Қолайлы қоршаған ортаны және орнықты қызмет ететін инфрақұрылымды ұстау



Қаланы сапалы жоспарлау қаланың ұзақ мерзімді орнықтылығының қажетті шарты болып табылады. Астананың орнықты дамуы жолында қаланы жоспарлаудың және дизайннің негізгі міндеті қаланың тыныс-тіршілігінің экологиялық, экономикалық пен әлеуметтік аспектілері арасында байланыс орнату және осы байланыстың сәулет, құрылыс нысандарында көрініс табуы болып табылады.
Инфрақұрылымның орнықты жұмыс істеуі қала тұрғындары мен кәсіпорындарын сапасы тиісінше коммуналдық қызметтермен жүз пайыз қамтуды, экология мен қоршаған орта үшін қауіпсіздікті, қайта жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды көздейді.

Қалалық жоспарлау және дизайн

Қалалық дамуды жоспарлау және дизайнін жасау кезінде орнықтылықтың экологиялық, экономикалық, әлеуметтік және мәдени қырларын ескеру қажет. Мемлекет астанасына сай болатын тиісті бет – бейнесін ұстау, «Қолайлы қоршаған ортаны және орнықты жұмыс істейтін инфрақұрылымды ұстау» стратегиялық мақсатына қол жеткізу мынадай стратегиялық міндетті шешуді талап етеді: қала құрылысын жоспарлауда жаңа тәсілдерді пайдалану, қалаға өзіндік ерекшелік пен даралық беру. Қала құрылысын жоспарлауда жаңа тәсілдерді пайдалану, қалаға өзіндік ерекшелік пен даралық беру.
Қаланы жоспарлау және оның дизайнін жасау, ең алдымен табиғи жағдайларға сай келуге тиіс. Қала кеңістігін ұйымдастырған кезде табиғи ресурстарды қорғау, қалдықтарды жинау мен жоюды ұйымдастыру, энергияны үнемдеу, климат ерекшеліктерін ескеру мәселелері басым мәнге ие болып отыр. Осы аспектілер қала құрылымын (орамдарды және көшелерді), объектілерді орналасу орындарын, көлік қозғалысының схемаларын, коммуналдық қызметтердің жүйелерін таңдаған кезде назарға алынуға тиіс.
Су, жер ресурстарын тиімді пайдалану, сондай-ақ сауда мен өнеркәсіпті дамыту жерді пайдалану мен көлік жоспарларын айқындау үшін негіз болуға тиіс. Көше тыныс-тіршілігін, атап айтқанда, бөлшек сауда арқылы

Қолайлы қоршаған ортаны және орнықты қызмет ететін инфрақұрылымды ұстау
 
    Қаланы сапалы жоспарлау қаланың ұзақ мерзімді орнықтылығының қажетті
шарты болып табылады.  Астананың орнықты дамуы жолында қаланы жоспарлаудың
және дизайннің негізгі міндеті қаланың тыныс-тіршілігінің экологиялық,
экономикалық пен әлеуметтік аспектілері арасында байланыс орнату және осы
байланыстың сәулет, құрылыс нысандарында көрініс табуы болып табылады.
     Инфрақұрылымның орнықты жұмыс істеуі қала тұрғындары мен
кәсіпорындарын сапасы тиісінше коммуналдық қызметтермен жүз пайыз қамтуды,
экология мен қоршаған орта үшін қауіпсіздікті, қайта жаңартылатын энергия
көздерін пайдалануды көздейді.
 
