Қазақстан Республикасының Парламенті. Парламент жұмысының негізгі функциялары мен жұмыс істеу тәртібі.



Жоспар:
I. Кіріспе
II. 1. Қазақстан Республикасының Парламенті.
2. Қос палаталы Парламент
3. ҚР Парламенті депутатының өкілеттілігі.
4. Парламент жұмысының негізгі функциялары мен жұмыс істеу тәртібі.
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығарушы қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы.(49-бап, 1-тармақ).
Екі палаталық парламент туралы идея талқыға түсіп, 1995 ж. Конституциядан көрініс тапты. Осы конституция біздің қоғамымыздың негізгі жетістіктерінің бірі, ол реформалар кезеңіндегі басты тұрақтандырушы фактор болып табылады. Жаңа Конституция негізінде 1995 ж 9-шы желтоқсанда Қазақстан Республикасының тарихындағы бірінші екі палаталық Парламентке сайлау өткізілді. Жоғары палата – Сенат, төменгісі – Мәжіліс.
Парламенттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке бағынады. Онда заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді. Ол салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды құрады, сауданы реттейді, халықаралық келісімшарттарды қабылдайды, соғыс аша алады, әскерді қамтамассыз етеді және т.б.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, «Қазақстан», 2000ж
2. Сапарғалиев Ғ. «Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері», Алматы: Атамұра, 1998ж
3. Қ.Ж.Рахметов, А.Н.Болатова, З.Н.Исмағамбетова «Саясаттану», Алматы – 2005, «Өлке».
4. Д.Жамбылов «Саясаттану», Алматы «Жеті жарғы» - 2007
5. Ж.О.Артықбаев «Қазақстан тарихы», Астана – 2004.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Кафедра

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының
Парламенті

Орындаған: Құрмашева Г.
Қабылдаған: Батырханова Ғ.

Алматы-20

Жоспар:
I. Кіріспе
II. 1. Қазақстан Республикасының Парламенті.
2. Қос палаталы Парламент
3. ҚР Парламенті депутатының өкілеттілігі.
4. Парламент жұмысының негізгі функциялары мен жұмыс істеу тәртібі.
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

I. Кіріспе
Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығарушы қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы.(49-бап, 1-тармақ).
Екі палаталық парламент туралы идея талқыға түсіп, 1995 ж. Конституциядан көрініс тапты. Осы конституция біздің қоғамымыздың негізгі жетістіктерінің бірі, ол реформалар кезеңіндегі басты тұрақтандырушы фактор болып табылады. Жаңа Конституция негізінде 1995 ж 9-шы желтоқсанда Қазақстан Республикасының тарихындағы бірінші екі палаталық Парламентке сайлау өткізілді. Жоғары палата - Сенат, төменгісі - Мәжіліс.
Парламенттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке бағынады. Онда заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді. Ол салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды құрады, сауданы реттейді, халықаралық келісімшарттарды қабылдайды, соғыс аша алады, әскерді қамтамассыз етеді және т.б.

