заманының
ыңғайына қарап бағыштап ешкiм де жаңадан жаза алмайды. Бүкiл
қайшылықтарымен, қаhармандық және қайғылы беттерге толы тарих қандай болса,
оны әрқашан нақ сондай алуан түрлi, тұтас қалпында қабылдау керек.
Сайып келгенде, тарих - адамзаттың әлеуметтiк-мәдени тәжiрибесiнiң
ауқымы кең жиынтығы, ал, тарих гылымы осы тәжiрибе жиынтығын баршаға паш
етушi методологиялық жүйе. Қоршаған ортаны ғылыми тұрғыдан тану, соның
iшiнде әлеуметтiк тәжiрибенi игеру - адамның дүниемен қарым-катынасының
маңызды өзектi сипаттамасы. Бұл ретте таным қоғаммен бiрге дамиды. Дүние
жөнiндегi әр заманның бiлiк деңгейi уақыт өткен сайын өзгерiске түсiп
отырады және ол адамды өзгертедi. Осы тұжырымдарға сүйенсек тарихқа
төмендегiдей анықтама беруге болады: тарих-бұл ұдайы дамымалы құбылысындағы
ұрпақтан µрпаққа ауысып, әр кезеңде жаңадан тұжырымдалатын әлеуметтік
тәжiрибе.
Ұсынылып отырған дәрiстерде атажұрт тарихын өзiндiк төл тарих реттес
де және Еуразия тарихының бiр бөлiгi ретiнде карастыра отырып, әлемдiк
өркениеттiлiк үрдiсiндегi қазақ халқының орны мен ролiн оқушы қауымға ашып
көрсетiлген. Басылымның негiзгi мақсаты - жоғары оқу орындарындағы тарих
бағдарламасы мен оқулықтарға сәйкес оқырманға жаңаша ой салу, тарихи
қубылыстарды объективтi, ғылыми турғыдан түсiнуге қажеттi азаматтық тиiмдi
көзқарас қалыптастыру. Ұсынылып отырған дәрістер бұрын жарық көрген осы
iспеттес еңбектерге салыстырмалы түрде фактологиялық мысалдармен, теориялық
тµжырымдармен толықтырылған. Еңбекьегі жекелеген қағидалар, ой-толғамдар
мен түйiндер маман ғалымдар, зерттеушілер мен студенттердің, жалпы
оқырмандар арасында сауалдар мен пiкiрталастар, жаңа ойлар туғызары сөзсiз.

Бiрiншi дәріс
Е Ж Е Л Г I Қ А З А Қ С Т А Н

Әлемнiң барлық аймағында адамның шығуы мен дамуында, оның еңбек
iздерiнде негiзгi ортақ көрiнiстер көп және олар өзара байланысты. Егерде
Қазақстан тарихының ашылған немесе ашылмаған беттерi көп бе деген ойға
келсек ешқандай күмәнсiз ғылым-бiлiм игермеген мәселелер үлесi әлi де
басым. Елiмiздегi тiршiлiк туралы түсiнiктер адам еңбегiнiң қалдықтары -
тас құралдарды, оларды дайындаған кездегi қалдықтар, тамақ қалдықтары -
жануарлардың сүйектерi сақталып, үңгiрлердi, үңгiме қуыстарды зерттеуге
негiзделедi. Әлемдегi халықтардың ежелгi ұлт ерекшелiгi этнографиялық
әртүрлi деректерде маңызды орын алады. Мұндай мәлiмет-деректер адамзаттың
даму процессiн тең шеңберде және мазмұнды түсiнуге мүмкiндiк бередi. Тарих
ғылымындағы адамдардың алғашқы қауымдастығы жөнiндегi негiзгi дәлел-дерек -
тастан жасалған еңбек құралдарының қалдығы.
Аталған тұжырым қоршаған айналаны ғасырлар бойы зерттеу нәтижесiнде
қабылданған. Казiргi кезде тарих ғылымында адам қоғамы дамуының кезектiгiне
үш түрлi көзқарас бар: формациялық, өркениеттiлiк және модернистiк
(жаңашылдык). Ежелгi адам өз дамуында кезекпен келетiн бiрнеше жүз жылдап
саналатын кезеңдердi басынан өткiздi - тас, қола және темiр дәуiрлерi. Ал
тас ғасыры палеолит, мезолит, неолит кезеңдерiне бөлiнедi. Палеолиттiң
ерекшелiгi Еуразия мен Африка аймақтарының сол дәуiрдегi мәдениеттерiнiң
едәуiр ұқсастығы болып табылады.
Ежелгi тас ғасыры дәуiрi - адам мен оның шаруашылығы қалыптасуының
бастапқы кезеңi. Палеолит дәуiрiндегi адамдардың қауымдастығы жабайы
өсiмдiктердi жинап, жануарларды аулаған, олар күрделi де ұзақ даму жолынан
өттi. Бұл әлеуметтiк құрылым ғылымда алғашқы тобыр деп аталады, ол
бейнесiздiгiмен, қоғамдық қатынастардың жетiлмегендiгiмен, тіпті неке
байланыстарының да реттелмегендiгiмен ерекшеленедi.
Келесi дәуiр - мезолит дәуiрi, ал одан кейiн неолит пен энеолит
көшпелi және отырықшы тұрмыс салтындағы аңшылар мен балықшылар мәдениетiнiң
қалыптасу және даму уақыты болып сипатталады. Ал, қарастырылып отырған
дәуiр бiзден қаншалықты қашық болғанымен, бiз алғашқы қауым аңшылары мен
жинаушыларының ежелгi мәдениетi шектес аймақтардың мәдениеттерiмен өзара
әсер ету арқылы тығыз байланыста дамыды деген ғылыми тұжырым жасаймыз.
Алғашқы адамдардың пайда болуы. Ғылымдағы тұжырымдар бойынша 3,5
млн.жыл бұрын әлемдегi ауа райының күрт өзгерiсi айналаны қоршаған
табиғаттың күрделенуiне әкелiп соқтырды. Бұл құбылыс тiрi жануарларды
табиғат құбылысына икемденуге мәжбүр еттi. Табиғатта болып жатқан
жағдайларға тез арада маймылдар икемделген, яғни дриопитектер. Мезгiл өткен
сайын олар екi аяқпен қозғалу, күнделiктi өмiрiне қажеттi iстер атқару,
түрлi еңбек құралдарын дайындау қол-күшiнен көрi ой-өрiсiнiң жұмысын
жетiлдiрiп бiрте-бiрте жеделдеткен. Эволюция тарихында жануарлардың
тағдырында кол күшiнен көрi ойлау қабiлетi тұңғыш болып басым түседi.
Бұндай жануарларды ғылым екi түрге бөледi: австралопитек және адам.
Австралопитек ( үш-төрт түрлi оңтүстiк маймылы) бұдан төрт миллион
жыл бұрын Африка өңiрiнде дүниеге келген. Солардан бұдан екi миллион жыл
бұрын шамасында адамның алғашкы калпы - Хомо (адам) пайда болады. Одан
кейiн шамамен 2-1,5 млн. жылдар шамасында Хомо-Хомо хабилис, яғни қабiлеттi
адам қалыптасады. ¤зiнен бұрынғы туысынан көрi ол ширақталған ой
қабiлетiмен және сөйлеу қабiлетiмен ерекшеленедi. Адамның бұл түрi еңбек
құралын, қорғаныс құрылыстарын салуды игередi, аң аулау тәсiлiне
машықтанады.