Қалалық жоспарлау және дизайн
 
    Қалалық дамуды жоспарлау және дизайнін жасау кезінде орнықтылықтың
экологиялық, экономикалық, әлеуметтік және мәдени қырларын ескеру
қажет. Мемлекет астанасына сай болатын тиісті бет – бейнесін  ұстау,
Қолайлы қоршаған ортаны және орнықты жұмыс істейтін инфрақұрылымды ұстау
стратегиялық мақсатына қол жеткізу мынадай стратегиялық міндетті шешуді
талап етеді: қала құрылысын жоспарлауда жаңа тәсілдерді пайдалану,  қалаға
өзіндік ерекшелік пен даралық беру. Қала құрылысын жоспарлауда жаңа
тәсілдерді пайдалану, қалаға өзіндік ерекшелік пен даралық беру.
  Қаланы жоспарлау және оның дизайнін жасау, ең алдымен табиғи жағдайларға
сай келуге тиіс. Қала кеңістігін ұйымдастырған кезде табиғи  ресурстарды
қорғау, қалдықтарды жинау мен жоюды ұйымдастыру,  энергияны үнемдеу, климат
ерекшеліктерін ескеру мәселелері басым мәнге ие болып отыр. Осы аспектілер
қала құрылымын (орамдарды және көшелерді), объектілерді орналасу орындарын,
көлік қозғалысының схемаларын, коммуналдық қызметтердің жүйелерін таңдаған
кезде назарға алынуға тиіс.
     Су, жер ресурстарын тиімді пайдалану, сондай-ақ сауда мен өнеркәсіпті
дамыту жерді пайдалану мен көлік жоспарларын айқындау үшін негіз болуға
тиіс. Көше тыныс-тіршілігін, атап айтқанда, бөлшек сауда арқылы жандандыру
– экономикалық орнықтылықпен байланысты қамтамасыз ететін қалалық
жоспарлаудың басқа функциясы.
     Қалалық дизайн міндеттерінің бірі әлеуметтік және коммуналдық қызмет
көрсету объектілерінің жүру қашықтығына лайықты оңтайлы орналасуын
қамтамасыз ету болып табылады.
  Әдетте, тарихи және мәдени өзіндік ерекшелік қалалық сәулет нысандарының
жай-күйімен бағаланады. Сонымен, жергілікті мәдениетті және ерекшелікті
ұстау да қалалық жоспарлау мен дизайнін жасаудың негізгі міндеттерінің бірі
болып табылады.
     Қала құрылысын жоспарлауға халықаралық практикада кеңінен
пайдаланылатын үш элементтен тұратын тәсілді енгізу ұсынылады: 
• күллі қала келбетінің сәулетін жоспарлау;
• қаладағы әр ауданды салуды жоспарлау;
• жекелеген ғимараттар мен құрылыстар, әр түрлі кешендерді салуды
жобалау.
     Осы міндетті іске асыру Астананың 2030 жылға дейін дамуының Бас
жоспарына тұрғандар санының,  жұмыспен қамтуды және тұрғын үй нарығының
дамуын болжамдауды ескере отырып түзетулер енгізуді, сондай-ақ объектілерді
қайта салу мен жаңғыртуды талап ететін аудандарды дамыту жоспарларын
әзірлеуді (мысалы, жоспарланып отырған индустриялық парктің, орталық базар
ауданының және т.б.) көздейді. Сонымен қатар, қалалық жоспарлаудың осы
заманғы тәсілдері егжей-тегжейлі зерделенетін болады, оларды Астанада
қолдану мүмкіндіктеріне талдау жүргізіледі.
 