1.Қазақстан Республиасының Парламенті
Кез келген демократиялық мемлекетте Парламент болады. Заңдар қабылдайтын бұл жоғарғы өкілді орган екі палатадан: Сенат және Мәжілістен құралады.
Сенат екі түрлі жолмен жасақталады: 1) депутаттардың бір бөлігі әрбір облыстан, Республикалық маңызы бар қаладан және Республика астанасынан, сол облыстын, Республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында екі депутаттан сайланады; 2) Сенаттың жеті депутатын Парламентінің өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Қазақстан Республикасының кемінде бес жыл азаматы болған, отыз жасқа толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, Республикалық маңызы бар қаланың, Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрғын азаматы Сенатқа депутат бола алады.
Мәжіліс бір мандатты аумақтық сайлау округтерінен саайланатын 77 депутаттан тұрады. 67 депутат Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып сайланады.10 депутат бара-бар өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпы сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланады. Жасы жиырма беске толған Республика ныңазаматы Мәжіліс депутаты бола алады. Парламент депутаты бір мезгілде қатарынан екі палатаның депутаты бола алмайды, сондай-ақ оның басқа бір өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге бір шығармашылық қызметтен басқа ақылы лауазымды қызмет атқаруға, кәсіпкерлік қызметпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымдардың басшылық қызметіне немесе байқаушы кеңесіне кіруге хақысы жоқ. Осының барлығы - депутаттарының үнемі Парламентте жұмыс істеуі және тәуелсіз болуы үшін қойылған шарттар. Парламентінің алғашқы сессиясында палаталардың бірлескен отырысында депутаттар Қазақстан халқына мынадай ант береді: Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайта беруге, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттын өзіме жүктеген жоғары міндеттерін адал орындауға ант беремін.
Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл, Мәжіліс депутатының өкілеттік мерзімі - бес жыл.
2. Қос палаталы Парламент
Қазіргі кезде қос палаталы Парламент көптеген елдерде қалыптасқан. Феодалдық мемлекеттерде ол елдің өкілдігін үйлестіруге мүмкіндік берді. АҚШ, Францияда оны үстемдік етуші топтар заңгерлерді шектен тыс демократияландыруға жібермеу үшін парламент ішінде қосымша тежеу факторы ретінде пайдаланды.
Төменгі палата жалпыға бірдей сайлау арқылы қалыптасады. Жоғары палатаның құрылуы әртүрлі болады. Мысалы, Англияда парламенттің жоғарғы палатасы (Лордтар) мұрагерлікпен өмір бойы берілетін пэрлер (жоғары аристократтық атақ), ондай құқығы жоқ пэрлер және Англия шіркеуінің жоғары шенділері кіреді. АҚШ сенатқа (Конгрестің жоғарғы палатасы) әр штаттан (халық санына байланысты емес) екі өілден сайланады. Германияда жоғары палатаның депутаттарын әр жердің үкіметі тағайындайды.
Парламенттік Республика - конституция бойынша жоғары билік иесі парламент болып саналатын мемлекеттік құрылыстың түрін айтады. Мұнда үкіметті парламент қалыптастырады, сондықта оған тәуелді болады. Парламент бюдетті қалыптастырады, салықты белгілейді, соттарды құрады, халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, соғыс аша алады, әскерді қамтамассыз етеді және т.с.с. айналысады. Көптеген елдің парламенті екі (жоғары және төменгі) палаталардан тұрады.
Парламент бірпартиялық және екіпартиялық болуы мүмкін. Бірпартиялық парламент, әдетте, кішкентай елдерде кезлеседі. Мысалы, Финляндияда солай, ірі және дамыған елдерде ккіпартиялық парламент болып келеді. Мысалы, АҚШ, Италия, Франция және т.б.
Әр елде Парламент әртүрлі атайды. Мысалы, АҚШ, Филиппинде және Латын Америкасының көптеген елдерде оны Конгресс, Польша мен Финляндияда - Сейм, Иран мен Турцияда - Мәжіліс, Израильде - Кнессет, Швецияда - Риксдаг, Францияда - Ұлттық жиналыс дейді.
Қос палаталы Парламент - бұл халықтың (аймақтың, саяси партиялардың, әртүрлі жергілікті органдардың) түрлі топтардың мүдделерін білдіретін депутаттар алқасы.