Адам дамуының келесi кезеңi (1,6 млн.- 200 мың жыл бұрын) тiке
жүретiн homo erektus түрiнiң қалыптасуына тұстас келедi. Ғылыми болжамдар
бойынша олар Африкада қалыптасып кейiн топ-топ болып Еуропа, Шығыс Азия
(синантроп), Оңтүстiк-Шығыс Азия (явантроп) оңiрiне тараған. Адамның бұл
түрлерi архантроп немесе ежелгi адамдар тобын құрады, олардың еңбек және
қорғаныс құралдары сүйек, ағаш, тастан жасаған. Адам тарихында тас дәуiрi
еқ µзає кезең - бiздiң дәуiрге дейiн 2,5 млн.- 5 мың.жылға созылып палеолит
және неолит болып аталады. Палоелиттiң өзi екi кезеңге бөлiнедi: төменгi (
2 млн. - 40 мың.жыл бұрын) және жоғарғы (40-12 мың. жыл бұрын). Тас
дәуiрiнiң соңғы кезеңiнде адам өмiрiне темiр құралдары келедi, ол уақытқа
ғылымда энеолит атауы берiлген.
Ғылымда бiршама мерзiм тас дәуiрiнде бiздiң өңiрде адамдар болмаған
деген тұжырым орын алды. Соңғы кездегi археологиялық iзденiстердiң
нәтижесiнде Оңтүстiк Қазақстандағы Тәңірказған, Бөрiқазған, Ақкөльде ежелгi
адамдардың тұрғын орындарының табылуы бµл пiкiрдi өзгерттi. Бүгiнгi таңда
Қазақстанда палеолит мәдениетiнiң ескерткiштерiнiң екi өңiрi белгiлi -
Оңтүстiк Қазақстан және Сары - Арқа.
Ғылым шамамен осыдан 300 мың жыл бұрын homo erektus кәдiмгi адам
қалпына жақындады деп есептейдi, ал, homo sapiens ( неандерталенсис) немесе
неандерталь адамы бұдан 200 мың жыл кейiн салып қалыптасқан. Зерттеушiлер
оларды палеантроп – көне адамдар деп атайды. Бүгiнгi адамдарға типтес homo
sapiens Еуразия өңiрiнде осыдан 40 мың жыл бұрын пайда болған. Жалпы, әлем
ғылымында кәзiргi адамның қалыптасу орны туралы түрлi пiкiрталасқа жол
ашқан тұжырымдар бар. Ол тұжырымдардың басым көпшiлiгi алғашқы адамдар
Африкада қалыптасып, кейiн әлемге түрлi жолдармен тараған деп есептейдi.
Бұл құбылысқа қоршаган айнала, көшiп-қону және адамдардың басқа “топ-
тайпаларымен” араласпай өмiр сүруi өзiнiң әсерiн тигiздi. Неандертальдықтар
өздерiнiң дамуында салыстырмалы түрде айтарлықтай жоғары сатыларға
көтерiлдi. Олар отты, киiм тiгудi, аң шикiзаттарын өңдеудi игердi. Әсiресе,
палеолиттiң соңғы (жоғарғы) кезеңiнде адамдардың қол өнерi жетiле түседi.
Ендi, адам пышақ, ара, тескiш, балға, кескiш, балық аулайтын т.б.
тiршiлiкке қажет құрал-саймандарды жасауды үйренедi. Осы кезде адамдар
Қазақстан өңiрiн түгелдей мекендейдi, елiмiздiң Шығысы және Оңтүстiк Сiбiр
мен Алтайда ежелгi қоғам мәдениетiнiң үшiншi орталығы пайда болады. Сөйтiп,
Қазақстанда бұрын ашылған ежелгi адамдар ескерткiштерiне қоса Орталықта -
Қарабас-3, Батпақ-7, Ангренсор-2; Шығыста - Новоникольское; Оңтүстiкте -
Ащысай,Усықтас, Соркөл сияқты жаңа тарихи орындар ашылды.
Палеолиттiң орта және жаңа кезеңдерi ғылымда мезолит ( б. з..д. 12
мың жыл ), неолит (б.з.д. 5 - 3 мың жыл ) деп аталады. Аталған әр кезеңiнiң
өзiне тән эволюциялық ерекшелiгi бар. Мезолит тұсында адам садақ пен жебе
және тасты оңдеудiң технологиясын ашты. Неолит кезеңiнде тас өңдеу
индустриясымен қатар адамдар мал өсiру және жер оңдеуге де бейiмделедi.
Қазакстанда неолит мәдениетiнiң бiрнеше орталықтары табылған. Мысалы,
елiмiздiң оңтүстiгiнде ( Қараүңгiр-Қаратау) Орта Азия өңiрiнде дамыған
кельтиминар мәдениетiнiң ошақтары сақталған (саздан жасалған өрнек бояулы
ыдыстар табылған). Солтүстiк Қазақстанда неолит кезеңiнiң екi орны (Атбасар
және Маханджар) бар. Атбасар мәдениетiнiң өкiлдерi Есiл өзенiнiң далалық
және қырлы өңiрлерiн жайлап (Виноградовка-2, Тельман) аң аулаушылықпен күн
көрген. Маханджар мәдениетiнiң ошақтары Торғай, Тобыл өзендерiнiң
далалығында - Маханджар, Дүзбай, Ақтау деген мекендерде орналасқан. Батыс
Қазаєстанда неолиттi ойық және тюлуз мәдениеттерi сипаттайды. Маңғыстаудан
табылған неолит кезеңiнiң ескерткiштерi, аталған мәдениеттiң өкiлдерi
(б.з.д. VI-V мың. ж. ) аң аулау, өсiмдiктер дақылын жинау арқылы күн
көрiп, саздан ыдыс құю және жiп иiру кәсiбiн игерген.
Бiздiң заманға дейiнгi III - II мың жылдықта (энеолит кезеңi) ауа
райының ылғалды және салқын жағдайында Қазақстан тұрғындары өндiрiстi
шаруашылықтың түрi - мал өсiрудi жаппай игередi. Бұл мәдениеттiң (Ботай
мәдениетi) Солтүстiк Қазақстанда бiрнеше ескерткiштерi табылған: Ботай,
Красный Яр, Бестамақ, Соленое озеро т. б. Мұнда алғашқы кезеңдерден көрi
ауқымды өзгерiстер мен ерекшелiктер байқалады, яғни адамдар iрi елдi
мекендерге орналасады, жылқыны көлiк ретiнде пайдаланады, аң, балық
аулайды. Ботай мәдениетi өзiнiң мазмұнымен сµртанды (Оңтүстiк Орал),
хвалынь (Едiл жағалауы), афанасьев (Алтай), усть-нарым (Шығыс Қазақстан)
мәдениеттерiмен тәрiздес. Бұның өзi Еуразия даласындағы тайпалардың
тарихындағы этностың және мәдени бiртұтастықты сипаттайды.
Қола дәуiрi. Неолит дәуiрiнде-ақ байқалған мәдени-шаруашылық
өзгерiстерi б. з. б. II мыңжылдықта малшылық-егiншiлiк экономикасы мен
металл оңдеу кәсiбiнiң қалыптасуына жетеледi. Бұл эволюциялық жаңалық
Қазақстан өңiрiндегi бүкiл әлеуметтiк-экономикалық жағдайды түбiрiнен
өзгерттi. Қоныстарын жиi ауыстырып отыра, жiгерлi, пысық малшы тайпалары
тұңғыш бiрлестiктер құра бастады; бұлардың қалыптасуында өзара бiр-бiрiмен
қақтығыстар елеулi орын алды. Қару ендi жабайы хайуандарды аулау үшiн ғана
емес, сонымен қатар, тайпалар арасындағы қақтығыстарда да жиi
пайдаланалатын деңгейге жетiледi. Сөйтiп, қару жасау бiрте-бiрте металл
өңдеудiң дербес саласына айналды.