    Осы стратегиялық міндетті табысты шешудің маңызды құрамдасы қалалық
жоспарлауда және қолданылып отырған қалалық жоспарлау қағидаттарына
түзетулер енгізуде жұртшылықты тарту болып табылады.
     Тұрғын үй қорының жай-күйін жақсарту жөніндегі жұмыстардың көлемін
анықтау үшін Астананың тұрғын үй қорының жай-күйіне талдау жүргізіледі 
және Астанада салынған және тұрғызылып жатқан ғимараттар мен құрылыстардың
барлық нысандарын тиісінше қалыпта ұстау, тұрғын үй құрылысының
коммерциялық мақсаттары мен міндеттерін кіріктіру жөнінде ұзақ мерзімді
бағдарлама әзірленеді.
     Қаланың тұрғын үй қорына барынша орнықтылық үстеу үшін қала
құрылысының нормативтерінің және құрылыс нормалары мен ережелерінің  
 халықаралық стандарттарға сәйкес келуі қайта қаралады, ол салынып жатқан
ғимараттардың жеке өлшемдеріне қажетті талаптар қоюға мүмкіндік береді,
мысалы, учаскенің мөлшері, көшелердің ені мен қызыл сызық, ғимараттар
арасындағы қашықтық және т.б. Осы нормаларда орнықтылық өлшемдері
көрсетілетін болады (мысалы, күндізгі жарық пен күн сәулесінің түсуі).
     Қазіргі бар үйлерге күрделі жөндеу жүргізген кезде  сыртқы қабырғалары
мен  терезе ойықтары арқылы жылу шығуын азайту, желдету жүйелерін
жетілдіру, желілерді ауыстыру және өзге де шаралар көздейтін болады.
Сонымен қатар, мүмкіндігінше қала тұрғындары пәтерлерінің пайдалы және
қосалқы алаңдарын жаңа қабаттарды немесе мансардтарды үстінен салу,
үйлердегі инженерлік желілер мен сантехникалық жабдықтарды ауыстыру
есебінен тұрғынжайларды жаңғырту, лоджияларды, лифтілерді қоса салу, қоқыс
құбырларын орнату, аула аумақтарын көркейту арқылы кеңейту қажет.
     Сондай-ақ мөлшерлері бойынша нақты өлшенген орамдар, түрлі тұрпаттағы 
және меншік түріндегі  іскерлік, қызмет көрсететін және тұрғын жай
объектілердің үйлесімділігі, жаяу жүргіншілер, велосипед пен автомобиль
жүйелерінің өзара байланыстылығы, қоғамдық  көліктің үзіліссіз қозғалысын 
қамтамасыз ету,  үйлердің тығыз салынуы  және т.б. сияқты орнықтылық
қағидаттарын қолдана отырып көпфункциялы ауданды құру жөнінде бастапқы
жоба іске асырылады.
 Осы міндет үшін ең маңызды стратегиялық бастамалар:
• тұтыну сұраныстарының өзгерісіне және тұрғын үйдің әртүрлі
тұтынушылық  ерекшеліктерін, оның сапасын, үйдің сыртқы ортасын
(инженерлік инфрақұрылымын, аумақты көркейту мен көгалдандыруды, үйдің
маңайында гараждар мен автомобиль тұрақтарының бар-жоғын және
басқаларды) көздейтін жаңа технологияларға байланысты Астанада тұрғын
үй жағдайларының стандарттарын белгілейтін нормативтік актілерге
түзету енгізу;
• тұрғын үй сатып алуға арналған ұзақ мерзімді ипотекалық кредит беру
және тұрғын үй салушыларға кредит беру тетіктерін жетілдіру;
• бірінші үлгідегі сериялардың жаппай салынған тұрғын үй ғимараттарын
жаңғырту бағдарламасын әзірлеу әрі іске асыру;
• әлеуметтік жалдау шарты бойынша тұрғын үй алуға құқығы бар халықтың
санаттары үшін әлеуметтік пайдаланудағы тұрғын үй қорын қалыптастыру
болып табылады.
 
Экологиялық инфрақұрылым
 
Экологиялық қауіпсіздік мынадай қағидаттарды сақтай отырып қамтамасыз
етіледі:
• қоршаған ортаны қорғау бүгінгі және болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін
әділетті түрде қанағаттандыруды қамтамасыз етуге тиіс;
• адамдардың табиғатпен үйлесімде салауатты әрі баянды өмір сүруге
құқығы бар;
• өңірдің экологиялық жүйесінің салауатты жай-күйі мен тұтастығын
сақтау, қорғау және қалпына келтіру мақсатында халықаралық
ынтымақтастықты орнату.
 