Қазақстанның бірінші қос палаталы Парламенті 1996 жылғы 30 қаңтарда жұмысқа кірісті. Сенат пен мәжіліс бірлескен отырысында Парламенттің бірінші сессиясында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ҚР Конституциясынның 44-бабының 2-тармағына сәйкес салтанатты жағдайда сөз сөйлеп, депутаттық корпусты ант қабылдау салтанатын өткізді.
Парламентті қос Палатаға бөлу олардың біреуінің құқығын шектеуді білдірмейді. ҚР Конституциясы бойынша Сенаттың да, Мәжілістің де депутаттары бірдей мәртебеге, бірдей көлемдегі өкілеттіктерге ие, өздерінің құқықтық жағдайы бойынша тең, палаталардың әрқайсысы заң шығармашылық процесінде өздерінің арнайы рөлін орындайды.
Қазақстан Республикасының Президенті жаңадан сайланған органның бірінші мәжілісінде сөйлеген сөзінде жаңа мемлекет үшін осы жағдайдың маңыздылығын ерекше атап көрсетті.
3. Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының өкілеттілігі.
Депутат Парламент сессиясында және оның өзі құрамына кіретін органдарының отырысында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешуші дұрыс құқығын пайдаланады. Депутат Парламент пен оның Палаталарының үйлестіруші жжәе жұмысшы органдарына сайлауға және сайлануға; сессияның күн тәртібі жөнінде ұсыныстар мен ескертпелер енгізуге; Парламенттің сессиясында Палаталарға есеп беретін лауазымды тұлғалардың есептерін тыңдау жөніндегі ұсыныстар енгізуге; депутатық сұрау салуға; Парламент қабылдайтын заңдардың, қаулылардың, басқа да актілердің жобаларына түзетулер енгізуге; азаматтардың қоғамдық мәні бар пікірлермен Парламент депутаттарын таныстыруға; басқа да өкіліттіктерді асыруға хақылы.
Депутат Парламентінің және оның өзі сайланған органдының жұмысына қатысуға міндетті. Депутат өзінің дауыс беру құқығын өзі тікелей жүзеге асырады. Депутат кез келген мәселелер мен ұсыныстарды қарауға әзірлеу, солар бойынша шешімдер қабылдау ісіне қатысуға, сондай-ақ қабылданған шешімдерді жүзеге асыруды ұйымдастыру, олардың орындалуын бақылау ісіне қатысуға хақылы.
Депутаттық сұрау салу депутаттың мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғасына осы органның немесе сол лауазымды адамның құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі Парламент сессиясында негізделген түсініктеме беруін немесе өзінің көзқарасын ресми түрде баяндауын сұраған талабы болып табылады.
Парламент депутаты премьер-министр мен Үкімет мүшелеріне, Ұлттық банк төрағасына, Орталық сайлау комиссиясының төрағасына, Бас Прокурорға, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына, Республикалық бюджеттің атқарылуын тексеру жөніндегі есеп комитетінің төрағасы мен мүшелеріне сұрау салуға құқылы.
Лауазымды тұлға сұрауға жауапты Парламентінің немесе Палатаның пленарлық отырысында береді. Депутаттың сұрау салуына қайтарылған жауап пен оны талқылаудың қорытындысы бойынша Парламентінің қаулысы қабылданады.
Депутаттар Парламенте мынадай бірлестіктер құруға хақылы:
1). Фракция - депутаттардың ұйымдасқан тобы. Бұл саяси партияның немесе өзге қоғамдық бірлестіктің атынан құрылып, заңда белгіленген тәртіп бойынша тіркелген топ болуы мүмкін; ол Парламентте саяси партияның немесе өзге қоғамдық бірлестіктің мүддесін білдіру мақсатына құрылады.
2). Депутаттық топ - депутаттардың өз өкілетілігін жүзеге асыру, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Парламентінің негізгі функциялары, ҚР Парламентінің заң шығару қызметінің мәні
Конституциялық құқықтағы билік бөліну қағидасы
Қазақстан Республикасының парламенті - заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган
Қазақстан Республикасының Парламенті -заң шығару қызметін жузеге асыратын орган
Атқарушы және сот органдары
Мемлекеттегі парламенттік басқару нысандарындағы мемлекеттік басқару ерекшеліктері
Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі Парламент институты
Мемлекет механизмінің жалпы сипаты
Қазіргі мемлекеттік басқарудың концепциясы
Қазақстан Республикасы парламент депутаттарының құқықтық жағдайы
Пәндер