Б.з.д. II мыңжылдықтың ортасында Қазаєстан өңiрiндегi адамдар қола
металды игередi. Қоладан еңбек құралдары мен қару жасау өнерi кеңiнен
дамиды. Жер қойнауындағы полиметалдардың, соның iшiнде қалайы-мыс қорының
барынша молдығы өңiрiмiзде қола дәуiрiнiң көрнектi iз қалдыруының бiр
факторы болды. Тұрғындардың қоғамдық құрылысы мен отбасылық-некелiк
қатынастарында елеулi өзгерiстер пайда бола бастады. Қола дәуiрiндегi
экономиканың басты-басты бағыттары - мал шарушылығы мен металды жедел
қарқынмен игеру өндiргiш күштердiң өсуiне, қоғамдық еңбектiң
мамандандырылуына, сөйтiп, қоғамдық өмiрдегi аумақты өзгерiстерге алып
келдi. Жеке отбасылар оқшауланды, отбасылық меншiк кеңейдi, рулық қауым
iшiнде мүлiк теңсiздiгi күшейдi. Бiрiншi ескерткiштiң табылған жерi
Ресейдің Краснояр өлкесі Ачинск маңындағы Андронов елдi мекенiнiң атына
орай бұл мәдениет ғылымда шартты түрде “Андронов мәдениетi” деп аталды. Бµл
кезеңде андронов тұрпатты ескерткiштер қалдырған далалық малшы-егiншiлердiң
мәдени ортақтығы айқын сипатталады. Барлық жергiлiктi мұралық
ерекшелiктерге қарамастан, қазақ даласына кең тараған бұл тайпалар неолит
дәуiрiндегi өзгерiстердi айқын мәдени бiркелкiлiкпен ауыстырған. Ғылыми
тұжырымдар бұл мәдениет өкiлдерiнiң басым көпшiлiгi отырықшылықпен
шуғылданғанын көрсетедi. Қоныс - мекендер кең жайылма шалғыны бар
өзендердiң жанына орналасты. Патриархаттық отбасында әке-ата үстемдігі
отбасылардың үйлерi үлкен жертөлелер болды; олардың жанынан әр түрлi
шаруашылық жайлар мен мал тұратын қашарлар салынды. Бұл қоныс-мекендерге
мал бағу кәсiбi едәуiр басым малшылық-егiншiлiк шаруашылығының кешендi
сипаты тән болды.
Аталған мәдениетке ерекше тән сипат - металдан жасалған еңбек
құралдары, қарулар және сәндiк заттар: ұңғысы бар, дүмi шығыңқы балталар,
сағасында ойығы бар пышақтар, балға-шоттар, найзалар мен жебелердiң өзгеше
ұштары, бiлезiктер, айналар, моншақтар және әр түрлi iлмешектердiң кең
тарауы болды. Андроновтық тұрғындарды басқа тайпалардан айыратын мәдени-
этнографиялық ең басты белгiлерi жерлеу ғұрпы, геометриялық өрнегi бар
балшық ыдыстардың өзiнше бiр жиынтығы, металл бµйымдардың түрлерi болып
табылады. ¤ндiрiс техникасының дамығандығы және қола заттар мен балшық
ыдыстар түрлерiнiң әдемiлiгi мәдениеттiң де деңгейi жоғары болғанын
көрсетедi. Тараған пiкiрлердiң бiреуi бойынша андроновтықтар финн-угор
этникалық тобына жатқан.[1]
Үндi-иран ежелгi жазбаша ескерткiштерiн - Авестаны, Ригведаны,
Атхарваведаны және топонимика мен ономастиканың басқа да деректерiн,
археологиялық материалдар комплекстi талдау негiзiнде тарих және филология
ғылымында андронов тайпаларының үндi-иран немесе арий тектi екендiгi туралы
тұжырым бар.[2] Андронов мәдениетiнiң алғашқы ескерткiштерiн 1914 жылы А.
Я. Тугаринов ашты. Одан кейiнгi жылдарда бiр топ ғалымдар андронов
мәдениетiнiң тарихи құбылыс ретiнде ғылыми байламдар жасап қола дәуiрiнiң
кезеңдерiн саралап бердi (алдыңғы, орта, соңғы). Кейiн, Орал сыртының
андронов мәдениетiне хронологиялық топтама жасалып, әр қайсысына ат
берiлдi: федоров кезеңi - б.з.б. XVIII - XVI ғасырлар; алакөл кезеңi -
б.з.б. XV-XII ғасырлар; замараев кезеңi - б.з.б. XII- VII ғасырлар.[3]
Проблеманы зерттеп ғылыми арнамен сипаттауда Қазақстан ғалымдарының қосқан
үлесi зор.[4]
Андронов мәдениетiн кезеңдерге бөлуге байланысты бұл болжамдарды
жақтаушылардың принциптi пiкiр айырмашылығы бұл мәдениеттiң федоров кезеңi
мен алакөл кезеңiнiң хронологиялық шеңберлерiн бағалау жөнiнде болып отыр.
Ғылымда кең тараған көзєарас мынадай: бұл кезеңдер бiрiнен соң бiрi келiп
отырды, соның өзiнде неғұрлым ертеректегi кезең ретiндегi федоров кезеңiнен
кейiн алакөл кезеңi келедi, ал осы алакөл кезеңiнде андроновтық тайпалардың
экономикасы мен мәдениетi дамудың шырқау шегiне жеттi. Екiншi көзқарас
бойынша, федоров пен алакөл уақытындағы ескерткiштер бiр уақытта болған,
бiрақ, өлке тұрғындары әр түрлi топтардан құрал¬ан, солардан қалған неолит
кезеңiнде басталған жабайы жануарларды қолға үйрету қола дәуiрiнде жетiлiп
адам қоғамының даму сатысының құрамдас бөлiгiне айналды. Қазақстанның
солтүстiк Арал оңiрiндегi, батыс, орталық және шығыс аудандарындағы
неолиттiк тұрақтарда жабайы жануарлардың сүйектерiмен қатар, қолға
үйретiлген төрт түлiк малдың да сүйектерi табылған. Қола дәуiрi шаруашылық
нысаны ретiндегi мал шарушылығының үздiксiз дамыған уақыты болды,
үйретiлген жануарлардың саны және құрамы көбейдi. Мал бағу үй маңынан бiрте-
бiрте жайлауда күтуге ұласып адамдардың өмiр-салты көшпендi сипат алады.
Табын құрамында ұсақ малдың (қой-ешкiнiң) және жылқының үлес-салмағы
артады. Ежелгi замандағы мал шаруашылығы экстенсивтi шаруашылық болды. Қола
дәуiрiнiң соңғы кезеңiнде Қазақстанның далалық аудандарында мал өсiру
шаруашылықтың келелi саласына айналып және көшпелiкке негiзделген сипат
алады. Алайда, бұл құбылыс Қазақстанның барлық өңiрiне тән емес. Мәселен,
қола дәуiрiндегi Шығыс Қазақстанда көшiп-қонудан көрi отырықшылық басым
болды.