    Қала ортасының маңызды элементі қаланың экологиялық инфрақұрылымы
болуға тиіс, олар көгалдандыру жүйесін, адамдардың тыныс-тіршілігіне
қолайлы аймақтар мен аумақтарды қамтиды. Экологиялық инфрақұрылым сыртқы
орталардың метрологиялық жағдайларына, сәулет-қала құрылысы дизайніне және
қаланың табиғи-ландшафт сілеміне өң беруді ескере отырып құрылған қалалық
қоныстану құрылымдарын көлемдік-жоспарлы ұйымдастыру жолымен қамтамасыз
етіледі.
 Қаладағы экологиялық жағдай Астананы дамытудың стратегиялық міндеті
ретінде қалдықтарды мейлінше азайтуды және өңдеуді айқындайды.
     Астанада қалдықтарды іске жарату жүйесі енгізілетін болады, ол мынадай
кезеңдерді: қалдықтар көлемінің қысқаруын, өңдеуді,  қайталап пайдалану мен
кәдеге жаратуды көздейді. Қалдықтардың көлемін қысқарту, олардың қайталап
пайдаланылуы, өңдеу мен көму жөніндегі бастамаларды іске асыруды,
ресурстарды тиімді пайдалануды ынталандыруды көздейтін, қалдықтарды кәдеге
жарату бағдарламасы қоршаған орта үшін жағымсыз салдарларын жеңілдету
кезінде қала экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз
етеді. Бағдарламаны енгізу нәтижесі қоқыстар үйіндісіне әкетілетін
қалдықтардың көлемін қысқарту  шамамен  2010 жылы 15 % және 2030 жылы 80 % 
болуға тиіс.
     Қаланың табиғат қорғау қызметін тұрақтандыру мен ұдайы жақсарту және 
экологиялық қауіпсіздігін  стратегиялық қамтамасыз ету үшін:
• тұрғындар мен қала кәсіпорындары басшыларының табиғат қорғау және
табиғатты пайдалану, ластанудың жекелеген көрсеткіштерін төмендету,
қоршаған орта мен мекендеу ортасының жай-күйін әлеуметтік,
экономикалық, экологиялық және гигиеналық  мониторингтің  ақпараттық-
талдау жүйелерін пайдалана отырып, басқару  саласындағы ділін өзгерту
үшін жағдай жасау;
• көлік құралдарының экологиялық қауіпсіздігі жөніндегі шаралардың
қалалық кешенді бағдарламаларын жаңарту, оның ішінде  экологиялық 
талаптарға жауап бермейтін автокөлікті қала аумағында  пайдалануға
тыйым салуды кезең-кезеңмен енгізу, катализаторларды енгізу,
автомобильдің пайдаланылған газдарын бейтараптандырғышты пайдалану,
қаладағы экологиялық жағдайды ескере отырып көлік ағынын ретке келтіру
схемасын жасау үшін нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;
• ғылымды қажетсінетін және ресурстар жинақтаушы технологиялар,
экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес жаңа өндірістерді
орналастыру негізінде  өндірістік саланы қайта ұйымдастыруды
ынталандыру;
• қалалық сужинағышты тиімді санитарлық қорғауды қамтамасыз ету, 
артезиан ұңғымаларынан алынатын сумен қамтамасыз етудің қосарланушы
жүйесін дамыту, қаланың сужинағыштарын кезең-кезеңімен қайта  жаңарту
жүргізу;
• ұдайы өндірісті сақтау, кеңейту және  бірыңғай алап ретінде және
қаланың табиғат сілемінің негізінде,  тынысжай  аймағы мен демалу
аймақтарын бөліп және жабдықтай отырып қалаға іргелес жатқан
аумақтардың сапасын жақсарту;
• кәсіпорындардың шығарындыларға арналған квоталар нарығына белсенді
шығуына жету;
• қаланың сол жағалауын су басуын болдырмау жөнінде құрылыстарды
орналастыруды қамтамасыз ету;
• жер бетіндегі су ресурстарының жай-күйін және Есіл өзенінің
эстетикалық көрінісін жақсартуға бағытталған іс-шаралар жоспарын
әзірлеу;
• Есіл өзені мен оның жылғаларының ластануына, қоқыстануына және
тартылуына жол бермеу, су қорғау аймақтары мен жануарлар мен өсімдік
әлемінің өмір сүру  ортасы  су айдындарын ортасын сақтау, сондай-ақ су
қорғайтын аймақта немесе белдеуде (автомашиналарды жууға тыйым салатын
белгілер, сондай-ақ автотұрақтар, жағажайлар және т.б. салынуына жол
бермейтін белгілер орнату) шаруашылықта пайдаланудың арнайы режимінің
сақталуы мақсатында Астана қаласының өзендеріне белдеу орнатуды
қамтамасыз ету;
• халықтың экологиялық мәдени-ағарту орталығын құру қажет.
 
    Осы міндетті шешу Астана қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2006
- 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында және Астана қаласын
көгалдандырудың 2030 жылға дейінгі  кешенді схемасында көзделген қала 
ішінде  жасыл желек алаңдары мен парк аймақтарын одан әрі  көбейтуді болжап
отыр.
  Әкімдік қаланың кәсіпорындарында  улы шикізаттарды жоюға, өндіру
аяқталғанға дейін шығарындар мен қалдықтардың  барлық түрлерінің көлемін
және улылығын азайтуға бағытталған неғұрлым таза өндіріс стратегиясын
мониторинг жүйесі мен әртүрлі ынталандырулар арқылы енгізуді қолдайтын
болады. Сарапшылардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланысы
Облыс, аудан және қаланың шаруашылығының дамуымен байланысты құбылыстар мен процестерді зерттеу
Электр энергетикасы саласын дамыту
ҚР телекоммуникациялар мен көліктің дамуы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ КӨЛІК СТРАТЕГИЯСЫ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі экономикалық даму стратегиясы
Тұрақты даму концепциясы-2024
Пәндер