Қазақстанда қола дәуiрiндегi тайпалардың негiзгi кәсiбi байлықтың
қорлана бастауына жеткiзiп, қоғамдық қатынастарды жан-жақты дамытады.
Шаруашылық тұрпатындағы түрлi даму тенденциялары қоғамдық ұйымдағы күрделi
өзгерiстерге негiзгi себепкер болады. Әлеуметтiк және әскери-саяси
құрылымдарда рулық-тайпалық топтар саралана жiктеле түстi. Еркек-көсем,
жауынгер материалдық игiлiктердi өндiруде үстем дәреже алып, рудың
жетекшiсiне айналғандықтан туыстық әке жағынан есептеле бастады
(патриархат). Патриархаттық әулеттiк қауым өзiнiң дамуында бiрнеше кезеңнен
өттi. Алғашқы түрiнде ол өзiнiң алдындағы матриархаттық әулеттiң көп
белгiлерiн: өндiрiс құрал-жабдықтары және тµрмыстық мәселелердi шешуде
қоғамның барлық ересек мүшелерiнiң теңдiгiн, қауым басшысының беделiне өз
еркiмен бағынуды мұра етiп алған едi. Мұндай қауымның негiзi, бұрынғы
сияқты, жұп отбасы болды, мұның өзi ерлi-зайыптылар байланысының берiк
болуымен және ортақ балалар иемденуге еркектер мен әйелдер құқықтарының
теңдiгiмен сипатталады. Мұндай патриархаттық қауымдар төрт-бес ұрпақтан
құралды және аумағы 200 шаршы метрден кең үйлерде бiрге тұрды, ал бiрнеше
осындай үйлерден рулық қоныстар қалыптасты.
Бұл қоғамда өндiрiстiк-отбасылық ұжым болып өндiрiс құрал-жабдықтары
мен ұжымдық еңбек өнiмдерiне ортақ меншiк болды. Кейiн қоғамдық эволюция
нәтижесiнде, қола дәуiрiнiң соңғы кезiнде, дамыған қауымдар оқшаулана
бастайды; мұның өзi келе-келе алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына,
отбасылық меншiктiң орын алуына әкеледi. Қазақстанның батысында сақталған
сол кезеңдегi адамдардың тұрмысын сипаттайтын ескерткiштер осы құбылысты
айқындайды.[5]
Адамзат дамуының әр кезеңiне дiни нанымдар мен табынушылықтар тән.
Қола дәуiрiндегi тайпалардың тµрмысы мен әл-ауқаты түгелдей табиғатқєа
тәуелдi болды, сондықтан адам табиғат күшiн (күн, от, жануарлар,
өсiмдiктер) құдырет деп бiлдi. Күн тәңiрiсiнiң белгiлерiн сәндiк заттардан
- бiр ортадан жан-жаққа тарайтын шұғыла түрiндегi өрнегi бар
қаптырмалардан, қыш ыдыстардағы ою-өрнектерден көруге болады. қола
дәуiрiндегi тайпалардың отқа табынуын сол дәуiрдегi кең тараған өлiктi
өртеу ғұрпы көрсетедi. Ежелгi адамдардың ұғымынша, от дененi жамандықтардан
тазартады және өлген адамды жат рухтардан қорғайды.
Қола дәуiрiнiң соңғы кезеңiнде көшпелi мал шарушылығының дамуына
байланысты күнге табынумен қатар ай мен жұлдыздарға табыну пайда болды,
өйткенi көшпелiлер солар арқылы керуен бағытын, ауа райын болжамдайтын
болды. Сол заманнан келе жатқан қазақтардың рухани қазынасы - ата-бабаларға
және о дүниеге сиыну. Олар бабалар аруағының желеп-жебеуiне жетуге тырысты,
ол көмектеседi, қамқор болып қорғайды деп сенетiн, сонымен бiрге олардың
зиялы қасиеттерiн биiк ұстайтынды.[6] ¤лген адамды о дүниеге қажет болды
деп күнделiктi өмiрге қажет - киiм, тамақ, еңбек қµралдары, қару, сәндiк
заттар мен жабдықтауға тырысқан. Оған үйге ұқсас бейiт салып, бiраз уақыт
өткен соң қосымша тамақ та әкелген. Қола дәуiрiнде күнге, отқа, айға,
жұлдыз дарға, сондай-ақ қорғаушы рухтарға арнап құрбан шалу ғұрпы пайда
болды.
Қола дәуiрiнiң алдыңғы кезеңiнде адам өзiн рулық қауымның бөлiнбес
мүшесi деп сезiнген және одан тыс өмiр сүремiн деп ойламаған. Соңғы қола
дәуiрiнде, яғни алғашқы қауымдық құрылыс ыдыраған дәуiр де, мүлiк
теңсiздiгiнiң ықпалымен пайда көп тайпаларда тайпа, ру көсемдерiнiң немесе
қоры мол отбасыларының малы мен еңбек құралдарына тиюге тыйым салу, оларды
“киелi” деп бiлу дәстүрi шықты. Адамның ой-өрiсiнiң дамуы оның өзi туралы
ұғымның күрденеленуiне, дiни дүниетанымының пайда болуына әкелiп соқты.
Қазақстан өңiрiндегi тайпалардың орналасуы және оларға қысқаша
сипаттама. Қола дәуiрiнiң 50-ге жуық қонысы мен 150 iрi қорымы ашылған.
Ескерткiштердiң тараған батыс шегi Жезқазған-Ұлытау-Арғанаты-Терiсаққа н
өзенiнiң жоғарғы бойлығы арєылы өтедi. Олардың iшiндегi ең iрiлерi Кресто,
Петро, Златоуст, Милықұдық болады. Солтүстiгiнде бұл шекара Есiл мен Тобыл
өзендерiнiң аңғарына дейiн, шығысында Ертiстiң сол жағасы мен Шыңғыс
жотасына дейiн созылады, ал оңтүстiкте бұл мәдениеттiң ошақтары Бетпақдала
шөлiнiң солтүстiк шетiнен Жетiқоңыр өңiрiнен, Тайатқан, Шұнақ тауларынан,
Батпақсу мен Шажағай өзендерiнiң алқаптарынан мәлiм. Ол кездегi неғұрлым
игерiлген өңiрлер Нұра, Шерубай-Нұра, Атасу және Талды-Нұра өзендерi мен
олардың көптеген салаларының аңғарлары, Бұғалы, Бегазы, Қызыларай, Кент,
Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау жазықтар және басқалары болды. Осы өңiрде
б.з.б. X-VIII ғасырларда көрнектi Дәндiбай-Бегазы мәдениетi құрылды.
(Қарағанды қаласы маңындағы Дәндiбай аулында және солтүстiк Балқаш
өңiрiндегi Бегазы қойнауында қола ескеркiштерiнiң алғашқы қазылған жердiң
атына қарай осылай аталған)[7]
Қола дәуiрiнде (б. з. б. II мыңжылдықта) Солтүстiк және Батыс
Қазақстанда андроновтық тайпалар мекендедi, олардың тарихи тағдырлары бiр-
бiрiмен тығыз байланыста дамыды. Бµл өңiрде сол заманның 150-ден аса қоныс
пен 200-ге жуық қорым, 300-ден астам кабiрлер ашылған.[8] Олардың iшiнде:
Вишневка-1 ( Петропавл маңында), Бескөл, Петровка-1, Алтын күз, Қарлыға-1,
Бурабай, Буйреккөл, Борлық, Тастыбутак, Боголюбово, Семиозерное,
Тастыбµтақ, Алексеевское, Семипалатное қабырлерi бар.[9]
Қола дәуiрiндегi Шығыс Қазақстан тайпаларының мәдениетi алдыңғы,
ортаңғы және соңғы үш кезең ескерткiштерiнен танылады. Бұлардың iшiнде
андронов мәдени єауымына жататын ортаңғы єола ескерткiштерi неғұрлым терең
зерттелген. Неолит дәуiрiнiң ескерткiштернiнен Железинка, Пеньки-1,2
тұрақтары; уақыты жағынан кейiнгi ең ертедегi ескерткiш Сiбiрдiң афанасьев
мәдениетiне жақын Қанай ауылы iргесiндегi бейiт бiршама сипаттайды. Осы
дәуiрдiң ортаңғы кезеңiндегi мәдениеттi Зевакино селосы, Сарыкөл маңындағы,
Кiшi қойтас, Нұрмамбет қойнауларындағы т.б. қорымдар баршылық. Соңғы қола
мәдениет кезеңiн Трушниково, Мало-Красноярск, Зевакино селоларының
iргесiндегi қоныс пен қорымдардан жинақталған деректер анықтайды.
Оңтүстiк Қазақстан мен Жетiсу тайпалары туралы мәлiметтердi Алматы,
Талдықорған, Жамбыл өңiрлерiндегi ашылған қорымдар мен қоныстардан алуға
болады. Олардың iшiнде жан-жақты зерттелген Аңрақай, Шоқпар және Алайғыр
елдi мекендерi, Шу-Iле тауларының жоталары, Ойжайлау мен Масаншы
поселкасының маңы. Алматы облысында ескерткiштер Майбұлақ аңғарынан,
Фабричный селосы мен Ақсай, Көлсай селоларының маңынан және биiк тау
єойаттарынан табылған. Талдықорған өңiрiнде Биғаш, Талапты, Ленин
селоларының маңында, Құйған аңғарында және басқа да жерлерде осындай
ескерткiштер бар. Iле Алатауы мен Күнгей Алатаудан, Аңрақай таулары мен
Жоңғар Алатауының тау беткейлерiнен көптеген шағын қорымдар табылған.
Солтүстiк-Шығыс Жетiсу аумағында Қапал, Мыңшұңқыр, Талапты, Құйған,
Қарақұдық, Биғаш, Ақсай, Сағыныды, Арасан, Биен сияқты қорымдар зерттелген.
Соңғы қола дәуiрiнiң неғұрлым көрнектi ескерткiшi - Iңкәрдария жағасындағы
(Қызылорда Қаласының оңтүстiк-шығысы) Түгiскен адырына орналасқан Солтүстiк
Түгiскен мазары.
Сайып келгенде, қола дәуiрiнде Қазақстан аумағында қоғамның дамуында
түбегейлi өзгерiстер болды: неолит кезеңiнiң шаруашылығы мен тұрмысының
ежелгi түрлерiнiң орнына - егiншiлiк пен мал шаруашылығы, уақытша
тұрақтардың орнына - жайлы қоныстар, шақпақ тас құралдарының орнына әр
түрлi металл қоспаларынан жасалған бұйымдар келдi. Шаруашылықтағы кәсiптiң
жаңа түрлерiне көшу тұсында халықтың саны өсiп, iрi-iрi мәдени қауымдар
қалыптасты.
Осы кезеңнен бастап қазақ өңiрiндегi адам қоғамының дамуындағы келесi
бiр ерекшешелiк ретiнде мүлiк теңсiздiгi пайда болып, алға қарай жедел
дамып, тайпалық үстем топ және ең алдымен көсемдердiң оқшауланып бөлiнуiне
әкелдi; айырық дәуiрдiң аяқ кезiнде, Дәндiбай мен Беғазының мазарларынан
және Түгiскен кесенелерiнен бұлардың айрықшылануы ерекше айқын аңғарылады.
Осыған ұқсас құбылыстар тұтас алғанда Еуразияның Шығыс Еуропадан Орталық
Азияға дейiнгi далалық өңiрiне тән. Мұнда барлық жерде малшы-егiншi
тайпалардың iрi қауымдары құрылып және олар көршiлес жерлерге тарайды.

Екiншi лекция.

“ҚАЗАҚ АТАУЫНЫҢ МӘНI және МАҒЫНАСЫ”

Ғылымда және күнделiктi өмiрде ұлттың атының шығу тегi, яғни,
этимологиясы, мән-мағынасы мен сөз төркiнi тұманды мәселе. Әлемдiк және әр
халықтың тарихнамасында талай пiкiр туғызып, айтыстар көтерген, сан-алуан
жорамал-жоруларды жарыққа шығарып бiрауызды пiкiрге (шешiмге) келе қою
қиындығымен көзге түседi. “Қазақ“ атауының шығу тегi, оның мән-мағынасы
туралы мәселе де талай заманнан берi талқыланып, сан дәлел-деректер, келелi
пiкiрлер айтылып келе жатқан кәделi мәселе. Бұл проблеманы талқылауда,
қазақ халқының құралу, қалыптасу тарихы мен уақытын “қазақ” атауының
деректемелерде жарыққа шығуынан ажырата бiлу керек. Өйткенi, бiр халықтың
тарихи қалыптасуы мен оның атауының ғылыми деректемелерде жарыққа шығуы
үнемi бiр уаєытта бола бермейдi, iлгерiндi-кейiндi болып отырады. Алайда,
бiр ұлттың ұлттық атының шығу тегiн, мән-мағынасын анықтау, сол ұлттың арғы
тегi мен түпкi тарихын түсiнуге көмегi көп маңызды мәселелердiң бiрi.
Сондықтан, қазақ тарихын оқудан бұрын, “қазақ“ атауы туралы бүгiнгi ғылыми
болжам-тұжырымдамаларды, пiкiрлер мен дәлел-деректердiң негiзгiлерiне
тоқталуды жөн көрдiк.
Қазақ атауының төркiнi. “Қазақ” атауының төркiнi, қай кезде, қалай
пайда болғаны туралы ғасырлар бойы сан алуан пiкiрлер айтылып, ғылыми
еңбектерде терең талданып келедi. Елiмiздiң бүгiнгi күнi зерттеушiлерiнiң
бұл жөнiндегi негiзгi болжам-пiкiрлерiн сараптай келе, төмендегiдей үш
бағытқа бөлуге болады:
1.“Қазақ” деген атау XV ғасырда жарыққа шыққан, яғни, қазақ
мемлекеттiлiгiнiң тарихи бастамасымен байланысты. Жәнiбек пен Керей
бастаған көшпендi тайпалар Әбiлқайыр ханның үстемдiк саясатына батыл
қарсылық бiлдiрiп, Шығыс Дештi Қыпшақтан батыс Жетiсудағы Шу мен Талас
өзендерi бойларына қоныс аударған. Алғаш рет осы тайпалар “қазақ“ деп
аталған. Мұның негiзгi мағынасы: “Өз ұлысынан бөлiнiп шыққан, қашақтар“
деген сөз болу керек деп тұжырымдайды Шығыс зерттеушiлерi.[10] Ал кейiн
қазақ атауына айналған деседi.
2. Ежелгi Қытай жылнамалырындағы “Үйсiн“, “усын”, яки “асу” деген
ұлыс аттары “қазақ“ атауының дыбыстық баламасы дейдi. Бұндай тұжырымдарды
Жаң Шимаң, Хи Шиутау сияқты белгiлi зерттеушiлер қуаттайды.
3. “Қазақ“ атауы “Таң патшалығы тарихында”( 7 - 8 ғасырларда) “каса”,
“хаса” түрiнде жазылған. Бұл атаудың тарихи деректемелерде жарыққа шығуы
тым ерте кезеңге есептелiнедi.
“Қазақ“атауы ерте кезде қазақтармен қарым-қатынас жасаған, жазу-сызу
мәдениетi сол күйiнде қала берсiн көбiнiң жазба деректерiнде, атап айтқанда
ханзу, парсы, византия, орыс, моңғол және түркi тiлдерiндегi жазбаларда
кездеседi. Бұл елдердiң тiлдiк диалектикалық ерешелiгi мен жазу-сызудағы
дағды-дәстүрлерiне сай, “қазақ “ атауы әр-алуан түрде - аса, каса, хаса,
хайсак, касак, көсек, гәсуг, гасаг, хасык, т.б. болып жазылып келген.
Осылардың iшiнде мазмұны терең кейбiр деректерге ғана аялдаймыз.
Араб саяхатшысы және жазушысы Мухаммед әл-Ауфи 1228-жылы Индияда
“Таңдаулы әңгiмелер мен аңыздар жинағы” атты кiтабында: ”Алтайды мекендеген
қарлықтар... тоғыз ұлысқа бөлiнген, бұлардың iшiнде үш тайпа шығыл, үш ұлыс
қазақ бар “ дейдi[11]. Ал, қарлықтардың Жетiсудағы өкiмет билiгiн қолына
алып, қарлық қағандығын құруы 766 - жылдағы оқиға болатын.
982-жылы парсы тiлiнде жазылған “ Худуд әл-Ғалам“ (әлем шекаралары )
атты кiтапта Алан мемлекеттi және оның қалалары жайында жазылып: “ Алан
елiнде қасақ деген ұлыс бар“ деген дерек кездеседi.[12] Шығыс ғалымдарының
әйгiлi тұлғаларының бiрi - Әбiлқасым Фирдоуси ( 940-1020) өзiнiң “ Шахнама”
атты еңбегiнде: “Қазақ”, “ “Қазақ хандығы” деген ел көк теңiздiң ( Арал
теңiзi) солтүстiгiн мекендеген күштi және көп санды ел” деумен, Тµранның
жауы Иранды “қорқытпақ болған. Оныншы ғасырда араб авторы Мәсғудидiң
шығармасында “касак” деген халық аты аталады. Ал, Туркия ғалымы З.У. Тоған
тоғызыншы ғасырда араб авторы әдhам әл-Купидiң шығармасында “қазақ” деген
сөздiң бар екенiн атап айтады.
Византияның императоры Константин Порифордни (905 - 959 жж.) өз
жазбаларында Кубаннан шығысқа қарай мекендеген елдi “Қазақия“ деп атаған.
Ол кезде (Х ғасырда) Кубанның шығыс жағында қазақ халқының құрамында ең
зор, саны мол тайпалардың бiрi қыпшақ елi тұрғандығы тарихта белгiлi. Егер,
қыпшақтар өздерiн “қазақ“ деп атамаса Константин Порифордни оны қайдан
ойлап тапсын. Ал, шатастыратындай ол кезде орыс пен украин казачествосының
аты түгiл, заты да жоқ едi.[13]
Бұл мәселе туралы бұрынғы Кеңес мемлекетiнiң орталығы - Ресей ғылыми
орталықтарында сақталған оныншы ғасырдан басталған жылнамаларында єазаєтар
туралы бiрсыпыра деректер сақталған. Әйгiлi тарихи жазба ескерткiштiң
өзiнде (“Повесть временных лет”) орыс князы Святославтың Кубань өзенiнiң
оңтүстiгiндегi қасақтарға әскери жорық жасап, оларды жеңгендiгi баяндалған,
ал 1066 жылы Тмутаракан князы Ростислав қасақтардан түрлi төлемдер алып
тұрғаны осы тұжырымымызды күмәнсiз анықтайды. Тағы бiр нақтылы деректi орыс
шежiресi Никонның мәлiметiнен оқуға болады. Ондағы бiздi ойландыратын
мәлiмет - Шыңғыс әскерлерiнiң оңтүстiк Ресеймен Кавказға жорығының алдында
қазақтармен шайқасқа жазылуы.
“Моңғолдардың єµпия шежiресiндегi” мына мәлiметтер де зерттеушiлердi
елең еткiзедi. Онда: ”Солтүстiк жақтағы қаңлыларға, қыпшақтарға, асаларға,
сасаларға, байжiгiттерге, орыстарға, мажарларға, шеркештерге, бұлғарларға
жорыққа аттанып, Едiл мен Жайыє өзенiнен өтiп, Киев қаласына шабуыл жасау
жөнiнде Сүбiтай батырға бұйрық берiлдi “, делiнген. Зерттеушiлердiң басым
көпшiлiгi шежiрешi Никоннiң өзi “қазақтар“ деп осы жолғы шабуылға тап
болған қаңлы, қыпшақ, байжiгiт, аса, т.б. ұлыстарды айтқан болу керек. Осы
тұжырымдарды айқындайтын деректер шоғырын әмiр Темiрдiң жылнамасынан
(hижрияның 737 жылы б.ж.с. 1356 жылы ), зерттеушi П. Путковтың “Қазақ атауы
туралы “деген мақаласынан; белгiлi орыс тарихшысы Карамзиннiң еңбектерiнде
де жиi-жиi кездестiруге болады.
XIX-шы ғасырдың аяғында жарық көрген әйгiлi тарихшы, этногр аф, тiл
зерттеушiсi А. Вамбери “Түрiк халықтарының этнологиясы мен этнографиясы
“деген еңбегiнде көптеген жазба деректер келтiрiп, қазақ деген түсiнiктiң 9
- 10 ғасырларда ел таныған, әлемге әйгiлi халықтың аты болғандығын
анықтайды, сонымен бiрге қазақ атты халықтың сол уаєытта болғандығын
дәлелдейдi. Ол-олма аталған халықтың антропологиялық типтiк
ерекшелiктерiнен кескен-келбеттерi жөнiнде мәлiметтер жинап, қазақ
халқының оныншы ғасырдан iлгерi қалыптасқан антропологиялық
айырмашылықтарын көрсеткен батыл тµжырымдарға қадам жасағанды.
Бұрын ғылымда кеңiрек айталмай жүрген Моңғол Халық Республикасының
Ғылым академиясында да бiздiң iзденiсiмiз туралы бiршама деректер
сақталған. Соның iшiнде зерттеушi Icләм Қабышұлының “хасаг“ деген сөздiң
моңғол әдебиетiнде оныншы ғасырдың өзiнде терең әрi аумақты орын алып, бұл
елмен аралас-єµралас мемлекеттерде де белгiлi болғанын айқындайды. Автордың
деректерi бойынша “хасаг (қазақ)“ деген сөздiң моңғолдардың “Батырлар
жыры“, ”Бабалар шежiресiнде” кездесiп отыратынын атап көрсетедi. Автордың
тұжырымы бойынша, ежелгi заманда моңғолдар көшпендiлердi “қасақтар “ деп
атаған.
Бұл проблемаға әр кезенде жазушылар мен публицистерде бiршама көңiл
аударды. Мысалы, Т. Жанұзақов: “Қазақ атауы Кавказдағы түркi тайпалары
құрамында алтыншы ғасырдан бастап жалпы атау және этнотермин ретiнде
кездескен... кейiннен оныншы, он бiрiншi ғасырларда осы қазақ атауы түркi
тайпалары арасында кеңiнен тараған. Мәселен, қыпшақтардың, ноғайлардың
iшiнде де қазақтар болған” дейдi.[14]
Сайып келгенде, жоғарыдағы деректер мен дәлелдердi көптеген
зерттеулер мен оқулықтарда орын алған “қазақ“ атауы XV-шi ғасырда ғана
жарыққа шыққан деген пiкiрдiң мүлдем дәлелсiз екенiн көрсетедi. Ежелгi
“усин”, “Уйсiн”, ”асо” деген атаулар “қазақ сөзiнiң баламасы” жөнiндегi
пiкiрде проблеманы анықтамайды. Егерде Үйсiн мен қазақ бiр мағына беретiн
болса, онда ол екеуiнiң бүгiнгi бiрдей сақталуының өзi күрделi проблема
болар едi. Бiздiң ойымызша, қазақ-жалпы халықтың аты, ал Үйсiн - қазақтың
құрамындағы Ұлы жүз ұлысының аты тайпа атауы. Бүгiнгi ғылым деректерге
қарағанда, аталған еңбектерде кездесетiн “қаса”, “хаса”,”аса” атауларын
бiздiң өңiрде жиi кездесетiн тайпа аттарымен байланыстыра зерттеуге болады.
Аса елiнiң тағы бiр аты - Алан деген сөзбен жазылады. Қытай деректерiне
сүйенсек, “аса” мен “алан” бiрге жасаған заманы тұстас екi тайпаның аты
болған, асалар үстем орынға ие болғанда бұл екi тайпа күштiсiнiң бiр атымен
жүрген. Ал, аландар үстемдiгi орнаған кезеңде олар “алан бiрлестiгi” деп
аталған. Соңғы кездегi ғылыми тұжырымдарда қазақтың кiшi жүзiндегi алшын,
алаша деген рулар тiлдiк айтылу тµрғысынан қарағанда алан атауымен
түбiрлес деген пiкiр кең орын алады.
Бұл тұжырымды да дәлелдейтiн нақтылы тарихи оқиғалар мол. Алан (аса)
тайпалары б. з. д. үшiншi ғасыр шамасында казiргi Қызыл-Орда облысының
солтүстiгi мен Батыс Қазақстан аймағында мекендеген. Х-шы ғасырда парсы
тiлiндегi “Хµдµд әл-Ғалам” шығармасында да: “ Ал андар елiнде қасақ (қазақ)
ұлысы бар” деп көрсетiлген. Тiптi, бiр топ Қытай ғалымдарының еңбектерiнде
“алан” мен “аса” деген аттың қосарлана қолданылуы қазақтың шежiрелерi мен
тарихи аңыздарында “қазақ” пен “алаш” атауының қосарлана қолданылуын еске
түсiредi деген де тұжырым бар.
Аталмыш, деректердi түйiндейтiн болсақ “қазақ” атауының тарихи
деректемелерде жарыққа шығуының өзi ерте кезеңде жүргендiгiн анық көремiз.
Алайда, “қазақ“ атауы деректемелерде жарыққа шығысымен халық атына айналған
емес, ол әркелкi кезде ру немесе тайпаның атын көрсеткен, ал, содан соң
тайпалар атына айналған болу керек. Бµл көзқарасымызды дәлелдейтiн бүгiнгi
қазақ жүздерi мен ру немесе ата-шежiре сипаттамасынан келтiретiн мысалдар
жетерлiк. Уақыт өткен сайын “қазақ“ атауы халық, ұлт атына айналған.
Келесi қазақ, Қазақстан тарихы ғылымында объективтi тұжырымдамасын
ала алмай жүрген проблемалардың бiрi “қазақ“ атауының мән-мағынасы туралы.
Жазылып-айтылып жүрген (оқулық пен зерттеу еңбектерiндегi) пiкiрлердiң
бiрсыпырасы жалпы халық арасында сақталған аңыздар мен шежiре, ауызша
шығармаларды сабақтаудан туындаған. Олардың басым көпшiлiгi: “қазақ“,
“алаш” және “жүз” деген түсiнiктердiң пайда болуын бiр-бiрiмен байланыстыра
баяндайды. Қазақ арасында таралған тарихи аңыздың бiрiнде: ерте заманда
ауыр жараланған Қалша Қадыр деген қолбасшы әрi батыр өлiм халiнде
жанталасып жатқанда аспаннан бiр ақ қаз (аққу) ұшып келiп аузына су
тамызып, оны шөлден құтқарып алады да, айдын шалқар көл жағасына бастап
барады. Бұл қаз, аққу болып келген перизат - ақ қыз екен, Қалша Қадыр осы
қызға үйленедi, бұдан туған ұл “қазақ“ атанады.
Бұл аңыздағы оқиғаларға мазмұндас мәлiметтер Қытай елiнiң жазба
деректерiнде кездеседi. Онда: ”Түрiктердiң арғы тегi Шу елiнен шыққан,
ғұндардың солтүстiгiнде тұратын, олардың тайпа бастығының аты Апаң ағайынды
он жетi ұлдың бiрi болған. Осылардың бiрiнiң төрт баласының бiреуi ақ қазға
“аққуға” айналып кетiптi, ендi бiр баласы Абақан өзенi мен Кен өзенiнiң
арасын мекендеп, кигу (қырғыз) атаныпты” делiнген.[15] Заманымыздың екiншi
ғасырымен өлшенетiн Үйсiндер туралы аңызда да олардың дамуындағы құстардың
орнына ерекше мән берiлген.
Қазақ арасына кең жайылған аңыздардың бiрi “қазақ“, “алаш” және “Үш
жүз” деген сөздердiң шығу төркiнiне арналған. “Алаш”, “ Алаш хан”, ”Алаш
мыңы”, “Алтын сан Алаш” деген сөздер туралы єазає арасында көптеген аңыздар
болған. Тұңғыш рет бұл аңыздарды Жалаири XVI ғасырда жүйелеп кiтапқа
түсiрген (Қазақ жылнамалары ) болса, кейiн алаш туралы деректердi Рашиди
мен Әбiлғазы да жинақтаған. Аталған тарихшылардың деректерiнде Алаша
(аланша) хан елi Ұлытау мен Кiшiтау, Сырдария бойы, Қарақұм мен Борсық
құмында болған. Күнi бүгiн Ұлытаудан ағатын Жаңқабыл өзенiнiң жағасында “
Алаш хан ордасы“ деп аталатын үлкен сарайдың тамтығы бар, осы аймақтағы
Қаракеңгiр өзенiнiң оң жағында “Алаш хан күмбезi“ деп аталатын ескерткiш
сақталған.[16] Осы деректi, яғни “ Қаған алты бөрiк алаш” деген түсiнiктi
1963 жылы Қарқаралы маңынан табылған орхон руна жазуымен жазылған
“сынатаста” анықтайды. Жалпы, аңыз оқиғасы VI - XII ғғ. тайпалардың
күнделiктi өмiрiн қоғамдық баяндайды. Қазақ арасында кең тараған негiзгi
түсiнiк “алты алаш” деп аталатын ежелгi тайпалардың құдырет тiлегiмен
суреттеледi. Ендi бiр дерек бойынша: ол атақты батыр болған, VIII - IX
ғасырдың мұрасы “Тасақырды“ салуға қатысқан. Сайып келгенде, “алаш”, “алаш
мыңы” - ертедегi қазақ жерiндегi алғашқы коғамға бiрiккен адамдар легi
ғасырлар бойы дамып келе жатқан елдiң жалпы атауы.
Ғалымдардың бiр тобы “қазақ” сөзiнiң төркiнiн халықтық этимологиядан
iздейдi. Оның да нұсқалары әр түрлi. Соңы аңызды арқау еткен бiр желiсi
мынаған саяды. “Тiзбектелген түйелi көшi қайтқан қазға ұқсап тiзiлiп бара
жатқан жұртты көрiп, көршiлерi: “ Мыналар қалай қаздай тiзiледi, қаз-ақ
екен”,- таңданысыпты-мыс.
Сөйтiп, талдап-талқылаған деректердi, ел аузындағы аңыз-шежiрелердi,
зерттеулердегi болжамдар мен тұжырымдарды жүйелеп, бiрнеше топтама-салаға
бөлуге болады:
- ерте заманнан қазақ халқы арасында тараған тарихи аңыздың
жүлгесiмен “қазақ“ деген сөздiң төркiнi кәдiмгi жыл құсы қаз-аққудың “қаз“
деген ұғымынан шыққан, яғни осыдан өзгерiске түскен немесе қазға теңеу
арқылы пайда болған деп есептейдi.
- “Қазақ” деген сөздiң көне түркi тiлiндегi мағынасы яки қолданылу
дағдысы “өз елiнен бөлiнiп шығып, еркiн жүрушiлер “, “ еркiн адамдар “,
“көтерiлiс жасап, өз еркiмен кетушiлер”, “ер жүрек ерiктiлер” деген
мағынаны бiлдiредi. Демек, “қазақ” атауының арғы тегi “ерiктiлер “ дегеннен
шыққан дейдi.
- “Қазақ“ атауының арғы тегi, ежелгi заманда қазақ даласын мекендеп,
қазақ халқының құрамына енген тайпалар мен халықтардың аттарынан: сақ,
каспи, қазар, аз дегендерден қалыптасқан яки осы негiзде өзгере тарихи
тiлдiк диалектикалық айналымға енген.
Ендi осы аталған тұжырымдардың өзiн талдап көрелiк. Әлемге аты әйгiлi
Абай өзiнiң “ Қазақтың түбi қайдан шыққаны туралы“ қара сөзiнде арабтардың
көшпелi халықтарды “хибаии“, “хұзағи“ (киiз шатырда жүрушi) деп атайтынын
жазады. Ал, фольклор зерттеушiсi ә. Дибайұлы бұл жөнiнде екi түрлi пiкiр
бiлдiредi: бiрiншi - қазақ деген сөздiң “Қаз “ және “Қазақ“ деген екi
құстың атынан қалыптасқан дейдi; екiншi - “Қазақ“ деген сөз “ еркiн жүрген
адам” деген ұғымынан алынған. Оны халық аузындағы аңыздардан анықтауға
болады деп түсiндiредi. Жазушы Р. Тоқтаров та осы пiкiрдi жақтайды.
Аталмыш мәселе туралы ғылыми байламы байыпты, терең мағыналы
тұжырымдарды нақты деректемелiк зерттеулерден алуға болады. М. Х. Дулати өз
тұжырымын былай жазады: ”Әбiлқайыр хан өлгеннен кейiн өзбек ұлысында ырың-
жырың туып, дала мекендеушiсi өзiнiң хауiпсiздiгiмен өз басының қамына бола
Керей мен Жәнiбек хандардан пана сұрады. Сөйтiп, бұлар күшейiп алды.
Алғашында әлгi қашқындар, ал кейiннен басқа да көп жұрттар қашып (өз
ұлысынан) бөлiнiп кетiп, бiраз уақыт мал-мүлiксiз, қаңғып жүрген адам
болғандықтан, оларды жұрт қазақтар деп атап кеткен. Сөйтiп, оларға тағылған
осы ат бекiп қалды”.[17] Түркия тарихшылары “қазақ” есiмi алғаш ында
сұлтандарға ғана берiлiп, кейiн бүкiл тайпалардың содан соң мемлекеттiң
атына айналған деген пiкiрдi ұсынады.[18] “Қазақ” атауының мағынасын
анықтауда Ш.Уалиханов, Ш. Құдайбердұлы, В.В. Радлов, А.Н. Самойлович т.б.
белгiлi зерттеушiлер “ержүрек, батыл еркiн адам, өз алдына ел болған“ деген
пiкiрдi жақтайды. Келтiрiлген ой-тұжырымдардың барлығы да Кеңес
мемлекетiнiң тарих ғылымы жүйесiнен бұрын, XX-шы ғасырға дейiнгi зерттеу
қорытындылары екенi айғақ. Демек, бiз қозғап отырған проблеманың күрделiгi,
қарама-қайшылығын шешу мәселесiнiң өзi тамыры тереңде екендiгi айқындалады.
“Қазақ” проблемасы жаңа заман тарихы кезеңiндегi әлемдiк тарихты
зерттеушiлердiң, әдебиетшi-публицистердiң назарынан тыс қалмай зерттеу
объектiнiң бiр бөлiгi болып келедi. Олардың басым көпшiлiгi (Қ. Қайдаров,
Қ. Құрышжанов, А. Абдрахманов, ¤. Қойшыбаев, А. Ақынжанов, А. Н. Бернштам,
Б.Ұ. Албани, Т.Ақселеу т.б.) қазақ деген атауды ежелгi заманда Туран
даласын мекендеп, қазақ халқының құрамына қосылған рулардың тайпа аттарын
мен байланыстыра зерттеп, тiл, тарих, этнография т.б. ғылымдар негiзiнде
тұжырымдайды. Солардың iшiнде тарихшы М. Ақынжанов пен жазушы С. Мұқановтың
пiкiрлерi құлаққа жағымды ұялайды. Олардың ойынша “қазақ“ деген сөз “қас“
және “сақ“ деп аталатын екi сөзден құралған. Қас “шын, нағыз“ деген
мағынада, сақ деген - Орта Азиядағы көшпендiлер. Егерде олай болсақ қазақ
сөзiнiң мағынасы “нағыз сақтар“, “шын сақтар“ деген ұғымға келедi.[19]
Академиктер Ә. Марғұлан, Н.Я. Марр және Грозныйдың пайымдауынша
“қазақтар арабтар келмей тұрып, Арал, Каспий теңiзiнiң төңiрегiнде
хазарлармен байланысты жасайтын болған. Хазарлар арасында “ қазар ұң“,
“бершiлiк“ деген екi қауым бар.[20] Әйгiлi ғалым А.Н. Бернштам қазақ сөзi
жөнiндегi жоғарыда келтiрiлген пiкiр - болжамдарды талдай келiп, бµл сөздiң
шығу төркiнi мен қазiргi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Мұражай, музей тарихы мен дамуы
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТАРЫНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ
“Қазақстаның қазіргі заман тарихы” пәні бойынша оқу әдістемелік кешен
Қазақстан Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде (1920-1939)
Педагогикалық практика бойынша құжаттар
Оқушы тұлғасының қалыптасу процесінде отбасы тәрбиесінің ролі
«Мемлекеттік құқық теориясы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері
Пәндер